ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Басқарма: 
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Сұрақтар

Кайбулдаев Азамат Категория Құрылыс Дата: 24.07.18

Вопрос:

Құрметті Серік Салаватович. Тұрғын үй Қызылорда » ЖШС-нің заңсыз жұмыс жүргізу мақсатына қарай мен сізге шағым білдіргім келеді. Мен Кайбулдаев Азамат Шұғылы мөлтек ауданының 20 үй 60 пәтер тұрғынымын .Менің айтайын дегенім 2013 жылы үйіміз модернизациялық жөндеуден өткен болатын. Дегенмен, күрделі жөндеу толық аяқталмады яғни медігерлік «Латона » компаниясы аяқталмастан әр подьезден құрылған комиссия мүшелеріне қол қойғызбастан құйтырқы іс -әрекеттерінің арқасында құжаттарды өткізіп жіберген . Ремонтты толық жөндеу жұмысы жүргізілмегендіктен шатырымыздан 5 қабатта тұратын пәтерлерден су ағып , 4 қабатқа дейін келді,подьездің ішін тек бетін сырлап кете берген .Сонда мемлекеттен бөлінген меншіктегі мүлікіне күрделі жөндеуден жекелеген жұмыс түрлеріне жүргізілген жөндеу жұмыстарын толық аяқталмастан , тұрғындарға жұмыс аяталған келісім шартын берместен ақша төлеуді талап етеді. Күрделі жұмыс толық аяқталмаса ,келісім шарт берілмесе не себептен төлеуге міндеттіміз. Осы Шұғыла 20 үйдің тұрғындары неше мәрте арыз -шағым беріп ,жөндеп береді деген сөздері бізді шаршатты. Осы үйдің күрделі жөндеу жұмысы толық аяқталмастан ,бізге яғни тұрғындарға келісім шартқа қол қойдыртпастан және ешқандай қолымызға келісім шарт берместен менің зейнетақымның 50 пайызын ұстап қалған . Менің төрт балам бар .Неліктен 50 пайызын ұстауға міндетті. Мен сізден келісім шарт берілмегендіктен және қол қоймағандықтан менің зейнетақымнан заңсыз ұстап отырғанын ескертемін және ұстаған ақшамды қайтаруын талап етемін. Барлық іс заңды түрде жүргізіліп ,аяқталса мен өз құқығымды орындаймын . Бізге келісім шартты бермесе біз неге төлеуіміз керек. Сізден сұрайтыным келісім шартты негізге алып заңды түрде қол қойып ,қабылдап қана төлеу керек емес пе дегім келеді. Осы арыздың үлгісін басқада вев- сайттарға жіберетінімді ескертемін.

Ответ:

«Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сіздің веб-порталға жолдаған сауалыңызға төмендегідей мәлімдейді.
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен Шұғыла мөлтек ауданы №20 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарын 14.09.2012ж.ж-29.12.2014 жж. Аралығында «ЛАТОНА»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген болатын. Алайда, қайта жаңғырту жұмыстарының кепілдеме уақытының (кепілдеме уақыты 24 ай) біткендігін назарыңызға жеткізіп отырып, Махамбетов көшесі н/з мекен-жайда орналасқан (Рисмаш) «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-мен бірлесіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 «Тұрғын үй  қатынастары туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, 50 бабының 1 тармағына сәйкес тұрғын үйді қалыпты жағдайда күтіп-ұстауға кететін шығынын өзінің ортақ меншіктегі үлесінің көлеміне қарай өтейді және пәтер иелері ортақ мүлікті өздерінің үлестеріне тең мөлшерде күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша жалпы шығыстарға қатысуға міндетті екендігін назарыңызға жеткізеді.
Осыған сәйкес, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге келіскен тұрғындардың хаттамасы және келісім шарт көшірмесі қосымшаға сәйкес жолданады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Жасұзақов Ерсұлтан Категория Мемлекеттiк органдардың жұмысы туралы Дата: 09.02.16

Вопрос:

Ассалаумуғалейкум құрметті Серік аға! Мен 2010-2013 ж.ж. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті жанындағы ҚМУ колледжін Жерге орналастырушы (техник) мамандығын бітірдім. Мамандығым бойынша 02.04.2013-02.10.2013 ж.ж - Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өттім. 15.10.2013-02.04.2014 ж.ж – Қалалық жер қатынастары бөлімінде «Қоғамдық іс тәжірибе» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өттім, 03.04.2014-16.07.2014 жылдар аралығында сынақ (стажировка) мерзімінде жұмыс жасадым. 23.03.2015-10.06.2015 ж.ж – Қалалық жер қатынастары бөлімінде «Оператор» қызметінде болдым. Көп ұзамай белгісіз себептермен жұмыстан 10 маусымда босап қалдым. Содан бері құрылысқа жалданып істедім. Енді мамандығым бойынша жұмыс істесем деймін. Мен жас отбасымын. Бір ұлым бар. Ата-анаммен бірге тұрамын. Мамандығым бойынша тұрақты жұмыс табуыма көмектессеңіз. Рахмет.

Ответ:

Сізбен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары (бұдан әрі-бөлім) кездесу барысында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түсініктеме берді.
Бүгінгі күнге «жерге орналастыру» мамандығы бойынша қала мекемелерінен бос жұмыс орындарына сұраныс болмағандықтан, бөлім арқылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұсынылған болатын. Алайда қазіргі таңға Сіз жеке (уақытша құрылыс) жұмыстар атқарып жүргендігіңізді айтып, ұсынылған жұмыстан бас тартқансыз.
Алдағы уақытта мамандығыңызға сәйкес қала мекемелерінен сұраныс болған жағдайда тұрақты жұмысқа орналастыруға ықпал жасалатындығы кездесу барысында Сізге түсіндірілді.
Қызылорда облысының жер қатынастар басқармасының мәліметіне сәйкес басқармаға бағынысты (қарасты) мекемелер мен өзге ұйымдар жоқ екендігін және 2015 жылдың 21 қыркүйегінен бастап барлық мемлекеттік органдарда еңбек шарты негізінде қабылданатын қызметкерлердің лауазымдары бойынша бос орындарға жұмысқа қабылдауға мораторий жарияланғандықтан жұмысқа қабылдау мүмкіндік жоқ екендігін білдірді. 
Сонымен қатар, алдағы уақытта мораторий алынып тасталған жағдайда Сізді жұмысқа орналастыруға ықпал жасалынатындығы туралы жазбаша хаты (zhasuzakov1992@mail.ru электронды мекен-жайына) жолданған.
 

Бекишов Жылқыбай Категория Жалпы мәселелер Дата: 19.03.15

Вопрос:

Салеметсізбе Серік Салауатұлы! Мен Бекишов Жылқыбай Ахетович 1970.12.11 Өзбекістан Республикасында дуниеге келгенмін. Мен 2005 жылы Қазақстан Республикасы Қызылорда Облысына оралман болып қоныс аудардым. Мен қазир Кызылорда Облысы Белкөл кенти жаңа кұрылыс 1кв 61 уй тұргынымын. Менің бұл хатты сізге жолдау себебім бізде жарық жүйесі жоқ. Осы мекен жайга біз 2006 жылы 7 уй орналастық бізде ешкандай су не жарық жуйесі болган жоқ. Біз Әкімшілікке барып бізге су мен жарық жүйесін орнатып беруін сурадық. Бірақ одан ешкандай озгеріс болган жоқ бізді тек "ия" деген құр бос сөзбен шыгарып салды. Біз Кызылорда Облысы Жарык Сервисине де барып отініш айттық. Бірак бізге ол жактанда жауап кайтпады. Бізде ешкандай мүмкіндік болмаған сон 7 уй оз каражатымызбен жарық тарттық. Су көзінде әрең дегенде оныда өз каражатымызбен тарттык. Казір ол мекен жайда 20 жуық уй тұрады .Біз 2007 жылы бір фазамен тарткан жарыкты казір 20 га жуық уй паидаланып отыр әлі күнге дейін бізге ешкандай комек қолы берилген жоқ. Бізде жарықтын нашарлығы соншалыкты кешке жарыкты ошіріп шам жағып отырамыз.Бізде не жарык жок газ жок су жок не коше жок.Бізге берілген кошенің екі басы да барып тұйыққа тіркеледі. Бір басы каналға барып екінші басы мектепке тиркеледі бизде кошеде жок. Қүрметті Серік Салауатұлы сізге осы отінішіміз бойынша хат жолдап отырмыз. Осы мекен жайда тұратын халықтын жартысы оралмандар .Бізге комектесулерінізди сураймыз. Өтінішпен Белкөл кенти жаңа кұрылыс 1 кв тургындары !!!

Ответ:

Жаңақұрылыс көшесінің бойында орналасқан электр подстанциясына  200 ВТ сым электр желісіне  жиырма жеке тұрғын үй қосылған, сондықтан кешкі уақытта жеке тұрғындар электр жарығын көп пайдаланғаннан, жарық көзі әлсіз жанады. Алдағы  уақытта Жаңа құрылыс көшесінің электр жарығының мәселесі кент әкімдігінің назарында болып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Жаңа құрылыс 1 квартал көшесін алдағы уақытта жөндеуді қажет ететін көшелердің тізіміне енгізіп, бюджет мүмкіндігіне орай тиісті жөнделетін болады.

Белкөл кенті аумағына газ тарту жұмыстарына 2014 жылы Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 485 млн. теңгеге жоба сметалық құжаттары дайындалып республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін өтінім берілген нақты шешімін алдағы уақытта табады.

Джарова Жазира Категория Жалпы мәселелер Дата: 11.11.14

Вопрос:

Кайырлы кун құрметті Серік Салауатұлы! Кызылорда каласында жалпы санаттагы адамдарга арендалык тургын уйге кужат кабылдау кашан жане кай уакытта басталады? Ол ушин кай мекеме кужаттарды кабылдайды жане осы тургын уй туралы аныктама кай жерде жарияланады?

Ответ:

«Халықтың барлық санаттары үшін арналған тұрғын үй»  бағыты бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталған күннен бастап   3 айдан кешіктірмей өтінішті қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру береді  және жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуға 6 ай қалғанда аяқтайды.

Сонымен қатар, «Халықтың барлық санаттары үшін арналған тұрғын үй»   бойынша құжаттар қабылдау жүргізілетіндігі жөнінде, (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына және жергілікті баспасөз құралдарында хабарландыру беріледі және «Қалалық тұрғын  үй инспекциясы» бөліміне хабарласуыңызға болады.

Байланыс тел. 24-80-97, 24-80-98, 24-80-61.

Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Абишова Фатима Категория Жалпы мәселелер Дата: 20.10.14

Вопрос:

Саламатсызба Серік Салауатұлы, мен М.Сарсенбаев бурынғы (пер.Гайдар) кошесынде турамын, сол кошеде, ал ол жерде жеке үйлер орналасқан, сол көшеның басжағына яғни менің үйымның алдында, қоқыс жашыктеры Ауезов 45үй мен Тажибаев 23 үйлерге арналған, екі үй ортасында турған болатын,казыргы танда сол жашыктерге басқа жерлерден, машиналарымен қоқыстарды толтырып , сыртына дейын шыгарып, жайп кетеды. Егер сол жашыктерды бурынғы өзынын орнына қойса, сол уйлердын қалқы қоқыстарын дурыстап ышыне тастар деп ойлаймын, себебы баска көшеде тургансонба оларда алыстан турып лақтырады олары сыртқа туседы. Мен батыр анамын, қаламнын жанашыры ретынде сызден сурайтыным осы мәселены қолға алсаныз жақсы болар еды. Алданала Рахметымды айтамын.

Ответ:

Қызылорда қаласы, М.Ауезов көшесі №45 көпқабатты үй ауласына абаттандыру жұмыстарына байланысты және санитарлық нормаға сәйкес қоқыс жәшіктері тұрғын үйден 25 метр қашықтықтан асып кетпеуі тиіс. Осыған байланысты аталған қоқыс алаңын Тәжібаев көшесі бойына орнатылып отыр.

Сонымен қатар, Сіздің ұсынысыңызға сәйкес аталған қоқыс алаңының тазалығы қатаң бақылауға алынғандығын хабарлаймын.

Ботабаев Габит Категория Шағын және орта бизнес Дата: 25.02.14

Вопрос:

Құрметті Рзақұл Сәденұлы! Облысымыздың индустуриальды-иновациялық бағдарламасына сәйкес, Қызылорда қаласының батысында (ЦКЗ жақта) біріншісі 20, екіншісі 120 жылыжай салынып іске қосылуы керек еді. Ол жылыжайлар салынуға мемлекеттен миллиондаған тенге қаражат жұмсалды. Бірақ әліге дейін пайдалануға берілуге тиісті біріншісіне 7-8 жыл, екіншісіне 2-3 жыл болсада әліге дейін қосылғаны туралы еш хабар жоқ. Осы жылыжайлар неге қосылмай жатыр? Қосылмауына кім кінәлі. Кіәлі адамдар жазаландыма?

Ответ:

Құрметті Ғабит Байшеұлы!

Сіздің облыс әкімінің веп-порталына жолдаған өтінішіңізге сәйкес Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы төмендегіні хабарлайды.

 2011 жылы Қызылорда қаласында (ЦКЗ жақта) «Дорстройсервис» ЖШС-і өз қаржысы есебінен жалпы көлемі 1 га құрайтын 20 жылыжай құрылысын салуды жүзеге асырды. Осы жылыжайларда жылдың маусым аралық мерзімдері қияр, қызанақ өсіріліп, алынған өнімдер сауда орталықтарында ұқсатылуда. Қазіргі уақытқа жылыжайға отырғызылатын көшеттер арнайы бөлмеде өсірілуде және осы жылдың 25 ақпанынан бастап  отырғызылу жоспарлануда.

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-на қарасты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы 2011 жылы Қызылорда қаласында  жалпы көлемі 2,7 га құрайтын 50 дана жылыжай құрылысын салуды бастаған болатын.

Маусым аралық мерзімдері жергілікті жерде көкөніс өнімімен қамтамасыз ету және бағасын тұрақтандыру, яғни облыс тұрғындарының қолжетімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан жылыжай құрылысын салу үшін қажетті жер бөлініп берілді.

Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы жоғарыдағы жылыжайдан басқа, 2012 жылы Қызылорда қаласында  жалпы көлемі 2,8 га құрайтын 70 дана жылыжай құрылысын салуды бастады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның берген ақпаратына сәйкес, 50 данадан тұратын жылыжай кешенінің құрылысы толығымен аяқталған. Лизингке алушы осы жылыжай кешенін алудан бас тартуына байланысты басқа лизинг алушы іздестірілуде. 70 данадан тұратын жылыжай кешенінің құрылысы үстіміздегі жылы аяқталып, іске қосу жоспарланып отыр.

Осы барлығы 120 жылыжай құрылысын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы өз қаржысына салып отыр және бұл жылыжайлар индустриалды-инновациялық бағдарламасы аясында жүргізілмеген.

Категория Жалпы мәселелер Дата: 27.12.12

Вопрос:

Здравствуйте, не могли бы Вы ответить почему периодически отключают газ в городе Кызылорде, с чем это связано? С уважением, Зияддин

Ответ:

 

Қызылорда қаласының жеке тұрғын үй секторларына газбен қамтамасыз ету барысындағы туындап отырған проблемалардың себептерін хабарлаймыз:

Соңғы жылдары Қызылорда қаласындағы тұтынушылардың санының көбеюіне байланысты, газды тұтыну көлемі көбеюде. Осы орайда,  қалаға тартылған газ құбырлары сақиналанбағандықтан (закольцовка) жылдың қыс мерзімінде газды тұтыну көлемі ұлғайып, жеке тұрғын үйлерге баратын газ қысымы жеткіліксіз болуда (әсіресе газ тарату қондырғыларынан шет орналасқан аймақтарда).

Осыған сәйкес, «ҚазТрансГаз» АҚ ҚӨФ-мен Қызылорда қаласының құбырларын сақиналау жұмыстарын жүргізу 2013 жылға жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ауа температурасының күрт төмендеуі газ тарату қондырғыларында мұз қату салдарынан жиі істен шығу фактілері тіркелуде.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй секторын газды жеткізу мақсатында, Қызылорда қаласының 2012 жылғы 27 қарашадағы №5050 өкіміне сәйкес коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газ отынынан ажырату жұмыстары жүргізілуде.

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика