ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу 
2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 115,8 млн теңгеге өсті. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгені құрады (жалпы соманың 97,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкіл жинақтың 2,2%) және ерікті зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).
Шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бірліктен асты.  
Жыл басынан бері Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 12,1 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып отыр.   
2019 жылдың екі айы ішінде зейнетақы төлемдері 43,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 28,3 млрд теңгені, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 4,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 62,8 млрд теңге төленді. Оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,6 млрд теңге болды.      
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үнемі жетілдіріп келеді. Жыл басынан бері салымшылар мен алушыларға 4,4 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте электрондық тәсілмен қызмет көрсету басымдыққа ие – 3,7 миллионнан астам операция (немесе 85%) (шоттан берілген үзінді көшірмелерді есепке ала отырып) электрондық форматта жүзеге асырылды. 
«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында тұрақты негізде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсіпорындарда және сауда орындарында көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам таныстырылымдық шара өткізіліп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты. 
2019 жылдың басынан бері бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 19 605 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге (4,7 млн теңге республикалық және облыстық маңызға ие қала тұрғындарынан, ал 5,9 млн теңге басқа елдімекендердің тұрғындарынан) 21 986 жарна келіп түсті. БЖТ төлеу аясында 2019 жылдың ақпан айында жарна сомасы 4,1 есеге ұлғайды. Сонымен қатар БЖТ бойынша жарналары саны 4,5 есеге және осы жарналар түсетін зейнетақы шоттарының саны 4,4 есеге артты.  
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары
1.Зейнетақы шотын ашу үшін не істеу керек?
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. 
Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. 
2.Инвестициялық табыс деген не және ол қалай есептеледі?
Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі. Оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына және оған түсетін жарналардың мөлшеріне және олардың тұрақты аударылуына тәуелді.    
Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бірлігінің (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбір жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және шартты зейнетақы бірлігінде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбір зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бірлігіне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарнасы келіп түсті делік. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны – 748 теңге дейтін болсақ, Сіздің шотыңызға есептелетін ШЗБ саны 13,4 бірлік болады (10 000 теңге/ 748 теңге). 
Ал 2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делік. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерілді. Енді осы күнгі ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сіздің шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негізінде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады.     
Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейді. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге – 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшері жарналардың сомасы мен аударылу кезеңіне тәуелді. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе.      
3.Ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы шотын кімдер аша алады?
Қазақстанның кез-келген азаматы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі шарт тараптарының өзара келісімі бойынша белгіленеді. Бұл ретте жарналардың мөлшерінен гөрі, олардың тұрақты аударылғандығы маңызды. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар болашақта Қордан қомақты мөлшерде зейнетақы төлемдерін алуға септігін тигізеді. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен төлейді және өз атына немесе үшінші бір тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерінің қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.
Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды. 
Салымшы ерікті зейнетақы жарналары есебінен шот ашу үшін Қорға өзі келген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат тапсырады. Егер шарт үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуі тиіс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкілі немесе оның орнына нотариат куәландырған сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлға өтініш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшінші адамның пайдасына шарт жасау үшін алушы да жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшінші адамның пайдасына шарт жасасу үшін тиісті құжаттар топтамасын ұсынады. Қажетті құжаттар тізімі Қордың enpf.kz сайтында көрсетілген.   
2018 жылдың шілдесінде Қор сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жаңа қызмет іске қосылды. Ол – «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметі» деп аталады. Оны пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті қажет. Сол арқылы тіркеліп, тиісті нысандарға қажетті деректер енгізіледі. Кейін осы электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтімен қол қойылады. Бүкіл операция бірнеше минут уақытты ғана алады. Ерікті жарналар бойынша шотты сайт арқылы ашу – уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір айта кететін жәйт, салымшылар Қор сайты арқылы шотты әзірге өз пайдасына ғана ашуға құқылы.
4.Зейнетақы төлемдері қалай рәсімдеді?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы қаулысы негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді. 
Осы күннен бастап зейнеткерлік жасқа толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. 
Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу жөніндегі өтініштер мына тек жағдайларда ғана қабылданады:   
– шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты;
– I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда;
– жерлеуге және мұрагерлікке байланысты біржолғы төлемді жүзеге асырған жағдайда;
– ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған жинақтарды алу құқығы туындаған кезде; 
– сақтандыру ұйымымен зейнетақы шартын жасасқан жағдайда.  
Сонымен қатар БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу және стратегиялық міндеттері сол өзгеріссіз күйінде қалады.
5. Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан қандай кепілдік берілген?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілетіндігі туралы бап 2003 жылы пайда болды. Бұл механизм 2009 жылдан бастап белсенді түрде жүзеге асырыла бастады. Өйткені осы кезеңде қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы азайған болатын. Сонымен мемлекет зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Мұнда мемлекеттік кепілдік бойынша біржолғы айырма төлемі есептеледі. Ол инфляцияны есепке ала отырып, зейнеткердің шотындағы бүкіл жинақтардың сомасы мен сол шотқа енгізілген бүкіл жарналардың сомасын өзара салыстырғанда айқындалатын айырма сомасы. Біржолғы айырма төлемін зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар және шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бір өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгізілген Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай өтінішті тек бір жерге – осы Мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. 
Мемлекеттік корпорация зейнеткердің жинақтары туралы Қордан алынған мәліметтерді оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома біржолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады.
 
 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2019 жылғы «19» наурыз
БЖЗҚ-да «2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні өткізілді 
2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.  
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпарат беріліп жатыр. 
Аталмыш шараның тақырыбы – зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер.  
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.   
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді: 
- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады; 
- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады;  
- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу – оның міндеті болып есептелмейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс. 
Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен сәтте шот автоматты түрде ашылады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді: 
- мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын;
- БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналарын;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды; 
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.
Бұдан басқа, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты электрондық үкімет порталы арқылы алу оңай бола түсті. 
Осы күннен бастап кез келген салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені тек электрондық цифрлық қолтаңба ғана емес, бір реттік sms-парольдің көмегімен де ала алатын болды. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.        
2019 жылдың ақпанында «Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды. Енді нотариустар «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.      
Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер Ашық есік күніне келушілер мен Қор мамандары арасында қызу талқыланды. Қатысушылар бүгінгі кездесудің пайдалы және достық сипатта өткендігін ерекше атап өтті.  
Айта кетелік, БЖЗҚ-да Ашық есік күні осымен үшінші жыл қатарынан әрбір үш ай сайын өткізілуде. Өткен жылы бұл шараға еліміз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын. 
Бүгінгі шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды.           
Қандай да бір себептермен Ашық есік күніне келе алмағандар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қордың www.enpf.kz сайты арқылы Басқарма Төрайымының блогына сұрақ қоюға, байланыс орталығының 1418 телефон нөміріне қоңырау шалуға (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефон арқылы хабарласу тегін) болады. Сонымен қатар салымшылар мен алушылар өз өтініштерін Қордың әлеуметтік желілердегі негізгі парақшалары және WhatsApp арнасы арқылы жолдай алады. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады
2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды   
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына,  оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы да жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның Қорда міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Ол туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді. 
Бұл ретте жеке тұлға жарналарды аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша танылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  
Жыл басынан бері фрилансерлер мен жеке кәсіпкерлердің «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түсті
2019 жылдың қаңтар айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келіп түсті.   
«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, мынадай өзгерістер күшіне енді:
– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. 
Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс. 
Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалса, онда фрилансерлер жарна төлеуге тек құқылы болады. Бірақ міндетті емес. Дегенмен жеке тұлға бұл жарналарды өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай корпорация жарналарды Қорға аударады. Егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады. 
Сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар әрі азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың тапсырысын орындайтын болса, онда олар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жарна төлеуден босатылады. Бұл жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын салық агенті болып табылатын жұмыс беруші ғана төлейді. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады
2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге   қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келіп түсті.  
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. 
Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2019 жылғы «28» ақпан
2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне шолу 
2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгені құрап, соңғы 12 ай ішінде 1,6 трлн теңгеге көбейді. Еске сала кетелік, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған еді. Осы кезең ішінде салымшылардың шоттарына үлестірілген зейнетақы активтерінің өсімі 21 пайызға жетті. Бұл ретте зейнетақы активтері зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан құралатындығын еске саламыз.     
2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы түсімдерінің сомасы 70,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 65,3 млрд теңге болды. Сәйкесінше бір жыл ішіндегі өсім 5,5 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұл ретте түсімдердің басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналарына (МЗЖ)  тиесілі – 66,5 млрд теңге. Қаңтар айында барлығы 4,9 млн міндетті зейнетақы жарналары түскен. Жарналардың орташа сомасы 13,7 мың теңгені құрады.  
2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары. 
12 ай ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейі 5,2 пайызды көрсетті. Яғни, бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша нақты, таза табыстылық – 6,1 пайызды құрады.
2019 жылдың 1 ақпанына қарай, ҚР Ұлттық Банкінің басқаруына берілген зейнетақы активтері портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 44,09 пайызды құрады. Олардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (01.02.2018 ж. – 44,47%) өзгерген жоқ деуге болады. Теңгеде номиналданған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша өтелуіне қарай орташа өлшемдік табыстылық жылдық 7,0 пайызды, АҚШ долларында – жылдық 4,4 пайызды құрады. 
Ал Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының үлесі 13,80 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен біршама жоғары (01.02.2018 ж. – 10,11%). ҚР теңгеде номиналданған квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары бойынша өтелуіне қарай орташа өлшемдік табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларында – жылдық 5,0 пайызды құрады.
Зейнетақы активтерінің портфелінде ҚР екінші деңгейдегі банктері облигацияларының үлесі – 13,3%-ға пайызға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (01.02.2018 ж. – 15,82%) төмендеді. ҚР екінші деңгейдегі банктерінің теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтелуге қатысты орташа өлшемді табыстылық  жылдық 10,0 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсетті.
Шет мемлекеттердің шетел валютасында номиналданған мемлекеттік құнды қағаздарына жасалған инвестициялар үлесі 12,81 пайызды құрап (01.02.2018 ж. – 12,61%), өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,7 пайызды көрсетті. 
Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының қай валютада номиналданғаны былайша келтірілген: зейнетақы активтерінің 67,61 пайызы ұлттық валютада, 31,97 пайызы АҚШ долларында, 0,42 пайызы өзге валюталарда инвестицияланған. 
Зейнетақы активтері портфелінің 72,7 пайызы – рейтингі «AAA»-дан «BBB» дейін болатын қаржы құралдарына, 12,2 пайызы – рейтингі «BB+»-тен «B-»-қа дейін болатын қаржы құралдарына орналастырылған.      
БЖЗҚ-ның сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді. 
2019 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылған шоттар 9,9 млн бірлік (95 пайыз), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 0,5 млн бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бірлік болды. 2019 жылдың қаңтар айында МЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны 11 293 бірлікті құрады. Олардың ішінде 9 409 шот автоматты түрде ашылды. Зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылу тәртібі 2019 жылдың 08 қаңтарында енгізілген.      
2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы қоры тарапынан тұрғындарға 2,4 млн операция көлемінде қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық қызметтердің үлесі 86 пайызды құрады. Осы кезеңде азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша 58,7 мың өтініші қаралды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда 1955 көшпелі таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 65,3 мың адам қатысты.    
2019 жылдың алғашқы айында зейнетақы төлемдері 31,53 млрд теңгені, оның ішінде жасына байланысты төлемдер 23,64 млрд теңгені, сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 2,65 млрд теңгені, ҚР шегінен тысқары жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер 2,66 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 1,89 млрд теңгені құрады. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
 
 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметі көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметтің ішінде үздіктердің бірі болып танылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі үздік бестіктің қатарына енді. 
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткізілді. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргізілді. Бұл ретте көрсетілетін 60 мемлекеттік қызметнегізге алынды. 
Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргізіліп, қызмет көрсетуші мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды.Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша бақылау жүргізіліп, бірқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды. 
Зерттеу жүргізудегі мақсат – қызмет алушылардың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетімділігі, қызмет көрсету мерзімінің сақталуы, қызмет көрсету деңгейі (сыпайылық, біліктілік, қызметкерлердің шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсімделуі, шарттардың ыңғайлылығы ескерілді.  
Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру қызметіне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігі, жеделдігі мен құзыреттілігі бойынша жоғары нәтижелер көрсетті: сауалнамаға жауап берушілердің 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне риза. Бұл ретте жауап берушілердің 82,9 пайызының пікірінше ақпараттар ашық және шынайы.Жауап берушілердің 88,3 пайызыныңқызметтердің көрсетілу мерзіміне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзірлеу мерзіміне көңілдері толады. 
Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушінің мамандарының біліктілігін жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшін қызметкерлердің сыпайылығы, әдептілігі қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерінің шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушілердің 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4  пайызы қызмет көрсетушіге сенеді.  
Көрсетілетін қызметтерді барынша әділ бағалау үшін «Құпия сатып алушы» әдісі де қолданылды. Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетілетін қызметтердің сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиіс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан іздеу, 2) ақпаратты стендтен іздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу. 
Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kzсайтын жоғары бағалады.Ол сайттың интерфейсін,онда байланыс орталығының телефон нөмірібар екендігін, бір бөлімнен екінші бөлімге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді екендігін атап өтті. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берілді. Өйткені, Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген. 
БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысына Құпия сатып алушының көңілі толды.   
«Операция бөлімінің қызметкері менің барлық сұрақтарыма жауап берді және тіпті зейнетақы жарналарының түсуіне қатысты ақпаратты поштама жіберуді ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендігін айтып, тіркелуге көмектесті. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуін үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік бар». 
Бұл зерттеудің негізгі нәтижелері тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңілдері толатындығын көрсетті. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге ынталандыра түседі.  
Мониторинг нәтижесі бойынша толық есепті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтынан мына сілтеме бойынша:   https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды 
«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге, олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама береді.     
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын. 
Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға«Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тәртібінде (БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.  
Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады. 
Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді және қағаздық құжатайналымын жояды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары
Біз «БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап беруді жалғастырамыз. 
Азаматтарды ҚР Заңдарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер қызықтырады. Олардың кейбірі зейнетақы аударымдарына қатысты. Міне бүгін солар туралы әңгімелейтін боламыз. 
Фрилансерлер деген кімдер?
Жауап:Фрилансерлер – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқаратын және (немесе) қызметтер көрсететін жеке тұлғалар. Олар жұмыс орны мен жұмыс істеу уақытын көп жағдайда өздері белгілейді және тапсырыс берушімен көп жағдайда қашықтықтан байланыс жасайды. Интернет желісі дамығаннан бері фриланстық жұмыстар әсіресе журналистика, заң, компьютерлік бағдарлама, дизайн, аударма салаларында кеңінен дамыған.      
1. Белгілі бір мекемеде еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс істейтін, бірақ салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қосымша табыс алатын жұмысшылар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді?
Жауап:«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес агенттер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде төлейді. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.
Заңның 24-бабы, 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған табыстан Қорға МЗЖ төлеуден босатылады.
Бұдан басқа, Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көзделгеніндей, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына МЗЖ аудару құқығына ие. Бұл үшін олар жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Бұл ретте МЗЖ мөлшері алған табыстың 10 пайызын құрайды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем болмауы тиіс.    
Міндетті зейнетақы жарналарын осылайша Қорға өз еркімен аудару жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруға оң әсер етеді.
Атап өту керек, егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болса, олар жеке тұлғаларға, оның ішінде фрилансерлерге азаматтық-құқықтық шарттар бойынша төлеген табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте МЗЖ алған табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.
2. Қазіргі кезде елімізде еңбек келісім-шарты бойынша қос қызметті қатар атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын қалай төлейді? Яғни, еңбек келісім-шартын жасасқан екі мекеме де зейнетақы жарнасын аударып отырады ма?
Жауап:«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын осы заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша салық агенті болып табылатын жұмыс берушілер аударады. Сәйкесінше жұмыскермен еңбек шартын жасасқан екі мекеме де БЖЗҚ-ға жұмыскердің пайдасына МЗЖ аударуға міндетті. 
3. Үйінде отырып-ақ табыс табатын,ЖШСнемесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тәуелсіз жұмысшылар салықты қалай төлейді? Жалпы оларды қалай анықтайсыздар?
Жауап: Салық мәселесі бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз.
4. Фрилансерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын жасауға міндеттелген бе?
Жауап: Бұл сұрақ бойынша Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жүгінуіңізді сұраймыз.Бұл ретте біздің айтарымыз, жеке тұлғалардың барлығы бірдей бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тәртібін қолдана алмайды. 
Атап өту керек, БЖТ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және ол бірнеше төлемнен құралады. Олар:жеке табыс салығы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін МЗЖ және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым. 
Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен жүзеге асыратын, сондай-ақ бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ  төлеген;жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өсірген ауыл шаруашылығы өнiмдерін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.
Ал нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер БЖТ төлеушілер болып табылмайды.  
5.Жаңа заң қашаннан бастап күшіне енеді?
Жауап:«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.
Заңға енгізілген бұл өзгерістер БЖТ енгізуге (ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді), азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқарып, қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін МЗЖ төлеу рәсімін оңайлатуға және МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының өтініш берушілік сипатта ашылуын жоюға бағытталған (ол 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді).  
Енді жеке тұлғаның МЗЖ есепке алу бойынша БЖЗҚ-да ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында sms-хабарламаның көмегімен білуге болады 
«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.   
Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар: 
1) БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;
2) дәстүрлі пошта байланысы; 
3) электрондық тәсіл, оның ішінде:
– БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;
– логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;
– электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.
Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонынабір реттік sms-парольжіберіледі. 
Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді.  
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары
Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ). 
Бұл не және не үшін енгізілді?
Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған.Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдыбір төлеммен жүзеге асыруға болады. 
Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?
Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметінтіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.
Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.
БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады.Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни,көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.
Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.
Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.    
Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады. 
БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық!Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. 
Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады. 
Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.  

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«БЖЗҚ» АҚ тұжырымы бойынша үздік эссе авторларының есімі аталды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үздік эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 250-ден астам адам қатысты  
Еске саламыз, 2018 жылдың қыркүйегінде БЖЗҚ 12 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар арасында «Менің атам/менің әжем – белсенді зейнеткер» тақырыбы бойынша үздік эссе байқауын жариялаған болатын. Оған қатысушылар өз шығармаларында зейнетке шықса да белсенді өмір салтын ұстанатын ата-әжелері туралы Қормен сыр бөлісті. Осылайша қарттық шақтың да адам өмірінің белсенді әрі жемісті кезеңі екендігіне тағы да көз жеткіздік. Бұған жасөспірімдердің зор ықыласпен жазған жүрекжарды шығармалары куә.        
Жүздеген әсерлі де шынайы жұмыстардың ішінен үздік эссені таңдау қиын болды. Алайда қазылар алқасы қазақ және орыс тілдерінде 12 – 14 және 15 – 18 жас санаты бойынша әр топтан үш жеңімпазды анықтады. Қазылар алқасының құрамында БЖЗҚ мамандары, «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділдә, «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Әлімжан Акбаров, «Жыл он екі ай» балалар журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы Лиля Калаус бар.
Атап өту керек, еліміздің түкпір-түкпірінен келген хаттарды іріктеу жұмыстары: антиплагиат бойынша тексеру, мәтін мазмұнының шығарма тақырыбына сәйкестігі, шығармашылық тәсіл, сонымен қатар байқау шартын сақтау секілді бірнеше кезеңнен тұрды.      
Сонымен мына оқушылар жеңімпаз атанды:
12-14 жас (мемлекеттік тілде):
1. Темірбек Жүргенов атындағы (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы) №123-ші мектеп-лицейінің 7 «Ә» сыныбының оқушысы Ысқақ Ғалия;
2. Жітіқара қаласындағы (Қостанай облысы, Жітіқара ауданы) №1-ші мектептің 7 сынып оқушысы Янгильдина Алина;
3. Арал қаласындағы (Қызылорда облысы, Арал ауданы) Тарас Шевченко атындағы №13-ші мектептің 7 «А» сынып оқушысы Қаниева Маржан.
14-18 жас (мемлекеттік тілде):
1. Есбол ауылының (Атырау облысы, Индер ауданы) Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Меңдіқұлова Әйгерім;
2. Лисаковск қаласындағы (Қостанай облысы) №1-ші орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Гросс Александр;
3. Олжабай батыр ауылындағы (Ақмола облысы, Ерейментау ауданы) қазақ-орыс орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Герц Виктор.
12-14 жас (орыс тілінде):
1. Федосеевка ауылындағы (Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы) орта мектептің 7 сынып оқушысы Баранова Карина;
2. Қырық құдық ауылындағы (Ақмола облысы) орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ербол Аяжан;
3. Петровка ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) орта мектептің 6 сынып оқушысы Жингель Андрей. 
14-18 жас (орыс тілінде):
1. Қадыр Мырзалиев атындағы (Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы) орта мектептің 9 сынып оқушысы Толқынова Томирис; 
2. Искра ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептің 9 сынып оқушысы Писалева Софья;
3. Белов ауылындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептің 10 сынып оқушысы Деянова Дарья.
Қазақ тілінде жеңімпаз атанғандардың эсселері балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінде, ал орыс тіліндегі жеңімпаздардың эсселері «Дружные ребята» республикалық газетінде жарияланады. Бұдан басқа, бірінші орын алған оқушылардың жұмыстары Қордың «PRO ЕНПФ» корпоративтік журналының 11 шығарылымында жарық көреді. Сондай-ақәрбір жас мөлшері мен тіл санаты тобындағы жеңімпаздар кітап дүкендеріне арналған тартулық сертификаттармен марапатталады:
1 орын үшін – 20 000 теңге:
2 орын үшін – 15 000 теңге:
3 орын үшін – 10 000 теңге.
Сонымен қатар байқау комиссиясы әрбір жас санаты бойынша 10 адамды ата мен әжеге деген мейірімге толы шынайы эсселері үшін құрмет грамоталарымен марапаттауды ұйғарды.
БЖЗҚ барлық қатысушыларды шығармашылық табыстарымен шын жүректен құттықтайды және қазылар алқасының барлық мүшесіне шексіз ризашылығын білдіреді.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «12» желтоқсан

Қызылорда да Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорытындылары мен даму келешегі талқыланды

12 желтоқсан 2018 жылы И.Журба көшесі №12 уйде«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесінің негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
Форум-кеңес түріндегі отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкілдері, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты. 
Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу себептерін, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемішін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсіресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пікір алмасты.  
Отырысты Қызылорда облыстық филиалының директоры Құрманғали Арнұр Дәденұлы ашты. Ол ниет білдіріп, бүгінгі жиынға қатысуға келген азаматтарға алғысын білдіріп, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты мәселелерді талқылауда жемісті еңбек тіледі.Өз сөзінде филиал басшысы Қор тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды ерекше атап өтті.    
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның  ТМД елдері арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргізіп, дұрыс қадам жасағанды туралы тұжырым жасады. Бүгінде жүйе орнықты және өзінің дағдарысқа төзімділігін дәлелдеді және даму әлеуеті жоғары. Жиынға қатысушылар сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы, табыстылығы, барабарлығы көп жағдайда елдегі экономикалық ахуалға тәуелді екендігін атап өтті. Өйткені экономиканың нақты салаларының өсуі еңбек өнімділігі мен халықтабысының артуына септігін тигізеді. Инфляцияның төмендеуі, экономикада бағалардың тұрақталуы зейнетақы жинақтарының нақты құнына оң әсер етеді. Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың жұмыспен барынша толық қамтылуы оларға алған табыстан өз пайдасына зейнетақы жарналарынтұрақты аударып тұруға мүмкіндік береді.  
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Бүгінгі таңдахалық арасында жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайлы көптеген сұрақтар туындап жүр, осы орайда, біз БЖЗҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маман-заңгері ДинараБұйрабайғажолығып, сұхбат алдық.

-Елу (50) жастан асқансалымшы (алушы)зейнетақысын алдын-ала ала аладыма?Алған жағдайда, ол қандай көлемде болады?
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңының 59-бабының 1-тармағына сәйкес ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде:
ерлер 55 жасқа толғанда;
әйелдер 50 жасқа толғанда (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,5 жасқа;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51 жасқа;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51,5 жасқа;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа толғанда;)
мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасап,зейнетақыжинақтарын ала алады. 2018 жылы сақтандыру ұйымдары cалымшылардыңжинақтары13 000 000 теңгеден асқан жағдайда аннуитет шартын жасап жатыр.
-Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалароның туыстарына беріледі ме? 
Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес мұрагерлер болып табылатын немесе өсиетте аталған адамдарға жазбаша сұрау салу бойынша не соттарға олардың іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарымның негізінде беріледі.
–сұхбатыңызға рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Шара қорытындысы бойынша мақала 
БЖЗҚ жастарға есігін ашты 
2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Қызылорда облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған (200) екі жүзден асаадам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бірге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды.  Филиал директоры Құрманғали Арнұр Дәденұлы атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.   
-«Қазір зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте бүгінгі оқушылар мен студенттердің зейнетақы көлемі негізінен олардың өздерінің аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуіміз керек», - дейді филиал жетекшісі.  
Қор қызметкерлері Ашық есік шарасына келгендерге  зейнетақы қызметтері мен кеңес алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығымен және  кеңес алу жолдарымен танысты.  
Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі.  БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді.  Республиканың бүкіл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Көшпелі қызмет тиімді  ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.
Биыл көктемде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында жұмысқа кіріспек. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жетілдіру үшін барлық өңірлік филиалдарда терминалдар, 10 қалада ақпараттық дүңгіршіктер орнатылған. Сонымен қатар көптеген қызмет түрлері ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкімет сайты және биыл іске қосылған telegram-бот арқылы да қолжетімді. Салымшыларға кеңес беру үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларға жолдауға болады. 
-БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Осының арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы  немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», -деп атап өтті филиал директоры.  
Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар. 
Қор қызметкерлері шараға қатысушыларға жеке кеңес беріп, оларды қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйретті. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Сайыста колледж студенттеріозық нәтиже көрсетті.Филиал директоры А.Д. Құрманғали жеңімпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.
-«Мен бүгін зейнетақы жүйесі туралы, Қор қызметтерін интернет арқылы қалай пайдалунға болатыны туралы көптеген қызықты мағлұмат алдым.  БЖЗҚ ұялы қосымшасын телефоныма жүктедім, енді ата-анамды оны қалай пайдалану керектігіне үйретемін», - дейді шараға қатысушы оқушы Назарова Г.
БЖЗҚАҚ Ашық есік күнін екінші жыл қатарынан тоқсан сайын өткізіп келеді. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы біліп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт іаралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты. 
БЖЗҚ Қызылорда облыстық филиалы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.   
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Терминалдарда ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%).
Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.  
БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту арқылы Қор салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыда жәрдемдеседі.
Өткен жылы Қор сайтында зейнетақы қызметтерінің барлық негізгі түрлері электрондық форматта қолжетімді болды. Олар, атап айтар болсақ: МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізу, сонымен қатар I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру. 2018 жылдың 9 айы ішінде Қор кеңселерінде және электрондық форматта шамамен 15,7 млн операция орындалған. Олардың ішінде 11,5 млн операция электрондық түрде жүзеге асырылды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 млн операцияға көп, яғни өсім – 25 пайызды құрады.    
«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта VTM-терминалдарды іске қосу жоспарлануда. Олар салымшыларға Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкіндік береді. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

5 сұрақ
1.Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.  
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген. 
«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.
Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін: зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталығына) өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар биыл қазан айында енгізілген жаңа Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтініш пен қажетті құжаттарды тек бір жерге – осы мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Яғни, айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. 
Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының сомалары туралы Қордан алынған мәліметтерді алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті және міндеті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасынан артық немесе оған тең болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасынан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома 10 жұмыс күні ішінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына аударылады.
2.Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңы) енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде (бірақ ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге міндетті.     
Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін МЗЖ аудару тәртібі мынадай:
–азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар (қызмет көрсетушілер) міндетті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді;
– екінші деңгейдегі банктерде шоттары жоқ жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен Мемлекеттік корпорацияға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді;
– екінші деңгейдегі банктер ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттік корпорацияға төлем тапсырмасын әзірлейді. Одан әрі, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.
Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы. 
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған:
Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтінішті Қордың кез-келген бөлімшесінде және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады. 
3.БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады?
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Терминалдың корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал МЗЖ бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.  
Барлық филиалдарда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдардарын қолдану арқылы ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%) қызметтері.
4.Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе?
Қазіргі уақытта зейнетақы активтері бірыңғай оператор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырландырылған. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының үкіметі.«БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті ҚР Ұлттық Банкнің сенімгерлік басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк ҚРҰлттық Қорды басқару жөніндегі кеңесімен бірлесе отырып жүзеге асырады. Сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі біршама диверсификацияланған, яғни әртараптандырылған. Сәйкесінше зейнетақы активтері тәуекелі төмен, табысы тұрақты, ұлттық және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі  қаржы құралдарына инвестицияланады. Басты мақсат - ұзақ мерзімді болашақта тұрақты инвестициялық табыс алып тұру. Бұл - басты стратегия. 
Портфельдің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (47%), екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарына (17%) және шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына (11%) инвестицияланған. 
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (68%) және шет мемлекеттердің валютасында (32%) номинирленген.  
Зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау нарық жағдайында жүзеге асырылады.БЖЗҚ банктердің облигацияларына қатысты жалғыз инвестор емес. Ол бұл бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып алуға және сатуға құқылы. 
Ұлттық Банк зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша барлық шешімдерді ашықтық қағидатын ұстана отырып қабылдайды. Инвестициялық портфельдің құрылымы ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланып отырады. Оны кез келген адам көре алады. 
5.Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қалай алуға болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды. Шоттан үзінді-көшірме алудың мынадай тәсілдері бар:  
–пошта байланысы арқылы  – жылына бір рет;
–таңдап алынған төлем кестесіне сәйкес электрондық пошта арқылы – (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);
–БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шек қойылмайды;
–интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) – онлайн режимінде  шектеусіз;
–enpf.kz сайтына тіркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе ЭЦҚ бар болса egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы -  шектеусіз.  
Егер Сіз зейнетақы шотыңыз жайында үзінді-көшірме алу тәсілін таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегі Қор кеңсесіне келіп, хабарлау тәсілі туралы қосымша келісім жасай аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/
Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бірнеше минутты алады.   
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу  - қазіргі уақытта өте танымал. Ол зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртібінде бақылап отыруға мүмкіндік береді.      

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.   
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Терминалдарда ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%).
Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.  
БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту арқылы Қор салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыда жәрдемдеседі.
Өткен жылы Қор сайтында зейнетақы қызметтерінің барлық негізгі түрлері электрондық форматта қолжетімді болды. Олар, атап айтар болсақ: МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізу, сонымен қатар I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру. 2018 жылдың 9 айы ішінде Қор кеңселерінде және электрондық форматта шамамен 15,7 млн операция орындалған. Олардың ішінде 11,5 млн операция электрондық түрде жүзеге асырылды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 млн операцияға көп, яғни өсім – 25 пайызды құрады.    
«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта VTM-терминалдарды іске қосу жоспарлануда. Олар салымшыларға Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкіндік береді. 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
 
2018 жылдың 20 қыркүйегінде «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалында «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта Ашық есік күні өтті. Шараға 100 ден аса адам қатысты. Ашық есік күні аясында Құрманғали Арнұр Дәденұлы филиал директоры жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы әңгімелеп берді.
Оның айтуынша, 1990-жылдары еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуінен кеңестік дәуірден мұраға қалған зейнетақы жүйесі жарамсыз болып қалды. Осылайша зейнетақы жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттігі туындады. Реформаның басты мақсаты – азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершілігіне негізделген әлеуметтік әділдік қағидатына сай жүйе қалыптастыру, яғни, әр азаматТЫ зейнетақы жүйесіне қосқан үлесіне сай зейнетақымен қамтамасыз ету болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылы маусым айында ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Сол жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылып, еліміздің зейнетақы жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнаған алғашқы жеке қорлар да ашыла бастады.
Азаматтардың жинақтарын  тиімді, қауіпсіз басқару мақсатында 2013 жылы МЖЗҚ-ның негізінде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры құрылды (БЖЗҚ). Қазақстанның зейнетақы жүйесі ортақ, базалық және жинақтаушы бөліктерден тұрады. Бірлескен зейнетақы бұрынғыша екі көзден қаржыландырылып, мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады.
Жүйені одан әрі жетілдіру «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін  одан әрі модернизациялау тұжырымдамасына» сай жүргізілуде. Осыған сай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жасы келуіне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемі барлығына бірдей емес: ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзіміне байланысты. Азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін енгізілген бұл өзгеріс базалық зейнетақыны екі есе өсіруге мүмкіндік береді.
Бүгінде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай әкімгері және операторы. Қорда барлық келісім түрлері бойынша  10, 25 млн. жеке зейнетақы шоттары шоғырланған (2018 жылдың 1 қыркүйегіне). Олардың 9,75 млн-ы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 464,8 мыңы – міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 39,8 мыңы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттар. Зейнетақы  шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 8,8 трлн. теңге.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының сомасы мен есептелген инвестициялық табыстың сұралған кезең аралығындағы көрсеткіші ЖЗШ-дан үзінді-көшірмеде көрсетіледі.
Шараға қатысушылар сонымен қатар өздерін толғандыратын жеке сауалдарына да жауап алды. БЖЗҚ Ашық есік күндері 2017 жылдың басынан бері өткізіліп келеді. Осы уақыттан бері шараға 24 мыңға тарта қазақстандық қатысты.
 
«БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2018 жылғы «14» тамыз
 
2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша негізгі көрсеткіштерге шолу
 
2018 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,4 триллион теңгені құрап, жыл басынан бері 663,6 млрд теңгеге немесе 9 пайызға өсті.  
Қызылорда облысы бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы – 257 089 486 000 теңге:
- міндетті зейнетақы жарналы - 252 327 712 000 теңге;
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 4 737 222 000 теңге;
- ерікті зейнетақы жарналары – 24 552 000 теңге.
 
2018 жылдың алғашқы жартысында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 356,4 млрд теңге болды. Жыл басынан бері табыстылық 4,5 пайызға жетті. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 2,6 пайыз болды. Ал жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 1 шілдесі аралығында 9,5 пайызды құрап отыр. Ал бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 5,9 пайыз болды.  
 
Жалпы, 2018 жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 5,6 миллионнан астам адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударды. Ал олардың 70 пайызы (шамамен 4,1 млн адам) зейнетақы жарналарын жылына кемінде алты рет аударады. Бұл ретте олардың төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 407,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы 5,9 миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 756,1 млрд теңгеге міндетті зейнетақы жарналарын аударды. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8 пайызға жоғары. 
 
Қор экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және зейнетақы жарналары бірнеше жыл бойы түспеген шоттарды белсенді ету мақсатында оларды өңдеу жұмыстарын қолға алды. 
 
Салымшылардың дерекқорында 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген немесе тұрақты түсіп тұрмаған шоттар анықталды. 2018 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында 218,4 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Солардың 13 пайызы, яғни 29 мыңға жуық адам қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Ал 50,65 мың шотқа жарналар аударылды. 
Қызылорда облысы бойынша байланыс орнатылған салымшылардың саны – 3 570, оның ішінде 1 432 салымшыдан жеке зейнетақы шоттарына 16 млн. теңгеден астам ақша аударылған.  
Экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. 
 
2018 жылдың алғашқы жартысында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 100,9 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,8 млрд теңге болды. 
 
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                       
                                                                                                        
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
                                                             БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
 

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІ

Лауазымы

Аты-жөні

Жұмыс орынының телефон нөмері

Электронды поштасы

Төраға

Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы

26 -23 -43

 

Қабылдау бөлмесі

 

26-27-08

kzlprof@mail.ru

Төраға орынбасары

Бәйімбетов Марат Серікбайұлы

26-28-11

kzlprof@mail.ru

Бас маман

Боранбаева Майра Қадырбекқызы

26-28-11

kzlprof@mail.ru

 

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР

Лауазымы

Аты-жөні

Жұмыс орынының телефон нөмері

Электронды поштасы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымы төрайымы

Байназарова Райкүл Мансұрқызы

26-12-06

obkom_obrazovaniya@mail.ru

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық  қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық комитетінің төрағасы

Елемесов Арлан Тойбазарұлы

26-29-01

obl.prof.gos@mail.ru

«Қазақстандық салалық  мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалы төрайымы

Үмбетова Раушан Балтабайқызы

26-12-40

kz1_profsouz_cult@mail.ru

«Ауылшаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасы

Тұрсынбайұлы Сахы

26-22-32

obl.prof.selhoz@mail.ru

«ҚР Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасы

Мырзаханов Серік Мырзаханұлы

26-13-28

mirzark@mail.ru

«Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облысы филиалы төрайымы

Искакова Алтынхан Орыншайхқызы

26-15-70

aiskakova@kgm.kz

«Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің  салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филалы төрағасы

Жүсіпов Өмірбек Жүсіпұлы

29-33-14

bauyrzhan1976@mail.ru

«Байланыс және телекоммуникация қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қызылорда облыстық филиалы төрайымы

Изюмова Нина  Викторовна

27-62-62

ielena_7797@mail.ru

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасы

Шорабаев Яхия Қадырбекұлы

70-09-91

senim.184@mail.ru

«Ақпарат, коммуникация және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы төрағасы

Жүніс Айдарбек Омарұлы

 

a.zhunis64@mail.ru



«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды белгісіз тұлғалардың Қоратынан телефон мен электрондық пошта арқылы жұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлық ұтысын ұйымдастырғаны туралы жалған ақпарат таратыпжатқанын ескертеді. Алаяқтар Қорсалымшыларына сыйлықты алу үшін сілтемеде көрсетілген өзге ресурстарға кіріп, өзінің банк деректемелерін жіберуді ұсынуда. Осылайша, зейнетақы қорысалымшыларының жеке деректемелері туралы ақпараттарды заңсыз иелену әрекеті жасалуда.  
«БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды Қорқандай да бір ұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәліметтерді электрондық әдіспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндайіс-әрекет жүргізуге өзге тұлғаларға құзыретбермейтінін ескертеді.
Құрметтісалымшылар! Өздеріңіздің жеке мәліметтеріңіздің құпиялығын қамтамасыз ету үшін мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңіздер және электрондық жолдаудағы сілтемелерге кірмеңіздер. Алаяқтардың алдауына түспеу үшін мұқиятсақ болыңыздар! Олар ірі компаниялардың атын жамылып әрекететеді. Сондықтан жеке мазмұндағы ақпараттарды бөтен адамдарға ашпаңыздар! Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделергесенбеңіздер! Бұл туралы жақындарыңыз бен таныстарыңызды ескертуді ұмытпаңыздар! Өтініш: мұндай қоңыраулар мен жолдаулар туралы міндетті түрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар!
 
«БЖЗҚ» АҚ белгісіз тұлғалардың жоғарыдаайтылған ұтыстарды өткізуге байланысты әрекеттеріне жауапты емес екенін ескертеді.

Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің

«Еңбек шартын жасаңыздар!»

 республикалық акциясын өткізу жөніндегі

 іс-қимылдарының алгоритмі

 Жүктеу...76 КБ


КӘСІПОДАҚТАР

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ЗАҢДАСТЫРУДЫ

ҚОЛДАЙДЫ!

Бейресми жұмыс орны - бұл әлеуметтік әділетсіздік. Өздерінің еңбек қызметін тіркемеген қызметкерлер әлеуметтік және құқықтық қорғау және лайықты еңбекке заңды құқықтарынан айырылады. Еңбек Шартсыз табыс расталмайды, жұмыс өтілі есептелмейді, зейнетақы жүйесінде жинақ болмайды және несиелендіру жүйесі мен медициналық сақтандыруға қол жеткізе алмайсыз! Жарақаттанған немесе жұмыс орнынан айрылған жағдайда жұмыскерлер мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекке жүгіне алмайды!
Еңбек шартын жасамай, рәсімделмеген (конверттердегі «сұр») жалақы төлеу арқылы жұмыс берушілер салықтардан жалтаруға жол береді және әлеуметтік аударымдар жасамай, оларды өз пайдасына қалдырады. Олар осылайша өз елінің азаматтары алдындағы әлеуметтік жауапкершілік пен міндеттемелерінен бас тартады!
Еңбек шартын жасамай және «сұр» жолдармен жалақы алатын жұмыскерлердің өз азаматтық ұйғарымдарынсыз бұл мәселені шешу қиын.
Жауапсыз жұмыс берушілердің көлеңкелі қызметімен күресуге болады және ол қажетті, бірақ бұл күрестің нәтижелі болуы әрқайсымыздың іс-әрекеттерімізге байланысты.              
Егер сізге немесе сіздің жақындарыңызға «конверттегі» жалақы төленсе, жұмыс беруші еңбек шартын жасамаса,  «Жедел желі» телефондары арқылы хабарласып, заңды құқықтарыңызды қорғай аласыздар:
- Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы - 26-27-08; 26-28-11
-Қызылорда облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы – 27-76-99.
Сіз сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы ресми сайтының «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы бөлімінен «Бейресми жұмыспен қамту» жасырын әлеуметтік сауалнамасын толтыру арқылы бейресми еңбек қатынастары туралы өз көзқарасыңызды білдіре аласыз.
Толтырылған сауалнама парақшасын Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы электрондық поштасына ibraeva@fprk.kz мекен-жайына жіберу керек немесе Қызылорда қ-сы, Әйтеке би көшесі 15, Кәсіподақтар үйінде орнатылған «Сенім жәшігіне» қалдырсаңыз болады. КӘСІПОДАҚТАР СІЗГЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨМЕКТЕСЕДІ!

Федерация туралы
Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі салалық кәсіптік одақтарды және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Федерация қызметінің нысаны және мақсаты – мүшелік ұйымдардың әрекеттерін кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға өкілдік ету үшін шоғырландыру және үйлестіру, кәсіптік одақтардың қызметіне құқықтық кепілдікті қамтамасыз етуге септесу.
Федерацияның жоғарғы органы – Федерацияның Бас кеңесі 5 жылда бір рет шақыратын Съезд болып табылады.
Федерацияның басшы органы Федерацияның Бас Кеңесі болып табылады.
Алқалы атқару органы – Федерацияның Атқару комитеті болып табылады.
Атқару-басқару қызметін Федерацияның төрағасы жүзеге асырады. Бақылау-тексеру органы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Тексеру Комиссиясы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының маңызды қызметтерінің бірі – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысуы болып табылады.
Федерация өкілдері Қазақстан Республикасы Үкіметі, жұмыс берушілер және жұмыскерлердің республикалық бірлестіктерімен Бас Келісімге қол қояды. Салалық кәсіподақтар салалық мелекеттік органдар мен жұмыс берушілер одақтарымен салалық (тарифтік) келісімдер жасасады. Облыстық кәсіподақтар бірлестіктері жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер бірлестіктерімен өңірлік келісімдер жасайды.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес және Бас келісімді жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік әріптестік бойынша салалық және аумақтық үшжақты комиссиялар жұмыс істейді. Комиссия қызметінің басты бағыты – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты, еңбекақыны уақытылы төлеуді, оның кемуін болдырмауды, жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдіктер беруді қамтамасыз ету.
Әлеуметтік әріптестік тараптары еңбек құқықтық қарым-қатынастары бойынша үнемі кеңес беруді ұйымдастырады. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 188 Конвенциясының 21-ін ратификациялады, олардың 8-і негізгі конвенция. Конвенцияларды ратицикациялау республикамызда үшжақты өкілеттілікті және ұжымдық келіссөздерді қалыптастыру мен дамытуда шешуші рөл атқарды.
Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары қызметінің тағы бір аса маңызды бағыты – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселерлеріне баса назар аударуды қамтамасыз ету және күшейту, жұмыс берушілер  мен мемлекеттік органдар алдында жұмыскерлердің құқықтарын қорғау.
Кәсіподақтар заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру арқылы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты әрі қарай дамыту мен күшейту мақсатындағы қызметін жалғастыруда. Соның ішінде, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының басымдылығын қамтамасыз ету, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын жасауы, түпкі нәтиже ретінде еңбек жарақатын болдырмау көзделген жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру уәждемесін жоғарылатуға бағытталған экономикалық шаралар әзірлеу.
Федерацияның басты міндеттерінің бірі – өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын кешенді тексерулер барысына қатысатын қоғамдық инспекторлардың рөлін күшейту болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстандағы еңбек инспекторларының саны 18 мыңға жетіп отыр.
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы
2018−2020 жылдарға арналған 
БАС КЕЛІСІМ Жүктеу...48 КБ
 
 

Қызылорда облысының әкімдігі,  Қызылорда облысының  кәсіподақтар орталығы және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы

арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған

ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ    Жүктеу...72 КБ

 

 

Құрылған күні: 18-05-2018 18:13
Жаңартылған күні: 04-04-2019 10:36
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика