ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, нөмірсіз

Кітапхана директоры - Мырзамұратова Нұржамал Ахметқалиқызы
Тел./факс (8-724-2)23-14-20, (8-724-2) 23-14-16
Директордың орынбасары - Мырзахметова Бақытнұр Тәңірбергенқызы 
Тел.(8-724-2)  40-02-98
 
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы - аймақ кітапханаларының әдістемелік орталығы және республикадағы байырғы ірі мәдени ошақтардың бірі болып табылады.
Кітапхана 1867 жылы Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылып, 1917 жылға дейін қалалық көпшілік кітапхана қызметін атқарған. 1938 жылы Қызылорда облыстық кітапханасы болып қайта құрылып, жазушы Максим Горький есімі берілді. Уақыт өте еліміз егемендік алғаннан кейін 1999 жылы кітапханаға халық жазушысы, ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілді. 2009 жылы қараша айында кітапхана типтік жобада салынған жаңа ғимаратқа көшірілді.
Қазіргі таңда кітапхана заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен жасақталған, тұтынушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық санаттарына қызмет көрсететін өңірдегі ең ірі ақпараттық мәдени орынға айналып отыр.
Ғимараттың жалпы алаңы 8353 шаршы метрді құрайды.
Кітапхана ғимараты негізгі 3 қабаттан, цокольді және техникалық қабаттардан тұрады. Цокольді қабатта кітап қорларын сақтау және қосалқы қызмет көрсету бөлмелері орналасқан.
Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсететін 8 бөлім және 7 сектор жұмыс істейді. 
Міндеттері:
1) қоғамның әлеуметтік, азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыру үшін оқырмандардың ұлттық жас ерекшеліктерін, олардың сұраныстарын есепке алып, жаңа білім алу мақсатында ақпараттық ресурстар қорын толықтырады және жаңартады;
2) кітап қорын есепке алуды, барынша пайдалануды, сақтауды қамтамасыз етеді, санитарлық-гигиеналық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді;
3) оқырмандарға (ересектер мен балалар) сараланған кітапханалық қызмет көрсетуді олардың жас және әлеуметтік психикалық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін есепке алып ұйымдастырады;
4) облыс кітапханаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді, оқырмандармен жұмыс және әдебиеттерді насихаттау нысандары мен әдістерінің жетілдірілуіне ықпал етеді;
5) озат тәжірибелерді анықтайды, зерттейді және жинақтайды, оларды  насихаттайды және салаға енгізуге ықпал етеді;
6) әдістемелік, ақпараттық және библиографиялық материалдарды дайындап шығарады, оларды облыстың басқа да кітапханаларымен бірлесіп дайындауды және шығаруды ұйымдастырады;
7) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындайды және оларды өндейді;
8) көшпелі ақпараттық көрме іс-шараларын ұйымдастырады;
9) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынады;
10) құжаттарды электронды жеткізеді, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастырады;
11) экскурсиялық қызмет етеді, фото, бейне түсірілімдер жасайды;
12) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізеді;  
13) кітапхана саласында зерттеулер жүргізеді және республикалық ғылыми зерттеулерге қатысады, зерттеулер қорытындысын кітапханалар тәжірибесіне  енгізеді;
14) ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кітапхана саласына жаңа ақпараттық технологиялар енгізу бағытында практикум, тренингтерді мекеме жеке және басқа да мекемелермен, ұйымдармен үйлестіре жүргізеді;
15) кітапхана ведомствоаралық Кеңестің қызметіне қатысады;
16) кітапхананың оқырмандар активін құрады және оның жұмысын ұйымдастырады;
17) кітапхананы пайдалану ережелерін сақтамаған пайдаланушылардың келтірген залалдарын өтеуді қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес белгілейді және шаралар қолданады.
 
Мырзамұратова Нұржамал Ахметқалиқызы  
1960 жылы 16 ақпанда Қызылорда қаласында туған.
1983 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, еңбек жолын Жалағаш ауданындағы №115 мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін аудандық партия, халық депутаттары кеңесі, аудан, қала әкімі аппаратында жауапты қызметкер,
2001-2009 жыдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарған.
2009 жылдың мамыр айынан бері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры болып қызмет атқарып келеді.
 
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Қызылорда облыстық зағип және нашар

көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120008, Қызылорда қаласы, Жүргенов көшесі 64-А.

Тел. / факс: 23-38-56.
Сайт: kyzylordaspec.kz
Жұмыс уақыты: 09:00-13:00, 15:00-19:00 сенбі, жексенбі демалыс     
 
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхана негізі 1967 жылы құрылған. Кітапхана бұрын өндіріс цехы болған Қазақ соқырлар қоғамы меншігіндегі 99.1 ш.м. ескі ғимаратта қоныс тепкен болатын. Қазақ соқырлар қоғамында облыс бойынша 1226 көз мүгедегі есепте тұрады.
2010 жылы облыстық бюджеттен жаңа ғимарат сатып алу үшін 34000,0 теңге бөлініп осы жылдың 13 қазанында Жүргенов көшесі 64-А үйде орналасқан жаңа 2 қабатты ғимаратқа көшірілді. Ғимараттың жалпы ауданы 222 шаршы метрді құрайды. Кітапхана заман талабына сай барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кітапхананың 1 қабатында Абонемент және 32 орындық оқу залы бар. 2 қабатта директордың кабинеті, есеп бөлімі және ұйымдастыру бөлімі бар. Кітапхананың кітап қоры ғимараттың ауласында бөлек орналасқан.
 
Міндеттері:
 1.Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты бедерлі-нүктелі, дыбыстандырылған және жайпақ баспа түріндегі кітаптар қорын көз мүгедектерінің, олардың отбасыларына және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының пайдалануына ұсыну болып табылады.
 2.Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) бедерлі-нүктелі, дыбыстандырылған кітаптар мен тифлологиялық құжаттар және мерзімді басылымдарды қалыптастыру, сақтау және пайдалануға ұсыну;
2) Қазақстан аумағын мекендейтін халықтардың мәдениетін, тілі және өнерінің дамуын насихаттау;
3) зағип және нашар көретін азаматтар арасында тифлологиялық әдебиеттерді кеңінен тарату;
4) оқырмандар сұранысын бедерлі-нүктелі, жайпақ баспа, электронды және дыбыстандырылған әдебиеттермен, сондай-ақ кітапхана қорындағы басқа да материалдармен қанағаттандыру;
5) көз мүгедектерінің кітапханалық қызмет мәселелері бойынша халықаралық, республикалық конференциялар жұмысына қатысу;
6) кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, өңдеу және каталог, картотека жүйелері арқылы олардың мазмұнын ашу;
7) кітап қорын есепке алу, барынша пайдалану, сақтауды қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
8) кітапхананың кітап қорын толықтыру мақсатында дыбыстандырылған кітаптарды шығару;
9) кітапхана оқырмандарына, сондай-ақ көз мүгедектерін оңалту мәселелерімен айналысатын кәсіпорындар мен мекемелерге анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;
10) оқырмандар сұранысын оқу залы, абонемент, үйге қызмет көрсету абонементі, кітапханааралық және облыс аудандарында стационардан тыс қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру;
11) көз мүгедектері кәсіпорындары мен ұйымдары еңбек ұжымдарының қатысуымен мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру;
12) көз мүгедектеріне кітапханалық кызмет көрсетудің жай-күйіне зерттеу, талдау жүргізу және оның жақсаруына өз ұсыныстарын беру;
13) кітапхананың пайдалану ережелерін бұзған пайдаланушылар келтірген залалды өтеу шараларын бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес белгілеу және қолдану;
14) кітапхананың оқырмандар белсенділігін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
15) кітапхананың материалдық-техникалық базасын дамыту және үнемі жетілдіру.
Мемлекеттік мекемеге Ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
 
Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы 17 мамыр 1981 жылы, Кызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Актобе ауылында дүниеге келген.
1998-2002 жылдары аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жырау, фольклор танушы мамандығы бойынша бітірген.
2002-2003 жылдары аралығында Ш.Қ.О., Зайсан қаласы, №2017 әскери бөлімінде әскери борышын атқарған.
2004-2005 жылдары Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығында маман.
2005-2006 жылдары С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде нұсқаушы.
2006-2007 жылдары Жастар бастамаларын дамыту орталығы қауымдастығының аға кеңесшісі.
2007-2008 жылдары «Сыр орманы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2009 жылы Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы.
2009-2011 жылдары Облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры.
2011-2012 жылдары аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының қаржы шаруашылығының бөлім басшысы.
2012-2016 жылдары аралығында Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2016 жылдын ақпан айынан бастап Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана директорының қызметін атқарады. Отбасылы бір қыз, бір ұлы бар.
 
Құрылған күні: 07-08-2012 08:05
Жаңартылған күні: 20-04-2017 10:00

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика