ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Маңызды күндер, фактілер мен оқиғалар

(Қазақстан Республикасы тәуелсіздік статусын алғанға дейінгі кезең)

Кзыл-Орда қаласының гербі (Перовск, Қазақстан), (1909 ж.)

 

• 1817 жылы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында Ақмешіт қамалының құрылысы басталды;

• 1818 жылы қамал оң жақ жағалауға көшірілді. Ақмешіт қамалы жан-жағында қамысты- бұталы тоғай қоршаған үлкен ойпатта орналасқан болатын. Бұл ойпат Бегалы Қоға деп аталатын;
• 1847 жылдан бастап патшалық Ресей Сыр жағалауы мен Аралды өз империясына қосу саясатын бастады;
• 1853 жылы Перовск қамалы деп атала бастады;
• 1867 жылы Түркістан  генерал-губернаторлығы құрылған кезде осы қамал болыс орталығы болып, қала мәртебесін алды. Бастауыш мектептер ашылды, кірпіш зауыты, жел диірмендері, шеберханалар мен дүкендер жұмыс істей бастады. Қалада мешіттермен қатар шіркеулер де жұмыс жасады – 70-жылдардан бастап қалада мұсылман мешіттері пайда болды;
• 1868 жылы Перовскіде уездік пошта бөлімі ашылды;
• 1905 жылы «Оренбург-Ташкент» темір жолы қолдануға берілгеннен кейін үйлестіруші логистикалық құрылым (бекеттер, вокзал, депо, қоймалар) салынды;
• 1917 жылдың 30 қазанында Перовскіде Кеңес билігі орнады;
• 20-жылдарға дейін қалада өндірістік кәсіпорындар жұмыс жасамады – тұрғындардың басты шаруасы сауда болды, қаланың коммуналдық шаруашылығында қалалық диірмен және екі су насосы болды;
• 1922 жылы қала қайтадан Ақмешіт деп аталды. Осы жылы бірінші ағаш өңдейтін ұстахана ашылды, кірпіш зауыты қалпына келтірілді;
• 1925 жылы 15 сәуірде қалада Қазақ Автономдық Республикасының Бүкілодақтық еңбекшілер съезді болды, сол жерде қаланы Қызыл-Орда («қызыл астана») деп атау және оған республика астанасы дәрежесін беру шешімі қабылданды. Сол уақыттағы қала халқының саны 22 мың 577 адам болатын. Осы жылдары бірінші рет электрэнергиясы қосылды, қаланың барлық жерлерінде құрылыс жүріп жатты, жаңа үлгідегі үйлер салынды, оқу орындары, халық ағарту институттары және т.б. тұрғызылды;
• 1929 жылы астана Алма-Ата қаласына көшірілді, ал Қызыл-Орда округ орталығы болды;
• 1930-1940-жылдары аймақтың және қаланың халық саны КСРО-ның басқа бөліктерінен келгендердің: саяси қуғындардың, Белоруссия мен Батыс Украинадан депортирленген поляктардың, немістердің, кәрістердің, Қырым мен Солтүстік Кавказ халықтарының Фашистік Германия жаулап алған аймақтардың эвакуанттарының есебінен едәуір артты;
• 1938 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысы құрылып, Қызылорда қаласына облыс орталығының дәрежесі берілді;
• 1960-70-жылдары целлюлиттік-картонды, механикалық, күріш зауыттарымен және аяқ-киім фабрикасымен қатар Гагарин, Титов қыстағы секілді тұрғын-үй кешендері құрылды. Осы жылдары «Главриссовхпзстрой» тресті ашылды;
• 1980-90-жылдары қазіргі Абай даңғылы, А.Тоқмағамбетов, Желтоқсан көшелерінде әсем ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтерді. Осы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей мөлтек аудандары, «Южказнефтегаз» фирмасының әкімшілік ғимараты, диагностикалық орталық, үлкен жаңа аурухана кешені қала көркін аша түсті. 

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.

Қызылорда облысының гербі

1997 жылдың 17 маусымында Қазақстан Президентінің Жарлығымен қаланың Қызыл-Орда атауы Қызылорда, ал облыс атауы Қызыл-Орда атауынан Қызылордаға ауысты.

 

Раздел: 
Құрылған күні: 03-09-2012 13:53
Жаңартылған күні: 12-09-2017 11:04

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика