ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

Облыс әкімінің орынбасары  Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды, жаңа Әдеп кодексін қолдануға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған семинар-кеңес өтті. 
Қуанышбек Досмайылұлы кеңеске қатысып отырған облыстық басқармалар мен департамент басшыларына шараның мақсаты жайлы айтып өтті. Мұнан соң облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жазира Жылқышиева мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтармен таныстырды. Ол өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу бойынша департаменттің жұмысына, Әдеп жөніндегі кеңес қызметіне, қолданыстағы заңдардың бұзушылығын жасаған бірінші басшылардың жауапкершілігіне кеңінен тоқталды. Ал «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін бағалау жүйесі бойынша Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев түсіндірме жасады. 
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша департамент жүргізген бағалау мен бақылау нәтижелерін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Талғат Нұртаев таныс-тырды. Басқарма басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін орындаудағы бұзушылықтар жайлы деректерді келтіріп, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жасалынған ішкі бақылауға ерекше тоқталып кетті.

Семинар-кеңес соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға тиісті жауаптарын алды. 

«БОЛАШАҚҚА» ҮМІТКЕР БОЛ

Әкімдік ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығыметовтың қатысуымен халықаралық «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау науқанының басталуына орай селекторлық жиын өтті. Шарада алдымен Рауан Кенжеханұлы сөз сөйлеп, «Болашақ» бағдарламасының маңыздылығын тілге тиек етті. Сонан соң, астаналық мейман Ғани Нығыметов стипендиат атанудың талаптарына тоқталып, биылғы өзгерістерді санамалап айтып берді.   
Шетелдің маңдайалды оқу орындарында білім алуды екінің бірі армандайды. 1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы осынау арманның орындалуына үлес қосып келеді. Бүгінгі күнге дейін бағдарлама шеңберінде 12 мыңға жуық стипендиат иегері атанған. Олардың 9 мыңы оқуын бітіріп, елімізде қызмет етіп жатыр.
–Қазақстанның жоғары білімді азаматтары стипендиат атануға құқылы. Жасқа шектеу қойылмайды. Магистратураны 1-2 жыл көлемінде, докторантураны 4-5 жыл оқиды. Ал, тағылымдамадан өту мерзімінің ұзақтығы 12 айға дейін. Конкурс 5 турдан тұрады. Алғашқы кезеңде шет тілін білудің деңгейі анықталады. Содан кейін, қазақ тілінен сынақ тапсырады. Үшінші турда шетелде оқу және тұру қабілеттеріне психологиялық диагностика жүргізіледі. Төртінші – Ата заңды, ел тарихын, үміткердің кәсіби даярлық деңгейі анықталады. Соңынан барып, барлық турлар қорытындылары негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау не одан бас тарту туралы соңғы шешім қабылданады. Ал, өз бетімен шетелдік оқу орындарымен байланысып, оқуға шақырту алғандар құжаттарын бізге өткізіп, бағдарлама шеңберінде оқи алады,  - деді Ғани Нығыметов жиын барысында.
Сондай-ақ, ол бағдарламаға қатысуға жүрексінудің қажеті жоқтығын жеткізді. Шет тілінен IELTS бойынша бестік балл жинау жеткілікті. Одан әрі тіл жетілдіру курстары тегін ұйымдастырылады. Барлық талаптардан өтсеңіз, әлемнің 22 елі бойынша 170 оқу орнының бірінде білім жетілдіруге мүмкіндік аласыз. Ең бастысы, үміткер қалтасынан ешқандай қаржы жұмсамайды. Визалық шығын, бару-келу ақылары мемлекеттің мойнында. Шәкіртақы жөніне келсек, мәселен, Лондонда оқитындарға ай сайын 2200 АҚШ доллары беріледі. Бұл ақшаны қалай жұмсайсыз, өз еркіңізде. 
–Тағылымдамадан өтем деушілердің талаптары өзгеше. Айталық, дәрігерлер шет тілін білмесе де, Оңтүстік Кореяда, Израильде, Германияда тағылымдамадан өтуіне болады. Биыл 700 стипендия бөлініп отыр. Бұл мақсатта, сондай-ақ, сыртта оқып жатқан 1 500 студент үшін 22 млрд теңге қаржы бөлініп отыр, - дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығыметов». 
«Болашақтың» биылғы басты жаңалығы – «Магистр дәрежесін алуға инженерлі-техникалық қызметкерлер» жаңа санаты енгізілген. Бұл санат бойынша өндірістік секторда кем дегенде екі жылдық қызмет тәжірибесі бар мамандар үміткер бола алады. Жалпы, қай мамандыққа болмасын, құжат тапсыру үшін кемінде екі жыл қызмет өтілі болуы міндетті.
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелде білім алған сырбойылықтар көрсеткіші өте төмен. Бағдарлама басталғалы бері 69 жерлесіміз стипендиат атанған. Қазіргі таңда оқып жатқандарының саны – 20.
–Стипендиаттардың 70-80 пайызы Алматы, Астана қалаларынан. Өзге аймақтардың белсенділігі өте төмен. Сондықтан, Сыр өңірі азаматтарының биылғы конкурсқа жоғары дәрежеде қатысуын сұраймыз, - деді Ғани Сақтағанұлы.
Ең бастысы – шетелде оқу мүмкіндігіне қол жеткізгендер оқуды бітірген соң елге келіп, кемінде 5 жыл қызмет етуі тиіс. Соған байланысты үміткерден кепілге жылжымайтын мүлік қою сұралады. Әрине, қойылатын мүлік құны оқу ақысымен тең болуы міндетті емес.
Конкурсқа құжат қабылдау 11 сәуірде басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Толық мағлұмат пен байланыс ақпараттарын бағдарламаның веб-сайтынан біле аласыздар.

Мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастыру
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген.
Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Сондықтан бедел азаматтардың мемлекеттік органдарға қатысты мінез-құлқын едәуір негіздей отырып, қоғамның мемлекеттік қызметті және оны реформалау бағдарламасын қолдау деңгейін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру аталған әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуінің және дамуының, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметі мен мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттырудың негізгі шарты болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда.
Бедел, яғни имидж (ағылшын тілінің image сөзінен) – тұлғалардың белгілі бір тобына эмоционалды-психологиялық ықпал етуге бейімделген мақсатты қалыптастырылатын бейне, образ (тұлға, ұйым, құбылыс бейнесі).
Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс.
Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген.
Сонымен, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қояды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшінің өзі жоғары моралдік жауапкершілік, кәсіптік білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция, патриоттық сезім сияқты қасиеттерге ие болып, мемлекеттік қызметшінің моралдік бейнесі болуы тиіс.
Тәртіптік теріс қылық жасағаны, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге мынадай жазалаулар: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту, атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн. 
Мемлекеттік қызметшілердің 8 этикалық нормалары.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың  2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен.
Мемлекеттік қызметші мынадай этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек. 2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттік игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
5. Кез келген орында, кез келген лауазымда, қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.
8. Егер мемлекеттік мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
 
Мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы беделі және рөлі
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген. Әлемдік өркениетте мемлекет ұғымы қоғам өмірінің төрінен ойып тұрып орын алады. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты үшін мемлекеттік қызмет беделін қалыптастыру және нығайту, мемлекеттік жүйені дамыту басым бағыттар болып табылады. Өзінің тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси даму жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Еліміз үшін алдағы орында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын қалыптастыру ісінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі негізгі рөлді атқарады. Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік қызметкердің бойынан табылуға тиіс мінез-құлқының, адамгершілігінің, абыройының негізгі белгілерін атап өткен.  Бұл құндылықтар - жоғары моралдік жауапкершілік, кәсіптік білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және патриот болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыру идеологиялық, саяси әрі мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарым-қатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қояды».  Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты алатын үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен жүріп-тұру ұстанымдары барлығына мәлім. Оның абыройы – мемлекеттік билік абыройының бір бөлігі. Халық нақты бір мемлекеттік қызметшінің және биліктің барлық тармағындағы мемлекеттік орган басшыларының жұмысын бағалай отырып, мемлекеттік билікке жалпылай баға береді. Бұдан мемлекеттік қызметшілерге қандай үлкен жауапкершілік артылғанын аңғаруға болады. Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар, адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметке үміткер өз халқының алдындағы асқан жауапкершілікті сезіне отырып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруы қажет. Мемлекеттік қызметші өз өкілеттігімен, билігімен дұрыс қолдана білуі әрі әділ болуы керек. Ол мемлекеттік қызметте өз игілігі үшін емес, елінің береке-бірлігі үшін жұмыс істеуі, өз қалтасын мемлекеттік қаражатпен шатастырмауы, олардың аражігін ажырата білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің өмір салты заң талаптарына толық сәйкес болуы шарт. Қандай да бір лауазымда болмасын, кез келген жағдайда, мемлекеттік қызметші өз елінің азаматтары мен халқының сенімінен айырылмай жұмыс істеуі керек.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі, ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Құрылған күні: 12-10-2012 23:16
Жаңартылған күні: 12-05-2016 08:07

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика