ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қызметі туралы
 
Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) облыс көлемінде құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік – кеңесші орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
«Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 7 қазандағы қаулысына сәйкес ведомствоаралық комиссияның ережесі бекітіліп, онда комиссияның құзыреті мен қызметінің ұйымдастыру тәртібі айқындалды.
Комиссияның негізгі міндеттеріне құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау, ҚР құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысын қарау, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау  және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қолдану, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және заңда көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
Ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын облыстық мәслихатпен бекiтіледі.
Жыл сайын бекітілетін комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, комиссияның мүшелерінің және өзге де мүдделі органдардың қатысуымен комиссияның отырысы тоқсан сайын өткізіліп келеді. 
2015 жылы ведомствоаралық комиссиясының 3 кезекті мәжілісі өткізілді, оның 2 отырысы Үйлестіру Кеңес мүшелерімен бірлесе ұйымдастырылды.
Жалпы бұл мәжілістерде нашақорлық қылмысының алдын алу, жол жүріс қауіпсіздігі, ұрлық қылмысының профилактикасының мәселелері қаралды.
Құрылған күні: 18-12-2015 16:57
Жаңартылған күні: 30-11-2017 18:52

Сұрақ қою

Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика