Зайчиков Александр Сергеевич
Зайчиков Александр Сергеевич- 17.08.1992 жылы дүниеге келген.2002-2006 жж.облыстықбалалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алса, 2006-2010 жж. Қызылорда облысының Ж.Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітірді.
2010-2014 жж.Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алды.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады. Бапкері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арман Абдраев.
Жетістіктері
Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері;
Жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (Оңтүстік Корея2008ж.);
Жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент, 2010 ж.);
Жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Малайзия, Пенанг, 2011 ж.);
XXX жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (Лондон 2012 ж.);
Ересектерарасында Әлем чемпионы (АҚШ, Хьюстон 2015 ж.);
Ресей Президенті кубогының күміс жүлдегері (Грозный 2015 ж.).
XXXI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Бразилия, Рио-Де-Жанейро, 2016 ж.)

Жаңартылған күні: 23-08-2017 08:06