ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Облыс бойынша жиынтық акт (субсидиялауға жататын өндірілген және өткізілген мал шаруашылығы туралы)
(2018 жыл маусым,шілде,тамыз) жүктеу... 1,6 МБ

Субсидиялауға жататын өндірілген және өткізілген мал шаруашылығы өнімі туралы  жүктеу... 2,10 МБ

Мемлекеттік мекемені міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға» өтінімдер қабылдау басталды
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың басталғаны туралы хабарлайды. 
Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 01 ақпандағы №48 бұйрығымен бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Субсидиялауға өтініш берілген жылға дейін екі жылдан кеш емес пайдалануға берілген, жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған (инвестициялық салымдар) инвестициялық жобалар жатады. Бұл ретте, субсидиялауға инвестор инвестициялық жоба пайдалануға берілетін күнге дейін 24 айдан ерте емес мерзімде шеккен инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықты сатып алуға кеткен шығыстар жатады.
Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, бірінші топтың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады және қаралады. 
2017 жылдың 1 шілдесінен кейін бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін инвесторлардың өтінімдері қабылданады және қаралады. 
Жыл бойында комиссия отырысында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өтініштері басым тәртіппен қаралады.
Субсидиялауды жүзеге асыру үшін инвестор (ауыл шаруашылығы субъектісі) Қағиданың 18 тармағына сәйкес мынадай құжаттарды қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияға тапсырады:
1) инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім);
2) заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама немесе жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат.
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті), мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады.
3) бизнес-жоспарды, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;
4) жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асырған жағдайда, инвестордың осы Қағидаларға сәйкес субсидия алу ниеті туралы қаржы институтына жіберген хабарламасының көшірмесі.
Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алу жүзеге асырылған болса, инвестор осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды да ұсынады.
19. Жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және инвестициялық жоба объектісін пайдалануға беру немесе техника мен жабдықтарды сатып алу бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін инвестор Мемлекеттік корпорацияға комиссия екінші кезеңде қарауы үшін мынадай растайтын және құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады:
1) инвестициялық жобаның объектісін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру кезінде);
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтарды сатып алу кезінде);
3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың, төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
5) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;
6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;
7) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30%-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес инвестор растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттар) ұсынады. Қуаттылықтардың жүктемесін растау үшін, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың өтінімді ұсынған сәтінің алдындағы 3 ай немесе тоқсан үшін инвестордың статистикалық есебі негізінде құрастырылған өндірістік дайындалатын жүктемесіне қол жеткізу туралы жұмыс органы мониторингінің актісі жасалады.

Инвестициялық субсидиялаудың шарттары туралы толық ақпаратпен zan.gov.kz сайтынан танысуға, қосымша ақпараттармен Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасына 8 (7242) 60-54-50 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.


Субсидиялауға жататын өндірілген және өткізілген мал шаруашылығы өнімі туралы  жүктеу... 647КБ


Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың  жеке жоспары

2016 жыл  жүктеу... 24 КБ


Міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары

2016 жыл  жүктеу... 23 КБ


2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының агрокартасы   жүктеу.. 16,6 МБ


Қызылорда облысы бойынша 2016 жылы гербицидтерге субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат

2016 жыл   жүктеу.. 728 КБ

 2016 жыл   жүктеу.. 4.37 МБ


Қызылорда облысы бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалану) көлемдері жөніндегі жиынтық актісі

2016 жыл    жүктеу.. 3,04 МБ

тамыз 2016 жыл   жүктеу.. 3,48 МБ

 


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал  шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялаудың жиынтық актілері

ақпан 2016 жыл  жүктеу.. 2.08 МБ

наурыз 2016 жыл  жүктеу.. 6.46 МБ

сәуір 2016 жыл  жүктеу.. 7.83 МБ

мамыр 2016 жыл  жүктеу.. 14.1 МБ

маусым 2016 жыл  жүктеу.. 12.8 МБ

шілде 2016 жыл  жүктеу.. 16.3 МБ

тамыз (1) 2016 жыл  жүктеу.. 9.33 МБ

тамыз (2) 2016 жыл  жүктеу.. 17.3 МБ

қыркүйек (1) 2016 жыл  жүктеу.. 6.87 МБ

қыркүйек (2) 2016 жыл  жүктеу.. 25.2 МБ

қазан 2016 жыл  жүктеу.. 15.1 МБ

қазан (2) 2016 жыл  жүктеу.. 8.25 МБ

Қараша 2016 жыл  жүктеу.. 9,77 МБ

Желтоқсан 2016 жыл  жүктеу.. 10,6 МБ

Желтоқсан 2016 жыл  жүктеу.. 10,2 МБ

2016 жыл  жүктеу.. 41 КБ


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал  шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялаудың жиынтық актілері

сәуір 2015 жыл жүктеу.. 6,5 МБ

мамыр 2015 жыл жүктеу.. 5,5 МБ

маусым 2015 жыл жүктеу.. 9,1 МБ
шілде 2015 жыл  жүктеу... 17 МБ
тамыз 2015 жыл  жүктеу... 15 МБ
қыркүйек 2015 жыл  жүктеу... 19 МБ
қазан 2015 жыл  жүктеу... 25 МБ
қараша 2015 жыл  жүктеу... 16 МБ
желтоқсан 2015 жыл 1 жүктеу... 9 МБ
желтоқсан 2015 жыл 2 жүктеу... 5,78 МБ
 

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша
ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру
2016 жылдың қорытындысымен 79,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 7,3% құрады. 
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 3822,3 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты. 
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 712,6 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге артты. 
Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға 2016 жылы 9,1 млрд. теңге бөлініп, 2015 жылмен салыстырғанда 11,1% артты. 
Облыс бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,4%-ға, қой мен ешкі 8,4%-ға, жылқы 0,8%-ға, түйенің саны 3,2%-ға көбейді.
Ет өндіру (тірілей салмақ) 3,6%-ға, сүт өндіру 1,1%-ға, жұмыртқа өндіру 0,9%-ға өсті. 
Облыс бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі 33,9 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,3% артты.

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша 

ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру  
2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 42,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,2% құрады. 
Жалпы тамақ өнімдерінің өндірісі 2015 жылдың қыркүйек айында 113,0% өсіп, 19,8 млрд. теңгені құрады. 
Облыстың агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға 2014 жылы 8,0 млрд. теңге қаржы қаралып 2013 жылмен салыстырғанда 47% артса, 2015 жылы 8,4 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның ішінде егін шаруашылығына 5,1 млрд. теңге, мал шаруашылығына 3,3 млрд.теңге.

2015 жылдың ІI тоқсаны бойынша ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру  

2015 жылдың маусым айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 13,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1% құрады. 
Жалпы тамақ өнімдерінің өндірісі 2015 жылдың маусым айында 117,6% өсіп, 12,2 млрд. теңгені құрады. 
Облыстың агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға 2014 жылы 8,0 млрд. теңге қаржы қаралып 2013 жылмен салыстырғанда 47% артса, 2015 жылы 8,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның ішінде егін шаруашылығына 5,3 млрд. теңге, мал шаруашылығына 3,0 млрд.теңге.

2015 жылдың І тоқсаны бойынша ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру

2015 жылдың наурыз айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,7% құрады.

Жалпы тамақ өнімдерінің өндірісі 2015 жылдың наурыз айында 108,9% өсіп, 3,9 млрд. теңгені құрады.

Облыстың агроөнеркәсіп кешенін мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға 2014 жылы 8,0 млрд. теңге қаржы қаралып 2013 жылмен салыстырғанда 47% артса, 2015 жылы 8,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның ішінде егін  шаруашылығына 5,3 млрд. теңге, мал шаруашылығына 3,0 млрд.теңге.

 

Құрылған күні: 07-08-2012 08:47
Жаңартылған күні: 19-10-2018 16:32

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика