ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Жұмыссыздық деңгейі. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне экономикалық белсенді халық саны 351,8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны 333,6 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді.  Республика бойынша бұл көрсеткіш 5,3 пайызды құрады.

Жыл басынан облыс көлемінде 41 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оған 575 жұмыс беруші қатысып, 2211 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 4 мыңға жуық жұмыс іздеушілер қатысып, оның 2177–не жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді.

Үстіміздегі жылдың 19-21 маусымында Қызылорда қаласы және аудандарда «Мамандықтар жәрменкесі» республикалық акция аясында өткізілді. Нәтижесінде 575 жұмысберушілер қатысып, 2211 бос жұмыс орындарын, соның ішінде басым көпшілігі жұмысшы мамандықтары бойынша ұсынды. Сонымен қатар, 34 оқу кәсіпорындары қатысып «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 461 бағдарлама қатысушыларының оқыту жөнінде 277 келісімдер жасасты. Жәрмеңке қорытындысымен жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне 636 жоддамалар берілді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы. Қызылорда облысы бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына 2013 жылға 6,4 млрд. теңге қаралған. Бағдарламамен 6180 адамды қамту жоспарлануда. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға бірінші жартыжылдықта барлығы  3782 млн. теңге қаралған, есепті кезеңге 89,7% (3394 млн. теңге) игерілді.

Жыл басынан бағдарламаға қатысушы ретінде хабарласқан 3988 адамның 3843-мен әлеуметтік келісім шарт жасалды.

Бірінші бағыт бойынша «Оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу»  кәсіптік даярлауға 1000 адам жолданатын болады.  

Қазіргі таңда аудан және Қызылорда қаласының әкімдерімен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  аясында жүргізілетін оқу бойынша мамандықтар тізбесі нақтылануда.

Бүгінгі күнге қайта даярлау курстарын ұйымдастыру мақсатында конкурстар өткізіліп, 297 бағдарлама қатысушысы оқуға жолданды. Бірінші жартыжылдықта қаралған 29,5 млн. теңгенің 41,3% игерілді.

687 мекеме, кәсіпорындарға 1694 адам әлеуметтік жұмыс орындарына  орналастырылып (жоспар – 1223 орын немесе 138,5%), оларға 135,7 млн.теңге қаржы төленді (6 ай жоспардан 100%).

703 мекеме, кәсіпорындарға 1331 адам жастар тәжірибесіне жолданып (жоспар – 1253 орын немесе 106,2%), оларға 120,9 млн.теңге қаржы төленді (100%). 

Екінші бағыт бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге» – 1182 адамға 1596,9  млн.теңге қарастырылған.

Кәсіпкерлік негіздеріне 390 адамды оқытуға ағымдағы жылы 12,9 млн. теңге қаралып отыр.

Бағдарлама аясында Шағын несиелендіруге 1 584 млн. теңгені бағыттау қаралды, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы бүгінгі күнге 264,1 млн. теңгеге 133 адам несиелендірілді, сонымен қатар, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы 367,5 млн. теңгеге 174 Бағдарлама қатысушысына несие берілді. 631,6 млн. теңге сомасында шағын несие барлығы 307 Бағдарлама қатысушысына таратылды. 

Үшінші бағыт бойынша «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» облыс көлемінде 89 тұрғын үйдің құрылысы салынуы жоспарланған, оның ішінде 85 жеке және 4 көп пәтерлі тұрғын үйлер.

Қазіргі таңда 73 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, оның ішінде 71 жеке және Қызылорда қаласында бір 30-пәтерлік және бір 60-пәтерлік тұрғын үй.

Жыл соңына дейін облыс орталығында бір 30 пәтерлік және бір 60 пәтерлік тұрғын үйді, сонымен қатар, Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округтегі 14 тұрғын үйдің пайдалануға беру жоспарлануда.  Бағдарламада қатысуға ниет білдірген әлеуеті төмен елді мекендерден 60 отбасының тізімі әзірленді.

Ауылдың инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша 2013 жылға Қызылорда облысына 53 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен  2 млрд. теңге астам қаржы бөлінді, 522 жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда.

37 елді мекеннің инженерлік-көліктік инфрақұрылымын жөндеуге 1 280,7 млн.теңге  бөлініп, 44 жобада 80 шақырымдай көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұл жобаларда 326 жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде.

794,6 млн.теңге 9 ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына қаралып отыр, соның ішінде 731,3 млн.теңге – республикалық бюджеттен, 63,3 млн.теңге – облыстық бюджеттен.  196 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстар барлық аудандарда басталды, құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 Қаулысымен, жаңа «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында бюджетте қосымша 2 587,7 млн. теңге қаралды, оның ішінде:

Бірінші бағыт бойынша - инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге – 27 жобаға 940,1 млн. теңге.

Екінші бағыт аясында - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамытуға 1 430 млн. теңге шағын несиелендіруге бағытталатын болады.

Сондай-ақ, тіректі елді мекендерді кешенді дамыту аясында 2 тіректі елді мекен белгіленді: Арал ауданының Сексеуіл кенті мен Жаңақорған ауданының Түгіскен елді мекені. Аталған елді мекендердің кешенді даму мастер-жоспарлары «КазАгромаркетинг» АҚ жасалды.

Үшінші бағыты бойынша «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» пилоттық режимде Қазалы ауданында жұмыс берушінің қатысуымен 35 жеке үйдің құрылысын салу жоспарлануда, осы мақсаттарға Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында қосымша 217,6 млн. теңге қаралуда.

Әлеуметтік тапсырыс. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезеңінде ҮЕҰ-дың қажеттіліктерін зерделеу жұмыстары жалғастырылуда. Қоғамдағы қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 9,4 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Жобада көрсетілген іс-шаралар бойынша Ұлы Отан соғысының  ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар, халықтың әлжуаз топтарына (Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушылар, Ауған соғысының ардагерлері, Семей ядролық сынақтарынан зардап шеккендер, батыр аналар) қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру, сонымен қатар, жасөспірімдермен (орта және жоғарғы оқу орындарының оқушылары) патриоттық (Отан сүйгіштікке, имандылық, адамгершілік) рүхта тәрбиелеу мақсатында түрлі кездесулер ұйымдастыру және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін бойына сіңіру жөнінде тәрбие жұмыстары жүргізіледі. 

Әлеуметтік көмек. Облыс бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне 64023 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 678,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда төленген қаражат көлемі 5,3%-ға төмен:

- 1845 азаматтарға 21,3 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылардың саны 2724 адамға, ал төленген қаражат көлемі 22,6 млн. теңгеге азайды;

- 9290 отбасына 189,5 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 1851 отбасына, төленген қаражат көлемі 11,6 млн. теңгеге азайды;

- 52888 балаға 467,5 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 4164 балаға, төленген қаржы көлемі 3,6 млн. теңгеге азайды.

Жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9999 адамға 440,4 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

2012 жылдан бастап «Сыр мейірімі» жобасы, үкіметтік емес мекемелердің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде, бюджеттен қаржыландырылып келеді. 2013 жылға бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 37,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңге сапалы тамақтануды қажет ететін жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас 250 адамға 8,1 млн.теңгеге 19234 ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Атаулы әлеуметтік көмек Облыс бюджетінде аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 126,4 млн. теңге қаражат қаралған. 2013 жылдың 1 шілдесіне атаулы әлеуметтік көмек 1845 азаматқа 21,3 млн. теңге төленді. Есепті кезеңге ағымдағы жылға қаралған қаражат 16,8 пайызға игерілді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санынан көп үлесті 18 жасқа дейінгі балалар 62,8 пайызды, жұмыссыздар – 12,3, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 7,8, бала күтіміндегілер – 8,3, жұмыс істейтіндер – 2,2, зейнеткерлер - 0,3, мүгедектер – 2,3, студенттер – 2,9 және басқа да санаттағылар – 1,0 пайызды құрайды. Облыс бойынша кедейлік шегіне дейінгі үстеменің орташа  мөлшері 1923,7 теңгені құрайды.

Облыс бойынша жаңадан құрылған тұрақты және маусымдық бос жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы жұмыссыздар тартылды. Осыған орай, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырған АӘК алушылар саны 2724 адамға, төленген қаражат көлемі 22,6 млн.теңгеге азайды.

Тұрғын үй көмегі. Облыс бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 525,7 млн. теңге қаражат қаралған.  2013 жылдың 1 шілдесіне 9290 отбасына 189,5 млн.теңге көмек төленді. Есепті кезеңге ағымдағы жылға қаралған қаражат 36,0 пайызға игерілді.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 1851 отбасына,  төленген қаражат көлемі 11,6 млн. теңгеге азайды.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы. 2013 жылға облыс бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге 1065,3 млн. теңге қаражат қаралған.  2013 жылдың 1 шілдесіне 52888 балаға 467,5 млн.теңге балалар жәрдемақысы төленді. Есепті кезеңге ағымдағы жылға қаралған қаражат 43,9 пайызға игерілді.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 4164 балаға, төленген қаражат көлемі 3,6 млн. теңгеге азайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер. 2013 жылдың 1 шілдесіне жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9999 азаматтарға 440,4 млн.теңгеге  әлеуметтік төлемдер тағайындалып төленді, оның ішінде:

 - ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 52 азаматқа 1,0 млн. теңгеге;

- облысқа ерекше еңбегі сіңген  64 зейнеткерлерге 0,7 млн. теңгеге;

- бөгде біреудің көмегін қажет ететін 80 жастан асқан жалғыз басты 71 зейнеткерлерге 0,6 млн. теңгеге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 7770 адамға 371,3 млн.теңге; 

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне, Совет Армиясы мүгедектеріне, Семей ядролық полигонының тікелей қатысушыларына, барлығы 1352 адамға 49,5 млн.теңге;

 - үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 639 балаға 14,3 млн.теңгеге;

- өрт, апаттар салдарынан зардар шеккен мұқтаж жекеленген санаттағы 51 азаматтарға 3,0 млн.теңгеге әлеуметтік көмек төленді.

Мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қолдау. Қызылорда облысында 2013 жылдың 1 шілдесіне 27007 мүгедектер, оның ішінде I топтағы - 2689, II топтағы - 11268, III топтағы - 9099, 18 жасқа дейінгі - 3951 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен 2013 жылы мүгедектерді кресло-арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен және санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету мақсатында 208,3 млн.теңге бөлінді.

Қызылорда қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естімейтіндігі бойынша мүгедектерге 79 ұялы телефон, 10 көп жүйелі сигнальды системалар, 19 телефакс, 26 естімейтіндерге сағаттар, 86 бейнекомпьютер, көз мүгедектеріне 130 тифломагнитола, 56 диктофон, 56 плеер, 120 таяқшалар, 214 бөлмелік кресло қораптар, 158 серуендік кресло-кораптар, 26 жасөспірімдік кресло-қораптар, 56 балаларға арналған кресло-қораптар 839 ортопедиялық таяқтар, 174 жетек арбалар таратылды.

Мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге 915 жолдама қарастырылып, оның ішінде 447 жолдама Көкшетау қаласында орналасқан «Бура» шипажайына  кезең кезеңімен 105  мүгедектер  қамтамасыз етілді. 468 жолдама «Taraz Resort & SPA» шипажайына шілде-қазан айларында кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі.

Протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін «Алматы протез-ортопелиялық орталығы» АҚ-мен 66,7 млн.теңгеге келісім шартқа отырып, мүгедектерге протезді-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге 364 жолдамалар берілді.

Естімейтіндігі бойынша мүгедектерге 35 есіту аппараты орналастырылып, есіту протезінің көмегі көрсетілді.

2013 жылдың 1 шілдесіне 4931 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 2576 жеке оңалту бағдарламасы және 2012 жылдың жеке оңалту бағдарламасы бойынша 4320 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.

2013 жылға қимылында қиындығы бар 726 бірінші топтағы мүгедектер жеке көмекшілермен қамтылып, 219 естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді. Міндетті гигиеналық құралдарымен 2311 мұқтаж мүгедектер қамтамасыз етілді.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 894 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 1064 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

2013 жылдың 1 шілдесіне басқармаға қарасты мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі 697 мемлекет қамқорындағыларға  стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Талсуат елді мекенінде орналасқан Мүгедектерге арналған оңалту орталығына 505 мүгедектер мен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйінің жанына 20 орындық күндізгі болу бөлімшесінде 20 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға, 130 ардагерлер мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

«Ұмай», «Шапағат» және «Алақай нұр» үкіметтік емес ұйымдары арқылы Арал, Қазалы, Шиелі және Жалағаш аудандары мүмкіндігі шектеулі 126 мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Құрылған күні: 11-04-2013 18:55
Жаңартылған күні: 04-06-2015 16:35

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика