ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2018 жылғы 6 айдағы атқарылған жұмыстары 

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 
2018 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 3,0 млрд. теңге (2 978,1 млн. теңге) қаржы бөлінді. Оның ішінде, Қызылорда қаласының 8 сумен қамту және 5 суды бұру жобасына; Жаңақорған кентінің ауыз су жүйесін жаңғыртудың жобасы өтпелі (2019 жыл).
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, 12 жобаның мердігер мекемелері анықталды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 1 жоба бойыша сот органдарының қарауында. 
Аталған жобалар аяқталғанда 72,0 шақырым ауыз су жүйелері және 4,5 шақырым кәріз жүйелері қайта жаңғыртылатын болады. 
«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша
2018 жылы республикалық бюджеттен 3 жобаның (Сырдария ауданы Қалжан ахун, Жалағаш  ауданы Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендері) құрылыс жұмыстарын
жалғастыруға 526 941 мың теңге (РБ-474 189 мың теңге, ОБ – 52 752 мың теңге) қаржы бөлінді. Жобада аясында 16,7 шақырым су желілері жаңғыртылатын болады.    
Қосымша республикалық және облыстық бюджеттен 16 жаңа жобалардың құрылыс жұмыстарына 2 147 421 мың теңге (РБ-1 932 681 мың теңге, ОБ-214 740 мың теңге) бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.     
Облыстық бюджет бойынша
2018 жылы Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің соқ жағалауын сумен қамту және суды бұру жобасының құрылыс жұмысына 350 000 мың теңге бөлінді.  Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жоба-сметалық құжаттамалар дайындау үшін облыстық бюджеттен 109 583 мың теңге бөлінді (Арал ауданы Ақбасты, Тоқабай-Абай). Байқоңыр қаласының сумен қамту және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту жобасына ТЭН әзірлеу үшін 39 625 мың теңге бөлінді. Жобалаушы мекемелер анықталып тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тораңғылсай кен орнына іздеу-барлау жұмыстарына 70 000 мың теңге қаржы бөлініп, жобалаушы мекеме анықталды.
Субсидия төлеу 
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша жалпы 2,4 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2018 жылғы 3 айдағы атқарылған жұмыстары 

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша
2018 жылы 14 жобаға 3,0 млрд.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, құрылысы 2017 жылы басталған Жаңақорған кентінің ауыз су жүйесін жаңғыртудың өтпелі жобасына 1,4 млрд.теңге, Қызылорда қаласының 8 сумен қамту жобасына және 5 суды бұру жобасына 1,6 млрд.теңге.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда, келісім шартқа қол қою жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалар аяқталғанда 72,4 шақырым ауыз су жүйелері және 4,5 шақырым кәріз жүйелері қайта жаңғыртылатын болады. Нәтижесінде 23 804 адам ауыз сумен қамтылатын болады.
«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша
2018 жылы республикалық бюджеттен 3 жобаның (Сырдария ауданы Қалжан ахун, Жалағаш  ауданы Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендері) құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 526,9 млн.теңге (РБ-474,2 млн.теңге, ОБ – 52,7 млн.теңге) қаржы бөлінді. Жобада аясында 16,7 шақырым су желілері жаңғыртылатын болады.           
Облыстық бюджет бойынша
2018 жылы Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің соқ жағалауын сумен қамту және суды бұру жобасының құрылыс жұмысына 300 млн.теңге бөлінді.  Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жоба-сметалық құжаттамалар дайындау үшін облыстық бюджеттен 109,6 млн.теңге бөлінді (Арал ауданы Ақбасты, Тоқабай-Абай). Байқоңыр қаласының сумен қамту және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту жобасына ТЭН әзірлеу үшін 39,6 млн.теңге бөлінді. Жобалаушы мекемелер анықталып тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тораңғылсай кен орнына іздеу-барлау жұмыстарына    70,0 млн.теңге қаржы бөлініп, жобалаушы мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Субсидия төлеу 
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша жалпы 2,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. 

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2017 жылдың қорытындысы бойынша

 атқарылған жұмыстары

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
2016-2017 жылдары облыс бойынша «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» және облыстық бюджеттен сумен қамту және суды бұру жүйелерін жаңғыртудың 55 жобаға барлығы 13 634,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 12 281,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен 1 353,8 млн. теңге. 
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша игерілуі барлығы 11 854,6 млн. теңге немесе 96 пайыз (үнемделген қаржы барлығы 1 241,0 млн. теңге). Оның ішінде, бағдарламалар бойынша:
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша
2016 жылы 5 жобаның (Қармақшы ауданы-2 жоба, Арал ауданы - 1 жоба, Қазалы ауданы - 1 жоба, Қызылорда қаласы 1 жоба) құрылыс жұмыстарына 5 723,8 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, 682,4 млн. теңге үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды. Бүгінгі күнге 5 041,4 млн. теңге міндеттемеден игерілгені 4 872,2 млн.теңге немесе 97 пайыз. Жобалардағы 374,0 шақырым желілерден жаңартылғаны  362,8 шақырым.
Оның ішінде, 3 жобаның (Қызылорда қаласында - 1 жоба, Қармақшы ауданында - 2 жоба) жұмыстары аяқталып, актімен қабылданды. Нәтижесінде, Қызылорда қаласында 15,4 шақырым, Жосалы кентінде 74,3 шақырым су жүйелері жаңғыртылды және 5,0 мың текше метрлік 2 дана таза су резервуары салынды. 
Қалған 2 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Атап айтсақ, Арал ауданы Сексеуіл кенті бойынша игерілгені 1 274,0 млн. теңге немесе 96 пайыз, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті бойынша игерілгені 1 750,5 млн. теңге немесе 94 пайыз. Қаржының толық игерілмеуі - мердігер мекеме "КА Строй ЛТД" ЖШС-нің келісім шартта көзделген мерзімде (2017 жылдың желтоқсаны) құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтамауынан болды.
2017 жылы 36 жобаны (Арал ауданы - 6 жоба, Қармақшы ауданы - 2 жоба, Жаңақорған ауданы - 1 жоба, Қызылорда қаласы - 27 жоба) іске асыруға 5 787, 0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде, 403,5 млн. теңге үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды. Бүгінгі күнге, 5 383,5 млн. теңге міндеттемеден игерілгені 5 013,4 млн.теңге немесе 93 пайыз. Жобаларда қаралған 271,5 шақырымнан 262,9 шақырымы жаңартылды және 32 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, актімен қабылданды, қалған 3 жобаның жұмыстары жалғасуда (Конту станциясы, Аманөткел, Шижаға елді мекендері) 2018 жылдың қаңтар айында аяқталуы жоспарлануда (мердігер тарапынан келісім шарт мерзімі ұсталмаған) және 1 жоба (Жаңақорған) өтпелі, 2019 жылы аяқталады.
«2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша
2017 жылы республикалық бюджеттен 5 жобаның (Сырдария ауданы Шаған, Қалжан ахун, Жалағаш  ауданы Қаракеткен, Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендері) құрылыс жұмыстарына 855,8 млн.теңге (РБ-770,3 млн. теңге, ОБ - 85,5 млн. теңге) қаржы бөлініп, 828,1 млн. теңге игерілді және үнемделген 27,7 млн. теңге бюджетке қайтарылды. Жобада қаралған 71,7 шақырым су желілері жаңғыртылды. 
Анықтама  ретінде
Жалағаш ауданы Қаракеткен, Сырдария ауданы Шаған елді мекеніндегі жұмыстар аяқталып актімен қабылданды.
Жалағаш ауданы Шәменов, Мырзабай ахун, Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекендері бойынша ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды, аталған нысандар өтпелі, аяқталуы 2018 жыл.  
Облыстық бюджеттен 2017 жылы 9 жобаға 1 268,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде, Қармақшы ауданында - 4 жоба (Алдашбай ахун, Қуандария, Қармақшы, Көмекбаев), Сырдария ауданында - 2 жоба (Шіркейлі, Н. Ілиясов), Қызылорда қаласында - 3 жоба (Титов қыстағы, Арай-2 м/а, Сырдария өзенінің сол жағалауы), игерілгені 1 140,9 млн. теңге, үнемделген 127,4 млн. теңге бюджетке қайтарылды. 
Жобаларда қаралған 80,3 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылды және 8 жоба аяқталып, пайдалануға берілді, 1 жоба (Сырдария өзенінің сол жағалауы) өтпелі аяқталуы 2018 жыл.
Жоба-сметалық құжаттамалар дайындау үшін облыстық бюджеттен 122,8 млн. теңге бөлінді (Шиелі ауданы Бірлестік, 1 Май, Тартоғай, Сұлутөбе, Тақыркөл). Қазіргі таңда, 2 жоба аяқталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, қалған 3 жобаның жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2017 жылғы 3 айдағы атқарылған жұмыстары жөнінде

ЕСЕБІ

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

Облыс бойынша барлық 260 ауылдық елді мекеннің 194-і немесе 74 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылды.

2017 жылы «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 5 жоба бойынша 770,3 қаржы бөлінді, оның ішінде Сырдария ауданы бойынша  2 жоба және Жалағаш ауданы бойынша 3 жобаның құрылыс жұмыстарын бастауға 770,3 млн. теңге бөлініп отыр. Облыстық бюджеттен 6 жобаға 371,7 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша  4 жоба, Сырдария ауданы бойынша 2 жоба.

2017 жылы 104 «Облыстық бюджеттерге баламасыз ауыз сумен жабдықтау көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың  аса маңызды жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламалары бойынша облыстық бюджеттен локалды және топтық су жүйелеріне 2400 млн. теңге қаржы игерілуде.

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен ауыз су жүйелерін жаңғыртуға  5,7 млрд. теңге бөлініп, 5 жобаның құрылысы басталды (Сексеуіл, Әйтеке би, Жосалы - 2 жоба, Тасбөгет). Аяқталу мерзімі - 2017 жыл. Нәтижесінде аталған елді мекендердегі 280 мыңнан астам тұрғындардың ауыз сумен қамту жағдайы жақсарады.  

2017 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасымен 5,7 млрд.теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 2018 жылы  335 шақырым ауыз су құбырлары және 7,7 км кәріз су жүйелері жаңғыртылатын болады.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2017 жылдың I жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмыстары
 
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
Облыс бойынша барлық 260 ауылдық елді мекеннің 194-і немесе 74,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. 
2017 жылы 104 «Облыстық бюджеттерге баламасыз ауыз сумен жабдықтау көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың  аса маңызды жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламалары бойынша облыстық бюджеттен локалды және топтық су жүйелеріне есепті кезеңге 675,9 млн. теңге субсидия берілді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы ауыз су жүйелеріне 5723,8 млн. теңге бөлініп, 5 жобаның құрылысы басталды. Оның ішінде, «Тасбөгет» кентінің су тазарту құрылғысынан 2-ші көтергіш насостық станциясынан бастап «Южный» КП дейінгі су құбырын жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 2017 жылы 19 сәуірде мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды.  Бүгінгі күнге, 2810,3 млн. теңге игеріліп, 196,2 км сумен қамту жүйелері жүргізілді. 
2017 жылы 36 жобаға 5 787, 0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі кезеңде мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді, қорытындысы ағымдағы жылдың шілде айының бірінші он күндігінде белгілі болады. 

«2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2017 жылы сумен қамту және суды бұру жобаларына республикалық бюджеттен 770,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 85,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге, республикалық бюджеттен 559,6 млн.теңге немесе 73 пайызға игерілді. 

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын

 үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша

 2016 жылы атқарылған жұмыстары

Сумен қамтамасыз ету бойынша

Облыс бойынша барлық 261 ауылдық елді мекеннің 194-і немесе 74 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылды. 
2016 жылы 081 «Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 203,139 млн. теңге қаржы бөлініп, 3 ауылдық елді мекеннің жер асты су қоры нақтыланды. 
104 «Облыстық бюджеттерге баламасыз ауыз сумен жабдықтау көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджетті бағдарлама бойынша республикалық және облыстық бюджеттерден 2525,9 млн. теңге қаржы бөлініп толығымен игерілді. 322299 адам құны төмендетілген сумен қамтамасыз етілді.
Бұдан басқа, Европалық жаңғырту және даму банкімен бірлесіп «Қызылорда қаласының сумен қамту жүйелерін салу және жаңғырту» жобасы аясында қаланың ауыз су және кәріз жүйелерінің электрондық картасы әзірленіп, биллинг жүйесін енгізуге жұмыстар жасалуда, 23 КНСке жаңғырту жұмыстарын жүргізу жобасы дайындалды. 
«Нұрлы жол» бағдарламасымен 2016 жылы Сумен қамту бойынша 5 жобаға 5,7 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті және Арал ауданы Сексеуіл кентіне 3,7 млрд. теңге бөлініп, мердігер «Ка-строй» ЖШС арқылы құрылыс жұмыстары басталды. Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 2 жобасына 659,1 млн. теңге бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен конкурс жарияланып, мердігер «Сәт сервис»» ЖШС, «РЗА» АҚ жеңімпаз атанды. 
Қызылорда қаласы бойынша бөлінген 1,275 млрд. теңгеге қала әкімдігі арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп «Мелиоратор» ЖШС жеңімпаз атанды. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 2017 жылдың қараша айына жоспарланған. Жыл аяғында 5 жоба бойынша 35 км су құбыры жүргізілді, жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша

 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары

Сумен қамтамасыз ету 

Облыс бойынша барлық 261 ауылдық елді мекеннің 194-і немесе 74 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылды. 
2016 жылы 081 «Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 203,139 млн. теңге қаржы бөлініп, 3 ауылдық елді мекеннің жер асты су қоры нақтыланатын болады. 01.10.2016 жылға 180,600 млн. теңге қаржы игерілді.
104 «Облыстық бюджеттерге баламасыз ауыз сумен жабдықтау көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджетті бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен локалды су жүйелеріне 397,626 млн. теңге қаржы бөлінді, бүгінгі күнге, 335,0 млн. теңге игерілді. Облыстық бюджеттен топтық су құбырларына 1,908 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1 305,0 млн. теңгесі игерілді.  
Бұдан басқа, Еуразиялық даму және жаңғырту банкі арқылы 2014 жылы 21 млн. АҚШ долларына жасалған кредиттік келісім шарт негізінде Қызылорда қаласын сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің құрылысы және реконструкциялау жобасы бойынша биылға гидравликалық модельдеу және ГИС жұмыстары жасауға консультанттар таңдалып ауыз су жүйесін аймақтарға бөлу мен қысымды бақылау жүйесі жобасын өңдеу жұмыстары жүргізуге  консультанттармен келісім шартқа отырып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
 
2016 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы 
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
Облыс бойынша барлық 261 ауылдық елді мекеннің 194-і немесе 74 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылды. 
2016 жылы 081 «Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 203,139 млн. теңге қаржы бөлініп, 3 ауылдық елді мекеннің жер асты су қоры нақтыланатын болады. 01.07.2016 жылға 147,800 млн. теңге қаржы игерілді.
104 «Облыстық бюджеттерге баламасыз ауыз сумен жабдықтау көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджетті бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен локалды су жүйелеріне 397,626 млн. теңге қаржы бөлінді, бүгінгі күнге, 200,0 млн. теңге игерілді. Облыстық бюджеттен топтық су құбырларына 1,908 млрд. теңге қаржы бөлініп, 675,0 млн. теңгесі игерілді.  
Бұдан басқа, Қызылорда қаласының сумен қамту және суды бұру жүйелерін дамыту мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкімен құны 21 млн.АҚШ доллары болатын кредиттік келісім шарт жасалып жұмыстар жүргізілуде.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы сумен қамту жүйелерін жаңғырту бойынша 2 жобаға 3,8 млрд.теңге бөлініп отыр. Олар Арал ауданы Сексеуіл кенті су жүйелерін жаңғырту жобасы. Сметалық құны 1,4 млрд.теңге. Қазалы ауданы әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының су жүйелерін жаңғырту кеңейту жобасы. Сметалық құны 2,4 млрд.теңге. 
Нәтижесінде барлығы 295,9 шақырым ауыз су желілері жаңартылып, 2260 дана су есептегіш құралдары орнатылатын болады.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары
Сумен қамтамасыз ету 
Облыс бойынша барлық 261 ауылдық елді мекеннің 194-і немесе 74 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылды. 
2016 жылы 081 «Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 203,1млн. теңге қаржы бөлініп, 3 ауылдық елді мекеннің жер асты су қоры нақтыланатын болады. Бүгінгі күнге, 124,4 млн. теңге қаржы игерілді.
2016 жылы 104 «Облыстық бюджеттерге баламасыз ауыз сумен жабдықтау көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен локалды су жүйелеріне 397,6 млн. теңге қаржы бөлінді, бүгінгі күнге, 45,0 млн. теңге игерілді.
Облыстық бюджеттен топтық су құбырларына 1,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, 210 млн. теңгесі игерілді.  
Бұдан басқа, 2014 жылы желтоқсан айында Қызылорда қаласының сумен қамту және суды бұру жүйелерін дамыту мақсатында «Қызылорда қаласының сумен қамту және су бұру жүйелерін модернизациялау» жобасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен құны 21 млн.АҚШ доллары болатын кредиттік келісім шарт жасалып жұмыстар жүргізілуде. 
Қазіргі таңда, гидравликалық модельды, қысымын бақылау және аймақтандыру жұмыстарын әзірлеуге ашық конкурс жарияланып, мердігер анықталды - «ЭКО ИнфраИнженеринг» ЖШС. 2016 жылғы 17 ақпан айында 100,0 млн.теңгеге келісім-шарт жасалды. Жұмыстардың аяқтау мерзімі – 2016 жылдың тамыз айы.  
Нұрлы жол бағдарламасымен сумен қамту және суды бұру жүйелерін дамыту мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландыруға 3,8 млрд. теңге болатын 2 жоба ұсынылып, қолдау тапты. Олар Арал ауданы Сексеуіл кенті су жүйелерін кеңейту және қайта жаңғырту жобасының сметалық құны 1,4 млрд.теңге. Қазалы ауданы әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының су жүйелерін кеңейту және қайта жаңғырту жобасының сметалық құны 2,4 млрд.теңге. Тапсырыс беруші «Қазсушар» РМК «Арал» филиалы.

Қызылорда облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының
2015 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде
ЕСЕБІ

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

Облыс бойынша барлық 262 ауылдық елді мекеннің 185-і немесе 71 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылды. (2012 жылы 178 елді мекен  69 пайыз болған).                 «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасының ауыз су саласы бойынша 2015 жылға жалпы 6205,6 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде 14 жобаға республикалық бюджеттен 6 016,4 млн. теңге және облыстық бюджеттен 189,2 млн. теңге қаржы бөлініп игерілді.                                     

Жалпы 2015 жылы «Өңірлік даму» бағдарламасымен 14 өтпелі нысандардың құрылысын аяқтауға жоспарланып,  пайдалануға берілді, қорытындысында  4485 дана су есептегіштер құралдары орнатылып, 572 шақырым ауыз су жүйелері жүргізілді. Бұдан басқа, 2014 жылы желтоқсан айында Қызылорда қаласының сумен қамту және суды бұру жүйелерін дамыту мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкімен құны 21 млн.АҚШ доллары болатын кредиттік келісім шарт жасалып жұмыстар жүргізілуде.

Құрылған күні: 07-08-2012 08:28
Жаңартылған күні: 17-07-2018 16:12

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика