ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың

халық пен қоғам өкілдері алдындағы өңірдің 2014 жылғы

әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған

есепті кездесуінде сөйлеген сөзі

18 ақпан, 2015 жыл

Құрметті жерлестер, әріптестер!

Тағы бір жылды тарихтың қанжығасына байлап бердік.  Бүгін Өздеріңізбен екінші мәрте есептік кездесудің реті келіп тұр. Жылқы жылы қыр асып, Қой жылы қорамызға кіріп жатқан шақта қара алтынның бағасы кенеттен төмендеп, үлкен көршіміз бітімі қиын даудың ортасында қалғанын естіп-біліп отырсыздар. Біреулер дереу қара аспанды төндіріп, үрей шақырауға асықты. Бірақ Елбасына еріп, Ел қызметіне бел буған орта үшін жылдан жылдың жаманы жоқ. Асылы, әр кезең, кез келген сәт өзінің тарихи жүгі мен әлеуметтік аманатын арқалай келеді.

Алты алашқа ана, тағдыр тәлкегіне түскен талай ұлттың баласына пана болған Сыр бойы баршамыздың кие тұтатын бақ мекеніміз. Сырдариясына жыр дариясы үндесіп, бойға қуат, ойға нәр беретін туған Елге адал қызмет ету – біздің перезенттік парызымыз. Қиындыққа мойымай, “қалауын тауып қар жандыру” – азаматтық міндетіміз. Ретін таба білсек, халқымыздың ұғымында береке мен молшылықтың белгісі саналатын биылғы Қой жылы да жасампаз істеріміз бен жарқын бастамаларымыз жалғасын табар сәтті кезеңге айналады.

Кезеңнің ерекше екенін мойындаймыз. Қауіп-қатерлерін салқын санамен елеп-екшейміз. Жуырда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің арнайы кеңейтілген отырысы да осы ерекше кезеңдегі іс-қимыл жоспарына арналды. Елбасы әдепкі сабырлықпен жағдайға өз бағасын беріп, небір қиындықтан күйзелмей өткен Қазақстан, бұл жолы да биіктен көріну керектігін айтты. Оған экономикамыздың қордалаған қуаты, іргеміздің мығымдығы, жинаған мол қорымыз негіз болмақ. Ең бастысы, Президент барлық әлеуметтік міндеттемелердің уақытылы және толық көлемде орындалатынын шегелеп ескертті.

Бағытымыз айқын, міндеттеріміз бен мұраттарымыз анық. 

Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық даму бағыттарын көрсетіп берді. Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде жыл сайын облыс әкімінің іс-қимыл жоспары бекітіліп, аймақтағы барлық мемлекеттік органдар сол жоспарға сүйене отырып жұмыс істейтінін білесіздер. Енді өткен жылға көз жүгіртіп, жоспардың қалай орындалғандығы, неге қол жеткендігі туралы айтатын кез келді.

2014 жылғы іс-қимыл жоспарында біз шағын кәсіпкерлікті өркендетуге, апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуге, күнделікті өмірге қажетті инфрақұрлымды дамытуға, оның ішінде аймақты газдандыру мәселесіне басымдық бердік. Жыл бойы осы және жоспарға енген басқа да бағыттарда белсенді жұмыс істедік.

Былтырғы іс-қимыл жоспарына жалпы саны 195 шара енген еді. Соның 80 пайызы толықтай орындалды.

Құрама жем шығаратын зауытты іске қосып үлгермедік. Себебі, зауытқа қажетті құрал-жабдықтар кешігіп жетті. Бірақ бұл кәсіпорын келесі айда қосылады. Бүгіннің өзінде зауыт 95 пайыз жұмысқа дайын.

Өкінішке орай, Талсуаттағы психоневрологиялық науқастарға арналған интернат үйінің құрылысы әлі бітпеді. Бұл жағдай алдыңғы жауапсыз мердігермен болған сот тартысының созылуымен байланысты. Сот аяқталғаннан кейін құрылыс жалғасады.

Аймақта жалпы саны 34 бітпей тұрған ірі әлеуметтік құрылыстар болған, аталған интернат үйі соның соңғысы. Қалған 33 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

Бір жылда бітпейтін, ұзақ мерзімді шаралар 2015 жылғы Іс-қимыл жоспары аясында жалғасады.

 

2015 жылға қандай жетістіктермен келдік?

Соңғы екі жылда 21 мыңнан астам, соның ішінде 18 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Тек жұмысы тұрақты, жалақысын ай сайын алатын адам ғана болашағына сенімді болады. Сондықтан бұл өте маңызды мәселе деп білеміз. Бар жұмыс орындары сақтау, жаңасын ашу – қашан да біздің ең негізгі шаруамыз. 

Қаржы мәселесіне келер болсақ, 2013-2014-ші жылдардағы бюджетті қосымша 84 миллиард теңгеге ұлғайта алдық оның 44 миллиард теңгесі ішкі мүмкіндіктер арқылы ал 40 миллиард теңгесі қосымша республикадан тартылған қаржы. Бұл қыруар қаражат аймақ үшін аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсалды.

Нәтижесінде Қызылорда облысы адам басына шаққандағы шығыс көлемі бойынша 2014 жылы Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысынан кейінгі 4-орынға көтерілді. Ал әлеуметтік шығындардың үлесі бойынша бірінші орында тұрмыз. Біз жалпы бюджеттік шығындардың 60 пайызға жуығын әлеуметтік салаға береміз. Мәселен, білім беруді қаржыландыру 2014 жылы 2012-мен салыстырғанда 1,8 миллиард теңгеге, денсаулық сақтау саласы 1 миллиард теңгеге артқан. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау саласына бөлінетін қаржы 2,8 есеге, мәдениет пен спортқа 40 пайыздан артық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 2,3 есеге көбейген. Мұның барлығы ағымдағы шығындар емес. Құрылыс жұмыстарына, күрделі жөндеуге, жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған, дамуға бөлінген шығындар.

Өткен жылы облыс бойынша 93 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 53-і аяқталып, пайдалануға берілді.

 

Енді атқарылған жұмыстармен сала-сала бойынша танысайық. Әуелі ЭКОНОМИКА жөнінде.

Мұнай өндірісі көлемінің азаюынан өнеркәсіптегі өнім шығару көрсеткіші біршама қысқарды (3,1 пайызға).

Әрине, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің 90 пайыздан астамы осы салаға тиесілі болғандықтан, бұл жағдайдың облыс экономикасына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

Дей тұрғанмен, біз өңдеу өнеркәсібінде бірқатар табыстарға қол жеткізіп, аталған салада 7,9 пайыз өсім алдық. Салыстыру үшін республика бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 1 пайыз ғана болғанын ескеру керек.

Естеріңізде болса, біз былтыр облыс дамуының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын қабылдадық. Аймақ үшін аса маңызды бағыттарды іріктеп алып, оларға ерекше басымдық бердік. Соның ішіндегі ең негізгісі – облыста металлургиялық кешен қалыптастырып, оны дамыту деп белгіленді.

Басты мақсат – облыс экономикасын мұнайға деген тәуелділіктен айырып, оны әртараптандыру.

Біз үшін басқа жол жоқ!

Металлургия – біз үшін маздап жана бастаған үлкен үміт оты. Сәтін салса, бұл сала өңір экономикасының өрісін едәуір кеңейтіп, күші мен қуатын арттырады. Сыр бойының дәулетті болашағы  дәстүрлі ауыл шаруашылығына қоса осы саламен байланысты деп білемін. Сондықтан аталған бағытта белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз.

Қазақстан Президенті жанында тау-кен өндірісі жөніндегі арнайы кеңес бар. Былтырғы маусым айында біз осы кеңесте «Қызылорда облысының тау-кен кешенін дамытудың» Жол картасын» бекітіп алдық.

«Шалқия» қоғасын-мырыш кенішін «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп игерудеміз. Қазіргі таңда барлық құжаттар рәсімделіп, кеніштің жұмысын жандандыру шаралары басталып кетті. Осы кезде жөндеу, қайта жасақтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тау-кен байыту комбинатының жобалық-сметалық құжаттары аяқталып қалды. Комбинат құрылысында 1,5 мың жұмыс орыны ашылады, кәсіпорын іске қосылғанда жылына 4 миллион тонна кен өндіреді.

Сондай-ақ, «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен  ферроқорытпа зауытының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, қазіргі таңда жобалық құжаттары әзірленуде. Жоба үшін Қызылорда қаласындағы индустриалды аймақтан арнайы жер бөлінді. Ықтимал инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр.

Қойнауы небір қазынаға толы Қаратауда ваннадий қорының мол екенін білесіздер. Ондағы «Бала-Сауысқандық» кенішін дамыту аясында өнімділікті жылына 1 миллион тоннаға жеткізу жұмысы да жалғасып келеді.

Көптен күткен шыны зауытының құрылысы қоғамдық пікірде тіпті бұрынғы-қазіргі облыс әкімінің жұмысын бағалайтын индикаторға айналды, сондықтан осы мәселеге арнайы тоқталайын.

Қызылорда қаласындағы индустриалды аймақтан аталған зауытқа арнап жер бөлінді. Бюджет есебінен негізгі инженерлік инфрақұрылымдар тартылды, биылғы жұмыстарға 1,5 миллиард теңге бөлінді. Техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, мемлекеттік сараптама жасалды, қажетті келісімдерге қол қойылды. Сонымен, 52 миллиард теңге тұратын шыны зауытының құрылысы БАСТАЛДЫ!

Жоғарыда бірнеше жыл бойында жалғасатын ірі жобалар туралы айтылды. Ал 2014 жылы іске қосылған өндірістерге келер болсақ, былтыр жалпы құны 6 миллиард 700 миллион теңгені құрайтын 12 өндіріс орнының тұсауын кестік. Олар жайлы әлі тарқатып айтамыз.

Өткен жылдың басында химиялық реагенттер шығаратын кәсіпорынды жаңарту және кеңейту жұмыстары аяқталды. Қуаттылығы жылына 2000 тонна құрайтын кәсіпорын толықтай іске қосылып, мұнай өндірісіне қажетті бұйымдар шығарып отыр. Олар өндіретін химиялық реагенттер мұнай  құбырларындағы қақты болдырмай, құбырды пайдалану мерзімін ұзартады.

Былтырғы жылдың қаңтар айында «SmartRubber» (смарт раббер) серіктестігінің көнерген автокөлік дөңгелектерінен тамшылатып суаруға арналған түтік шығаратын зауыты ашылды. Кәсіпорын Қазақстанның басқа бірде-бір аймағында жоқ немістің  инновациялық технологиясымен жұмыс істейді. Зауыт шығаратын ұнтақты асфальт төсеу кезінде пайдаланса, оның да жарамдылығы арта түседі.

Арал ауданында ас тұзы мен техникалық тұз өндірісін жаңарту жобасы іске асты. Бұрын «Аралтұз» жылына 120 мың тонна тұз өндіріп келсе, енді ол 78 пайызға, яғни 213 мың тоннаға дейін артты.

Жалағаш және Шиелі аудандарында «Мия тамырын өсіру және өңдеу» зауыты іске қосылды. Бүгінде Жалағаш ауданындағы зауытта 150 адам жұмыс істейді. Онда жылына мың тонна мия тамырының сығындысы, 100 тонна глициризин қышқылының ұнтағы шығарылады. Қуаты 250-300 тонналық Шиелідегі зауытта 50 адам жұмыс істейді. Бұл зауыттардың өнімі дәрі-дәрмек өндірісіне қажетті аса маңызды шикізат.

Шілде айынан бастап Қызылорда қаласында құрамында сынабы бар, қуат үнемдегіш шамдарды жинау және залалсыздандыру цехы жұмыс істей бастады.

Күзде Шиелі ауданында қиыршық тас шығаратын зауыт іске қосылды. Бұған қоса, 2014 жылы барлық аудандарды қоса есептегенде жаңадан 15 нысан ашылды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы мен барлық 7 ауданда индустриалды аймақтар құрылды. Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарында болашақ өндіріс орындары үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басталды.

Сырдария және Қармақшы аудандарындағы индустриалды аймақта салынатын инженерлік инфрақұрлымның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келер болсақ, Елбасының кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялағаны оң әсер еткенін айту керек. Бұған қоса, кәсіпкерлерге субсидия беру, кейбір несиелеріне кепіл болу, арнайы грант арқылы қаржыландыру жалғасын тапты. Айталық, 2014 жылы «Бизнестің Жол картасы» шеңберінде кәсіпкерлерді қолдауға 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінді.

Нәтижесінде, бір жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігі едәуір артып, жеке кәсіпке бет бұрғандардың саны 5,5 пайызға өсті. Былтыр  кәсіпкерлер қатарына жаңадан 13 мыңнан астам адам қосылды. Қазіргі таңда облысымыз кәсіпкерлікті дамыту үрдісі бойынша аймақтар арасында бірінші орында!

Теңге бағасының өзгеруі облыстың банк секторына кері әсерін тигізген жоқ. Жыл бойында банктерде қолма-қол ақшаның айтарлықтай тапшылығы байқалмады.

Әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан біздің  банктер кәсіпорындарға 2013 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық несие берді.

Жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанымен, шағын және орта бизнестің дамуына жақсы жағдай жасалды деуге әлі ерте. Оның негізгі себебі екі өкпеден қыса бастаған дағдарыс та емес. Жемқорлық, бюрократия, қыңыр адамдар орнатқан қасаң тәртіптер жұмыстың тез жүріп кетуіне негізгі кедергі. Бұл қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлердің пікірі. Біздің кейбір шенеуніктер мен банк қызметкерлері осындай әрекеттері арқылы бизнестің кең қанат жаюын тежеп отыр! Мұндайды қоғам мен мемлекетке жасалған қастандық деп бағалаймыз, соған сәйкес әрекет болатындығын ескертеміз.

Аймақтық Кәсіпкерлер Палатасы көптеген игі бастама көтеріп, кәсіпкерліктің дамуына зор үлес қосып келеді. Сондықтан бұл бағытта кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмысты жалғастырамыз.

Аймақтағы іскерлік белсенділікті арттыру үшін жылына екі рет инвестициялық форум өткізіп келеміз. Қызылордаға өзге өңірлердің және шет мемлекеттердің ірі кәсіпкерлері мен инвесторларын шақырып, арнайы алып келіп, жұмысқа тартудамыз. Алғашқы форумды өткізу оңай болмады. Дегенмен, бара-бара кәсіпкерлер өңірді танып, қызығушылық білдіріп, өз ұсыныстарымен шыға бастады. Әрине, барлығы бірдей келе салып, жұмысты бастап кеткен жоқ. Бірақ жиі-жиі келіп, болашағын Сыр елімен байланыстыру жайлы ойланып жүргендері көп. Ықтимал инвесторлар ондай шешімді тез қабылдау үшін облысқа іскерлік абырой мен бедел қажет. Ал ол қасықтап жиналатын, абайламаса, бір сәтте жоғалтып алуға болатын күрделі капитал. Әдетте, оған ондаған жылдар қажет. Бізде ондай уақыт жоқ, сондықтын шапшаң жұмыс істеуіміз керек.

Қазірдің өзінде осындай жұмыстарымыздың ауыз толтырып айтарлық нәтижесі бар. Мысалы, Еуропалық қайта құру және даму банкі. Бұл халықаралық деңгейдегі ең ірі қаржылық даму ұйымдарының бірі. Біз осындай әлемдік дәрежедегі алпауыт банкпен бірлесіп жалпы құны 63 миллиард теңгені құрайтын 8 жоба бастадық. Оның ішіндегі 7 жоба облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Ислам және Азия даму банктерімен, сондай-ақ басқа да қаржы орталықтармен келіссөздер жүріп жатыр. Айта кетейік, Елбасының халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істеу туралы тапсырмасын орындауда біз облыстар арасында топ жарып, ең нәтижелі жұмыс көрсеттік. 

 

Бізді өзгелерден оқ бойы ілгері қоя алатын артықшылығымыз – көлік инфрақұрылымын дамыту мүмкіндіктері. Бұл саланы дамыту – дағдарыстан шығуға да, дағдарыстан кейінгі уақыттағы өсімге де берік негіз қалай алады.

Өздеріңіз білетіндей, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің біздің аймаққа қарасты бөлігін салу жұмыстары аяқталып қалды (812 шақырым). Осы күре жолдың 33 бөлігінде халыққа қызмет көрсететін орталықтардың құрылысы басталуда. Мәселен, Қармақшы ауданында «Қорқыт ата зиярат ету орталығы», Шиелі және Жаңақорған аудандарында жол бойындағы қызмет көрсету кешендері жұмысқа кірісіп кетті. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы 5 жанармай құю бекеттерін салмақ. (Оның Қызылорда қаласы тұсындағы бір бекеті пайдалануға берілді).

Өткен жылы жолдарды жөндеу мен екі көпірдің құрылысына 11,6 миллиард теңге бөлдік. 2012 жылмен салыстырсақ, қаржыландырудың 2,5 есеге өскенін көреміз.

«Самара-Шымкент-Тереңөзек» жолындағы Сырдарияны кесіп өтетін көпірдің құрылысы аяқталып, ел игілігін көріп жатыр. Сырдария ауданының 9 елді-мекені аудан орталығымен тікелей байланысты. Бұрын дарияның арғы бетіндегі халық аудан орталығына бару үшін Қызылорда қаласы арқылы айналып келетін. Тұрғындар бір қағаз үшін 120 шақырым жол жүретін. Осы көпрдің арқасында халық жол азабынан құтылды.

Облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» және «Самара – Шымкент – Жаңақорған – Түгіскен – Келінтөбе» автожолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында «Қызылорда–Жезқазған» тасжолының құрылысы қарастырылған. Аталған жобаға атсалыса алатын жергілікті компаниялардың тізбесі жасалды. Бұл құрылыстың өзі 600 адамға жұмыс береді.  

Жолаушылар тасымалы туралы да айта кетейін. Аймақта өзін өзі ақтамайтын ауданаралық және қалааралық бағыттағы 11 бағыт бар еді. Бұлардың зор әлеуметтік маңызы бар  екенін ескеру керек. Сондықтан жолаушы тасымалдайтын компанияларды облыстық бюджет есебінен субсидиялауға көштік (2014 жылы 16,5 миллион теңге).

Әуе қатынастарын дамыту – кез-келген аймақ үшін аса маңызды сала. Мұны басқа қалаға не мемлекетке қонаққа баратын көлік деп қабылдамау қажет. Шын мәнінде әуе қатынасы – сауда-саттық, білім мен тәжірибе алмасуға, технологиялардың трансфертіне жол ашатын ең тез алыс-беріс құралы. Бұдан бөлек, мәдени байланыс және әлем елдерімен ықпалдасу деп білген жөн. «Бармасаң, келмесең – жат боларсың» дейді ғой қазақ. Сол айтқандай, бұл өз ішімізде бұйығып қалмай, өсудің жолы.

Бүгінде облыс орталығынан әртүрлі бағыт бойынша аптасына 20 рейс жасалады. Кейінгі екі жылда әуе қатынасын пайдаланушылар саны 2 есе артты (жылдық көрсеткіш 150 мыңнан 324 мыңға өскен)

Қазан айында Үкімет шешімімен Қызылорда қаласының әуежайына «халықаралық» мәртебе берілді. Соның арқасында енді біз халықаралық әуе қатынастарына тікелей шыға алатын болдық.

Күз мезгілінен бастап біздің әуежай «TAJIKAVIA»  компаниясына қарасты ұшақтарға техникалық қызмет көрсетіп келеді. Олар аптасына үш рет Мәскеу бағыты бойынша қатынайды.

Қызылордадан Ресей, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктеріне тікелей рейс ашу мәселесі талқыланып жатыр.

Жоспарға сәйкес, жаңа жолаушылар терминалының құрлысын бастап кеттік. Құрылыс жұмыстарымен еліміздегі ең ірі құрылыс компанияларының бірі «Базис-А» айналысуда.

2014 жылы «Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеу» теміржолының құрылысы аяқталды. Сол арқылы біз өнімдерімізді Еуропа елдерінің нарығына шығаруға мүмкіндік алдық. Сондай-ақ, шойын жол Сексеуіл кенті мен тұтас Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін жақсартуға  септік етпек.

Жыл соңынан бастап «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» аса жүрдек жолаушылар пойызы жүре бастады.

 

Көптеген тұрғындардың баспана мәселесіне алаңдаушылығы бар екенін білеміз. Өткен жылы облыс бойынша 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй берілді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Сонымен қатар, «Қолжетімді баспана» және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламалары бойынша 38 мың шаршы метрдей тұрғын үй салынған (435 пәтерден тұратын 89 тұрғын үй салынды).

Жалпы алып қарағанда, қарқын жақсы-ақ. Дегенмен, тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың саны әлі көп. Енді бізге халыққа қажетті баспана салудың тың тәсілдері мен жаңа жолдарын қарастырып, тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыру қажет. Әйтпесе, халық үй кезегінде ұзақ тұрып қалуы мүмкін (32 жыл).

Сол себепті былтыр біз аймақта тұңғыш рет «Самұрық-Қазынаның» Жылжымайтын мүлік қорымен бірлесіп 35 пәтерлік 6 тұрғын үйдің құрлысын бастадық (210 пәтер). Биыл осы жұмыс аясында 17 мың шаршы метрден аса тұрғын үй тапсырылып, онда жүздеген отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» және басқа да инвесторлармен тізе қосып, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынатын баспананың жалпы көлемін бұйыртса, биылғы жылы 2 мың 406 пәтерлі 43 үйді тапсыруды көздеп отырмыз. Қажетті шешімдер қабылданды. Егер осы жоспарымыз іске асса, онда тұрғын үй құрылысының өзінде жаңадан 5 600 жұмыс орны пайда болады.

Халықты баспанамен қамту өте маңызды жұмыс. Сонымен бірге, жұрттың жайлы да бақуатты өмір сүруіне жағдай жасау керек. Сондықтан ауыл-аймақты абаттандыруға да көңіл бөлеміз. 2013-2014 жылдары бұл бағытқа 4 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалып, оның алдындағы екі жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан.

Облыс әкімінің 2014 жылға арналған Іс-қимыл жоспарында тұрғындар үшін аса қажетті инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде аймақты газдандыру мәселесі де ерекше аталған еді.

Өздеріңіз білетіндей, былтыр «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы аяқталды. Осыған орай облыс елді-мекендеріне газ тарту мүмкіндігі туды. Бұл жобаны облыс орталығына жақын орналасқан жекелеген ауылдардан бастап, кезең-кезеңмен жасау ыңғайлы болғанымен, біз ол жолмен жүрмедік. Бұл жұмыс бір мезетте аймақтың солтүстігі мен оңтүстігінен қатар басталып, облыстағы барлық ірі елді-мекендерді бірдей қамтуы керек деп шештік.

Аталған жұмысқа Қызылорда облысының әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандумға сәйкес 23 миллиард теңге инвестиция тартылып жатыр. Бұл қаражат Арал, Әйтеке би, Байқоңыр қалалары мен Шиелі, Жаңақорған кенттеріне газ тартуға, ауылішілік желілер салуға, автоматтандырылған газ тарату станциясынан көгілдір отын алып, 5 бірдей газ құбырының құрылысын бастауға жұмсалады.

Қажетті құжаттардың барлығын дайындауға облыстық бюджет есебінен қаржы бөлінді.

Күзде «ҚазТранс Аймақ» өндірсіке қажетті жабдықтар алуға конкурс өткізді. Бүгінде Оралдағы «БатысМұнайГаз Жабдықтары» зауытында бес автоматтандырылған газ тарату станциялары құрастырылып, құрылыс-монтаж жұмыстарына дайын болады. Аймақты газдандыру аясында мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргідей қысылтаяң кезде бұл да көңілге демеу болатын жағымды бастама деп санаймыз.

Жоғарыда айтылғандай, аймақ елді-мекендеріне газ тарту жұмыстары облыстың солтүстік және оңтүстік аудандарынан қатар жүргізіледі. Соған орай, Арал және Жаңақорған аудандарының орталықтарындағы газ тарту жұмыстары бүгін басталмақшы. Қазір осы мүмкіндікті пайдаланып, екі ауданмен тікелей байланысқа шығу арқылы басталып жатқан жұмысқа куә болайық.   

Құрметті қауым!  

Бұған қосымша аймаққа “көгілдір отын” тарту жобасы аясында Жосалы және Сексеуіл елді-мекендерінде де автоматтандырылған газ тарату станциясын салудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық окгругі мен Тасбөгет кентін газдандыруға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. 2014 жылы осы мақсатта біз республикалық бюджеттен 1 миллиард 200 миллион теңге тарта алдық.

Осының арқасында биыл облыс халқының 70 пайызы тұратын елді-мекендерге газ жеткізуді жоспарлап отырмыз. 

Көгілдір отын елдімекендердің көшелеріне дейін жеткізіледі. Үйлеріне тұрғындар оны ауыл әкімімен бірлесе отырып кіргізетін болады.

Осылайша, көптен күткен «көгілдір отын» Сыр елінің ауылдарына да келе бастады. Біз кезінде әріптестерімізбен бірге Батыс Қазақстан (70 пайыз) және Маңғыстау (100 пайыз) облысындағы қызмет кезінде де өңірді газдандыру мәселесімен айналысқан едік. Аймақтардағы ең шалғай ауылдарға көгілдір отын жеткен кезде  халықтың қуанышында шек болмағаны есімізде. Бірі “газбен бірге ауылға өркениет келді” десе, енді бірі «Газ келді – жаз келді!» деп өлең де шығарып жатты. 

Өйткені аймақты газдандыру көптеген күрделі мәселенің күрмеуін шешеді. Жалпы алғанда, газ әлеуметтік салаға да, әсіресе экономикаға да тың серпін әкелуі тиіс. Себебі өндірісте шығарған өнімнің өзіндік бағасы арзандайды. Жекелеген тұрғындардың, отбасыларының тұрмысы жақсарып, тұтас елді-мекеннің дамуы ілгерілеуі тиіс. Мұның барлығы аудан және ауыл әкімдерінің назарында болуы қажет.   

 

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің бірі.

Үкімет және Ұлттық экономика министрлігімен атқарған  жұмыстың нәтижесінде соңғы екі жылда таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 15 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 54 пайызға көп (2011-2012 жылдары 9,7 миллиард теңге). Соның ішінде былтыр ғана бұл мәселені шешуге 6 миллиард теңге қаржы тартылды.

Осының арқасында қазір біздің 262 елді-мекеніміздің 185-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Онда ауыл тұрғындарының 94 пайызы өмір сүріп жатыр. Тиісті министрліктің есептеуінше, бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Жылумен қамтуға келер болсақ. Былтырғы қыстан айтарлықтай қиналыссыз шықтық. Бұлай болуына Үкіметтен қосымша мазут отынын сатып алу үшін 2,5 миллиард теңге алуымыз септігін тигізді.

Соның есебінен жоспарланған облыстық бюджеттің қаржысын (234 миллион теңге) жылу электр орталығындағы 4 қазандықты жөндеуге жұмсадық. Олардың біреуі қосымша қазандық болатын. Сол шаралар биылғы қыстан да еш қиындықсыз өтуге көмегін тигізіп отыр.

Аудандарда атқарылған ауқымды істердің бірі ретінде, Әйтеке би кентіндегі жылу жүйесін кеңейтілгендігін атағым келеді. Бұл жұмысқа 1 миллиард теңге жұмсалды.

Өңірдегі басты проблемалардың бірі – электр қуатына тәуелділік. Бізге қажетті қуаттың 60 пайызы сырттан келеді.

Аталған мұқтаждықты өтеу үшін, Елбасының тапсырмасымен  Жылу электр орталығын кеңейту және қайта жасақтау жобасы қолға алынды. Бұл өңірге қажетті электр энергиясын өзімізде өндіріп, жылумен де тұрақты қамтамасыз етуге жол ашады.

Жарықпен қамту бағдарламасы бойынша аудандарда электр тарату орталықтары құрылды. Жаңақорған, Тасбөгет, Шиелі және Әйтеке би кенттеріне қажетті энергетикалық жабдықтар орнатылды.

Арал қаласы мен Әйтеке би кентінде қосалқы бекеттерді қайта құру жұмыстары басталды.

Естеріңізде болса, 2013 жылы Қызылорда жылу тарату орталығының жұмысын оңалту шараларын қолға алдық. Компания қарыздарының көп бөлігі жабылды. Халық пен Жылу тарату орталығы арасындағы делдал ұйымдарды қысқартып, біреуін ғана қалдырдық (бұған дейін 6 делдал ұйым жұмыс істеп келген).

Осыған қарамастан, тұтынушылардың ақы төлемеуі салдарынан,  тұрғындар мен кәсіпорындар үшін электр қуаты (5,7 пайызға) мен жылудың (12 пайызға) бағасын көтеруге мәжбүр болдық. Өйтпеген жағдайда қызмет көрсетуші мекеме тұрақты түрде жылумен және жарықпен қамтамасыз ете алмас еді.

Егер халық өзі тұтынған коммуналдық қызмет үшін уақытында ақысын төлеп отырмаса, онда тариф бағасын қайта қараудан басқа амал жоқ.

Кеңестік кезеңнен біздің халықтың бойына сіңген бір жағымсыз қасиет бар. «Өкімет өлтірмейді» деген бейқамдық пен берекесіздік. Осындай масылдық психологиядан арыла алмай, өзінің өмірін өзгеге міндет ететіндер әлі де аз емес. Бұл қазіргі заманға жат, әрі біздің ұлттық мінезімізде жоқ қасиет. Біздің дәстүр де, дін де адамды қарыздан сақтандырады. «Судың да сұрауы бар» деп үйретеді емес пе?         

 

Аймақ экономикасының негізгі тірегінің бірі ауыл шауашылығы. Өткен жылы аталған саланы қолдауға бюджеттен 8 миллиард теңге қаражат бөлінді. Ол 2013 жылмен салыстырғанда 50 пайыздай артық.

Біздің диқандар екі жыл қатарынан бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, күріштің мол өнімін жинады. Егіншілік шаруашылығын әртараптандыру үшін өзге де өнімдерді субсидиялауды қолға алдық (соның ішінде тамшылатып суару технологиясының негізінде).

2014 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы сатып алынатын күріштің бағасын килограмына 50 теңгеден белгіледі. «Агрохолдинг» 14 мың тонна күрішті бірден сатып алды. Соның арқасында шаруашылықтар құрал-жабдықтарын жаңартты және жаңа техника сатып алуға мүмкіндік алды.

Қазіргі таңда Жалағаш элеваторындағы жаңа зауытты  монтаждау жұмыстары аяқталды. Бұл күріш өңдеу көлемін 3 есеге дейін арттырады (бұған дейін күніне 40 тонна болса, енді 150 тоннаға дейін күріш ақталады). Сондай-ақ, өндірілген күріштің сапасы да жақсара түседі.

Асыл тұқымды мал басын көбейту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. («Егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту Оңтүстік-Батыс ҒЗИ» бірлесіп, Шымкент қаласы. «Аграрлы кредит корпорациясы», «Құлан» жобасы арқылы).

Мемлекеттік ветеринарлық орталықтардың материалдық-техникалық базасының жаңармағанына талай жыл болған еді. Былтыр осы мәселені шешуге қажетті қаражат бөлініп, (425 миллион теңге), ветеринарлық бекеттер үшін 133 ғимарат, автокөлік пен керекті жабдықтар сатып алынды.

Ветеринарлық бақылау қызметі өз алдына бөлек облыстық басқарма болып құрылды. Осы шаралардың арқасында біз биыл буферлік аймақтан шығып, өзімізді де етпен қамтамасыз етіп, оны сыртқа да шығара бастауға жол аштық.      

Балық шаруашылығын қалпына келтіру бағытында қолға алынған жұмыстар жалғасып келеді.

Былтыр 6,7 мың тонна балық ауланды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Балық өңдейтін 8 зауыт жұмыс істейді. Олар жылына 11 мың тонна балық өңдей алады. Барлығы да соңғы технологиялармен жабдықталып, халықаралық талаптарға жауап береді. Өнімдері жақын және алыс шет елдерге экспортталады. Аралда ауланған балық Еуропа нарығында сатылып жатыр. Соңғы бір жылдың ішінде экспорт көлемі 14 пайызға артқан.

Былтыр «Бақыт» шаруа қожалығы өзі шығарып отырған өнімдерге еурокод алды.

«Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы балық өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша бірнеше инвестициялық жобамен айналысып келеді. Әсіресе, Арал балық өндіру зауытының жұмысын жандандыру және Иіркөл бөгетінің шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарын ерекше атау керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен САРАТС жобасының екінші кезеңі «Қазақстанның су шаруашылығын реттеу» мемлекеттік бағдарламасына енді.

Республикалық бюджеттік комиссия жобаны қаржыландыру үшін Әлемдік банктен ақша алуға (85 пайыз) рұқсат берді. Қалған қаржы (15 пайыз) республикалық бюджет есебінен бөлінеді. Әрине, қазіргі экономикалық жағдай мәз емес. Бірақ жобаның алғашқы кезеңінде де маңдаймыз шылқып отырғаны шамалы еді. Ол уақытта да түрлі қиындықтар аз болмады. Сондықтан Елбасының тікелей қолдауының арқасында САРАТС жобасының екінші кезеңі биыл басталады деп сенеміз.

Халық үшін ерекше маңызды мәселенің бірі – тауар бағасының тұрақтылығы. Осыдан бір жыл бұрын Ұлттық банктің шешімімен теңгенің айырбас бағамы өзгергені  естеріңізде болар. Өз кезегінде бұл нарықтағы бағаның көтерілуіне жол ашты. Бірақ артынша аталған жағдай тұрақталды.

Теңгенің айырбас бағасы өзгеріссіз қалғанда, біздің қаржылық қорымыз мамыр айында таусылып қалар еді. Бұл мәселені Украина мен Ресей арасындағы саяси қақтығысқа дейін шешіп алмағанда, ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы бағамы 200 теңгеден де асып түсуі мүмкін еді деген болжам бар. 

Қазір қаржы нарығында валюта бағамының күрт өзгеруіне негіз жоқ.

Өткен бір жылда ғана өңірдегі бөлшек сауданың көлемі 22 пайызға өскен. Осының өзі бағаның қолжетімді екендігін айғақтайды.

Біз арнайы зерттеу жүргізіп, сиыр еті, бидай мен картопты санамағанда, Қызылорда облысындағы азық-түлік бағасы республикадағы орташа бағадан төмен екеніне көз жеткіздік. Ал 600 граммдық әлеуметтік бөлке нанның бағасы 40 теңге көлемінде сақталып тұр.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында аймаққа шеттен азық-түлік тасымалдайтын ірі мекемелермен меморандумға отырдық. Сол арқылы бағаның шарықтап кетуіне жол бермедік.

Халықты арзан көкөніс және басқа да өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

 

Қадірлі қауым!

Әлеуметтік саланың дамуын жеделдету – біздің алдымызда тұрған ең негізгі басымдылық екендігін білесіздер.

Соның ішінде барлық деңгейдегі әкімдер жеке айналысатын ерекше мәселе – жаңа жұмыс орындарын ашу. Бұл әкім жұмысының тиімділігін анықтайтын негізгі фактор.

Былтыр экономиканың түрлі саласына 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның 10 мыңы тұрақты. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендеттік. «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бойынша соңғы екі жылда біз микро кредит арқылы 5,4 миллиард теңге қаражат тараттық. Соның арқасында жұмыс таппай жүрген 2,5 мың адам өз кәсіптерін бастап кетті. Банктер мен қорлар арқылы қаржы алуға дайын емес адамдар үшін мұның таптырмас құрал екені айдан анық. Көктен іздегендері жерден табылып, қаншама адам жоқшылықтың құрсауынан жол тапты.

Тұрғындардың жұмысқа орналасып, өз бизнестерін ашуға көмектескеннің нәтижесінде табыстары ең төменгі деңгейіндегі адамдар саны 2 есеге азайды. (Бұл көрсеткіш 2013 жылдың 1-қаңтарында 5360 адам болса, 2015 жылдың 1-қаңтарында 2774 адамды құраған).

Өздеріңізге белгілі, «Жұмыспен қамту Жол картасын» жабу жоспарланған болатын. Бірақ, біз барлық деңгейде бұл мәселені көтердік. Нәтижесінде осы жылдың 11 ақпаны күні Елбасы Үкіметке аталған бағдарламаны жүзеге асыруды әрі қарай жалғастыруды тапсырды.

Қарапайым адамдарға микро кредиттер, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі әжептәуір көмектесті. Аталған жоба бойынша өткен жылы 4 мың 300 адам жұмысқа орналасты.

Біз бұл бағдарламаны одан әрі жалғастыру қажеттігін орталыққа ұсынамыз. Бірақ оның тағдыры жалпы экономикалық жағдай мен республикалық бюджеттің қауқарына да байланысты болмақ.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқын қорғау мен өмір сапасын жақсартудың Жол картасы» екінші жыл қатарынан іске асырылып келеді. Осы екі жыл ішінде біз мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті күйбеңнен ойларын бөліп, өз мемлекетіне қажет екенін сезіндіре алдық деп ойлаймын. Парқын білгенге мұның өзі аз емес.

Былтыр Мемлекет басшысы мүгедек жандардың жұмысқа орналасуын тапсырды. Елбасы тапсырмасына сәйкес 540 адам әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа орналасты.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да белсенділігі артқаны байқалады. Бірталай адам «Даму» қоры арқылы несие алды, микрокредиттерге қол жеткізіп, өз кәсіптерін ашып жатыр.

Мүгедектерге мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік тапсырыстың көлемін 2012 жылмен салыстырғанда 1,5  есеге ұлғайта алдық.

Сонымен қатар, былтыр біз «Қарттар үйі» және «Әлеуметтік үйі» ғимараттарын күрделі жөндеуден өткіздік. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Облыстық мекемелер үйінің құрылысын аяқтап, барлық дерлік басқармаларды сонда орналастырдық.

Бірақ халыққа солай ыңғайлы болғандықтан әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау секілді мемлекеттік органдарды қаланың орталығындағы бұрынғы орнында қалдыру керек деп шештік. Ғимаратын мүгедектердің  қажеттілігін есепке ала отырып қайта жөндеп шықтық.

 

Әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыт денсаулық сақтау қызметінің сапасы мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің 83 пайызы медицина саласына тиесілі екен. Сондықтан халықтың медициналық қызметке берген бағасын тұтастай мемлекетке, яғни билікке берілген баға деп қабылдау керек.

Соңғы үш жыл ішінде денсаулық сақтау саласының қажетіне облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы 2 есеге көбейген. Денсаулық сақтау саласының осы аралықтағы жалпы бюджеті 94,1 миллиард теңге құрады. Аталған сала бойынша жан басына шаққандағы шығын көлемі бойынша біз Астанадан кейінгі екінші орындамыз.

Былтыр медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау үшін ғана 3 миллиард теңгеге жуық қаржы берілді. Барлық аудандағы орталық ауруханалар жаңа техника алды. Бұл емдеу-сауықтыру шараларының ауданда көбірек жасалып, халықтың қалаға қатынауын азайтты.

Заманға сай жасақталған облыстық «Ана мен бала» орталығы ақыры пайдалануға берілді. Жұмысын бастағалы бері Орталықтың дәрігерлері 2 мыңнан аса бала туғызып алды.  Қазір Орталық мамандары жасанды ұрықтандыру тәсілін (ЭКО) енгізуге жұмыстанып жатыр.

Екі жылда бұрын жабылып қалған 13 ауылдық аурухананы қалпына келтірдік. Қармақшы және Сырдария аудандарындағы жаңа емханалар іске қосылды. Жаңадан ашылған 14 дәрігерлік амбулатория да былтырғы жылдың табысы. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, наркологиялық диспансерге, қалалық туберкулез диспансеріне, Жаңақорған, Тереңөзек, және Жосалыдағы аудандық орталық ауруханаларға күрделі жөндеу жасалды.

Облыстық медициналық орталық, Арал және Жаңақорған аудандарының емханалары жылжымалы медициналық кешенмен жабдықталған. Олар жақын жердегі ауылдарда емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізіп келеді. 74 санитарлық автокөлік пен 16 реанимобил сатып алынды. Енді біздің медициналық барлық мекемелердің автөлікпен қамтылуы талапқа толықтай сәйкес.

Мұның барлығы медициналық қызметтің сапасын көтеріп, оның қолжетімділігін арттыру үшін жасалды. Екі жыл ішінде атқарылған кешенді жұмыстың нәтижесінде біз денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштер бойынша біраз алға жылжыдық.

Біріншіден, сәбилердің шетінеуі 34,7 пайызға азайды. Сол сияқты, ана өлімі де 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарды. Бұл көрсеткіш бойынша біз республикадағы маңдайалды аймақтардың қатарына ендік.

Екіншіден, өкпе ауруына шалдығу тұрақтады. Туберкулезбен ауыратындардың саны 17 пайызға, одан қайтыс болатындар саны 36 пайызға дейін қысқарды.

Үшіншіден, қан айналымы ауруына ұшырайтындар саны 4 пайызға, осы аурудың салдарынан болған өлім саны 30 пайызға азайды.

 

Тағы бір қаперден тыс қалдырмай, үнемі қадағалап отыратын, дамуына ұдайы көңіл бөлінуі тиіс сала – білім беру. Білім саласына құйылған қаржы әп сәтте нәтиже беруі мүмкін емес. Десек те, мектеп партасында отырған баланың көкірек көзін ашып, тәлім-тәрбие беру арқылы біз болашағымыздың келбетін айқындайтынымыз анық. Сондықтан да балабақша, мектеп, кәсіби-техникалық білім беру ісін ілгерілету үшін аянбай еңбек етеміз. Сондай-ақ, жоғарғы білім алғысы келетін талапты да дарынды жастарды қолдаймыз. 

2014 жылы білім беру саласына 66 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 32 пайызы. Екі жыл ішінде білім беру саласының бюджеті 23 миллиард теңгеге артты.

Былтыр мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің күшін біріктіріп, ынтымақтаса жұмыс істеудің арқасында 130 жаңа балабақша ашылды. Аймақтағы балабақшалар мен шағын орталықтардың жалпы саны 611-ге жетті. Онда 42 мыңнан аса бала тәриеленіп жатыр. «Балапан» бағдарламасы бойынша балалардың 92,2 пайызы балабақшамен қамтылды. Ал мектепке даярлық бойынша көрсеткіш 100 пайызға жетті. Жұмыстарында инновациялық тәсілдерді қолданып, баланың ерте дамуына ықпал ететін балабақшалардың да саны артып келеді. Мысалы, былтыр 53 балабақша «Монтесорри» технологиясымен жұмыс істеуге қажетті жабдықтармен жасақталды. Енді біздің алдымызда бір және үш жас арасындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды көтеру міндеті тұр.

Екі жыл ішінде үш ауысымда білім беретін мектептердің проблемасын түпкілікті шештік. Апатты жағдайдағы 34 мектептің санын 20-ға қысқарттық. Биыл тағы 8 апатты деп танылған білім ошағының орнына жаңа ғимараттар салынып бітеді. Сонда облыс бойынша 12 ғана апатты мектеп қалмақ.  Біз бұл бағыттағы жұмысты табанды түрде жалғастырып, апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешуге міндеттіміз.

Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге аймақ түлектерінің 72 пайызы қатысты. Біз білімі төмен, дайындығы кем балаларды ҰБТ-ға қатыспауға үгіттеп, көзбояушылыққа бармаймыз. Соның өзінде біздің балалардың білім сапасы жыл өткен сайын артып келеді. Айталық, соңғы екі жыл ішінде ҰБТ-дағы көрсеткіш 63 пайыздан 74,3 пайызға өсті. Былтырдың өзінде 94 түлек «Алтын белгі» атағын қорғап шықты. Аталған көрсеткіш бойынша республикада алтыншы орынға көтерілдік.

2014 жылдан бастап кәсіби мамандар даярлау үшін Ресейдің белгілі жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтасып жұмыс істей бастадық. Қазіргі кезде 107 бала Мәскеу болат және қорытпа институты мен Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетінде білім алып жатыр. Сонымен бірге, білім беруге арналған «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 320 түлек қазақстандық жоғары оқу орындарының студенті атанды. Бұған қоса, 242 жас облыс әкімінің грантын иеленді.

 «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» дегендей біз оқытушылардың біліктілігін арттыруды да назардан тыс қалдырмаймыз. Мысалы, былтыр 1102 мұғалім мен 82 мектеп директоры «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» бағдарламасымен біліктілік көтерді. Осы курстан өткен ұстаздардың жалақысы 30-дан 100 пайызға дейін өсті. Одан бөлек, біліктілік санатын мерзімінен бұрын көтеруге мүмкіндік алды. «Өрлеу» білім жетілдіру институтының республикалық және облыстық базасында 2 086 мұғалім қысқа мерзімді оқудан өтті. Аталған жұмыстар биыл да жалғаса бермек. Білімі мен білігін ұштап, жаңа бағдарламаларды меңгерген ұстаздар мен мектеп директорларынан үлкен үміт күтетінімізді ескерткім келеді. Олар жиған-тергенін жұмыс барысында оңтайлы қолданып, оқушыларға орайын тауып үйретулері керек. Білім беру саласының үздіктерін марапаттап келеміз. Былтыр тағы 40 мұғалімге 1 миллион теңгеден сыйақы бердік. Қысқасы, ұстаздарды ынталандырып, әлеуметтік жағдайын түзеу мен білім-білігін жетілдіруде қырауар шаруа атқарылып жатыр. Ендеше, мұғалімдер осы істің өтеуі ретінде ҰБТ-дан жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп, түрлі олимпиадалардың жеңімпаздарын тәрбиелеуі қажет. Алмақтың салмағы сол болсын.

Техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің оқу процесіне дуальды оқыту технологиясын енгізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Колледждерді бизнес өкілдерімен бірлесіп басқару тәжірибесі енгізіліп жатыр. Нәтижесінде, колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы 64,7 пайызға жетті. Облыстағы 8 колледжде 10 жаңа мамандық  ашылды. Қазіргі кезде облыстағы 32 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде 25 мыңға жуық студент білім алуда (103 кәсіптер және 157 мамандықтар бойынша).

Дүниежүзілік банк гранты есебінен 21 ұстаз Франция, Чехия, Германия, Ресей және Белорусияның оқу орталықтарында біліктілігін арттырып қайтты. Жағдайы төмен отбасылардан шыққан 512 студенттің шәкіртақысы гранттар арқылы төленуде.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының табысты жұмыс істеп жатқаны белгілі. Былтыр 585 маманға үстемеақы төленіп, 442 адамға жеңілдетілген несиелер берілді.

 

Мамандардың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды бөлігі – ел ішіндегі салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Ұстаздар да спорттың тұлға тәрбиелеудегі ерекше орны бар екенін айтады. Сол себепті біз аймақта салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатарын көбейтуге, бұқаралық спорт,  жастар мен жасөспірімдердің және кәсіби спорттың дамуына екекше мүдделіміз.

Былтыр облыста  26 спорт алаңы ашылды. Оның 4-уі ауылдарға тиесілі. Облыстық бюджет есебінен Тереңөзек, Әйтеке би және Шаған ауылындағы спорт кешендерінің құрылысы аяқталды. «Еуразия» спорт кешені толықтай жөндеуден өтті. Демеушілер есебінен Қызылорда қаласында жағажай футболына арналған алаң салынды. Халықты спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу мақсатымен 2 мыңнан аса спорттық іс-шара атқарылды. Осындай нақты жұмыстардың арқасында өңір халқының төрттен бір бөлігі спортты серік етті.

«Қайсар» футбол клубы Премьер-лига ойындарының турнир кестесіндегі үздік бестіктің қатарынан орын алды.

Облыс спортшылары республикалық чемпионаттарда 173 алтын, 143 күміс, 227 қола медаль иеленді. Азия және Әлем біріншіліктерінде 50 жүлдеге қол жетті. Оның ішінде біздің спортшылар 17 рет еліміздің Әнұранын ойнатты, 12 мәрте жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді және 21 қола медалді жеңіп алды.

Ауыр атлетикадан тек Қызылорда облысының ғана емес, тұтас мемлекеттің мақтанышына айналған Илья Ильин Алматыда өткен Әлем чемпионатында асқан ерлікпен алтыннан алқа тағынды. Сол арқылы төрт дүркін Әлем чемпионы атанды. Серпе көтеруден жаһандық рекордты жаңартты.

 

Өткен жылы мәдениет саласында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Айталық, жастарды классикалық музыкаға үйрету, бәсі биік бекзат өнерге деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында облыстық филармонияның құрамынан классикалық-камералық оркестр құрылды. Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театры жанынан жастардың театралдық труппасы жасақталды. Облыс орталығында тұңғыш рет көркемсурет галереясы ашылды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес Қорқыт ата кешенін толықтай жаңартып шықтық.

Ауылдағы мәдени мекемелерге қолдау көрсетілмегеніне де көп жыл болған екен. Былтыр осы олқылықтың орны толды. Елді мекендердегі мәдениет үйлері үшін 410 бірлік штат берілді. Барлық аудандарға мәдени-ақпараттық техникамен жасақталған «Зерде» автокөліктері алынды.

2014 жылы облыста 3 ауылдық клуб пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Шиелі ауданындағы Бәйгеқұм, Қазалы ауданындағы Түктібаев, Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылдарында су жаңа клубтар ашылды. Осы күнде 7 ауылдық клубтың, Жосалы кентіндегі музейдің құрылысы жүріп жатыр. 

Республикадағы 9 бірдей театрдың қатысуымен Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған ХХІІ республикалық театр фестивалін шақырып, сәтті өткіздік.

«ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымымен бірлесіп дәстүрлі музыка өнерінің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» Халықаралық фестивалін өткіздік. «Сырдың елі – жырдың елі» дейді ежелден. Сырдың сырлы өнерін өзге елдерге таныту, дәріптеу мақсатында облыстық филармония Түркия, Өзбекстан және Татарстанға гастрольдік сапармен барды. Жанқожа Нұрмұхамбетұлының 240 жылдығына арналған шаралар республикалық деңгейде өтіп, Қызылорда қаласының орталығынан батырға ескерткіш орнатылды.

Бабадан жеткен бай мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау біздің перзенттік парызымыз. Аймақтағы мәдени-тарихи орындар мен мұраларды сақтау, маңыздыларын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени-мұра тізбегіне енгізу үшін облыс әкімінің жанында ғылыми-әдістемелік Кеңес жұмыс істейді. Кеңес құрамына Алаштың айтулы азаматтары, қоғам және мемлекет қайраткерлері кіреді. Аталған Кеңестің шешімімен Жаңақорған аудандағы Сығанақ, Қармақшы ауданындағы Шірік Рабат, Қазалы ауданындағы Жанкент қалаларында қазба жұмыстары жүріп жатыр. Табылған құнды жәдігерлер ғылыми тұрғыдан зерттеліп болған соң облыстық музейдің иелігіне беріледі. Бұл жұмыстар биыл да жалғаса бермек.

 

Өмірлік маңызы бар, күнделікті тіршілікте аса қажетті салаларда атқарылған жұмыстар туралы баяндап жатырмыз. Бірақ «адам ұрпағымен мың жасайды». Әрі-беріден соң, осы атқарылған жұмыстың барлығы жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр емес пе?. Азат Қазақстанның келешектегі тізгінін еркін ойлы, жаман әдеттен ада, білім мен білікті қос қанатына айналдырған, саналы жастардың қолына өтсе деп армандаймыз. Мағжан ақын айтпақшы, «Біз жастарға сенеміз!», зор үміт артамыз. Сондықтан оларға құр сеніп, үміт артып қана қоймай азамат боп қалыптасуына аянбай атсалысамыз.

Соңғы екі жылда жастар саясатын қолдауға бағытталған қаржының көлемі 3 есеге артты (?).

«Жастар саясатын дамтудың Жол картасы» бойынша 23 әлеуметтік жоба іске асып, түрлі топтағы жастармен жұмыс жасалды. Жастардың бос уақытын текке өткізбеуі үшін, әрбір ісін жүйеге келтіріп, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, пікірлесіп отыру мақсатында құрылған «Жастарды қолдау орталығының» атқарып отырған қызметі зор. 98 ауылдық округте жастар саясатымен айналысатын мамандар жұмысқа алынды. Жастарды маргиналды қылық-әдеттен арашалайтын арнайы бағдарлама қабылданды. Мұндай бағдарлама басқа аймақтарда жоқ.

Нәтижесінде жастар арасындағы қылмыстың азаюына қол жетті, көптеген жобалар жүзеге аса бастады. Қоғамдық тыныштықты сақтау бағытында былтыр ішкі істер органдарына қажетті қолдау көрсетілді. Мысалыға, 100 автокөлік сатып алынды, жедел басқару орталығын жетілдіріп, көшелерге қосымша бейне бақылау камералары орнатылды, материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы көлемі 6 есеге өсті. Соның да бір әсері ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдігінің Бас прокуратурамен бірлесіп жасаған сараптамасына сәйкес, Қызылорда облысы Қазақстандағы ең тыныш аймақ деп танылды!

 

Енді ӨҢІРЛІК ДАМУ мәселелеріне келейік.

2014 жылы облыс орталығын, Байқоңыр қаласы мен тіректі елді мекендерді дамытып, қолдауға көп көңіл бөлдік.

Облыс орталығын дамыту туралы.

Қызылорда қаласын дамытуға соңғы екі жылда 46 миллиард теңгенің үстінде қаражат бөлінді. Соның 26 миллиард теңгеден аса қаржысы 2014 жылы берілді. Бұл сома қаланың дамуына соңғы төрт жылда бөлінген қаржымен пара-пар.

Қала көшелері күрделі жөндеуден өтіп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, жарықтандыру жұмыстары жалғасты. Облыс орталығының айналасында «жасыл белдеу» жасауды бастап кеттік.

«Қызылорда тазалығы» серіктестігінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 100-ден аса арнайы техника алынды.

Қаладағы жолаушылар тасымалын тиімді ұйымдастыру мақсатында автобус паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін газбен жүретін, заман талабына сай жасақталған және сымсыз интернетке жалғанған 20 автобус сатып алған едік. Енді жобаның екінші кезеңінде тағы 100 шақты автобус аламыз.

Мұратбаев көшесіндегі Сырдарияның үстінен салынатын көпір құрылысы басталды. Бұл дарияның сол жағалауын қарқынды түрде игеруге мүмкіндік береді.

Қызылжарма жер асты су қорын игеру жұмыстары да  жалғасуда. Бүгінде 85 ұңғыманың 35-і бұрғыланды. Нәтижесінде қалалық су құбыры жүйесіне сапалы ауыз су берілуде.

Еуропалық Қайта құру және даму банкімен бірлесіп қаланы сумен қамтамасыз ету, су тарату, жылу-электр жүйелерін реттеп, көшелерді жарықтандыруды жандандырмақ жоспарымыз бар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысын да осы банкпен бірлесіп бастаймыз. Сонымен бірге, «Қызылорда жылу электр орталығын» жаңарту жоспарлануда.

«Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі «Жол картасы» шеңберінде «Байқоңыр қаласы, Төретам және Ақай елді мекендерін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары» жасалып, бекітілді. Оны жүзеге асыру үшін былтыр облыстық бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Биылғы 1-қыркүйектен бастап Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп қазақстандық білім беру стандарттарына көшеді. Бұл мақсатқа қажетті қаржының мәселесі республикалық бюджеттен шешілген. Байқоңырда арнайы облыстық басқарма ашылды.

Тіректі елді мекендерді дамыту (43) бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бірінші кезекте аудандар мен қалаға қарасты 8 ауыл таңдап алынды (Арал ауданындағы Сексеуіл, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр, Қармақшы ауданындағы Төретам, Жалағаш ауданындағы Мәдениет, Сырдария ауданындағы Ақжарма, Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жаңақорған ауданындағы Түгіскен елді мекендері, Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кенті). Аталған ауылдардың өсіп-өркендеуі үшін бір жыл ішінде 3 миллиард теңгеден астам даму қаржысы берілді.

Ендігі кезекте облыстық мәслихаттың сессиясында 16 тіректі елді мекендерді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.

 

Құрметті жерлестер!

Жоғарыда айтылғанның барлығы өткен жылдың қорытындысына арналды.

Шүкір. Өткен жылға өкпе жоқ. Ойға алған жұмыстардың барлығы дерлік атқарылды. Кейбір мәселелер біз қалағандай жылдам шешілмеді, бірақ оның да дәйекті себептері бар.

Ендігі қам-қарекет болашақ жайлы. Көңілді күпті қылатын қауіп-қатерлер мен тақымды қысып ұстауға шықыратын тәуекелдер де аз емес сияқты.       

Олар негізінен мұнай бағасының төмендеуі мен Батыстың Ресейге салып жатқан санкцияларының салдарымен байланысты.

Әлемдік нарықта шикізат бағасының арзандап кетуі мемлекет қазынасына айтарлықтай шығын келтірді. Үкімет осының өзінде кеше ғана бюджетті 700 миллиард теңгеге қысқартуға мәжбүр болды.

Рубльдің құны құлдырап, қаржы нарығындағы қауқарының кемуі Ресеймен экономикалық одақта жұмыс істеп жатқан Қазақстан үшін де оңай тиіп жатқан жоқ. Сондықтан Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында елімізге келетін тауарларды қатаң қадағаламаса болмайды. Өйткені көршінің арзандап кеткен тауарлары өзіміздің өнім өндірушілердің ісіне кедергі келтірмеуі керек. Отандық тауар өндірушілерді қорғау және және жан-жақты қолдау керектігін Мемлекет басшысы да ерекше атап өтті.

Евразиялық экономикалық одаққа кіргеніміз – өз ішіміздегі экономикалық және саяси шешімдерді өзгенің қолына бердік, тізгінді басқаға ұстаттық деген сөз емес. Мұндай маңызды шешімді өзіміз ғана шығара аламыз. Сондықтан ішкі экономикалық кеңістікте өз мүддемізге қарай өз ережелерімізді ұстанамыз.  

Әрине, мұндайда ұлттық мүддені де жіберіп алмай, ортақ игілікті те ойлай отырып оңтайлы шешімін табуға парасат, шыдам мен табандылық керек болады. Өйткені бұл оңай, әрі тез реттеле қалатын шаруа қатарынан емес.

Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке  қатысты келіссөзді аяқтап қалды. Бұл ұйымдағы мүшелік те біздің ұзақ мерзімді ұлттық мүддемізден шығады. Аталған қадам Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық қатынастардың нығаюына оң әсер етері сөзсіз. 

Сонымен бірге Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптары мен ережелері басқа ұйымдар алдында басымдыққа ие екенін ескеру керек. Яғни, Қазақстан сауда ұйымына кіргеннен кейін Кедендік одақтың ережелері сауда ұйымының қағидаларына сәйкестендірілуі керек.

Кедендік одақ құрылғаннан кейін Қазақстан бизнесі жалпы саны 170 миллион адамды құрайтын нарыққа есік ашты. Бұл жалпы құны шамамен жылына 198 миллиард доллар құрайтын жаңа нарық пен біздің кәсіпкерлер үшін ашылған жаңа мүмкіндіктер.

Евразиялық экономикалық одақ пен Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірудің артықшылықтары мен өз қауіп-қатерлері де бар. Сондықтан отандық кәсіпкерлер ширақ қимылдап, осы ұйымдардағы мүшеліктің пайдасын асырып, тәуекелдерін еңсеруге тырысуы керек.

Халықаралық ықпалдастықтағы аса маңызды бағыттың бірі – Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымымен қарым-қатынасты нығайту болмақ. Бұл ұйыммен бірлескен жұмыс мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамту саласындағы саясатты дамытуға зор септігін тигізе алады. Мәселен, биыл Қазақстан осы ұйымның бастамасымен өтетін білім сапасын тексеретін ПИЗА және ТИМС секілді зерттеулерге қатысады. Соның ішінде біздің де мектептеріміз бар. Білім басқармасы, аудан және қала әкімдері мен білім бөлімдерінің басшылары осыған мұқият назар аударуы тиіс.

Қысқасы, Қазақстанның халықаралық қатынастардағы көпвекторлы бағыты жалғасып, барлық салада әлемге ашық мемлекет ретінде дами береді.

Ғаламның дауылы мен жауынына ұрындырмай, қиын-қыстау сәтте қол ұшын соза алатын түрлі ұйымдармен жан-жақты байланыс орната бергеннен зиян шекпейміз.

 

Өңірдің дамуына оралсақ.

Биыл мұнай қорының сарқылуы (оның бағасының арзандауы да) мен инфлияцияның күшею салдарынан бізге қосымша салмақ түсуі ғажап емес.

Мұнай өндіруші компаниялардың дерегіне сүйенсек, осы жылы мұнай өндіру көлемі былтырға қарағанда 400 мың тоннаға кемуі ықтимал.

Біз облыс дамуының негізгі басымдығы ретінде экономиканы әртараптандыруға күш салып отырмыз. Яғни, шикізат өндірісіне деген тәуелділіктен арылуды көздейміз. Бізде бұған балама жол жоқ! Тағы бір үлкен сынның адында тұрмыз. Бірақ бұл жағдай біздің даму қарқынымызды төмендеткенімен, бағытымыздан айныта алмайды! Қосымша өсім бере алатын жаңа бағыттар іздеуіміз қажет.

Мәселен, біз Үкіметке геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту туралы ұсыныс жасадық. Қолда бар кен орындарында газ өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Бір ғана Торғай алабында 100 миллиард куб газ бар екен.

Бүгінде мұнай компаниялары үшін ілеспе газды өндіру тиімсіз. Өйткені бағасы төмен. Еңбекті ақтамайды. Сондықтан газ факторы мол ұңғымаларды жабады немесе газды өртеуге мәжбүр. 

Не істеу керек?

Біз газдың құнын көтеріп, мұнай өндірушілерге тиімді баға қоюды ұсынып отырмыз. Мәселен, баға 100 доллар болса, газ өндірісі екі есеге артады, жылына 3 миллиард кубометр газ өндіруге болады.

Ал жергілікті тұрғындар үшін газдың бағасы қымбаттамайды. Негізгі шығынды экспорт арқылы қайтарамыз.

Сондай-ақ, жаңа газ кеніштерінің ашылуы мұнай-газ саласындағы қызмет көрсету көлемінің ұлғаюына әкеледі. Осылайша, мұнай өндіру көлемінің төмендегіні де білінбей кетеді.

Сонымен қатар, біз 7 шақырым тереңдікте жүретін параметрлік бұрғылау жобасын ұсынып жатырмыз. Осы жоба қолдау тауып, «Нұрлы Жол» инфрақұрлымды дамыту бағдарламасына кірген жағдайда, біз облыстағы минералды шикізат базасын едәуір кеңейтіп алар едік. 

 

Енді баршаның көкейіндегі «ертеңгі күн не болмақ?» деген сұраққа көшейік. 

Ертеңгінің қамында жұмыс орындарының қысқармауы мен баға тұрақтылығы басты мәселе болмақ.

Біз аймақтағы барлық кәсіпорындардың басшыларымен тығыз жұмыс істеп, жұмыс орындарын қысқартпай, еңбек ақының іркіліссіз төленуін қамтамасыз етуге барымызды салып жатырмыз. Кейбір кәсіпорында жағдайдың мәз еместігін, пайда емес шығынға жұмыс істеп жатқандар барын да білеміз. Бірақ, солай екен деп, салымыз суға кетпесін. Халықтың күйі мен елдің тыныштығына тек мемлекет емес, іс басында, ел ағасы болып жүрген кәсіп иелері де жауапты екендігін ұмытпасын. Сондықтан бірлесе отырып елдің еңсесін түсірмеудің барлық амалын жасауға міндеттіміз.

Осы кездің өзінде кейбір мекемелер айлықты кешіктіріп жатыр. Енді бірі жұмыс орнын қысқартуды қарастыру үстінде. Біз мұндай кәсіпорындардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, қиындықтан шығар жолды бірге қарастырып жатырмыз.

Өңірдегі орта және ірі компаниялармен меморандумдарға қол қойып, жұмыс орындары мен жалақыны қалпында сақтау туралы келісімге келдік.

Былтырдың өзінде аймақтағы барлық кәсіпорындар ұжымдық келісім-шарттар жасады. Бұл жұмыс берушінің қызметкерлері алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындаудағы жауапкершілігін арттырды. Ал адамдар зауыт директорының құрғақ сөзіне емес, құқықтық жағынан негізделген құжатқа сүйеніп жұмыс істейді. Жұмысшылардың құқын қорғауды да өзіміз ойлауымыз керек. Өйткені олардың кейде сауаты мен өресі жете бермейді. Аяғында опық жеп, тағы да мемлекеттен пана іздейді.

Бір мысал айтайын. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күрежолының Арал ауданындағы бөлігінде жұмыс істеген «ДМСУ» серіктестігінде мынадай жағдай болды. Жалақыларын уақытылы ала алмаған (66 миллион) 270 жұмысшы дүрлікті. Бір қызығы, олардың барлығы дерлік әйелдер сияқты?! . 

Мәселенің мән-жайын анықтай бастадық. Сонда мекемеде ұжымдық келісім-шарт дегенді былай қойып, қарапайым жұмысқа алу туралы бұйрық пен екі жақты жасалатын келісім-шарт атымен болмаған! Мұндай жағдайда жұмыс берушіге не деп талап қоя аласың? Ештеңе дей алмайсың оған. Ниетсіз жұмыс беруші мен сауатсыз жұмысшылар арасында тағы да мемлекет (әкімдік, прокуратура) арағайын болды. Өкінішке орай, адмдарымыз осы күнге дейін өз құқықтарын қорғауды білмейді. Осының салдарынан соқталдай азаматтар айлығын алу үшін әйелі мен бала-шағасын ұлардай шулатып, бізге жіберген. Өйткені өздерінде бет жоқ!

Әрине, біз араласып мәселе шешілді. Бірақ еңбек қатынасына екі тарап та жауапты болуы керек. Ол жауапкершілік заң аясында құжатпен бекітіліп, рәсімделуі тиіс.  

 

Дөңгеленген дүние бір орында тұрмайды. Бәрі де алмакезек. Кейбір кәсіпорындар түрлі қиындықпен бетпе-бет келсе, енді бірі жаңа жұмыс орындарын ашуда. Биыл түрлі салада жаңадан 9 мың 500 жұмыс орны ашылады деген жоспарымыз бар.

Сондықтан жұмысынан қысқарған жағдайда адамдардың басқа мекемелер мен компанияларға орналасуға мүмкіндік алады.

Әлбетте, жұмыстан босап, жаңа орын табу оңай емес. Дей тұрғанмен, барлық мемлекеттік органдар тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетін болады. 

 

Мемлекетке де оңай емес. Осындай сын сағатында ауызбіршілік танытып, «жау жағадан алғанда, бөрі етектен тарттының» керін келтірмей, ұйымдасып қимылдауымыз керек!

90-жылдардың басы естеріңізде ме?

«Ел ерге, ер жерге» қараған заман еді ғой.

Дүкен сөрелері қаңырап, бос қалды. Жұрт базар кезіп, сенделіп кеткен кезеңді де көрдік. Зейнетақы бірнеше ай бойына төленбеді. Балалардың қолдау пұлын нәресте бір жасқа толғанша ала алмай, мұғалімдердің жазда алатын еңбек демалысының ақысын қазанда берген күндер де болды емес пе?

Жаңа құрал-жабдық алу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ойламайтынбыз. Ал жаңа құрылыс салу тіпті түсімізге кірмейтін.

Елді мекендерге тұрақты түрде жарық бере алмай қалдық. Инфляция болса, 3000 пайызға дейін барды! (1992 жылы 2960,8 пайыз инфлияция болды).

Міне, Елбасының бастамасымен осындай қиын-қыстау кезеңнен, жоқшылық буған күрделі шақтан да аман-есен өттік емес пе?

Қазіргі жағдайды ол кезбен салыстыруға да келмейді.

Бірақ Қазақстандағы тұрақтылыққа түрпідей қарап, мына бір аздаған қиыншылықты желеу етіп, елдің ішіне іріткі салғысы келетін сыртқы күштердің барын естен шығармайық. Халықтың көкейіне күмән мен үрей ұялатып, шырқымызды бұзғысы келетіндер де бар! 

Елбасының басшылығы, халықтың ауызбіршілігі арқасында  мемлекетіміз бір емес бірнеше дағдарыстан аман өтті. Айналасы 20 жылдың ішінде еліміз тұрақтылықтың тал бесігіне айналып, дамудың даңғылына түсті.

Бұл қиыншылық та Тәуелсіз Қазақстанның өнегелі өрлеу  тарихына сызат түсірмей, өткінші асу боларына күмән болмасын. 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бірқатар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Елбасының сәлемін жеткізе бардым. Бүгінгі жағдайға олар да алаңдаулы. Алайда, абыр-сабырға берілмей, сабырмен қарайды. Бейбіт өмір мен бірлік болса, бәрін де жеңуге болатынын айтты. 

Дархан даланың даналары, қазыналы қарттарымыз осылай деп отыр. Қиыншылықтың келіп-кететінін, ал мемлекет пен тәуелсіздіктің мәңгі болу керектігін ескертеді.

Бүгінгі біздің ұстаным да осы болуы тиіс!

Мемлекет басшысы қандай жағдай болмасын, мәселе халықтың есебінен шешілмейтінін, мемлекет өз жұртын тағдырдың талқысына тастамайтынын әлдеқашан ескерткен. Кешегі Үкіметтің мәжілісінде осы қағиданы тағы бір шегелеп айтты. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері дер кезінде және толық көлемде орындалады. Ұлттық қор мен мемлекеттің резервтері сол үшін жасалған!  

Дағдарыс жағдайында бағаның өсуін толықтай тежеу қиын. Бірақ бізде оған қарсы тұруға қажетті құралдар жетерлік. Атап айтсақ, тұрақтандыру қоры бар, ол өз өнімдерін «Дәмді» әлеуметтік дүкендері арқылы тұтынушыларға тікелей ұсынады.  Халықтың басым бөлігі ол дүкендерді жақсы біледі. Аймаққа сырттан әкелінетін азық-түлік тауарларын сатып алуға қажетті қаражат облыстық бюджеттен толғымен бөлінді. Тиісті келісім-шарттарға да қол қойылған. Осының арқасында күнделікті  тұтынатын азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол берілмейді.

Білім беру мен денсаулық сақтау салалары бойынша бұған дейін басталған құрылыс нысандарының жұмысын аяқтауымыз керек. 

Қысқасы, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы ешқандай дағдарысқа қарамай, жалғаса бермек. Облыс әкімінің 2015 жылға арналған Іс-қимыл жоспары бекітілді. Облыстық газеттерге жарияланды. Аймақ Елбасының тікелей басшылығымен жүзеге асатын «Нұрлы Жол» инфрақұрлымды дамыту бағдарламасына» белсенді түрде қатысады.

 

Құрметті жерлестер!

Басталып кеткен жаңа жыл – жаңаша тарихымыздағы маңызды тойлар жылы болғалы тұр. Өйткені, биыл біз Конституциямыздың және Қазақстан халқы ассамблеясының – 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің – 70 жылдығын, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өтеміз.

Дүйім ел, тұтас ұрпақтар буыны үшін тағлымдық маңызы  ерекше, тәрбиелік мәні жоғары осынау шаралар аста төк дастарқан жайып, ас ішіп, өзі тапшы табысты оңды-солды шашатын дырдуға, «бермедің-алмадық» дейтін орынсыз назға ұласып кетпей, отаншылдық рухқа дем беріп, ұлтты ұйыстыратын, халықты біріктіріп, жасампаз істерге жұмылдыратын салиқалы іс, сарабдал кеңестің алаңына айналса игі болар еді.

Біз қашан да «жұмыс – жалқы, ырыс – ортақ» деп, еңбегін елдігіне, тірлігін бірлігіне балай білген халықпыз.

Қасиетті Сыр өңірі – алты Алаштың анасындай болса, осы елдің төл перзенті – Сіз бен біз арқа сүйер, жанашыр баласындаймыз. Осында отырған баршамызға туған жер, өскен өлкенің ауасы да, дариясының дауасы да, самғап шығар ұшпағы мен жазылмай жатқан жарасы да ортақ. Олай болса, еңбек пен парасаттың қашан да шыңынан табылған СЫР ЕЛІ бұл жолы да СЫР БЕРМЕС деп ойлаймын. Тәуелсіз Елімізге, Елбасына әрдайым тірек бола білейік, қадірлі ағайын!

 

Құрылған күні: 26-02-2015 11:16
Жаңартылған күні: 06-02-2016 13:41

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика