ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Басқарма: 
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Сұрақтар

Нарымбетова Шахарбану Категория Көлiк Дата: 15.11.18

Вопрос:

Саламатсыз ба? Сенын сурагым каланын тасымалдау колыгыне байланысты. Казр калада Али де тасымалдауга сайкес емес маршруттта журген колыетер бар. Мысалы Мерседес маркалы шагын колыктер. Мены мазалайтыны оларга тасымалдауга калай руксат Берген. Салондарында жолаушыларга еш жагдай жасалмаган. Орындыктары тугел емес. Мысалы газелде 16 орындык болуы тиыс, бырак 10 орындык болады, сосын амал жок турып турамыз. Бырак зан бойынша газелдерде адам турып туруга болмайды. Олар ол орындыктарды адейы алып тастайды,адамдарды кобырек тиеп АЛУ ушын. Мысалы бугн мен 28 деген мерседес маркалы маршрутка мындым, ышынде орындык аз, терезелерын карангылатып койган карангы, турып турган адамгп еш жагдай жасалмаган, сосын мен Алдына карай турып едым Маган артына карай тур деды, айтпесе МАИ кызметкерлеры корып кояды деды. Мен айткандарын ыстемедым, Маган онда тусып кет деп айтты. Кашанга Дейн быз осындай бассыздыкты, зансыздыкты шыдау керекпыз? Неге кузырлы органдар Жумыс жасамайды? Бул проблеманы шешылмей жатканына быраз жылдын колемы болды. Сонда карапайым халыктын кукысы тапталана бере ме? Сызден улкен отиниш осы маселены тез Арада шешперсеныз,ойткены алдымыз кыс сол маршруттарга амал жок мынемыз. Кузырлы органдар жив колыктердв тексерып, рейдга шыгып, карапайым халыетардан сауалнамалар жургызсе бул проблема шамалы болсада тузелер еды. Егерде сыздын тарапыныздан бкл Марселе шешуын таппасы, мен укымет сайтына шыгуыма мажбур боламын. Рахмет

Күздеубаева Сəуле Категория Жалпы мәселелер Дата: 06.11.17

Вопрос:

Саламатсызба? Мен Шұғыла 7а/69 пəтер 5қабатта тұрамын.Екі апта болды үйде су жоқ.4қабатта болар болмас ағып тұр.Кскдан адам шақырдым келді көрді бізден кінə жоқ водоканалға айт деді.Оларға айтсам ол кскның жұмысы деп отыр бір біріне сілтеп. Екі жақта неден екенін білмейміз деп жауап берді.Көршілерде енді есіктерін ашқысы келмей су бергісі келмейді.Осы мəселені шешіп берсеңіз.

Ответ:

Қызылорда қаласы, Шұғыла мөлтек ауданы №7 «А» көпқабатты тұрғын үйдің №69 пәтерінің ауыз суына байланысты «Қызылорда су жүйесі» МКК-мен тексеру жұмыстары жүріп, үйде ауыз су қысымы бір қалыпты 1,8 талапқа сай беріліп тұр.
Осыған орай, тұрғындарға қызмет көрсетуші мекемемен яғни, «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС-і арқылы, көп пәтерлі тұрғын үйдің өжіредегі инженерлік жүйелері (ауыз су) құбырларының ескіргендігі анықталды.
Сондықтан, тұрғындар арасынан белсенді топ құрып, қажетті материал алуға қаражат жиналған жағдайда алмастыруын «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС-і бірлесіп атқарылатындығын ескертеді.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, «Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелері ортақ мүлік пен үйді ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға міндетті, ортақ мүліктің және дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардың сақталуы мен қауіпсіз пайдаланылуына  жауапты»  екендігі көрсетілгенін назарыңызға жеткізеді. 
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.
 

Төлегенқызы Шолпан Категория Жалпы мәселелер Дата: 25.08.17

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Мен жалғыз басты анамын. !999 жылы Шәкәрім к/сі № 133 үйімді саттым. 17 жылдан бері басқа үйде тұрамын. Сол кездері №133 үйді сатып алған егесі құжаттарын дайындап атына аударып алды, сонан соң 2016 жылы ма толық есімде жоқ үйдің құжатын жоғалтып қайта құжат дайындады.сол кезде ол үйдің құны 280000 теңге болып басқа үй алдым.Енді 17 жылдан кейін келіп налог маған 400000 теңге ақшатөлейсің дейді. Сонда үй сатып алған адам немесе үй сатқан кісі не үшін налог төлейді. Үй сатылғанмен сол сатқан бағаңа үй ала алмайсың ғой.сонда бұл қалай болғаныМен өз күнімді зорға көріп отырған адаммын.Сенбесеңіздер келіп жағдайымды көріңіздір. 5 рет ота жасаттым ,денсаулығым да жоқ .Осы мәселені шешіп беріңізді сұраймын. Құжаттың түбірі болу керек қой.Оны да тексермеген. Рахмет.

Ответ:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 9 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша МКД, ҚР ҚМ ММКК-нің 06.06.2017 жылғы № КГД-08-4-14558-И санды хатымен Ш.Т.Исмайловаға салық кодексінің 185 бабының 3 тармағы бойынша,186 баптың 1 тармақшасына сәйкес хат жолданған. Жеке тұлға Ш.Т.Исмайлова ЖСН 610605402198 Шиелі кенті Шәкәрім көшесі №133 жылжымайтын мүлікке  кадастрлық нөмірі №10-154-010-1438 жер учаскесін 13.10.2016 жылғы №2-1068 санды сатып алу-сату келісім шарты негізінде меншік құқығы пайда болған. Аталған жер учаскесінде тұрғын үй болуына байланысты, салықтандырылуға жатқызылмайтындығын хабарлайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес қабылданған шешімге байланысты жоғары тұрған органға шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін назарыңызға саламын.
 

Толенова Айдана Категория Бiлiм Дата: 15.07.16

Вопрос:

Саламатсызба ага!189орта мектепти 9сыныптан жаксымен битирдим. Менин отбасым жагдайы жок, окытуга. Мен бала кезимде акешим бакилык болган, екинши акем бар, еки иним бар,анашым апкесини есигини алдында сарайында турамыз турмысымыз томен, корши колем киимин киип осип келемиз? Екинши акемиз тамакты зорга тауып акеледи,кейде аш отырамыз, сизден комек сураган себебим киналып кеттим, оку окым келеди. Маган комектезинизши ага!Окысам отбасымада карарем анашымада , сизден комек сураймын ага оку жонинде.

Ответ:

Биылғы жылы өңірге қажет мамандықтар бойынша халықтың әлжуаз тобы қатарынан шыққан студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыс әкімінің 135 гранты (110 бакалавр, 25 резидент) бөлінді. 
Облыс әкімінің гранты бойынша өңірде жаңадан ашылатын өнеркәсіп орындарына қажетті техникалық мамандықтарға, ауылшаруашылық, білім, медицина және спорт салаларына тапшы мамандар даярлау жоспарланып отыр.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» қағидаларына сәйкес облыс әкімінің грантына үміткерлерден өтініштерді қабылдау және әлеуметтік көмекті тағайындауды тұрғылықты жері бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде жүргізіледі. 
Қабылданған құжаттар аудан, қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияда қаралып, комиссия  шешіміне сәйкес грант иегерлері анықталады.
Осыған орай, Сіз бөлінген мамандықтар, қажетті құжаттар тізбесі туралы толық мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне(Қазантаев көшесі № 43) хабарласуыңыз қажет.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес өтінішіңіздің жауабына қанағаттанбаған жағдайда жоғары тұрған немесе сот органдарына шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіреміз.
 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика