ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы Қызылорда облысында іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары   Жүктеу...43 КБ

 

 

Қызылорда облысы әкімдігінің

2013 жылғы «2» қыркүйектегі №272

қаулысымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы

Қызылорда облысында іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Iс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

«Жасыл экономикаға» көшудi кадрлық қамтамасыз ету

2020 жылға дейiн өңiрлер мен мамандықтар бөлiнiсiнде өнеркәсiптiк кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттiлiктi бес өндiрiстiк кластерде айқындау

Қызылорда облысының 2015-2017 жылдарға  арналған Жұмыспен қамту  картасы жасақталды. Картада жұмыс орындарын құру және экономика салаларының білікті кадрларының қажеттілігіне болжам жасалады.

Картаға сәйкес  2015-2017 жылдары 29255 еңбек ресурстарына сұраныс бар, соның ішінде 2015 жылы 10566 адамға, олар сала бойынша:

- ауылшаруашылығы саласында – 955;

- өнеркәсіпте  - 1930;

- құрылыста – 4647;

- көлік және қоймалау -   287;

- қызмет көрсетуде – 1117;

- басқалар – 1630.  

Алдажаров

Аманжол

Исатайұлы

26-20-32

ukzsp@korda.gov.kz

 

ЖҚҮжХӘББ

(жинақтау),

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

«Жұмыспен қамту 2020» Жол картасы бағдарламасы бойынша жұмыс берушiлердiң қажеттiлiгi шеңберiнде «жасыл экономика» мамандарын даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгiзу

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы аясында кәсіптік даярлау курстарына 1004 адам  жолданып, оқуын жалғастыруда;

-  қайта даярлау курстарына 515 адам жолданып, оның ішінде 499 адам оқуын аяқтап 392 адам жұмысқа орналасты;

- біліктілігін арттыру курстарына  - 226 адам жолданып, 223 –і  оқуын бітіріп, 171-і жұмысқа орналасты.

Бағдарламасы аясында  курстар тракторшы, дәнекерлеуші, кең көлемді құрылысшылар, жүргізушілер,  аспазшы, шаштараз, тігінші мамандықтар бойынша жұмысберушілердің сұранысына сәйкес ұйымдастырылды.

Алдажаров

Аманжол

Исатайұлы

26-20-32

ukzsp@korda.gov.kz

 

ЖҚҮжӘББ

(жинақтау),

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Су ресурстарын орнықты пайдалану шаралары

Суды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар

Мыналарды:

- пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару тиiмдiлiгiн арттыруға, су сыйымдылығын төмендетуге, суару арналарындағы ысырапты азайтуға бағытталған шараларды;

- өнеркәсiпте суды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шараларды;

-сумен жабдықтау және суды бұрудың муниципалды кәсiпорындарының суды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шараларды;

- 2015, 2020, 2025 жылдарға және қорытынды 2040 жылға белгiленген аралық мақсаттармен салыстыру арқылы көрсетiлген секторларда суды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру бойынша шараларды iске асыру тиiмдiлiгiн үнемi қадағалау тетiгiн;

-сутехникалық құрылыстарды салу мен жаңғыртуға арналған операциялық шығындарды және күрделi шығыстарды толық өтеуге, сондай-ақ суды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар әзiрлеудi;

-сумен жабдықтауды жақсартуға (мысалы, дамбалар салу, оның iшiнде мемлекеттiк – жеке меншiк әрiптестiк негiзiнде) бағытталған неғұрлым қолайлы инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялық бағалауды, басымдық берудi және олардың қысқа тiзiмiн құруды қамтитын суды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған 2014 - 2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу

Облысымыздың бренді саналатын күріш өcіру жұмыстарын келешекте жер көлемін ұлғайту негізінде емес, суды тиімді пайдалану арқылы жоғарғы өнімділікке  қол жеткізу негізінде қамтамасыз ету қажет.

Бұл мәселе бойынша қазіргі күннің өзінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Облыстың ғылым ошақтарында, қысқа вегетациялы, жоғарғы өнімді күріш сорттарын шығару, шет елдік өнімді сорттарды жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жергілікті селекционерлер шығарған күріштің Ару сорты 90 күнде пісіп жетіледі. Басқа сорттарға (Маржан, Янтарь, Лидер) қарағанда суармалы суды 15-20 пайызға аз пайдаланды, сондай-ақ, Ресей селекциясының Новатор сорты да 95-100 күнде пісіп –жетіліп, басқа сорттарға қарағанда суды 10 пайызға аз пайдаланады.

Келешекте осындай сорттардың санын көбейтіп, сонымен қатар, күріш өсіруде су үнемдеудің алдыңғы қатарлы озық технологияларды өндіріске енгізу қажет. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы №457 қаулысымен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жобасына Қызылорда облысы бойынша жалпы құны 95,9 млрд. теңге болатын 85 жоба ұсынылды.

Бағдарлама шеңберінде облыс бойынша су шаруашылығы саласындағы 7 жобаны жүзеге асыруға 2014 жылға республикалық бюджеттен 1276,7 млн. теңге бөлінді.

Бекжанов

Еркебұлан

Маратұлы

60-53-62

prd@korda.gov.kz

 

ТРжТПРБ

(жинақтау),  ЭжБЖБ, АШБ, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Орнықты және өнiмдiлiгi жоғары ауыл шаруашылығын дамыту жөнiндегi шаралар

Ауыл шаруашылығында су ресурстарын үнемдеу жөнiндегi шаралар

2013-2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік  бағдарламасында (қабылданған жағдайда) мына индикаторлар мен шараларды ескеру:

-ауыл шаруашылығындағы суды пайдалану мөлшерін 8 млрд. м3 дейін қысқарту және ауыл шаруашылығы өнімінің су сыйымдылығын 300 м3 дейін төмендету бойынша 2030 жылға қарай түпкілікті мақсатқа қол жеткізу үшін 2015, 2020, 2025 жылдарға арналған аралық мақсаттарды алға қою;

-суару технологияларын жетілдіру есебінен су ресурстарын үнемдеу әлеуетін бағалау, сондай-ақ неғұрлым жетілдірілген технологияларға көшу әдістерін әзірлеу (мысалы, су ағызып суарудан немесе жаңбырлатып суландырудан тамшылатып суаруға және т.б. көшу);

-ауыл шаруашылығы дақылдары мен суару технологияларын, сондай-ақ су тұтынудың нақты үлесті мөлшерін көрсетіп, барлық қазіргі және жоспарланған суармалы жерлердің картасын жасау;

-су ресурстарын үнемдеу әлеуетін бағалау және күріш пен мақтаны суды аздау тұтынатын дақылдарға ауыстыру орындылығын талдау, оның ішінде баламалы ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге көшу үшін инфрақұрылымға қажет инвестицияларды бағалап, оларды өсіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Биылғы жылы облыста суармалы су үнемдеу бағытында суармалы суды көп пайдаланатын күріш дақылының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға азайтылып отыр. Келер жылдары да күріш егісінің көлемі 65 мың гектрға дейін азайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін: күріштің егіс көлеміне төленетін субсидия нормасын азайту, картоп, көкөніс, бақша және  мал азығындық дақылдардың егіс көлеміне және суармалы суды үнемдейтін суару әдістерін пайдалануды қолдау мақсатында, суармалы су үнемдейтін суару әдістеріне арналған субсидиялау нормалы 10-15 есеге ұлғайту межеленіп отыр. Бұл жұмыстар келешекте де жүргізіле береді.

Бекжанов

Еркебұлан

Маратұлы

60-53-62

prd@korda.gov.kz

 

ТРжТПРБ

(жинақтау),  ЭжБЖБ, АШБ, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

2015 жылы 100 гектар бақша дақылы, 30 гектар картоп және 79 га жеміс, 52,4 га жүзім тамшылатып суару әдісімен өсіріліп, өткен жылдары отырғызлған 123,4  га жеміс, 4 га жүзім дақылдары тамшылатып суарылады. Алдағы жылдары тамшылатып суару әдісімен суарылатын егістік көлемі мың гектарға жетеді

Картасы жасалуда

2014 жылы суды көп тұтынатын – күріш дақылы 81,2 мың гектарға егілсе, 2015 жылы күріш дақылының көлемі 77,4 мың гектарға орналастыру немесе 3,8 мың гектарға қысқарту, оның орнына суармалы суды аз қажет ететін сүрлемдік жүгері, арпа, бидай, сұлы және майлы дақылдардың егіс көлемін ұлғайту межеленуде.

«Жасыл» ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгiзу

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдамада, салалық бағдарламалық құжаттарда және аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген «Жасыл ауыл шаруашылығының алты қағидатын» көрсету тетiгi бойынша ұсыныстар енгiзу

1 қағидатқа - Сыр бойы суармалы егіншілігі топырақтарында органикалық зат (қарашірік) өте аз – 1%-ға дейін, себебі топыраққа түскен органикалық тыңайтқыш немесе өсімдік қалдықтары жоғары ылғалдылық пен жоғары температура әсерінен тез ыдырап кетіп отырады. Сол себепті ауыспалы егіс жүйесі қатаң сақталып, күріш ауыспалы егісінің құрамындағы жоңышқа танабын дұрыс пайдалану қажет және түйежоңышқа дақылын сидерат есебінде қолдануды қолға алған жөн. Егістік жердің беткі қабаты тегіс болғандықтан топырақ жел, су эрозиясына ұшырай қоймайды. Алайда, топырақ өңдеуді минималдау, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, топырақ құрылымын жақсартуға өз септігін тигізеді. Бұл бағытта өңірімізде топырақты терең өңдеу орнына КПН-4 культиваторымен топырақтың беткі қабатын өңдеу жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

2 қағидатқа - Бүгінгі таңда барлық малдың  83,5 пайызы жеке үй шаруашылықтарында өсірілетіндіктен елді мекендердің маңайындағы радиусы 5-20 км жайылымдық жерлер үздіксіз пайдаланғандықтан тозуға ұшыраған.

Сондай ақ  жайылымдықтарды пайдалану мәселесіне келсек, бүгінгі таңда облыс бойынша 10 млн. 511,5 мың гектар жайылымдық болса оның ішінде 5 млн 720,5 мың гектары суландырылған. Осыдан бүгінгі таңда нақты пайдаланып отырғаны  1 млн 641,2  мың гектар, немесе пайдалануға жарамды жайылымдықтардың не бары 28,6 пайызын пайдаланып отыр. 

Осыған байланысты мал шаруашылығын дамыту мақсатында шалғайдағы жайылымдықтарды суландыру арқылы ауыл шаруашылық құрылымдарының  малдарын  «Қарақұм», «Қызылқұм», «Арысқұм», «Сары су» және «Қаратау» беткейіндегі жайылымдықтарға шығаруға болады. Алдағы жылдан бастап «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жайылымдарды суландыру және инфрақұрылымын қарауға жұмсалған шығындарын инвестициялық субсидиялау (50%-ға дейін) арқылы жайылымдарды айналымға енгізіп, мал шаруашылығы саласына пайдалануды жүзеге асыру.

3 қағидатқа - Облысымызда қазір 157 500 га егін өсіріліп отырса, оның көлемін 250000 га жеткізу керек. Бұл мақсатқа жетуге жер ресурстары бар, тек су тапшылығын болдырмау керек. Ол үшін суарудың инновациялық технологияларын пайдалану экономикалық, экологиялық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, топырақтың тұздануы азаяды, арамшөптер, аурулар мен зиянкестердің таралуы төмендейді.

Дақыл түріне қарай суүнемдегіш технология түрлері – тамшылатып суару, шашырата бүркіп суару т.б. қолдану қажет және оған мемлекет тарапынан қолдауды төмендетпеу керек.

4 қағидатқа - Суармалы егіншілікке минералды тыңайтқыштар және пестицидтер көп қолданылады. Дұрыс қолданбаған жағдайда қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан тыңайтқыштарды агрохимиялық картограммаға сәйкес ғылыми негізделген мөлшерде, мерзімде, тиімді әдістермен, зиянсыз формаларын қолдану өз нәтижесін береді. Пестицидтердің тек тіркеуден өткен, қолдануға рұқсат етілген түрлерін, экологиялық және экономикалық тұрғыдан бағалау арқылы қолданған дұрыс.

Сонымен қатар, шетелдік өндірістің гербицидтерін субсидиялауды

50 пайызға көтеру.

5 қағидатқа - Өсімдік шаруашылығында қалдықтар өте көп, оның барлығы топырақтан алынған қоректік заттардан құралған. Алынған негізгі өніммен шыққан және қосалқы өніммен кеткен қоректік заттар топыраққа қайтарылуы тиіс, топырақтың қасиетін, құнарлылығын төмендетпей, керісінше ұдайы жоғарылатып отыру адамзат баласының міндеті.

6 қағидатқа - Атмосфералық ауа құрамындағы көмір қышқыл газды сіңіріп, оттегіні бөліп отыратын жасыл өсімдіктер. Сондықтан өңір климатының жақсы болуына егістік мәдени дақылдардан да маңызды орман-тоғай ағаш-бұталары болып табылады. Сол себепті сексеуіл-жыңғыл, жиде орман-тоғайларын қорғау, олардың көлемін көбейту маңызды іс. Бұл бағытта сексеуілді отынға пайдалануды шектеу, Арал теңізінің кепкен табанына сексеуіл өсірумен қатар, облыс тұрғындарына тұтынуға табиғи газ ұсыну, орман-тоғайлар көлемінің табиғи өсуіне жұмыстар жасау.

Сонымен қатар, Олива өсімдігін Сексеуілмен қатар егу тәжірибесін зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Жаханов Бақыт Дүйсенұлы

60-54-41

info@usx.korda.gov.kz

 

АШБ (жинақтау),

ЭжБЖБ, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар

Техникалық iс-шаралар

Энергия тиiмдiлiгi мен энергия үнемдеудi арттыру мақсатында Қазақстан қалаларын көшелiк жарықтандырудың техникалық жай-күйiне бағалау жүргiзу

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан елді мекендердегі көшелік жарықтандырудың техникалық жағдайына зерттеу жүргізіліп, жыл сайын жергілікті бюджет есебінен көшелерді жарықтандыру жобалары іске асырылып келді. Атап айтқанда: 2013 жылы облыстық бюджеттен 293,0 млн теңге бөлініп, Қызылорда қаласындағы 28 көше энергия үнемдегіш шамдармен жарықтандырылды. 2014 жылы облыстық бюджеттен 694,1 млн теңге бөлініп, Қызылорда қаласындағы 15 көше және Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі 20 көшені жарықтандыру жұмыстары басталды.

Усаин Медет

60-53-90

U.energetica@korda.gov.kz

 

ЭжТҮКШБ

 (жинақтау), Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының аясында салалық бағдарламаларға сәйкес коммерциялық және тұрғын үй ғимараттарындағы энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы техникалық iс-шараларды iске асыру бойынша шараларды көздеу, соның iшiнде:                             - қазандықтарға аудит жүргiзу, оларды жаңғырту жоспарын әзiрлеу немесе ескiрген және тиiмсiз қазандықтарды ауыстыру;

- жылумен жабдықтау жүйесiн кеңейту немесе оған басқа да өзгерiстер енгiзу кезiнде жылу мен электр энергиясын аралас өндiрудiң қолжетiмдi мүмкiндiктерiн барынша тиiмдi пайдалану;

- жылу желiлерiнiң және үйiшiлiк жүйелердiң ескi құбырларын жаңа оқшауландырылған түрлерге ауыстыру; кiшi диаметрлi құбырларды басым түрде ауыстыру;

- есепке алу аспаптарын, автоматтандырылған жылыту пункттерiн мiндеттi түрде орната және энергия сақтау жабдықтарын қолдана отырып, күрделi жөндеу жүргiзу сәтiнде ғимараттарды терможаңғырту;

- соңғы жылу оқшаулағыш стандарттарын сақтай отырып, жаңа ғимараттар салу

Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 139 шешімімен бекітілген «Қызылорда облысының 2013-2015 жылдарға арналған энергия үнемдеулің Кешенді жоспары» бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.  Атап айтқанда:

2013 жылы Қызылорда қаласының жылу желілерін жаңғыртуға 291,3 млн. теңге бөлініп 1,7 шақырым жылу желілері жаңғыртылды.

Қызылорда қаласы Сырдария мөлтек ауданындағы АБМК-1кВт-8,77 қазандығын қайта жаңғыртуға – 27,8 млн. теңге «Оңтүстік қазандығы» филиалының қазандық цехының ПСВ-200У желіліксужылытқышын қайта жаңғырту – 27,4 млн. теңге қаралып, қазандықтар жаңғыртылды.

Облыстық бюджеттен «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК 239,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде, 200,0 млн. теңге №3 қазандыққа генератор алуға, 39,7 млн. теңге жылу изоляциялық жұмыстарына бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.

2013-2014 жылдары «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Оңтүстік қазандығы» филиалының қазандық цехының 4 дана КЕ-25-14С қазандықтарын, негізгі және көмекші жабдықтарын қайта жаңғырту жобасы бойынша КЕ-25-14С №1,2,3,4 котлоагрегаттарын қайта жаңғырту –  377,9 млн. теңге бөлініп, қазандықтар қайта жаңғыртылды.

Сонымен қатар, 2013-2014 жылдары «Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жылу жүйесін кеңейту»  жобасын қаржыландыруға 1 015,6 млн. теңге қаржы қаралып, 5,44 шақырым жылу желілері кеңейтілді.

Усаин Медет

60-53-90

U.energetica@korda.gov.kz

 

ЭжТҮКШБ

 (жинақтау), Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Көлiк секторында энергия тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар

Жанармайға (соның iшiнде СКГ – сұйытылған көмiрсутегi газы және КТГ – компримирленген табиғи газ) және энергияның перспективалы түрлерiне (соның iшiнде электромобильдер мен гибридтi автомобильдер, тиiстi инфрақұрылымды дамыту) деген қолжетiмдiлiк тұрғысынан өңiрлiк ерекшелiктi ескере отырып, 2014 - 2015 жылдары автокөлiк паркiнiң оңтайлы құрылымы және үлес шығарындыларын кемiту және энергия тиiмдiлiгiн арттыру үшiн әр өңiр бойынша автокөлiк паркiнiң оңтайлы құрылымына көшу жөнiндегi «жол картасы» бойынша ұсыныстар енгiзу

Облыс бойынша көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні облыстық көлік инфрақұрылымы нысандары тізіліміне 10 нысан бар: 1 автовокзал және 9 автостанса. Олардың барлығының кеңес дәуірінен бері келе жатқанын және заманауи талаптарға сай еместігін ескере кету керек.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың  2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына облысымыздан 2015-2018 жылдар аралығында жеке инвестициялық қаржы есебінен жүзеге асырылатын 3 жоба енгізілді. Қызылорда қаласындағы автовокзал(2015-2017жж.) және Шиелі (2016-2018жж.) мен Жосалы (2015-2017жж.) кенттеріндегі автостанция құрылыстары.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2020 жылдар аралығында ауылдық округтарда 34 жолаушыға қызмет көрсету пункттері және аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында 42 такси тұрағын салу жоспарланған.

Бәйімбетов Марат Серікбайұлы

60-54-75

auto@korda.gov.kz

 

ЖКжАЖБ (жинақтау),

ИИДБ, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Электр энергетикасын дамыту жөнiндегi шаралар

Қолданыстағы электр станцияларының қоршаған ортаға әсерiн азайта отырып, барынша жұмыс iстеу мерзiмiн ұзарту жөнiндегi iс-шаралар

Iрi қалаларда көмiрмен жұмыс iстейтiн қолданыстағы электр станцияларын газға ауыстыру

Астана және Алматы қалаларында қолданыста көмiрмен жұмыс iстейтiн станциялар мен ЖЭС-тi газға ауыстыру арқылы жаңғырту жоспарларын әзiрлеу

Облыстың  аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Осы орайда, Қызылорда облысын кешенді газдандырудың І-ші кезеңінде 2015-2017 жылдары аралығында 21 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл жұмыстар тиісті дәрежеде жүзеге асырылған жағдайда І-ші кезеңде Қызылорда облысы халқының 70 пайызын газбен қамтуға қол жеткізіледі.

Қазіргі таңда, облыстық бюджет есебінен жобалау жұмыстар жүргізілуде.

Жобаның бас операторы - «Казтрангаз» АҚ тапсырысы бойынша қазіргі таңда «Olimpex adviders» және «КАТЭК» компанияларымен республиканы газдандырудың бас сызбасының жобасы әзірленіп, қазір Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінде келісуден өтуде.

Осы ретте, барлық елді мекендерді кезең-кезеңмен газдандыру жұмыстары осы сызба бекітілгеннен кейін жүзеге асырылатын болады. Соның ішінде аудан орталықтарындағы әлеуметтік нысандардың көмірмен жұмыс істейтін қазандықтарын газға ауыстыру жөнінде аудандық бюджеттерден жоба-сметалық құжаттама  әзірлеуге қаржы бөлу қаралуда.

Сұлтангереев

Ринат

Қалдыбекұлы

60-54-11

uiir@korda.gov.kz

 

ИИДБ (жинақтау),

ЭжТҮКШБ,

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Ауаның ластануын төмендету жөнiндегi шаралар

Көлiк секторында ауа ластануын төмендету жөнiндегi iс-шаралар

Алматы және Астана қалаларында, iрi қалаларда қоғамдық көлiктi газ отынына көшiру бойынша ұсыныстар енгiзу

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015 жылдарға арналған 2 кезеңдік жобасы әзірленген болатын. Жобаның бірінші кезеңінде газомоторлы отында жұмыс істейтін қазіргі заманға сай қалалық кластағы 20 автобус сатып алынса, екінші кезеңде «Байқоңыр ӘКК» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде биыл қосымша 100 дана заманауи қалалық кластағы автобус әкелу және көгілдір отын өңдейтін кіші станцисяы бар жаңа автобус паркін салу көзделген. Бүгінгі таңда, автобус паркі құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде, қаңтар айына соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Нәтижесімен құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердігер анықталып, құрылыс жұмыстар басталатын болады.

Бәйімбетов Марат Серікбайұлы

60-54-75

auto@korda.gov.kz

 

ЖКжАЖБ

(жинақтау), Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Пилоттық жобалар

Электр энергетикасы және энергия тиiмдiлiгi саласында пилоттық «жасыл» аудандарды құру

Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ басқа да iрi қалаларда энергия тиiмдiлiгiнiң ең жаңа стандарттары мен технологияларын, энергия айналымы жөнiндегi технологияларды (жылыту және желдету) қолданып және жаңартылатын энергия көздерiмен (ғимараттардың шатырына күн панельдерiн орнату) ықпалдасып «энергия үнемдейтiн» үйлердi жобалау және салу бойынша ұсыныстар енгiзу

«2011-2020 жылдарға арналған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» бойынша облыстың 800-ге жуық көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғыртудан өткізу жоспарланған. Бағдарламаның талаптары – үйді жөндеу кезінде терможаңғырту элементтерін қолдану, энерго және жылу ресурстарын үнемдеу, оның ішінде, жалпыүйлік жылу есептегіш құралдарын орнату болып табылады.

Жөндеу жұмыстары алдында кондоминимум обьектісіне энергоаудит шараларын жүргізу міндетті, яғни жөндеуге жататын әр үйдің техникалық жағдайы - есік-терезелері, үйішілік инженерлік жүйелері, шатыры, балкондары  зерттеледі. 2014 жылы энергоаудит жүргізуге республикалық бюджеттен 131.25 мың.тг қаржы бөлініп, облыс бойынша 27 тұрғын үйге энергоаудит жүргізілді.

Бағдарлама аясында 2014 жылы республикалық бюджеттен 1814,2 млн. теңге бөлініп, 81 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда, Қызылорда қаласы бойынша жоспарланған 72 үйдің 56-ның жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, комиссиямен қабылданды, 10 үй комиссиямен қабылдануда, қалған 6 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталмаған.

Сонымен қатар, 5 аудан бойынша 9 үйдің жұмыстары толығымен аяқталып, комиссиямен қабылданды.

 Жөндеу жұмыстары жүргізілген тұрғын үйлерде жылу сақтағыш қабілеттілігі жоғары және энергияны үнемдейтін заманауи материалдармен жабдықтап, қолданылуда.  Атап айтқанда:

-«IZOTERMA» плиткалы тас мақтаны қолдану;

-темір қаңылтырлар шатырдағы темір жабыны ретінде және жертөлелердегі жылу жүйелерін орауда;

-   шатырдағы жұмсақ жабындарды төсеу;

- көппәтерлі тұрғын үйлердің подьездеріне адамның кіріп-шығуына байланысты өздігінен жанып-сөнетін электр үнемдейтін шамдарды орнату;

- жылу желілерін жаңғырту кезінде жылу сақтау қабілеті күшейтілген пенополиуритан құбырларымен ауыстырылу;

- жылу есептегіш құралдарын орнату жұмыстары қолға алынуда.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында көпқабатты тұрғын үйлерге 55 дана жылу есептегіш құралдары орнатылды.

Сұлтангереев

Ринат

Қалдыбекұлы

60-54-11

uiir@korda.gov.kz

 

ИИДБ (жинақтау),

ЭжТҮКШБ,

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

«Жасыл экономика» қағидаттарына сәйкес бiрнеше (2-3) пилоттық тiрек ауылдық елдi мекендердi, шалғайдағы ауылдар мен кенттердi трансформациялау жоспарын әзiрлеу және оларды қайта құруды жүзеге асыру: ұлттық желiге бiрiктiрiлмеген жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану, тиiмдi ауыл шаруашылығы (тамшылатып суаруды пайдалану арқылы жылыжай шаруашылығын құру арқылы), қалдықтарды орталықтандырылған жинауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеудi ұйымдастыру, тұйық ресурстық циклге көшу бойынша ұсыныстар енгiзу

«Жасыл экономика» бағыттарына сәйкес жаңартылған энергия көздерін пайдалану бағытында Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауытында «Қуаттылығы 18,5 мВт-тық электрокешен» жұмыс жасауда. Энергокешеннің бір ерекшелігі - күкірт қышқылын өндіру барысында шығарылатын буды өңдеу арқылы электроэнергиясы өндіріледі. Аталған кешеннің Қазақстанда баламасы жоқ.

Сонымен қатар, «СКЗ-U» ЖШС қуаттылығы 420 кВт күн электр станциясы жұмыс жасауда. Энергокешен мен күн станциясы 2013 жылы  17 500 140,2 кВт/сағатына ҚҚС-сыз 114,1 млн болса, 2014 жылдың 10 ай есеп  көрсеткіші бойынша 60 708 084,5 кВт/сағатына ҚҚС-сыз 395,8 млн.тг болды.  Энергокешен мен күн станциясында барлығы 267 адам жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, Жаңақорған ауданында «Қуаттылығы 50 мВт күн электр станциясының құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру көзделуде. Қазір жобаны жүзеге асыру үшін арнайы «Жаңақорған энерджи» ЖШС құрылып, жарғылық капитал қалыптастырылды, әзірленген техника – экономикалық негіздеме теңге бағамының өзгеруіне орай қайта есептеліп, жоба құны 14,1 млрд.теңгеден 17,1 млрд.теңгеге ұлғайды. Жоба 2015 жылы іске қосылатын болады.

Жоба  мемлекет пен жеке әріптестік бағыты бойынша   «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Бақыт» шаруа қожалығымен бірлесіп жүзеге асқан. Кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтылған.Шаруа қожалығында жалпы көлемі 269,2 тонна болатын 447,4 млн.тг балық филесіөндіріледі. Яғни, өнім өндіру көлемі 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2014 жылы 2 есеге артқан.

Сонымен қатар, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап жалпы құны 500 млн. теңге құрайтын «Ескі автөкөлік дөңгелектерін қайта өндеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығаратын өндіріс орыны» ашылып жұмыс жасауда. Жоба бастамашысы «Smart Rubber» ЖШС болып табылады. Қуаттылығы жылына 270 тн резеңке ұнтақ, 440 тн белсендірілген резеңке ұнтақ, 3,9 млн. метр жер асты суару түтігін шығару, қазір кәсіпорында 24 адам жұмыспен қамтылған. Болашақта адам санын ұлғайту көзделуде.

2014 жылы Қызылорда қаласында «Эко-Н Сервис» ЖШС-нің «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жоба   2013 жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында грант бағыты бойынша қаржыландырылған. Жобаны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған қаржыға жобаны жүзеге асыруға қажет ресейлік құрал-жабдықтар мен арнайы жүк автокөлігі алынып, қазір рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға мемлекеттік көмек ретінде Қызылорда қаласындағы өндірістік аймаққа бөлінген жер телімінен 0,5 га жер телімі берілген.

  Сонымен қатар, «Эко-Техникс» ЖШС-нің мұнай қалдықтарын залалсыздандыру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өнім алуға бағытталған «Мұнай қалдықтарын өңдеу» жобасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Қызылорда-Жезғазған трассасы жанынан 10 га жер телімі берілген жобаны 2015 жылы іске қосу үшін тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сұлтангереев

Ринат

Қалдыбекұлы

60-54-11

uiir@korda.gov.kz

 

ИИДБ (жинақтау), АШБ, ТРжТПРБ,

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

Ауыл шаруашылығындағы және су ресурстарын басқарудағы пилоттық жобалар

Қарыздар бойынша кепiлдiктер, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердi субсидиялау немесе басқа да шаралар түрiнде, сондай-ақ мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiгi арқылы ауыл шаруашылығында жобаларды ұзақ мерзiмдi қаржыландыру құралдарын ұсыну бойынша пилоттық жобаларды әзiрлеу және iске қосу бойынша ұсыныстар енгiзу (мысалы, жылыжай шаруашылықтарын салу кезiнде күрделi шығындарды жабу, био-, эко-, органикалық өнiмдердi өндiру үшiн ауыл шаруашылығы құрылымдарын сертификаттау бойынша)

Облыстың ауыл шаруашылығы саласының экономикалық өсуін ынталандыруда түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы және иновациялық, инвестициялық  жобалар арқылы қажетті инфрақұрылымдар дамытылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу бағытында ашылған шаруашылық субъектілерін мемлекеттік тұрғыда қолдау барысында субсидиялар берілуде.

Үстіміздегі жылы «КазАгроМир» ЖШС Қызылорда қаласынан көлемі 1,6 га кешенді жылыжай құрылысын салуды жоспарлап жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыру

үшін «ҚазагроҚаржы» АҚ-да құжаттары қаралуда.

Сонымен қатар, «АгрЭкоПродукт» ЖШС 10 мың тонналық көкөніс сақтайтын қойма салуды және 300 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен көкөніс егу бағытында, жобаға несие қаражатын тарту үшін «ҚазагроҚаржы» АҚ-на тиісті құжаттары ұсынылып, қаралу сатысында.

Сұлтангереев

Ринат

Қалдыбекұлы

60-54-11

uiir@korda.gov.kz

 

ИИДБ (жинақтау), АШБ, ТРжТПРБ,

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері

 

Құрылған күні: 24-11-2015 12:54
Жаңартылған күні: 13-12-2016 17:13

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика