ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы  Жүктеу...2.23 МБ


Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есебі   Жүктеу...2.21 МБ

 


Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы  Жүктеу...2.21 МБ


Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі

бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің

жөндеу жұмыстары бойынша ақпарат

Қызылорда облысында барлығы 1154 көпқабатты тұрғын үй бар.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жалпы соммасы 3451,8 млн. теңгеге облыс бойынша 160 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
2011 жылы – 18 үй жалпы соммасы 395 млн.теңге;
2012 жылы – 14 үй жалпы соммасы 812,5 млн.теңге;
2013 жылы Қызылорда облысына қаржы бөлінген жоқ (2013 жылдың 8 мамырындағы №8 РБК-ның шешімі бойынша);
2014 жылы – 81 үй (оның ішінде 25 үй 2012 жылы басталған) жалпы соммасы 1814,2 млн.теңге.
2015 жылы – 35 үй жалпы соммасы 353,6 млн.теңге. сонымен қатар, Қызылорда қаласында 3 көпқабатты тұрғын үй жалпы соммасы 66,37 млн.теңге қайтарымды қаражат есебінен жүргізілді.
2016 жылы қайтарымды қаражат есебінен Қызылорда қаласында 48,2 млн.теңгеге 3 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Сырдария ауданында аудандық бюджеттен бөлінген 18,48 млн.теңгеге 4 үй,  Қармақшы ауданы бойынша 9,8 млн.теңгеге 2 үй күрделі жөндеуден өткізілді.
2016 жылдың 1 қазанына 2011-2015 жылдары тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаржының қайтарымы 45,4 пайызды құрап отыр (жоспар бойынша 499,3 млн.теңге, нақтысы 226,6 млн.теңге).
Бүгінгі таңда, жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында жүргізілді. Оның ішінде:
- Қызылорда қаласында - 121 үй;
- Арал ауданында - 10 үй;
- Қазалы ауданында - 5 үй;
- Қармақшы ауданында - 12 үй;
- Жалағаш ауданында  - 2 үй;
- Сырдария ауданында - 8 үй;
- Шиелі ауданында - 2 үй.
Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесi 2011 жылғы 73 %-дан 2015 жылға қарай 55,5 %-ға төмендедi.
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640 құрап отыр. 

2015 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасына мониторинг жүргізу жөнінде жедел есептеменің талдамалық жобасы 
2011 жылдың 9 ақпанында №273 Қызылорда облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес «Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы» бекітілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес 2009 жылдың 18 маусымында №827 Қазақстан Республикасы Президентінің бекітілген Жарлығы бойынша 2015 жылдың 10 желтоқсанында №323 Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті №42 сессия отырысында бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 23.12.2014ж №166 бекітілген бұйрығына сәйкес мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері жергілікті атқарушы органдарға арналған базалық көрсеткіштер тізбесіне орай келтірілген және де өткізілген мониторинг нәтижесі мен 2014 жылға арналған бағдарламаны жүзеге асырылуда ескеріліп, олардың мәні мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілді.
Жалпы бағдарлама бойынша 21 мақсат, 40 мақсатты индикаторлар, 111 тікелей нәтиже көрсеткіштері қарастырылған.
2015 жылдың қорытындысы бойынша 24 (60%) мақсатты индикаторларға, 67 (60,4%) нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ал 5 мақсатты индикаторлар (12,5%) және 22 нәтижелі көрсеткіштерге (19,8%) қол жеткізілмеді.
Қазіргі таңда, есепті кезеңде 10 индикаторлар мен 15 нәтижелі көрсеткіштердің статистикалық деректемелері жоқ.
Сонымен қатар, 1 индикатормен 7 нәтижелі көрсеткіштің мәні қаралмаған.
2015 жылға арналған Бағдарламаны жүзеге асыру жоспары аясында барлығы 77,2 млрд. теңге қаржы сомасына 375 іс-шара өткізу қарастырылған, оның ішінде 1 «Экономика» бағыты бойынша 54 іс-шара, 2 «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша – 224, 3 «Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» бағыты бойынша - 14 іс-шара, 4 «Инфрақұрылым» бағытында – 21,  5 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» - 42, 6 бағыт «Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары» -9, 7 «Мемлекеттік қызметтер» бағытында – 11 іс-шаралар.
2015 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсынылған ақпарат негізінде, бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде мониторинг өткізілді.
1 бағыт: Экономика
Аталмыш бағыт бойынша бағдарламада 5 мақсат, 8 мақсатты индикаторлар және 47 нәтижелі көрсеткіштер қаралған, оның ішінде1 индикатор және 24 нәтижелі көрсеткіштер. Сонымен қатар, 2 индикатор және 15 көрсеткіштер. Есепті кезең бойынша 5 индикаторлар мен 8 көрсеткіштердің статистикалық деректемелері жоқ. 
1.1 мақсат. Облыс экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету
Қызылода облысында өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2015 жылдың 9 айында 908,4 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 1,1% (98,95%) азайған.
Қазақстан Республикасында облыстық жалпы өңірлік өнім үлесі 3,3% пайызды құрайды, бұл дегеніміз 2014 жылдың 9 айлық көрсеткішінен 0,5% пайыз төмен. Республика бойынша аталмыш көрсеткішпен Қызылорда облысы 12 орында тұр.
2011-2014 жылдар аралығында инфляция тұрақты 106%-108% ресми диапазонды деңгей шамасында сақталған. 2015 жылы ұлттық валютаға «толқымалы» курстың енгізілуіне байланысты Республикаға жеткізілетін тауарлардың бағасы өсті. Нәтижесінде есепті жылда облыстың тұтыну нарығында инфляциялық тербелістер байқалып, жалпы Қазақстан Республикасы бойынша баға ахуалына әсер етті.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қызылорда облысының инфляция индексі 114,7% (Қазақстан Республикасы бойынша 113,6%) құрады.
2015 жылдың 1-3 тоқсандарының қорытындысы бойынша облыстың жан басына шаққандағы халықтың орташа ақшалай табыстары 2014 жылдың тиісті кезеңдерімен салыстырғанда 19,3 пайызға көтерілген, ал 2015 жылдың 2 тоқсанында 8,8 пайызға азайған және де 3 тоқсанында 2,9 пайызға және абсалюттік сиптта 57540 теңге, сонымен қатар 48162 теңге және 52110 теңге.
1.2 мақсат. Өңірдің өнеркәсіп саласын дамыту және бәсекеге қабілетті өнеркәсіп өнімдерінің өндіру
Өнеркәсіп – облыс экономикасының жетекші саласы 2015 жылғы  9 айлық қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіп өндірісінің үлесі 39,2 пайызды құрады (2014 жылдың 9 айына 46,8 пайызды құрады), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді дайындау 33,4 пайызды қамтиды.
2015 жылы өнеркәсіп өдірісінің көлемі 605,6 млрд. теңгені құрады, бұл дегеніміз алдынғы жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға төмен. Бұған ең басты себеп жұмыс жасап тұрған мұнай шығаратын кен орындарының қысқартылуы, мұнай өндірудің азаюы, сонымен қатар мұнайға деген әлемдік бағаның төмендеуі. 2015 жылы 9 млн тонна мұнай өндірілген, 2014 жылмен салыстырағанда 9,5%-ға төмен. Сонымен қатар, 1 баррель мұнай бағасы  3 есеге қырқартылды. Аумақтың экономикасы мұнайға тәуелді болғандығын ескере отырып, бірқатар мокроэкономикалық көрсеткіштер төмендеген.
Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі - 90,2%, инвестиция көлемінің индексі - 88,1%-ға, құрылыс жұмыстарының нақты көлемі - 89,7%-ға төмендеген.
Нақты көлем индексі өңдеу өнеркәсібінің төмендеуіне өндіріс көлемі машина жасау –96,6 пайыз, жеңіл – 75,2 пайызға салаларында төмендеуі әсер етті. Сонымен қатар, индикаторлардың орындалуына теңге бағамының өзгеруі және темір бетон, резеңке және пластмаса бұйымдарының шығару көлемінің төмендеуі әсер етті.
Осыған орай, азық-түлік өнімдерінің химииялық және металлургия өнеркәсібінің өсімі қамтылаған, олардың физикалық көлемі индексі 100,2 пайыз (84,5 млрд теңгеге өнім өндірілген) құрады.
1.3 мақсат. Ішкі нарықтың қажеттілігін жабу мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін тиімді өндірісін өндіру негізінде облыста сауда саттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2015 жылы ауылшаруашылық саласының жалпы өнім көлемі 62,8 млрд. теңгені құрады. 2014 жылы нақты көлемінің индексі 104,2% өскен.
Ауылшаруашылық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында, жанар-жағар майдың бағасы ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне суды жеткізу бойынша қызмет өнімділігінің өсуі және мал шаруашылығы өнімінің сапасы, тыңайтқыш құнын субсидиялауға 5,2 млн. теңге берілген.
2015 жылы егілген ауыл шаруашылық дақылдары 163,8 мың гектар жерге орналастырылған оның ішінде астық-86,8 мың га, жемшөптік дақылдары – 56 мың га, картоп, көкөніс және бақша дақылдары – 5,6 мың. га, күріш – 83,9 мың.га.
Негізгі дақыл күріштің орташа өнімділігі -50,5 центнер га құрады (2014 жылы –50,1 центнер га). Жиналған күріш өнімділігінің көлемі 423,6 мың тоннаны құрады.
«Ы. Жахаев атындағы КҰЗИ» ЖШС-гі заманауи агротехнологияларды енгізе отырып, ауыл шаруашылық дақылдарының жақсы түрлерін қолдануға күріштің жаңа бәсекеге қабылетті түрін шығару мақсатында ғылыми жұмыстарды өткізіп тұрады.
Ауылшаруашылық тауарөндірушілердің 98,5% егіні жоғарғы өнімді тұқымдармен қамтылған.
Халықаралық даму және қайта жаңғырту банкімен бірлесе отырып, суармалы жерлердің мелирациялық жағдайын жақсарту және сумен қамтамасыз ету арқылы Жалағаш ауданы бойынша 15 мың гектар жерінің ирригациялық және дренаждық жүйелердің жетілдіру жобасының екінші фазасы жүзеге асырылуда.
2016 жылдың 1 қаңтарында облыс бойынша ІҚМ 256,1 мың басты құрайды, сонымен қатар 118,39 мың бас сиыр, 570,4 мың бас қой мен ешкі, 88,6 мың бас жылқы, 36,1 мың бас түйе, 2,5 мың бас доңыз.
7,2 пайызға сиыр саны, 5,9 пайызға қой саны, 2,7 пайызға жылқы, 4,2 пайызға түйе саны артты.
Ет өндірісі 1,8 %, сүт өнімі 2 % өсті.
«Сыбаға» жобасы аясында 442 млн.теңге жеңілдік негізінде алынған несие арқылы 64 шаруа қожалығы 2720 бас сиыр мен 148 бас бұқа сатып алынып, 108,8 пайызға жоспар орындалды.
«Алтын асық» жобасы аясында 125,3 млн.теңгеге жеңілдік негізінде алынған несие арқылы 19 шаруа қожалығы 5058 бас қой, 174 бас қошқар сатып алынып, жоспар 126,5 пайызға орындалды.
«Құлан» жобасы аясында жеңілдік негізінде алынған 486,2 млн.теңге несие арқылы 56 шаруа қожалығы 1589 бас жылқы мен 197 бас айғыр сатып алынған, жоспар 158,9 пайызға орындалды.
«Ірі қара малдың экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында 2015 жылдың желтоқсан айында «Сыр маржаны» ЖШС-мен Қазалы ауданы бойынша 2000 басқа қуатын ұлғайту мақсатында 500 басқа ІҚМ арналған бордақылау алаңы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда бордақылауға 200 бас ІҚМ жеткізілді.
Сырдария ауданы бойынша «Шаған-жер» ЖШС-сі арқылы 3000 басқа ІҚМ арналған бордақылау алаңының құрылысы аяқталды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап мал бордақылау жұмыстары бастама алды.
Қызылорда қаласында қайта өңдеу саласы бойынша қуаттылығы тәулігіне 0,5 тоннаны құрайтын шұжық өнімдерін шығару кәсіпорыны пайдалануға берілді. Жалағаш ауданында «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы қуаттылығы тәулігіне 150 тоннаны құрайтын күріш өңдеу зауыты пайдалануға берілді.
Ал Шиелі ауданында қуаттылығы тәулігіне 1 тоннаны құрайтын сүт өңдеу цехы пайдалануға берілді.
Агроөнеркәсіп кешенінің ірі жобаларын жүзеге асыру аясында аймақтың сауда-саттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру және облыстың экспорттық әлеуетін жақсарту мақсатында шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстары жүргізілді.
1.4 мақсат. Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту
2015 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 2014 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 8,6 % төмен.
2015 жылғы шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілер саны 2014 жылмен салыстырғанда 0,1% артып, 41,6 мың бірлікті құрады.
2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау және өндірістік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2,6 млрд.теңге бөлінген болатын, 2014 жылға қарағанда 77 % көп.
Атап айтқанда, 2015 жылы жалпы бағасы 4,1 млрд.теңгені құрайтын 73 жобаны пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 826,2 млн.теңге бөлінген болатын. Жалпы соммасы 735 млн.теңгені құрайтын 49 жобаны және жеке кепілдендіруге 146,9 млн.теңге бөлінген болатын. Ауыл аймақтар бойынша 7 жобаны гранттық қаржыландыруға 12 млн.теңге бөлінген болатын.
2014 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаның 4 бағыты аясында облыстың 4 ауданында (Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандары) және Қызылорда қаласында индустриялды аймақтар құрылды. 2015 жылы инвестициялық жобаларды индустриялды аймақтарды орналастыруы мен жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қаласында орналасқан «Өндіріс» индустриялды аймақта өндірістік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасын тапты. Индустриялды аймақтағы құрылымы басталған шыны зауытын, ферроқорытпа зауытын теміржол тұйығымен қамтамасыз ету мақсатында жобалау сметалық құжаттама әзірленді. 2016 жылы оның құрылысы басталды.
2014 жылдың қыркүйек айында облыста ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қосымша қолдау шаралары ретінде Аймақтық инвестициялық орталық ашылды. 2015 жылы «Қызылорда» Аймақтық инвестициялық орталық (АИО) арқылы жалпы 342,1 млн.теңгені құрайтын 56 жоба қаржыландырылып, 223 жаңа жұмыс орындар ашылды.
2015 жылы жеке бөлшек сауданың нақты көлем индексі 97,9 % құрады, ал жоспарға сәйкес 103,5% құрауы тиіс. Бөлшек тауарайналымы көлемінің төмендеуінің негізгі себептері долларға қатысты «еркін» курс бағасы енгізілгеннен кейін халықтың сатып алу қабілеті азайып және де инфляция деңгейінің өсуі әсер етті.
1.5 мақсат. Ынтымақтастықты нығайту және дамыту үшін күрделі қаржы бөлу, қолайлы инвестициялық климат жасау 
2015 жылдың қаңтар –желтоқсан айларында облыс бойынша негізгі капиталға бөлінген инвестиция көлемі 236,7 млрд.теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылдың аталмыш кезеңіне қарағанда 11,9 пайызға төмен.
Негізгі капиталдан бөлінген инвестицияның қомақты бөлігі жеке меншік түрдегі (68,4 пайыз) инвесторлардан игерілген, сонымен қатар басқада мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінен (9,3 пайыз) мемлекеттік сектордың үлесі 22,3 пайыз.
Негізгі капиталдағы инвестиция құрылымында пайдалану бағыты бойынша ең үлкен көлемі 62,5 пайыз өнеркәсіпті қамтуды 148 022,6 (62,5 пайыз) млн.теңге жүк тасу және қаттап тастау -33494,44 млн.теңге ) 14,11 пайыз), жылжымайтын мүлік операцияларында 26187,2 млн.теңге (11,1 пайыз). Ауыл шаруашылығына бөлінетін инвестиция көлемі 1385,0 млн.теңгені құрайды (0,6 пайыз).
2013-2014 жылдарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» екі ірі жобаның аяқталуына байланысты облыс бойынша негізгі капиталға бөлінетін инвестиция көлемі біраз азайды.
Алайда, инвестиция көлемі көрсеткішінің төмендеуінің негізгі факторларына жер қойнауын пайдаланушылардың аймақтық экономикаға күрделі қаржы шығынын азайтуы, ең алдымен мұнайға дүние жүзілік бағаның құлдырауы әсер етті.
Сонымен қатар, бюджеттік инвестиция 28,6% немесе 18,1 млрд.теңгеге, жеке серіктестік 13,5 % немесе 17,7 млрд.теңгеге қысқартылды.
2 бағыт: Әлеуметтік сала
Аталмыш бағыт бойынша бағдарламада 7 мақсат, 16 мақсатты индикаторлар және тікелей нәтижесінің 32 көрсеткіштері көзделген, оның ішінде11 индикатор мен 21 көрсеткішке қол жеткізілді. 5 индикаторлармен 6 көрсеткіштер бойынша статистикалық мәліметтер 2016 жылдың сәуір және шілде айларында дайын болады.
2.1 мақсат. Білім саласының қолжетімділігін жақсарту, балалардың құқығын және мүддесін қорғау 
2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 693 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. Оның ішінде жалпы контингент 45947 баланы құрайтын мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізінде 400 мекеме.
2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі мекемелер жүйесі 83 бірлікке өсті, сонымен қатар жаңа құрылыс есебінен 460 орындық 3 балабақша, мемлекеттік қолдаумен 80 балабақшаның құрылысы басталды.
Бірнеше жыл бойы жұмыстарды мақсатты өткізу нәтижесінде  2015 жылы мерзімінен бұрын 3 пен 6 жас ерекшеліктегі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 % бола қамтылды. 
2015 жылы психологиялық-медициналық, педогогикалық кеңес деректері бойынша облыста 5744 мүмкіндігі шектеулі балалар тіркелген, оның ішінде 1775 бала орта мектепке білім алады. 2015 жылы инклюзивті білім беру қамтылуы 46% құрады (2014 жылы 31 пайыз). Арнайы білім беру мекемелері жүйесінің кеңейтілуі жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті білім берумен қамтылуына мүмкіндік тудырды, логопедия пунктілері ашылып жалпы білім беру мектептеріне түзету (коррекциялық) жұмыстарын (сабақтарын) енгізу мақсатында арнайы білім беру мекемелерінен арнайы мамандар шақырылды.
Сонымен қатар, 2014-2015 оқу жылында 3 балабақшада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар ашылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 5 бала бақшада арнайы топтар (нашар көретін, еститін, сөйлейтін балаларға) жұмыс жасайды. Дефектолог, логопед штаттары енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде инклюзивті топтар саны көбейді. 
Облыс бойынша 137 мың оқушылар контигенті бар 299 мемлекеттік жалпы білім беру мектептері жұмыс жасайды. Байқоңыр қаласының мектептерін және қазақ тілінде оқыту жүргізетін балабақшаларды қазақстандық білім беру стандартына өткізу мәселесі шешімін тапты.
2015-2016 оқу жолында облыс бойынша 59 қосымша білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Жалпы білім беру мектептерінде білім алатын 91,9 бала 4221 әр түрлі үйірмелермен спорттық акцияларға қатысады. Облыс бойынша барлығы 131,1 мың бала қосымша білім берумен қамтылған.
5910 орындық 14 мектеп сонымен қатар, апатты жағдайда тұрған мектептер орнына 7 мектеп салынды. 800 орындық 4 мектептің сонымен қатар, 2016 жылы пайдалануға берілетін 2 апатты жағдайда тұрған мектепке де құрылысы басталды.
Қалған 11 апатты жағдайда тұрған мектептердің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Аталмыш мектептердің құрылысына қатысты мәселе 2016 жылы мемлекеттік-жеке серіктестік тетігі арқылы шешілетіндігі жоспарлануда. Қазіргі таңда, аталмыш бағыт бойынша мемлекеттік-жеке серіктестікпен (МЖС) бірлесе отырып, инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазірге кезде, облыс бойынша 97 мамандық және 160 кваликация бойынша білім алатын 22527 студент контингенті бар 31 орта дәрежелі оқу орны жұмыс жасайды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отыраып, оқу процесіне дуалды технологиямен оқыту жұмыстары жүргізіліп оның ғылыми-әдістемеме қамтамасыз ету жұмыстары әзірленуде.
14-24 жастағы жастардың техникалық және кәсіби білімммен қамтылу көрсеткішінің орындалмауы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріне кадрларды дайындау үшін қабылдау жұмыстары өткізілмегендіктен деп түсіндіріледі. Сонымен қатар, Қызылорда экономика және көлік колледжінің құрылтайшысының колледжді жабу шешімі аясында қабылдау жұмыстары өткізілмеді.
2015 жылы әр түрлі санаттағы жастармен адрестік жұмыс жасауға бағытталған 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бір жыл уақыт ішінде аймақта әртүрлі 700 іс-шаралар өткізілді.
2015 жылы жастар ұйымдарының жұмыстарына 78,5 мың жас қатысып, аймақтың жалпы жастары санының 39 % құрады.
2015 жылдың 3 тоқсанында статистикалық органның деректемесі бойынша NEET категориядағы жастар үлесі 11,8 пайызды құрады.
2.2 мақсат. Медициналық көмек жүйесінің құрылымы 
Облыста денсаулық сақтау органдарының желісі 171 мемлекеттік медициналық мекемелері бар. Сонымен қатар, 140 медициналық мекеме жеке меншік иелерінде. 
2015 жылы Жалағаш ауданында 250 адамдық емхана және Арал ауданы Сексеуіл кентінде 100 адамдық ауылдық емхана пайдалануға берілді.
Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында дәрігерлік амбулатория мен Жаңақорған кентінде 250 орындық аудандық емхана құрылысы басталды.
Қызылорда қаласында 200 орындық көпсалалы облыстық балалар ауруханасының құрылыс жұмыстары жалғасын тапты.
Осыған орай, Қызылорда қаласында орналасқан наркологиялық диспансерінің А блогына қайта жаңғырту жұмыстары, Тасбөгет кентінде орналасқан қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауруды алдын-ала анықтау мақсатында, бір жылда қант диабеті, қан айналымы жүйесінің аурулары және т.б. ауру түрлері бойынша 247000 адам скринингтік тексеруден өткізілді.
Қызылорда облысы тұрғындарына ең тән аурулар түрі қан айналым жүйесі ауруы болып келеді, 2015 жылы аталмыш ауру түрлерінен қайтыс болғандар саны 100 000 адамға есептегенде 112,2 % құрады (ол 2014 жылы 91,3 %). 
Қайтыс болғандар саны мен мүгедектікке шалдығуды төмендету мақсатында, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қол жеткізу тиімділігіне жағдай жасалуда. 2015 жылы облыстың кордиохирургиялық орталығында жүрекке 92 ота жасалды, сонымен қатар аорта-коронарлық шуыттау, жүрек ақауы бар науқастарға 9 ота, 35 науқасқа электрокордиостимулятор орнатылды.
Байқоңыр қаласы аймағында тұратын Қазақстан халқын жоғарғы мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында, Ресей жағымен нейроинсульттік, офтольмологиялық, отоларингалық көмекті қажет ететін халықтың сұраныс ескере отырып, Байқоңыр қаласында 120 орыны бар облыстық медициналық орталығының филиалын ашу келісіміне қол жеткізілді.
Медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында, жергілікті бюджет есебінен ОМО-ның базасына сәйкес 2015 жылдың қазан айында тұрғындардың сапалы медициналық көмекті алу үшін құқықтары мен мүмкіндіктерін, науқас құқықтарың бұзылуын болдырмау және алдын-ала ескертулермен ақпараттандыру мақсатында Біріңғай медициналық ақпарат орталығы Call-орталығы ашылды. Call-орталықтың 3 ай жұмыс жасау мерзімінде медициналық және фармацевтік сала бойынша аймақтық комитетке келіп түсетін өтініштер саны 46,8 % төмендеді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде:
1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәрестелер өлім-жітім көрсеткіші – 12,31 %-дан 11,4 %-ға яғни 5,0%;
100 мың тұрғынғы шаққандағы туберкулез өлімінің көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 5,2%-дан 4,1%-ды құрап, яғни 21%-ға төмендеген.
Ана өлімі мәселе болып қала береді.
2015 жылы ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 41,5 % құрады (2014 жылы 5%). Ана өлімінің құрылымында басты орынды жүктілік және босану кезіндегі экстрагенитальды потология, екінші орынды-акушерлік қан кету алады.
2016 жылдан бастап ана және бала өлімін төмендету мақсатында қалалық перинаталдық орталықта жатыр ішіндегі баланың жағдайын уақытылы анықтауға және жедел шаралар қабылдау үшін мониторинг стансасы енгізілді. Телемедицина кеңінен қолданылады. ОМО - ның санитарлық авиациясы 2015 жылы акушер-геникологтармен, анестезиологтармен, неонатологтармен толықтырылды. Аудандардағы босану бөлімдерінде акушер-геникологтар мен анестезиолог-реаниматологтардың тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылған.
Көрсетілетін медициналық көмектердің сапасын жақсарту мақсатында 531 дәрігер мен орта-медициналық адамдар ішінен 800 қызметкердің біліктілігі жоғарылатылды. Облыстық медициналық мекемелер базасында әртүрлі мәселелер бойынша 14 мастер-класстар өткізілді.
2015 жылдың сәуір айында ғылыми зерттеулерді жүргізу және білікті медициналық кадрларды даярлау мақсатында облыстық медициналық орталықтың оқу орталығының базасында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылып, интернатурадан 44 маман даярлаудан өтті. 
2.3 мақсат. Облыс тұрғындарының жағдайын және сапалы өмір сүруін арттыру
Жыл көлемінде экономика салаларында 12 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды (2014 жылмен салыстырғанда 680 орынға артық), оның  9835 тұрақты – жоспарланған жоспардан 335 жұмыс орынға артық. 
 Өткізілген 84 жәрмеңкеге 1183 жұмыс беруші қатысып, олар 3422 бос орындарын ұсынды. Оның ішінде бос орындар бойынша  32 мамандандырылған жәрмеңке өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін - 16 жәрмеңке, оқу орындарының түлектері үшін - 8, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғалар үшін - 8. Жәрмеңкелер нәтижелері бойынша 2386 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына жолдамалар алды, оның ішінде 643 адам мақсатты топтардың қатарынан.
Кәсіпорындардағы экономикалық жағдайдың нашарлауына және жұмыс көлемдерінің төмендеуіне байланысты жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуын болдырмау мақсатында жұмыс орындарын сақтау, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдігін бұзбау жөнінде барлық ірі және орта буындағы кәсіпорындармен меморандумдар жасалып, оларға қол қойылды.
Нәтижесінде, жыл көлемінде облыс бойынша тек 883 адам жұмыстан босатылды, оның 200 адамы 2015 жылы жұмысқа орналастырылды, қалғандармен еңбекке тарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Әлеуметтік мәселелерді шешудің бірден-бір тиімді құралы «Жұмыспен қамтудың 2020» Жол картасы бағдарламасын іске асыру болып қала береді. Оны іске асыру барысында мемлекеттік шаралармен облыстың 39 мыңға жуық тұрғыны қамтылды.
2015 жылы оны іске асыруға 2 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталды, 6534 адам бағдарламаның қатысушысы болып табылса оның 2950 жастар.
Әлеуметтік нысадар мен инфрақұрылымды жөндеу жөніндегі бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 16 жоба іске асырылды. 208 жұмыс орны құрылды.
Екінші бағыт бойынша 1,2 млрд теңге сомасында 516 шағын несиелер беріліп, 319 адам өз кәсібін ашты.
Үшінші бағыт бойынша кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан 2105 адам өтті, оның 1044-і жұмыспен қамтылды.
Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау шараларын көрсету аясында 617 адам жастар жұмыс тәжірибесінен өту үшін облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына жіберілді, оның 236 жұмыс тәжірибесі аяқталған соң тұрақты жұмысқа қабылданды.
2.4 мақсат. Аймақтың тарихи-мәдени құндылықтарын сақтау, ұлы мәдениетімізді кеңінен дамыту
Облыс бойынша 396 мемлекеттік мәдениет және өнер ұйымдары қызмет етеді. 2015 жылы облыста 1599,6 мың көрерменді қамтыған 7821 мәдени-бұқаралық шаралар болып өтті. Оның ішінде, көпшілігі тарихи күндерге арналған шаралар, атап айтсақ: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл, Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы және «Байқоңыр» ғарыш айлағының 60 жылдығы.
2015 жыл бойынша облыстың кітапханаларында 240,1 мың оқырманға қызмет көрсетілді.Облыстық музейде 8227 экскурсия, 831 лекция өткізіліп, 545 көрме ұйымдастырылды. Келушілер саны 113,9 мың адамды құрады.
Театрда 211 спектакль қойылып, барлығы 77,8 мың көрермен шақырылды. Театрдың репертуары 9 жаңа спектакльмен толықтырылды.
Қармақшы ауданындағы Жосалы кентінде кітапхана (музейі мен бірге) қрылыс, сонымен қатар аудандарда 8 ауылдық клубтардың құрылысы аяқталды. 
Жаңақорған ауданының Талап елді мекенінде аулдық клуб құрылысы басталды.
Сығанақ, Шірік-Рабат және Жанкент қалашықтарындағы археологиялық қазба жұмыстары жалғасын табуда.
Облыстық өлкетану музейіне ауқымды қайта жаңғырту және толық реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын облыстық бюджет есебінен қаржыландыру 2300,6 млн. теңгені құрап, мәдениет ұйымдарының көрсеткен қызметтерінің табысы-114,6 млн. теңгені құрады.
2.5 мақсат. Бұқаралық спортты, туризмді дамыту және салауатты өмір салтын шыңдау
Облыста спортпен шұғылданатын жалпы 2095 спорт нысандары бар, оның ішінде ауылдық жерлерде-1390 бірлік, соның ішінде спорттық-сауықтыру кешендерінің саны-17. Өткен жылмен салыстырғанда спорттық нысандарының саны 38 бірлікке артқан.
Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 1551-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Оған 443,2 мың адам қатысты.
2015 жылы Қазалы ауданының Айтеке би және Жаңақорған ауданының Жаңақорған кенттерінде, сонымен қатар Сырдария ауданының Н. Ильясов елді мекенінде спорттық-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді.
Нәтижесінде, облыс тұғындарының спортпен шұғылданушыларының саны 192,9 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 25,3%-ды құрады.
2.6 мақсат. Аймақта тиімді бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру
Облыстың туризм саласында 843 нөмірге шақталған, сонымен қоса сыйымдылығы біркелкі 1493 төсек-орыны бар 73 орналастыру нысандары (2014 ж -70) жұмыс істейді.
2015 жылың 9 айында жалпы 29468 келуші адамдарға қызмет көрсетілген немесе 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 96,8%-ды құраған. Олардың ішінде, резиденттер – 28154 (96,9%), резидент еместер – 1314 (95,0%). 538,9 млн. теңгеге қызмет көрсетілген немесе 2014 жылғы кезеңмен салыстырғанда 75,9%.
Қамыстыбас елді мекенінде экотуризмді дамыту үшін жағдай жасау мақсатында экотуризмді әрі қарай жылжыту үшін жергілікті кәсіпкерлер қызметін ұйымдастыруға екі күндік семинар, «Қызылорда – Қорқыт Ата – Байқоңыр ғарыш айлағы» маршрутымен таныстыру жөнінде ақпараттық тур өткізілді.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистралінің жол бойындағы көліктік көрсетілетін қызметтерді дамыту аясында 7 нысан салынып, оның ішінде 4 нысан 2015 жылы 1,2 млн. теңге соммасында салынды. Тағы да 14 жоба бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар басталды.
«Каспиан сервис» компаниясымен біріге отырып, «Байқоңыр» спорттық-туристік жобасын жүзеге асыру аясында «Байқоңыр» брендін таныту бойынша жұмыстар жасалуда.
2.7 мақсат. Қызылорда облысында мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру, халықтың бірлігі факторы ретінде толерантты тілдік ортаны құру
2015 жылдың қыркүйек айында өткізілген облыс тұрғындарының арасындағы әлеуметтік сауалнаманың нәтижесінде жалпы облыс тұрғындары санынның ішінде мемлекеттік тілді меңгерген ересектер арасындағы адамдардың үлесі 99,1%-ды құрады. 
Жыл бойына мемлекеттік мекемелер құжатайналымының мониторингісі жүргізілді, нәтижесінде жергілікті атқарушы орандардың мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 99,9%-ды құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің № 757 «Қазақстан Республикасындағы » Жарлығына сәйкес, 2015 жылы кәсіпкерлік нысандары бойынша облыстың уәкілетті органдарына жоспарлы тексерулер жүргізілмеген.
Есепті кезеңде сыртқы жарнамалар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуы бойынша арыз-шағымдар түспеген және деректер анықталмаған. Жыл бойына тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету  мақсатында  кәсіпкерлік нысандарда 322 көзбе-көз ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қалаларда қазақ тілінде оқытатын мектептер саны – 39.
3 бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Аталған бағыт бойынша Бағдарламада 1 мақсат, 3 мақсатты индикатор және 4 нәтижелі көрсеткіш қаралған, оның ішінде 3 индикатор мен 3 көрсеткішке қол жеткізілген. 1 көрсеткіш орындалмаған.
3.1 мақсат. Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың өміріне және денсаулығы мен құқықтарына қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныстық жүйесін дамыту, төтенше жағдайлар кезіндегі дайындықты қалыптастыру
Жалпы облыс көлемінде жедел ахуал тұрақты.
Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар (6,2%), көшеде жасалған қылмыстар (1,9%), топтасып жасалған қылмыстар ( 22,5%), отбасы-тұрмыстық ортада жасалған қылмыстар (14,3%) төмендеген.
Аса ауыр қылмыстар 26,8% төмендеген, оның ішінде кісі өлтіру 25%, тонау 0,5%, пәтер ұрлығы 14%, мал ұрлығы 8%, бұзақылықтың ауыр түрлері 3,1% және алаяқтық қылмыстары 27,3% тіркелуі азайған.
Сонымен қатар, жалпы қылмыстардың ашылуы жақсарған. Атап айтқанда, ауыр қылмыстардың ашылуы 1,1%, аса ауыр қылмыстар 10,1%, кісі өлтіру 1,8%, денсаулықа зиян келтіру 12,2%, бөтен мүлік ұрлығы 6,3%, оның ішінде пәтер ұрлығы 26,8%, бұзақылық 1,2%, алаяқтық 0,5%, бопсалау 12,5%, есірткі қылмысы 0,7% жақсарған.
Жүргізілген арнайы жедел профилактикалық шараларының нәтижесінде 2015 жылы есірткіге қатысты 304 қылмыс анықталды (2014 ж.-94 үш есеге өскен), оның ішінде өткізу дерегі 37 (+8,8%, 2014 ж.-34). Тәркіленген есірткі 100 кг 307 грамм, оның 25 граммы героин. Сондай-ақ 51150 түп сора тәркіленсе, оның жалпы салмағы 50 тонна 640 кг.
Жалпы 2015 жылы облыс көлемінде 11 120 құқық бұзушылық тіркелген уголовных (2014 ж. - 9927), 2014 жылмен салыстырғанда 12%-ға өсім алған. Құқық бұзушылықтармен қылмыстардың өсім алуы ҚР Заңдарына өзгеру мен толықтырылуынан. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 46 бабы қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жатқызылды. 2015 жылы сотқа дейінгі тергеп тексеруге 828 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Құқық бұзушылықпен қылмысқа қарсы күресте жетістіктерге жету үшін ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базалары заманауи талапқа сай болуы қажет.
Бүгінгі күні ішкі істер департаментінің жеке құрамы арттехқаруы, бронды қорғалу құралдарымен 100% қамтамасыз етілген. Аудандарда орналасқан қылмысты атқару орындарына бейнебақылау камералары құрылып, жедел басқару орталығының пультіне қосылды.
Жедел басқару орталығының техникаларына толық жанартулар жасалды.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының саны 243 көбейіп, олармен 43 940 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса (2014 жылы - 44005), 176 қылмыс ашылған (2014 жылы - 158).
Сотталғандарды жұмыспен қамтуда 2015 жылы 9 өндірістік база қылмысты-атқару жүйесінде құрылды. Нәтижесінде бас бостандығынан айыру орындарындағы 70% сотты болғандар жұмыспен қамтылды. 
2015 жылы облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 103 төтенше жағдай тіркелді. Апатты-құтқару жұмыстарына 2525 рет барып, онда 433 адам мен 40 бірлік техника көшірілді, зардап шеккен 256 адамға медициналық көмек көрсетілді.
Облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ 21,2%-ға арту жағдайында да (2015ж-103, 2014ж-85) зардап шеккендердің 2 есеге (2015ж-98, 2014ж-207 адам) төмендегенінің оң қарқыны байқалады.
2015 жылы Қызылорда облысының аумағында су тасқыны мен су басуға қарсы әрекет жасау аясында жергілікті атқарушы органдармен су қоймаларын, дамбыларды, гидротехникалық құрылыстарды ағымды және күрделі жөндеу, бекіту жөніндегі 6 жоба жүзеге асырылды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша су тасқындары мен топан суға, селге, көшкіндерге, жер сілкіністеріне, өртке қарсы әрекет ететін инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 66,7%-ды құрады, ал жоспар бойынша - 52%.
Қазіргі уақытта барлық елді мекендерде саны 2941 адамды құрайтын 243 өртке қарсы тұратын ерікті құрамалар құрылды.
4 бағыт. Инфрақұрылым
Аталған бағыт бойынша 3 мақсат, 3 нысаналы индикатор және7 нәтижелі көрсеткіштер қаралған. Олардың ішінде, 1 индикатор және 6 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілген. 2 индикатор мен 1 көрсеткішке қол жеткізілмеді.
4.1 мақсат. Телекоммуникация және байланыс саласында сапалы қызметтер көрсету
Облыс аумағы ұялы байланыспен толықтай қамтылғанымен сипатталады – халық саны 1000 адамнан асатын елді мекендерді ұялы байланыспен қамту деңгейі 100 %-ды құрап отыр. 
Жедел деректердің негізінде 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында байланыс желісі бойынша 4659,5 млн. теңгеге қызмет көрсетілді, бұл 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көлемнен 5,3 %-ға артық. Аталған көрсеткіш ҚР бойынша 100,6 %-ды құрайды. 
Көрсетілген қызметтер көлемінің өсуі Интернет жүйесі бойынша көрсетілген қызмет көлемінің 10,4 %-ға, кабельдік және сымсыз желі арқылы бағдарламаларды тарату көлемінің - 14,1%-ға,  басқа да телекоммуникация қызметтері көлемінің 45,4 %-ға өсуімен байланысты болып отыр. 
Байланыс қызметтерінен түскен табыстар құрылымында халықаралық байланыстың үлесі 9,4%-ды, жергілікті телефон байланысы – 26,4%-ды, Интернет – 45,3%-ды, басқа да телекоммуникация қызметтері – 10,2 %-ды құрады.   
Телекоммуникация нарығында ұялы байланыстың орын алу есебінен белгіленген телефон желісі санының төмендеуі байқалады. 2015 жылы белгіленген телефон желісінің саны 102,9 мың бірлікті құраған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 12,1 %-ға аз, оның ішінде тұрғындарда – 87,2 мың бірлік (13,1 мың бірлікке азайған).
Тисінше, бұл жергілікті телефон желісімен көрсетілген қызметтер көлемінің 221,2 млн. теңгеге немесе 15,2 %-ға азайғанын көрсетті (2014 жылғы 1449,8 млн. теңгеден 2015 жылғы 1228,6 млн.теңгеге дейін), аталған жағдай байланыс қызметінің нақты көлем индексі мақсатты индикаторына қол жеткізбеуге себеп болды (жоспар 108,7 %, нақты орындалғаны 105,3%). 100 тұрғынға шаққанда телефон желісінің тығыздығы 13,7 бірлікті, оның ішінде қалалық жерде – 14,6, ауылдық жерде – 12,5 бірлікті құрады. 
Жоғары жылдамдықтағы кең жолақты мүмкіндікті пайдаланатын Интернет желісі абоненттерінің саны 2015 жылы 42,6 мың бірлікті құрады (Интернет абоненттерінің жалпы санына шаққанда - 99,5 %). Жоғары жылдамдықтағы кең жолақты Интернет желісін пайдаланушылардың тығыздығы 100 тұрғынға 6 бірлікті, ал ауылдық жерде - 4 бірлікті құрайды.
4.2 мақсат. Архитектуралық қызметті және тұрғын үй құрылысын дамыту
2015 жылдың желтоқсан-қаңтар айларында құрылыс жұмыстарының көлемі (қызмет) 97435 млн. теңгені құрады, яғни 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға деңгейі төмен. 
Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының ең көп бөлігін – 91,8% жеке құрылыс мекемелері, 7,6% - шетелдіктер, 0,6% - мемлекеттік мекемелер орындаған.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемі индексінің төмендеуіне пайдалану мерзімі 20-25 жылға есептелінген «Құмкөл», «Оңтүстік Құмкөл», «Ашысай» және басқа да ірі кен орындарын игеруді аяқтау кезеңіне көшу, мұнай бағасы мен кеніштердің 95%-ға сулану әсерінен мұнай өндіру көлемінің азаюына байланысты ірі мұнай өндіру компаниялардың қаржылық жағдайы нашарлап, күрделі шығындардың қысқаруы ықпал етті. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Бейнеу-Бозой-Шымкент» сияқты                 2 ауқымды жоба бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігінің аяқталуы себеп болды. 
2015 жылы облыста 465,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2014 жылғы көрсеткішке қарағанда 58,5 %-ға өскен.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралықтарында тұрғын үй құрылысына 23 524 млн.теңге қаржы бағытталған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,9 %-ға көп.
Тұрғын үйдің айтарлықтай бөлігі – 2466 жаңа ғимараттардың жалпы көлемі 398,4 мың шаршы метрі жеке құрылысшылармен пайдалануға берілсе, оның ішінде негізінен пайдалануға берілетін жалпы көлемі 57,9 %-ды құрап, тұрғындарға 329,5 мың шаршы метрі берілді.
2015 жылы аймақты дамыту бағдарламасы аясында мемлекет қаржысы есебінен 6,5 млрд.теңгеге жалпы 138,8 мың шаршы метрді құрайтын 1740 пәтерлі 42 үй салынды, оның ішінде:
- 190 пәтерлі 13 үй (13,3 мың шаршы метр) мемлекет бюджетінің қаржысы есебінен кезекте тұрғандарға;
- Қызылорда қаласындағы 950 пәтерлі 17 үй (71,6 мың шаршы метр) «ИК «ҚИК» АҚ желісі бойынша кезекте тұрғандарға;
- Қызылорда қаласындағы аппатты жағдайдағы үйдің орнына 60 пәтерлі 1 үй облыстық бюджет қаржысынан салынды.
Қызылорда қаласында «ИК «ҚИК» АҚ желісі бойынша 270 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы, «Самрұқ Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша 210 пәтерлі 6 үй және жас жанұяларға арналған 180 пәтерлі 3 үйдің құрылыстары басталды. Бұл 14 үйдің құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, салынып жатқан үйлерге 158,4 км инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілді.
Осылайша, мемлекет қаржысы есебінен аймақта тұрғын үй құрылысының көлемі 3,5 есеге, Қызылорда қаласы бойынша 8 есеге өскен. Пәтерге кезекте тұрған азаматтардың саны 17 % азайған. 2015 жылы жалпы облыста 4227 пәтер салынған.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу аясында (паспорттау) 2326 нысан түгендеп алынып, оның ішінде 1185 нысан бейімдеуге жатқызылды. 2015 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз ортаны құру үшін  534 нысан бейімделген, мүгедектер үшін қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарының үлесі жалпы әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымын паспортталған нысандардың жалпы санының 72 % құрады. 
4.3 мақсат Аймақта дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру
Көлік саласының барлық көрсеткіштері бойынша өсімнің оңды үрдістері сақталып отыр.
2015 жылы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында көліктің барлық түрлерімен 108,7 млн.тонна жүк тасымалданған немесе 2014 жылғы кезеңмен салыстырғанда 101,4 %, бұл кезеңдегі жүк айналым 14 123,1 млн. тонна км-ді құрап немесе 2014 жылғы деңгейімен салыстырғанда 0,1 % ұлғайған.
2014 жылы меншіктің барлық нысандарымен тасымалдаушылар 298,1 млн. жолаушыларды тасымалдаған немесе 2014 жылғы деңгейімен салыстырғанда 105,7 % құрады, жолаушылар айналымының көлемі 5580,7 млн. жолаушылар-километрі көрсеткішімен сипатталады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 8,5 % өскенін білдіреді.
Жалпы облыстың барлық ауылдық округтері қарапайым қоғамдық көлік жүйесімен қамтылған. Облыста жолаушылар тасымалы 215 автобустық маршрутпен ұйымдастырылған. Бұл жолаушылар тасымалының 71 мартшруты ауданаралық, 106 ішкі ауданаралық және ішкікентаралық, 25 қалалық маршруттарды құрап, 212 елді мекенді, кенттерді, ауыл және облыс орталықтарымен бірге ауылдарды (село) біріктіреді. Сондай-ақ, облыс орталығынан бастап Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларына дейін қала маңындағы және маршруттары 9 мартшрут және облыс аралық 4 мартшрут жұмыс жасайды. 100 адамнан жоғары тұрғыны бар елді мекендер толығымен автомобиль мартшруттарымен қамтылған.
Өткен жылы ауданаралық маршруттардың тасымалдаушылары өз қаражаты есебінен жалпы санының (321 бірлікті) 25 % құрайтын 80 бірліктен астам автокөлік құралдарымен жаңартылды.
2015 жыл ішінде ауданаралық автобус мартшруттарына жол ақы тарифі өскен жоқ.
Облыс және аудан орталықтары шалғай орналасқандықтан және жолаушылар санының аздығына байланысты тасымалдаушылардың шығынын өтемейтін 11 ауданаралық (қалааралық) маршруттар облыстық бюджеттен субсидияланады. Бұл мақсатта, 2015 жылы 17,7 млн.теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.
2016 жылдың 1-ші қаңтарына Қызылорда облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2246,3 км-ді құрайды. Оның ішінде 1314,9 км немесе 58,5 % - қара қиыршық тас болса, 381,2 км немесе 17 %-қиыршық тас және 550,3 км немесе 24,5 % - жер.
Аудандағы елді мекендер негізінен автомобиль және темір жол бойларында орналасқан, бұл автомобиль жолдарының асфальтталып, жергілікті желінің дамуына және қанағаттанарлық деңгейде болуына мүмкіндік береді. Осылайша, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі үлесі 62,1 % құрады.
Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы автобус маршруттарын сатып алу және автбус паркінің құрылысы сияқты жобалары іске асырылуда.
2015 жылы Қызылорда аймағындағы ұзындығы 812 км құрайтын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық тас жол құрылысы толығымен аяқталды. Облыстың жол аймақтары облыстың барлық аудандарынан өтеді. Тас жол бойында 48 көпірлер, 14 көліктік айналымдар, 2 жол желісімен                  336 су өткізу желілері салынды. Жол бойында 33 сервистік инфрақұрылым кешенін құру бойынша жұмыстары басталды.
2015 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, қайта жаңғыртуға және елді мекен көшелерінің құрылысына, көпірлердің күрделі жөндеуіне және қайта жаңғыртуына, сонымен қатар жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 6,3 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 3,7 млрд.теңге республикалық бюджеттен, 2,6 млрд.теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Жалпы 122 км жолдар мен елді мекен көшелері жөндеуден өткізілді.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 4 көпірге күрделі жөндеу жүргізілді. 2 тіректі ауылдық елді мекеннің көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қаласындағы С.Торайғыров көшесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 1 143 млн.теңге бөлінді.
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысын салу бойынша құрылыс-монтажды жұмыстарының 80%-ы орындалды.
Аудандық маңызы бар «Бозкөл-Тасарық» автомобиль жолының 11 км және Қазалы ауданының аудандық маңызы бар «Қожабахы-Аранды» автомобиль жолының 7 км қайта жаңғырту бойынша жұмыстары жалғасуда. Бұл жобаларды аяқтау мерзімі 2016 жылға жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта, «Қорқыт ата» аэропорты арқылы апта сайын 35 авиарейстер жасалуда, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 14% асқан. Өткен жылы аэропорттан 112 мың жолаушылар тасымалданып 2014 жылмен салыстырғанда 36 %-ға асқан. Концессияның негізінде Қызылорда аэропортының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен аэропорт коммуналдық меншікке ауыстырылып, халықаралық статусы берілді.
Қазіргі уақытта облыс аумағы бойынша15 жұп поездар өтеді, оның 9 жұбы мемлекетаралық қарым қатынасқа жатады (Қырғыстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы).
Облыс орталығынан 4 жұп поездар облысаралық бағыттар «Қызылорда-Көкшетау» бойынша, 2-ші бағыт «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша және «Қызылорда-Алматы-Семей» бағыттары бойынша қозғалыстары ұйымдастырылған. «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» жолаушылар жүргек поезды жүреді.
5 бағыт: Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы
Бұл бағыт бойынша 1 мақсат,4 мақсатты индикаторлар және 5 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде 4 индикаторлар және 4 көрсеткіштерге қол жеткізілген. 1 көрсеткіш бойынша статистикалық деректері 2016 жылы маусым айында қалыптасатын болады.
5.1 мақсат. Көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру
2015 жылы 2020 жылға дейінгі аймақты дамыту бағдарламасы аясында көпқабатты 38 тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиумның үлесі 59,5 % дейін төмендеген.
Облыс халқын электрэнергияға және экономика қажеттілігіне қамтамасыз ету мақсатында мақсатты жұмыстар атқарылуда.
Аралда және Әйтеке би кентінде жұмыс істеп тұрған электрстанцияларға қайта жағырту жүргізілуде. Жобаны 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
«Қызылорда қаласында Ақсуат ауылдық округіндегі Ж.Махамбет ауылын электрлендіру» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде 5 мыңға жуық тұрғындар үздіксіз және сапалы электрмен жабдықталып қамтамасыз етілген. Ол үшін жеті қосалқы станция орнатылып, электр тарату желілері 35 км-ге созылды.
2014-2015 жылдары жылу маусымы қалыпты режимде жүзеге асырылды.
Қызылорда қаласының жылу жүргізу жүйелерін қайта жаңғыртуға «Нұрлы жол» бағдарламасымен Ұлттық қордан 3 млрд. теңге бөлінді. Магистралды және кварталаралық жылу жолдарының 11,2 км және 2 сорғыш насосты станциялары қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде пайдаланылған жүйелері 55 %-дан 48 %-ға дейін төмендеді.
Жергілікті бюджет есебінен Тасбөгет кентінің 700 м жылу жолдары қайта жаңғыртылды. ҚЖЭО «Оңтүстік котельная» филиалының үш қазандығы жаңғыртылып, Қызылорда қаласының 2 кіші ауданындағы көпқабатты тұрғын үй секторлары, Тасбөгет кентінің көпқабатты секторлары жылумен жабдықталды.
Аймақтың тұрғындары ауыз сумен де қамтамассыз етілді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 261 елді мекенінің 194 елді мекені немесе 71 %, аймақтағы тұрғындардың 95 % орталықтандырылған су желісіне қосылған. 13 жобаны жүзеге асыру үшін 2,4 млрд.теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде, ауылдық аймақтың 571 км ауыз су желісі қайта жаңғыртылып, үйлерге 4485 су өлшегіш құралдары орнатылды.
Қызылорда қаласының ауыз су желісін қайта жаңғыртуға 3,6 млрд. теңге қаржы тартылған болатын.Су құбыры желісінің 21 км жаңғыртылып, Қызылжарма кенорнының жер асты суларының 20 ұңғыма бұрғылау жұмыстары аяқталды. 2015 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық қаралған 57 ұңғыма жобаларының нәтижесінде яғни соңғы үш жылда Қызылжарма кенорнынан бұрғыланған жер асты суларынан, қаладағы су құбыры желісіне сапалы ауыз су жіберіліп отыр.
Ауыз суды жергілікті баламасыз тұтынып отырған (71 елді мекен) және топ көздерінің (88 елді мекен) яғни 300 мыңнан астам тұрғыны бар 159 ауылдық елді мекенді ауыз сумен жабдықтауды субсидиялауға 2015 жылы 2,3 млрд.теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен – 1,9 млрд.теңге бағытталды.
Су ресурстары Комитетімен бірлесе отырып Жаңақорғандағы Талап-Сырдария топтық су құбырының құрылысы бойынша, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық су құбырының елді мекендерді жер асты көздерімен сумен жабдықтауға көшу бойынша жобаларды жүзеге асыру жалғасын табуда.     2015 жылы Жиделі топтық су құбырына 2 ауылдық елді мекен қосылған. Бұл жұмыстарды аяқтау үшін Талап-Сырдария топтық су құбырына 28 ауылдық елді мекен қосылатын болады.
2014 жылы аймақты газдандыру бойынша ауқымды жұмыс үшін мүмкіндік берген «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының құрылыстары аяқталды. Қызылорда облысы әкімдігімен және «КазТрансГаз Аймақ» АҚ арасындағы меморандум аясында 2015 жылы жеті аудан орталықтарынан төрт аудан орталықтары Арал, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған газдандырылған. Бұл аймақ экономикасының дамуына жаңа дем беріп, 130 мың ауылдық тұрғындардың өмірін түбегейлі жақсартты.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентімен Қызылжарма ауылдық округінің ұзақ мерзімді дамуын ескеріле отырып, газдандыру бойынша жұмыстары аяқталды. Байқоңыр қаласын газдандыру жұмыстары аяқталуда. Байқоңыр қаласындағы тұрғын үйлерінің жылу беру көздерін газге ауыстыру үшін қажетті инфрақұрылым дайындалған. Қалған 3 аудан орталықтарын 2016 жылы газдандыру жоспарлануда.
Атап өткен жөн, соңғы 11 жыл бойы облысты газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, полиэтиленді газ құбырының қызмет ету мерзімі (пайдалануға беру) 50 жылды құрайды, ал темір құбырлардың пайдалану мерзімі 35 жылды құрайды. Бұл тұрғыда, алдағы жылы газ құбырларын жаңғырту қарастырылмайтын болады. 2015 жылға арналған толық биологиялық тазартудан өткен ағынды сулардың көлемі бойынша статистикалық деректері 2016 жылы маусым айында қалыптасатын болады.
6 бағыт: Экология және жер ресурстары
Бұл бағыт бойынша бағдарламада 1 мақсат, 4 мақсатты индикаторлар және 8 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде 3 индикатор мен 7 көрсеткіштерге қол жеткізілген. 1 индикаторға қол жеткізілген жоқ. 1 көрсеткіш бойынша мәні қарастырылмаған.
6.1 мақсат. Экологиялық жағдайды жақсарту мен тұрақтандыру, жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету
Дүниежүзілік Банкінен несиелік қаржысы есебінен (85%) және республикалық бюджеттен қайта қаржыландыру арқылы (15%) «САРАТС-2» жобасын қаржыландыру бойынша республикалық бюджет комиссиясының оңды шешімі алынды. «САРАТС-2» жобасының 2-ші кезеңін іске асыру 2016 жылы басталады деп күтілуде.
Облыстың елді мекендерін суарумен қамтамасыз етуді және экологиялық жағдайын жақсарту үшін 8 арналарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді. 2 жиынтық сорғыш құрал-жабдықтары сатып алынды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 8 елді мекендерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілді.
Жаңақорған ауданындағы «Көлтоған» және «Қыраш» суқорына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су тасқынына қарсы жұмыстары (Қазалы мен Шиелі аудандарында бөгеттердің 11,9 км қайта қалпына келтірілді), сонымен қатар Қызылорда қаласында облыс орталығының айналасында жасыл белдеуді қамтамасыз ету бойынша (Қызылорда – Аэропорт (4 га), (Қызылорда-Шымкент (23 га) жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының суармалы жерлерін суару үшін су тапшылығын болдырмау мақсатында 2015 жылы Сырдария өзенінің Жаңа Шиелі магистралды каналының басты жеріне жалпы құны 1,5 млрд.теңге болатын үрлемелі ұстайтын құрылым салынды. Бұл жобаны жүзеге асыруда 27,63 га алып жатқан Жаңақорған – Шиелі массивтерін суландыруға септігін тигізді.
2015 жылы облыс бойынша 141,0 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеумен тек «Ибрайхан және К ЛТД» ЖШС айналысады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың 3,75 мың тоннасы өңделіп немесе қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінің 2,66 % құрады.
Облыста экологиялық ахауалды жақсарту мақсатында жалпы көлемі 10,7 мың га жерге сексеуіл мен сәнді ағаштардың көшеттері отырғызылды. Оның ішінде, Арал теңізінің кеуіп қалған түбіне құм нығайту мақсатында, егістік аймағын қатты заттардан және тұздан қорғау үшін 5 мың га алаңға орман егістіктері отырғызылды.
Сонымен қатар, отырғызу материалдарын өсіру үшін 17,8 га жерге орман питомниктері ұйымдастырылды.
Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1101 «Елдi мекендер санатына орман алқаптарының белгілі бір салаларында беру туралы» қаулысымен 2661,5 га жер тәркіленіп және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы минстрлігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №374 «2015 жылға арналған Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде ағаш көлемін шығаруды бекіту туралы» орман және аң шаруашылығы комитетінің бұйрығына сәйкес 1,2 мың га жер кесуге жатқызылды. Осы орайда, 2015 жылы мемлекеттік орман қорының орманды жерлері 3017,6 мың га жерді құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 3,8 мың га жерге азайған.
2011-2014 жылдары түгендеу жүргізу нәтижесінде ауылшарушылығы мақсатына пайдаланылмағын 311,2 мың га жер анықталып, оның 279,4 мың га жерлері мемлекеттің жеке меншігіне қайтарылды. Жерді пайдаланушылар 21,7 мың га жерді қайта пайдалануға бастап кірісуде және қалған жерлер бойынша жұмыстар атқарылуда. 
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 2015 жылы жерді сату (аукциондар, конкурстар) арқылы ауылшарушылығы айналымына 93,8 мың га жері бар 308 аймақ тартылды. Бұл жерлер пайдаланылмаған жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу арқылы қосымша қорда тұрған, сонымен қатар мемлекеттік жеке меншігіне өткен жерлерден берілді.
7 бағыт: Мемлекеттік қызметтер
Бұл бағыт бойынша бағдарламада 1 мақсат, 1 мақсатты индикаторға және 2 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді.
7.1 мақсат. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру арқылы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту
Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында әкімшілік процедуралады жеңілдету үшін жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлкеттік қызметтің тізбесі ұлғайды, 2014 жылы 126 түріболса, 2015 жылы 161 түріне көбейген, оның ішінде 58 қызмет-ХҚКО арқылы, 67 қызмет-Үкіметтің электронды порталы арқылы. «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызмет көлемі бір жылда 24 % дан 48,4 % өскен.2015 жылы 30773 онлайн-қызмет көрсетілген (2014 жылы - 26825).
Халыққа қызмет көрсету орталығының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекетік қызметтің мерзіміне үнемі мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін қызметті бағалау мақсатында халықпен бақылау hb.orda.gov.kz. порталышығарылды.
«Электронды үкіметтің аймақтық шлюзі» жүйесі арқылы облыс бойынша 12 қызмет автоматтандырылған, оның ішінде аудандық деңгейде 11 қызмет таратылды. Жыл басынан бері бұл жүйеде 64029 қызмет көрсетілді.
«Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры арқылы лицензияның 8 түрі және рұқсат құжаттарының 37 түрі автоматтандырылған. Қазіргі уақытта «Е-лицензиялау» дерекқоры арқылы 1167 лицензия және 5201 рұқсат құжаттары берілген (2014 жылы 261 лицензия берілген).
Мұрағат құжаттарын «Электронды мұрағат» ақпараттық жүйесінің санды форматына көшіру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. 2015 жылы 1,6 млн. бет мұрағат құжаттары санды форматқа көшірілді.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына деген қанағаттанарлық деңгейін анықтау мақсатында 2015 жылы Қызылорда қаласында және 7 ауданда көрсетілетін негізгі 5 сала бойынша – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, азаматтық жағдайда акт беру бойынша «Сыр медиа» ЖШС-нің ақпараттық аналитикалық орталығы халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
ХҚКО арқылы алынатын электронды мемлекеттік қызметтерге және «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы алынатын қызметтерге халықтың қызығушылын арттыру мақсатында қала мен аудан аймақтарында арнайы тематикалық билбордтар ілінген. Сонымен қатар аймақтағы «Қазақстан-Қызылорда» және «Қоғам ТВ» телеарналарында «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу мен оларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою (7 жасқа дейін)» қызметтері бойынша бейнероликтер дайындалған.
Бюджет инвестицияларын жүзеге асыруға байланысты құжаттардың жүзеге асырылуы бйынша орындалған іс-шаралардың деңгейін анықтау мақсатында тексерілген іс-шаралардың нәтижесі туралы мәлімет
Әлеуметтік және тұрғын мақсатында салынып жатқан нысандардың дайындық барысын анықтау үшін 2015 жылы мемлекеттік жұмыс комиссиясымен 79 барып тексеру іс-шаралары жүргізілді. Жұмыс комиссиясымен актіге қол қойылғаннан кейін 7 күн ішінде мемлекеттік қабылдау комиссиямен нысанда пайдалануға беру қабылданып алынды.
Бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар
2015 жыл ішінде Облыс әкімдігімен аймақты дамыту бағдарламасын  іске асыру мен рәсімдерін жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныстар жіберілді.

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасыжүктеу...1,36МБ


2015 жыл бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасының іске асыру есебі  Скачать...193КБ


Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы жүктеу...1024КБ


2014 жыл бойынша 2011-2015 жылдарға арналған

Қызылорда облысының даму бағдарламасының

іске асыру есебі

1.  Деректемелерді (бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның аумақты дамыту бағдарламасын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезең бойынша):

Атауы: Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Нормативтік құқықтық акінің нөмірі, күні: Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 9 ақпандағы №273 шешімімен бектілген, кезекті өзгерістер мен толықтырулар Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы  12 желтоқсандағы кезекті  33 сессиясының №235 шешімімен енгізілген

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган: Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Мемлекеттік орган бірлесіп орындаған: бюджеттік бағдарлама әкімшілері

Іске асыру мерзімі, оның ішінде кезең бойынша: бағадарлама екі кезең бойынша әзірленеді – 1 кезең – аралық 2011-2013 жылдары; 2 кезең – қортыныды 2014-2015 жылдары

2.  Есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелерді, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету):

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған бдаму бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақсан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтарына сәйкес әзірленді.

Өзгерістер мен толықтырулар Бағдарламаға 2013 жылдың қорытындысымен мониторинг және бағалау нәтижесімен енгізілді.

Сонымен қатар, Бағдарламадағы нысанылы индикаторлармен нәтижелері көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стартегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемелерді бектіу туралы» бұйрығына сәйкестірілді.

Бағдарламада 17 мақсат, 27 нысанылы индикаторлар және 78 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылды. Мониторинг қорытындысымен 2015 жылдың 1 ақпанында барлық 17 мақсатқа қол жеткізілді, сонымен бірге 21 нысанылы индикаторлар (78%) және 61 нәтижелі көрсеткіштерге (78,2%) қол жеткізілді.

 Сонымен бірге,

-   4 нысанылы индикаторлар (14,7%) мен 7 нәтижелі көрсеткіштер (8,9%) бойынша мәлемет келтірілмеген. Оның себебі статистикалық органдардың Жоспарына сәйкес бұл көрсеткіштердің орындалуы бойынша ақпарат 2015 жылдың 2-3 тоқсандарында белгілі болады.

-       1 нысанылы индикатор (3,7%) мен 10 нәтижелі көрсеткіштер орындалмаған.

-       1 нысанлы индикатордың (3,7%) жұмыс түрі жоспарланбаған.

Бағыттар бойынша нысанылы индикатормен нәтижелі көрсеткіштердің орындалуы:

-       1 бағыт «Экономика» бойынша 5 мақсат, 5 нысанылы индикатор мен 45 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылды. Оның ішінде 2 нысанылы индикатор мен 31 нәтижелі көрсеткіштер орындалды, 2 нысанылы индикатормен 5 нәтижелі көрсеткіштер бойынша статистикалық мәлеметтердің 2015 жылдың 2-3 тоқсанында дайын болатына байланысты мәлеметтер көрсетілмеген. 1 нысанылы индикатормен 9 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

-     2 бағыт «Әлеуметтік сала» бойынша 7 мақсат, 12 нысанылы индикатор мен 22 нәтижелі көрсеткіштер өарастырылған. Оның ішінде 11 нысанылы индикатор мен 19 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді. 1 нысанылы индикатор мен 2 нәтижелі көрстекіштер бойынша статистикалық мәлеметтің 2015 жылдың 2-3 тоқсанында мәлеметтер шығатына байланысты көрсеткіштердің орындалуы көрсетілмеген. сонымен бірге, 1 нәтижелі көрсеткішге қол жеткізілмеген.

-     3 бағыт «Инфрақұрылым» бағыт бойынша 3 мақсат, 8 нысанылы индикатор мен 6 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылды. Оның ішінде, 6 нысанылы индикатормен 6 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді, 1 нысанылы индикатордың орындалуы статистикалық мәлеметке сәйкес 2015 жылдың 2-3 тоқсанында шығатына байланысты көрсетілмеген. 1 нысанылы индикатордың жұмыс түрі жоспарланбаған.

-       4 бағыт «Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары» бағыт бойынша 1 мақсат, 1 нысанылы индикатор мен 4 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылды. Оның ішінде, 1 нысанылы индикатор мен 3 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізілді, 1 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілмеген.

-       5 бағыт «Мемлекеттік қызметтер» бойынша 1 мақсат, 1 нысанылы индикатор мен 1 нәтижелі көрсеткіш қарастырылып, барлығына қол жеткізілді.

3.  Есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар санын, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесін:

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралардың 2014 жылына барлығы 469 шаралар қарастырылды, оның ішінде:

-       1 бағыт «Экономика» бойынша 49 шаралар көзделіп, оның ішінде 2 шара  бойынша қаражат толығымен игерілмеген:

1 іс-шара: Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді қамтамасыз ету;

2 іс-шара: Малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

2 бағыт «Әлеуметтік сала» бойынша 311 іс-шара көзделіп, оның ішінде 4 іс-шараға қарастырылған қаражата толығымен игерілмеген:

1 іс-шара: Жаңақорған ауданындағы Алпамыс баттырдың ескерткішінің құрылысына мемлекеттік сараптамасымен жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу. Қарастырылған қаражат 2,0 млн.теңгенің 1,5 млн.теңгесі игеріліп, ал 0,5 млн.теңгесі үнемлелген.

2 іс-шара: 0-4 сыныптағы оқушыларға «Эрисман» парталарын сатып алуға қарастырылған 421,3 млн.теңгенің 168 млн.теңгесі игеріліп, 253,3 млн. теңге игерілмеген;

3 іс-шара: Қармақшы ауданы Ақай аулындағы №19 «Балдаурен» бала бақшасының жылу жүйесін қайта жаңғыртуға ұарастырылған 30,3 млн.теңгенің 28,5 млн.теңгесі игеріліп, қалған 4,8 млн.теңгесі мердігердің жұмыс кестесіне байланысты үлгірілмеген;

4 іс-шара: Қармақшы ауданы Жосалы кентінің №26 орта мектебінің жылу жүйсені қайа жаңғыртуға бөлінген 26,7 млн.теңгенң, 25,1 млн.теңгесі игеріліп, қалған 1,7 млн.теңгесі мердігердің жұмыс кестесіне байланысты үлгірілмеген;

3 бағыт «Инфрақұрылым» бағыт бойынша 78 іс-шара көзделіп, оның ішінде 19 іс-шаралардың қаражаты толығымен игерілмеген:

1 іс-шара – Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жылу жүйсен кеңейтуге қарастырылған 736,6 млн.теңгенің 702,9 млн.теңгесі игеріліп, қалған 33,7 млн.теңгесі қысқартылған;

2 іс-шара – Арал ауданы Аққұлақ ауландағы №5 ден №9 НС 3 кезеңін АСГВ қайта жаңғыртуға 500,0 млн.теңге қарастырылған, алайда қаражат бөлінбеген;

3 іс-шара – Шиелі ауданы №5 насос стансасынан Талаптан аулына дейін Жиделі су құбырын қайта жаңғыртуға 300,0 млн.тенге қарастырылған, алайда қаражат бөлінбеген;

4 іс-шара – Қызылорда қаласындағы су құбыры мен канализациялық жүйелерін кеңейтуге және қайта жаңғыртуға бөлінген 527,7 млн.теңгенің 524,7 млн.теңгесі игеріліп, қалған 3,0 млн.теңге мердігердің жұмыс кестесіне байланысты үлгірілмеген;

5 іс-шара – арал ауданы Сексеуіл аулындағы су жүйесін қайта жаңғыртуға және кеңейтуге 22,7 млн.теңгенің 22,4 млн.теңгесі игеріліп, қалған 0,3 млн.теңге үнемделген;

6 іс-шара - На установку опреснительных установок в населенных пунктах Налибаев, Абдигаппар, Байкенже, Жааарык, Узгент и Аксуат Жанакорганского района. Предусмотрено всего 105,8 млн.тенге, бюджетные средства полностью возвращены в бюджет в связи с отсутствием необходимости проекта Жанакорганскому району;

7 іс-шара - Разработка проектно-сметной документации с государственной экспертизой реконструкции и расширения систем водоснабжения в поселке Жанакорган Жанакорганского района  4-этап (1-очередь). Предусмотрено всего 146,3 млн.тенге, освоено 140,3 млн.тенге, оставшиеся 6,0 млн.тенге экономия средств;

8 іс-шара - «Шиелі су құбыры» АКМК жарғылық капиталын ұлғайтуға (5 дана арнай техника алу) 27,5 млн.теңге қарастырылып, оның 24,0 млн.теңгесі игерілген. Себебі, жоспарланған 5 бірлік техника алудың орнына қымбаттауына байланысты 4 бірлік техника сатып алынған, қалған қаражат бюджетке қайтарылған;

9 іс-шара - Қызылорда облысы Шиелі ауданының Бидайкөл, Алғабас, Алмалы, Досбол би, Тәжібаев, Бала би, Бәйгеқұм елді мекендерінің сумен қамту желілерін қайта жаңғырту және Шиелі ауданы Жөлек елді мекенінің су құбыры тармағының бас су қабылдау қоймасының құрылысына қарастырылған 1122,8 млн.теңгенің 982,4 млн.теңгесі игеріліп, нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

10 іс-шара - Қызылорда облысы Шиелі ауданы бойынша  НПС №3 (ПК282+70) –тен Бірлестік елді мекеніне дейін Жиделі топтық су құбырының құрылысы және оған тармақтарын қосу. Шиелі ауданы Тәжібаев елді мекенінің кентішілік су тарату жүйесін жаңғыртуға 96,4 млн.теңге қарасытырылп, оның 92,0 млн.теңгесі игерілген. Нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

11 іс-шара - Шиелі ауданы  бойынша №3 НПС (ПК282+70) -тен Бірлестік елді мекеніне дейін Жиделі топтық су құыбырының құрылысы және тармақтарын оған қосу. Жөлек  елді-мекенінің  кентішілік су тарату жүйесін жаңғыртуға 96,4 млн.теңге қарастырылған, оның 92,0 млн.теңгесі игерілген. Нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

12 іс-шара - Қызылорда облысы Шиелі ауданы  бойынша №3 НПС (ПК282+70) -тен Бірлестік елді мекеніне дейін Жиделі топтық су құыбырының құрылысы және тармақтарын оған қосу. Алмалы елді-мекенінің  кентішілік су тарату жүйесін жаңғыртуға (сметалық құжаттарын қайта есептеу) 95,9 млн.теңге қарастырылып, 91,5 млн.теңге игерілген. Нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

13 іс-шара - Әйтеке би кентінде «Новоказалинск» 110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңартуға 482,4 млн.теңге қарастырылып, оның 418,7 млн.теңгесі игерілген. Нысан өтпелі болғандықтан  2015 жылға ауыстырылған;

14 іс-шара - Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту, оның ішінде Шиелі және Қазалы кенттері қарастырылған 46,7 млн.теңге және 96,6 млн.теңге тиісті, игерілген 37,1 млн.теңге және 83,3 млн.теңге.  22,9 млн.теңге қысқартылған.

15 іс-шара - Қызылорда қаласындағы 10/0,4кВ электрмен қамту жүйесін дамытуға (Сырдария АЭС-ның аумағы) қарастырылған 26,5 млн.теңгенің, 10,7 млн.тенгесі қысқартылған;

16 іс-шара - Қызылорда қаласындағы 35 кВ жоғарғы  вольтты желісін кеңейту және қайта жаңартуға 40,0 млн.теңге басқа қаражаттан қарасытырған, 2014 жылы жұмыстар 2,4 млн.теңгеге жасалған;

17 іс-шара - Қызылорда қаласындағы 10 кВ жоғарғы  вольтты желісін кеңейту және қайта жаңартуға 108,9 млн.теңге басқа қаражаттан қарасытырған, 2014 жылы жұмыстар 76,8 млн.теңгеге жасалған;

18 іс-шара – Төретам кентінің бас жоспарын әзірлеуге 24,5 млн.теңгенің 23,3 млн.теңгесі игеріліп. Төретам кентіне қажет ететін жер учаскілерін РФ жалдан шығару мәселесінің шешілмеуіне байланысты соңғы төлем 1,2 млн. теңге  2015 жылға қалдырылған;

19 іс-шара – Байқоңыр қаласының бас жоспарын әзірлеуге 94,9 млн.теңгенің 90,2 млн.теңгесі игерілген. Байқоңыр қаласына қажет ететін жер учаскілерін РФ жалдан шығару мәселесінің шешілмеуіне байланысты соңғы төлем 4,7 млн. теңге  2015 жылға қалдырылған.

- 4 бағыт «Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары» бағыт бойынша 16 іс-шаралардың барлығына қол жеткізілді.

- 5 бағыт «Мемлекеттік қызметтер» бойынша 17 іс-шаралардың барлығына қол жеткізілді.

4. Аумақтық даму бағдарламалардың іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдау:

Жалпы мақсаттарға, нысанылы индикатор меннәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесімен аймақта экономиканың және әлеуметтік сала дамуының оң серпіні сақталды.

2014 жылдың қорытындысымен өңдеуші өнеркәсіп саласы өнімдерінің көлемі 7,9%-ға артты.

Жыл ішінде экономика салаларында 11 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай көбейген. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендеді,  бұл республикалық орташа көрсеткіш деңгейінен аспайды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қол жеткізілді, 2013 жылғы 6,7%-дан 2014 жылы 4,7%-ға дейін азайды.

300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 108,6%-ды құрайды.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ облысты газдандыруға бағытталған 23 млрд. теңге қаржыны құрайтын ресурстарды игеруді бастады.

Көлік тасымалы саласының барлық көрсеткіштері бойынша оң өсу үрдісі сақталуда. Бөлшек сауда көлемі 22%-ға артты.

Бір жұмыскердің орташа айлық  жалақысы 7%-ға өсіп,  99220 теңгені құрады.

Айқындалған басымдықтарға сәйкес өткен жылы апаттық жағдайдағы мектептердің орнына бірден 12 мектеп құрылысы басталды.

Азық-түлік тауарларына тұтынудың индекстік бағасы 107,5%-ды құрады, бұл жалпы еліміз бойынша көрсеткіштен төмен (108%).

2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1132 млрд. теңгені құрап,   өткен жылдың деңгейінен 3,1%-ға төмен болды. Бұл - жұмыс істеп тұрған мұнай кеніштерінің сарқылуына және мұнай шығару көлемінің қысқаруына байланысты болып отыр.

Сонымен қатар, азық-түлік тағамдары өндірісінің, химиялық өнеркәсіптің, резеңке және пластмасса өнімдерінің, мұнай өңдеудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде едәуір өсуге қол жеткізілді, физикалық көлем индексі 107,9%-ды құрады.

Жыл ішінде жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын  12 индустриялық нысан пайдалануға беріліп, онда 700-ден аса тұрақты жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға 1,4 млрд. теңге бағытталды.

Атап айтсақ, облыста жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгелік 80 жобаға субсидия берілуде. Несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 90 млн. теңге бөлінді. Егер 2010-2013 жылдары бұл бағытта 23 жобаға қолдау көрсетілсе, 2014 жылдың өзінде  31 жоба болып отыр. Гранттық қаржыландыру бойынша 12 млн. теңге, валюталық кредиттері бар кәсіпорындарға қолдау көрсету үшін 70 млн. теңге бөлінді. Жұмыс жасап жатқан бизнесті сервистік қолдау аясында 47,5 млн. теңге қаржыландырылды. Облыстың 621 кәсіпкеріне тегін негізде және салалық шектеусіз бизнес жоспарларын жасауға, бухгалтерлік есептерін жүргізуге, кедендік құжаттарын ресімдеуге, заң қызметін көрсетуге, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін құжаттар ресімдеуге, сертификаттау стандарттарын және IT технологиясын ендіруге ықпал жасау бойынша кешенді сервистік қызметтер көрсетілді.

Өткен жылы ауыл шарушылығын қолдауға бюджеттен 8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 47%-ға артық.

2014 жылы облыс бойынша 161,4 мың га-ға ауылшаруашылығы дақылдары егілді (олардың 87,1 мың га – дәндідақылдар, 55,5 мың га – малазығындық, 18,0 мың  га картоп, көкөніс, бақша дақылдары,839 мың га май және техникалық,81,2 мың  га – күріш).

Негізгі дақыл - күріштің орташа өнімділігі әрбір гектардан – 50,1 центнерді құрады.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыста  251,2 мың бас ірі қара,  552,6 мың бас қой мен ешкі, 80,8 мың бас жылқы, 34,5 мың бас түйе,  2,2 мың бас шошқа және 83,3 мың бас тауық бар екендігі есептелді. Ірі қара мал басының  0,9%-ға, қой - 1,2%-ға, түйе – 3,9%-ға өскені байқалады.

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» (РРССАМ-2) жобасының екінші кезеңі «Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2014-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» енгізілді. Жобаның құны 23,2 млрд. теңгені құрайды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған су құбыры жүйесіне облыс тұрғындарының 94%-ы тұратын 262 ауылдық елді мекеннің 185-і немесе 71%-ы қосылды.

2014 жылы “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистралды газ құбырының құрылысы аяқталып, облысты газдандыру бойынша кең ауқымдағы жұмыстар басталды.

Осы мақсатта облыстық бюджет қаржысы есебінен 9 техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен 18 жобалау-сметалық құжаттар (ЖСҚ) дайындалды, Жосалы және Сексеуіл кенттеріндегі автоматтандырылған газ таратушы станциялардың (АГТС) ЖСҚ-ын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Экономиканың және тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында  пәрменді  жұмыстар жүргізілуде.

Жылу электр орталығын кеңейту мен қайта жаңғырту бойынша жобаларды дайындау басталды, бұл өз кезегінде аймақты өз электр энергиясымен және тұрақты жылумен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2015 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  2245,5 шақырымды құрап отыр, оның ішінде 1226 шақырымы немесе     55%-ы - қара қиыршық тасты, 450 шақырымы немесе 20%-ы қиыршық тасты және 569,5 шақырымы немесе 25%-ы топырақты жолдар.

Өткен жылы “Батыс Еуропа - Батыс Қытай” автомагистралінің (812 шақырым) қызылордалық бөлігіндегі құрылысы іс жүзінде  аяқталды. 33 жол учаскелерінде сервистік инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстар басталды.

Облыстық, аудандық маңыздағы  автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін қайта жаңғырту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге, Сырдария өзені арқылы  екі көпірдің құрылысына, сондай-ақ, жаңа жобалардың жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға  2014 жылы 11,6 млрд. теңге бағытталды, бұл 2012 жылға қарағанда  2,5 есеге көп. 262 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 41939 баланы қамтитын 611 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. 8334 орынға арналған 103 балалардың мектепке дейінгі мекемелері ашылды. Оның ішінде 6 балабақша жаңа құрылыс есебінен (1460 орын), 3 балабақша (190 орын) бұрынғы ғимараттарын қайтару есебінен, 77 жеке балабақша (5708 орын) және 17 кіші орталықтар (976 орын).

3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі  тәрбиемен қамту 92,2%-ды, 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту - 49,5%-ды және мектепалды даярлықпен қамту 100%-ды құрайды.

2014 жылы облыста  41 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп (11630 оқушыға арналған 29 мектеп, 1810 орындық  9 балабақша), сондай-ақ, 2 мектеп пен жатақхана қайта қалпына келтірілді.

21 білім беру нысандары пайдалануға берілді (5500 оқушыға арналған 13 мектеп, 1300 орындық 6 балабақша, 1 мектеп пен жатақхана қайта қалпына келтірілді).

2014 жылдың қорытындысы бойынша медициналық кадрлардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі дәрігерлердің тапшылығын төмендету тенденциясы байқалады. Соңғы үш жылда кадрлардың жетіспеушілігі 52,3%-дан 37,8%-ға (14,5%) төмендеді. 2012-2014 жылдары аудандық және ауылдық емдеу-профилактикалық мекемелерге 254 жас мамандар жіберілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіштері, ана мен бала өлімі, туберкулезбен онкологиялық аурушандығының азаюы байқалуда.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 184 мың адамды құрады немесе облыстың жалпы тұрғындарының 24,5%-ы. 142 елді мекенде 283 спорт нұсқаушылары жұмыс істейді.

Облыста 21 спорт мектебі жұмыс істейді (оның 3-уі олимпиадалық резервтегі мектептер), онда 29 спорт түрі бойынша 14212 оқушы дайындалады.

Тұтастай алғанда, облыста оперативтік  жағдай тұрақты.

Күн сайын облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға полицияның  500 қызметкері жұмылдырылады.

Қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Нәтижесінде, 2014 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстардың саны облыста 13,9%-ға төмендеді.

Сонымен бірге, Бағдарламада 1 нысанылы индикатормен 10 нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізімеген.

Әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жақсарту мақсатында Көрсеткіштердің одан әрі көтеру бойынша жұмыстар атқару қажет.

5. Іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпаратты:

Бағдарламаны іске асырубойынша 101644,1 млн.теңге қарастырылып, оның 98327,8 млн.теңге игерілген, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен 54120,8 млн.тенге, игерілген 54052,8 млн.теңге, айрмашылығы қаражат қысқартылған;

- из жергілікті бюджеттен 46953,4 млн.теңге, игерілгені 43774,8 млн.теңге, айырмашылығы қаражат қысқратылған, және мердігердің жұмыс

кестесіне сәйке уақытылы орындалмауы;

- 569,9 млн.теңге басқа қаражат, игерілген 500,2 млн. теңге.

2014 жыл бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасының іске асыру есебі     Жүктеу... 3 МБ


 

 

Құрылған күні: 12-09-2012 14:43
Жаңартылған күні: 07-03-2017 10:19

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика