ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

111

Басқарма: 
Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы
Лауазымы: 
Руководитель управления

Сұрақтар

Касымбекова Тамара Категория Жалпы мәселелер Дата: 13.02.18

Вопрос:

Менің әкем Ұлы Отан соғысына 19 жасында 1941 жылы Қармақшы аудандық әскери комиссариатынан аттанып, барлаушылар взводының командиры болып Батыс, І-ші Украин, І-ші Белорус майдандарында жаумен шайқасқан. Бірнеше рет жараланған. Берлинге дейін жетіп, Рейхстагты басып алу шайқасына қатысқан. Соғыстан 1946 жылы оралып, елдіміздің өсүіне, дамуына колхоз жұмысшысынан бастап муғалім, есепші, ауыл Совет басқармасының бастығы, колхоз басқарма бастығы ретінде зор еңбектенді. Сұрапыл соғыстан аман қайтқан солдаттар қатары күннен күнге азайп барады, оларды ұмытпау, мәнгі есте сақтау ұрпақтардың міндеті деп білеміз. Өзінің қызмет жасаған, өмірінің соңына дейін тұрған жері, Жалағаш ауданы немесе Ақарық ауылына (қазіргі Есет батыр), көше немесе мектепке "Қызыл жұлдыз", І, ІІ дәрежелі Ұлы отан соғысы ордендерінің иегері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Махметхан Абишевтың атын беруіңізді сұраймыз. Р.S. ҚР Қорғаныс министерлігіне осы өтінішті жолдағанбыз. Жауабында ҚР Заңының 35-бабына сай "жергілікті билік құзырындағы мәселе" деген.

Ответ:

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Сіздің Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, әкеңіз Махамбет Әбішевтің есімін Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылындағы көшеге немесе мектепке беру туралы жазған өтінішіне сәйкес келесіні хабарлайды.
Көшеге атау беру мәселесі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына, нысандарға атау беру «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы    5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Осыған байланысты, бірінші кезекте ұсыныс бойынша жергілікті атқарушы орган, яғни Жалағаш ауданы әкімдігі  тарапынан заңдылықтарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталған ұсыныс қолдау тапқан жағдайда облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады.
 

Абдинаги Гулсим Категория Рух және дiн Дата: 14.04.17

Вопрос:

Саламатсызба ба, Айдын Бөкенбайұлы. Сізге қояр сұрағым - қазір қаламызда қай жерлерден діни кітаптар алуға рұқсат? Және де көшеде немесе қоғамдық жерде діни кітаптар таратып жүрсе алуға болады ма?

Ответ:

Саламатсыз ба, Гүлсім Жамбылқызы! ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9-бабы, 2-тармағында діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол берілетіндігі көрсетілген.
Осы ретте, Қызылорда облысы әкімдігінің тиісті қаулысы негізінде облыс аумағында діни әдебиет және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы бекітілген. Атап айтар болсақ, Арай тұрғын ауданы, Ж. Әбдіреев көшесі №13 мекен-жайда орналасқан «Жамағат» дүкені, А. Тоқмағамбетов №2/2 мекен-жайдағы «Жанұя» дүкені және Әйтеке би көшесі №10 мекен-жайдағы «Жамағат» дүкендері тізімге енгізілген.
Одан бөлек, облыс аумағында орналасқан ҚМДБ (Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы) филиалы болып табылатын мешіттердің және басқа да конфессиялардың ғибадат үйлері аумағында діни әдебиет таратуға рұқсат берілген. 
Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Діни әдебиет немесе діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды заңсыз әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару немесе тарату ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490-бабы, 3-тармағында көрсетілгендей әкімшілік жазаға әкеліп соғады.  
Діни әдебиет немесе діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды заңсыз тарату фактісінің куәгері болған жағдайда дер кезінде құқық қорғау (112) немесе жергілікті атқарушы орган өкілдеріне (сенім телефоны: 8/7242/400034) хабарлау сұралады.
 

Юсова Злиха Категория Әлеуметтiк қамсыздандыру Дата: 03.03.17

Вопрос:

Үкіметтік емес ұйым ашқым келеді. Қандай әдістемелік көмек көрсете аласыздар?

Ответ:

Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 Заңын 21-бабына сәйкес ҮЕҰ ашу үшін төмендегі құжаттарды әзірлеп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне ұсыну қажет. 
1. Коммерциялық емес ұйымды қалыптастыру, құру туралы құрылтайшының шешiмi 
2. Кемiнде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылтай жиналысы өткізіліп, ережесі бекітіледі.
3. Қор, тұтыну кооперативi, коммерциялық емес акционерлiк қоғам қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi үшiн - құрылтайшылар бекiткен жарғы және құрылтай шарты;
4. Заңды тұлға ретiнде коммерциялық емес ұйымның құқық қабiлеттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелуден өткен кезден бастап туындайды.
Сонымен қатар, қосымша сұрақтар бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөліміне (87242-605322) хабарласуға болады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары органға шағымдануыңызға құқығыңыз бар екендігін назарыңызға жеткіземіз.
 

Жәкіш Әсем Категория Бiлiм Дата: 14.12.15

Вопрос:

Мен Қызылорда облысының тұрғынымын, өзім жеке баспа газет ашып, жұмыс жасағым келеді. Сұрайын дегенім басылым ашу үшін қандай құжаттар әзірлеу керек және толық ақпаратты қайдан алуға болады?

Ответ:

Жеке куәлік, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген құжаттардың көшірмесі, арнайы реквизитке жолданып, (БИН – 081240013779, БСК – KKMFKZ2A, ЖСК – KZ24070105KSN0000000, ТТК – 911, БСК – 105423, Бенефициар – ҚР Қаржы министрлігінің СК Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы, СТН: 620200336381)  басылымның түріне байланысты белгілі-бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем төлеп, тиісті құжаттардың көшірмесін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне жолдау қажет. (Мекен-жайы: Астана қаласы, Орынбор 8/14, 746 кабинет. ЖСН: 010000). Қосымша ақпараттарды Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ-қа мониторинг бөлімінен алуға болады. Тел: 60-53-21.

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика