ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Басқарма: 
Қызылорда облысының білім басқармасы

Сұрақтар

Беттер

Өтепберген Ақан Категория Бiлiм Дата: 13.06.19

Вопрос:

Мен, жеке кәсіпкер «Ақан» Өтепберген Ақан Едігеұлы әлеуетті өнім беруші ретінде Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының білім бөлімі» КММ-іне қарасты №268 мектеп-лицей жанынан жазғы күндізгі лагерьде тынығатын отбасында аз қамтылған 30 балаға, 3 мезгіл тамақтандыруға, күндік норма 1 балаға 267,85 теңге,80 357 теңгеге, келісім шарт №376 22.05.2019 жылы отырдым және бір ескеретіні, төменде баяндалатын жағыдай жылда қайталануда. Енді, келісім шартты қолға алғаннан кейін Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан санитарлық қорытынды алуға және лабораториясымен өндірістік бақылауға шартқа отыруға тиіспін, олар өз кезегінде өздерінің тарифтерімен есептеп, өндірістік бақылауға бір айда екі реттен, неге екі рет, түсініксіз, Шарт №1398 24 мамыр 2019 жылмен 37 980 теңге алатын болды да, санитарлық қорытындыға 45 000 теңгеге есеп ұсынып отыр, яғни екеуіне 83 000 теңге қаражат керек екен, осымен ақ, екеуінің алатын сомасы бөлінген қаражаттан асып кетіп отыр. Енді менің осы қызметті абыроймен атқарып шығу үшін жұмсайтын шығынымды жобамен есептеп көрдім және калкульяцияға салдым. Менің есебім бойынша бір балаға ең кемі күндік норма 367 теңгеден жоғарғысы 500 теңге аралығында болғанда- 120 000 теңге қаражат қаралуға тиіс және жоғарыда аталған санитарлық қорытынды және лагерге дайындық жұмыстары мектеп басшылығының жұмысы болуға тиіс те, (бұл қызметтер ақысыз, мемлекеттік мекемелер үшін тегін), өйткені бала сол мектептікі, ал мен өзіме тиесілі қызметті атқаруым керек. Ал, іс жүзінде білім бөлімі мен мектеп басшылығы көрсеткіш қуып, осыншама бала жазда тынығу лагерінде дем алды,- деп жоғарыға есеп беріп, ал балалардың ыстық тамаққа тиісті қаражаты өз дәрежесінде бөлінді ма, бала күн ұзаққа осы бөлінген қаражатқа тойып тамақ жей ма, болмаса неге аш құрсақ жүруге тиіс,- деген сұраққа бастары ауырмайтын сияқты.Осыған қоса ақылы негізде мектепте 25 бала тынығу керек және әр бала тамаққа күніне 300 теңгеден артық төлемеуге тиіс деген нұсқау берілген, одан асса балалар келмей қалады- мыс? Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ, 17-бап. Отандық тауар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау 1. Мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады. 91-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұғымы Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені түсініледі. 93-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері 1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды: 1) қаржылық және мүліктік қолдау; 2) инфрақұрылымдық қолдау; Яғни, мемлекеттік органдар тарапынан менің жұмысыма кедергі келтірілмей, қызмет жасауыма жан-жақты жағдай жасалуы тиіс. 3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, 48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау, 5 тармақ. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі. 6 тармақ. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі,- делінген. Жоғарыда келтірілген негізде сұраймын: 1.Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының білім бөлімі» КММ-не қарасты мектептер жанынан ұйымдастырылған жазғы тынығу лагерінің ыстық тамаққа қаралған қаражатын қайта қарауды. 2.Менің осы ыстық тамақпен қамтамасыз ету барысында туындаған проблемаларды, яғни, СЭС тарапынан қойылып жатқан талаптарды шешуді.

Ответ:

Сіздің облыстық білім басқармасы басшысы М.Мелдебекованың веб-порталына жолдаған өтінішіңіз бойынша келесіні мәлімдейді.  
Қызылорда қалалық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес №268 мектеп жанындағы күндізгі лагерде тынығатын балаларға 1 күндік норма 1 балаға 267,85 теңге құрайды, 30 балаға 10 күнге 80 355 теңге негізінде, 2019 жыл 22 мамырдағы №376 келісім шартқа отырып жұмыс жасауға келісім бергенсіз. 
Ал, мектеп жанындағы күндізгі лагерге қатысты тәрбиеленушілерді тамақтандыруды ұйымдастыруға қосымша қаржы бөлінбеген.
Дегенмен, бұл мәселені шешу үшін қалалық білім бөлім тарапынан ұсыныстар берілген.  
Өндірістік бақылауға байланысты, Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жауабына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 17 қарашадағы «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» №836 бұйрығы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, ұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану және сауда объектілері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге жатады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (Бұдан әрі-Кодекс) 21-1 бабының 2 тармағына сәйкес, Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді пайдалануға тыйым салынады. Кодекстің 90 бабы 4 тармағы 4 тармақшасымен Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті екендігі көрсетілген. 
Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан санитариялық-эпидемиологиялық қорытыныды беру-мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Ал, өндірістік бақылауға шартқа отыру, жүргізу және оның тарифтерін белгілеу Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың құзіретіне жатпайтындығын хабарлаған. 
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес жоғары органға шағымдану құқыңыз бар екендігі түсіндіріледі.
 

Байжанов Еркін Категория Жалпы мәселелер Дата: 24.05.19

Вопрос:

Сәлеметсіздерме білім басқармасының өкілетті мүшелері Сіздерге қояр сұрағым төмендегідей қойылмақ. Сіздердің тараптарыңыздан Мектеп Коледж және тағы басқа оқу орындарында баланың біліміне емес Ата Анасының мансабы мен ақшасына қарап баға қоюды және дипломдарды сатуды қашан тоқтатасыздар? Келешек ұрпақ кімге қандай білім бере алады? Егер өзі педколеджде оқып жүріп зачёткасына 4-5 қойдыртып жүрсе, білімі оның үштен аспасада байдың баласы сөйлесін демекші. Егер сіздер ұлттың болашағын ойлап жүрген болсаңыздар онда осы мәселе Елімізде мәңгүрт топастарды емес ақшасы жоқ бірақ алғыр балаларға көмек берсе болмайма? Мен сіздерге ақиқатты айтайын өткен алимпиада Математика Физикадан бірінші орын алған қыз өз білімімен алдыма жоқ әлде мұғалімі шығарып бердіма? Әрине сіздер педагокті қорғайсыздар ал ақиқатында ол қыз алдымен суретке түсіріп мұғаліміне жіберді Мұғалімі дайындап қойған соң әлгі қыз ағай далаға шығып келиінші деп кетіп шпаргалкамен келіп көшіріп алды. Ал менің жиенім өз басымен алғырлығымен білімділігімен 3 орын алды. Себебі Апамныңда Жездемніңде беретін Ақшалары жоқ.Осындай балалар саны өте көп олар еленби қалуда ал Еліміздің болашағыда Келешегіде осындай ұл қыздаоымыздың еншісінде екенін ескере тұра. Сіздерден өтініп сұрарым Елімізді Жерімізді Келешегімізді қор қылатын бала емес. Мәртебесін көтеретін балаларға көмек беріп соларды көтермелесек деген ұсыныс. Әрине ол үшін Педсовет болған кезде осы мәселені түпкі тамырынан айту керек деп есептим. Рахмет.

Ответ:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 2018 жылғы 6-7 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінің базасында, облыстық кезең 2019 жылғы 4-5 қаңтар күндері №264 мектеп-лицей базасында өткізілді. Олимпиада өтетін күндері байланыс тұншықтырғыш құралдары қолданылып, мектептер бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерге қатысы жоқ қызметкерлерден кезекшілік ұйымдастырылады. Олимпиада өтетін мектепке ұйымдастырушылардан басқа адамдарға кіруге рұқсат етілмейді.
Олимпиадалар мен конкурстар өткізілу барысында заңсыз әрекеттерге жол берілу фактілері туралы ақпаратты дереу 8(7242)605452 телефонына хабарлауыңызды сұрайды. 
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес жоғары органға шағымдануға құқыңыз бар екендігін назарыңызға салады.
 

Бейсбаева Айгуль Категория Бiлiм Дата: 20.05.19

Вопрос:

Аттестациядан өтетін мұғалім портфолиосын мектебіндегі аттестация комиссиясының алдында қорғауы қаншалықты заңды? Тесттен әлі өткен жоқпыз. Портфолиоларыңды қорғайсыңдар деп жатыр. Ал тесттен кейін ше. Қорғауға міндеттіміз бе?

Ответ:

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының 2-параграфына сәйкес төменде көрсетілген тармақтарында көрсетілген.
Олар:  23-тармағы. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін аттестатталушы адамдар (бұдан әрі–аттестатталушы адамдар) кезекті және мерзімінен бұрын аттестатталатындар болып бөлінеді. 
Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адамдарды кезекті аттестаттау екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеуі; 2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
Осы ретте, Аттестатталушы адамдар аттестаттаудан өту (кезекті және мерзімінен бұрын) үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына 20 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында немесе ағымдағы жылғы 1-15 тамыз аралығында Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
24-тармағына сәйкес: Аттестатталушы адамдардың тізімдік құрамы білім беру ұйымының алқалық органының шешімімен бекітіледі.
25-тармағына сәйкес: Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестатталушы адам кезекті аттестаттау өтініш негізінде (оның ішінде қазіргі санатының мерзімі аяқталғанға дейін) жүргізіледі.
27-тармағына сәйкес: Ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысуға өтініштер қабылдауды тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссия жүргізеді, ол біліктілік талаптарына сай болған жағдайда өтініштерді ұлттық біліктілік тестілеуін өткізетін ұйымға жолдайды.
Өтініштерді қабылдау мерзімдері: күнтізбелік жылғы 10 наурыз бен 2 мамырға аралығы, 10 тамыз бен 6 қыркүйек аралығы.
35-тармағына сәйкес Бірінші ұлттық біліктілік тестілеуінің мерзімі – күнтізбелік жылғы 26 мамырдан бастап 5 маусым аралығында, екіншісі 1-10 қараша аралығында өткізіледі. 
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге құқылы екендігіңізді түсіндіреміз. 
 

Қабылдина Анар Категория Жалпы мәселелер Дата: 27.02.19

Вопрос:

Мен М.Маметова атын пед колледж студентімін. Стипендиямызды январьдың кеш берді, оның үстіне сабақ уақытысында көк шаң ремонт, біз декабрьде каникульга кететін кезде басталған. Көк шаңда оқудамыз. Осыны ата-анама айтсам дұрыс кмес дейді. Сіз қалай ойлайсыз. Аты жөнәмді жасырдфм. Қорқам

Ответ:

Сұрағыңызға сәйкес мән-жайларды анықтау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Колледжде жалпы білім алушылардың шәкіртақылары әр айдың 20-23 күндері аралығында төленіп келген.
2019 жылғы қаңтар айында берілетін шәкіртақының кешіктіріліп берілуіне І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жүргізілген сессия емтихандарының әрбір топта түрлі уақыттарда болуы себеп болған. Сол себепті қаңтар айында берілетін шәкіртақы кешіктіріліп, ақпан айының 12 күні берілсе, ал ақпан айының шәкіртақысы 22 күні берілген.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында колледж мамандықтары аккредитациядан өтетіндіктен, оқу бөлмелерін жаңа лабораториялық қондырғылармен жабдықтау жоспарланған.
Колледждің бітіруші курстарының 400 студенті бүгінгі таңда практикада екендігі белгілі болды. Осыған орай, 2019 жылғы 18-25 ақпан аралығында оқу ғимаратының 3 қабаттағы 3 оқу бөлмесін жөндеуден өткізу қолға алған.
Дегенмен, колледж басшылығына жөндеу жұмыстарының оқу-тәрбие үдерісіне кедергі келтірмеуі, оқу ғимаратының санитарлық жағдайы білім алушыларды алаңдатпауы қажет екендігі басшылыққа қатаң ескертілді.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Сіздің жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе тікелей сотқа шағымдануға құқығыңыздың бар екендігін қаперіңізге саламыз.
 

Бекжанов Мурат Категория Бiлiм Дата: 20.02.19

Вопрос:

Сәлеметсіз бе, мектептерде ұйымдастырылптын олимпиадалардың ақылы болуы қаншалықты заңды?

Турсумбекова Аккайша Категория Бiлiм Дата: 05.02.19

Вопрос:

Қармақшы ауданы 185 мектептің 9-сынып оқушысы Акишева Қарлығаш химиядан Дарын орт ұйымдастырған обл ғылыми жобадан 3орын алып,республикалық ғылыми жобаға іріктеу тестінен82 бал алып, республикалық жарысқа барады деп,хабарлады 15күн бұрын,ол оқушы дайын болды. Бүгін 28'01'ауд білім бөлімінен оқушыны бармайтын болды деген хабар келген. Неліктен оқушы 15 күннен соң бармайтын болды, соған жауап берсе Қызылорда обл Дарын директоры Акишева Қарлығаш Дауылбаевна Бұл жерде сыбайластықтың иісі шықпай ма шешіп берсеңіздер осы мәселені, Жауабын берсеңіздер Болмаса министр сайтына шығуға тура келедіf

Ответ:

«2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №488 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 2018 жылғы 4 желтоқсан күні №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты базасында өткізіліп, Қармақшы ауданы, №185 орта мектептің 9 сынып оқушысы Әбиева Жаннұр химия секциясы бойынша ІІІ орынды иеленді. 
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес қорытынды кезең (республикалық) 2 турдан өткізіледі. Бірінші туры – іріктеу кезеңі (жаратылыстану-математикалық бағыттағы сециялар бойынша тестілеу турында шекті балл жинаған оқушылар жұмыстарын алдын-ала сараптау). Екінші туры – жобаны қорғау (жоба қорғауға Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жанынан құрылған комиссия шешімімен сараптамадан өткен жобалар тізімі бойынша жіберіледі).
2018 жылғы 14 желтоқсан күні М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі базасында өткен қашықтық турда Әбиева Жаннұр химия секциясы бойынша тестте 62 балл жинап, І турға (жобаны алдын ала сараптау) республикаға жіберілді. Алайда республикалық комиссияның шешіміне сәйкес Әбиева Жаннұр республикалық кезеңнің екінші турына жобаны қорғауға жіберілмеген. 
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес жоғары органға шағымдануға құқыңыз бар екендігін назарыңызға салады.
 

Амангелдиева Аружан Дата: 12.01.19

Вопрос:

Мен - Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысымын. "Қазіргі әлемдегі Қазақстан" пәнінен курстық жұмыс бойынша сізден сұхбат алғым келіп еді. Сұхбат барысында қозғалатын мәселелер қатарында жаңартылған білім беру жүйесінің қалада қаншалықты жүзеге асып жатқандығы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, білім реформаларының дамыған мемлекеттермен бәсекеге түсуге берер мүмкіндігі талқыланады.

Ответ:

1. Қызылорда облыстық білім басқарамасы Сіздің 2018 жылдың 16 желтоқсандағы хатыңызға сәйкес, «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» курстық жұмыс бойынша сұхбат алуға басқарма басшысы М.Т.Мелдебекованың кезекті еңбек демалыста болуына байланысты жазбаша түрде  ақпаратты қосымшаға сәйкес жолдайды. Қосымша ақпараттар қажеттілігі туындаған жағдайда облыстық оқу орталығының «Жалпы орта білім беру» бөлімінің меңгерушісі Г.Смагуловаға (87013294900) байланысуға болатындығын хабарлайды. 
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес жоғары органға шағымдану құқығыңыз бар екендігі түсіндіріледі.
 
2. Бүгінгі күні білім беру мен оқыту технологиясы мазмұнында түбегейлі өзгерістер болуда. Білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылып келеді.
Заман талабына сай оқушы бойында сындарлы ойлау және АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, әр түрлі зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін АКТ пәні енгізілсе, бастауышта зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыратын және өмір сүретін әлем туралы  «жаратылыстану» пәні енгізілді.
Бағалау жүйесі де критериялық бағалау жүйесіне өтіп, бұл бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенуде.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенуде. Мұғалімдеріміздің білімін жетілдіру және тәжірибе алмасу бағытында облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен қалада көптеген семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен кәсіби байқаулар өтіп келеді.
Педагогтердің білігі мен білімін арттыру бүгінгі күннің талабы. Бұл бағытта жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша 2017 жылы барлығы - 1432 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өткізілсе, 2018 жылы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге дейін барлығы 1545 педагог біліктілік курстарынан өткізілді.
Сонымен бірге, Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша 2012 – 2017 жылдар аралығында «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен Кембридж университетінің бірлесіп жасаған бағдарламасы аясында барлығы 961  мұғалім және 46 мектеп директорлары біліктілік арттыру курсынан өткізіліп жұмыс жасайды.
Расында, заманауи үрдістер мен қарқынды сұраныстар қалыптасқан кезеңде, бұл жаңа қоғамның талабы.
Соның әсерінен бүгінде, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтермен» алмасу, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді инновациялық салалар жедел дамуда.
Өз кезегінде, заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерді видеоқұрылғылармен жабдықтау негізгі басымдыққа айналды.
Бұл бағытта қол жеткен жетістіктеріміз де жоқ емес.
Мысалы, бүгіннің өзінде Қызылорда қаласы бойынша 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне енгізілді.
Білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу бағдарламасы бойынша қаладағы барлық мектептер 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Қала мектептерінің компьютермен жабдықталуы 100 пайыз, интернет желісіне қолжетімділік 100 пайыз болып, электронды күнделік жүйесіне қосылу көрсеткіші 100 пайызды құрады.
Биылғы жылы білім беру ұйымдары жаңа үлгідегі 11 физика, 11 химия, 8 биология жәнеи 23 робототехника кабинеттерімен жабдықталса, «Күнделік» электронды журналдарына кедергісіз қосылу үшін 583 планшет, 204 дана Wi-fi модем, роутер, 80 жиынтық компьютерлер алынып берілді.
Сонымен бірге, білім беру ұйымдары «3D лаборторияларымен» және 2 цифрлы білім беру кабинеттерімен жабдықталды.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап, мемлекет тарапынан ұрпақ тәрбиесін басты мақсат тұтқан ұстаздар қауымының әлеуметтік жағдайын, біліктілігін арттыру және жан-жақты жағдай жасау мақсатында түрлі шаралар қабылданып келеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім мазмұны бойынша 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін 4 мыңнан астам мұғалімнің айлық жалақысы 30 пайызға көбейсе, биылғы оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарға сабақ беретін 1545 мұғалімнің жалақысы 30 пайызға артты.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап педагог кадрларды аттестациялаудың жаңа жүйесі енгізіліп, нәтижесінде 240 - педагог-модератор, 157-педагог-сарапшы, 103-педагог-зерттеуші біліктілік санаттарын растады. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап біліктілік санаттары үшін мұғалімдердің лауазымдық жалақысына қосымша 30%-дан 50%-ға дейін үстемақы төленуде.
Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы - білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда.
Елбасының білім беру жүйесіне үнемі назары, жүздеген мың мұғалімдеріміздің күнделікті зор шығармашылық еңбегінің арқасында білім беру жүйесі біз 27 жыл бұрын армандай алмаған нәтижелерге қол жеткізді. Біздің оқушыларымыз халықаралық пән олимпиадалары мен конкурстарда алтын медальдар жеңіп алып жатыр.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру және дамыған мемлекеттермен бәсекеге түсуге мүмкіндік берер стратегиясының алғышарттары мен негізгі бағыттарының бірі-халықаралық деңгейдегі зерттеулерге қатысу.
Сондай Халықаралық зерттеулердің бірі - TIMSS-2015 зерттеуінде біздің оқушыларымыз халықаралық орташа көрсеткіштен және АҚШ, Англия, Германия, Канада, Австралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және басқа мемлекеттердегі қатарластарының көрсеткіштерінен жоғары болған әсерлі нәтижелер көрсетті. Оның ішінде Қызылорда облысының 4 сынып оқушылары, жалпы рейтинг бойынша 5 алдыңғы қатардағы  елдерден озатын және сәйкес келетін жетістіктер көрсетіп отыр. 
Қызылорда қаласының (№7, №217, №233, №176 орта мектептері мен №23 мектеп- лицей) орыс тілінде оқытылатын 8 сынып оқушылары мемлекет бойынша ең жоғары нәтиже және әлемдік рейтингтің көшбасшысы Сингапурдың орташа ұпайынан жоғары (621 және 597) нәтиже көрсетті.
2017-2018 оқу жылында Қызылорда қаласы бойынша зерттеулерге қатысқан білім беру ұйымдарының нәтижесі келесі жылы мамыр айында жарияланатын болады. 
Осындай игілікті істердің шарапатын көрген ұстаздарымыз да білім саласының дамыту жолында аянбай еңбек етуде.
 
 

Срымбетова Алтыншаш Категория Әлеуметтiк қамсыздандыру Дата: 27.11.18

Вопрос:

Құрметті Майра Турганбаевна! Менің әпкем Срымбетова Гульдары Шамшадиновна, 11 қараша 1963 жылы туылған. 1981- 1990 жылдың ақпанына дейінгі аралықта Қызылода қаласындағы №16 Балдырған бала бақшасында бала күтуші, бала тәрбиелеуші болып жұмыс жасаған. Қазіргі кезде Байқоңыр қаласында тұруына байланысты, Ресей заңнамасына сәйкес, зейнеткерлікке шығу үшін оның бұрынғы жұмыс орындарынан мұрағаттық анықтамалар жинау бойынша қиындықтар туындап отыр. Жоғарыда аталған бала бақшада жұмыс жасаған уақытына қалалық мұрағаттан толық мәлімет табылмай отыр. Себебі Қызылорда қалалық архивінің мәліметіне сәйкес, Қызылорда қалалық білім басқармасы мұрағатқа құжаттарды толық өткізілмегендігі көрсетілген. Атап айтқанда, №16 Балдырған бала бақшасының 1981-1984 жылдарға жеке құрам бойынша бұйрықтары, 1981 жылға түгел імен және 1983 жылдың шілде айынан желтоқсан айы аралығында, 1984 жылдың қаңтар айынан шілде айы аралығындағы, 1987 мен 1988 жылдарға толығымен дербес шоттары (лицевые счета) және 1984-1989 жылдарға жеке құрам бойынша бұйрықтары мұрағатқа түспеген. Осы хат негізінде, әпкемнің бала тәрбиелеуге арнаған асыл уақыттары есептелмей, бүгінгі күні адал атқарған еңбегінің зейнетін көруге мүмкіндік берілмей жатыр. Мұрағатқа өткен әрбір құжаттын артында адам тағдыры тұр емес пе?! Ведомстволық мұрағатта неге мұндай олқылықтар орын алып жатырғанын тексеріп, Сізден өтінішімді сөзбүйдаға салмай, әпкемнің барлық жұмыс өтілдері бойынша құжаттардың түбін табуға, қайтадан мұрағатқа сілтемей (себебі мұрағат ресми турде жауап берген) көмектесуіңізге өтінішімді білдіремін! Білім басқармасы мұрағатынан қалалық мұрағатқа аталған жылдар бойынша өткізілген құжаттардың описьтерінен үзінді не әпкеме қатысты дербес шоттар туралы толық мәлімет беруіңізді сұраймын. Алдын ала РАХМЕТ!

Ответ:

Қызылорда облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, Сіздің 2018 жылдың 22 қарашада веб-порталға жазған өтінішіңіз Қалалық білім бөліміне жолданғандығын хабарлайды. 
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе тікелей сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екендігін түсіндіреміз.
 

Ибрагимова Жазира Категория Бiлiм Дата: 14.08.18

Вопрос:

Майра Тұрғанбайқызы сәлеметсізбе? Сізге қояр сұрағым: Осы 2018ж 1 қараша күні қызым 6 жасқа толады. Оқу орталығында 0 сынып оқыттым. Енді министрліктің бұйрығы бойынша сайттарда жыл соңына дейін 6 жасқа толатындар 1 сыныпқа қабылданады деп жазылған және де тұрғылықты мекен жайы туралы анықтама сұралмайды деп жазылған. Ал мектеп мұғалімдері 31 тамызға дейін 6 жасқа толғандарды ғана аламыз деп отыр,Сонда мен қызымды қайтадан 0 смыныпқа беруім керек пе? Оқып,жазып,есеп шығарып отырған баланы қайта берсем не болады сонда?Өзгертілген министрліктің бұйрығы қайда жазылған? әлде бұл тек Қызылорданың өзгертілген бұйрығы ма?

Ответ:

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19  қаңтардағы №127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысына сәйкес ағымдағы жылы бірінші сыныпқа қабылдау 6 және 7 жастан жүргізіледі (ата-ананың қалауы бойынша). Сондай-ақ ата-аналардың өтінішіне сәйкес бірінші сыныпқа күнтізбелік жылдың аяғына дейін толық 6 жасқа толған балалар қабылдануы керек.
Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
4) 3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.
Мектеп әкімшілігі ата-аналардан бұдан басқа құжаттарды талап етуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, егерде берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары органға шағымдану құқыңыз бар екендігі түсіндіріледі.
 

Жанұзақова фарида Категория Жалпы мәселелер Дата: 09.11.17

Вопрос:

Біз Жөлек ауылының тұрғынымыз.Ауылымызың яғни №152 қазақ орта мектебінде Мырзабаев Қанат Азаматханұлы деген Дене тәрбиесінен сабақ беретін мұғалім қызмет етеді.Осы мұғалім биылғы жылдың қараша айында мас күйінде Авангард ауылынан әпкесіне қонаққа келген Бақытжан есімді азаматты соққыға жығып, тепкілеп әлгі азамат бас жарақатын алып Шиелі аудандық емханасына жатқан. Миы шайқалған т.б жарақаттар алған.Ал Мырзабаева Қанат бұрында бұдан үш төрт жыл бұрын мас күінде ауылдың бір азаматына пышақ сұққан болатын. Кезінде ол нәрсе жылы жабылып қалған болатын.Біздің айтайын дегеніміз осындай мұғалімдікке жат әрекеттер жасап жүрген жігіт мұғалім деген атаққа лайық па?Келешек өскелең ұрпаққа ол қалай тәрбие бермекші? Алдымен оның өзін тәрбиелеу керек.Қоғамды бұндай мұғалімдерден тазалау керек сияқты. Біз ата аналар ұстаздардан көп нәрсені тек жақсылық күтеміз емеспе? Балаларымыз жат әрекеттерден аулақ болу үшін мектепте осыған лайықты ұстаздар қызмет етсе деген ниеттеміз. Аты жөнімді өзгертіп айтуға мәжбүрмін.

Ответ:

Қызылорда облысының білім басқармасы Сіздің Шиелі ауданы, Жөлек ауылында орналасқан №152 қазақ орта мектебінің мұғалімі Қ. Мырзабаевтың іс-әрекетіне қатысты жазған арызыңызды Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның 7-бабы 6-тармағына сәйкес құзыреттілік шегінде қарау үшін Шиелі аудандық білім бөліміне және Шиелі аудандық ішкі істер басқармасына жолданатынын хабарлайды.

Беттер

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика