ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында қызылордалықтар

 бірінші орынды жеңіп алды!!!

2017 жылдың 9-12 ақпан аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында қазақ күресінен 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. 
Қызылордалық жас палауандар жақсы өнер көрсетіп, 5 алтын, 2 күміс, 6 қола медальдарды иеленді. Жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз бірінші орынды иеленді. 
Жеңімпаз атанған спортшылар: 36 келі: Фариза Қайырбек (Қызылорда), 46 келі: Жандос Әбубәкір (Шиелі ауд.), 57 келі: Олжас Оразалыұлы (Түгіскен), 64 келі: Абылайхан Жұбаназар (Қазалы қ.) +70 келі: Аида Файзолла (Қызылорда). 
Күміс жүлдегерлер: 44 келі: Айым Зәріп (Қызылорда), 57 келі: Бағдәулет Төлешов (Қызылорда). 
Қола жүлдегерлер: 48 келі: Наргиз Войсова (Қызылорда), 52 келі: Диана Ғайболла (Түгіскен), 57 келі: Гүлзат Уренбаева (Қызылорда), 70 келі: Әйгерім Кенжебай (Жалағаш ауд.), 81 келі: Еңбек Сақтағанов (Қызылорда) және Айберген Алдаберген (Түгіскен). 
Спортшыларды жарысқа жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Берік Қасымбеков дайындады.

Ғабиден Әзен – Азия чемпионы!
2017 жылдың 6-11 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында тектен өткен Азия чемпионатында жастар арасында өнер көрсеткен Ғабиден Әзен командалық жарыста Азия чемпионы атанды.  
Тағы бір жерлесіміз Роберт Гайнеев топтық сайыста (скретч) ересектер арасында қола жүлдені еншіледі.
 

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы аяқталды
2016 жылғы 1-5 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан кубогы өтті. 
Жарысқа Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан 15 команда анықтады.  
Ерлер арасында біздің команда өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. Алматы облысының командасы екінші орынды иеленсе, Алматы қаласы үшінші орынды еншіледі. 
Әйелдер арасында Алматы қаласы жеңімпаз атанды. Жерлестеріміз екінші орынға ие болса, Шығыс Қазақстан облысының командасына үшінші орын бұйырды. 
94 келіде қызылордалық Рүстем Сыбай жеңімпаз атанды. Оған Илья Ильиннің кубогы мен 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.
 
Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:
56 келі ерлер: 
III орын Алмат Асанханұлы (Қызылорда) – 189 (83+106)
62 келі ерлер: 
I орын Ерболат Жоламанов (Қызылорда) – 263 (117+146)
63 келі әйелдер: 
I орын Әсем Садықова (Қызылорда) - 195 (85+110)
69 келі ерлер: 
III орын Арыстанбек Жақанша (Қызылорда) - 280 (123+157)
69 келі әйелдер: 
III орын Диляра Пржанова (Қызылорда) - 187 (85+102)
+75 келі әйелдер: 
III орын Гулназ Шамиева (Қызылорда) - 199 (90+109)
77 келі ерлер: 
II орын Асылжан Бектай (Қызылорда) - 298 (135+163)
94 келі ерлер: 
I орын Рүстем Сыбай (Қызылорда) - 338 (152+186)
 

Қызылорда облысы дзюдодан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды!
 
19 қараша күні Қызылордада дзюдодан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Ел кубогын 20 команда өкілдері сарапқа салды. Оның 12-сі ерлер, 8-і әйелдер командалары. 
Нәтижесінде әйелдер арасында бірінші орынды Қызылорда, екінші орынды Алматы, үшінші орынды Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары ие болды. 
Ерлер арасында Қызылорда облысының спортшылары кубок жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені - Шығыс Қазақстан, қола жүлдені - Маңғыстау және Атырау облыстарының спортшылары еншіледі. 
Жеңімпаз, жүлдегер командалар диплом, кубоктармен марапатталды.

 


Александр Зайчиков ауыратлетикаданОлимпиада ойындарының

қола жүлдегері атанды!

 
2016 жылы 15 тамыз күні Бразилияның Рио-Де-Жанейро қаласында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындарындаауыр атлетикадан сынға түскен жерлесіміз Александр Зайчиков қола жүлдені еншіледі. 
Жарыс барысында  105 келі салмақта өнер көрсеткен Александр  екі жаттығудың нәтижесінде  416  келіні (193, 223) бағындырды. 
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын оның бапкеріҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арман Абдраев. 
 
 
 

Қызылордалық шахматшыларда 7 медаль!
 
2016 жылы 4-12 тамыз аралығында Павлодар қаласында шахматтан  ҚР кубогының 5-кезеңі  өтті. Айтулы сында шахматтың классика түрінен  сынға түскен жерлестеріміз 7 медаль иеленді. 
12 жасқа дейін ұлдар арасында Сұлтан Аманжол,  14 жасқа дейін қыздар арасында  Сақыпжамал Бармағанбетова   ел кубогының жеңімпаздары атанса, Самал Әбдуәли қола жүлдеге ие болды. 8 жасқа дейін қыздар арасында Ақжан Бекзатқызы және 14 жасқа дейін ұлдар арасында Мейіржан Бармағанбетов 3-орынды еншіледі. 
Әйелдер арасында  бақ сынаған Әсел Серікбай 1-орынды жеңіп алса, ерлер арасында Назерке Нұрғали рейтінгілік турнирде қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, Назерке 2125 рейтинг жинап, ФИДЕ шебері нормативін орындады. 
Енді Ә.Серікбай мен С.Бармағанбетова қыркүйек айында Ханты-Мансийск қаласында (Ресей) 14 жасқа дейін жастар арасында, ал Н.Нұрғали мен С.Аманжол қазан айында Батуми қаласында (Грузия) 12 жасқа дейін жасөспірімдер арасында болатын Әлем чемпионатына дайындалуда. 

Қызылордалық жасөспірім ауыр атлеттер ел чемпионатында
жеңімпаз атанды!
 
2016 жылы 30 маусым – 8 шілде аралығында Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 2000-2001, 2002, кіші жасөспірімдер және қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында облысымыздың құрамасы бірінші орынды жеңіп алды.  
Жеке есеп бойынша чемпион атанғандар: Бабыр Қожантай (30 келі, Қармақшы), Ермахан Орынбек (46 келі), Ерасыл Ергенбай (56 келі), Бексұлтан Айтбай (69 келі), Дмитрий Мартынов (+69 келі), Арайлым Қайсар (53 келі). 
Күміс жүлдені иеленгендер: Мади Пернебекұлы (46 келі), Алмат Асанханұлы (50 келі), Азамат Төлеген (56 келі), Зарина Заркумова (58 келі), Есенгелді Сәпи (62 келі), Асылжан Бектай (69 келі). 
Қола жүлдені иеленгендер: Ерасыл Сәулебеков (30 келі), Кристина Буторина (48 келі), Әл-Фараби Әмірбек (50 келі), Нұрай Құрманбай (+53 келі), Досбол Садық (56 келі), Бексұлтан Жақсылық (62 келі), Бахытбек Мұхан (62 келі), Шахизат Абдраманов (69 келі). 
Енді спортшалар 24-28 тамызда Атырау қаласында 17 жасқа дейін өтетін ҚР чемпионтына дайындалуда.
 

Мерей Медетов байдарка мен каноэде есуден Әлем кубогының 
күміс жүлдесін иеленді
 
2016 жылдың 27-29 мамыр аралығында Чехияның Рачица қ. байдарка және каноэде есуден өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде қызылордалық Мерей Медетов күміс жүлдені иеленді. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Мерей 200 метр қашықтықта каноэ - екілік бәсекесінде 2-орынға ие болды. Ол ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спартакиадасының жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері болып табылады. Бапкері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхитдин Мейірбеков. 
Айта кетейік, 20-22 мамырда  байдарка және каноэде есуден Дуйсбургте (Германия) өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде Мерей 4-орынды еншілеген болатын. Енді ол Белоруссияға, Чехияға оқу-жаттығу жиынына барады.
 

Қызылордалық самбошылар Азия чемпионатынан 5 медаль иеленді
 
2016 жылдың 26-30 мамыр аралығында Түркіменстанның Ашхабад қ. самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 5 медаль иеленді. 
Сыр елінен 5 спортшы барып, бесеуі де жүлделі орындарға ие болды. 
Ересектер арасында 100 келі салмақта өнер көрсеткен қармақшылық Мақсат Исақабылов пен жастар арасында 68 келіде №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінен Жания Махмудова Азия чемпионы атанып, 
еліміздің Әнұранын екі мәрте шырқатты. 
Жасөспірімдер арасында сынға түскен қармақшылық Дамир Әбдеков 60 келіде күміс жүлдеге қол жеткізсе, 75 келіде Ләйлә Арыстанбек (№1ОРМБЖМ) үшінші орынды еншіледі. Ал әйелдер арасында 56 келіде қазалылық Жансая Мұрат Азия чемпионатының қола жүлдесіне иеленді. 
Енді жерлестеріміз қазан айында Румынияда (жасөспірімдер, жастар арасында), қараша айында Болгарияда (ересектер, әйелдер арасында) өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

Қызылордалық Айнұр Есбергенова

Олимпиада ойындарына жолдама алды

 
2016 жылдың 17-18 сәуір күндері  Манилада (Филиппин) таеквондодан өткен Азиялық лицензиялық турнирде жерлесіміз Айнұр Есбергенова 49 келі салмақта жартылай финалда вьетнамдық қарсыласы  Ви Ким Туенді айқын басымдықпен жеңді. Ол бірден финалға шығып, Олимпиада ойындарына жолдама алды. Финалда Тайпей спортшысымен  кездесіп, күміс жүлдені иеленді. 
Ол № 1 Қызылорда облысының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады.   Жаттықтырушысы -   Николай Курноскин. 
Айта кетейік, Айнұр - облысымыздан  Олимпиадаға жолдама алған бесінші спортшы. 
 

 


Қызылордалық шахматшылар Азия  чемпионатында

 1 алтын, 2 күміс жүлдені иеленді

 
6-14 сәуір аралығында Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз жүлделі орындарды иеленді.
12 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынаған Назерке Нұрғали рапидтен 7 тур бойынша 6,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанса, классикадан 9 турдан 7,5 ұпаймен күміс жүлдені иеленді. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Әсел Серікбай блицтен 7 тур бойынша 5,5 ұпай жинап, 2-орынды иеленді. 
Айта кетейік, Қазақстаннан 11 спортшы қатысып, 4 медаль иеленсе,  соның екеуі біздің облыстың шахматшыларының еншісінде. 
Жарысқа 19 мемлекеттен 470 спортшы қатысты. 
Енді Әсел Серікбай қыркүйек айында Ханты-Мансийск қаласында (Ресей), Назерке Нұрғали қазан айында Батуми қаласында (Грузия) болатын Әлем чемпионатына қатысады. 
 
 

Қызылордалық каратэшілер Әлем чемпионы атанды

 
2016 жылдың 1-3 сәуір аралығында Польшаның Быдгощ қаласында каратэ-додан өткен VII Әлем чемпионатында жерлестеріміз Мөлдір Жаңбырбай мен Нұржан Ақпанбет алтын жүлдені иеленді.
Әлемнің 46 елінен 3 мыңдай спортшы қатысқан бұл дүбірлі додада қос спортшымыз елінің туын көкте желбіретіп, әнұранын шырқатты. 
50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында кумитэ бағдарламасында өнер көрсеткен Мөлдір үш кездесу өткізіп, финалда Түркия спортшысын 5:0 есебімен жеңді. Ал 60 келіге дейінгі салмақта кумитэ бағдарламасында сынға түскен Нұржан үш кездесуінде де жеңіске жетіп, финалда тәжікстандық қарсыласын 1:0 есебімен ұтып, екінші алтынды қоржынға салды. 
Айта кетейік, Мөлдір былтырғы жылы жастар арасында Әлем чемпионы атанған болатын. 
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа каратэ-додан облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев дайындады.
 

Қызылордалық спортшылар белбеу күресінен өткен
ел чемпионатынан 1-орынды иеленді!
 
2016 жылдың 29-30 наурыз күндері Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында белбеу күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар жалпыкомандалық есепте 1-орынды (3 алтын, 4 күміс, 6 қола) жеңіп алды.
Атап айтсақ, Мұхаметхан Сағындық (55 келі), Нұрлан Пайзеллаев (65 келі), Диана Ғайбулла (46 келі) Қазақстан жеңімпазы атанса, Ерболат Құлжанов (60 келі), Данияр Байболат (71 келі), Жұлдыз Жұмахан (66 келі), Гүлдана Ергеш (+66 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді. 
Рахымжан Мансұр (65 келі), Жанқожа Ағыбаев (71 келі), Әлисұлтан Мырзан (77 келі), Спандияр Алмаханов (83 келі), Нұрберген Алдаберген (+83 келі), Нұрбану Убайдулла (+66 келі) қола жүлдені еншіледі. 
Чемпионат қорытындысы бойынша 1,2-орындарды иеленген спортшылар Астана қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдам алды.
 

Қызылордада көркем гимнастикадан

 облыстық ашық чемпионат өтті

2016 жылдың 25-27 наурыз аралығында Қызылордада көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық ашық чемпионат өтті. Облысымызда үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 13 команда 300-дей спортшылар қатысты. Сайыс кезінде жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша 2003-2011 жылдары туылған гимнастшы қыздар өз өнерлерін ортаға салды. 
Чемпионатта 2003-2004 жылдары туылған гимнастшылар арасында I, II орынды иеленген спортшылар спорт шеберіне үміткер нормативін орындады. Атап айтсақ, олар - Айжан Қуандықова, Дана Садықова және Аружан Құрмантай. 
Жарыста 1-6 орынды иеленген гимнастшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық көркем гимнастика федерациясы және ата-аналар комитеті дайындаған диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Топтық жаттығу бойынша Қызылорда облысының гимнастшылары (2006-2007 ж.т.) 1-орынды иеленді. Жеке жаттығуда жеңімпаз атанған спортшылар: Дана Садықова, Аружан Құрмантай (2004 ж.т.), Гүлден Бердібек (2005 ж.т.), Салтанат Сейітмұхан (2007 ж.т.), Айша Иса (2010 ж.т.).

Қызылордалық Ғалымжан Өсербаев Рио Олимпиада ойындарына жолдама алды
 
   2016 жылдың 18-20 наурыз аралығында Астана қаласында «Дәулет» спорт кешенінде еркін күрестен, әйелдер күресінен және грек-рим күресінен Азия лицензиялық турнир өтті. Еркін күрестен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қарулы күштер арасында Әлем чемпионы, жерлесіміз Ғалымжан Өсербаев 74 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Осы жеңісіне орай, ол Рио-де-Жанейрода  өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды. 
 

Қызылордалық боксшы қыздар ел чемпионатынан жүлделі оралды
 
   2016  жылдың 14-19 наурыз аралығында Шымкент қаласында бокстан жастар мен жасөспірім қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді иеленді.
Жастар арасында сынға түскен қазалылық Аида Оңдаш 81 келі салмақта жеңімпаз атанып, КР спорт шебері нормативін орындады. Қазалы қаласының спортшысы Арайлым Ерназар 81 келі салмақта орынды иеленіп, спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.
Жаңақорғандықтар Таңшолпан Алиева 75 келіде, Нұрай Сәрсенбек +81 келіде қола жүлдені еншіледі.
Ал жасөспірімдер арасында өнер көрсеткен қызылордалық Мөлдір Раушанбек 70 келіде орынға ие болды.Спортшыларды жарысқа Нұрбек Исаев, Жәнібек Аралбаев, Айдос Омирбеков, Бақытбек Құлбаевтар дайындады.

Қызылордалық шахматшылар командалық есепте күміс жүлдені иеленді!
 
   2016 жылдың 8-20 наурыз аралығында Ақмола облысы Бурабай курорттық аймағында шахматтан 8-18 жас аралығында ұлдар мен қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті. Айтулы сында шахматтың классика, рапид, блиц түрлері бойынша бақ сынаған жерлестеріміз жалпыкомандалык есепте 2-орынға ие болды.
Қыздар арасында 12 жасқа дейін  Назерке Нұрғали,  14 жасқа дейін Әсел Серікбай  классика  мен  блицтен бірінші орынды иеленді. 
14 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бойынша сынға түскен жерлестеріміз  Самал Әбдуәли  жеңімпаз атанса, Әсел Серікбай 2-орынды, Сақыпжамал Бармағамбетова 3-орынды иеленді. Шахматтың осы түрі бойынша 8 жасқа дейін қыздар арасында Ақжан Бекзатқызы күміс жүлдені еншіледі. 
14 жасқа дейін қыздар арасында блиц түрінен Самал Әбдуәли, классикадан Сақыпжамал  Бармағамбетова мен  12 жасқа дейін ұлдар арасында Сұлтан Аманжол 2-орынды иеленді.

Қызылордалық Ислам  Салимов жеңіл атлетикадан Азия-Мұхит чемпионатының күміс және қола жүлдесін иеленді 
2016 жылдың 6-12 наурыз аралығында Дубайда (БАӘ) жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азия-Мұхит чемпионаты өтті.Айтулы жарыста ҚР құрама команда сапында облысымыздан Ислам Салимов, Еламан Жоламан, Қолғанат Бақбергендер өнер көрсетті. 
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері ИСЛАМ САЛИМОВ 400 метрге жүгіруден күміс жүлдені иеленсе, 200 метрге жүгіруден қола жүлдені еншіледі.Ал Еламан Жоламан ядро итеруден 4-орынга ие болса, диск лактырудан 6-орынға табан тіреп, шеберлігін шыңдады. Айта кетейік, жарысқа 25 мемлекет қатысты. 
Енді спортшылар 16-21 наурызда Дубайда болатын Гран при FAZZA -2016  лицензиялық халықаралық жарысына қатысады. 
Спортшыларды жарысқа жеңіл атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеев дайындады.
Жерлестерімізге сәттілік!

Қызылордалық балуандар ел чемпионатынан 1-орынды иеленді
2016 жылдың 4-6 наурыз аралығында Павлодар облысының Екібастұз қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық балуандар жалпыкомандалық есепте 1-орынды (2 алтын, 2 күміс, 3 қола) жеңіп алды.
Жекелей сында 42 келіде Мұхит Шералиев (Шиелі ауд.) пен 50 келіде Бақдәулет Төлешов (спорт интернат) ел чемпионы атанды.
55 келіде Ерлан Бақытбек пен 73 келіден жоғары салмақта Еңбек Сақтағанов (екеуі де спорт интернат) чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді. 
46 келіде Айдос Балтабаев (Шиелі ауд.), 60 келіде Наурызбек Мамыт (Жаңақорған ауд. Түгіскен ауылы) және 73 келіде Асылжан Бакытжанұлы (№1ОРМБЖМ) қола жүлдені еншіледі.

Қызылордалық таэквондошылар БАӘ өткен халықаралық турнирде жақсы өнер көрсетті
2016 жылдың 23-25 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде таэквондодан «Фуджейра Опен - 2016» халықаралық жарысы аяқталды. G – 2 дәрежесінде өткізілген жарысқа 35 елдің спортшылары қатысты. 
Аталған сайыста жастар арасында 46 келі салмақта өнер көрсеткен Динара Әбдіржан (№1ОРМБЖМ) жарыс жеңімпазы атанды. 63 келі салмақта Тахир Нәбиев (№1ОРМБЖМ) екінші орын алса, 49 келіде Ботагөз Қапанова (спорт интернат) қола жүлдені иеленді.  
Ересектер арасында Жазира Сапарбек (ЖСШМ) 46 келі салмақта және Айнұр Есбергенова (№1ОРМБЖМ) 49 келі салмақта III орындарға ие болды. 
Спортшыларды жарысқа Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан, Руслан Тілеулиев, Рашид Сандықбаев және Сламбек Мұсатаевтар дайындады.

Қызылордалық дзюдошылар Қазақстан чемпионатында жеңімпаз!
2016 жылдың 19-21 ақпан аралығыында Өскеменде дзюдодан өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық дзюдошылар жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. 
Аталмыш жарысқа барлық облыстардан 440 спортшы қатысты. Жерлестеріміз жастар арасында өнер көрсетіп, 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медальдарды жеңіп алды.
Атап айтсақ, жекелей сында 60 келі салмақта Жақсыбек Жеңісбек (ЖСШМ), 66 келіде Марат Жанқожа және (№1 ОРМБЖМ) ел чемпиондары атанды. 
44 келіде Адия Сайын (№1ОРМБЖМ), 48 келіде Салтанат Сұлтанбекова (спорт интернат), 63 келіде Гүлдерайым Алмағанбет, +78 келіде Нұрғаным Тұршабек (екеуі де №1ОРМБЖМ) күміс жүлдені иеленсе, 44 келіде Малика Алпысбай (№1ОРМБЖМ), 52 келіде Диана Тлеумұратова (Қармақшы ауданы), 55 келіде Дидар Тәттібай (ЖСШМ), 63 келіде Сымбат Төрен (спорт интернат), 73 келіде Нұрсұлтан Иса (ЖСШМ), 78 келіде Ләйлә Арыстанбек (№1ОРМБЖМ) қола жүлдені еншіледі.
 

Дәулет Ниязбеков Азия чемпионы атанды!
2016 жылдың 18-21 ақпан аралығында Тайланд астанасы Бангкокта еркін күрестен өткен Азия чемпионатында қызылордалық жерлесіміз Дәулет Ниязбеков елінің туын көкте желбіретіп, әнұранын шырқатты. 
Ол 61 келі салмақта сынға түсіп, финалда иран балуанын 10:0 есебімен таза жеңді. 
Айта кетейік, Дәулет осымен екінші жыл катарынан Азия чемпионы атанды. Бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абуталип Аманов.
 

Лиллехамер - 2016. Тұрсынбаева  - қола жүлдегер
2016 жылдың 14-21 ақпан аралығында Норвегияның Лиллехамер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер II қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева қола медальді иеленді.
Элизабет қысқа және еркін бағдарлама қорытындысы бойынша 167,88 ұпай жинады. 
Айта кетейік, жарысқа 71 елден 1000-нан аса спортшы спорттың 15 түріне қатысуда.
 

Қызылордалық дзюдошылар ел чемпионатынан олжалы оралды
2016 жылдың 4-7 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатынан жерлестеріміз жүлделі оралды.
Аталмыш дүбірлі бәсеке Қызылорда облысының намысын қорғаған спортшыларға сәтті өтіп, 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.           
Жекелей сында 40 келі салмақ дәрежесінде Бибіхан Нәбиева, 57 келіде Арайлым Қанзада және 70 келіде Арайлым Оразбайлар ел чемпиондары атанды. 
55 келіде Жанболат Саматұлы мен 90 келіде Нұрлыхан Шархан күміс жүлдені иеленді. 
44 келіде Зүльфия Баянова, 60 келіде Рауан Бекалы, 63 келіде Мөлдір Қойбағар, 70 келіде Алиса Нұртас, +70 келіде Аида Файзолла қола жүлдеге қол жеткізді. 
Жеңімпаз спортшылар қыркүйек айында Үндістанның Дели қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алу үшін алдағы сәуір айында Ресейдің Тверь,мамыр айында Германияның Берлин қалаларында болатын Еуропа кубоктарына қатысады. 
Спортшыларды жарысқа Арман Молдаханов, Қален Қалиұлы, Ришат Бурлов, Жанар Дюсекенова, Жанарбек Сансызбаев, Рамазан Мұстафаев, Аян Асылбек, Тұрар Баймахановтар дайындады.

 

 

Азия чемпионатының күміс және қола жүлделерін қызылордалық спортшылар жеңіп алды

 

Үстіміздегі жылдың 26-30 қаңтар аралығында  Жапонияда велоспорттан Азия чемпионаты өтуде.  Аталмыш бәсекеде скретч сайысында ересектер арасында сынға түскен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы  Роберт Гайнеев күміс жүлдені иеленсе, мэдисон сынында қола жүлдені еншіледі.  
Ал жастар арасында № 3 ОРМБЖМ-де тәлім алатын  Карим Бузин 4 шақырымдық командалық жарыста қола жүлдегер атанса, скретч сайысында 4-орынды иеленді. 
Енді Р.Гайнеев пен К.Бузин  үстіміздегі жылдың тамыз айында өтетін Әлем чемпионатына дайындалады. Қос спортшыны жарысқа Руслан Ягафаров пен Берік Көпешов дайындады. 
 
 

 


Қызылордалық спортшы Бразилияда өтетін

Олимпиада ойындарына жолдама алды

 
Қызылордалық спортшы, ҚР құрама командасының мүшесі  Максим Коломоец  Үндістанның Нью-Дели қаласында 27 қаңтар – 4 ақпан аралығында өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде  стенд атудан  4-орынды иеленді. 
Жарыс бағдарламасына сәйкес траптан сынға түскен жерлесіміз Бразилияда өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарына лицензияға қол жеткізді.  Дүбірлі бәсекеге 17 мемлекеттен 72 спортшы қатысты. 
Максим стенд атудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, студенттер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, республика бойынша 2013 жылдың «Үздік мергені».
 
 
 

 


Қызылордалық велоспортшылар Японияға бес жолдама алды

 

Үстіміздегі жылдың 12-18 қаңтар аралығында Астана қаласында велоспорттан өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық велоспортшылар 10 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Скретч сайысында ерлер арасында Роберт Гайнеев жеңімпаз атанса,Карим Бузин күміс жүлдені иеленді.Әйелдер арасында Жания Сейтова күміс, Виктория Пастернак қола жүлдені еншіледі.

Спринт сайысында Артур Ералиев 2-орынды иеленді. Ал командалық спринтте Асылхан Тұрар,Артур Ералиев,Роберт Гайнеевтер қола жүлдегер атанса, топтық жарыста әйелдер арасында Жания Сейтова 1-орынды жеңіп алды. Ерлер арасында Роберт Гайнеев 3-орынға ие болды.

Жарыс қорытындысында Қызылорда облысынан 5 спортшы үстіміздегі жылдың 24-28 қаңтарда Жапонияда болатын Азия чемпионатына жолдама алды. Олар: Карим Бузин, Артур Ералиев, Роберт Гайнеев, Жания Сейтова, және Виктория Пастернак.

№3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіндежәне облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа Берік Көпешов пен Руслан Ягафаров дайындады. 


Қызылордалық спортшылар күрес түрлерінен өткен

ел чемпионатынан жүлделі оралды

Тараз  қаласында 14-17 қаңтар аралығында ересектер арасында күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі бәсекеден Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлделі оралды. Атап айтсақ, еркін күрестен  74 келі салмақта өнер көрсеткен  Ғалымжан Өсербаев Қазақстан жеңімпазы атанса, 57 келі салмақта Марғұлан Жүсіпов қола жүлдені иеленді. 

Грек-рим күресінен 130 келі салмақта сынға түскен Есенгелді Жалғасбаев 2-орынды жеңіп алды. Ал әйелдер күресінен облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын Азиза Тұрмағанбет 75 келіде 3-орынға ие болды.

Ел намысын қорғаған спортшыларды спортқа баулуда  ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Әбутәліп Аманов пен  Виктор Юн және жаттықтырушы Еламан Мұратов дайындады. 

 

Жыл қорытындысы бойынша спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды
 

28 желтоқсан күні «Мұз айдыны» спорт кешенінде алқа мәжілісі өтті. Жиын барысында жылдың үздік спортшылары, жаттықтырущылар марапатталды. Ауыр атлетикадан  Әлем чемпионы – Александр Зайчиков,  ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері – Алмас Өтешов, еркін күрестен және ауыр атлетикадан Азия чемпиондары  - Дәулет Ниязбеков пен Рүстем Сыбай   «Жылдың үздік спортшылары» атанды.

 «Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген мәртебелі атаққа ауыр атлетикадан Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың ауыр атлетика бөлімшесінің жаттықтырушысы Арман Абдраев, гандболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Ким Вячеслав және дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстың аға жаттықтырушысы Қален Қалиұлы  лайық деп танылды.

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен та­­ныл­ған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері марапатталды. Атап айтсақ, Қызылорда қаласы бірінші орынды жеңіп алса, Жаңақорған ауданы  екінші, Қармақшы мен Сырдария аудандары үшінші орынды иеленді.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасында   №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі бірінші орынды, №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі екінші орынды, №5  облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі үшінші орынды еншіледі. 


 

Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы аяқталды

 
4-8 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан кубогы аяқталды. Бес күнге созылған жарыста Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан 13 команда, 162 зілтеміршілер кімнің мықты екенін анықтады. 
Жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы,  ҚР және облыстық ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді. 
Жылдағы дәстүр бойынша 105 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған  спортшыға 150 мың теңгенің сертификаты мен төрт дүркін Әлем, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин атындағы кубок сарапқа салынды. Бұл бәсекеде Максим Лактионов (Қарағанды облысы) Кубок пен сертификаттың иегері атанды. 
Кубок қорытындысы бойынша Қызылорда облысының ерлер командасы 188  ұпаймен топ жарды. Алматы қаласының командасы  186 ұпаймен екінші орыннан көрінсе, 161 ұпаймен Шығыс Қазақстан  облысы үшінші орынды еншіледі. Ал әйелдер арасында Алматы қаласы (173 ұпай) жеңімпаз атанса, қалған орындарды Қызылорда облысы (152 ұпай) мен Алматы облысының командалары (143 ұпай) иеленді.

Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:

53 келі әйелдер:

III орын Айсамал Сансызбаева  (Қызылорда обл.) – 141 (66+75)

56 келі ерлер:

II орын Ерасыл  Ергенбай  (Қызылорда обл.) – 205 (92+113)

III орын  Рахымжан  Жұбатқанов (Қызылорда обл.) – 203 (90+113)

62 келі ерлер: 

II орын  Айдос Тұрсынбай (Қызылорда обл.) - 237 (106+131)

69 келі ерлер:

II орын  Серікбол Аманжол (Қызылорда обл. ) - 268 (123+145)

III орын  Арыстанбек  Жақанша (Қызылорда обл. ) - 268 (117+151)

+75 келі әйелдер:

III орын  Гулназ Шамиева (Қызылорда обл. ) - 180 (84+96)

+105 келі ерлер: 

II орын  Евгений Пя  (Қызылорда обл.) - 305 (145+160)


«Алаш  арландарының» арыны
 
3-5 желтоқсан аралығында Тараз қаласында ҚР қазақ күресі федерациясының кубогы жолындағы бәсекелер аяқталды. 16 команда қатысқан дүбірлі додада Қызылорда облысының «Алаш арландары» клубының спортшылары күміс жүлдені еншіледі. Жалпы финалдық кезеңге тек  8 команда ғана бақ сынасты. 
Біздің палуандар алғашқы белдесуде Жамбыл облысының  спортшыларынан басым түссе, жартылай финалдық кездесуде Алматы қаласының палуандарын таза жеңіспен ұтты. Ал финалда Семей жігіттерінен ұтылып, екінші орынды еншіледі. 
Команданың күміс жүлде алуына Бауыржан Райсов (55 келі), Дархан Сержанов (60 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Ғалымжан Әбдірахманов (74 келі), Жайдарбай Есенов (82 келі), Мақсат Исағабылов (90 келі), Айбек Серікбаев және Нұрым Сәлімгереев (екеуі де 100 келі), Еламан Ерғалиев және  және Руслан Әбдіразақов (екеуі де +100 келі) сынды спортшылар өз үлестерін қосты. 
Жерлестеріміздің жүлделі орынға қол жеткізуі – аймақта төл өнеріміз қазақ күресінің қарыштап дамып келе жатқандығының айқын дәлелі. 



 


Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені иеленді


3-5 желтоқсанда Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирде Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені еншіледі. Ол қысқа бағдарламада үшінші орынды, еркін бағдарламада екінші орынды иеленіп (119,45 ), қорытындысында 176,33 баллмен күміс жүлдеге ие болды. 
Элизабет енді 20-21 желтоқсанда Қызылордада болатын ҚР чемпионатына қатысады. 
Одан кейінгі жоспары келесі жылдың ақпан айында Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында еліміздің Әнұранын шырқату. Тек қана сәттілік!

 

 
 
 

 

Дәулет Ниязбеков қола жүлдені иеленді

 

27-29 қараша аралығында Бакуде (Әзербайжан) еркін күрестен өткен Голден Гран-при жарысында қызылордалық Дәулет Ниязбеков 61 келі салмақта қола жүлдені иеленді.  Ол қола жүлде үшін болған белдесуде Венесуэла спортшысы Эндри Давилмен кездесіп, 10:0 есебімен жеңді. 
        Айта кетейік, аталмыш жарысқа Дәулет Қазакстаннан қатысқан жалғыз спортшы. 
Ол енді келесі жылдың қаңтар айында Астанада болатын ҚР чемпионатына қатысады. Даулетті қола жулдесімен құттықтаймыз және алдағы болатын жарысқа саттілік тілейміз!
 
 

 

 

Александр Зайчиков Әлем чемпионы атанды!

22-29 қараша аралығында Американың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысында 90 ел қатысқан спорт додасында Қазақстан құрама командасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленіп,   жалпыкомандалық есепте 3-орынға табан тіреді. 
Аталмыш додада келесі жылы Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында болатын XXXI  жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынды. Рио Олимпиадасының алғашқы сынынан тайсалмай өткен  қос жерлесіміз елімізге жеңіспен оралды. 
Жарыс барысында  жерлесіміз Александр Зайчиков  екі жаттығудың нәтижесінде  421  келіні (191, 230) бағындырып, алтын жүлдені, ал Алмас Өтешов 402 (172, 230) келі көтеріп, күміс жүлдені иеленді. 
 
 
 
 

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МАҒЖАН ШАМШАДИН - ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

Үстіміздегі жылдың 24-27 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан жастар арасында  Әлем чемпионаты өтті. Аталмыш сында жерлесіміз Мағжан Шамшадин елінің көк туын көкте желбіретіп, әнұранын шырқатты. 
Ол 55 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Достон Рузиевті, армениялық Ваган  Ховсепянды, әзірбайжандық Натиг Гурбанлиді, жартылай финалдық кездесуде грузиялық Ираклий Купанадзені ұтты. Ал финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ха Рим Лимен кездесіп, таза жеңіске жетті. Мағжан осы жарыстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Байрақты бәсекеге 85 елден 560 спортшы қатысты.  
Айта кетейік, Мағжан Шамшадин Қазақстаннан шыққан жастар арасындағы екінші Әлем чемпионы. Оған дейін Елдос Сметов 2010 жылы дәл осы салмақта (55 келі) жеңіске жеткен еді. 
М.Шамшадин 1997 жылы 25 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітірді. Қазіргі таңда М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжде 2-курста оқиды.  
Ол бұған дейін 2014 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, сол жылы Қытайдың Гонконг қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Биыл Атырауда жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында бірінші орынды иеленді.  
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Мағжанның бапкері – дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлы.

Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир аяқталды

 
Қызылорда қаласында үстіміздегі жылдың 3-4 қазан күндері  Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған  дзюдодан 1996-1997 жылдары туылған жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Биыл он бесінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге елміздің 11 облысынан және Өзбекстан елінен 247 татами шеберлері қатысып, 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.  Оның 45-і қыздар, 202-сі ұлдар. 
Турнирдің мақсаты – Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау. 
Болатбек Сүлейменов 1938 жылы Қармақшы ауданының Алдашбай ахун ауылында дүниеге келген. Көп жылдар бойы  шаруашылық, партия органдарында  қызмет жасап, ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан азамат.
Үздіксіз қызметіндегі қол жеткен табыстары үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақ ССР-нің Жоғары кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қармақшы ауданының мәслихатының қаулысымен 1998 жылы «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атанды.   
Жарыстың салтанатты ашылуында "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байқадамов Наурызбай, ҚР дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев, ҚР Парламенті Сенатының 2 шақырылым депутаты Бақберген Досманбетов және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 
Сондай-ақ,  дзюдо күресінің дамуына үлес қосқаны үшін Б.Сүлейменовтың ұлы Сағатбек Сулейменовке ҚР дзюдо федерациясының алғыс хаты және естелік медалі табысталды.
Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар: 
Қыздар: 
44 кг: 1.  Малика Алпысбай (Қызылорда обл.); 2. Ақбота Ермашова (Қызылорда); 3. Шапағат Нартай (Қызылорда обл.);  
48 кг: 1. Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда обл.); 2. Аида Ермаш (Қызылорда обл.);  
52 кг: 2. Гулбибі Медетбай (Қызылорда обл.); 3. Тоғжан Әсембек (Қызылорда обл.);
57 кг: 2. Арайлым Ханзада (Қызылорда обл.); 3. Нәбира Сламбекова (Қызылорда обл.); 
63 кг: 1. Гулдерайым Алмағанбет (Қызылорда обл.); 3. Мархабат Бахытбекова (Қызылорда обл.);  3. Әйгерім Жұмадилла (Қызылорда обл.); 
+78 кг: 3. Назерке Орынбай (Қызылорда обл.); 
Ұлдар: 
55 кг: 1. Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда обл.);  
60 кг: 1. Дамир Абдеков (Қызылорда обл.);  2. Асылжан Есенкелді (Қызылорда обл.);
66 кг:  2. Жанболат Бақытбергенов (Қызылорда обл.);
73 кг: 3. Нұрсұлтан Иса (Қызылорда обл.).
 

Қызылордалық спортшылар байдарка мен каноэде есуден Қазақстан біріншілігінде 11 жүлдені иеленді!

16-21 қыркүйек аралығында Алматы қаласында байдарка мен каноэде есуден «Жылдам қайық» атты 1999-2000 және 2001 жылдары туылған және одан кіші жасөспірімдер  арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі аяқталды. 
Байдарка мен каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков пен жаттықтырушы Диана Хазиеваның шәкірттері аталмыш жарыста каноэден сынға түсіп, 3 алтын, 5 күміс, 3 қола медальді иеленді. Атап айтсақ, қыздар арасында өнер көрсеткен Гүлжайна Тыныбекова мен Эльнура Нұрланова екілік бәсекесінде 200, 500 метрге ескен  спортшылардың арасында алғашқы болып келді. Сондай-ақ, 200 метрге жалғыз есуден  тәжірибелі спортшы Гүлжайна Тыныбекова жеңіске жетті. 
Ұлдар жұбында Алтынбек Қожахмет пен Нұрхан Ысқақ 500 метр қашықтықта, 200 метр қашықтықта  төрт кісілік каноэде Алтынбек Қожахмет, Нұрхан Ысқақ, Темірғали Орақбаев және Диас Бахраддиндер күміс жүлдені еншілесе, Алтынбек Қожахмет бірлік бәсекесінде 200 және 500 метрде екінші болып келді.  Ал қыздар арасында Гүлжайна Тыныбекова 500 метр қашықтықта 2-ші орынды иеленді. 
Ұлдар арасында 200 метр қашықтықтағы каноэ-екілік сайысында  Алтынбек Қожахмет пен Нұрхан Ысқақ, 500 метр қашықтықта Темірғали Орақбаев, қыздар арасында 200 метр қашықтықта Гүлжайна Тыныбекова мен Эльнура Нұрланова қола жүлдені еншіледі. 
Спортшылардың барлығы № 5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. 
 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!
 
Үстіміздегі жылдың 10-13 қыркүйек аралығында Атырауда қазақ күресінен еліміздің барлық өңірінен 16 команда қатысқан Қазақстан Республикасының кубогында облыс құрама командасы командалық есепте жеңімпаз атанды.
Біздің палуандар алғашқы белдесулерінде Павлодар және Атырау облысының спортшыларынан басым түссе, жартылай сында Қостанай спортшыларын және финалда Жамбыл облысының жігіттерін ұтып, өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. 
Команданың алға шығуына қармақшылықтар Бауыржан Райсов (55 келі), Ерлан Жақсыбеков (66 келі), Ғалым Әбдірахманов (74 келі), Мақсат Исақабыловтар (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі), Марат Баймаханов (+100 келі), байқоңырлық Дархан Сержанов (60 келі), жаңақорғандық Бағдәулет Төлегенов (82 келі), және жалағаштық Жайдарбай Есеновтер (82 келі) өз үлестерін қосты. 
Ал жекелей сында 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мақсат Исақабылов чемпион атанды. 60 келіде Дархан Сержанов, 66 келіде Ерлан Жақсыбеков және 82 келіде Жайдарбай Есеновтер кубоктың қола жүлдесін иеленді.
 

Қызылордалық Асылзат Сағымбай әйелдер күресінен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды


Үстіміздегі жылдың 26-28 тамыз аралығында Босния және Герцеговинаның Сараев қаласында әйелдер күресінен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Асылзат Сағымбай күміс жүлдегер атанды. Бұл оның халықаралық жарыстағы алғашқы жетістігі.

Ол 40 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Асылзат жарыс барысында 3 кездесу өткізіп, алғашқысында Белоруссия спортшысын 12:7 есебімен ұтса, екінші кездесуде жапондық қыздан басым түсіп, 3:1 есебімен таза жеңіске жетті. Алайда финалда Ресей спортшысынан ұтылып қалды.  

А.Сағымбай 2000 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 10 жасынан бастап еркін күреспен айналысып келеді.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі.

Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Асылзатты білікті бапкер Жандос Бөрібеков жаттықтырады.

Айта кетейік, Қазақстаннан 9 спортшы барып, 3-уі жүлделі оралды. Олар: күміс жүлдені иеленген жерлесіміз Асылзат болса, қола жүлдегерлер Қостанай және Алматы облысының спортшылары.

Әйелдер күресінен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Жандос Бөрібековтің айтуынша, үстіміздегі жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысында болатын Қазақстан Республикасының чемпионатына Асылзатпен бірге Зина Қыстаубаева, Мөлдір Алдабергенқызы, Жаннұр Жанабаева, Айша Қаппар, Назерке Досан, Әсел Аждар, Аружан Сартайлар облысымыздың намысын қорғайтын болады. Жас спортшыларға сәттілік тілейміз.

Қызылордалық Руслан Әбдіразақов – «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің күміс жүлдесін иеленді!
 
4 шілде күні Астана қаласында Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өткізілді. Дүбірлі додаға А¬стана, Алматы қалаларынан және облыстардан 33 спортшы қатысты. Сыр елінің намысын қорғаған қос балуан да облыс үмітін ақтады. Аталмыш сында «Сыр Арланы» Руслан Әбдіразақов күміс жүлдені иеленіп, күміс белбеу мен 30 мың АҚШ долларының сертификаты табысталды. Ол былтыр турнирдің қола жүлдесін еншілеген болатын. 
Қазақстан барысына алғашқы рет қатысып, ерекше көрермендердің ықыласына бөленген жас палуан Нұрым Сәлімгереев «Жеңіске деген жігері» аталымын иеленіп, «Самұрық - Қазына» қоры тағайындаған автокөліктің кілті сыйға тартылды.
 

Шахматтан Қазақстан кубогы Аралбай Махамбетовты
еске алуға арналды
 
Үстіміздегі жылдың 24-30 маусым аралығында Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының II кезеңі аяқталды. Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған ел кубогына Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 13 команда, 125 шахматшы қатысты.   
Жарыс швейцар жүйесі бойынша әр ойыншыға екі сағат уақыттан берілді. Сондай-ақ, 23 мамыр күні халықаралық гроссмейстерлер Әнуар Исмағанбетов пен Павел Коцурдың қатысуымен шеберлік класы өткізілді.
7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте екінші орынды Қызылорда облысының командасы еншіледі. 
10 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Сұлтан Аманжол 3-орынды еншіледі. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында қызылордалықтар Самал Әбдуәли төртінші орынды, Әсел Серікбай бесінші орынды еншіледі. 
12 жасқа дейінгі қыздар арасында қызылордалық Назерке Нұрғали жеңіс тұғырына көтерілді.  
Жарыста «Ең жас қатысушы» номинациясымен жерлестеріміз Хантәңірі Жаппар, «Жеңіске деген жігері үшін»  Еділ Сұлтан марапатталды. 
Сондай-ақ, халықаралық жарыстарда облысымыздың намысын қорғап, Әнұранын шырқатып жүрген облыс шахматшыларын қолдау мақсатында жарыс демеушілерінің бірі Бисенбай Тәженов өз отбасының атынан қызылордалық шахматшылар, оқушылар арасында Әлем, Азия чемпионы, ФИДЕ шебері Әсел Серікбайға, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, оқушылар арасында Азия чемпионы Назерке Нұрғалиға, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Самал Әбдуәлиге арнайы сыйлығын табыстады. 
1-5 орынды иеленген спортшылар мен номинация иегерлеріне медаль, диплом, кубок және бағалы сыйлықтар берілді.
 

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан спартакиадасында қызылордалық жастар үздік өнер көрсетті
 
24-28 маусым аралығында Атырауда Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасы аясында байдарка мен каноэде есуден өткен жарыста Қызылорда облысының спортшылары 8 жүлдені олжалады. Жерлестеріміз жарыс бағдарламасы бойынша бірлік пен екілікте сынға түсті.  
Атап айтсақ, 500 метр қашықтықта каноэ-екілік бәсекесінде Мерей Медетов пен Нұржан Рахимов спартакиада чемпионы атанды. 
Сондай-ақ, Мерей мен Нұржан 200 метр қашықтықта каноэ-екілікте екінші орынды иеленсе, Мерей бірлік бәсекесінде 1000, 500 және 200 метр қашықтықты бағындырып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Нұржан Рахимов 5000 метр қашықтықта Мерейдің жүлдесін қайталады. 1000 метр қашықтықта каноэ-екілік сайысында қос спортшы да қола жүлдені иеленді. 3000 метр қашықтықта қыздар арасында каноэ-бірлік бәсекесінде өнер көрсеткен  Айгүл Аталиева үшінші орынға ие болды. 
Спортшыларды жарысқа байдарка мен каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков пен жаттықтырушы Диана Хазиева дайындады.
 

Көгалдағы хоккейден Қызылордалық спортшылар Қазақстан спартакиадасынан алтын және күміс жүлдені иеленді

 

Үстіміздегі жылдың 21-28 маусым аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының IV жазғы  спартакиадасы аясында көгалдағы хоккейден жарыс аяқталды. Ерлер мен әйелдер арасында өткізілген дүбірлі жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 6 команда шеберлік байқасты. Нәтижесінде әйелдер арасында Қызылорда облысының командасы көш бастады. Финалда Алматы облысының командасын 2:1 есебімен  жеңіп, Қазақстан спартакиадасының жеңмпазы атанды. Үшінші орынды Батыс Қазақстан облысының спортшылары еншіледі. 
Ал ерлер арасында Қызылорда облысының командасы күміс жүлдеге ие болды. Бірінші орында – Алматы облысы, үшінші орында Жамбыл облысы. 
Айта кетейік, 2011 жылы 3-ші жазғы ел спартакиадасында Сыр елінің ерлер командасы бірінші орынды, әйелдер командасы екінші орынды иеленген болатын. 
- Шәкірттерім үшін негзгі кезеңдер артта қалып, енді шешуші сындар күтіп тұр. Спортшылар биылғы жылы өтетін Азия ойындарына жолдама алу үшін алдағы 12-23 шілде аралығында Алматы облысында болатын көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады, - деді облыстың аға жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин. 
Сырдариялық спортшылардың осы сындардан да сүрінбей, шеберліктерін шыңдап, жеңіс тұғырынан көрінеріне сеніміміз мол.
 

Қызылордалық қос шахматшы Азия чемпионы атанды!
 
Үстіміздегі жылдың 31 мамыр мен 8 маусым аралығында Сингапурде шахматтан оқушылар арасында өткен XI Азия чемпионатында қызылордалық қос шахматшы табысты өнер көрсетті. 
Қазақстан құрама командасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді олжалап, жалпыкомандалық есепте төртінші орынды иеленді. Оның ішінде 2 алтын мен 1 қола қызылордалықтардың еншісінде. 
23 мемлекеттен шахматшылар қатысқан аталмыш бәсекеде № 1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шахматшы қыздары Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали жеңіс тұғырына көтерілді. 
Әсел 13 жасқа дейін жасөспірімдер арасында классикадан жеңімпаз атанып, облыс тарихында бірінші болып ФИДЕ шебері нормативін орындады. Ал блицтен қола жүлдені еншіледі.  
Назерке 11 жасқа дейінгі бәсекеде сынға түсіп, шахматтың классика түрінен бірінші орынды иеленді.  
Шахматтан облыстың аға жаттықтырушысы Риза Қошқарованың айтуынша, енді қос спортшы 23 - 29  маусым аралығында Қызылордада болатын Аралбай Махамбетов мемориалына арналған Қазақстан Кубогының II кезеңіне қатысады.

Қызылордалық Нұрсұлтан гір спортынан 
Еуропа кубогының қола жүлдесін иеленді!
 
21-24 мамыр аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында гір спортынан ересектер арасында Еуропаның ашық кубогы өтті. 
Жарыс нәтижесінде 14 мемлекеттен қатысқан байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді олжалады. Соның ішінде жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Көлдеев намысты қолдан бермей, 68 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленді. Ол серпе көтеруде 32 келі гір тасын 86 рет, жұлқа көтеруде 110 рет көтеріп, нәтижесінде 141,5 ұпай жинады. 
Ол бұған дейін екі мәрте Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж. Ресей, 2014 ж. Германия), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (2014 ж. Эстония) және Әлем кубогының қола жүлдесін (2014 ж. Америка) иеленген. 
Сырдария ауданында Жасұлан Өмірбаевта шеберлігін шыңдап жүрген Нұрсұлтан 8-13 маусым аралығында Петропавлда болатын Қазақстан чемпионатына, одан кейін Болгарияда өтетін Еуропа чемпионатына дайындалады.
 

 


Қызылордалық Қамшыбек Қазақстан спартакиадасының 
жеңімпазы атанды!
2015 жылдың 20-26 мамыр аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласында ҚР 4-ші жазғы спартакиадасы аясында бокстан жарыс аяқталды. Қазақстанның барлық аймағынан мықты деген былғары қолғап шеберлері қатысқан жарыста жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев +91 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді иеленді.
Қамшыбек жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, төртеуінде айқын басымдықпен жеңді. Ол финалда оңтүстікқазақстандық Нұржан Бекзатовты 2:1 есебімен ұтып, Қызылорда командасының алға шығуына өз үлесін қосты. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Қамшыбекті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев жаттықтырады. 
Ол енді тамыз айында Тайландтың Бангкок қаласында болатын Азия чемпионатына дайындалады. Көптеген республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, мықты боксшы екенін дәлелдеп жүрген спортшымызға тек сәттілік тілейміз.

 


Спорт интернаттары арасында 
Қызылордалық спортшылар озып шықты
22-23 мамыр аралығында Алматы қаласында таеквондодан спорт интернаттар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында қызылордалық спортшылар 17 жүлдені иеленіп, жеңіспен оралды. Командалық сында  жиырма салмақ дәрежесінде сынға түскен таеквондошылар өзара  жеңімпаздарды анықтады. Республикамыздың барлық өңірінен қатысқан байрақты бәсекеде жерлестеріміз намысты қолдан бермей 6 алтын, 6 күміс, 5 қола медальдарды қоржынға толтырып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. 
Жекелей есепте Назым Сланова (33 келі), Мейіржан Жақсылық (37 келі), Гүлбала Абызбаева (41 келі), Нұрай Мұратқызы (44 келі), Ботагөз Қапанова (47 келі) және Жібек Көпен (+59 келі) ел чемпиондары атанды. 
41 келіде Зарина Нұрғазиева, 47 келіде Наталья Пак, 55 келіде Гүлжайна Мұхтарова мен Дөнес Сыдықов, 63 келіде Арайлым Өмір, +63 келі Аружан Әбдіқадыр күміс жүлдеге ие болды. 
41 келіде Бақытжан Амангелді, 45 келіде Руслан Мұхтаров, 55 келіде Балнұр Сәрсенбай, 73 келіде Нұрсұлтан Сәрсенбай, +73 келіде Талап Тастыбаев  чемпионаттың қола жүлдесін еншіледі. 
Айта кетейік, былтырғы жылы Шымкентте спорт интернаттар арасында өткен ел чемпионатында сыр спортшылары 3-ші орынды иеленген болатын. 
Сондай-ақ, ел чемпионатының алдында Алматыда таеквондодан 700 спортшы қатысқан «Барыс кубогы» атты халықаралық турнирде Қызылорда облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Қызылордалық Ислам Салимов Бүкіләлемдік ойындардан
күміс жүлдені иеленді!
13-18 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен Бүкіләлемдік ойындарда жерлесіміз Ислам Салимов жақсы өнер көрсетіп, облыстың спорт тарихында өзіндік із қалдырды. 60 мемлекеттен қатысқан ойындар бағдарламасында жеңіл атлетикадан сынға түскен Ислам ұзындыққа секіруден күміс жүлдені иеленді. 
Ол 1989 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Көз жанарынан II топтағы мүгедек. 2003 жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналысып келеді. Ислам бұған дейін 2 дүркін Паралимпиадалық Азия ойындарының қола жүлдегері, 2012 жылғы жазғы Паралимпиада  ойындарының қатысушысы, халықаралық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы мен жүлдегері, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 
Исламның спорттағы жеңістеріне өзіндік үлес қосқан тәжірибелі бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Юрий Мощеев.

Қызылордалық Самал Әбдуәли мен Назерке Нұрғали шахматтан 
Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
6-15 мамыр аралығында Тайландтың Паттайя қаласында мектеп оқушылары арасында өткен шахматтан Әлем чемпионатында қызылордалық қос шахматшы табысты өнер көрсетті. № 1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шахматшы қыздары Самал Әбдуәли мен Назерке Нұрғали Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 13 жасқа дейін жасөспірімдер арасында сынға түскен Самал швейцар жүйесі бойынша блицтен 7 турда 5 ұпай жинады. Ал Назерке 11 жасқа дейінгі бәсекеде классикадан 9 турдан 6,5 ұпай жинады. Әлем чемпионатына барлығы 37 мемлекеттен шахматшылар қатысты. 
Блиц бойынша жарыстарды есепке алғанда әлемнің мықты оқушылары ондығының қатарына енген Қазақстанның 18 шахматшысының арасында жерлесіміз Самал Әбдуәли де бар.  
Шахматтан облыстың аға жаттықтырушысы Риза Қошқарованың айтуынша, 30 мамыр - 8 маусым аралығында Сингапурде болатын Азия чемпионатына Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали қатысады.

Отырып ойнау волейболынан қызылордалықтар халықаралық турнирдің қола жүлдесін иеленді
 
7-9 мамыр аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан халықаралық турнир өтті. Оған Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарынан және Ресей, Түркіменстан, Өзбекстаннан 10 команда қатысты. 
Жарыс нәтижесінде Өзбекстан құрамасын жеңген Қызылорда облысының командасы турнирдің қола жүлдесіне ие болды. 
Үстіміздегі жылдың 13-17 мамыр аралығында жерлестеріміз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Элблонг қаласында болатын Польша кубогынде еліміздің намысын қорғайтын болады.

Қызылордалықтар шайбалы хоккейден жеңімпаз атанды!
 
4-8 мамыр аралығында Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шайбалы хоккейден халықаралық турнир өтті. Оған Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қызылорда облыстарынан және Бішкектен 5 команда, 2007 жылы туылған жасөспірімдер шеберлік байқасты. 
Нәтижесінде Қызылорда облысының командасы Алматы қаласының командасын 8:5 есебімен озып, жеңімпаз атанды. Жерлестеріміз 11 ұпаймен көш бастады. 
Айта кетейік, Қызылорда облысының командасы жақында ғана Өскеменде өткен ел чемпионатының соңғы айналымында қола жүлдені еншілеген болатын. Команданы жарысқа шайбалы хоккейден облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Әкімжанов пен Абай Сейтқасымов дайындады.

Қызылордалық Қамшыбек халықаралық турнирдің жеңімпазы!
 
15-19 сәуір аралығында Албанияның Шкодер қаласында бокстан ересектер арасында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев +91 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді иеленді. Ол жарыс барысында екі кездесу өткізіп,  алғашқысында  Албания спортшысын 3:0 есебімен ұтса, финалда чехиялық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Қазақстанның намысын қорғаған 5 спортшының бесеуі де жүлделі оралды. Атап айтсақ, 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалаған қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Албания, үшінші орында – Германия. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Қамшыбекті ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндиев жаттықтырады. Ол енді тамыз айында Тайландтың Бангкок қаласында болатын Азия чемпионатына дайындалады. Көптеген республикалық, халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, мықты боксшы екенін дәлелдеп жүрген спортшымызға тек сәттілік тілейміз.
 
 

Тоғызқұмалақтан қызылордалық Хәкімжан Әлем чемпионы атанды!
 
12-18 сәуір аралығында Алматы қаласында тоғызқұмалақтан ересектер арасында өткен III Әлем чемпионатында қызылордалық Хәкімжан Елеусінов жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол классика бойынша 7 ойыннан 6 ұпай жинап, осымен екінші мәрте Әлем чемпионы атанды. Алғашқы рет 2012 жылы Чехияның Пардубице қаласында өткен Әлемдік додада бірінші орынды иеленген болатын. 3 дүркін Қазақстан чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі таңда Әлем чемпионы тоғызқұмалақтан ересектер арасында облыстың аға жаттықтырушысы қызметін атқарады. Аталмыш чемпионатта 23 мемлекеттен 50-ден аса ойыншы классика, рапид және блиц түрлері бойынша шеберлік байқасты.

Шайбалы хоккейден Ел чемпионатының соңғы айналымында 
қызылордалықтар үшінші орынды иеленді!
 
12-16 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында шайбалы хоккейден 2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының 2014-2015 жылдардағы маусым бойынша соңғы айналымы өтті. Аталмыш чемпионатта Қызылорда облысының командасы қола жүлдеге ие болды.
Команданы жарысқа шайбалы хоккейден облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Акимжанов дайындады. Облысымызда шайбалы хоккей спортының ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де осындай жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген спортшыларымыздың бағындырар биік шыңдары әлі алда деп ойлаймыз.
 

Қызылордалық жас спортшылар жүлделі оралды
Үстіміздегі жылдың 21-23 наурыз аралығында Ресейдің Рязань қаласында таеквондодан өткен халықаралық жарыста қызылордалық спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі оралды. Қазақстан құрама командасы олжалаған 1 алтын Қызылорда облысы спортшысының еншісінде. Жарысқа мықты деген 1500 спортшы 40 салмақ дәрежесінде қатысты. 
Халықаралық жарыста облысымыздың намысын абыроймен қорғаған жастар арасында сынға түскен №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Айнұр Есбергенова 52 келі салмақта чемпион атанды. 
Жасөспірімдер арасында №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен Жібек Көпен +59 келіде күміс жүлдені иеленсе, Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат спортшысы Айым Тоғман 51 келіде қола жүлдені иеленді. 
Спортшылар сәуір айында Қытайдың Тайпей қаласында  болатын Азия чемпионатына қатысады.
 

Қызылордалық қос ардагер гір спортынан 
әлем чемпионы атанды!
Үстіміздегі жылдың 13-15 наурыз аралығында Ресейдің Архангельск қаласында ардагерлер арасында гір спортынан өткен Әлем чемпионатында қызылордалық қос спортшы жеңіспен оралды. 7 салмақта ұйымдастырылған жарысқа 15 мемлекет қатысты. Қазақстанның намысын 7 спортшы қорғап, ардагерлеріміз 2 алтын, 2 күміс, қола медальді олажалады. Оның екі алтынын жерлестеріміз иеленді. Атап айтсақ, 40-45 жас аралығында сынға түскен сырдариялық Оразбек Медетбаев осымен мәрте Әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 20 келі гір тасын 10 минутта 205 рет көтеріп, ел абыройын асқақтатты. 55-59 жас аралығында Өтеулі Елібаев осымен үшінші мәрте Әлем чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жұлқа көтеруде 14 келі гір тасын 5 минутта 117 рет көтерді. 
Сондай-ақ, Әлем чемпионатының аралас эстафета сайысында Қазақстан құрамасы екінші орынды еншіледі.

Қызылордалық ауыр атлеттер ел чемпионатынан 
бірінші командалық орынды жеңіп алды!
 
Үстіміздегі жылдың 21-25 ақпан аралығында Астана қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтті. Аталмыш жарыстан  Сыр елінің ауыр атлеттері 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль иеленіп, 197 ұпаймен көш бастады. 182 ұпаймен Қарағанды облысы екінші орынды, 151 ұпаймен Алматы қаласының командасы үшінші орынды еншіледі. Осымен қызылордалық спортшылар қатарынан бес мәрте Қазақстан чемпионы атанды. 
Жарыс қорытындысы бойынша 50 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Ергенбай (спорт-интернат) чемпион атанды. Ол жұлқи көтеруде 77, серпе көтеруде 93, қоссайыста 170 келіні бағындырды. 85 келіде Әлішер Оразбек (№1ОМБЖОРМ) алтын медальді иеленді. Ол жұлқи көтеруде 115, серпе көтеруде 140, қоссайыста 255 келіні бағындырды. 
Қыздар арасында 48 келіде шиелілік Айсамал Сансызбаева, 50 келіде қармақшылық Әмірхан Қожабаев, 62 келіде Арыстанбек Жақанша (спорт-интернат) және 85 келіде Мейіржан Молдағали (№1ОМБЖОРМ) күміс жүлдеге ие болды. 62 келіде №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің спортшысы Серікбол Аманжол қола жүлдеге қол жеткізді. 
Спортшылар сәуір айында Алматы қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында болатын Қазақстан чемпионатына қатысады. 

Дәулет - Әлем чемпионатына жолдама алды
Үстіміздегі жылдың 17-18 ақпан аралығында Алматы облысы, Талдықорған қаласында еркін күрестен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Аталмыш чемпионатқа Қазақстанның ұлттық құрамасындағы көшбасшы спортшылар мен Қазақстанның барлық өңірінен мықты балуандар қатысты. Бұл дүбірлі бәсеке Американың Лас-Вегас қаласында болатын Әлем чемпионатына іріктеу ретінде маңызды жарыстардың деп те айтуға болады. ҚР Спартакиада бағдарламасы аясында өтіп жатқан жарыс қорытындысында еркін күрестен жерлесіміз Дәулет Ниязбеков 61 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды. Ол бес кездесудің бесеуінде де қарсыластарынан басым түсіп, финалда Алматы облысының спортшысы Елдос Әбикеновті 5:0 есебімен жеңіп, бесінші мәрте ел чемпионы атанды. 
Дәулет Ниязбеков: «Бұл менің ересектер арасында бесінші мәрте чемпиондық титулым. Шындығында елімізде күрескеннен гөрі халықаралық жарыстарда өнер көрсету – мен үшін жеңілірек. Алдымызда болатын Әлем чемпионатында мен соңғы рет 61 келі салмақта сынға түсемін. Әрі қарай олимпиадалық 65 келі салмаққа өтуді жоспарлап отырмын». 
Енді Дәулет биылғы жылы Американың Лас-Вегас қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысуға дайындалу үшін Белоруссияға оқу-жаттығу жиынына  барады. 
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Дәулеттің бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов.

Қызылордалық Айжан Досмағанбетова - стенд атудан
«Катар Опен-2015» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды!
 
Үстіміздегі жылдың 11-20 ақпан аралығында Катардың Доха қаласында өткен стенд атудан халықаралық турнирде жерлесіміз Айжан Досамағанбетова үздіктер қатарынан көрініп, «траптан» жеңімпаз атанды. 
Ол 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Айжан бұған дейін стенд атудан Қазақстан Республикасының және кубогының бірнеше мәрте чемпионы және жүлдегері, ҚР III жастар спорттық ойындарының, ҚР мектеп және колледж оқушылары арасында VII жазғы спартакиадасының жеңімпазы.
№ 1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығатын Айжанның спорттағы толағай табыстарға жетуіне жаттықтырушысы Максим Коломоецтің үлесі зор.
 
 
 
 
 

 


Сыр спортшылары таеквондодан өткен Қазақстан чемпионатында
16 жүлдені иеленді!
 
Үстіміздегі жылдың 10-13 ақпан аралығында Түркістан  қаласында өткен таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатында қызылордалық спортшылар 16 жүлдені иеленіп, жеңіспен оралды. Республикамыздың барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеде 2001-2003 жылдары туылған жасөспірімдер намысты қолдан бермей 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медальдарды қоржынға толтырды.
Атап атсақ, Гүлбала Абызбаева (41 келі), Ботагөз Қапанова (44 келі, екеуі де Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы), Айым Тоғыман (51 келі, спорт-интернат), Айнара Жеткергенова (59 келі, Сырдария ауданы) және Жібек Көпен (+59 келі, №2ОМБЖОРМ) ел чемпиондары атанды. 
41 келі салмақта көкшоқылықтар Зарина Нұрғазиева, 47 келіде Наталья Пак, 61 келіде Досжан Жахмуров және 55 келіде Сымбат Мұхамедқали (спорт-интернат) күміс жүлдеге ие болды. 
29 келіде өнер көрсеткен Жансая Жолдасова мен Назым Сыланова (екеуі де спорт-интернат), 33 келіде Мейіржан Жақсылық, 47 келіде Шамшат Ақберген (екеуі де №2ОМБЖОРМ), 61 келіде Іскендір Совет (№1ОМБЖОРМ), 57 келіде Самат Болатбаев (Байқоңыр қ.), 65 келіде Ақдәулет Қожахмет (Қазалы спорт клубы) чемпионаттың қола жүлдесін еншіледі. 
Айта кетейік, былтырғы өткен чемпионатта облыс спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальдарды олжалаған болатын. Бұл облыста таеквондо спортының жыл сайын қарқынды дамып келе жатқандығын айғақтайды. 
Аталмыш жарыста бірінші орынды иеленген спортшылар үстіміздегі жылдың сәуір айында Қытайдың Тайпей қаласында болатын Азия чемпионатына қатысады.

Қызылордалық спортшылар ел чемпионатынан 
11 медальмен оралды
 
Үстіміздегі жылдың 6-9 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дзюдодан  1998-1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық спортшылар қатысты. Жарыс ұлдар арасында 9 салмақта, қыздар арасында 8 салмақта өткізілді. 
Аталмыш дүбірлі бәсеке Қызылорда облысының намысын қорғаған спортшыларға сәтті өтіп, 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Алматы облысы, үшінші орында – Жамбыл облысы. 
Жарыс нәтижесінде 60 келіде Дамир Әбдеков (Қармақшы ауданы), 63 келіде Сымбат Төрен (спорт-интернат) мен 66 келіде Жанқожа Марат (№1ОМБЖОРМ) ел чемпиондары атанды. 
44 келі салмақта Адия Сайын (№1ОМБЖОРМ), 55 келі салмақта Ақылбек Ердан (Жалағаш ауданы), 70 келіде Жанерке Қуанышова (Сырдария ауданы, Шаған ауылы) екінші орынды иеленді. 
№1 облыстық мамандандыылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің спортшылары 40 келіде Бибіхан Нәбиева, 44 келіде Мәлика Алпысбай, +70 келіде Аида Файзолла, 48 келіде сынға түскен қармақшылық Диана Тілеумұратова мен 81 келіде Жаңақорған ауданының намысын қорғаған Бекарыс Әбушахман қола жүлдеге қол жеткізді. 
- Шәкірттерім үшін негізгі кезеңдер артта қалып, енді шешуші сындар күтіп тұр. Спортшылар биылғы жылы өтетін Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына жолдама алу үшін алдағы Түркияның Анталия, Ресейдің Тверь және Германияның Бремен қалаларында болатын 3 Еуропа Кубоктарына қатысады, - деді дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Арман Молдаханов. 
Жерлестеріміздің осы сындардан да сүрінбей, шеберліктерін шыңдап, жеңіс тұғырынан көрінеріне сеніміміз мол.

Қызылордалық Тұрар Асылхан тректен командалық жарыста
Азия чемпионы атанды
 
Үстіміздегі жылдың 4-9 ақпан аралығында Тайландтың Бангкок қаласында тректен жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш бәсекеде Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Тұрар Асылхан 4 шақырымдық қашықтықта командалық жарыста Азия чемпионы атанып, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. 
Т.Асылхан 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Астана қаласында өткен Азия чемпионатында командалық жарыста күміс жүлдені иеленген болатын. Тректен 4 дүркін Қазақстан чемпионы. Ол 2008 жылдан бері аталмыш спорт түрімен шұғылданып келеді. 
Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің велоспорт жөніндегі № 3 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын Тұрарды Жандос Махамбетов жаттықтырады. 
Алдағы уақытта Тұрар қыркүйек айында Астана қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысады.
 

Республика бойынша Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі үздік деп танылды
 
Үстіміздегі жылдың 4 ақпан күні Астана қаласында «Жыл спортшысы - 2014» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау  шарасы өтті. ҚР  Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылдың қорытындысымен, 10 номинация бойынша спорт саласындағы үздіктерді марапаттады. 
Оның ішінде 2 номинацияны қызылордалықтар иеленді. Атап айтсақ, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін Әлем чемпионы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин «Жылдың үздік спортшысы» номинациясына ие болса, республика бойынша «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясын Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңіп алды. 
Айта кетейік, 2013 жылдың қорытындысында «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясын Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі еншілеген болатын.

Жыл басының қуанышты жаңалығы – Элизабет халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды!
Үстіміздегі жылдың 7-11 қаңтар аралығында Польшаның Торунь қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Mentor Nestle Torun Cup» халықаралық турнирі өтуде. Аталмыш турнир жыл сайын ИСУ (халықаралық коньки тебу одағы) кестесіне енетін жарыстардың бірі. Дүбірлі додаға қатысушылар жекелей сырғанау, жұптасып сырғанау және мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша бақ сынауда. 
Жекелей сырғанау бағдарламасында сынға түскен Элизабет Тұрсынбаева кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы. Элизабет бұл жеңісін Қазақстандық балаларға арнап, отандастарын Жаңа жылмен құттықтады. 
Элизабет енді наурыз айының басында  мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Жерлесімізге сәттілік тілейміз.
 
 

Қызылордалық жас хоккейшілер күміс жүлдені иеленді
Үстіміздегі жылдың 8-10 каңтар аралығында Шымкент қаласында "Caspian Engineering Company" жүлдесі үшін шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында халықаралық турнир аяқталды. Аталмыш турнирге Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Қырғызстаннан 4 команда қатысты. Нәтижесінде Бішкек қаласының "Ильбирс" командасы жеңімпаз атанды. 
Турнирдің алғашқы күнінде қызылордалық хоккейшілер Бішкек қаласының "Ильбирс" командасымен кездесіп, 2:5 есебімен ұтылса, екінші күні Шымкенттің "Армада" командасын 7:1 есебімен, соңғы күні "Оңтүстік бүркіті" командасын 11:8 есебімен жеңіп, күміс жүлдені иеленді. 
Қола жүлде "Армада" командасына бұйырса, төртінші орынды "Оңтүстік бүркіті" хоккей командасы еншіледі.
Айта кетейік, Қызылорда облысында шайбалы хоккейден секцияның ашылғанына небәрі бір жыл болғанымен қызылордалық жас спортшылар өздерінің мықты екендіктерін көрсете білді. 
Команданы жарысқа шайбалы хоккейден облыстың аға жаттықтырушысы Талғат Әкімжанов дайындады.
 

Илья Ильинді жерлестері қарсы алды


18 қараша күні қызылордалықтар екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильинді үлкен қошеметпен күтіп алып, жеңісімен құттықтады. Мұнан соң толағайды облыс әкімі Қ.Көшербаев қабылдады.

– Бұл биіктен көрінуің үшін көп еңбектендің. Саған елің және Елбасы үлкен сенім артты. Оны абыроймен ақтадың. Көк байрағымыз көкте желбіреп, әнұран шырқалғанда қуанбаған жан болмады. Енді төрт жылдықтың басты бәсекесі Бразилияда өтетін Олимпиадада үшіншімәрте топ жаруыңа тілектеспін. Жалпы, Сыр өңірінде ауыр атлетикаға айрықша көңіл бөлінуде. Мәселен, келер жылы Илья Ильин атындағы спорт кешенінің құрылысы басталады. Бұл кешен барлық халықаралық талаптарға сай болады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Төрт дүркін әлем чемпионын жеңісімен құттықтаған аймақ басшысы толағайға жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің кілтін салтанатты түрде табыс етті, бапкері Тойшан Бектемірге 10 мың АҚШ долларының сертификатын табыс етті.

– Әрине, жеңіске жету оңай болған жоқ. Бәсекелестік жоғары болды. Қарсыластар тыңғылықты дайындықпен келген. Өз Отанымда топ жару басты мақсатым болды. Халқымның қолдауының арқасында бұл биіктікті бағындырдым. Менің міндетім додаларға қатысып, елге алтын әкелу болса, сіз де аймақты көркейту жолында аянбай еңбек етіп жатырсыз. Біз бірігіп қана үлкен жетістіктерге жетеміз. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз, - деді Илья Ильин.

Сондай-ақ, «Қазгермұнай» БК» АҚ басшылығы алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада дайындығына демеушілік жасауға ниет білдірді.

Мұнан соң, қызылордалықтар чемпионға құрмет ретінде автошеру ұйымдастырды. Илья Ильин серпе жаттығуында 242 келіні көтеріп, рекорд жаңартқан болатын. Шеруге соған орай осыншама машина қатысты. Жібек жолы көшесінен бастау алған автошеру Абай даңғылы, Желтоқсан көшелері арқылы Орталық алаңға дейін жүріп өтті. Толағайға тарту жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен жалғасты.

 

 


Элизабет Тұрсынбаева  биыл бес мәрте

халықаралық  турнирдің жеңімпазы атанды!



13-17 қараша аралығында Италияда мәнерлеп сырғанаудан «Кубок Мерано» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл турнир 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен жылы аталмыш турнирге Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қатысқан болатын. Биыл бұл турнирде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жастар арасында өнер көрсетіп, биылғы жылдың бесінші алтын медальіне қол жеткізді. Күміс жүлдені Франция cпортшысы иеленсе, қола жүлде неміс қызына бұйырды. Аталмыш додаға 9 елден 24 спортшы бақ сынады.

Енді Элизабет үстіміздегі жылдың желтоқсан айының басында  Будапеште болатын халықаралық турнирге және 20-21 желтоқсанда Қызылорда қаласында бірінші мәрте ұйымдастырылатын ҚР чемпионатына қатысады.

Айта кетейік, биылғы жылы Элизабет Жапонияда және Германияда өткен жастар Гран-при жарыстарының күміс және қола жүлдесін иеленген болатын.

 

Азия ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді
 
Қала күні қарсаңында облыс әкімі Қ.Көшербаев жуырда өткен Инчхондағы Азия ойындарынан жеңіспен оралған қызылордалық спорт саңлақтары Алмас Өтешов пен оның бапкері Илья Ильин, Қызылорда гандбол командасының бапкері Вячеслав Ким және оның шәкірттерін қабылдады. 
Аймақ басшысы спортшыларды жеңістерімен құттықтап, өңіріміздің спорт саласы мен дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. 
- Мемлекет басшысының қолдауының арқасында спорт саласындағы жетістіктеріміз еселенуде. Биыл Тереңөзек кенті мен Шаған ауылында спорт кешендері халықтың игілігіне берілсе, Нағи Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қызылорда қаласында бокс орталығы және ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында ипподром құрылыстары басталды. Және болашақта Сырдарияның сол жағалауынан 15 мың адамға арналған жаңадан футбол стадионы, оның жанынан стандартқа сәйкес 6 футбол алаңы, Қайсардың базасы және футбол академиясын салу жоспарлануда, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Кездесу соңында жүлдегер спортшыларға қаржылай сыйлық табыс етті.
 

Қызылордалық  Гүлфайруз самбодан әлем чемпионы атанды
 
Үстіміздегі жылдың 9-11 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Әлем чемпионатында қызылордалық Гүлфайруз Наймантаева самбодан әлем чемпионы атанды. Ол жастар арасында 44 келі салмақ дәрежесінде бірнеше кездесу өткізіп, финалда ресейлік қарсыласынан басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. 
Гүлфайруз осы жарыстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Ол бұған дейін өткен жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген болатын. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында 2 дүркін Азия чемпионы, дзюдодан жастар арасында 2 дүркін Қазақстан чемпионы. 
Айта кеткен жөн, әлем чемпионатына 32 ел қатысты. Аталмыш чемпионатқа Қызылордадан тағы бір спортшымыз Аида Ермаш жасөспірімдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде 3-орынды иеленді.  
Енді Гүлфайруз желтоқсан айында жастар арасында дзюдодан болатын Азия чемпионатына қатысады. 
Қос спортшы да №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алады. Оларды жарысқа Жанар Дүйсекен дайындаған.
 

Алмас  - Азия ойындарының күміс жүлдегері! 
 
Үстіміздегі жылдың 19 қыркүйек – 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында  XVII Азия ойындары өтуде. Аталмыш ойындарға Қазақстаннан 420 спортшы спорттың  39 түрінен қатысуда.  
Спорт ойындарының бағдарламасы бойынша ауыр атлетика сайысында сынға түскен жерлесіміз Алмас Өтешов 94 келі салмақта Азия ойындарының чемпионы атанды. 
Ол жұлқа көтеруде 175, серпе көтеруде 218 келіні көтеріп, коссайыста   393 келіні бағындырды.
 

Қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева
Гран-при додасының қола жүлдегері атанды
 
Қыркүйектің 10-15 аралығында Жапонияда мәнерлеп сырғанаудан Гран-при додасының төртінші кезеңі аяқталды. Аталмыш бәсекеде қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жақсы өнер көрсетті. 
Ол мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада көш бастаса, еркін бағдарламада бесінші орынды иеленіп, қорытындысында 159,38 балл жинап, үшінші орынды иеленді. Элизабет осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.
Енді Элизабет 1-5 қазан аралығында Дрезден қаласында (Германия),  өтетін Гран-при додасының алтыншы кезеңіне  және 14-19 қазанда Ниццада болатын халықаралық жарысқа қатысуды көздеп отыр.

 

 
 

Облыс әкімі Нанкин Олимпиадасының чемпионы  Бауыржан Жауынтаевты қабылдады

1 қыркүйек күні  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаевты қабылдады. 
Айта кетейік,  Бауыржан 16-28 тамыз аралығында Нанкинде  өткен Олимпиада ойындарында  дзюдодан алтын алқа тағынып, Қазақстанға алғашқы алтынды алып берген еді. Облыс басшысы жас спортшыны жеңісімен құттықтап, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Бауыржан өз кезегінде мұның үлкен қуаныш екенін, Нанкинде көрсеткен нәтижесіне көңілінің толатынын және алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінуге, ел абыройын асқақтатуға уәде берді. 
Бауыржан Жауынтаевтың бапкері Қален Қалиұлы спортшының жарысқа дайындалуына үлкен қолдау көрсетілгенін айтып, алғысын білдірді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев алдағы уақытта облыс спортшыларының халықаралық жарыстарда жоғарғы жетістіктерге жетуіне барлық мүмкіндіктердің жасалатындығын жеткізді.

 

 

Қызылордалықтар Нанкин Олимпиадасының чемпионын күтіп алды

31 тамыз күні  әуежайдан Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Олимпиада ойындарында алтыннан алқа тағынған Бауыржан Жауынтаевты қызылордалықтар үлкен қошеметпен күтіп алды. 

55 келіде сынға түскен жерлесіміз жартылай финалда Түркия елінің өкілі Огужан Карачты жеңіп, ал финалда әзірбайжандық  Натиг Гурбаналиден айласын асыра білді. Осылайша, Бауыржан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың алғашқы жүлдесін салған болатын. Жас дзюдошының бұл алғашқы жүлдесі емес. Ол бұған дейін жасөспірімдер арасында Әлем және Азия чемпионы атанған-ды. 
- Бүгін Сыр өңірі үшін ерекше күн. Тәуелсіз еліміздің мәртебесін асқақтатқан жерлесіміз Бауыржан Жауынтаев үлкен жеңіспен оралып отыр. 205 мемлекеттің спортшыларының арасынан ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Отандастарымыз байрақты бәсекеде үш алтын иеленсе, соның бірін Бауыржан алды. Бұл жеңісінің бастамасы. Сыр өңірінің намысын қорғаған Адия Сайын жетінші тұғырдан көрінді. Талабы бар. Келесі бәсекелерде жүлдемен оралатынына сенеміз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
1997 жылы туылған Бауыржан Жауынтаев 10 жасынан дзюдомен шұғылданды. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада бағы мен бабы қатар шапқан спортшы өзіне көрсетіліп жатқан құрметке алғысын білдірді. Енді Олимпиада чемпионы атану үшін дайындықты күшейтетіндігін жеткізді.
 

Бауыржан Жауынтаев - дзюдодан Олимпиада ойындарының чемпионы!
Үстіміздегі жылдың 16-28  тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында ІІ жасөспірімдер Олимпиада ойындары өтуде. Аталмыш дүбірлі додада жерлесіміз Бауыржан Жауынтаев 55 келіде дзюдодан жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Жарыс барысында ол қарсыласы түркиялық спортшыны ұтып, финалға шықты. Ал финалда әзірбайжандық Натиг Гурбанлиді жеңіп, Қазақстанға алғашқы алтынды алып берді. Бауыржан осы жарыстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. 
Б.Жауынтаев 1997 жылы 14 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген. 10 жасынан бастап дзюдо күресімен айналысып келеді. 
Бауыржан 2012 жылы Якутияда өткен «Азия балалары» ойындарының қола жүлдегері, бірнеше мәрте Еуропа кубогының чемпионы атанса, Қытайдың Тайпей қаласында өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, ҚР спорт шеберлігі нормативін орындаған болатын. 
Былтырғы жылы Американың Майами қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан тұңғыш Әлем чемпионы атанды. 
Ол Қызылорда облысындағы Ж.Баһадүр атында спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатты бітірген. Қазіргі таңда М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжде 2-курста оқиды.  
Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Бауыржанды білікті де білімді маман Қален Қалиұлы жаттықтырады.

 

 

АҒАЙЫНДЫ  БАЛУАНДАР  ҮЙЛІ  БОЛДЫ

 
1 шілде күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев боз кілемде Сыр елінің абыройын асқақтатып жүрген ағайынды балуандар Ұлан Рысқұл мен Руслан Әбдіразақовты  қабылдады.
Айта кетейік, Руслан 29 маусым күні төртінші мәрте елорда төрінде өткен «Қазақстан барысы» турнирінде қола жүлде иеленіп, қызылорлықтардың даңқын көтеріп тастаған еді. Аймақ басшысы Сыр арланына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етіп, лайықты құрмет көрсетті. Ал оның ағасы, тұңғыш «Қазақстан барысы» Ұлан Рысқұлға үш бөлмелі үй сыйлады. 
Өз кезегінде олар алғыс білдіріп, алдағы уақытта да жеңіс туын желбіретуге уәде берді. Ағайынды спортшылардың бапкері – ҚР-на еңбек сіңірген жаттықтырушы Садық Мұстафаев.
 

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне 
спорттық жарыстар өтті
 
Қызылорда қаласында 27-29 маусым күндері халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне  арналған жасөспірімдер арасында шағын футболдан, үстел теннисінен және стритболдан республикалық жарыс өтті. Аталмыш спорттық шараға Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан  9 команда қатысты. Жарыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында қылмысты азайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шеберлікті арттыру. 
Шара барысында  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Каленов, жарысқа қатысушыларды құттықтап, нашақорлық туралы және одан қорғану, сақтанудың бірден-бір жолы спортпен шұғылдану екенін айтып өтті. 
Турнир қорытындысы бойынша жалпы есепте Алматы облысы спортшыларының бәсі жоғары болды. Екінші орынды Қызылорда облысы иеленсе, Маңғыстау облысының жас өрендері үшінші орынға табан тіреді. 
Спорт түрлері бойынша үстел теннисінен Алматы облысының спортшылары топ жарды. Қалған орындарды Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының командалары бөлісті. Шағын футболдан Қызылорда облысының командасы бірінші орынды иеленсе, Алматы облысы екінші орынды, Маңғыстау облысының командасы үшінші орынды еншіледі. Ал  стритболдан ұлдар арасында Қызылорда, қыздар арасында Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары бірінші орынды жеңіп алды. Ұлдар арасында Алматы облысы екінші орынды, Оңтүстік Қазақстан облысы үшінші орынды, ал қыздар арасында Жамбыл облысы екінші, Алматы облысының командасы үшінші орыннан көрінді. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, медальдарымен марапатталды. 

Қызылордалық спортшылар дзюдодан Қазақстан чемпионатында
бірінші орынды иеленді!
 
Үстіміздегі жылдың 29-30 маусым күндері Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде дзюдодан 23 жасқа дейін ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. 
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген байрақты бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен республикамыздың барлық облыстарынан 300-ге жуық татами шеберлері қатысты. 
Кездесулер ерлер және әйелдер арасында 7 салмақ дәрежесінде өтті. Тартысты жарыс күндерінің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды  5 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлдемен қызылордалық спортшылар иеленді.  Атап айтсақ, жекелей есеп бойынша ерлер арасында  66 келіде Азамат Шайкөзов, 90 келіде Мақсат Исақабылов, 100 келіде Нұрым Сәлімгереев, +100 келіде  Еламан Ерғалиев және әйелдер арасында 78 келіде Мархабат Ақылбаева алтыннан алқа тағынды. 
60 келіде Қуаныш Тілеулес пен 66 келіде Ерлан Жақсыбековке күміс жүлде бұйырса, 48 келіде Гүлфайруз Наймантаева, 60 келіде Нұржан Тілеубергенов, 63 келіде Ақерке Мырзабек, 70 келіде Ұлболсын Әнуарбек, +78 келіде Қымбат Тұршабек, 90 келіде Нұржан Өңдібаев кола жүлдені иеленді.  
Сондай-ақ, аталмыш жарыста 1, 2 орындарды иеленген спортшылар Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, медальдарымен марапатталды.  
 

Сырдариялық спортшылар көгалдағы хоккейден суперлига ойындарына жолдама алды
 
17-22 маусым аралығында Мәскеудің Электросталь қаласында көгалдағы хоккейден  (жоғарғы лига) Ресей елінің ашық чемпионатының төртінші айналымы  өтті. Аталмыш жарысқа «Динамо-Казан», «Динамо-Электросталь», «Динамо-Самара», «Динамо-Екатеринбург», «Тана-Ростов-на-Дону» және Қызылорда облысының Сырдария ауданынан  6 команда қатысты. 
Соңғы айналымның қорытындысы бойынша Сырдария ауданының командасы  32 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық ойындарда Сырдариялық спортшылар «Динамо-Казан» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен ұтып, келесі жылы басталатын суперлига ойындарына жолдама алды. 
28 ұпаймен «Динамо-Казан» екінші орынды еншілесе, «Динамо-Электросталь» мен «Динамо-Самара» командалары 25 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. 
«Сырдария» спорт клубы командасын жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
Жерлестеріміз алдағы 8-шілде күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында ерлер және әйелдер арасында болатын Қазақстан Республикасының чемпионатына және тамыз айында Қазақстан кубогына қатысады. 

2014 жылы өткізілген спорттық іс шараларға байланысты ақпарат

 

Элизабет Тұрсынбаева  - Словакия турнирінде жеңімпаз атанды!

 

Ағымдағы жылдың 2-6 қаңтар аралығында Словакияның Братислава қаласында мәнерлеп сырғанаудан  «Словакияның Жаңа жылдық Кубогы» атты халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде 15 елдің мәнерлеп сырғанаушылары қатысты.

Осыған дейін жасөспірімдер арасында сынға түсіп келген жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева Братиславада алғаш рет жастар арасында додаға  түсті. Соған қарамастан Элизабет әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтерген жерлесіміз осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.

 

Енді Элизабет наурыз айында Болгарияда болатын жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына және Әлемдік Гран-при додасына қатысуды көздеп отыр.

 


Волейболдан Қызылорда облысының жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионы атанды!

Үстіміздегі жылдың 4-11 қаңтар аралығында Өскемен қаласында өткен волейболдан 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 21 ұпаймен жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл сынға 9 команда қатысып, 2 топқа бөлініп ойнады. Біздің команда төрт ойында да жеңіске жетіп, ақтық сында үш команданы да айқын басымдықпен ұтты.

Екінші орынды Өскемен қаласы, үшінші орынды Астана қаласының командалары иеленді. Ал Шымкент қаласы төртінші орынды қанағат тұтты. Аталмыш жарыста Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекенінен Еркебұлан Сейдан «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Команда құрамында ойнаған спортшылар: Еркебұлан Сейдан, Болатхан Шанжархан, Әли Әбдіров, Сұңғат Кенжебек, Нұрбақыт Сағымбай (Түіскен елді мекені), Асқар Балтабай, Азамат Ордабеков, Дәулет Кенжеғалиев (Сырдария ауданы), Бақжан Қасым, Рахат Сержан (Жаңақорған ауданы), Аят Рамазан, Расул Еген (Шиелі ауданы).

Айта кетейік, жерлестеріміз былтырғы жылдың шілде айында Өскемен қаласында өткен Қазақстан кубогының иегері және қарашада Петропавлда өткен Қазақстан чемпионатында бірінші орынды иеленген болатын.  

Енді спортшыларымыз наурыз айында Түркістан қаласында болатын  ҚР көктемгі чемпионатына қатысады.

 

Команданы жарысқа Батыр Бабаев дайындады. 


Сыр спортшылары суырылып алға шықты

19-25 қаңтар аралығында Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарыстан қызылордалық былғары қолғап шеберлері екі алтын және екі қола жүлдемен оралды. 60 келі салмақта бақ сынасқан қызылордалық Аханбек Нұртуған өзінің жеңісін тойлады. Екінші алтынды +80 келі салмақтағы Оңталап Рахманов қанжығасына байлады. Ел чемипиондарын Берік Маманов және Рустам Ысқақов, Әбдіразақ Құлмағамбетов сынды бапкерлер дайындаған.

Бұл жеңімпаздардан бөлек, қызылордалық құрамнан тағы екі спортшы алға шықты. Олар – 50 келі салмақта күш сынасқан Рахымбек Шманов және 70 келі салмақтағы Азамат Сәкенов. Екеуі де үшінші орынды қанағат тұтып, қола жүлдегер атанды. Жасөспірімдер чемпионатында Қызылорда облысының намысын 9 жас боксшы қорғады.

Ал кеше Ресейдің Орынбор қаласында 1995-1996 жылдары туылған жасөспірімдер арасында «Б» класы бойынша бокстан ХҮІІ Бүкілресейлік турнир болды. Боксшылар осы қаладағы Солтүстік округ әкімшілігінің сыйлығы үшін бақ сынасты.

Турнирге Орынбор, Пенза, Пермь, Самара, Екатеринбург, Стерлитамака және Ресейдің 20 қаласынан, сондай-ақ Қазақстаннан жиналған 146 спортшы қатысты.

Төрт күн бойы боксшылар күш сынасып, өздерінің шеберліктері мен ептіліктерін көрсетті. Турнирде Қазақстанның спортшылары Ресей боксшыларымен бәсекеге түсе алатындығын тағы да дәлелдеді. Дегенмен, жеңістің көбін шаршы алаң иелері иеленді. Орынборлық спортшылар 5 алтын жүлдеге ие болды.

 

Ал 60 келі салмақтағы жерлесіміз, жас боксшы Ернұр Өлмесбек бақталастарына мүмкіндік бермей, Бүкілресейлік турнирде алтын медальды жеңіп алды.


Жыл қорытындысы бойынша республика бойынша

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі үздік деп танылды

24 қаңтар күні Астана қаласында «Жыл спортшысы - 2013» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау  шарасы өтті. ҚР  Спорт және дене шынықтыру жөніндегі агенттігі 2013 жылдың қорытындысымен, 13 номинация бойынша спорт саласындағы үздіктерді марапаттады. Оның ішінде 3 номинацияны қызылордалықтар иеленді. Атап айтсақ,  ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері  Алмас Өтешов «Жеңіске ұмтылыс» номинациясына ие болса, республика бойынша «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясын Қызылорда облысы,  Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңіп алды.

Ал «Жыл меценанты» атағы «Саутс Ойл» ЖШС бас директоры Серікжан Сейітжановқа  берілді. Ол Қызылорда қаласында «Нұрсәт» теннис орталығының салынуына өз үлесін қосқан.

 

Айта кетейік, республика бойынша 2011-2012 жылдары қатарынан Қызылорда облысы «Ең үздік спорттық аймақ» номинациясын иеленген болатын. 


Дәулет Ниязбеков – еркін күрестен «Тахти Кубогы» атындағы турнирдің жеңімпазы!

 

6-7 ақпан аралығында Иран астанасы Тегеранда еркін күрестен «Тахти Кубогы» атындағы халықаралық турнир аяқталды. Осымен 34-ші мәрте өткізіліп отырған бәсекеге 17 елден 178 спортшы қатысты. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.  Айтулы сында жақсы өнер көрсеткен жерлесіміз, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Ниязбеков 61 келі салмақта топ жарды. Ол ақтық белдесуге дейін түрік, қырғыз, армян палуандарын ұтып, финалда украин спортшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Федоришинмен кездесіп, таза жеңіске жетті.

 

Дәулет енді үстіміздегі жылдың сәуір айында Астана қаласында болатын Азия чемпионатына дайындалады. Ол Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі мен облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығында жаттығады. Оның спорттағы жеңістеріне өзіндік үлесін қосып жүрген тәжірибелі бапкер, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Амановтың еңбегі зор. 


Жүйріктеріміз жүлделі оралды

 

4-6 ақпан аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан 1997-98 ж.т. жасөспірімдер мен 1995-96 ж.т. жастар арасында  Қазақстан чемпионаты өтті. Айтулы жарыста Қызылорда облысының құрама командасы қатарында өнер көрсеткен спортшыларымыз нәтижелі оралды.

Атап айтсақ,  жастар арасында (1995-96 ж.т.) облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы спорт шеберіне үміткер Назерке Өмірғалиева 7.94 сек. нәтижесінде 60 м жүгіруден қола жүлдеге ие болды. Жасөспірімдер арасында (1997-98 ж.т.) 1500 м жүгіруден сынға түскен Анастасия Щадыло үшінші орынды, 2000 м кедергілер арқылы жүгіріп, 7:24.67 сек нәтижесімен  екінші  орынды иеленді. Светлана Саунина да 2000 м кедергілер арқылы жүгіруден  үшінші орынды еншіледі. Ал ұзындыққа секіруден Анжела Сайдгазиева (барлығы да №4 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен) күміс жүлдеге ие болды.

 

Спортшыларды жарысқа  Наталья Лептикова, Владимир Лептиков және Руслан Омаров дайындады.  


Қызылорда командасы дзюдодан жеңімпаз атанды!

 

20-24 ақпан аралығында Тараз  қаласында  дзюдодан 1994-1995 жылдары туылған жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында  Қызылорда облысының құрама командасы 12 жүлдемен жалпыкомандалық есепте 1-орынды (5 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль)  жеңіп алды.

Аталмыш жарыста облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 44 келі салмақта Гүлфайруз Наймантаева, 55 келіде Жақсыбек Жеңісбек, 81 келіде Саламат Жұрқабаев, 100 келіде Нұрым Сәлімгереев, 100 келіден жоғары салмақта Еламан Ерғалиевтер жақсы өнер көрсетті.

63 келіде жалағаштық Мархаббат Бахытбекова, 70 келіде Ұлбосын Әнуарбек пен 90 келіде Мақсат Исағабылов  (екеуі де ЖСШМ) күміс жүлдені иеленсе,  55 келіде Дидар Тәттібай (Жалағаш ауданы), 63 келіде Мөлдір Болатбекова (ЖСШМ), 57 келіде Гүлдерайым Әлмағанбет, 78 келіден жоғары салмақта Нұрғаным Тұршабек (екеуі де №1 ОМБЖОРМ)  қола жүлдені еншіледі.

Дзюдодан жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Жанарбек Сансызбаев:  Барлық командалар жақсы дайындықпен келген. Біз жарысқа 2 айдай дайындалдық. Осы жаттығулардың арқасында бірінші орынды иелендік. Еліміздің ең мықты дзюдошылары үшін бұл жарыс қазан айында Америкада болатын Әлем чемпионатына, желтоқсан айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындықтың бірінші кезеңі болды. Алдымызда әлі спортшыларымыз қатысатын төрт халықаралық турнирлер бар. Алдағы жарыстарда жоғарғы жетістікке жету үшін бар күш – жігерімізді салып,  дайындаламыз, - дейді.


Мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева - Gardena Spring Trophy 2014 халықаралық жарысының жеңімпазы атанды!

Наурыздың 28-і мен 30-ы аралығында Италия елінде мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында  өткен  Gardena Spring Trophy 2014 халықаралық турнирінде Қазақстанның және Қызылорданың намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева жеңіс туын желбіретті.

 

10 мемлекеттен қатысқан дүбірлі додада ол чемпион атанды.

Екінші және үшінші орындарды америкалық спортшылар иеленді. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтерген жерлесіміз осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.

Былтырғы жылы Белоруссия астанасы Минстке өткен жастар арасындағы Гран При додасының күміс жүлдесін иеленген болатын. Биылғы жылдың қаңтар айында Словакияның Братислава қаласындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Енді қызылордалық спортшы Элизабет  2-6 сәуір аралығында Словенияда болатын «ТРИГЛАВ ТРОФИ - TRIGLAVTROFHY-2014 дәстүрлі халықаралық турниріне қатысуды көздеп отыр. 

 


Кикбоксингтен Қазақстан Республикасы жеңімпаздарының есімдері анықталды

27-30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында ерлер мен әйелдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты аяқталды. Жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Олардың ішінде кикбоксингтен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары да бар.

Чемпионатта фулл-контакт және к-1 бөлімдерінде 29 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Фулл-контакт бөлімінде:

Ерлер арасында: 51 келі: Нұрділдә Ералиев (Жамбыл облысы), 54 келі: Ерлан Шағбан (Астана қ.), 57 келі: Мұхамеджан Тілегенов (Жамбыл  облысы), 60 келі: Абзал Дюсупов (Атырау облысы), 63,5 келі: Елдар Бауыржанұлы (ШҚО), 67 келі: Бейбарыс Бауыржанұлы (ШҚО), 71 келі: Ерсайын Қасамбаев (Павлодар облысы), 75 келі: Стелиян Аврамиди (Қарағанды облысы), 81 келі: Нұрсұлтан Жақыпов (СҚО), 86 келі: Айдын Сәдуақасов (ШҚО), 91 келі: Ердәулет Жеңіс (Қызылорда облысы), +91 келі: Айдын Әбдірахман (Алматы облысы).

Әйелдер арасында: 48 келі: Нұржайнат Елубаева (ОҚО), 52 келі: Айдын Әбенова (ОҚО), 56 келі: Айда Тұяқбай (ОҚО), 60 келі: Марина Ни (Қарағанды облысы), 65 келі: Гүлбану Саматова (Қызылорда облысы), +65 келі: Нұржанат Тлеуімбетова (Қызылорда облысы).

К-1 бөлімінде:

Ерлер арасында: 51 келі: Нүркен Төлегенов (ОҚО), 54 келі: Әлішер Қадыров (Қарағанды облысы), 57 келі: Бауыржан Құдайбергенов (ШҚО), 60 келі: Шынғысхан Тлемісов (Астана қ.), 63,5 келі: Қанағат Нұрғалиев (ШҚО), 67 келі: Жанат Смекенов (Павлодар облысы), 71 келі: Артур Сауырбаев (Павлодар облысы), 75 келі: Саян Жақыпов (Павлодар облысы), 81 келі: Бабуржан Артықбаев (ОҚО), 86 келі: Шыңғыс Ысқақов (Алматы қ.), +91 келі: Асхат Жантұрсынов (Жамбыл облысы).

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, төрешілер алқасы келесі номинацияларды жариялады. Шаршы алаңдағы «Үздік рефери» Қарағанды облысынан Александр Вакарев атанса, «Үздік төреші» ретінде Жамбыл облысынан Нұрғали Наурызбаев танылды. 

«Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесімен Павлодар облысының кикбоксшысы, ел чемпионатының қола жүлдегері Еркебұлан Хасанов марапатталды. «Үздік техника көрсеткені үшін»  Павлодар облысының спортшысы Артур Сауырбаев ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз спортшылар ҚР спорт шебері атағына ие болды. Енді жарыс жеңімпаздары 14-19 мамыр аралығында Венгрияның Сегед қаласында болатын Әлем кубогына және 21-28 маусым аралығында Иорданияның Амман қаласындағы Азия чемпионатына қатысады. 


Элизабет Тұрсынбаева жеңіс тұғырына көтерілді!

Сәуірдің 2-6 аралығында Словенияның Есенице қаласында мәнерлеп сырғанаудан Триглав Трофи-2014 халықаралық турнирі аяқталды. Аталмыш турнирге 15 елден 22 спортшы қатысты. Жастар арасында өнер көрсеткен қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева биылғы жылдың үшінші алтын медальіне қол жеткізді.

Бұл 2013-2014 жылдардағы маусымның  соңғы халықаралық турнирі болып саналады.  Айта кетейік, былтырғы маусымда Элизабет  жастар Гран-при додасының (Минск, Белоруссия) күміс жүлдесін иеленсе, биылғы жылы қаңтар, наурыз, сәуір айларында өткен үш халықаралық турнирдің жеңімпазы (Словакия, Италия, Словения) атанды. Енді 2014-2015 жылдардың жаңа маусымына және үстіміздегі жылдың тамыз айында басталатын  Әлемдік Гран-При додасының кезеңдеріне дайындықты бастайды. 


Қызылордалық шахматшылардың жеңісі қуантады

Павлодар қаласында шахматтан 8-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар  арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Он күнге созылған жарыста 650-дей шахматшылар кімнің мықты екенін анықтады.

 Аталмыш жарыстан Сыр өңірінің спортшылары  5 алтын, 2 күміс, 1 қола медальды иеленді. Ойын шахматтың классика, блиц, рапид түрінде өткізілді. Классикадан 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Самал Әбдуәли 9 турдан 8,5 ұпай жинап, жеңімпаз атанса, 8 ұпаймен Әсел Серікбай күміс жүлдені иеленді.

Блиц пен рапидтен 10 жасқа дейінгі қыздар арасында Назерке Нұрғали бірінші орынды иеленсе, классикадан күміс жүлдеге қол жеткізді. Рапид пен блицтен 12 жасқа дейін қыздар арасында сынға түскен Әсел Серікбай жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 8 жасқа дейінгі ұлдар арасында Алдияр Аңсат қола жүлдені еншіледі. 

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қызылорда облысының құрама командасы екінші орынды иеленді. Бірінші орында Астана қаласы, үшінші орында – Оңтүстік Қазақстан облысы.    

№1 Қызылорда облысының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын балғын шахматшылардың жаттықтырушысы Риза Қошқарова.

Осы жарыстан шахматшы қыздарымыз  шілде айында Өзбекстан (Ташкент қ.) елінде өтетін Азия чемпионатына және қыркүйекте Оңтүстік Африкада болатын Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды. 


Қызылордалықтар тоғызқұмалақтан топ жарды

20-31 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер  арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты  өтті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турда өткізілді. Қызылорда облысының құрама командасы 4 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль олжалап, жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы, үшінші орында – Ақтөбе облысы.

Жекелей сында классика түрінен 14 жас қыздар арасында Ұлдана Махамбетамин (Қазалы ауданы), 10 жас қыздар арасында Аружан Сыдықбекова (Қызылорда қ.), блицтен 12 жас қыздар арасында  Жұлдыз Садықбек (Қызылорда қ.), 10 жас ұлдар арасында Мектепхан Елесуінов (Сырдария ауданы) жеңіс тұғырынан көрінді.

 Блицтен 14 жас ұлдар арасында Бейбарыс Нұрғабыл (Жалағаш ауданы) мен 12 жас қыздар арасында Жібек Қамал (Қызылорда қ.) күміс жүлдені иеленді.

 

 

Классикадан 14 жас қыздар арасында Нұрсұлу Маханова, 12 жас қыздар арасында Балнұр Айжарық (Қызылорда қ.), 12 жас ұлдар арасында Бексайыр Айтмаханов пен блицтен Дінислам Өткелбай (екеуі де Қызылорда қ.), 10 жас қыздар арасында Нұрай Мектепхан (Сырдария ауданы) үшінші орынды еншіледі. 


Қамшыбек  - Әлем чемпионы!

26 мамыр - 4 маусым аралығында  Алматы қаласында бокстан қарулы күштер арасында өткен Әлем чемпионатында қызылордалық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев облыс бойынша бірінші рет алтын медальды иеленді. Бұған дейін Қамшыбек оқушылар арасында ҚР Спартакиаданың жеңімпазы,Қазақстан Республикасы жастар ойындарының күміс жүлдегері, 2010 жылы Америкада өткен қарулы күштер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған.  

Аталмыш бәсекеге 26 мемлекеттің былғары қолғап шеберлері   қатысты. Алматыда өткізілген бұл әлем біріншілігі ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты  еске алуға арналды. Жалпы есеп бойынша қазақстандық боксшылар 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды.

Сыр елінен  +91 келі салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңда Пәкістан, Кувейт, Бразилия  спортшыларымен кездесіп, үшеуін де 3:0 есебімен жеңіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. 

Қамшыбек 1991 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2006 жылдан бастап бокспен айналысып келеді. Қазақстан құрама командасының мүшесі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 3 курс студенті.

 

 

Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығатын Қамшыбектің бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы -  Ғалым Байғұндиев. 


2013 жылы өткізілген спорттық іс шараларға байланысты ақпарат

 

Қызылордалықтар – жеңімпаз атанды!

8-10 ақпан аралығында Семей қаласында дзюдо күресінен  1996-1997 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ел біріншілігі аяқталды.  Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық спортшылар қатысты.  Жарыс ұлдар арасында 9 салмақта, қыздар арасында 8 салмақта өткізілді.

Жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Қален Қалиұлының  айтуынша, алдағы мақсат – тамыз айында Қытайдың Макао қаласында өтетін Азия чемпионаты мен қыркүйекте Американың Майами қаласында өтетін  Әлем чемпионатына облыс құрама командасын іріктеу. 

Аталмыш жарыста Қызылорда облысының спортшылары 2 алтын, 4 күміс, 8 қола медальмен жалпыкомандалықта бірінші орынды иеленді.

Жарыс нәтижесінде 55 келіде Бауыржан Жауынтаев  пен  40 келіде Гүлдана Мұрат (екеуі де спорт интернат) чемпион атанды.

Мағжан Шамшадин (50 келі, спорт интернат),  Олжас Қалниязов (73 келі, Жалағаш БЖСМ), Шапағат Нартай (40 келі, Тасбөгет БЖСМ), Айжан Болат (57 келі, спорт интернат) екінші орынды иеленсе, Адия Сайын (40 келі, №1ОМБЖОРМ), Салтанат Сұлтанбекова (44 келі, спорт интернат), Аида Мирмаш (48 келі, №1ОМБЖОРМ), Ләйлә Арыстанбек (63 келі, №1ОМБЖОРМ), Мархабат Бақытбекова (70 келі, Жалағаш БЖСМ), Жақсыбек Жеңісбек  (55 келі, Жалағаш БЖСМ), Нұрсұлтан Иса (60 келі, спорт интернат), Мадияр Таутанов (81 келі, №1ОМБЖОРМ) үшінші орынды иеленді.

Спортшыларды жарысқа Қален Қалиұлы, Жанарбек Сансызбаев, Ришат Бурлов, Арман Молдаханов, Қайрат Төленов, Тұрар Баймаханов, Қайрат Баекенов, Жанар Дүйсекенова, Ғалиден Балтин дайындады.  

Алдағы байрақты бәсекеде облыс намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тілейміз.


Бокстан Тұрсынбай  - Азия чемпионы атанды!

Филиппин елінің Субик-Бэй қаласында 10-16 наурыз күндері жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтті.

Аталмыш жарыстан Қазақстан құрама командасы 4 алтын, 1 күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Сыр өңірінен 75 келі салмақта өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахметов ақтық сында Өзбекстан спортшысы Акмалбек Косимовты 20:17 есебімен айқын басымдықпен жеңіп Азия чемпионы атанды.

Тұрсынбай 2004 жылдан бастап бокспен шұғылданып келеді. Ол бұған дейін Қазақстан чемпионатының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. Ол - 2010 жылы Ресейдің Қазан қаласында өткен II Еуразиялық спорт ойындарының жеңімпазы. ҚМУ-ң 2 курс студенті.

Қазіргі таңда жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығуда. Бапкері - Жәміл Жүсіпов.


 Стенд атудан қызылордалықтар екінші орында

12-18 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында жастар мен ересектер арасында стенд атудан Қазақстан Республикасы кубогінің 1-ші кезеңі өтті. Оған республикамыздан 70-тен аса спортшы қатысты.

Аталмыш жарыстан Қызылорда облысының спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль иеленіп, жалпы командалықта екінші орынды алды.  Бірінші орында – Шымкент, үшінші орында – Алматы қаласы.

Жарыс бағдарламаға сәйкес стенд атудың  з түрі бойынша дубль – траптан, траптан, скиттен өтті.

Дубль-трап бойынша Айжан Досмағанбетова мен Ким Александр чемпион атанды. Трап бойынша Айжан Досмағанбетова, дубль – трап бойынша Зорин Максим екінші орынды иеленді.

Дубль-трап пен траптан Ким Анна, траптан Айбек Қаржаубай, скиттен Назерке Убайжан, траптан Ким Александр (спортшылардың барлығы №1ОМБЖОРМ) қола жүлдеге ие болды.

Ал ересектер арасында Максим Коломоец (жоғары спорт шеберлігі мектебі) траптан үшінші орынға қол жеткізді. 


 

Еркін күрестен Қызылорда – чемпион атанды!

Шымкент қаласында 13-17 наурыз аралығында ересектер арасында күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 16 команда қатысты. Жарыс 7 салмақта өткізілді.

Еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Амановтың айтуынша, осы жарыстан Ғалымжан Өсербаев пен Нұржан Өмірбеков Қазақстан Республикасының  спорт шебері нормативін орындады. Енді алдағы мақсатымыз – сәуір айында Үнді елінің Дели қаласында өтетін Азия чемпионатында жоғары жетістікке жету.  

Жарыс қорытындысында жерлестеріміз 2 алтын, 3 қола медальмен жалпыкомандалықта Қызылорда облысының спортшылары топ жарды. Екінші орынды – Маңғыстау облысының спортшылары алса, үшінші орынды  - Астана қаласының  құрама командасы иеленді.

Нәтижесінде 60 келі салмақта XXX жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен  Дәулет Ниязбеков пен 84 келіде Жанболат Мағзұмов чемпион атанды.

60 келіде Азамат Шағапұлы, 74 келіде Ғалымжан Өсербаев пен 96 келіде Нұржан Өмірбеков қола жүлдені еншіледі. 

«Ұстаздан шәкірт озар» демекші, ел намысын ту еткен өрендерді спортқа баулуда Әбутәліп Аманов, Сайдбек Ақылбеков, Серік Әбдімәуленовтердің еңбегін баса айтуға тиіспіз.

Спортшылардың барлығы Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі мен олимпиадалық даярлау орталығында  жаттығады.


Ислам Әлем чемпионатына қатысады

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 23-24 күндері  Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында халықаралық турнир аяқталды.

Аталмыш турнирге 32 мемлекеттен спортшылар  қатысты.

Бұл турнирде  белгілі спортшы, жерлесіміз, 2012 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқан Ислам Салимов  ұзындыққа секіруден екінші орын,  400 м қашықтыққа жүгіруден үшінші орынды иеленіп, алдағы шілде айында Францияның  Леон қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға нормативті орындады.

Енді Ислам Әлем чемпионатына дайындалу үшін  сәуір айында Алматы қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына барады.

Жарысқа дайындаған бапкері -  ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мощеев Юрий. 


