Мәдениет және өнер саласы бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Мәдениет обьектілерін жаңғырту мақсатында 2018 жылы типтік жобада 2 клуб (Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық клубтары), 1 архив ғимаратының құрылысы аяқталып,пайдалануға берілсе, Сырдария өзенінің сол жағалауынан Қызылорда қаласы тарихы музейі ашылды.
Жыл көлемінде Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 1 халықаралық, 9 республикалық, 29 облыстық конкурс-фестивальдер ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» атты республикалық ақындар айтысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Дүйсекеев атындағы «Туған жер», Б.Шөкенов атындағы «Отан Ана», Халық қаһараманы Р.Бағланова атындағы «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер конкурстары және Қорқыт Ата мұраларын насихаттау мақсатында «Қорқыт. Қобыз» атты қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылар байқауы, Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған «Қаламы қарымды Қалтай» атты халық театрлары мен драма ұжымдарының облыстық байқауы, көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері Т. Жүргеновтың 120 жылдығына арналған Республикалық жазба ақындар мүшәйрасы, халықаралық балдық билер және «Өнер қонған Қызылорда» атты облыстық көркемөнерпаздар фестивальдері ұйымдастырылды.
Қорқыт Ата мұраларын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу бағытында соңғы жылдары үздіксіз жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Маврикий Республикасында 217 мемлекет қатысқан ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт Ата мұралары ұлттық репрезентативтік тізіміне енгізіліп, әлемдік рухани құндыдылықтар қатарына қосылды.
Атадан балаға мұра болған ұлттық өнерді ұлықтап, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «QAZAQSTAN» ұлттық арнасы ұйымдастырған «Мен қазақпын» халықаралық телевизиялық мега жобасында өңірімізден терме жанры бойынша қатысқан Күнсұлу Түрікпен бас жүлдені иеленді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Сыр бойы өнері мен мәдениетін алыс-жақын шетелдерге таныстыру, насихаттау бағытында облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Ұлыбританияның Лондон қаласында өнер көрсетсе, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Шотландияның Эдинбург қаласында (Шотландия) өткен «Фриндж» халықаралық фестиваліне қатысты.
Сондай-ақ, «Томирис» би ансамблі Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында өткен шейх Заид атындағы халықаралық мәдени фестивальде өнер көрсетті.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында қасиетті орындарды зерттеу,сақтау, насихаттау және оларға халықтың, туристердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Қышқала және ежелгі Бәбіш мола қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, Сығанақ қалашығының аумағы толықтай қоршалды.
Өңірлік қасиетті нысандардың тізбесіне енгізілген Қалжан ахун мешіт-медресесі, Мырзабай ахун, Марал ишан кесенелеріне реставрация, қалпына келтіру жүргізіліп, Жаңақорған ауданындағы Өзгент қалашығы мен Төлегетай-Қылышты ата кесенесінің қорғау аймағы белгіленді.
2018 жылы Қызылорда қаласында композитор, музыкант Б.Шөкеновтің Қазалы ауданында Әйтеке бидің, Жалағаш ауданында Қарақұм көтерілісіне арналған ескерткіштер орнатылып, қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің, Социалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановтың, Жаңақорған ауданында халық ақыны М.Көкеновтің бюсттері қойылды.
Жыл көлемінде облыстық жобалық кеңсе аясында сала бойынша 5 жоба жүзеге асырылды. Жобалар аясында кәсіби және әуесқой суретшілер мен қолөнер шеберлерінің шығармашылықпен айналысуға, туындыларын насихаттауға, жарнамалауға мүмкіндік беретін және тұрғындардың рухани демалатын қоғамдық-мәдени орнын ашу бағытында Өнер арбаты, балалар шығармашылығын дамыту, оларды сахна мәдениетіне үйрету мақсатында балалар мюзикл студиясы ашылса, жастарды кітап оқуға шақыру, оқу мәдениетін, оқу талғамын қалыптастыруға бағытталған «Жастар таңдайды» атты жобасы жүзеге асырылды. Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада «BOOК кафе» және жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған коворкинг орталығы жұмыс жасауда. Коворкинг орталықтары Арал, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарында ашылды.
Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3 D форматтағы интерактивті картасы әзірленіп, 150 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылды.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін облыс кітапханаларында 6620 кітап (1 млн 477 мың 115 бет) цифрлы форматқа көшірілсе, «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 104 мың 69 сақтау бірлігінің 13 млн. 299 мың 624 парағы сандық жүйеге енгізілді.
Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары және ІҮ тоқсанындағы міндеттері туралы мәлімет
Облыс бойынша 172 мәдениет үйлері мен клубтар, 209 кітапхана, 13 музей, 11 архив, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме және 1 қалалық парк, барлығы 409 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Биылғы жылы заман талабына сай облыстық мемлекеттік архив ғимараты, Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық клубтарының құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
2018 жылдың 9 айында облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 6153 мәдени шара өткізіліп, оған 1 134 704 көрермен тартылды.
Есепті мерзімде 1 халықаралық, 7 республикалық, 25 облыстық конкурс-фестивальдер ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың «Жүрек жылуы» атты өнер фестивалі, композитор, дирижер, Қазақстанның халық артисі Т. Әбдірашевтің 70 жылдығына арналған республикалық камералық оркестрлер фестивалі, сыр сүлейі, жырау Тұрымбет Салқынбайұылының 150 жылдығына арналған республикалық жыраулар фестивлі ұйымдастырылды.
Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 526 821 дананы құрайды, оның 2403 525 данасы қазақ тілінде. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 35 531 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 30 573 дана. Облыс бюойынша 50 модельді кітапхана жұмыс жасайды.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі күні облыс кітапханаларында 6068 кітап (1 392 447 бет) цифрлы форматқа көшірілді.
Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада «Жастар таңдайды» жобасы аясында «BOOК кафе» және жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған коворкинг орталығы ашылды.
Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығына арналған «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты тарихи кеш, «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында «Үштілділік – кемел келешек кепілі» атты дөңгелек үстел, «Үш тілді білім беру – болашақ баспалдағы» атты пікір-талас, халық жазушысы Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған «Қалтай оқыған кітаптар» атты әдеби кеш, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты дәріс сағаты, республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны, «Жауқазын – ғұмыр» клубының ұйымдастыруымен «Поэзияға құштармын» атты жас ақындардың қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды.
Облыс музейлерінде жыл басынан бері 7302 экскурсия және түрлі тақырыптарда 514 көрме, 510 лекция өткізілді. Облыс музейлерінің қорында 133 917 экспонат сақтаулы, есепті мерзімде 5039 экспонат жиналды. Музейге келушілер саны 98 669 адамды құрады.
Қыркүйек айында Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, "Мәдениет саласының үздігі", Халықаралық көрмелердің дипломанты Рахым Шегебаев Қарташұлының шығармашылық еңбегіне 45 жыл толуына арналған есеп беру көрмесі және "Тәуелсіздікке тарту" атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша балалар туризмін дамыту бағытында Оқшы кесенесі, ортағасырлық Сығанақ, Сауран қалашықтарына, Түркістан қаласындағы "Әзірет Сұлтан" кесенесіне "Сыр өңірінің киелі жерлеріне саяхат" атты туристік саяхат ұйымдастырылды.
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде барлығы 225 спектакль қойып, оған 57 960 көрермен қамтылды.
«Қазақстанның мәдени жетітіктері» жобасы аясынлда Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ұжымы Шотландияның Эдинбург қаласында (Шотландия) өткен «Фриндж» халықаралық фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысты.
Облыстық филармония барлығы 155 концерт ұйымдастырып, оған 36265 көрермен тартылды.
Елордамыздың 20 жылдығына орай «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі орындаушылардың Астана қаласында мерекелік концерті ұйымдастырылды.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, облыс бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілді.
Үстіміздегі жылы ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қышқала, Сортөбе, Бәбіш мола қалашықтарына археологиялық зерттеулер жүргізілді. 3 нысан (Қалжан ахун мешіт-медресесі, Мырзабай ахун, Марал ишан кесенелері) реставрациядан өткізіліп, Жаңақорған ауданындағы Өзгент қалашығы және Төлегетай Қылышты ата кешенді мазарының қорғау аймағы белгіленді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын дайындау және облыс аумағындағы 150 ескерткішке QR-код тақтайшаларын орнату жұмыстары жүзеге асырылуда.
2018 жылдың 9 айында облыстағы архив мекемелеріне 14570 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 16108 сақтау бірлігінің (істердің) 1525091 парағы сандық жүйеге енгізілді. 2010 жылдан бастап архив құжаттарының 98040 сақтау бірлігінің 12 млн. 782 мың 698 парағы цифрлық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалды.
Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 46 семинар, 23 лекция, 72 экскурсия және мектеп оқушыларына 79 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 51 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 36 көрме әзірленді.
Алдағы міндеттер:
-«Қорқыт.Қобыз» атты республикалық қобызшылар байқауы;
-Халық Қаһарманы, КСРО халық артисі Р.Бағланова атындағы «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер конкурсы;
-ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне «Қорқыт ата мұралары» номинациясын енгізу үшін Маврики Республикасында (Шығыс Африка) өтетін материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің сессиясына қатысу;
-1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған меркелік салтанат;
-16 желтоқсан– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік салтанат;
-Шиелі ауданындағы Тартоғай ауылдық клубының құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Облыстық мәдениет, архив және өнер мекемелерінің 2018 жылдың І жартыжылдықта атқарған жұмыстары және ІІ жартыжылдықтағы міндеттері жайлы мәлімет
Облыс бойынша 172 мәдениет үйлері мен клубтар, 209 кітапхана, 13 музей, 11 архив, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме және 1 қалалық парк, барлығы 409 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Биылғы жылы заман талабына сай облыстық мемлекеттік архив ғимараты, Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық клубтарының құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
2018 жылдың 6 айында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 2066280,2 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 3 288 мәдени шара өткізіліп, оған 602 104 көрермен тартылды.
Есепті мерзімде 1 халықаралық, 4 республикалық, 17 облыстық конкурс-фестивальдер ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» атты республикалық ақындар айтысы, Сыр сүлейі Омар Шораяқұлының 140 жылдығына арналған «Алты Алаштың шайыры...» атты облыстық жыршы-термешілер фестивалі, Сыр өңірінде тұңғыш рет облыс әкімінің кубогы үшін «QYZYLORDA OPEN - 2018» атты Халықаралық балдық би турнирі, балалар шығармашылығын дамыту мақсатында облыстық «Бозторғай» балалар конкурсы, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты ҮІ республикалық әншілер конкурсы, әнші-композитор Б. Шөкенов атындағы «Отан–Ана» ІІ республикалық әншілер конкурсы, мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай классикалық әндер шеруі және Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Қ.Мұхамеджановтың 90 жылдығына арналған «Қаламы қарымды Қалтай» атты халық театрлары мен драма ұжымдарының облыстық байқауы ұйымдастырылды. Алматы қаласында өтетін көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, журналист Т. Жүргеновтың 120 жылдығына арналған Республикалық жазба және көркемсөз ақындар мүшәйрасы.
Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 523 424 дананы құрайды, оның 2400445 данасы қазақ тілінде. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 23562 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 20489 дана, 153128 оқырманға қызмет көрсетіп, кітап берілімі 2500685 дананы құрады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі күні облыс кітапханаларында 5359 кітап (1 289 377 бет) цифрлы форматқа көшірілді.
Облыс кітапханаларында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басым бағыттары оқырмандарға насихатталып, «Елбасы Жолауы – дамудың жаңа мүмкіндіктері» дөңгелек үстел, «Ел дамуының еңселі бағыты», «Жолдау болашаққа нақты қадам», «Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ бастауы», «Өлке құндылығы ұрпаққа мұра», «Туған жер-тұнған тарих», «Өлке құндылығын сақтай білейік!», «Бабаға құрмет – ұрпаққа міндет», «Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары», «Мен Сырдың перзентімін» атты кітап көрмелері, тақырыптық кештер ұйымдастырылды.
Облыс музейлерінде жыл басынан бері 4933 экскурсия және түрлі тақырыптарда 366 көрме, 337 лекция өткізілді. Облыс музейлерінің қорында 132 582 экспонат сақтаулы, есепті мерзімде 3788 экспонат жиналды.
Музей қызметкерлері Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде суретші Аманкелді Кененбаевтың «Сұлутөбе» атты жеке шығармашылық көрмесі, Қызылорда қаласында тұңғыш театр суретшісі Ләтипа Қожықованың 125 жылдығына арналған «Қожықовтар қолтаңбасы» көрмесі, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдатыруымен «Фирдоусидің Шахнамасы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туған жерінде» атты ирандық сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі және тарихи график-суретші Ә.Қойлақаевтың «Қорқыт даласы» атты көрмесі және «Ләтипа Қожықова және қазақтың ұлттық сурет өнері» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында республика бойынша алғаш рет Сыр өңірінде «Тарихшылар мен өлкетанушылардың» облыстық форумы өткізіліп, облыстық музейде жас өлкетанушылар бірлестігі құрылды және «Қасиетті Қазақстан және Археология» залы ашылды.
1 мамыр күні «Жобалық кеңсе» аясында орталық алаңда жергілікті кәсіби және әуесқой суретшілер мен қолөнер шеберлерінің шығармашылықпен айналысуға, туындыларын насихаттауға, жарнамалауға мүмкіндік беретін, халықтың рухани демалатын қоғамдық-мәдени ортасына айналатын Өнер Арбаты ашылды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Сырдария өзенінің сол жағалауында Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимаратының негізінде салынған Қызылорда қаласының тарихы музейіне экспозиция жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың бір бөлігіне «Рухани жаңғыру» орталығы орналасатын болады.
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде барлығы 208 спектакль қойып, оған 38640 көрермен қамтылды. Оның ішінде 94-і балаларға арналған қойылымдар.
Облыстық филармония барлығы 130 концерт ұйымдастырып, оған 33000 көрермен тартылды. Оның ішінде 32-і гастрольдік, 9 қайырымдылық концерттер.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық филармония Сыр бойының дәулескер күйшілері Әлшекей Бектібайұлының, Құрақтың Досжаны және Шалмырза бабаларымыздың күй өнеріндегі қолтаңбасын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында «Бабалар аманаты» атты күйшілер концертін және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Рухани әуен әлемі» және Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің «Ұлтымның шайыр дастаны» атты концерттерін өткізді.
Сонымен қатар, Сыр бойы өнері мен мәдениетін алыс-жақын шетелдерге таныстыру, насихаттау бағытында 4-11 наурыз аралығында филармонияның өнер ұжымы Ресей Федерациясының Орынбор қаласы мен аудандарында бірқатар концерттер берсе, 5-9 сәуір аралығында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Наурыз мерекесінде өнер көрсетті.
Тарихи-мәдени мұра бойынша:
Облыс бойынша 517 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған, оның 30-ы республикалық, 256-сы жергілікті маңызы бар, 231-і алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген.
Өңірімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, облыс көлеміндегі 12 ескерткіш 2017 жылдың нәтижесімен жарыққа шыққан «Жалпыұлттық қасиетті нысандар», 35 нысан «Өңірлік қасиетті нысандар» кітаптарына енгізілді.
Ортағасырлық Сығанақ, Жанкент, Қышқала, Сортөбе қалашықтарына археологиялық зерттеулер басталса, шілде айында ежелгі Бәбіш мола қалашығына қазба жұмыстары жүргізілетін болады. Ал, Сығанақ қалашығының аумағы толықтай қоршалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Сығанақ қалашығының солтүстік-шығыс қақпасын және орталық көшесін қалпына келтіру шаралары жүргізілуде.
Өңірлік қасиетті нысандардың тізбесіне енгізілген Сырдария ауданындағы Қалжан ахун мешіт-медресесін реставрациядан өткізу жұмыстары атқарылуда және де Мырзабай ахун үй тамы толық қалпына келтірілді. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстары аясында Жаңақорған ауданындағы Өзгент қалашығы және Төлегетай Қылышты ата кешенді мазарының қорғау аймағын белгілеу үшін ғылыми-зерттеу жүмыстары жүргізілуде.
Өңірден шыққан дарынды музыкант, композитор, әнші Батырхан Шөкеновтің есімін ұлықтау мақсатында Қызылорда қаласының орталығында облыстық бюджет есебінен еңселі ескерткіш орнатылды.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы және Өңірлік жобалық кеңсе аясында 2 жоба жүзеге асырылуда.
«Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3 D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу» жобасы бойынша тиісті жұмыстар мамыр айында басталды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру бағытында далалық зерттеу, сандық форматтағы ескерткіштердің түсірілімі, картографиялық жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау 1 қарашаға жоспарланды. Интерактивті карта мекеменің ресми сайтында қолданушыларға қолжетімді болады.
«Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасын жүзеге асыру үшін мамыр айында өткен облыстық мәслихат сессиясының шешімімен қажетті қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы шілде айының басында берілетін болады. QR-код орнату жұмыстары 1 қарашаға дейін аяқталатын болады.
2018 жылдың 6 айында архив мекемелері бойынша 10272 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 37 семинар, 18 лекция, 20 көрме, 63 экскурсия өткізілді.
«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 932026 сақтау бірлігінің (істердің) 10108 парағы сандық жүйеге енгізілді. Архив құжаттарының 92040 сақтау бірлігінің 12 млн. 189 мың 633 парағы цифрлық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалды.
Есепті мерзім ішінде облыс архивтері «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 9479 сұраныстарын орындап, жауаптарын мерзімінде қанағаттандырды.
Алдағы міндеттер:
-Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры Шотландияның Эдинбург қаласында өтетін халықаралық театрлар фестивальге қатысу;
-«Қорқыт.Қобыз» атты республикалық қобызшылар байқауы;
-Сыр сүлейі, жырау Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдығына арналған республикалық жыршы-термешілер байқауы;
-«Ұлы дала бояулары» атты жобасы бойынша Рахым Шегебаевтың «Тәуелсіздікке тарту» атты жеке шығармашылық көрмесі;
-Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Аманкелді Кененбаевтың «Сурет әлемінің сырын жеткізген»атты жеке көрмес;
-Ақын, сыншы, аудармашы, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі Жарасқан Әбдірашұлының 70 жылдығына арналған «Парасатты поэзия» фестивалі;
-Белгілі суретші Салихиддин Айтбаевтың 80 жылдығына арналған «Қылқалам – өмір» атты көрме;
-Халық Қаһарманы, КСРО халық артисі Р.Бағланова атындағы «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер конкурсы;
-ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне «Қорқыт ата мұралары» номинациясын енгізу үшін Маврики Республикасында (Шығыс Африка) өтетін материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің сессиясына қатысу;
-1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған меркелік салтанат;
-16 желтоқсан– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік салтанат;
-Шиелі ауданындағы Тартоғай ауылдық клубының құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
-Қазалы ауданында Әйтеке бидің ескерткішін орнату.
Облыс мәдениет, өнер және архив мекемелерінің
2018 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары
Облыс бойынша 172 мәдениет үйлері мен клубтар, 209 кітапхана, 13 музей, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме және 1 парк, барлығы 409 мекеме халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Облыстық мемлекеттік архив ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2018 жылдың І тоқсанында 1 776 мәдени шара өткізіліп, оған 299 892 көрермен тартылды.
Есепті мерзімде 2 республикалық, 5 облыстық конкурс-фестивальдар ұйымдастырылды.
Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім» атты республикалық және «Тамыры терең, тарихы кенен Қызылорда» атты жас ақындар айтыстары өтті.
Қазіргі таңда облыста 209 мемлекеттік кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетсе, оның 165-і ауылдық жерде орналасқан.
Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 503469 дананы құрайды, оның 2 383 650 данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 12 185 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 10 699 дана.
Облыс кітапханалары 84 310 оқырманға қызмет көрсетіп, кітап берілімі 1 265 451 дананы қүрады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгінгі күні облыс кітапханаларында 4903 кітап (1126188 бет) цифрлы форматқа көшірілді.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы басым бағыттары оқырмандарға насихатталып, «Елбасы Жолауы-дамудың жаңа мүмкіндіктері» дөңгелек үстел, «Ел дамуының еңселі бағыты», «Жолдау болашаққа нақты қадам», «Елбасы Жолауы – жарқын болашақ бастауы» атты кітап көрмелері, тақырыптық кештер ұйымдастырылды.
2018 жылдың І тоқсанында архив мекемелері бойынша 5660 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 4453 сақтау бірлігінің (істердің) 403987 парағы сандық жүйеге енгізілді. Архив құжаттарының 86421сақтау бірлігінің 11 млн. 661 мың 594 парағы цифрлық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалды.
Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 20 семинар, 7 лекция, 10 көрме, 26 экскурсия өткізілді.
3 айда облыс архивтері «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 4287 сұраныстарын орындап, жауаптарын мерзімінде қанағаттандырды. Оның ішінде 594 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы - 3073, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 620 сұраныс орындалды.
Облыс музейлерінде жыл басынан бері 1706 экскурсия және түрлі тақырыптарда 152 көрме, 179 лекция өткізілді. Облыс музейлерінің қорында – 131 687 жәдігерлер сақтаулы. 2018 жылдың 3 айында 2091 экспонат жинақталды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде қызылордалық суретші Аманкелді Кененбаевтың «Сұлутөбе» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.
Сыр өңірінде республика бойынша алғаш рет «Тарихшылар мен өлкетанушылардың» облыстық форумы өткізіліп, облыстық музейде жас өлкетанушылар бірлестігі құрылды.
Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану музейінен «Қасиетті Қазақстан және Археология» залы ашылды.
Облыс музейлерінде әр айдың үшінші жексенбісінде барлық санаттағы азаматтарға және төртінші жексенбісінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Ашық есік» күндері өтеді.
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде барлығы 86 спектакль қойып, оған 6811 көрермен қамтылды. Оның ішінде 41-і балаларға арналған қойылымдар. Театр ұжымы Шиелі, Жаңақорған аудандарында болып, елді мекен тұрғындарына қойылымдар ұсынды.
Облыстық филармония барлығы 53 концерт ұйымдастырып, оған 14 355 көрермен тартылды. Оның ішінде 22-і гастрольдік, 8 қайырымдылық концерттер.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық филармония Сыр бойының дәулескер күйшілері Әлшекей Бектібайұлының, Құрақтың Досжанының және Шалмырза бабаларымыздың күй өнеріндегі қолтаңбасын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында «Бабалар аманаты» атты күйшілер концертін және «Рухани әуен әлемі» атты «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің, «Ұлтымның шайыр дастаны» атты Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрінің көнцерттерін өткізді.
Сонымен қатар, Сыр бойы өнері мен мәдениетін алыс-жақын шетелдерге таныстыру, насихаттау бағытында 4-11 наурыз аралығында филармония өнер ұжымы Ресей Федерациясының Орынбор, Ясный қалалары мен аудандарында бірқатар концерттер берді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №1051 қаулысына сәйкес Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі өңірімізде қайта бектілді. Қазіргі таңда облыс көлемінде 518 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынды, оның 30-ы республикалық, 256-і жергілікті маңызы бар болса, 232 ескерткіш тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алынған.
Есепті мерзім ішінде облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра обьектілерін, тарихи және мәдениет ескеркткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның 2 отырысы өткізілді. Онда облыс көлеміндегі 13 нысанды тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізу және монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнатуға келісім алу мәселелері қаралып, қолдау тапты.
Облыс мәдениет және өнер, архив мекемелерінің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана, 13 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі – барлығы 409 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.
2017 жылы облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 2 млрд. 275 млн. теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.
2017 жылы Қазалы ауданы, Жалаңтөс ауылдық клубының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, Шиелі ауданында тарихи-өлкетану музейі ашылды.
2017 жылы барлығы 6 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар: облыстық бюджеттен 3 мәдениет нысаны - Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кино-бейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты мен Жалағаш аудандық архиві, аудандық бюджеттерден 3 клуб - Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық клубы, Шиелі ауданының Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет үйі.
Облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына дыбыс күшейткіш және жарық беру аппаратуралары алынып, филармонияның өнер ұжымдары мен жеке орындаушыларына концерттік киімдер тіктірілді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету мақсатында облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға мүгедектерге арналған жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақ, дыбыс жазу студиясы алынып, бүгінгі күні кітапхана қорындағы 14 баспа әдебиеттер дыбыстандырылып жазылды. Сондай-ақ, мүгедек балалардың шығармашылықпен айналысуына жол ашу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Жүрек жылуы» байқауы өткізіліп келеді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 16 749 сақтау бірлігінің (істердің) 1 633 921 парағы сандық жүйеге енгізілді.
Архив қоры 17 090 сақтау бірлігіндегі құжаттармен толықтырылды. «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 20 258 сұранысы заңдылықтарға сәйкес орындалды.
Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 72 семинар, 34 лекция, 80 экскурсия және мектеп оқушыларына 100 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 83 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 48 көрме әзірленді.
«Электронды кітапхана» ақпараттық жүйелерін қалыптастыру, жетілдіру, азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кітапхана қорларын электронды форматқа көшіруде бірінші кезекте облыс кітапханалары тарихи және ғылыми құндылық болып табылатын сирек кітаптар мен өлкетану басылымдары (кітаптар, газеттер) цифрлы форматқа көшірілуде.
«Кітапхана қорларын цифрлау» жобасы аясында 4590 кітап (1064437 бет) цифрлық нұсқаға көшірілді. Облыста заманауи байланыс құралдарымен, компьютермен жабдықталған, интернет желісіне қосылған және ауыл тұрғындарының кез келген ақпаратқа тең дәрежеде қол жеткізе алатын жаңа үлгідегі 47 модельді ауылдық кітапхана жұмыс жасайды.
Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 491 284 дананы құрайды, оның 2 372 951 данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 54 501 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 46 583 дана. 2017 жылы облыс кітапханалары 249 012 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 4 497 153, келушілер саны 1 876 217 құрады.
Облыс музейлерінің қорында барлығы 129 935 экспонат бар.
Жыл көлемінде облыс музейлері бойынша 3760 экспонат жинақталып, оның ішінде 1338 экспонат облыстық музей қорында жинақталған.
2017 жылы облыс музейлерінде 9962 экскурсия жүргізіліп, 784 лекция, 605 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер саны 117 768 адамды құрады.
2017 жылыдың мамыр айында «Жайнай бер, Қызылорда» атты республикалық суретшілер симпозиумы ұйымдастырылып, шараға республикамыздың әр өңірінен 25 суретші қатысты. Симпозиум қорытындысымен суретшілердің салған туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлерінің картасына еліміз бойынша таңдалып алынған 100 қасиетті орындардың тізіміне облыс бойынша 12 ескерткіш енгізілді (археологиялық Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат, Жент қалашықтары, сәулет және қала құрылысы ескерткіштері – Қорқыт ата ескерткіш кешені, Оқшы ата, Төлегетай-Қылышты ата, Қорасан ата , Жанқожа баба, Бұқарбай батыр кесенелері, Бегім ана мұнарасы және Қызылорда қаласындағы Христос спаситель шіркеуі).
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне облыс аумағындағы 9 ескерткіш – Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескеркіштері және Сауысқандық петроглифтері енгізілді.
Музей қорындағы құнды да көне жәдігеолер мен тарихи-мәдени жазбалардың тарихын халыққа таныстыру, насихаттау мақсатында «Бір жәдігер» жобасы «Қызылорда» телеарнасымен бірлесіп жүзеге асуда.
Қорқыт ата мұраларын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу мақсатында 2017 жылы Қызылорда және Алматы қалаларында семинар-тренингтер өткізіліп, шараға Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстаннан сарапшы мамандар, халықаралық түркі академиясының өкілдері қатысып, материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Конвенция талаптарына сәйкес құжаттамалар топтамасы әзірленіп, деректі фильм түсірілді.
Нәтижесінде «Қорқыт ата мұралары» ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне (Париж қ.) ұсынылды.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2017 жылы 8 456 мәдени шара өткізіліп, оған 1 763 115 көрермен тартылған.
Облыс бойынша 20 облыстық, 3 аймақтық, 5 республикалық, 2 халықаралық деңгейдегі конкурс-фестивальдер мен ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты фольклорлық музыкалық өнер фестивалі, Текей батырдың 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы мен батырлық дастан орындаушылардың конкурсы, қараша айында ақын, драматург Иран-Ғайыптың шығармашылығына арналған «Бұ дүние ғайыбы» жыр кеші, композитор Ілия Жақановтың «Әнім саған, Сыр елім» атты шығармашылық концерті, халықаралық «Парасатты поэзия» атты жыр кеші өткізілді.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының мәдениет күндері өткізілді. Күндер аясында облысымыздағы өнер ұжымдарының концерттері мен қойылымдары, этноауылда облыстың тарихы мен мәдениетіне арналған «Сыр шежіресі» атты көрмесі ұйымдастырылды.
2017 жылы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 276 спектакль қойылып, оның ішінде 76 - драмалық, 106 - балаларға арналға, 94 – қуыршақ театрының қойылымдары. Оған 94 900 көрермен қамтылды. Театр репертуары 9 жаңа спектакльмен толықты.
Облыстық филармония 198 концерт өткізіп, оған 46 612 көрермен қамтылды.
Сыр бойы өнері мен мәдениетін алыс-жақын шетелдерге таныстыру мақсатында облыстық филармония өнер ұжымдарының гастрольдік сапарлары ұйымдастырылып, Орынбор және Ташкент қалаларында концерттер өткізілді.
Өткен жылы Қазақстан мен Әзірбайжан Республикалары арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында және таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай Әзірбайжан елінде Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері өтті. Баку және Шеки қалаларында облыс өнер шеберлерінің концерті мен облыстық театрдың спектакльдері әзірбайжан жұртшылығына ұсынылды.
Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары
және ІҮ тоқсанындағы міндеттері туралы мәлімет
Облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана,12 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі – барлығы 408 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.
2017 жылдың 9 айында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 1 822 629,8 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2017 жылдың 9 айында 6 063 мәдени шара өткізіліп, оған 1 157 521 көрермен тартылған.
Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 518 903 дананы құрайды, оның 2 375 314 данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 29299 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 25 502 дана.
9 айда облыс кітапханалары 199 234 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 3 460 180, келушілер саны 1 378 183 құрады.
Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 56 654 жазба жіберіліп, 64 503 жазба алынды.
Барлығы цифрлы форматқа 4196 кітап (864 593 бет) және 6 газет 29 978 бет көшірілді.
Облыс кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға сервер, компьютер, т.б. құрал-жабдықтар алынды.
Облыс музейлерінің қорында барлығы 124 360 экспонат бар. 9 айда облыс музейлері бойынша 2630 эспонат жинақталып, оның ішінде облыстық музей қоры 982 экспонатпен толықтырылды. Есепті мерзімде облыс музейлерінде 6476 экскурсия жүргізіліп, 449 лекция,397 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер 80 765 адамды құрады.
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде барлығы 152 спектакль қойып, оған 51300 көрермен қамтылды. Оның ішінде 99-і балаларға арналған қойылымдар.
Облыстық филармония барлығы 138 концерт ұйымдастырып, оған 40 240 көрермен тартылды.
Облыстағы архив мекемелеріне 14697 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 11888 сақтау бірлігінің (істердің) 1 808 021 парағы сандық жүйеге енгізілді.
Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте түрлі тақырыптарда 55 семинар, 23 лекция, 67 экскурсия және мектеп оқушыларына 80 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 61 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 41 көрме ұйымдастырылды.
Облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 15027 сұраныстарын мерзімінде қанағаттандырды. Оның ішінде 2635 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 10580 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 1812 сұраныс түсіп, орындалды.
Өткізілген шаралар:
2017 жылдың 12-13 сәуір аралығында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру, оларды көркемөнерпаздар үйірмелерге баулу мақсатында облыстық ХХІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өткізілді.
27 сәуір – 3 мамыр аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Жайнай бер, Қызылорда!» атты республикалық суретшілер симпозиумы өткізілді. Симпозиумда еліміздің түкпір-түкпірінен – Астана, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстаннан елімізге ғана емес, шетел мемлекеттеріне есімдері белгілі суретшілер бас қосты.
Симпозиум қорытындысымен суретшілер туындыларынан көрме ұйымдастырылып, қылқалам шеберлері симпозиум барысында салған суреттерін көркемсурет галереясына сыйға тартты.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сырдария ауданы, Н.Ілиясов атындағы ауылдық мәдениет үйінде балалар тақырыбына жазылған әндерден облыстық «Бала – өмір, балдәурен» атты композиторлар мен әншілер конкурсы болып өтті.
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу және төл өнерімізді дамытып, заманға сай жаңашыландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Қазақстан» ТРК АҚ «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 13 маусымы күні «Мен қазақпын» атты дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер арасындағы республикалық телевизиялық мега жобаның облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. Байқауға аудандардан іріктеуден өткен 28 өнерпаз қатысып, байқаудың қорытындысы бойынша «Мен қазақпын» халықаралық мега жобасына «Үздік аймақтық күйші» номинациясы бойынша С.Ділдабаев, «Үздік аймақтық дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша З.Баймұрзаева, «Үздік аймақтық жыршы-термеші» номинациясы бойынша М.Сүгірбай республикалық кезеңге қатысуға жолдама берілді. Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен көпшілікке танылмай жүрген кино-фото түсірушілердің шығармашылығын дамыту мақсатында үстіміздегі жылдың маусым айында «ЭКСПО қарсаңындағы Қызылорда» атты әуесқой кино түсірушілер мен фотосуретшілердің облыстық байқауы болып өтті.
Үстіміздегі жылдың 10-14 тамыз күндері «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының мәдениет күндері өтті.
Күндер бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы бірқатар мәдениет орындары мен демалыс саябақтарында театр қойылымдары мен шығармашылық ұжымдардың концерттері ұйымдастырылды.
«Этноауыл» ұлттық мәдени кешеніндегі «Сыр жешіресі» атты көрмеде өңіріміздің қолөнер шеберлері 10 күн бойы сату-көрмелерін өткізді.
Түркі тілдес елдердің ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара мәдени қарым-қатынасы мен байланысын нығайту, қайталанбас өнерінің озық үлгілерімен жұртшылықты таныстыру және кеңінен насихаттау мақсатында қыркүйек айының 27-29 күндері Қызылорда облысы әкімдігі және Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық - музыкалық өнер фестивалі өткізілді.
Фестиваль аясында, «Тұран таңбалары» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этноархеологиялық көрмесі дайындалып, фольклор-танушы ғалымдардың, өнер зерттеушілері мен фестиваль қонақтарының қатысуымен «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Бұл фестивальге 10 елден (Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Англия, Ресей Федерациясынан –Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Саха-Якутия, Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы) және қазақстанның белгілі ғалымдары мен өнерпаздар, дәстүрлі әншілер, сондай-ақ, Қазақстаннның халық артисі, Әлем артисі Айман Мұсаходжаева қатысты.
Сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерден және Қазақстаннан келген ғалымдар мен музыка мамандары Қызылорда қаласындағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары мен облыстық филармонияда шеберлік дәрістері өткізілді.
Фестивальдің жабылу салтанаты Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалды ескерткіш-кешенінде ұйымдастырылып, шара барысында қонақтар «Салт-дәстүрі сақталған Сыр елі» атты этноауыл көрінісімен (бесікке салу, беташар, тілашар, тұсау кесу, ұлттық алтыбақан ойындары т.б.) танысты.
2017 жылдың ІҮ тоқсанындағы міндеттер:
•«Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер фестивалін ұйымдастыру;
•Халық батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы мен батырлық дастан орындаушылардың байқауын ұйымлдастыру;
•1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты ұйымдастыру;
•16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік салтанатты ұйымдастыру;
•Жаңа жылға арналған мерекелік шара ұйымдастыру;
Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2017 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмыстары
және ІІІ тоқсанындағы міндеттері туралы мәлімет
Облыс бойынша 171 мәдениет үйлері мен клубтары, 209 кітапхана, 12 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі – барлығы 408 мәдениет және өнер мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.
2017 жылдың І жартыжылдығында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 1 269 497,9 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.
2017 жылы облыстық бюджеттен 3 сала нысанына (Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кинобейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты және Жалағаш аудандық архиві) және аудандық бюджеттерден 3 клубтың күрделі жөндеу жұмыстарына (Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық клубы, Шиелі ауданы Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет үйінің шатырына) қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына дыбыс күшейткіш және жарық беру аппаратуралары алынды. Сондай-ақ, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылып, мүгедектерге арналған жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақ алынды.
Облыс мәдениет үйлері мен клубтарында 2017 жылдың I жартыжылдығында 4035 мәдени шара өткізіліп, оған 819308 көрермен тартылған.
Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттерден 164268,5 мың теңге қаржы бөлініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, ұлттық киімдер алынды.
Облыс кітапханаларының кітап қоры 4 507 721 дананы құрайды, оның 2 365 960 данасы қазақ тіліндегі әдебиет. Есепті мерзім ішінде облыс кітапханалар қоры 17532 дана жаңа кітаппен толықты, оның ішінде қазақ тіліндегісі 15599 дана.
2017 жылдың І жартыжылдығында облыс кітапханалары 151194 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 2475112, келушілер саны 1017793-ті құрады.
Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 54838, есепті кезеңде 6032 библиографиялық жазба жіберіліп, олардан барлығы 62826, есепті кезеңде 5312 жазба алынды.
Есепті кезеңде цифрлы форматқа 593 кітап (100279 бет) және 6 газет топтамасы (7785 бет) көшірілді.
Облыс кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13201,1 мың теңге қаржы бөлініп, сервер, компьютер, т.б. құрал-жабдықтар алынды.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Кітапханадағы түн» акциясы ұйымдастырылды.
Облыс музейлерінің қорында барлығы 127807 экспонат бар.
2017 жылдың І жартыжылдығында облыс музейлері бойынша 1665 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық музей қоры 436 экспонатпен толықтырылды.
Есепті мерзімде облыс музейлерінде 4636 экскурсия жүргізіліп, 340 лекция, 294 көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер 63971 адамды құрады.
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, насихаттау және сақтау мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде тарих және мәдениет ескерткіштерінің жәй-күйі, олардың сақталу жайы, өңірдегі археологиялық зерттеулердің барысы талқыланды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде жылда 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні – 2017» атты мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Биыл ұйымдастырушылар келушілерге 20-ға жуық шара ұсынды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кең көлемді мақаласынан туындайтын «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты бағдарламалары аясында өңіріміздегі археологиялық және киелі орындарды насихаттау мақсатында «Казконтент» АҚ, «Хабар», «Қазақстан» РТРК, «Қазақстан-Қызылорда» телеарналарында арнайы бағдарламалар берілді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары басталып, зерттеулер жүргізілуде.
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Сығанақ қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының барысымен танысты.
Есепті мерзім ішінде облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану,сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның 4 отырысы өткізілді. Онда монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнатуға, тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне толықтыруға келісім беру мәселелері қаралды.
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры есепті мерзімде барлығы 135 спектакль қойып, оған 34200 көрермен қамтылды. Оның ішінде 38-і балаларға арналған қойылымдар және 18-і жастар труппасының спектакльдері.
Облыстық филармония барлығы 107 концерт ұйымдастырып, оған 31662 көрермен тартылды. Өзге облыстар мен елді мекендерде 43 гастрольдік, 10 қайырымдылық концерттер өткізілді .
Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 25 жыл толуына орай, Әзірбайжан Республикасындағы Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері 2017 жылдың сәуір айында ұйымдастырылды. Күндер аясында Сыр елінің кәсіби өнер ұжымдары – облыстық филармония және облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Баку және Шеки қалаларында концерттер мен қойылымдар ұсынды.
Сондай-ақ, облыстық филармонияның әртістері ағымдағы жылдың 20-21 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығына орай үйымдастырылған мерекелік іс-шараларға қатысты.
Облыстағы архив мекемелеріне 10399 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 7935 сақтау бірлігінің (істердің) 919 047 парағы сандық жүйеге енгізілді.
Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте түрлі тақырыптарда 43 семинар, 19 лекция, 60 экскурсия және мектеп оқушыларына 64 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 46 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 29 көрме ұйымдастырылды.
2017 жылдың І жартыжылдығында облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 11079 сұраныстарын мерзімінде қанағаттандырды. Оның ішінде 2124 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 7566 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 1389 сұраныс түсіп, орындалды.
Өткізілген шаралар:
2017 жылдың 12-13 сәуір аралығында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру, оларды көркемөнерпаздар үйірмелерге баулу мақсатында облыстық ХХІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы өткізілді.
27 сәуір – 3 мамыр аралығында Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Жайнай бер, Қызылорда!» атты республикалық суретшілер симпозиумы өткізілді. Симпозиумда еліміздің түкпір-түкпірінен – Астана, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстаннан елімізге ғана емес, шет ел мемлекеттеріне есімдері белгілі суретшілер бас қосты.
Симпозиум қорытындысымен суретшілер туындыларынан көрме ұйымдастырылып, қылқалам шеберлері симпозиум барысында салған суреттерін көркемсурет галереясына сыйға тартты.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сырдария ауданы, Н.Ілиясов атындағы ауылдық мәдениет үйінде балалар тақырыбына жазылған әндерден облыстық «Бала – өмір, балдәурен» атты композиторлар мен әншілер конкурсы болып өтті.
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу және төл өнерімізді дамытып, заманға сай жаңашыландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Қазақстан» ТРК АҚ «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен бірлесіп үстіміздегі жылдың 13 маусымы күні «Мен қазақпын» атты дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер арасындағы республикалық телевизиялық мега жобаның облыстық іріктеу кезеңі болып өтті. Байқауға аудандардан іріктеуден өткен 28 өнерпаз қатысып, байқаудың қорытындысы бойынша «Мен қазақпын» халықаралық мега жобасына «Үздік аймақтық күйші» номинациясы бойынша С.Ділдабаев, «Үздік аймақтық дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша З.Баймұрзаева, «Үздік аймақтық жыршы-термеші» номинациясы бойынша М.Сүгірбай республикалық кезеңге қатысуға жолдама берілді.
Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен көпшілікке танылмай жүрген кино-фото түсірушілердің шығармашылығын дамыту мақсатында үстіміздегі жылдың маусым айында «ЭКСПО қарсаңындағы Қызылорда» атты әуесқой кино түсірушілер мен фотосуретшілердің облыстық байқауы болып өтті.
2017 жылдың ІІІ тоқсанындағы міндеттер:
· Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрме аясында Қызылорда облысының өнер күндерін ұйымдастыру;
·Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалін өткізу;
· "Иран бағы" атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасын өткізу;
Облыс мәдениет және өнер мекемелерінің
2017 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары және ІІ тоқсанның міндеттері туралы мәлімет
2017 жылдың І тоқсанында облыстық мәдениет және өнер мекемелері мен архив саласы бойынша облыстық бюджеттен 578 млн. 378 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспар 100 пайызға орындалды.
2017 жылы облыстық бюджеттен 3 мәдениет нысанына (Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының кино-бейне қызметін көрсету бөлімі ғимараты мен Жалағаш аудандық архиві) және аудандық бюджеттерден 3 клубтың күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы (Олар Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық клубы, Шиелі ауданының Жөлек ауылдық мәдениет үйі, Жалағаш аудандық мәдениет Үйінің шатырына) бөлінді.
Облыс мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына дыбыс күшейткіш және жарық беру аппаратуралары алынды. Сондай-ақ, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылып, мүгедектерге арналған жоғары қабатқа көтерілетін баспалдақ алынды.
Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық нығайту мақсатында жергілікті бюджеттерден 28356,1м.т мың теңге қаржы бөлініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, ұлттық киімдер алынды.
2017 жылдың І тоқсанында облыс кітапханалары 82930 оқырманға қызмет көрсетті. Кітап берілімі 1 252011, келушілер саны 499794-ті құрады.
Ұлттық кітапхананың Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығына барлығы 51265, есепті кезеңде 2459 библиографиялық жазба жіберіліп, олардан барлығы 58791, есепті кезеңде 1277 жазба алынды.
Есепті кезеңде цифрлы форматқа 284 кітап (55414 бет) және 4 газет топтамасы (1232 бет) көшірілді.
Қаңтар айында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «ЭКСПО-2017 – Тәуелсіздік жемісі» атты көрме және «Халықаралық көрмелер тарихынан» атты слайд-сабақ өткізілді. Наурызда «Терроризмге жол жоқ!» атты библио-квилт – түрлі-түсті бөлшектерден тұратын кітапханалық ақпараттық стенд жасалып, документті видео-сабақ өткізілді. «Кітапханаға калай жетуге болады?» атты қала көшелерінде әр жастағы азаматтарға ақпарат беріліп, сұрақтар қойылып, сұхбат түрінде либмоб ұйымдастырылды.
2017 жылдың І тоқсанында облыс музейлері бойынша – 823 экспонат жинақталып, оның ішінде облыстық музей қоры – 211 экспонатпен толықтырылды.
Есепті мерзімде облыс музейлерінде 1810 экскурсия жүргізіліп, 179 лекция, 135 көрме және 21 іс-шара ұйымдастырылды. Оған келушілер 25062 адамды құрайды.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында Көркемсурет галереясында «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аясында облыс мектептерінің дарынды оқушыларының қатысуымен «EXPO-2017 – болашақтың айнасы» тақырыбында облыстық көрме ұйымдастырылды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алашорда қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаштың ақ жолы» атты көрме және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Сыр өңірінің зергерлік өнері» ғылыми-танымдық жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бейнелеу өнеріне бейімі бар мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Ертегі кейіпкерлері» атты сурет салу байқауы өткізілді.
Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші және Мұхамедқали Сужиковтың мүсіні орнатылды.
Театрда 2 жаңа спектакль сахналанып, Әзірбайжанның жазушы-драматургі Мирза Фатали Ахундзаденің «Кетпейсің! Болды, кетпейсің» комедиясы және М.Ахмановтың «Наурыз Думан» балалар қойылымының премьерасы болды.
Театр ұжымы наурыз айында Қармашы ауданында гастрольдік қойылымдар ұйымдастырды.
Филармония өнер ұжымы Ресей Федерациясының Орынбор қаласында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан» мерекелік концертін ұйымдастырды.
Есепті мерзімде облыстағы архив мекемелеріне 4762 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды.
«Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 4109 сақтау бірлігінің (істердің) 511 536 парағы сандық жүйеге енгізілді.
Архив ісі мен құжаттама жүйесінің заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарын түсіндіру, тәжірибеге енгізу мақсатында архивте әртүрлі тақырыптарда 22 семинар, 8 лекция, 20 экскурсия және мектеп оқушыларына 20 сабақ өткізілді. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат беттерінде 23 мақала жарияланды. Облыс тарихындағы даңқты оқиғалар мен атаулы күндерге арнап архив қоры құжаттарынан 17 көрме әзірленді.
2017 жылдың І тоқсанында облыс архивтері «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың 5274 сұраныстарын орындап, жауаптарын мерзімінде қанағаттандырылды. Оның ішінде 847 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» порталы арқылы 3825 сұраныс, баламалы түрде тікелей архив мекемелерінде 602 сұраныс түсіп, орындалды.
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық тізбесіне «Қорқыт ата мұралары» номинациясын енгізу үшін Қызылорда және Алматы қалаларында семинар-тренингтер өткізілді. Аталмыш шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінен арнайы өкілдер мен сарапшылар қатысты. Нәтижесінде материалдық емес мәдени мұраларымызды сақтау, дамыту мақсатында «Қорқыт ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық тізбесіне ұсынылды.
2017 жылдың ақпан айында ҚР Рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілерінің конкурсы, ақын З.Шүкіровтың 90 жылдығына арналған «Бір жұлдыз боп жанам мен» облыстық жазба ақындар мүшәйрасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М.Нүрекеев атындағы «Мінекей Мейірманның ізбасарлары» атты аймақтық әзіл-сықақ отауларының байқауы және 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
«ЭКСПО–2017» Халықаралық көрмесі аясында «Жастары жалындаған Қазақ елі!», Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған «Жауһар мұра» атты күйшілердің және Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті, музыкант Т.Каденовтың шығармашылығына арналған « Саз ғұмыр» атты кеші т.б. өткізілді.
Театрына және облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына кино-бейне бөлімі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
• Таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым- қатынастар орнатылуының 25 жылдығына орай Баку және Шеки қалаларында облыстық театр және филармония шығармашылық ұжымдарының гастрольдік сапарын ұйымдастыру;
• Облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы.
ортағасырлық Сығанақ, Шірік-Рабат, Жанкент қалашықтарына қазба жұмыстарын жалғастыру, сонымен қатар жаңадан Сортөбе, Жент қалашықтары мен Кердері кесенесіне де археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу;
• 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік салтанат.