ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылордада бір айға созылған қала күндері аяқталды. Өткен сенбіде облыс орталығында «Сыр - Ана» кешені ашылып, жиналған жұрт мерекелік көңіл-күйге бөленді. Сметалық құны 336,7 млн. теңгені құрайтын стела – сонау қиын-қыстау кезеңдерде дарияға қарай ағылған бар қазақ баласына пана, Алашқа ана болған, сан ұлт пен ұлысты жатсынбай бауырына басқан қасиетті Сыр - Анаға деген ұлық құрметтің белгісі. Ұзындығы – 39 метр. Ескерткіштің сәулеттік пішіні биіктеген сайын өз діңгегіне айнала оралып, қазақ әйелінің сұлулығын паш ететін әйел мүсінін сомдайды. Сыр өңірінің ерекшеліктерін айқындайтын бұл кешеннің басына сәукеле киген, мың бұралған қыпша бел әйел-ананың образын иелену мағынасы да осында. Ал әйел-ананың самал желмен тербетілген етегі Сырдарияның бұйра толқындарын бейнелейді.  Салтанатты шарада облыс әкімі Б.Қуандықов: - Өмір жібі – Сыр-Ананың қолында. Жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлар Сырдарияға келіп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бұл үрдіс ұзақ жылдардан бері жалғасын тауып келеді. «Сыр-Ана» кешені де алдағы уақытта қызылордалықтар мен қала қонақтарының көптеп келіп, тағзым етер орнына айналады деп сенемін, - дей келе, барша жұртты мерейлі мерекемен құттықтады.  Кеш жергілікті және қазақстандық өнер жұлдыздарының ән-шашуына ұласты.

 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика