ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Басқарма: 
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы
Лауазымы: 
Руководитель управления

Сұрақтар

Кунанкараева Жазира Категория Шағын және орта бизнес Дата: 02.05.17

Вопрос:

Сәлеметсізбе! Субсидия дегеніміз не және жас кәсіпкердің несиесі бойынша пайыздық мөлшерлеменің неше пайызы субсидияланады?

Ответ:

Құрметті, Кунанкараева Жазира!
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы 
№168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес:
Субсидиялау - болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде банкке/микроқаржы ұйымына/лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны.
Несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау компоненті – жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. 
Мәселен, өңіріміздегі екінші деңгейлі банктер арқылы жылдық 
19 пайызбен алынған несие қаражатының Бағдарлама шеңберінде 7 пайызы субсидияланатын (қала кәсіпкерлері үшін, экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларға) болса, ауылдық елді-мекендердегі кәсіпкерлері үшін 10 пайызы субсидияланады. Нәтижесінде қала кәсіпкерлері несие қаражаттарын 12 пайызбен өтесе, ауыл кәсіпкерлері 9 пайыз көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізеді. 
Сонымен бірге, мемлекет тарапынан Бағдарлама шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларға 19 пайыздан аспайтын несие қаражатының 10 пайызына өтемақы, яғни субсидия берілетіндігін атап өтемін.
 

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика