ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 
Мекен-жайы: 
Қызылорда қаласы, Әуелбеков 5
тел: +7(7242), 27-42-81, 26-32-31, 27-38-41
факс: +7(7242) 27-49-68
индекс: 120000 
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма – сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін,
Үзіліс – сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
 
Қызылорда облыстық  филармониясы  1972 жылғы 16 қарашада Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің № 253 бұйрығымен құрылған.
Филармонияның алғашқы директоры Тәңірберген Қалауов болды.  Осы жылдары «Сыр күмбезі» фольклорлық ансамблі жұмыс ітеп, оның құрамында Сыр бойының өнер тарландары Ақмырза Тұяқбаев (ансамбль жетекшісі), Тұрсынкүл Баяханова, Фатима Төлегенова, Кенже Сыздықова, Владимир Гусенцовтар және т.б. өнер көрсеткен.
«Ақ толқын» эстрадалық ансамбліне Қиынбай Сақтағанов жетекшілік жасаған. Ансамбль құрамында Флюра Ишмұратова, Темірхан Ерғалиев, Карима Ерғалиева, Фарида Қожамқұлова, Несібелі Сатыбалдиева, Әлиакбар Өткелбаев сынды өнер шеберлері болды. Осы кезеңдерде «Бәйшешек» ансамблі де жұмыс істеп, құрамында ағайынды Ермиевтер және Д. Мельников өнер көрсетіп, жетекшісі Қаһарман Байғабылов болды.
1976-1980 жылдары филармонияға Дүйсенбі Дүйсенбаев басшылық етті. Бұл жылдары «Сыр маржаны», «Сыр самалы» атты ансамбльдер құрылды. «Сыр маржанын» әнші Ұлшан Ахметова басқарды. Құрамында Мұхит Әбдікәрімов, А.Әбуова, Тәжігүл Аманжолова, Е.Шымырқұлов, В.Қашгаров, Гүлжан Нұржанова, Шынбек Тілеулесовтер өнер көрсеткен. Ал «Сыр самалын» Сайлау Бердіхожаев басқарып, құрамында Күлән Қалымбетова, Сұлтан Нұрмаханов, Мәди Жасекенов, С.Камалов, А.Түменовтер еңбекшілерге қызмет көрсетті.
1980-1985 жылдары Кеңес Асанбаев, 1985-1986 жылдары Қырымбай Мұхамедияров,, 1986-1989 жылдыра Бауыржан Шөкенов, 1989-1990 жылдары Шайтұрсын Әбдібаев, 1990-2001 жылдары Мұхит Әбдікәрімов филармония директорлары болды.
1999 жылы филармония жанынан алғаш рет «Сыр әзілі» ойын-сауық отауы құрылып, оған Бақтияр Есенов жетекшілік етті. Құрамында Жетес Жолдасбаев, Серік Төлепов, Яһуда Халықұлов, Құрманбек Боранбаев, Ләйла Нәсімхановалар өнер көрсетті.
2001-2002 жылдары филармонияға Сәрсен Ибрашева басшылық жасады. Бұл кезеңде филармония жанынан «Томирис» би тобы құрылып, оларға балетмейстер Гүлбану Мырзабаева жетекшілік етіп келеді. 
2011 жылы Түркия елінің Анталия қаласында өткен халықаралық ІІ «Харман фольклор» фестиваліне қатысқан «Томирис» би ансамблі лауреат атанды.
Қазірде ұжымның штаттық бірлігі бірнеше есеге артып, түрлі жанрдағы 7 өнер ұжымы шығармашылықпен жұмыс жасап, көрермендері әрбір жаңалығын сағына күтетін өнер ордасына айналды.
2014 жылы облыстық филармония жанынан Сыр елі мәдениеті тарихында тұңғыш рет камералық оркестр құрылды. Жаңа өнер ұжымының тұсаукесер концерті аймақ басшысының қатысуымен үстіміздегі жылдың 16 маусымы күні өтті. ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік салтанатта Қазақстанның халық артисі Н.Үсенбаевамен бірге өнер көрсетті. 
 
Функционалдық міндеттері:
- шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар концерттерін ұйымдастыру, музыкалық – эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмыстар, халық арасында музыкалық – ағартушылық жұмыстар жүргізу;
- классикалық музыка концерттерін, әр түрлі жанрдағы ойын-сауық бағдарламаларын жүргізу, жастардың рухани дамуы мақсатында шоу бағдарламалар ұйымдастыру;
- республиканың басқа аймағынан және шетелдерден әртістерді шақыру жөніндегі жұмыстарды іске асыру;
- шығармашылық потенциалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; 
- өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыру;
- шығармашылық бағдарламар жүргізу және репертуар таңдау;
- филармония өз қызметінің аясында бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы қызмет көрсетеді.
 
Мақашов Талғат Бақытбекұлы 
1974 жылы 19 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 
1996 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка-педагогикалық факультетін бітірген. 
Еңбек жолын 1996-1997 жылдары № 4 әуез мектебінде мұғалім болып бастап, №189 орта мектепте директорының тәрбие жөніндегі орынбасары жұмыстарын атқарған. 1997-2002 жылдары Қызылорда қаласы әкімдігінде маман, жетекші маман болып жұмыс жасаған.
2002-2004 жылдары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, облыстық мәдениет басқармасының бас маманы, 2006-2011 жылдар аралығында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени- продюсерлік орталығының директорының міндетін атқарған.
2008-2009 жылдары облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры қызметтерін атқарады. 
2011 жылдың сәуір айынан бастап облыстық филармонияның директоры қызметін атқарып келеді.
 
ТҰРМАҒАМБЕТ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ
 
Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі 2007 жылы құрылды.
Оркестрдің негізгі құрамын Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін бітірген кәсіби білікті, музыка мамандары мен талантты өнер иелері құрайды. Олар – республикалық және халықаралық байқау, конкурстардың лауреаттары Төлепберген Тоқжанов, Әлімжан Әбсадықов, Бағдат Құдайбергенов, Мақсат, Асанәлі Мұхамеджановтар, Альберт Алмағамбетов, Салтанат Пұсырманова, Төлеген Кәденов, әнші Самал Бәйсейітова т.б. 
Оркестр репертуарында халық және Қазақстан композиторларының шығармалары, ән-күйлер, барлығы 300-ге жуық шығармалары бар. 
2009 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен халықтық ұлт-аспаптары оркестрлері мен ансамбльдердің облыстық фестиваліне қатысып, оркестр дипломмен марапатталды. 
2010 жылы Ақтөбе қаласында өткен халықаралық «Жұбанов көктемі – 2010» халық аспаптары оркестрлері және ансамбльдер фестиваліне қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, лауреат атанды.
Кезінде ұлтымыздың мақтанышына айналған Кеңес Одағының Халық әртісі Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегеновалар осы оркестрдің сүйемелдеуімен концерт берді. 
2011 жылы Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Сыр сахнасында Тұрмағамбет атындағы ұлт-аспаптары оркестрінің сүймелдеуімен өнер көрсетті. 
Оркестр 2010 жылы «Сыр – Алаштың анасы» атты бағдарламамен Өскемен, 2011 жылы Орынбор-Ақмешіт-Алматы-Астана қалаларында болды. 
2013 жылы Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінің дирижеры, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты  Мүслім Әмзе Тұрмағамбет халық аспаптар оркестріне шеберлік дәрісін өткізді.
 
"АҚМЕШІТ" ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІ
 
«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі 2009 жылы облыстық филармония жанынан құрылды. 
Қазіргі таңда ансамбльдің құрамында 12 өнерпаз жұмыс жасайды. Ансамбльге халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, күйші - сазгер Абылайхан Сқақов жетекшілік етеді. 
Ансамбль репертуарындағы қазақ композиторларының күйлері мен халық әндері жаңаша өңдеумен көрермендер назарына ұсынылып жүр. Репертуарында 100-ден астам шығармалар бар. 
Ансамбль облыс көлемінде өткізілетін облыстық, республикалық, халықаралық мәдени шараларға белсене ат салысып отырады. Сонымен бірге түрлі байқау, конкурстарға қатысып, кәсіби деңгейлерін, шеберліктерін шыңдап, үнемі шығармашылық ізденіспен жүреді. 2011 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыкалық фестивалінде дипломант атанса, осы жылы Қызылорда қаласында өткен халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясындағы бағдарламаларда өнер көрсетіп, Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» бірлестігі мен облыс әкімінің арнайы сертификатына ие болды. 
Елбасының Сыр еліндегі іс-сапарында облысымыздың өнерін паш ету мақсатында жоғары деңгейде көрсеткен ізденімпаздықтары үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында гастрольдік сапарда болып Сыр елінің төл өнерінің шоқтығын танытты. Ансамбль мүшелері облыстық филармонияның 40 жылдығына арналған естелік медальмен марапатталды.
2014 жылы  наурыз айында Түркияда өткен Түркі тілдес елдердің Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестивалінде Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында өнер көрсетіп, Түрксой халықаралық ұйымының арнайы дипломымен марапатталды.
 
«ТҰРАН» ТРИОСЫ
 
Трио мүшелері Алмас Өтеуов, Ердос Әбдіразақов, Қанат Заитов еңбек жолдарын 2006 жылы облыстық филармониядан бастап, әнді, өнерді сүйген үшеуі бірігіп топ құрды. Осы жылы өткен халықаралық Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» музыкалық-фольклорлық фестивалі барысындағы мерекелік бағдарламаға «Тұран» деген атпен шығып, өнердегі сапарын бастады. Міне, содан бері талай мерекелер мен концерттік бағдарламаларға қатысып, облыс, одан қалды республика жұртшылығының көзайымына айналды. Репертуарларында эстрадаға бейімделген халық әндері, Қазақстан композиторларының әндері бар. Топтың 14 әнінің авторлық құқықтары қорғалған. «Тұран» вокалды-эстрадалық триосы Сыр елінің эстрада жанрының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген, болашағынан көп үміт күттірер топ. «Тұранның» облыс көлемінде ұйымдастырылған мәдени көпшілік іс-шараларға қатысу көрсеткіші жоғары. Өйткені, олар тыңдармандарын орындау шеберлігімен, ерекше таңдалған репертуар байлығымен баурайды. 2010 жылы топ алғашқы бейнебаянын «Арайлым» әніне түсірді. Жыл басында облыстық филармонияның 40 жылдығына арнап Қазақстан эстрадасының жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова және «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің қатысуымен «Туған елім –Тұран далам» деген айдармен жеке концертін қала жұртшылығының назарына ұсынды. Топ мүшелерінің барлығы да сауатты музыканттар, кәсіби мамандар. «Тұран» тобының әлі талай асуларды алып, өнердің биік шыңдарынан көрінетініне сеніміміз мол.
 
«ТОМИРИС» БИ АНСАМБЛІ
 
«Томирис» би ансамблі 2001 жылы құрылған. Алғашқы ашылған кезде би тобының құрамында небәрі 4-ақ биші болса, қазір «Томирис» би ансамблінде барлығы 24 биші-хореограф жұмыс жасайды. Ансамбльдің жетекшісі, әрі бас балетмейстері Гүлбану Елубайқызы Мырзабаева. Ансамбль Қызылорда облысындағы бірден-бір кәсіби өнер ұжымы. Кең ауқымды репертуары аса талғампаздықпен жасақталған. Ансамбль жұмысының басты мақсаты Сыр елі би өнерінің деңгейін көтеру, қазақ ұлттық биінің бояуын жоғалтпау, заманауи талаптарға сай қазақ биін жаңаша көркемдеу және келешекте би өнерінің деңгейін сақтап қалатын мамандарды тәрбиелеу болып табылады. «Томирис» би ансамблі облысымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді. Облыс көлеміндегі, республика аумағында ұйымдастырылып өткізілген мәдени-көпшілік шараларға белсене араласып, Сыр өнерін паш етуде. Мемлекеттік, ұлттық мейрамдарда қойылатын театрландырылған көріністерді дайындап, бишілікпен қатар актерлік шеберліктерін ұштап отырады. Кәсіби деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық байқау, конкурс, фестивальдарға да үзбей қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді. Айтар болсақ, ансамбль облыстық «Сыр сұлуы» бишілер байқауы (Қызылорда, 2001 ж.), «Сырдария-Жырдария» өнер фестивалі (Қызылорда, 2002 ж.), Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің (Астанада, 2002 ж.) лауреаты. 2005 жылы ансамбльдің бишілері Индира Боранқұлова облыс әкімінің стипендиясының иегері болса, Айнұр Жәлиева жылдың «Өнерлі жанұя» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, ансамбль Ш.Жиенқұлова атындағы ІІІ республикалық қазақ халық биі байқауының дипломанты (Орал, 2006 ж.), Халықаралық «Бұраң бел» халық биі фестивалінің (Шымкент, 2007 ж.), «Шашу» аймақтық би фестивалінің (Қызылорда, 2007 ж.), Қызылорда облысының 70 жылдығы мен Қызылорда қаласының 190 жылдық мерейтойына арналған «Бұраң бел» облыстық бишілер фестивалінің (Қызылорда, 2009 ж.) лауреаты, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен «Азат елдің айшықты билері» атты би қойылымдары конкурсының Бас жүлдегері (Қызылорда, 2011 ж.), осы жылы Түркия елінде болып, Анталияда өткен Халықаралық ІІ-ші «Харман – фольклор» фестивалінің лауреаты атанды.
Ансамбль қоржынында 40-тан астам би қойылымдары болса, оның басым көпшілігі қазақ билері. Бас балетмейстер ансамбльдің репертуарын жасақтауда республикаға танымал би шебері, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР «Мәдениет қайраткері» Зәуре Бекенбайқызы Әжібекова, халықаралық би өнері конкурстарының лауреаты марқұм Татьяна Владимировна Угай сынды би өнерінің хас шебері ұстаздарымен жұмыс жасап келді. 
2011 жылы «Томирис» би ансамблі өзінің 10 жылдығын арнайы бағдарлама дайындап, үлкен дайындық және шабытпен тойлап, көрермендеріне осы жылдарда жасалған еңбектің жемісін көрсетті.
2014 жылы наурыз айында Түркияда өткен Түркі тілдес елдердің Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған өнер фестивалінде Сыр елі өнерін насихаттау мақсатында өнер көрсетіп, Түрксой халықаралық ұйымының арнайы дипломымен марапатталды.
 
«СЫР-САМАЛ» ВОКАЛДЫ-АСПАПТЫ АНСАМБЛІ
 
Ансамбльдің негізін Сыр еліне белгілі музыкант, сазгер, әнші Ғалымжан Елубаев қалады. Алғашқы рет ансамбль Қызылорда халқына «Такси-Джаз» атымен танылды. 2009 жылы ансамбль құрамы жас өнерпаздармен толықтырылып филармония жанынан «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі болып қайта ашылды. Алғашқыда біршама қиындықтар болғанымен, ансамбльдің негізгі құрамындағы белді кәсіби музыканттар мен өнерлі жастар жігерін жани отырып, ол сындардан да өтті.
Міне, бүгінгі таңда бұл ұжым облыстың мәдени іс-шараларына қатысумен қатар Қазақстанның көптеген облыстарына таныла бастады. Ансамбль түрлі деңгейдегі конкурс, байқауларға қатысып, ол сындардан сүрінбей өтіп келеді. Ансамбль құрамы 10 адамнан тұрады. Барлығы кәсіби мамандар. Ансамбльдің осы 10 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен алған асулары көз қуантып, ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде деуге болады. Атап айтар болсақ, 2007 жылы Жаңақорған аудандық мәдениет Үйінің «Экспресс» халықтық ансамблінің 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық конкурста «Такси-Джаз» Бас жүлдені иеленді.   
Ал, 2009 жылы Қызылорда қаласында өткен облыстық «Тұран әуендері» атты вокалды-аспапты ансамбльдердің конкурсында «Сыр самалы» ретінде жүлделі ІІ-ші орынды, 2010 жылы Байқоңыр қаласындағы халықаралық вокалды-аспапты ансамбльдер конкурсында жүлделі І-шіорынды, 2011 жылы Ақтау қаласында өткен Халықаралық «Jazz Wave Aktau kz-2011» атты фестивалінің «Каспий джемі» джаз музыка байқауының ІІ-ші орнын иемденіп қайтты. Қазіргі уақытта репертуарында 100-ден астам шығармалар бар. Оның ішінде аспапқа арналған эстрадалық композициялар, джаз, джаз-рок стиліндегі шығармалар, Қазақстан және шетел композиторларының әндерімен қатар 80-ші жылдардағы ретро-әндер қамтылған.
Ансамбльдің қазіргі жетекшісі Елденбаев Кенжебай.
 
КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТР
 
Облыстық филармония жанынан Сыр елі мәдениеті тарихында тұңғыш рет камералық оркестр құрылды. Жаңа өнер ұжымының тұсаукесер концерті аймақ басшысының қатысуымен үстіміздегі жылдың 16 маусымы күні өтті. Құрылғалы оркестрдің 2 концерті ұйымдастырылды. ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік салтанатта Қазақстанның халық артисі Н.Үсенбаевамен бірге өнер көрсетті. 
Оркестрдің жетекшісі және дирижеры К.Ботабаев. Қазіргі уақытта репертуарында 20–дан астам шығармалар бар. Оркестрдің құрамында 20 жоғары дәрежедегі білікті мамандар қызмет атқарады.
 
ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР АНСАМБЛІ
 
Қызылорда облыстық филармониясынан 2014 жылдың қаңтарында ашылды. Құрамында 6 штаттық бірлікте музыканттар жұмыс жасайды. Жетекшісі С.Әжібаев /саксафон/. Қазіргі уақытта репертуарында 20-дан астам шығармалар бар. Оның ішінде аспапқа арналған эстрадалық композициялар, джаз, джаз-рок бағытындағы шығармалар, Қазақстан композиторларының әндері мен шетелдік композициялар, қазақ халық әндерінің үрлемелі аспапты ансамбльге лайықтап өңделген композициялары.
 
Құрылған күні: 07-08-2012 08:57
Жаңартылған күні: 11-02-2016 09:54

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика