ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2017  жылдың І тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат
 
Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша
Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. 
2017 жылы 4 каналды (Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары» каналындары) тазалау,  өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғыларын алып беру, Арал ауданындағы «Баян» және «Көкіш» каналдарын жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады. 
Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Қызылжарма, Жібек- жолы каналдары мен Жаңақорған ауданындағы Қыраш, Көлтоған су қоймаларын күтіп ұстап тұру жұмыстары атқарылатын болады. 
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 002 "Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға бөлінген қаржыға облыс аумағындағы 22 көлдің Қараөзек арнасы мен Арал теңізінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық құжаттамалары әзірленетін болады. 
Мемлекет Басшысының суармалы жерлерді қайта айналымға енгізу және апатты су қоймаларды жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен қажетті су көлемімен қамтамасыз ету қажеттігі туралы тапсырмасына сәйкес суармалы жерлерді қалпына келтіру мәселесі пысықталуда.
Қажетті суармалы сумен қамтамасыз ету үшін Шиелі ауданының Күміскеткен учаскесінде сыйымдылығы 600 млн. текше метр болатын жаңа су қоймасының құрылысын салу жөнінде шаралар қабылдануда. 
Су қоймасын салу жобасының техника экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 2017 жылы қаржы бөлініп, мердігер мекеме "Сартөбе" ЖШС анықталып, ТЭН әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 
Cондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру  бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 238,6 мың гектар суармалы жердің 188,4 мың гектарын қалпына келтіру жоспарлануда.
1.«Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ИДЖЖ /ПУИД-2) 15,1 мың гектар; 
2.Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы. 
3.«Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ИДЖЖ/ПУИД-3) 144,3 мың гектар.
Үстіміздегі жылы ПУИД-2 және су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 63 млн. теңге және Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су нысандарын құжаттандыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.  

2016 жылға атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыс аумағында иесіз қалған 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, соның 208-нің төл құжаттары әзірленіп, аудандық (қалалық) деңгейден облыстық коммуналдық деңгейге қабылданды.

Осыған байланысты, 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына және Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алуға облыстық бюджеттен 297,3 млн. теңге бөлініп, белгіленген жұмыстар толық орындалды.

Нәтижесінде 420 га жерге егін егу, 460 га шабындықтарды суландыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында Қызылорда қаласы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық-құжаттамасына өзгерістер енгізіліп қайта дайындауға облыстық бюджеттен 6,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық құжаттама әзірленді.

Үстіміздегі жылдың 26 қазанында облыстық бюджетті нақтылау барысында жалпы құны 18,7 млн. теңгені құрайтын Қараөзек арнасының Қожатай учаскесінде габионнан жасалатын  су тоспасын салу жобасын бастауға Қармақшы ауданының бюджетіне 5 млн. теңге трансферт бөлінді. Жобаны қоса қаржыландыруға аудан бюджетінен 500 мың теңге бөлінді. Қалған 11,9 млн. теңге 2017 жылы бөлінді.

Сонымен бірге, облыстық бюджеттен Күміскеткен су қоймасын салу жобасының техника экономикалық негіздемесін әзірлеу  жұмыстарын бастауға 1 млн. теңге қаржы қаралды. ТЭН әзірлеуді жалғастыруға қажетті 31,4 млн.теңге 2017 жылға арналған облыстық бюджетте қаралды.

2016 жылғы 7 шілдеде Қамыстыбас көлінің жағасында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қатысуымен суармалы жерлерді қалпына келтіру мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.

Халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен сурамалы жерлерді қалпына келтіру бойынша мынадай жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1) «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасы (ПУИД-2) 15,1 мың гектар;

2) «Ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының үшінші фазасы (ПУИД-3) 144,3 мың гектар;

3) Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасы.

Жалпы, ПУИД-2 жобасына енгізілген су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 63 млн. теңгеге және Азия даму банкісі арқылы 29 мың гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жобасына енгізілген су нысандарын құжаттандыруға 840 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылып, 2016 жылға 2 млн. теңге,  2017 жылға 384,4 млн. теңге қаржы бөлінді

2016  жылдың ІІІ тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат
 
Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша
Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына және Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында насос қондырғыларын алуға облыстық бюджеттен 365,1 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар бойынша үстіміздегі жылдың 1 қазанына бөлінген қаржының 182,1 млн. теңгесі игеріліп, 2 каналдың тазалау жұмыстары толық аяқталды, 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары алынып берілді.Сонымен қатар, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында Қызылорда қаласы шегіндегі Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобалық-құжаттамасына өзгерістер енгізіліп қайта дайындауға облыстық бюджеттен 6331,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге аталған жұмыстар жүргізілуде.     
«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 199 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.
07.10.2016

2016  жылдың ІІ тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы) жұмыстарына облыстық бюджеттен 346,5 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге аталған жұмыстар жүргізілуде.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 197 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.
01.07.2016

2016  жылдың І тоқсанға  атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» САРАТС-2  жобасы туралы

САРАТС  жобасының екінші фазасын бастау бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның құны 23,2 млрд.теңге, оның 85% Дүниежүзілік Банк заемы және 15% республикалық бюджет есебінен.

Қарыз Келісімі туралы Дүниежүзілік Банктің шарт талаптарына сәйкес келіссөздерді бастау үшін 2014 жылдың қарашасында Арал-Сырдария бассейні елдеріне (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) хабарландыру хаттары жолданған болатын.

Өзбекстан Республикасы жобаның жүзеге асуы Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкіндігіне сүйене отырып, САРАТС-2 жобасын жүзеге асыруды қолдамайтындығын білдірді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен (2015 жылғы 21 қаңтар, 10 ақпан және 27 наурызда) өзбек тарапына САРАТС-2 жобасының жүзеге асырылуы қоршаған ортаға  кері әсерін тигізбейтіндігі, керісінше Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайын жақсартатындығы туралы негізделген жауап ұсынылды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты, Дүниежүзілік Банк «САРАТС-2» жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тағайындады.

2015 жылғы 23 қазанда тәуелсіз сарапшылардың есебі Дүниежүзілік Банктің қарауына ұсынылды. Дүниежүзілік Банктің тәуелсіз сарапшыларымен өзбек тарапының ұстанымына сәйкес, төмендегідей қорытынды берілген:

1. Айдаркөл-Арнасай көлдер жүйесіне Шардара су қоймасынан жылына 1,5 км3 кем емес мөлшерде су тастау;

2. Көлдер жүйелерін қалпына келтіру мен балық өсіру тоғандарын кеңейту жөніндегі 2 компонентті жобадан алып тастау;

3. Солтүстік Арал теңізін қалпына келтірудің 2 деңгейлі нұсқасын жүзеге асыру.

Дегенмен, Арал өңірі үшін маңызы зор жобаны іске асыру Өзбекстан тарапының негізсіз ұстанымынан созылуда. 2015 жылы ақпанда Өзбекстан Республикасының Ауыл және су шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыру орынсыз деген қайта ескерту берді.

2015 жылғы желтоқсанда және 2016 жылғы қаңтарда Дүниежүзілік банкінің қатысумен өткізілген Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша өзбекстан тарапы САРАТС-2 жобасының барлық компоненттері Арал өңірін жақсартуға бағытталғанын мойындап, бірақ САРАТС-2 жобасының іске асырылуына тек Шардара су қоймасынан Арнасай ойпатына талап етілген көлемде жыл сайын су жіберу арқылы Айдар-Арнасай көлдер жүйесін сақтап қалу мәселесі шешілгеннен кейін келісетіндігін білдірді.

Сонымен бірге, Қазақстан осындай кепілдік бере алмайды, өйткені Арнасай ойпатының Сырдария өзенімен гидравликалық байланысы жоқ және Арал теңізі бассейніне қатысты барлық мемлекетаралық құжаттар бойынша Айдар-Арнасай көлдер жүйесі су тұтынушы ретінде су объектісі болып табылмайды және Орталық Азия елдері арасында Сырдария өзенінің су ресурстарын тарату кезінде ескерілмейді.

Дүниежүзілік банк тараптарға Айдар-Арнасай көлдер жүйесінің жағдайымен жергілікті жерге барып танысуды және САРАТС-2 жобасын іске  асыруды бастау үшін мәмлеге келуді ұсынды.

Арал өңірі үшін маңызы зор жобаны іске асыру Өзбекстан тарапының негізсіз ұстанымынан созылуына байланысты, САРАТС-2 жобасын Өзбекстан Республикасының келісімінсіз жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды жөн деп есептейміз.

Сондай-ақ атап өту керек, жобаны жүзеге асыру жөнінде бір жақты шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан ешқандай халықаралық нормаларды бұзбайды.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау, оның ішінде  (Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округіндегі "Ақарық" каналы, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі "Жыңғылдыкөл" каналы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі "Базар арығы" каналы, Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округіндегі "Бозарық" каналы)  жұмыстарына облыстық бюджеттен 346,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда аталған  жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 188 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді. 

06..04.2016

Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша
(2015 жылға қорытынды)
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» САРАТС-2  жобасы туралы  
Қазіргі таңда, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші фазасын (бұдан әрі САРАТС-2) іске асыру жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табуда. САРАТС-2 жобаның  құны 23,2 млрд.теңге. Қарыз Келісімі туралы Дүниежүзілік Банктің шарт талаптарына сәйкес келіссөздерді бастау үшін 2014 жылдың қарашасында Арал-Сырдария бассейні елдеріне (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) хабарландыру хаттары жолданған болатын. Өзбекстан Республикасы жобаның жүзеге асуы Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкіндігіне сүйене отырып, САРАТС-2 жобасын жүзеге асыруды қолдамайтындығын білдірді. Қалыптасқан жағдайға байланысты, Дүниежүзілік Банк  «САРАТС-2» жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тағайындады.2015 жылғы 7 желтоқсанында Премьер - Министрдің Бірінші Орынбасары Б.Сағынтаев Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа мырзамен САРАТС-2 жобасын іске асыру мәселесін талқыланған.САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру мәселесін шешу үшін 2016 жылдың қаңтар айының 18-20 аралығында Алматы қаласында  Дүниежүзілік Банктің ұйымдастыруымен 3 жақты кездесу өткізу ұйымдастырылатын болады.
Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылы 8 су шаруашылығы нысандарын жөндеуге (Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналын, «Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту» Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналын, Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналын, Мырзабай ахун ауылдық округіндегі «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналын, Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық»каналын, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналын) Қызылорда қаласындағы Қызылжарма және Жібек жолы каналдарын ұстап тұру, 2 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беру (Қазалы ауданы, Құмжиек ауылдық округіне, Қызылорда қаласындағы Жібек жолы каналына) жұмыстарына, яғни барлығы  369,5 млн. теңге бөлініп, аталған жұмыстар толығымен орындалды. Үстіміздегі жылы жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде 8 елді мекеннің аяқ сумен қамтамасыз етілуі жақсарды.  «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 371 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінге күнге Қызылорда облысы әкімдігінің қаулыларына сәйкес 142 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді. Қазіргі таңда қосымша 45 су шаруашылығы нысандарын облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өтізу жұмыстары жүргізілуде.
Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және қайта жаңғырту жобасы туралы «Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын бекітудің» жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 158,6 млн. теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер «Институт Казгипроводхоз» өндірістік кооперативі танылып, 153,2 млн. теңге қаржыға келісім-шарт жасалды. 2015 жылдың 31 желтоқсанында №01-0603/15 санды  мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны – 12,205 млрд. теңге құрайды.
22.01.2016

Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша
2015 жылы елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  барлығы 8 су шаруашылығы нысандарын (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді», Жалағаш ауданы Мырзабай-ахун ауылдық округінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту) жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған. Оның ішінде, қазіргі таңда 5 су шаруашылығы нысандарының жұмыстары толығымен аяқталып (Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді»), 3 су шаруашылығы нысандарының жұмыстары жүргізілуде (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданы Мырзабай-ахун ауылдық округінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Майжарма» каналының бойынан дренаж жүйесін орнату, Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Сарыөзек» көлінің жағалауын нығайту) және елді-мекендерге аяқ су апару үшін (Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіне және Қызылорда қаласы «Жибек жолы) 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары сатып алынып берілді.
01.10.2015

Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша
2015 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 6 канал тазалау (Қазалы ауданының Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналы, Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналы және Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналы, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналы және Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық» каналы, Жаңақорған ауданының Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналы жұмыстары жүргізілуде және елді-мекендерге аяқ су апару үшін (Қазалы ауданы Құмжиек ауылдық округіне және Қызылорда қаласы «Жибек жолы) 2 дана СНП 500/10 насос қондырғылары сатып алынып берілді.
 
14.07.2015

Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша
2015 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 6 каналды тазалауға (Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округіндегі «Қарлан» каналын, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Р-7» каналын, Таң ауылдық округіндегі «Бастау» каналын, Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Хозцентр» каналын, Қоғалыкөл ауылдық округіндегі «Жаңаарық»каналын, Жаңақорған ауданы, Сунақ ата ауылдық округіндегі «Ескі екпінді» каналын), елді-мекендерге аяқ су апару үшін 2 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беру жұмыстары жоспарланып отыр.
Осы жұмыстар жүзеге асқанда 4542 га. жер суландырылатын болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Жаңа Шиелі магистралды каналының су алу мүмкіншілігін арттыру үшін Сырдария өзенінде матадан су тіреуіш құрылысын салу» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің «Казсушар» республикалық мемлекеттік мекемесімен  құрылыс жұмыстары жұргізілуде.
28.04.2015

Су ресурстары бөлімі бойынша 2014 жылы
атқарылған жұмыстары жайлы ақпарат
2014 жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 10 каналды тазалауға, Қызылорда қаласындағы Қызылжарма және Жібек жолы каналдарын ұстап тұруға, 12 дана СНП 500/10 насос қондырғыларын алып беруге және тазаланатын 19 су шаруашылығы нысандарының жобалық сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарына барлығы 251270,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.  
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның материалдық техникалық базасын нығайту үшін 27 дана әр түрлі техникалар сатып алуға облыстық бюджеттен 289702 мың теңге бөлініп, 248644,0 мың теңгеге 25 дана техника алынды. 
Сонымен қатар, ақпан айында өткен облыстық бюджетті нақтылау барысында 022 «Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Қотанкөл және Арал ауданындағы Шөмішкөл көлдерін Сырдария өзенінің тасқын суларымен толықтыру үшін гидротехникалық жүйелерін қайта жаңғырту» жобасын жүзеге асыруға 136025,0 мың теңге қаржы бөлініп, жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. 
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында Қармақшы, Қазалы, Арал, Шиелі және Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге 33245,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар толығымен жүргізілді. 
2014 жылы барлық аудандар бойынша Сырдария өзені бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары толық аяқталды. 
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-2) жобасы бойынша
2014 жылғы 10 ақпанда САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңінің техникалық экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 
2014 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Б.Т. Сұлтановтың төрағалығымен өткен САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру дайындығының барысы жайлы мәжіліс хаттамасымен САРАТС-2 жобасын жүзеге асырудың дайындығы бойынша ұйымдастыру шараларының жоспары (Жол картасы) бекітілді.
2014 жылғы 10 қыркүйекте САРАТС-2 жобасының ТЭН-не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы алынды.   
2014 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер - Министрі К.Қ. Мәсімовтың төрағалығымен республикалық бюджеттік комиссияның отырысы өтіп, онда САРАТС-2 жобасының Дүниежүзілік банктің қарыз қаражаты есебінен және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапты. 
2014 жылғы 21 қарашада Дүниежүзілік Банк Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне шекаралас мемлекеттер тарапынан Қазақстан Республикасының Үкіметінің хабарландыру хатына жауап алынса немесе хабарландыру алығаннан кейін екі ай мерзімде  жауап келмесе, САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша келіссөздердің мерзімін талқылап, бастауды хабарлап отыр.
2015 жылғы 12 қаңтарда хабарландыру хаттардың мерзімі өтеді.  Осыған байланысты, шекаралас мемлекеттер тарапынан Қазақстан Республикасының Үкіметінің хабарландыру хатына 2015 жылғы 13 каңтарға дейін жауап алынбаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банктің арасында келіссөздерді бастауға болады.

Раздел: 
Құрылған күні: 29-10-2012 09:07
Жаңартылған күні: 21-04-2017 09:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика