ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2016 жылы өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері  

ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменен ішкі сауда нарығы айналымындағы өнімдердің қауіпсіздігіне бақылау жүргізіледі. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексінің 21 бабының 5-ші тармағын орындау мақсатында, яғни өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу үшін, сауда нысандарынан санитариялық-сараптама жүргізуге өнімдер сатып алынады. 2016 жылы сауда нысандарынан өнімдерді сатып алуға негіз ретінде ҚР ҰЭМ ТҚҚК «2016 жылға арналған Жоспар-кестесі» басшылыққа алынды. 
2016 жыл қорытындысымен өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында облыс көлеміндегі сауда нысандарынан барлығы 2679 сынамасы сатып алынып, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілді. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге алынған 2679 сынаманың 2080-і тағам өнімдері, балаларға арналған 99 ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер – 19, парфюмерлі-косметикалық өнімдер -23, тұрмыстық химия заттары - 154, химиялық өнімдер- 9, жазу-оқу құралдары- 41, адам терісімен жанасатын бұйымдар, киім, аяқ-киім - 114, құрылыс материалдары – 27, жеке бас гигиена заттары – 44, тағам өнімдерімен жанасатын бұйымдар – 23, антифриз, бензин және т.б.- 17. 
ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облыстық филиалымен жүргізілген санитариялық-сараптама қорытындысымен 2679 сынаманың 153-і  (5,7%) техникалық регламенттердің талаптарына сай емес, оның ішінде таңбалануы бойынша - 78 сынама, санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша-37 сынама, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша - 38 сынама.
Сатып алынған өнімдердің 77,6% тағам өнімдері құрады. Барлығы тағам өніімдерінің 2080 сынамасы алынса, оның ішінде ет және ет өнімдері 96 сынама, балық және балық өнімдері–70 сынама, май өнімдері - 132 сынама, сүт және сүт өнімдері 618 сынама,  кондитерлік өнімдер - 218 сынама, кулинариялық өнімдер - 100 сынама, жарма өнімдері -108 сынама, көкөністер -168  сынама, сусындар – 124 сынама, алкоголь өнімдері - 110 сынама, алкогольсыз сусындар – 113сынама, Бады- 7 сынама, мамандандырылған тағам өнімдері- 28 сынама. Барлық алынған тағам өнімдерінің 144-і немесе 6,9% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген. Сәйкессіздіктің ең жоғары үлесі ет және ет өнімдерінің үлесінде, сатып алынған 96 сынаманың 41,6% (40) сәйкессіз. 
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысымен анықталған сәйкессіздіктерге байланысты, сауда үйлеріне кемшілік анықталған тағам түрінің одан әрі таратылуына жол бермеу мақсатында 51 санитариялық ұйғарым берілді және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталуына байланысты 27 нысанға жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексерулер қорытындысымен 28 нысанға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып,  әрқайсысына 425 бабының 1 бөліміне сәйкес, 20АЕК айыппұл салынды. 2016 жылы Жоспар-кестеге сәйкес, облыс бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған 118 өнімдердің сынамасы алынса, оның 99-ы балаларға арналған ойыншықтар және 19-ы балалар күтіміне арналған өнімдер.  Санитариялық-сараптама қорытындысы бойынша 99 ойыншықтың 7,0% (7сынама) әйкессіздік анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жоспардан тыс тексеру нәтижесімен Қармақшы ауданындағы «Балалар әлемі» (ЖК Ассарбаева М) дүкені бойынша іс әкімшілік сотқа жолданып, 15.09.16ж №3-298 шешіміне сәйкес 100 АЕК айыппұл салынып, нысанның қызметі 1 айға тоқтатылды. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданындағы «Магнит» дүкені, ЖК А.Маханбетоваға, Қызылорда қаласындағы «Ай-Ару», ЖК Р.Серікбаеваға, «Жайна» СҮ, ЖК Кан-ға 20 АЕК айыпұлдар салынды.    

2016 жылдың қараша айында өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері  
 
ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 2016 жылдың қараша айында, өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында 416 өнім сынамасы сатып алынды. 
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге алынған 416 сынаманың 96% немесе 401-і тағам өнімдері, оның ішінде 10 ет және ет өнімдері, 20 май өнімдері, 110 сүт және сүт өнімдері, 5 құс еті және құс өнімдері, 21 балық және балық өнімдері, 69 кондитерлік өнімдер, 9 жарма өнімдері, 39 көкөністер мен жемістер және 118 басқада өнімдер. Сонымен қатар, 3 сынамадан балаларға арналған ойыншықтар, 8 сынама адам терісімен жанасатын өнімдер, 10 тұрмыстық химия бұйымдары және 3 сынама құрылыс өнімдері (цемент) зерттеуге алынды. 
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесімен зерттеуге алынған сынамалардың 6,4% немесе 27 сынама микробиологиялық көрсеткіштері және таңбалануы бойынша Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген.  Олардың  1-і май өнімі, 2-і құс еті және құс өнімдері, 6-ы сүт және сүт өнімдері  және 18-і ет өнімдері.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған сәйкессіздікке байланысты 5 нысанға (Ай-Ару, Мадина-1, Акжол, Аскар, Акнұр дүкендері)   жоспардан тыс тексерулер тағайындалып, барлығына  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің» 425 бабының 1 бөліміне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.   

 2016 жылдың қазан айында өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері  

ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 2016жылдың қазан айында өнімінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында 177 өнім сынамасы сатып алынды, оның 145-і тағам өнімдері, 16 балаларға арналған өнімдер, 10 киім, аяқ киім өнімдері сатып алын. Сатып алынған 177 сынаманың  6,7% немесе 12 сынама Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген. Сыртан әкелінетін сүт және ет өнімдеріне бақылау күшейтілді. 23 сырттан әкелінген тамақ өнімдерінің 17-і Ресей Федерациясынан, 3 Қытай өнімі, 2 Молдова мемлекетінен, 1- Корея мемлекетінен. Сатып алынған өнімдердің 3-і (13%) техникалық регламенттердің микробиологиялық көрсеткіші бойынша сәйкес келмеген және қауіпті болып саналады: 
-Жасанды сүт майымен «Сладушка» сүтті сүзбе өнімі, м.ү.с. 18%. Көлемі 700гр. Ресей Федерациясы, ААҚ «Чегем сүт зауыты», КБР, Чегем ауданы, Чегем-2 ауылы, Ленин көшесі,135. Дайындалған күні- 07.10.2016ж, жарамдылығы 06.11.2016ж дейін. 0,1 гр ішек таяқшасы тобындағы бактериялар  табылды, нормада болмау қажет.
-«Котлетный» тоңазытылған тартылған құс еті. Көлемі 500гр, өндірушісі Ресей, ААҚ «Фин Инвест», Челябинск облысы, Полетаев ауылы, Полетаев көшесі, №70. Дайындалған күні- 05.08.2016ж. жарамдылығы 6 ай, 0,0001гр  ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды, нормада болмау қажет.
-Шұжық бұйым пісірілген  құс етінен дайындалған «Сочные» сосискалары. Көлемі 400гр, өндірушісі Ресей, ААҚ «Царицыно», Мәскеу қаласы, Кавказкий т-ы, 58,1. Дайындалған күні-23.09.16ж. жарамдылығы 22.03.2017ж. дейін, 1,0гр  ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды, нормада болмауы қажет. 
Микробиологиялық көрсеткіші бойынша сәйкессіздік анықталған өнімдерге қатысты Қызылорда облысы, Шиелі ауданында орналасқан ЖК Сариеваның «Мадина» дүкеніне(«Сладушка» сүтті сүзбе өнімі бойынша) және Қызылорда қаласында орналасқан ЖК Р.Серикбаеваның «Ай-Ару» дүкеніне (шұжық бұйым пісірілген  құс етінен дайындалған «Сочные» сосискалары бойынша) жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде. 
Жамбыл облысы, Тараз қаласынан шұжық өнімдерін шығаратын ЖК «Ниет», ЖК «Аширов» өнімдердің таңбалануына өнімнің шығарылған күнін көрсетпей, «022/2011 «Тағам өнімі, оның ішінде таңбалануы туралы» техникалық регламентінің талаптарын бұзуды жалғастыруда, бұл өз кезегінде тұтынушыны алдау болып саналады. Аталған кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолдануға  Жамбыл облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне  хат жолданды. 

2016 жылдың тамыз айында өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері  

ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 2016 жылдың тамыз айында сауда нысандарынан  барлығы 267 өнім сынамасы сатып алынды, оның 154-і тағам өнімдері, 15 тұрмыстық химия өнімдері,31 балаларға арналған ойыншықтар,13 мектеп оқулықтары,  27 киімдер және 27 құрылыс материалдары (краски). 
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге алынған 267 сынаманың 11-і немесе 4,3%  Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген (тағам өнімдері – сынама, ойыншықтар – 2сынама).  
154 тағам өнімдерінің 9 сынамасы немесе 5,7%  микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша сай келмеген: 
1.Айран м.ү.с. 2,5%,"ФудМастер-Шымкент Компаниясы" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылы, Төле би көшесі, 535, шығарылған күні 27.07.2016ж - 26.08.201ж дейін жарамды. Микробиологиялық көрсеткіш бойынша сәйкес келмейді. Хаттама №1205/2923  15.08.2016ж, 0,01г ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды, нормада болмауы тиіс;
2.Д3 и Омега-3 дәрумендерімен байытылған, ультрапастерленген кілегей дәмі және иісімен «Локо Моко» сүт коктейлі, 2%, «ФудМастер Компаниясы» АҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Амангелді көшесі, №144. шығарылған күні 18.06.2016ж- 01.09.2016ж. Микробиологиялық көрсеткіш бойынша сәйкес келмейді. Хаттама №1250/2971 15.08.2016ж, 0,01г ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды, нормада болмауы тиіс;
3.Бедро "Особое", Белая птица-Белгород» АБҚ, Ресей, Белгород облысы, Шебекинь ауданы, шығарылған күні 23.03.2016ж, 6 айға дейін жарамды. Микробиологиялық көрсеткіш бойынша сәйкес келмейді.
Хаттама №1249/2970  15.08.2016ж 0,01г ішек таяқшасы тобындағы бактериялар және патогенді микроорганизмдер, соның ішінде сальмонеллалар Salmonella редких групп табылды, нормада болмауы тиіс;
4.Қатырылған құс етінен дайындалған жартылайфабрикат. "По-домашнему" құс-бройлер тушкасы. Куриный король, ООО "Белгранкорм", Ресей, Белгород облысы, Ракитян ауданы, Ракитный ауылы, Васильев шоссесі, шығарылған күні 19.02.2016ж, 12 айға дейін жарамды. Микробиологиялық көрсеткіш бойынша сәйкес келмейді. Хаттама  №1354/3351  29.08.2016ж,  0,01г  ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды, нормада болмауы тиіс;
5.Өсімдік-майы спреді, 72,5%, "Масло-Дел" ЖШС, Қазақстан Республикасы,.Алматы қаласы, Рысқұлов қиылысы,276.01.08.2016ж, 120 күн жарамды, "Масло-Дел" ЖШС, Қазақстан Республикасы,.Алматы қаласы, Рысқұлов қиылысы,276, шығарылған күні 01.08.2016ж, 120 күн жарамды. Микробиологиялық көрсеткіш бойынша сәйкес келмейді. Хаттама   №1301/3239  22.08.2016,0,01г ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылды, нормада болмауы тиіс;
6.Айран «ФудМастер»-1%, «ФудМастер Компания» АҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Амангелді көшесі, №144, шығарылған күні 14.07.2016ж -23.08.2016ж. Санитарлы-химиялық көрсеткіші бойынша сәйкес келмейді. Хаттама №1256/2986 16.08.2016ж, қышқылдылығы жоғары 148Т°, нормада  70°Т-ден 140Т°;
7.Айран «ФудМастер»-2,5%, «ФудМастер Компания» АҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Амангелді көшесі, №144, шығарылған күні 12.07.2016ж. Санитарлы-химиялық көрсеткіші бойынша сәйкес келмейді. Хаттама №1249/2979 от 16.08.2016г, майдың үлес салмағы 1,5%, нормада 2,5% кем емес;
8."С"дәрумені,"Шабдалы" жеміс толтырғышы бар қосылған "Био-С иммун+" биойогурты, 2,9%, «ФудМастер Компания» АҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Амангелді көшесі, №144, шығарылған күні 29.07.16ж. Санитарлы-химиялық көрсеткіші бойынша сәйкес келмейді. Хаттама №1250/2980 16.08.2016ж,майдың үлес салмағы 1,5%, нормада 2,9% кем емес;
9."PRESIDENT" қаймағы, м.ү.с.20%, «ФудМастер Компания» АҚ, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Амангелді көшесі, №144, шығарылған күні 06.08.2016ж. Санитарлы-химиялық көрсеткіші бойынша сәйкес келмейді. Хаттама№1253/2983  16.08.2016ж, майдың үлес салмағы 13,0%-дан, нормада 20% кем емес;
Сәйкес келмеген тағам өнімдері анықталған 3 сауда объектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде (птомаркет«SMALL» КФ ТОО «Скиф-Трейд, торговый дом «Кызылорда», торговый дом «Аль-Асад» ТОО «RetiaL A-A»). Анықталған кемшіліктер бойынша «SMALL» оптомаркетімен  «Кызылорда» сауда үйіне 2 айыппұл салында.«Аль-Асад» сауда үйіне жоспардан тыс тексеру жалғасуда.  
Техникалық регламенттердің талаптарына сай келмеген ойыншықтар:
1.Үстел үсті ойыны "Шахмат" үлгісі, Санитарлы-химиялық көрсеткіші бойынша сәйкес келмейді. Хаттама №300/2902  17.08.2016ж,формальдегид мөлшері жоғары 3,0мг/дм, нормада 0,1мг/дм артық емес, өндірушінің атауы және мекен-жайы, өндірушінің тауар белгісі,  ойыншықтың күтім тәсілдері, өнімнің өндірілген күні, мерзімінің аяқталуы көрсетілмеген және т.б;
2.Балалар ойыншығы - құмда ойнауға арналған ойыншық. Санитарлы-химиялық көрсеткіші бойынша сәйкес келмейді. Хаттама №293/2895  11.08.2016ж,үлгінің бояуы тұрақсыз, беті тегіс, кедір-бүдір және үшкір, өндірушінің атауы және мекен-жайы, өндірушінің тауар белгісі, ойыншықтың күтім тәсілдері, өнімнің өндірілген күні, мерзімінің аяқталуы көрсетілмеген және т.б.
Үстел үсті ойыны "Шахмат" үлгісі бойынша Жаңақорған аудандық ТҚҚБ ЖК А.Маханбетовке 20АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Балалар ойыншығы - құмда ойнауға арналған ойыншық бойынша Қармақшы аудандық ТҚҚБ-мен ЖК М.Асарбаевқа хаттама толтырылып, құжаттар әкімшілік сотқа жолданды. 

2016 жылдың шілде айында өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері  
 
ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 2016 жылдың шілде айында 29 сауда нысандарынан  барлығы 137 өнім сынамасы сатып алынды, оның 121-і тағам өнімдері, 8 тұрмыстық химия өнімдері, 4 аяқ киімдер және 4 матор майлары. 
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге алынған 137 сынаманың 88%  тағам өнімдері құрады. 121тағам өнімдерінің  83-сынамасы сүт және сүт өнімдері,  12 май өнімдері, 8-і кондитер өнімдері, 18- ұн және жарма өнімдері. 
121 тағам өнімдерінің  2 сынамасы немесе 1,6 %  Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген. 
-микробиологиялық көрсеткіші бойынша сәйкессіздік анықталған Шабдалы шырыны қосылған «Нежный» йогурт өнімі, майлылығы -1,2%, өндірушісі Ресей, «Кампина», Мәскеу облысы, Ступино қаласы, Ситенка көшесі, 10 - өнімнің 1,0 г/см3 ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылған, нормада болмау тиіс.
-санитарлық-химиялық көрсеткіші бойынша сәйкес келмеген «Бурненское фермерское» -2,5% ултрапастерленген сүті, өндірушісі ЖШС «Бурненская молочная компания», ҚР, Жамбыл облысы, Жуалы районы, Б.Момышұлы ауылы, Көктем көшесі, 17. Шығарылған күні 06.11.2016ж - өнімнің майлылығы 2,2% құраған, таңбалануында  2,5% көрсетілген. Бұл өз кезегінде тұтынушыны алдау болып табылады.   
Сәйкессіздік анықталған өнімдер бойынша «Көктем» дүкенінің егесі ЖК Сыздықовқа айыппұл салынды.
Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан ЖШС «Бурненская молочная компания», ҚР, Жамбыл облысы, Жуалы районы, Б.Момышұлы ауылы, Көктем көшесі, 17 өндірілген «Бурненское фермерское» -2,5% ултрапастерленген сүтінен сәйкессіздік анықталғандығы жөнінде және заң шеңберінде тиісті шаралар қолдану үшін Жамбыл облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хат жолданды.

2016 жылдың маусым айында өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері
 
ҚР ҰЭМ ТҚҚ Комитетімен   2016 жылға бетілген Жоспар-кестесіне сәйкес, 2016 жылдың маусым айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан өнімінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында 31 сауда нысандарынан сынамалар сатып  алынды. Барлығы 326 өнім сынамасы сатып алынды, оның 285-і тағам өнімдері, 7 балаларға арналған өнімдер, 5 тұрмыстық химия өнімдері және 29 темекі өнімдері. 
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысымен 326 өнімдердің 8,0% немесе 28 сынама Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген.  285 тағам өнімдерінің 27-нен немесе 9,0%-нан сәйкессіздік анықталған, оның ішінде 13-і (4,0%) микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, 2 сынама санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша сай келмесе, 12 сынама таңбалануы бойынша сәйкес келмеген.  
Қауіпті болып саналатын, микробиологиялық көрсеткіші бойынша сәйкессіздік анықталған өнімдерге қатысты Қызылорда қаласы, Тоқмағамбетов көшесінде орналасқан ЖК З.Абуованың  «Сырым» дүкеніне және Арал ауданы, Арал қаласында орналасқан ЖК  Абдуалиевтың «Алтын тау» мейрамханасына, самса және донер сататын ЖК Самбаевтың, ЖК Ибраевтың дүңгіршектеріне    жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, өнімдердің сақталуы мен тасмалдануы бойынша анықтылған кемшіліктерге сәйкес жеке кәсіпкерлердің  әр қайсысына «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің» 425 бабының 1 бөліміне сәйкес,20 АЕК  мөлшерінде айыппұл салынды.
Санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша кемшіліктер анықталған тағам өнімдері, яғни өнімнің май мөлшері қаптамадағы көрсеткішке сай келмеген, бұл өз кезегінде тұтынушыны алдау болып саналады:                  
1.Айран өнімі «Кефирные традиции-3,2%» шығарылған күні 24.05.2016ж, жарамдылығы 24.09.2016ж дейін, өндірушісі ҚР, ЖШС  «Молпродукт», Петропавл қаласы, Универсальная көшесі, №1А. Хаттама №875/2248 28.06.2016ж- өнімнің майлылығы 1,5% құраған, нормада 3,2%;   2.Айран өнімі «Любимый-3,2%», шығарылған күні 09.04.2016ж, жарамдылығы 09.07.2016ж дейін, өндірушісі ҚР, ЖШС «Молпродукт», Петропавл қаласы, Универсальная көшесі, №1А. Хаттама №877/2250 28.06.2016ж- өнімнің майлылығы 2,3% құраған, нормада 3,2%;                
Өнімнің шығарылған күнін жазбай, тұтынушыларды алдаумен отандық кәсіпкерлерде айналысады. Бұл жеке кәсіпкер Сабденалиев шұжық өнімдерін өндірумен айналысады: ҚР, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы 2үйде шығарылатын  «Сай-КО», «Особая» мұсылмандық жартылай ысталған шұжығы; «Прима» мұсылмандық жартылай қақталған шұжығы, «Болат и К» «Особая» мұсылмандық жартылай ысталған шұжық өнімдері.
Сонымен қоса өнімнің шығарылған күні келесі өнімдерде де көрсетілмеген: 
-мұздатылған қамырға оратылған еті бар жартылай дайындалған өнімде, өндірушісі ЖК Пак А.Ф, ҚР, ОҚО, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, №13 үй. 
-тартылған ет «Нежный», өндірушісі ЖШС «Рокос LTD компаниясы», ҚР, Ақтөбе қаласы, №41 р. Курсанттар тас жолы №16 
Бақша өнімдерінің ішінде Қызылорда облысы, Жосалы кенті, жеке кәсіпкер Р.Жүсіпованың,  «Азамат» дүкеніненсатып алынған,  Түркістан қаласының қарбыз өнімі құрамындағы нитраттың қалдық мөлшері бойынша сәйкес келмеген (нитраттың қалдық мөлшері 80мг/кг құраған, нормада 60мг/кг)
Қарбыз өнімінен  анықталған кемшілік бойынша Қармақшы ауданының ТҚҚ басқарма мамандарымен «Азамат» дүкені жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
2016 жылдың маусым айында анықталған кемшіліктер бойынша (өнімдердің сақталуы мен тасмалдануы және өнімнің қауіпсіздігін растайтын декларацияларының болмауы) жалпы айыппұл көлемі 169 680 теңгені құрайтын, әр қайсысы 20АЕК  мөлшерінде  4 айыппұл салынды, 5 халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым беріліп, жалпы құны 5040 теңгені құрайтын 8 дана «Солнце и луна» балалар ойыншығы сатылымнан алынды.  

2016 жылдың сәуір айында өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері 

ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 2016 жылдың сәуір айында өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында  барлығы 256 өнім сынамасы сатып алынды, оның 166-і тағам өнімдері, 10 балаларға арналған ойыншықтар, 25 жазу құралдары, 9 тұрмыстық химия өнімдері және 2 аккумулятор мен 44 гигиеналық заттар.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысымен өнімдердің 7,0% немесе 18 сынама Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген.  166 тағам өнімдерінің 10,8%-да сәйкессіздік анықталған, оның ішінде, 8-і (44%) сүт және сүт өнімдері, 4-і (22%) балық өнімдері, 4-і (22%) ет және ет өнімдері, 1 өнімнен май және сусын.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысымен сәйкессіздік сүт өнімдері: Айрандық өнімі «Любимое», 3,2%, ҚР, ЖШС СЗ «Солнечный», Алматы қаласы, Гайдар көшесі, №36.; пастерленген қаймақ өнімі «Сметановна», 15%, Ресей, ЖШҚ «Эрманн», Мәскеу облысы, пос.РАОС; қаймақ «Домик на хуторе», 20%, ЖШҚ «Карагачский молокозавод», Ресей, Крачаев ауданы, село Карагач; «Фуд Мастер» айраны, 2,5%, ҚР, ЖШС «Компания ФудМастер-Шымкент», ОҚО, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі, 535, «Био-С Иммун+» ванильді простокваша, 3,2%, ҚР, ЖШС «Компания ФудМастер», ОҚО, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі, 535.

Ет өнімдері: «МДМ Прима» мұсылмандық жоғары сорт шұжығы, «Конская» мұсылмандық жартылай ысталған шұжық, ЖК «Сабденалиев», ҚР, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 2 үй,  «Прима» мұсылмандық жартылай ысталған шұжығы, ҚР, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 2. ЖК «Сабденалиев», «Астана» мұсылмандық жартылай шұжық.

Сәйкессіздік анықталған өнімдер бойынша 3 нысанға «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы» санитариялық ұйғарымдар берілсе, 3 нысанға ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылуына байланысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, нәтижесімен ЖК У.Ешжановаға, «Айнур» дүкені бойынша және ЖК  К.Шерниязоваға «Затон» дүкені бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің» 425 бабының 1 бөліміне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.  ЖК Ж.Есенкулова «Темірлан» дүкеніне жоспардан тыс тексеру жалғастырылуда.

2016 жылдың 1-ші тоқсанында өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері          

2016жылдың 1-ші тоқсанында тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан өнімінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында 42 сауда нысандарынан  513 сынама алынып, 49 сынама немесе 9,6 пайызы Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген.Мониторинг жүргізу барысында негізгі көңіл тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне бөлінеді. Ағымдағы мерзімде 346 тағам өнімдері санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілсе, 45 сынамада (13,0%) сәйкессіздік анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша сауда үйлеріне кемшілік анықталған тағам түрінің одан әрі таратылуына жол бермеу мақсатында 18 санитарлық ұйғарым беріліп, 23 нысан жоспардан тыс тексерумен қамтылды. Тексерулер қорытындысымен 1 нысан бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс сотқа берілді. Сот отырысының қаулысымен 1 нысанға  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 462 бабының 3 бөліміне сәйкес, 100АЕК (198200т) айыппұл салынып, 1 айға қызметі тоқтатылды.Сонымен қоса 8 нысанға  жоспардан тыс тексерулер  жүргізіліп, өнімдердің сақталуы мен тасмалдануы бойынша анықтылған кемшіліктерге сәйкес,  дүкендердің иелеріне  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әр қайсысына 20АЕК  мөлшерінде айыппұл салынды. Жалпы айыппұл көлемі 463 325 теңгені құрады. 

2016 жылдың ақпан айында өнімдерге жүргізілген мониторинг нәтижелері

Облыс көлемінде өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ҰЭМ ТҚҚК-нің Қызылорда облысы ТҚҚ департаментімен 2016 жылдың ақпан айында сауда нүктелерінен сынамалар сатып алынды. Санитарлық-эпидемиологиялық  сараптама жүргізуге  барлығы 121 сынама, оның 25-і сүт өнімдері, 9 май өнімдері,  17-і кондитерлік өнімдер, 6 ұннан дайындалған өнімдер, 4 шырындар, 15-і  алкогольсіз өнімдер, 5-і мамандандырылған тамақ өнімдері, 20 балаларға арналған өнімдер, 5-і терімен жанасатын   өнімдер. Алынған 121 сынаманың  8-і немесе 7,1 пайызы Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеген. Санитарлық-химиялық зерттеулер қортындысы бойынша 25  сүт өнімдерінің 8 сынамасы(32%),  ЖШС «Көкшетау СЗ «Синегорья сүті», Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Шығыс промзонасында өндірілген сүттің май үлесі,  қаптамада көрсетілген май үлесіне сай келмейді. Өнімнің қаптамасында май үлесі 3,2% көрсетілгенімен, зерттеудің нәтижесі бойынша  май үлесі 2,5% құраған, ал дәл осындай өнімнің май үлесі 6%-дың орнына  5,2% көрсетіп тұр.

Қызылорда қаласындағы ЖК Алматовтың, «Досхан» дүкенінен алынған «Любимое» 3,2%, көлемі 900гр, өндірушісі  Қазақстан Республикасы, ЖШС «Солнечный»,  Алматы қаласы,  Гайдар көшесі, 36 шығарылған айран  зерттеу қортындылары бойынша микробиологилық көрсеткіштерге сай келмеді. «Досхан» дүкеніне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, сүт өнімдерінің сақталуы мен тасмалдануы бойынша кемшіліктер анықталып, жеке кәсіпкерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.  

2016 жылдың қаңтар айында өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг нәтижелері
ҚР ҰЭМ ТҚҚ Комитетінің 11.12.2015жылғы №39-7-3002 тапсырмасына сәйкес, 3 қоғамдық тамақтану нысандарынан («Тағам», «Браунис», «Арлекино») тез бұзылатын және кремделген кондитерлік өнімдерінен барлығы 68 сынама сатып алынып, 11,7% немесе 8 сынама микробиологиялық көрсеткіштері бойынша Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген.Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысымен микробиологиялық көрсеткіштері бойынша анықталған кемшіліктерге байланысты, ЖК Сатова А, «Тағам» асханасы, ЖК Сайлигараев А ,«Браунис» дүкені, ЖК Тян О, «Арлекино»  пиццериясы  жоспардан  тыс тексерумен қамтылды. Тексерулер қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлерге  әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, әр қайсысына 20АЕК  мөлшерінде айыппұл салынды.
2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап, ҚР ТҚҚ Комитетінен келген өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу жоспар кестесіне сәйкес сауда нысандарынан  215 сынама алынып, 5 сынама микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламентінің талаптарына сай келмеген. Атап айтқанда: 1. Кефир «Любимое»-3,2%, производитель РК, ТОО «Солнечный»,г. Алматы ,ул.Гайдар,36.
2.Творог «Простоквашино» 2%,  производитель  Российская Федерация, АО «Данон Россия», Тюменская область, г.Ялуторовск, ул Сирина,                                                   
3.Несоленое масло, сладкосливочное, высший сорт 82,5%,  500гр, производитель Белоруссия, Украина, Россия, расфасовано РК, ТОО «Аяла Плюс», г.Алматы, ул.Тасжолы, 
4.Тушка цыпленка-бройлера 1 сорта, потрошенная, замороженная,  производитель Россия, ООО «Белая птица-Белгород», Белгородская область, Шебекинский район, в границах земель ЗАО «Донец», Юго-Западнее п.Поляна.
5.Құлпынай шырыны қосылған пастерленген йогурт өнімі «Нежный», майдың салмақты үлесі 1,2%, Өндіруші ЖШҚ «Кампина», Ресей, Мәскеу облысы, Ступино қаласы, Ситенка көшесі, 10қ.  фосфатаза анықталған,  нормада болмауы тиіс.
Микробиологиялық  көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік анықталған өнімдер бойынша «Оптовик», «Калкам», «Нурбахыт» дүкендеріне жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.

2015 жылы  өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері  
ТҚҚ департаменті тарапынан өнімінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында 118 сауда орындарынан барлығы өнімдердің 1262 сынамасы сатып алынып, 11% немесе 141 сынама Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмеген. Мониторинг жүргізу барысында негізгі көңіл тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне бөлінеді. Ағымдағы мерзімде 578 тағам өнімдері санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілсе, 99 сынамада (17%) сәйкессіздік анықталған.Анықталған кемшіліктер бойынша сауда үйлеріне кемшілік анықталған тағам түрінің одан әрі таратылуына жол бермеу мақсатында 35 санитарлық ұйғарым беріліп, 35 нысан жоспардан тыс тексерумен қамтылды. Тексерулер қорытындысымен 3 нысан бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс сотқа берілді. Сот отырысының қаулысымен 3 нысанға («Кызылорда», «Ералаш», «Радуга» сауда орындары) қаулы шығарылып, 594 мың теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
Балаларға арналған өнімдер бойынша сәйкессіздік анықталған жеке кәсіпкер «Медеуова Д» «Аян» дүкеніне жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы №39 хаттамасы толтырылып, Қызылорда қалалық әкімшілік сотына «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 462 бабының 3 бөліміне сәйкес қарауға ұсынылды. 
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында 3 қоғамдық тамақтандыру орындарынан («Тагам», «Браунис», «Арлекино»)  68 кулинариялық және кремделген-кондитерлік өнімдердің сынамасы сатып алынып, микробиологиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізілді.  Нәтижесімен 68 сынаманың 9-ында сәйкессіздік анықталды. Осыған сәйкес, «Тағам» ЖК «Сатова А», «Браунис» ЖК «Сайлигараев А» және «Арлекино» ЖК «О.Тян» нысандарына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде.  

Облыс көлемінде тағам нысандарынан 105112,4 кг тағам өнімдері жарамсыз болып табылып, тәркіленді. Оның 102241кг Белкөл қыстағындағы «Ибрайхан ЛТД» ЖШС-ның полигонында жойылды.  Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Қызылорда облысы бойынша  жалпы құны 805 212 теңгені құрайтын 2 тонна 870 кг тағам өнімі қайтарылды, оның ішінде 2 тонна 391 кг сүт өнімдері, 139 кг май өнімдері, 329 кг ет өнімдері және 11,5кг құс еттері. 

«Әрбір үйге қауіпсіз тағам» тақырыбында өткізілген акция туралы

2015 жылдың шілде айының 15-ші жұлдызында Қызылорда қалалық әкімдігі, Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқытарын қорғау департаменті және облыстық санитариялық-сараптама отралығымен бірлесіп Сыбаға базарында «Әрбір үйге қауіпсіз тағам» тақырыбында акция өткізілді. Акцияның мақсаты – халықты қауіпсіз және сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыз ету. Акция барысында тұтынушылар өздері  сатып алып жатқан өнімдерін ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облыстық санитариялық-сараптама орталығының мамандарына «Экспресс әдісі» арқылы тегін тексертуге мүмкіндік алып, зерттеу қорытындыларына көз жеткізді. Барлығы 87 бақша өнімдері нитрат қалдықтарына тексеріліп, 2  сынамада (қауын) нитрат қалдығы нормадан жоғары екендігі анықталды.

Сондай-ақ, тұтынушылар мамандарға сұрақтар қойып, кеңестер алды. Бұл бағыттағы жұмыстар үстіміздегі жылдың шілде айының 17-ші жұлдызынан бастап облыс көлеміндегі барлық аудандарда жүргізіліп, жалғасын табады.

«Тағам өнімінің қауіпсіздігі.

Тағамнан улану жағдайларының алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

04.06.2015 жылы сағат 17-00-де Қызылорда қалалық әкімдігінің және ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен аулдық округ әкімдерінің, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық тамақтандыру нысандарының басшыларының және жеке кәсіпкерлер қатысуымен «Тағам өнімінің қауіпсіздігі. Тағамнан улану жағдайларының алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар кеңестің мақсаты тағам өнімінің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг қорытындыларымен таныстыру, сәйкессіз тағам өнімдерінің тізбесіне енгізілген тағам түрлерінің сатылуын болдырмау, тағам өнімінің қауіпсіздігін растайтын құжаттармен таныстыру. Сонымен қатар тағамнан улану  жағдайларының алдын алу бойынша атқарылуға тиісті іс шаралармен таныстыру.

Бүгінгі таңда, Республика бойынша өзекті мәселелердің бірі тағам өнімінің қауіпсіздігі, яғни халықты сапалы, қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету. Жалпы Республика бойынша сапасыз қауіпті тағам өнімін пайдалану салдарынан топтасқан тағамнан улану жағдайлары орын алуда.  Нақты айтар болсақ, Республика көлемінде  үстіміздегі жылдың 5 айында қоғамдық тамақтандыру нысандарында 6 топтасқан тағамнан улану жағдайлары тіркелді. Осы орайда, басты мақсат облыс тұрғындарын сапалы, қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету. Бұл бағытта, Республика бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен тағам өнімінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілуде. 2015 жылдың наурыз-сәуір айларында республика бойынша 1632 тағам өнімінің сынамалары алынып, зертханалық зерттеулердің нәтижесімен 593 сынама Кеден Одағының  техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей, «Сәйкессіздік анықталған тағам өнімдерінің тізбесіне» енгізілген.

Аталған тізімге Қызылорда қаласының «SMALL», «Аль-Асад», «Анвар», «Магнат», «Колбасный двор «Радуга»  сауда үйлерінен алынған тағам түрлеріде енгізілген. Облыс бойынша аталған сауда үйлерінен  15 сүт өнімі зерттеуге алынса, оның 5-і сәйкессіз болып танылған. Зерттеуге алынған тағам түрлерінің таңбалануында майлылығы 8,5% деп көрсетілсе, зерттеу нәтижесімен 6,5% құраған. Бұл негізінен, Ресей Федерациясы, Орлов облысының Верхов сүт-консерва өнеркәсібінің қоюлатылған тәтті сүт өнімдері («Юбилейная», «Птичье молоко», «Столичная», «Славянские»). Сонымен қатар, бұл тізімге «Кампина» өнеркәсібінің «Сливочное лакомство Фруттис», банан-құлпынай йогурт өніміде енгізілді, себебі йогурт өнімінің майлылығы 5% болу қажет болса, зерттеу қорытындысымен 3% құраған.

Сәйкессіз тағам өнімдерінің тізіміне май өнімдерінен,«ЭССЕН Продакшн» АҚ мен шығарылған «Оливковый Махеевъ» 67% майонезі енгізілді. Бұл өнімдеде майонездің майлылығы 67 % құрай қажет болса, зерттеу барысында 55% екендігі анықталды.  Ресей Федерациясының  «Жировой комбинат» өнеркәсібімен өндірілген «Саратовский» 67% майонезінде қышқылдылығы 1,0% орнына 1,8% құраған. 

Сараптама жүргізуге алынған 13 ет өнімдерінің 4-і санитарлық-химиялық көрсеткіштері және таңбалануы (қазақ тілінде ақпарат жоқ) бойынша сәйкес келмеді. Олар: Ресей, Мәскеу қаласы, Пермская көшесі, №5, "ЧМПЗ" ААҚ-мен өндірілген "Русская" шұжығы,  "Егерские" жартылай ысталған шұжығы және Ресей,  "РАПП Кавказ-мясо" ААҚ-мен шығарылған бұқтырылған сиыр еті. РФ "Орелпродукт" ЖАҚ-мен өндірілген «Нежный» күркетауық бауырынан жасалған паштетінде доңыз ДНК анықталды. 

Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысымен санитарлық-химиялық көрсеткіштердің және таңбалануы бойынша анықталған кемшіліктерге байланысты, жоғарыда көрсетілген сауда үйлеріне санитарлық ұйғарым беріліп, қорытындысымен  тағам өнімін әкелушілерге (поставщик) жалпы құны  764 мың 584 теңге құрайтын 2тонна 786кг тағам өнімі қайтарылды, оның ішінде 2 тонна 373 кг сүт өнімдері, 139кг май өнімдері, 274 кг ет өнімдері. 

Алдағы уақытта, шиеленісті және түсенбестік жағдайлардың алдын алу мақсатында, барлық сауда-саттық нысандарының басшыларына «Сәйкессіз тағам өнімінің тізбесіне» енгізілген тағам түрлерін таратуға жол бермеу мақсатында хабарламалар берілді.

Қазіргі уақытта, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Ет, сүт, кондитер өнімдері және ыдыстарға құйылған сулар қайтадан сатып алынып, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілуде.

                                                                                          ҚР ҰЭМ ТҚҚК Қызылорда облысы

 тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

Құрылған күні: 15-06-2015 10:27
Жаңартылған күні: 06-02-2017 17:36

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика