ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының  2017 жылдың

қаңтар-наурыз айларындағы қорытындысы жайлы

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 173,3 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 95,4% құрады.
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.
Атап айтқанда, есепті кезеңде 114,5 млрд. теңгенің 1 702,3 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84,8%-ға орындалған (2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2 007,8 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Өнеркәсіптің кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 137,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 91,7% құрап отыр.
Оның ішінде 10,4 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп,  нақты көлем индексі 158,4 % құраған.
Бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 
11,8 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), нақты көлем индексі 101,0%-ды құрады.
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 25,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,6% құраған.
Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 9,6%-ға, (балықты,шаян тәрізділерді өңдеу – 7,4%-ға, ұн тарту өнеркәсібі өнімдері – 17,4%-ға), кокс және мұнай өнімдерін өндіру – 20,3%-ға, жеңіл өнеркәсіп 93,1%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру саласы («уранның шала тотық-тотығы» өнімі) 4,2%-ға, құрылыс заттарын өндіру 2,5 есеге артқан.
Қазіргі таңда аймақта ірі жобалардың – шыны зауыты, «Шалқия» полиметалл кен орны базасында КБК-сін салу және Шиелі, Жаңақорған аудандарында 2 цемент зауыты жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы қорытындысы жайлы
 
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 645,1 млрд.теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,2% құрады. 
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
Атап айтқанда, есепті кезеңде 397,8 млрд.теңгенің 7668,9 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 85,5%-ға орындалған (2015 жылдың 12 айында 8 973,6 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Өнеркәсіптің 76,7%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 495,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 85,9% ғана құрап отыр.
Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 51,8 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 12,6%-ға артқан. 
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 2016 жылы 117,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115,0% құрап, өнім көлемі 15%-ға артқан.  
Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 7,3%-ға (күріш өңдеу 10,3%-ға, йодталған тұз өндіру 23,6%-ға, ет өнімдерін өндіру 65,5%, өңделген сұйық сүт 65,0%-ға), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 5,1%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі) 32,2%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру (кірпіш, темір бетон) 6,6%-ға артқан. 

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының
2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы қорытындысы жайлы
 
2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 464,4 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,0% құрады. 
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
Атап айтқанда, есепті кезеңде 287,0 млрд. теңгенің 5 836,8 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 86,5%-ға  орындалған (2015 жылдың 9 айында 6 801,5 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Өнеркәсіптің 76,2%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 354,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 85,7% ғана құрап отыр.
Оның ішінде 28,2 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметтердің төмен түсіп кетуі салдарынан нақты көлем индексі 60,0% құраған. 
Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 36,4 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 10,6%-ға артқан. 
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 88,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,3% құрап, өнім көлемі артқан.  
Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 11,8%-ға (күріш өңдеу 13,2%-ға, йодталған тұз өндіру 28,4%-ға, ет өнімдерін өндіру 99,4%,  өңделген сұйық сүт 94,2%-ға),  химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 8,7%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі)  25,6%-ға артқан. 
Алайда көптеген ірі құрылыс нысандарының аяқталуына байланысты («Бейнеу-Жезқазған» темір жол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің, т.б.) және де былтырғы жылмен салыстырғанда сұраныс көлемінің төмендеп кетуі себепті құрылыс заттарын (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) өндіру 8,3%-ға, жеңіл өнеркәсіп  39,5%-ға төмендеп кеткен. 

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының 2016 жылдың 
қаңтар-маусым айларындағы қорытындысы жайлы
 
2016 жылдың қаңтар-маусым айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 288,4 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,8% құрады.
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.
Атап айтқанда, есепті кезеңде 173,1 млрд. теңгенің 3 936,6 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 87,0%-ға орындалған (2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 4 554,8 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Өнеркәсіптің кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 213,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 85,4% ғана құрап отыр.
Оның ішінде 16,8 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметердің төмен түсіп кетуі салдарынан нақты көлем индексі 53,4 % құраған.
Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 22,7 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 10,3%-ға артқан.
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 58,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123,3% құраған.
Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 9,8%-ға (йодталған тұз өндіру 12,0%-ға, өңделген сұйық сүт 95,6%-ға артқан), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 29,5%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 26,2%-ға, машина жасау саласы 4,8%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 93,6%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру саласы («уранның шала тотық-тотығы» өнімі) 16,2%-ға артқан.
Қазіргі таңда аймақта ірі жобалардың – шыны зауыты, «Шалқия» қорғасын-мырыш кені құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының  2016 жылдың

қаңтар-наурыз айларындағы қорытындысы жайлы

2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің    көлемі  ағымдағы бағаларда 138,2 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89,0%  құрады.

Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден  тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда.
Атап айтқанда, есепті кезеңде 82,3 млрд. теңгенің 2008,1 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 86,4%-ға орындалған (2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2324,2 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Өнеркәсіптің кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 100,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84,5% ғана құрап отыр.
Оның ішінде 6,8 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметердің төмен түсіп кетуі  салдарынан  нақты көлем индексі 45,0 % құраған.
Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 10,5 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 12,2%-ға артқан.
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 28,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114,1% құраған.
Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 22,3%-ға (йодталған тұз өндіру 17,9%-ға, өңделген сұйық сүт 2,2 есеге артқан), жеңіл өнеркәсіп 0,1%-ға, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 29,6%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын  өндіру 46,8 %-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру саласы («уранның шала тотық-тотығы» өнімі) 2,2%-ға, құрылыс заттарын өндіру 2,2 есеге артқан.
Қазіргі таңда аймақта ірі жобалардың – шыны зауыты, «Шалқия» қорғасын-мырыш кені құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының 
2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы қорытындысы жайлы
2015 жылдың 12 айында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 605,5 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,2% құрады. 
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне  орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
Атап айтқанда, есепті кезеңде 391,3 млрд. теңгенің 8 973,6 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,5%-ға  орындалған (2014 жылдың 12 айында 9 919,8 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Өнеркәсіптің кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 485,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89,0% ғана құрап отыр.
Оның ішінде 49,7 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметтердің төмен түсіп кетуі салдарынан нақты көлем индексі 58,8% құраған. 
Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 39,4 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 17,9%-ға артқан. 
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 84,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,2% құрады, өнім көлемі аз да болса артқан.  
Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 8,6%-ға (күріш өңдеу 9,8%-ға, йодталған тұз өндіру 41,9%-ға, ет өнімдерін өндіру 6,2%-ға,  өңделген сұйық сүт 24,4%-ға),  химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,5%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның шала тотық-тотығы» өнімі)  24,7%-ға артқан. 
Алайда көптеген ірі құрылыс нысандарының аяқталуына байланысты («Бейнеу-Жезқазған» темір жол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің, т.б.) және де былтырғы жылмен салыстырғанда сұраныс көлемінің төмендеп кетуі себепті құрылыс заттарын (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) өндіру 28,7%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 5,7%-ға төмендесе, жеңіл өнеркәсіп  24,8%-ға,  мұнай өңдеу өнімдерін өндіру  (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 10,7%-ға, машина жасау саласы 3,4%-ға төмендеп кеткен. 

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының
2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы қорытындысы жайлы
 
2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 450,6 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92,6% құрады. 
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін) мен кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
Атап айтқанда, есепті кезеңде 295,9 млрд. теңгенің 6 801,5 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92,2%-ға орындалған (2014 жылдың 9 айында 7 380,8 мың тонна шикі мұнайы өндірілген).
Өнеркәсіптің 81,0%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 365,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,9% ғана құрап отыр.
Оның ішінде 36,7 млрд. теңгеге техникалық қызметтер көрсетіліп, мұнай өндіру саласында көрсетілетін техникалық қызметтердің төмен түсіп кетуі салдарынан нақты көлем индексі 63,7% құраған. 
Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 29,1 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 18,2%-ға артқан. 
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 59,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,0% құрап, өнім көлемі артқан.  
Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 13,0%-ға (күріш өңдеу 22,2%-ға, йодталған тұз өндіру 38,7%-ға, ет өнімдерін өндіру 5,2%-ға, сүт өнімдерін өндіру 5,2%-ға 3,1%-ға өскен), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,1%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі) 50,0%-ға, машина жасау саласы 1,6%-ға артқан. 
Алайда көптеген ірі құрылыс нысандарының аяқталуына байланысты («Бейнеу-Жезқазған» темір жол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің, т.б.) және де былтырғы жылмен салыстырғанда сұраныс көлемінің төмендеп кетуі себепті құрылыс заттарын (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) өндіру 44,2%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 13,3%-ға төмендесе, жеңіл өнеркәсіп 24,7%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 12,4%-ға төмендеп кеткен.

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының
2015 жылдың қаңтар-маусым айларындағы қорытындысы жайлы
 
2015 жылдың қаңтар-маусым айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 305,5 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 94,9% құрап, 5,1%-ға төмендеген.. 
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (90%-ға дейін), кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуі және «Құмкөл», «Оңтүстік Құмкөл», «Ащысай» және т.б. кен орындарын іске қосу мерзімінің 20-25 жылға дейін кейін шегерілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кетуі себеп болуда. 
Атап айтқанда, есепті кезеңде 202,3 млрд. теңгенің 4 554,0 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92,8%-ға  орындалған (2014 жылдың қаңтар-маусым айларында 496,4 млрд. теңгенің 4 905,7 мың тонна шикі мұнайы өндірілген, НКИ 93,7%).
Өнеркәсіптің 81,5%-н (негізінен мұнай саласы) құрап отырған кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 249,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан нақты көлем индексі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 92,8% ғана құрап отыр.
Оның ішінде мұнай саласында 21,3 млрд теңгеге (2014 жылдың ұқсас кезеңінде 31,1 млрд теңгеге) техникалық қызметтер көрсетіліп, нақты көлем индексі 68,9% құраған. 
Дегенмен де, бұл сала бойынша аймақтағы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда 19,8 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), өнім көлемі 20,5%-ға артқан. 
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 37,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,2% құрап, өнім көлемі артқан.  
Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі 17,6%-ға (69 263 тонна күріш өңделіп, 27,8%-ға, йодталған тұз өндіру 55,8%-ға, өзге де сүт өнімдерін өндіру 14,1%-ға өскен), химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 0,7%-ға, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі) 2,2 есеге, машина жасау, жөндеу және орнату саласында қызметтер мен жұмыстар атқару көлемі 0,1%-ға артқан. 
Алайда «Бейнеу-Жезқазған» темір жол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің құрылыс нысандарының аяқталуына байланысты сұраныс көлемінің төмендеуінен құрылыс заттарын (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) өндіру 37,5%-ға төмендесе, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласы полимер трубаларының өндіру көлемінің төмендеп кетуі салдарынан 3,3%-ға, жеңіл өнеркәсіп 26,0%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 3,7%-ға төмендеп кеткен. 
Анықтама: 
- тамақ өнімдерінің өндірісінде 12,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,6% құрады. 
- химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 3,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 100,7% құраған. 
- металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («закись-окись» урана) саласы бойынша 10,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өнім көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артқан. 
- машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде 4,6 млрд. теңгенің қызметтері мен жұмыстары жасалып, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,2% құраған.
- жеңіл өнеркәсіп өндірісінде 160,6 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 74,0% құраған. 
Оның ішінде тоқыма бұйымдарын өндіру 9,5%-ға кемісе, киім өндіру 36,1%-ға кеміген. 
- мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 3,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 96,3% құрады. 
- құрылыс заттарын өндіру (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 1,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 62,5% құраған.
- резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде 1,6 млрд. теңгенің өнімдері өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 96,7% құраған.
Бұл сала бойынша өнім көлемінің төмендеуіне тапсырыстардың азайып кетуі салдарынан полимер трубаларының өндірісі кеміп кеткендігі себеп болуда.

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының
2015 жылдың 1-тоқсаны бойынша қорытындысы жайлы
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 161,9 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 101,0% құраған.
Нақты көлем индексінің көтерілуіне облыс көлеміндегі «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындарда уран өндіру  көлемінің өсуі, карьерлерді қазу (қиыршық тас) жұмыстары мен мұнай-газ өндіру саласында техникалық қызмет көрсету жұмыстарының артуы, индустриялық карта аясында іске асырылған жобалардың («Арал-тұз» АҚ, «Рза» АҚ», «Хуа ю интернационал в Кызылорде» ЖШС) жоспарлы қуаттылықтарында жұмыс атқаруы мен облыс бойынша күріш өңдеудің (ақтаудың) жоғарылауы себеп болып отыр.
Атап айтқанда, есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 132,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100,1% құраған.
Оның ішінде, 10,0 млрд теңгеге металл кендері өндіріліп (уран), нақты көлем индексі 116,2% құраса, 15,7 млрд теңгеге кен өндіру саласында техникалық қызметтер көрсетіліп, нақты көлем индексі 179,4 құраған.
Алайда жылдан-жылға шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуі салдарынан қаңтар-наурыз айларында 105,3 млрд. теңгенің 2 324,6 мың тонна шикі мұнайы өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,5% орындалған (2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында 267,2 млрд. теңгенің 2 486,9 мың тонна шикі мұнайы өндірілген, НКИ 95,3%).
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында 18,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114,3% құрап, өнім көлемі артқан.  
Оның ішінде:
- тамақ өнімдерінің өндірісінде 5,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,1% құрады. Оның ішінде, 33 459 тонна күріш өңделіп, нақты көлем индексі 10,8% жоғарылаған;
Ескертпе:
Тамақ өнімдері өндірісінде индустриялық карта аясында іске қосылған «Арал тұз» АҚ мен «Рза» АҚ-ның жобаларының өз қуаттылықтарында жұмыс атқаруынан йодталған тұз өндіру 42,4% артса, өңделген сұйық сүт өндіру 42,5%-ға, өзге де сүт өнімдерін өндіру 33,7%-ға артқан. 
- жеңіл өнеркәсіп өндірісінде есепті кезеңде 75,4 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 164,0% құраған. Оның ішінде тоқыма бұйымдарын өндіру 179,4%-ға орындалса, киім өндіру 155,0%-ға орындалған;
- мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 1,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 108,3% құрады.
- металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («уранның закись-окись» өнімі 2013 жылдан бері «Байкен-У» ЖШС-де уранды өңдеуден алынуда) саласы бойынша 5,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге артқан;
 - машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде 2,2 млрд. теңгенің қызметтері мен жұмыстары жасалып, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125,5% құраған;
- құрылыс заттарын өндіру (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 449,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп,  2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 178,7% құраған.
- химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 2,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 111,2% құраған.
- резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде 694,0 млн. теңгенің өнімдері өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 80,1% құраған.
Бұл сала бойынша қаңтар-наурыз айларында өнімнің төмендеуіне полимер трубаларын шығаратын Шиелі ауданындағы  «Кемикал» компаниясы мен Қызылорда қаласындағы «Қуат» ЖШС-нің өнімдеріне тапсырыстардың былтырғы жылға қарағанда азаюы себеп болуда.

Қызылорда облысының өнеркәсіп саласының
2014 жылдың 12 айындағы қорытындысы жайлы
 
2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 1 трлн. 132 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі (НКИ) 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,9% құрап, 3,1%-ға төмендегені байқалды (Қазақстан бойынша НКИ 100,2%). 
Өнеркәсіп саласының төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы (95%-ға дейін), кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуі және «Құмкөл», «Оңтүстік Құмкөл», «Ащысай» және т.б. кен орындарын іске қосу мерзімінің 20-25 жылға дейін кейін шегерілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азайып кеткендігі себеп болуда. 
Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша алынған статистикалық ақпараттар республиканың Атырау, Ақтөбе, Павлодар, т.б. мұнайлы аймақтарындағы өнеркәсіп көлемінің төмендегенін көрсетіп отыр. 
Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 1,0 трлн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,0% құраған (Қазақстан бойынша НКИ 99,7%).
Оның ішінде 899,3 млрд. теңгенің 9 919,8 мың тонна шикі мұнайы өндірілген, немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 93,7% орындалған (2013 жылдың 12 айында 1,1 трлн. теңгенің 10 587,5 мың тонна шикі мұнайы өндірілген, НКИ 97,3%).
Атап өту керек, облыс әкімінің бастамасымен мұнай өндіру көлемін келешек ұлғайту мақсатында біршама нақты жұмыстар атқарылды. Соның ішінде облыс әкімдігімен «2015-2019 жылдарға арналған ҚР геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасында» тереңдігі 7 мың метр 1-параметрлі ұңғыны бұрғылау жұмыстарына республикалық бюджет көздерінен қаржы қарастыру туралы Үкіметке ұсыныс жіберіліп, Үкімет тарапынан бұл ұсыныс «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шараларының 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» енгізілді.
Ескертпе: Өнеркәсіп саласының 90,5%-н «кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу» саласы құраса (негізінен мұнай өндіру саласы), «өңдеу өнеркәсібінің» үлесі 6,5%, «электрмен жабдықтау» 2,4%, «сумен жабдықтау» 0,6% құрайды. 
Облыс әкімдігі тарапынан 2014 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп саласын, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі көрсеткіштерін жоғарылатуға бағытталған қосымша іс-шаралар қабылданып, өсудің оң нәтижелеріне жету үшін және жергілікті мазмұнды дамытуға байланысты атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде, сыртқы факторлардың экономикамызға тигізер кері әсерлеріне қарамастан, өңдеу өнеркәсібі саласында 12 айлық көрсеткіштің 107%-дық межеден асуына қол жеткізіліп, облыс республика бойынша төртінші орында тұр.
Атап айтқанда, өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында қаңтар-желтоқсан айларында 73,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,9% құрап, өнім көлемі 7,9% артқан. (Қазақстан бойынша НКИ 101,0%). 
Ескертпе: Өңдеу өнеркәсібі бойынша Қармақшы ауданынан (2,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 42,9% ғана құраған) басқа қала-аудандар 100 %-дық межеден аса көрсеткіштермен шыққан.
Оның ішінде: Қызылорда қаласы – НКИ 111,1%;
Жаңақорған ауданы – 128,1%;
Сырдария ауданы – 120,6%;
Шиелі ауданы – 113,4;
Жалағаш ауданы – 105,7%;
Қазалы ауданы – 105,3%;
Арал ауданы – 102,6%.
Оның ішінде:
- облыс бойынша тамақ өнімдерінің өндірісінде 24,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,4% құрап, 8,4%-ға артқандығы байқалады (Қазақстан бойынша НКИ 102,9%). Оның ішінде, 146 762 тонна күріш өңделіп, нақты көлем индексі 109,3%-ды құрап, 9,3% жоғарылаған; 
- жеңіл өнеркәсіп өндірісінде есепті кезеңде 382,5 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,3% құраған (Қазақстан бойынша НКИ 103,7%). Оның ішінде тоқыма бұйымдарын өндіру 78,2%-ға орындалса, киім өндіру 112,1%-ға орындалған. 
Жеңіл өнеркәсіп саласының облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,5% ғана құрайды.
- мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында (бензин, солярка, мазут, сұйытылған газ) 11,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,2% құрады (Қазақстан бойынша НКИ 102,4%).
- химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 3,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 175,0% құрап, 75,0%-ға артқан (Қазақстан бойынша НКИ 100,5%).
Бұл саланың оң нәтижесіне өңірлік индустриялық карта аясында іске қосылған жобалар Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауыты 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемін 43,7%-ға артық орындаса, Қызылорда қаласындағы «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС-нің «Химиялық реагенттер өндірісі көлемін ұлғайту» жобасының жыл басында іске қосылуы әсер етуде.
- резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде 3,2 млрд. теңгенің өнімдері өндірілген. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111,3% құрап, 11,3%-ға артқан (Қазақстан бойынша НКИ 99,6%).
Бұл сала бойынша Шиелі ауданында 2,6 млрд. тенгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 139,8% болып, 39,8%-ға артқан («Кемикал» компаниясы есебінен). 
- металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру («закись-окись» өнімі 2013 жылдан бері «Байкен-У» ЖШС-де уранды өңдеуден алынуда) саласы бойынша 10,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 148,4% құрап, 48,4%-ға артып отыр (Қазақстан бойынша НКИ 95,2%).
- машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде 8,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,0% болып, 2,0%-ға артқан (Қазақстан бойынша НКИ 99,5%).
Бұл саланың жоғарылауына темір жол саласындағы «Қазалы вагон жөндеу депосы» ЖШС, «Қазалы локомотив жөндеу депосы» ЖШС (Қазалы ауданы) кәсіпорындарының қызмет көрсету көлемінің өсуі оң нәтижелер беріп отыр. 
- құрылыс заттарын өндіру (өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру) (кірпіш, тауарлы бетон және темір-бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 9,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп,  нақты көлем индексі 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 73,0% құраған; 
Өнімнің төмендеп кетуіне жыл басынан бері осы саланың өнімін өндірумен айналысатын кәсіпорындардың өнімдеріне былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сұраныстың азайып кетуі, сондай-ақ «Бейнеу-Жезқазған» темір жол магистралы мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің құрылыс нысандарының аяқталуы себеп болып отыр. 
Бұл саланың көрсеткіштерінің көтерілуіне резервтер қатарында ағымдағы жылдың маусым айында «РМЗ «Шапағат» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 35 мың шаршы метр құрайтын үй құрылыс комбинатының іске берілетіндігі күтілуде.
Сонымен қатар, 2014 жылы жалпы құны 7,0 млрд теңге құрайтын 12 жобаның (әк зауыты, мия зауыттары, тұз өндіру зауытын жаңаландыру, т.б.) іске қосылуы өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштеріне оң әсерін тигізіп, жаңадан 746 жұмыс орыны ашылды. 
Сондай-ақ, 2010-2014 жылдары өңірлік индустрияландыру карта аясында іске қосылған жобалар өңіріміздің өңдеу өнеркәсібінің дамуына оң әсерін тигізіп, нәтижесінде 1000-ға жуық жұмыс орны ашылды. Оның ішінде  2013 жылы аталған картадағы жобалар аясында 8,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібі өнімінің 11,9%-н құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 14,7% құрап, 10,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өз кезегінде өңіріміздің өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіптегі үлесін 2012 жылы 4,5%-дан 2014 жылы 6,5%-ға көтерілуіне ықпал етіп отыр.
Құрылған күні: 07-08-2012 08:06
Жаңартылған күні: 20-04-2017 09:04

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика