ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

15.01.1938-25.12.1939

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қызылорда  облысы бойынша ұйымдастыру комитеті

Қызылорда қаласы

25.12.1939-02.10.1963

Еңбекшілер депутаттарының Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитеті

Қызылорда қаласы

02.01.1963-31.12.1964

Еңбекшілер депутаттарының Қызылорда облысының ауылдық  Кеңесі атқару комитеті және оның атқару комитеті

Қызылорда қаласы

31.12.1964-07.10.1977

Еңбекшілер депутаттарының Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитеті

Қызылорда қаласы

07.10.1977

Халық депутаттарының Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитеті

Қызылорда қаласы

Р-283

1 тізімдеме

    1938-1986 жж.

    1987-1993 жж.

№283 Халық депутаттарының Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің қорына тарихи анықтама

1938 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысы құрылды. Осы жылы Еңбекшілер депутаттарының облыстық Кеңесі атқару комитеті құқығындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қызылорда  облысы бойынша ұйымдастыру комитеті өзінің қызметін бастады.

1940 жылдың 9 қаңтарында Еңбекшілер депуттарының облыстық Кеңесінің бірінші сессиясының отырысында «Еңбекшілер депутаттарының Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетін» құру туралы қаулы енгізілді.

1940 жылдың 9 қаңтарында облыстық Кеңестің бірінші сессиясы мәжілісінде «атқару комитетінің бөлімдерін құру және меңгерушілерін бекіту» туралы қаулы енгізілді. Қаулы бойынша мынадай бөлімдер құрылды:

1.Жер

2. Қаржы

3. Ішкі сауда

4. Денсаулық сақтау

5. Халыққа білім беру

6. Жергілікті өнеркәсіп

7. Коммуналдық шаруашылық

8. Әлеуметтік қамтамасыз ету

9. Жол

10. Жалпы

11. Автомобил транспорты басқармасы

12. Өнер ісі бойынша басқармасы

13. Жоспарлау комиссиясы

14.Облыстық атқару комитеті жанындағы кадрлар секторы

Кеңестер белгілі бір мерзімге сайланып, өзінің өкілеттілігін тұрақты депутаттар құрамы арқылы жүзеге асырды.

Еңбекшілер депуттарының облыстық Кеңесі облыс еңбекшілерінің жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығы негізінде екі жыл мерзімге сайланды.

Еңбекшілер депутаттарының облыстық Кеңесі өзінің аумағындағы толық билігі бар орган болып табылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыстың көптеген  мәселелерін шешеді. Облыстық Кеңес жергілікті бюджетті орнықтырады, мәдени даму жоспарларын бекітеді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, жергілікті өнеркәсіп, ауылшаруашылығын басқарады, сауда, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

Облыстық Кеңестің маңызды міндеттерінің бірі халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту болып табылады.

Кеңестер өзінің жұмысын сессиялық тәртіпте депутаттардың мерзімдік жиналыстарын шақыру арқылы жүргізеді, онда мемлекеттік маңызды мәселелер шешіледі.

Шаруашылық пен мәдениеттің жекелеген салаларын басшылыққа алу үшін жергілікті Кеңестер облыстықтан аудандыққа дейін атқару комитеттерінің бөлімдері мен басқармаларын құрылған, бөлімдер мен басқармалар атқару комиттерінің құрылымдық бөліктері болып табылады және жергілікті органдардың салалық басқармаларының рөлін орындайды.

Сонымен қатар бөлімдер мен басқармалар одақтық республика көлеміндегі тиісті министрліктердің (1946 жылға дейін Халық комиссариаттары) жергілікті органдары болып табылады, яғни екі жақты бағыныштылық.

Облыстық Кеңес атқару комитетін төрағасы, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері құрамында сайлайды.

Атқару комитеті Еңбекшілер депуттарының облыстық Кеңесінің атқарушы және жүзеге асырушы органы болып табылады және Еңбекшілер депуттарының Облыстық Кеңесінің тиісті шешімдері негізінде облыстың жалпы мәдени-саяси және шаруашылық құрылысын қамтамасыз етеді. 

Қызмет мәселелері бойынша атқару комитеті Кеңес алдында сессия кезінде есеп береді. Атқару комитетінің басқаруына қатысты барлық мәселелер бойынша  шешім шығару тек оның отырысында ған рұқсат етіледі. Атқару комитетінің отырыстарына тұрақты комиссия өкілдері, облыстық Кеңес депуттатары, облыстық Кеңес бөлімдерінің меңгерушілері, мекеме, ұйым және кәсіпорын өкілдері қатысады.

1940 жылдың 17 маусымындағы Еңбекшілер депуттарының облыстық кеңесінің 2-сессиясында бөлімдер мен басқармаларды құру туралы шешім қабылданды.

1. Облыстық су шаруашылығы бөлімі

2. Тамақ өнеркәсібі басқармасы

3. Облыстық орман басқармасы құрылды.

1947 жылдың 18 сәуіріндегі Еңбекшілер депуттарының облыстық кеңесінің 11-сессиясында жер бөлімі мен мал шаруашылығы бөлімі қосылып – облыстық ауылшаруашылығы басқармасы құруға шешім қабылданды.

1954 жылдың 10 мамырындағы №192 шешімімен облыстық атқару комитеті жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеті құрылды.  

1959 жылы ол спорт қоғамдары мен ұйымдары одағының облыстық Кеңесі болып қайта құрылды.

1968 жылы ол облыстық атқару комитеті жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеті болып қайта құрылды. 

Қызылорда облысының орталығы 1938 жылдан бері Қызылорда қаласында орналасқан.

1938 жылы атқару комитеті Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Тереңөзек, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарының Кеңестеріне және Қызылорда қалалық атқару комитетіне басшылық жүргізді.

1939 жылдың 21 қазанындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі атқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша ұйымдастыру комитетінің №56 қаулысымен Жалағаш ауданы құрылды, соған сәйкес осы жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық Кеңесі өзінің жұмысын бастады. 

1962 жылы облыс аудандарын ірілендіру жұмыстары жүргізілді. 1962 жылдың 15 желтоқсанындағы Қазақстан КП өлклік комитетінің телеграфтық нұсқасы бойынша келесі аудандар ірілендірілді: Шиелі ауданына Жаңақорған ауданы,  Сырдария ауданына Тереңөзек ауданы, Қармақшы ауданына Жалағаш ауданы қосылды.  Шиелі ауданының орталығы Шиелі қыстағы, Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек қыстағы, Қармақшы ауданының орталығы Қармақшы қыстағы болды.

1966 жылы Қармақшы ауданындағы Ленинск қыстағы  қала болып өзгертілді. 1966 жылдың 13 қыркүйегіндегі Еңбекшілер депутаттарының Қызылорда облыстық Кеңесінің  шешімімен Ленинск қаласында еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесі атқару комитеті құрылды.

Ауыл шаруашылығын мамандандыру, аудандық бөлімдерді колхоз, совхоз және өзге де шаруашылықтарға жақындату, сондай-ақ тұрғындарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 1964 жылдың соңында облыс аудандарын ірілендіру жүзеге асырылды.

Облыстық атқару комитетінің 1964 жылдың 23 қазанындағы № 322 шешімімен Арал және Жалағаш аудандары құрылды.

1. Арал ауданының орталығы Арал қаласын болып, құрамына Аралсульфат, Сексеуіл қыстақтары мен Бөген, Қамыстыбас, Қасқақұлан, Қаратерең, Құланды, Мергенсай, Райым, Сарбасат, Аманөткел, Ұялы ауылдық Кеңестері мен Қазалы ауданының Октябрь, Сайғанды ауылдық Кеңестері енді.

2. Жалағаш ауданының орталығы Жалағаш қыстағында болып, құрамына Ақсу, Первомай, Калинин, Кар Маркс, Қаракеткен, Амангелді ауылдық Кеңестері мен Сырдария ауданының  Аламесек, Көкжиде, Далакөл ауылдық Кеңестері енді.

Шиелі ауданының бөлінуі есебінен екі дербес аудан құрылды: Шиелі және Жаңақорған.

Жаңақорған ауданының құрамына келесі ауылдық Кеңестер кірді: Бесарық, Келінтөбе, Ақүйік, Жайылма, Төменарық.

1966 жылыдң 22 қарашасында Қызылорда облыстық Кеңесі комитеті бюросы мен Еңбекшілер депутаттарының облыстық Кеңесі атқару комитетінің біріккен отырысында №21/343 шешімдерімен Сырдария, ішінара Жалағаш және Шиелі аудандандарын бөлу есебінен жаңа Тереңөзек ауданы құрылды.   Тереңөзек ауданының орталығы Тереңөзек қыстағында, ал Сырдария ауданының орталығы Тасбөгет қаласында орналасты.

Сырдария ауданының құрамына мынадай ауылдық Кеңестер енді: Первомайск, Сұлутөбе, Жетікөл, Киров, Октябрь, Интернационал, Қызылжарма, және Шиелі ауданының Тартоғай ауылдық Кеңестері және Тасбөгет қыстақтық Кеңесі.

Тереңөзек ауданының құрамына келесі ауылдық Кеңестер енді: Бесөзек, Далакөл, Іңкәрдария, Құндызды, Тереңөзек, Шаған, Шіркейлі және Тереңөзек қыстақтық Кеңестері.

Соңғы жылдары облыстық атқару комитеті партия мен үкіметтің шешімдерін өмірге енгізуде  Кеңестердің рөлін жоғарылату бойынша бірқатар бұқаралық- ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Еңбекшілер депуттарының облыстық Кеңесі өзінің күнделікті қызметінде кеңес демократиясының қатаң қағидаттарын ұстанады. Барлық жергілікті Кеңестер сессияларды конституциялық мерзімге шақырады. Өткізілген сессиялардың идеялық-саяси деңгейі жоғарылап, онда облыс өмірінің маңызды мәселелері қаралады.

Құрылған күні: 30-06-2015 10:17
Жаңартылған күні: 04-05-2017 15:01

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика