ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының  2015 жылғы 6 қазандағы отырысында бекітілген терминдер 

Құрметті тұрғындар!

         Өз емханаларыңыздан профилактикалық скринингтік тексеруден өтіңіздер!

Скринингтік тексерулер 0-17 жастағы балаларға  және ересек тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар науқастарды (қант диабеті, глаукома, жүрек-қан тамыр аурулары, қатерлі ісік аурулары) тереңірек тексеру және сауықтыру мақсатында жүргізіледі.    

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТІП, АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛ!

Уақытылы дәрігерлік  тексеруден өту – өз денсаулығыңыздың кепілі.

Өзіңіздің  аймақтық емханаңыздан профилактикалық скринингтік тексеруден өтіңіз.

Скринингтік тексерілу тегін жүргізіледі.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Антибиотиктерді тұрақты қолдану — денсаулыққа қауіпті қатер 
 
«Халықтың дәрілік сауаттылығын арттыру – 
денсаулыққа деген ортақ көзқарастың ажырамас бөлігі болып табылады».
 Н.Назарбаев
 
Дүниежүзінде жылына шамамен 11 миллион адам  жұқпалы аурулар салдарынан көз жұмады (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша (ДДҰ)). Олармен күресудің ең тиімді шарасы антибактериалдық құралдарды қолдану болып табылады. Антибиотиктерге тұрақтылық дегеніміз — бактериялардың түрленуі салдарынан, оларға тіпті антибиотиктер әсер етпейтін жағдайға жету, дәрілердің адам ағзасына пайдасы болмау. Өкініштісі сол, бұл халық денсаулығы үшін қауіпті болып келеді. 
2014 жылы Дәрі-дәрмек ақпаратық-талдау орталығының (ДАТО) дәрілік заттарды өз бетінше қабылдау, жұртшылық арасында қаншалықты кеңінен таралғанын білу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, әрбір төртінші адам (27,5%) антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдайтыны, ал дәрігер тағайындауымен респонденттердің тек 67,9%-ы ғана қолданатыны анықталды. 
ТАРИХҚА ҮҢІЛСЕК  
Антибиотиктер тарихының бастауы 70 жылдардан басталады, десе де  микроағзалардың  жұқпалы аурулар дамуындағы рөлі XIX ғасырдың екінші жартысында-ақ мәлім болған. "Антибиотик" ұғымын стрептомицинді алғаш ашқаны үшін, 1952 жылы Нобель сыйлығын алған американдық  микробиолог З. Ваксман  қолданысқа енгізген.  
Қазіргі таңда әлемде науқастарды емдеуде дәрігерлер түрлі антибиотиктерді қолданып келеді. Алайда, медицинаның барлық жаңа жетістіктеріне қарамастан, мыңдаған адам түрлі инфекциялардан көз жұмуда! Мұның негізгі себебі микроағзалардың антибиотиктерге төзімділігінің артуы болып табылады. Яғни, қоздырғыштардың дәрілік препараттарға тұрақтылығы, жұқпалы ауруларды этитоптық емдеу тиімділігінің күрт төмедеуіне әкеліп соқтыруда.
Мәселен, бронхит немесе пневмонияны емдеу үшін гентамицинді қолдану орынсыз және тиімсіз, себебі ол тыныс жолдары қабынған уақытта, әдетте пайда болатын микробтарға әсер етпейді. Осы жағдайда гентамицинді қолдана отырып, неге жол ашамыз? Біріншіден, терапевтік әсер болмайды - уақыт пен денсаулық кетеді, екіншіден, микроағзалар штаммдарының гентамицинге төзімділігін қалыптастыруға ықпал етеді, үшіншіден, гентамицин қауіпсіз препаратқа жатпайды – ол бүйрек және есту мүшелерін улайды.    
Антибиотиктер тиімділігінің төмендеуіне халықтың өз бетітше емделуі әсер етуде. Суық тию, диарея, цистит, бронхит, ангина және басқа да ауруларда халық өз бетінше емдеуге асығады. Өкінішке орай, сырқаттанғандар қолға алатын алғашқы көмек дәрісі антибиотик болып саналады. 
Адамдар антибиотиктерге тұрақты түрде тәуелді болмауы үшін, келесі кеңестерді орындағаны абзал:
• антибиотиктерді дәрігер тағайындаған кезде ғана пайдалану;
• антибиотиктерді қабылдаудың белгіленген режимін, тіпті жағдайдың жақсарғандығына қарамастан, толық сақтау;
• антибиотиктерді басқа адамдарға беруге немесе жазылып берілген дәрілік заттардың қалдығын пайдалануға жол бермеу.
 
Антибиотиктерді орынды пайдалану ережесін ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ:
- антибиотикті дәрігер тағайындауы тиіс; 
- антибиотик өмірге қауіп төндірмейтін жағдайларда микробтардың сезімталдығы анықталғаннан кейін ғана қоданылуы тиіс;
- антибиотик оңтайлы терапевтік дозада толық курспен қолданылуы тиіс.
 
Антибиотиктерді осылайша пайдаланудың салдарымен әр дәрігер кездеседі, өкінішке орай, медицина қызметкерлерінің инфекциямен күресі пациенттің толық аурудан айығуымен аяқтала бермейді.
Расымен де дәрілік заттардың дұрыс қолданылуына, емдеу сапасы, денсаулықтың сақталуы да тәуелді. Егер науқас стационарда медицина қызметкеріне сауал қоятын болса, үй жағдайында тұрғындар Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау  орталығына (ДАТО) хабарласа алады. ДАТО 2009 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Елбасы тапсырмасы бойынша, Қазақстан азаматтарының дәрілік сауатын арттыру мақсатында құрылды. 
Орталықтың негізгі міндеті – халыққа және медицина қызметкерлеріне дәрілік заттарды дұрыс пайдалану, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі тегін препараттарға құқықтары, препараттардың тиімділігі және болуы мүмкін жанама әсерлері туралы шынайы ақпарат ұсыну. 
ДАТО фармацевтикалық фирмалармен жұмыс жасамайтын мемлекеттік ұйым болып табылады. Орталық дәрілік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы барлық негізгі мекемелермен және ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. 
2013 жылы Дүниежүзілік банк сарапшысы, Доктор Андрес Зайтер Қазақстандағы ДАТО қызметіне жоғары баға берді. Ол «Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы және оның жалпы ұлттық тегін Саll-қызметі халықты ақпараттандыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті…»,-деп атап өтті. 
Қазіргі таңда, ДАТО қызметіне халық сенімінің артып келе жатқанын күн сайын Call-қызметіне келіп түскен көптеген қоңыраулар дәлел бола алады. Осылайша, 2012 жылы орталыққа 22 мыңнан астам адам хабарласса, 2014 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 25 мың адамды құрады.  
2011 жылдан бастап Қазақстан бойынша халыққа арналған Call-қызметінің бірыңғай тегін телефон желісіне – 8 800 080 88 87 қоңырау шалу арқылы, әр азамат, тіпті елдің шалғайында  орналасқан елдімекендер тұрғындары өздерін толғандыратын сұрағына жауап ала алады. Сондай-ақ, әр адам ДАТО ресми сайтында - www.druginfo.kz  өз сауалын жолдай алады.   
Құрметті қазақстандықтар, өз өмірлеріңізді, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыздар, антибиотикті кез келген жағдайда қабылдаған сәтте әрдайым жауапты болыңыздар!
 
Макалкина Л.Г.
ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі
Аумақтық Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы
Абай даңғылы № 27 үй
Тел: 8 (7242)23-43-69
 
Дәрі-дәрмектерді қалай тегін алуға болады?

" Адам құқығының құндылығы шексіз және елдің ауқатты немесе жарлы, құдыретті не әлсіз болуына қарамастан, ол тең деңгейде талқыланып,орындалуы тиіс " 
Х.Старки, ағылшын ғалымы
 
Тиімділігі дәлелденген дәрілік препараттардың 400 атауы, аурудың 48 түрі бар! Дәрі-дәрмектердің дәл осындай көлемі диспансерлік есепте тұрған  халыққа арналған тегін дәрілік заттардың Тізбесіне енгізілген.
 
Анықтама үшін!
Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың Тізбесі туралы және дәрілерді дұрыс қолдану, олардың өзара әсері және дәрілік заттардың мүмкін болатын жанама әсерлері туралы ақпаратты Сіз әрдайым Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының www.druginfo.kz сайтынан немесе Қазақстан бойынша Call-қызметінің 8-800-080-88-87 бірыңғай тегін телефон желісі арқылы алуыңызға болады.
Амбулаторлық деңгейде тегін рецепт алу үшін пациент алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына (АМСК) бекітіліп, диспансерлік есепте тұруы тиіс. Ал, ол туралы мәліметтер тұрғындардың бекітілген Тіркеліміне енгізілуі қажет.
 
Қандай жаңа өзгерістер бар?
2013 жылы бұл Тізбе қайта қаралып, оған тиімділігі дәлелденген препараттар енгізілді, сондай-ақ, тегін дәріні алуға арналған халық санаты кеңейтілді. Осылайша, енді қант диабеті, пневмония, бронх демікпесімен ауыратын науқастар препараттарды тегін ала алады. 
Қазақстан - «Қант диабетінің I түрі» диагнозы қойылған 1-ден 18 жасқа дейінгі балаларды шығын материалдарымен бірге, қымбат бағалы инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз ететін, ТМД елдері арасындағы алғашқы елдердің бірі болып табылады. Бүгінде, помпалар шприц-қаламдарға ауыстырылып, дәріні енгізу көлемі 30 есеге қысқарды. 
Инсулинді енгізудің инсулин помпасы сияқты жаңашыл әдісі мөлшерді дәл анықтайтын қондырылған резервуары бар миникомпьютер болып табылады. Бала үнемі аппаратта, тамақтанып жатқанына, далада серуендеп жүргенініне, футбол ойнап жүргеніне қарамастан, глюкоза өлшеніп, инсулин өздігінен келіп тұрады. Яғни, мұндай жағдайда, балаға инъекция алу үшін, үйге жүгірудің қажеті болмайды.
 
Рецептіні учаскелік дәрігерлер және медициналық ұйымның бейінді мамандары  жазып береді. ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дәрілік заттарды тиімді пайдалану үшін мынадай қағидалар қолданылады:
1. Диагноз расталған және верификацияланған болуы тиіс.
2. Дәрілік заттар пациенттерге белгіленген диагнозға, дәрігерлік көрсетілімдерге, пациенттің қай диспансерлік топқа және халықтың қай  санатына жататындығына сәйкес тағайындалады.
3. Терапияның қайталануын алдын алу және теріс пайдалануды болдырмау үшін, дәрілік заттар сауда атауы көрсетілген халықаралық патенттелмеген атауларымен жазылып беріледі.
4. Полипрагмазияның (бір уақытта, көбінесе негіссіз бірнеше дәрілік препаратты қабылдау) алдын алу үшін, бір пациентке жазылып берілетін дәрілік заттардың жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте, Тізбенің шеңберінде жазылып берілген бес препараттан аспауы тиіс. 
5. Тағайындалатын дәрілік заттар бекітілген Тізбеге сәйкес рецепт бойынша, бір пациентке айына 1 реттен артық жазылып берілмейді. Ұзақ емдеу курсында пациентке дәрілік заттардың 1 айға жететін көлемі жазылып беріледі.  
Медициналық виртуалды кеңістік күн сайын ұлғайып келеді: бағыты мен масштабтары әр түрлі клиникалардың сайттары, «сіздің ақшаңыздың барлығының жұмсалуына» кепілдік беретін делдалдық кеңсе порталдары, дәрігерлердің жеке қабылдауы, өз бетінше емделу жөніндегі кеңестердің салдары зардаптарға әкелуі мүмкін. Өз денсаулығыңызға Сіз ғана жауапты екеніңізді және кез келген бұрыс шешім Сіздің хал-жағдайыңызға теріс әсер етуі мүмкін екендігін ұмытпаңыз!
Қандай ақпарат көздеріне сенген жөн? Еліміздің әр тұрғыны дәрілік заттар туралы дәйекті және шынайы ақпарат алуы үшін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылдан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында еліміздің барлық аймақтарында Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы қызметін ұйымдастырды.
ДАТО-ның басты миссиясы – халық денсаулығын жақсарту. Міндеті – халыққа және медицина қызметкерлеріне халықаралық емдеу стандарттарына және әлемдік үздік практикалардан тәжірибе алуға негізделген дәрілік заттарды ұтымды қолдану туралы шынайы ақпарат жеткізу болып табылады.
Тек 2014 жылдың 7 айында ғана, еліміздің 19 мыңнан аса тұрғыны орталықтан дәрілік заттарды дұрыс қолдану жөнінде кеңес алды. Айта кетерлігі, олардың төрттен біріне жуығы (21%) ТМККК шеңберінде дәрілік заттар алуға қатысты сұрақтар болды. 
Сонымен қатар, республикалық және аймақтық БАҚ-да 508-ден астам жарияланым жарыққа шықса, денсаулықты сақтауға және жақсартуға бағытталған өзекті тақырыптар бойынша халықпен 1500-дей кездесулер өткізілді.
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының қызметі ҚР халқының дәрілік сауаттылығын арттырудың негізгі тетігі және денсаулық сақтаудың барлық жүйесін дамытудың маңызды бөлшегі болып табылады. Орталық мамандарынан Сіз әрқашан дәрілік заттар, тегін дәрілік қамтамасыз ету, препараттардың тиімділігі, дәрілік заттар саласындағы реформалар туралы шынайы және дәйекті ақпарат ала аласыз. 
Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жыл сайын жетілдірілуде. Бұл ел Үкіметінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, медицина қызметкерлерінің және ҚР азаматтарының жетістігі болып саналады.
Біз халық және медицина қызметкерлерінің орталық қызметіне деген сенімінің арта түсетініне, дәрі-дәрмек және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың құқығы туралы қажетті шынайы ақпарат алуда таптырмайтын көмекші болатындығына сенеміз.
Құрметті қазақстандықтар, өз өмірлеріңізді, денсаулықтарыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыздар! Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша тегін дәрілерге өз құқықтарыңызды біле жүріңіздер! 
Қоңырау шалып, өз сауалдарыңызды www.druginfo.kz сайтына жолдаңыздар. Біз сіздердің қоңырауларыңыз бен сұрақтарыңызды күтеміз!
 
Біздің қызметіміз СІЗДЕРГЕ арналады!
ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы»
ШЖҚ РМК Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы
Аумақтық  Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы
Абай даңғылы №27 үй 
Тел: 8 (7242)23-43-69 

Жалған дәрі-дәрмектерді қалай анықтауға болады? 

Дәрі-дәрмекті сатып алған кезде пайдаланылатын қарапайым ережелерді есте сақтаңыз!
 
Сатып алатын препараттың жалған жолмен жасалмағандығына сенімдісіз бе? Препаратты сатып алған кезде не нәрсеге көңіл аудару керек? Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының Call-қызметіне емделушілерден осы сынды халықты толғандыратын сауалдардың дені осындай.
Жалған дәрі-дәрмек жасау қазіргі таңда бүкіл дүниежүзі үшін өзекті мәселе болып отыр. Халықаралық фармацевтика өндірушілері ассоциациясының деректері бойынша, жалған дәрілер үлесіне дамыған елдердегі фармацевтикалық нарықтың 5-7% тиеді екен.  
Жалған өнім өндіріс пен сату кезінде тиісті бақылаудан өтпейтіндіктен, мұндай препараттарды қолдану адамның денсаулығына ауыр зиян келтіреді.   
Жалған дәрі-дәрмектер дегеніміз не?
ДДҰ «жалған (контрафактілі) дәрі-дәрмек деп препараттың шынайылығын және (немесе) өндірушіні дұрыс көрсетпейтін затбелгімен қасақана және заңсыз жабдықталған өнімді» есептейді. Сонымен бірге, жалған дәрі-дәрмек жасау безгек, ЖИТС және шылымқорлықпен қатар – әлемдік денсаулық сақтаудың төрт қасіретінің біріне жатады.
Дәрілік заттарды сату ережелері мен мемлекеттік бақылау жүйесі жалған дәрі-дәрмектерді (ЖДД) дәріханалар желісі арқылы сатуға тосқауыл болады. Елімізде дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қалтқысыз көңіл бөлінеді, өйткені бұл «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ұлттық қауіпсіздік саласына жатқызылады.
Қалай ойлайсыз, біздің елімізге қандай жалған дәрілік заттар келуі мүмкін? Негізгі келу жолы – дәрі-дәрмектерге интернет пен пошта арқылы тапсырыс беру. Расында да, пошта, интернет-ресурстар арқылы берілетін тапсырыстарды бақылау қиын. Өйткені, мұндай жолмен келетін дәрі-дәрмектер шағын топтамалармен, бірақ көптеп жеткізіледі, олардың сапасын бақылау мүмкіндігі болмайды.   
 
Мұны тек тұтынушылар ғана емес, өз препараттарының сенімділігіне мүдделі фармацевтикалық компаниялар да есте тұтуы тиіс.
Жарамсыз деп танылған және жалған дәрі-дәрмектердің арасында айырмашылық бар ма?Фармациядан хабары жоқ адамдар ең көп жіберетін қателік – жарамсыз деп танылған және жалған дәрі-дәрмектердің арасындағы айырмашылықты көрмеу. 
Жарамсыз деп танылған дәрі-дәрмектер заңды жолмен жасалады, бірақ тексеру барысында әсер еткіш заттардың мөлшерінде, немесе таңбалануында белгіленген талаптарға сәйкессіздік табылады.
Жалған дәрі-дәрмектер белгілі өндірушілердің тауарлық атауларын пайдалану арқылы заңсыз жолмен шығарылатындықтан қылмыстық сипатқа ие болады. 
Препараттың шынайылығына күмәнданған жағдайда, оның шынайылығын анықтау мен толық химиялық талдауды қамтитын жан-жақты сараптама жүргізу үшін Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына хабарласуыңызға болады.          
 
Дәрі-дәрмекті сатып алған кезде не нәрсеге назар аудару қажет? Қадірменді оқырмандар, келесі қарапайым ережелерді есте сақтаңыз.
Дәрі-дәрмекті тек қана дәріханадан сатып алу керек. Оларды Интернет арқылы немесе хабарландырулар бойынша  сатып алмағаныңыз абзал.
Бірден қаптамасына назар аударыңыз. Ол сапалы қатырма қағаздан жасалуы, препараттың атауларында (халықаралық патенттелмеген және саудалық) қателер болмауы,  жазулары - анық, өшірілмеген, бояулары мен таңбалары – қанық болуы тиіс. Таңбалануы (соның ішінде штрих-коды) анық әрі жақсы оқылуы тиіс.
Аннотациясы (түсініктемесі) орыс және қазақ тілдерінде терілуі тиіс. Ішкі қаптамасындағы (блистердегі) немесе құтысы мен қатырма қағаздан жасалған қорабындағы  сериясын, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Олар бір-біріне сәйкес келуі тиіс.
Қажет болған жағдайда сәйкестік сертификатының көшірмесін сұраңыз. Сертификатта нұсқалған серия препараттың қаптамасында көрсетілген серияға сәйкес келуі тиіс. Сонымен бірге, жалған дәрінің тағы бір белгісі - препараттың (таблетканың, ерітіндінің, суспензияның және т.б.) түсінің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта сипатталған түсіне сәйкес келмеуі.
Қосымша ақпаратты Сіздер ДАТО Call-қызметінің жұртшылыққа арналған бірыңғай тегін телефон желісі арқылы алуларыңызға болады – 8 800 080 88 87 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін). Call-қызметке қоңырау шалу арқылы Сіздер дәрілік заттарды дұрыс қолдану, препараттардың тиімділігі мен мүмкін жағымсыз әсерлері туралы, сондай-ақ азаматтардың дәрі-дәрмекпен қамтылу құқықтары жайлы толық және дұрыс ақпарат ала аласыздар.
Сонымен бірге, әр адам ДАТО-ның ресми сайтында сұрақ қойып, жауап ала алады - www.druginfo.kz   
 
Біздің қызметіміз – Сіздерге арналады!
«Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы» 
ҚР ДМ «Республикалық денсаулық сақтау 
дамыту орталығы» ШЖҚ РМК
Аумақтық  Дәрі-дәрмек ақпараттық- талдау орталығы
Абай даңғылы № 27 үй
Тел: 8 (7242)23-43-69
 
Тегін дәрілік ақпарат тарату желісі

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанда Дәрілік ақпарат орталығының халыққа арналған 8 800 080 88 87 бірыңғай телефон желісі құрылды. Жаңа call-қызмет халыққа дәрілік заттардың қолжетімдігі мен сапасын арттыру негізгі бағыты болып табылатын 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс істейді.    

Қазақстан аумағында кез келген стационарлық телефоннан қоңырау шалу – тегін. Аталған желі дәрілік заттарды орынды әрі қауіпсіз қолдану мәселелері бойынша консультацияға мұқтаж азаматтарға арналған. Сall-қызметке қоңырау шалып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін дәрілерге құқықтары, дәрілік заттарды ауыстыру мен сақтау шарттары, препараттардың тиімділігі мен ықтимал жанама әсерлері жөніндегі ақпараттарды алуға болады. Өз жұмысында Дәрілік ақпарат орталығының мамандары дәлелдемелі медицина көздері мен дәрілік заттар бойынша халықаралық деректер базасын қолдана отырып, толығымен объективті және дәйекті ақпарат ұсынады.      

Жұмыстардың жекелеген топтамасы препараттардың өзара әрекеті, дәрілік заттарды халықаралық стандарттарға сәйкес орынды белгілеу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерге кеңес беруге арналған. Жаңа call-қызметтің халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және медикаменттерді орынсыз қолдануға жол бермеуге бағытталғанын ерекше атап өту қажет.       

Дәрілік ақпарат орталықтары өз қызметін  елдің 16 аймағында ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК базаларында жүзеге асырады. Орталықтың негізгі міндеттері дәрілерді орынды қолдануға жәрдемдесу, формулярлық жүйені дамыту, сондай-ақ халықтың медициналық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Сall-қызмет 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс күндері, Астана уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

ҚР ДСМ «ДСДРО» РМК Дәрілік ақпарат орталығы

Құрылған күні: 07-08-2012 08:43
Жаңартылған күні: 17-03-2016 17:02

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика