ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың

халық пен қоғам өкілдері алдындағы өңірдің 2013 жылғы

әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған

есепті кездесуінде сөйлеген сөзі

19 ақпан, 2014 жыл

 

Қадірлі жерлестер!

Уақыт диірмені тоқтаусыз айнала береді. Былтыр дәл осы залда Сіздермен жолығып, алғаш есепті кездесуімді өткізген едім. Жыл ішінде аймақтағы барлық 263 елді мекенді бір емес, кейде бірнеше рет аралап шықтым. Халықпен жүздесіп, пікірлестім. Елдің мұңы мен мұқтажын, бары мен жоғын түгендеуге барынша тырыстық. Әрине, барлық мәселені бір мезетте шешіп тастау мүмкін емес. Дегенмен сіз бен біздің тізе қосып жұмыс істегеніміздің арқасында көкейкесті мәселелердің бірқатары ретке келді.

Былтыр сәуір айында Қызылорда облысы әкімінің іс-қимыл Жоспарын қабылдадық. Ол жәй ғана құжат емес, Елбасы тапсырмаларынан туындайтын міндеттер бойынша біздің жыл көлемінде атқаратын жұмыстарымыз бен мақсаттарымыздың жиынтығы болатын. Жоспарымызды жариялап, «әкім бол – халқыңа жақын бол» қағидасын ұстай отыра өз жұмысымызды қоғамдық бақылауға ұсындық.

Біз бүгін өз мойнымызға алған жауапкершіліктің басым бөлігі орындалды деп сенімді түрде айта аламыз. Қабылданған 175 іс-шараның тек 3-і ғана белгілі себептерге байланысты дер кезінде орындалған жоқ. Бірақ ол жобаларды қатаң бақылауда ұстап, биыл іске асуына күш саламыз. Ең бастысы, ойға алған жоспарымыз орындалмай қалмайды. 

Іс-қимыл Жоспарындағы 12 жоба бойынша нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Аталған жобаларды іске асыру үшін уақыт керек. Өйткені ол бір жылдың шеңберінде бітетін шаруалардың қатарынан емес.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағытындағы 150 іс-шара толығымен атқарылды.

Бұл өз кезегінде аймақтың экономикалық ахуалын жақсартып, бірнеше маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға жол ашты.

Өңір дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер байқалады. Даму үрдісі бойынша облысымыз маңдайалды аймақтар қатарында.

Бірқатар кен орындарындағы мұнай қорының азаюына қарамастан, өнеркәсіп өндірісі 2012 жылмен салыстырғанда біршама артқанын көреміз. Бұл жетістікке өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы қол жеткіздік. Ал аталған сала алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға артты. Бұл біздің бірсалалы сипатты экономикамыз (мұнай) үшін өте маңызды.

Бір жыл ішінде аймақ экономикасының дамуына 370 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. 2012 жылмен салыстырғанда инвестициялық көлемнің 40 пайызға өскенін байқауға болады.

Облыс бюджеті он екі айда 39 миллиард теңгеге артты.

Бұған қоса, білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамытуға, ауызсумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруға және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді атқаруға республикалық бюджеттен 47 миллиард теңге бөлінді (мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру үшін).

Айта кететін жәйт – біз өткен жылы бюджеттің әлеуметтік салаларға бөлінетін жан басына шаққандағы көлемін республикалық ортақ деңгейге жеткізіп, тіпті асып түстік. Мысалға білім беру саламыздағы шығындарымыз орта республикалық көрсеткіштен 47 пайызға артық.

Ауылшаруашылығы саласында 360 мың тонна күріш жиналды. Бұл – соңғы 20 жылда қол жеткізген ең үлкен көрсеткіш болып отыр (гектарына 49 центнер). Ыбырай Жақаев атамыздың ізбасары, белгілі кәсіпкер-күрішші ералиев абзал Елбасының Жарлығымен «ҚР Еңбек Ері» атағына ие болды!

Әлеумет күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары (тұтыну бағасының көрсеткіші – 103,7%, ал  азық-түлік тауарлары -103%) мен коммуналдық төлемдер (орташа есеппен 2,7 пайызға өскен) бағасын бақылауда ұстап тұрмыз.

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Бір жыл ішінде облыста 100-ге жуық жаңа әлеуметтік нысандар ашылды.

Олардың құрылысын әкімдікпен қатар «Нұр Отан» партиясының активі, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар да бақылауда ұстайды.

Құрылыс салу көлемі 17 пайызға өсті. (150,1 миллиард теңге).

Он мыңнан астам жаңа, оның ішінде 8 мың тұрақты  жұмыс орындары ашылды. Бұл жұмыссыздықтың біршама төмендеуіне септігін тигізді (5,3%  тен 5,2% дейін).

Денсаулық сақтау саласында ана мен бала өлімі және жүрек-қан тамырлары ауруынан көз жұматын науқастардың санын азайтуға қол жеткіздік.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірін жақсарту мақсатында қосымша шаралар қолға алынды.

Енді жоспарлаған жұмыстарымыздың қаншалықты атқарылғаны жөнінде толық тоқталайын.

Облыс әкімінің 2013 жылғы іс-қимыл жоспарындағы басым бағыттар: білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ тұрмысқа қажетті инфрақұрлымды дамыту, оның ішінде аймақты газдандыру мәселелері болатын.

Аймақта индустриалды, ауылшаруашылық және тағы басқа салаларды дамыту күн тәртібінде тұрды.

Экономиканың шикізатқа ғана тәуелді болуы, Өздеріңізге белгілі, тұрақты дамуға дамуға мүмкіндік бермейді. Өйткені шикізат бағасы – әлемдік нарыққа тікелей бағынышты. Ал біз экономиканы тұрақтандырамыз десек, оны әртараптандыруымыз қажет, шағын және орта кәсіпкерліктің кең қанат жаюына жағдай жасалу керек.

Аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің 93,4 пайызы мұнай және уран өндірісіне өндірісіне тиесілі. Алайда, мысалға жыл сайын мұнай өндірудің көлемі 2-3 пайызға төмендеп келе жатыр. Бұл жағдай мұнай мен газдың жаңа қорларын іздестіріп, барлау жұмыстарын жалғастыра беруді талап етеді.

Сондықтан облыс экономикасын дамытудағы басым бағыт ретінде өңдеу өнеркәсібі айқындалды.

Былтыр аталған саладағы өндіріс көлемінің өсімі 19 пайыздан асты. Ал бұл көрсеткіш республика бойынша 1,6 пайызды құрады.

2010 жыдан бастап Елбасының бастауымен елімізде инустриалды-инновациялық даму бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Ал облыстағы индустриаландыру картасы бойынша 24 жоба (152 миллиард теңге) қолға алынды. Оның 13 жобасы толықтай іске қосылды. Өңірлер арасында жасалатын жыл қортындысы бойынша аталған көрсеткіш біздің облысты көшбасшылардың қатарына қосты. Бұл өзі көлемі өте үлкен жобалар емес. Дегенмен аймақ экономикасын дамытуға, әртараптандыруға септігін тигізетін өндірістер.

Өткен жылғы жетістіктеріміздің бірі, шыны зауытының құрлысын облысқа қайтарып алдық. Мәселенің мән-жайына терең бойлап жатпай-ақ қояйын. Елбасының, Үкіметтің қолдауының арқасында, біз маусым айында зауыт құрылысын бастаймыз. Ол озық технологиямен салынады.                                  

Ал нысан Қызылордадағы индустриалды аймақта (50 гектар) бой көтереді, қазір қажетті барлық инженерлік инфрақұрлым дайындалып жатыр.

  Сонымен қатар, аталған аймақта полимер құбырын шығаратын зауыт саламыз.

  Басқа да жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Биыл жыл басында ескі автокөлік дөңгелектерін қайтадан өңдейтін (1,5 мың тоннаға дейін) инновациялық зауыт (SmartRubber) іске қосылды. Мұнда тамшылатып суаруға қажетті құбырлар шығарады. Дәл осындай инновациялық өнімнің Қазақстанда баламасы жоқ.

Және кәсіпорын «Жасыл экономика» талаптарына толық жауап береді.

Сондай-ақ зауыт асфальт төсегенде қолданатын резеңке ұнтақтар дайындайды. Бұл жолдың сапасын артырып, қолдану мерзімін ұзартады.

2013 жылы Жалағаш ауданында қызыл мия өңдейтін фармацевтикалық зауыттың да құрылысы басталды. Негізгі жұмыстары аяқталды. Бұйырса биыл іске қосамыз.

Мысалға Жаңақорған ауданында цемент зауыты салынады. Аталған жобаның өмірге келуіне мұрындық болған жергілікті кәсіпорын («Мелиоратор» ЖШС). Олар қаңтар айында қытайлық компаниямен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, биыл Қызылордада машина жасау зауыты жобасына қатысты жұмысты жалғастырамыз. Бұл зауыт теміржол (ҚТЖ), тау-кен және мұнай-газ саласына қажетті қосалқы бөлшектерді шығарумен айналыспақ. Бірлескен кәсіпорын Қызылорда локомотив депосының негізінде салынбақ. Бұл жөнінде «Байқоңыр» ӘКК мен «Қазақстан темір жолы» АҚ арасында келісім жасалды.

Аталған жобалардың барлығы экономиканың нақты саласын дамытуға бағытталған және тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Біз жыл бойы ғалымдармен және мамандармен бірлесе отырып аймақтағы игерілмей жатқан мүмкіндіктер бойынша сараптама жасап, болашақ бағдарымызды айқындадық. Даму бағытымыз – металлургия. Бұл біздің экономикамызды әртараптандыруға бастайтын бірден-бір жол. Өткен жылы Елбасының аймаққа іс-сапары аясында жоспарларымызды баяндап, Елбасының қолдауына ие болдық.

Биыл біз осы бағыттағы жұмысымыздың іргетасын қалауға тиіспіз.

Ферроқорытпа зауытының құрлысын бастау үшін «Байқоңыр» ӘКК инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр. Осының нәтижесінде бірлескен кәсіпорын құрылады.

Қазіргі таңда ӘКК-сының нақты іс-әрекет ету бойынша аймақтың даму институтына айналып отырғанын көріп отырмыз. Корпорация өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз етуде маңызды әлеуметтік рөлге ие. Айта кетейін, біз «Байқоңыр» ӘКК-ның алдыңғы екі жылдағы шығындарын түгелдей жауып, қызметін қалыпты жағдайға жеткіздік.   

Ал, ферроқорытпа зауытына келсек. Кәсіпорын төмен алюминийлік ферросилиций, кремний карбидін, ферромолибден және басқа да өнім түрлерін өндірмек. Жоспар бойынша өндірілетін өнім көлемі – жылына 150 мың тонна болмақ. Осының арқасында мыңға жуық жұмыс орындары ашылады.

  Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» Қорымен бірлесіп Шалқия кен орнын жаңаша дамытуды мақсат қылып отырмыз. Бұл өз кезегінде кен шығаруды 4 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, жаңа металлургиялық кешен құрылысын бастауға мүмкіндік береді. 

  Бұдан бөлек, мырыш, қорғасын, алтын және мыс қорлары бойынша іздеу-барлау жұмыстары жалғастырылады. Темір және полиметаллдық кен қорларына толыққанды зерттеуді бастаймыз.

  Әрине, мұндай ауқымды саланы аяғынан тік тұрғызып, дамыту үшін кешенді түрде жұмыс жасалуы керек.

Осыған сәйкес, биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің негізінде Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ мен Мәскеу болат және қорытпа институтымен бірлесіп металлургия саласына қажетті мамандар даярлайтын кафедра ашамыз.

37 студентті облыс әкімінің грантымен аталмыш жоғарғы оқу орындарына, сондай-ақ Қазан мемлекеттік техникалық университетінде білімдерін жалғастыру үшін магистратураға жібереміз.

Дәл осы жастар біздің болашақ металлургиялық кластеріміздің негізін қалыптастыратын болады.

100-ге жуық мектеп бітірушілер Мәскеу болат және қорытпа институтында оқуға мүмкіндік алады. Институтпен тиісті келісімдер жасалды. Сәуір айында біздің он бірінші сынып оқушылары арасында іріктеу жүргізіледі.

Шағын және орта бизнесті дамытуды жалғастыра береміз.

14 ақпан күнгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнестің жұмысына жаңа серпін беретін жүйелі іс-шаралар кестесін қабылдап, іске асыруды тапсырды.

Елбасы алдағы екі жылда экономиканы несиелік қаражатпен толыққанды қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлуді жүктеді. Осылайша, нақты секторға қыруар қаржылай қолдау көрсетіліп, қажетті инвестициямен қамтамасыз етіледі.

Бұл қаражат алдымен өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін орта - шағын кәсіпкерлік жобаларына бөлінеді. Содан кейін индустриаландыру бағдарламасының басым бағыттарына жұмсалады.

Осы орайда біз кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесе отырып облыста жаңа кәсіпорындар ашуды және жұмыс істеп тұрған мекемелерді жандандыру жолдарын қарастырамыз. Оларды жүзеге асыруға қажетті қаражатты бөлу үшін тиісті орталық атқару органдарымен жұмыс жасаймыз.

Биылғы жылды шағын және орта бизнесті кеңінен дамытуға арнаймыз десек те болады. Мұны облыс әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл жоспарынан анық аңғаруға болады. Президент тапсырмасына сәйкес, біздің облысқа да  кәсіпкерлікті қарқынды дамытуға зор мүмкіндік туып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік (аймақта өндірілетін жалпы ішкі өнімнің 8 пайызын ғана құрайды) кенжелеп тұрған аймақ үшін экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету оңай емес. Біздің ендігі міндетіміз – 2020 жылға дейін аталған көрсеткішті 25 пайызға жеткізу, Елбасының жасаған мүмкіндігін игере білуіміз қажет. 

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық мемлекеттік органдар қолғабыс жасауға міндетті. Бірақ көп мәселе бизнес өкілдеріне де байланысты. Бұл тұрғыда Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы да белсенді жұмыс істейді деп үміттенеміз.

Сонымен қатар тұрғындардың кәсіпкерлік бағытындағы бастамаларын, әсіресе ауылдық жерлердегі ағайынға шағын несие беруді тоқтатпаймыз. Биыл бұл мақсат үшін 4 миллиард теңге қаржы бөлінді.  

Экономиканың бірден-бір қозғаушы күші көлік инфрақұрлымы екені белгілі.

Қызылорда облысы үш ұлы жолдың бойында жатыр. Біріншісі – Сырдария, екінші – теміржол, үшінші – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күрежолы. Өмірдің нәріндей болған осы үш жол аймақты көлденеңнен қиып өтеді. Бұл біздің елді мекендерді қарқынды дамытуға, нарықтық ортада бәсекелестікке төтеп беруімізге мүмкіндіктеріміз. Ауылдар мен аудандар да осы жолдардың бойында шоғырланып, өте ыңғайлы орналасқан. Нақтылық үшін айтсақ, аймаққа қарасты елдімекендердің 85 пайызы теміржол мен тас жолдың бойында жатыр. Ал онда облыс халқының 93 пайызы тіршілік етуде. Ал биылғы тамыз айында біз өзімізге қарасты күре жолдың бөлігін толықтай аяқтаймыз.

Сонымен қатар, біздің аймақтан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» теміржолы да өтеді. Өткен жылы бізге тиесілі аумақтың жұмыстарын аяқтап, Жезқазған жақтан тартылған шойын жолмен түйістік. Бүгінде теміржол инфрақұрлымына қажетті шаруалар атқарылып, станса құрылысы мен әлеуметтік-тұрмыстық кешендердің кірпіші қалануда.

2015 жылы осы жолмен алғашқы жүк тасымалданады. Ол Сексеуіл стансасын кесіп өтіп, еліміздің батысы мен шығысын тікелей байланыстырады. Бұл Арал аймағының дамуына зор серпін береді. Сондықтан біз мұндай мүмкіндікті барынша пайдаланып қалуға тиіспіз.

Бұдан бөлек біздің аймақ үшін әуе, әсіресе жүк тасымалын дамыту да маңызды міндеттің бірі.

Бүгінде Қызылорда қаласының әуежайы бір сағатта 150 жолаушыға ғана қызмет көрсетуге қауқарлы.

Сондықтан біз жолаушылар терминалын қайта салу керек деп шештік, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен келіссөздер жүргіздік. Нәтижесінде, аталған жобаны біз «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп қаржыландыруға уағдаластық. Жақын арада мемлекеттік сараптамадан өткен маңызды объектінің құрылысына кірісеміз.

Өмірге қажетті инфрақұрлымды дамыту жөнінде.

Облыс тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі көп жылдан бері көтеріліп келеді. Әрине, бұл өте маңызды мәселе.

Дегенмен аталған мәселені шешу де оңай емес. Өйткені газ тарту құрлысы көп қаражатты қажет етеді. (138 миллиард теңге)

Былтыр жыл басында біз осы бір күрделі мәселені шешуді қолға алып, «ҚазТрансГаз» АҚ мен оның еншілес ұйымы «ҚазТрансГазАймақ» мекемесімен келіссөздер жүргіздік.

Нәтижесінде, аймақты газдандыруға байланысты қыруар жұмыстар басталып кетті. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырынан Қызылорда қаласына дейін 23 шақырымнан асатын жоғарғы қысымды газ құбыры салынды, екінші резервті көгілдір отын желісі тартылды. Бұл облыс орталығын газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ендігі кезекте көгілдір отын желісіне қосылмаған әсіресе жеке үйлерді қамту міндеті тұр.   

Сонымен қатар, биыл «ҚазТрансГаз» компаниясы біздің облысқа 16,5 миллиард теңге инвестиция құяды. Бұл қаражатқа барлық жеті аудандағы газ құбырлары мен автоматтандырылған газ тарату станциялары салынады.

Бұған қоса, біз 10 ірі елдімекенде ауылішілік газ желісі

құрлысының жобасын әзірлеп жатырмыз, оларда қазір 100 мыңнан аса халық тұрады.

Осылайша 2015 жылдан бастап аймақты толыққанды газдандыруды бастау үшін биылғы жылы барлық қажетті инфрақұрылымды дайындап қоюымыз қажет.

Облысты ауыз сумен қамтамасыз ету тұрғысында не жасалды?

2013 жылы біз Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған және Сырдария аудандарының 16 елді мекеніне таза ауыз су жеткізіп бердік. Арал ауданында суды тасып ішіп немесе ашық көлдерден алып отырған 8 ауылға тіршілік нәрі тікелей келетін болды. Нәтижесінде бір жыл ішінде 45 мыңнан аса халық тұратын 24 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Бүгінде бүкіл аймақтағы тұрғындардың 94 пайызы таза ауыз су ішіп отыр. Бұл да аз жетістік емес.

Аталған мәселе бойынша су құбырларын жөндеу үшін бізге республикалық бюджеттен 4 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының есебінен облыстағы барлық аудандардағы 20 жоба іске асады. Сонымен қатар облыстық бюджеттен 28 жаңа жобаның жұмысын қолға алдық.

Қазалы және Қармақшы аудандарының орталықтарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған мәселе. 

Бүгінде Әйтеке би кентіндегі 30 мың халыққа есептелген су қоймасынан 22 елді мекенге ауыз су беріліп отыр. Бұл қосымша 30 мың адам деген сөз. Соның салдарынан 3 күнге жетеді деп жоспарланған су бір тәуліктен аспай таусылып қалады. Дәл осындай жағдай Жосалы кентінде де орын алып отыр. Екі ауданда да қосымша су резервуарларын салу керек. Ал, қажетті қаражатты республикалық бюджеттен алармыз деп есептеймін.  

Талап-Сырдария және Жиделі топтық су торабын қайта жөндеу құрлысының жобасына қатысты тиісті жұмыстар атқарылды. Соның арқасында республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінді. Енді жұмысты бастаймыз. Бұл өз кезегінде 57 мың тұрғынды таза  ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қызылжарма жер асты су қоймасын игеру жұмыстары басталды. Бір жыл көлемінде 21 ұңғыма қазылды. Олардың кейбірінен облыс орталығына таза су жеткізіліп жатыр.

Осылайша қала тұрғындары тұтынып отырған су сапасы жақсарып келеді. Ал, биыл тағы 17 ұңғыма қазуды жоспарлап отырмыз.

Былтыр жылу маусымына дайындық барысында қаладағы жылу электр орталығындағы екі қазандықты күрделі жөндеуден өткіздік. Бүгінде жылу қазандықтары үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Осының арқасында біз биылғы қыстан қиындықсыз шығармыз деп үміттенеміз. Айта кетейік, аталмыш жылу электр орталығының құрылғылары әбден тозып, пайдалану мерзімі 2009 жылы аяқталыпты?! Осыдан-ақ атқарылған жұмыстың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.  

Ал, биыл тағы екі жылу қазандығын жөндейміз. Оның бірі резервтегі қазандық.

Жылу электр орталығы мен газдандыру мәселелерін  шешпей тұрып, Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз етуге кірісу мүмкін емес. Алайда, берген уәдеміз бойынша ыстық су жеткізу жобасының алғашқы жұмыстарын бастап кеттік. 2015 жылы аталған жобаны қаржыландыру үшін биылдан қалмай жобалық-сметалық жұмыстарын толық дайындауымыз керек. Бұған қажет қаражат көлемі де аз емес. 7 миллиард теңге шамасында. Бірақ бұл мәселені кейінге  қалдырмаймыз. Біз XXI ғасырда, өркениетті, дамыған елде тұрып жатырмыз. Сондықтан өмір сүру деңгейіміз де соған сай болу керек.   

Өңірдегі өзекті проблемалардың бірі электр қуатының тапшылығы. Біз қазір тұтынып отырған электр қуатының 60 пайызын сырттан сатып аламыз. Бұл облыс экономикасына аса қолайлы жағдай емес.

Енді осы тәуелділіктен құтылу мақсатында, энергетика саласының жұмысын жетілдіру үшін «Энергия» консорциумы құрылды.

Біз қазір жылу электр орталығын кеңейтіп, қайта жөндеу жұмыстарын қолға алдық. Бұл – аймақты өзімізде  өндірілетін электр қуатымен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Энергия тасымалдау компаниясының (КРЭК) жұмысын қаржы-экономикалық тұрғыдан жақсарту мақсатында да біраз жұмыстар атқарылды. Өткен жылдың басында компания қарызға белшесінен батып тұрған еді. Айталық, міндетті қарызы 2,4 миллиард теңге болса, дебиторлық қарызы миллиардтан асып кеткен. Компания жұмысын жандандыру үшін арнайы сауықтыру жоспары жасақталды. Соның арқасында компанияның кредиттік қарызын 4,5 есеге (547 миллион теңгеге дейін), ал дебиторлық қарызын 2,5 есеге (420 миллион теңгеге дейін) қысқарттық.

Дәл қазіргі уақытта компанияны дамыту үшін стратегиялық инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр.

 

Электр қуатын жеткізуші ұйымдардың санын алтыдан 3-ке қысқарттық. Яғни, халық пен электр таратушы компанияның арасында делдалдар азайды. Әрбір делдалдың әртүрлі көзқарасты ұстанып, түрлі жұмыс тәсілдерін қолданып, менеджменттің кемшіліктері аяғында қарызға жеткізетіні ешкімге жасырын емес. Сондықтан биыл біз бір ғана электр қуатын жеткізуші ұйымды қалдырамыз. Осылайша, жұмсалған электр қуатының қаржысына бақылау да,  талап та күшейеді деген сөз.

Сондай-ақ, барлық иесіз энергетикалық нысандарды түгендеп және КРЭК-тің басқаруына беру жұмыстарын бастадық. Мұнай объектілер облыс көлемінде тіпті көп екен. Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау керек.

Тұрғын үй қорының жағдайы да аймақтағы үлкен  проблеманың бірі.

Өкінішке орай, қажетті ресурстардың аздығынан республикалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы 2013 жылы тоқтап қалды. Дегенмен біз облыстық бюджеттің есебінен бірінші қажетті қаражатты тауып, жоспарланған жұмысты аяқсыз қалдырған жоқпыз.

Биыл республикалық бюджеттен осы мақсатқа 2 миллиардтан астам теңге тартылды. Аталған қаржыға 95 тұрғын үйді, 5 шақырымдық жылу жүйесін жөндейміз.

Сондай-ақ, облыс орталығында апаттық жағдайдың алдында тұрған екі тұрғын үйді қайта саламыз.

2013 жылы «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының аясында 4 ипотекалық және 89 арендалық көп қабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Бұл 550-ден астам пәтерлер ішінде жас отбасылары да бар.

Биыл қалада және аудан орталықтарында 95 арендалық, 6 ипотекалық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Өз кезегінде бұл 836 отбасының баспана жағдайын жақсартады. Ал оның жалға алу құны да арзан болмақ. Мысалы, 70 шаршы метрге айына 4 000 теңгедей ғана төлейді. Егер бір отбасында екі адам жұмыс істейді деп есептесек, онда аталған ақшаны төлеу оларға қиындық туғызбаса керек.

Әрине, жоғарыда баян еткен жағдайдың басым бөлігі қалаға қатысты атқарылды. Ал біздің тұрғындардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Осы орайда ауылшаруашылығын дамыту да кезек күттірмейтін мәселе.

Ауылшаруашылық саласын дамытуға байланысты қандай шаралар қолға алынды?

Ауылшаруашылығы Қызылорда облысының экономикасындағы көшбасшы салалардың бірі екені белгілі. Көшбасшы дегенде, оның аймақ экономикасына тигізер пайдасы тұрғысынан айтып отырғанымыз жоқ. Дегенмен біздің халықтың көпшілігі осы салада еңбек етіп жүр.

Сондықтан аталмыш саланы ұдайы назарда ұстап отырамыз.

2013 жылы біз ауылшаруашылығын қолдау мақсатында 5,5 миллиард теңге бөлдік. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2 миллиард, яғни 45 пайызға артық.

Сонымен қатар, микрокредит беру үшін республикалық бюджеттен қырауар қаржы алғанымызды бұған дейін айтқан едім (3 + 4 миллард теңге). Осының арқасында біз ауылдағы кәсіпкерлікті қолдай алатын дәрежедеміз.

Шаруаларды қолдау мақсатында тұңғыш рет ауылшаруашылығына арналған тұтас қаржылық жүйе жасалды. Мәселен, «Аргохолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы несие беру, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бойынша ауылдық несие серіктестіктері мен тұтыну кооперативтерін қаржыландыру ісі жолға қойылды.

Біздің облыста күріш өсіру дәстүрі әбден қалыптасқан. 2013 жылы ауылшаруашылық өнімін өндірушілер «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша жақсы қаржылай қолдау көрді. Бағдарлама шеңберінде жанар-жағармай мен тыңайтқыш заттарды төмен бағамен сатып алуға, су жеткізу қызметін оңтайлы пайдаланып, мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндіктер ашылды.

Былтыр біз субсидияға орташа есеппен 43 мың теңге бөліп отырдық. Егер есептеп көрсеңіз, бұл бір гектар жерді өңдеуге кеткен шығынның 26 пайызын құрайды. Шаруашылығына жаңа техника алған қожалықтарды ынталандыру мақсатында да субсидия бере бастадық. Ал биыл сол техниканы алуға да көмектесетін боламыз.

Осындай нақты қолдаудың өзінде де күріш өндірушілер зор табысқа жетіп, шаруашылықтарын толыққанды дамыта алмай отырды. Өйткені олар өз өнімдерін өте төмен бағада сататын еді (27-29 теңге).

Сондықтан 2013 жылы ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді қолдау үшін ӘКК-нің «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС күрішті 40 теңгеден сатып алуға шешім шығарды. Осы бүгінгі есептік кездесуде атыз басында тер төгіп, ауылшаруашылығымен айналысып жүрген азаматтар да отыр. Бұл көмектің қаншалықты маңызды екенін олар анық түсінді деп ойлаймын.

Биыл да агрохолдинг жұмысын қолдаймыз. Себебі біздің ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге өздері өсірген күрішті нарықта лайықты бағасына сатуына қолдау керек. Жалағаш ауданындағы күріш элеваторын қайта жаңғырту жобасын қаржыландыруды «ҚазАгро» мен ӘКК арқылы шештік.

Былтыр біз Белградтық (Сербия) зауытпен бірлесіп аймақта трактор құрастыруды бастадық. Алғашқы 15 трактор дайын. Енді бұл техника өңірдің ауылшаруашылығын дамытуға қолданылатын болады.   

Ауыл шаруашылығындағы ұжымдардың бәсекелестік қабілетін және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында кішігірім шаруашылықтардың бірігуін (концепциясын) жан-жақты қолдаймыз.

Күріш шаруашылығындағы қордаланған мәселелерді толық шешу үшін арнайы консорциум құрдық, күріш кластерін жандандыру жұмысын бастап кеттік.

Қысқасы, күріш шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалуда.

Осы құрылған консорциум аясында ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер, өңдеушілер, атқарушы органдар мен инвесторлар, сондай-ақ ғалымдар, қаржылық институттар мен «Байқоңыр» ӘКК өз күштерін біріктірді.

Осындай іргелі істердің нәтижесінде біз биыл Тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш рекордтық өнім жинадық.

Айтпақшы, қоғамда орын алған соңғы өзгерістерге байланысты біздің күріш экспорттаушы ұжымдардың табысы арта түскелі отыр. Өйткені өңірде өндірілетін күріштің үштен бір бөлігі (26 пайыз) шет елдерге тасымалданады.

Ұлттық банктің 11 ақпан күні теңге бағамын бұрынғы деңгейде сақтап тұрудан бас тарту туралы шешімі экономикалық тұрғыда тиімді. Әсіресе, отандық өнім өндірушілерге пайдалы болмақ. Оның ішінде өнімдерін шет елдерге экспортқа шығаратын кәсіпорындарға тигізер пайдасы мол.

Мал шаруашылығына келсек  бүгінде сиыр етін экспорттау ісі қарқынды дамып келеді. 2013 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 40 фермерлік шаруашылық құрылды. Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласында жайылымдық аумақ құру ісі де қолға алынды.

Асыл тұқымды малшаруашылығын қолдау мақсатында 2013 жылы 900 миллион теңгеден астам субсидия бөлінді (2012 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық). Бұл біздің шаруаларға үлкен көмек.

Сонымен қатар, ветеринарлық стансалар мен бөлімшелер белгіленген нормаларға сәйкестендірілді. Бүгінде оларға қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар толығымен жеткізілді, биыл олардың ғимараттарға орналасу мәселелері де шешімін табады.  

Мал басы санағы да тиісті дәрежеде жүріп жатыр. Төрт түліктің толық санын біліп, мәліметтерді электронды базаға енгізу арқылы біз қазіргі жағдайдан нақты хабардар боламыз. Соған сәйкес тиісті әрі тиімді шешімдер қабылдаймыз. Аталған жұмыс биыл да пәрменді түрде жалғасады.

САРАТС (Солтүстік Арал) жобасының бірінші кезеңі іске асқанының арқасында балық шаруашылығын дамытуға да мүмкіндік алдық. 

Былтыр біз балық консорциумын құрдық. Оның қатарына жиырма шақты балық аулайтын шаруашылықтар, «Байқоңыр» ӘКК, Қазақ ғылыми зерттеу институтының Арал филиалы және өзге де мүдделі ұйымдар кірді. Балық аулауға квота беру ісін министрлікпен келісе отыра аталған  консорциумнің құзырына алып бердік. Енді бұл мәселеде ешқандай түсініспеушілік пен көзқарас алшақтығы болмайды. Өйткені балық шаруашылығымен айналысатын адамдар ішкі жағдайды өздері бағамдай алады емес пе?

Өңірдегі балық өңдейтін ең ірі кәсіпорындарының бірі «Атамекенбалық өңдеу» зауыты (Арал қаласы) қарызға белшесінен батқандықтан жаңа инвестордың қарауына беру туралы шешім қабылданды. Бүгінде өндірістің шаруашылығын қайта жүйелеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл істің алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Осы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіші бойынша 100 мың тоннаға жуық балық өңделген. Алдағы уақытта консорциум инвестормен бірлесе отырып зауыттың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Елбасы Қызылорда облысына іс-сапары барысында САРАТС жобасының екінші кезеңін іске асыруды мақұлдап, Үкіметке тиісті тапсырма берді. Бұл біздің өңір үшін аса маңызды шешім. Сондықтан біз Ұлт көшбасшысының осындай қамқорлығына зор алғысымызды айтамыз.

Барлық жауапты министрліктерге нақты тапсырмалар берілді, қазір біз Үкіметпен бірігіп мемлекеттік сараптаманы аяқтап, тиісті шешім дайындау үстіндеміз.

Мамандар жобаның екінші кезеңі іске асқан жағдайда теңіз Арал қаласына 1 шақырымға дейін (қазір 17 шақырым) жақындайды деп есептейді. Ал балық аулау көлемі 30 мың тоннаға дейін ұлғаяды, Сырдарияның бойындағы көлдер жүйесі де қалпына келеді.  

 

 

Ауылшаруашылығы саласын дамытудың маңызды екенін Елбасы халыққа Жолдауында ерекше атап өтті. Өйткені осы сала азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ауылдың дамуында басты рөл атқарады.

Бүгінде біз өзімізге қажетті азық-түліктің тек 62 пайызын ғана өндіріп отырмыз. Атап айтқанда, ет – 78 пайыз, пияз – 76 пайыз, қырыққабат – 54 пайыз, жұмыртқа – 7 пайыз, ал макаронның бар болғаны 0,1 пайызы өзімізде өндіріледі екен. Қалған қажетті тағам түрлері сырттан әкелінеді?... Ауылшаруашылық өнімдерінің көпшілік түрін мүмкіндігіміз бола тұра әлі күнге дейін өзімізде өндіре алмай келеміз. Яғни, біз ауылшаруашылығы саласындағы өз потенциялымызды толық пайдалана алмай отырмыз. Дегенмен оған біздің шамамыз жетеді. Сондықтан біздің алдымызда атқарар шаруамыз көп. «Берген – алады, еккен – орады» дегенді халқымыз бекер айтпаса керек.

«Байқоңыр» ӘКК шеңберінде негізгі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру қоры құрылып, нәтижелі жұмыс істеп жатқанын айта кету керек. Тұрақтандыру қорының әлеуметтік дүкендері желісіне көпшіліктің көңілі толады. Сондықтан осындай дүкендер қатарын арттыруды ойлап отырмыз. Себебі ондағы тауарлар нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен сатылады.

Азық-түлік тауарларының бағасында девальвацияға өзгеріс пайда болған кешегі күндерде біздің қолда бар қорымыз көп көмегін тигізді. Тұрақтандыру қорындағы өнімдер арқылы базарлар мен дүкендердегі азық-түлік тауарлары бағасының күрт өсуіне жол бермедік.

Тұрмыстық тауарлардың, дәрі-дәрмек пен жанар-жағармайдың бағасын себепсіз өсіріп, орта жолдан пайда тапқысы келетен пысықайларды бақылауда ұстаймыз. Егер осындай жағдай орын алса Заң талаптарымен қатаң жазаланады. Мемлекеттің оған барлық мүмкіндігі бар. Бүгінде барлық деңгейдегі әкімдердің алдына осындай талап қойылды.

Халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін мәселелер жөнінде.

Естеріңізде болса, жұмысымыздың басты бағыттарының бірі ретінде халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау деп белгіледік.

Өткен жылдың басында біз кем дегенде 5300 тұрақты жұмыс орнын ашамыз деп алдымызға міндет қойдық. Нақты жыл ішінде экономиканың түрлі салалаларында 8 мыңға жуық тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды. Халқымыздың орташа отбасы құрамы 5 адамға тең екендігін ескерсек, бұл 40 мың тұрғынның тұрмысын жақсарта алдық деген сөз.

Қоғамдық және маусымдық жұмыстар тұрмысы төмен тұрғындар үшін уақытша болса да жақсы қолдау болды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін  0,1 пайызға төмендеттік. Бұл – орташа республикалық көрсеткіштен аспайды (5,2 пайыз).

Әсіресе «екі қолға бір күрек» таппай жүрген жастар арасындағы соңғы жылдардағы жұмыссыздық өсімін аз да болса тоқтатқанымыз қуантады (0,2 пайыз).

Жастарды кәсіпорындарға тәжірибиеден өтуге жібергеніміз нәтижесін беріп отыр. Олардың 400-ден астамы сол кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа орналасты.

Жастарды жұмыспен қамтудағы маңызды шара ретінде колледждерді қайта бейімдеу ісін айтуға болады. Біз экономикамызға қажетті мамандарды ғана даярлауымыз керек. Еңбек ресурстарының балансын қайта жасақтау кезінде, жағдайдың мүлде басқаша екенін көрдік. Біз даярлаған бастауыш сынып мұғалімдері мен мейірбикелер бір емес, екі облысқа жетеді екен. Ал жұмыс берушілер техникалық мамандық иелерін күндіз шаммен іздеп таппайды. Келешекте оларға деген сұраныс бұданда арта түспек. Өйткені біз металлургиялық кластерді жасақтауға кірістік әрі бірқатар өндірістік нысандар салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, көлік- логистика саласы да дамитын болады.

Колледждерді қайта бейімдеу еңбек нарығын теңдей ұстауға, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, кәсіпорындарды қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әсіресе біз аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жастарды қолдап келеміз. Бұл істі алдағы уақытта да жалғастырамыз. Өткен жылы мемлекеттік тапсырыс аясында колледждер мен лицейлерге аз қамтылған отбасылар мен жұмыссыздар арасынан 2 мыңнан астам жастар оқуға түсті. Одан бөлек 123 мектеп бітіруші (негізінен ауылдағы көп балалы және мүжәлсіз отбасыларынан) облыс әкімінің жоғарғы оқу гранттарын алды. Олар облыста жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша жетекші оқу орындарында білім алып жатыр. Биыл бұл гранттар санын 300-ге жеткіземіз. 

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында жұмыссыз адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді көздеп отырмыз. Бұл нені білдіреді? Кәсіпорын маманды жұмысқа қабылдайды, мемлекет жалақысының 35 пайызын жыл бойы төлейді. Қалғанын жұмыс беруші өтейді. Былтыр жұмыс берушілер тарапынан келісім бойынша 2 мыңға жуық әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан астамы сол мекемелерге тұрақтанып қалды.

Әрине, ауылдық жерлердегі жұмыссыздық өз алдына бөлек мәселе. Тұрғындардың 110 мыңға жуығы статистика бойынша өзін өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады. Олардың ішінде шын мәнінде табыс таппай отырғандар да бар емес пе? Осыны ашық айтуымыз керек деп есептеймін. «Айтылмаған сөздің атасы өлер» демекші.

Сонымен қатар елді мекендерде кәсібін дөңгелетемін деген адамға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын да айту қажет. Тек жұмыс істеуге ынта қажет. Біз Кеңестер Одағы кезінде, айта кету керек, талай әлеуметтік жетістіктерге жеттік. Әсіресе білім саласында. Бірақ та сол заманнан қалған ең ауыр мұра – масылдық пиғыл екенін де мойындауымыз қажет.  Ал бұл психология жаңа заманға тіпті де сәйкес емес.

Есепті жылы халыққа шағын несие беру жұмысы нәтижелі болды. Өткен жылы біз осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге қаржы алдық. Оған қоса, біз несиенің пайызын 8-ден 6-ға түсірдік. Нәтижесінде 1300-ден астам жоба жүзеге асып, 1200 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыс орындарын ашумен қатар мемлекет халықтың әлсіз топтарына  әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Бұл біздің парызымыз.

Елбасы 14 ақпан күні Үкіметке халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша кешенді шараларын қабылдауды тапсырды.

2014 жылдың 1-сәуірінен бастап азаматтық қызметшілердің айлығы 10 пайызға өседі. Мұндай талапқа ең бірінші, білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері кіреді.

Осы үстемақының арқасында азаматтық қызметшілердің жалақысы 2015 жылдың 1-шілдесінде 36 пайыздан 52 пайызға дейін жетеді.

Жалпы алғанда, зейнетақы 14 пайызға, мемлекеттік әлеуметтік төлемдер 12 пайызға артады.

Студенттердің шәкіртақысы 10 пайызға көбейеді.

Бүгін біз аймақта жұмыс істеп жатқан барлық кәсіпорындарға өз қызметкерлерінің жалақысын 10 пайызға көтеру мәселесін қарастыруды ұсынамыз!

Жекелеген адамдарға әлеуметтік көмек беру мәселесін мұқият қараған абзал. Ең негізгі бағыт – жоғарыда атап өткен масылдық көзқарасқа жол бермеуіміз керек. Тәуелсіз Қазақстан жалпыға ортақ еңбек қоғамын жасақтап жатыр. Сондықтан денсаулығы мықты, жұмысқа жарамды адамдар міндетті түрде еңбек етуге тиіс.

Әлеуметтік көмек алған кейбір азаматтардың жұмыс істеуге тіпті ынтасы жоқ. Ал қоғам оны неге асырауы керек? Сондықтан әрбір атаулы әлеуметтік көмек алушы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына белсене араласуы шарт.

Қазіргі заманда қоғамның өркениеттілік деңгейі оның мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әлсіз және науқас адамдарға деген көзқарасы мен жауапкершілігі арқылы айқындалады. Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, денсаулығы нашар адамдардың басым бөлігі тек сырқатынан емес, қоғамның көзқарасынан тіршілікке бейімделе алмайды.

Бізде әлеуметтік нысандар мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайлы инфрақұрылыммен қамтылмаған десе де болады. Әлеуметтік-мәдени орталықтар: театр, мұражай, спорт кешендерін айтпағанда күнделікті баратын дәріхана, дүкен, ауруханаларға еркін кіріп-шығуға жағдай жасалуы қажет. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мемлекеттің мүгедектерге тиісті жағдай жасауға мүмкіндігі болмады.

Бүгінде Елбасы тапсырмасына сәйкес, мүгедектер құқын қорғау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Өзекті мәселелерді шешу мақсатында біз мүгедектердің құқын қорғау және өмір сүру сапасын жақсартуға арналған «жол картасын» қабылдадық. Жергілікті бюджеттен оны жүзеге асыруға қажетті қаражат бөлінді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың басындағы жағдайдан нақты хабардар болу үшін олардың арасынан облыс әкімінің арнайы кеңесшісі тағайындалды. Бұл игі үрдісті барлық аудандар мен ауылдық округтер әкімдері жалғастырады.

Аталмыш «жол картасы» жақында қабылданса да бірқатар жұмыстарды жүзеге асырып үлгердік.

Өткен жылы мүгедектерді оңалтуға арналған жеке бағдарламаның орындалуын 100 пайызға қамтамасыз еттік.

Аймақтағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың үштен бірі (8 мыңға жуық) облыс орталығында тұратынын ескеріп, мысалға осы азаматтардың мініп-түсуіне ыңғайлы 20 автобус сатып алынды. Биыл Қызылорда қаласына тағы 100 автобус әкелуді жоспарлап отырмыз.

Өздігінен жүріп-тұра алмайтын адамдар басқа түскен қиыншылығымен бетпе-бет қалмау үшін, қоғамда өз орындары бар екенін сездіру мақсатында қаламызда 7 аула клубы ашылды. Дәл осындай клубтар барлық ауданда құрылады. 

Мүгедектер арасында жұмыс істеуге ниетті адамдар көп. Біз оларға көмектесуіміз керек.

Біздің өтінішіміз бойынша ресейлік «Лукойл» компаниясы «Ақниет» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға серіктес болды. Бұл бағдарлама аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да кәсібін ашып, жұмысын жүргізуге миллион теңгеден қайтарымсыз 50 грант тағайындадық, «Даму» қоры арқылы өз бизнесін ашуға қайтарымсыз грант беру тәжірибесі енгізілді. Бұл бағдарлама өз жалғасын табуы керек.

Сондай-ақ, біз мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруды жалғастырамыз. Өкінішке орай, көптеген компаниялар заң бойынша еңбекке жарамды мүгедектерді жұмысқа алуға құлық таныта бермейді. Сондықтан біз осы мәселені ашық айтып, жұмыс берушілер тарапынан да оң көзқарас болады деп ойлаймыз.

Осы жылдың 12-ші ақпан күні тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аймақтағы 43 кәсіпорын мүгедектерге 329 жұмыс орнын ұсынды.  Біз оны заңды құрметтеу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі деп білеміз.

Осындай жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізіліп тұру керек. Бұл тек Қызылорда қаласында ғана емес, аудан орталықтарында да ұйымдастырылуы қажет.

Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлердің рөлін арттыру маңызды. Өткен жылы күзде біз әлеуметтік сала қызметкерлерінің  облыстық алғашқы форумын өткіздік. Бүгінгі күні осы салада 2 мыңға жуық адам жұмыс істесе, олардың қамқорлығында 200 мыңдай адам бар. Бұл облыс халқының үштен бір бөлігіне жуық. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Ал, ардагерлерге әрқашан ерекше көңіл аударылатын болады. Бір жыл ішінде біздің 1500 ардагер мен көп балалы аналар демалыс және сауықтыру орындарында ем алып қайтты.

Медицина – халыққа қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетуі қажет. Бұл мәселе біздің ұдайы назарымызда. Өткен жылы ғана осы салаға бөлінетін қаржыны 9 миллиард теңгеге арттырдық. (+28 %)

Облыста ана мен бала өлімінің артуы көп жылдардан бері шешімін таппаған мәселе. Туберкулез ауруына шалдыққандар мен осы дерттен қайтыс болатындардың көрсеткіші республикада алдыңғы қатарда тұрды.

Жағдайдың бұлай ушығуына талдау жасадық. Денсаулық саласындағы күрделі мәселелерді шешу үшін арнайы «жол картасы» дайындалды.

Бұдан бөлек, 2012 жылы біз бала өлімі көп тіркелген аймақтардың қатарында болдық. Мұның себептерін зерттей келе, сәбилердің басым бөлігі дүние есігін ашқан бір-алты  сағаттың арасында қайтыс болғаны анықталды. Яғни, неонатолог мамандардың, арнайы құрал–жабдықтардың  қажеттілігі айқын байқалады.

Перинаталды орталыққа әлсіз туылған балаларға қажетті 5 арнайы аппарат алынды. Хирургия саласы күшейтілді.

Сонымен бірге, ақ халаттылардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматы мен Ақтөбедегі медициналық институтқа 15 дәрігер оқуға жіберілді. Біліктілігін шыңдаған неонатолог мамандар қазір жұмыстарына кірісіп кетті.

Бұған қоса, біз халықаралық денсаулық ұйымдарынан мықты мамандар шақырып, мастер-класстар өткіздік.

Атқарылған жұмыстар жақсы нәтижесін беріп жатыр. Ана мен бала өлімі бір жылда 30 пайызға төмендеді. Бұл пайыздық көрсеткіш қаншама ана мен баланың өмірі аман қалғанын аңғартады.

Денсаулық саласының өзге де өзекті мәселелеріне талдау жүргізілді. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде туберкулезге шалдығушылар 8 пайызға, осы дерттен қайтыс болатындар 31 пайызға, ісік ауруынан көз жұматындар 2 пайызға кеміді.

Жүрек-қантамыры ауруына шалдыққан адамдардың жиі инсульт алатыны байқалады. Осының салдарынан кей адамдар көз жұмып жатады. Ал кейбірі мүгедек болып қалады. Дегенмен біз медицина дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Егер көмек дер кезінде әрі сапалы берілсе, олардың өміріне араша түсе аламыз.

Өткен жылы жедел жәрдем жұмысын жандандыруды бастадық. Қалалық аурухана ішінен нейроинсульттық орталық ашылып, құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді.

Дәл осындай орын облыстық медицина орталығында да бар. Онда өткен жылы науқастардың жұлыны мен бас сүйегіне 50-ден аса күрделі ота жасалды.

Жалпы аймақта медицина саласы дамып келеді. Жүзден астам жүрекке ашық ота жасалды. Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған жаңа хирургиялық құралдар әкелінді. Буын ауруларын протездеу оталары өзімізде жасалуда.

Бұрын науқастарға Алматы мен Астана қаласына баруға тура келетін. Тіпті ота жасату үшін кезектерін айлап, жылдап күтетін еді. Бұл мәселені осылайша түбегейлі шештік.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті, әсіресе, ауылдық жерде дамыту басым бағыттардың бірі болып қала бермек.

Өткен жылы Төретам мен Шиелі кентінде емхана, Жаңақорған ауданында екі акушерлік-фельдшерлік бекет пайдаланылуға берілді. Арал, Қазалы, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының елді мекендерінде 11 дәрігерлік амбулатория ашылды.

Биылғы жылы біз Арал ауданының Сексеуіл кенті, Қармақшы ауданының Жосалы кенті мен Жалағаш және Сырдария аудандарының орталықтарында тағы 4 емхананың құрылысын аяқтаймыз. Бұған қоса Қызылорда қаласы мен аудандарда 14 дәрігерлік амбулатория саламыз.

Өткен жылы жабылып қалған 13 ауылдық аурухананы қайта ашу жұмыстарына кірістік. Мен ауылдарды аралаған кезімде тұрғындардың басым бөлігі осы мәселені көтерді. Әрине, мұның халық үшін әлеуметтік маңызы жоғары мәселе екенін түсінеміз. Бір жылдың ішінде 9 аурухана қайта ашылды. Қалған төртеуі биыл іске қосылады. Қажетті құрал-жабдықтары да жеткізіледі.

Бұған қоса аудан орталықтарында жаңа ауруханалар салып, оларды заманауи қондырғылармен және көлікпен қамтамасыз етеміз. Мамандардың білімін жетілдіруге де назар аударамыз. Сондықтан биыл 550 дәрігердің және 1300 орта медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Оларды оқыту еліміздің жетекші оқу орындары мен клиникаларының базаларында үздік мамандардың тәлім беруімен өтеді.   

Сонымен қатар, бірқатар арнайы емдеу-профилактикалық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстарын бастадық. Оның ішінде облыстық инфекциялық аурухана, тері-венерологиялық және наркологиялық диспансерлер, облыстық және қалалық туберкулез диспансерлері бар. Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін облыстың арнайы медициналық орталықтарын күрделі жөндеуге мүмкіндігі болмады. Мысалы, тері-венерологиялық диспансер 1975 жылдан бері жөндеу көрмеген. Яғни 40 жылға жуық уақыт болған. Басталған жөндеу жұмыстарын биыл толық аяқтап, барлығына қажетті құрал-жабдықтарын алып береміз.

Облыста сапалы білім беру де басты мәселелердің бірі.

2012 жылы ұлттық бірыңғай тесттің қортындысы өте нашар болды. Республикада бойынша соңғы орындамыз. Мұндай біліммен біздің балаларымыз қайда барады? Қандай оқуға түседі? Келешегі қалай болмақ?

Жыл басында біз ұстаздарға ұйытқы болар білім ошақтарындағы негізгі тұлға мектеп директорларының білігі мен білімін арттыру үшін мақсатты және ауқымды жұмыс жасадық. Бір жағынан осы арқылы директорлардың қарым-қабілетін байқадық. Әрине олардың арасында тәжірибелі мамандар жеткілікті. Мектеп қабырғасынан үлгерімі үздік, жауапкершілігі мол, өзіндік көзқарасы қалыптасқан оқушылардың шығуы осындай ұстаздардың арқасы. 

Бұл таяқтың бір басы ғана. Ал екінші басында жұмысына немқұрайлы қарайтын, оқушыларының болашағына алаңдамайтын, олардың қажетті білім алуын қамтамасыз етпейтін адамдар да бар.

Біз ондай адамдармен бірге жұмыс істей алмаймыз. Сондықтан өз қызметіне лайық емес кейбір мектеп директорларын орнынан алып тастауға мәжбүр болдық. Жаңағы мектептерде беріліп жатқан білім сапасына көңіліміз толмады. Бұл педагогикалық құрамның әлсіздігі мен оқу процесін дұрыс ұйымдастыра алмаудың салдары. Бар себеп осы ғана. Жаман оқушы болмайды. Деңгейі төмен мұғалім болады. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дегенде дана халқымыз осыны айтса керек.

Ал өткен жылғы ұлттық бірыңғай тестінің нәтижесін 2012 жылмен салыстыра қарағанда біршама ілгерілеушіліктің бары байқалады. Республика бойынша біздің облыс 16 аймақтың ішінде 11-орынға тұрақтады (2012 жылы 16 орында болдық). Нәтижесінде жоғарғы оқу орындарында грант негізінде білім алуға тағы 342 түлегіміз мүмкіндік алды.

Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. 100 мектеп диекторы мен 500-ден астам мұғалім біліктіліктерін арттырады. Оған еліміздің үздік оқу орталықтарынан мамандар шақыратын боламыз.

Оқушылардың қандай жағдайда білім алып жатқандығы да маңызды. Өткен жылдың басында мың жарымға жуық оқушы үш ауысымда білім алып жүрді.

Бір жыл ішінде бұл түйіткілді мәселені түбегейлі шештік. Қазір біздің аймақта үш ауысымдық мектеп жоқ. Сонымен қатар, 17 жаңа мектеп салынды. Оның 14-і ауылдық жерде бой көтерді (Арал ауданындағы Қарашалаң, Қаратерең ауылдары, Қазалы ауданындағы Әйтеке кенті мен Байқожа ауылдары, Қармақшы ауданындағы Көмекбаев ауылы, Шиелі ауданындағы Еңбекші, Бірлестік, Қосүйеңкі ауылдары мен Шиелі кентінде, Жаңақорған ауданындағы Сунақ ата, Түгіскен, Келінтөбе, Қыраш ауылдары, Қызылорда қаласының іргесіндегі Досан ауылы).

Сондай-ақ былтыр Қызылорда қаласында білім саласындағы озық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашылды. Осы білім ошағындағы тәжірибені өңірдің өзге де мектептерінде кеңінен қолдануымыз керек.

Ал біздің алдымызға қойған мақсатымыз апатты жағдайдағы мектептердің проблемасын шешу. Жыл ішінде мұндай білім ошақтарының тең жартысы жаңадан салынады. (12-24)

Аймақта ұзын саны 20 білім ордасы пайдалануға беріледі (Арал ауданындағы Қосаман, Тоқабай, Жіңішкеқұм, Бөген, Сарбасат, Құмбазар, Бекбауыл, Жаңақұрлыс ауылдары, Қазалы ауданындағы Сарыбұлақ, Аранды ауылдары мен Әйтеке би кенті, Жалағаш кенті, Сырдария ауданындағы Шаған ауылы, Шиелі ауданындағы Майлытоғай, Бестам ауылдары мен Шиелі кенті, Жаңақорған ауданындағы Талап, Жайылма, Құттықожа, Сүттіқұдық ауылдары және Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесіндегі мектеп құрлысы).

Ал қалған апатты жағдайдағы мектептердің құрылысы 2015 жылдың еншісіне қалмақ. Сонымен, бұйырса, екі жылдың ішінде апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі де өз шешімін табады.

Бәсекеге қабілетті экономика құру үшін бізге білікті де білімді мамандар керек. Экономиканы әртараптандыруды,  басқа да салаларды дамытамыз десек, онда оған қажетті мамандарды қазірден бастап дайындау қажет.

Қазірдің өзінде техникалық мамандар, қарапайым жұмысшылардың тапшылығы байқалады. Сондықтан кәсіптік-техникалық білім саласын жетілдіру біздің басты басымдығымыз болып қала бермек.

Бұған қоса дуалды білім беруді дамытамыз. Тәлімгерлерді тек сыныпта ескі құрал-жабдықпен оқытып қана қоймай, өндірістің өзегіне апарып үйрету қажет. Яғни, студент теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастырғаны жөн. Дәл осындай жүйені колледждерге енгізетін боламыз. Бұл бағыттағы жұмысты биыл бастаймыз.

Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне де бір ауыз тоқтала кетейін.

Балалардың мінез-құлқы, қарым-қабілеті, дарыны мен жеке тұлғалық қасиеттері балабақша қабырғасында қалыптасады. Ғылымда дәлелдеген қағида бар. Бала бес жасқа дейін жөнді білім мен тәрбие алмаса оның орнын ешқашан толтыра алмайсың.

Өткен жылы 59 балабақша мен мектеп жанынан құрылған 5817 орындық шағын орталықтар пайдаланылуға берілді. Бұл жақсы көрсеткіш деп есептейміз.

Жекеменшік балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге қажетті қаражатты бөлуде проблема бар еді. Бүгінде бұл мәселе шешімін тапты. Білім және ғылым министрлігі осыған дейінгі қарыз ақшанының наурыз-сәуір айларында өтелетінін айтты.

Біз «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды 2020 жылы емес, керісінше мерзімінен бұрын 2015 жылы толық аяқтаймыз. 

Ғылыми қамтымды экномиканы дамыту – заман талабы. Осы мақсатта аймағымыздағы ең басты жоғары оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жұмысына талдау жасай отырып, оқу орнын гуманитарлық бағыттан өңіріміз үшін аса маңызды техникалық, инженерлік бағытта мамандар даярлауға көшіруді қолға алдық. Біз әлемдік трендтерді келешекте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен көруіміз қажет.

Сондықтан, өткен жылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша облыс әкімінің 123 грантының 77-сі осы Қорқыт Ата атындағы университетке бердік. 

Алдағы уақытта университеттің әлеуетін пайдалана отырып, оқыту сапасын халықаралық стандарттар бойынша кадрлар дайындауға мүмкіндік беретін деңгейге дейін көтеруге, аймақтық экономиканың негізгі салаларының артып, дамуына мүмкіндік беретін ғылыми база құруға мүмкіндік алатын боламыз.

Бабалардан қалған мәдени мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету - біздің ұлт алдындағы парызымыз. Биыл Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат секілді ежелгі қалалардың орнында археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыруға арнайы қаржы қарастырдық.

Елбасының қолдауы мен тапсырмасына сәйкес Қорқыт-Ата кешенінде күрделі жұмыстар жүргізіліп, түрік әлемінің рухани орталығына сай мемориал бой түзейді.

Бұрын «ауыл кеші көңілді» деген сипаттама көп айтылатын еді. Бүгінде бұл сөз қолданыстан шеттеп қалғандай көрінетіні бар. Сол себепті 2013 жылы Қызылорда қаласында барлық аудандардың мәдени күндерін өткіздік. Енді биыл ауыл мәдениетін дамытуға қатысты ауқымды шараларды қолға аламыз. Аталған істің бастамасы ретінде, ауылдық жерлердегі әрбір клубқа қосымша штат берілді, енді біртіндеп құрал-жабдықтар алатын боламыз.

Өңірде камералы симфониялық оркестр құрылады. Көркем сурет галереясы ашылады. Облыстық театр жанынан жастар труппасы жасақталады.

Талантты жастар мен шығармашылық ұжымдарды қолдау мақсатында тұңғыш рет арнайы гранттар беріледі.

Жаңа драма театрын салуға қатысты жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға кірісудеміз.

Біз қоғамды жоғары мәдениеттілікке, татулық пен толеранттылыққа, өзге адамдардың көзқарасын құрметтеуге және төзімділік танытуға үгіттеп келеміз. Бұл ретте шығармашылық және үкіметтік емес ұйымдардың, интеллигенцияның атқарып отырған жұмысы зор екенін атап өту қажет.

Енді бір маңызды мәселені ортаға салғым келеді. Біз Елбасының «Сыр – Алаштың анасы» деген қанатты сөзімен шын мәнінде мақтанамыз. Ұлт Көшбасшысының  соңғы кезде жиі айтып жүрген «Мәңгілік Ел», «Қазақ Елі» деген идеяларына қазақтың қаймағы бұзылмаған Сыр елі ерекше қолдау көрсетуі қажет деп есептеймін. Тіл, діл, дін тағы да басқа рухани мәселелеріне келгенде біз алты алашқа үлгі әрі ұйытқы болуымыз керек деп есептеймін.

Спорт саласына аз-кем тоқталайын. Былтыр мұз айдынын іске қостық.

75 спорт алаңдары ел игілігіне берілді.

Жыл қорытындысымен футбол жанкүйерлеріне берген уәдемізді орындап «Қайсар» клубының Премьер-лигаға шығуын қамтамасыз еттік. Жыл сайын аудандарда ең кемінде екі дене шынықтыру - сауықтыру комплекстерін салуға кірістік.    

Өкінішке орай, біздің спортшыларымыз Сочи Олимпиадасына баратын Қазақстан құрамасынан орын ала алмады. Себебі бізде спорттың қысқы түрлері дамымаған.

Десек те биылдан бастап ұлттық құрамаға енетін спортшыларды дайындай бастаймыз. Оның ішінде мәнерлеп сырғанауға басымдық береміз. Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан халықаралық деңгейдегі орталықтың, футбол манежінің, ипподромның жобаларын жасаудамыз.  

Сонымен бірге спортты дамыту – жастар арасында қылмысты азайтудың бірден-бір тиімді құралы. Мемлекет мойнына жүктелетін міндеттердің бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Біз кәмелет жасына толмаған балалар арасындағы қылмыстың алдын-алу жұмыстарын әлі де мардымсыз жүргізіп отырмыз. Өткен жылдың қортындысы бойынша жасөспірімдердің қатысуымен болатын қылмысты 4,7 пайызға ғана азайта алдық.  Сондықтан облыс әкімдігі жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алуға арналған арнайы бағдарлама әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуды жалғастыра береміз. Мысалы былтыр құқық қорғау саласын автоматтандырылған интелектуалды іздеу жүйесімен қамтамасыз еттік. Бұл аса қымбат құрылғы республикада тек бірнеше облыста бар. Біз халық үшін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі өте маңызды екендігін әрдайым айтып жүреміз. Осы орайда, жергілікті атқару органдары тарапынан мемлекеттік қызметтің электрондық сапасын жақсартуға үлкен мән берілуде.

 

2013 жылы біз әлеуметтік маңыздағы барлық қызмет түрін (10) электронды форматқа айналдырдық. Аталған қызметті сіз босағаңыздан аттамай-ақ қолдана аласыз. Мысалы, балаңызды балабақшаға кезекке қойып, әлеуметтік көмек пен мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыларды алып, дәрігердің қабылдауына жазылып оны үйіңізге шақыртуға, онымен қоса жұмыссыз ретінде тіркелуге де мүмкіндік бар.

Осы орайда 2013 жылы облыс халқының компьютерлік сауаттылығы  53 пайызға жеткенін айтқым келеді. 

Мемлекеттік лицензияның 7 түрін автоматтандырдық. Соның ішінде медициналық және фармацевтикалық қызметіне, ветеринарлық - санитарлық сараптама жұмыстарымен айналысуға, зерттеу жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға, түсті және қара металл өндіруге арналған лицензиялар бар.       

Елбасы халық пен билік арасында етене байланыс болуын бізден талап етуде. Бүгінде кез-келген тұрғын әкімдіктердің ресми сайттарына кіріп, соңғы жаңалықтармен танысып, көкейтесті сұрақтарын еркін қоя алады.

Сонымен қатар Сіз ғаламтор арқылы кез-келген жемқорлық әрекеттер мен құқық бұзушылықты хабарлауға да мүмкіндігіңіз бар.

Ең бастысы әкімдік сайтын мүмкіндігі шектеулі адамдарға да ыңғайлы етіп жасадық.

 

Биыл біз мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының құрлысын аяқтаймыз. Бұл орталық жүргізуші куәлігін беру және автокөлікті тіркеу жұмысын әлдеқайда жеделдетеді.

Былтыр біз алдағы уақытта халық бір құжат үшін басқармалар арасында сабылмай, бар шаруасын бір жерден бітіреді деп едік. Ол үшін облыстық мемлекеттік мекемелер ғимаратының құрлысын жеделдеттік. Сәуір айында барлық мемлекеттік органдар бір жерде топтасады. Бұл өткен жылы берген уәдеміздің орындалғаны. Жаңа ғимаратқа тек бірнеше мемлекеттік органдар көшірілмейді. Мұның өзі халыққа қолайлы болу үшін жасалып отыр. Мысалы, денсаулық сақтау саласына қатысты ұйымдар «Денсаулық үйінде», білім беру мекемелері «Білім үйінде», әлеуметтік қорғау қызметкерлері «Әлеуметтік қолдау үйінде», табиғи ресурстар бойынша барлық мекемелер «Табиғатты сақтайық» үйінде орналасатын болады. Ал, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» бизнес өкілдері шоғырланады.

 

Құрметті жерлестер!

Қызылорда қаласы облыстың бет-бейнесі десем, ешкім қарсы болмайтын шығар. Сондықтан біз облыс орталығын одан әрі дамытып, көркейтіп, халыққа ыңғайлы қалаға айналдыру жұмысын пәрменді түрде жүргізудеміз.

Қызылорда қаласының жолдарын жөндеу мен көшелерін  абаттандыруға 5 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Коммуналдық қызметке 86 арнайы техника сатып алынды. Тұрғындар Қызылорданың таза қалаға айналып келе жатқанын айтып жүр. Бірақ тоқмейілсуге болмайды. Жұмысты одан әрі жалғастыра беру керек. Біз биыл шаһардың коммуналдық қызметіне қажетті техниканың барлығын аламыз.

Былтыр Қызылорда қаласында жаңа автобус паркінің құрылатынын айттық. Жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Қазірдің өзінде наурыз айынан бастап барлық талаптарға сай, замануи автобустардың бір қатары (20) халыққа қызмет ете бастайды. Автобус паркін биыл да қосымша көліктермен толықтырамыз (100 кең, жоғарыда атағандай мүгедектерге де ыңғайлы автобустар алынады).

 

2013 жылы дарияның сол жағалауына геодезиялық зерттеу жүргіздік. Өкінішке орай, орман-тоғай қорын елді мекендер санатына ауыстыруға қатысты құжаттарды уақытында рәсімдеп үлгермедік. Өйткені жер асты су жолдары мен топырақ құрамын зерттеу шаралары біз ойлағаннан ұзаққа созылды. Дегенмен бұл жұмыстар да аяқталуға таяу. Жақын аралықта барлық жоспарды бекітіп, Астанадан үлгі ала отырып жаңаша қаланың құрылысына кірісеміз.

Махамбет ақынның ізімен жалғасақ, біздің қазіргі арманымыз былай өрілер еді: «Бойына Сырдың бос жатқан, Қала салсақ деп едік. Көрші-көлем, дос тапқан, Ел қондырсақ деп едік». Бұйыртса, оған жетер күн де алыс емес.

Аймақ экономикасының қозғаушы күшінің бірі Байқоңыр қаласы болуға тиіс.

Өткен жылдың аяғында Ресеймен бірлескен «Жол картасы» бекітілді.  Бірақ, оның оңай іске аспағанын айтқым келеді. Шынын айту керек, Елбасы тікелей араласпағанда бұл мәселе әлі де шешімін таппас еді.

Осы «Жол картасы» аясында біз Байқоңыр қаласының, Төретам кентінің және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Кешенді жоспар әзірледік. Қазіргі таңда Жоспардың жобасы салалық министрліктерге келісімге жолданды. Осы жылғы бюджеттің есебінен өз міндетімізге алған жұмыстарды іске асыру үшін 1 миллиард теңгеден аса қаржы қарастырып отырмыз. Жуық маңда Кешенді жоспар төңірегіндегі келісімді аяқтап, оны Үкіметтің бекітуіне жолдаймыз. Өздеріңізге белгілі, Елбасының тапсырмасына сәйкес Байқоңыр астанада өтетін «ЭКСПО-2017»  көрмесінің объектісі болып белгіленген. Сондықтан біз жоспардың тез арада қабылданып, уақытылы іске асуына ерекше көңіл бөлеміз. 

Былтыр тіректі елдімекендерді дамыту жобасын қолға алдық. Бізде мұндай 43 ауыл бар. Аталған елді мекендерге халық та, қаржылық капитал да шоғырланатын болады. Дәл осы ауылдар ауданның даму орталықтарына айналады. Тіректі елді мекендерде аудан әкімдері кәсіпкерлермен бірлесіп жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс.   

Биылғы жылы 8 елдімекенді кешенді түрде дамытудан бастаймыз. Олар: Арал ауданының Сексеуіл кенті, Жаңақорған ауданының Түгіскен, Жалағаш ауданының Мәдениет, Шиелі ауданының Еңбекші, Қазалы ауданының Жанқожа батыр, Сырдария ауданының Ақжарма ауылдары мен  Қызылорда қаласының Тасбөгет және Қармақшы ауданының Төретам кенттері.

Аталған елді мекендерді дамытуға қаржы бөлу биылғы жылдың бюджеттік басымдықтары ретінде қаралды. Сонымен қатар, апаттық жағдайдағы нысандар мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттарға және тұрмыстық инфрақұрылымды дамытуға қажетті қаражат та уақытында бөлінеді.

Өздеріңізге белгілі, 2013 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес кезекті әкімшілік реформа жүрді. Ауыл әкімдеріне қосымша уәкілеттілік пен штат бөлінді. Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде 67 мемлекеттік функция іске асады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару бағытында атқарылған маңызды қадам.

 

Облыс бойынша ауылдық әкімдіктерге қосымша 230 штат берілді. Нәтижесінде ауыл әкімдіктері қаржыгер, заңгер, статистика мамадарымен толықты. Ал, ірі елді мекендерде жер қатынасы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандары мен мал дәрігері қызметі пайда болды.

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет барлық ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Ұзын саны 146 ауыл әкімідері сайланды. Жаңа құрам 20 пайызға өзгерді.

Енді біз олардан нәтижелі жұмыс күтеміз.  

Бұған дейін бірнеше рет айтқан едім. Тағы да қайталап айтамын. Барлық деңгейдегі әкімдердің негізгі үш міндеті бар.

Бірінші халықты тұрақты жұмыспен қамту, екінші - салық түсімін арттыру және үшінші - әлеуметтік-саяси тұрақтылықты орнықты ұстап отыру. Қоғамдағы болып жатқан соңғы өзгерістерді ескерсек, аталған міндеттердің маңызы арта түседі.

Аймақтың экономикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, 2015 жылы Қызылорда қаласын, 2017 жылы Сырдария ауданын, 2020 жылы Арал ауданын бюджет қаржысына тәуелді (субвенциялы) аумақ санатынан шығарамыз. Аталған істен басқа аудандар да қалыс қалмауы керек.

Аймақтың 2014 жылға белгіленген бюджет көлемі 187,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 48 миллиард теңгеге артық. Әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат мөлшері өсті. Біз өткен бір жылда мемлекеттік бюджетке түсетін салық көлемін 102 млрд. теңгеге өсіріп, түсіретін салық көлемі бойынша аймақтар арасында төртінші орынға шықтық. 

Сондай-ақ біз биыл облыс дамуына (құрылыс, күрделі жөндеу және қажетті құрал-жабдық сатып алуға) 51 миллиард теңге қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 9,4 миллиард теңгеге (23 пайызға) өскен.

Былтыр біз Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын қабылдадық. Осы арқылы біз әлеуметтік-экономикалық бағытта дамуы кешеуілдеп, көш соңында қалған кейбір салаларды республикалық орта деңгейге жеткізуді көздейміз.

Аймақ дамуының негізгі бағыты мен бағдарын Елбасының халыққа арнаған биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан бастау алатынын баса айтқым келеді.

Алдымызға қойылған мақсаттардың асқақ екенін білеміз. Бірақ ешкім аспандағы айға қол созып отырған жоқ. Жүйелі жұмыс пен нәтижелі еңбек болса, бұл міндеттер береке бастауына айналады.

Сондықтан ешкім қол қуысырып отырмауы керек. Сыр өңірінің түлеп, өсіп-өркендеуіне әрбір адам қал-қадірінше қызмет етуге тиіс. Бұл әрбір отбасы мен сол шаңырақты шаттыққа бөлеп отырған балалардың болашағы үшін керек.

Осы ретте жастарға ерекше үміт артамыз. Жастар – білімнің баға жетпес байлық екенін түсінуі қажет. Өйткені қазір білектің емес, біліктің, білімдінің заманы. Ата дәстүрімізді қастерлей отыра, озық технологияларды меңгеріп, заманауи үрдістерді орнымен қолдану арқылы сіздер Қазақстанның, туған жеріміз – Сыр елінің кемел келешегіне жол саласыздар. Сол арқылы өз болашақтарыңыздың іргетасы қаланады.

Ал аға буын мен зиялы қауым өкілдері жастардың рухани тәрбиесіне көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда белсенділік көрсеткен абзал болар еді.

Туған елінің қамын жейтін, ел-халқымның намысы – арым дейтін замандас азаматтар Елбасының бастамаларына қолдау көрсетіп, Сыр елінің қарышты дамуына аянбай атсалысуы қажет.

Халқымызды ұлы мақсаттарға жетелеп бара жатқан Елбасымыз бар. Татулықты ту еткен, түрі басқа болса да – тілегі бір, жүзі басқа болса да – жүрегі бар көп ұлтты еліміз бар. Мемлекеттілігін Мәңгілікке ұластыруды мұрат қылған Қазақ Елі аманда, біз бағындырмайтын белес, алмайтын асу болмайды!

Іске сәт, қадірлі жерлестер!             

 

 

Құрылған күні: 20-02-2014 16:37
Жаңартылған күні: 06-02-2016 13:20

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика