ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«БЕКІТЕМІН»

                                                                                                                         Қызылорда облысының әкімі

_______________ Қ.Е. Көшербаев

2019 жылғы « ___ » ақпан

 

Қызылорда облысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен өткізілген

есепті кездесулерінде  көтерілген өзекті мәселелердің

ТІЗБЕСІ

Р/с

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көзі

Жауапты орындаушы

Арал ауданы

 

Жақсықылыш кентіне

газ құбырын жүргізу

2019-2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М.Усаин

 

 

Шөміш елді мекеніне ауыз су желісін жүргізу

2019-2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М.Усаин

 

 

«Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын толық аяқтау

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Е.Әбдіқалықов

 

«Советжарма» каналына су реттегіш құрылғы (шлюз) орнату жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

А.Шәменов

 

Октябрь ауылдық округі, Шижаға елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысын салу

2019 жыл

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде

Е.Ким

А.Әлназарова

 

Көктем елді мекеніне ауыз су жүйесін жүргізуге жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу

2019 жыл

Аудандық бюджет

С.Сүлейменов

М.Оразбаев

 

 

«Жаңақұрылыс-Бекарыстан би» бағытындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын толық аяқтау

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Е.Әбдіқалықов

 

Сексеуіл кентінен жаңа аурухана ғимаратының құрылысын бастау

2019 - 2020 жылдар

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

М.Әлсеріков

 

 

Аудан орталығынан жаңа

аудандық оқушылар үйінің

ғимаратын салу

2019 - 2020 жылдар

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

М.Әлсеріков

 

Ақбасты ауылының ауыз су мәселесін шешу

2019-2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М.Усаин

 

 

Құланды ауылдық округіне қарасты Ақбасты ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

 

Аудандық бюджет

 

Р.Рүстемов

М.Оразбаев

Қазалы ауданы

1.

Жанкент қалашығында қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Республикалық бюджет

Р.Рүстемов

М. Абуова

 

2.

Жанкент қалашығының аумағын қоршау, «Жанкент» стеласын орнату, археологиялық парк қалыптастыру жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Облыстық бюджет

Р.Рүстемов

М. Абуова

3.

Жанқожа ауылына ауыз су сервистік желісін жүргізу

2019-2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М.Усаин

 

4.

«Рза» АҚ тауарлы сүт фермасының          ІІ-ші кезеңін іске асыру үшін инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Облыстық бюджет

И.Ким

Б.Намаев

Б.Жаханов

 

5.

Кәукей және Бозкөл ауылдарына типтік жобада дәрігерлік амбулатория ғимараттарын салу

2019 жыл

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде

Е.Ким

А.Әлназарова

6.

Сырдария өзеніндегі «Қарлан» учаскесіне көпір құрылысының жоба-сметалық құжатын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу

2019  жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Е.Әбдіқалықов

7.

Айтеке би кентіндегі тұрғын үйлерге газ құбырын жеткізу

 

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

М.Ергешбаев

8.

Қазалы қаласына газ құбырын жүргізу» жобасының жоба сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу

 

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

М.Усаин

9.

Әйтеке би кентін толықтай аяқ сумен қамту мақсатында «Ақарық» каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Қожаниязов

А.Абдуалиев

Қармақшы ауданы

1

Актөбе елді мекенінде дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде

Е.Ким

А.Әлназарова

2

Қызылтам елді мекеніне кіре беріс жолды қайта жаңғырту

2019 - 2020  жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

Е.Әбдіқалықов

 

3

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ "Жосалы" қосалқы қондырғысын қайта жаңғырту

2019 - 2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М.Усаин

Жалағаш ауданы

1

Жалағаш кентіне газдандандыру жұмыстарын бастау

2019 - 2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М.Усаин

 

2

Типтік жобадағы аудандық орталық аурухана құрылысын бастау

2019 - 2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М.Әлсеріков

 

Сырдария ауданы

1

А.Тоқмағамбетов елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу

 

2019 - 2020 жылдар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде

Е.Ким

А.Әлназарова

Шиелі ауданы

1

«Самара-Шымкент-Шиелі-Жемісжидек» трассасының Бестам мен Алғабас елді мекендерін қосатын учаскесіне орташа жөндеуден өткізу (13 км)

2019-2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

Е.Әбдіқалықов

2

Иіркөл ауылдық округіне қарасты Жансейіт елді мекендегі №133 мектеп құрылысының жоба-сметалық құжатын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу

2019 жыл

Аудандық бюджет

Р.Рүстемов

Ә.Оразбекұлы

М.Мелдебекова

Жаңақорған ауданы

1

Жаңарық елді мекенінде жаңадан дәрігерлік амбулатория  ғимаратын салу

2019 - 2020 жылдар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде

Е.Ким

А.Әлназарова

2

Жаңақорған кентіндегі Саяжай мөлтек ауданындағы проектіден қалып қойған газ құбыры жүргізілмеген бөлігіне газ жүргізу

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Ғ.Әміреев

 

3

Жаңақорған - Қандөз трассасының  Жаңарық ауылдық округінің тұсында орналасқан Р-22 каналындағы көпірді жөндеу

2019 - 2020 жылдар

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Е.Әбдіқалықов

Қызылорда қаласы

1

Белкөл кентіндегі темір жолдан өтуге арналған көпір құрылысын салу бойынша тиісті шаралар қабылдау

2019 - 2020 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

Е.Әбдіқалықов

2

Белкөл кентіндегі К.Әбдіқадыров көшесінің қалған 2 шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Н.Нәлібаев

3

Баймұрат батыр ауылында мәдени клуб ғимаратын салу

2019 жыл

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде

Е.Ким

М.Әбуова

 

4

Талдыарал елді мекенінің кіреберіс жолына орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу

2019 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Н.Нәлібаев

5

Қызылорда қаласының шет аймақтарында орналасқан мөлтек аудандарының көшелеріне жөндеу жүргізу

2019 - 2021 жылдар

Облыстық,

қалалық бюджет

С.Сүлейменов

Е.Әбдіқалықов

Н.Нәлібаев

Ескертпе: Барлығы 36 мәселе: Оның ішінде: Қоршаған ортаны қорғау-2; жолдарды  жөндеу және құрылыс саласы - 10; газбен қамту саласы - 5; сумен қамту- 4; электрмен қамту-1;-әлеуметтік саласы-11; басқалары -3.

Орталық атқарушы органдармен шешімін қажет ететін - 11,

 жергілікті атқарушы органдармен шешімін қажет ететін-19 ,

мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде- 6.


2019 жылы әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің барысында көтерілген және орталық деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелердің

ТІЗБЕСІ (жол картасы)

Р/с

Мәселенің атауы

Жауапты МО

Мәселенің шешу жолдары

Жолдарды салу және жөндеу

Аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар  қалалар, ауылдық елді мекендер әкімдерінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

 

Қызылтам елді мекеніне кірме жолды қайта жаңғырту (Қармақшы ауданы)

ИИДМ

Орындалуда.

Қызылорда облысының әкімдігі 2019 жылдың 25 ақпанында №04/1-6/1158 санды хатпен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру  барысында, республикалық бюджеттен 50-де 50 паритеті негізде «Қызылтам елді мекеніне кірме жолды қайта жаңарту» жобасын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолдады.

Қайта жаңғырту  жұмыстарының жалпы  құны 383 253 мың теңге. 

2022 жылдың қорытындылары бойынша  жақсы және

қанағаттанарлық күйдегі автожолдар желісін 72%-ға дейін

арттыру мақсатында жобаны іске асырылуы 2019 жылғы

6 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген

«Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың

2019–2022 жылдарға арналған кешенді жоспарында»

көзделген.

 

2.

Бестам мен Алғабас елді мекендерін қосатын «Самара-Шымкент-Шиелі-Жемісжидек» трассасындағы жол учаскесіне орташа жөндеу жүргізу (Шиелі ауданы)

ИИДМ

Орындалуда.

Қызылорда облысының әкімдігі 2019 жылдың 25 ақпанында №04/1-6/1157 санды хатпен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру  барысында республикалық бюджеттен 50-де 50 паритеті негізде «Самара-Шымкент-Шиелі-Жеміс-жидек» 13 км (0-13 км) автомобиль жолын орташа жөндеу» жобасын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолдады.  

Жөндеу жұмыстарының жалпы  құны 469 525 мың теңге.

2022 жылдың қорытындылары бойынша  жақсы және

қанағаттанарлық күйдегі автожолдар желісін 72%-ға дейін

арттыру мақсатында жобаны іске асырылуы 2019 жылғы

6 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген

«Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың

2019–2022 жылдарға арналған кешенді жоспарында»

көзделген.

 

3.

Белкөл кентінде (Қызылорда қаласы) темір жолдар арқылы жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу бойынша тиісті шаралар  қабылдау

ҰЭМ

Орындалуда.

Қызылорда облысының әкімдігі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне  2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру  барысында «Белкөл кентінде (Қызылорда қаласы) темір жолдар арқылы жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу» жобасын қаржыландыру  үшін бюджеттік өтінім жолдады.  

Жобаның құны 238 068  мың теңге.

 

Газбен жабдықтау

Облыс әкімінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

4.

Жақсықылыш елді мекеніне газ құбырын жүргізу (Арал ауданы)

ЭМ

Орындалуда.

«Арал ауданы Жаксықылыш кентіне газ жеткізу құбырының және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жобасын  іске асыру мақсатында 2019 жылы республикалық бюджеттен 389 319 мың теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаждық жұмыстарының мердігерін анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.

Жобаны іске асырылуы 2019 жылғы 6 маусымдағы                        

№ 375 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысын  

әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019–2022 жылдарға

арналған кешенді жоспарында» көзделген.

 

Аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар  қалалар, ауылдық елді мекендер әкімдерінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

5.

Жалағаш кентін газдандандыру (Жалағаш ауданы)

ЭМ

Орындалуда.

2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті сәуір айындағы нақтылауында «Тереңөзек-АГТС-тен Жалағаш-БГРП-ге дейін 1,2 МПА жоғары қысымды бұрма-газ құбырын және Жалағаш кентінің орамаішілік газбен жабдықтау желілерін салу» жобасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 1 369 070 мың теңге қаржы жоспарланды.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаждық жұмыстарының мердігерін анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.

Жобаның жалпы құны 3 592 209 мың теңге. Оның ішінде: РБ-3232988 мың теңге, ОБ-359221 мың теңге.

Жобаны іске асырылуы 2019 жылғы 6 маусымдағы                        

№ 375 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысын  

әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019–2022 жылдарға

арналған кешенді жоспарында» көзделген.

 

Сумен жабдықтау

Аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар  қалалар, ауылдық елді мекендер әкімдерінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

6.

Шөміш елді мекеніне су құбыры желілерін жүргізу (Арал ауданы)

ИИДМ

Орындалуда.

2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру барысында Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан аталған жобаны қаржыландыру мақсатында  құны 288,9 млн.теңгеге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрлігіне тиісті бюджеттік өтінім тапсырылды.

Жобаны іске асырылуы 2019 жылғы 6 маусымдағы                        

№ 375 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысын  

әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019–2022 жылдарға

арналған кешенді жоспарында» көзделген.

 

Облыс әкімінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

7.

Ақбасты елді мекеніне су құбыры желілерін жүргізу (Арал ауданы)

АШМ

Орындалуда.

2018 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен «Қызылорда облысы Арал ауданы Ақбасты елді мекенін Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосу және Арал ауданы Ақбасты елді мекенін сумен жабдықтау тармағын салу» жобасының жоба – сметалық құжаты әзірленіп, 2018 жылдың 29 қарашасында мемлекеттік сараптаманың №14-0197/18 оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 3,0 млрд.теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта жобаны одан әрі іске асыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Су ресурстары комитетінің желісі бойынша әзірленген жобаны республикалық меншікке теңгерімге беру мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жобаны іске асырылуы 2019 жылғы 6 маусымдағы                        

№ 375 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысын  

әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019–2022 жылдарға

арналған кешенді жоспарында» көзделген.

 

Аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар  қалалар, ауылдық елді мекендер әкімдерінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

8.

Жанқожа батыр елді мекеніндегі тұрғын үйлерге су құбыры желілерін жүргізу (Қазалы ауданы)

ИИДМ

Орындалуда.

 «Қазалы ауданының Жаңқожа батыр елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу» жобасының құны 114,5 млн.теңгені құрайды. 

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының критерияларына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландыруға құны кемінде 200 млн.теңге болатын жобалар жіберіледі.

Осыған байланысты, аталған жобаны қаржыландыру мәселесі 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында қаралатын болады.   

 

Әлеуметтік объектілерді салу және жөндеу

Аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар  қалалар, ауылдық елді мекендер әкімдерінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

9.

Үлгілік аудандық орталық аурухана құрылысы (Жалағаш ауданы)

ДСМ

Орындалуда.

2019 жылы «Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде 100 төсектік орталық аудандық аурухананың құрылысы» жобасын бастауға республикалық бюджеттен 450000 мың теңге қаржы жоспарланды.

 

Әртүрлі

Облыс әкімінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

10.

Жанкент қалашығында қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

МСМ

Орындалуда.

2019 жылы Жанкент қалашығында қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми-реставрациялау жұмыстарына республикалық бюджеттен 11,0 млн.теңге қаржы жоспарлануда.  

 

Аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар  қалалар, ауылдық елді мекендер әкімдерінің кездесу барысында көтерілген мәселелер

11.

Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ "Жосалы" қосалқы қондырғысын қайта жаңғырту (Қармақшы ауданы)

ЭМ

Орындалуда.

«Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ "Жосалы" қосалқы қондырғысын қайта жаңғырту» жобасын  іске асыру мақсатында 2019 жылы республикалық бюджеттен 610 645 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждық жұмыстарының мердігерін анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.

 

Ескертпе:

Қызылорда облысы бойынша барлығы 11мәселе, оның ішінде:

- жолдарды салу және жөндеу саласында – 3;

- газбен жабдықтау саласында – 2;

- сумен жабдықтау саласында – 3;

- әлеуметтік объектілерді салу және жөндеу – 1;

- әртүрлі – 2.

 

 

Құрылған күні: 01-07-2019 16:13
Жаңартылған күні: 19-10-2019 14:08
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика