ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

2018 жылғы 28  қазандағы Қызылорда облысы аумағындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өткізілген сайлаудың қорытындысы жайлы
АҚПАРАТ
Сайлау облыстың Сырдария ауданында  өткізілді. Аталған  сайлауға 1-облыстық, 1-аудандық, 1 аудандық округтік, 1- учаскелік сайлау комиссиялары қатысты. Сайлауға дауыс беруге, сайлаушылар тізіміне енгізілген 1723 сайлаушының 1432 немесе 83,1% қатысты.
Дауысқа түскен депутаттыққа кандидаттардың алған дауысы туралы айтатын болсақ төмендегідей:         
Сырдария ауданы бойынша:
№12 «Амангелді» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Жаманкулов Зейнур Кайраддинович – 1126  дауыс 79 %
-Жұманазаров Жолдас Мұхтарұлы - 128  дауыс 9 %
-Рсбаева Сарсенкул Мырзахметовна - 172  дауыс 12 %
Сырдария ауданы бойынша  жарамсыз деп танылған сайлау бюллетенінің жалпы саны  6. Сайлауда дауыс берудің қорытындысы бойынша №12 «Амангелді» сайлау округінен мәслихат депутаты болып Жаманкулов Зейнур Кайраддинович, 1985 жылы туылған, қазақ, К.Баймағанбетов атындағы №42 мектеп-лицей директорының орынбасары, Амангелді ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.
Сайлау науқаны мен дауыс  беру кезінде және дауыстарды санау кезінде, сондай-ақ сайлаудың нәтижесі бойынша сайлау комиссияларына арыз-шағым түскен жоқ.
Сайлаудың нәтижелері  мен мәслихат депутаты болып сайланғандығы жайлы мәлімет Сырдария аудандық газетінің жуықтағы басылымында жария етілетін болады.
Облыстық сайлау комиссиясы

Сайлау заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттары туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы № 162-VI Қазақстан Республикасының заңымен «ҚР сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
Ең алдымен, мәслихаттардың депутаттарын сайлау жүйесінде іргелі өзгерістер орын алды:  осыған дейін мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар белгілі бір сайлау округ бойынша өзін-өзі ұсыну жолымен немесе қандайдабір қоғамдық бірлестіктің атынан ұсынылып, басқа кандидатқа қарағанда сайлаушылардың көпшілік дауыс санын алған кандидаттар депутаттыққа сайланатын сайлануы мажоритарлы жүйе бойынша өткізілсе, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негіздеме туындаған жағдайда мәслихаттардың депутаттарын сайлау пропорционалды жүйе бойынша өткізілетін болады. Яғни, депутаттар аумақтық сайлау округі бойынша саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдер бойынша сайланады.
Партиялық тізімге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының депутаты етіп сайлау үшін осы партияның мүшесі болып табылатын адамдарды енгізу туралы шешім саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғарғы басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданып, ол аумақтық сайлау комиссияларына жолданады. Тиісті сайлау округі бойынша бір ғана адам ұсынылады және тіркеуге кемінде екі партиялық тізім ұсынылуы қажет.
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы органдардың шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді. 
Сайлау қорытындылары бойынша саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде 7 пайызын  жинаған жағдайда, сондай-ақ партиялық  тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда,  жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.
Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу келесідей жүргізіледі: тиісті аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7 және одан көп пайызын алған әрбір партиялық тізім үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша берілген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жеті пайыздық кедергіні еңсерген саяси партиялар үшін берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы таратылатын депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау бөлінді саны (квота) болып табылады.
Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7 пайызын тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партияның партиялық тізімі жіберіледі.
Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысатын әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау бөлінді санына бөлінеді.
Жеті пайыздық кедергіні еңсермеген және мандаттарды бөлуге қатысатын партияның тізімі алған дауыстардың саны алғашқы сайлау бөлінді санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі.
Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізімді қалыптастырған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар болып табылады.
Жеті пайыздық кедергіні еңсермеген және мандаттарды бөлуге қатысатын саяси партия кемінде бір мандат алады.
Депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда оның мандаты тисті аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың арасынан саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органы айқындайтын келесі кандидатқа беріледі.
Егер тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаса, мандат мәслихат депутаттарының келесі сайлауына дейін бос қалады.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау жүйесі ауысқандықтан, осы сайлауды ұйымдастыратын округтік сайлау комиссиялары сайлау органдары жүйесінен алынып тасталды және олардың функциялары аумақтық сайлау комиссияларына берілді.
Сонымен қатар, учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын анықтау бойынша нормаларға өзгерістер енгізілді. Егер Конституциялық заңның бұрынғы редакциясында барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жеті адамнан тұратын болса, алдымыздағы жылдан бастап тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын:
1) тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың саны екі мыңға дейін болған кезде - бестен жеті мүшеге дейін;
2) тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың саны екі мыңнан жоғары болған кезде жетіден он бір мүшеге дейін айқындайды.
Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары немесе орынбасарлары, сондай-ақ хатшылары өз өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде іске асыратындығы маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. Бұл норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Жоғарыда аталған өзгерістерден басқа, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу процесін жақсартуға, құқықтық олқылықтарды жоюға, сайлаушылардың қызығушылығын арттыруға және олардың мемлекеттің саяси өміріне қатысу белсенділігін арттыруға бағытталған көптеген түзетулер мен толықтырулар енгізілген.
Сайлау мәселелеріне қатысты заңнамалық актілер Орталық сайлау комиссиясының сайтында, сондай-ақ облыс, қала, аудандар әкімдерінің ресми сайттарында ашылған аумақтық сайлау комиссияларының парақшаларында орналастырылған.
Облыстық сайлау комиссиясы

«2018 жылғы 28 қазанда – мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізіледі.
Облыстық сайлау комиссиясының орналасқан мекен – жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1, Облыстық басқармалар үйінің 3-қабатындағы №№337, 338 кабинеттері, байланыс телефондары: 60-54-34, 60-54-36, 60-55-78, электронды поштасы sailau_orda@mail.ru, Қызылорда облысы әкімінің ресми интернет-ресурсы сайыты.
Сайлау комиссиясының құрамы: А.Жүнісов-төраға, Қ.Қайроллаұлы-төрағаның орынбасары, А.Сырлыбаева-хатшы, мүшелері: Қ.Наурызбаев, Қ.Есбосын, Б.Бердәулетов, М.Балабаев.
Облыстық сайлау комиссиясы»

2018 жылғы 25  наурыздағы облыс аумағындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өткізілген сайлаудың қорытындысы жайлы
А Қ П А Р А Т
1.Сайлау облыстың үш ауданында, атап айтқанда Арал, Сырдария, Шиелі  аудандарында және Қызылорда қаласында  өткізілді.
2.Аталған  сайлауға 1-облыстық, 3-аудандық, 1-қалалық  аумақтық, 3 аудандық және 1 қалалық округтік, 11- учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
3.Сайлауға дауыс беруге, сайлаушылар тізіміне енгізілген 15704 сайлаушының 11971 немесе 76,2 % қатысты.
4.Дауысқа түскен депутаттыққа кандидаттардың алған дауысы туралы айтатын болсақ төмендегідей:
1.Арал  ауданы бойынша:
№11 «Мақатаев» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Балсүгүров Мұхтар Темірханұлы – 160 дауыс 9,1 %
-Қанатов Талғат Мырзағұлұлы – 1459 дауыс 83,4 %
-Өтегенов Құлғанат Әбілтайұлы– 131 дауыс 7,5 %
2.Сырдария ауданы бойынша:
№8 «Шіркейлі» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Садықов Жасұлан Айдуллаұлы – 115  дауыс 8,9 %
-Сұлтанов Сейткамал Абзалұлы - 1030 дауыс 80,1 %
-Сүлеймен Ерболат Құлтайұлы - 141 дауыс 11,0 %
3.Шиелі ауданы бойынша: 
№2 «Жөлек» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Нұршаев Қайрат Толғанбайұлы – 161 дауыс 6,7 %
-Салқынбаев Мұханбетжан Бекмырзаұлы – 2078 дауыс 87,1 % 
-Халтаева Жамила Тұрғанбайқызы – 148 дауыс 6,2%
4.Қызылорда қаласы бойынша:
№5 «Әл-Фараби» сайлау округінде дауысқа түскен:
-Абдуқалықов Муса Жақыпұлы – 4666 дауыс 72,3 %
-Ибраев Әбдімұрат Труұлы – 1149 дауыс 17,8 % 
-Нұржанов Нұрлан Мұратұлы – 640 дауыс  9,9 %
5.Облыс бойынша  жарамсыз деп танылған сайлау бюллетенінің жалпы саны -  93  болса, оның ішінде Арал  ауданы бойынша - 27, Сырдария ауданы бойынша -4, Шиелі ауданы бойынша -26 және Қызылорда қаласы бойынша 36.
6.Сайлауда дауыс берудің қорытындысы бойынша мәслихат депутаты болып сайланғандар:
Арал аудандық мәслихатына:
№11 «Мақатаев» сайлау округі бойынша:
Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, 1976 жылы туылған, қазақ, «Нұр Отан» партиясы Арал  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Арал қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Сырдария  аудандық мәслихатына:
№8  «Шіркейлі»  сайлау округі бойынша:
Сұлтанов Сейткамал Абзалұлы, 1973 жылы туылған, қазақ, «Мәди Қажы» ЖШС-ң директоры, Шіркейлі ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Шиелі аудандық мәслихатына:
№2 «Жөлек» сайлау округі бойынша:
Салқынбаев Мұханбетжан Бекмырзаұлы, 1969 жылы туылған, қазақ, «Семізбай-U» ЖШС-і «Иркөл» филиалының директоры, Гигант ауылының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Қызылорда қалалық мәслихатына:
№5 «Әль-Фараби» сайлау округі бойынша:
Абдуқалықов Муса Жақыпұлы, 1963 жылы туылған, қазақ, «Астана сервис ЛТД» ЖШС-ң бас директоры, Қызылорда қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
7.Мәслихат депутаттарын сайлауда облыс бойынша 51 байқаушы қатысты, олардың ішінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден - 12,  ақпарат құралдарынан - 10 және депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген өкілдері- 29.
8.Сайлау науқаны мен дауыс  беру кезінде және дауыстарды санау кезінде, сондай-ақ сайлаудың нәтижесі бойынша сайлау комиссияларына арыз-шағым түскен жоқ.
9.Сайлаудың нәтижелері  мен мәслихат депутаты болып сайланғандар жайлы мәліметтер аудандық және Қызылорда қалалық газеттерінің жуықтағы басылымдарында жария етілетін болады.
Облыстық сайлау комиссиясы

Баспасөз релизі
 
28 маусымда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Студенттер сарайы» ғимаратында таңдаушылар - облыс бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірлескен отырысында Қызылорда облысынан сайланатын Парламент Сенатының депутатына дауыс беру өткізілді.
Облыстық сайлау комиссиясымен таңдаушылар тізіміне енгізілген 147 депутаттың дауыс беруі үшін 148 сайлау бюллетені әзірленген. 
Сайлауда дауыс беруге облыс бойынша 144 депутат, яғни барлық таңдаушылардың 97,9 пайызы қатысты.
Депутаттыққа кандидаттың әрқайсысы үшін берілген дауыстар саны келесідей болды:
Әжікенов Ержан Ертарғынұлына – 13,
Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызына – 30,
Бақтиярұлы Мұратқа – 101.
Дауыс беру барысына байқау жүргізу үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Байқаушылар миссиясынан 4 байқаушы, саяси партиялардан -3, қоғамдық бірлестіктерден – 5, бұқаралық ақпарат құралдарынан-8 және 3 кандидаттың бір-бірден сенім білдірілген адамдары қатысты.
Сайлау кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының дауыс берудің алдын-ала қорытындыларын ҚР ОСК сайтында онлайн режимде көрсете отырып, таңдаушыларды электрондық тіркеу жобасы сәтті іске асырылды.

Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушылар – облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен кездесулер  
КЕСТЕСІ
2017 жылғы 12 маусым, сағат 9-30 – Сырдария ауданы Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев, 31, аудандық әкімдіктің мәжіліс залы
2017 жылғы 12 маусым, сағат 11-30 – Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті,  Желтоқсан, 11, «Мәдениет және өнерді дамыту орталығы» ғимаратының мәжіліс залы
2017 жылғы 12 маусым, сағат 16-00 – Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт-Ата, 1, кент әкімдігінің мәжіліс залы
2017 жылғы 13 маусым, сағат 10-00 – Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр, 115, «Арал аудандық мәдениет үйі» ғимаратының залы
2017 жылғы 13 маусым, сағат 15-00 – Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би, 60, аудандық әкімдіктің мәжіліс залы
2017 жылғы 14 маусым, сағат 10-00 – Қызылорда қаласы, Жахаев, 16, қалалық әкімдіктің мәжіліс залы
2017 жылғы 15 маусым, сағат 10-00 – Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов, 1, «Арман» мәдениет үйі ғимаратының залы
2017 жылғы 15 маусым, сағат 15-00 – Жаңақорған ауданы, Жаңакорған кенті, М.Көкенов, 37, аудандық әкімдіктің мәжіліс залы
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Баспасөз хабары
12 маусымда Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың таңдаушылар – тиісті ауданнан сайланған облыстық мәслихаттың және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен кездесулері өткізілді.
Бұл кездесулер  Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы    2 маусымдағы   №ОСК- 110/238 қаулысымен бекітілген кездесулер кестесіне сәйкес сайлауалды үгіттің мемлекет кепілдік берген тең дәрежеде өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.
Кездесулерді ашқан облыстық сайлау комисссиясының төрағасы А.Жүнісов таңдаушыларға үгіт жүргізудің тәртібі бойынша бірқатар түсіндірмелер берді.
Сайлауалды үгітті кандидат өздігінше жүргізе алады, сондай-ақ бір кандидатқа әрбір аудан\қаладан бір адамнан келетін өзінің сенім білдірілген адамын тарта алады. Үгітті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың таңдаушылармен сайлауалды кездесулер мен жиналыстар, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының таңдаушылармен жеке кездесулер, баспа және өзге де тыйым салынбаған үгіт материалдарын басып тарату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Сайлауалды үгіт жүргізу кезінде «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңымен бірқатар тыйым шаралары белгіленген. Мысалға, сайлау комиссияларының мүшелері, діни бірлестіктер, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен сот органдарының жұмыскерлері үгіт жұмыстарына қатыса алмайды. Мемлекеттік қызметші болып табылатын кандидатарға өздерінің қызметтік немесе лауазымдық жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынған.
Депутаттыққа кандидаттарға жөнсіз үгіт жүргізуге, соның ішінде таңдаушыларға сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа, көрнекілік материалдарын, омыраубелгі, жалаушаларды ақысыз тарату жағдайларын қоспағанда ақысыз немесе жеңілдік шарттарымен тауар, қызмет ұсынуға, лотерея, қайырымдылық шараларын өткізуге, ақша төлеуге және т.б. заңмен тыйым салынған. Кандидат баспа, көрнекілік материалдарын әзірлеген жағдайда оларда міндетті түрде қандай баспахананың басып шығарғандығы, басылған орны мен таралымы, қаржыландырылуы қандай көздерден жүргізілгендігі, тапсырыс беруші (депутаттыққа кандидат немесе оның сенім білдірілген адамы) туралы бастапқы деректер көрсетілуі тиіс.
Кандидаттардың сайлауалды үгіт жүргізуі барысында сайлау заңнамасын сақтау бойынша белгілі бір міндеттемелер бұқаралық ақпарат құралдарына да жүктелген.
Кандидат, оның сенім білдірлген адамы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 27 бабының талаптарын бұзғаны үшін облыстық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Шектеу шараларын белгілеумен бірге мемлекет кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен шығып сөйлеуі үшін тең қолжетімділік пен республикалық бюджеттен тең мөлшерде қаражат бөлінуіне кепілдік береді. Әрбір кандидаттың теледидардан 15 минут сөз сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына, таңдаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайды жалға алуға, баспа үгіт материалдарын басып шығаруға тең мөлшерде қаражат бөлінеді. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы әрбір кандидатқа  460000 теңгеден құрайды.
Заңнамамен депутаттыққа кандидаттың сайлау қорын құру арқылы сайлауалды үгітті мемлекеттік емес қаржыландыруға да жол берілген.
Сайлау қоры  кандидаттың жеке қаражатынан және Республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркімен берген қайырмалдықтарынан құралады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, діни бірлестіктердің, жарғы капиталында шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдік қайырмалдықтарына тыйым салынған. Сайлау қорындағы ақшалай қаражаттың шекті мөлшері ең төменгі жалақының 700 еселенген мөлшері, яғни  17 млн 121 мың 300 теңгеден аспауға тиіс. 
Сайлау қорынан қаражаттарды, сайлауалды үгіт жүргізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарды жұмсаудың айқындығын қамтамасыз ету мақсатында кандидат заңнамамен белгіленген мерзімдерде облыстық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды табыстауы қажет.
Сайлау заңнамасымен жөнсіз үгіт жүргізуге тыйым салынған және бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіт жүргізуінің тең жағдайын қамтамасыз етуі қажет.
Сенат депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмыстары 26 маусым күнгі сағат 24-00-де аяқталады, сайлау күні және оның алдындағы күні: 27, 28 маусымда үгіттің кез-келген нысанын жүргізуге қатаң тыйым салынған.
Сонымен қатар, облсайлаукомның төрағасы биылғы сайлаудың ерекшелігі - 28 маусымдағы сайлау кезінде  дауыс берудің алдын-ала қорытындыларын көрсете отырып, таңдаушыларды электрондық тіркеу жүргізілетін болатындығын айтып өтті. Ол бұл жаңашылдықтың таңдаушылардың келуі туралы, сондай-ақ өңірлерде дауыстарды санау рәсімі аяқталған соң дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы ақпаратты Ортсайлаукомның ресми сайтында онлайн режимде орналастыруға мүмкіндік беретіндігін жеткізді. 
Кездесу барысында кандидаттар Е.Әжікенов, А.Әлназарова мен М.Бақтиярұлы таңдаушыларды өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
Кандидаттардың таңдаушылармен осындай кездесулері 13 маусымда – Арал, Қазалы ауданында, 14 маусымда – Қызылорда қаласында, 15 маусымда – Шиелі, Жаңақорған аудандарында өткізіледі.
 
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

2017 жылғы 12 маусым


Баспасөз хабары

 
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 7 маусымда Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.
Сайлау науқанында облыстық сайлау комиссиясымен Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына ұсынылған 5 кандидаттың 3-і тіркелді, екі кандидат өз-өзін ұсыну туралы шешімнен бас тартты.
8 маусымнан бастап тіркелген кандидаттар 2017 жылғы 26 маусым күнгі сағат 24-00-ге дейін жүргізілетін сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.
Республикалық бюджеттен әрбір кандидаттың теледидардан 15 минут сөз сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына тең мөлшерде қаражат бөлінген.
Облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 2 маусымдағы №ОСК- 110/238 қаулысымен кандидаттардың таңдаушылармен – облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттарымен кездесулерінің кестесі бекітілді.
Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
2017 жылғы 7 маусым

Баспасөз хабары

 
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 28 мамырда Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.
Сайлау науқаны кезеңінде Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына барлығы 5 кандидат ұсынылды. 
Осыған дейінгі өткен сайлау науқандарымен салыстырғанда: 2011 жылы 9 кандидат ұсынылса, 2014 жылы 6 кандидат сенатор болуға ниет білдірген. Осылайша, соңғы үш сайлау науқанындағы кандидаттардың Сенаттағы 1 орынға бәсекелесітігі, орта есеппен, 7 адам құрады.
Ұсынылған үміткерлер Конституция мен Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына толық сай келеді.
Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған, мәслихаттардан кандидат ұсынылған жоқ. 
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 1-і - әйел адам (20%). 
Барлық кандидаттардың білімі жоғары.
Мамандығы бойынша: 2-і оқытушы (1-і ғылымдар кандидаты мен докторы), 1-і дәрігер, 1-і саясаткер, 1-і инженер.
4 кандидат саяси партиялардың мүшесі болып табылады, 1 кандидат өзінің партияға мүшелігін көрсетпеген.
Барлық кандидаттардың ұлты – қазақ. 
Орташа жасы -55 жаста.
Қызмет түрі бойынша: 1 -і Парламент Сенатының депутаты, 2-і  мемлкететтік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің қызметкерлері, 2-і  коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері. 
Барлық кандидаттар өздерін қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын облыстық сайлау комиссиясына өткізді. Облыстық сайлау комиссиясының паспорт қызметінің мамандарымен бірігіп жүргізген қол қою парақтарындағы қолдардың растығын тексеруінің нәтижесінде рас болмай шыққан қолдар анықталмады.
Кандидаттардың барлығы тіркелу үшін таңдаушылардың өздерін қолдаған жеткілікті дауыс санына ие болды. 
Сонымен қатар, Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін үміткерлер тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзінің және жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы мен сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты тапсыруы қажет. 
Бүгінгі күнге облыстық сайлау комиссиясы 3 кандидатты тіркеді. 
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі 7 маусымға дейін созылады, ал 8 маусымнан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.
Қазіргі сәтте сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жүріп жатыр.
Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
2017 жылғы 29 мамыр

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 22 мамырдағы  № 10/159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлері:

1)бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 165 000 (жүз алпыс бес мың) теңге сомасында; 
2)бағдарламаны радио арқылы баяндау – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында; 
3)баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 125 000 (жүз жиырма бес мың) теңге сомасында; 
4)кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға – 30 000 (отыз мың) теңге сомасында; 
5)көліктік шығыстар: облыстар үшін – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында, Астана және Алматы қалалары үшін - 30 000 (отыз мың) теңге сомасында. 

Баспасөз релизі

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 19 мамырдағы отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын жою мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі 11/236 қаулысымен бекітілген «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларының» 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.

Осыған байланысты 2017 жылғы 4 мамырда тіркелген ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат М.Бақтиярұлын қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын 2017 жылғы 22 мамырда,  2017 жылғы 5 мамырда тіркелген кандидаттар А.Әлназарова мен Е.Әжікеновті қолдауға арналған қол қою парақтарын 2017 жылғы 23 мамырда жою туралы шешім қабылданды.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

2017 жылғы 22 мамыр 


«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 73 бабының 6 тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып тіркелді: 
1.Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, 1971 жылы туылған, қазақ, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Қызылорда қаласы, Ә.Марғұлан көшесі, 1 үйдің тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
2.Әжікенов Ержан Ертарғынұлы, 1969 жылы туылған, қазақ, Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 5 үйдің тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
2017 жылғы 5 мамыр 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 73 бабының 6 тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып тіркелді: 
1.Бақтиярулы Мұрат, 1958 жылы туылған, қазақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі, 49 үйдің тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
2017 жылғы 4 мамыр

Баспасөз-релизі

 
Бүгінгі Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар А.Альназарова, Е.Әжікенов, М.Бақтиярұлы, Т.Кенжебаевты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарындағы қойылған қолдардың тексеру нәтижелері қаралып,  Сенат депутаттығына кандидат М.Бақтиярұлын тіркеу туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шығып сөйлеген облсайлауком төрағасы А.Жүнісов ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар А.Альназарова (2 мамырда), Е.Әжікенов (3 мамырда), М.Бақтиярұлы (2 мамырда), Т.Кенжебаевты (3 мамырда) қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары облыстық сайлау комиссиясына өткізілгендігін атап өтті.
Қойылған қолдардың растығы облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп тексерілді, ол туралы өзара акт жасалды және тексеру нәтижесінде жарамсыз деп танылған қолдар анықталмады. Осылайша, А.Альназарованы қолдап облыс бойынша барлық деңгейдегі 9 мәслихаттың 32 депутаты, Е.Әжікеновті – 32 депутат, М.Бақтиярұлын – 32 депутат, Т.Кенжебаевты – 31 депутат қолдап қол қойған. 
Жоғарыдағылардың негізінде аталған кандидаттар тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органдарына өзіне және жұбайына/зайыбына табысы мен мүлкі туралы декларацияларды тапсырып, тапсырғаны туралы анықтамаларды, сонымен қатар 366885 теңге сайлау жарнасын ҚР Орталық сайлау комиссиясының шотына аударғандығын растайтын құжатты облыстық сайлау комиссиясына тапсыруына болады.
Бүгін барлық қажетті құжаттарды түгел облыстық сайлау комиссиясына тапсырған ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Мұрат Бақтиярұлын тіркеу туралы шешімді қолдап облсайлауком мүшелері бірауыздан дауыс берді.
Кандидатқа тиісті куәлік табысталды.
Үгіт науқаны 2017 жылғы 8 маусымнан басталады. Осы уақытқа дейін кандидаттың қандай да бір үгіт жүргізуіне заңмен тыйым салынған.
2017 жылғы 4 мамыр
Облсайлауком

2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын 
сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың 
күнтізбелік жоспары
 
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына  кандидаттарды (бұдан әрі – Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.Облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар мен азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні – 29 сәуірде басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда – 28 мамырда аяқталады. (71-б. 1, 2-т.т.) 
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық  сайлау комиссияcының құрамын жариялау.Облыстық сайлау комиссияcы.Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 8 мамырдан  кешіктірмей.(13-б.  4-т.)
3.Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың өзіне, сондай-ақ шешімді, кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса, облыстық сайлау комиссияcына жеткізу.Облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар – 28 мамырдан кешіктірмей.(71-б.  4-т.)
4. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.Облыстық сайлау комиссияcы.Қажетті құжаттарды алғаннан кейін үш күн ішінде.(4-б., 7 0-б., 71-б. 6-т.)
5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.Облыстық сайлау комиссияcы.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап сайлау науқаны аяқталғанға дейін.(14-б. 5) т., 3 1-б.)
6.  Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың  қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру.Облыстық сайлау комиссияcы.Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үшкүндік мерзімде. (71-б. 6-т.)
7. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.Облыстық сайлау комиссияcы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып. Облыстық сайлау комиссияcына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін бескүндік мерзімде.(72-б. 6-т.)
8. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсыну. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидат тiркелгенге дейін (1 сәуірдегі жағдай бойынша).(73-б. 2-т.)
9. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң растығын тексеру.Мемлекеттік кіріс органдары.Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде.(73-б. 2-т.)
10. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) шотына депозит ретінде заңнамамен белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.
Тіркеуге дейін, Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігі тексерілгеннен кейін, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерілгеннен кейін.(73-б. 2-т.)
11. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.Облыстық сайлау комиссияcы.Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда – 7 маусымда  аяқталады.(14-б. 5) т., 7 3-б.)
12. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.Облыстық сайлау комиссияcы.Кандидаттар тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей.(14-б. 5) т., 7 3-б. 6-т. 2) т.)
13. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тiркеу.Облыстық сайлау комиссияcы Парламент Сенатының депутаттығына кандидат жазбаша өтініш жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жұмыс күні ішінде (ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы).(34-б. 2-т.)
14. «Қазақстан халық банкі» АҚ-да кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.Облыстық сайлау комиссиясы.Парламент Сенатының депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін.(34-б. 6-т.)
15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (8 маусымда басталады және 27 маусымда 00 сағатта аяқталады) (27-б. 2-т.)
16. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы танысу үшін ұсыну.Облыстық сайлау комиссиясы.Сайлауға дейін кемінде жеті күн қалғанда – 20 маусымнан кешіктірмей.(26-б. 2-т.)
17. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақытын айқындау.Облыстық сайлау комиссиясы.(38-б. 4-т.)
18. Дауыс беруге арналған пунктті ашу.Облыстық сайлау комиссиясы.Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.(40-б. 2, 4-т.т.)
19. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету.Облыстық сайлау комиссиясы.Бір күннің ішінде.(14-б. 5) т., 38-б. 4-т., 41-б., 42-б., 43-б., 7 7-б., 78-б.)
20. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын  жасау және оны облыстық сайлау комиссиясына тапсыру.Облыстық мәслихаттың хатшысы.(77-б. 7-т.)
21. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды жасау және Ортсайлаукомға ұсыну.Облыстық сайлау комиссиясы.Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай – 29 маусымнан  кешіктірмей.(14-б. 5) т., 7 8-б.)
22. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың облыстық сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы есеп беруі.Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешіктірмей – 9 шілдеден кешіктірмей.(34-б. 9-т.)
23. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. 
Облыстық сайлау комиссиясы. Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он  күннен кешіктірмей – 17 шілдеден кешіктірмей.(34-б. 4-т.)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.    


Баспасөз-релизі

2017 жылғы 28 сәуірде «2017 жылғы 28 маусымға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарияланып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 сәуірдегі №9/157 қаулысымен «2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары» бекітілді. 
2017 жылғы 29 сәуірде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оның шеңберінде Облсайлауком төрағасы мен мүшелері алдағы сайлау науқанын өткізуге Комиссияның дайындық жұмысы туралы айтып берді. 
Облсайлауком төрағасы А.Жүнісов өз сөзінде 2011 жылғы 19 тамызда Қызылорда облысынан сайланған сенатор Бақтиярұлы Мұраттың өкілеттігінің конституциялық мерзімінің ағымдағы жылдың 31 тамызында аяқталатынындығына байланысты оның орнына бір депутат сайланатындығын атап өтті.
Алдағы  Парламент Сенаты депутатын сайлауда дауыс беруге тек таңдаушылар – мәслихаттар депутаттары ғана қатысады, яғни сайлау нәтижесі облыс бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың 147 депутатының таңдауына байланысты болады. 
Конституцияға және заңнамаға сәйкес жасы 30-ға толған, жоғары білімі бар және жұмыс стажы бес жылдан кем емес, сондай-ақ еліміздің аумағында соңғы он жыл бойы және өзі дауысқа түсетін өңір аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын Қазақстан азаматы Парламент Сенатының депутаты бола алады. 
Кандидаттарды ұсыну мәслихаттар сессияларында, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өздерінің мәслихаттардағы өкілдері арқылы өз кандидаттарын ұсына алу мүмкіндігі бар. 
Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін үміткер өңірдегі барлық мәслихаттар депутаттарының кемінде он пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Бұл қолдау мәслихаттар депутаттарының тиісті қолдар санын жинау арқылы куәландырылады. 
Сайлау заңнамасына сәйкес Сенат депутаттарын сайлау балама негізде өтеді. 
Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы Облсайлауком хатшысы А.Сырлыбаева сөз сөйледі. 
Аталған жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 28 мамырға дейін, кандидаттарды тіркеу 7 маусымға дейін жүреді, ал сайлау алдындағы үгіт 8 маусымда басталып, 26 маусым күнгі 24.00 сағатқа дейін жүргізіледі. 
Дауыс беруді, дауыстарды санауды және нәтижелерін жариялауды облыстық сайлау комиссиясы бір күн ішінде – 28 маусымда жүргізеді. 
Парламент Сенатының депутаттығына кандидатқа сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, сондай-ақ көліктік шығындарға республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. 

Отырыс барысында Облсайлауком төрағасы қазіргі уақытта облыстық сайлау комиссиясы транспарентті сайлау науқанын өткізуге қажетті ұйымдастырушылық, ақпараттық, техникалық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген деп атап өтті. 


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1.Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалсын. 
2.Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 
3.Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті                                                   Н.Назарбаев 
 
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 сәуір 

№468


"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабының 5 тармағына сәйкес  2017 жылдың 26 наурызында өткен Қазалы аудандық мәслихатының  депутатын сайлаудың нәтижелері туралы хабарлаймыз:
Сайлау округінің атауы мен нөмірі Округ бойынша сайлаушылардың жалпы саны                                           Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны Депутаттыққа кандидаттардың тегі, аты және әкесінің аты Әрбір депутаттыққа кандидаттар үшін берілген дауыстар саны Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны Сайланған депутаттың тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Атқаратын қызметі Тұрғылықты жері
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
№3 "Қазыбек би" 2642 2305 Қожалепесов Қуандық Бахытжанұлы 2028 24 Қожалепесов Қуандық Бахытжанұлы 1983 №88 орта мектебінің директоры Қазалы ауданы Түктібаев ауылы
Ниятов Руслан Ақжолұлы 120
Шамшадинов Кенжетай 133
                   
  Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы  

Сайлау алдындағы үгіт туралы

 
Қазіргі уақытта №3 сайлау округі бойынша Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттардың сайлауалды үгіт науқаны жүріп жатыр. 
Сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың мәслихат депутаттығына белгiлi бiр кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi
болу мақсатындағы қызмет.
Сайлау заңнамасына сәйкес сайлауалды үгітті жүргізу үшін барлық кандидаттарға тең жағдайларға кепiлдiк беріледi. Атап айтқанда, мемлекет кандидаттарға телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына кепілдік береді. 
Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлеген. Үгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастырылады. 
Тіркелген әрбір кандидат сайлауалды үгіт жүргізу үшін  кандидаттың жеке қаражатынан (2 445 900 теңгеден аспайтын), кандидатты ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген қаражаттан (4 891 800 теңгеден аспайтын) және  ел азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан (7 337 700 теңгеден аспайтын) тұратын өзінің сайлау қорын құра алады. Осылайша, мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сайлау қорындағы ақшалай қаражаттың шекті мөлшері 14 675 400 теңгеден аспауы тиіс. 
БАҚ шарт негізінде тіркелген кандидаттарға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді. Бұл ретте шарт талаптары белгiлi бiр кандидатқа артықшылық туғызбауға тиiс. 
Сайлау қорын құрмайтын азаматтар қаржыландыруды қажет етпейтін сайлауалды үгіт жүргізуге құқылы. 
Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуға рұқсат етіледі.
Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады:
-мемлекеттiк органдарға, 
-жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олардың лауазымды адамдарына,
-Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметкерлеріне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, судьяларға,
-сайлау комиссияларының мүшелеріне,
-діни бірлестіктерге,
-Шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
Барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Тыйым салынады:
-үгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға,
-үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға,
-қандай да бiр адамның бейнесiн - оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келiсімінсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге,
-қандидаттарға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге,
-сайлаушыларға тауарларды, қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдік жағдайларында ұсынуға, лотереяларды, қайырымдылық акцияларын жүргізуге, ақша төлеу немесе сондайларды ұсынуға сендіруге,
-мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды, аталған адамдар кандидаттың сенiм бiлдiрген адамдары ретiнде үгіттi жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге тартуға,
-кандидатты сайлауға септiгiн тигiзетiн қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар орналасқан үй-жайларды, егер өзге кандидаттарға аталған үй-жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепiлдiк берілмесе, пайдалануға,
-дауыс берілетiн үй-жайда қоғамдық пiкiрге сұрау салуға.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ олардың сенім білдірген адамдарының «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңның талаптарын бұзуы кандидаттарды тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға әкеп
соғады.
Сайлау күні және оның алдындағы күні БАҚ-та үгіттік материалдарды жариялауға жол берілмейдi. 
Үгіт науқаны 2017 жылғы 24 наурыз күнгі сағ. 24.00-ге дейін жалғасады. 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазалы аудандық  мәслихатының шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 101-бабының 4-тармағына сай мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау наурыз айы мен қазан айының соңғы жексенбісінде өткізіледі. 

2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында өткізілген брифинг барысында ҚР ОСК хатшысы Б.С. Мелдешов 2017 жылғы 26 наурызда республиканың 58 сайлау округінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну кезеңінің аяқталғаны туралы хабардар еткен. Соның ішінде, 13 депутат облыстық, 9 – қалалық, 36 – аудандық мәслихаттарға сайланады. 
Қызылорда облысының аумағында үстіміздегі жылдың 26 наурызында депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Қазалы аудандық мәслихатының №3 «Қазыбек би» сайлау округінен сайланған депутатының орнына сайлау өткізіледі. Аталған сайлауды өткізуге аудандық аумақтық, 1 округтік және 1 учаскелік сайлау комиссиялары қатысады. Сайлаушылар тізіміне 2763 адам енгізілген.
Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат болып 4 адам ұсынылған, олардың төртеуі де тіркеуден өткен. Бір кандидат өзінің өтінішіне сәйкес кандидатурасын қайтарып алды. 2 наурыздан бастап  кандидаттар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Үгіт-насихат жұмыстары 24 наурызда сағат 24-00де тоқтатылады. 
Ұсынылған кандидаттардың  1-мектеп директоры, 1-(кандидатурасын қайтарып алған) мектеп мұғалімі, 1-жеке кәсіпкер, 1 - аудандық білім бөлімінің әдіскері болып қызмет атқарады, 3 – жоғары білімді, 1-орта білімді.
Ұсынылған кандидаттардың 3-өзін-өзі, 1-«Нұр Отан» партиясы ұсынған.
 
Депутаттыққа кандидаттардың үгіт-насихат жұмысын жүргізуге республикалық бюджеттен әрбіріне 153.000 теңгеден бөлінді. Осы мемлекеттік қаражаттан бөлек, кандидат өзінің белгіленген тәртіппен ашылатын сайлау қоры қаражатының есебінен үгіт жүргізуге құқылы, ондағы қаражат сомасы 58.701.800 теңгеден аспайды.
2017 жылғы 11 наурыздан бастап сайлау өткізілетін округтегі сайлаушылар учаскелік сайлау комиссиясының үй-жайында сайлаушылар тізімдерімен танысып, олардағы өзі туралы мәліметтерді тексеріп және оларда жіберілген дәлсіздіктерді анықтаған жағдайда, түзетулер енгізе алады. 
 
Сайлау науқаны қаржылық және материалдық – техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген, сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтіп жатыр.
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты депутаттыққа кандидаттар мен олардың сенімді адамдарынан, сондай-ақ сайлаушылардан қандай бір арыз-шағым түскен жоқ.    
Сайлауға қатысты қажетті ақпараттар облыстың және Қазалы ауданы әкімдерінің ресми интернет-ресурсы сайттарында жарияланған.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104 бабы 6 тармағына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы хабарлайды:

 

Қазалы аудандық мәслихатының №3 «Қазыбек би» сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат болып тіркелді:

Кандидаттардың ТАӘ

Ұлты

Туған жылы

Жұмыс орны, қызметі

Тұрғылықты жері

Партияға мүшелігі

1

Қожалепесов Қуандық Бахитжанович

Қазақ

1983

№ 88 орта мектеп, директор

Қазалы ауданы, Түктібаев ауылы

«Нұр Отан» партиясы

2

Ниятов Руслан Акжолович

Қазақ

1983

Жеке кәсіпкер

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Жоқ

3

Шамшадинов Кенжетай

Қазақ

1984

Аудандық білім бөлімі, әдіскер

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Жоқ


Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының құрамы  Жүктеу...58 КБ

Құрылған күні: 24-01-2017 15:56
Жаңартылған күні: 30-10-2018 10:17

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика