ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен  
Қызылорда облысында аса қауіпті, жұқпалы және паразитарлық аурулар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал
 
2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша  Қызылорда облысында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда. 
Облыс тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, қызылша, көкжөтел, сіріспе, ірінді менингит, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, трихинеллез, иерсиниоз, безгек,  ҚКГБ, құтырма, қүл аурулары тіркелмеген.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда облыс көлемінде жұқпалы аурулардың 10 түрі бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі орын алды. Нақты атап кетсек, ротавирусты энтериттер –3,3 есеге, жіті вирусты гепатиттер С – 1 жағдайға, эхинококкоз – 2 жағдайға, туберкулез 1 жағдайға, сальмонеллез ауруы -12,2 есеге, анықталған ЖЖІА-44,6 пайызға, функционалдық диарея 8 жағдайға, жедел респираторлы вирусты инфекциясы - 33 пайызға, тұмау ауруы 2 есеге және қышыма ауруы 7 жағдайға төмендеген.  
Сонымен қатар, ағымды жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша   облыс тұрғындары арасында тамақтан улану – 28,8 пайызға, сарып ауруы –3 жағдайға, жалпы жедел вирусты гепатиттер  3 жағдайға, оның ішінде В түрі 4 жағдайға,   алғаш анықталған созылмалы вирусты гепатиттер – 9 жағдайға, мерез – 34 пайызға жоғарлаған. 
Жұқпалы жедел ішек аурулар тобының  ішіндегі бактериалды дизентерия, анықталмаған ЖЖІА, вирусты гепатит А, С  түрі, эпидпаротит, туберкулез және скарлатина ауруларының аурушаңдық көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде сақталған. 

2016 жыл қортындысымен Қызылорда облысында аса қауіпті, жұқпалы және паразитарлық аурулар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал
 
2016 жылы Қызылорда облысында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда. 
Облыс тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек, қүл аурулары мен АИТВ тудырған  ауру тіркелмеген.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда облыс көлемінде жұқпалы аурулардың 10 түрі бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі орын алды. Нақты атап кетсек, бактериалды дизентерия-49,8 пайызға, сарып ауруы 38,7 пайызға, менингококк инфекциясы 3 жағдайға, қызылша ауруы 122,8 есеге, жедел вирусты гепатит 5 жағдайға, оның ішінде ЖВГВ 7 жағдайға ЖВГС 2 жағдайға, риккетсиоздар – 20,1 %, эхинококкоз – 9 жағдайға, туберкулез 7,7 пайызға төмендеген. 
Сонымен қатар, есепті мерзімде облыс тұрғындары арасында сальмонеллез 2,3 есеге ЖЖІА-10 жағдайға, тағамнан улану 14,2 пайызға, ротавирусты энтерит-4 жағдайға, ірінді менингит 1 жағдайға, ҚҚГҚ-5 жағдайға ЖВГА 4 жағдайға, трихинеллез 20 жағдайға, ЖРВИ-3 пайызға және тұмау ауруы 3 есеге көбейген. 

2015 жылы Қызылорда облысында аса қауіпті, жұқпалы және паразитарлық аурулар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал

2015 жылы қорытындысы бойынша  Қызылорда облысында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда. 
Облыс тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық,  көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, трихинеллез, иерсиниоз, безгек, қүл аурулары мен АИТВ тудырған  ауру тіркелмеген.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда облыс көлемінде жұқпалы аурулардың 10 түрі бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі орын алды. Нақты атап кетсек, сальмонеллез жұқпасы – 2,2 есеге, анықталмаған вирусты және бактериалды ішек аурулары – 13,7 есеге, тұмау ауруы – 28,2%, ротавирусты энтериттер – 3 есеге, риккетсиоздар – 12,8 %, мерез – 21,0%, жедел респираторлы вирусты инфекциялар – 4%, өкпе туберкулезі – 5,1%, эхинококкоз - 3 азайған. 
Сонымен қатар, 2015 облыс тұрғындары арасында қызылша аурушандығы – 6,1 есеге, тамақтан улану жағдайлары – 2,5пайызға , бактериалдық дизентерия – 2,0 есеге, биттену – 1,6 есеге, жіті ішек инфекция тобы – 0,6 %,  қышыма – 6, жіті вирусты гепатиттер – 1,9есеге,  сарып ауруы –9, алғаш анықталған созылмалы вирусты гепатиттер-4 жағдайға, менингококкты жұқпасы – 3, ботулизм-6 жағдайға, ірінді менингит аурулары – 4 жағдайға өскен.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) облыс аумағында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысындағы олардың қауіпсіздігі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) салааралық үйлестіруді, бақылау-қадағалау, іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің аумақтық бөлімшелері - тиісті ауданның, қаланың (қала ауданының) тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармалары бар.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Егер Департаментке уәкілеттік берілсе, азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан және Комитет атынан түседі.
5. Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы ретінде шығуға құқылы.
6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Чайковский көшесі, 10.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
12. Департаментке мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті іске асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Департаменттің міндеттері:
1) облыс аумағында тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) өз құзыретінің шегінде Департаментке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Департаменттің функциялары:
1) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
5) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
6) мемлекеттік органдар қабылдаған реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
7) инфекциялық аурудан еркін немесе инфекциялық аурудың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін айқындау бойынша ұсыныстар беру;
8) құзыретіне сәйкес біліктілік санаттарын бере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;
9) үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету; 
10) реттелетін саладағы, бюджетті жоспарлау және орындау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
11) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;
12) инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүргізу;
13) шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу;
14) тексерулердің, бақылаудың өзге нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру;
15) құзыретінің шегінде Комитет Департаментінің аумақтық басқармаларының қызметін жалпы ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
16) өз құзыретінің шегінде тиісті аумақта бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
17) тиісті деректер банкін қалыптастыра отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, есепке алу және статистика жүргізу;
18) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің сынамаларын алу және үлгілерін іріктеу;
19) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды, заңды тұлғаларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;
20) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;
21) өз құзыретінің шегінде реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету;
22) өз құзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргізу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ведомствоға жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) тиісті аумақтағы мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарынан, обаға қарсы күрес және дезинфекция станцияларынан реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
2) реттелетін саладағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
3) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
4) реттелетін саладағы аумақтық бөлімшелер мен ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға өз құзыретінің шегінде консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
5) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;
6) өз құзыретінің шегінде консультативтік-кеңесші және сараптау комиссияларын құру;
7) қаржылық есептілікті құрастыру және бухгалтерлік есепті жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
9) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;
11) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыру;
12) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;
13) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
16. Департаментті басқаруды Департаменке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болатын Департаменттің Басшысы жүзеге асырады.
17. Департаменттің Басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Департамент Басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Департамент Басшысының өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттің қызметкерлерін, сондай-ақ Комитет төрағасының келісімі бойынша Департаменттің аудандық (қалалық) тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының басшыларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Департамент қызметкерлерін, сондай-ақ Департаменттің аудандық (қалалық) басқармаларының басшыларын, басшыларын орынбасарларын және қызметкерлерін көтермелеу, іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзі тағайындайтын Департаменттің қызметкерлеріне, сондай-ақ Департаменттің аудандық (қалалық) басқармаларының басшыларына, басшыларының орынбасарларына тәртіптік жаза қолданады;
4) Департамент қызметкерлерінің, Департаменттің аудандық басқармалары басшыларының және басшылар орынбасарларының міндеттерін, өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін айқындайды, сондай-ақ олардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтарға қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;
7) Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департаменттің Басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. Департаменттің мүлкi
20. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
21. Департаменттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақшалай табысты қосқанда) есебінен қалыптасады.
22. Департаментке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
23. Департаментке өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен айыруына немесе өзге тәсілмен билік жүргізуіне жол берілмейді.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен қала, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшыларының «Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін» қабылдау кестесі

Аты-жөні, тегі, лауазымы

Қабылдау күндері

Қабылдау уақыты

Мекен жайы, жұмыс телефоны

1.

Нұртаев Рзахұл Сәденұлы - департамент басшысы

Жұмыс күндері күнделікті

16.00-18.00

Қызылорда облысы

Қызылорда қ., П.Чайковский к-сі, 10

8 (7242) 23-75-57,

23-70-22

 2.

Аханаева Ұлбосын

Өмірбайқызы – департамент басшысының орынбасары

Жұмыс күндері күнделікті

15.00-17.00

Қызылорда облысы

Қызылорда қ., П.Чайковский к-сі, 10

8 (7242) 23-81-48,

23-70-22

3.

Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлы – департамент басшысының орынбасары

Жұмыс күндері күнделікті

15.00-17.00

Қызылорда облысы

Қызылорда қ., П.Чайковский к-сі, 10

8 (7242) 23-72-20,

23-70-22

4.

Өмірәлі Перизат Әмірәліқызы – Қызылорда қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы

Жұмыс күндері күнделікті

16.00-18.00

Қызылорда облысы

Қызылорда қ.,

Желтоксан к-сі, 154

8 (7242) 23-08-12

5.

Бисенов Амангелді Нұртөреұлы –

Қызылорда қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары

Жұмыс күндері күнделікті

16.00-18.00

Қызылорда облысы

Қызылорда қ.,

Желтоксан к-сі, 154

8 (7242) 23-08-30

6.

Сатекеева Ақзия Қасымқызы – Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы

Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері

15.00-18.00

Арал ауданы

Арал қ.,

Бақтыбай батыр к-сі, 121

8 (724-33) 2-26-44

7.

Балшамбаева Акгүл Түгелқызы – Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері

15.00-18.00

Арал ауданы

Арал қ.,

Бақтыбай батыр к-сі, 121

8 (724-33) 2-41-73

8.

Имандосова Гүлсім Жұманқызы – Қазалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы

Жұмыс күндері күнделікті

10.00-12.00

Қазалы ауданы

Айтеке би кенті

Жалаңтөс Бахадур к-сі, 42

8 (724-38) 24-2-22

9.

Сарықұлов Ғабидулла Ләтиұлы - Қазалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары

Жұмыс күндері күнделікті

15.00-17.00

Қазалы ауданы

Айтеке би кенті

Жалаңтөс Бахадур к-сі, 42

8 (724-38) 22-5-58

10.

Иса Әбсаттар Үкібайұлы – Қармақшы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы

Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері

16.00-18.00

Қармақшы ауданы

Жосалы кенті

Қоркыт ата к-сі, 64

8 (724-37) 2-29-66

11.

Төлепбергенова Гүлнар Мәлікқызы - Қармақшы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері

16.00-18.00

Қармақшы ауданы

Жосалы кенті

Қоркыт ата к-сі, 64

8 (724-37) 2-29-68

12.

Аханов Оразғали Мадельханұлы – Жалағаш аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқарма басшысы

Жұмыс күндері күнделікті

15.00-17.00

Жалағаш ауданы

Жалағаш кенті

 Т.Жүргенов к-сі, 75

8 (724-31) 31-5-69

13.

Жанабергенова Динара Олжабаевна – Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы

Жұмыс күндері күнделікті

16.00-18.00

Сырдария ауданы

Теренөзек кенті

Ғ.Мұратбаева к-сі, 103/2

8 (724-36) 21-1-91

 14.

Жұбатқанов Мэлс Аманшаұлы - Шиелі  аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы

Әр аптаның сәрсенбі күні

16.00-18.00

Шиелі ауданы

Шиелі кенті

Жүргенов к-сі, 5

8 (724-32) 4-25-19

15.

Отарбеков Асқан Бердіұлы – Жаңақорған аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы

Әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері

11.00-12.00

Жаңақорған ауданы

Жаңақорған қонысы

Қорасан-Ата к-сі, 8 «А»

8 (724-35) 21-0-61, 22-5-01

16.

Тұрғанбаев Абай Бекмырзаұлы - Жаңақорған аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның бейсенбі күні

11.00-12.00

Жаңақорған ауданы

Жаңақорған қонысы

Қорасан-Ата к-сі, 8 «А»

8 (724-35)21-4-19

Қазақстан Республикасы ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен қала, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының 

«Сенім телефоны»

Мекеменің аты

Сенім телефоны

1.  

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

8 (7242) 23-70-22

2.  

Қызылорда қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

8 (7242) 23-08-12, 23-08-30

3.  

Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

8 (724-33) 2-16-44, 2-15-18

4.  

Қазалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы

8 (724-38) 24-2-22

5.  

Қармақшы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы

8 (724-37) 2-18-73

6.  

Жалағаш аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

8 (724-31) 31-5-69

7.  

Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

8 (724-36) 21-4-74

8.  

Шиелі  аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

8 (724-32) 4-32-06, 4-25-19

9.  

Жаңақорған аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы

8 (724-35) 21-0-61, 21-4-19, 22-5-30

2015 жылдың 1 жарты жылдығында Қазақстан Республикасы ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен қала, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының  «Ашық есік күндерін» өткізу кестесі

Мекеменің аты

Өткізу күні мен уақыты

Өткізу орны

1.  

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

29.01.2015ж

Қызылорда облысы

Қызылорда қ., П.Чайковский к-сі, 10

26.02.2015ж

26.03.2015ж

30.04.2015ж

28.05.2015ж

25.06.2015ж

2.  

Қызылорда қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

14.01.2015ж

Қызылорда облысы

Қызылорда қ.,

Желтоксан к-сі, 154

11.02.2015ж

11.03.2015ж

8.04.2015ж

10.05.2015ж

10.06.2015ж

3.  

Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

30.01.2015ж

Арал ауданы

Арал қ.,

Бақтыбай батыр к-сі, 121

27.02.2015ж

31.03.2015ж

30.04.2015ж

29.05.2015ж

30.06.2015ж

4.  

Қазалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы

30.01.2015ж

Қазалы ауданы

Айтеке би кенті

Жалаңтөс Бахадур к-сі, 42

27.02.2015ж

27.03.2015ж

24.04.2015ж

29.05.2015ж

26.06.2015ж

5.  

Қармақшы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы

30.01.2015ж

Қармақшы ауданы

Жосалы кенті

Қоркыт ата к-сі, 64

27.02.2015ж

27.03.2015ж

24.04.2015ж

29.05.2015ж

26.06.2015ж

6.  

Жалағаш аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

30.01.2015ж

Жалағаш ауданы

Жалағаш кенті

 Т.Жүргенов к-сі, 75

27.02.2015ж

27.03.2015ж

24.04.2015ж

29.05.2015ж

26.06.2015ж

7.  

Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

29.01.2015ж

Сырдария ауданы

Теренөзек кенті

Абай Құнанбаев к-сі, 19

26.02.2015ж

26.03.2015ж

30.04.2015ж

28.05.2015ж

25.06.2015ж

8.  

Шиелі  аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

28.01.2015ж

Шиелі ауданы

Шиелі кенті

Жүргенов к-сі, 5

27.02.2015ж

20.03.2015ж

17.04.2015ж

22.05.2015ж

26.05.2015ж

9.  

Жаңақорған аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы

29.01.2015ж

Жаңақорған ауданы

Жаңақорған қонысы

Қорасан-Ата көшесі, 8 «А»

26.02.2015ж

26.03.2015ж

30.04.2015ж

28.05.2015ж

25.06.2015ж

Құрылған күні: 07-08-2012 08:03
Жаңартылған күні: 21-04-2017 17:51

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика