ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

.
Басқарма: 
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
Лауазымы: 
Руководитель управления

Сұрақтар

Беттер

Ерімбетова Гүлжаухар Категория Денсаулық сақтау Дата: 08.04.19

Вопрос:

Менің анам Ерімбетова Ұлған Шиелі кенті Нартай ауылының амбулаториялық емханасында: • Жүрек ырғағының бұзылуы; • Артериальды гипертония; • Созылмалы бронхит; • Гастрит диагноздарымен есепте тұрады. 2016 жылдан 2019 жылға дейін мемлекет тарапынан тегін көмек ретінде берілетін дәрі-дәрмектің ешқайсысын алған жоқ. Сол ауылдың бас дәрігері Г.Жұмашоваға қанша хабарлассам да, ешқандай көңіл бөлмеді,назар аудармады. Сондықтан мен анамды ақылы емханаларға емдетіп жүрдім. 2018 жылдың қазан айынан бастап, анам жиі ауыратын болды. Осы жылғы наурыздың 19-ы күні анам қатты қысылып, бірнеше рет жедел жәрдем шақырттым. Нартай ауылының бас дәрігері Жұмашова Гүлмираға осы жағдайды айтып хабарластым. Ол «Менің уақытым жоқ, 3000 адамым бар, алдыма алып келіңдер» деп бұйрық берді. Бұл жоғары білімді маман дәрігердің адам өміріне салғырттықпен қарауы және өз қызметіне жауапсыздығы деп түсінемін. Әкем 2016 жылы қайтыс болып, анам жалғыз қалғандықтан уақытша өз қолыма алған болатынмын (А.Байтұрсынов 107). Бірақ тіркеуде Нартай ауылында есепте тұрады. Сол ауылдан есептен шықпаса да, сол ауылдың тұрғыны екеніне қарамастан, анамның қазіргі қиын жағдайын біле отырып ешкімнің рұқсатынсыз, келісімінсіз менің көшеме уақытша болған дәрігермен келісіп А.Байтұрсынов №107 мекен-жайына аударып жіберіпті. Бізді адам есебіне санамай, малға ұқсатып айдап, ауылдағы есептен шығарып жіберді. Жүрексіз, дөрекі дәрігер үшін менің анам «80-ге келген әйтеуір біреу» болса да, мен үшін анам – асыл қазынам. Перзенттік парызым – анама өмірінің соңғы минуттарына дейін қамқорлық таныту. Дәл қазіргі уақытта анам инсульт алып, жедел түрде қабылданып, ауруханада жатқанына 6 күн болды. Күндіз-түні анамның қасында болып, күтім жасап отырмын. А.Байтұрсынов көшесінің учаскелік дәрігері Гүлзатқа және медбикесі Шолпанға анамның осы жағдайын түсініп, барынша көмектескендеріне ризашылығымды білдіремін. Ал Г.Жұмашова болса, адамгершілік танытып бір рет болса да хабарласқан жоқ. Адам жанына араша болу түгілі, халықпен тіл табысу мәдениеті төмен, дөрекі, жауапсыз Г.Жұмашоваға тиісті шара қолданып, 2016-2019 жылдың мемлекет тарапынан көмек ретінде бөлінетін тегін дәрі-дәрмегін өндіріп беруіңізді сұраймын. Осы мәселе бойынша аудандық емхананың бас дәрігері Ж.Абдусаметовтің қабылдауында болдым, бірақ қанағаттанарлық жауап ала алмадым.

Исабаев Ерболат Категория Жалпы мәселелер Дата: 07.03.19

Вопрос:

Саламатсыз ба. Мен Исабаев Ерболат Асанбекович Жаңақорған кентінің тұрғыны ретінде Сізден: - 2012 жылдың қараша айында келіншегім Маханова Назгүл Рысбековна кенттегі орталық ауруханаға екіқабат болып түсіп, шала күйінде 7-8 ай көлемінде шала босанып, бала шетінеп кетті. Сол кездегі жағдай бойынша дәрігерлердің айтулары бойынша егер балаға құжат беретін болсақ баланы соямыз, моркке апарамыз ж.т.б. деген соң, біз оған келіспей алып кеттік. Енді осы уақытта ойланып, қазіргі кезде осы баланың құжаты болашақта керек болатынын ойламаппын. Осы жағдай бойынша шала туылған балама тиісті құжаттарды алу немесе жасату (дубликат) (анықтама, туу туралы куәлік ж.т.б.) алу үшін заң талаптарына сай тиісті мекемелерге тапсырма беріп, ықпал жасауыңызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Ерболат Асанбек! Сіздің сауалыңыз бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, азаматша Маханова Назгүл Рысбековна 2012 жылдың 10 қарашасы күні Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының жүктілік патология бөлімшесіне түсіп, жүктіліктің 20-21 аптасы бойынша өздігінен толық кеш түсік орын алған. Осыған сәйкес балаға анықтама берілмейді.  
 

Жанабаева Шынар Категория Денсаулық сақтау Дата: 07.03.19

Вопрос:

Құрметті Ақмарал Шәріпбайқызы! Мен Жанабаева Шынар Қызылорда қаласы,Тасбөгет қыстағы ,Жанкин көшесі 142 үй тұрғыны бүгін яғни 25 ақпан күні азанғы сағат 8.00 де Тасбөгет қыстағындағы №4 емханаға 2013 жылы туылған қызым Нұрлан қызы Айдананы 6 жастық екпеге алып кел деп телефонмен звондап шақырғасын алып барған болатынмын. Тіркеу бөліміне барып талон алайын десем қызым емхананың базасына тіркелмеген, карточкасы жоқ таба алмады.Бұл не деген бассыздық қызым 2013 жылы туылғаннан бастап осы №4 емханада тіркеуде осы кезге дейінгі екпелерін уақытылы алып келді сонда неге базасына тіркемеген неге карточкасы жоғалады не себептен.Емхана басшысы қайда қарап отыр.Әр қайсысы бір біріне сілтеп кім шақырғанын да білмейді жарты сағат әр дәрігер мен медбикенің соңында жүрдім.Ешқайсысы дұрыс жауап бермейд бір жерді тіреп отырғандай. Бар талон алып,шешініп кел деп айқайлап отыр бір дәрігер тіпті сол жерді ұстап тұрғандай.Біздің учаскелік дәрігер Батан Гүлнар деген болатын ол кісіге барып сұрасам сендер басқа учаскеге кеттіңдер менде емессіңдер дейді,одан сол дәрігерді іздеп медбикесіне Назерке деген барсам сендерді кім шақырды деп білмейд енді мен жұмыстан,қызым сабақтан кешікті карточкасын тауып алып тіркесеңдерш дегеніме зорға айқаймен кетті іздеуге. Бұл деген енді сұмдық қой емханаға кілең бір дым білмейтін дәрігерлер мен медбикелерді жинап алған адаммен қалай сөйлесу керек екенін білмейді,дұрыс жауап бермейд. Сонда мен қызым неге емхана базасында тіркеуде жоқ оның медициналық карточкасы қайда кетед. Ақмарал Шәріпбайқызы сізден өтініп сұраймын осы жағдайды егжей тегжейлі зерттеп, немқұрайлық танытқан жауапты тұлғаның жауапкершілігін қарап тиісті шара көрілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Шынар Абдуакапқызы! 
Сіздің сауалыңызға байланысты, №4 емхана әкімшілігіне толық талдау жасалды. Талдау барысында, аймақтық медбикелердің өз жұмысын әлсіреткендігі анықталды. 05.03.2013 жылы туылған, Сіздің балаңыз Нұрлан Айдана  қызылша ауруына қарсы екпе жұмысын жүргізуге жоспарланған. Сіздерді екпеге шақырған медбике Әбдіхалықова Ақбота. Ақбота өз міндеттерін толық атқарған, бірақ сол күні басқа аймаққа ауыстырылған. Себебі, емханада қазіргі уақытта аймақтағы халық санын 1700-ге келтіру барысында, жаңа аймаққа жіберілген. Сіздер қарайтын аймақтық медбикесі Абутәліп Назерке жас маман болғандықтан, аймақ тұрғындарымен толық танысып үлгермеген. Осы себепті түсініспеушілік орын алдған.
Осындай қателіктерді болдырмау мақсатында, емханада тәжірбиелі мамандармен аймаққа келген жас мамандар арасында түсіндірме- үйрету жұмыстары жүргізілін ұйымдастыру тапсырылды.  
Сіздің аймақтық дәрігерігерлеріңіз Өтепберген Айжан. Жоғарыда аталған жас маманның да өз жауапкершілігін арттыру және тұрғындармен диантология талаптары бойынша қызмет көрсету тапсырылды. 
Тағы бір атап өтерлігі, барлық емханаларда бас дәрігердің ішкі аудит және науқастарды қолдау бойынша орынбасарлары жұмыс жасайды. Емханада кез-келген уақытта өз тарапыңыздан туындаған сұрақтарыңыз бойынша осы мамандармен бірлесіп шешуіңізге болады. Кемшіліктерді дер кезінде анықтап хабарласқаныңыз үшін Сізге өз тарапымнан алғысымды білдіремін.
 

Сәрсембаева Әйгерім Категория Халықтың жұмыспен қамтылуы Дата: 13.02.19

Вопрос:

Құрметті Ақмарал Шәріпбайқызы! Менің анам арал қаласында Байтұрсын амбулаториялық емханада тіркеуші болып жұмыс істейді. Бұған дейін перзетханада зертханашы болып бірнеше жыл қызмет атқарған. Гепатит ауруымен ауырып, ол жұмыстан денсаулығына байланысты шығып, 6-7 ай дегенде осы тіркеуші қызметіне келген болатын. Анамның жасы 57-ге келді. Зейнет жасына жақындаған шағында басшылар тарапынан қысым көруде. Өзі күніне 3 сағатқа жұмысқа барады, өйткені жарты ставкада. Сол үш сағат ішінде түскен вызовтарға жауап береді, дәрігерлерге ескертеді, дәптерге тіркейді. Бірақ, дәрігерлер бір себептермен ол адамның үйіне бармай қалса, менің анамды кіналап шығады екен, бізге ескерткен жоқ деп. ал басшылар сол дәрігерге ескерту берудің орнына менің анама жер жебіріне жетіп ұрысқан. Өздерін ақпыз деп отыр. Анам болса бұгін тағы жылап тұр телефон шалсам. Не болды десем, сол баяғы жыр. Бір адам дәрігерге келеді, дәрігердің қабылдауына жіберген, бірақ дәрігер қабылдай алмаған неге екені белгісіз. арада екі күн өткенде, менің анама ұрысыпты, неге маған жібермедің деп. Дәрігердің атына тіркеп бергеннен кейін әрі қарай сол дәрігер жауап бермейді ме ол адамға. Ал дәрігер айтыпты, неге маған әкеліп кіргізбедің деп. Сонда тіркеуші бар жұмысын тастап науқастарды әр есікке тасып, кезекте тұруы керекпе, әлде, қоңырауға жауап беріп, дәптерге тіркеп, компьютерге түсіру керек пе?! Мен анамнан алыс тұрамын, ол жалғыз тұрады. Жас болса 57-ге таяп қалды. Ендігі менің айтарым зейнет жасына жағындаған анамды абыроймен зейнетке шыққанша түртпектей бермесе екен деймін. Жұмыстан шық, жұмыстан шық деп одан басқа тағы да жанына тиетін ауыр сөздер айтады екен лауазымдағы басшы сымақтар. Неге олай жасайды, менің анам еш ақша берместен жұмысқа тұрып кетті, сол үшін солай жасайма, әлде мәжбүрлей берсек, өз еркімен шығып кетеді ізінен қалмасақ деп ойлайды ма екен. Анам осының өзінде жұмыстан шығам деп ашуланып отыр, енді қайтсін ізінен қалмай жатыр. Әділдік көрсетіңізші құрметті Ақмарал ханым!

Ответ:

Құрметті Әйгерім Маратқызы! Сіздің арызыңыздағы мәселелер зерделеніп, қаралды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 184-бабы 4-тармағында, медицина қызметкерлері өз әріптестерімен қарым-қатынаста болу нормалары бекітілген.
Сіздің арызыңызда көрсетілген мән-жайлар жинақталған құжаттар негізінде және Байтұрсынов ауылдық емханасының медициналық тіркеушісі болып қызмет атқаратын Сіздің анаңыз Н. Сисеннің көрсетімінде жоғарыда аталған нормалардың бұзылуына жол берілмегені расталды. 
Анаңыз әрі қарай да жұмысын жасай береді. Сіздерге денсаулық тілеймін.
 

Төлеген Тұрсын Категория Денсаулық сақтау Дата: 13.12.18

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Жағдайыңыз жақсы ма? Мен Жалағаш ауданы Мырзабай ахун ауылында тұрамын.Ержанов Төлегеннің немересімін.Әмірбек деген 3 ші ұлының қызымын.осы ауылдағы мектепте мұғаліммін.жасым 25 те. Сізді осылай өз өтінішіммен мазалап отырғаныма кешірім өтінемін.Жоғары дәрежелі миопиямен ауырамын, оң көзді умервщий деп берді.2016 да .одан кейін мүлдем окулистке бармадым.барлық жер платный көзді тексерту.маған квота алып лазерный операция жасатуға көмектесіңізші.Платный жасататын жағдайым келмей тұр. Мен Жаңыл әженің немересімін ғой.Ержанов Төлегенді естуіңіз бар шығар.Сізден жауап күтемін.Өтініш. жақсы ,Сау болыңыз

Ответ:

Саламатсыз ба Тұрсын Әмірбекқызы. Сіздің мәселеңіз бойынша Жалағаш аудандық ауруханасына тапсырма беріліп, анықтау шаралары жасалды. Сіз, өзіңіз айтып отырғандай 2016 жылдан кейін бірде –бір рет тексеруден өтпеген екенсіз, емханаға қаралмағансыз. Дегенмен, Сізді емхана толық тексеруден өткізіп, қажетті ем шаралармен қамтитын болады.

Абдуллаева Ұлжан Категория Денсаулық сақтау Дата: 02.10.18

Вопрос:

Сәлеметсізбе! менің ұлым Демесін Нұрислам 2008 жылы 16 қаңтарда туылған. 9 мамыр 2018жылы бізге бауырға ота жасалды. бауырдан үш эхинокок кистасы алынды. эхинокок біздің қанымызда бар болып шықты. біз дәрігердің кеңесімен екі ай шамам келгенше ЗЕНТЕЛ дәрісін ішкіздік. екі айдан соң УЗИға түстік. Эхиннокок кистасы қайтадан бауырда екеуі пайда болыпты. оған ота жасауға әлі ерте деді дәрігер. өзіңіз білетіндей эхинокок құртын жою қиын. ол тек бауыр ғана емес қанда болған соң басқа да ішкі ағзаларға түсуі мүмкін. интернет арқылы біраз клиникаларға хабарластым ешқайсысы емдемейміз деді. тек алматыда жеке Юджина клиникасы жауап берді толық емдейміз деп бірақ оның құны 3 млн тұрады екен. Сізден сұрарым ұлымның толық емделуіне көмектессеңіздер шетелде болсын Қазақстанда болсын. қанымыздағы құртты жойсақ деймін. баламның өмірі алда енді ғана өмір сүріп келе жатр. қайта қайта отаға түскенше бір рет түсіп толық ем алсақ деймін. үш ұлым бар үшеуін де операция арқылы босандым енді туа алмаймын трубаларымды денсаулығыма байланысты байлап тастады. құдай берген үш ұлымның денсаулықтарына өмірлерінің жақсы болуына барымды беремін. тек әттен қолым қысқа. Сізден сұрар өтінішім осы ұлымның жазылуына емделуіне толық құрттан құтылуымызға бір көмегіңізді көрсетсеңіз. жолдасым екеуміз жұмыс жасағанымызбен айлығымыз екеумәздің де өте аз. үлкен ұлымыз туылғаннан черепной давление. оны да 6 ай сайын емдеп отырқ. алдын ала алғысымды білдіремін

Ответ:

Саламатсыз ба, Ұлжан. Сіздің сауалыңызға байланысты, көптеген шаралар жасауға тура келді. Балаңыз, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі,28/1 үй тұрғыны Демесін Нұрислам Рахатұлы, 16.01.2008 жылы туылған, 04 мамыр 2018 жылы бауыр эхинококкты кистасы анықталған. 
09 мамыр 2018 жылы балаға облыстық балалар ауруханасында ота жасалды. Диагноз: Эхинококкты бауыр кистасы.Отадан кейінгі жағдай.
Отадан кейін 14.06.2018ж тексерілу кезінде ультрадыбыстық зерттеуден эхинококк кистасы қайталап анықталып, имуноферментті анализ қорытындысы «Оң» нәтижелі болған.  Балаға «Зентел» 400мг, бір курс (28 күн қабылдауға, 14 күн үзіліс, осылайша 3 рет) 1 таблеткадан екі мезгіл қабылдауға ұсыныс берілген.(баланың еміне анасының айтуынша 369 600 теңге қаражат кеткен)
Бала емнің 1-ші курсын 20.05.2018 жылы бастап, 12.08.2018 жылы аяқтады. Алайда, 01 тамыз 2018 жылы тапсырған баланың эхинококқа иммуноферментті анализі «оң» мәнді және титры жоғары болған. Баланың емі жалғастыру  және әрі қарай стандартқа және емдеу хаттамасына сәйкес тексерілу мен жоспарлы порталға салу жұмысы аудандық емхана көлемінде тегін жүргізілетінін мәлімдеймін. Келесі ультрадыбыстық тексерілуі 2018 жылы қазан айында және айына бір рет эхинококке иммуноферментті анализ тапсырады. Кезекті ота жасау тексеру қорытындыларына байланысты шешіледі және аудандық емхана порталы арқылы жоспарлы емге жолданады.
«Зентел» таблеткасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінің тізбесіне кірмейтіндіктен препарат емхана деңгейінде алып берілмейтіндігін мәлімдеймін, алайда мәселені шешу мақсатында аудандық әкімшілікке 12.09.2018 жылы хат жолданып, қаражат жағынан көмек берілетіндігі шешілді.
Балаңыз аудандық гастроэнтеролог, инфекционист дәрігерінің бақылауында. 24.09.2018 жылы облыстық балалар ауруханасында балалар хирургы кеңесіне барып, тағайындалған ем мен ұсынысқа байланысты «Зентел» таблеткасының қажетті мөлшері нақтыланды.
 

Жумабаева Гулнар Категория Денсаулық сақтау Дата: 02.10.18

Вопрос:

Сәлеметсізбе Ақмарал Шәріпбайқызы!Сізге өтінішпен хабарласып отырмын.Менің қызым Қызылорда қаласына тұрмысқа шыққан.Отбасы жағдайына байланысты 1айдан бері үйге келіп отыр.2жасар баласы бар.Екіншісіне жүкті.Қызылорда қаласында №2поликлиника тіркеуге алмай жатыр. "Базада жоқсың"-дейді.Ауылдағы амбулатория тіркеуге алмаймыз дейді. 1-ші баласын 7айлық кезінде босанған.3ай бұрын баласы күйіп,больницада жатты.Бұл жағдай базадан қалай өшіп қалғанын білмейміз.Осы мәселеге көмектесуіңізді сұраймын.

Ответ:

Құрметті Гүлнар! Ең бастысы Сіз қызыңыздың аты-жөнін жазуды ұмытып кетіпсіз. Қазір 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында «емханаға тіркелу» компаниясы жүргізілуде. Қызыңыздың №2 емханаға барып тіркелуіне әбден болады.
Дегенмен, осы сұрақты пайдалана отырып, бір жайтты ескерткіміз келеді. Мысалы, сіздің қызыңыз Қызылорда қаласына тұрмысқа шыққанымен, айтуыңыз бойынша ауылда тұрып жатыр. Оның балалары уақытылы дәрігерге қаралуы керек, екпесі бар және екінші рет жүкті болған жағдайда да дәрігер бақылауында болуы шарт. Қызыңыз уақытылы емханаға бармаған жағдайда, емхана тарапынан іздеу болады. Ескі мекен жайына хабарласып, таба алмаса есептен шығарады. Өйткені, емханаға тіркелген азаматтың (әсіресе жүкті әйелдер мен, балалардың) бақылауда болғандығы, болмағандығы туралы үнемі тексерілу жүргізіліп отырады. Кейбір азаматтар Қызылордағы емханаға тіркелгенімен, бірнеше жылдан бері басқа аймақтарда тұрып жатқандығы анықталды. Осындай жағдайларды ескере отырып, емханалар өз тұрғындарына есеп жүргізіп отыруға тиісті.
 

Бахыткызы Жансая Категория Денсаулық сақтау Дата: 02.10.18

Вопрос:

Құрметті Ақмарал Шəріпбайқызы,менің 3,5жастагы ұлыма 2017жылдың ақпан айында брохиальная астма диагнозы қойылды.Сол кезден бастап бізді учетка алды.Бірақ осы кезге дейін бір рет болса да тегін дəрі берілмеді. 4 қалалық емханаға қараймыз.Біз емделу үшін емді үзбей алуымыз керек.Базистік терапияны кейде дəріні ала алмагандықтан үзіп аламыз.Негізі мемлекеттен тегін комек ретінде берілетін пульмикорт,монтигет дəрілерін бермейді.Менің жолдасым гана жумыс істейді.Өзім балам ауыргасын,бала күтімімен үйде отырмын.Маған мемлекет тарапынан бөлініп жатқан тегін дəріні берулеріңізді сұраймын.Балам үшін жаным ауырады,əсіресе аяк астынан ауа жетпей тұншыққанда.Тым болмаганда дəрісін үзбей уақытылы берулеріңізді сұраймын.Осы мəселені шешіп беріңізші.Поликлиника жоқтан басқа дым істемейді.

Ответ:

Саламатсыз ба Жансая Бахытқызы! Сұрағыңыз бойынша, балаңыздың аты –жөнін жазбасаңызда, емхана арқылы анықтау жасаттым. Балаңызға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тиісті дәрі-дәрмеегі беріліп тұратын болады. Сауығып кетіңіздер.

Атахожаев Арон-Рашид Категория Денсаулық сақтау Дата: 02.10.18

Вопрос:

Саламатсызба, Әлназарова Ақмарал ханым! Сізге өтініш жолдаушы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап бекеті, Жолдасбеков №24 үй тұрғыны Атахожаев Арон-Рашид Алимханұлы. Сізге арыздану себебім, ауыл медбикесі Аманжолова Рыскүл менің ұлдарыма тиісті дәрежеде қызмет көрсетпейді.Менің екі ұлым бар, үлкені 8.12.2015 жылы дүниеге келген, екінші ұлым төрт айлық. Бірінші ұлым туылғанда ауыл дәрігерлері анда-санда тексеріп кететін. Біз жас отбасы болғандықтан мән бермейтінбіз, оның үстіне үлкен кісі деп шағымданбайтынбыз. Тек балалар ауырғанда телефон соғып, іздеп жүріп шақыратынбыз. Екінші ұлым 09.05.2018 жылы дүниеге келді. Сол уақыттан бері келіп баланың жағдайын тексерген емес. Негізі апта сайын баланы тексеріп отыру керек екенін естігенмін. Ауыл фельдшері Әбубәкіров Қанат алғашында екі-үш апта келіп тексерді, одан кейін олда келген емес. Жақында екі балада қызуы көтеріліп ауырып қалған болатын, бірден Аманжолова Рыскүлге хабарласып шақыртқанда жұбайыма өзің укол сала бермейсіңба деп ұрысыпты. Ал, егер сол кісінің айтуы бойынша жұбайым укол салған жағдайда балаларға бірдеңе болып қалса кім жауап береді? Сонда ол кісі жұмыс жасауға, бала ауырғанда шақырғанда келугеде ерінеді. Үлкен кісі ауырып жатса мейлі ауырған жерін айта алады.Кішкентай сәбилер ауырып жатқанда толыққанды,күнде ем жүргізген емес. Мен төрт айлық сәбиді апта сайын тексеру жүгізбейді деп іштей ренжіп жүрсем шақырғанда жұбайыма ұрысып бергеніне ашуланып ауылға қарасты Талап ауылдық ауруханасы басшылығына, Жаңақорған аудандық аурухана басшылығына телефон арқылы шағымданған болатынмын, шара қолданамыз делінген бірақ біреуі келіп баланың жағдайын көрген емес. Балаға осы уақытқа дейін ешқандай екпе салынған жоқ. Әлі күнге тұмаудың кетпеуі, өкпенің сырылы екпе кешіктірілгеннен кейін деп ойлаймын. Балалардың кітапшасына келдік,тексердік, баламен әңгімелестім, ойнаттым, жағдайы жақсы деп жазып толтырып қояды, шынына келгенде шақыртқанда болмаса өздері келіп балаларға тексеріс жүргізбеген. Тұмауы әлі күнге кетер емес. Қазақстан Республикасында ана мен баланың құқығын қорғайтын заң бар, сол заңның аясында тиісті шара қолдансаңыз. Әрбір бала дені сау, бақытты өмір сүруге құқылы. Дәрігердің кішкене қателігі үлкен өкініш әкеледі. Болашақта балаларымның денсаулығынан кінәрәт табылып өкініш өзекті өртемесін деп, дәрігерлер өз ісіне жауапсыздықпен қарау болмаса екен деген үлкен өтінішпен жазып отырмын. Әлназарова Ақмарал ханым, осы өтінішімді жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймын.

Ответ:

Құрметті Арон-Рашид Алимханұлы! Сұрағыңызға қатысты тиісті қызметтік анықтаулар жүргізілді. ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 30 желтоқсандағы №2295 қаулысына, бекітілген Қазақстан Ұлттық екпелік күнтізбесіне сәйкес ұлыңыз Әлімхан Қалмұхамбетке алдын-ала егулер толық жасалған, ал ұлыңыз Әлімхан Шахмұхаммедке ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің м.а. 2018 жылғы 13 маусымдағы №361 бұйрығына сәйкес невролог маманы кеңесімен жүргізілген, амбулаторлық емнен кейін 1 айдан соң алдын-ала егулерге рұқсат етілген.
Балаларыңыздың даму тарихына аудиттік талдау жасалып, тиісті бақылау ҚР ДСМ 29.12.2017ж №1027 бұйрығына сай жүргізілмегендігі анықталған. Пациенттерді қорғау және ішкі аудит талдау отырысының 2018 жылдың 12 қыркүйектегі хаттамалық шешімімен ҚР Еңбек Кодексінің 64- бабы 1-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, АЕҚ Жаңақорған ауданы ауруханасының бас дәрігерінің 14.09.18 жылғы №18 бұйрығымен «Бесарық» дәрігерлік амбулатория аға мейірбикесі М.Амирбековаға, «Талап» фельдшерлік пунктінің мейірбикесі Р. Аманжоловаға  «ЕСКЕРТУ» түрінде тәртіптік шаралар көрілді.
 

Скендирова Гулбейне Категория Денсаулық сақтау Дата: 04.07.18

Вопрос:

Сәлеметсіз бе Ақмарал ханым! Мен Қызылорда облысының Қармақшы ауданынан хабарласып отырмын. Жаңа туылған нəрестеге берілетін сүт ақылы ма, тегін бе? (Егер анасы ауыр жағдайда жатса, шақалақты тамақтандыру үшін қолданылатын сүт).

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Гүлбейне Айтбайқызы! Жаңа туылған нəрестеге қосымша емшек сүт қоспасын алуға дәрігер көрсетілімдері болған жағдайда ғана беріледі. Қоспа Қармақшы аудандық емханасы дәрігері рецептісімен тегін түрде алуға болады. 
Сіздің сұрағыңыз толық болмауына байланысты, Қармақшы аудандық емханасының бас дәрігеріне өтінім бересіз.

Беттер

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика