ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қаулы № 137 28.09.2016

Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы Жүктеу...200 КБ


МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Мемлекет Басшысы 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржылық ұйымдар туралы» (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының «Микроқаржылық ұйымдардың жұмыстарына  қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңдарына қол қойды.

Заңның 1 бабының 7) тармағына сәйкес, микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Заңның 31 бабының 1) тармағына сәйкес, есептік тіркеу – микроқаржы ұйымын (бұдан әрі - МҚҰ) Заңның 14-бабына сәйкес МҚҰ тізіліміне қосу.

Микроқаржылық ұйымдардың есептік тіркеуден өту қағидасының 2 тармағында және 2012 жылдың 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының бекіткен микроқаржылық ұйымдардың реестрлерін ендіру туралы №386 қаулысында қаралған қосымша құжаттармен бірге бекітілген формадағы өтінішті микроқаржылық ұйымдар есептік тіркеуден өтулері үшін өздерінің орналасқан мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалына ұсынады.

Ұсынылған өтініш он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Аталған мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің филиалы МҚҰ-ын МҚҰ реестріне ендіріп, оны осы шешім туралы хабардар етуі не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруі керек. Есептік тіркеуден өту үшін екінші рет берілген өтінішті қарау мерзімі отыз жұмыс күнін құрайды.

Микрокредиттерді ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметті МҚҰ ретінде заң органдарында тіркелген және Ұлттық Банкіде  есептік тіркеуден өткен  заңды тұлғалар ғана жүзеге асыруға құқылы екенін назарларыңызға ұсынамыз.

МҚҰ есептік тіркеуден өтуі туралы сұрақтар бойынша кеңес алу үшін қызығушылық танытқан тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалына келесі мекенжай бойынша хабарласа алады:

 

Қызылорда қаласы, Б. Асқар көшесі, 30үй (бұрынғы Жахаев атындағы көшесі),  тел 27-70-20


МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Мемлекет Башысы 2012 жылғы 26 қарашада «Микроқаржылық ұйымдар туралы» және «Микроқаржылық ұйымдардың жұмыстарына қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микроқаржылық ұйым – ол коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Микроқаржылық ұйымдардың ресми статусы, оның «Микроқаржылық ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қосымша қызмет түрімен айналысатын және микроқаржы беру бойынша қызметті жүзеге асырады (бұдан әрі - микроқаржылық ұйымдар туралы Заң) және заң органдарында және есептік тіркеуден өтуімен анықталады.

Микроқаржылық ұйымдар туралы Заңның 31 бап 1 тармағына сәйкес, коммерциялық емес микроқаржылық ұйымдардан басқа микроқаржылық ұйымдар ҚР заңдарына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік қайта тіркеуден өтулері керек. Мұндай талаптар сақталмаған жағдайда, мұндай микроқаржылық ұйымдар заңнамаға сәйкес қайта құрылулары, не таратылулары тиіс. Коммерциялық емес микроқаржылық ұйымдар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта құрылуды, не таратылуды жүзеге асырулары қажет. Жұмыс атқарып отырған микроқаржылық ұйымдар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Микроқаржылық ұйымдар туралы Заңның 31 бап 4 тармағында қаралған нормаларды басшылыққа алуға құқылы.

Микроқаржылық ұйымдардың есептік тіркеуден өту қағидасының 2 тармағында және 2012 жылдың 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының бекіткен микроқаржылық ұйымдардың реестрлерін ендіру туралы №386 қаулысында қаралған қосымша құжаттармен бірге бекітілген формадағы өтінішті микроқаржылық ұйымдар есептік тіркеуден өтулері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының орналасқан мекен-жайына ұсынады.

2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк филиалдары толық құжаттар жинағы ұсынылған күннен бастап микроқаржылық ұйымдар есептік тіркеуден өту үшін отыз жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды (2016 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл мерзім он бес күнді құрайды). Аталған мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің филиалы микроқаржылық ұйымды микроқаржылық ұйымдардың реестріне ендіріп, оны осы шешім туралыхабардар етуі, не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруі керек.

Есептік тіркеуден бас тарту болған жағдайда, микроқаржылық ұйым ретінде тіркелген заңды тұлға екінші рет өтініш беруге немесе атауын өзгерту туралы шешім қабылдауға, не қайта құрылуға, я таратылуға құқылы.

Есептік регистрациядан өту үшін екінші рет берілген өтінішті қарау мерзімі отыз жұмыс күнін құрайды.

 

Микроқаржылық ұйымдардың есептік тіркеуден өтуі туралы сұрақтар бойынша кеңес алу үшін қызуғушылық танытқан тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалының қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөліміне келесі мекен-жай бойынша хабарласа алады: Қызылорда қаласы, Б. Асқар көшесі, 30 (бұрынғы Жахаев көшесі), ҚР Ұлттық Банк Қызылорда филиалының ғимараты, №307,308 каб., тел 27-70-20


«Микроқаржы ұйымдарын есепке тіркеу» Жадынамасы

Қазақстан Республикасының «Микроқаржы ұйымдары туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі - МҚҰ) есептік тіркеуін, олардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

МКҰ - коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сонымен, есептік тіркеуден өту МҚҰ-ның ресми мәртебесін алу үшін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға үшін міндетті болып табылады.

МҚҰ есептік тіркеуден өту іс-шарасы 3 кезеңнен тұрады.

1 кезең

1. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу).

2. 30 000 000 (отыз миллион) теңгеден тұратын жарғы капиталының минималды көлемін толықтыру.

                                                                 

2 кезең

МҚҰ несие тарихын құру жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға және оларды пайдалану сәйкестігі туралы уәкілетті органның қорытындысын алу керек.

МҚҰ Филиалға тиісті өтінішін берген кезде Ұлттық Банк (Филиал) филиалы бұл құжатты №105[1] Нұсқаулыққа сәйкес ұсынады.

МҚҰ-ға қойылатын талаптарға МҚҰ-ның сәйкестігі туралы Филиалдың беретін қорытындысын алу үшін техникалық және өзге құжаттарды,  техника үй-жайларын, электрондық-компьютерлік құрылғыларды, байланыс жүйелері мен қорғау құрылғыларын №105 Нұсқаулыққа сәйкес етіп жасау қажет.

 

3 кезең

МҚҰ-ның есептік тіркеуден өтуі Қазақстан Республикасының 26.11.2012 жылғы «Микроқаржы ұйымдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2013 жылғы №1567 қаулысымен бекітілген «Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуі» мемлекеттік қызметінің Стандартына, және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 24.12.2012 жылғы №386 қаулысымен бекітілген микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының реестрін жүргізу Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттар пакеті қызметкөрсетушіге тапсырылған, сонымен қатар порталға қойылған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 30 жұмыс күн



[1]Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасымен 2008 жылғы

18 шілдедегі № 105 қаулысы  бекітілген  «Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулық» 

 

 

Құрылған күні: 12-02-2015 11:37
Жаңартылған күні: 03-01-2018 16:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика