ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын егумен айналысатын ірі шаруашылықтар тізімі
Қызылорда облысы бойынша 2015 жылға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат

 


Өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 184,5 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Осыдан бүгінгі күнге 139,1 мың гектары (75,4%) жиналды.
Оның ішінде, картоптың 3791 гектары (83,5%), көкөністің 4885 гектары (91,1%) және бақша дақылдарының 7206 гектары (96,2%), дәндік жүгерінің 834 гектары (81,2%), тарының 260 гектары (41,1%) және сүрлемдік жүгерінің 211 гектары (26,7%)  жиналды. 
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен есепті кезеңге 778,4 мың тонна немесе (86,4 %) (меже 912 мың тонна) мал азығы дайындалды. Оның ішінде 205,6 мың тонна жоңышқа шөбі, 4,1 мың тонна сүрлем, 485,8 мың тонна табиғи шөп және 92,9 мың тонна сабан дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. 
Негізгі дақыл - күріш жинау жұмыстары жалғасуда. 2018 жылғы 28 қыркүйекке аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің ұсынған жедел ақпараттарына сәйкес, күріш дақылының 51 215 гектары (59,1%) орылып, 39 784 гектары (45,9%) бастырылып, 183 859 тонна күріш салысы жиналды. Орташа өнім гектарына 46,2 центнерді құрап отыр.
Егін жинау науқанына 1655 дана трактор, 858 дана комбайн, 463 дана жатка, 335 дана тасымал көлігі және 830 дана трактор тіркемесі қатысуда. 
Күзгі дала және егін жинау жұмыстарына 16 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта шілде, тамыз айларына бөлінген 10,3 мың тонна дизель отыны облысқа толық жеткізіліп, шаруашылықтарға таратылды. 
Сондай-ақ, қыркүйек айына бөлінген 5,7 мың тонна дизель отынының 1,4 мың тоннасы облысқа жеткізілді. 
Бұдан басқа, шаруашылықтардың өз күшімен 14,4 мың тонна дизель отыны, 3,1 мың тонна автобензин және 938 тонна дизель майы дайындалды.
 

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша 
2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының орналастыру сызбасына сәйкес 177,1 мың гектар егін егу межеленіп, қазіргі таңда облыс бойынша 184,5 мың гектарға егіс егілді. (жоспар 104,2% орындалды).
Облыста егін егу жұмыстары аяқталды.  Бүгінгі күнге шаруашылықтар бойынша барлығы 184,5 мың гектар, оның ішінде 2296 га жаздық бидай, 433 га арпа, 1027 га астықтық жүгері, 618 га тары, 51 га күнбағыс, 10282 га мақсары, 19170 га жаңа жоңышқа, 791 га мал азықтық жүгері, 4538 га картоп, 5365 га көкөніс, 7490 га бақша егілді. 
Тұқым шаруашылығы бойынша
Ағымдағы жылы 87267 гектар күріш егісі 100% 23818 тонна жо5ары репродукциялы тұқыммен себілді. Оның ішінде репродукция бойынша 18,3 тоннасы (0,1%) көбейтілген тұқым, 214 тонасы (0,8%) супер элита, 1586 тоннасы (6,7%) элита, 7589,5 тоннасы (31,9%) I репродукциялы тұқым, 10 367,1 тоннасы (43,5%) II – репродукциялы тұқым, 4043,1 тоннасы (17%) III – репродукциялы.  
Сондай-ақ, себілген тұқымның 4 087,2 тоннасы (17,2%) 1 класс, 17 725,9 тоннасы (74,4%) 2-класс, 2004,9 тоннасы (8,4%) 3 класс тұқымды құрады.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша
 
2018 жылы облыс бойынша 177,1 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 81,0 мың гектар. Оның ішінде дәндi дақылдар 88,0 мың, майлы  дақылдар 10,6 мың, мал азықтық дақылдар 60,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектарды құрайды.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, дайындалған тұқымдарды себу дәрежесіне жеткізу, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау жұмыстары жүргізілуде. Облыста егін егу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1469 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 883 гектар жаңа жоңышқа (о.і. 85 га жаздық бидаймен, 50 га мақсарымен бүркемеленген), 220 гектар мақсары және 70 гектар жаздық бидай егіліп отыр. 
2018 жылдың егісіне қажетті 54,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың 31,3 мың тоннасы (57,8%) алынды.
Сонымен қатар, қажеттілігі 56,9 мың литрді құрайтын гербицидтердің 6,2 мың литрі (10,8%) сатып алынды.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына 1655 трактор, 450 соқа, 222 тұқым сепкіш, 359 автомашина және 830 трактор тіркемесі қатысуда.
Облыстың көктемгі егіс және дала жұмыстарына барлығы 14 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 4,9 мың тонна арзандатылған дизель отынына толық жеткізіліп, оның 3,4 мың тоннасы шаруашылықтарға таратылды.
Тұқым шаруашылығы бойынша
2018 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 22695 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 25,8 тоннасы (0,11%) көбейтілген тұқым, 29,1 тоннасы (0,13%) супер элита, 753 тоннасы (3,3%) элита, 9019 тоннасы (39,7%) І репродукциялы тұқым, 8717,1 тоннасы (38,4%) ІІ репродукциялы тұқым, 4150,6 тоннасы (18,3%) ІІІ репродукциялы тұқым. Дайындалған 22695 тонна күріш тұқымының - 1917 тоннасы Маржан, 5039 тоннасы - Янтарь, 14586 тоннасы - Лидер, 13 тоннасы - Анаит, 20 тоннасы - КазЕр-6, 597 тоннасы - Новатор, 422 тоннасы - Фаворит, 15 тоннасы - АйКерім, 85,6 тоннасы - Партнер сорттары.
«КазАгрЭкс» АҚ облыстық филиалының мәліметі бойынша дайындалған 22695 тонна күріштің себу дәрежесіне жеткені 9889 тонна, яғни 48,5 %. Оның ішінде 2354 тоннасы (11,5%)  1-класс, 6372 тоннасы (31,3%) 2-класс, 1163 тоннасы (5,7%) 3-класс. 
Ақ егіске дайындалған тұқымдардың ішінде күздік бидай тұқымы түгел кондицияға жеткізіліп себілді. Жаздық бидай тұқымы 539 тонна (100%), арпа тұқымы 65,4 тонна (100%), сұлы тұқымы 42,1 тонна (100%), түйе жоңышқа тұқымы 4,7 тонна (100%), мақсары тұқымы 72 тонна (100%) және 167,7 тонна жоңышқа тұқымының 135,9 тонна (81%) себу дәрежесіне жеткізілді. Қазіргі таңда шаруашылықтар бойынша себу дәрежесіне жеткізілмеген күріш дақылы тұқымын тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар биыл сорт жаңарту, сорт алмастыру мақсатында Ресейдің Краснодар өлкесінен «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы 350 тонна элиталық күріш әкелінеді.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша 
2017 жылы облыс бойынша барлығы 181,1 мың га (2016 жылы 169,3 мың га) жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Оның ішінде, күздік бидай 3086 га, жаздық бидай 2048 га, арпа 352 га, дәндік жүгері 681 га, сұлы 107 га, тары 388 га, күнбағыс 510 га, мақсары 6309 га, сүрлемдік жүгері 655 га, жаңа жоңышқа 18974 га, ескі жоңышқа 40498 га, картоп 4360 га, көкөніс 4998 га және бақша 7257 га.
Негізгі дақыл – күріш көлемі 90882 га.
Биылғы жылы суармалы су көлемінің мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда көп болуына байланысты, күріш дақылы 10,8 мың гектарға артық егілді
Әртараптандару бағытындағы дақылдардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда барлығы 4381 га артық орналасты. Атап айтқанда, ескі жоңышқа – 2314 га, күздік бидай – 903 га, арпа – 192 га, дәндік жүгері – 156 га, майлы дақылдар – 816 га.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы өндірістік негізде 2000 га шамасында көкөніс-бақша өсірілді. («Магро» ЖШС 100 га (о.і. 50 га ылғал үнемдеу тәсілімен (пленкамен)), «Іскер-М» ЖШС-і 100 га (тамшылатып суғару тәсілімен), Орда ЖШС 100 га, Қазалы ауданы (кооперативтер) 600 га, Жаңақорған ауданы 600 га).  
Жеміс-жидек өндірісін ұлғайту мақсатында 2017 жылы барлығы 106 га (оның ішінде, 96 гектарға жеміс ағаштары мен 10 гектарға жүзім) жеміс-жидек екпелері отырғызылды.
Үстіміздегі жылы күріш егісіне 57,8 мың тонна минералды тыңайтқыш және арам шөптерге қарсы 81,3 мың литр гербицид пайдаланылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тыңайтқыш 14,1 мың тоннаға және гербицид 34,5 мың литрге артық.
Сондай-ақ, 2016 жылмен салыстырғанда 4216 га үстеп қоректендіру және 6178 гектар егіске химиялық өңдеу жұмыстары артығымен жүргізілді.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 97 544 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 514 917 мың тонна астық алынды. 
Атап айтқанда, 9276 тонна бидай, 207 тонна арпа, 1 827 тн дәндік жүгері, 103 тн сұлы және 979 тн тары. Өткен жылмен салыстырғанда бидай 830 тоннаға, сұлы 78 тоннаға артық жиналды. Жалпы, бидай өнімділігі (18,1 цн/га) 2,8 центнерге, сұлы өнімділігі (9,7 цн/га) 8,5 центнерге тары (25,2 цн/га) 2,0 центнерге артты.
Негізгі дақыл күріштің әр гектарынан 55,3 центнерден өнім алынып, 502,5 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл күріш өндірісі тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өнім көлемі 62,8 мың тоннаға артық. 
Майлы дақылдардан 5255 тонна (2016 жылы 5058 тн) өнім жиналды. Орта өнімі гектарына 7,7 центнерді құрады. 
Сонымен қатар, 70571 тонна картоп, 91258 тонна көкөніс және 152786 тонна бақша өнімдері жиналды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2018 жылдың егісі үшін 48,8 мың га сүдігер көтеріп, 3,1 мың га күздік бидай орналастырды.
Биылғы егін егу және жинау науқанына 1830 дана трактор, 868 дана комбайн, 456 жатка, 394 дана тасымал көлігі, 905 дана трактор тіркемесі 491 соқа және 245 тұқым сепкіш қатысты.
Техникалық саясатты жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары соңғы жылдары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді. 2017 жылдың өзінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері жалпы сомасы 4,9 млрд. теңгеге 84 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Бұдан басқа, шаруашылық құрылымдары өз қаржыларының есебінен 60 дана (320,2 млн. теңге) ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. 
2017 жылы көктемгі егін егу жұмыстары және күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 30,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, облыс бойынша белгіленген «Нефтьтранс-Қызылорда» және «РК Мұнай» ЖШС-і дизель отынының литрін 128,5 теңгеден шаруашылықтарға жеткізуді қамтамасыз етті.
Жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында Қызылорда қаласында бітпей қалған 5 гектарды құрайтын 120 жылыжайды іске қосу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнде оның 50 жылыжайы іске қосылды.  
Сонымен қатар, Қарауылтөбе ауылдық округінде 1 гектар құрайтын жылыжай іске қосылып, өнім алынды. Сол сияқты, Жаңақорған ауданында арнайы құрылған «Агрозонада» 1 гектар жылыжайдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында «КазАгроМир» ЖШС-гі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржыландыруымен көлемі 2,2 га құрайтын кешенді жылыжай құрылысын салу жөнінде келісім-шартқа қол қойды. Жобаның құрылысы 2018 жылы басталады.
Биыл Жаңақорған ауданында «Тату агро» шаруа қожалығында 200 гектарда тамшылатып суару әдісімен қызанақ егіліп, әр гектарынан 190 центнерден өнім алынып, 3895 тонна өнім өндірілді. 
Сондай-ақ, жеміс-жидек өндірісін ұлғайту мақсатында биыл барлығы 106 гектар (оның ішінде 96 гектарға жеміс ағаштары мен 10 гектарға жүзім) жеміс-жидек екпелері егіліп, 1,1 мың тонна өнім жиналды.  
Тұқым шаруашылығы
2017 жылдың егісіне 637 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілсе, көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 66 тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 188,3 тонна жоңышқа  және негізгі дақыл күріштің  23083,1 тонна тұқымдары құйылды. 
Сонымен қатар, жоғары сұранысқа ие күріш сорттарын өсіруді ұлғайту мақсатында ағымдағы жылы «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы облыстық бюджеттен бөлінген 100 млн. теңгеге Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінен 333 тонна («Фаворит» - 278 тн, «Лидер» – 50 тн, «Янтарь» – 5 тн) элиталық сорттары әкелініп , тұқым шаруашылықтарында көбейтілді.
Краснодардан әкелінген элиталық күріш сорттары осы шаруашылықтарда 1300 гектардан астам жерге егіліп күтімге алынды.
Аталған шаруашылықтар ағымдағы жылы облыс шаруашылықтарын  І -репродукциялы сапалы күріш тұқымымен қамтамасыз ететін болады.
2016 жылы Иран елінде үлкен сұранысқа ие күріштің «Тором Хошеми» сорты тәжірибелік негізде өсіріліп, өнімділігі мен сапасы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Қармақшы ауданы «Ақтөбе К» шаруашылығында осы Иран сорты 70 гектар жерге егілді. 2018 жылы осы сорт өнімінен 60 тонна күріш Иранға экспортқа шығару жоспарлануда.
Сорт алмастыру, сорт жаңарту мақсатында жүргізілген жұмыстардың арқасында  биыл  нақты егілген 90882 гектар күріш егістігіне себілген 23083,1 тонна тұқым 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқыммен себілді. 
2018 жылдың егісіне облыс бойынша 22695 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы құйылды. 
Сонымен қатар, 2018 жылдың егісіне 699 тонна күздік бидай, 560 тонна жаздық бидай, 66 тонна арпа, 230 тонна жоңышқа тұқымы дайындалды.

Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 181,2 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады. Осыдан бүгінгі күнге 146,5 мың гектары немесе 80,8%-ы жиналып болды.
Оның ішінде, картоптың 3388 гектары (77,7%), көкөністің 4554 гектары (91,1%) және бақша дақылдарының 6873 гектары (94,7%), дәндік жүгерінің 381 гектары (52,6%), тарының 214 гектары (55,2%) және сүрлемдік жүгерінің 490 гектары (80,3%)  жиналды. 
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен есепті кезеңге 763,3 мың тонна немесе 102,7 % (меже 743 мың тонна) мал азығы дайындалды. Оның ішінде 178,8 мың тонна жоңышқа шөбі, 6,8 мың тонна сүрлем, 520,5 мың тонна табиғи шөп және 57,2 мың тонна сабан дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. 
Негізгі дақыл - күріш жинау жұмыстары жалғасуда. 2017 жылғы 29 қыркүйекке аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің ұсынған жедел ақпараттарына сәйкес, күріш дақылының 75 964 гектары (83,5%) орылып, 66 558 гектары (73,2%) бастырылып, 342 929 тонна күріш салысы жиналды. Орташа өнім гектарына 51,5 центнерді құрап отыр.
 Егін жинау науқанына 1830 дана трактор, 868 дана комбайн,456 дана жатка, 394 дана тасымал көлігі және 905 дана трактор тіркемесі қатысуда. 
Күзгі дала және егін жинау жұмыстарына 16 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта шілде, тамыз айларына бөлінген 8,8 мың тонна дизель отыны облысқа толық жеткізіліп, шаруашылықтарға таратылды. 
Сондай-ақ, қыркүйек айына бөлінген 7,2 мың тонна дизель отынының 4,2 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, оның 3,5 мың тоннасы шаруашылықтарға таратылып отыр. 
Бұдан басқа, шаруашылықтардың өз күшімен 13,2 мың тонна дизель отыны, 2,9 мың тонна автобензин және 890 тонна дизель майы дайындалды.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша
 
Облыс әкімімен аудандар және Қызылорда қаласы бойынша  2017 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 168,7 мың гектарға егiс егу жоспарланған.Оның ішінде дәндi дақылдар 84,5 мың, майлы дақылдар 7,4 мың, мал азықтық дақылдар 60,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,4 мың гектар. 
2017 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 3089 гектар күздік бидай егілді. 
Көктемде шаруашылықтарда 18397 га жаңа жоңышқа (101,4%), 6685 га мақсары (90,7%), 3545 га жаздық дәнді дақылдар (108,5%) (бидай, арпа, сұлы, дәндік жүгері, тары) егілді.
Сонымен қатар, биыл жеміс-жидек өндірісін ұлғайту мақсатында барлығы 106 га (оның ішінде, 96 гектарға жеміс ағаштары мен 10 гектарға жүзім) жерге жеміс-жидек екпелері егілді.
Облыста күріш егу жұмыстары толық аяқталды. Аудандардың берген жедел мәліметтеріне сәйкес облыс бойынша күріш 89268 га (113,9%) егіліп,    5 маусым күні толық суға бастырылды. 
Бүгінгі күнге 4591 га картоп (100%), 5015 га көкөніс (100%), 7120 га бақша (100%), 310 га күнбағыс және 600 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді. 
Сонымен қатар, 25 мамырдан бастап облыста жоңышқа дақылын жинау жұмыстары басталды. Бүгінгі күнгі межеленген 41,1 мың гектар жоңышқаның 9,5 мың гектары орылып, 16,2 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып, орта өнім гектарына 17,1 центнерден айналуда. Жоңышқа дақылын жинау жұмыстары жалғасуда. 
Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау
2017 жылға қажетті 51,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштың қазіргі таңда нақты 46,6 мың тоннасы (91,1%) алынды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының гербицидтерге қажеттілігі 64,8 мың литрді құрайды. Бүгінгі күнге, шаруашылықтар тарапынан 5,5 мың литр гербицид (23,9%) сатып алынды.
Техника және жанар-жағар май
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына 1830 трактор, 491 соқа,245 тұқым сепкіш, 394 автомашина және 905 трактор тіркемесі қатысты.
2017 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 14 мың тонна дизель отыны толығымен облысқа жеткізіліп, оның 10,7 мың тоннасы (76,6%) шаруашылық құрылымдарына таратылды.
Тұқым шаруашылығы бойынша
2017 жылдың егісіне 612 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілсе, көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 63,6, тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 184,5 тонна жоңышқа  және негізгі дақыл күріштің  23355 тонна тұқымдары құйылды. 
Бүгінгі таңда құйылған ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді. 
Себілген күріш тұқымының 3910 тоннасы -16,7 %  І класс, 14430 тоннасы - 61,7% ІІ класс, 5015 тоннасы-21,6%  ІІІ класты тұқымды құрады.
Сонымен қатар, биылғы жылы да  сорт жаңарту және ауыстыру  мақсатында Ресейдің Краснодар өлкесінен "Агрохолдинг Байқоңыр" ЖШС-гі арқылы күріштің Фаворит, Янтарь, Лидер сорттарының 333 тонна элиталық тұқымдары  әкелініп, "Түгіскен, Төңкеріс К, Таң ЛТД" тұқым шаруашылықтарына таратылып берілді. Аталған шаруашылықтар келесі жылы облыс шаруашылықтарын І репродукциялы сапалы күріш тұқымымен қамтамасыз ететін болады.
№ 045 "Тұқымдық және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау" бағдарламасы шеңберінде 2017 жылға  облыс бойынша жергілікті бюджеттен 23391 мың теңге қаражат қаралған болатын. Бүгінгі таңға бөлінген қаражаттың 13339 мың теңгесі игеріліп, облыс бойынша 6558 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы жыл аяғына дейін игеріледі. 
002 "Тұқым шаруашылығын қолдау" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 439,3 млн. теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржы толығымен  игерілді.

Егіншілік және өсімдік қорғау саласы бойынша 
2017 жылы облыс бойынша 168,7 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,4 мың гектар.
Оның ішінде дәндi дақылдар 84,5 мың, майлы дақылдар 7,4 мың, мал азықтық дақылдар 60,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың гектарды құрайды. 
Қазіргі таңда облыс бойынша ауыл шаруашылығы техникаларыны жөндеу, дайындалған тұқымдарды себу дәрежесіне жеткізу, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Облыста егін егу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 10649 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 7608 гектар жаңа жоңышқа (о.і. 622 га жаздық бидаймен, 560 га мақсарымен, 20 га арпамен бүркемеленген), 780 гектар мақсары және 830 гектар жаздық бидай, 50 гектар жаздық арпа, 10 гектар сұлы егіліп отыр.
2017 жылдың егісіне қажетті 51,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың 33,5 мың тоннасы (65,4%) алынды. 
Сонымен қатар, қажеттілігі 64,5 мың литрді құрайтын гербицидтердің 4,7 мың литрі (7,3%) сатып алынды. 
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына 1830 трактор, 491 соқа, 245 тұқым сепкіш, 394 автомашина және 905 трактор тіркемесі қатысуда.
Облыстың көктемгі егіс және дала жұмыстарына барлығы 14 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 3,5 мың тонна арзандатылған дизель отынына толық жеткізіліп, оның 1,1 мың тоннасы шаруашылықтарға таратылды.
Тұқым шаруашылығы бойынша
2017 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштен 23355 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 9,6 тоннасы (0,04%) көбейтілген тұқым, 68,8 тоннасы (0,3%) супер элита, 848,1 тоннасы (3,6%) элита, 8308,5 тоннасы (35,6%)  І репродукциялы тұқым, 9746 тоннасы (41.7%) ІІ репродукциялы тұқым, 3024 тоннасы (12,9%) ІІІ репродукциялы тұқым, 1300 тоннасы (5,5%) ІV репродукциялы, 50 тоннасы (0,1%) қатардағы тұқымды құрап отыр. 
Дайындалған 23355 тонна күріш тұқымының - 3700 тоннасы Маржан, 5269 тоннасы - Янтарь, 11401 тоннасы - Лидер, 205 тоннасы - Анаит, 445 тоннасы - КазЕр-6, 600 тоннасы - Новаторь, 1505 тоннасы - Фаворит, 225 тоннасы - Айсәуле, 5 тоннасы - КазНИИР-5 сорттары. 
«КазАгрЭкс» АҚ облыстық филиалының мәліметі бойынша дайындалған 23355 тонна күріштің себу дәрежесіне жеткені 12934,35 тонна, яғни 62,3 %. Оның ішінде 2206,85 тоннасы (17,1%)  1-класс, 6156 тоннасы (47,6%) 2-класс, 4571,5 тоннасы (35,3%) 3-класс.  
Тұқым шаруашылықтарының беріп отырған мәліметтеріне сәйкес 2017 жылдың егісіне дайындалған жоғары репродукциялы 19 мың тонна күріш тұқымы бар, оның 6495 тоннасы шаруашылықтарға сатылды. 
Сонымен қатар биыл сорт жаңарту, сорт алмастыру мақсатында Ресейдің Краснодар өлкесінен жоспарланған 300 тонна элиталық күріш тұқымының 134 тоннасы "Агро Холдинг Байқоңыр" ЖШС-не жеткізілді.
"Казагрэкс" сараптамалық зертханасының мәліметі бойынша ақ егіске дайындалған тұқымдардың ішінде күздік бидай тұқымы түгел кондицияға жеткізіліп себілді. Жаздық бидай тұқымы 684,3 тонна (100%), арпа тұқымы 218,4 тонна (100%), сұлы тұқымы 10,2 тонна (100%), жүгері тұқымы 2,6 тонна (100%), жоңышқа тұқымы 140,7 тонна (100%), түйе жоңышқа тұқымы 4,9 тонна (100%), мақсары тұқымы 108,72 тонна (100%) себу дәрежесіне жеткізілді. Қазіргі таңда шаруашылықтар бойынша себу дәрежесіне жеткізілмеген күріш дақылы тұқымын тазалау жұмыстары жүргізілуде. 
Тұқымдық және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау мақсатында 4 930 416 теңге игеріліп 2424 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді. 
Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы қолда бар астықтың мониторгі ай сайын және астық қабылдау кәсіпорындарындағы астық қозғалысының есебі апта сайын жүргізілуде.

2016 жылы облыс бойынша барлығы 168,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Егілген егіс көлемі өткен жылмен (2015 жылы 167,3 мың га) салыстырғанда 1212 гектарға артық.

Атап айтқанда, барлығы 20377 га жаңа жоңышқа, 3348 га жаздық бидай, 507 га дәндік жүгері, 160 га жаздық арпа, 407 га тары, 210 га сұлы 5878 га мақсары, 70 га күнбағыс, 4742 га картоп, 4947 га көкөніс, 7102 га бақша, 100 га мал азықтық асқабақ және 710 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді. Негізгі дақыл – күріш көлемі 79598 га.
Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің нақтыланған жедел ақпараты бойынша облыста егін жинау жұмыстары қорытындыланып, 2016 жылы 169,3 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 86932 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 451,2 мың тонна астық өнімі алынды. 
Атап айтқанда, 8446 тонна бидай, 235,6 тонна арпа, 25 тонна сұлы өнімі жиналып, былтырғы жылмен салыстырғанда бидай дақылы 6,4 мың тоннаға, арпа дақылы 155,6 тоннаға артық жиналды. Жалпы бидай өнімділігі (15,3 цн/га) 3,6 центнерге, арпа өнімділігі (14,7 цн/га) 7,2 центнерге артты.
Негізгі дақыл күріштен 439,8 мың тонна  күріш салысы жиналды. Атап өту қажет, өткен жылмен салыстырғанда жиналған күріш көлемі 3,8 мың гектарға кем болғанына қарамастан, жалпы өнім 16,2 мың тоннаға артық жиналды. 
Сондай-ақ, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алынды. Бұл күріш өндірісі тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
Әртараптандару бағытындағы дақылдардың көлемі, атап айтқанда, жоңышқа – 781 га, күздік және жаздық бидай – 3559 га, арпа – 42 га, сұлы – 148 га, дән жүгері – 81 га, тары – 42 га, картоп – 560 га, көкөніс – 170 га және бақша дақылдары – 667 га артық егілді. Жалпы егіс көлемі 1212 га өткен жылдан  артық орналасты. Майлы дақылдардан 5003 тонна өнім жиналды.Мақсары дақылының орта өнімі гектарына 8,2 центнерді құрады. 
Сонымен қатар, 4755 га картоп, 4992 га көкөніс және 7196 гектар бақша дақылдары жиналып, 73038 тонна картоп (61552 тонна - 2015 ж.), 96732 тонна көкөніс (84814 тонна – 2015 ж.) және 151514 тонна бақша өнімдері (130270 тонна – 2015 ж.) жиналды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал азығын дайындау ұйымшылдықпен атқарылып, барлығы 666,8 мың тонна шөп, 7,7 мың тонна сүрлем және 67,3 мың тонна сабан дайындалды.Сонымен қатар, 100 гектар мал азықтық асқабақ жиналып алынды.
Машина-трактор паркін жаңалау жұмыстары соңғы жылдары қарқын жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді. 2016 жылға «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы облыс бойынша 40 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 97 дана техникаға өтінім қабылданды. Жалпы сомасы 3033,3 млн. теңгеге келісім-шарт жасалды. Лизингке алынған техникалар саны 55,9%-ға жаңаланды.
2016 жылы егін жинау науқанына 1707 дана трактор, 837 дана комбайн, 430 жатка, 402 дана тасымал көлігі және 880 дана трактор тіркемесі қатысты.
Күзгі дала және егін жинау жұмыстарына 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, жеткізуші-операторлар дизель майының литрін 90 теңгеден шаруашылықтарға жеткізу қамтамасыз етілді.
Белгіленген жеткізуші операторлар күзгі дала және егін жинау жұмыстарына бөлінген 14 мың тонна дизель отынына  қаржысын толық аударып, жанар майды бекітілген кестеге сәйкес шаруашылықтарға мерзімінде таратты.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2017 жылдың егісі үшін 48,8 мың га сүдігер көтеріп, 3,1 мың га күздік бидай егілді.
Сүдігер көтеру және күздік бидай егу жұмыстары аяқталды.

Егін шаруашылығы
Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің нақтыланған жедел ақпараты бойынша облыста егін жинау жұмыстары қорытындыланып, ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды.
Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша  86 932 гектар дәнді дақылдар ораққа түсіп, одан 451,2 мың тонна астық өнімі алынды. Негізгі дақыл күріштен 439,8 мың тонна күріш салысы жиналып, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алынды. 
Өткен жылмен салыстырғанда жиналған күріш көлемі 3,8 мың гектарға кем болғанына қарамастан, жалпы өнім 16,2 мың тоннаға артық.
Сонымен қатар, әртараптандыру бағытындағы майлы дақылдардан 5003 тонна өнім жиналды, 4755 га картоп, 4992 га көкөніс және 7196 га бақша дақылдары жиналып, 73038 тонна картоп (2015 жылы - 61552 тонна), 96732 тонна көкөніс  (2015 жылы - 84814 тонна) және 151514 тонна бақша өнімдері (2015 жылы -130270 тонна) жиналды. 
Жиналған дақылдардың орташа өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары. Атап айтқанда, күздік бидайдан 15,7 ц/га, жаздық бидайдан 14,9 ц/га, арпадан 14,7 ц/га, дән жүгеріден 33,6 ц/га, тарыдан 23,2 ц/га, сүрлем жүгеріден 109,8 ц/га және мақсарыдан 7,8 ц/га, күнбағыстан 13,7 ц/га өнім алынды.
Күріш жинау науқанына 1707 дана трактор, 837 дана комбайн, 430 жатка, 402 дана тасымал көлігі және 880 дана трактор тіркемесі қатысты. 
Облыста мал азығы үшін 666,8 мың тонна шөп, 7,7 мың тонна сүрлем және 67,3 мың тонна сабан шөп дайындалды.
Бүгінгі күні облыс бойынша 22055 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы құйылды. Тұқым шаруашылықтары дайындаған тұқымдарын себу дәрежесіне жеткізу жұмыстарын жүргізуде. 
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы құрылымдары 2017 жылдың егісі үшін 5771 га сүдігер көтеріп, 1000 га күздік бидай екті. Күздік бидай және сүдігер көтеру жұмыстары жалғасуда. 
18.10.2016

Егін шаруашылығы
Қызылорда қаласы және аудандармен берілген жедел ақпаратқа сәйкес бүгінгі күнге барлығы 168,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 1158 гектарға артық егілді. 
Биылғы егістікке қажетті 339 тонна күздік, 689 тонна жаздық бидай, 27 тонна арпа, 163 тонна мақсары және 209 тонна жоңышқа және 22601 тонна күріш тұқымы пайдаланылды. 
Сорт жаңарту, сорт ауыстыру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген 75,5 млн. теңге қаражат бөлініп, Краснодар өлкесінен 335 тонна күріштің элиталық тұқымы әкелініп,1300 гектар жерге егілді.
Өткен жылдың күз айларында 2183 гектар күздік бидай егіліп, 2014 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге артық егілді. Сонымен қатар, биыл 20377 га жаңа жоңышқа, 3319 га жаздық бидай, 160 га жаздық арпа, 210 га сұлы, 507 га дәндік жүгері, 407 га тары және 5878 га мақсары, 70 га күнбағыс, дақылдары егілді. 
Сонымен бірге, биылғы жылы 4742 га картоп, 4947 га көкөніс, 7102 га бақша, 100 га мал азықтық асқабақ, 710 га сүрлемдік жүгері дақылдары егілді.
Негізгі дақыл күріш – 79598 гектарға егіліп, меже 
104,3 пайызға орындалды. Қазір кезде егістікті күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде. 
Бүгінгі күнге аудандармен берілген ақпаратқа сәйкес, межеленген 69,7 мың гектар күріш егісінің 50,4 мың гектары (72,3%) тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілсе, арам шөптерге қарсы өңдеу межеленген 69,1 мың гектар егістің 55,1 мың (79,7%) гектары өңделді. Үстеп қоректендіру және өңдеу жұмыстары жалғасуда. 
Сонымен бірге, қазіргі уақытта Жаңақорған және Шиелі аудандарында күздік бидай жинау жұмыстары басталды. Бүгінгі күнге барлық егілген 2183 гектар күздік бидай дақылының 623 гектары (28,5%) жиналды. Орта өнім гектарына 17,3 центнерден (2015 жылы 12,6 ц/га) келуде.
Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылын жинау жұмыстарын атқаруда. Бүгінгі күнгі межеленген 38,4 мың гектар жоңышқаның 34,7 мың гектары орылды. Барлығы 73,9 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып, орта өнім гектарына 23,9 центнерден келуде. Сонымен қатар, 39,1 мың тонна табиғи шөп дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
2016 жылғы облыс бойынша өсімдік зиянкестері саяқ шегірткеге қарсы 29,9 мың га, күріштің жағалық шыбынына қарсы 4,5 мың га жер өңдеу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта саяқ шегірткеге және күріштің жағалық шыбынына қарсы өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды. 
Сонымен қатар, облыс бойынша ерекше қауіпті шегіртке зиянкестері итальяндық прус және азиялық шегіртке қоныстанған 161,2 мың га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды.
2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан 327 текше метр су түсіп, төменге секундына 600 текше метр су тасталуда. Қоймадағы судың көлемі 4,8 млрд. текше метрді құрайды. 
Көксарай су реттегішінде жиналған судың көлемі 247,5 млн. текше метр болып отыр. Қызылорда облысының шекарасына келіп жатқан су көлемі секундына 820 текше метрді құрайды. Шаруашылық құрылымдары егіске қажет суармалы сумен толық қамтамасыз етілуде.
Тұқым дайындау 
2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің 23184 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 6,35 тоннасы (0,03%) көбейтілген тұқым, 71,4 тоннасы (31%) супер элита, 564,1 тонна (2,4%) элита, 2163,7 тонна (9,3%) І - репродукциялы тұқым, 5891,15 тонна (25,4%) ІІ - репродукциялы тұқым, 14470,3 тонна (62,4%) ІІІ - репродукциялы тұқым, 17 тонна (0,1%) қатардағы тұқымды құрады.  
2016 жылы егілуге дайындалған 23184 тонна күріш тұқымының-4465,8 тоннасы Маржан, 9175,7 тоннасы-Янтарь, 8728,5 тоннасы-Лидер, 245 тоннасы - Анаит, 535 тоннасы - КазЕр-6, 4 тоннасы - КазНИИР-5, 30 тоннасы –Айсәуле сорттарын құрайды. 
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 31.05.2016 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 24978 тонна күріш тұқымының  себу дәрежесіне жеткені 24978 тонна (100%), оның ішінде 2235 тоннасы (9%) 1-класс, 18015 тоннасы (72,1%) 2-класс, 4728 тоннасы (18,9%) 3-класс. 
Сонымен қатар тексеруге түскен 339 тонна күздік, 688,5 тонна жаздық бидай, 24 тонна арпа тұқымы, 208,7 тонна жоңышқа тұқымы, 162,8 тонна мақсары тұқымы, 4 тонна сорго тұқымы 100% себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. 
Облысымыздағы тұқым шаруашылықтары бойынша күріш егетін ауыл шаруашылық құрылымдарын қамтамасыз ету үшін барлығы 14213 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы дайындалып, оның 5099,5 тоннасы сорт жаңарту мақсатында шаруашылықтарға сатылды. Осындай сорт алмастыру, сорт жаңарту мақсатында жүргізілген жұмыстардың арқасында  биыл да егілген күріштің 98,5 пайызы жоғары репродукциялы тұқыммен егілді. 
Сонымен қатар сорт жаңарту жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 75,5 млн. теңге қарастырылып, «Байқоңыр ӘКК "ҰК" АҚ-на қарасты «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы «Таң ЛТД» ЖШС-гі және "Төңкеріс" ЖШС-не Краснодар өлкесінен 335 тонна элита күріш тұқымы әкелінді. Оның ішінде «Төңкеріс К» ШҚ-ы 98 тонна Лидер, 30 тонна – Фаворит, «Таң ЛТД» ЖШС-гі 137 тонна Лидер, 70 тонна – Фаворит сортты күріштің элиталық тұқымын алып, барлығы 1300 гектар жерге екті. 
№045 «Тұқымның және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға Қызылорда облысына жергілікті бюджеттен 23 391 мың теңге қаражат қаралып, бүгінгі таңға 13339 мың теңгесі игерілді. Облыс бойынша 6558 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Егін шаруашылығы
(01.04.2016 ж)
Облыс әкімінің тиісті өкімімен аудандар және Қызылорда қаласы бойынша тиісті су шаруашылығы және жерге қатынастары басқармасымен келісілген 2016 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы бекітілген болатын.
Бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 162,6 мың (2015 жылы 163,8 мың) гектарға егiс егу межеленіп отыр. 
Оның ішінде дәндi дақылдар 81,4 мың, мал азықтық дақылдар 59,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың, майлы дақылдар 5,4 мың гектарды құрайды. 
Негізгі дақыл күрiштің көлемі 76,3 мың гектар (2015 жылымен салыстырғанда 7,6 мың гектарға аз). 
2016 жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 2043 гектар күздік бидай егіліп, қазіргі уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың егісіне 48,8 мың гектар сүдігер көтерілді.
Облыста ерте егінді егу жұмыстары басталды. Барлығы 16217 га жаңа жоңышқа, 2926 га жаздық бидай, 3357 га мақсары дақылдары егілді. 33555 га ескі жоңышқа тырмаланып отыр.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда.
2016 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 50,9 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде аммоний сульфаты 28,6 мың тонна, карбамид 12,6 мың тонна, аммиак селитрасы 0,3 мың тонна, аммофос 8,3 мың тонна, байытылған суперфосфат және фосфорит ұны 1,1 мың тонна болып отыр.
Қазіргі таңда минералдық тыңайтқыштардың нақты 35,7 мың тоннасы (70,1%) алынған. Оның ішінде аммоний сульфатының 21,4 мың тоннасы, карбамидтің 9,6 мың тоннасы, аммофостың 3,8 мың тоннасы және фосфор ұнының 1,0 мың тоннасы алынып отыр.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы бойынша биылғы жылы арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің барлық қажет көлемі 11 165 литрді құрап отыр.
Оның ішінде гулливер – 820 литр, номини - 1015 литр, солито - 4560 литр, 2М4Х - 600 литр, рейнбоу - 3600 литр, торнадо - 570 литр болып отыр.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 1815 трактор, 475 соқа, 245 тұқым сепкіш, 365 автомашина және 905 трактор тіркемесі бар.
Сонымен қатар, бекітілген егіс көлеміне сәйкес 2016 жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бір тонна дизель отынының бағасы 95421 теңгені құрайды. Аудандарға (қалаға) жеткізіп беруші оператор болып екі серіктестік белгіленіп («Нефтьтранс-Қызылорда» және «РК-Мұнай»), шаруашылықтарға 1 литр дизель отынын 90 теңгеден жеткізіп берілуде.
Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 4 мың тонна арзандатылған дизель отынына толығымен қаржы аударылып, шаруашылықтарға таратылды. Сәуір айына бөлінген 5 мың тонна дизель отынының 3377 тоннасына (67,5 %) қаржы аударылды.
2016 жылға межеленген егіс көлеміне сәйкес, «Казсушар» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға қажетті 4,2 млрд. текше метр суармалы су лимитіне сұраныс берілді.
Қазіргі уақытта Шардара су қоймасындағы су көлемі 4,8 млрд. текше метр, Көксарай суреттегішінде жиналған су көлемі 2,1 млрд. текше метр болып отыр.
Шардара су қоймасынан төменге секундына 800 текше метр су тасталуда.
Сонымен қатар, су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдарда 64%, ішкі шаруашылық каналдарда 58% орындалды. Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу шаруашылықаралық каналдарда 96%, ішкі шаруашылық каналдарда 48%, насос қондырғыларын жөндеу 70%, гидробекеттерді жөндеу 75% орындалды. Сонымен қатар, 15,9 мың га (57%) егістік жер, 80,8 мың га (93%) шабындық ылғалдандырып суарылды.
Аудандар бойынша берілген мәліметке сәйкес, бүгінгі күні барлық қажет қаржы көлемі 13 738,5 млн. теңгені құрайды. Осы көлемнің 3 766 млн. теңгесі шаруашылықтардың өз қаржысы, 3 477 млн. теңге инвесторлардың, 1 287,5 млн. теңгесі «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС, 270 млн. теңгесі басқада көздердің үлесінде. 
 
Тұқым дайындау 
2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің 23184 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 6,35 тоннасы (0,03%) көбейтілген тұқым, 71,4 тоннасы (31%) супер элита, 564,1 тонна (2,4%) элита, 2163,7 тонна (9,3%) І - репродукциялы тұқым, 5891,15 тонна (25,4%) ІІ - репродукциялы тұқым, 14470,3 тонна (62,4%) ІІІ - репродукциялы тұқым, 17 тонна (0,1%) қатардағы тұқымды құрап отыр.  
2016 жылы егілуге дайындалған 23184 тонна күріш тұқымының-4465,8 тоннасы Маржан, 9175,7 тоннасы-Янтарь, 8728,5 тоннасы-Лидер, 245 тоннасы - Анаит, 535 тоннасы - КазЕр-6, 4 тоннасы - КазНИИР-5, 30 тоннасы –ГС-84 сорттарын құрайды. 
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 10.04.2016 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 20416,24 тонна (88%) күріш тұқымының себу дәрежесіне жеткені 15098,24 тонна (74 %),  оның ішінде 1412,24 тоннасы (10,1 %) 1-класс, 11005 тоннасы (72,8%) 2-класс, 2861 тоннасы (17,8%) 3-класс, ал 5318 тоннасы (26 %) себу дәрежесіне  жеткізілмеген. 
Сонымен қатар тексеруге түскен 598 тонна жаздық бидай, 164 тонна жоңышқа тұқымы, 106,05 тонна мақсары тұқымы 100% себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. 
Қазіргі таңда құйылған күріш тұқымдарын тазалау, себу кондициясына жеткізу жұмыстары жалғасуда. 
Облысымыздағы тұқым шаруашылықтары бойынша күріш егетін ауыл шаруашылық құрылымдарын қамтамасыз ету үшін «Мағжан и К» ЖШС – 3337 тонна, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ» ЖШС – 894 тонна, "Таң ЛТД" ЖШС-1252 тонна, «Рза Агро" ЖШС-720 тонна," Сыр маржаны» ЖШС-2022 тонна, «Төңкеріс К" ШҚ-575 тонна, барлығы – 8800 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы дайындалып, оның ішінде бүгінгі таңға 2550 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы шаруашылықтарға сатылды. 
Биылғы жылы егілетін күріш 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқыммен егіледі деп күтілуде. 
Сонымен қатар сорт жаңарту жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен 75,5 млн. теңге қарастырылып, «Байқоңыр ӘКК "ҰК" АҚ-на қарасты «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы «Таң ЛТД» ЖШС-гі және "Төңкеріс" ЖШС-не Краснодар өлкесінен 335 тонна элита күріш тұқымы әкелінді. Оның ішінде «Төңкеріс К» ШҚ-ы 98 тонна Лидер, 30 тонна – Фаворит, «Таң ЛТД» ЖШС-гі 137 тонна Лидер, 70 тонна – Фаворит сортты күріштің элиталық тұқымын алды.
№045 «Тұқымның және көшеттік материалдың сорттық және себу сапасын анықтау» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылға Қызылорда облысына жергілікті бюджеттен 23 391 мың теңге қаражат қаралып, бүгінгі таңға 4930 мың теңгесі игерілді. Облыс бойынша 2424 дана зерттеу жұмыстары жүргізілді.
 

Өсімдік шаруашылығы
( 2015 жылдың  қорытынды есебі)
2015 жылы облыс бойынша 163,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 86,8 мың гектар, мал азығындық дақылдар 56 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 15,3 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың га. 
Егілген 83,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 50,5 центнерден (2014 жылы 50,1 ц/га) өнім жиналып, барлығы 423,6 мың тонна күріш салысы жиналды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш.
Облыста егін жинау жұмыстарына 1732 трактор, 842 комбайн,445 жатка,403 жүк автомашинасы және 908 трактор тіркемесі қатысты. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының мүмкіндігі күріш егісін агротехникалық мерзімге сәйкес орып және жинап алуға толық жетті. 
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары күзгі дала жұмыстарын атқаруда. Межеленген 1100 гектар күздік бидайдың 2043 (185,7%) гектары егіліп, жоспарланған 47080 гектар сүдігер көтеру жұмыстары бойынша48800 гектары (103,7%) орындалды.
Тұқым шаруашылығы.«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша  2015 жылдың көктемгі күріш егісіне 21708,3 тонна тұқым себілді.
Барлық себілген тұқымның 21391,2 тоннасы - 98,5% жоғары репродукциялы, 317,1 тоннасы- 1,5% қатардағы тұқымды құрады.
Сонымен қатар,көктемгі егіске себілген 397 тонна жаздық бидай,231 тонна жоңышқа, 9,3 тонна арпа, 118 тонна мақсары тұқымы 100 пайыз кондицияға жеткізіліп себілді.
2016 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 23140 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған күріш тұқымының 23123 тоннасы,яғни 99,9 пайызы жоғары репродукциялы тұқымды, 17 тоннасы - 0,1 пайызы қатардағы тұқымды құрап отыр.
Есепті кезеңде тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша 2,1 млн. теңге субсидия төленді.  
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 20.12.2015 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 15674 тонна күріш тұқымының себу дәрежесіне жеткені  2881 тонна (18,4 %), оның ішінде 20,85 тоннасы (0,7 %) І -класс, 2507 тоннасы (87%) ІІ -класс, 353 тоннасы (12,3 %) ІІІ -класс ал 12793 тоннасы (81,6%) себу дәрежесіне жеткізілмеген.
Сонымен қатар, тексеруге түскен 511 тонна жаздық бидай тұқымының себу дәрежесіне жеткені 326 тонна (63,8%), тексеруге түскен 427 тонна күздік бидай 100% себу дәрежесіне жеткізілген, ал 103,5 тонна жоңышқа тұқымы, 163 тонна мақсары тұқымы себу дәрежесіне жеткізілмеген.Тұқым тазарту жұмыстары жалғасуда.
 
21.01.2016

 

Құрылған күні: 10-09-2012 02:42
Жаңартылған күні: 18-10-2018 10:28

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика