ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2018 жылғы 16 қазан
Данияр Ақышев – әлеуметтік бағытына қарамастан, «7-20-25» бағдарламасы ипотека болып табылады
«7-20-25» бағдарламасы биыл шілдеде іске қосылды. Қазақстан азаматтары жылдық 7%-дық мөлшерлемемен, 20% бастапқы жарнамен және 25 жыл мерзімге баспана сатып ала алады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында баяндамамен сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.
«Біріншіден, әрбір адам баспананы бағдарламада айқындалған өлшемшарттар бойынша таңдауға тиіс. Екіншіден, қатысушы банкке келіп, кредит алуға өтініш беру керек. Үшіншіден, ресми түрде расталған кірісі болуға және меншік құқығында баспанасы болмауға тиіс», - деп еске түсірді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.
Д.Ақышевтың айтуынша, қазіргі уақытта 7 банк өтінім қабылдауда, олар: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Банк RBK, Еуразиялық Банк, Халық банкі және ForteBank.
«Ағымдағы күні қарыз алуға 42 млрд теңге сомаға 3539 өтінім берілді, оның ішінде банктер 28 млрд теңге сомаға 2352 өтінімді мақұлдады», - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.
Ол сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасын жылдам бастап, іске асырудың маңызды екенін атап өтті. Қысқа мерзім ішінде қажетті инфрақұрылым құрылды, ақпараттық кампания кеңейтілді, банктермен және халықпен белсенді түрде жұмыс жүріп жатыр. Тиімділікті арттыру үшін қыркүйекте біз Бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
«Шымкент қаласы және Астана мен Алматы қалаларының қала маңындағы аймақтары сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңге мөлшеріндегі өңірлерге жатқызылды. Әкімдіктер және құрылыс инвесторлары іске асыратын жылжымайтын тұрғын үй объектілері есебінен бастапқы баспана ұғымы кеңейтілді. Баспана ұсынысын ынталандыру шаралары енгізілді. «Баспана» ипотекалық ұйымының жергілікті атқарушы органдардың теңгемен облигацияларын баспана салу үшін нарықтық мөлшерлемемен сатып алу тетігі көзделген», - деп хабарлады Д.Ақышев.
Оның айтуынша, Бағдарлама азаматтарымыздың масылдығын құрмауға тиіс. Бағдарлама мөлшерлемесі төмен және кредиттеу мерзімі ұзақ, әлеуметтік бағыттағы бағдарлама болып табылады, бірақ ол ипотека болып қала береді. Бұл кредитті төлеу үшін ресми расталған кіріс болу керек дегенді білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы құны 10 млн теңге болатын пәтерді сатып алу үшін 2 млн теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет екенін түсіндірді. Ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады. Тиісінше, банктің мақұлдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы керек. Себебі кредит бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауға тиіс деген ереже бар.
«Халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаны сәтті іске асыру факторларының бірі болып табылады және оны одан әрі ынталандыру үшін Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен шаралары қажет», - деп сөзін қорытындылады Д.Ақышев.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
+7 (727) 704 585

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2018 жылғы 4 шілде
Данияр Ақышев – «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде алғашқы қарыздар берілді
«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында алғашқы жеті қарыз берілді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев бүгін Алматы қаласында өткен Ұлттық Банк пен «Баспана» ипотекалық ұйымының брифингі барысында айтып берді.
Ол ағымдағы жылғы наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 5 әлеуметтік бастаманы алға тартқанын еске салды.
«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітіп, «Баспана» арнайы ұйымын құрды.
«Маусымда ҚР Парламенті заңнамаға Бағдарламаны тиімді іске асыруға қажетті түзетулерді қамтитын заң жобасын қабылдады. Бағдарлама халыққа 7% мөлшерлеме бойынша ипотекалық кредит алу үшін оңтайлы жағдайлар, кредиттелетін тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімін ұсынады», - деді Д.Ақышев.
Ол Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар ұлттық валютада берілетінін және оған тұрақты кірісі бар, меншік құқығында баспанасы жоқ азаматтар қатыса алатынын атап өтті.
Д.Ақышевтың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі онда нысаналы мемлекеттік қаржыландырудың жоқ екендігі болып табылады. Бағдарламаны қаржыландыру кредиттік ресурстардың тез қайтарылуын қамтамасыз ету үшін қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.
«Бағдарламаны іске асыру көптеген Қазақстандықтар үшін көптен күткен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді, ипотекалық кредиттеудің қарқынын жандандырады және жалпы ел экономикасының дамуына оң ықпал етеді», - деп түсіндірді Д. Ақышев.
Ол қазіргі таңда Бағдарламаны іске асыру басталғанын, екінші деңгейдегі банктермен келісім жасалғанын және алғашқы ипотекалық қарыздар берілгенін атап өтті.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы өзінің ресми интернет-ресурсын (www.baspana72025.kz) және + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы тегін call-орталығын іске қосқан «Баспана» ипотекалық ұйымына бұдан әрі барлық сұрақ бойынша жүгінуге болады деді.
«7-20-25» бағдарламасының негізгі өлшемдері туралы «Баспана» Басқарма Төрағасы Қайрат Алтынбеков айтып берді
Мемлекет басшысы белгілеген «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағдарламасының негізгі өлшемдері өзгеріссіз қалады, бұл түпкілікті мөлшерлеме жылдық 7%, комиссиясыз және қосымша ақысыз, тұрғын үй
құнының бастапқы жарнасы 20 пайыз, кредиттің ең ұзақ мерзімі 25 жыл. Бұл жөнінде бүгін «Баспана» Басқарма Төрағасы Қайрат Алтынбеков Ұлттық Банктің және «Баспана» ипотекалық ұйымының Алматы қаласында өткен брифингі барысында айтып берді.
Ол тұрғын үй сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлер үшін - 15 млн теңге деп белгіленгенін атап өтті. Нысаналы индикаторларға сәйкес ипотекалық кредиттердің жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрайды.
«Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және басқа да ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бағдарлама қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуға тиіс. Қазіргі таңда «Баспана» Центркредит Банкімен, Халық банкімен, Еуразия Банкімен, Цесна Банкімен, АТФ Банкімен, РБК Банкімен және Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен келісімге қол қойды. Сбербанк пен Форте Банк бағдарламаға қызығушылық танытты және техникалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жөніндегі келісімге қол қоюға дайын. Осылайша, біздің әріптес банктеріміздің дамыған желісін ескере отырып, біз «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы елдің барлық өңірлерін қамтып, Қазақстанның біраз азаматына көптен күткен тұрғын үйін алуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деді Қ.Алтынбеков.
Оның айтуынша, бағдарламаға қатысу үшін келесі құжаттардың болуы жөніндегі талаптар айқындалды. Атап айтқанда, әлеуетті қарыз алушы банкке еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуын растайтын құжаттарды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы туралы мәліметті, тұрғын үйінің болмауы туралы анықтаманы, сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынуға тиіс.
«Ипотекалық кредиттерді сатып алу тетігі әріптес банктермен оңтайлы пысықталуда. Банктер ипотекалық кредиттерді 7-20-25 бағдарламасының талаптарына сәйкес береді, «Баспана» өз кезегінде банктерден ипотекалық кредиттерді сатып алады. Біз ресми www.baspana72025.kz сайтын іске қостық, одан барлық қажетті ақпаратты алуға болады. Сондай-ақ + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 7-20-25 бағдарламасының мобильді қосымшасы әзірленуде, ол жуық арада App Store мен Play Маркет арқылы көшіріп алу үшін қол жетімді болады», - деді Қ. Алтынбеков.
Қорытындылай келе, ол бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады деп атап өтті. «Баспана» кез келген қажетті ақпаратты жедел әрі толық көлемде ұсынуға дайын.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (727) 704 585

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2018 жылғы 19 маусым
«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді.
Бағдарлама Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде әзірленді. Атап айтқанда, ипотекалық қарыздарды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7%, бастапқы жарна – 20%, қарыз мерзімі – 25 жылға дейін болатын талаптармен беруді көздейтін «7-20-25» бағдарламасын іске қосу тапсырылды.
Бағдарлама ипотекалық тұрғын үй қарыздарын берудің негізгі талаптарын, қарыз алушылар мен банктерге Бағдарламаға қатысу үшін өлшемшарттарды, банктердің оператормен өзара іс-әрекет жасау тәртібін, сондай-ақ Бағдарламаны ойдағыдай іске асыру үшін заңнамалық актілер деңгейінде қабылдануға тиіс шараларды айқындайды.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады.
Бағдарламада Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады:
25 млн теңге – Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында;
15 млн теңге – басқа өңірлерде.
Бағдарламаның операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ болып табылады. Оператор облигацияларды шығару және орналастыру есебінен қаржыландырудың нарықтық тетіктерін пайдалана отырып Қазақстан қор биржасына (KASE) кемінде 1 трлн теңгені тартады және алынған қаражатты Бағдарламаның талаптары бойынша қатысушы банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын сатып алуға жібереді.
Бағдарлама шеңберінде қатысушы банктерге қатысты өлшемшарттар айқындалатын болады. Қатысушы банктердің тізбесі олар «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-пен тиісті шарттар жасасқан соң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Бағдарламаның талаптарына сәйкес қатысушы банктердің қарыздар беру және қызмет көрсету үшін қарыз алушылардан комиссия алуға құқығы жоқ.
Қатысушы банктердің қарыздарды беру рәсімдерінің басталғаны туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында да орналастырылатын болады. «7-20-25» бағдарламасын іске асыра бастаудың күтілетін мерзімі – ағымдағы жылдың екінші жартысы.
«7-20-25» Бағдарламаның талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында 2018 жылғы 19 маусымнан бастап «7-20-25» жаңа бөлімі іске қосылды, онда осы Бағдарламаға қатысты қызығушылық тудыратын сұрақтарға жедел жауап алуға болады.
«ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасы AppStore (https://itunes.apple.com/kz/app/nbk-online/id1134502211?ls=1&mt=8) және PlayMarket дүкендерінде (https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals) мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін қолжетімді.
Бағдарламамен http://www.nationalbank.kz/?docid=3539&switch=kazakh сілтемесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты әлеуетті қарыз алушылар «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың
+7 (727) 2704-585 телефоны бойынша,
БАҚ өкілдері +7 (727)270 45 85 телефоны немесе press@nationalbank.kz электрондық пошта арқылы алуларына болады

2018 жылғы 13 наурыз 

Д.Ақышев - Ұлттық Банк «7 – 20 – 25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын әзірлеуге кірісті

жүктеу...292 КБ

 

Құрылған күні: 19-03-2018 10:33
Жаңартылған күні: 22-10-2018 17:41

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика