ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

"Нұр Отан" партиясының ресми сайты


«НұрОтан» партиясыҚызылордаоблыстықфилиалының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы
 
Аймақтық және аумақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері бойынша 
Аймақтық аумақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына жалпы – 3249 арыз-шағым түскен. Оның ішінде -536 өтініштің шешімдері оңтайлы шешіліп, 2221 – на заңгерлік кеңестер берілген. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне облыс бойынша жыл басынан - 1433 жеке қоғамдық қабылдау өткізіліп, 2380 адам қамтылып, 295 адамның мәселелерін оң шешімін тапты.
Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракция мүшелері - 11 қабылдауы өтіп, 17 адам қабылдап, 4 оң шешім тапты. Облыстық қалалық аудандық мәслихаттарындағы депутаттық фракция мүшелері - 374 қабылдау өткізіп, 564 адам қабылдап, 49 адамның мәселелері оңтайлы шешімін тапқан. Облыс, қала, аудан, кент, ауыл әкімдерінің - 48 жеке қоғамдық қабылдау өткізіліп, 110 адам қабылдап, 26 адамның мәселелерінің шешімдерін тапқан. Облыс қала, аудан кент, ауыл әкімдері орынбасарларының қабылдаулары – 81 қабылдау өткізіп, 129 адам қабылдап, 6 адамның оң шешімдерін тапқан. Мемлекеттік қызметкерлерінің басшылары – 708 қабылдау өткізіп, 1120 адам қабылдап, 66 адамның мәселелері шешілді. Құзырлы органдардың басшылары – 54 қабылдау өткізіп, 99 адам қабылдап, 15 адамның мәселелерінің шешімдері табылған. Партия филиалдарының бірінші орынбасарларының – 13 қабылдау өткізіп, 30 адам қабылдап, 10 оң шешім тапқан. Заңгерлердің 14 қабылдаулары өтіп, 15 адам қабылдап, 4 оң шешім тапқан. Өзге де мекемелердің 141 қабылдауы өтіп, 313 адамды қамтып,заң шеңберінде тиесілі көмектерін берді. Оған қоса: Көшпелі қоғамдық қабылдаулар, Республикалық акциялар, тақырыптық қабылдаулар өткізіліп 1472 адам қамтып, заң шеңберінде тиісті көмектер берілді. 
Ұйымдастыру – бақылау жұмыстары бойынша 
Жыл басынан бері ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Конференцияның - 3, Саяси кеңестің – 1 және Саяси кеңес Бюросының 10 отырысы өткізіліп, онда «Ұлт жоспарынан туындайтын 100 нақты қадам, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы,  «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы мен партияның Саяси Доктринасына байланысты жұмыстар атқарылды.
Бұл бағыттағы партияның Орталық аппараты жүктеген барлық тапсырмалар жүйелі жүзеге асырылуда. 
Сонымен қатар, 2016 жылғы 24 наурызда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының ұсынысы бойынша фракция құрылып, фракция Төралқасының құрамы сайланды. 
Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының депутаттық фракциясының отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес өткізіліп, жұмыстар өз деңгейінде жасалуда. 
Облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің бастамасымен фракция отырыстарында «Нұрлы Жол», «Агробизнес - 2020», «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларының орындалуы талқыланып келеді. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту, экономиканың өсу қарқынын жеделдету, елді мекендердің инфрақұрылымын онан әрі қарай дамыту мақсатында өзекті мәселелер фракция мүшелерінің назарында. 
Фракция отырыстарында қабылданған шешімдер тиісті атқарушы органдарға, комиссия мүшелері мен жұмысшы топ мүшелеріне жолданып, қажеттілігіне қарай сессияның қарауына ұсынылады. Шешімдердің орындалуы партия тарапынан қадағаланып отырылады. 
«Есіктен есікке» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының республикалық желілік кестесіне сәйкес қыркүйек, қазан айларында облыстық мәслихат депутаттары өз сайлау округтеріндегі сайлаушыларымен кездесулер ұйымдастырды. Тұрғындардың өзекті мәселелерімен танысып, әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасыларына материалдық көмектер көрсету үрдіске айналып келеді. Акция аясында атаулы көмек көрсеткен депутаттар: Арысбаев Аманкелді Қонысбайұлы, Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы, Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы, Махамбетов Асқар Аралбайұлы, Махашов Бағдаулет Еркінбекұлы.  
Қараша айында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары бірлесе өз сайлау округтерінде есеп беру жиналыстарын өткізген болатын. Сайлау округтері бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, мәслихат пен фракция бойынша өз есептерін берді. Тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, қоғамдық көліктердің жүру бағыттары, нәрестелерге берілетін тегін сүт қоспасымен қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігі, спорт және өнер шеберлерін қолдау т.б. мәселелер мазалайтындығы анықталды. 
ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына және облыс әкімінің ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізетін топ өкілдерінің шығу кестесіне сәйкес ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізетін топ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жеткен жетістіктері мен әлеуетін насихаттау, халықтың позитивті көңіл күйін қалыптастыру мақсатында  елді мекендерді аралады. 
Депутаттық фракция мүшелерінің атқарған жұмыстарының барлығы өз деңгейінде республикалық және жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде насихатталуда. Облыстық Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы «Мәслихат» бағдарламасына өз сайлауалды  бағдарламасының орындалу барысы және депутаттық қызметі жайлы 9 депутат сұхбат берген болса, облыстық Сыр бойы және Кызылординские вести газеттеріне 11 депутаттың мақалалары жарияланды. 
Эфирге сұқбат берген депутаттар - Н.Байқадамов, Р.Ысқақова, И.Құттықожаев, Т.Кенжебаев, Т.Шаутай, А.Арыспаев, К.Үйреков, Ә.Жансақалов, Ж.Нұрымбетов. Газетке мақаласы шыққан депутаттар - М.Жұмашев Р.Ысқақова, И.Құттықожаев, Ж.Нұрымбетов, М.Бекжанов, Р.Есенов, Н.Әмитов, И.Шағыртаев, И.Оңғарбаев, И.Тілеп, А.Ерхатов. 
Депутаттық фракция мүшелері үнемі білімдерін жетілдіріп отырады. Үстіміздегі жылы «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебінің ұйымдастыруымен бейнеконференция байланысы арқылы екі рет «Облыстар мен Астана, Алматы ққ. мәслихаттарындағы партия фракцияларының қызметі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Депутаттық фракция жұмысының сапалы жаңа деңгейге көтерілуіне осындай оқулардың ықпалы зор.
Сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы тарапынан мәслихаттардағы фракция қызметінің сапасы мен нәтижелігін арттыру мақсатында биыл алғаш рет фракция және оның әрбір мүшесінің қызметі бағаланатын болады.   
Жыл басынан бері «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы мен партияның Саяси Доктринасына байланысты жұмыстар атқарылды.
Партияның сайлауалды бағдарламасын салалық бағыт бойынша аймақта жүзеге асыруға негізделген облыстық мәслихат депутаттары жетекшілік жасайтын  7 сарапшы топ құрылған, жұмыс жоспарлары және құрамы партияның облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысында бекітілген. Есепті мерзімде сарапшы топтардың 41 отырысы өтсе, оның 17 орталық партия аппаратымен бейне байланыс арқылы ұйымдастырылды. Барлық ұсыныстар  Орталық партия аппаратына уақытылы жолданып, тиісті жұмыстар атқарылуда. 
Қызылорда  облысы бойынша ағымдағы жылға партия аумақтық филиалдардың саны -11, оның  ішінде  100-ге дейінгі адамдары бар БПҰ саны – 105, 100 ден 500 ге дейін -151, 500 - ден жоғары адамдары бар 13 БПҰ. Бастауыш партия ұйымдары-269, барлық партия мүшесі - 46605.
Сапалық құрамы бойынша 46605 партия мүшесінің, 29935 - і әйелдер.
Жас шамасы бойынша:
30-ға дейінгі – 6856, 30-40 дейін – 13127,41-50 дейін – 12723,51-60 дейін -  10416,60 тан жоғары – 3482,  адам.
Қызмет  саласы бойынша:
Мемлекеттік органдардың қызметкерлері – 1523,Білім саласы бойынша – 14876,Денсаулық сақтау саласы бойынша – 4200,Экономика саласы бойынша – 10520,Шағын және орта бизнес саласы бойынша- 873,Фермерлік шаруашылық өкілдері – 449,Бұқаралық ақпарат өкілдері - 95,Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері – 111,Студенттер- 965, Зейнеткерлер – 3490,Мүгедектер – 334,Жұмыссыздар – 4594,Бала күтімі бойынша демалыста тұлалар – 3004.
Ай сайыңғы жарнапұл есебі уақытылы жасалынып  Орталық аппаратқа уақытылы тапсырылуда.
Қазіргі таңға партия қатарындағы адам саны 46605,оның ішінде жарнапұл төлейтіндер саны 35204,  жарнапұл жиналуы 12 айға - 94 298,0 мың теңге яғни 100 пайыз құрап отыр.
Кадрлық резерв бойынша 
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында штаттық кесте бойынша 67 бірлік бар, оның ішінде төрағалар -12 бірлікті құрайды.Штаттан тыс қызметкерлер – 41бірлік.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммедтің 2016 жылғы 26 шілдедегі №101 нқ бұйрығымен бекітілген өкілдік және партиялық органдарға, партия филиалдарының аппараттарына кадрларды ұсыну үшін партиялық кадрлық резерв құрамын сапалы қалыптастыру мақсатында Қызылорда облыстық филиалы 282 үміткерлерді ұсынды. 
2016 жылдың 14-22 қараша аралығында Қызылорда облыстық партия филиалында ұсынылған 282 үміткерден 216 адам  тестке қатысты. Нәтижесінде облыстық деңгей бойынша 54 үміткерден 45, аумақтық партия филиалдары бойынша 171 үміткерден  100 үміткер, барлығы 145 тестілеуден  өтті. 5-9 желтоқсан күндері тесттен өткен үміткерлермен әңгімелесу өткізілді. Әңгімелесу барысында барлық 145 үміткерден 140 үміткер әңгімелесу кезеңінен өтіп, кадрлық резервке ұсынылды. Дәлелді себептермен тест тапсыруға келе алмай қалған үміткерлер саны- 66.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалымен 2016 жылы өткізілген қоғамдық-мәдени-көпшілік шаралар
Жыл басынан бері облыстық партия филиалымен өткізілген қоғамдық-мәдени-көпшілік шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және партияның әлеуметтік жобалары аясында ұйымдастырылды.Бұлардың қатарында:
ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Халықаралық отбасы» күніне орай партияның «Ұлы дала елі», «Бақытты балалық шақ» жобалары аясында «Отбасы - тәрбие ұясы» тақырыбында облыстық деңгейде отау құрғандарына 25 жыл толған және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына өз тартуларымен келген үлгілі, өнерлі  шығармашыл, т.б. отбасылар арасындағы шығармашылық байқауы;
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партияның қолдауымен шығарылған «Қазақстандықтар - Ұлы Жеңістің батырлары» кітабының тұсаукесері;
Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партияның депутаттық фракциясы мүшелерінің «Мектепке жол», «Мейірімді жүрекпен» акцияларына белсенді қатысуы;
Партияның «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында арнайы өткізілген «Отбасын қолдау» апталығы;
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай «Тәуелсіздік шапағаты» акциясы аясында облыстық мүгедектерге арналған оңалту орталығында өткізілген спорттық сайыстар мен шығармашылық байқауы;
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне және партияның «Ұлы дала елі» жобасы аясында орай ұйымдастырылған облыстық жыраулар фестивалі;
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай «Мерей» шахмат мектебімен бірлісіп өткізілген мектеп оқушылары арасындағы турнир;
Республикалық желілік кестеге сәйкес Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына байланысты №10 мектепте өткізілген мерекелік шара;
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізілген мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік нысандардың бейімделуін бақылауға арналған рейдтер және т.б. көптеген шаралар бар.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалымен  2016 жылы өткізілген қайырымдылық шаралары
Азаматардың әлеуметтік мәселелерін өзінің Саяси Доктринасына арқау еткен «Нұр Отан» партиясының  Қызылорда облыстық филиалы жалпы қайрымдылық акцияларына өз үлесін қосып келеді. Онан бөлек те партияның  әлеуметтік бағыттағы «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық  шақ» партиялық жобалары аясында да барлық аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне  азаматтардан келіп түскен өтініштерге сәйкес   бірінші кезекте  халықтың әлеуметтік топтарын қолдау бағытында жұмыстар жасаудамыз. 
Енді бірқатарына нақтырақ тоқталар болсам биыл Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына  орай 2 рет  «25 қайрымды іс - мейірімді жүрекпен» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға жергілікті филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелері қатыстырылып, өңірде әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сондай-ақ жалғыз басты қариялар мен көп балалы аналарға жан-жақты көмектер көрсетілді. Мәселен, А.Төлебаев көшесінің тұрғыны тыл ардагері, I-топ мүгедегі Тұрсынкүл Даутованың отбасына, Белкөл кентінің тұрғыны жақында тілсіз жау салдарынан үйі өртеніп, бүгінде уақытша баспанада тұрып жатқан Самат Алпаровқа қарыжылай және азық түлікпен қолдау көрсетілді.
Кеше ғана өткен екінші акцияда «Қызыл ай» қоғамымен бірлесіп, қаладағы 80 отбасыға 1 тонна күріш пен өзгеде тұрмысқа қажетті заттар таратылды. 
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұжымы қыркүйек айында мектепке жол акциясына белсене араласып,  «Сыр мейрімі» қоғамдық қорына 1 күндік жалақыларын аударып, 300 мың теңге қаржылай көмек көрсетті.  
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай 2016 жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шапағаты» акциясына да қатысып, облыстық мүгедектерге арналған оңалту орталығында облыстық және қалалық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясы мүшелерінің қолдауымен қайырымдылық шарасын өткізді. Шара барысында 5 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әрқайсысына  20 000 мыңнан, барлығы 100 000 теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Онан бөлек «Нұр Отан» партиясы атынан облыстық, қалалық аудандық мәслихаттарға сайланған депуттатарымыз партия қабылдауларында, онан бөлек  партияның есіктен-есікке акциясы аясында  тұрғындарға түрлі әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетіп келеді. 
"Кедергісіз келешек" партиялық жоба аясында облыс әкімі, партия филиалы төрағасының қолдауымен Қызылорда қаласында ата-анасы да, өзі де тағдырдың тауқыметін тартып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарына енген Мырзабеков Жорабекке  Сабалақ саяжайынан бір қабатты үй тұрғызылды. Жалағаш ауданында нұротандықтардың бастауымен  І топ мүгедегі, өнер иесі Еркін Нарымбетовке  асар әдісімен жаңа үйінің  іргетасы қаланды.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын түсіндіру, ақпараттық – насихаттық жұмыстары
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалымен 2016 жылы нақты жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілді.
Елбасы Жолдауын түсіндіру мен насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрамы белсенді партия мүшелері мен партия әріптестерінен тұратын аймақтық (30-адам) және (167-адам) аумақтық спикерлер пулы жасақталды.
Партия филиалының БПҰ-да Елбасы Жолдауын түсіндіру үшін  түрлі бағыттағы 751шара өткізіліп, оған 57 429 партия мүшесін қамтыды. Барлық  деңгейдегі маслихат депутаттары, фракция мүшелері 43 912 адамды қамтыған 747 халықпен  кездесу жүргізді. 
Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық насихаттық топ мүшелері  6770 адамды қамтыған, 122 кездесу ұйымдастырды;
Партия филиалы жанындағы  сұхбат алаңдары бойынша 55 отырыс өткізіліп, оған 2107 адам қамтылды. 
Партияның пікірталас алаңдары бойынша
«Қазақстан-2050» Демократиялық күштері облыстық коалициясы құрамында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан бөлек, «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының облыстық филиалы, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» облыстық комитеті, «Бірлік» партиясының облыстық филиалы, «Ауыл» Халықтық – демократиялық - патриоттық партиясының облыстық филиалы және  ҮЕҰ өкілдері бар 22 адамнан тұрады.«Қазақстан-2050» Демократиялық күштері облыстық коалициясымен 2016 жылы 3 отырысы өткізілді.Колиция отырыстары қорытындылары бойынша «Қазақстан-2050» Демократиялық күштері Жалпыұлттық коалициясына жолданған ұсыныстар саны – 4, жергілікті мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстардың саны – 10. 
Колиция отырыстарының БАҚ-да, партияның ресми сайты мен интернет желілерде жариялану саны – 18.  
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесі облыстағы мәдениет пен өнер саласының қайраткерлерінен құралған 21 адамнан тұрады. Қоғамдық кеңес есептік кезеңде өз жұмысын жыл басында бекітілген жоспар бойынша жүргізді. Жоспарға сәйкес қоғамдық кеңестің 2015 жылы 4 отырысы өткізілді.
«Мирас» қоғамдық кеңесінің отырыстары қорытындылары бойынша «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесіне жолданған ұсыныстар саны – 4, жергілікті мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстардың саны – 17.
«Мирас» қоғамдық кеңесінің отырыстарының БАҚ-да, партияның ресми сайты мен интернет желілерде жариялану саны – 12. 
«Жас Отан» Жастар қанатының  атқарған жұмыстары туралы
2016 жылы – ҚР Парламент мәжіліс мен аймақтық және аумақтық деңгейлердегі жергілкті маялихаттардың кезектен тыс сайлауы өткізілді. Сайлауды индикаторға сәйкес аймақтық және аумақтық деңгейлердегі маслихаттарда 6 пайыз жастар болды. 
Қызылорда қалалық маслихатына «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиал жанынан құрылған кеңес мүшелері Ибраев Нұрболат мен Жасұлан Жарасбаевдепутат болып сайланды.
Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарының маслихатына «Жас Отан» Жастар қанатының бөлімше басшыларымен қатар, кеңес мүшелері депутат болып сайланды.
Сайлау науқанында 1000-нан астам жастар «Нұр Отан» Партиясының жанында еріктілік қызметтер жасады. 
2016 жылы - Республикалық деңгейде «Жастар-Отанға!» Республикалық конкурсы аясында 5 номинация бойынша өткізілген конкурста «Ең үздік бастауыш бөлімше» номинациясымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ үздік деп танылса, ««Жас Отан» ЖҚ дамуына сүбелі үлес қосқан үшін» номинациясымен Базартай Жандос Нұртайұлы марапатталды.
2016 жылы - Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Қызылорда облысы бойынша еріктілер қозғалысын дамыту» әлеуметтік тапсырысы аясында еріктілер топтары құрылып нәтижелі жұмыстар жүргізілді.
1.«ЭКСПО-2017» Еріктілдер тобы. Еріктілер тобын құрудағы негізгі мақсат Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде және ЭКСПО қалашығында ерікті түрде жұмыс жасайтын 150 жас іріктеу турларынан өтіп, қаламыздағы «Speak English» оқу орталығы арқылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ базасында 2 ай мерзімде оқу курстарымен қатар семинарлар ұйымдастырылды. 
2.«Балалар біздің болашағымыз!» Еріктілер тобының бастамасымен үйден оқытылатын 30-ға жуық астам балалардың үйіне барылып, «Атамекен» балалар ауылында, №7 мектеп-интернатында, облыстық кемтар балаларға арналған орталықта, балалар ауруханасында мерекелік концерттермен қатар, қайырымдылық концерттер ұйымдастырылды.
3.«Ардагерлерді ардақтайық!» Еріктілер тобы және Партиялық жобасы аясында облыс көлемінде 80-ге жуық ҰОС және тыл еңбеккерлері мен жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде ҰОС-ның жеңісіне 76 жыл толуына орай мерекелік сыйлықтар табыстап, аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.
4.«Нұр Отан» Партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты «Айт-Бек» және «Атамекен», «Жайна» сауда орталықтарында, базарларда орналасқан «Кеңес орталығында» жастарға және облыс тұғындарына мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп 1 337 қала тұрғыны тегін кеңес алды, базар жастары арасында кіші футболдан, стол теннисінен жарыстар ұйымдастырылды. «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс» жасақтарына 90-ға жуық жұмысқа жастар тартылды.
5.«Таза тіл» Еріктілер тобының ұйымдастыруымен жыл көлемінде қала орталығында және шет аймақтарда орналасқан жарнамалық тақтайшаларда және кафе, дүкен атауларында кеткен қателіктерді жөндеу мақсатында    «ҚР Тіл туралы заңына сәйкес» таратпа материалдар дайындалып ақпараттық-насихаттық топтар құрылып нәтижелі жұмыстар жүргізілді. 
6.«Кел. Жастар оқылық!» Науқаны аясында қаламызда ірілі ұсақты кітапханалармен    «Кел, жастар оқылық!», «Досыңа кітап сыйла», «Кітап қымбат қазына» атты шаралар ұйымдастырылды.
«Сәтті қадам» Партиялық жобасы аясында 2015-2016 оқу жылында ЖОО мен ОАОО-ын бітірген жетім немесе тұл жетім студенттердің 52 жастан құралған базасы жасақталып қала және аудан көлемінде жеке кәсіпкерлермен меморандум жасақталып, және жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында келісім шарт негізінде жетім балаларды жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілді.
«Жастар кадрлық резерві» жобасы аясында «Жас Отан» ЖҚ Жалағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға кеңесшісі Қожамұратов Айдос Астана қаласында 1 ай мерзімде оқу курсынан өтіп қайтты. 
«Жастар – Отанға!» Партиялық жобасы аясында жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау мақсатында Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай тақырыптық- мерекелік 100-ден астам шаралар ұйымдастырылды.
Алматы қаласында «Алтын-Эмель» демалыс-сауықтыру кешенінде өткізілген «Жастар-Отанға!» саяси лагеріне облыс жастарының әртүрлі салалардан құралған 15 жас болып қайтты.
ДЦП диагнозымен ауыратын Базарбай Інжу атты бүлдіршінге «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық концерті арқылы 200 000 тг көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.
Облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Абылайхан Сабанбаев Пекин және Үрімші, ішкі Моңғолия қалаларында  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жастарының лагеріне делегат болып қатысты.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар бойынша 
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы бойынша 2016 жылы - 1060 шара бұқаралық ақпарат құралдарынада жарияланды.
Оның 115-і республикалық, 346-і жергілікті басылымдарда жарияланды.
Телеарналарда 128 сюжет көрсетілді. Оның 15-і  республикалық «Астана», «Қазақстан», «Хабар», «24kz» телеарналарында жарық көрді. 
Ақпараттық агенттіктер мен электронды басылымдарда - 193 материал, сонымен бірге партияның  «nurotan.kz» реcми сайтында - 109  және облыстық партия филиалының  «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі парақшасында – 169 партиялық шаралар  насихатталды. 
Жалпы жыл көлемінде партия филиалы туралы теріс бағытта жарияланған  материалдар БАҚ беттерінде жарияланған жоқ.

 

 

 


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ 2015 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ  

 

Елбасы төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде даму барысы дараланған, биіктігімен бағаланған партия. Сондықтан іргелі ұйымның облыстық филиалы жылды жақсы жетістікпен қорытындылады.  

Партияның 11 аумақтық филиалында 267 бастауыш партия ұйымы бар онда 41635 партия мүшесі топтасқан. 

Ағымдағы жылы партия қатарына 2450 азамат қабылданды.Олардың 178-і шағын және орта бизнес өкілдері, 30-ы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, 126-сы  денсаулық саласы, 686-ы білім саласы, 31- ауыл шаруашылық саласының мамандары.  Мемлекеттік мекемелер бойынша – 171 адам, тағы басқа салалар бойынша - 1228 адам қабылданды. Есепті мерзімде  81120,0 мың теңге көлемінде жарнапұл жинақталып, жылдық жоспар 102 пайызға  орындалды.

Партияның негізгі күші - бастауыш партия ұйымдарында.Бұл – кез - келген саяси партияның түп негізі, оның шынайы күші. Осы орайда айтар болсақ партия филиалына  қарасты  100-ге  дейінгі партия мүшесі бар БПҰ-ның саны – 105, 100- 500-ге дейінгі партия мүшелері бар -151,  500 - ден жоғары партия мүшелері бар бастауыш партия ұйымдарының саны-11.

Ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырумен өткен Республикалық деңгейдегі «Үздік БПҰ» байқауында  Қармақшы аудандық филиалының «Райполиклиника» БПҰ үшінші орынды иеленді.

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

Есепті кезеңде халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған 13 партиялық жобалардың жүзеге асуы өз нәтижесін беруде.

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жыл басында ҮЕҰ өкілдерімен, ҚХА облыстық хатшылығымен, БАҚ-мен, облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әріптестік қызмет сапасын арттыру және қоғамдық-саяси шаралар маңыздылығын күшейту мақсатында меморандумға отырды. Осы меморандум негізінде бірлескен жоспарлар арқылы 2015 жыл барысында облыстық партия филиалы ҮЕҰ бірлесіп Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын, ҚХА 20 жылдығын және ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу барысындағы іс-шаралардың мазмұнды өткізілуіне ат салысты.   

2015 жылы партиялық жобалар бойынша өткізілген барлығы 1 083 шараға 300 000-нан астам адам қатысты. 

Партиялық жобалар бойынша барлығы 842 шара ақпараттандырылса, оның ішінде  республикалық деңгейде - 61, жергілікті БАҚ беттерінде 341 және интернет ресурстарында 440-ы жарияланған.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ, ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ЖАҒДАЙҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалымен 2015 жылы нақты жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілді.

1)Елбасы Жолдауын түсіндіру мен насихаттау үшін құрамында 142 партия белсендісі бар 12 аймақтық және аумақтық АНТ құрылды;

2)Елбасы Жолдауын түсіндіру үшін 108 148 адамды қамтыған 757 іс-шара өткізілді;

3)Елбасы Жолдауын түсіндіру үшін БПҰ-да 39000 партия мүшесін қамти отырып, 516 рет кездесулер өткізілді;

4)Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша 54 тақырыптық қабылдаулар ұйымдастырылды;

5)Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша аудандарда – 31, ауылдық округтерде – 238, еңбек ұжымдарында – 321 кездесулер өткізілді;

6)Елбасы Жолдауын түсіндіру барысында тұрғындардың 16 өзекті мәселесі өз шешімін тауып, 34 мәселе бақылауға алынды;

7)БАҚ-да жарияланған материалдар саны – 212; оның 70 – баспа БАҚ, 49 – электрондық БАҚ, 93 – элеуметтік желідегі материалдар;

8)Елбасы Жолдауын түсіндіру барысында 4 мекемедегі өзекті мәселелер бойынша еңбек ұжымымен кездесулер өткізілді(«Қызылорда жылуэлектр орталығы» МКК, «Су жүйесі» мекемесі, №3 емхана, «Аэромобильді отряд»). 

Елбасы Жолдауын түсіндіру мен насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрамы белсенді партия мүшелері мен партия әріптестерінен тұратын аймақтық (60-адам) және (167-адам) аумақтық спикерлер пулы жасақталды.

2015 ЖЫЛ БОЙЫНША ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ТАЛДАУ

Аймақтағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты және есепті кезеңде негізгі айрықша мән беретін өзекті проблемалар болған жоқ. Аймақтағы қоғамдық – саяси жағдайдың  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әрбір аумақтық партия филилалдары мен БПҰ қажетті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуде және олармен кері байланыс орнатылған.

Әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатында туындаған проблемаларды шешу бойынша қандай шаралар қолданылды: 

ПАйФ тарапынан (БПҰ, аумақтық филиалдар): Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды қадағалап отыру үшін аймақтық партия филиалы тарапынан әр аумақтық филилалға жауапты тәлімгерлер бекітілді. 

БАҚ-на жарияланған материалдарға баспасөз хатшысымен күнделікті талдау жасалынуда. 

Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» фракциясы мүшелері БПҰ және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп базарлар мен дүкендердегі бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен азық-түлік емес тауарлар бағасына үнемі мониторинг жүргізіп келеді. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментімен бензин бағасын негізсіз өсірген бірнеше субъектілерге қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылып, оларға 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

2015 жылдың 10 желтоқсанынан бастап аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері мен бизнес өкілдерінің және БПҰ-ның қолдауымен Сырдария ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін «Әлеуметтік дүкен» ашылды. 

Дүкенде Тереңөзек кентіндегі аз қамтылған 123 отбасына (544 адам) оның ішінде 7-9 баласы бар отбасыларға 50 пайыз жеңілдікпен, қалған азаматтарға 30 пайыз төмен бағамен ұн, күріш, ет, қант, шемішке май және тағы да басқа күнделікті тұтынатын өнім түрлері босатылуда. 

2015 жылдың 22 желтоқсаны күні Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаментінің басшысы Н.Пірімов Коммунальдық қызмет тарифтерінің қазіргі кездегі жағдайы туралы өз есебін берді. 

Партия филиалдарының  қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен арыздарға күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан: Аймақта облыс әкімінің төрағалық етуімен азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының нарықтағы бағаларын тұрақтандыру және нарықты молайту жөніндегі штаб қызмет жасауда. Штабпен әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығына мониторинг жүргізу, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, нарықты толтырып отыру, күнделікті бақылауға алынған. 

Қызылорда облыстық әкімшілігінде орнатылған Ситуациялық орталық арқылы барлық аудандардағы қоғамдық – саяси жағдайдың тұрақтылығы күнделікті онлайн режимінде бақылануда. Барлық деңгейдегі әкімшіліктер жанынан ҮЕҰ бірлесіп қоғамдық – саяси жағдайдың тұрақтылығы қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыс топтары қызмет атқаруда. 

Жалпы алғанда облыста жағдай тұрақты, бағалардың негізсіз өсуі орын алған жоқ. Бағалардың өсуі жұмыртқа, сарымай, өсімдік майы және қант секілді өзімізде өндірілмейтін азық-түлік түрлерінде байқалды. Бағаларды негізсіз көтермеу жөнінде 15 ірі сауда орнымен меморандум жасалды. «Байқоңыр» ӘКК-нің «Мирас» сауда орталығымен жасаған меморандумы негізінде 1,1 млрд теңгеге 17 мың тонна азық-түлік тауарлары әкелініп, базар бағасынан 15-20 пайыз төмен сатылды. Облыста жүйелі түрде нарықтан төмен бағамен ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде.

Жақын арада аймақта жағдайдың жағымсыз жақтарға өзгеруі бойынша болжалды деректер жоқ. 

Жағдайдың тұрақсыздануына, шиеленісті жағдайдың туындауына жол беруге ықпал ететін себептерді жою бойынша ұсынылатын шаралар:

«Нұр Отан» партиясының тарапынан: «Нұр Отан» партиясының барлық ұйымдары(аймақтық-аумақтық филиалдар, БПҰ, қоғамдық қабылдаулар, фракция мүшелері және т.б.) мен ҮЕҰ-ы бірінші кезектегі қажетті тауарлар(азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай  және т.б.) бағасына үнемі мониторинг жасап және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруға жұмылдыру.

Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының барлық ұйымдары(аймақтық-аумақтық филиалдар, БПҰ, қоғамдық қабылдаулар, фракция мүшелері және т.б.) коммуналық қызметке бағаның көтерілгені жайлы түсіндіру жұмыстарын тұрғындарға кең көлемде, қарапайым түрде жүргізуді қолға алуы керек. 

Ал азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының нарықтағы бағаларының тұрақтылығына бақылау күнделікті жасалып тұруы тиіс.

мемлекеттік органдар тарапынан: Бірінші кезектегі қажетті тауарлар(азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай  және т.б.) бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүргізу. 

Коммуналық қызметке бағаның көтерілуіне байланысты мемлекеттік органдар мен басқармалар  әрбір қызмет үшін қағаздар легін көбейтпей, бәрін бір қағазға топтастыруды жолға қою қажет. 

Облыс бойынша негізгі тауарлар бағасын республикалық орташа бағадан асырмауға назар аудару керек. Ол үшін басқа аудандар мен Қызылорда қаласы Сырдария ауданындағы әлеуметтік дүкен арқылы аз қамтамасыз етілген отбасыларына көмек көрсету тәжірибесінен үлгі алуы қажет. 

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін олардың мол қорын жасап, әлеуметтік дүкендер арқылы сатуды жүзеге асыра беру  және халықты бағасы арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жәрмеңкелер өткізу және әлеуметтік дүкендер желісінің жұмыстарын күшейту қажет.

Қызылорда облысы бойынша қоғамдық-саяси сипаттағы шешілмеген, уақытша және басқа ресурстарды талап ететін проблемалар жоқ.

ПАРТИЯНЫҢ ПІКІРТАЛАС АЛАҢДАРЫ

«Қазақстан-2050» Демократиялық күштері облыстық коалициясы құрамында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан бөлек,«Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының облыстық филиалы, «Қазақстан коммунистік халық партиясы» облыстық комитеті, «Бірлік» партиясының облыстық филиалы, «Ауыл» Халықтық – демократиялық - патриоттық партиясының облыстық филиалы және 30 ҮЕҰ өкілдері бар.

«Қазақстан-2050» Демократиялық күштері облыстық коалициясымен 2015 жылы 4 отырысы өткізілді.

Колиция отырыстары қорытындылары бойынша «Қазақстан-2050» Демократиялық күштері Жалпыұлттық коалициясына жолданған ұсыныстар саны – 5, жергілікті мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстардың саны – 15. 

Колиция отырыстарының БАҚ-да, партияның ресми сайты мен интернет желілерде жариялану саны – 18.  

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесі облыстағы мәдениет пен өнер саласының қайраткерлерінен құралған 21 адамнан тұрады. Қоғамдық кеңес есептік кезеңде өз жұмысын жыл басында бекітілген жоспар бойынша жүргізді. Жоспарға сәйкес қоғамдық кеңестің 2015 жылы 4 отырысы өткізілді.

«Мирас» қоғамдық кеңесінің отырыстары қорытындылары бойынша «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесіне жолданған ұсыныстар саны – 4, жергілікті мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстардың саны – 17.

«Мирас» қоғамдық кеңесінің отырыстарының БАҚ-да, партияның ресми сайты мен интернет желілерде жариялану саны – 12. 

«Еркін – пікір» дискуссиялық клубыда өз жұмысын нәтижелі жүргізді. 

Жыл бойына облыс көлемінде, қала, аудандарда «Еркін- пікір» дискуссиялық клубының әртүрлі бағытта 23 отырысы өтті.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросы, Саяси кеңес отырыстары мен конференциялар туралы                 

2015 жылы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының 9, Саяси кеңесінің 2 отырыстары сондай-ақ 2 конференциясы өткізілді. 

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы туралы

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының 18.02.2015 жылғы №4-2 қаулысымен облыстық партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелерін, №4-3 қаулысымен 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес облыс аймағында сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қатысты өткізілген әлеуметтік зерттеулер туралы ақпарат пен зерттеу нәтижелері және 2015 жылы жүргізілетін әлеуметтік зерттеулердің жоспары әзірленді.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 24 қаулысы қабылданған. Жалпы ағымдағы жылы қоғамдық кеңестің 5 отырысы өтті. 

Халық пен билік арасындағы алтын көпір.

«Нұр Отан» партиясы бүгінгі күні еліміздегі ең мықты, халықтық және тұрақты қоғамдық-саяси күшке айналды. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында «Нұр Отан» партиясына басымдық бере отырып, оның қоғам өміріндегі бар мәселеге араласып, халықпен етене байланыста болуына жол ашып келеді.

Бұл орайда партияның халыққа біте қайнасу тетігінің бірі - қоғамдық қабылдау. Бүгінде жетекші ұйымның соңғы жаңалығы көп деп әбден айтуымызға болады.  Партия Төрағасының тапсырмасына орай оның Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек жаңашыл форматты идеяларды енгізуді қолға алды.  Қазіргі қоғамдық қабылдаулардың жаңа жұмыс форматы Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының үлгісі бойынша халықпен жұмыс жасаудың сервистік бағдардағы тәсілдері және Оңтүстік Корея, Сингапур, Дания сияқты елдердегі озық тәжірибелер енгізілу бойынша жүзеге асуда.Мұның тиімділігі орасан. Жаңа формат өңірлердегі ахуал туралы баламалы, мемлекеттік органдарға тәуелсіз ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «он-лайн» режімінде байланыс жасауға мүмкіндік беретін «Электронды партия» жобасы іске қосылды.  Партияның ресми сайтына өтініш жолдап, заңгерлік кеңес алуға болады.

Міне, партияның қызметтік жүйесі осындай озық технологияға көшу арқылы сервистік бағдары арта түсті. Бүгінде филиалда орталықтандырылған бейнежазу нүктелері бар. Мұның маңызы сол, қоғамдық қабылдау құрылымын барынша ыждаһатталықпен жүргізудің соны үлгісін қалыптастыруда. Өйткені партия айнасы саналатын қоғамдық қабылдау қызметі халық сенімінің артуына көп қатысты.

Қазіргі Қызылорда облыстық партия филиалында қоғамдық қабылдаудың тұрақты кестесі жасалған, Филиал төрағасы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары тұрғындар талабына үнемі назар аударып отырады.

Ағымдағы жылы аймақтық және аумақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына жалпы – 3568 арыз-шағым түскен. Оның ішінде -813 өтініштің шешімдері оңтайлы шешіліп, 2590 – на заңгерлік кеңестер берілген. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне облыс бойынша жыл басынан - 1441 жеке қоғамдық қабылдау өткізіліп, 2431 адам қамтылып, 326 адамның мәселелерін оң шешімін тапты.

Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракция мүшелері - 4 қабылдауы өтіп, 6 адам қабылдап, 3 оң шешім тапты. Облыстық қалалық аудандық мәслихаттарындағы депутаттық фракция мүшелері - 448 қабылдау өткізіп, 718 адам қабылдап, 96 адамның мәселелері оңтайлы шешімін тапқан. Облыс, қала, аудан, кент, ауыл әкімдерінің - 71 жеке қоғамдық қабылдау өткізіліп, 192 адам қабылдап, 37 адамның мәселелерінің шешімдерін тапқан. Облыс қала, аудан, кент, ауыл әкімдері орынбасарларының қабылдаулары – 67 қабылдау өткізіп, 113 адам қабылдап, 12 адамның оң шешімдерін тапқан. Мемлекеттік қызметкерлерінің басшылары – 662 қабылдау өткізіп, 1065 адам қабылдап, 133 адамның мәселелері шешілді. Құзырлы органдардың басшылары – 53 қабылдау өткізіп, 90 адам қабылдап, 12 адамның мәселелерінің шешімдері табылған. Партия филиалдарының бірінші орынбасарларының – 11 қабылдау өткізіп, 32 адам қабылдап, 10 оң шешім тапқан. Заңгерлердің 11 қабылдаулары өтіп, 11 адам қабылдап, 5 оң шешім тапқан. Өзге де мекемелердің 118 қабылдауы өтіп, 210 адамды қамтыды. Оған қоса: Көшпелі қоғамдық қабылдаулар, Республикалық акциялар, тақырыптық қабылдаулар өткізіліп 3470 адам қамтып, заң шеңберінде тиісті көмектер көрсетілді. 

Барлық филиалдар республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес жыл басынан облыс тұрғындарына заңгерлік кеңес беру мақсатында  «Әділет кеңес береді» акциясын, «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары бойынша бос жұмыс орындары ашық есік күндерін, құқық қорғау органдарымен бірлесіп  «Жолда қабылдау» акцияларыда ұйымдастырлуда.

Алыс елді мекендердегі тұрғындардың өтініш-тілектерімен арыз-шағымдарын қабылдау үшін «SKYPE» электрондық байланыс жүйесі   Арал ауданында Жақсықылыш ауылдық округінде «Жақсықылыш», Қазалы ауданы Айтеке би кентіндегі «Айтеке би- 2», Шиелі ауданындағы «Шиелі – 3» пошталық байланыс торабтарында  жүзеге асыруға болады. Қазіргі таңда осындай байланысты күшейту үшін, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы жүзеге асыру қолға алынуда.

Айта кетеу керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне күнделікті халықтан әртүрлі мәселелері бойынша арыз-шағымдар, өтініштер, ұсыныстар келіп түсіп тиесілі шешімдер қабылданады. Бұлар заңды түрде дер кезінде қаралып, тиісті мекемелерге жіберіледі. Сонымен бірге сол мекемелерден келген тиісті шешімін тапқан арыздардың жауабы арыз иесіне уақытылы  жолданып отырады.

«ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

2015 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді. Сайлау барысында 1000-ға жуық жас ҚР Президенттігіне кандидат, «Нұр Отан» Партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жақтастары ретінде жұмыс жасады.

2015 жылы – Сәуір айында «Жас Отан» Жастар қанатының Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Республикалық жастар форумы болып өтті. 

2015 жылы – Сәуір айында «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс 3 съезді өтті. Съезге облыс жастарынан құралған 56 делегат қатысып қайтты.

2015 жылдың қортындысы бойынша облысымызда «Жас Отан» Жастар қанаты  «Ең үздік жастар ұйымы» және «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиал төрағасы Абылайхан Сабанбаев «Үздік көшбасшы» номинациясының иегері атанды.

2015 жылы – Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Қызылорда облысы бойынша еріктілер қозғалысын дамыту» әлеуметтік тапсырысы аясында еріктілер топтары құрылып,  нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

1.Балалар біздің болашағымыз Еріктілер тобының бастамасымен үйден оқытылатын 20-дан астам балалардың үйіне барып, «Атамекен» балалар ауылында, №7 мектеп-интернатында, облыстық кемтар балаларға арналған орталықта, балалар ауруханасында мерекелік концерттермен қатар, қайырымдылық концерттер ұйымдастырылды.

2.«Ардагерлерді ардақтайық!» Еріктілер тобы және Партиялық жобасы аясында облыс көлемінде 70-ке жуық ҰОС және тыл еңбеккерлері мен жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде ҰОС-ның жеңісіне 75 жыл толуына орай мерекелік сыйлықтар табыстап, аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

3.«Нұр Отан» Партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты «Кеңес орталығында» жастарға және облыс тұғындарына мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, базар жастары арасында кіші футболдан, стол теннисінен жарыстар ұйымдастырылды.

4.«Таза тіл» Еріктілер тобының ұйымдастыруымен жыл көлемінде қала орталығында және шет аймақтарда орналасқан жарнамалық тақтайшаларда және кафе, дүкен атауларында кеткен қателіктерді жөндеу мақсатында «ҚР Тіл туралы заңына сәйкес» таратпа материалдар дайындалып ақпараттық-насихаттық топтар құрылып нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

5.Кел. Жастар оқылық! Науқаны аясында қаламызда ірілі ұсақты кітапханалармен    «Кел, жастар оқылық!», «Досыңа кітап сыйла», «Кітап қымбат қазына» атты шаралар ұйымдастырылды.

6.Қызылорда қаласы жастарының «Сыр жастары – жасампаздық жаршысы!» атты форумы өткізілді. Форум аясында Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды. 

«Сәтті қадам» Партиялық жобасы аясында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының меморандум негізінде екі жас тағылымдамадан өтіп жұмысқа орналасты.

«Жастар кадрлық резерві» жобасы аясында «Жас Отан» ЖҚ Жалағаш аудандық бөлімше басшысы  Ерхан Бақбергенұлы Астана қаласында 1 ай мерзімде оқу курсынан өтіп қайтты. 

«Жастар – Отанға!» Партиялық жобасы аясында жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау мақсатында Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай, қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл мерекесіне орай тақырыптық мерекелік 50 ден астам шаралар ұйымдастырылды.

Алматы қаласын «Алтын-Эмель» демалыс-сауықтыру кешенінде өткізілген «Жастар-Отанға!» саяси лагеріне облыс жастарының әртүрлі салалардан құралған 18 жас болып қайтты.

Қайырымдылық шаралары аясында «Жас Отан» ЖҚ-ның базарларда орналасқан «Кеңес орталығы» арқылы Қарағанды облысында орын алған табиғи апат салдарынан зардап шеккен отбасыларға жылы киімдер, гигиеналық заттармен қатар азық-түліктер жиналып, жіберілді. ДЦП диагнозымен ауыратын Теңелбаева Бағжан атты бүлдіршінге  «Мейрімді жүрекпен» Қайырымдылық концерті ұйымдастырылып 200 000 тг көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай «Жыр алыбы Жамбыл» - атты облыстық жас ақындар мүшайрасы ұйымдастырылды.

Құрылған күні: 26-07-2013 11:48
Жаңартылған күні: 03-02-2017 11:36

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика