ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда қаласында «Техникалық реттеу және метрология саласында кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» семинарын өткізу туралы ақпарат

Техникалық реттеу және метрология саласында мамандардың (мемлекеттік инспекторлардың) кәсіби деңгейін көтеру үшін, сондай-ақ мемлекеттік бақылау тиімділігін және тексеруді жоспарлау жүйелерін дамыту үшін ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі мен 11 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласында «Техникалық реттеу және метрология саласында кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар өтеді.

В ходе семинара будут рассмотрены нововведения в законодательстве о государственном контроле и надзоре с использованием международного опыта, новые положения технического регулирования в ЕАЭС и другие актуальные вопросы в сфере государственного контроля и надзора в области технического регулирования и метрологии.

Семинар барысында халықаралық тәжірибені қолдана отырып мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы заңнамасындағы жаналықтар, ЕАЭО-дағы техникалық реттеудің жаңа ережелері және техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау шеңберіндегі басқа да өзекті мәселелер талқыланатын болады.

Сіздерде семинарда күтеміз.

Құрметпен,

ҚР ИДМ ТРМК

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК

Ақпарат үшін байланыс: 8 (7172) 226663, (7242) 40 03 30, 40 03 11.

«Техникалық реттеу мәселелері  бойынша өңірлік штаб құру туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы  № 322-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жүктеу... 45 КБ

Өңірлік штабтың кезекті мәжілісі туралы
 
2015 жылдың 15-ші қазанында облыс әкімінің орынбасары, техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штабтың төрағасы С.Қожаниязовтың төрағалығымен өңірлік штабтың кезекті мәжілісі өткізілді. Мәжіліске өңірлік штаб мүшелері, мемлекеттік органдар, бизнес субъектілері,брокерлік компаниялар,көтерме сауда бизнес өкілдері қатысты.     
Күн тәртібі бойынша «Кеден одағы аумағына кіргізілетін, шығарылатын және өндірілетін өнімдер құжаттарын рәсімдеу тәртібі мен процедурасы туралы» тақырыбында «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының бөлім басшысы Тян.Э.Д,
«Өнімдердің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу туралы» Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы Мадиева А.Б, «Кедендік одақ аумағына импортталған тауарларды декларациялау туралы» Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік рәсімдеу басқармасының басшысы Дүрменбаев Қ.Қ баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасу, талқылау болды. 
Өңірлік штабтың мәжілісіне қатысушылардан түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.     
Мәжіліс аяғында штаб төрағасымен шет елдерден әкелінген құрал-жабдықтардағы өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің Тізіліміне (реестр) тіркелу құнының қымбаттылығы туралы уәкілетті органға ұсыныс жіберу, көкеніс-бақша өнімдерін өткізуші кәсіпкерлерге өнімнің сәйкестігін растау құжаттарын алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын жандандыру, заңды тұлғалардың автокөлік құралдарын Кеден одағы аумағына кіргізу кезінде көлік құралдарының типін мақұлдау жөніндегі аккредиттелген сынақ орталықтарының болмауына байланысты, осындай сынақ орталықтарын кәсіпкерлер арасында облыста ашу мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Өңірлік штабтың мәжілісі туралы
 
2015 жылдың 30-шы қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары, техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штабтың төрағасы С.Қожаниязовтың төрағалығымен өңірлік штабтың мәжілісі өткізілді. Мәжіліске өңірлік штаб мүшелері, мемлекеттік органдар, кәсіпорын, бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.     
Күн тәртібі бойынша Кеден одағы «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талапары бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Кеулімжаев Е.Б түсініктеме берді, департаменттің бас маманы Әбдікәрімова А.Ж Кеден одағының «Темекі өнімдерінің техникалық регламенті»-нің талаптары бойынша баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасу, талқылау болды. 
Өңірлік штабтың мәжілісіне қатысушылардан түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.     
Мәжіліс аяғында штаб төрағасымен тиісті мемлекеттік органдарға Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарын түсіндіру жұмыстарын жандандырып, жалғастыру және мәжіліс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің ШЖҚ «Ұлттық сараптау орталығы» РМК-ны филиалынан түскен ұсыныстарды өкілетті органға әрі қарай жұмыс атқаруға жолдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Өңірлік штабтың  кеңейтілген мәжілісі  туралы

2015 жылдың 11-ші маусымында  облыс әкімінің орынбасары, техникалық реттеу мәселелері бойынша  өңірлік штабтың төрағасы С.Қожаниязовтың төрағалығымен  өңірлік штабтың кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Мәжіліске «Қазақстан метрология институты» РМК-ның Бас директоры Михалченко. В.Н, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау  институты» РМК-ың Бас директорының орынбасары  Әмірханова. Е.М, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-і Бас директорының орынбасары Құсайынов С.Қ, «Қазақстан метрология институты» РМК-ы Оңтүстік филиалы   директорының  орынбасары  Ержігітов Е.С,  өңірлік штаб мүшелері, мемлекеттік органдар ,  кәсіпорын , бизнес-қауымдастық  өкілдері қатысты.    

Күн тәртібі бойынша  «Саудадағы техникалық кедергілерді төмендету шаралары туралы» тақырыбында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-і Бас директорының орынбасары- Құсайынов С.Қ, «Облыстағы сынақ зертханаларының жабдықталуы және Қызылорда  облысының өңірлік индустрияландыру картасына енген  жобаларда  техникалық реттеу  мәселелері бойынша  кәсіпорындарда туындаған  мәселелер туралы»  тақырыбында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы –Кеулімжаев Е.Б баяндама жасады.

Мәжілісте өңірлік индустрияландыру картасына  енгізілген  ЖК «Палжанов» «Күйдірілген   кірпіш зауыты», «Шөгірлі» шаруа қожалығының «200 басқа арналған сиыр қорасының құрылысы», «Азов Арал Агромаш»БК» ЖШС-ің «Ауылшаруашылығы техникаларын жинақтау өндірісі», «Тату Агро» шаруа қожалығы «Томат өндіру цехы», «Алтын бала-08» ЖШС-ің «Құрғақ қамыстан тақтайшалар  шығару», «Бис групп» ЖШС-ің «Мия тамырын өңдеу зауытын ашу және мияны өсіру» жобалары бойынша техникалық реттеу саласы аясында туындаған мәселелер-шығарылатын өнімдерге  сәйкестік сертификаттар алу, облыс аумағында ауылшаруашылық техникаларын сынақтан өткізетін  сынақ зертханалары  болмауы,инфраструктуралар,  қолдан құрастырылған технологиялық  қондырғылар, ұлттық стандарттардың болмауы сұрақтары  аталды.

Сонымен қатар,  облыстағы сынақ зертханаларын жабдықтау және «Квант» ЖШС-і басшылығының-суық және ыстық су, жылу энергиясын өлшейтін құралдарды қолданбай тұрып, алдын-ала техникалық көрсеткіштерін анықтайтын  орталық ашу,    ЖК Темірбаев Ж-  «Төменгі вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі»-н  анықтайтын зертхана  ашу  мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі  мәселелер бойынша пікір алмасу, талқылау болды.

Өңірлік штабтың мәжілісіне қатысушылардан түскен  сұрақтарға  толық жауаптар берілді.    

Мәжіліс аяғында  штаб төрағасымен  нақты тапсырмалар берілді.  

Техникалық реттеу мәселелері бойынша  құрылған өңірлік штабтың жұмысы туралы ақпарат

Техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штаб Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 322-ө өкімімен құрылып, оның жұмысшы органы белгіленіп, құрамы бекітілген. Сондай-ақ, 2014 жылдың 17 қазанында № 542-ө өкімімен өзгеріс енгізілді.

2014 жылы Техникалық реттеу мәселелері бойынша құрылған өңірлік штабтың 9 отырысы өткізілді. Өңірлік штабтың отырыстарында техникалық реттеу саласы бойынша 32 мәселелер (сұрақтар) қаралған болса,оның ішінде 27 мәселе оң шешімін тапты, ал 5 мәселе (сұрақтар бойынша) шешімін тапппаған болатын. Бірақ, шешілмеген 5 сұрақтар түгел дерлік өңірлік штабтың 9-шы отырысында қайта қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары, өңірлік штабтың төрағасы-С.С. Қожаниязовпен өкілетті органдарға түскен ұсыныстарды қарап, тиісті жауаптарды жолдау тапсырылған болатын. Берілген тапсырмалар орындалып, түскен ұсыныстарға тиісті жауаптар жолданды.

Өңірлік штабтың отырыстарында төмендегі сұрақтар (мәселелер) қаралды:

- техникалық реттеу мәселелері бойынша құрылған өңірлік штабтың Ережесімен штаб мүшелерін таныстыру;

-техникалық реттеу және метрология жүйесін 2020 жылға дейін жетілдірудің Кешенді жоспарының жобасын талқылау және аймақтағы сынау зертханаларының базасын жабдықтау, сәйкестік органдарын, сынау зертханаларын қайта жабдықтау жөнінде ұсыныстар дайындау;

- Кеден одағы аясында қабылданған техникалық регламенттердің талаптарын орындау мақсатында өнеркәсіп саласында материалды-техникалық база дайындығы туралы, республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларды таңдайтын облыстық сараптама комиссиясының құрамына техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен кандидатура енгізу, Техникалық реттеу және метрология жүйесінің дамуының 2014-2020 жылдарға арналған Бағдарламасына ұсыныстар дайындау, аккредиттелген мұнай өнімдерін сынамадан өткізетін зертханалар арқылы сынау өткізу үшін үлкен кәсіпорындардан өтініш жинау жұмыстарын жүргізу;

- Кеден одағы «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 034/2013 техникалық регламентінің, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 033/2013 техникалық регламентінің талаптарын талқылау. Техникалық регламент талаптарын талқылау , пікір алмасу Қазалы ауданында орналасқан «Рза» АҚ-да өңірлік штабтың көшпелі отырысы өткізілді;

- cапа жүйесін енгізген кәсіпорындар туралы Бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау;

- «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрме, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушыларға түсінік, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, конкурстар бойынша медиа - жоспарды жүзеге асыру;

- 2015 жылға арналған стандарттау Жоспарын талқылау және қолдау өтінімдерін жинау. Стандарттар тізімі бойынша Кеден одағы «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 034/2013 техникалық регламентінің, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 033/2013 техникалық регламентіне ұсыныстарды қарап, талқылау. Қазақстан Республикасы 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Пішіні, өлшемі және техникалық талаптары» ұлттық стандартының жобасын қарау;

- Кеден одағы «Азық-түлік өнімдерінің және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптары туралы;

- техникалық реттеу және метрология жүйесін 2020 жылға дейін жетілдірудің Кешенді жоспарын, Қазақстан Республикасының 2015-2019жж арналған Үдемелі Индрустиялдық даму мемлекеттік Бағдарламасын  жүзеге асыру туралы;

- Қызылорда облысы бойынша « Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ филиалының сапа менеджмент жүйесі бойынша оқыту семинарларын кәсіпкерлерді қолдау мобильді орталықтары арқылы өткізу жөніндегі ұсынысын қарау;

- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының техникалық реттеу және метрология жүйесін 2020 жылға дейін жетілдірудің Кешенді жоспарында сертификаттау органдарына 50% сынау көлемінің өз сынау базасында өткізілу талабы қойылатындығы, ол талапқа сай кез келген ниет білдіруші өз сынау базасы болмаған жағдайда да өнімдерді сертификаттау органы болып аккредиттеуден өтеді. Осы жағдайда өнім қауіпсіздігі сақталады ма деген сауалы;

- Кеден одағының техникалық регламенттері талаптары бойынша жұмыс жүргізуге аймақтың өндіріс салаларының даярлығы туралы;

- сезімтал және қажеттілік тауарлардың, шығарылатын өнімдер бойынша жеке сынау базасын керек ететін  тауарлар, өнімдер тізімін анықтау;

- техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарын орындау мақсатында Техникалық реттеу және метрология саласындағы өкілетті органның өкілін республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру және қабылдау жөніндегі комиссия құрамына енгізу.

2014 жылдың ішінде өңірлік штабтың өткізілген 9 отырысының (мәжілісі) қорытындысы бойынша Кеден одағының техникалық регламент жобаларына, Кеден одағы техникалық регламенттері стандарттар тізіміне 7 ұсыныс дайындалып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолданды.

Атап айтқанда: «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне - 2 ұсыныс, «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне - 1 ұсыныс, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне - 3 ұсыныс, «Жихаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне - 1 ұсыныс.

Сонымен қатар, өңірлік штаб жұмысы барысында сынау зертханаларының келесі өзекті мәселелері талқыланды - аккредиттеу процедурасының қымбаттылығы, сатып алынатын ұлттық және халықаралық стандарттардың, жоғары технологиялық сынақ жабдықтарының бағаларының қымбаттылығы, отандық  жоғары технологиялық сынау жабдықтарының жоқтылығы, Кеден одағына кірмеген елдерде шығарылған сынау жабдықтарының қымбаттылығы, отандық кәсіпорындарда шығарылған химиялық реактивтердің, стандарттық үлгілердің жоқтығы, шет елде шығарылған химиялық реактивтердің қымбаттылығы, регионда сынау зертханалары мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға арналған оқу орталықтарының жоқтығы (сынау зертханалар мамандарын оқытумен айналысатын Алматы және Астана қалаларында орналасқан орталықтарда оқыту қымбат) және т.б. Ақпарат Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолданды.

2015 жылдың 5 айында өңірлік штаб жұмысының бекітілген жоспары бойынша 2 отырысы өткізілді. Онда төмендегі мәселелер қаралды:

- Кеден одағы техникалық регламенттерінің күшіне енуіне байланысты туындаған мәселелер туралы;

- Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңының Тұжырымдамасының жобасы , Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» заңнамаларды қарау.

Өңірлік штаб отырысында түскен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолданды.

Бұл  бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК

«Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалы

Филиал директоры – Шарапат Гүлнәз Жақсыбекқызы

Алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» негізінде саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Ақпараттық орталық құрылды.  Ақпараттық орталықтар республиканың 15 облысында ашылды. «Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РММ Қызылорда филиалы - солардың бірі Қызылорда қаласында жұмыс істейді. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 10 бабына сәйкес /11.07.2005 ж. № 718 ҚР ҮҚ/ Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіп бойынша Ақпараттық орталық құрылып, қызмет жасайды.

СТК/СФС бойынша Ақпараттық орталықтың негізгі қызметі:

1.     ДСҰ Хатшылығының хабарламаларын өңдеу, өнім, үрдіс сәйкестігін растау шаралары және оларға өзгерістер енгізу, стандарттау, мүдделі тараптарды ТБТ және СФС бойынша ДСҰ-ның Келісімдеріне сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету, мүдделі тараптарды техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында қолданыстағы немесе дайындалып жатқан нормативті құжаттар туралы ақпаратпен және олардың көшірмесімен қамтамасыз ету,

2.     нормативті құжаттарды енгізу және маңыздылығын арттыру, техникалық реттеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, санитарлық және фитосанитарлық шара жұмыстарын ұйымдастыру, ұйымдық стандарттау жобаларын, мекеменің каталогтық беттерін  сараптау және дайындау,

3.     техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы нормативті құжаттарды құрастырушы тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4.     техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы нормативті құжаттармен пайдаланушыларды қамтамасыз ету;

Құрметті кәсіпкерлер, стандартты пайдаланушылар және оқырмандар! Біз Сіздерге Қызылорда қаласында мекеменің филиалы ашылғандығы жөнінде хабарлауға қуаныштымыз және Сіздерді әріптестікке шақырамыз.

Біздің мекен-жайымыз:  Қызылорда қ., Журба к-сі 12, 2-қабат, 205,207, 207 кеңселер, 
телефон 8 (7242) 40-03-30, 40-03-11, 40-03-44
E- mail: k-orda_kazinst@mail.ru.
Интернет-магазин http://memst.kz

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - Институт) – стандарттау бойынша нормативті құжаттарды іске асыру жөнінде – Интернет-дүкені (бұдан әрі - Интернет-дүкені) ақпараттық жүйесін әзірледі және ендірді.

Біздің Интернет-дүкенінде (ҚР СТ) мемлекеттік стандарттардың, мемлекетаралық стандарттардың, Қазақстан Республикалық аумағында қабылданған (ГОСТ), аймақтық стандарттардың (ГОСТ Р, СТБ), шетелдік елдердің ұлттық стандарттардың (ASTM, BSI, DIN), халықаралық стандарттардың (ИСО, МЭК, ИСО/МЭК) электронды көшірмелерін және стандарттау бойынша басқа құжаттарын алуға болады.
Институттың Интернет-дүкені арқылы таратылатын ақпараттық өнімі дұрыс, көкейтесті ақпаратты және ресми статусқа ие.
Институттың Интернет-дүкені Техникалық реттеу және метрология Комитеттік сайтының жүйесі болып табылады және http://memst.kz мекенжайы бойынша электронды қызметтер бөлімінде арналасқан.

Құрылған күні: 07-08-2012 08:03
Жаңартылған күні: 10-12-2015 10:33

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика