Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2019 жылдың III тоқсан қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөнінде мәлімет
2019 жылдың 19 қыркүйегінде облыс әкімі Қ. Ысқақовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының ағымдағы жылдың кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі «Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жеморлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы», екіншісі «Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірудің алдын алу шаралары туралы»
Комиссия отырысының бірінші мәселесі бойынша
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.М. Ниязовтың, екінші мәселе бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф.Ә. Қожабергеновтың және Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Ж. Жақсылықовтың баяндамалары тындалды.
Нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментіне және Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасына нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
2019 жылдың III тоқсан қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалы туралы ақпарат
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың III тоқсанында облысымызда 114 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп (2018 ж. – 123 қылмыс), бұл санаттағы қылмыстардың саны өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 7,3% төмендеген.
Жалпы, тіркелген 4843 (2018 ж. – 5745) қылмыстардың 2,3% сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар құрайды (2018 ж. – 2,1%).
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі Қызылорда қаласында (106 қылмыс, 92,9%) орын алған. Ал, қалғандары келесі аудандар бойынша тіркелген: Қазалы (7 қылмыс, 6,1%), Шиелі (1 қылмыс, 1%) /орталық атқарушы орган көрсеткіштерін қоса алғанда/.
Қазіргі уақытта, тергеу өндірісінде болған 142 қылмыстық істің (өткен жылдардан қалған 28 істі қоса есептегенде) 106-ның (73) тергеуі аяқталып, 95 (71) іс сотқа жолданса, «ақталмайтын» негізде 11 (2) іс қысқартылған болса, 96 (101) «ақталатын» негізде қысқартылған (жалпы облыс бойынша тергеу өндірісінде болған істердің 40,3% құрайды).
Тіркелген 114 сыбайлас жемқорлық қылмыстары санаттары бойынша саралайтын болсақ: пара алу – 32 (32), сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 31 (21), пара беру – 21 (18), лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану – 13 (22), алаяқтық – 11 (3), қызметтiк жалғандық жасау – 5 (6), параға делдал болу – 1 (1).
Оның ішінде, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану – 41%, қызметтiк жалғандық жасау – 17% төмендесе, керісінше, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 48%, пара беру – 17%, алаяқтық - 100%, өскен.
Есепті мерзімде, қылмыстық істер бойынша сотқа жолданған тұлғалардың саны 38 болса (49), оның ішінде орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары – 16 (20), жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 12 (22), өзге мемлекеттік органдардың қызметкері – 1 (1), басқалар – 9 (6).
Көрсетілген статистикаға сәйкес сотқа жолданған орталық атқарушы органдардың тұлғалары – 20%, жергілікті атқарушы органдардың тұлғалары – 45,4% төмендеген болса, басқа тұлғалар – 50% өскен.
Есепті мерзімде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 35 тұлға сотталды. Оның 16-ы орталық атқарушы органның қызметкері
(5 қызметкердің істері 2018 жылы тіркелген), 9-ы жергілікті атқарушы органның қызметкері (3 қызметкердің істері 2018 жылы тіркелген),
9-ы басқалар (7-уі 2018 жылы тіркелген істер), 1-і өзге мемлекеттік органның қызметкері.
Облыс әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық
жұмыстар бөлімі
2019 жылдың III тоқсанында республика бойынша тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер туралы ақпарат
№
|
Әкімшілік бірлік атауы
|
Тергеу өндірісінде болған қылмыстық істер
|
Республика бойынша тіркелген қылмыстық істердің пайыздық үлесі
|
Ақталатын негізде қысқартылған
|
саны
|
пайыздық үлесі
|
1.
|
Алматы қаласы
|
168
|
8,5%
|
119
|
10,6%
|
2.
|
Ақмола облысы
|
162
|
8,2%
|
68
|
6,1%
|
3.
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
155
|
7,9%
|
66
|
5,9%
|
4.
|
Манғыстау облысы
|
147
|
7,4%
|
37
|
3,3%
|
5.
|
Қарағанды облысы
|
126
|
6,4%
|
110
|
9,8%
|
6.
|
Нұр-Сұлтан қаласы
|
119
|
6,1%
|
86
|
7,7%
|
7.
|
Батыс Қазақстан облысы
|
116
|
5,9%
|
57
|
5,1%
|
8.
|
Қызылорда облысы
|
114
|
5,8%
|
96
|
8,6%
|
9.
|
Түркістан облысы
|
113
|
5,7%
|
82
|
7,3%
|
10.
|
Қостанай облысы
|
109
|
5,5%
|
44
|
3,9%
|
11.
|
Атырауская облысы
|
106
|
5,4%
|
31
|
2,8%
|
12.
|
Павлодар облысы
|
98
|
5%
|
67
|
6%
|
13.
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
97
|
4,9%
|
31
|
2,8%
|
14.
|
Алматы облысы
|
94
|
4,8%
|
75
|
6,7%
|
15.
|
Жамбыл облысы
|
93
|
4,7%
|
65
|
5,8%
|
16.
|
Ақтөбе облысы
|
91
|
4,6%
|
41
|
3,7%
|
17.
|
Шымкент қаласы
|
63
|
3,2%
|
43
|
3,8%
|
Республика бойынша:
|
1971
|
100%
|
1118
|
100%
|
Қызылорда облысы бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың динамикасы
(2019 жылғы 9 айдың қорытындысы)
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың санаты бойынша диаграммасы
2019 жылғы 9 айының қорытындысы бойынша сотқа жолданған әкімдіктерге
қатысты қылмыстық істердің динамикасы
Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2019 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөнінде мәлімет
2019 жылдың 07 маусымда облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының ағымдағы жылдың кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі «Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасында сыбайлас жемқорлық профилактикасы саласында атқарылған шаралар туралы», екіншісі «Қазақстан Президентінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысымен қойылған талаптар туралы»
Комиссия отырысының бірінші мәселесі бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы қаласы әкімі Н. Нәлібаевтің және Жаңақорған ауданының әкімі Ж. Абдусаметовтің және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсенің төрағасы Ж. Тұсмағанбетовтің , екінші мәселе бойынша облыс әкімінің кеңесшісі М. Нәлібаевтың баяндамалары тындалды. Нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына және облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемовке нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
2019 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалы туралы
АҚПАРАТ
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың І жартыжылдығында облысымызда 94 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп (2018ж.
І жартыжылдығында - 91), бұл санаттағы қылмыстардың саны өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3% өскен.
Республика бойынша тергеу өндірісінде болған жемқорлық сипатындағы қылмыстардың ішінде Қызылорда облысының көрсеткіші 5,8% құрап, 8-ші позицияға орналасты.
Аталған санаттағы істер жалпы тіркелген 3544 (2018ж. – 4055) қылмыстардың 2,6% (2018ж. – 2,2%) құрады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі Қызылорда қаласында (86 қылмыс, 91,4%) орын алған. Ал, қалғандары келесі аудандар бойынша тіркелген: Қазалы (6 қылмыс, 6,3%), Қармақшы (1 қылмыс, 1%), Арал (1 қылмыс, 1%) /орталық атқарушы орган көрсеткіштерін қоса алғанда/.
Қазіргі уақытта, тергеу өндірісінде болған 198 қылмыстық істің (өткен жылдардан қалған 33 істі қоса есептегенде) 82-нің (54) тергеуі аяқталып, 81 (52) іс сотқа жолданса, «ақталмайтын» негізде 1 (2) іс қысқартылған болса, 71 (52) «ақталатын» негізде қысқартылған (жалпы облыс бойынша тергеу өндірісінде болған істердің 36% құрайды).
Тіркелген 94 сыбайлас жемқорлық қылмыстары санаттары бойынша саралайтын болсақ: пара алу – 25 (28), сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 19 (13), лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану – 16 (19), пара беру – 16 (12), алаяқтық – 8 (1), қызметтiк жалғандық жасау – 7 (6), лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану – 2 (10), қызметтегi әрекетсiздiк – 1 (1).
Оның ішінде, пара алу – 10,7%, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 15,7%, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану – 80% төмендесе, керісінше, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 46%, пара беру – 33%, алаяқтық - 100%, қызметтiк жалғандық жасау – 16,6% өскен.
Есепті мерзімде, қылмыстық істер бойынша сотқа жолданған тұлғалардың саны 35 болса (34), оның ішінде орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары – 15 (18), жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 8 (14), өзге мемлекеттік органдардың қызметкері – 1 (2), басқалар – 11 (2).
Көрсетілген статистикаға сәйкес сотқа жолданған орталық атқарушы органдардың тұлғалары – 17%, жергілікті атқарушы органдардың тұлғалары – 43%, өзге мемлекеттік органдардың қызметкері – 50% төмендеген болса, басқа тұлғалар – 100% өскен.
Есепті мерзімде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 21 (26) тұлға сотталды (19% төмендеген). Оның 9-ы (13) орталық атқарушы органның қызметкері (30% төмендеген және 4 қызметкердің істері 2018 жылы тіркелген),
5-і (9) жергілікті атқарушы органның қызметкері (44,4% төмендеген және 3 қызметкердің істері 2018 жылы тіркелген), 7-і (4) басқалар (75% өскен және 7-уі де 2018 жылы тіркелген істер).
2019 жылдың І-жартыжылдығында республика бойынша тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер туралы ақпарат
№
|
Әкімшілік бірлік атауы
|
Тергеу өндірісінде болған қылмыстық істер
|
Республика бойынша тіркелген қылмыстық істердің пайыздық үлесі
|
Ақталатын негізде қысқартылған
|
саны
|
пайыздық үлесі
|
1.
|
Манғыстау облысы
|
139
|
8,6%
|
19
|
2,6%
|
2.
|
Алматы қаласы
|
138
|
8,5%
|
84
|
11,5%
|
3.
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
126
|
7,8%
|
45
|
6,2%
|
4.
|
Түркістан облысы
|
108
|
6,6%
|
40
|
5,5%
|
5.
|
Батыс Қазақстан облысы
|
107
|
6,6%
|
37
|
5,1%
|
6.
|
Ақмола облысы
|
95
|
5,8%
|
49
|
6,7%
|
7.
|
Қарағанды облысы
|
94
|
5,8%
|
75
|
10,3%
|
8.
|
Қызылорда облысы
|
94
|
5,8%
|
71
|
9,7%
|
9.
|
Алматы облысы
|
91
|
5,6%
|
48
|
6,6%
|
10.
|
Нұр-Сұлтан қаласы
|
90
|
5,5%
|
58
|
8%
|
11.
|
Атырауская облысы
|
85
|
5,2%
|
16
|
2,2%
|
12.
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
85
|
5,2%
|
23
|
3,1%
|
13.
|
Қостанай облысы
|
84
|
5,2%
|
27
|
3,7%
|
14.
|
Павлодар облысы
|
80
|
4,9%
|
33
|
4,5%
|
15.
|
Жамбыл облысы
|
76
|
4,7%
|
40
|
5,5%
|
16.
|
Ақтөбе облысы
|
66
|
4%
|
33
|
4,5%
|
17.
|
Шымкент қаласы
|
57
|
3,5%
|
27
|
3,7%
|
Республика бойынша:
|
1615
|
100%
|
725
|
100%
|
Қызылорда облысы бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың динамикасы
(2019 жылғы 6 айдың қорытындысы)
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың санаты бойынша диаграммасы

2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша сотқа жолданған әкімдіктерге
қатысты қылмыстық істердің динамикасы
Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2019 жылдың 1 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөнінде мәлімет
2019 жылдың 25 наурызда облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының ағымдағы жылдың бірінші отырысы өткізіліп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Біріншісі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар», екіншісі «Е – қылмыстық іс» жобасының жүзеге асырылуы туралы», үшіншісі «Қызылорда облыстық арнайы мониторингтік топтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған қызметі туралы».
Комиссия отырысының бірінші мәселесі бойынша Қызылорда қаласы әкімі Н. Нәлібаевтің және Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреевтің, екінші мәселе бойынша облыс прокурорының орынбасары Т. Әлібаевтың және есеп беруші облыстық Полиция департаментінің бастығы Қ. Мұхитовтың, үшінші Арнайы мониторингтік топтың төрағасы А. Ізденнің баяндамалары тындалды. Нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына және облыстық Полиция департаментіне нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
2019 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалы туралы
АҚПАРАТ
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың 1 тоқсанында облысымызда 57 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп (2018ж. 1 тоқсанында - 39), бұл санаттағы қылмыстардың саны өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 46% өскен.
Аталған санаттағы істер жалпы тіркелген 2045 (2017ж. – 1965) қылмыстардың 2,7% (2018ж. – 2%) құрады.
Тергеу өндірісінде болған 89 (өткен жылдардан қалған 32 істі қоса) қылмыстық істің 43-нің (22) тергеуі аяқталып, 43 (22) іс сотқа жолданса, ақталмайтын негізде негізде бірде-бір іс қысқартылған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі, яғни 51 қылмыс (53,8%) Қызылорда қаласында, 5 (25,6%) - Қазалы, 4 (10,2%) Қармақшы. Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында - тіркелмеген.
Бұл санаттағы қылмыстардың аймақтардағы диаграммасы:

Тіркелген 57 сыбайлас жемқорлық қылмыстары келесі санаттарды құрайды: пара алу – 19 (16), сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 11 (5), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 9 (6), пара беру – 8 (6), лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану – 5 (5), қызметтiк жалғандық жасау – 4 (0), алаяқтық – 1 (0).
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың санаты бойынша динамикасы
Жалпы 2019 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер бойынша сотқа жолданған тұлғалардың саны 19 (13) болса, оның ішінде орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары – 6 (6), жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 6 (4), басқалар – 7 (3).
Ағымдағы жылдың есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 2 (7) тұлға сотталса, оның 1-і (2) орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, 1-і (4) жергілікті атқарушы органның қызметкерлері (сотталған 2 қызметкердің істері 2018 жылы тіркелген).
Облыс әкімі аппаратының
Мемлекеттік-құқықтық
жұмыстар бөлімі
Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2018 жылдың 4 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөнінде мәлімет
2018 жылдың 27 желтоқсанда облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының ағымдағы жылдың төртінші отырысы өткізіліп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі «2018 жылғы Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы туралы», екіншісі «Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы».
Комиссия отырысының бірінші және екінші мәселесі бойынша Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы М. Делмұхановтың баяндамалары тыңдалды. Нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
Жалпы жыл басынан бері аталған комиссия отырыстары тоқсан сайын өтті (27.02.2018 ж., 14.05.2018 ж., 24.07.2018 ж., 27.12.2018 ж.).
Комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының баяндамалары тыңдалады.
2018 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалы туралы
АҚПАРАТ
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың 12 айында облысымызда 139 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп (2017ж.12 ай - 121), бұл санаттағы қылмыстардың саны өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 14,8% өскен.
Аталған санаттағы істер жалпы тіркелген 7655 (2017ж. – 8333) қылмыстардың 1,8% (2017ж. – 1,5%) құрады.
Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (әрі қарай – СДТТБТ) тіркелген 139 (121) қылмыстық істің 83-нің (119) тергеуі аяқталып, 81 (114) іс сотқа жолданса, 2 (5) іс ақталмайтын негізде қысқартылған.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі, яғни 108 қылмыс (73,9%) Қызылорда қаласында, 10 (8,9%) – Арал, 7 (4%) - Қазалы, 6 (4%) - Шиелі, 3 (3,2%) Қармақшы, 3 (3,2%) Жаңақорған, 2 (2,4%) Жалағаш аудандарында тіркелсе (оның ішінде орталық атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты істер де бар), Сырдария ауданында - тіркелмеген.
Бұл санаттағы қылмыстардың аймақтардағы диаграммасы:
Тіркелген 139 сыбайлас жемқорлық қылмыстары келесі санаттарды құрайды - пара алу – 35 (33), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 30 (32), сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 25 (15), пара беру – 22 (17), лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану – 12 (2), қызметтiк жалғандық жасау – 11 (1), парақорлыққа делдал болу – 1 (5), алаяқтық – 3 (4).
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың санаты бойынша динамикасы
Жалпы жыл басынан тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер бойынша сотқа жолданған тұлғалардың саны 58 (64) болса, оның ішінде орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары – 20 (22), жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері –
28 (25), басқалар – 10 (17).Ағымдағы жылдың есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 55 тұлға сотталса, оның 19-зы орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, 26-сы (23) жергілікті атқарушы органның қызметкерлері (сотталған 26 жергілікті атқарушы органның қызметкерлері ішінде 4-уі2017 жылдың СДТТБТ-де тіркелген).
Облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен
жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл бөлімі
Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2018 жылдың 3 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөнінде мәлімет
2018 жылдың 24 шілдесінде облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының ағымдағы жылдың үшінші отырысы өткізіліп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Біріншісі «2017 жылдың және ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысымен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жағдайы туралы», екіншісі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың атқарған жұмысы туралы», үшіншісі «Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің атқарған жұмысы туралы».
Мәжілісте бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев және Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Әбдіқалықов, екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Қызылорда облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың төрайымы А.Ізден, үшінші мәселе бойынша Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғ.Едігеевтің есептері және хабарламалары тыңдалды.
Мәжілістің нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
2018 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалы туралы
АҚПАРАТ
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың 9 айында облысымызда 123 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп (2017ж. 9 ай - 110), бұл санаттағы қылмыстардың саны 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 11,8% өскен.
Аталған санаттағы істер жалпы тіркелген 5745 (2017ж. – 6672) қылмыстардың 2,1% (2017ж. – 1,6%) құрады.
Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (әрі қарай – СДТТБТ) тіркелген 123 (110) қылмыстық істің 73-нің (107) тергеуі аяқталып, 71 (101) іс сотқа жолданса, 2 (6) іс ақталмайтын негізде қысқартылған, 101 (56) іс ақталатын негізде қысқартылған.
Жалпы СДТТБТ-де тіркелген 123 істің 101-і, яғни 82,1% ақталатын негізде қысқартылған.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі, яғни 91 қылмыс (73,9%) Қызылорда қаласында, 11 (8,9%) – Арал, 5 (4%) Шиелі, 5 (4%) Қазалы, 4 (3,2%) Қармақшы, 4 (3,2%) Жаңақорған, 3 (2,4%) Жалағаш аудандарында тіркелсе (оның ішінде орталық атқарушы органдар), Сырдария ауданында - тіркелмеген.
Бұл санаттағы қылмыстардың аймақтардағы диаграммасы:
Тіркелген 123 сыбайлас жемқорлық қылмыстары келесі санаттарды құрайды - пара алу – 32 (33), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 22 (32), сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 21 (15), пара беру – 18 (17), лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану – 18 (2), қызметтiк жалғандық жасау – 6 (1), парақорлыққа делдал болу – 1 (5), алаяқтық – 3 (4), қызметтегi әрекетсiздiк – 2 (1).
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың санаты бойынша динамикасы

Жалпы жыл басынан тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер бойынша сотқа жолданған тұлғалардың саны 49 (56) болса, оның ішінде орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары – 20 (18), жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 23 (21), басқалар – 6 (17).
Ағымдағы жылдың есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 49 тұлға сотталса, оның 23 жергілікті атқарушы органның қызметкерлері.
Облыс әкімі аппаратының құқық
қорғау органдарымен жұмыс және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл бөлімі
Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2018 жылдың ІІ тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөнінде мәлімет
2018 жылдың 14 мамырында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының ағымдағы жылдың екінші отырысы өткізіліп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі «2018 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен Қазалы мен Шиелі ауданы әкімдерінің және Ішкі істер департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шаралар туралы», екіншісі «2018 жылдың 4 ай қорытындысымен Арал ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шаралар туралы».
Мәжілісте бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Қ.Мұхитовтың, Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаевтың және Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлының, екінші мәселе бойынша Арал ауданының әкімі М.Оразбаевтың есептері және хабарламалары тыңдалды.
Мәжілістің нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
2018 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалы туралы
АҚПАРАТ Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың І жартыжылдығында облысымызда 91 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп (2017ж. І жартыжылдық - 75), бұл санаттағы қылмыстардың саны 2017 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 21,3% өскен.
Аталған санаттағы істер жалпы тіркелген 4055 (2017ж. – 4820) қылмыстардың 2,2% (2017ж. – 1,5%) құрады.
Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (әрі қарай – СДТТБТ) тіркелген 91 (75) қылмыстық істің 54-нің (74) тергеуі аяқталып, 52 (71) іс сотқа жолданса, 2 (3) іс ақталмайтын негізде қысқартылған, 52 (40) іс ақталатын негізде қысқартылған.
Жалпы СДТТБТ-де тіркелген 91 істің 52-і, яғни 57,1% ақталатын негізде қысқартылған.
Республика бойынша тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың ішінде Қызылорда облысы 4,9% құрап,10 орында орналасқан.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі, яғни 65 қылмыс (71,4%) Қызылорда қаласында (оның ішінде орталық атқарушы органдар), 9 (9,9%) – Арал, 6 (6,6%) Шиелі, 4 (4,4%) Қармақшы, 3 (3,3%) Жаңақорған, 2 (2,2%) Жалағаш, 2 (2,2%) Қазалы аудандарында тіркелсе, Сырдария ауданында - тіркелмеген.
Бұл санаттағы қылмыстардың аймақтардағы диаграммасы:
Тіркелген 91 сыбайлас жемқорлық қылмыстары келесі санаттарды құрайды - пара алу – 28 (20), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 19 (28), сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 13 (6), пара беру – 12 (10), лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану – 10 (0), қызметтiк жалғандық жасау – 6 (2), парақорлыққа делдал болу – 1 (2), алаяқтық – 1 (5), қызметтегi әрекетсiздiк – 1 (1).
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың санаты бойынша динамикасы
Жалпы жыл басынан тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер бойынша сотқа жолданған тұлғалардың саны 34 (37) болса, оның ішінде орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары – 18 (16), жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 14 (17), басқалар – 2 (6).
Ағымдағы жылдың есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 26 (26) тұлға сотталса, оның 9 (8) жергілікті атқарушы органның қызметкерлері.
Облыс әкімі аппаратының
құқық қорғау органдарымен
жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс- қимыл бөлімі
Қызылорда облысы әкімі аппаратының 2018 жылдың 1 тоқсанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жөнінде мәлімет
2018 жылдың 27 ақпанда облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалық етумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының ағымдағы жылдың бірінші отырысы өткізіліп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі «2017 жылдың қорытындысымен облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жағдайы туралы», екіншісі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы».
Мәжілісте бірінші мәселе бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Шотаевтың, екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы А. Мұхимовтың есептері және хабарламалары тындалды.
Мәжілістің нәтижесі бойынша қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың 2018 жылдың 1 тоқсанындағы жағдайы туралы
АҚПАРАТ
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың І тоқсанында облысымызда 39 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп (2017 жылдың І тоқсанында - 47), бұл санаттағы қылмыстардың саны 2017 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 17% төмендеген.
Аталған санаттағы істер жалпы тіркелген 1965 (2017 жылы – 2781) қылмыстардың 1,9% (2017 жылы – 1,5%) құрады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі, яғни 21 қылмыс (53,8%) Қызылорда қаласында, 10 (25,6%) – Арал, 4 (10,2%) Шиелі, 3 (7,6%) Қармақшы, 1 (2,5%) Жалағаш аудандарында тіркелген. Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандарында істер тіркелген жоқ.
Есепті кезеңде тергеу өндірісінде болған 39 (47) қылмыстық істің 22-нің (38) тергеуі аяқталып, 22 (36) іс сотқа жолданса, ақталмайтын негізде бірде-бір іс қысқартылған жоқ.
Тіркелген 39 сыбайлас жемқорлық қылмыстары келесі санаттарды құрайды - сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 5 (9), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 6 (18), пара беру – 6 (6), пара алу – 16 (10), парақорлыққа делдал болу – 1 (0), лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану – 5 (0).
Яғни, тіркелгендер жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі, пара алу (ҚК-нің 366 б.), пара беру (ҚК-нің 367 б.), лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (ҚК-нің 362 б.) қылмыстардың түрлері болуда.
Жалпы жыл басынан тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер бойынша сотқа жолданған тұлғалардың саны 13 болса, оның ішінде орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары – 6, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 4, басқалар – 3.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін 7 (5) тұлға сотталса, оның 4 (2) жергілікті атқарушы органның қызметкерлері.
Анықтама: сотталған 4 жергілікті атқарушы органның қызметкерлері ішінде 1-і 2017 жылдың СДТТБТ-де тіркелген.
Облыс әкімі аппаратының
құқық қорғау органдарымен
жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс- қимыл бөлімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауының 9-шы бағытында жемқорлықпен күрес пен заң үстемдігінің маңыздылығы ерекше аталды.
Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік органдардағы үрдістерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым қатынасын цифрландыру маңыздылығы, атап айтқанда азаматтардың өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуына ерекше мән бөлінді.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 26 қаңтарында сағат 11:00-де Қызылорда облыс әкімі аппаратының ұйыдастыруымен облыс әкімдігінің мәжіліс залында аппарат қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты тақырыппен Елбасының Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған бірыңғай түсіндірме кездесу өткізілді.
Қызылорда облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы – Руслан Ибрагим баяндама жасап, Жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша атқарылатын жұмыс бойынша ақпараттандырды.