Қазақ күресінен ҚР чемпионаты

23-24 наурыз аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында қазақ күресінен 1996-97 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 250 спортшы қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев,  мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыт, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев  сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл жарыс шілде айында Украинаның Киев қаласында өтетін Әлем чемпионатына және қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін Еуразия спорттық ойындарына іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы  бойынша 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен Қызылорда облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Оңтүстік Қазақстан облысы – екінші орынды, Қарағанды облысының спортшылары үшінші орынға ие болды.

51 келі салмақта Райымбек Рантаев (Шиелі ауданы), 57 келіде Рахменберді Абдрашит (Жаңақорған ауданы), 81 келіде Аязбек Шүкір (Қызылорда қаласы,№1ОМБЖОРМ) жарыс жеңімпаздары атанды.

Ал +81 келіде Марат Қуанышбаев (Қызылорда қаласы, №1ОМБЖОРМ) күміс жүлдені иеленсе, +46 келіде Бекжан Төлепов (Шиелі ауданы), 51 келі салмақта Қайсар Серікбаев (Шиелі ауданы) пен Нұрбол Берікбаевтар (Қармақшы ауданы) қола жүлдені еншіледі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, медальдары және демеушілердің ақшалай сыйақыларымен марапатталды. 


 

Дзюдошылар 11 елдің арасында жүлделі орындардан көрінді

22-24 наурыз аралығында Германияның Бремен қаласында дзюдодан 1993-94 жылы туылған жастар арасында халықаралық турнир өтті. Жарысқа 11 мемлекет қатысты.

Аталмыш жарыс сәуірдің 22-27 аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуропа кубогіне іріктеуге дайындық мақсатында өткізілді.

Жарыс нәтижесінде 100 келі салмақта Әділхан Қозыбаев (Жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық даярлау орталығы) екінші орынды иеленсе, 60 келіде Ерлан Жақсыбеков (Қармақшы ауданы) үшінші орыннан көрінді.

Спортшыларды жарысқа Жанарбек Сансызбаев, Қайрат Баякенов, дархан Әлмаханов дайындады.


 

Тоғызқұмалақ

24-31 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарыста спортшыларымыз жалпыкомандалық есепте бас жүлдені еншіледі. Олар  4 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен олжалы оралды. 2-орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, 3-орынды Павлодар облысы иеленді.

Нәтижесінде 14 жас қыздар арасында тоғызқұмалақтың классика түрінен Жамал Ермекбай (Қызылорда) мен блицтен Қызжібек Әбілда (Жалағаш ауданы) топ жарды.

10 жас қыздар арасында блиц түрінен Жұлдыз Садықбек пен 10 жас ұлдар арасында классика түрінен Бексайыр Айтмаханов (екеуі де Қызылорда) чемпион атанды.

Ал 12 жас қыздар арасында классика түрінен Ақерке Кенжебекова (Сырдария ауданы)  екінші орынды иеленсе 10 жас ұлдар арасында блиц түрінен Дамир Денеев үшінші орынға ие болды.

Жарыс соңында  тамыз айында Павлодарда өтетін Азия чемпионатына іріктеудің қорытындысы бойынша Қызылорда облысынан Жамал Ермекбай, Қызжібек Әбілда мен Бексұлтан Бостандықовтар қатысады.

Спортшыларды жарысқа Ақторғын Қошқарова, Фарида Әуесбаева, Біржан Елеусінов, Ғалия Қамбарова, Білімжан Елеусінов дайындады. 


 

Қазіргі бессайыстан қызылордалық спортшылар жеңісті оралды

Алматы қаласында үстіміздегі жылдың 26-30 наурыз аралығында   Алматы қаласында қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының қысқы ашық чемпионаты аяқталды.

Жарыс қорытындысы  бойынша №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен Роман Мадайчиков екісайыстың қосындысымен 1884 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Ол  50 м жүзуден 1044 ұпай жинаса, 1 км қашықтыққа жүгіруден 840 ұпай жинады.

Дайана Федосова екісайыстың қорытындысымен 2012 ұпай жинап, жарыстың чемпионы атанды. 50 м жүзуден 1032 ұпай жинаса, 1 км қашықтыққа жүгіруден 980 ұпай жинады.

№1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт  мектебінде жаттығатын спортшылардың жаттықтырушысы бессайыстан ҚР спорт шебері, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Илья Белых.

Айта кету керек, №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде  2012 жылы    қазіргі бессайыстан бөлімше ашылды. Олар осындай аз ғана уақытта өте жақсы жетістіктерге жетіп, жүлделі орындардан көрінуде. 


Қызылордалық дзюдошылар  жеңіспен оралды

 

  Жамбыл облысы, Тараз қаласында үстіміздегі жылдың 9-13 мамыр аралығында  дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының III Жастар спорт ойындары мәресіне жетті. 1993-95 жылы туылған жастар арасында өткен аталмыш сайыста Қызылорда облысының жас спортшылары қатысып, олжалы оралды.

  Тартысты додада командалық есепте Қызылорда облысының спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 2 қола иеленіп, бірінші орынды жеңіп алды.

  Атап айтсақ, жекелей есепте 44 келі салмақ дәрежесінде Гүлфайруз Наймантаева бірінші орынды иеленіп, ҚР спорт шебері атағын орындады.  73 келіде Саламат Жұрқабаев (екеуі де №1ОМБЖОРМ), 78 келіде Мархаббат Ақылбаева және 100 келіде Әділхан Қозыбаевтар (екеуі де ЖСШМ және  олимпиадалық даярлау орталығынан) жарыс жеңімпаздары атанды.

 60 келіде өнер көрсеткен Ерлан Жақсыбеков (олимпиадалық даярлау орталығынан) пен  +100 келіде Елман Ерғалиев (Қармақшы БЖСМ) екінші орынға қол жеткізді. 55 келіде Жақсыбек Жеңісбек (Жалағаш ауд.) пен 70 келіде Ұлбосын Әнуарбек (ЖСШМ) үшінші орынды иеленді.

Енді спортшылар алдағы маусым айында Австрия елінде өтетін халықаралық турнирге және қараша айында Словакияда Әлем чемпионатына, желтоқсан айында Макаода болатын Азия чемпионатына дайындалады. 


Тоғызқұмалақшылар тұғырдан көрінді

 

Ақтөбе қаласында  үстіміздегі жылдың 11-17 мамыр аралығында  тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының III Жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан 15 команда, 90 ойыншы қатысты. 

Командалық есепте Қызылорда облысының спортшылары 29 ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алды. Команда құрамында Бексұлтан Бостандықов (Сырдария БЖСМ), Самал Ермекбай (№2ОМБЖОРМ), Рамазан Айшықхан (Жалағаш БЖСМ), Фархад Кемали (Қазалы БЖСМ), Үміт Сақташова (Арал ауд.Сексеуіл БЖСМ), Айнұр Есеновалар (Шиелі БЖСМ)  жақсы ойын өрнегін көрсетті.

Жекелей есеп бойынша Бексұлтан Бостандықов (Сырдария БЖСМ) жеңімпаз атанды. №2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінен Самал Ермекбай  екінші орынды иеленді. Рамазан Айшықхан (Жалағаш БЖСМ) мен Фархад Кемали (Қазалы БЖСМ) үшінші орынды еншіледі. 


Таеквондошылар екінші орында

 

  Алматы қаласында 17-19 мамыр аралығында таеквондодан Қазақстан Республикасының  III Жастар спорт ойындары өтті. Аталмыш жарыста Қызылорда облысының құрама командасы командалық есепте 481 ұпаймен екінші орынды иеленді.

  Жекелей сында жеңімпаз атанған спортшылар: 49 келі салмақта Айнұр Есбергенова, 73 келіде Николай Иванов (екеуі де №1ОМБЖОРМ), 52 келіде Жазира Сапарбек (№2ОМБЖОРМ) пен  55 келіде Ербол Бейсенбаев  (спорт интернат). Жеңімпаздар осы жарыстан ҚР спорт шебері нормативін орындады.

2-орынды иеленгендер: 42 келіде Гүлмарал Ибрагимова (Шиелі ауд. Көкшоқы елді мекені), 48 келіде Бексұлтан Серікбаев (Спорт интернат), 59 келіде Расул Мүсілім мен 63 келіде Нұрғиса Жандос (екеуі де №1ОМБЖОРМ).

3-орынды иеленгендер: 44 келіде Маржан Егізбай, +68 келіде Венера Егемберді (екеуі де Көкшоқы елді мекенінен), 45 келіде Әділет Анаят (спорт интернат), 63 келіде Назкен Дүйшенбейова (Байқоңыр қ.), 68 келіде Эланора Сейтова (Арал ауд.), 68 келіде Асхат Қалымбетұлы мен +78 келіде Айбек Тәңірберген (екеуі де Қазалы қаласынан)

Спортшыларды жарысқа Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан, Сламбек Мұсатаев, Мади Исмайлов, Асылбек Абзалов, Аман Жакудаев дайындады.

Енді жеңімпаз атанған спортшылар үстіміздегі жылдың 20-23 маусым аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. 


Жеңіл атлеттер ел біріншілігінен жеті жүлдені иеленді

 

  Алматы қаласында үстіміздегі жылдың 19-20 мамыр күндері жеңіл атлетикадан 1998-99 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталмыш жарыстан №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жақсы өнер көрсетіп,  3 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені иеленді.

 Атап айтсақ,  қыздар арасында Анастасия Щадыло (Қызылорда, №1БЖСМ) 4.58.43 сек нәтижесінде 1500 м қашықтыққа жүгіруден жеңімпаз атанса, 800 м жүгіруден 2-орынды жеңіп алды. Ал қармақшылық Рахымжан Келманов 1500 м қашықтыққа жүгіруден топ жарды.

Ұлдар арасында ядро итеруден 13м53 см нәтижесімен бірінші болып Руслан Мұратбаев бірінші орынды жеңіп алды. Бекболат Мүсілімов 5.05.03 сек. нәтижесімен 1500 м кедергілер арқылы қашықтыққа жүгіруден қола жүлдені иеленді.

 Қыздар арасында Светлана Саунина 5.05.46 сек. нәтижесінде 1500 қашықтыққа жүгіруден және  ұзындыққа секіруден Анжела Саидгазиева 5м 01сек. 3-орынға ие болды.

Спортшыларды жарысқа  Наталья Лептикова, Владимир Лептиков, Руслан Омаров, Ирина Юнгкинд және Мұрат Кетебаев  дайындады. 


Қызылордалық футболшылар жеңімпаз атанды

 

  Қазақстан футболының 100 жылдығына арнап 11-17 мамыр аралығында Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының жас аяқдопшылары топ жарды.

  Шара 1998 жылы туылған мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер футбол спорт мектептері оқушыларының арасында ұйымдастырылды.  ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің және Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен  өткізілген жарысқа республикамыздың көптеген өңірлерінен 12 команда, 200-ден аса  спортшы бақ сынады.

  Жарыста Астана, Алматы қалалары мен облыстардың 12 командасы 2 топқа бөлініп, өзара күш сынасты. Жеті күнге созылған жарыстың ақтық сынында  Қызылорда облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының футболшылары кездесті. Тартысты өткен ойында қызылордалықтар 2:0 есебімен басым түсті. Жарыста «Үздік шабуылшы» номинациясымен қызылордалық Өркен Маханов марапатталды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, кубок және дипломдармен марапатталса, номинция иегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді. 


Гір көтеру  спортынан - Азамат Әлем чемпионы!

 

  Украинаның Керчь қаласында үстіміздегі жылдың 17-19 мамыр аралығында гір көтеру спортынан 1995-97 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.  Аталмыш жарысқа 12 мемлекеттен  200-ден аса спортшылар қатысты.

  Қазақстаннан 6 спортшы қатысып, тек қана Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағанбетов ауылынан Азамат Ақылбеков чемпион атанды.  Ол 70 келіде жекелей жаттығуда сынға түсіп жұлқи көтеруде 150 рет, серпи көтеруде 37 рет  24 келі гір тасын көтерді.   Азамат Тоқмағанбетов ауылында №135 орта мектептің 10-сыныбында оқиды. 8-сыныптан бастап гір спортымен  айналысып келеді. Биылғы жылы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Айта кетерлігі, Азамат халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып отыр, сондықтан бұл жүлдесі - үлкен жетістік. Оны Дархан Бодықов жаттықтырады.

  Сонымен қатар, Керчь қаласында осы уақыт аралығында ардагерлер арасында гір көтеру спортынан Еуропа біріншілігі  өтті.

 Аталмыш жарыста сырдариялық 40-44 жас аралығында сайысқа түскен Оразбек Медетбаев 60 келі салмақта жеңімпаз атанды.

 

  Сондай-ақ Керчь қаласында ардагерлер арасында  Әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарыста Байқоңыр қаласынан  Равиль Кульдеев 40-44 жас аралығында 90 келіде бірінші орынды жеңіп алды. Ал жаңақорғандық 50-55 жас аралығында  Серік Ибрагимов 85 келіде Әлем чемпионы  атанды және қола жүлдеге ие болды. 


Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында

 өткізілген Спартакиада

 Жамбыл облысы, Тараз қаласында 17-27 мамыр аралығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының IV Спартакиадасы  аяқталды. Оған  Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан келген 1000-дай спортшы спорттың 13 түрінен бақ сынады.

  Спорттық ойындардың қорытындысына келетін болсақ, отырып ойнау волейболынан Қызылорда облысының құрама командасы жүлделі  3-ші орынды иеленді.

  Пауэрлифтингтен Кабира Асқарова 50 келіге дейін  чемпион атанды. 73 келіге дейін Райля Қорғанбаева мен 65 келіге дейін Айбек Әбжан 1-ші орынды жеңіп алды. 52 келіге дейін Ерболат Әлімбетов күміс жүлдені еншіледі.

  Жеңіл атлетикадан Ислам Салимов пен Максим Коротченко 200, 400 және 800 м қашықтыққа жүгіруден  алтын медальді иеленді.

  Ядро итеруден Еламан Жоламан топ жарды. Алмат Манабаев 2-ші орынды иеленсе, Эрик Қасқабаев 3-ші орынды қанағат тұтты.

 

  Ал диск лақтырудан  қармақшылық Әсел  Қозбағарова    мен  Алмат Манабаев екінші орынға ие болса, найза лақтыруда (метание копья) Әсел Қозбағарова қола жүлдені иеленді. 


Кикбоксингтен жүлделі оралды

 

  Кикбоксингтен еліміздің жасөспірімдер құрама командасы маусымның 6-9 аралығында Алматы қаласында аяқталған Қазақстан біріншілігінен 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальді олжалап қайтты.   Оған еліміздің әр өңірінен 1999-2002 жылдары туылған 300-ге жуық ұл-қыздар қатысты.

 

  Жарыс кикбоксингтің фул-контакт жүйесі бойынша өткізілді. Нәтижесінде 39 келі салмақ дәрежесінде Данияр Омар (2000 ж.) алтыннан алқа тақты. 63 келіде Ернар Өтеген (1999 ж.) бірінші орынды иеленсе, 27 келіде Диас Қарманов (2002 ж.), 30 келіде Рахат Жартай (2000 ж.), 33 келіде Әділет Бектібай (1999 ж.) мен Ғазиз Капездер (2000 ж.) күміс жүлдегер атанды. Ал 36 келі салмақта Абзал Кенжебек (1999 ж.) қола жүлдеге қол жеткізді. Спортшылардың барлығы №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады. 


Отырып ойнау волейболынан жерлестеріміз III орынды иеленді

 

14-17 маусым аралығында  Польшаның Эльблонг қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан Польша кубогы өтті.

Аталмыш жарыста Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан құралған ұлттық құрама сапында  өнер көрсеткен жерлестеріміз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуовтер  қола жүлдеге ие болды.

 

Енді спортшылар шілде айында Финляндияның Лаппеенранта қаласында  болатын Финляндия Кубогына қатысады. 

 


Александр Зайчиков - Азия чемпионы!

 

20-26 маусым аралығында Астана қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеде жерлесіміз, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінен Александр Зайчиков 94 келі салмақта Азия чемпионы атанды.  Ол жұлқи көтеруде 175, серпе көтеруде 210, қоссайыста 385 келіні бағындырды.

Александр енді 6-12 шілде аралығында Ресейдің Казань қаласында өтетін Бүкілдүниежүзілік универсиадаға қатысады.


Бауыржан - Әлем чемпионы атанды!

Американың Майами қаласында үстіміздегі жылдың 8-12 тамыз аралығында 1996-98 жылдары туылған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Әлем чемпионаты өтті.

Аталмыш додада Сыр өңірінен 55 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз, 16 жастағы Бауыржан Жауынтаев Әлем чемпионы атанды.

АҚШ татамиінде ол Перу, Украина, Америка, Грузия, Италия елдерінің спортшыларымен сынға түсіп, барлығын айқын басымдықпен жеңіп, ел намысын жоғары деңгейде қорғады.

Б.Жауынтаев 1997 жылы 14 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген. 10 жасынан бастап дзюдо күресімен айналысып келеді.

Бауыржан 2012 жылы Якутияда өткен «Азия балалары» ойындарының қола жүлдегері, Чехияның Теплице қаласында Еуропа кубогының чемпионы атанса, Қытайдың Тайпей қаласында өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа тағып, ҚР спорт шеберлігі нормативін орындаған болатын.

Жас та болса, өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқан ол  Қызылорда облысындағы Ж.Баһадүр атында спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатты биыл бітірді. Оны білікті бапкер Қален Қалиұлы жаттықтырады.

Бауыржан келесі жылы Қытайдың Нанджинг қаласында өтетін жасөспірімдер арасында Олимпиадаға қатысуға жолдама алды. Тынымсыз еңбек пен төккен тердің жеңіс әкелетіні даусыз. Ендеше, «Бауыржанға жеңісті сәттерің көп болсын!» - дейміз.


Көгалдағы хоккейден сырдариялықтар жеңімпаз атанды 
 
Ресейдің Казань қаласында үстіміздегі жылдың 11-17 қыркүйек аралығында көгалдағы хоккейден  (жоғарғы лига) Ресей елінің ашық чемпионатының бірінші айналымы  өтті. Аталмыш жарысқа Казань (Динамо), Мәскеу (Динамо электросталь), Екатеринбург (Динамо), Самара облысы (Динамо), Ростов-на-Дону («Тан» хоккей клубы), Санкт-Петербург (Динамо) және  Қазақстаннан («Сырдария» спорт клубы)  7 команда қатысты. 
Нәтижесінде 10 ұпаймен Қызылорда облысының Сырдария ауданының командасы жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Мәскеудің «Динамо электросталь» командасы иеленсе, үшінші орынды Самара облысының «Динамо» командасы алды. Ал төртінші орынды  Казань каласының «Динамо» командасы еншіледі.  
«Үздік шабуылшы» номинациясымен Нұрхан Сансызбаев  («Сырдария» спорт клубы) марапатталды. 
«Сырдария» спорт клубы командасын жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
Айта кетейік, тамыз айында Алматы облысында өткен көгалдағы хоккейден ҚР Кубогында Сырдария ауданы бірінші орынды иеленген болатын.
Ресей елінің ашық чемпионатының келесі II айналымы келесі жылдың наурыз айында Ростов-на-Донуда өткізілсе, III айналымы  - 2014 жылғы қыркүйек айында Санкт-Петербургте, IV айналымы – қазан айында Мәскеуде болады. 
III Еуразиялық  спорт ойындарында қызылордалықтар 19 жүлдені иеленді
 
15-20 қыркүйек аралығында Алматыда ІІІ Еуразиялық спорттық ойындар додасы аяқталды. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің 1996-2000 жылдары туған жас спортшылары қатысты.
Бұл дүбірлі додада Сыр елінің спортшылары 8 алтын, 9 күміс, 2 қола медальды иеленіп, жақсы нәтиже көрсетіп қайтты. 
Атап айтсақ, дзюдодан Адия Сайын (40 келі), Бауыржан Жауынтаев (60 келі, екеуі де №1ОМБЖОРМ), Ақниет Тұрдан (63 келі, Жаңақорған ауданы) жеңімпаз атанса, ІІ орынға Назерке Орынтай (78 келі, №5ОБЖСМ) мен Мағжан Шамшадин (50 келі, спорт интернат) ие болды. Ал үшінші орынды Жанерке Қуанышева (70 келі, Шаған БЖСМ) қанағат тұтты. 
Самбодан І орынды Дамир Әбдеков (55 келі, Қармақшы БЖСМ) жеңіп алса, ІІ орынды Гүлбибі Медетбай (56 келі), Ләйлә Арыстанбек (65 келі, екеуі де №1ОМБЖОРМ), Ақерке Жұмадилова (44 келі), Диана Тілеумұратова (41 келі), Набира Сламбекова (48 келі, үшеуі де Қармақшы БЖСМ) өзара бөлісті. Ал үшінші орынды Әзиза Бақтыбай (52 келі, №1ОМБЖОРМ) иеленді. 
Қазақ күресінен Райымбек Рантаев (51 келі, Шиелі БЖСМ), Рахман Әбдрашит (57 келі, Жаңақорған БЖСМ), Аязбек Шүкір (72 келі, №1ОМБЖОРМ) алтыннан алқа тақты. Таеквондодан І орынды Жазира Сапарбек (49 келі, №2ОМБЖОРМ), ІІ орынды Ербол Бисенбаев (51 келі, спорт интернат) иеленді. Ал жеңіл атлетикадан Щадыло Анастасия (№1БЖСМ)  2000 м кедергі арқылы жүгіруден ІІ орынды алды. 
 

Мәнерлеп сырғанаудан Элизабет күміс жүлдегер атанды
25-28 қыркүйек аралығында 20 ел қатысқан Белоруссия астанасы Минскте мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран При додасы аяқталды. Қызылордалық  Элизабет Тұрсынбаева қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды. 13 жасар Элизабет мұндай үлкен жарысқа бірінші мәрте қатысып отыр. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші тұрған Элизабет, еркін бағдарламада америкалық спортшыға есе жіберіп қойды. 
Жарыс қорытындысы бойынша I орын  - Полина Эдмундс (АҚШ) – 165,77. II орын  -  Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) – 150,83.  III орын  - Рика Хонго (Жапония) – 144,97. Енді Элизабет Болгарияда болатын жастар арасындағы Әлем чемпионатына қатысады. 
Элизабет Тұрсынбаева  - 2012 жылғы Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер Мәскеу біріншілігінің (2013 ж.) және Нижегород облысының ашық біріншілігінің (2012 ж.) жеңімпазы,  2012 жылғы Ресей кубогының күміс жүлдегері. 

Мерей Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Өзбекстанның Самарханд қаласында үстіміздегі жылдың 26-29 қыркүйек аралығында байдарка және каноэде есуден ересектер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарысқа 38 елдің спортшылары қатысты. 
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі Мерей Медетов (1987 ж.) каноэде есуден Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Ол  500 м  қашықтықта жүріп өтті. 
Жарысқа Мерейді ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мухитдин Мейірбеков  дайындады. 
Ол  2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчеон қаласында болатын Азия ойындарына қатысады. Қазіргі таңда Мерей Ташкент қаласында оқу-жаттығу жиынында шеберлігін шыңдауда. 
 

«Ақ бидай»  республикалық V ауыл спорт ойындары аяқталды 
 
Ағымдағы жылдың 7-14 қазан аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында «Ақ бидай» республикалық V ауыл спорт ойындары аяқталды. Байрақты бәсекеде 14 облыстан келген мың жарымнан астам спортшы спорттың   12  түрінен күш сынасты. 
Ауыл спорт ойындары 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғаш рет   Астана қаласында өткізілген болатын. Төрт жылда бір рет өтетін кешенді додада кәсіпқой спортшылар емес, салауатты өмір салтын серік еткендер өнер көрсетеді. 
Спорт ойындары бағдарламасы аясында спортшылар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол (ерлер, әйелдер), қол күрес, гір көтеру, көкпар, аламан бәйге 21 шақырым, бәйге 11 шақырым, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан  жарыс көрігін қыздырды. 
Жарыс қорытындысында аударыспақтан 70 келі салмақ дәрежесінде жаңақорғандық Пазылхан Өміртаев пен теңге ілуден сырдариялық Жарқынбек Алмағанбетов  қола жүлдегер атанды. 
Шағын-футбол сайысына 14 команда қатысты. Қызылорда облысының құрама командасы (жаңақорғандықтар Ерлан Әптаев, Абдулла Алайдаров, Азамат Омаров,  Қазалы ауданынан Дархан Ысқақов, Жандос Нәбиев, Олжас Орынбеков, Шиелі ауданынан Пазылбек Бекпанов, Абылай Серікбаев, Ернар Кенжалиев) жақсы өнер көрсетіп, 2-орынды жеңіп алды. 2009 жылы 7-орында болатын. 
Қазақ күресінен қызылордалықтардың мерейі үстем болып, 16 ұпаймен жалпы командалықта екінші орынға ие болды. Атап айтсақ, 70 келіде Ғалымжан Әбдірахманов жеңімпаз атанды. 60 келіде Бауыржан Райсов, 90 келіде Нұрым Сәлімгереев пен +90 келіде Марат Баймахановтар күміс жүлдені иеленді.  
Спорт ойындарының қорытындысында Қызылорда облысының командасы жалпы есепте 120  ұпай жинап, 14 облыстың арасында 7-орынды иеленді. Айта кетейік, 2009 жылы Петропавлда 11-орынды иеленген болатын.  
Еламанның 3 медалі
 
Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 25-30 қазан аралығында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында II Азия ойындарында жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті.  Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Еламан Жоламан ұзындыққа секіруден алтыннан алқа тақса, ядро лақтырудан екінші орын, найза лақтырудан қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, осы Азия ойындарында отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрама командасы 3-орынды иеленді. Команда құрамында жерлестеріміз Шыңғыс Медеуов, Дәурен Ахметов және Эрик Қасқабаевтар сынға түсті.  Бұл сында спортшыларды жарысқа дайындаған Қазақстан құрама командасының аға жаттықтырушысы Э.Қасқабаевтың еңбегі айтарлықтай. 
ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Еламанның бапкері Юрий Мощеев: 
- Еламан Азия чемпионатына алғаш рет қатысып отыр, сондықтан бұл жүлдесі – оның үлкен жетістігі. Еламан 1995 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жеңіл атлетикамен 2 жылдан бері айналысып келеді. Биылғы жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының  IV Спартакиадасының жеңімпазы атанды. Енді келесі жылы Кореяда болатын Азия ойындарына дайындықты бастаймыз. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы   көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжде 2 курста оқиды. Спортшыларымыздың ізін басып келе жатқан жас өреніміз алдағы уақытта биік белестерді бағындыратынына сенімдімін. 

Қызылорда облысының спортшылары Азия чемпионатынан

 8 жүлдемен оралды!

 

11-14 желтоқсан аралығында Қытай елінің Хайнань қаласында дзюдодан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарысқа 21 мемлекеттен 160 спортшы қатысты.

Қызылорда облысынан 10 спортшы барып, оның 8-і жүлдемен оралды. Қазақстан құрамасы 3 алтын иеленсе, осы үш алтынның екеуін біздің жерлестеріміздің еншісінде, біреуін Жамбыл облысының спортшысы иеленді. Жалпыкомандалықта Қазақстан құрама командасы 3-орында, 1-орын – Қытай, 2-орын - Өзбекстан.

Атап айтсақ, жасөспірімдер арасында  40 келіде өнер көрсеткен Гүлдана Мұрат пен 50 келіде Мағжан Шамшадин (екеуі де спорт интернат) жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады.

55 келіде Бауыржан Жауынтаев (№1 ОМБЖОРМ) күміс жүлдегер атанса, 60 келіде облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Нұрсұлтан Иса үшінші орынды иеленді.

Ал жастар арасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалықта төртінші орынға ие болды.  60 келіде Ерлан Жақсыбеков (олимпиадалық даярлау орталығы) пен +100 келіде  Еламан Ерғалиев күміс жүлдені еншілесе, 100 келіде Әділхан Қозыбаев пен 63 келіде Ақерке Мырзабек (үшеуі де ЖСШМ) қола жүлдегер атанды.

Б.Жауынтаев пен А.Сайын келесі жылы тамыз айында Қытайдың Нанджинг қаласында болатын жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына  қатысады. Тынымсыз еңбек пен төккен тердің жеңіс әкелетіні даусыз. Ендеше, спортшыларға сәттілік тілейміз! 


 

2012 жылы өткізілген спорттық іс шараларға байланысты ақпарат

 

Шахматтан облыстық біріншілік өткізілді

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17-22 қаңтар аралығында Қызылорда қаласында шахматтан ерлер арасында облыс біріншілігі өткізілді. Оған Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан және Қызылорда қаласынан 19 шахматшы қатысты. Ойын шахматтың классика түрінде өткізілді.

Мақсаты – облыс көлемінде шахмат ойынын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, шахматтан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін облыс құрама командасын іріктеу.

Жарыс қорытындысы бойынша қызылордалық Ғалымжан Ибраев 7 ойыннан 6 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орынды 5 ұпаймен қызылордалық Тимур Қасымов алса, үшінші орынды 5 ұпаймен жаңақорғандық Әділет Ерсерік иеленді.

Алдағы уақытта 20-29 ақпанда спортшылар Павлодарда өтетін шахматтан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады. 

Еркін күрестен спорт мектептері оқушылары арасында облыс біріншілігі

Ағымдағы жылдың 26-28 қаңтар аралығында Қызылорда қаласында еркін күрестен спорт мектептері оқушылары арасында облыс біріншілігі аяқталды. Онда 1995-1996 жылдары туылған жасөспірімдер сынға  түсті. Қызылорда қаласы мен аудандардан 100-ден аса спортшы қатысқан жарыс 10 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді.

Еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Амановтың айтуы бойынша, жарысты өткізудегі мақсат облыс көлемінде еркін күресті дамыту, спортшылардың шеберлігін шыңдап, алдағы  ақпан айында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына балуандарды іріктеу болатын. 

Он салмақ дәрежесінде өткізілген біріншіліктің қорытындысында  Сырдария ауданынан Қалижан Сағидулла (42 келі),  жаңақорғандықтар Нұртөре Бектас (46 келі), Бағдәулет Шәдімханов (50 келі), Жасұлан Сәруаров (54 келі), Марат Байтемір (58 келі), Азамат Жарқынұлы (63 келі), Ғалымжан Ибадулла (69 келі), Арал ауданынан Данияр Ерімбетов (85 келі), қызылордалықтар  Құнанбай Қалдыбек (76 келі) пен Әлібек Жанұзақ (100 келі) сынды балғын балуандар чемпион атанды

еркін күрестен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты

Ағымдағы жылдың 1-2 ақпан аралығында Өскемен қаласында еркін күрестен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 16 команда, 200-ге жуық  балуандар екі күн бойы боз кілемде өз шеберліктерін паш етті.

Жарыс 8 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Оған біздің облыстан 8 спортшы қатысып, оның 4-уі жүлдемен оралды. Олар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальды олжалады.  Облысымыздың намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміз, жоғары спорт шеберлігі мектебінің оқушысы Азамат Шағапұлы (55 келі) алтыннан алқа тақса,  осы мектептің спортшысы Қанат Мұсабеков  (60 келі) күміс жүлдегер атанды.  Ал №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінен Беглан Қанатханов (84 келі) пен жоғары спорт шеберлігі мектебінен Нұржан Өмірбеков (96 келі) үшінші орынды иеленді.

Жарысқа спортшыларды Ақылбек Әбдімәуленов, Қайрат Оралбеков, Сайдбек Ақылбеков пен Ильман Изатов сынды мамандар дайындады.

Енді спортшылар алдағы уақытта мамыр айында өтетін Азия чемпионатына дайындалуда. 


Дзюдо

Ағымдағы жылдың 3-5 ақпан аралығында Шымкент қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған  Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 1996-1997 жылдары туылған ұлдар мен қыздардан 612 спортшы қатысты. Жарыс 9 салмақта өткізілді. (46, 50, 55, 60,66, 73, 81, 90, +90 келі)

Тартысты додада командалық есепте Қызылорда облысының командасы үшінші орынды иеленді.

Біздің спортшылар 2 алтын, 1  күміс, 4 қола медальды олжалады. Атап айтсақ, 50 келі салмақта Бауыржан Жауынтаев пен 60 келі салмақта Нұрсұлтан Иса (екеуі де Ж.Баһадүр атындағы спорт  интернат) чемпион атанды. 50 келіде Жақсыбек Жеңісбек  (Жалағаш ауданы) екінші орынға ие болды. 50 келіде Сабыр Өмірзақ, 57 келіде Айжан Болат (екеуі де Ж.Баһадүр атындағы спорт  интернат), 40 келіде Адия Сайн (№1 ОМБЖОРМ) және 63 келіде Ақниет Тұрдан (Жаңақорған ауданы)  қола жүлдеге ие болды.

Спортшыларды жарысқа Қален Қалиұлы, Ришат Бурлов, Арман Молдаханов, Қайрат Төленов, Қайрат Абылахов, Жанарбек Сансызбаев дайындады.

Енді спортшылар маусым айында Якутияда өтетін Азия балалары спорттық ойындарына қатысуға дайындалуда. 


Гандбол. Қызылордалықтар - жеңімпаз атанды!

2011 жылдың 6 - 12 ақпан аралығында Қызылорда қаласында гандболдан 1996-97 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа  Астана, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Қостанай және Қызылорда қалаларынан барлығы 8 команда, 120 спортшы қатысты.

Мақсаты -  салауатты өмір салтын насихаттау, гандболды Республика көлемінде кеңінен насихаттау, жасөспірімдердің спорттық шеберлігін  арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының командасы 14 ұпаймен  бірінші орынды иеленді.

Команда құрамында Михаил Снежков, Шыңғыс Алтынбек, Нұрғалым Нұрлыбай, Артем Чугунов, Михаил Быков, Драго Зайчиков, Айбек Тәттібаев, Мағжан Кенжебек, Еркін Әбдікәрімов, Айдар Иржанов, Тимофей Снежков, Абзал Ислам, Наурыз Темір, Асан Сейтжан, Нагимзян Галямов, Аман Кумарбаевтар ойнады.  


Қабира Паралимпиада ойындарына жолдама алды

Ағымдағы жылдың 5-10 ақпан аралығында Малайзияның Куала лумпур қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында  пауэрлифтингтен (жатып штанга көтеру) халықаралық жарыс өткізілді. Оған 15 мемлекет қатысты. Аталмыш жарыста  Пауэрлифтингтен Кабира Асқарова  44 келі салмақта төртінші орынды иеленіп, 2012 жылы Лондонда өтетін Паралимпиадалық ойындарына жолдама алды. Кабира ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан  чемпионатының 10 дүркін чемпионы, Паралимпиадалық Азия ойындарының қола жүлдегері. Ол қазіргі таңда ҚМУ студенті. 2007 жылдан бастап пауэрлифтингпен айналысып келеді. Кабираның жаттықтырушысы Александра Инкижекова.

Ал 1992 жылы туылған Айбек Әбжан 60 келіде жақсы нәтиже көрсете алды.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында  жеңіл атлетикадан Анжелика Сайдгазиева мен Ислам Салимов  алдағы 8-20 наурызда  Біріккен Араб әмірлігінде өтетін іріктеу турниріне қатысады.

Байрақты бәсекеде облыс намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тілейміз.


Төрт таеквондошымыз топ жарды

Акпанның 10-12 күндері Тараз қаласында  таеквондодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда 14-17 жас аралығындағы ұлдар 10 салмақта, қыздар 10 салмақта сынға түсті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 250-ге жуық спортшы қатысты.

Жалпы командалық есепте Қызылорда облысының спортшылары үшінші орынды иеленді. Бірінші орында  - Тараз қаласы, екінші орында – Алматы қаласы.

Жерлестеріміз 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді иеленді. Атап айтсақ, Арайлым Ниятова (44 келі, Арал), Перизат Жұбанова (46 келі, Қазалы), Жазира Сапарбекова (49 келі, №2ОМБЖОРМ), Меруерт Көпболсынова  (63 келі, Сырдария) алтыннан алқа тақты. Ербол Бейсенбай (51 келі, спорт интернат), Айнұр Есбергенова (46 келі, №1ОМБЖОРМ) Николай Иванов  (68 келі, №1ОМБЖОРМ) екінші орынды жеңіп алса, Әсел Нагмеддинова (42 келі, №1 ОМБЖОРМ), Нұрлан Камар (59 келі, спорт интернат), Нұрдәулет Қадырбай (73 келі, Қазалы) қола жүлдегер атанды.

Спортшыларды жарысқа Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан, Мади Исмайлов, Серік Жиенбаев, Руслан Тлеулиев, Марат Алдабергенов, Ердәулет Махамбетов дайындады.

Енді спортшылар сәуір айында Вьетнамның Хошимин қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда.


Шахмат

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-17 ақпан аралығында Қызылорда қаласында  шахматтан 10, 12 және 14 жастағы жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өткізілді. Оған аудандар мен Қызылорда қаласынан 45 шахматшы қатысты. Ойын шахматтың классика, швейцар, айналмалы түрінде өткізілді.

Мақсаты – облыс көлемінде шахмат ойынын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін облыс құрама командасын іріктеу.

Жарыс қорытындысы бойынша:

10 жас қыздар:

I орын Сақыпжамал Бармағамбетова (Арал)

II орын Назерке Нұрғали (Қызылорда)

III орын Алуа Өткелбай (Қызылорда)

10 жас ұлдар:

I орын Самал Әбдуәли (Қызылорда)

II орын Дамир Пірмағамбетов (Шиелі)

III орын Диас Пірмағамбетов (Шиелі)

12 жас қыздар:

I орын Назгүл Қадырова  (Қызылорда)

II орын Динара Қарасай (Қазалы)

III орын Назгүл  Шамшит (Қармақшы)

12 жас ұлдар:

I орын Бауыржан Ердәулет  (Қызылорда)

II орын Ақнар Махмұдов (Қармақшы)

III орын Бақытжан Мырзағұл (Қазалы)

14 жас қыздар:

I орын Несібелі Сырымбет  (Қызылорда)

II орын Асылы Серік (Қазалы)

III орын Ләйлә Әбдуәли (Қызылорда)

14 жас ұлдар:

I орын Әсел Серікбай  (Қызылорда)

II орын Әділет Ерсерік (Жаңақорған)

III орын Сабыржан Әбдімәлік (Қызылорда)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.

Жарысқа Риза Қошқарова, Әбу Төремаханов, Әбдірайм  Шүренов, Ерсерік Түкібай, Ғабит Нұрханов, Бекболат Мизамбаев сынды жаттықтырушылар дайындады.

Енді шахматшылар 17 наурыз – 3 сәуір аралығында  Астана қаласында  өтетін шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады. 


Дзюдо. Сыр спортшылары бірінші орынды иеленді

16-19 ақпан аралығында Қарағанды қаласында дзюдодан 1993-1995 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 16 команда қатысты. Жарыс 16 салмақ дәрежесінде өткізілді. (ұлдар: 55, 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі, қыздар: 44, 48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келі )

Жалпы командалық есепте Қызылорда облысының спортшылары бірінші орынды иеленді.

Жерлестеріміз 4 алтын, 1 күміс, 4 қола медальді иеленді. Атап айтсақ, Ерлан Жақсыбек (60 келі, Қармақшы), Саламат Жұрқабаев (66 келі, №1ОМБЖОРМ), Ақерке  Мырзабек (63 келі, спорт интернат), Мархаббат Ақылбаева (78 келі, ЖШСМ) алтыннан алқа тақты. Мереке Құдайбергенова (78 келі, Түгіскен), екінші орынды жеңіп алса, Айбек Серікбаев (90 келі, ЖШСМ), Әділхан Қозыбаев (90 келі, ЖШСМ), Еламан Ерғалиев (100 келі, Қармақшы), Мөлдір Болатбекова (57 келі, Тасбөгет спорт мектебі) қола жүлдегер атанды.

Спортшыларды жарысқа Жанарбек Сансызбаев, Қален Қалиұлы, Дархан Әлмаханов, Гүлжан Жұманова, Тұрар Баймаханов, Бақберген Тәттімбетов дайындады.

Алдағы  22-28 наурызда ұлдар Германияның Бремен қаласында, қыздар Эрфурт қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады. 


Тоғызқұмалақтан республикалық турнир Н.Ергешбаевты еске алуға арналды

Ағымдағы жылдың 5-10 наурыз аралығында Қызылорда облысы, Сырдария ауданында белгілі қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан  республикалық жекелей  турнир аяқталды.

Осымен дәстүрлі төртінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан Жамбыл, Қостанай және Қызылорда облыстарынан келген 153 спортшы бақ сынады. Олардың арасында 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 15 спорт шебері, 50 спорт шеберлігіне үміткер бар. Турнир  швейцар жүйесі бойынша 18 жасқа дейінгілер арасында 9 тур, ал 18 – ден жоғары жастағы ерлер арасында 7 тур, қыздар арасында 9 турдан өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

 

18 –ден жоғары

 

18 жасқа дейінгі

Ерлер

I орын Біржан Елеусінов (Қызылорда)

II орын Хәкімжан Елеусінов (Қызылорда)

Ұлдар

II орын  Рамазан Айшыққан (Жалағаш ауданы)

Қыздар

I орын Әсел Дәлиева (Қызылорда)

II орын Ақторғын Қошқарова (Қызылорда)

III орын Фарида Ауесбаева (Қызылорда)

Қыздар

I орын Бейбіткүл Әбдірахманова (Қызылорда)

III орын  Айнұр Есенова (Шиелі ауданы)



Ислам Параoлимпиада ойындарына жолдама алды

10-13 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан халықаралық лицензиялық турнир өтті.

Бұл турнирде жерлесіміз Ислам Салимов  ұзындыққа секіруден бірінші орынды, 400 метр қашықтыққа жүгіруден екінші орынды, 800 метр қашықтықта төртінші орынды иеленді.

Ал 17-19 наурызда Біріккен Араб Әмірлігінің Шардж қаласында өткен халықаралық турнирде ұзындыққа секіруден  бірінші орын, 200 метр қашықтыққа жүгіруден  бірінші орынды, 400 метр қашықтықта төртінші орынды иеленді. Ол халықаралық турнирлерден екі мәрте нормативті орындап,  2012 жылы Лондонда өтетін Паралимпиадалық ойындарына жолдама алды.

Ол 1989 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2004 жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналысты. ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия ойындарының қола жүлдегері. Ислам  қазіргі таңда ҚМУ-ң 4 курс студенті.

Жарысқа дайындаған бапкері -  ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мощеев Юрий. 



Кикбокс

Ағымдағы жылдың 22-24 наурыз аралығында Семей қаласында ерлер арасында кикбокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталмыш сынға Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 200-ден аса спортшы кикбокстың к-1 жүйесі бойынша  бақ сынады.

Қызылорда қаласынан 10 спортшы барып, 6-уы жүлдемен оралды. Атап айтсақ, жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 81 келіде Жалғасбай Әбшекенов чемпион атанды. 86 келіде Ахмедияр Аманжолов екінші орынды иеленіп, ҚР спорт шеберлігі нормативін орындады. 51 келіде Фархад Жанұзақов пен Нұрсұлтан Сапаров,  54 келіде Нұрлан Ишекенов, 71 келіде Данияр Сарсенбаев қола жүлдені иеленді.

Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Берік Ахметов дайындады. 



Тоғызқұмалақтан ҚР жасөспірімдер чемпионаты

2012 жылдың 25 - 30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ұлттық ойынды ұлық тұтқан жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда 280  спортшы, 10,12,14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар шеберлік байқасты. Жарыс 9 турда швейцар жүйесімен өткізілді.

Әрбір ойыншыға классикалық ойында 1 сағ. 30 минуттан, ал шапшаң ойында - 7 минуттан уақыт берілді. Ашылу салтанатына Қызылорда  облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев, ҚР тоғызқұмалақ қауымдастығының вице президенті, филология ғылымының кандидаты Мақсат Шотаев қатысып, барлық спортшыларға сәттіліктер тіледі.

Алты күнге созылған зияткерлік ойын аса тартысты болды. Бұдан тоғызқұмалақ ойынының күн санап, қанатын кеңге салып, өркен жайып келе жатқанын байқауға болады. Аталмыш сында Қызылорда облысының спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медальді иеленді.

              Жарыс қорытындысы бойынша

12 жас қыздар: (классика түрінен)

1 орын Қымбат Рахымжан (Қызылорда)

2 орын Ақерке Кенжебекова (Сырдария ауданы)

14 жас қыздар:

1 орын Самал Ермекбай (Қызылорда)

2 орын Үміт Сақташева (Арал ауданы)

10 жас ұлдар: (шапшаң түрінен)

3 орын Дамир Денеев (Қызылорда)

12 жас қыздар:

1 орын Қымбат Рахымжан  (Қызылорда)

3 орын Нұрсұлу Маханова (Сырдария ауданы)

14 жас қыздар:

1 орын Қызжібек Әбілдә (Жалағаш ауданы)

3 орын Самал Ермекбай (Қызылорда)

Жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында   «Үлгілі жазу» номинациясы бойынша  Сейілхан Мығымбай (Қызылорда облысы) марапатталды. 


Шахмат

Ағымдағы жылдың 20 наурыз – 1 сәуір аралығында Астана қаласында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа  8-18 жастағы,  400-ден аса шахматшылар кімнің мықты екенін анықтады.

 Сыр өңірінен 13 оқушы барып, 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді иеленді. Ойын шахматтың швейцар жүйесі бойынша классика, блиц, рапид түрінде өткізілді.

Жарыстың қорытындысы бойынша:

Шахмат түрі

1 орын

2 орын

3 орын

классика

(9 тур)

Әсел Серікбай  8,5 ұпай

(10 жас)

Назерке Нұрғали 8 ұпай (8 жас)

Самал Әбдуәли

7,5 ұпай

(10 жас)

 

рапид

(9 тур)

 

Әсел Серікбай

7,5 ұпай

(10 жас)

Самал Әбдуәли

 7 ұпай

(10 жас)

Назерке Нұрғали

 7 ұпай (8 жас)

Блиц

(11 тур)

Әсел Серікбай  10 ұпай

(10 жас)

Назерке Нұрғали 10 ұпай (8 жас)

   

№2 Қызылорда облысының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын балғын шахматшылардың жаттықтырушысы Риза Қошқарова.

 Үшеуі де №136 орта мектепте оқиды.

Енді Әсел Серікбай 27 сәуір - 6 мамыр аралығында оқушылар арасында Румынияның Яссы қаласында өтетін Әлем чемпионатына, маусым айында Самал Әбдуәли Шри-Ланкада өтетін Азия чемпионатына,  қараша айында Әсел мен Назерке Словенияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Жерлесіміздің жеңісі

23-30 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Пуенктаэк қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Аталған Азия чемпионатына 36 елден 500-ден аса спортшы қатысты.

Осы бәсекеде жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі, ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында ҚР Кубогі және чемпионатының жеңімпазы, 19-жасар  Рахатов Нұрсұлтан ауыр атлетикадан 77 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Жұлқи көтеруде 153, серпе көтеруде 182, қоссайыста 335 келіні бағындырды.

Ол 1992 жылы 12 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлетикамен айналысқанына 8 жыл болды. Айта кетерлігі, Нұрсұлтан ересектер арасындағы додаға алғаш рет қатысып отыр, сондықтан бұл жүлдесі - үлкен жетістік.

Жаттықтырушысы – Арман Әбдіреев, Велорик Пак.

Көркем гимнастика

12-16 сәуір аралығында Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ашық біріншілік өтті. Оған Шымкент, Өскемен, Қызылорда қалаларынан келген 120 гимнастшылар өнерлерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Сыр елінің гимнастшы қыздары Айару Базарбек (2004 ж) пен Құралай Сапар (2006 ж)   күміс жүлдеге ие болды. Ал Толқын Әбдиева (2001 ж) мен Аружан Құрмантай (2004 ж) үшінші орынды алса, Жасмин Шерматова (2006 ж)  төртінші орынды иеленді.

23-30 сәуір аралығында Алматы қаласында көркем гимнастикадан республикалық турнир аяқталды. Аталмыш жарыста Алматы, Өскемен, Степногорск, Қарағанды, Қызылорда қалаларынан және Қырғызстан елінен 230 гимнастшылар өз өнерлерін көрсетті. Бұл турнирде Құралай Сапар (2006 ж) екінші орынды иеленді. Жасмин Шерматова (2006 ж) үшінші орынды алса, Диана Қанатбек (2001 ж) пен Дана Садықова (2004 ж)  төртінші орынға ие болды. Ал Толқын Әбдиева (2001 ж) бесінші орынды иеленді.

Гимнастшы қыздарымыз №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады.

Жаттықтырушысы – Гүлмира Абсұлтан. 


Қазақ күресінен және белбеу күресінен өткен Әлем чемпионаты

Ағымдағы жылдың 18-22 сәуір аралығында Бразилияның Сантос қаласында 1995-1996 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтті. Оған 12 мемлекет қатысты.  Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальді иеленді. 

Бұл бәсекеде жерлесіміз, Шиелі аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы 60 келі салмақта Райымбек Рантаев қола жүлдегер атанып, Қазақстан құрама  командасы сапына  енді. Ол  1996 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Өзінің еңбекқорлығының арқасында осындай табыстарға қол жеткізіп келе жатқан  Райымбектің қазақ күресімен айналысып жүргеніне 5 жыл. 2011 жылы қазақ күресінен Көкшетау қаласында өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, биыл Шиелі ауданында өткен  Қазақстан чемпионатының чемпионы.

Сонымен қатар, 22-24 сәуір аралығында Бразилияның Сан-Пауло қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында  +70 келіде Ернар Бегайдаров (спорт интернат)  күміс жүлдеге ие болса, 60 келіде Райымбек Рантаев  (Шиелі БЖСМ) қола жүлдегер атанды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 2 күміс, 2 қола медальді еншіледі.

Ернар 1995 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол белбеу күресімен қоса қазақ күресімен және дзюдомен айналысады. Қазақ күресінен облыстық жарыстардың жеңімпазы, биыл Шиелі ауданында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері.

Қос спортшының жаттықтырушысы – Мейрамбек Тәжбенов пен Ғабит Тәжбенов. 


Бағдат – жеңімпаз!

19-22 сәуір аралығында Алматы қаласында бокстан 1991-92-93 жылдары туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған Астана, Алматы қалаларынан және облыс отралықтарынан 143  былғары қолғап шеберлері  бақ сынады. Жарыс 10 салмақта  өткізілді.

Бұл сында жерлесіміз, жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Бағдат Уайдаев 60 келіде чемпион атанды. Бағдат -  1993 жылы 13 шілде айында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2004 жылдан бастап бокспен шұғылданып келеді. ҚР спорт шебері, бұған дейін халықаралық турнирлердің жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның күміс жүлдегері, 2009 жылы Арменияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Оны спорт өнеріне тәрбиелеген жаттықтырушысы Жамиль Джусупов.

Енді ол тамыз айында Америкада өтетін студенттер арасындағы Әлем чемпионатына қатысады. 


Әселдің жеңісі

27 сәуір - 6 мамыр аралығында Румыния мемлекетінің Яссы қаласында шахматтан оқушылар арасында Әлем чемпионаты өткізілді. Аталмыш жарысқа 36 мемлекеттен 531 оқушы қатысты.

Қазақстан құрама командасы 3 алтын, 2 күміс алып, жалпы командалықта екінші орынды иеленді. Бірінші орында – Ресей, үшінші орында Румыния.

Осы бәсекеде жерлесіміз Әсел Серікбай 11 жастар арасында  швейцар жүйесі бойынша классикалық шахматтан 9 ойыннан 7 ұпаймен күміс  жүлдеге ие болды.

Қызылордалық балғын қыз шахматпен 6 жасынан бастап айналысады. Ол Қызылорда қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектептің 5 сыныбында оқиды. 8 жасқа дейінгі ұл-қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының үш дүркін жеңімпазы. 2010 жылы Грекия мемлекетінің Халкидики Порто-Каррос қаласында жасөспірімдер  арасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, былтыр Польша мемлекетінің Краков қаласында оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатының чемпионы атанды.

Ол облыстық №2  мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады. Оны түрлі жарыстарға дайындап, шеберлігін шыңдап жүрген шахматтан облыстың аға жаттықтырушысы - Риза Қошқарова. 

Алдағы жоспарында шілде айында Шри Ланкада өтетін Азия чемпионатына және қараша айында Словенияда өтетін Бүкіләлемдік біріншілікке қатысу мақсаты тұр. Аталмыш жарыстарға Әсел 10 жасқа ойнайды. Сонымен қатар, келесі жылы Сингапурда өтетін Әлем чемпионатына Әсел 11 жастағы оқушылар арасында сайысқа түседі.  


Мергендеріміз екінші орында

         Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында 8-14 мамыр аралығында жасөспірімдер мен   жастар арасында стенд атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған республикамыздан 10 команда, 65 спортшы қатысты.

Қызылорда облысынан 14 спортшы барып, 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иеленіп, жалпы командалықта екінші орынды иеленді. 

         Жарыс бағдарламаға сәйкес стенд атудың  3 түрі бойынша дубль – траптан, траптан, скиттен өтті.

Азамат Жалғасбек скиттен чемпион атанды. Александр Ким дубль-траптан бірінші орынды иеленді. Айжан Досмағанбетова мен Айбек Қаржаубай траптан екінші орынды алса, Рамазан Серікбай скиттен, Анна Ким дубль-траптан үшінші орынды еншіледі.

     №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығатын спортшыларды жарысқа Максим Коломоец дайындады.

Қызылорда облысының №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде 2011 жылы стенд ату бөлімі ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасауда.  


     Мамырдың 27-30-ы аралығында Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында еңбек ардагері Аралбай Махамбетовты  еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Оған Астана, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 12 команда қатысты. 

      Жарыстың мақсаты –  еңбек ардагері Аралбай Махамбетовты еске алу, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, шахмат ойынын дамыту, спорттық шеберлікті арттыру, жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру. 
           4 күнге созылған жарыста Қызылорда облысының шахматшылары  21,5 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.
Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған турнир швейцар жүйесі бойынша өткізілді. Жарысқа «Best service» компаниясы демеушілік жасады. Олар №2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шахмат бөліміне шахмат тақтасы мен шахмат сағаттарын сыйға  берді. 
 
Жекелей есеп бойынша
11 жас қыздар арасында
1- орын Әсел Серікбай (Қызылорда қ)
3 орын Самал Әбдуәли (Қызылорда қ)
3 орын Нәзира Қадырова (Қызылорда қ)
14 жас қыздар арасында
2 орын Несібелі Сырымбет (Қызылорда қ)
3 орын Ләйлә Әбдуәли (Қызылорда қ)
14 жас ұлдар арасында
1 орын Әділет Ерсерік  (Жаңақорған ауданы)
3 орын Дәулет Имашов (Байқоңыр қ)
 
       «Үздік партия» номинациясы бойынша Назерке Нұрғали (Қызылорда қ), «Ең жақсы партия» Сабыржан Әбдімәлік (Жаңақорған ауданы), «Ең жас ойыншы» Дінислам Нұрлыбекұлы, Ғайни Жаңғабыл, Алуа Үткелбай (үшеуі де Қызылордақ) марапатталды. 

Азия чемпионатында Азамат жеңімпаз атанды.

       Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде мамырдың 31-і мен маусымның 3-і аралығында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды.  Бұл сынға 17 мемлекеттен 400-ге жуық балуан қатысты.

        Қазақстан құрама командасы еркін күрестен 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалықта екінші орынды иеленді.

     55 келі салмақта жерлесіміз Азамат Шағапұлы жеңімпаз атанды. Ол  қырғыз Әлібек Ташматовты, одан соң моңғол балуанын ұтты. Жартылай финалда Ирактан келген балуанды ұтып, ақтық сынға жолдама алды. Ал финалда жасөспірімдер арасын­дағы Олимпиада чемпионы, жапон Юки Такашимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

      Азамат 1992 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Еркін күреспен 13 жасынан бастап айналысады. ҚР чемпионаты мен халықаралық жарыстардың чемпионы, 2009 жылы Үнді елінде өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Оны жарысқа Серік Әбдімәуленов пен Сайдбек Ақылбеков дайындады.

Енді Азамат қыркүйекте Тайландтың Паттайя қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.


Қызылордалықтар бірінші орында

  Алматы облысы, Талдықорған қаласында 1-7 маусым аралығында ауыр атлетикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бұл жарыс  Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу сайысы болды. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 150 спортшы қатысты. Біздің облысымыздың спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен  жалпы командалықта бірінші орынды  иеленді.      Атап айтсақ, 105 келіде Алмас Өтешов күміс жүлдегер атанды.  Ол жұлқи көтеруде 180, серпе көтеруде 225, қос сайыста 405 келіні бағындырып, Лондонда өтетін Олимпиада  ойындарына жолдама алды. Ал 105 келіде Илья Ильин (жұлқи көтеруде 180, серпе көтеруде 230, қоссайыста 410 келі) мен 77 келіде Нұрсұлтан Рахатов (жұлқи 

көтеруде 150, серпе көтеруде 180, қоссайыста 330 келі) алтын медальға ие болды. 105 келіде Зайчиков Александр (жұлқи көтеруде 181, серпе көтеруде 220, қоссайыста 401 келіні) үшінші орынды алды. Спортшыларды жарысқа Пак Велорик, Тойшан Бектеміров, Ержас Болтаев, Нұржан Смаханов, Арман Әбдіреевтер дайындады. 

 

 

 

 


«Азия балалары» V халықаралық спорттық ойындар

        Шілденің 5-15-і аралығында Саха Республикасында «Азия балалары» V халықаралық спорттық ойындары аяқталды. Оған 27 елден келген 2000 спортшы бақ сынасты.   Қазақстаннан барған 140 спортшы жарыс бағдарламасындағы 20 ойын түрінің 15-іне қатысып, 19 алтын, 16 күміс және 35 қола жүлдемен жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.
      Бұл дүбірлі додада Сыр елінің спортшылары дзюдо күресінен жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, Жалағаш ауданынан 50 келі салмақта Жақсыбек Жеңісбек ақтық белдесуде Ресей спортшысын жеңіп, алтын медальды иеленді. Осы жарыстан ол  ҚР спорт шебері нормативін орындады. Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың  түлегі Бауыржан Жауынтаев 55 келіде қола жүлдегер атанды. 
         Спортшыларды жарысқа Арман Молдаханов пен Қален Қалиұлы дайындады. 
Енді спортшылар 17-21 қыркүйек аралығында Тайпей қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. 

  Каратэ-до

    Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында 9-18 шілде аралығында жасөспірімдер мен жастар арасында каратэ-додан Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа 30 мемлекеттен 1000 спортшы қатысты. Аталмыш сында жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай кумитэ бағдарламасы бойынша 47 келіде қола жүлдеге ие болды. 

         М.Жаңбырбай 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2007 жылдан бастап каратэмен шұғылданады. Ол бұған дейін Қазақстан Респбуликасы чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. 2009 жылы Малайзияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылы Индонезияда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

     №2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығатын спортшының бапкері Рүстем Әбжәмиев.  


Қызылордалық Айтуған - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

  Әзербайжанның Баку қаласында 21-27 тамыз аралығында жасөспірімдер арасында еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен Әлем чемпионаты өтуде. Бұл дүбірлі додаға 42 мемлекеттен 850 спортшы өнер көрсетуде. Еркін күрестен 42 келі салмақта өнер көрсеткен қызылордалық Айтуған Жанжігітов қола жүлдеге ие болды. 

      Ол 1995  жылы 23 желтоқсанда  Қызылорда қаласында дүниеге келген. Еркін күреспен 10 жасынан бастап айналысып келеді. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Шаңырақ ықшам ауданындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқиды. Бұған дейін халықаралық турнирлер мен Қазақстанның бірнеше мәрте жеңімпазы атанған. 
       Айта кетерлігі, Айтуған  халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып отыр, сондықтан бұл жүлдесі - үлкен жетістік. 
Оны жарысқа Қайрат Әлімбетов пен Серік Әбдімәуленов дайындады.

Қамшыбектің күміс жүлдесі 

         Шешенстан Республикасының Грозный қаласында үстіміздегі жылдың 25-31 тамыз  аралығында бокстан ересектер арасында Ахмет Қадыровты еске алуға арналған 4-ші халықаралық турнир өтті. Аталмыш турнирге 17 мемлекеттен 130   спортшы қатысты. 

      Қазақстан құрама командасынан 5 спортшы қатысып, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды. Сыр елінен  +91 келі салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдені еншіледі. Шаршы алаңға шыққан жерлесіміз  бірінші раундта Ресей спортшысын 8:2  есебімен жеңді. Одан кейін Украина спортшысын  12:4 айырмашылығымен жарыс жолынан шығарды. Үшінші раундта 15:13 есебімен шешен спортшысына есе жіберді.  
      Қамшыбек 1991 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2006 жылдан бастап бокспен айналысып келеді. 2008 жылы Тараз қаласында өткен оқушылар арасындағы Спартакиаданың жеңімпазы, 2009 жылы Қазақстан Республикасының жастар ойындарының күміс жүлдегері, 2010 жылы Америкада өткен қарулы күштер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Қазақстан құрама командасының мүшесі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. 
       Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығатын Қамшыбектің жаттықтырушысы -  Ғалым Байғұндиев. 

Жерлестеріміздің жеңісі

       Қытайдың Тайпей қаласында 28-30 қыркүйек аралығында жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Бұл дүбірлі додаға 22 мемлекеттен 300-ден аса спортшылар қатысты.  Қазақстан құрама командасы  2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді еншілеп,  жалпы есепте үшінші орынды иеленді. Сыр өңірінен 7 спортшы қатысып, оның төртеуі жүлдемен оралды. Олар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальды олжалады.   
     Атап айтсақ, Ж.Баһадүр атында спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың 10 сынып оқушысы Бауыржан Жауынтаев жасөспірімдер арасында Азия чемпионы  атанып, ҚР спорт шеберлігі нормативін орындады.  Ол 55 келі салмақта ақтық сында жапон балуанын 5:0 есебімен жеңді. Бауыржан биылғы жылы Якутияда өткен «Азия балалары» ойындарының қола жүлдегері, Чехияның Теплице қаласында Европа кубогінің және Германияның Бремен қаласында өткен халықаралық турнирдің чемпионы атанған. 
          Жастар арасында 60 келіде қармақшылық Ерлан Жақсыбеков  күміс жүлдені иеленсе,  100 келіде облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Әділхан Қозыбаев пен 78 келіде спорт интернат түлегі Мархабат Ақылбаева қола жүлдегер атанды. 
      Қазіргі таңда Е. Жақсыбеков Алматы қаласындағы Қазақстың спорт және туризм академиясында 2 курста, ал М.Ақылбаева Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат- колледжінде 3 курста оқиды. Спортшыларды жарысқа Қален Қалиұлы, Ришат Бурлов, Жанарбек Сансызбаев пен Дархан Әлмахановтар дайындады. 
          2013 жылы Американың Майами қаласында өтетін Әлем чемпионатына Б.Жауынтаев қатысады.  
        Тынымсыз еңбек пен төккен тердің жеңіс әкелетіні даусыз. Ендеше, «Спортшыларға жеңісті сәттерің көп болсын!», - дейміз.

Қызылорда – чемпион!

    15-24 қазан аралығында Алматы қаласында көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатының төртінші айналымы аяқталды. Оған Алматы қаласы,  Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан 5 команда қатысты. 

         Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Қызылорданың Сырдария ауданының командасы 36 ұпаймен бірінші орынды иеленді. 
          Ал әйелдер  арасында  Қызылорданың Сырдария ауданы үшінші орынды иеленді. 
        Ерлер арасында Сырдария ауданы команда құрамында Нұрхан Сансызбаев, Бахытбек Сарсенбайұлы, Бақытбек Тәженов, Ғалымжан Әлиев, Диас Әлжанов, Дәулет Әлиев, Әлібек Саматов, Олжас Әуесхан, Фархад Әбутәліпов, Бірлік Өтебаев, Асхат Зұлыпқаров, Нұртай Қалмұратов, Арман Аманжолов, Бауыржан Батырханов, Асқар Жарылқасынов, Ақниет Жолдасбайлар өнер көрсетті.      
      Айта кетерлігі, көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатының барлық айналымында Қызылорда облысының Сырдария ауданының ерлер командасы бірінші орынды иеленді. Команданы жарысқа дайындаған облыстың аға жаттықтырушысы Сұлтан Қобландин. 

Нұрсұлтан – күміс жүлдегер!

    Үстіміздегі жылдың 7-12 қараша аралығында Мьянма елінде ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты өтті.
      Осы бәсекеде қызылордалық Нұрсұлтан Рахатов 77 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ол жұлқи көтеруде 145, серпе көтеруде 176, қоссайыста 321 келіні бағындырды.
   Нұрсұлтан ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бұған дейін жасөспірімдер арасында ҚР Кубогі және чемпионатының жеңімпазы, биылғы жылы Оңтүстік Кореяның Пуенктаэк қаласында ересектер арасында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.
    Ол 1992 жылы 12 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлетикамен 10 жасынан бастап айналысып келеді. Жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығатын Нұрсұлтанның бапкерлері - Арман Әбдіреев пен Велорик Пак.
 

 


Ердәулет – чемпион!

     9-16 желтоқсан аралығында Ресейдің Медынь қаласында әмбебап жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды.
       38 елден спортшылар бақ сынаған сайыста 95 келі салмақта қызылордалық Ердәулет Жеңіс Әлем чемпионы атанды. Ол алғашқы айқасында македониялық спортшымен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда ресейлік спортшы самбодан Әлем чемпионы Алексей Салминді және ақтық сында украиналық тәжірибелі спортшы, жекпе-жек спортынан Әлем чемпионы Роман Романовты жеңіп, Әлем чемпионы атанды.
      Жаттықтырушысы Олжас Әкімовтің айтуынша, жартылай финал мен ақтық бәсеке Ердәулет үшін қиындау болды. Ол әлі жас, небәрі 18-де. Бірақ өзінің жас ерекшелігіне қарамастан, спортта үлкен табыстарға қол жеткізді. Ол кикбокстан 5 дүркін Қазақстан чемпионы, ҚР спорт шебері, әмбебап жекпе-жек спортынан жастар арасында Азия чемпионы және 3 дүркін Әлем чемпионы.

Азия чемпионатынан жүлделі оралды

     Қытайдың Гонконг қаласында 11-18 желтоқсан аралығында каратэ-додан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 35 мемлекеттен 2000-ға жуық спортшы қатысты.
       Аталмыш жарыста Сыр елінің спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен оралды. Атап айтқанда, каратэнің кумитэ бағдарламасы бойынша 14-15 жас аралығында Мөлдір Жаңбырбай (-47 келі, №2ОМБЖОРМ) Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, Мөлдір командалық кумитэде Қазақстан құрама командасында өнер көрсетіп бірінші орынды иеленді.
        Ересектер арасында Нұржан Ақпанбет (-55 келі, ЖСШМ) пен 10-11 жас аралығында Қобыланбек Кемілбеков (-35 келі, каратэ федерациясы) күміс жүлдегер атанды.
        Ал 12-13 жас аралығында өнер көрсеткен Өмірбек Қайсар (-70 келі, №2ОМБЖОРМ) қола жүлдені иеленді.
Спортшыларды жарысқа Тағдыберген Жаналиев, Рүстем Әбжәмиев, Нұрбол Тойшыбаев дайындады.

 

Құрылған күні: 07-08-2012 08:28
Жаңартылған күні: 16-02-2017 11:27

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика