ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

ОРАЛМАНДАР
Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша облыс аумағына тіркелген 24 отбасы/24 адам этникалық қазақтарға оралман куәлігі берілді. 
12 отбасы/12 адам - Өзбекстан Республикасынан, 12 отбасы/12 адам – Қытай Халық Республикасынан қоныс аударған. Олардың еңбекке жарамды жастағысы – 23 (оның ішінде 1 адам құқық қорғау органдарынан зейнетке шыққан ), білімі бойынша жоғары - 3, жалпы орта-16, арнаулы орта - 3. 
ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР 
Облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 201 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 176 адам пробация қызметінің есебіндегілер, ал 25 адам – жазасын өтеп шыққандар. 
Жұмыспен қамту бойынша 134 адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 23 адам - қоғамдық жұмысқа, 2  адам (0,9%) – әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 21 кәсіби оқыту және қайта даярлауға, 2 адам (0,9%) жастар тәжірибесіне жіберілген.

ОРАЛМАНДАР
(2018 жылдың  1 шілдесіне) 
Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша облыс аумағына тіркелген 17 отбасы/17 адам этникалық қазақтарға оралман куәлігі берілді. 
10 отбасы/10 адам - Өзбекстан Республикасынан, 7 отбасы/7 адам – Қытай Халық Республикасынан қоныс аударған. Олардың еңбекке жарамды жастағысы – 14 (оның ішінде 1 адам құқық қорғау органдарынан зейнетке шыққан ), білімі бойынша жоғары - 3 , жалпы орта-9, арнаулы орта - 2. 
 
ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР 
Облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 149 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 132 адам пробация қызметінің есебіндегілер, ал 17 адам – жазасын өтеп шыққандар. 
Жұмыспен қамту бойынша 103 адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 12 адам - қоғамдық жұмысқа, 2  адам – әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 12 кәсіби оқыту және қайта даярлауға, 1 адам жастар тәжірибесіне жіберілген.

ОРАЛМАНДАР

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың саны - 10 отбасы/10 адам. 7 отбасы/7 адам - Өзбекстан Республикасынан, 3 отбасы/3 адам – Қытай Халық Республикасынан қоныс аударған. Олардың еңбекке жарамды жастағысы – 10 (оның ішінде 1 адам құқық қорғау органдарынан зейнетке шыққан ), білімі бойынша жоғары - 3 , жалпы орта-7.

 

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

Облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 72 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 63 (87,5%) адам пробация қызметінің есебіндегілер, ал 9 (12,5%) адам – жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 37 (51,3%) адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 5 (6,9%) адам - қоғамдық жұмысқа, 2 (2,7%)  адам – әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 5 (6,9%) кәсіби оқыту және қайта даярлауға жіберілген.


ОРАЛМАНДАР
Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 24 отбасы/құрамында 47 адам, Өзбекстан Республикасынан – 18 отбасы/38 адам, Қытай Халық Республикасынан – 5 отбасы/8 адам, Монғолиядан 1 адам қоныс аударған. Олардың еңбекке жарамды  жастағысы-31 (соның ішінде мүгедек - 1 адам), білімі бойынша жоғары - 6 (құрылысшы, технолог, 2 аудармашы, мұғалім), арнаулы орта - 13, жалпы орта -12, мектеп жасындағылар - 8, мектепке дейінгі - 8 бала. Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелген - 2 оралман, жұмысқа орналасқаны - 2. 
ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР 
Есептік кезеңге, 2018 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 224 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 153 (68%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 71 (32%) – жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 139 (62%) адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 27 (12%) адам - қоғамдық жұмысқа жолданған, 7 (3,1%)  адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 44 (19,3%) адам кәсіби оқыту және қайта даярлауға жіберілсе, 1 адам несие алды (Қармақшы ауданы-1), жастар тәжірибесіне 1 адам жіберілді.

ОРАЛМАНДАР БОЙЫНША
Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 қазанына облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 18 отбасы/құрамында 35 адам, Өзбекстан Республикасынан – 13 отбасы/27 адам, Қытай Халық Республикасынан – 4 отбасы/7 адам, Монғолиядан 1 адам қоныс аударған. Олардың еңбекке жарамды  жастағысы-24 (соның ішінде мүгедек-1 адам), білімі бойынша жоғары - 4 (құрылысшы, технолог, 2-аудармашы), арнаулы орта-9, жалпы орта - 11, мектеп жасындағылар-7, мектепке дейінгі-5 бала. 
Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелген - 2 оралман, жұмысқа орналасқаны - 2.       
 
ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР БОЙЫНША

Есептік кезеңге, 2017 жылдың 1 қазанына облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 182 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 118 (65%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 64 (35,1%) – жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 101  (55,4%) адам - тұрақты жұмысқа орналасса, 24 (13,1%) адам - қоғамдық жұмысқа жолданған, 6 (3,2%) адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 28 (15,3%) адам кәсіби оқыту және қайта даярлауға жіберілсе, 1 (0,5%) адам (Қармақшы ауданынан) несие алушы, жастар тәжірибесіне 1 (0,5%) адам жіберілген.


ОРАЛМАНДАР

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 7 отбасы/құрамында 15 адам (о.і. Өзбекстан Республикасынан 6 отбасы/12 адам, Қытай Халық Республикасынан 1 отбасы/3 адам қоныс аударған). Оларға оралман мәртебесі берілді. Келген оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына - 14, Жаңақорған ауданына - 1 адам тіркелген. Олардың 11 - еңбекке жарамды жасындағылар, білімі бойынша 1 – жоғары (химик-технолог), 3- арнаулы орта, 7 – жалпы орта, мектепке дейінгі жастағы – 1 бала. Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелгені - 2 оралман, 2 – жұмыспен қамтылған.

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

Есептік кезеңге облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 141 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 86 адам (61%) пробация қызметінің есебіндегілер, 55 адам (39%)жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 77 адам (55%) адам тұрақты жұмысқа орналасса, 21 адам (15%) - қоғамдық жұмысқа жолданған, 3 адам (2,1%) – әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 адам (10%) – кәсіби оқыту және қайта даярлауға жіберілген.

 


ОРАЛМАНДАР

Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша  2017 жылдың 1 сәуіріне облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 3 отбасы/құрамында 5 адам Өзбекстан Республикасынан қоныс аударған. Оларға оралман мәртебесі берілді. Келген оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына - 4, Жаңақорған ауданына - 1 адам тіркелген. Олардың 5 - еңбекке жарамды жасындағылар, білімі бойынша  1 – жоғары (химик-технолог), 4 – жалпы орта. Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелгені - 2 оралман, 2 – жұмыспен қамтылған

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР

 Есептік кезеңге облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына  60 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 43 (71,6%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 17 (28,3%)жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 33  адам тұрақты жұмысқа орналасса, 16 адам - қоғамдық жұмысқа жолданған, 3 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген.


ОРАЛМАНДАР БОЙЫНША

 
Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағына тіркелген этникалық қазақтардың 38 отбасы/құрамында 59 адам, олардың 36 отбасы/57 адам- Өзбекстан Республикасынан, 1 адам-Украинадан, 1адам-Монғолиядан қоныс аударған. Оларға оралман мәртебесі берілді. Келген оралмандардың мекен-жайы бойынша Қызылорда қаласына- 42,  Арал ауданына- 1, Қармақшы ауданына- 5, Сырдария ауданына-2, Жаңақорған ауданына- 5, Шиелі ауданына- 4 адам тіркелген. Олардың 40- еңбекке жарамды жасындағылар, білімі бойынша 5–жоғары, 15- арнаулы орта, 17 – жалпы орта және  3- бастауыш білімі бар. Сонымен қатар, зейнеткер жасындағы – 6 адам, мектеп жасындағы – 8 бала, мектепке дейінгі жасындағы- 5 бала.  
Жұмыспен қамту орталықтарына «жұмыссыз» ретінде тіркелген - 8 оралман, жұмысқа орналасқан- 3. 
Ағымдағы жылғы есептік кезеңге оралман отбасыларына тұрғын үй көмегі- 3 отбасы/24 адамға, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы - 8 отбасы/34 балаға көрсетілген.
Облыс аумағында облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығымен «Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы жұмысын үйлестіру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында оралмандарға арналған семинарлар өткізу, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік-құқықтық кеңес беру бойынша оралмандармен тікелей жұмыс атқаруда. 
 
ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАН ЖӘНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАР БОЙЫНША
 
Есептік кезеңге, 2017 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына 324 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, соның ішінде 268 (82,7%) пробация қызметінің есебіндегілер, ал 56 (17,3%) – жазасын өтеп шыққандар. Жұмыспен қамту бойынша 206 (63,6%) адам- тұрақты жұмысқа орналасса, 47 (14,5%) адам - қоғамдық жұмыстарға, 7 (2,1%) адам - кәсіптік оқыту және қайта даярлау курстарында, 7 (2,1%) адам - әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар, жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 5 (1,6%) адам несие алған (Арал ауданы- 3, Қармақшы-1, Сырдария-1 адам).
Ағымдағы жылғы есептік кезеңге «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның» 4 отырысы өтті.                  
 

 

Құрылған күні: 07-02-2013 22:45
Жаңартылған күні: 17-10-2018 16:01

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика