ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2016 жылғы 17 ақпанда 

халық алдындағы есеп беру кездесуінде

ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР

Сұрақ (пікір) мәтіні

Жауабы

1

Лобачевская Эльмира Эльдаровна, безработная.

г. Кызылорда,

ул.Таукехана, №38

Уважаемый господин аким!

Какие части города сейчас уже подключены к чистой воде из  подземных источников и когда полностью весь город будет обеспечен чистой питьевой водой?

И будет ли в нашем городе когда нибудь централизованная горячая вода?

По проекту водоснабжения областного центра предусмотрено бурение 85 скважин с Кызылжарминского месторождения. Из них 57 для существующей сети водоснабжения города и 28 на развитие левого берега реки Сырдарья.

В период с 2013 по 2015 годы пробурены все 57 скважины и 1 декабря прошлого года переданы в эксплуатацию.

В итоге сегодня всё население города пользуется чистой питьевой водой из подземных скважин Кызылжарминского месторождения.

Что касается горячей воды, то в рамках договора городской коммунальной службы с (ГКП «Кызылордатеплоэлектроцентр») с Европейским банком реконструкции и развития в 2016-2017 годах будут проводиться работы по модернизации всех теплосетей, после чего планируется обеспечение горячей водой жителей всех многоэтажных домов города.

2

Үсенов Оразбай, зейнеткер.

Тасбөгет кенті, Есенов көшесі, №20 үй, №47 пәтер тұрғыны.

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Соңғы кездері түрлі діни ағым ұстанушылар көбейді, әлемде түрлі қақтығыстар да осы діннің айналасында болып жатыр.

Намаз оқымаса ата-анасын, туған-туыстарын кәпір дейтіндер бар, келіннің бетін ашу сияқты салт-дәстүрімізді жоққа шығаратындар да пайда болды.

Балаларымыз өсіп келе жатыр.

Уайымдаймыз!

Өзіміздің ата-бабаларымыз ұстанған дін жолын үйретуді, насихаттауды қолға алса деген ұсынысым бар.

Өте орынды сұрақ. Дін - өте өзекті, әрі байыппен қарауды талап ететін мәселе.

Халықта «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деген жақсы сөз бар. Өкінішке орай, білімі аз, діннің шын мазмұнын түсіне алмаған кейбір жастарымыз дәстүрге жат діни ағымдарға қосылып жатқаны рас.

Жастардың дәстүрлі дін жолынан алыстамауы үшін біз мешіттер мен ондағы имамдарға жан-жақты көмек көрсетуіміз қажет. Мәселен, 2015 жылы біздің ұсыныспен жерлесіміз Болат Өтемұратов Ақмешіт-Сырдария орталық мешітін күрделі жөндеуден өткізіп берді. Ал Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Жұмашев Нағи Ілиясов ауылы мен Қызылорда қаласында екі жаңа мешіт салды.               

Жамағатты дұрыс бағыттап, қате жолдан сақтандыру үшін біздің имамдарымыздың дайындығы жоғары болу керек. Сондықтан біз имамдардың білімі мен білігін көтеруге жағдай жасаймыз.      

Өңірдегі мешіттерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында «Нұр-Мүбарак» университетімен келісім жасап, 3 жылдан бері 11 студенттің оқу ақысы мен жатақханасын өзіміз төлеп келеміз.

Жалпы «Нұр-Мүбарак» университетінде 37 қызылордалық студент білім алып жатыр. Былтыр осы оқу орнын бітірген 2 жерлесіміз Қазалы, Қармақшы аудандарында жұмыс жасауда.

Осы жұмыс жалғаса береді. Бірақ жағдайды тездетіп түзету үшін мемлекетпен бірге қоғам да атсалысуы керек. Үлкендеріміз қайда жүрсе де, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, бағыттағаны абзал.       

3

Кулжабаева Алия Зулхарнаевна, пенсионерка.

Шанхай, ул. Исаева 52.

Уважаемый Крымбек Елеуович!

После проведения газопровода, в залинейной части города не осталось арыков.

Жалко, что все деревья могут засохнуть. Читали в газетах, что выделили деньги на арыки.

Живем возле дарьи, а поливной воды недостаточно.

У меня вопрос, когда будет единая арычная сеть в городе?.

Просим Вашего содействия.

Спасибо.

На сегодняшний день 30%-ов города обеспечены поливной водой.

В связи с этим, для обеспечения всего города поливной водой из местного бюджета как вы правильно отметили, было выделено почти 40 млн. тенге, благодаря этому были подготовлены проектно-сметная документация и получено положительное решение гос.экспертизы.

На проведение данных работ из Республиканского бюджета запрошено 2 млрд. 291 млн. тенге для строительства линии поливной воды протяженностью 26 км. Сумма, как видите не маленькая. К сожалению, кризис значительно сократил возможности бюджета. Но рано или поздно, мы решим и этот вопрос.

4

Әмен Асылхан, жұмыспен қамту бөлімінің инспекторы.

Байқоңыр қаласы, Горький көшесі, №22 үй, №27 пәтер тұрғыны.

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Ресейдегі бюджеттің қысқаруынан Байқоңыр қаласында көптеген мемлекеттік мекемелерде жұмыс орындары қысқарып жатыр.

Бұл мәселе мен сияқты қазақстандық азаматтар-дың  жағдайына кері әсерін тигізіп отыр.

Себебі, Ресейдің мекемесінен жұмыстан шыққан азаматтар баспанасын қайтарып беруі тиіс.

Жұмыссыздық мәселесі де шешілмей тұр.

Осы мәселелер Байқоңыр халқын мазалап отыр? Осыған байланысты жоспар бар ма?

Байқоңыр қаласындағы жағдаймен жақсы таныспын, ол менің басты назарымда. Жұмыс орындарының қысқарғаны, әлі де қысқаруы мүмкін екендігі рас. 

Үстіміздегі жылы Ғарыш инфрақұрылымының жердегі нысандарын пайдалану орталығында (ЦЭНКИ мекемесінде) қысқартулардың келесі кезеңі жоспарланып отыр. Бізге жеткен мәлімет бойынша, 2016 жылы РФ Үкіметі  мекемелер мен кәсіпорындарда тағы 10%-ға қысқарту жүргізеді.

Босаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Байқоңыр қаласы әкімшілігімен бірлесе отырып бірқатар шаралар қабылдануда.

Қала әкімшілігімен «Байқоңыр қаласы тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» бағдарламасы бекітілді.

Жұмыстан қысқартылған Ресей Федерациясының азаматтары Ресейге көшуде, себебі қоныс аудару мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға тұрғын үй беріледі. Ал, біздің азаматтар жұмыстан босаса, уақытша пайдалану құқығымен берілген жалғыз баспанасынан да айырылады.   

Дегенмен, Ресейлік әріптестермен жүргізген келіссөздердің нәтижесінде жұмыстан қысқартылған Қазақстандық азаматтар өздері тұрған үйлерінде қалады деген келісімге келдік.

Біз Байқоңыр қаласының дамуына мүдделіміз, сондықтан да қала мен оның тұрғындарына көмектесу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.

Былтыр 11 жарым мың гектар жерді жалға беру шартынан шығарып алдық. Онда инвесторларға қызық болуы ықтимал түрлі өндірістік жобалар дайындалады.  

Сонымен қатар, Байқоңырдағы шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қолға алынды. Жұмыстан босаған азаматтарды жаңа ашылатын өндірістерге жұмысқа орналастыру көзделуде. Жалпы, бара-бара қаланы толықтай жалға алу шартынан шығарып, облыс құрамына қосу қажет деп ойлаймын. Қаланың дамуы үшін бұл ең оңтайлы шешім.

5

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Мен Шиелі ауданының тұрғынымын. Ауданымызда Жиделі су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Оған 8 елді мекенді қосатынын естідік.

Бірақ дағдарыс деп осы құрылыстар тоқтап қалмас па екен деп алаңдаймыз.

Сол жұмыс тоқтап қалмай ма?

Шиелі ауданының ауыз суы Жиделі топтық су құбырына қосылған.

8 елді мекенді (Досбол би, Алғабас, Бидайкөл, Алмалы, Тәжібаев, Бала би, Бәйгеқұм, Жөлек) қосу жұмыстарын Ауылшаруашылығы министрілігінің Су ресурстары комитеті тікелей қаржыландыруда.

 Біз өткен жылы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері комитеті арқылы облысқа трансферт арқылы берілетін қаржымен 3 елді мекендегі – (Желек,Тәжібаев және Алмалы ауылының) су жүйелерін салып бердік. Ендігі кезекте осы елді мекендерге дейін жаңағы өзіңіз айтқан жобаның аясында Су ресурстары комитеті ауылға дейінгі құбырды салып жатыр.

Бұл құрылыстар тоқтамайды.

Жобаның құны 4,1 млрд.теңге.

Қазір 1 млрд.теңгесі игерілді. Бюджет тапшылығына байланысты қазір Су ресурстары комитеті бұл жобаны Ислам даму банкісі арқылы жалғастыруға талпынуда. Банк тарапынан қолдау бар. Жақын арада бұл жоба Премьер-Министр өткізетін арнайы кеңесте қаралады. 

6

Аханов Мықтыбай Жалғасбайұлы, жеке кәсіпкер. Қазалы ауданы, Тасарық ауылының тұрғыны.

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Мен Қазалы ауданы, Тасарық ауылының тұрғынымын.

Ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген  мәселе бойынша сауал қойсам деп тұрмын. 

Ол Тасарық елді мекенін аудан орталығымен байланыстыратын автожол туралы.

Ауылды ауданмен байланыстыратын автожолдың жөндеу жұмыстары былтыр басталды.

Бітетін түрі жоқ.

Осы жолымыз тезірек аяқталса деген өтінішіміз бар.

Жалпы, былтырғы жылы облыс бойынша 122 шақырым жол жөндеуден өтсе, оның 65 шақырымы Қазалы ауданына тиесілі.

Тасарық ауылындағы жол 2009 жылдан бері көтеріліп, шешімін таппай келе жатқанын аудан әкімі маған баяндаған. 

2013 жылы Тасарық ауылындағы жолдың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

Өткен жылы республикалық бюджеттен 200 миллион теңге қаралып, жолдың 11 шақырымына реконструкция жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен192 миллион, облыстық бюджеттен 18 миллион теңге қаражат бөлінді, жол биыл толық аяқталып, пайдалануға беріледі.                           

7

Тобағабылов Олжабай, зейнеткер.

Тасбөгет кенті, Амангелді көшесі,  №18 пәтер,№ 2

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Газ тартылып жатқаны жақсы әрине. Бірақ, табиғи газдың бағасы 19 теңгеге дейін өсті. Осы өсім немен байланысты?

Қызылорда облысы әкімдігімен және "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ арасында 2013 жылы 23 млрд. теңгеге Меморандум жасалып, 2015 жылы облыстың 4 аудан орталығына (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) және Байқоңыр қаласына газ тартылды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған Меморандум аясында қалған 3 аудан орталығын республикалық және облыстық бюджет есебінен газдандыру жоспарланған. Алайда, қазіргі экономикалық жағдайда аталмыш аудан орталықтарын республикалық бюджет есебінен газдандыру мүмкіндік болмай тұр. Осыған орай, 2016 жылы құны 10,5 млрд.теңге болатын 3 аудан орталығын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) және Қызылорда қаласын газдандыру үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасы дайындалуда.

Мұндай инвестициялық қаржы тариф арқылы қайтарылады.

Әрине, бұл қадамға бармай, республика бюджетінен қажетті қаражат бөлінгенше күтіп отыруға болар еді. Иә, газ өздегімен келгенше тағы 10-20 жылға күтуге болады.

Немесе қолда бар нарықтық тетіктерді пайдаланып, жылдар бойы күткен көгілдір отынды ауылдарымызға жеткізу керек болды. Біз осы жолды таңдадық. Шешімнің дұрыс екендігіне күмәнім жоқ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасы 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015-2019 жылдарға 1000 текше метріне  18 950  теңге деңгейінде бекітілді.

Сондықтан да, бір текше метрінің бағасы 18,9 теңге. 

8

Джанибекова Алма Таировна,

частный предприниматель

г. Кызылорда, ул.Желтоксан №51, кв 1

Уважаемый аким!

Часто хожу на базар и в последнее время замечаю рост цен на продукты продовольствия.

Рост цен бьет по карманам простых людей вроде меня.

Что делается для сдерживания  роста цен и есть ли какие-то меры поддержки населения?

Спасибо. Вопрос очень важный.

Во-первых, необоснованного роста цен мы не допустим.

Для сдерживания цен на социально значимые продукты мы имеем достаточный запас продовольствия в Стабилизационном фонде.

Также, к примеру, в Сырдарьинском и в других районах созданы социальные магазины предусматривающие для уязвимых слоев населения льготные цены на социально значимые продукты питания.

Во-вторых, нуждающимся семьям выплачивается государственная адресная социальная помощь. В настоящее время в связи с ростом цен гражданам со среднедушевым доходом, не превышающим черты бедности, будет продолжена выплата адресной социальной помощи.

Кроме этого, с начала года по области реализуется проект обусловленной денежной помощи на основании социального контракта.

С 1 июля 2015 года этот проект в пилотном режиме был реализован в Шиелийском районе и в г. Кызылорда. В прошлом году проект дал свои результаты.

9

Рүстембеков Айтбай, жұмыссыз.

Махамбетов ауылы,

Жүсіпбеков көшесі,

 №5 үй тұрғыны.

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Мен 2015 жылдың ақпан айында жедел инфаркт алдым (басқа да ауру түрі болуы мүмкін). Облыстық медицина орталығында стент қойып берді.

Енді Алматы, Астана қалаларының ғылыми орталықтарында ем алсам деймін.

Осыған көмектесуіңізді сұраймын. Алдын-ала рахмет. Еңбегіңіз табысты болсын!

Сізге Алматы, Астана қалаларындағы ғылыми орталықтарда ем алып, тексеру тағайындауды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназароваға тапсырамын. Тиісті жерге барып, ем алуңызға жағдай жасалады. 

10

Исбармақова Маржанкүл Жақсылыққызы, жұмыссыз.

Әл-Фараби м/а, 9-көше, №65 үй тұрғыны.

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

2015 жылы Әл-Фараби ауданында электр желілерін жартылай ауыстырды.

Біздің көшеге жетпей қалды, үйімізде свет слабый болғандықтан қиындықтар көріп жүрміз.

Бұл жұмыстар 2016 жылы жалғасады ма?

Дұрыс айтасыз, жаңа өз есебімде атап өткенімдей, 2015 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 119 млн. теңге қаражатқа «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» арқылы Әль-Фараби және Қызылжарма шағын аудандарының электр желілерін дамыту жұмыстары жүргізілген болатын.

Ол жұмыстарды биылғы жылы да жалғастыру жоспарлануда.

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 300 млн. теңге бөлінді.

11

Өтенбаев Әбсұлтан Жаппарұлы, зейнеткер. Жаңақорған кенті, Достық көшесі, №8 үй тұрғыны.

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!

Мен Жаңақорған кентінің тұрғынымын. Сұрақ қою үшін арнайы келдім. Аудан орталығында ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін әлі де таппай отыр.

Қызылорда қаласы жер асты суына қосылды деп естіп жатырмыз, теледидардан да көрдік.

Ауыз су мәселесін Жаңақорғанда осылай шешуге болады ма?

Жалпы Қызылорда облысы ауыз сумен қамтасыз ету бойынша республикада алдыңғы қатарда. 2014 жылы облыстағы 262 елді мекеннің 71 пайызы (185 елді мекен) орталықтандырылған ауыз суға қосылған болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 74 пайызды құрап отыр (194 елді мекен).

Соңғы 3 жылда 20 млрд.теңгеден астам қаржы бөлініп, 41 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 920 шақырым ауыз су жүйелері жаңартылды.

Жаңақорған кентінің ауыз суы Жиделі топтық су құбырына қосылған. Қазір кент аумағының ұлғайып 4 шағын аудандарда жеке тұрғын үйлердің көптеп салынғанын ескере отырып, біз 2014 жылы облыстық бюджеттен тек жобалаудың өзіне 147 млн.теңге қаржы бөліп, құны 4 млрд.теңгеден асатын ауқымды жоба жасаттық.

Жоба аясында 190 шақырым ауыз су жүйелерін жаңғырту және жаңадан салу қарастырылған. Біз бұл жобаны «Нұрлы жол» бағдарламасымен қаржыландыруға ұсынып отырмыз. Бұйыртса, ол да іске асады.

 Облыс әкімінің есепті кездесуінде облыс тұрғындарынан

(жазбаша) түскен  өтініштер туралы мәлімет (17.02.2016 ж.)

р/с

Кіріс №, күні

Аты-жөні

Өтініштің қысқаша мазмұны

Кім қарады

Жауапты орындаушы

Орындау жағдайы

1

Қызылорда қаласы,

Әл-Фараби көшесі

  Әмзебаева Ж  

№ЖТ-Ә-228 17.02.2016ж

Қызылорда қаласы, Әл-Фараби мөлтек ауданындағы № 261 мектепте 624 баланың орнына 1600 бала оқып жатырғандығы туралы баяндалған. Қосымша, мектеп жанынан 300 орындық жанама құрылыс жүргізуге ықпал ету сұралған

Р. Кенжеханұлы 

Н. Нәлібаев

Мектеп ғимаратын салу мәселесі бойынша қала әкімдігі тарапынан облыстық білім, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына ұсыныс берілген. Алдағы уақытта, яғни 2020 жылға дейін республикалық бюджет есебінен шешімін табатындығы хабардар етілген (09.03.2016 ж.

№ЖТ-Ә-396 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

2

Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Жанкин көшесі № 37

Маханова Ләззәт                                                         №ЖТ-М-229 17.02.2016ж.

Қызылорда қаласынан пәтер алу және кезектіліктің кейін қарай жылжығандығы туралы өтінім білдірген

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жауап беріліп, түсіндіріліп, қазіргі күні 139 кезектілікте тұрғандығы жазбаша баяндалған. Қосымша, пәтер кезегі туралы ақпарат «Ақмешіт ақшамы», «Ел тілегі» газеттеріне ресми түрде жарияланатындығы туралы ақпарат берілген (29.02.2016 ж.

№ЖТ-М-285 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

3

Қызылорда қаласы

Абай даңғылы №25 Б

Телеубаев Талғат   №ЖТ-Т-230 17.02.2016ж.

Қаладағы № 217 мектептің маңына жол салуды және Қоғамдық кеңеске Коммунистік халықтық партиясы өкілдерінің енбей қалғандығы туралы өтінішпен жүгінген

 Р. Кенжеханұлы 

 Н. Нәлібаев

Қ. Жанұзақов

Аталған көшелерді орташа жөндеуге 55 982,38 мың теңге қалалық бюджеттен бөлініп, осы жылы асфальттанады.

Ал, қоғамдық кеңеске Коммунистік халықтық партия өкілдерін енгізу бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан облыстық қоғамдық кеңес төрағасына хат берілген.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының

2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңның

9-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

 (29.02.2016 ж.

№ЖТ-Т-58 және

01.03.2016 ж. №17-15/483 хатымен жауап берілген)

4

Қызылорда қаласы

Әл-Фараби 504 кв

 Кемалов Б.  

№ЖТ-К-231 17.02.2016ж.

Әл – Фараби мөлтек ауданы 504 квартал жаққа тас жол салуға ықпал ету сұралған

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

Қызылорда қаласы әкімдігімен «Әл-Фараби», «Саяхат», «Титов», «КБИ», «Қорқыт Ата» шағын тұрғын аудандарының көшелері, ауыз су құбырлары, электр желілері тиісті кәсіпорындармен бірге зерттелген. Бүгінгі күні далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жоба-сметалық құжаттарға қажетті техникалық шарттармен жерге орналастыру құжаттары әзірленгеннен кейін жоба нақтыланады деп күтілуде. Жоба құны пысықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жоспарланатындығы баяндалған (19.02.2016 жылы № ЖТ-К-38 санды хатымен өтініш иесіне жауап берілген) 

5

г.Кызылорда,

Бархатов Дмитрий   №ЖТ-Б-233 17.02.2016ж.

О проведении реконструкции парка, о создании условия для отдыха горожан

С. Сулейменов

Н. Налибаев

Бывший железнодорожный парк находился до этого времении на балансе ГККП «Областного центра народного творчества и культурно-продюсерского центра», с сентебря 2015 года парк перевели на баланс ГККП «Кызылординской областной филармонии». Сейчас в парке находится памятники и бюсти исторических личностей. В данный момент расматривается концепция развития парка, согласно концепции будут созданый все условия для отдыха горожан. (ответ выслан заявителю письмом № ЖТ-Б-11/61 от 05.03.2016 года)

6

Қызылорда қаласы, Қыдыров көшесі №2 үй

 2 пәтер

Абдигаппаров С.  

№ЖТ-А-234 17.02.2016ж.

«Сыбаға» ЖШС-не байланысты қылмыстық істің Қызылорда облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы тарапынан ресми түрде жолданғаны туралы тергеу тарапынан анықтама немесе қылмыстық істің жолдама  қағазының көшірмесін алуға  ықпал ету сұралған

С. Сүлейменов

Ж.Қ. Сүлейменов

Баяндалған қылмыстық іс бойынша құқық бұзушылықты жасаған адамның анықталмауына байланысты іс өндірісі тоқтамға алынған. Осы себепті қылмыстық істің мерзімі үзіліп, қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігі қалалық прокуратурамен келісілген. (04.03.2016 ж.

 №1-27-3/ЖТ-А-130/1 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

7

Қызылорда қаласы, Жетікөл 19/5

Дәулетова Гульсара   №ЖТ-Д-235 17.02.2016ж.

Бұрынғы тұрғын үйін өзінің иелігінен шығарған. Ендігі кезекте тұрғын үй кезегіне қоюды сұрайды 

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

Г. Дәулетова қаладағы  Е. Шілдебаев көшесіндегі № 35 үйін 10.05.2013 жылы өз иелігінен шығарған. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес соңғы 5 жыл ішінде жарамды тұрғын үйді иелігінен шығару анықталса, онда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тартылады делінген. Сондықтан, заң талабына сәйкес 2018 жылдың 10 мамырынан бастап тұрғын үй алу кезегіне тіркеле алатындығы өтініш иесіне хабарланған («02.03.2016 ж.

№ЖТ-Д-292 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

8

Қызылорда қаласы, Махамбет ауылы уч.39 "а" 

Төлебаева Тамара   №ЖТ-Т-236 17.02.2016ж.

Жанұя жағдайына байланысты көпқабатты үйлерден пәтер беруді сұрайды

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жауап беріліп, түсіндіріліп, қазіргі күні 574 кезектілікте тұрғандығы жазбаша баяндалған. Бұдан бөлек, кезектілікке қатысты тек қана Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеңілдіктер қарастырылғандығы хабардар етілген. Пәтер кезегі туралы ақпарат «Ақмешіт ақшамы», «Ел тілегі» газеттеріне және қала әкімдігінің веб.сайтына ресми түрде жарияланатындығы туралы ақпарат берілген (29.02.2016 ж.

№ЖТ-Д-293

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

9

Қызылорда қаласы, Асфендияров №137 үй Ескалиев Абдрахман   №ЖТ-Е-237 17.02.2016ж.

Жанұя жағдайына байланысты пәтер беруді сұрайды

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жауап беріліп, түсіндіріліп, қазіргі күні 4327 кезектілікте тұрғандығы жазбаша баяндалған. Бұдан бөлек, кезектілікке қатысты тек қана Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеңілдіктер қарастырылғандығы хабардар етілген. Қосымша, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясының басшысы өтініш иесін толық мағлұмат алу үшін жеке қабылдауға шақырған (26.02.2016 ж. №ЖТ-Е-369

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

10

Шиелі ауданы, Қодаманов ауылы, Алтынсарин көшесі №11 Қалиев А  

№ЖТ-Қ-238 17.02.2016ж.

 Жұмысқа орналастыруды сұрайды

 Қ. Ысқақов

Қ. Сәрсенбаев 

Шиелі ауданы әкімдігімен

А. Қалиевке ақылы қоғамдық негізде жұмыс ұсынылған. Бірақ, арыз иесінің ІІІ топ мүгедектігіне орай аталған жұмыстан бас тартқан. Алдағы уақытта жұмыс берушілерден сұраныс болған жағдайда арыз иесінің өтінішін қанағаттандыруға мүмкіндік болатындығы түсіндірілген (09.03.2016 ж.№08-2/308

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

11

Сәулет №29

 Әуезов Орынбасар 

 №ЖТ-Ә-239 17.02.2016ж.

Көгілдір отынның кубтық метрінің өсу туралы

С. Сүлейменов

Е. Әбдіқалықов

«Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалымен О. Әуезовтың тұрғын үйі тексеруден өткен. Нәтижесінде ақпараттық базада сәйкессіздік анықталып,

О. Әуезовке «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС-не келіп жолығуды ұсынған (03.03.2016 ж.№ЖТ-Ә-4

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

12

Қызылорда қаласы, ПМК-66 "Осводитель" саяжайы

Юсупова Айхан 

 №ЖТ-Ю-240 17.02.2016ж.

«Осводитель» ПМК-66 тұрғын ауданына қоғамдық көлік мәселесін қатынатуды шешуді сұрайды

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

Осыған дейін № 28 қоғамдық көлік сынақ есебінде жүргізілген. Бірақ, халықтың өте аз болуына орай ол автокөлік қазір тоқтатылған. Ендігі кезекте, сұранысқа сәйкес қаладағы ескі базар маңынан арнайы қоғамдық көлік бөлініп, күніне екі мезгіл қатынауда. (09.03.2016 ж.№ЖТ-Ю-380

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

13

Қызылорда қаласы, Жанадилов  көшесі №21 үй 4 пәтер Прмаганбетова Орынкүл

 №ЖТ-П-241 17.02.2016ж.

Қаладағы Жанадилов көшесін асфальттауды сұрайды

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

Қала әкімдігінің тиісті сала мамандарымен Жанадилов көшесіне зерделеу жүргізілген. Қорытындысымен бюджеттік комиссияға өтінім берілген. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табады деп күтілуде (25.02.2016 ж.№ЖТ-П-56

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

14

Әйтеке би №96

Шамшаев  М  

№ЖТ-Ш-242 17.02.2016ж.

Қала әкімдігімен табысталған жер телімін заңға сәйкестендіруді сұрайды

С. Қожаниязов

Н. Нәлібаев

Аталған жер учаскесі су қорғау аймағында орналасуына байланысты меншік иесіне үй, сарай, қоймалар салуға шектеу қойылған. Бұл ретте, «Арал- Сырдария» бассейндік инспекциясынан анықтама ала отырып, қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу қажеттілігі туралы түсіндірілген(04.03.2016 ж.№26/1

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

15

Қызылорда қаласы, Саяхат мөлтек ауданы,

Шәкизадаев Бауыржан   №ЖТ-Ш-243 17.02.2016ж.

Саяхат мөлтек ауданындағы мектеп, көшелерді жарықтандыруды және мал терісін өңдейтін зауыт салуға ықпал етуді сұрайды

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

Саяхат мөлтек ауданына ұзындығы 4,4 шақырым электр желісін жүргізуге ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Тас жол төсеуге 64 582 235 теңгеге, электр желісін жүргізуге 12 402 444 теңгеге облыстық құрылыс басқармасы арқылы республикалық бюджетке өтінім ұсынылған. Алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда қала кәсіпкерлерімен мал терісі өнімдерін өңдеу орталықтарын ашуға ұсыныс жасалуда. Ал, мектепке қатысты өтініш көшірмесі облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жолданған. (02.03.2016 ж.№ЖТ-Ш-39

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

16

Проездная  №5/6 Абдикаримова Н  

№ЖТ-А-244 17.02.2016ж.

 Жанұя жағдайына байланысты тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал жасауды сұрайды

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жауап беріліп, түсіндіріліп, қазіргі күні 926 кезектілікте тұрғандығы жазбаша баяндалған. Бұдан бөлек, кезектілікке қатысты тек қана Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеңілдіктер қарастырылғандығы хабардар етілген. Қосымша, пәтер кезегі туралы ақпарат «Ақмешіт ақшамы», «Ел тілегі» газеттеріне және қала әкімдігінің веб.сайтына ресми түрде жарияланатындығы туралы ақпарат берілген

(05.03.2016 ж.№ЖТ-А-294

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

17

Шұғыла мөлтек ауданы  №3/6 Рабаева У  

№ЖТ-Р-245 17.02.2016ж.

Жанұя жағдайына байланысты тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал жасауды сұрайды

С. Сүлейменов

Н. Нәлібаев

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жауап беріліп, түсіндіріліп, қазіргі күні 2579 кезектілікте тұрғандығы жазбаша баяндалған. Бұдан бөлек, кезектілікке қатысты тек қана Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеңілдіктер қарастырылғандығы хабардар етілген. Қосымша, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясының басшысы өтініш иесін толық мағлұмат алу үшін жеке қабылдауға шақырған

(05.03.2016 ж.№ЖТ-Р-363

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

18

Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы

Әлиев С.С. 

№ЖТ-Ә-248 17.02.2016ж.

Төменарық ауылдық округінен жаңа мектеп құрылысын салуды сұрайды

С. Сүлейменов

Р. Рүстемов

2014 жылы «Ердан и К» ЖШС-нің қорытындысына сәйкес мектеп ғимараты апаттық жағдайда деп танылған. 2014 жылғы 6 ақпандағы № 490 құрылысын салуға жататын облыс әкімдігінің тізіміне енгізілген. Ал, 2015 жылы аудандық бюджеттен 9 769 мың теңге қаралып, жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Сараптамадан оң қорытынды алынғаннан кейін бюджеттің мүмкіндігіне сәйкес шешімін табуы жоспарлануда (26.02.2016 ж.№ЖТ-Ә-78

 хатымен өтініш иесіне жауап берілген)

Құрылған күні: 06-02-2016 13:05
Жаңартылған күні: 11-02-2017 12:53

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика