ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ


БЕКІТЕМІН»

Қызылорда облысының әкімі

_______________ Қ.Е. Көшербаев

2018 жылғы «22» ақпан

Қызылорда облысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен өткізілген

есепті кездесулерінде  көтерілген өзекті мәселелердің

ТІЗБЕСІ

Р/с

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көзі

Жауапты орындаушы

Арал ауданы (5 мәселе)

1

Арал қаласында көп қабатты тұрғын үйлер салу

2018-2019 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М. Оразбаев

М.Әлсеріков

2

Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп салу

2018-2019 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов М.Оразбаев

М.Әлсеріков

3

Сексеуіл кентіндегі тұрғын үйлердің су құбыры желісіне қосу (сервистік желі)

2018 жыл

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов М.Оразбаев

М.Әлсеріков

4

Бөген ауылдық округіндегі «Тұщы-1», «Тұщы-2» көлдеріне мелиорациялық жұмыстар жүргізу

2018-2019 жылдар

Облыстық бюджет

С.Қожаниязов

М. Оразбаев

Н. Жолдасбаев

5

Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автомобиль жолының 83,4 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2018-2019 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

М. Оразбаев

Е. Әбдіқалықов

Қазалы ауданы (3 мәселе)

6

Қазалы қаласына табиғи газ жүргізу жобасының ЖСҚ-ын әзірлеу

2018 жыл

Республикалық бюджет

(Облыстық бюджет – ЖСҚ әзірлеу)

С.Сүлейменов

М. Ергешбаев

М. Усаин

7

Жанқожа батыр ауылына ауыз су жүргізу жобасының ЖСҚ-ын әзірлеу

2018 жыл

Республикалық бюджет

(Аудандық бюджет – ЖСҚ әзірлеу)

С.Сүлейменов

М. Ергешбаев

М. Усаин

8

Майдакөл ауылына ауыз су жүргізу жобасының ЖСҚ-ын әзірлеу

2018 жыл

Республикалық бюджет

(Аудандық бюджет – ЖСҚ әзірлеу)

С.Сүлейменов

М. Ергешбаев

М. Усаин

Қармақшы ауданы (3 мәселе)

9

Төретам кентіндегі сор көлге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу

2018 жыл

Облыстық бюджет

С. Қожаниязов С.Мақашов

Н.Жолдасбаев

10

Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіне Байқожа елді мекенінен ауыз су желісін тарту жобасының ЖСҚ-ын әзірлеу

2018 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов С.Мақашов

М.Усаин

11

Иіркөл және Төребай ауылдық округтеріндегі «Балажарма» каналына тазарту жұмыстарын жүргізу

2018 жыл

Облыстық бюджет

С.Қожаниязов С.Мақашов

Б.Арыстанбаев

Н.Жолдасбаев

Жалағаш ауданы (5 мәселе)

12

Жалағаш кентіне және Қаракеткен, Еңбек ауылдарына аяқ су тарту

2018 жыл

Облыстық бюджет

С. Қожаниязов

Қ. Сәрсенбаев

13

Жаңақоныс елді мекенінің ауыз су жүйесін жаңғырту жобасының ЖСҚ-ын әзірлеу

2018-2019 жылдар

Аудандық бюджет

С.Сүлейменов

Қ. Сәрсенбаев

М.Усаин

14

Таң ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысын салу

2018-2019 жылдар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында

Е. Ким

Қ. Сәрсенбаев

С. Құлымбетова

15

Сырдария өзенінің Ақсу ауылдық округіндегі бөгеттерді күшейту, су тасу қаупінің алдын алу шараларын күшейту («Әшірман»-«Қорғаншы» аралығындағы бөгеттер)

2018 жыл

Облыстық бюджет

С. Сүлейменов

Қ. Сәрсенбаев

С.Сермағамбетов

16

Мақпалкөл, Аламесек, Таң және Ақсу ауылдық округтерінің ескірген электр желілерін ауыстыру

2018-2019 жылдар

Облыстық бюджет

С. Сүлейменов

Қ. Сәрсенбаев

М. Усаин

Шиелі ауданы (4 мәселе)

17

«Самара-Шымкент-Шиелі-Жемісжидек» трассасының Бестам мен Алғабас елді мекендерін қосатын учаскесіне күрделі жөндеуден өткізу

2018-2019 жылдар

Республикалық бюджет

С. Сүлейменов

Ә. Оразбекұлы

Е. Әбдіқалықов

18

Ботабай елді мекеніне ауыз су жүргізу

2018-2019 жылдар

Республикалық бюджет

С. Сүлейменов

Ә. Оразбекұлы

М. Усаин

19

Ақтоған ауылдық округіндегі №155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу

2018-2019 жылдар

Аудандық бюджет

С. Сүлейменов

Ә. Оразбекұлы

А. Қасымова

20

Алмалы ауылдық округіне қарасты «Лесхоз» елді мекеніндегі жер телімдерін заңдастыру

2018-2019 жылдар

Облыстық бюджет

С. Қожаниязов Ә.Оразбекұлы

Ш.Қойшыбаев

Жаңақорған ауданы (5 мәселе)

21

Облыстық маңызы бар «Келінтөбе-Көктөбе» автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу

2018-2019 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов Ғ.Әміреев

Е. Әбдіхалықов

22

Шалқия кентінде 150 орындық клуб үйін салу

2018 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов Ғ.Әміреев

М.Әлсеріков

23

Өзгент  ауылдық округінде 150 орындық клуб үйін салу

2018 жыл

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында

Е. Ким

Ғ.Әміреев

М.Әлсеріков

24

Өзгент ауылдық округінде амбулаториялық емхана салу

2018 жыл

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында

Е. Ким

Ғ.Әміреев

М.Әлсеріков

25

Жаңақорған кентінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту

2019 жыл

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов Ғ.Әміреев

М.Усаин

Қызылорда қаласы (7 мәселе)

26

Саяхат мөлтек ауданында 300 орындық мектеп салу

2018-2019 жылдар

Республикалық бюджет

С.Сүлейменов

Н. Нәлібаев

М. Әлсеріков

27

Белкөл кентіндегі 2-Линия, Зеленая көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу

2018 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Н. Нәлібаев

Е. Әбдіқалықов

28

Абай, Досан, Қарауылтөбе және Ақсуат елді мекендеріне газ жүргізу жобасының ЖСҚ-ын әзірлеу

2018 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Н. Нәлібаев

М. Усаин

29

Досан елді мекенінің 16 көшесін жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу

2018 жыл

Облыстық бюджет

С.Сүлейменов

Н. Нәлібаев

Е. Әбдіқалықов

30

Ақсуат ауылдық округінің шеткі көшелерінде жаңадан бой көтерген үйлерге қосымша электр желілерін және ауыз су құбырларын тарту

2018 жыл

Аудандық бюджет

С.Сүлейменов

Н. Нәлібаев

М. Усаин

31

«Сабалақ» саяжайы жер телімдеріне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын дайындау

2018 жыл

Қалалық бюджет

С.Сүлейменов

Н. Нәлібаев

М. Әлсеріков

32

Қызылорда қаласының сол жағалауында физика-математикаға бейімделген 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернатының құрылысын салу

2018 жыл

Республикалық бюджет

(Облыстық бюджет-ЖСҚ әзірлеу)

С.Сүлейменов

Н. Нәлібаев

М. Әлсеріков


Есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат

 

№ п/п

Өзекті мәселе

Жауапты ЖАО

Шешу жолдары

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыс әкімінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

1

«САРАТС-2» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Арал ауданы әкімдігі

САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру мәселесі өзбек тарапының негізсіз ұстанымынан созылуына байланысты бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің  4-уін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, республикалық бюджет есебінен бастау жөнінде шешім қабылданды.

Соның ішінде, үш компонент (Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша  учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзетуді және Қызылорда су торабын кешенді жөндеу) Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасының және бір компонент (Қазалы ауданында Бірлік елді мекені тұсында көпір салу) компоненті Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Дегенмен, аталған компоненттер Жол картасына енгізілседе, оларды қаржыландыру мәселесі 2018 жылдың республикалы бюджет жобасында қарастырылмаған.

2017 жылғы қазан айында Дүниежүзілік банк сарапшылары «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші фазасын (ПУИД-2) жүзеге асыруға қолдау көрсету және Арал теңізі бассейнінің қазақстандық бөлігін кешенді дамытудың жобасын талқылау мақсатында  Қызылорда облысында жұмыс сапармен болды.

Дүниежүзілік банк САРАТС-2 жобасындағы 6 компоненттің                      4-і республикалық бюджет есебінен іске асырылатындығына байланысты, жобаның атауын Арал теңізі бассейнінің қазақстандық бөлігін кешенді  дамыту жобасы деп өзгертіп, Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға байланысты қосымша компонеттерді енгізу мүмкіндігін қарастыратындығын ұсынуда.

Осыған орай, мынадай бірнеше компоненттерді енгізуді қарастыру ұсынылды.

1- «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (бір денгейлі немесе екі денгейлі нұсқа);

2-Арал теңізінің шығыс жағалауыдың және елді мекендердің бойында көп ярусты "Жасыл белдеуді" құру;.

3-«Арал теңізінің қазақстандық бөлігінің балық қорын сақтау және дамыту»;

4–«Сырдария өзенінің төменгі жағындағы суармалы жерлерді суару кезінде суды беру және суаруға суды үнемдейтін технологияларды енгізу»;

5–«Арал теңізінің және Сырдария өзенінің қазақстандық бөлігіндегі қоршаған ортаның жағдайының автоматтындырлған мониторинг жүйесін құру»;

6–«Арал теңізінің бассейніндегі отардағы жайылымдықтарды суландыру»;

7 – «Арал теңізінің аймағында эко-туризмді дамыту»;

 8 –«Аралдың құрғаған ұлтанына орман мелиоративтік жұмыстар жүргізу».

Қазіргі таңда, Дүниежүзілік Банктің миссиясының өкілдері 2017 жылдың қазан айында Қазақстанға келген сапары нәтижесінде аталған мәселе бойынша концептуалдық жазба әзірлеуде.

Аудандар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

2

Қазалы ауданында САРАТС-2 жобасы аясында Сырдария өзені бойындағы Қарлаң учаскесіне көпір құрылысын және Абай ауылынан Әлсейіт учаскесіне дейінгі аралыққа қорғаныс бөгеттерін салу

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Қазалы ауданы әкімдігі

САРАТС-2 жобасының құрамында Қазалы ауданындағы ұзындығы 29 км қорғау бөгеттерінің және Қазалы ауданы Бірлік ауылының жанынан автокөлік көпірінің құрылысы қарастырылған. Осы компонент құрылысын республикалық бюджет қаражаты есебінен салу қажет.                         

Көпір құрылысының құны - 3570 млн.теңгені құрайды.

Қорғау бөгеттерінің құны - 1747 млн.теңгені құрайды.

  • іске асырылу мерзімі: шамамен 2017-2021 жылдар;
  • қаржыландыру көздері: Республикалық бюджет;

Аталған мәселе орталық мемлекеттік органдардың деңгейінде қаралуда.

3

Шиелі ауданындағы К-1, К-3, К-4, К-9, Телікөл қашыртқыларын қайта қазып, ызадан құрғату жұмыстарын іске асыруға қаржы бөлу

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Шиелі ауданы әкімдігі

Шиелі ауданындағы К-1, К-3, К-4, К-9, Шиелі-Телкөл қашыртқылары «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының теңгеріменде.  2017 жылы республикалық бюджеттен К-3 қашыртқысының 5,3 шақырымын тазалауға- 34,9 млн. теңге, К-4 қашыртқысының 8 шақырымын тазалауға - 11,9 млн. теңге, Шиелі-Телкөл қашыртқысының 4,2 шақырымын тазалауға -24,3 млн. теңге бөлінді.

4

Арал ауданының Ақирек ауылдық округіне қарасты «Қаһар», «Шолақарық», «Кеңесарық» каналдарын тазалау және Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі  «Нұралы»  каналына су реттегіш тоспа (шлюз) салу

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Арал ауданының әкімдігі

 

Ұзындығы 4,5 км «Қахар» каналы мен ұзындығы 6,7 км «Шолақарык» каналы Ақирек ауылдық округін, ал ұзындығы 5,8 км «Кенесарык» каналы Бекбауыл ауылдық округін аяқсумен қамтамасыз етеді. Бұл нысандар облыстық коммуналдық меншікке 2016 жылы қабылданған. Аталған каналдарға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу  үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 2018 жылға 7,7 млн. теңге қаржы бөлінді.

- іске асыру мерзімі: шамамен 2018-2019 жылдар;

- қаржыландыру көздері: облыстық бюджет;

 - іске асыру тетігі: Қызылорда облысының аймақтарды дамыту                  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде

5

Қазалы ауданындағы «Ақсай» арнасы арқылы «Әбекен» каналы мен «Томай» көлін суландыру

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Қазалы ауданының әкімдігі

 

Ұзындығы 10,5 км «Абекен» каналы Сарыкөл ауылын аяқсумен қамтамасыз етеді. Канал облыстық коммуналдық меншікке 2016 жылы қабылданған. Алғашқы кезекте жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет, ал кейіннен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесі қаралады.

- іске асыру мерзімі: шамамен 2018-2019 жылдар;

- қаржыландыру көздері: облыстық бюджет;

 - іске асыру тетігі: Қызылорда облысының аймақтарды дамыту                  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде

6

Қазалы ауданындағы Бозкөл ауылдық округіндегі «Дөненбай» каналына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу

 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

 Қазалы ауданының әкімдігі

 

Ұзындығы 2,3 км «Дөненбай» каналы Бозкөл ауылын аяқсумен қамтамасыз етеді. Аталған каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу  үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 2018 жылға 1,2 млн. теңге қаржы бөлінді.

- іске асыру мерзімі: шамамен 2018-2019 жылдар;

- қаржыландыру көздері: облыстық бюджет;

 - іске асыру тетігі: Қызылорда облысының аймақтарды дамыту                  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде

7

Қармақшы ауданындағы Төребай би ауылының «Балажарма» каналын күрделі жөндеу және су тоспасы құрылысын жүргізу

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

 Қармақшы ауданының әкімдігі

 

 

Ұзындығы 24,5 км «Балажарма» каналы Иіркөл ауылдық округін және Төребай би ауылын аяқсумен қамтамасыз етеді.

Аталған каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу  үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 2018 жылға 5,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Алайда, қаржыландыру мәселесі шешімін таппады.

- іске асыру мерзімі: шамамен 2019-2020 жылдар;

- қаржыландыру көздері: облыстық бюджет;

 - іске асыру тетігі: Қызылорда облысының аймақтарды дамыту                  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде

8

Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылдық округінің «Жетікөл» сағасына су реттегіш құрылымының құрылыс жұмыстарын жүргізу

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 Қармақшы ауданының әкімдігі

 

Алғашқы кезекте тиісті зерттеулер жүргізіледі, кейіннен гидротехникалық құрылғының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді.

- іске асыру мерзімі: шамамен 2020 жыл;

- қаржыландыру көздері: облыстық бюджет;

 - іске асыру тетігі: Қызылорда облысы аймағын дамытудың                  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде

9

Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округінің «Меней» каналына күрделі жөндеу және каналды 2-3 шақырым ұзарту жұмыстарын жүргізу

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 Қармақшы ауданының әкімдігі

 

Ұзындығы 2,0 км «Меней» каналы Көмекбаев ауылдық округін аяқсумен қамтамасыз етеді.

Аталған каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу  үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 2018 жылға 1,2 млн. теңге қаржы бөлінді.

- іске асыру мерзімі: шамамен 2018-2019 жылдар;

- қаржыландыру көздері: облыстық бюджет;

 - іске асыру тетігі: Қызылорда облысы аймағын дамытудың                  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде

10

Шиелі ауданының Майлытоғай ауылдық округіндегі «Бозарық», Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Көк су» каналдарын тазалауға қаржы бөлу

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 Шиелі ауданының әкімдігі

Ұзындығы 14 км «Бозарық» каналы Майлытоғай ауылдық округін аяқсумен қамтамасыз етеді. «Бозарық» каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу  үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 2018 жылға 3,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

- іске асыру мерзімі: шамамен 2018-2019 жылдар;

- қаржыландыру көздері: облыстық бюджет;

 - іске асыру тетігі: Қызылорда облысының аймақтарды дамыту                  2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР, ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР САЛУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ  

          Облыс әкімінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

11

Қызылорда қаласындағы Жылу электр орталығын жаңғырту

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің және ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың Қызылорда облысына жұмыс іс- сапары шеңберінде бұл жоба қолдауын тапты.

Елбасының тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысында қуаттылығы 400-450 МВт құрайтын жаңа электр стансасының құрылысын салу көзделген. Алайда, бүгінгі күнге  ірі инвестордың жоқтығына байланысты аталған жобаның жүзеге асырылуы тоқтатылуда.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 15-16 қарашасында  «Байқоңыр инвест» IХ халықаралық инвестициялық форумы аясында  Қызылорда облысы әкімдігі мен «Yildizlar SSS Holding A.S» түрік компаниясы арасында Қызылорда облысында қуаттылығы 138 МВт құрайтын газ поршендік электр стансасы құрылысын салу бойынша меморандумға қол қойылды. Жобаның іске асырылу мерзімі 2018-2019 жылдары. Аталған жобаның іске асырылу нәтижесінде  аймақтағы  электр энергия тапшылығының  төмендеуі күтілуде.

 

12

Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлу шараларын жүргізу

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Қызылорда қаласының әкімдігі

01.01.2018 жылы Қызылорда облысының тұрғын үй қорын 1167 көппәтерлі тұрғын үйлер құрап отыр. Оның ішінде 629 үйге күрделі жөндеу қажет. "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жаңғырту" (2011-2014 жж.) және "Өңірлерді дамыту 2020" (2015-2020жж.) бағдарламалары шеңберінде 2011-2016 жылдар аралығында облыс бойынша барлығы 160 көппәтерлі тұрғын үйлер жөнделді. 2017 жылы аудандық бюджеттерден 50,9 млн. теңге бөлініп 10 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Қызылорда қаласы бойынша қайтарым қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Амангелді көшесі №109 үй бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

13

Қазалы ауданының Әйтеке би кентіне кәріз жүйесін жүргізу

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Қазалы ауданының әкімдігі

2013 жылы облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 227 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге ЖСҚ толық әзірленген жоқ. Жобаның болжамды құны  - 15 млрд.теңге.

Кәріз жүйесінің құрылысы күрделі және ауқымды қаржыны қажет етеді.

Сондықтан Қазалы ауданының әкімдігі Әйтеке би кентіндегі кәріз жүйесі құрылысы жобасына біріншіден, облыстағы сумен қамту және суды бұрудың бірыңғай операторы - ОДСП "Арал" филиалына тиісті құжаттарды ұсынып, келісім алуы керек (қолданыстағы су көлемінің жетуі, жүйенің сызбасы,т.б.). Содан кейін жобаға техникалық-экономикалық негіздеме жасау қажет.

14

Жалағаш ауданының ауылдық округтеріндегі ескірген электр жүйелерін жаңалау

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Жалағаш ауданы әкімдігі

Жалағаш аудандық электр торабы арқылы Жаңадария, Бұқарбай батыр, Қаракеткен, Мырзабай ахун елді мекендерінде 11 дана  ТП, КТП (Н) -10/0,4 кВ қосалқы станцияларына (ҚС) 652  мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Одан басқа Жалағаш-Жаңаталап, Таң Л-40 35 кВ, Жалағаш-Тереңөзек Л-38 35 кВ әуе желілерінің 81,5 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

10 кВ әуе желісі бойынша Аққұм 35/10 кВ ҚС шығатын ф.Аққұм, ф.Ильич, ф.ЦУ 10 кВ әуе желілерінің - 24,46 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

0,4 кВ әуе желілері бойынша Жаңадария елді мекеніндегі №333, 332 10/0,4 кВ ҚС, Қаракеткен елді мекеніндегі №130,133,125 10/0,4 ҚС, Аққыр елді мекеніндегі №246, 247 10/0,4 кВ ҚС, Ақарық елді мекеніндегі №271,278 10/0,4 кВ ҚС, Мырзабай ахун елді мекеніндегі №206, 207, 208 10/0,4 кВ шығатын 0,4 кВ әуе желілерінің                     26,95 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

35/10 кВ ҚС бойынша Жаңадария елді мекеніндегі 35/10 кВ 1 дана ҚС жалпы құны 101,0 мың теңге құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізу барысы

35 кВ әуе желісі бойынша жалпы ұзындығы 65,1 шақырым Жалағаш-Аққұм, Калинин, Еңбек Л-39 35 кВ және 27,6 шақырым Жаңаталап-Аққыр Л-25 35 кВ әуе желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

10 кВ әуе желілері бойынша 35/10 кВ «Еңбек» ҚС шығатын ф.Ақарық, 35/10 кВ «Мәдениет» ҚС шығатын ф.Зерноток, 35/10 кВ «Жаңадария» ҚС шығатын ф.Жаңадария,  Калинин 35/10 кВ ҚС шығатын 10 кВ әуе желілерінің 15,63 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

0,4 кВ әуе желілері бойынша Мәдениет е/м №193,196,198,203,205, Таң е/м №187,154,162,157, Еңбек е/м №261 10/0,4 кВ ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілерінің - 19,22 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

35/10 кВ ҚС бойынша барлығы -2 дана ҚС жөндеу жұмыстары жүргізілді: Бұқарбай батыр елді мекеніндегі және Таң елді мекеніндегі 35/10 кВ ҚС-на, ТП, КТП(Н)-10/0,4 кВ бойынша барлығы 15 дана ҚС жөндеу жұмыстары жүргізілді: Мәдениет е/м - №193,203,218,347,196, Таң  е/м  - №154,160,181, Жалағаш кентіндегі №31, 17, 29, 2, 24, Ақсу е/м - №57, 64 10/0,4 кВ ҚС-на қаралған 18798,9 мың теңге қаражатқа күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды

Сонымен қатар, Ақарық, Бұқарбай батыр, Аққұм, Қаракеткен, Мырзабай ахун елді мекендерінің электрмен қамту жүйелерін қайта жаңғырту мақсатында ЖСҚ әзірленуге және сараптамадан өткізуге қаржы бөлуіне облыстық ЭжБЖ басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылды (21.11.2017 жылғы №06-08/3274).

15

Шиелі ауданының Шиелі кентіндегі ескірген кәріз жүйелерін ауыстыру және жаңадан канализациялық сорғы станциясын салу

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Шиелі ауданының әкімдігі

2013 жылы облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 73 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге ЖСҚ толық әзірленген жоқ,  Жобаның болжамды құны  - 20 млрд.теңге.

Кәріз жүйесінің құрылысы күрделі және ауқымды қаржыны қажет етеді. Сондықтан Шиелі ауданының әкімдігі Әйтеке би кентіндегі кәріз жүйесі құрылысы жобасына біріншіден, облыстағы сумен қамту және суды бұрудың бірыңғай операторы -  "Арал" салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалына тиісті құжаттарды ұсынып, келісім алуы керек (қолданыстағы су көлемінің жетуі, жүйенің сызбасы,т.б.). Содан кейін жобаға техникалық-экономикалық негіздеме жасау қажет.

16

Арал ауданының Қосаман, Беларан елді мекендерінің электр желілерін жаңарту

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Арал ауданының әкімдігі

 

2017 жылы «ҚЭТТК» АҚ қаражаты есебінен 223,7 шақырым 35 кВ (Л-16, Л-22, Л-87, Л-72), 46,83 шақырым 10 кВ, 25,6 шақырым      10/0,4 кВ № 3,12,13,41,19,17,4 ҚС шығатын  әуе желілеріне, 10 дана 10/0,4 кВ ҚС күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

96,75 шақырым 35 кВ (Л-20,15,70,71), 46,8 шақырым 10 кВ (ф.Акбай,ф.Токабай, ф.Боген, ф.Насосная),  31,6 шақырым №82,84,85,86,87,88,128,129,130,132,133,141,142  ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілеріне және 11 дана №82,84,85,86,87,88,132,128,129,130 10/0,4 кВ ҚС ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оған қоса, Арал ауданының әкімдігі тарапынан электр желілерін қайта жаңғыртуға бюджеттік өтінім ұсынылу қажет.

17

Қызылорда қаласында апаттық үй тұрғындарына арналған тұрғын үйлер құрылысын жүргізу

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

 Қызылорда қаласының әкімдігі

 

Қызылорда қаласы бойынша апатты уйлердің орнына 2013-2016 жылдар аралығында 4 көп-пәтерлі үй (204 пәтер) пайдалануға берілді. Оның ішінде:

2013 жылы 1 (24-пәтерлі) үй берілді (Титов қыстағында);

2015 жылы – 1 (60-пәтерлі) үй берілді (Титов қыстағында);

2016 жылы – 2 (60-пәтерлі) үй (Жаппасбай батыр көшесі).

Апаттық жағдайдағы үйлердің мәселесін шешу мақсатында апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға Қызылорда қаласындағы Титов қыстағында, Жаппасбай көшесі бойындағы салынған тұрғын үйлерден 309 пәтер табысталды. Осыған байланысты, Қызылорда қаласында бұл мәселе толығымен шешімін тауып отыр.  

 

 

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Аудандар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

18

Арал ауданының Сексеуіл кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Арал ауданының әкімдігі

2014-2015 жылдары облыстық бюджет есебінен АГРС (автоматтандырылған газ бөлу станциялары), газ жеткізуші құбырын және Сексеуіл кентінде кварталішілік газ бөлу желілерін  қондырумен бірге «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ-бұру құбыры құрылысының жобасы әзірленді.

2016-2017 жылдары осы жобаны іске асыру үшін облыс әкімдігімен орталық атқарушы органдарға  бюджеттік өтінімдер жолданды.

Сексеуіл кентінің тұрғындар саны 10 мың адамнан асады.

Жобалардың құны -2,4 млрд.теңгені құрайды.

2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында жобаны қаржыландыру мәселесі қолдау тапқан жоқ.

19

Арал ауданының Қосаман ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Арал ауданының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі мен «КазТрансГазАймақ» АҚ арасындағы меморандумға сәйкес 2015 жылы 1 кезеңде 7 аудан орталықтардың 4-уіне (Арал, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған) және Байқоңыр қаласына газ жүргізілді.

Екінші кезеңде қалған 3 аудан орталықтарын газдандыру жоспарланып отыр (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек). Республикалық бюджеттен 11,2 млрд.теңге көлемінде жалпы сома қажет.

Қызылорда облысын газдандырудың үшінші кезеңінде қалған елді мекендері тұрғындар санына қарай, газ құбырынан алшақ орналасуына және елді мекеннің болашақтағы дамуына байланысты  газдандырылады.

 Қосаман елді мекенінде 403 адам тұрады.

20

Қазалы ауданының Ақсуат ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Қазалы ауданы әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі мен «КазТрансГазАймақ» АҚ арасындағы меморандумға сәйкес 2015 жылы 1 кезеңде 7 аудан орталықтардың 4-уіне (Арал, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған) және Байқоңыр қаласына газ жүргізілді.

Екінші кезеңде қалған 3 аудан орталықтарын газдандыру жоспарланып отыр (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек). Республикалық бюджеттен 11,2 млрд.теңге көлемінде жалпы сома қажет.

Қызылорда облысын газдандырудың үшінші кезеңінде қалған елді мекендері тұрғындар санына қарай, газ құбырынан алшақ орналасуына және елді мекеннің болашақтағы дамуына байланысты  газдандырылады.

Ақсуат елді мекенінің тұрғындар саны 974 адамды құрайды.

21

Қармақшы ауданының Жосалы кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Қармақшы ауданы әкімдігі

2017 жылы АГРС (автоматтандырылған газ бөлу станциялары) қондырумен бірге «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ-бұру құбырынан газ-бұру құбыры құрылысын бастау үшін республикалық бюджеттен 500 млн.теңге,  облыстық  бюджеттен 55,6 млн.теңге  қаржы бөлінді.

Сонымен бірге, 2018 жылы аталған жобаның құрылысын аяқтау үшін республикалық бюджеттен 892,2 млн.теңге, облыстық бюджеттен 99,1 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

 

22

Қармақшы ауданының Төретам кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Қармақшы ауданы әкімдігі

2014 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Төретам кентінде  газ жеткізуші құбыры және кварталішілік газ бөлу желілерінің  құрылысы жобасы әзірленді.

2016-2017 жылдары осы жобаларды іске асыру үшін облыс әкімдігімен орталық атқарушы органдарға бюджеттік өтінімдер жіберілген.

Жобаның құны -1,15 млрд.теңгені құрайды.

2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында Төретам кентінде  газ жеткізуші құбыры және квартал-ішілік газ бөлу желілерінің  құрылысын қаржыландыру мәселесі қолдау тапқан жоқ.

23

Жалағаш ауданының Жалағаш кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Жалағаш кентінің әкімдігі

Жалағаш кентін газдандыру жобасының мерзімі аяқталуына байланысты, «Тереңөзек АГРС-тен Жалағаш ГГРП-на дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбыры-бұрмасының және Жалағаш кентінде газ жеткізу құбырының және кварталішілік желілерінің құрылысы» жобасының әзірлеуге және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 2018 жылы облыстық бюджеттен 134 ,9 млн.теңге қаржы бөлінді.

24

Сырдария ауданының Тереңөзек кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Сырдария ауданының әкімдігі

 

2018жылы АГРС (автоматтандырылған газ бөлу станциялары) қондырумен бірге «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ-бұру құбырынан газ-бұру құбыры құрылысын бастау үшін республикалық бюджеттен 1 091,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

 

25

Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Қызылорда қаласының әкімдігі

2013 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Қарауылтөбе елді мекенінде  газ жеткізуші құбыры және Қарауылтөбе елді мекенінің  кварталішілік газ бөлу желілерінің  құрылысы жобасы әзірленді.

2015-2016 жылдары осы жобаларды іске асыру үшін облыс әкімдігі тарапынан орталық атқарушы органдарға бюджеттік өтінімдер жіберілген. Аталған жобаның мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметалық құжатының жарамды мерзімі 2016 жылы бітіп кетуіне байланысты, жоба 2017-2019 жылдары қаржыландыруға ұсынылған жоқ.

Осыған байланысты, Қарауылтөбе елді мекенін газдандыру үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 24,7 млн.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

26

Қызылорда қаласының Қосшыңырау, Ақсуат, Қызылөзек ауылдық округтерін табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 Қызылорда қаласының әкімдігі

2017 жылы  Қызылорда қаласындағы Ақсуат елді мекені және оған қарасты Наурыз мөлтек ауданын газдандыруға  мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 10,3 млн.теңге қаржы бөлінді.  Қалған елді мекендерді газдандыру мәселесі кезең кезеңімен облыстық бюджет қаржысының мүмкіндігіне қарай қаралатын болады.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Аудандар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

27

Арал ауданының Шөміш, Абай, Қарашалаң елді мекендеріне ауыз су жүйесін жүргізу

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Арал ауданы әкімдігі

"Арал ауданы Тоқабай-Абай е.м. сумен қамту жүйесінің құрылысы" жобасына 2018 жылы ЖСҚ әзірлеуге ОБ-тен 47766,0 мың тг бөлінді. ЖСҚ әзірленген соң 2019 жылы РБ-тен қаржыландыруға ұсынылатын болады.

 Шөміш е.м. бойынша Арал аудандық әкімдігі тарапынан ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 2018 жылы 9 950 мың теңге бөлу жоспарланған. ЖСҚ әзірленген соң инвестбағдарламамен іске асыруға "Арал" филиалына ұсынылатын болады.

28

Жалағаш ауданының Таң ауылдық округі, Жаңақоныс елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Жалағаш ауданының әкімдігі

2018 жылы аудандық бюджет есебінен мемлекеттік сараптамасымен жоба-сметалық құжат әзірлеуге 4,1 млн.тг бөлінді

29

Шиелі ауданының Телікөл және Тартоғай ауылдық округтерінің ауыз суын «Жиделі топтық су құбырына қосу жұмыстарын аяқтауға қаржы бөлу

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Шиелі ауданы әкімдігі

Шиелі ауданы Жиделі топтық су құбырына 8 е/м (Алғабас Алмалы, Бидайкөл, Тәжібаев, Бала би (Телікөл), Жөлек, Бәйгеқұм,  Досбол би) қосу жұмыстары 2013 жылы басталған. Су ресурстары комитеті арқылы жүргізілуде. Жобаның сметалық құны 4,05 млрд. теңге, 2013-2016 жылдар аралығында барлығы 1,511 млрд.теңге қаржы бөлініп, игерілді. Қалған қажетті қаржы 2,2 млрд. теңге.

 2016 жылы 3 е/м қосылды (Бидайкөл, Алғабас, Алмалы). Қалған   5 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін 2017 жылы 800 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға келесі жұмыстар атқарылуда:

- Досбол би елді мекенінде 4,2 км қыстақішілік және 0,5 км сервистік желілер;

- Тәжібаев елді мекеніне дейінгі Жиделі топтық су құбырының      6,7 км тармағы;

- Бала би елді мекеніне дейінгі Жиделі топтық су құбырының 11,8 км тармағы мен насостық станцияның құрылысы.

 Құрылыс- монтаждық жұмыстарын жалғастыруға 2018 жылы - 400,0 млн.тг; 2019 жылы-857 млнтг; 2020 жылы -200 млн.тг бөлу жоспарланған.

30

Шиелі ауданының Талаптан, Бәйгеқұм, Жөлек, Тартоғай, Сұлутөбе, Бірінші мамыр және Бірлестік елді мекендеріне ауыз су жүргізу

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

 

Шиелі ауданы әкімдігі

Талаптан, Бәйгеқұм, Жөлек е.м. 8 ауылды Жиделі топтық су құбырына қосу жобасымен шешіледі.

2017 жылы облыстық бюджеттен Тартоғай, Шоқай, 1 Мамыр және Бірлестік елді мекендерінің сумен қамту жүйесін жаңғырту және Тақыркөл бас су қоймасынан №3 СКНСке дейін су тасымалдаушы су құбырының құрылысының жоба-сметалық құжаттарын (ЖСҚ) әзірлеуге 82,4 млн.тг қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда 1 Мамыр е.м. бойынша ЖСҚ мемсараптамасымен әзірленді. 2018 жылы ОДСП "Арал" филиалының инвестбағдарламасына  және Өңірлерді дамыту бағдарламасымен РБ-ға ұсынылатын болады.

Қалған е.м. бойынша жобалар мемсараптама қарауында

ЖОЛ САЛУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

Облыс әкімінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

31

«Қызылорда-Жезқазған» автожолына күрделі жөндеу жүргізу

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Облыстың өзекті мәселелерінің бірі болып – 424 км ұзақтықтағы «Қызылорда-Жезқазған» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Баянауыл-Қалқаман» учаскесін жаңғырту» жобасы табылады.

Бұл жолдың облыс экономикасы және жалпы республика үшін  стратегиялық маңызы бар, себебі Ресейді Орта Азия елдерімен, оңтүстік өңірлерді Қазақстан Республикасының орталық және солтүстік аудандарымен байланыстырады.

Осы жолдың бойындағы жүк ағынының бағыты Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстары және Өзбекстан үшін республиканың орталық облыстарына және Ресей Федерациясына бағытты 850 км қысқарады.

Дегенмен, ҚР Үкіметі мен Халықаралық қаржылық ұйымдар арасындағы әріптестік туралы келісімді іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 20-34/И-501 хаттамасымен  «Қызылорда-Жезқазған» республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңғырту» жобасы 2020-2022 жылдарға қалдырылған. Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрі Б.Ә.Сағынтаевтың үстіміздегі жылдың 28 шілдедегі Қызылорда облысындағы іс-сапары барысында ҚР Инвестициялар және даму министрілігіне 2018 жылы  республикалық бюджеттен 4,7 млрд.теңге қаржы бөлу мәселесін қарастыру тапсырылды.  ҚР инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне сәйкес (хат       № 1895-Д//11-5/05-1734 1.4. т., 28.09.2017 ж.) 2018-2020 жылдарға арналған  республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында «Жезқазған-Қарағанды» автомобиль жолының  250 шақырым үчаскесін орташа жөндеуден өткізуге 2,9 млрд.теңге жоспарлануда.

 

Аудандар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

32

Жалағаш ауданының Жалағаш кентіне айналма жол салу

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Жалағаш ауданы әкімдігі

Жалағаш ауданы әкімдігінің ұсынысы бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасының аяқталуына байланысты айналма жол салу жобасын жүзеге асыру қажеттілігі болмауда.

33

Қызылорда қаласының Қосшыңырау, Қарауылтөбе ауылдық округтерінің және Қызылөзек ауылдық округі, Айнакөл елді мекенінің кіреберіс жолдарын жөндеу

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Қызылорда қаласының әкімдігі

2016 жылы ұзақтығы 34 км болатын Қызылорда қаласының елді мекендеріне кірме жолдарын жөндеу үшін ведомстволық сараптамасымен жоба сметалық құжаттама әзірленді.

Жобаның құны  - 680,4 млн. теңгені құрайды.

2017 жылы облыстық бюджеттен Қосшыңырау, Қарауылтөбе ауылдық округтеріне кіре беріс автожолдарды жөндеуге  облыстық бюджеттен 159,7 млн.теңге қаржы бөлініп тиісті жұмыстар атқарылды. Қызылөзек ауылдық округіне кіреберіс жолын орташа жөндеуге 29,3 млн.теңге бөлу мәселесі бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін тиісті бюджеттік өтінім ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне ұсынылды.

34

Арал ауданының Қызылжар елді мекеніндегі өткел қайығы орнына қалқымалы көпір салу жолдарын қарастыру

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

 Арал ауданының әкімдігі

Қызылорда облысы Арал ауданының Қызылжар елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір салу жұмыстарының құрылысына 2017 жылы облыстық бюджетті нақтылау барысында көпір құрылысына 83,6 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждық жұмыстар толығымен аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

35

Қармақшы ауданының Төребай би, Иіркөл, Жаңажол ауылдарының кіре-беріс жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 Қармақшы ауданының әкімдігі

2018-2020 жылдарға арналған бекітілген облыстық бюджетінде Төребай би, Иіркөл, Жаңажол ауылдарының кіре-беріс жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 785,3 млн.теңге қаржы бөлінді.  

 

36

Шиелі ауданының Алмалы ауылдық округі жанынан өтетін «Самара-Шымкент» автожолының 7 шақырым жолын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қосу

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

 Шиелі ауданының әкімдігі

Елді мекен және аудан орталығы арасындағы көліктік байланысты автомобиль жолдарының қосылуы қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Шиелі ауданының әкімдігі тарапынан  жобаның жоба-сметалық құжаты әзірленуде.

Құрылыстың болжамдық құны - 150,0 млн.теңгені құрайды.

Ендігі жерде аталған жобаның жоба-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан өткізілген тиісті құжаты ұсынылған жағдайда, жобаны қаржыландыру мәселесі қарастырылатын болады.

37

Жаңақорған ауданының Келінтөбе - Көктөбе автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

 

Жаңақорған ауданының әкімдігі

Автомобиль жолы ауданның елді мекендеріне, аудан және облыс орталықтарына  көліктік байланысты қамтамасыз етеді.

Жобаның құны - 1759,6 млн.теңгені құрайды.

Осыған байланысты, аталған мәселеге қаржы бөлу мәселесі облыстық бюджеттің мүмкіншілігіне қарай қаралатын болады.

 

БІЛІМ

Аудандар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

38

Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылына жаңа балабақша құрылысын салу

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, білім басқармалары

 

Қазалы ауданының әкімдігі

Бекарыстан би ауылында балабақша жоқ. 140 орынға арналған балабақша құрылысын салу қажет. Алдағы уақытта аудандық бюджеттен мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметалық құжаттамасы әзірленген жағдайда, аталған жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуы тиіс.

 

39

Жалағаш ауданының М.Шәменов ауылдық округіне жаңа мектеп ғимаратын салу

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, білім басқармалары

 

Жалағаш ауданының әкімдігі

«Жалағаш ауданы Шәменов  ауылында 300 орындық №34 мектеп құрылысы» жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық  құжаттамасы аудандық бюджет есебінен әзірленген. Жобаның құны 874,7 млн. теңгені құрады.

Осыған байланысты, облыстық білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары тарапынан салалық, экономикалық қорытынды беріліп, мектеп құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін  барлық құжаттар ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсынылды. 

 

40

Шиелі ауданының Жаңатұрмыс ауылдық округіне жаңа мектеп ғимараты құрылысын жүргізу

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, білім басқармалары

 

Шиелі ауданының әкімдігі

Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің Байсын ауылындағы елді мекеніндегі №207  орта мектеп құрылысының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметалық құжатын әзірлеуге 2018 жылы аудандық бюджеттен 6,5 млн. теңге бөлінді.   

ӘР ТҮРЛІ

Облыс әкімінің есепті кездесуінде көтерілген сұрақтар

41

Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға шаралар қабылдау

ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы

Ағымдағы жылдың маусым айында «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысында Байқоңыр қаласының әкімшілігіне «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып және Қызылорда облысының әкімдігіне Қазкосмоспен бірлесіп 2017 жылдың аяғына дейін белгіленген тәртіппен Байқоңыр қаласы дамуының бірлескен Бағдарламасын келісіп және бекіту тапсырылды. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі Бағдарлама бойынша қала әкімшілігінің ұсынысын қарап, өзінің ұсыныстары мен ескертулерін жолдады (2017 жылғы 29 қыркүйектегі №05/1-2/6017 шығыс хаты).

Байқоңыр қаласының тұрғындарын табиғи газбен бірінші кезекте газдандыру мақсатында 6 үй, 6 мектеп,1 балабақша газға көшірілді. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында бірінші кезекте 5 елу пәтерлік тұрғын үйдің құрылысының жоба-сметалық құжатын әзірлеуге  облыстық бюджеттен 38,7 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті құжаттар негізінде Байқоңыр қаласында 5 елу пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 25,0 млн.теңге бөлінді.

Оған қоса, «Байқоңыр кешеніндегі сумен қамту және суды бұру нысандарын кеңейту және қайта жаңғырту» жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге облыстық бюджеттен 15,0 млн.теңге бөлінді.

 

 
 
Құрылған күні: 22-01-2018 17:38
Жаңартылған күні: 27-02-2018 16:37

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика