ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен өткізілген есепті кездесуінде

 көтерілген өзекті мәселелердің

ТІЗБЕСІ

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Шешілу жолдары

/РБ, ОБ, АБ/

Жауапты орындаушы

Үйлестіруші

/облыс әкімінің орынбасарлары/

Арал ауданы

1

Сексеуіл кентіне табиғи газ жүргізу

2017-2019 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

М. Оразбаев

М.Усайн

С.Сүлейменов

2

Қосаман ауылдық округіне табиғи газ жүргізу

2019-2020 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

М. Оразбаев

М.Усайн

С.Сүлейменов

3

Ақирек ауылдық округіне қарасты «Қаһар», «Шолақарық», «Кеңесарық» каналдарын тазалау және Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі  «Нұралы»  каналына су реттегіш тоспа (шлюз) салу

2017-2018 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

М.Оразбаев

 Е.Бекжанов

С.Қожаниязов

4

Шөміш, Абай, Қарашалаң елді мекендеріне ауыз су жүйесін жүргізу

2018-2020 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

М. Оразбаев

М. Усайн

С.Сүлейменов

5

Қосаман, Беларан елді мекендерінің электр желілерін жаңарту

2017-2018 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

М. Оразбаев

М. Усайн

С.Сүлейменов

6

Қызылжар елді мекеніндегі өткел қайығы орнына қалқымалы көпір салу жолдарын қарастыру

2017-2018 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

М. Оразбаев

Е. Жаңабаев

С.Сүлейменов

7

«САРАТС-2» жобасын жеделдетіп бастау мәселесі

2017-2018 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

М. Оразбаев

Е. Бекжанов

С.Қожаниязов

Қазалы ауданы

1

«Ақсай» арнасы арқылы «Әбекен» каналы мен «Томай» көлін суландыру

2017-2018 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

Н. Шамұратов

Е. Бекжанов

С. Қожаниязов

2

Саратс-2 жобасы аясында Сырдария өзені бойындағы Қарлаң учаскесіне көпір құрылысын және Абай ауылынан Әлсейіт учаскесіне дейінгі аралыққа қорғаныс бөгеттерін салу

2017-2018 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

Н. Шамұратов

Е. Бекжанов

С. Қожаниязов

3

Бекарыстан би ауылына жаңа балабақша құрылысын салу

2017-2019 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

Н.Шамұратов

 М.Әлсеріков

Б.Сайлыбаев

С.Сүлейменов

4

Бозкөл ауылдық округіндегі «Дөненбай» каналына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу

2017-2018 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

Н. Шамұратов

Е. Бекжанов

С. Қожаниязов

5

Ақсуат ауылына табиғи газ жүргізу

2018-2020 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

Н. Шамұратов

М. Усайн

С. Сүлейменов

6

Әйтеке би кентіне кәріз жүйесін жүргізу

2017-2018 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық бюджет

Н. Шамұратов

М. Усайн

С. Сүлейменов

Қармақшы ауданы

1

Төребай би, Иіркөл, Жаңажол ауылдарының кіре-беріс жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

2018-2019 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

С.Мақашов

Е. Жаңабаев

С.Сүлейменов

2

Жосалы кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

2017-2019 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық

бюджет

С.Мақашов

М.Усаин

С.Сүлейменов

3

Төретам кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

2018-2020 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық

бюджет

С.Мақашов

М.Усаин

С.Сүлейменов

4

Төребай би ауылының «Балажарма» каналын күрделі жөндеу және су тоспасы құрылысын жүргізу

2017 жыл

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

С.Мақашов

Е.Бекжанов

С.Қожаниязов

5

Қуаңдария ауылдық округінің «Жетікөл» сағасына су реттегіш құрылымының құрылыс жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

С.Мақашов

Е.Бекжанов

С.Қожаниязов

6

Көмекбаев ауылдық округінің «Меней» каналына күрделі жөндеу және каналды 2-3 шақырым ұзарту жұмыстарын жүргізу

2017 жыл

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

С.Мақашов

Е.Бекжанов

С.Қожаниязов

Жалағаш ауданы

1

М.Шәменов ауылдық округіне жаңа мектеп ғимаратын салу

2018-2020 жылдар

Ұсыныс беру

Облыстық бюджет

Т. Дүйсебаев

М.Әлсеріков

Б.Сайлыбаев

С.Сүлейменов

2

Ауылдық округтердегі ескірген электр жүйелерін жаңалау

2017-2019 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық

бюджет

Т. Дүйсебаев

М.Усаин

С.Сүлейменов

3

Таң ауылдық округі, Жаңақоныс елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу

2017-2019 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық

бюджет

Т. Дүйсебаев

М.Усаин

С.Сүлейменов

4

Жалағаш кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

2017-2019 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық

бюджет

Т. Дүйсебаев

М.Усаин

С.Сүлейменов

5

Жалағаш кентіне айналма жол салу

2018-2020 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық

бюджет

Т. Дүйсебаев

Е. Жаңабаев

С.Сүлейменов

Сырдария ауданы

  1

Тереңөзек кентін табиғи газбен қамтамасыз ету

2017-2019 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық

бюджет

Ғ.Қазантаев М.Усаин

С.Сүлейменов

Шиелі ауданы

1

Телікөл және Тартоғай ауылдық округтерінің ауыз суын «Жиделі топтық су құбырына қосу жұмыстарын аяқтауға қаржы бөлу

2017-2018 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық бюджет

Қ.Сәрсенбаев

М.Усаин

С.Сүлейменов

2

Алмалы ауылдық округі жанынан өтетін «Самара-Шымкент» автожолының                      7 шақырым жолын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қосу

2017-2018 жылдар

Ұсыныс беру

Облыстық бюджет

Қ.Сәрсенбаев

Е. Жаңабаев

С.Сүлейменов

3

Майлытоғай ауылдық округіндегі «Бозарық», Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Көк су» каналдарын тазалауға қаржы бөлу

2017-2018 жылдар

Ұсыныс беру

Облыстық бюджет

Қ.Сәрсенбаев

Е.Бекжанов

С.Қожаниязов

4

Жаңатұрмыс ауылдық округіне жаңа мектеп ғимараты құрылысын жүргізу

2018-2020 жылдар

Ұсыныс беру

Облыстық бюджет

Қ.Сәрсенбаев

М.Әлсеріков

Б.Сайлыбаев

С.Сүлейменов

5

Талаптан, Бәйгеқұм, Жөлек, Тартоғай, Сұлутөбе, Бірінші мамыр және Бірлестік елді мекендеріне ауыз су жүргізу

2018-2020 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық бюджет

Қ.Сәрсенбаев

М.Усаин

С.Сүлейменов

6

Аудандағы К-1, К-3, К-4,    К-9, Телікөл қашыртқыларын қайта қазып, ызадан құрғату жұмыстарын іске асыруға қаржы бөлу

2017-2018 жылдар

Ұсыныс беру

Республикалық бюджет

Қ.Сәрсенбаев

Е.Бекжанов

С.Қожаниязов

7

Аудан орталығындағы ескірген кәріз жүйелерін ауыстыру және жаңадан канализациялық сорғы станциясын салу

2017-2018 жылдар

Ақпарат

Республикалық бюджет

Қ.Сәрсенбаев

М.Усаин

С.Сүлейменов

Жаңақорған ауданы

1

Келінтөбе - Көктөбе автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

2018-2019 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

Ғ.Әміреев

Е. Жаңабаев

С.Сүлейменов

Қызылорда қаласы

1

Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Ақсуат, Қызылөзек ауылдық округтерін табиғи газбен қамтамасыз ету

2019-2020 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

Н. Нәлібаев

М. Усайн

С. Сүлейменов

        2

Қосшыңырау, Қарауылтөбе ауылдық округтерінің және Қызылөзек ауылдық округі, Айнакөл елді мекенінің кіреберіс жолдарын жөндеу

2017-2019 жылдар

Ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

Н. Нәлібаев

Е. Жаңабаев

С. Сүлейменов

  3

Қызылорда қаласындағы Бөкейхан көшесі, №62 көппәтерлі тұрғын үйге жаңғырту жұмыстарын жүргізу

2017-2019 жылдар

Ұсыныс енгізу

Қайтарымды қаражат есебінен

Н. Нәлібаев

М. Усайн

С. Сүлейменов

 4

Қызылорда қаласында апаттық үй тұрғындарына арналған тұрғын үйлер құрылысын жүргізу

2017-2019 жылдар

Ұсыныс енгізу

Облыстық бюджет

Н. Нәлібаев

М. Әлсеріков

С. Сүлейменов

Облыс

1

«САРАТС-2» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету

2017 жыл

ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

Е.Бекжанов

С. Қожаниязов

2

Қызылорда қаласындағы Жылу электр орталығын жаңғырту

2017 жыл

ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

М.Усаин

С. Сүлейменов

3

Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға шаралар қабылдау

2017 жыл

ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

Б.Бекпанов

С. Қожаниязов

4

Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлу шараларын жүргізу

2017-2019 жылдар

ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

Н. Нәлібаев

М. Усаин

С. Сүлейменов

5

«Қызылорда-Жезқазған» автожолына жөндеу жүргізу

2018-2020 жылдар

ҚР Үкіметіне ұсыныс енгізу

Республикалық бюджет

Е. Жаңабаев

С. Сүлейменов

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ

Р/с

Сауал жолдаушының аты-жөні

Өтініш түскен аймақтар

Сұрақтың қысқаша мазмұны

Орындалуы (жауап нұсқасы)

Жауапты

«Call-орталық» арқылы түскен сауалдар

1.      

Бекжанов Мұрат

Қызылорда қаласы

1.Махамбетов және Наурыз ауылдарына қашан газ кіреді.

2.Қызылорда – Жезқазған трассасы қашан жөнделеді?

Құрметті Мұрат Бекжанов, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

1) Махамбетов және Наурыз ауылдарына табиғи газ жүргізу мәселесі. Қазіргі таңда, облыстың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді-мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда. 1-ші кезекте 2015 жылы облыстың аудан орталықтары (Арал қаласы, Әйтеке би, Жаңақорған, Шиелі кенттері) және Байқоңыр қаласы газдандырылды. 2-ші кезекте қалған 3 аудан орталықтарын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кентері) 2017-2019 жылдары газдандыру жоспарланған. Осыған байланысты,              3-ші кезекте ауылдық елді-мекендерді газдандыру кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

2) «Қызылорда-Жезқазған автожолын жөндеу туралы». Қазақстан Республикасы Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдардың арасындағы серіктестік туралы Негіздемелік келісіммен аталған жобаны іске асыруға Үйлестіру Кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы отырысында республикалық маңызы бар автомобиль жолының, 424 шқ құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» бөлігінің қайта жаңартуы 2018-2021 жылдар аралығында Еуропалық қайта құру даму банкі – 200,0 млн. АҚШ долл.Азиялық даму банкі – 200,0 млн. АҚШ долл. Зайымдары арқылы жүргізілуі қолдау тапты. Аталған жобаның іске асыру маңыздылығына байланысты ҚР Инвестиция және даму министрлігімен келісе отырып республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының, ұзындығы 424 шқ бөлігіне аралығында Еуропалық қайта құру даму банкі және Азиялық даму банкі займдары есебінен қайта жаңарту жүргізуде құрылыс-монтаж жұмыстары басталып, 2020 жылы аяқталуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз. 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2.     

Мұхтарұлы Жанатбек

Қызылорда қаласы

Соңғы 5-6 жылда қаланың ішкі су жүйелеріне де жасалып жатқан жөндеу жаңарту жұмыстарынан да хабарымыз бар. Менің білгім келетіні қалаға су беретін бас су құбыры қашан жөнделеді? Себебі водоканалға звандасақ осы үлкен құбырда ақау болып жатыр, сол себепті қаланы толықтай судан ажыратуға мәжбүр болатынын айтады. Осыған не айтасыз?

Құрметті Жанатбек Мұхтарұлы, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласында ұзындығы 15,4 км болатын қысымды ауыз су құбырына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға  1,3 млрд.теңге қаржы бөлініп, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында жұмыс толық аяқталып, ауызсу үздіксіз берілетін болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.     

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

3.     

Ибрагимов Еркебұлан Исламханұлы

Қызылорда қаласы

Қорқыт Ата әуежайындағы жаңа терминал құрылысы жөнінде айтып өтсеңіз.

Құрметті Еркебұлан Исламханұлы, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі таңда,«Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалын мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігімен салу жоспарлануда. Аталған жобаны іске асыруға инвесторларды тарту мақсатында концепциялық жобасы әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдардан сараптамалық қорытындылары алынды.     2017 жылы конкурс өткізіліп, құрылысын салатын инвесторларды таңдау жұмыстары жүргізіледі.

Егер берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

4.      

Даулетбаева Назым

Қазалы ауданы

Қазалы ауданындағы Сырдария өзеніндегі көпір қай кезде салынады?

Құрметті Даулетбаева Назым, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 км Әлсейт учаскесіндегі көпір құрылысын бастауға 2017 жылы республикалық және облыстық бюджеттен  550,0 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Ағымдағы жылы тиісті мердігер мекеме анықталғаннан кейін, аталған көпірдің құрылысын салу жұмыстары басталатын болады.

Егер берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

5.      

Асетбекова Гульмира Шаймағамбетовна

Қызылорда қаласы

Ел үшін еңбек еткен ұлы тұлғалардың есімін жаңғырту жалғасын табады ма? Қандай жұмыстар атқарылуда?

Ел үшін еңбек еткен ұлы тұлғаларымыздың еңбегін насихаттау мақсатында 2016 жылы  Екі мәрте  Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы республикалық деңгейде атап өтілсе, 2017 жылы Базар жырау Оңдасұлының және ақын Бұдабай Қабылұлының 175 жылдығына орай жыршы-жыраулар фестивалін, ақындар айтысын ұйымдастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, еңбек ерлері мен мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімдерін мәңгілендіру мақсатында 2016 жылы облыс бойынша 15 бюст,2 ескерткіш орнатылды. Ал, биыл Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай  Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай ескерткішін ашу, қазақтың заңғар жазушысы Зейнолла Шүкіровтың 90 жылдығына орай жаңадан бюстін және Сырдария ауданынан шыққан белгілі еңбек ардагерлері мен Кеңес Одағы батырларының бюстерін орнату жоспарланып отыр. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасатын болады.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

6.

Қалымбетова Ақбота Әлемқызы

Қызылорда қаласы

Биыл баласы мектеп бітіреді. Жұмысшы мамандығын тегін оқу туралы.

Құрметті Ақбота Қалымбетова!

2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29-шы желтоқсандағы №919 Қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бекітілді.

Жалпы алғанда, бағдарламаның 1-ші бөлімі бойынша колледждерде техникалық және кәсіптік білімі бар жұмысшы кадрларын даярлау және колледждер мен оқыту орталықтарында қысқа мерзімді курстық даярлау жүргізілетін болады.

Біріншіден, аталған жоба ағымдағы жылы облыс бойынша мектептің 9-11 сыныбын бітіруші оқушылардың колледждерде жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік береді.

Екіншіден, соңғы 3 жылда бұрынғы жылдары мектеп бітіріп, кәсіби мамандық алумен қамтылмағандар, колледждер мен жоғары оқу орындарынан шығып қалған, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген   жас 1-6 айлық қайта даярлау курстар арқылы жұмысшы біліктіліктерін алатын болады.

Облыстық білім басқармасы

7.

Омар Руслан Әділбекұлы,

І топ мүгедегі,

ЖСН 780114301821

Қазалы ауданы

Мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен көлік беру туралы

Құрметті, Руслан Әділбекұлы, облыс әкімдігі Сіздің облыс әкімінің есеп беру кездесуінде «Call-орталығы» арқылы түскен сауалыңызға сәйкес төмендегіні хабарлайды.

Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілері бөлімімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жүргізілген «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының қорытындысы бойынша  жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектер үшін қызмет көрсететін жеке көмекшінің және әлеуметтік таксидің қызметтеріне «Қазалы-Самғау» мүгедектер қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, 2017 жылдың 20 ақпанынан бастап қызмет көрсетуде.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету мақсатында Өзіңіздің келісіміңізбен жоғарыда аталған қоғамдық бірлестік тарапынан Жеңсікбаев Ертуған жеке көмекші ретінде тағайындалды. Сізге:

01.03.2010 жылғы №308 мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес (ЖОБ) жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі, зағиптарға арналған сағат, тифломагнитола, тифлотаяқ;

16.02.2012 жылы әзірленген №300 ЖОБ-ға сәйкес 2012 жылдан бастап жыл сайын санаторлы-курорттық емделуі, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі, тифлотаяқ;

12.06.2015 жылғы №315 ЖОБ-ға сәйкес диктофон, дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер;

02.12.2015 жылғы №300 ЖОБ-ға сәйкес компьютерлік тифлокешен, оқу машинасы, Брайль құралы, қағазы және грифелі;

22.02.2016 жылғы №315 ЖОБ-ға сәйкес зағиптарға арналған сағат және тифломагнитола берілген.

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, субъектіге немесе тікелей сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіреді.  

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы

8.

Азымбаева Бақыткүл

Күйеуі Емберген Данияр,

ЖСН 910609401580

920105300092,

Тел. 8 708 599 80 61

Қызылорда қаласы

500-ден астам инвалидтерге неге 2-ақ инвотакси? І-топ мүгедегі.

Талсуатқа документ жинайық деген едік, жан-жақтан әртүрлі анықтамаларды сұратады. Өздері әрең жүрген мүгедектер оның барлығын қалай жинайды? Медсправкаларды бір жерден алуға мүмкіндік жасаса.

2005 жылы пандус жөнінде заң шықты. 2007 жылы күшіне енді. Бірақ қаламызда стандартқа сәйкес пандустар екі-үш жерде ғана. Қалғаны стандартқа сәйкес келмейді. Ұстап мінетін темірлері жоқ жалғыз мүрген адам қалай мінеді. Қысты күні итергенде әзер мінгіземіз. 

Құрметті, Азымбаева Бақыткүл, Қызылорда облысының әкімдігі Сіздің облыс әкімінің есеп беру кездесуінде «Call-орталығы» арқылы түскен сауалыңызға сәйкес төмендегіні хабарлайды. 

Облыс бойынша әрбір ауданда әлеуметтік такси қызметін атқаратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мініп-түсуіне бейімделген барлығы 14 автокөлік, ал, Қызылорда қаласы бойынша арнайы 4 автокөлік өз қызметін көрсетіп отыр.      

2017 жылы Қызылорда қаласы бойынша кресло-қораптағы мүгедектер үшін бұл қызмет «Облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі арқылы 2 әлеуметтік такси, «Қызылорда облыстық соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі арқылы 1 топ көз мүгедектеріне және бүйрек ауруларына (диалез) ұшыраған мүгедектерге 2 әлеуметтік такси қызмет көрсетуде. 

Сонымен қатар, мүгедектердің, оның ішінде кресло-арбалармен жүретіндердің қоғамдық көліктерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен бүгінгі күнге аппарельдермен жабдықталған 112 дана автобус алынды. Бұл автобустар қалаішілік №1, №11, №14, №17, №18, №25 және №30 маршруттарда жолаушы тасымалдау қызметін көрсетіп отыр.  

2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқығын қамтамасыз ету Жол картасы аясында 837 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы облыс бойынша 118 нысанға бейімдеу жұмыстарын жүргізуды жоспарланды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес жартылай стационарлық мүгедектерге арналған оңалту орталығына жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі №43 үй) хабарласып, толық ақпаратты алуға болады. 

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, субъектіге немесе тікелей сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіреді. 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы

9.

Абылаев  Қайрулла

ЖСН. 370523300900,

Тел. 87015286615

8/32433/21-3-90

Арал ауданы

Арал ауданының әлеуеті мен өнеркәсібін дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

Құрметті Қайрулла Абылаев, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.2016 жылдың 5 желтоқсанында облыс әкімінің тапсырмасы  бойынша әзірленген «Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол  картасы» (әрі қарай – Жол картасы) бекітіліп, қолданысқа енгізілді. Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін айрықша орын алатын  бұл құжатта алдағы 3 жылда іске асырылатын міндеттер айқындалған.Енді алда тұрған басты міндет – Жол картасындағы іс-шараларды уақытылы  және мүлтіксіз орындау арқылы ауданда  жаңа жұмыс орындарының ашылуын, салық базасының ұлғайтылуын, әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз ету болып отыр.

Жалпы, Жол картасы аясында 2017-2019 жылдары барлығы  93751,0  млн. теңгенің  60  жобасы  іске  асырылатын болса,  оның 26476,0 млн. теңгенің 45 жобасы 2017 жылға жоспарланған. 2017 жылы 35 жоба аяқталуға тиісті болса, 10-ы өтпелі жобалар, яғни 2018-2019 жылдары жалғасын табатын жобалар. 

2017 жылы аграрлық сала бойынша инженерлік жүйеге келтірілген жерлерді игеру жұмыстарына байланысты 2 жоба іске  асырылады.

Құрылыс саласында жалпы құны 2,4 млрд. теңгенің 11 жобасын іске асыру көзделіп отыр. Оның ішінде, биыл Арал қаласында орталық аурухана, 300 орындық №14 мектеп-лицейдің, Сексеуіл кентінде спорттық сауықтыру кешенінің құрылыстары басталып, аудандағы 6 елді мекеннің, атап айтқанда, Конту, Бөген, Шижаға, Аманөткел, Аралқұм, Қамыстыбас елді  мекендерінің ауыз  су  жүйелері қайта жаңғыртудан өтеді.

Жол жөндеу саласында 926,2 млн. теңгенің 3 жобасы іске  асырылатын  болады. Биыл аудандық маңызы бар Сазды, айым-Водокачка елді мекендеріне кіре беріс автомобиль жолдарын жаңадан салу, Қызылжар елді мекеніне кіре беріс жолын күрделі жөндеу жобасының екінші кезеңін іске асыру көзделуде.

Энергетика саласында 191,3 млн. теңгенің 3 жобасы іске  асырылып, Арал қаласы, Сексеуіл, Аралқұм елді мекендеріндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр желілері жүргізілетін  болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту шаралары аясында Арал қаласындағы Судоверфь көшесіндегі №16, №22 көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртудан өтеді.

Сәулет жоспарлау саласында 17,3 млн. теңгеге 2 жоба іске  асырылмақшы.

Аудан экономикасын әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын  құру мақсатында 17 өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда.  Оның  ішінде «Кальцийлендірілген сода өндірісі» жобасы құрылысын үстіміздегі жылы бастау көзделген.

Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған жағдайда, ауданда жаңа жұмыс орындары ашылып, 2907 адам жұмыспен қамтылатын  болады.

Сондай-ақ, 2017 жылы «Жол картасына» енген іс-шаралардан  бөлек,  елді мекендерде салынып жатырған 6 мектептің құрылысы  пайдалануға беріліп, жергілікті маңыздағы «Арал-Аэропорт-Жалаңаш»  автокөлік  жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталады. 

Сонымен қатар, Арал қаласы мен елді мекендердің ішкі  жолдарын жөндеуден өткізу, абаттандыру және жарықтандыру  мәселелері де басты назарда болады.

Жол картасының іске асырылуы аудандағы бірнеше қордаланған әлеуметтік-экономикалық  проблемаларды шешуге септігін тигізері анық.  Бұның  ауданның  дамуындағы  атқарар  рөлі  орасан зор. 

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз. 

Арал ауданының әкімдігі

10.

ЖК «Ерубаева Гаухар»

Қызылорда қаласы

Микрокредит жөнінде айтып өтсеңіз. Оны қалай ала аламыз?

Құрметті Гаухар Ерубаева, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.Биылғы жылдан бастап өңірімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасы» іске асырылуда. Бұл бағдарламаның шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру сияқты құралдары қаралған.Мәселен, бағдарламаға қатысушы әлеуетті кәсіпкер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 8 мың АЕК-ке (18 152 мың теңгеге) дейін 5 жыл мерзіммен жылдық пайыздық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын мирокредиттер (екінші деңгейлі банктер, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, микроқаржы ұйымдары немесе кредиттік серіктестік арқылы) алуына болады.Бағдарлама шеңберінде микрокредиттер екі жыл ішінде басқа бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болған жағдайда да беріледі. Микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы, ал қалаларда екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылады.Қосымша ақпарат алу үшін Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасынан 40-10-59 телефон нөмірі арқылы немес Қызылорда қаласы, Әйтеке би, №28 мекен-жайынан ала аласыз.Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз. 

Кәсіпкерлік және туризм басқармасы

11.

Шілдебаева Айзада

Бақытбекқызы

ЖСН 800915300389

Тел. 87056116287

Қызылорда қаласы

Инфрақұрылымдар дамып, мөлтек аудандар ашылды.Алдағы уақытта жалғасын тауып, мөлтек аудандар ашыладыма?

Құрметті Шілдебаева Айзада, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.Соңғы үш жылда тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс көлемінде 11 жаңа мөлтекаудандар салынды. 2016 жылдың қорытындысымен Қызылорда қаласында «Бәйтерек», «СПМК-70», «Нұр Орда», «Сәулет» мөлтекаудандарына, Жаппасбай батыр көшесінің бойынан салынған тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы қосыла отырып, жалпы 1420,2  шақырым инженерлік желілер жүргізілді. Бүгінгі күні  «Нұрлы жер» тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы аясында  Қызылорда қаласында жаңа мөлтек аудан ашу мақсатында, Демесінов көшесі бойынан тұрғын үйлерді салуға инженерлік желілерді жүргізуге Ұлттық қордан 507,7 млн.теңге қаржы бөлінді.Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Нұрлы жол», «Мұнайшы», «СПМК-70/3» мөлтек аудандарында тұрғын үйлерді салу мақсатында,  аталған бағдарламаға сәйкес инженерлік желілерді жүргізуге республикалық бюджеттен қаржыландыруға жобалар ұсынылды.Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

М.Әлсеріков

12.

Сүлейменов Бауыржан

Кофтунова көш.№6 ЖСН. 680925301017;

Тел. 8 /7242/ 211500

Қызылорда қаласы

1. Көшемізде жарық жоқ, қап-қараңғы. Қашан көшемізге жарық орнатады?

2. Қашан көшемізді, үй аулаларын қардан тазартады?

Құрметті Бауыржан Сүлейменов, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

1. Көшені жарықтандыру мәселесі.

Қызылорда қаласы әкімдігінің арнайы мамандар тарапынан көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Ковтунова көшесі түнгі жарық шамдарын қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Қаржы көздеріне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

2. Көшені, үй аулаларын қардан тазарту мәселесі. Қызылорда қаласының санитарлық тазалығы мен көркейту-көгалдандыру жұмыстары күнделікті назарда және қаланың күнделікті санитарлық тазалығын қамтамасыз ету «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-не қатаң түрде тапсырылған,тиісті жұмыстар уақытылы атқарылады.

         Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

Н. Нәлібаев

13.

 Мұратбаев Алтынбек (зейнеткер) Саяхат 7/69

ЖСН. 540614300941; Тел. 8 777 067 07 17

Қызылорда қаласы

1.  Қашан көшемізге асфальт төсейді? Көшені асфальттап берсеңіздер.

2.  Маршруттар жақын жерден жүрсе. Алыстан түсіп, балшық көшелермен зорға қайтамыз.

Құрметті Алтынбек Мұратбаев, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

1. Көшені асфальттау мәселесі.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша 85 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Оның ішінде, қаражаты анықталған жағдайда Саяхат м/а бойынша Саяхат - 13,6,7,9,11,12 көшелері жөндеуден өтеді.

2.Қоғамдық маршрут қозғалысы мәселесі.

Қоғамдық көлік мәселесі бойынша аталған тұрғын ауданда №19 және №10 бағыттағы маршруттық автобустар тұрақты түрде қатынауда. Дегенмен, алдағы уақытта тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі және нәтижесімен тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

Н. Нәлібаев

14.

Абдукаликов Махмут

ЖСН. 470225301134

Тел. 8 /7242/ 293262

Қызылорда қаласы

Аяқ су жоқ. Қаламызды гүлдендіруге арықтар жоқ

Құрметті Махмут Абдумаликов, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

2014 жылы Қызылорда қаласын аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық- сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Бүгінгі күні аталған құжаттар «Дүние жүзілік банке» ұсынылды. Қаржы көздеріне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

15.

Ибраев Құдайберген

 ЖСН:860730303120

Тел. 8 707 858 81 86

Қызылорда қаласы

Қаланың шет аймақтарын көгалдандыру үшін, аяқсу жүргізуді сұрайды.

Құрметті Құдайберген Ибраев, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

1. Аяқ су мәселесі.

2014 жылы Қызылорда қаласын аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық- сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Бүгінгі күні аталған құжаттар «Дүние жүзілік банке» ұсынылды. Қаржы көздеріне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

2. Көгалдандыру мәселесі.

Қызылорда қаласының санитарлық тазалығы мен көркейту-көгалдандыру жұмыстары күнделікті назарда және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қалада тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде қаланың шет аймақтарында да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

Н. Нәлібаев

16.

Тулегенов Бекзада Жуманазарович

ЖСН. 550628301462

Тел. 8 702 540 06 01

Қызылорда қаласы

Қызылжарма ауылындағы көшелер қашан асфальтталады?

Құрметті Бекзада Жұманазарұлы, облыс әкімінің аппараты Сіздің телефон арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

2017 жылы Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округіндегі ұзындығы 2,0 шақырымды құрайтын Ө.Махамбетов көшесіне орташа жол жөндеу және Ә.Әбенов көшесіне тас төсеу жұмыстарына 6,2 млн. теңгеге бөлінді, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

Н. Нәлібаев

17.

Байсүгірова Ақшамгүл,

ЖСН 790225402029, тел:87089265470

Қызылорда қаласы ІІ топ мүгедегі, легочная гипертензия ауруына қарсы дәріні тегін таратылуына ықпал жасауын сұрайды. Басқа облыстарда (Тараз, Шымкент) тегін таратылады. Бұл мәселені тек әкім шеше алады.
Құрметті Ақшамгүл Байсүгірова!
«Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы» ауру түрі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 29 мамырындағы №432 «Орфандық препараттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілген сирек кездесетін ауру болып табылады. 
Аталған ауру түрін емдеуге қолданылатын дәрілік заттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы №786 бұйрығымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне енгізілмеген. 
Дегенмен, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабына сәйкес, сирек кездесетін «Идиопатиялық өкпе артериясы гипертензиясы» ауру түрін емдеуге қосымша дәрілік заттармен қамтамасыз етуге облыс мәслихатының 2016 жылдың 31 тамыздағы №55 шешімі бекітілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлеміне байланысты дәрілік заттарды сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Сіз берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы  №221 «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабы бойынша шағым жасау құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы

18.
Азымбаева Бақыткүл күйеуі Емберген Данияр, ЖСН 910609401580
920105300092
Тел:87085998061
 
Қызылорда қаласы Медсестралар тым жас. Укол салдыруға қорқамыз. Неге опыты жоқ медсестраларды жібереді жалғыз?
Құрметті Бақыткүл  Азымбаева!
Емханалардағы жұмыс жасайтын аймақтық мейірбекелердің барлығының  маман сертификаты бар, егу бөлмесінде практикалық сабақтан өткен. 
Кемшіліктерді болдырмау мақсатында бас дәрігердің орынбасары, бас мейірбике  тарапынан практикалық сабақтар жүйелі түрде өткізілуде.  
Сіз берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы  №221 «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабы бойынша шағым жасау құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.
Құрметті, Азымбаева Бақыткүл, Қызылорда облысының әкімдігі Сіздің облыс әкімінің есеп беру кездесуінде «Call-орталығы» арқылы түскен сауалыңызға сәйкес төмендегіні хабарлайды. 
Облыс бойынша әрбір ауданда әлеуметтік такси қызметін атқаратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мініп-түсуіне бейімделген  барлығы                           14 автокөлік, ал, Қызылорда қаласы бойынша арнайы  4 автокөлік өз қызметін көрсетіп отыр.      
2017 жылы Қызылорда қаласы бойынша кресло-қораптағы мүгедектер үшін бұл қызмет «Облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі арқылы 2 әлеуметтік такси, «Қызылорда облыстық соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі арқылы 1 топ көз мүгедектеріне және бүйрек ауруларына (диалез) ұшыраған мүгедектерге 2 әлеуметтік такси қызмет көрсетуде. 
Сонымен қатар, мүгедектердің, оның ішінде кресло-арбалармен жүретіндердің қоғамдық көліктерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен бүгінгі күнге аппарельдермен жабдықталған 112 дана автобус алынды. Бұл автобустар қалаішілік №1, №11, №14, №17, №18, №25 және №30 маршруттарда жолаушы тасымалдау қызметін көрсетіп отыр.  
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқығын қамтамасыз ету Жол картасы аясында 837 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы облыс бойынша 118 нысанға бейімдеу жұмыстарын жүргізуды жоспарланды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес жартылай стационарлық мүгедектерге арналған оңалту орталығына жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі №43 үй) хабарласып, толық ақпаратты алуға болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 

«Онлайн» байланысы арқылы түскен сауалдар

Р/с

Сауал жолдаушының аты-жөні

Өтініш түскен аймақтар

Сұрақтың қысқаша мазмұны

Орындалуы (жауап нұсқасы)

Жауапты

1.      

Нұрболат

Қызылорда қаласы

Мен жаңа берілген «Астана-2» мөлтек ауданының тұрғынымын. Жаңа бағдарлама бойынша баспаналы алдым. Біздің облысымызда қаншама отбасы осындай қуанышқа ие болды. Сізге алғысымыз шексіз. Менің қояр сауалым табиғи газ қосу мен маршрут мәселесі оңтайлы шешілсе деген?

Құрметті Нұрболат, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

1) Табиғи газ қосу мәселесі. СПМК-70 шағын ауданында орналасқан № 11, 3, 7 көп қабатты тұрғын үйлердің газға қосылу өтініштері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ-ның мамандары жұмыстарын жүргізуде. Ал, қалған көп қабатты тұрғын үйлерге тұрғындар толық қоныстамағандықтан газ жүйесіне қосылмай отыр.

Себебі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы  "Газбен жабдықтау жүйелері обьектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы"  № 906 Қаулысының 456-шы тармағында «Жаңадан салынған тұрғын үйлердегі газ құбырына және газ жабдығына газ жіберу, үйдегі пәтерлердің жалпы санының кемінде 80 %-на тұрғындар орналасқанда жағдайда жүргізіледі» делінген.

Осыған орай, Қызылорда қаласы, СПМК-70 шағын ауданындағы  көпқабатты тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тұрғындар толығымен қоныстанғаннан кейін пәтер иелері кооперативтерімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына табиғи газға қосылуға өтініш беру арқылы жүргізілетін болады.

2) Маршрут мәселесі. Қазіргі таңда, қалаішілік № 5-ші бағыттағы кіші сыйымдылықтағы автобустар «Астана-2» мөлтек ауданына тұрақты қатынауда. Алдағы уақытта, осы бағытта жүрген кіші сыйымдылықтағы автобустарды орта сыйымдылықтағы автобустарға алмастыру мақсатында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-мен бірге жұмыстар жүргізілуде.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2.      

Нұрлан

Қызылорда қаласы

Ассалаумағалейкум, Қырымбек Елеулы!

Сізге қояр сұрағым: қаладағы тұрғын үйлерге модернизация арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар тоқтап тұр ма? Себебі, осыдан 2-3 жыл бұрын Ғ. Мүсірепов көшесіндегі 5 қабатты 88 пәтерлік 20-үйді модернизациядан өткізу жайлы жазған арызымыз әлі күнге жауапсыз қалдыЖауын-шашынды күндері үйдің шатырынан аққан су мен подвалдағы кәріз суы - тұрғындар үшін ең үлкен мәселе болып тұр. Бұл жөнінде қала әкімдігінің сайтына жазылды, ол жақтан КСК-ға тапсырылғанымен, ешқандай жұмыстар істелінген жоқ. Осы айтылған мәселе бойынша, Сізден, үйімізге жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етсеңіз екен деп сұраймын.

Құрметті Нұрлан, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

2011-2016 жылдары облыс бойынша көпқабатты тұрғын үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге 3,5 млрд. теңге бөлініп 160 үй жөнделді. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 148 көп пәтерлі тұрғын үй жөнделді.

2016 жылға жалпы құны 1,2 млрд. теңге болатын бірінші кезекте күрделі жөндеуді қажет ететін 68 үйдің бюджеттік өтінімдері ҚР Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылды. Алайда, республикалық бюджеттің оңтайландырылуына (оптимизация) байланысты көпақабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 2016, 2017 жылдары республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жоқ.

Дегенмен, 2016 жылы қайтарымды қаражат есебінен Қызылорда қаласында 48,2 млн.теңгеге 3 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Г.Мүсірепов көшесіндегі Сіздің үйіңізге күрделі жөндеу үшін ҚР "Тұрғын үй қатынастары" Заңына  сәйкес, пәтер иелері, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, ПИК басшыларының қатысуымен жалпы жиналыс өткізіліп, кемінде 75 пайыз тұрғындардың келісімі керек және хаттамаға қол қойылып, ресімделуі қажет.Бұл мәселе бойынша өзіңіздің ПИК және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясына (тел.:27-76-74; 27-40-32) хабарласуды сұраймыз.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

3.      

Нұрсұлтан

Қызылорда қаласы

Қызылорда қаласындағы жылу жүйесінің жағдайына тоқталсаңыз.

Құрметті Нұрсұлтан, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қызылорда қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

2015-2016 жылдар аралығында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 14,4 шақырым жылу жүйелері жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу құбырларының тозуы 48 пайыздан, 44 пайызға немесе 4 пайызға төмендеді.

Бұл жұмыстармен қатар, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Қызылорда қаласының жылу жүйелерін салу және жаңғырту» жобасымен өткен жылы 4,1 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды, 2 газотурбиналық қондырғыны күрделі жөндеуден өткізілді.

2018 жылы Қызылорда қаласының жылу жүйелерін қайта жаңғырту бойынша жалпы құны 1,7 млрд.теңге болатын 7 жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР Инвестициялар және даму министрлігініе бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Қаражат бөлінген жағдайда ұзындығы 4,9 шақырым жылу желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.  

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

4.      

Айгерим

Қызылорда қаласы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы Белкөл кентіне табиғи газ құбыры қашан беріледі?

Құрметті Айгерім, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Белкөл кентін газдандыру үшін 2017 жылға облыстық бюджеттен 378,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Осыған орай, құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылдың көктем айларында бастап, қараша айында  аяқтау жоспарлануда. Жоба аясында Белкөл кентінің 3 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп, 23,7 шақырым газ құбыры жүргізіледі.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

5.      

Мейрамкүл

Қармақшы ауданы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Қармақшы ауданына қарасты Қорқыт ата бекетінің тұрғынымын. Біздің Сыр еліне істеп жатқан игі істеріңіз өте көп. Сізге алғысымыз шексіз. Осы Қармақшы ауданына табиғи газды тезтетіп кіргізіп беруіңізді сұраймын. Қыс мезгілінде бізге өте қиын. Сауалым жауапсыз қалмас деп сенемін.

Құрметті Мейрамкүл, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі таңда, облыс елді мекендерін кезең-кезеңмен  газдандыру жоспарлануда. 1-ші кезекте 2015 жылы Арал қаласы, Әйтеке би, Жаңақорған, Шиелі кенттері және Байқоңыр қаласы газдандырылды. 2-ші кезекте Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттерін 2017-2019 жылдары газдандыру жоспарланған.

Қазіргі таңда, республикалық бюджетті нақтылау барысында Жосалы кентіне газ құрылысын бастауға 500 млн.теңге бөлінді. Яғни, Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры арқылы Жосалы кентіне дейін газ құбырлары жүргізілетін болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

6.      

Азиза

Қармақшы ауданы

Қармақшы ауданына табиғи газ жүргізу қашан іске асырылады? Алдын ала рахмет.

Құрметті Азиза, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі таңда, облыс елді мекендерін кезең-кезеңмен  газдандыру жоспарлануда. 1-ші кезекте 2015 жылы Арал қаласы, Әйтеке би, Жаңақорған, Шиелі кенттері және Байқоңыр қаласы газдандырылды. 2-ші кезекте Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттерін 2017-2019 жылдары газдандыру жоспарланған.

Қазіргі таңда, республикалық бюджетті нақтылау барысында Жосалы кентіне газ құрылысын бастауға 500 млн.теңге бөлінді. Яғни, Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры арқылы Жосалы кентіне дейін газ құбырлары жүргізілетін болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

7.      

Нартай

Сырдария ауданы

Сырдария ауданына кашан табиғи газ жүргізіледі?

Құрметті Нартай, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Облыс елді мекендерін кезең-кезеңмен  газдандыру жоспарлануда.  1-ші кезекте 2015 жылы Арал қаласы, Әйтеке би, Жаңақорған, Шиелі кенттері және Байқоңыр қаласы газдандырылды. 2-ші кезекте Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттерін 2017-2019 жылдары газдандыру жоспарланған.

Осыған орай, Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттерін газдандыру үшін жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті министрліктерге бюджеттік өтінімдер жолданды. Жоба құны 12,3 млрд.теңге. Қаржы бөлу мәселесі қолдау тапқан жағдайда, аталған елді мекендерді газдандыру жұмыстары 2017-2019 жылдарға жоспарлануда.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

8.      

Алма

Жалағаш ауданы

Жалағаш ауданына қашан табиғи газ кіргізіледі? Осы мәселені тездетіп шешіп берсеңіз, басқа аудандарда газ жүргізілген

Құрметті Алма, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Облыс елді мекендерін кезең-кезеңмен  газдандыру жоспарлануда.  1-ші кезекте 2015 жылы Арал қаласы, Әйтеке би, Жаңақорған, Шиелі кенттері және Байқоңыр қаласы газдандырылды. 2-ші кезекте Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттерін 2017-2019 жылдары газдандыру жоспарланған.

Осыған орай, Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек кенттерін газдандыру үшін жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті министрліктерге бюджеттік өтінімдер жолданды. Жоба құны 12,3 млрд.теңге. Қаржы бөлу мәселесі қолдау тапқан жағдайда, аталған елді мекендерді газдандыру жұмыстары 2017-2019 жылдарға жоспарлануда.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

9.      

Нейла

Қызылорда қаласы

До этого Вы говорили, что строительство пассажирского терминала аэропорта Коркыт ата планируется с использованим механизма государственно-частного партнерства. На сегодняшний день какие работы проводятся?

Уважаемая Нейла, аппарат акима области рассмотрев Ваш вопрос в режиме онлайн сообщает следущее:

В настоящее время строительство нового пассажирского терминала аэропорта  Коркыт Ата планируется через механизм государственно-частного партнерства. В целях привлечения инвесторов к реализации  данного вопроса разработана концепция проекта, были получены заключения экспертизы с необходимых государственных органов.

В 2017 году запланирован конкурс, будут проведены работы в выборе инвесторов.

Если Вы не удовлетворены представленным ответом на Ваше заявление, то, согласно требований Закона РК от 12 января 2007 года № 221 «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» вы имеете право обратиться в вышестоящие органы.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

10.   

Омар Асанұлы

Қызылорда қаласы

Мұз айдынынан басқа қысқы спорт түрлері  қаншалықты дамуда?

Қазіргі таңда, «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және шорт-трек спорт түрлерімен 200-ден аса спортшы шұғылданады.

2016 жылдың  қыркүйек айында шорт-трек бөлімшесі ашылды.

Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында Қызылорда қаласында екі жыл қатарынан мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды.

Жерлесіміз, ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева ел чемпионаттарының үш мәрте жеңімпазы, былтыр Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанса, биыл Саппоро қаласында өткен VIІI қысқы Азия ойындарында қола жүлдені иеленді.  

Сондай-ақ, шайбалы хоккейден де спортшылардың шеберлігі шыңдалып келеді. Өскемен қаласында өткен жасөспірімдер чемпионатында жерлестеріміз қола медальді иеленді. Ал шорт-тректің болашағы алда.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы

11.   

Ыслам

Қызылорда қаласы

Сыр бойының тарихи  мұраларын зерттеуде үлкен қолдау жасап жүргеніңізге ризамыз. Мен,  археолог-магистрантпын. Өзімнің зерттеу жұмыстарымда біздің облыста әлі де ашылмаған, зерттеуді қажет ететін көптеген археологиялық орындар бар екенін білдім. Мысалы, Сортөбе, Қышқала қалашығы, Араласар қалашықтары туралы мәліметтер жоқтың қасы. Осы ескерткіштерге де зерттеу жұмыстары жүргізілсе.

Сыр өңірі ертедегі қалашықтар мен сәулеттік ескерткіштер көп шоғырланған өңірлердің бірі. Бүгінгі күні облыс аумағында 511 тарих және мәдениет ескерткіштері мемлекет қорғауына алынған. 2013 жылдан бастап облыста  тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес жұмыс жасайды. Осы Кеңестің шешімімен 2014 жылдан бастап облыстық бюджет есебінен Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат қалашықтарына кешенді түрде археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Біз биыл, бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымын кеңейтіп, Аралдың кепкен табанындағы ескерткіштерге, Қармақшы ауданындағы Сортөбе және Жалағаш ауданындағы Жент қалашықтарына да археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Негізі, зерттеу жұмыстары бірінші кезекте ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізілген объектілерге жүргізіледі. 2017 жылдың қаңтар айында облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссия отырысында Арал асар, Қышқала және Жаңақорған ауданындағы бірнеше қалашықтар (Мейрамтөбе (Ү-ХІҮғғ.) Келінтөбе, Абызтөбе, Балапантөбе (ҮІІІ-ХІІғғ). Асарық қонысы (ҮІІІ-ХІҮғғ.) ескерткіштердің алдын-ала тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.    

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

12.

Әлия 

Қызылорда қаласы

«Серпін» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы біраз оқушылар оқуға мүмкіндік алды. Біздің қаламыздағы осы бағдарлама бойынша оқуға түсуге мүмкіндік қарастырылмаған ба?

Құрметті Әлия!

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасы аясында соңғы үш жылда 3600 Сыр елінің жастары білім алуда.

Атап айтқанда, 2016 жылы бағдарлама бойынша колледждерге 1254 орын, жоғары оқу орындарына 3162 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Нәтижесінде, ЖОО-ның 643, колледждердің 611 орынын Сыр елінің жастары иеленді

Былтырғы жылы бағдарламаға ауыл мектебін бітірген оқушылар қатысты, қала мектептерінің бітірушілері қатыса алмады. Бағдарлама биылғы жылы да өз жалғасын табатын болады. Қала мектебін бітірушілердің бағдарламаға қатысуы ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан шешіледі.

Облыстық білім басқармасы

13.

Түлкібаева

Қызылорда қаласы

Менің балам Абдукаримов Мейірхан Мәскеудің металлургия институтының 3-курсында оқиды. Енді 1-1,5 жылда оқуын бітіріп, алғашқылардың бірі болып елге оралады. осы балалардың елге келгендігі мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы қалай болар екен?

Құрметті Түлкібаева ханым!

Қазіргі таңда, Ресей Федерациясында өңірімізден 390 жас металлургия, тау-кен мамандықтары бойынша білім алуда. Алғашқы бітірушілері 2018 жылы елге оралатын болады. Бүгінгі күні Жаңақорған ауданы Шалхия кен орынын қайта жаңғырту, қайта шикізат өндіру, Шиелі ауданында әк, цемент зауыты, ваннадий өндірісі, Қызылорда қаласында шыны зауытының құрылысы жүргізілуде. Аймағымыздың индустриалды-инновациялық жобаларына сәйкес қолға алынып құрылысы жүргізіліп жатқан кәсіпорындар мен зауыттарда алдағы уақытта Мәскеуден бітіріп келген жастарымыз жұмыс атқаратын болады.

Облыстық білім басқармасы

14.

Санжар

Қызылорда қаласы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Қытай еліндегі өндірістерді Қазақстанға көшіру жөнінде жиі естиміз. Өзіміздің арамызда мамандық бойынша жұмыс таппай жүргенде, бұл өз кезегінде қытай мамандарының тартылуына әкелуі мүмкін. Осы орайда Қытай мемлекетімен бірлесіп орындайтын жобалар бар ма?

Құрметті Санжар!

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізде өндірістер ашу үшін Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді. Осы орайда, облыс бойынша Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы  ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылуы жоспарланған 2 жоба бар.

Біріншісі, Шиелі ауданында құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған қуаты 1 млн тонналық тампонажды цемент шығару зауыты жобасы. 

Жоба «Корпорация Данаке» ЖШС және «Gezhouba group» қытай компаниясымен бірлесе жүзеге асырылуда және жоба іске асырылғанда 260 жұмыспен қамтылатын болады.

Екінші жоба - «Қызанақ дақылын 4 мың га жерде өсіріп және қуаттылығы 15 мың тонна томат өңдеу зауыты» жобасы.

Жобаны «ЕвразияАгроХолдинг» ЖШС және қытайлық «Cofco» компаниясы іске асыруда. Жоба іске қосылғанда 154 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Нәтижесінде жаңа кәсіпорындар құрылады және біздің мамандар сол өндірістерде жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар, жұмысқа қабылдау барысында жұмысқа алдымен жергілікті мамандар тартылады.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы

15.

Еркін

Қызылорда қаласы

Қазіргі салынып жатқан шыны зауытына жұмысқа орналасу үшін қандай органға жүгіну керек?

Құрметті Еркін!

Бүгінгі күні уақытша қиындықтарға қарамастан Шыны  зауытының құрылысын жалғастыру үшін барлық шаралар қолданылуда. Жобаны «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-мы мен американдық «Stewart Engineers» стратегиялық әріптесімен бірлесе жүзеге асыруда. 

Зауыттың іске қосылуы 2017 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. Іске қосылғанда 226 адам жұмыспен қамтылатын болады. Айта кету керек, жұмысқа қабылдау барысында жұмысқа алдымен жергілікті мамандар тартылатын болады.    

Облыс көлемінде іске асырылудағы жобалар қажетті мамандарды жұмысқа қабылдау мақсатында тұрақты түрде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қандай категория бойынша мамандықтар қажет екені туралы ақпаратты жолдап отырады.

Осыған орай, зауытқа жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастыру үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінуге болады.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы

16.

Ербол

Қызылорда қаласы

Здравствуйте уважаемый Кушербаев Крымбек Елеуович! Очередной раз прошу помочь мне, я Каснов Ербол 06.12.1982 гр. выживаю с 2004 года, инвалид 3 гр. Мать умерла в 2002. Отец в 2004. Живу на данный момент, временно то у одного знакомого, то у других, так как банк Центркредит отнял у меня кв в 2011 году. Все что я хочу, это заработать сам, своим трудом и я смогу. Помогите мне с фотоаппаратом и ноутбуком. Я смогу накопить на квартиру своим трудом, принимать заказы на фотосъемках, это все что я умею одной рукою. Я не прошу о квартире, смогу сам накопить, но нет денег на оборудование. Я люблю фотографировать и получается не плохо. Хочу снимать свадьбы, дни рождения, юбилеи и делать красивые и богатые альбомы. Я смогу и вижу в этом свое будущее... Спасибо что Вы есть!

Уважаемый, Ербол, согласно Вашего вопроса, заданного посредствам «Онлайн» связи, акимат Кызылординской области сообщает следующее.

Вы включены в список нуждающихся граждан на оказание социальной помощи.

В рамках проводимых благотворительных акций будет рассмотрена возможность оказания Вам материальной помощи.

Согласно статьи 12 Закона Республики Казахстан от 12 января 2007 года «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» в случае несогласия полученным ответом, Вы вправе обратиться к вышестоящим субъектам, либо в суд.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы

17.

Айбек

Сырдария ауданы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Сырдария ауданынң тұрғынымын. Қызылорда қаласынан тұрақты жұмысқа орналастыруды сұрайды

Құрметті, Айбек, Сіздің облыс әкімінің есеп беру кездесуінде «Онлайн» байланыс жүйесі арқылы түскен сауалыңызға Қызылорда облысы әкімдігі төмендегіні хабарлайды. 

2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан еңбекке жарамды азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді түрлері (тұрақты немесе уақытша  жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарға тарту, кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру  курстарына жолдау) ұйымдастырылатын болады делінген.

Осыған орай Сіз, тұрғылықты жеріңіз бойынша (Теренөзек кенті Аманкелді Иманов көшесі 43 үйде орналасқан) «Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы»  немесе тұрғылықты жеріңізді Қызылорда қаласына ауыстырылған жағдайда Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығына (Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі №43 үй) жұмыс іздеуші ретінде хабарласуға болатындығын хабарлайды. 

Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, субъектіге немесе тікелей сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіреді.           

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы

18.

Рысбай

Сырдария ауданы

Мен Сырдария ауданы Бесарық ауылында тұрамын. Биылғы жылы Ауылшаруашылығы   бағдарламасымен қаржы алып, мал бордақылауға мол мүмкіндіктер болады деп әкім есептерінде естіген болатынмын. Мал бордақылауды қолға алсам деймін. Осы жұмыстарға қалай қол жеткізуге болады.

Құрметті Рысбай!

Облыс әкімінің аппараты Сіздің "Онлайн" байланысы арқылы түскен сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы№919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мал шаруашылығы саласындағы жобаларға және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға мерзімі 7 жылға дейін жеңілдетілген несие беріледі. Несие жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне беріледі.Мал бордақылауды қолға алам десеңіз осы аталған несиені алып жұмысты ұйымдастыруға болады. Несиенің ең жоғары сомасы – 8000 айлық есепті көрсеткішке дейін  (16 млн.теңге) кепіл (жылжымайтын) арқылы жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 % -дан артық емес.

Қосымша толық ақпаратты Сырдария аудандық жұмыспен қамту орталығынан алуына болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.  

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

19.

Шоқан

Қармақшы ауданы

Құрметті облыс әкімі. Менің қояр сауалым Қармақшы ауданында өзімнің жеке шаруа қожалығым бар. Осы қожалығымды кеңейтсем деймін соған қандай көмектер көрсетіледі.

Құрметті Шоқан!

Облыс әкімінің аппараты Сіздің Сіздің "Онлайн" байланысы арқылы түскен сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Жеке шаруа қожалығын кеңейту үшін қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «КазАгро» ҰБХ» АҚ-ның Қызылорда облыстық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мы филиалы  арқылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары жұмыс жасауда.   Осы бағдарламлар аясында мал шаруашылығымен айналысуға 10 жылға дейін мүйізді ірі қара малын сатып алуға жеңілдетілген несие берілуде.

Несие берудің негізгі шарты бойынша шаруа қожалығының жайылымдық жері, мал қорасы, жеке меншігінде мүйізді ірі қара малы және кепілдікке қоятын дүние мүлкі болуы керек.

Берілетін несиенің көлемі кепілге қойылған дүние-мүліктің құнына байланысты анықталып, берілетін болады.

Толық ақпарат алу үшін Қызылорда қаласы, Қонаев көшесі 33 үй мекенжайында тіркелген (Тел: 55-10-27,55-17-98) Қызылорда облыстық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мы филиалына хабарласуға болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.  

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

20.

Гүлзағи

Қызылорда қаласы

Соңғы жылдары ет экспорты туралы көп айтылып жүр. Бұл бағытта облыста қандай жұмыстар атқарылуда.

Құрметті Гүлзағи!

Облыс әкімінің аппараты Сіздің Сіздің "Онлайн" байланысы арқылы түскен сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі таңда облыста мал шаруашылығы өнімін экспорттауға бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда. Мүйізді ірі қара малын бір мезгілде бордақылайтын қуаттылығы 6 мың бастық екі мал бордақылау алаңы салынды. («Шаған жер» және «Сыр маржаны» ЖШС-лар жылына 2,5 мың тонна сиыр етін шығаруға дайын).  

Сонымен қатар, 10 мың бас қозы бордақылайтын және жылына 25 тонна вакумдык қаптамада дайын қозы етін өндіретін кешеннің құрылысы жүргізіліп, үстіміздегі жылы аяқталады деп күтілуде.

Ет өнімдерін экспорттау мақсатында РФ Астрахань облысы, Иран, ҚХР байланыстар орнатылып, алдын ала келісімге келіп отырмыз.

Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде алдағы 2017-2018 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі артатын болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

21.

Қайрулла

Арал ауданы

Арал ауданының даму әлеуеті жоғары екенін білеміз. Алайда, табиғи ресурстар бар бола тұра ауданда өнеркәсіптік өндіріс дамымаған, көптеген ауданішілік жолдардың жағдайы төмен, электр энергиясы үзіліп қалу фактілері бар. Осы аталған жағдайларды қалыпқа келтіру үшін және аудан экономикасын дамыту мақсатында жергілікті билік тарапынан қандай шаралар қабылдануда?

Құрметті Қайрулла, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

2016 жылдың 5 желтоқсанында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша әзірленген «Арал ауданының экономикасын дамытудың              2017-2019 жылдарға арналған Жол  картасы» (әрі қарай – Жол картасы) бекітіліп, қолданысқа енгізілді. Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін айрықша орын алатын  бұл құжатта алдағы 3 жылда іске асырылатын міндеттер айқындалған.

Жалпы, Жол картасы аясында 2017-2019 жылдары барлығы  93751,0  млн. теңгенің  60  жобасы  іске  асырылатын болса,  оның 26476,0 млн. теңгенің 45 жобасы 2017 жылға жоспарланған. 2017 жылы 35 жоба аяқталуға тиісті болса, 10-ы өтпелі жобалар, яғни 2018-2019 жылдары жалғасын табатын жобалар. Жол жөндеу саласында 926,2 млн. теңгенің 3 жобасы іске  асырылатын  болады. Биыл аудандық маңызы бар Сазды, Райым-Водокачка елді мекендеріне кіре беріс автомобиль жолдарын жаңадан салу, Қызылжар елді мекеніне кіре беріс жолын күрделі жөндеу жобасының екінші кезеңін іске асыру көзделуде.

Энергетика саласында 191,3 млн. теңгенің 3 жобасы іске  асырылып, Арал қаласы, Сексеуіл, Аралқұм елді мекендеріндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр желілері жүргізілетін  болады.

Сондай-ақ, 2017 жылы «Жол картасына» енген іс-шаралардан  бөлек,  жергілікті маңыздағы «Арал-Аэропорт-Жалаңаш»  автокөлік  жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталады. 

Сонымен қатар, Арал қаласы мен елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеуден өткізу, абаттандыру және жарықтандыру  мәселелері де басты назарда болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Арал ауданының әкімдігі

22.

Гүлжайна

Қызылорда қаласы

Бәрімізді толғандыратын мәселенің бірі-жеке тұрғын үй салу үшін жер алу мәселесі. Осы ретте, облыстағы жер кезектілігін азайту, тұрғындардың жермен қамтамасыз етілуі қандай дәрежеде? Жақын арада қай жерлерден жер табысталмақшы

Құрметті Гүлжайна!

Негізінде жер берудің өзінің заңмен айқындалған тәртібі бар. Ең алдымен Бас жоспарда бұл мақсаттарға бос аумақтардың болуы, олардың инфрақұрылыммен (су, электр, жол және т.б) қамтамасыз етілуі, осыдан кейін ғана бөлінетін алаңдардың дайындығына қарай кезектілікке сәйкес жер беру.

2016 жылы Қызылорда қаласы бойынша «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойынан жалпы көлемі 980 гектар аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 8,9 млрд. қаржы игерілді.

6600 учаске табысталу жоспарлануда. Байтерек шағын ауданы ашылып, сол аумақтан жер беріліп жатыр.

Ал жалпы айтатын болсақ, облыста 2014-2015 жылдары 1164 жер берілсе, 2016 жылдың өзінде 3690 жер табысталды. Яғни, 2014-2015 жылдармен салыстырғанда 2016 жылы 3 есеге  артып отыр.

Бұдан бөлек, жарияланған «Қазақстанның  үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының Жолдауында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету айтылып, әкімдерге жаппай тұрғын үй құрылысы үшін тиісті жер телімдерін бөлу тапсырмасы берілді.

Осыған сәйкес, келешекте бұл бағдарлама төңірегінде де нақты жұмыстар атқарып, өңіріміздің тұрғындарын жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өз жалғасын табатын болады.

Ұсынылған жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе тікелей сотқа шағым жасауға құқығыңыз бар.

Облыстық жер қатынастары басқармасы

(Ш.Қойшыбаев)

23.

Мақсотұлы

Жаңақорған ауданы

Жер телімдерін алу мәселелері бойынша

Жер учаскелеріне құқықтар алу учаскенің нысаналы мақсатына байланысты бірнеше жолдармен жүргізіледі. Атап айтатын болсақ,  жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы үшін алу, кәсіпкерлік мақсаттар үшін, шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алу үшін реттіліктері төмендегідей.

1. ҚР азаматтарына және оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру тәртібі «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар                беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 27.03.2015 жылғы №255 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жер учаскесіне құқық алу ҚР Жер кодексінің 43-бабымен реттелетіндігін хабарлайды.

Яғни, Жер кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын құжатты беретін, жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс делінген.

2.«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық автокөлік жолының бойынан көліктерге қызмет көрсететін соңғы үлгідегі кешен (қонақ үй, мейрамхана, дәмхана автотұрақ т.б.) салып, кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскесін алу бойынша.

Аталған мақсаттарға жер алудың 2 жолы бар:

Біріншісі - тікелей сауда-саттық арқылы.

Екіншісі - жобаны өңірлік үйлестіру кеңесіне енгізіп, қолдауын тауып, сауда-саттықсыз тікелей алу.

Бұдан бөлек, «Қазавтожол» акционерлік қоғамының келісімі міндетті түрде алынуы керек.

3.Сонымен қатар, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер  санатынан шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін алу "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 жылғы №290 бұйрығына сәйкес  жүзеге асырылады. Яғни аталған мақсаттағы жер учаскелері сауда-саттықтар (конкурстарда, аукциондарда) арқылы уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен табысталады.

Ұсынылған жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе тікелей сотқа шағым жасауға құқығыңыз бар.

Облыстық жер қатынастары басқармасы

(Ш.Қойшыбаев)

24.

Аятхан

Қызылорда қаласы

Здравствуйте! Периодически, я отправлял свои несколько идей (планов) на блог областного акимата. И если их рассматривали, то требовали бизнес-план, также я должен был создать фундамент для реализаций и прочее. То есть вместо того чтобы использовать идеи (считаю не самые плохие), мне давали «советы» делать их самому. Уже не важно, что это были за планы и куда я их направлял. Вопрос в другом, неужели нельзя сделать так, чтобы человек приходил с какой то идеей (планом) и после совместного с представителем акимата рассмотрения, начали их совместно реализовывать.

Уважаемый Аятхан! Аппарат акима области, рассмотрев Ваш вопрос, поступивший в режиме онлайн, сообщает следущее:

Согласно статье 5 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс), каждый имеет право на свободу предпринимательской деятельности, свободное использование своего имущества для любой законной предпринимательской деятельности. Кроме того, субъекты предпринимательства вправе осуществлять любые виды предпринимательской деятельности, не запрещенные законами Республики Казахстан.

Вместе с тем, согласно пункту 2 статьи 21 Кодекса в целях развития частного предпринимательства и конкуренции государством принимаются меры, направленные на сокращение доли участия государства в предпринимательской деятельности путем ограничения создания государственных юридических лиц в сфере предпринимательства, юридических лиц с участием государства в уставном капитале.

Кроме того, с 1 января 2017 года в области начал свою работу Центр обслуживания предпринимателей (далее – ЦОП), который оказывает ряд услуг для предпринимателей. Одним из оказываемых видов услуг является сопровождение инвестиционных проектов.

Наряду с этим, ЦОП оказывает консультационные услуги по государственным и региональным программам поддержки предпринимательства, условиям финансирования финансовых институтов, а также услуги по получению разрешительных документов по принципу «одного окна».

Все услуги оказываются на бесплатной основе.

Для детального рассмотрения Ваших бизнес планов (идеи), просим Вас обратиться в ЦОП по адресу: г. Кызылорда, ул. Айтеке би, здание 28 либо в областное управление предпринимательства и туризма.

Если Вы не удовлетворены представленным ответом на Ваше заявление, то, согласно требований Закона РК от 12 января 2007 года № 221 «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» вы имеете право обратиться в вышестоящие органы.

Кәсіпкерлік және туризм басқармасы

25.

Алина

Қармақшы ауданы

Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында құс фабрикасы құрылысы басталмақ. Құс фабрикасы іске қосылған уақытта қанша адам жұмысқа тартылады және қандай мамандықтар қажет етеді.

Құрметті Алина, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын ашуды іске асыру мақсатында 2016 жылы «Ақтөбе и К» ЖШС-і 51% және «Байконыр» ӘКК» ҰК» АҚ 49% үлестерімен «Қармақшы – құс» ЖШС-і біріккен кәсіпорын құрылды. Жобаның жалпы құны 1 140,13 млн. теңге.Сондай-ақ, жобаның құрылысын жүргізу үшін 2016 жылы облыс әкімдігінің қаулысымен 20 гектар жер бөлініп, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба толығымен іске қосылған уақытта 38 жаңа жұмыс орны ашу жоспарлануда.

Бұл ретте, кәсіпорында жаңа жұмыс орындары әкімшілік персоналдан бөлек, инженерлік техникалық жұмысшылар яғни ветеринарлық дәрігер, инженер электрик, технолог, еңбек бойынша инженер және өндірістік персонал бойынша құс өсіруші оператор, темір ұстасы, электрші, механик, жүргізуші, ветеринарлық санитар, құрама жем өндірісінің технологі мен операторы және т.б. мамандықтары негізінде құрылатындығын атап өтеміз. Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз. 

Кәсіпкерлік және туризм басқармасы

26.

Сауле

Қызылорда қаласы

Уважаемый Крымбек Елеуович!

В последнее время в социальных сетях много говорится о слабом развитии туризма в регионе, какие предпринимаются меры по развитию данной отрасли?

Уважаемая Сауле! Аппарат акима области, рассмотрев Ваш вопрос, поступивший в режиме онлайн, сообщает следущее. На сегодняшний день, по согласованию с Казахстанской туристской ассоциацией были разработаны и утверждены 15 туристических маршрутов, которые охватывают все туристические объекты нашей области.Особенно большой популярностью пользуются турмашруты с посещением комплекса «Байконур», мемориала Коркыт ата, озера Камбаш, горных хребтов Каратау в Жанакорганском районе и другие.Всю необходимую информацию туристы могут получить на официальном сайте акимата Кызылординской области в разделе «Туризм».На указанном сайте показана вся необходимая информация о способах прибытия в наш регион и о благоприятном времени для отдыха.Далее, 11 ноября 2016 года постановлением акима области Кушербаева К.Е. была создана рабочая группа по развитию туристкой отрасли Кызылординской области, в которую вошли представители государственных органов и бизнес структур.До сегодняшнего дня уже были проведены 3 заседания рабочей группы, на которых обсуждаются все проблемы развития туризма в регионе.Кроме того, совместно с представителями Европейского союза была подготовлена стратегия развития туризма Кызылординской области.Вместе с тем, главным событием 2017 года для нашей страны, в том числе для нашей области – станет проведение в г. Астана Международной специализированной выставки «ЭКСПО-2017».Проведение Выставки безусловно придаст импульс в развитии туризма как в стране, так и в Кызылординской области. В этой связи в преддверии «ЭКСПО-2017» совместно с местными туркомпаниями были сформированы туристские маршруты с посещением главных туристских объектов области. Нам очень повезло, что на нашей территории расположены известный всему миру космодром «Байконур» и сакральная святыня тюрских народов – мемориальный комплекс «Коркыт Ата».

Мы уверены, что именно эти объекты станут точкой притяжения в нашу область.Что касается космодрома «Байконур», то в настоящее время начата работа по созданию развлекательно-туристской зоны «Байконур» на территории Кармакшинского района.Развлекательно-туристская зона «Байконур» будет включать в себя:

1. Торговый центр;

2. Гостиницы мирового стандарта;

3. Ресторан;

4. Кино и развлекательные игровые залы, оснащенные новейшей телекоммуникационной связью;

5. Боулинг, бильярд;

6. Космические аттракционы с различными техническими спецэффектами, «hi-tech» технологиями, современными приборами для наблюдения за пуском ракет;

7. Бассейн, тренажерный зал, сауна, SPA-процедуры;

9. Аквапарк;

10. Магазины национальной сувенирной продукции;

11. Этноаул;

12. Космический музей.

При создании данного проекта космодром «Байконур» может стать центром мирового космического туризма.Также в области полным ходом продолжаетя развитие объектов придорожного сервиса вдоль автомагистрали «Западная Европа – Западный Китай» .На отрезке Кызылординской области определены 37 точек для строительства объектов придорожного сервиса.На сегодняшний день введено в эксплуатацию уже 16 объектов, это гостиницы, кафе, автозаправочные станции, автомойки и другие. Можно с уверенностью сказать, что все эти объекты полностью соответствуют международным стандартам.До конца текущего года планируется ввести в эксплуатацию остальные объекты.Кроме того, продолжается работа по развитию гостиничного бизнеса. Если в начале 2016 года в области насчитывалось 79 гостиниц, то по итогам дополнительно введено 6 гостиниц.Если Вы не удовлетворены представленным ответом на Ваше заявление, то, согласно требований Закона РК от 12 января 2007 года № 221 «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» вы имеете право обратиться в вышестоящие органы.

Кәсіпкерлік және туризм басқармасы

27.

Назым

Қызылорда қаласы

Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігін игеру мәселесі туралы айтып берсеңіз.

Құрметті Назым, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының бас жоспарының негізінде қарастырылған.Бекітілген бас жоспарға сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауын кешенді түрде игеру мақсатында 2013-2014 жылдары 1532 гектар болатын аумаққа инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.  

Жобаға сәйкес сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралатын болады, оның ішінде: 11-і тұрғын аудандар болса, 1-уі индустриалдық аймақ және 3-уі ірі парк және бульварлар болып қарастырылған. Әрбір тұрғын ауданның ішінде есептеулерге сәйкес мектептер мен балабақшалар, емхана, дүкендер және тағы басқа да қызмет көрсету орындары  орналасады.

Сол жағалауға шығу шарттары 2017-2025 жылдар аралығына қарастырылған. Бұл кезеңде сол жағалауда қоныстанған халықтың санын 1-ші кезең бойынша 51,0 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Ал, келешекте сол жағалаудағы аумақта, егерде ол толықтай игеріліп, оған негізінен көп қабатты тұрғын үйлерді салған жағдайда 154,0 мың адамды қоныстандыру жоспарлануда.       

Осы жұмыстарды әрі қарай жүргізу мақсатында 2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға сол жағалауды оң жағалаумен байланыстыратын аспалы көпірдің құрылысы басталып, ол 2016 жылдың қараша айында іске қосылды.  Іске қосылған көпір сол жағалауды кешенді түрде игеруге және онда салынатын объектілердің құрылысын қарқынды  жүргізуге толықтай мүмкіндік береді.  

Жоғарыда аталған шараларды кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында  2015-2016 жылдары сол жағалаудың инженерлік инфрақұрылымын (ауыз су және кәріз жүйесі, электрмен-, газбен-, жылумен жабдықтаудың) және көше-жолдар торабын дамытудың техника-экономикалық негіздемелері, сондай-ақ сол жағалауды бекітудің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бекітілді.Бекітілген құжаттамаларға, сондай-ақ құрылыс жүргізудің кестесіне сәйкес 2017 жылы инженерлік инфрақұрылымдар мен көше-жол торабын дамытудың ЖСҚ әзірлеу үшін облыстық бюджеттен қажетті көлемде қаржы бөлініп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалау жұмыстары қолға алынды. Сонымен бірге, бірінші кезекте құрылысы басталатын аймақтың ауданы айқындалып, онда бой көтеретін тұрғын үйлердің эскиздері дайындалды. 2017 жылдың 2-ші жартыжылдығында инженерлік инфрақұрылым мен көше-жол торабын дамытудың ЖСҚ толықтай аяқтап, құрылыс-монтаж жұмыстарын  кезең-кезеңмен жүргізу жоспарлануда.Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

М.Әлсеріков

28.

Саламат

Қызылорда

қаласы

Сәлеметсіз бе, Қырымбек Елеуұлы!

Қаламызда жаңадан тұрғын үйлер салынып, шағын аудандар көбейді.Сол аудандарда тұрғындардың спортпен айналысуына жағдайлар жасалмаған. Алдағы уақытта салынатын үйлердің бірінші қабаттарынан фитнес, тренажер залдарын ашу мүмкіндіктерін қарастыруға болады  ма?

Құрметті Саламат, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Ағымдағы жылы іске асырылған «Нұрлы жер» үкіметтік бағдарламасы аясында облигациялық қарыздар есебінен жергілікті атқарушы орган (ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын салу мақсатында, жеке құрылыс салушылар және ЖАО одан әрі өткізу құқығымен жапсарлас салынған коммерциялық алаңдары, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері және/немесе қосымша қабаттары бар тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы.Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты іске асырылған кезде ЖАО және/немесе жеке құрылыс салушы мемлекеттік немесе меншікті қаражат есебінен салынып жатқан үй-жайлардың алаңдары мен құнын бөле отырып, кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын ресімдейді, сондай-ақ конкурстың шарттарында мердігерлік құрылыс ұйымдарының сауда және кеңсе алаңдары, қосымша қабаттар бөлігінде жобалауға арналған шығындарды өтеуін және тұрғын, сауда және кеңсе алаңдарын пайдалануға жеке беруін көздейді.

Сонымен қатар, коммерциялық бағытта жеке тұрғын үй салушы тұрғын үйлердің бірінші қабаттарынан әртүрлі ұйымдарды ашуға құқылы.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

М.Әлсеріков

29.

Турсынай

Қызылорда қаласы

Кырымбек балам!!! Саган айтар сауалым мен уй мәселеси бойынша кезекте турмын, зейнеткер, 82 жастамын* І топ мугедектигим бар*Тыл ардагеримен тенестирилген* кумис батыр анамын* козим кормейди* УЙГЕ 2015 кезекте койгам, номерим 7646 али жылжымаган* ыкпал жасай алсан* Ел басы бир созинде мугедектик бойынша 2 жыл деген еди*

Құрметті Тұрсынай апа, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Сіздің 2015 жылғы 17 ақпандағы арызыңыз бойынша пәтер кезегіне халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына (І-ші топ мүгедегі ретінде) тіркелгенсіз, бүгінгі күнге кезегіңіздің реттік саны - 7589.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, өзге азаматтардың басымдық құқығы болмайтындығын назарыңызға жеткіземіз.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

Н. Нәлібаев

30.

Бақыт

Қызылорда қаласы

Қаламыз күннен күнге көркейіп келеді. Көшелерге жөндеу жұмыстары да жүргізілуде. Алайда, қаланың үлкен көшелерінде қар еріген кезде немесе жаңбыр жауған кезде көше ортасы суға толады. Яғни, суағарлар орнату ескерілмеген. Осыған байланысты, жол жөндеу жұмыстарын қабылдау комиссиясы қабылдайтын кезде, неге осы мәселені талап етпейді

Құрметті Бақыт, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қала көшелеріне суағарлар орнатуға байланысты арнайы мамандар арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жаңадан қайта жаңғырту немесе күрделі жөндеуді қажет ететін көшелерге суағар орнату жұмыстары қарастырылған.

Осы ретте, ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын Қорқыт Ата көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл көшеге арнайы суағар орнату жұмыстары жүргізілетін болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

Н. Нәлібаев

31.

Жұлдыз

Қызылорда қаласы

«Шұғыла» мөлтек ауданының тұрғынымын. Мені толғандырып жүрген мәселе КСК-ның жұмыстарына көңілім толмайды. Себебі ай сайынғы тұрғын үйге ақша жинайды, ал жұмыс сапасын өте төмен деңгейде. Алдағы уақытта КСК жұмыстарының реттелуіне ықпал жасауыңызды сұраймын.

Құрметті Жұлдыз, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің алдындағы тазалығына және өжіредегі сантехникалық ақауларға сервистік қызметті «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС арқылы жүргізіледі. Аталған мекемеге тұрғындардың өтініші бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

Н. Нәлібаев

32.

Төребаева

Қызылорда қаласы

Сәлеметсіздер ме, Қызылорда қаласы, Тәуке хан көшесінің тұрғынымын. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы бірқатар игі жақсы істердің бастамашысы болып жүргеніңізге куәміз. Адам болған жерде проблема болмай тұрмайды. Сол себепті менің Сізге қояр сауалым бұрын диагностикадан С. Сәдуақасов көшесімен алғашқыда №34, одан кейін №8 маршруттар жүрген. Ал, қазіргі таңда ешқандай маршрут жүргізілмейді. Күнделікті жұмысқа баратындар мен емханаға баратын зейнеткерлерге, жас балалы аналарға көлік қатынасы қиындықтар туғызып отыр. Тұрғындар атынан ең болмаса уақытылы осы бағытта маршрут жүргізілсе деген ұсынысымыз бар. Көлік қызметінің берер жауабы тұрғындар аз мінетіндіктен дейді. Тұрғындар атынан осы мәселенің шешілуіне ықпал жасаңыз? Алдын ала рахмет

Құрметті Төребаева ханым, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесі арқылы С.Садуақасов көшесімен №8 бағыттағы қоғамдық көлігі тұрақты түрде жүргізілуде. Дегенмен, аталған ұсыныстар бойынша қосымша зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесіен тиісті шаралар қабылданатын болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.    

Н. Нәлібаев

33.

Нұрлан

Қызылорда қаласы

Ассалаумағалейкум, Қырымбек Елеулы!

Сізге қояр сұрағым: қаладағы тұрғын үйлерге модернизация арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар тоқтап тұр ма? Себебі, осыдан 2-3 жыл бұрын Ғ. Мүсірепов көшесіндегі 5 қабатты 88 пәтерлік 20-үйді модернизациядан өткізу жайлы жазған арызымыз әлі күнге жауапсыз қалды. Жауын-шашынды күндері үйдің шатырынан аққан су мен подвалдағы кәріс суы - тұрғындар үшін ең үлкен мәселе болып тұр. Бұл жөнінде қала әкімдігінің сайтына жазылды, ол жақтан КСК-ға тапсырылғанымен, ешқандай жұмыстар істелінген жоқ. Осы айтылған мәселе бойынша, Сізден, үйімізге жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етсеңіз екен деп сұраймын.

Құрметті Нұрлан, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

2011-2016 жылдары облыс бойынша көпқабатты тұрғын үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге 3,5 млрд. теңге бөлініп 160 үй жөнделді. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 148 көп пәтерлі тұрғын үй жөнделді.

2016 жылға жалпы құны 1,2 млрд. теңге болатын бірінші кезекте күрделі жөндеуді қажет ететін 68 үйдің бюджеттік өтінімдері ҚР Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылды. Алайда, республикалық бюджеттің оңтайландырылуына (оптимизация) байланысты көпақабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 2016, 2017 жылдары республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жоқ.

Дегенмен, 2016 жылы қайтарымды қаражат есебінен Қызылорда қаласында 48,2 млн.теңгеге 3 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Г.Мүсірепов көшесіндегі Сіздің үйіңізге күрделі жөндеу үшін ҚР "Тұрғын үй қатынастары" Заңына  сәйкес, пәтер иелері, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, ПИК басшыларының қатысуымен жалпы жиналыс өткізіліп, кемінде 75 пайыз тұрғындардың келісімі керек және хаттамаға қол қойылып, ресімделуі қажет.Бұл мәселе бойынша өзіңіздің ПИК және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясына (тел.:27-76-74; 27-40-32) хабарласуды сұраймыз.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

М. Усаин

34.

Акбота

Қызылорда қаласы

Жасы 25-те 3 баласы кәмелетке толмаған, үйі жоқ, күйеуі жоқ. Жұмысы жоқ. Үй беріледі ме немесе мемлекеттен қандай көмек бар?

Құрметті Ақбота, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

ҚР«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдері 5 топ бойынша жүргізіледі.

1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

1.1.Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобы.

2.Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;

3.Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;

4.жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 1 бөлігіне сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі және аталған баптың 3 тармағына сәйкес тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды.

Жоғарыда аталған санаттарға Сіздің жеңілдіктеріңіз сәйкес келген жағдайда тұрғын үй алу кезегіне тіркелу үшін міндетті түрде Қызылорда қаласына тұрғылықты тіркеліп, төменде көрсетілген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 5 жыл көлемінде жеке меншігіңізде тұрғын үй болмаса Халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті құжаттарыңызды тапсыра аласыз.

1.Жылжымайтын мүлікке тіркелмегендігі туралы (ХҚКО-нан) анықтама;

2. Жеке куәлік көшірмесі;

3. Неке туралы куәлік көшірмесі;

4. Жеңілдіктеріңіз туралы анықтама;

5. ХҚКО-нан мекен-жай анықтамасы;

6. Жеке арызыңыз /Қала әкімі Н. Нәлібаевтың атына/.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

35.

Жадыра, Айнаш

Қызылорда қаласы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Тұрғын үйіміз жаңадан жөндеуден өтті, бірақ көңілімізден шықпайды. Келісім-шарт бойынша 5 жылға төлем берді. Ауламызда балаларға арналған алаң жоқ. Машиналар зырғып өтеді. Осы мәселенің шешімін шешіп берсеңіз.

Құрметті Жадыра, Айнаш, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 2011-2015 жылдар аралығында республикалық бюджеттен

3 186,7 млн теңге бөлініп, 115 көппәтерлі тұрғын үй (қосымша қайтарымды қаражат есебінен 1,8 млн теңге жұмсалды), 2015 жылы қайтарымды қаражат есебінен 66,4 млн теңгеге 3 үй, 2016 жылы 48,2 млн теңгеге

3 үй, 13 млн теңгеге 1 үй (шатырына), барлығы

122
көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына соңғы 3 жылда 55 ойын алаңы салынды. Өтініштеріңізде нақты мекенжайларыңыз көрсетілмегендіктен, жөндеу жұмыстарының сапасы мен ойын алаңдары мәселесі бойынша нақты жауап ұсыну мүмкіндігі болмағандықтан, жазбаша өтінішпен жүгінуді ұсынамыз.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

36.

Нұргүл

Қызылорда қаласы

Саламатсыздар ма! Облыс әкімдігінің маңайындағы көшелерді асфальттау жұмыстары биылғы жоспарда бар ма?

Құрметті Нұргүл, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

2017 жылы облыс әкімдігі ғимаратының маңайындағы көшелерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Арай тұрғын ауданындағы Дачное 1,2 және Жиделі көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

37.

Маржан

Қызылорда қаласы

Саламатсыз ба, Қырымбек Елеуұлы! Қаладағы барлық бағыттағы маршруттық газельдерді толығымен үлкен сыйымдылықтағы автобустарға ауыстыру жоспарда бар ма?

Құрметті Маржан, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

2014 - 2016 жылдар аралығында қалаға барлығы 112 жаңадан үлкен сыйымдылықтағы автобустардың келуіне байланысты бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілген болатын. Тұрғындардың өтінішітеріне сәйкес аталған жұмыстар жалғасуда.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

38.

Азамат

Қызылорда қаласы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы сізден қаламыздың шет жақтарындағы көшелердің жарығы мен жолаушы жолын салу жайында және Асфандияров көшесіне свет пен тротуар жүргізу жөнінде көмек сұраймын. Себебі оқушылар осы көшенің бойымен № 253 мектепке барады. Осы мәселенің шешімін шешіп берсеңіз. Сізге алдын-ала алғысымды білдіремін.

Құрметті Азамат, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі таңда қаланың барлық көшелеріне жаяу жүргінші жолдарын салу және жарық шамдарын орнатуға байланысты егжей тегжейлі зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, Асфендияров көшесі аталған жұмыстарды қажет ететін тізімге енгізілді. Қаржы көздеріне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

39.

Асылхан

Қызылорда қаласы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы алдағы уақытта Сабалақ саяжайына жарық шамдары жүргізіледі ме?

Құрметті Асылхан, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

«Сабалақ» саяжайлар өңірінің мәртебесі маусымдық болғандықтан, қолданыстағы заңдармен бюджет қаражаты есебінен қандай да бір құрылыс, инфрақұрылымдар жүргізуге тыйым салынған. Осыған орай, қазіргі кезде аталған аумаққа елді-мекен мәртебесін беру бойынша жұмыс жасалуда.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

40.

Нурсултан

Қызылорда қаласы

Менің қояр сауалым қаламыздағы Қойсары батыр көшесіне тас жол төсеп берсеңіздер.

Құрметті Нұрсұлтан, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қойсары батыр көшесіне тас жол төсеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын дайындауға бюджеттік комиссияға өтінім ұсынылады, қаражат көзі қаралғаннан кейін  заңдылықтарға сәйкес әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге «Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына» бюджеттік өтінім құжаттары табысталады. Құрылысқа қажетті қаражат көзі қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары орындалатын болады.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

41.

Әкімбек

Қызылорда қаласы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Сіз жастардың білім алуларына көп қолдау көрсетіп отырсыз. Қаламыздағы жастардың 1/4-ін студент жастар құрайды десем қателеспеймін. Жоғары оқу орнында немесе колледжде оқитын 2-3 баласы бар отбасылар да жоқ емес. Студенттердің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін үлкен әлеуметтік көмек. Бұл жұмыс осы жылы жалғасын таба ма екен?

Құрметті Әкімбек, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі таңда, қалаішілік бағыттағы қоғамдық көліктерде жол жүру жеңілдіктерін қарастыру мақсатында қала әкімдігінің ұсынысы мен тасымалдаушы мекеме тарапынан ҰОС-ның ардагерлері мен I-ші топтағы көз мүгедектеріне тегін жүру және 18 жасқа дейінгі оқушыларға 60 пайыз жеңілдікпен жүру қаралған.

Алайда, студенттердің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі қаралмағандығын хабарлаймыз.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н.Нәлібаев

42.

Ержан

Қызылорда қаласы

Құрметті Қырымбек аға мен 2005 жылы Ақсуат а/о  Махамбетов ауылы әкіміне жеке тұрғын ұй құрылысын салуға жер сұрап арыз берген болатынмын. Осы арызым бойынша 11.10.2005 жылғы № 12 Ақсуат а/о жер учаскілерін табыстау жөніндегі тұрақты коммисияның қортындысы және 23.10.2005 ж сол кездегі ауыл әкімі Қ.Естаевтың 300 азаматқа жер учаскісін беру туралы №26 шешімі шығады. Алайда бұл шешімде учаскінің номірсіз көшесі белгісіз деп көрсетілген. Құрметті Қырымбек аға осы шешімдерге ауыл әкімдігі жер учаскілерінің көшесі мен номерін нақтылап өзгеріс енгізіп беріп жатыр дегенді естіп, 2013 жылдан бастап ауыл әкімі А. Нұрсейітовке барып шаршадым. Барған сайын кейін келші деп қайтарып жібереді. Осы мәселеде көмек беруіңізді сұраймын. Рахмет

Құрметті Ержан, облыс әкімінің аппараты Сіздің онлайн байланысы арқылы қойған сауалыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды.

Ақсуат ауылдық округі әкімдігінің 2005 жылы қабылданған шешімдері Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мұрағатына тапсырылғандықтан, өтініш иесінің мұрағатқа табысталғандығы туралы алынған анықтамасы негізінде өтініші қаралатын болады.Толық аты-жөніңіз көрсетілмегендіктен, құжаттарыңызды зерделеу мүмкіндігі болмады. Сондықтан, барлық құқықтанушы құжаттарыңызбен жазбаша өтініш жолдауды ұсынамыз.

Егер жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сот органдарына шағым беруге құқылы екендігіңізді назарыңызға жеткіземіз.

Н. Нәлібаев

43.

Сарсенкүл

Қызылорда қаласы

Мен зейнеткермін. Онкологиялық науқаспен есепте тұрамын. Қан қысымым жиі көтеріледі. Өзімнің жағдайыма қарай кейде дәрім таусылып, болмай да қалатын кезім бар. Есепте тұратын науқастарға дәрі – дәрмек бөлу мәселесіне көбірек көңіл бөлінсе деген өтінішім бар. Дәріханаларда дәрі – дәрмектің жеткіліксіздігінен қиындықтарға тап боламыз.

Құрметті Сәрсенкүл апай!

Қан қысымы ауруы басқа да амбулаториялық деңгейде тегін түрде дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін ауру түрлерімен ауыратын науқастар санының жылдан жылға ұлғаюынан бекітілген бюджет қаржысына сатып алынған дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігі орын алып жүргені рас. Дегенмен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан, ай сайын тегін берілетін дәрі-дәрмектерге мониторинг жасалынып, амбулаториялық деңгейде тегін түрде дәріні қажет ететін пациенттерді толығымен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасалынуда (қосымша қаражат бөлу, т.б).

Сіз берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы  №221 «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабы бойынша шағым жасау құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

44.

Болат

Қармақшы ауданы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Қармақшы ауданының І топ көз мүгедегімін, осы мүгедек жандарға қандай жеңілдіктер қаралған?

Құрметті Болат!

ҚР  ДС және ӘДМ  30.01.2015 жығы № 44 бұйрығына  қосымша шыққан  «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» № 26 бұйрық бойынша  1 топтағы  мүгедекке   жеке көмекші және  ҚР және ӘДМ «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші  (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп – тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы»  ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына  өзгерістер енгізу туралы  ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1036 қаулысына сәйкес техникалық көмекші  (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп – тұру құралдары беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қаулысының негізінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін: (18 жасқа толмаған балаларға; жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге; «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жасы бойынша зейнеткерлерге; инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға) маманның жолдамасы бойынша қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер түріне айғақтар бойынша тегін  көмек көрсетіледі.

Сіз берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы  №221 «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабы бойынша шағым жасау құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

45.

Жайна

Сырдария ауданы

Ауыр науқастарға тегін дәрі дәрмектер беріледі ме?

Құрметті Жайна!

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген диагнозға науқастың диагнозы сәйкес келсе бұйрықтағы тізімге сәйкес  тегін дәрі-дәрмек  алуға құқылы.

Сіз берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы  №221 «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабы бойынша шағым жасау құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

46.

Аймира

Қармақшы ауданы

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Аудан орталығындағы аурухананың кәріз жүйесін жөнге келтіру бойынша қаржы бөлінгенін естідік. Бұл жұмыстар қашан жүргізіледі.

 Құрметті Аймира!

Бүгінгі   күні  2017 жылы   облыстық бюджет есебінен «Қармақшы аудандық орталық ауруханасының кәріз жүйесін, кәріз-сорап станциясын, су айдау мұнарасын  монтаждау жобасын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына»    247 384 мың теңге қаржы бөлінді.  Жобаның жалпы құны – 263 429 мың теңге.  (ЖСҚ МС  27.10.2015 ж №14-0288/15 ).

Аталған нысан бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі – облыстық құрылыс, сәулет қалақұрылысы басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін іске  асыру жұмыстары жүргізіліп, мердігер анықталғаннан кейін   2017 жылы кәріз жүйесін қайта жаңғырту жүргізілетін болады.

Сіз берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы  №221 «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабы бойынша шағым жасау құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Құрылған күні: 13-02-2017 18:05
Жаңартылған күні: 29-03-2017 18:33

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика