ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 460012, Қызылорда қаласы, М.Әуезов көшесі, 20-үй

Эл. пошта: kyzylorda-museum@mail.ru
Музей директоры: Бекмамбет Бахыткүл Тоқтамұратқызы, тел.: 27-61-52
Музей директорының орынбасары: Ахметова Жаннат Дәуренқызы, тел.: 26-32-52
Жұмыс уақыты: 9:00 – 19:00  
Демалыс күні: Дүйсенбі
Билет бағасы: ересектерге - 300 теңге
студенттерге - 200 теңге
балаларға - 100 теңге
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақ ССР Жоғарғы Советі президиумының ұйымдастыру комитетінің 1939 жылғы 7 ақпандағы шешімімен құрылған. Музейдің алғашқы директоры болып 1939 жылдың 6 сәуірінде Крылов Илья Ипполитович тағайындалды. Алғашқы жылдары өз жұмысын өлке тарихы мен табиғатын зерттеуден бастаған музей 1890-1896 жылы салынған Перовск Қазан-Богородтық шіркеуі орналасқан ғимаратта орналасты. Облыстық музейдің қалыптасуына, құнды экспонаттардың жинақталуына қоғам және мемлекет қайраткері Иса Тоқтыбаевтың, жазушы Саид Баязитовтың еңбектері зор болды. Сол кездегі музейдің ең құнды экспонаттары – батырдың дулығасы, сауыты, 1853 жылы Ақмешіт бекінісін алуда пайдаланылған зеңбірек ұңғылары, Ұлы Жібек жолының сауда нүктелерінде айналымда болған ақша коллекциясы еді. 
1980 жылы Облыстық Атқару комитетінің шешімі бойынша музейге екі қабатты ғимарат беріліп, 1985 жылдың 7 мамырында ашылды. Музей орналасқан ғимарат 1953 жылы салынған тарихи-архитектуралық ескерткіш. 
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Сыр бойының  өткені мен бүгіні жайлы баяндайтын мәдениет орталығы болып табылады. Облыстық музей жанында «Ақмешіт» музейі, Қорқыт Ата мемориалдық кешені, Көркемсурет галереясы жұмыс жасайды. 2014 жылы Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне реконструкция жұмыстары жүргізіліп, жаңа келбетке ие болды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енген бұрынғы комиссариат ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2014 жылдың қараша айында Көркемсурет галереясы ашылды.
Музей қорында 53538 экспонат сақтаулы, оның 30601-і негізгі қорға жатады және 5000-ға жуық экспонат музей залдарында орналастырылған. Музейде 14 экспозициялық зал жұмыс істейді. Музей қорындағы экспонаттар өлкеміздің тарихы, өнеркәсібі мен мәдениеті, т.б. салалары жайлы мәліметтер береді. 
Міндеттері:
1. Материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері сақтау, жүйелеу, ғылыми-зерттеу;
2. Өлке халқының тарихы мен мәдениеті жайлы ғылыми негізделген материалдарды музейлік әдістер арқылы (экскурсия, тұрақты, көшпелі көрмелер мен экспозициялар, баяндамалар мен лекциялар ғылыми-танымдық конференциялар) насихаттау;
3. Облыстағы сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерін дамыту, қолөнер шеберлерінің, суретшілердің, жеке коллекционерлердің еңбектерін халыққа насихаттау;
4. Музей жұмысына байланысты жолнұсқау, ғылыми еңбектер мен басқа да материалдарды баспадан шығаруға дайындайды;
5. Қоғамдық негізде құрылған алғашқы музейлерге практикалық көмек көрсетеді;
6. Музей қоры жинақтау және жеке адамдардан сатып алу, сондай-ақ басқа музейлермен алмастыру арқылы толықтырылады;
7. Музей өз қызметінің аясында бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы қызмет көрсетеді.
 
Бекмамбет Бахыткүл Тоқтамұратқызы – Қызылорда облысында (31.10.1960) дүниеге келді. Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтын (1983) бітірген. Еңбек жолын Қазалы ауданындағы № 421, 96 орта мектептерде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастаған. 1992 жылы аудандық пионерлер үйінің әдіскері, Қазалы, Жалағаш аудандарында аудандық білім бөлімдерінің әдіскері қызметтерін атқарған. 2009 жылдың тамызынан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ақмешіт» музейінің меңгерушісі. 2011 жылдың тамыз айынан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қорқыт ата» мемориалды музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 
 
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,120500, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Шымкент-Самара шоссесі ғимарат 10У
 
Эл.пошта: korkyt-ata.museum@mail.ru
Кәсіпорын басшысы:
Аманкелдиев Сабит Аманкелдиевич, тел.: 8 /72437/ 4-04-67
Жұмыс уақыты: 9.00-19.00
Демалыс күні: Дүйсенбі
Билет бағасы: 
Ересектерге-200теңге
Студенттерге-150теңге
Оқушыларға-100теңге
Түркі әлемі кие тұтатын Қорқыт бабаның мәңгілік мекеніне айналған тарихи маңызға ие – Қорқыт ата кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Қорқыт ата ескерткіші ең алғаш 1980 жылы архитектор Б.Ибраев, физик-акустик С.Исатаевтың жобасымен биіктігі 8 метр 4 тік стеладан тұратын қобыз бейнесінде салынған. Стеланың ортаңғы бөлігіндегі 40 металды түтікше жел соққанда қобыздың сарынымен үндес дыбыс шығарады. Академик Ә.Марғұланның жазба деректерінде: Қорқыттың қобызы өзімен бірге бейіт маңына қойылған. Тәңірінің шеберлігі Қорқыт атаның өзі тартқандай қобызы ертелі-кеш әдемі әуен шығарып тұратын болған.
1997 жылы Қорқыт ата мемориалды кешеніне жүргізілген реставрациялық жұмыстар нәтежиесінде амфитеатр, қонақ үй және басқа да нысандардан тұратын архитектуралық ансамбль жасалды.
2000 жылы қаңтар айында Қармақшы ауданы әкімінің №149 шешіміне сәйкес мемориалды кешен жанынан Қорқыт ата музейі ашылды.
Осы жылдың қараша айында облыс әкімінің №243 өкімі бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып қайта құрылды.
2014 жылы Қорқыт ата кешеніне қайта реконструкциялық жұмыстар жүргізілді. Музей және әкімшілік ғимараты қайта салынып, жаңа экспозиция құрылды. 
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы №505 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып құрылды.
Бүгінде музей қорында 2841 экспонат сақтаулы, оның 1755-і негізгі қорға жатады. 
Кәсіпорынның міндеттері:
- Қорқыт мұраларын ғылыми-зерттеу, сақтау, қалыптастыру жұмыстарын жүргізу;
- Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі ескерткіштерге жүргізілетін археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
- Қорқыт туралы материалдар жинақтау және Қазақстанда және түркі тілдес елдерде ғылыми экспедициялар ұйымдастыру;
- Қорқыт туралы ғылыми негізделген материалдарды (экскурсия, тұрақты, көшпелі көрмелер мен экспозициялар, баяндамалар мен лекциялар, ғылыми-танымдық конференциялар) насихаттау;
- музей жұмысына байланысты жолнұсқау, ғылыми еңбектер мен басқа да материалдарды баспадан шығаруға дайындау;
- музей қорын жинақтау, жеке және заңды тұлғалардан сатып алу және сыйға беру арқылы толықтыру;
- музей басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізу.
 
Аманкелдиев Сабит Аманкелдиевич – «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы.
Аманкелдиев Сабит Аманкелдиевич 1975 жылы 08 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, «Таң» кеңшарында дүниеге келді.
1982-1992 жылдары №118 Таң кеңшарындағы қазақ орта мектебінде білім алды. 
1993-1997 жылдары Қызылорда музыкалық училищесінің «Халық аспаптары» факультетін бітірген.
2000 – 2004 жылдары Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер-Жыр» мамандығы бойынша оқыды. Аталған университетті 2017 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Алғаш еңбек жолын 1992 – 1993 жылдары аралығында «Таң» кеңшары мал шаруашылығында жұмысшы, 1997-2000 жылы №1 бригадасында есепші болып бастаған. 
2004 – 2005 жылдары Жалағаш аудандық Оқушылар үйінде «Дәстүрлі ән-жыр» үйірмесінде жетекші, ұйымдастырушы-педагог маман болып жұмыс атқарды;
2007 – 2010 жылдары Жалағаш аудандық «Мәдениет үйлері мен клубтары» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры;
2010 жылы Қызылорда облыстық филармония директорының орынбасары болып қызмет атқарды;
2011 жылы облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. 
2011 – 2018 жылдар аралығында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы директоры.
2018 жылдың қазан айынан бастап «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы.
 
 Жанұялы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
 
 
Құрылған күні: 03-07-2015 10:13
Жаңартылған күні: 08-05-2019 09:10

Сұрақ қою

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика