ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қоғамдық тыңдау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №18-02/45  бұйрығымен бекітілген «Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізудегі байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру» қағидасының 7 тармағына сәйкес «Қазсушар» РМК-ның Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Сырдария топтық су құбырының» Қандөз ауылдық округіндегі көтергі су өткізгіш стансасының құрылысына  1,0 гектар жерді, тұрақты пайдалануға беру жөніндегі қоғамдық тыңдау 2016 жылы 28 қыркүйекте сағат 15:00-де Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті Абай көшесі н/з-де орналасқан «Арал» СЖКБД филиалында өтетінін хабарлаймыз, хабарласу телефоны:8(7242) 70-50-05 
Ескертулер мен ұсыныстарды мына электрондық поштаға жіберіңіз  texotdel.odsparal@mail.ru немесе 8(7242) 70-50-05 телефон нөмірінен ақпарат алуға болады. 

«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімімен бірге «Батыс Түзкөл кен орнындағы өндірістік және қатты қалдықтардың полигонның құрылысы» әзірленген жұмыс жобасы бойынша экологиялық аспектілерді талқылау жайында қоғамдық тыңдалуының 
ХАТТАМАСЫ
Өткізу күні мен уақыты: 2015 ж. 25 қараша сағ.10.00
Өткізу орны: ҚР, Қызылорда қ., Ә.Бөкейхан көшесі 47 үй
Қоғамдық тыңдалу ұйымдастырылды: «Eco Solutions Kazakhstan» ЖШС, қоғамдық тыңдалудың өткізілуі жайындағы ақпарат қоғамға 2015 жылдың 30 қазанындағы «Табиғат тынысы» үнқағазындағы хабарландыру арқылы жеткізілді.   
Мақсаты: «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімімен бірге «Батыс Түзкөл кен орнындағы өндірістік және қатты қалдықтардың полигонының құрылысы» әзірленген жұмыс жобасы бойынша экологиялық аспектілерді талқылау және қоғамды хабардандыру.
Қатысқандар: 
1. Молдабеков Б.Б. – «Қызылорда облысы бойынша Әкімдіктің жер қатынастары Басқармасы» МБ бас маманы;
2. Сагындыков А.У. – Қызылорда облысы бойынша Экология Департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы;
3. Утебай С.К. – «Сыр Табиғаты» Ассоциация төрағасының орынбасары;
4. Байзаков С.Б. – «Eco Solutions Kazakhstan» ЖШС директоры;
5. Есенбаев Б.М. – «Eco Solutions Kazakhstan ЖШС заңгері ;
6. Кубегенов Р.Б. – Казнефтегазконсалтинг» ЖШС директоры;
7. Жадигер А. –"Казнефтегазконсалтинг" жоба бойынша менеджері;
8. Умбеткулов Н. – ТОО "Казнефтегазконсалтинг" инженер электригі;
9. Жуматаева Ботагоз – инженер эколог ТОО «КазЭкосистемс»;
10. Билалова Акбота - ТОО «КазЭкосистемс» ЖШС бас маман экологы;
11. Ксенбаев Досбол – ТОО «Geo Engineering Kazakhstan» ЖШС инженер жерге орналастырушысы.
Тыңдаудың төрағасы мен хатшысын таңдау (қарсылық жоқ):
Төраға - Кубегенов Р.Б. «Казнефтегазконсалтинг» ЖШС директоры
Хатшы – Есенбаев Б.М. «Eco Solutions Kazakhstan» ЖШС заңгері
ТЫҢДАУДЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
• «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімімен бірге «Батыс Түзкөл кен орнындағы өндірістік және қатты қалдықтардың полигонының құрылысы» әзірленген жұмыс жобасы бойынша экологиялық аспектілерді талқылау және қоғамды хабардандыру.
• Осы жоба бойынша шешімдер қабылдау
Сөйлегендер:
Төраға - Құрметті қатысушылар «Батыс Түзкөл кен орнындағы өндірістік және қатты қалдықтардың полигонының құрылысы» жобаланған жұмыстары жайындағы экологиялық аспектілерді талқылау бойынша біздің тыңдауды ашуға рұқсат етіңіздер. Қоғамдық тыңдаудың қажеттілігі Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексінің 3 тармақ 57 бөлімі – табиғитты қорғау заңнамасының талаптарын орындаумен байланысты. Қоғамдық тыңдау «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелері» сәйкес ұйымдастырылды. 
Әзірленуші жұмыс жобасы бойынша экологиялық аспектілермен қысқа таныстыру үшін сөз ТОО «Eco Solutions Kazakhstan» ЖШС директоры - Байзаков С.Б. беріледі. 
«Eco Solutions Kazakhstan» ЖШС директоры - Байзаков С.Б.:
Қазіргі күні әзірлену сатысындағы "Казнефтегазконсалтинг" ЖШС жобалық мекемесімен «Батыс Түзкөл кен орнындағы өндірістік және қатты қалдықтар полигонының құрылысы» жобасы әзірленуде. Сол уақытта бұл жобаның экономикалық және әлеуметтік экологиялық бөлігі бізбен ескерілуде. 
Жобаланушы нысанның қоршаған ортаға әсер ету деңгейін бағалау үшін берілген жұмыс жобасына «КазЭкоСистемс» ЖШС мамандарымен «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі жасалынуда. Осымен байланысты, Сіздерден егер қандай да бір ұсыныс сұрақтарыңыз болса өз ойларыңызды айтуыңызды сұраймыз. 
Тұтастай алғанда қалдықты қайта өңдеу мен пайдаға жаратуға көңіл аударылған және ҚР Экологиялық Кодексінің бөліміне сәйкес қалдықтарды қайта өңдеу мен екінші қайтара пайдалану сондай ақ басымдылықты болып табылады. Сонымен бірге, экономикалық жоба көзқарасы тұрғысынан шикізат пен қалдықтарды екінші мәрте пайдалануды мақсаттылығының сұрақтары бойынша есептемелер жүргізіледі. 
Одан кейін тақырыпты  Жадигер А. жалғастыруда–"Казнефтегазконсалтинг" ЖШС жоба бойынша менеджері:
Жадигер А. – ТОО "Казнефтегазконсалтинг" ЖШС жоба бойынша менеджері:
«Eco Solutions Kazakhstan»  ЖШС жасалынған Келісім шартпен байланысты біздің арамызда жоғарыда аталған жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.   
15 гектар жер бөлінген полигон Сырдария ауданында «Батыс Түзкөл» кен орнында орналасады, оның ішіндегі тек 7,7 гектарын полигонның өзі алып отыр, ал төменгі бөлігі бойынша осьтік жолдың 270 метрін кірме жолдар құрайды. Полигонның кіре берісінде кіруші және шығушы автокөліктерді тіркеуші БӨП (бақылау өткізу пункті) салынады. 
Полигон аумағында мұнай және басқада қалдықтардың қайта өңдеу мақсатында келесі технологиялық жабдықтар мен үймереттер жұмыс жасайтын болады:
- мұнай шламдарын уақытша қаттап тастауға арналған карта; 
- мазутталған топырақты уақытша қаттап тастауға арналған карта; 
- өңделген бұрғы шламдарын уақытша қаттап тастауға арналған карта; 
- өңделген бұрғылау ерітіндісінің тұнуына арналған жинақтауыш;
- бұрғылау ағын суларының тұнуына арналған жинақтауыш; 
- тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған алаң; 
- өңделген майды қабылдауға арналған алаң; 
- тоқыма, бидай шүберек қалдықтары мен медициналық қалдықтарды қабылдауға арналған алаң; 
- люминесцентті сынап шамдарын қабылдауға арналған алаң ; 
- өңдеу үшін өнімдерді араластыруға арналған жинақтауыш ; 
- Фактор  2000-ОС жылудеструкциялық қондырғы алаңы; 
- күйдеріліген шлам мен топырақты түсіру аймағы; 
- күйдеріліген шлам мен топырақты сақтауға арналған карта; 
күйдеріліген шлам мен топырақты сақтауға арналған карта; - ДЭС алаңы; 
- дизельді отын сыйымдылығы 2 дана; 
- өндірістік су жинағыш; 
- автомобиль таразысы; 
- залалсыздандыру ванна; 
- бақылау ұңғымасы; 
- операторлық.
Жобаланушы автотаразылар автокөлік маркасымен, жалпы салмақ, мөлшері, көлемі және т.б. электрондық есептеу ақпаратының барлық қажетті жүйесімен жабдықталады, және нәтижесінде барлық ақпаратт барлық рәсімді бақылайтын және барлайтын операторға келіп түседі. Сондай ақ қызметкерлерге арналған бөлме мен барлық қажеттілер қарастырылған (кондициалау, тамақтану, әжетхана және т.б.)
Кейін, жанында екі  40ft   контейнерлерде орналасқан жабдықтар кешенін көрсетуші кептіру модулімен бірге ТДУ Фактор-2000-ОС сериялы негізгі стационарлық жабдық орналасады.
Модульді ТДУ Фактор-2000-ОС қондырғысының құрамына енеді: 
1 - ТДУ Фактор-2000-ОС жинақтағы (барабан, тұғыр, барабанның жанарғысы, түтінді газдың жану камерасының жанарғысы, барабандағы температураны бақылау сездіргісі, жетекті мотор-редуктор, қабылдауыш құйғыш, арту бункері, түсіру бункері, жанармай сыйымдылығы, қоректендіруші шнек)
2 - Жинақтағы кептіру модулі (барабан, тұғыр, барабанны жанарғысы, түтінді газдың жану камерасының жанарғысы, барабандағы температураны бақылау сездіргісі, жетекті мотор-редуктор, қабылдауыш құйғыш, арту бункері, түсіру бункері, скруббер (3 м3))
Қондырғының өнімділіні, кг/сағ (мин./макс.) – 4000кг. Куйдіргіш/жандыру/кептіру камерасының жануының жылулық қуаты, кВт – 830 дан 1430 *С, ал қыздырудың ең үлкен қуаты – шикізатты жағу камерасы (барабан) – цельсия бойынша 1000 *С дейін. 
Көрсетілген жабдық екі модульден тұрады, біріншісі кептіру модулі, ал екіншісі жағу модулі. Жағу модулі дизельді жанармай есебінен қызмет жасайды,сағатына 120 литр жанармай, кептіруге 20л. Жанармай жұмсайды. Жанында ЭБЖ жоқ болуымен байланысты бұл жабдыққа 2 дана 200кВт қуатты дизельді электростанция  және  2 дана насосты 50 кубтық ДТ арналған біреуі жұмыстық біреуі қор сыйымдылықтар, қарастырылған. 
Толығырақ тоқтай келе, жабдықтың жалпы сипаттамасы және жұмыс тәртібіне қатысты он оның жұмыс механизмін деп түсіндірді. Бірінші кезең кептіру, одан кейін қалдықдарлы жағу жүреді. Қалдықтарды жағу кезінде ауаға лақтырылған зиянды буды түзейді, қатты және улы металлдардың шығарылуын максималды залалсыздандыру үшін қалақты скруббер қарастырылған. Мұнда су қалыптасады және барлық улы металл түрлері 3 кезеңді сүзгілеуден өткеннен кейін барлық түтін өздігінен сіңіріледі. Барлық қалған техникаық су осы мақсатқа арналған 20 куб. Сыйымдылыққа жиналатындығын белгілеп көрсетті. 
Тақырыпты жалғастыру отырып, Жадигер А. келген қалдық тиелген көлік жайында айтып берді. 
Полигонға 50000 т/жылына мөлшердегі тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтар түсіп отырады, сонымен қатар: 
- Мұнай және мазут сіңірілген топырақ
- Өңделген бұрғы шламы
- Мұнай шламы
- Тұрмыстық қатты қалдықтар
- Өңделген майлар
- Пластикалық сыйымдылықтар
- Май сіңірілген бидай шүберек
- Медициналық қалдықтар
- Өңделген бұрғы ерітіндісі
- Бұрғылау ағын сулар
- Металл сыйымдылықтар
- Басқада қалдықтар және қара металдың сүймен
- Өңделген люминесцентті лампалар
Фактор 2000-ОС қондырғысына қайта өңдеуге келесі қалдықтар түседі: 
- Мұнай және мазут сіңірілген топырақ
- Өңделген бұрғы шламы
- Мұнай шламы
- Тұрмыстық қатты қалдықтар
- Өңделген майлар
- Пластикалық сыйымдылықтар
- Май сіңірілген бидай шүберек
- Медициналық қалдықтар
Төраға – рахмет Айболат, ендігі сөз «КазЭкосистемс» ЖШС инженер-экологы Билалова Ақботаға беріледі.
«КазЭкосистемс» ЖШС инженер-экологы Билалова Ақбота:
«Батыс Түзкөл» кен орнындағы өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтардың полигоны» - мұнай кен орнындағы әсерлерді азайту мақсатындағы қалдықтарды зарарсыздандыру мен сапалы өңдеуді қамтамасыз етуші үймереттің кешені. 
«Батыс Түзкөл» кен орны әкімшілік қатынаста Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы Сырдария ауданы мен Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағында орналасқан. Жақын елді мекендер болып табылады: Қызылорда қаласы (оңтүстікке қарай 110 км), Тереңөзек т.ж. станциясы (оңтүстік-батысқа қарай 110 км) және Құмкөл мұнай кәсіпорны (солтүстікке қарай 80 км)
Аумақ игерілмеген. Тұрақты елді мекендер жоқ. Ауылшаруашылық арналуы – отарлы мал шаруашылығына пайдалануға арналған аз нәтижелі жайылымдылық жер. Топырағы сазды, балшықты, сортаң және аз қарашірікті құмды. Мұнай қалдықтарын уақытша орналастыру және ОБР мен БСВ жинағыштарына арналған картаның қабырғасы мен түбі бетондалады және геомембранамен оқшауланады, бұл іріктеуге қарсы экранды құрайды, сәйкесінше топырақ пен жер асты суына зиянды әсер етпейді. 
Жобаланушы нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау деңгейі үшін «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі 28.06.2007 жылдың ҚР ҚОҚМ № 204 бұйрығымен бекітілген «Жоба алдындағы, жобалық, жоспар алдындағы және жобалық құжатнаманы әзірлеу кезінде қоршаған ортаған белгілеген шаруашылық қызметтің әсерін бағалауды өткізу нұсқамасы» нормативті құжатының талаптарына сәйкес жасалынған. 
Қоршаған ортаға деген әсерді бағалау пайдалану мерзімінде, сондай құрылыс-жинақтау мерзіміндеде көрсетілген. Жоспарланған жұмыстар бойынша атмосфераның ластану деңгейін есептеу: құрылыс-жинақтау мерзімінде және пайдалану мерзіміндегі зиянды шығарылудардың көздерімен жасалынған «Батыс Түзкөл кен орнындағы өндірістік және қатты қалдықтардың полигонының құрылысы» Новосибирск қ., 
Құрылыс жұмыстарының мерзімі 2.0. нұсқалы НПП «Логос-Плюс» фирмасының ЭРА бғдарламалық кешенімен орындалған. 
Құрылыс-жинақтау жұмыстар 150 күнге созылды. Тәулігіне 8 сағаттан. Тапсырыс берушінің мәліметтері бойынша құрылыстағы жұмысшыларды саны  24 адамды құрайды.
 Алдын ала жүргізілген есептеулерге сәйкес жобаланушы жұмыстарды жүргізу кезінде учаскі аумағында ауа бассейнін ластаудың 8 көзі жұмыс жасайды. АЛИ құрылыс жұмыстары мерзімінде уақытша сипатқа ие болады. 
Жобаланушы жұмыстардың аумағында құрылыс-жинақтау мерзімінде атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың негізгі көздері болып табылады: дәнекерлеуіш аппарат, бояу жұмыстары, инертті материалдарды уақытша сақтау қоймасы, жер қазу жұмыстарының алаңы. 
Атмосфераны ластау 10 атаулы зиянды заттармен жүреді, берілісті шығарылу құрайды – 1,,411 т/жылына
Қалдықтар
Қалдықтар мекемеде келесіде пайдаға жаратумен уақытша қаттап тасталынады.
Құрылыс-жинақтау жұмыстары мерзімінде қалдықтарды құрай көлемі құрайды: қатты қалдықтар – 1,68 т/мерзім, электродтар тұқылы – 0,0088т/мерзім, лак бояул материалдар қалдығы – 0,33 т/мерзім. 
Нысанды пайдалану кезеңі
Көрсетілген есептемелерге сәйкес жобаланушы жұмыстарды жүргізу кезінде алаңда 2 ұйымдастырылған ауа бассейінің 10 көзі жұмыс жасайды. 
Жобаланушы жұмыстардың алаңында атмосфераға зиянды заттарды шығарудың негізгі көздері болып табылады: дизельдік электростанция, дизельдік отынды сақтауға арналған резервуар, мазутталған топырақты, мұнай шламын, өңделген бұрғы ерітіндісін және бұрғы шламын  уақытша қаттап тастауға арналған карта, резервті топыраққа және Фактор 2000-ОС қондырғысына арналған алаң. 
Атмосфераны ластау 10 атаулы зиянды заттармен жүреді, берілісті шығарылу құрайды – 35,026 т/жылына
Санитарлық-қорғау аймағы
«Өндірістік нысандарды жобалаудың санитарлық-экидемиологиялық талаптарына» сәйкес 20.03.2015ж. №237 ұлттық экономиканың Министрінің Бұйрығы бойынша) 1 және 2 класстың орналасуы, залалсыздандыру, улы қалдықтарды көму бойынша 1 класқа жатады. Санитарлық-қорғау аймағының нормативті мөлшері 1000м кем болмауы тиіс. 
Жобалық шешімдерге сәйкес:
Жұмысшының өмірі үшін тамақтану, өмір сүру және басқада жағдайлар жобаланушы полигонның 5 км қашықтықта орналасқан «Батыс Түзкөл» кен орнындағы «ESS International» ЖШС вахталық ауылында жүзеге асырылады. 
- полигондағы жұмысшылардың саны – 5 адам.
- полигонның жұмысының тәртібі – 24 сағ/тәулік, жылына 365 күн
- ТДУ жұмысының тәртібі – 24 сағ/тәул, жылына 9 ай
- полигонды электрмен жабдықтау – ДЭС қуаттылығы 200 кВт ДЭС
ауыз су қажеттілігіне арналған сумен жабдықтау – сырттан әкелінген бөтелкедегі, техникалық қажеттіліктер үшін - №3182 ұңғымасынан келісімге сәйкес
- жауын-шашын және еріген суларды әкету – булағыш бөгетке. 
Қалдықтар
Полигонға жылына 50000 т мөлшердегі қатты және өндірістік қалдықтар түседі. Полигоннан түсуші қалдықтардың негізгі бөлігі дизельді отынмен жұмыс жасаушы Фактор Модель 2000-ОС сериялы жылудеструкциялық қондырғысына қайта өңдеуге жіберіледі. 
Фактор Модель 2000-ОС қондырғысы мұнай мен мұнай өнімдерін апаттық төгілуін жоюымен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде пайда болушы құрамында мұнай бар жаңғыш қатты қалдықтар мен мазутталған топырақты қайта өңдеу мен пайдалаға жаратуға арналады. 
Фактор 2000-ОС ТДУ өнімділігі қалдықтың құрамы, оның қасиеттері, фракциялардың өлшемі және т.б. байланысты 500-4000 кг/сағ құрайды. 
Қондырғының ең жоғары өнімділігі кезінде =4000 кг/час, полигон төмендегідей көлемде қалдықтарды өңдей алады: 
4000х24=96000 кг/тәул=96 т/тәул. 
96х30=2880 т/айына. 
9 ай жұмыс жағдайы кезінде аламыз:
2880х9=25920 т/жылына.
Газ түтінін өңдеу құрылғысының қондырғысында пайдалану ашық жағуды пайдаға жаратумен салыстыру бойынша қауіпті заттарды шығаруды максималды азайтуға мүмкіндік береді. 
Жабдық жұмысының рәсімі пайдаға жаратушы қалдықтарға жоғары температураның әсеріне негізделген. Кептіру және жағу камераларында, сонымен қатар жоғары температура әсерінен жағушыда күрделі органикалық байланыстар қарапайым жасаушыларға ыдырайды. 
Фактор 2000-ОС қондырғысында жанудан кейін құрамында мұнай бар қалдықтар жану өніміне айналады (шлак немесе күл), күйдірілген шламға арналған картаға жиналады, алда физика-механикалық және биологиялық талдауларды өткізгеннен кейін қайта пайдалану мүмкінділігі немесе көму, сонымен қатар қайта пайдалану саласы анықталады. 
Сондай ақ полигонға сұйық қалдықтар түседі: өңделген бұрғы ерітіндісі, бұрғылау ағын сулары.
3 ай мерзіммен сұйық қалдықтардың қатуына арналған жинақтауыштар қарастырылған. Уақыт өткеннен кейін ағындар жартылай буланады. Буланудан кейін бұрғылау ерітіндісінің қалдықтары болашақта пайдалануды анықтаушы талдауға ұшырайды. 
Барлық қалдықтар нормативті-әдістемелік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалынған зиянды қалдықтардың тіркелген паспортымен қабылданады. 
Қызметкерлердің шаруашылық тұрмыстық қызметтің үдерісі кезінде тұрмыстық қалдықтар мен өңделген люминесцентті шамдарды құрайды. ТБО уақытша Фактор 2000-ОС қондырғысында қаттап тасталынады және қайта өңделеді, өңделген люминесцентті шамдар келісім бойынша арнаулы мекемелерге берілумен уақытша сақталады. «Eco Solutions Kazakhstan» ЖШС автокөлігін жөндеу учаскінің аумағынан тыс жүзеге асырылады, сондықтан автокөлікті пайдалану кезінде полигон аумағында қалдық түзілмейді. 
Қорытындылай келе ҚОҚБ мәліметтерінің құрамында өткізілген жұмыстарының нәтижесінде жобаланушы нысанды пайдалану мен құрылыс-жинақтау жұмыстарының салдарынан табиғатты қорғау шараларын сақтау кезінде болмашы болатындығын көрсететіндігін айтуға болады. 
Мәлімдеменің негізінде,сонымен бірге жобаланушы нысаннан селитебті аумақтан алыс болуымен байланысты жобаланушы нысан халықтың денсаулығына қандай да бір қауіп төндірмейді деген қорытындығы келуге болады. 
Баяндаманың барлығын тыңдай келе , мемлекеттік экологиялық инспектор - Сагындыков А.У. берілген жоба бойынша өз ойын және разылығын білдірді. 
 
Тыңдау төрағасы –Толық сипаттама үшін рахмет, енді талқылауға көшейік, егер сұрақтар мен ұсыныстар болса қоя беріңіздер. 
 
Утебай С.К. – «Сыр Табиғаты» Ассоциация төрағасының орынбасары сұрақ қойды: Радиологиялық өлшеу жайында 
 
Жадигер А. –"Казнефтегазконсалтинг" ЖШС жоба бойынша менеджер.
Жауабы: Радиологиялық өлшеммен үшінші жақ, яғни мердігер мекеме айналысады. 
 
Утебай С.К. – «Сыр Табиғаты» Ассоциация төрағасының орынбасары
Түсінікті.
 
Баяндаманың барлығын тыңдай келе, мемлекеттік экологиялық инспектор - Сагындыков А.У. проекту берілген жоба бойынша өз ойын және разылығын білдірді
 
Тыңдау төрағасы – Егер сұрақтар мен ұсыныстар болмаса, қоғамдық тыңдауды өтті деп есептеуді ұсынамын. Осымен қоғамдық тыңдауды жабық деп есептеуге болады, назарларыңыз үшін барлығына алғыс білдіремін. 
 
Шешім қабылданды:
1. ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарын қатал сақтау
2. «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімімен бірге жұмыс жобасын мүдделі мемлекеттік ұйымдарға келісуне жіберу. 
 
Қосымша:
Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың тізімі
 
Төрағалық етуші:                                                 Кубегенов Р.Б.
 
 
Хатшы:                                                                 Есенбаев Б.
 
 
«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімімен бірге «Батыс Түзкөл кен орнындағы өндірістік және қатты қалдықтардың полигонның құрылысы» әзірленген жұмыс жобасы бойынша экологиялық аспектілерді талқылау жайында қоғамдық тыңдауының

ХАТТАМАСЫ

 

Қоғамдық тындауға қатысушылардың тізімі

Өткізу күні мен уақыты: 2015 ж. 25 қараша сағ.10.00

Өткізу орны: ҚР, Қызылорда қ., А.Бөкейхан көшесі 47 үй

Р/н

Аты-жөні, тегі

қызметі

Қолы

1.

Молдабеков Б.Б.

 «Қызылорда облысы бойынша Әкімдіктің жер қатынастары Басқармасы» МБ бас маманы

 

2.

Сагындыков А.У.

Қызылорда облысы бойынша Экология Департаментінің мемлекеттік экологиялық инспектор

 

3.

Утебай С.К.

 «Сыр Табиғаты» Ассоциациясының төрағасының орынбасары

 

4.

Байзаков С.Б.

 «Eco Solutions Kazakhstan» ЖШС директоры

 

5.

Есенбаев Б.М.

 «Eco Solutions Kazakhstan» ЖШС заңгері

 

5.

Кубегенов Р.Б.

 «Казнефтегазконсалтинг» ЖШС директоры

 

6.

Жадигер А.

"Казнефтегазконсалтинг" ЖШС жоба бойынша менеджері

 

7.

Умбеткулов Н.

"Казнефтегазконсалтинг" ЖШС инженер электригі

 

8.

Жуматаева Б.

 

 «КазЭкосистемс» ЖШС инженер экологы

 

9.

Билалова А.

 

 «КазЭкосистемс» ЖШС бас маман экологы

 

10.

Ксенбаев Д.

 

 «Geo Engineering Kazakhstan» ЖШС инженер жерге орналастырушысы

 

 

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» сервистік бұрғылау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016-2025 жылдарға қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы.
 
Өту мерзімі: 26.11.2015 жыл, сағат 11-00.
Өту орны: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 28/2.
Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушысы: «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» сервистік бұрғылау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қоғамдық тыңдауды өткізу жайлы ақпарат жұртшылық назарына 2015 жылдың  26 қарашада «Сыр табиғаты» газетінің 18 (65) нөмірінде хабарландыру жариялау арқылы жеткізілді.
Қатысқандар: 
1. Табиғи ресурстар басқармасының бас экологы– Тлеукабылова Г.
2. Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті бас маманы – Сарсенбаев Б.
3. «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» сервистік бұрғылау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі эколог маманы - Ажбаева М.
4. «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар ассоциациясының өкілі – Бектурганова А.А.
5. «Ак-жол» ЖШС эколог маманы – Хаматова А.Ф.
6. «Эко Центр Кызылорда» ЖШС эколог маманы – Абенова Б.
 
Күн тәртібінде: 
«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» сервистік бұрғылау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2016-2025 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша материалдарды талқылау, ұсыныс енгізу. Барлық қатысушылардың шешімімен:
Қоғамдық тыңдау төреағасы – Ажбаева М.
Хатшы - Хаматова А.Ф.
 
Қатысушалар алдында сөйледі:
Қоғамдық тыңдалымды «Ак-жол» ЖШС өкілі Хаматова А. ашты. 
Төраға Ажбаева М.Ж. - компания туралы жалпы мағлұматтарды жариялады:
Мекеме Қазақстан Республикасының территориясы бойынша бұрғылау жұмыстарын жүргізуде, соның ішінде Қызылорда облысы бойынша мұнай компанияларының мердігері ретінде роль атқарады.
Ұңғымаларды бұрғылау мақсаты – бор қыртыстарында жатып қалған мұнай мен газды іздеу.
Қызылорда облысы бойынша мекеме сегіз бұрғылау аудандарын ұсынады. Бұрғылау аудандарының құрамына бұрғылау территориясы және вахталық ауылдар кіреді. Өзекше ұңғымасының өтуі аяқталған соң ұңғыма тапсырыс берушіге сынау (тестілеу) үшін беріледі. Сынақтар нәтижелері бойынша ұңғыма пайдалануға немесе жойылуға өткізіледі, ал құрылғы келесі аудандарға өткізіледі.
Мекеме меншігінде әр түрлі қуаттылықтардағы дизельді генераторлар, дизельдік жанармайларды сақтауға арналған қоймалар, және бойлерлер бар.
Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертпелері:
1. Бектурганова А. А. – Әуе бассейні күзеті тарауының 1.2 пунктіне шаңды бәсеңдету бойынша экологиялық және экономикалық әсерлерді кірістіру қажет. Ұсыныстар мен ескертпелер қабылданды.
2. Сарсенбаев Б. – Су ресурстарын рациональды пайдалану және қорғау тарауына ағын суларды тарту үшін келісімшартқа отыру пунктін кірістіру керек.
3. Абенова А. – Жер ресурстарын қорғау тарауындағы 4.3 пунктте мекеме атауын басқаша жазу керек, сатып алу емес, полиэтилендік пленканы бұрғылау құрылғысына пайдалану деп. Ұсыныс қабылданды.
4. Абенова А. – «Өсімдіктер мен жануарларды қорғау» тарауындағы 6.1 пунктте физикалық әсер етумен пайдаланылатын бәсеңдеткіштер санын жазу керек. Ескертпе қабылданды.
5. Тлеукабылова Г. – «Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс жасау» тарауында 7.1, 7.2 пункттерде тұтыну мен өндіріс қалдықтарының жалпы көлемін көрсету керек. Ескертпе қабылданды.
6. Бектурганова А. А. – «Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік» тарауындағы 8.1 пунктке радиациялық қауіпсіздік бойынша құралмен өлшем жүргізудің периодтылығын кірістіру керек.
7. Бектурганова А. А. – «Экологиялық сауаттандыру және тарату» тарауына ҚР-ның экологиялық заңнамасының талаптарына сай газетке өндірістік экологиялық бақылау есептерінің нәтижелері туралы жариялау пунктін кірістіру керек. Бұл пунктті кірістіру керек деп шешілді.
 
Талқылау нәтижесі бойынша негізгі тұжырымдамалар:
Қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы бойынша жасалынған жоспар Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қанағаттанарлық деп есептелсін. 
«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» сервистік бұрғылау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарын құзіретті органдарға тапсыруға қоғамдық тыңдалым қатысушылары бірдауысты шешім білдірді.
Хаттама екі дана жасалынды.
 
Хатшы:  ______________________ Хаматова А.
 
Қоғамдық тыңдау төрағасы: _________________________Ажбаева М.
 

ЖШС «БИДЖИПИ Геофизические услуги» 2015-2016 жылдарға қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы
 
Өту мерзімі: 24.11.2015 жыл, сағат 11-00.
Өту орны: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 28/2.
Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушысы: ЖШС «БИДЖИПИ Геофизические услуги».
Қоғамдық тыңдауды өткізу жайлы ақпарат жұртшылық назарына 2015 жылдың  26 қарашада «Сыр табиғаты» газетінің 18 (65) нөмірінде хабарландыру жариялау арқылы жеткізілді.
Қатысқандар: 
1. Табиғи ресурстар басқармасының бас экологы– Тлеукабылова Г.
2. Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті бас маманы – Сарсенбаев Б.
3. Менеджер ЖШС «БИДЖИПИ Геофизические услуги» - Жалбиров Ж.
4. «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар ассоциациясының өкілі – Бектурганова А.А.
5. «Ак-жол» ЖШС директоры – Хегай З.З.
6. «Ак-жол» ЖШС эколог маманы – Воропаева А.А.
7. «Эко Центр Кызылорда» ЖШС эколог маманы – Абенова Б.
 
Күн тәртібінде: 
ЖШС «БИДЖИПИ Геофизические услуги» 2015-2016 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша материалдарды талқылау, ұсыныс енгізу. Барлық қатысушылардың шешімімен:
Қоғамдық тыңдау төреағасы – Сарсенбаев Б.
Хатшы - Воропаева А. А.
Қатысушалар алдында сөйледі:
Қоғамдық тыңдалымды «Ак-жол» ЖШС өкілі Воропаева А.А. ашты. 
 
Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері:
1. Сарсенбаев Б. – Әуе бассейні күзеті тарауының 1.1 пуктінде 12 тармақты – экологиялық заңнаманың нормаларын сақтауды толықтыру керек. Ұсыныстар мен ескертпелер қабылданды.
2. Бектурганова А. А. – Әуе бассейні күзеті тарауының 1.3 пунктінде неліктен шаңды бәсеңдету бойынша экологиялық және экономикалық әсерлер кірістірілмеді? Осы іс-шарада экологиялық және экономикалық әсерлерді кірістіру қажет.
3. Бектурганова А. А. – Әуе бассейні күзеті тарауының 1.5 пунктін алып тастау қажет. Сарсенбаев Б. – Осы пункт қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар тізіміне кіреді және ЖШС «БИДЖИПИ Геофизические услуги» нұсқаулығымен бекітілді. Бұл пунктті шығармау шешімі қабылданды.
4. Тлеукабылова Г. – Жер ресурстарын қорғау тарауындағы 4.1 пунктте тазалау территориясының аумағын көрсету қажет. Ескертпе қабылданды.
5. Тлеукабылова Г. – Тұтыну және өндіріс қалдықтарымен жұмыс тарауындағы 7.1 пунктте келісімшартқа отыру суммасын көрсету керек. Ескертпе қабылданды.
6. Бектурганова А. А. – Экологиялық сауаттандыру және тарату тарауына ПЭК есептерінің нәтижелері туралы мәліметтер пунктін кірістіру керек. Осы пунктті кірістіру шешімі қабылданды.
7. Абенова А. – Экологиялық сауаттандыру және тарату тарауындағы 11.2 пунктте плакаттар саны мен оған кеткен шығындарды теңгелік эквивалентте көрсету керек. Ұсыныс қабылданды.
8. Бектурганова А. А. – Экологиялық сауаттандыру және тарату тарауындағы 11.3 пунктте мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жүргізілетін курстардың санын көрсетіп, инфляцияны ескере отырып кететін сумманы арттыру керек. Ескертпе қабылданды.
 
Талқылау нәтижесі бойынша негізгі тұжырымдамалар:
Қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы бойынша жасалынған жоспар Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қанағаттанарлық деп есептелсін. 
ЖШС «БИДЖИПИ Геофизические услуги» 2015-2016 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарын құзіретті органдарға тапсыруға қоғамдық тыңдалым қатысушылары бірдауысты шешім білдірді.
Хаттама екі дана жасалынды.
 
 
Хатшы:      ________________________ Воропаева А. 
 
Қоғамдық тыңдау төрағасы:   ________________________________Сарсенбаев Б.
 

«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің өндірістік базасына 2015-2024 жылдарға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту кезеңінде қоғамдық тыңдауды есепке алу 
ХАТТАМАСЫ
Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, Торайғыров көшесі, 140.
Өтетін уақыты: 05.11.2015 жыл, сағат 15:00.
Қоғамды хабардар етудің талаптарының орындалуы:
Тыңдай ҚР ЭК-нің негізінде өткізілді.
Қоғамдық тыңдаудың өтетіндігі жөніндегі ақпараттық жариялау мемлекеттік және орыс тілдерінде №19-(155) «Табиғат тынысы» газетіне 15.10.2015 жылғы санында жарияланды
 
Қоғамдық тыңдауға қатысқандар

1.

Жеткілікті атқарушы орган өкілі 

Тілеуғабылова Г.

2.

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің басшысы

Жайназаров Е.

 

3.

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық қадағалау бөлімінің                   бас маманы

Сағындықов А.

4.

Қызылорда облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы

Тян И.

 

5.

 «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің атқарушы директоры

Мұсабаев Б.

6.

 «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің бас технологы

Данышманов Б.

7.

«Эко Инжиниринг» ЖШС-нің маманы

Уразбаева Ғ.

 
Қоғамдық тыңдауға жиналған қатысушыларға күн тәртібін, регламент, төраға мен хатшыны сайлау ұсынылды. 
 
Күн тәртібі: 
1. 2015-2024 жылдарға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін қоршаған
ортаны қорғау іс-шаралардың жоспарын талқылау; 
2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды ұсыну; 
3. Тыңдаудың хаттамасына енгізу үшін қоғамдық тыңдауды қорыту (10 минут).
 
Қоғамдық тыңдаудың регламенті:
Тыңдаудың қонақтарын таныстыру. Күн тәртібін белгілеу (5 минут).
1. Кіріспе сөз «Ибрайхан и К-ТЛД» ЖШС-нің бас маманы – Данышманов Б.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына баяндама - «Эко Инжиниринг» ЖШС-нің маманы Уразбаева Ғ. 
3. Тыңдаудың хаттамасына енгізу үшін қоғамдық тыңдаудың негізгі шешімін жариялау (10 минут).
 
Төраға мен хатшыны сайлау:
Төрағаны сайлау. Жергілікті атқарушы орган өкілі – Тілеуғабылова Г.
 Отырыстың хатшысын сайлау. «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің қызметкері - Бектеміс А.
 
Кіріспе сөзінде Данышманов Б. жоғарыда аталған күн тәртібі мен келген қонақтарды таныстырды. «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-і қызметінің бағытын атап өтті. Мекеменің басты қызмет түрлері мынадай, қатты-тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта кәдеге жарату жұмыстары, сондай-ақ полимер қалдықтарын өңдеу, полимер-құмды жабынқыш, аяқжол плиткаларын шығару мен қағаз-картон қалдықтарын өңдеу. Сонымен қатар, 2006 жылдан бастап «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-і мұнай қалдықтарын қайта кәдеге жарату мен өңдеу жұмыстарын жүргізіп келеді. 2008 жылдан бастап халықтың экологиялық сауаттылығын жақсарту мақсатында мекеменің өз күшімен «Табиғат тынысы» атты экологиялық газеті, 2009 жылдан бастап жергілікті телеарнадан «Табиғат дауысы» бағдарламасы шығып жүр.
«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-і көрсететін қызмет түрлері: қатты-тұмыстық қалдықтарды, полимер қалдықтарын, пайдаланылған майларды, пайдаланылған автокөлік шиналарын, аккумуляторларды, майланған топырақты, мұнай шламдарын, химиялық реагенттер сақталған ыдыстарды, бұрғы шламдарын, майланған шүберектерді қайта кәдеге жарату жұмыстары, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, мұнай төгілген жерлерді жою, мұнай қалдықтарын өңдеу, қауіпті және медициналық қалдықтарды өртеу жұмыстары.
Мекемнің қалдық орналастыратын 2 орны бар:
- Қалалық қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны (полигон Қызылорда қаласының оңтүстік-шығысында 20 км-де, «Самар-Шымкент» трассасының шығысында 1,2 км-де орналасқан);
- құрамында мұнайы бар қалдықтарды тазартуға арналған қалпына келтіру аумағы (бұл аумақ қалалық қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны жанында орналасқан).
«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің басшылығы өз қызметі барысында қоршаған ортаның ластануының алдын-алуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мекеме Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау жөніндегі барлық заңдылықтар талаптарын қадағалауды міндеттейді.
 
Баяндамамен «Эко Инжиниринг» ЖШС-нің маманы Уразбаева Ғ. сөйледі. 
Уразбаева Ғ., қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспары технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, социальды, экономикалық шаралардан тұратынын атап өтті. Бұл өз алдына қоршаған ортаны қорғауға және сапасын жақсарту бағытталған. ҚР-сы ЭК-не сәйкес, қоршаған ортаға эимссияға руқсат алу үшін қоғамдық тыңдау өткізу қажет. Өткізілген қоғамдық тыңдау шеңберінде тыңдау қатысушыларымен іс-шара жоспары тыңдалды.  
 
Тыңдау қорытындысы:
Баяндамадан кейін, талқылау, өз пікірлерін айту, сұрақ-жауапқа кірісті.
- Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің экологиялық реттеу бөлім басшысынан ауа қабатын қорғауға арналған іс-шара атын нақты жазуды ұсынды. 
- Іс-шара аты нақты жазылып, толықтырылды.
Қоғамдық тыңдаудың қорытындысында барлық ескертулер мен ұсыныстар ескерілді және жөнделді.
 
Қорытынды «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-нің бас технологы Данышманов Б.
Соңында Данышманов Б., қоршаған ортаны қорғау мен оған ұқыпты қарау мекеменің қызығушылығында екенін атап өтті. Қоршаған ортаға зиян тигізуді азайту мақсатында бізбен бірқатар іс-шаралар қарастырылғандығын айтып, қоғамдық тыңдауға келген қонақтарға  алғысын айтты.
 
Шешім
«Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС-і үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін, талқыланған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарын мақұлдау.
 
 
Төраға ___________________________   Тілеуғабылова Г.
 
Хатшы   _____________________________  Бектеміс А.
 
 

 


Қоғамдық тыңдау
 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығымен бекітілген «Орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасының 7 тармағынына сәйкес «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолының 17,6 шакырымында орналасқан көпірге кіре беріс жолының 1,95 га жер учаскесіне құқықтық табыстау» жөніндегі жерге орналастыру жобасына қоғамдық тыңдау 2015 жылы 18 қараша сағ: 15.00 де Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі, №9б мекен-жайында өтетінін хабарлаймыз.
тел: (21-7-96)
Ескертулер мен ұсыныстарды мына электрондық поштаға жіберіңіз: ais-k-orda@mail.ru  немесе +7(724) 36-21-7-96 телефон номеріне қоңырау шалыңыз.
 

«Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі
Батыс филиалының Қызылорда ст. ЛВЧДР-31 телімінің 2016-2025 жылдарға арналған табиғат қорғау іс шаралары жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізу хаттамасы
 
Өткізілген күні:21 қазан 2015 жыл, сағат 15-00
Өткізілген мекен-жайы: Қызылорда қ. Белкөл станциясы, Техникалық жолаушылар паркі 
Қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды:«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Бастамашы:Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалы
Қоғамдық тыңдаудың өткізілетіні туралы ақпараттыжұртшылыққа жеткізу құралы:«Табиғат тынысы» газетінің 30.09.2015 жылғы № 18-(154) нөмірінде жариялау 
Қатысты: 
А.Қ.Уалиева-«Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті» МБ бас маманы; 
Г.К.Тлеуқабылова-«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» МБ бас экологы; 
Ж.С.Утегенов-«Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының бастығы;
М.К.Ерназаров-«Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының жетекші инженері,
Ф.Сейтжагипаров –еңбекті қорғау инженері
А.Жилкибаева-кадр жөніндегі инженер 
Д.Алишев – техникалық оқу жөніндегі нұсқаушы
Е.Кунакбаев - тежегіштер жөніндегі нұсқаушы 
М.Абсадиков – ТЖП  аға шебері 
М.Аманов - шаруашылық цехінің шебері
Ж.Садыков – көлік цехінің бригадирі 
 
Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі: 
1. Қоғамдық тыңдауға қатысушыларды тіркеу-5 мин.
2. Тыңдаудың төрағасы мен хатшысын сайлау және күн тәртібін бекіту-5 мин.
3. «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының жетекші инженері- М.К.Ерназаров-15 мин.
4. Табиғат қорғау іс-шаралар жоспары бойынша сөз сөйлеу-30 мин.
5. Жиналысқа қатысушылардың сұрақтары, ұсыныстары-15 мин
6. Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың сөз сөйлеуі (талқылау-20 мин); 
7. Баяндама жасаушылардың сұрақтарға жауап беруі;
8. Қоғамдық тыңдауда қорытынды (қаулы) қабылдау.
9. Қоғамдық тыңдауды жабу. 
Тыңдауды ашу:
Г.К. Тлеукабылова тыңдауды құттықтау сөзімен ашты. Қоғамдық тыңдау төрағалығына Г.К.Тлеукабылова және хатшы болып  М.К.Ерназаров сайланды. М.К.Ерназаров сайланған кандидатуралар мен күн тәртібін бекітуге ұсыныс жасады.  
Төраға  Г.К. Тлеукабылова сөз алды. 
Баяндама жасаушы  өз сөзінде ҚР  экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың экологиялық аспектілерін талқылау мақсатында аталған іс-шаралардың өткізіліп жатқанын түсіндіріп өтті. 
Сөз сөйледі: 
«Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының жетекші инженері – М.К.Ерназаров: 
«Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының Қызылорда телімі ҚР заңнамасына сәйкес құрылды және Қоғамның Директорлар Кеңесі шешімінің негізінде тіркелді. (Директорлар кеңесінің 2004 жылғы 08 желтоқсандағы №6отырыс хаттамасы). Филиалдың орналасқан жері: 467019, Қызылорда қ. Егізбаев көшесі, 1. 
«Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының Қызылорда телімі жолаушылар вагондарына 3 (үш) қызмет түрін көрсетеді: техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1), техникалық қызмет көрсету (ТК-2), су және отынмен жабдықтау. ТҚ-3, ҚХР-да жасалған және «Тальго» пойыздарына қызмет көрсету. 
«Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының Қызылорда телімінде өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін шаруашылық цехі(Қызылорда станциясы), пойыздарға қызмет көрсету пункті (Белкөл станциясы) және жолаушылар пойыздарын құрастыру пункті (Белкөл ТЖП) бар. 
Пункт бөлек-Қызылорда қаласынан 17 км жерде орналасқан (Белкөл аулының қасында). Әкімшілік ғимаратта жұмыс күндерінің саны-252, құрастыру пунктінде-365 күн. 
Қазіргі жағдайдағышығарынды көздерінің сипаттамасы – түгендеу кезінде алынған натурлық тексеру деректерінің және ресурстар мен материалдардың шығысы бойынша деректердің негізінде есептік-теңгерімдік әдіспен жүргізілді. 
Атмосфералық ауаны негізгі ластау көздері болып табылады: жабық көмір қоймасы, шаруашылық цехі, аккумуляторлық бөлімше, апаттық дизельдік электр станциясы, зарядтау орындары, сонымен қатар  дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін учаске мен  сырлау жұмыстары. 
Қызылорда станциясы:
шаруашылық цехі №0001 
Шаруашылық цехінде ағаш тетіктерді өңдеуге арналған құрамалы ағаш өңдеу станогы және болатты механикалық өңдеуге арналған токарьлық, ұштағыш, бұрғылап тескіш станоктар бар. Жұмыс жасау кезінде атмосфералық ауаға ағаш тозаңы мен өлшемді бөлшектер бөлінеді. Цехта өнімділігі 1350м3/сағ сорғыш желдеткіш орнатылған. Желдеткіш құбырының биіктігі-4 м, диаметрі -0,12 м, шығатын газ көлемі -0,375 м3/сек. Ұйымдасқан шығарынды көздері. 
Дәнекерлеу жұмыстары № 6001
Телімде ластаушы заттарды бөлетін көздерге қолға алып жүретін МР-3 маркалы даралай электродтарымен доға дәнекерлегіш қондырғы жатады. 
Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде атмосфералық ауаға келесі аталған ластаушы заттар бөлінеді: диТемір, триоксид, марганец және оның қосындылары, фторлы газ тәрізді қосындылар. Ұйымдаспаған шығарынды көздері. 
Белкөл станциясы: 
Аккумуляторлық бөлімше №0002
Аккумуляторлық бөлімшеде вагондық ВНЖ-300 сілтілі аккумуляторларына қосымша электролит құю жұмыстары жүргізіледі. Бөлімшеде электролит дайындау үшін ванна орнатылған. Ванна бетінің көлемі-0,7 м2. Бөлімшеде өнімділігі 1350м3/сағ. сорғыш желдеткіш орнатылған.Желдеткіш құбырының биіктігі-4 м., диаметрі-0,12 м, шығатын газ көлемі-0,375 м3/сек. Ұйымдасқан лақтырынды көздері. 
Дәнекерлеу жұмыс учаскесі №6002
Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде атмосфералық ауаға келесі аталған ластаушы заттар бөлінеді: диТемір, триоксид, марганец және оның қосындылары, фторлы газ тәрізді қосындылар. Ұйымдаспаған шығарынды көздері. 
Жабық көмір қоймасы №6003
Көмірді сақтау үшін  құрастыру пунктінде жалпы көлемі 505 м2 құрайтын жабық қойма қаралған. Түсіру және сақтау кезінде атмосфералық ауаға органикалық емес тозаң бөлінеді. Жайдың іші есік пен желдеткіш тесігі арқылы табиғи желдетіледі. Ұйымдаспаған шығарынды көздері.
Зарядтау орны № 6004
№15 пен №17 жолдардың ортасында аккумуляторлық батареяларды зарядтауға арналған 14 дана электр қалқаны орналасқан. Бір уақытта зарядтау қондырғысына 1 аккумулятор қосылады. Қосымша зарядтау 50 мин. Тәулігіне орташа есеппен алғанда 8 купелік және плацкарттық аккумуляторлық батареяларды зарядтау жүргізіледі. Бір купелік вагонда 80 элементі бар 1 аккумулятор бар, ал плацкарттық вагонда 40 элементі бар 1 аккумулятор жиынтығымен бар. 
ДЭС 0003
Құрастыру пунктінің аумағында арнайы жабық жайда қуаты 150кВт құрайтын ДАТ-150 типті дизельдік электр станциясы орнатылған. ДЭС негізгі электр берілісінің апаттық сөну кезінде электр энергиясын өндіреді. Генераторға отын ретінде дизотыны пайдаланылады, оны жаққан кезде атмосфераға келесі аталған зиянды заттар бөлінеді: азот оксиді, күкірттер, көміртегі, көмірсутегілері, формальдегидтер, күйе және бенз(а)пирен. Жанған дизельдік отын өнімдері шығу түтігі арқылы сыртқа шығарылады. Шығарынды көзінің биіктігі-3 м, диаметрі-0,04 м, жұмыс істеу уақыты-232сағат/жыл. Жылдық шығын-4,2 т/жыл. Эксп/номин. тәртіпте отынның үлестік шығарылуы-50 г/кВт*с.
Техникалық жолаушылар паркі (ТЖП) № 6005
ТЖП паркінде сырлау жұмыстары жүргізіледі. Сырдың жылдық шығысы - 700 кг құрайды. 
Жүргізілетін жұмыстардың атмосфералық ауаға әсерін төмендету үшін іс–шаралар жоспарының жобасында бірқатар техникалық және ұйымдастырушылық іс шаралары қаралады және ұсынылады: өндірістік мониторинг және зиянды шығарындыларды аспаптық өлшеу, парниктік газдардың шектік шығарынды нормативтерінің жобасын әзірлеу, сынапты шамдарды кәдеге жарату, ҚТҚ өндірістік қалдықтарын әкету және тапсыру, өңделген шиналарды кәдеге жарату, майланған шүберектерді кәдеге жарату, аккумуляторлық батареяларды кәдеге жарату, өңделген майларды кәдеге жарату, майлы сүзгілерді кәдеге жарату, қоршаған ортаны қорғау тақырыбы жөніндегі мерзімді басылымдар мен әдебиеттерді сатып алу. 
Аталған шараларды сақтау атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың нормативтен артық болуы жағдайларына жол бермейді. 
Су қорларына жағымсыз әсердің және қолайсыз экологиялық зардаптың алдын–алу мақсатында жабдықтардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін алдын алу жұмыстары енгізілген іс-шаралар өткізу  ұсынылады. 
Жағымсыз әсерді азайту мақсатында рекультивациялық іс-шаралар өткізілуі тиіс. 
Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері: 
Сұрақ-Қ.А.Уалиева
-Жақын маңда орналасқан ауылдармен арақашықтығы қандай?
Жауап-М.К.Ерназаров: 
-Жақын маңдағы Белкөл ауылы 3 км қашықтықта орналасқан,
Табиғат қорғау іс-шаралары жоспары бойынша ұсыныстар: 
-Қазақстан Республикасының Энергетика министрімен бекітілген 2015 жылғы 15 ақпандағы № 115 бұйрығына сәйкес табиғат қорғау іс-шаралары жоспары ресімделсін. 
Жетіспейтін іс-шаралар енгізілсін, мыс: аумақты көгалдандыру, стационарлық және тасымалды көздерден шығатын ластаушы зат шығарындыларын болдыртпау және азайту бойынша іс-шараларды орындау, экологиялық ағарту және насихаттаумен айналысатын мамандардың біліктілігін көтеру. 
Талқылау нәтижесі бойынша негізгі тұжырымдар: 
1. «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалыныңҚызылорда ст. ЛВЧДР-31 телімінің 2016-2025 жылдарға арналған табиғат қорғау іс-шаралары жоспарының жобасы мақұлдансын. 2. Қоғамдық тыңдау өткізу кезінде түскен тиімді ұсыныстар жобалық материалдарды әрі қарай әзірлеген кезде ескерілсін. 
3. Жұртшылық өкілдерінің  сұрақтарына  толық жауап берілді. Түбегейлі келіспеушілік жоқ. 
4. Өткізілген қоғамдық тыңдау кәсіпорын жұмысының үдерісіндегі табиғат қорғау іс-шаралары жоспарына және орындалуына қатысты сұрақтарды  анықтады. 
 
Талқылау нәтижесінде табиғат қорғау жоспары бойынша шараларды орындау қоршаған ортаға техногендік жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретіні туралы тұжырым жасалды. 
 
 
Қоғамдық тыңдау төрағасы   ___________________________ Г.Тлеукабылова
 
Қоғамдық тыңдау хатшысы  ______________________________  М.Ерназаров
 

2016 жылы «GeoEnergiGroup» ЖШС –ның «Кристалл Менеджмент» ЖШС-не тиесілі «А Блок» учаскесіндегі ОТНӘ-3Д дала сейсмикалық барлау жұмыстарын орындауда қоршаған ортаны қорғау шаралар жобасын қарастыру бойынша қоғамдық тыңдау Хаттамасы
 
 
Күні: 9 қазан 2015 
Орыны: Қызылорда
Басталған уақыты: 15.00 
Аяқталған уақыты: 16.00 
 
Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырушылар:  
Қызылорда облысы бойынша табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар Басқармасы келісуімен «GeoEnergiGroup» ЖШС
 
Қоғамдық тыңдау ақпараты келесі ақпарат құралдары  арқылы хабарланды: 
«Кому Что?» газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландырулар және «Ибрайхан и К-ЛТД» сайтында http://www.ibraikhan.com/?p=15040#more-15040
 
Қатысқандар:
Қызылорда облысы бойынша табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар Басқармасы атынан: 
- Досмаилов Т.Д. – экологиялық сараптама бөлімінің басшысы
 
Қызылорда облысының экология Департаменты атынан:
- Каримова С. – экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы
«GeoEnergiGroup» ЖШС атынан:
- Крюков А.В. – бас директордың орынбасары
- Касымов Р.К. – ЕБ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің басшысы
 
«КазНефтеПроект» ЖШС атынан:
- Ерболатова А. – эколог
- Абуова А.- И.О. директор 
 
Жұртшылық:
- Лим В.С
- Айтжанов А.Б.
- Айтчеков Ж.
- Лим А.И.
- Жамбылов О.Р. 
- Айбеков К.С.
 
Қоғамдық тыңдау бағдарламасы:
1. Қоғамдық тыңдау қатысушыларын тіркеу
2. Тыңдау отырысының ашылуы
3. Тыңдау төрағасын, баяндамашысын және хатшысын таңдау.
4. Қоршаған ортаны қорғау шарасы жобасы бойынша баяндама.
5. Тыңдау қатысушыларының сөз сөйлеулері, баяндамашының сұрақтарға жауабы (талқылаулар).
6. Қоғамдық тыңдау қорытындысын жасау (қаулы).
7. Қоғамдық тыңдаудың аяқталуы.
8. Қоғамдық тыңдау хаттамасына қол қою.
Барлығы 12 адам қатысты
 
6. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібінде:
Келесі тақырып бойынша екінші баяндаманы қарастыру:
1. «Кристалл Менеджмент» ЖШС тиесілі «А Блок» учаскесіндегі ОТНӘ-3Д дала сейсмикалық барлау жұмыстарын орындауда «GeoEnergiGroup» ЖШС Қоршаған ортаны бақылау бойынша шара жобасы». 
Баяндаушы - «КазНефтеПроект» ЖШС директор қ.а. Абуова А.
 
Уақыт тәртібі: 
- Баяндама жасау үшін 10-20 минуттан артық емес.
- Талқылаулар 5-10 минуттан артық емес.
 
Қоғамдық тыңдаудың кіріспе сөзін бастап, тыңдауды ашық деп жариялаған Экологиялық сараптама бөлімінің басшысы Досмаилов Т.Д.
Кіріспе сөзінде Досмаилов Т.Д. мырза барлық қатысушыларға қоғамдық тыңдауға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, осы шара ҚР Экологиялық Кодексі талаптарына сәйкес, шаруашылық қызметте экологиялық аспектілерді талқылау және жұмыстың келесі кезеңінде ұсынымдар мен пікірлерді ескеру мақсатында жүргізілетінін мәлімдеді.
Әрі қарай қоғамдық тыңдау төрағасын, басяндамашысын және хатшысын таңдап, тыңдауды ашық деп жариялады.
Қоғамдық тыңдау төрайымы - Крюков А.В.
Тыңдау хатшысы ретінде Ерболатова Асельді тағайындалды
 
Баяндама жасағандар:
«Кристалл Менеджмент» ЖШС тиесілі «А Блок» учаскесіндегі ОТНӘ-3Д дала сейсмикалық барлау жұмыстарын орындауда «GeoEnergiGroup» ЖШС Қоршаған ортаны бақылау бойынша шара жобасы баяндамасымен «КазНефтеПроект» ЖШС директор қ.а. Абуова А. сөз алды және баяндамада Қоршаған Ортаны Қорғау Министрінің 12.06.2013 жылғы бекітілген №162 «Қоршаған Ортаны Қорғау бойынша шара тізімі» бұйрығы бойынша қарастырылған қошаған ортаны қорғау шаралары мен оның сәйкестіктері туралы толық баяндады. 
Баяндамаға қысқаша шолу:
Қоршаған Ортаны Қорғау бойынша шара жобасы 2016 жылға жоспарланған «Кристалл Менеджмент» ЖШС тиесілі («Блок А») учаскесі аймағында қоршаған ортаға әсерін бағалауды орындау қорытындысы бойынша «GeoEnergiGroup» ЖШСмен  өңделген. 
Жоба Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, қоғамдық және экономикалық өлшемді, сонымен қатар Қоршаған ортаға шаруашылық істердің зияндылығын төмендету мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалуныды қамтиды.
Шара «GeoEnergiGroup» ЖШС жеке есебінен өткізілуде. 
Шара өткізу уақыты 01.01.2016- 30.09.2016 жыл аралығанда белгіленген.
Қоршаған ортаны қоғау ісін әсерлі басқару  және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  «GeoEnergiGroup» ЖШС экологиялық менеджмент, сапа менеджменті және профессионалды қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйелері енгізілген.  
 
Қоғамдық тыңдау тәртібіне сәйкес, бұдан әрі қатысушылар белгіленген жұмыс бойынша баяндаманы талқылауға кірісті.
 
Ескертулер мен ұсынымдар:
Айтжанов А.Б.- жұртшылық
Сұрақ: «GeoEnergiGroup» ЖШС қызметі?
Жауап: «GeoEnergiGroup» ЖШС 2005 жылы құрылған. 2007 жылдан бастап геология-геофизикалық зерттеу, көмірсутек барлау, пайдалы қазбаларды зерттеу жұмыстарымен айналысатын қызметтік компания. Компанияның негізгі қызметінің басты бағыты – сейсмобарлау жұмыстары.  
 
Досмаилов Т.Д. – Қызылорда облысы бойынша табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар Басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің басшысы
Сұрақ: Жұмыс алаңында қандай өсімдіктер бар?
Жауап: Негізінен шөлді жер екенін ескерсек, жер сораң
 
Жамбылов О.Р. – жұртшылық
Сұрақ: «Кристалл Менеджмент» ЖШС учаскесінің ортақ сейсмикалық зерттеулердің ортақ цикліне кіретін «Блок А» территориясының жұмыс көлемі қандай?
Жауап: Жоба бойынша «Кристалл Менеджмент» ЖШС («Блок А») учаскесі аймағында жалпы 1000 толық еселік шаршы км (1000 км2) көлемінде ОТНӘ – 3Д сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу қарастырылуда.
 
Айбеков К.С. – жұртшылық
Сұрақ: ОТНӘ-3Д сейсмикалық зерттеудің мақсаты қандай?
Жауап: ОТНӘ (ортақ тереңдік нүкте әдісімен) – 3Д сейсмобарлау жұмыстары мезозой және ішінара полеозой қабаттарында бұрын табылған мұнай мен газдың геологиялық құрылысты талдап тексеру және болашақта бұрғылауға іздеу-барлау аймақтарын анықтау мақсатында жүргізіледі.
 
Тыңдау қорытындысы бойынша негізгі шешімдер:
Қоғамдық тыңдау қорытындысы боыйынша «GeoEnergiGroup» ЖШС үшін ҚОӘҚ жобасы бойынша ұсынымдар мен ескертулерді тыңдап, қоғамдық тыңдау төрайымы Крюков А.В. барлық қатысушылар мен сөз алғандарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Барлық ұсынымдар мен ескертулерді болашақ жұмыс барысында ескеру.
 
Төраға:                                                  Крюков А.В.____________________________   
 
 
Хатшы:                                                 Ерболатова А.Н.__________________________
 

«Кристалл Менеджмент» ЖШС, «GeoEnergiGroup» ЖШС тиесілі «А Блок» учаскесіндегі ОТНӘ-3Д дала сейсмикалық барлау жұмыстарын орындауда қоршаған оратаға әсерін бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау Хаттамасы
 
 
Күні: 9 қазан 2015 
Орыны: Қызылорда
Басталған уақыты: 15.00 
Аяқталған уақыты: 16.00 
 
Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырушылар:  
Қызылорда облысы бойынша табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар Басқармасы келісуімен «GeoEnergiGroup» ЖШС
 
Қоғамдық тыңдау ақпараты келесі ақпарат құралдары  арқылы хабарланды: 
«Кому Что?» газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландырулар және «Ибрайхан и К-ЛТД» сайтында http://www.ibraikhan.com/?p=15040#more-15040
 
Қатысқандар:
 
Қызылорда облысы бойынша табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар Басқармасы атынан: 
- Досмаилов Т.Д. – экологиялық сараптама бөлімінің басшысы
 
Қызылорда облысының экология Департаменты атынан:
- Каримова С. – экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы
«GeoEnergiGroup» ЖШС атынан:
- Крюков А.В. – бас директордың орынбасары
- Касымов Р.К. – ЕБ, ҚТ және ҚОҚ бөлімінің басшысы
 
«КазНефтеПроект» ЖШС атынан:
- Ерболатова А. – эколог
- Абуова А.- И.О. директор 
 
Жұртшылық:
- Лим В.С
- Айтжанов А.Б.
- Айтчеков Ж.
- Лим А.И.
- Жамбылов О.Р. 
- Айбеков К.С.
 
Қоғамдық тыңдау бағдарламасы:
1. Қоғамдық тыңдау қатысушыларын тіркеу
2. Тыңдау отырысының ашылуы
3. Тыңдау төрағасын, баяндамашысын және хатшысын таңдау.
4. ҚОӘБ жобасы бойынша баяндама.
5. Тыңдау қатысушыларының сөз сөйлеулері, баяндамашының сұрақтарға жауабы (талқылаулар).
6. Қоғамдық тыңдау қорытындысын жасау (қаулы).
7. Қоғамдық тыңдаудың аяқталуы.
8. Қоғамдық тыңдау хаттамасына қол қою.
Барлығы 12 адам қатысты
 
6. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібінде:
Келесі тақырып бойынша баяндаманы қарастыру:
1. «Кристалл Менеджмент» ЖШС, «GeoEnergiGroup» ЖШС тиесілі «А Блок» учаскесіндегі ОТНӘ-3Д дала сейсмикалық барлау жұмыстарын орындауда қоршаған оратаға әсерін бағалау». Баяндаушы - «GeoEnergiGroup» ЖШС директорының орынбасары-Крюков А.В.
 
Уақыт тәртібі: 
- Баяндама жасау үшін 10-20 минуттан артық емес.
- Талқылаулар 5-10 минуттан артық емес.
 
Қоғамдық тыңдаудың кіріспе сөзін бастап, тыңдауды ашық деп жариялаған Экологиялық сараптама бөлімінің басшысы Досмаилов Т.Д.
Кіріспе сөзінде Досмаилов Т.Д. мырза барлық қатысушыларға қоғамдық тыңдауға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, осы шара ҚР Экологиялық Кодексі талаптарына сәйкес, шаруашылық қызметте экологиялық аспектілерді талқылау және жұмыстың келесі кезеңінде ұсынымдар мен пікірлерді ескеру мақсатында жүргізілетінін мәлімдеді.
Әрі қарай қоғамдық тыңдау төрағасын, басяндамашысын және хатшысын таңдап, тыңдауды ашық деп жариялады.
Қоғамдық тыңдау төрайымы - Крюков А.В.
Тыңдау хатшысы ретінде Ерболатова Асельді тағайындалды
 
Баяндама жасағандар:
«Кристалл Менеджмент» ЖШС, «GeoEnergiGroup» ЖШС тиесілі «А Блок» учаскесіндегі ОТНӘ-3Д дала сейсмикалық барлау жұмыстарын орындауда қоршаған оратаға әсерін бағалау» баяндамасымен «GeoEnergiGroup» ЖШС директорының орынбасары - Крюков А.В. сөз алды.
Баяндамаға қысқаша шолу:
Жоба бойынша «Кристалл Менеджмент» ЖШС («Блок А») учаскесі аймағында жалпы 1000 толяық еселік шаршы км (1000 км2) көлемінде ОТНӘ – 3Д сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу қарастырылуда. Бұл сейсмикалық зерттеудің ортақ цикліне жатады.  
ОТНӘ (ортақ тереңдік нүкте әдісімен) – 3Д сейсмобарлау жұмыстары мезозой және ішінара полеозой қабаттарында бұрын табылған мұнай мен газдың геологиялық құрылысты талдап тексеру және болашақта бұрғылауға іздеу-барлау аймақтарын анықтау мақсатында жүргізіледі. 
Жұмыс аумағы Арысқұм учаскесіндегі (Блок А) шарт территориясының оңтүстік шығысында орналақан және әкімшілік тұрғыдан Қызылорда облысына тиесілі.
Арысқұм учаскесіндегі 3Д көлемде өңдеу жұмыстарын екі сейсмикалық партия қатар атқарады. Сәйкесінше жұмыс барысында стационарлы лагерь ұйымдастыру қаралуда. Олардың әрқайсысында мамандар кеңсесі мен жұмысшылардың тұрғын вагондары болады. 
Екі түсірілім алаңында болатын вибрациялық деректер арқылы атқарылатын сейсмикалық жұмыс көлемі барлық жұмыс көлемінің 97% құрайды. Жарылғыш деректер арқылы атқарылатын сейсмикалық жұмыс көлемі сейсмикалық вибраторлар өтпейтін жерлерде қарастырылады және  барлық жұмыс көлемінің 3% құрайды 
 
Қоғамдық тыңдау тәртібіне сәйкес, бұдан әрі қатысушылар белгіленген жұмыс бойынша баяндаманы талқылауға кірісті.
 
Ескертулер мен ұсынымдар:
Досмаилов Т.Д. – Қызылорда облысы бойынша табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар Басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің басшысы
Сұрақ: Жұмыс алаңында қандай өсімдіктер бар?
Жауап: Негізінен шөлді жер екенін ескерсек, жер сораң
Лим В.С. – жұртшылық
Сұрақ: Жұмыстар қай уақыттан бері жүргізіліде?
Жауап: Екі жыл көлемінде.
 
Айтжанов А.Б. – жұртшылық
Вопрос: Менің түсінуімше, сіздердің деректеріңізге сәйкес бұрғылау жұмыстары жүргізіледі ме? 
Ответ: Ия, ол бұрғылаудың бірінші кезеңі, әрі қарай біздер бұрғылау үшін кеңес береміз. Яғни, егер мұнай мен газдың жиналуына барлық жағдай және тұтқыш табылса. 
Лим В.С. – жұртшылық
 
Сұрақ: Осы кезеңде тұтқыштар (ловушки) бар ма?
Жауап: (карта бойынша) Сырдарияда саты бар, біз солтүстікте жұмыс жүргіздік, бұл сатыны айқындадық, мұнда Майбұлақ және Арысқұм кен орындары бар. Негізінен ол жерде барлық сейсмобарлау топталған.
 
Лим А.И. – жұртшылық
Сұрақ: Менің айқындайын дегеним өтінім тапсырыс берушіден келеді ме?
Жауап: Ия, тапсырыс беруші жасалатын жұмыс бағыты мен жерді анықтайды, одан әрі біз техникалық жоба жасаймыз (яғни, оны қалай жасауға болатынын, қандай тәсіл қолдану керектігін, қанша уақытта және жұмыс технолгиясын). 
 
Тыңдау қорытындысы бойынша негізгі шешімдер:
Қоғамдық тыңдау қорытындысы боыйынша «GeoEnergiGroup»  ЖШС үшін ҚОӘҚ жобасы бойынша ұсынымдар мен ескертулерді тыңдап, қоғамдық тыңдау төрайымы Крюков А.В. барлық қатысушылар мен сөз алғандарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Барлық ұсынымдар мен ескертулерді болашақ жұмыс барысында ескеру.
 
 
Төраға:                                                 Крюков А.В.____________________________   
 
 
Хатшы:                                                 Ерболатова А.Н.__________________________
 

«2015 жылы Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесінің инвестициялық негіздемесін әзірлеу» 027 республикалық бюджеттік бағдарлама ауқымындағы инвестициялық негіздеме үшін «Қоршаған ортаға әсерді алдын-ала бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаудың хаттамасы 
 
Өткізілген күн: 13.10.2015 ж.
Өткізілген жер: Қызылорда қ., Желтоқсан к., 28/2.
Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырған: «Қазақ Суарнажоба» АҚ 
Қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы ақпарат «Сыр Табиғаты» деп аталатын арнайы мамандандырылған экологиялық газеттің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі 8 нөмірі арқылы жұртшылықтың назарына жеткізілді.                      
Қатысқандар: 
1. «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар қауымдастығының өкілі - Бектұрғанова А.А.
2. «Қазақ Суарнажоба» АҚ жылумен жабдықтау жөніндегі маманы - 
Сексенбаев И.Р.
3. «ҚазТҮКШ орталығы» АҚ филиалының директоры - Далабаев Г.Д.
4. Табиғи ресурстар басқармасының экологы– Аптабаева А.К.
5. «КТЭЦ» МКК экологы - Өтегенова Д.Т.
6. «Ақ-жол» ЖШС директоры– Хегай З.З.
7. «Ак-жол» ЖШС маманы - Хаматова А.Ф.
 
Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі: 
«2015 жылы Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесінің инвестициялық негіздемесін әзірлеу» 027 республикалық бюджеттік бағдарлама ауқымындағы инвестициялық негіздеме үшін «Қоршаған ортаға әсерді алдын-ала бағалау» жобасын талқылау және шешім қабылдау. 
Сөз сөйлегендер: 
Хегай З.З.: Қоғамдық тыңдауға барлық қатысушыларды сәлемдесіп, ол төраға мен хатшыны сайлау жөнінде ұсыныс енгізді.  
Бұдан әрі Хегай З.З. қоғамдық тыңдауға қатысушыларды таныстырды. 
 
Қатысушылардың бірыңғай шешімімен күн, тәртібі, регламент бекітілді және: 
- төраға – Сексенбаев И.Р.;
- хатшы – Хаматова А.Ф сайланды. 
 
Хатшы Хаматова А.Ф. қатысушыларға қоғамдық тыңдауды өткізудің мақсатын түсіндірді.  
Төраға Сексенбаев И.Р. – жобаны әзірлеудің жоспары жөніндегі жалпы мәліметтерді баяндады:
ҚЖЭО МКК қайта құру және кеңейту, оң жағалаудағы қазіргі уақытта бар жылу жүйелерін қайта құру және сол жағалауда жылу жүйелерін салу жоспарланып отыр.  
Қызылорда қаласының орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін келешекте дамыту Сол жағалауды 2030 жылға дейін басымды түрде дамыту ескеріліп  көзделген. 
«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалаудағы бөлігінің жылумен жабдықтау жүйесі» ТЭН-ні «Проммедконтракт» ЖШС әзірлеуде. .
Қазіргі уақытта инвестициялық негіздеме мынадай екі нұсқада қарастырылып отыр:
1-нұсқа. 
ҚЖЭ-нан бастап қаланың солтүстік-шығыс бөлігіне («Шұғыла», «Сәулет» шағын аудандары, Жаппасбай батыр көшесі бойынша жаңа құрылыстар және т.б.) орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағын дамыту көзделіп отыр. Осы мақсатта барлық нұсқаларда Оңтүстік қазандықтан бастап жылу магистралінің № 6 павильонынан бастап УТ-16 камераға дейін ұзындығы 5600 мм жалғастырғыш салу, тұтынушыларды ҚЖЭО-нан орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағына ауыстырып қосу көзделген. 
Қазіргі уақытта орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағынан тыс орналасқан «Астана» ауданын жылумен жабдықтауды ҚЖЭО ТК-46 жүйесіне қосу қарастырылады. 
Гидравликалық есептерге сәйкес кері желілерде жұмыс істейтін үш сорғы станциясының сорғыларын ауыстыру және берер желіде жаңа сорғы орнату қажеттілігі атап өтілді.  
2-нұсқа. 
Сырдария өзенінің сол жағалаудағы бөлігін жылумен жабдықтау ҚЖЭО-нан қамтамасыз ету көзделеді. 
Сырдария өзенінің сол жағалауын ҚЖЭО-на қосу үшін ұзындығы 8500 м 21000 мм жаңа шығу салу, ЖЭО коллектордан бастап ТК-3 камераға дейін, одан ары Саламатов, Әбілқайыр хан көшелері бойымен жағалаудағы дамбаға дейін, дамба бойынша Ғ. Мұратбаев көшесіндегі қақпаққа дейін қатар қолданылатын индустриялық алдын-ала оқшауланған труба құбырларын жер үстінен төсеу, сол жерде Сырдария өзені арқылы дюкерлік немесе коммуникацияларды көпір арқылы өткізу көзделген.
Бірінші санаттағы жылу тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау жүйесін авариялық резервтеу – дербес жылумен жабдықтау көздерінен 100%, екінші, үшінші санаттағылар– жаңа көлік көпірі бойынша Саламатов көшесіндегі қақпақта сол жағалауда ТК-1Н-тан сол жағалауға 2800 метр жылумен желісінің екінші шығысын төсеу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
Осы нұсқада Астана ауданын қосу ТК-1Н-дан бастап АМБК-1-дейін, Сұлтан Бейбарыс даңғылына дейін диаметрі 600 мм, ұзындығы 5800 м, Жібек жолы, Сыр Ана көшелері бойынша АБМК-1-ден бастап АБМК-8-ге дейін диаметрі 400 мм, ұзындығы 1000 м индустриялық алдын-ала оқшауланған труба құбырларының бұруын салу есебінен көзделеді. 
ҚЖЭО транзиттік желісінде сорғы станциясын қаланың сол жағалауы үшін желіні бұру үшін салу керек, ТК-2Н-де Сол жағалаудың соңғы тұтынушылары мен «Астана» ауданының тұтынушылары үшін қажетті қысым қамтамасыз етіледі. 
Берер желіде қысымы 70 м, әрқайсысы 2500 м3 үш сорғы және кері желіде қысымы 60 м, әрқайсысы 2500 м3 үш сорғы орнату көзделеді. 
Жылу желісін және ҚЖЭО-ын  № 2 нұсқа бойынша дамытуды бекіту ұсынылды.
 
Жұртшылықтың  өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері:
1. Бектұрғанова А.А. – ҚОӘБ жобасын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жобаны әзірлеу кезінде алдын-ала инженерлік-геологиялық іздеулер жүргізілді ме?
Хаматова А.Ф. – ҚЖЭО қайта құру және кеңейту жұмыс істеп тұрған кәсіпорында жүргізілуіне байланысты, инженерлік-геологиялық іздеулер ҚЖЭО жобасын бастапқы әзірлеу кезінде бұрын жүзеге асырылған. 
2. Бектұрғанова А.А. – ҚОӘаБ жобасы қандай жобаның негізінде әзірленген? Оған МЭС-ның оң қорытындысы алынды ма? 
Хаматова А.Ф. – ҚОӘаБ жобасы  МЭС оң қорытындысын алған «ҚЭЖО» ШЖҚ МКК ПДВ жобаларының негізінде әзірленген.  
3. Далабаев Г.Д. – Кәсіпорын аумағында Санитарлық-қорғаныс аймағы сақтала ма? 
Хаматова А.Ф. – Иә, сақталады. Ең жақын тұрғын үй құрылысы ҚЖЭО-нан 600 метр қашықтықта орналасқан, ал жұмыс істейтін жылу электр станцияларының қуаты 600 мВт-дан астам кәсіпорын 500 метрден кем емес қашықтықта орналасуға тиіс. 
4. Өтегенова Д.Т. – Жобаланатын нысанның аумағында қорғалатын аумақтар, тарихи-мәдени ескерткіштер, су қорғау аймақтары бар ма? Жүзеге асырылатын жұмыстар қайсы бір табиғи құндылықтарға жағымсыз әсер етпей ме? 
Хаматова А.Ф. – Кәсіпорын маңында ерекше қорғалатын аумақтар, тарихи ескерткіштер, су қорғау аймақтары жоқ. 
5. Бектұрғанова А.А. – Жоба іске асыру кезінде қоршаған ортаның ықтимал өзгерістері талданды ма? Қалыпты пайдалану жағдайында және авариялық жағдайларда халыққа оның салдары қандай болады?  
Хаматова А.Ф. – Қалыпты жағдайда авариялық оқиғалар, тиісінше жағымсыз әсер болмайды. Сөйте тұра, олардың туындауын жоққа шығаруға болмайды. Бақылауға болмайтын жағдайлар туындаған кезде кәсіпорын оны тез тоқтату және оның салдарын жою жөнінде барлық мүмкін шараларды қолданады. Бұл жағдайда «Авариялық ықтимал жағдайларды жою жоспары» көзделеді. Осы Жоспарда авариялық-қалыпқа келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және оны іске асыру, аварияларды жоюға қатысатын лауазымды тұлғалардың міндеттері белгіленген. 
 
Талқылау қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:
Бүгінгі қоғамдық тыңдауда «2015 жылы Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесінің инвестициялық негіздемесін әзірлеу» 027 республикалық бюджеттік бағдарлама ауқымындағы инвестициялық негіздеме үшін «Қоршаған ортаға әсерді алдын-ала бағалау» жобасы ұсынылды. 
 
Осы жобаның құрамы бойынша маңызды мәселелер талқыланды. 
Қоғамдық тыңдау өтті деп танылды. 
 
Қоғамдық тыңдаудың осы Хаттамасы 2 (екі) данада жасалды. 
 
Қосымша: қатысушылардың тізімі–1 бетте. 
 
Қоғамдық тыңдаудың төрағасы: _________________   Сексенбаев И.Р.
 
Қоғамдық тыңдаудың хатшысы: _________________   Хаматова А.Ф.
 

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы жобасы жөнінде қоғамдық тыңдау

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Қызылорда қаласы, Облыстық мекемелер үйінде Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жобасын талқылау мақсатында «Қазақсатанның өңірлік дамуы» аясында Еуропалық Одақтың сарапшылырымен бірлескен қоғамдық тыңдау өткізілді.
Талқылауға бағдарламаның әзірленуіне қатыстырылған бірқатар облыстық басқармалардың басшылары мен мамандары, Еуропалық Одақ жобасының сарапшылары, «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК АҚ-ның өкілдері, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен, үкіметтік емес ұйымдарынан және т.б өкілдері қатысты.
Шара барысында бағдарламада жетекшілік ететін саласы мен мақсатты индикаторлар бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшылары өз баяндамаларын оқып, облыс АДБ жобасына презентация жасалды.
Қатысушылар талқылау барысында аймақ дамуының кейбір бағыттарын іске асыру шараларында өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіре келе, АДБ-ны пысықтау барысында ескеру қажеттігіне тоқталды.

«Кристалл Менеджмент» ЖШС учаскесі аумағындағы (А блогы) зерттеу жұмыстары жобасының №2 – толықтыруына арналған Қоршаған ортаға тигізетін әсерін алдын ала бағалау бойынша қоғамдық тыңдау ХАТТАМАСЫ  Жүктеу. 68,5 кб


Қоғамдық тыңдау
 
ҚР Экологиялық кодексінің 57 бабы, 3 тармағына сәйкес «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін Қоршаған ортаны қорғаудың  2015-2019 жж. арналған іс-шаралар Жоспарын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізуге ниетті.
Қоғамдық тыңдау 2015 жылғы 14 қыркүйек сағ.10.00-де, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан,1 мекен-жайында, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының мәжіліс залында өтеді. тел.8 707 388 86 86, e-mail: t.sapayev@mail.ru.
Осыған орай, Сізден Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті өкілінің қоғамдық тыңдауға қатысуын қамтамасыз етуді және қатысушының аты-жөні мен қызметі туралы ақпарат ұсынуды сұраймын. 
Қоғамдық тыңдау өткізу Ережелерінің 8-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдаудың өткізілу туралы хабарландыру екі тілде «Кызылординские вести» газетінің 2015 жылғы 22 тамыздағы №124-125 санында және «Сыр бойы» газетінің 2015 жылғы  22 тамыздағы №124-125 санында жарияланды.
Сондай-ақ жоғарыда ұсынылған Қоғамдық тыңдау өткізу Ережелерінің 8-тармағына сәйкес жергілікті атқару органының интернет-ресурсында төмендегі хабарландыру мәтінін орналастыруды сұраймыз:
ҚР Экологиялық кодексінің 57 бабы, 3 тармағына сәйкес «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін Қоршаған ортаны қорғаудың 2015-2019 жж. арналған іс-шаралар Жоспарын талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізуге ниетті. Барлық мүдделі тұлғаларға осы нысан (мәселе) бойынша ақпарат алуға және өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріледі.
Қоғамдық тыңдау 2015 жылғы 14 қыркүйекте сағ.10.00-де, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан,1 мекен-жайында, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының мәжіліс залында өтеді, тел.8 707 388 86 86, e-mail: t.sapayev@mail.ru.

«Кристалл Менеджмент» ЖШС аумағында (А блогы) іздеу жұмыстары жобасына №2 Қосымша»

қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау бойынша қоғамның пікірін тіркеу.

«Кристалл Менеджмент» ЖШС  «Кристалл Менеджмент» ЖШС аумағында (А блогы) іздеу жұмыстары жобасына №2 Қосымша» қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарлайды.

Осы рәсім, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-ө бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу Ережелеріне сәйкес өткізіледі.

«Кристалл Менеджмент» ЖШС қалағандардың барлығы 2015 жылдың «02» қыркүйегінде өтетін қоғамдық тыңдауларға шақырады. Қоғамдық тыңдаулардың өткізу орны: Қызылорда қ., Жеңіс к-сі, 115, «Сырдария Авто» ЖШС акт залы, сағат 10-00 -де.

«Кристалл Менеджмент» ЖШС аумағында (А блогы) іздеу жұмыстары жобасына №2 Қосымша» қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау бөлімімен жобаны әзірлеушінің www.sed.kz сайтында және Қызылорда қ. Жалаңтөс Бахадүр, 1, 4 каб. мекен-жайы бойынша «Тапсырыс берушінің» кеңсесінде танысуға болады.

Ескертулер мен ұсыныстарды мына электрондық поштаға жіберіңіз: sed@sed.kz немесе +7(727)2472323 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.


«ҚОР» МК АҚ  2015 жылға  қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы

 

Өту мерзімі: 20.05.2015 жыл, сағат 16-00.

Өту орны: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 58

Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушысы: «ҚОР» МК АҚ (конференц-зал)

Қоғамдық тыңдауды өткізу жайлы ақпарат жұртшылық назарына 2015 жылдың

25 сәуірде «Сыр табиғаты» газетінің 8(55) нөмірінде хабарландыру жариялау арқылы жеткізілді.

 

Қатысқандар:

1.

Сагындыков Ахметжан

Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті инспекция бөлімінің бас маманы

2

Досмаилов Талғат Дүйсенәліұлы

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныңмемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы.

3

Улугбаев Хусен

«ҚОР» МК АҚ  бас инженері

4

Ахметжанов Азамат

«ҚОР» МК АҚ  ӨҚЕҚ,ҚОҚ бөлімінің бастығы

5

Ербулатова Айгуль

«ҚОР» МК АҚ  жоба ұйымдастырушысы

6

Пак Ольга

«КазЭкосистемс» ЖШС бас маманы

7

Пазылова Сандугаш

«Астана Логистикс» ЖШС экологы

8

Ибрашева Айгуль

«Цитрин» ЖШС жетекші инженер-экологы

9

Ситникова Нина

«АртНефтьСтройПроект» ЖШС директор орынбасары

10

Ким Антон

АртНефтьСтройПроект» ЖШС инженер-жобалаушы

 

Игай Юрий

«Тимур Company»ЖШС экологы

12

Альжанова Айнур

«Хайлон» ЖШС экологы

13

Тумашинов Султан

«ҚОР» МК АҚ  жобалаушы-құрылысшы

14

Оразалиева Гулзина

«ҚОР» МК АҚ  Инженер-экологы

 
Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі: қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсатты алу үшін дайындалған «ҚОР» МК АҚ «Сырдария ауданы, Ащысай кенішіндегі бүлінген жерлерді қалпына келтіру (ұңғыма 271, 273), 340 ұңғыма салуға арналған  № 6 алаңқай» жобасы бойынша  2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау мен шешім қабылдау

 

Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушыларының кіріспе сөзі;

«ҚОР» МК АҚ  өкілдерінің сөз сөйлеулері;

Жарыссөз, сұрақтарға жауап;

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысын жасау 

Сөз сөйлегендер:

1. Сагындыков Ахметжан – Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті инспекция бөлімінің бас маманы Кіріспе сөзінде А. Сағындықов мырза қоғамдық тыңдауларға қатысушыларға ықыласын білдіріп, жиынға қатысушыларды таныстырып өтті.

Сонымен қатар, А. Сағындықов  мырза «ҚОР» МК АҚ-ның 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар  жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы ақпарат жұртшылыққа (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жергілікті бұхаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялау арқылы және Қызылорда облысының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы арқылы жеткізілгендігін хабарлады.

Одан әрі А. Сағындықов мырза қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау туралы ұсыныс енгізді.

Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларының бірауыздан қабылданған шешімімен сайланды:

- тыңдаулардың төрағасы- «ҚОР» МК АҚ бас инженері Ұлықбаев Х;

- тыңдаулардың хатшысы- «ҚОР» МК АҚ  жобалар ұйымдастырушысы – Ербулатова А.

 

2. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы Ұлықбаев Х тыңдауға қатысушылардың барлығына өз ризашылығын білдіріп, оның жұмысына белсенді араласуға шақырды. 

3. Ахметжанов Азамат – «ҚОР» МК АҚ  ӨҚЕҚ,ҚОҚ бөлімінің бастығы Компания туралы негізгі мәліметтерді баяндап, қолданыстағы негізгі өндірістік нысандар мен Компанияның 2015 жылға көрсеткіштерімен таныстырды.

Оның ішінде келесі мәліметтер көрсетілді:

«ҚОР» МК АҚ  белгіленген аумағының бір бөлігі Қарағанды облысы Ұлытау ауданының жерінде, негізгі бөлігі Қызылорда облысы Сырдария ауднында орналасқандығын түсіндірді Жоба бойынша Сырдария ауданы Ащысай кен орнында бүлінген жерлерді қалпына келтіру № 271, 273 ұңғымалар, № 340 ұңғыма салуға арналған № 6 алаңқай, жалпы көлемі 72,12 га. Жұмыс жасауға 45-60 күн кететіндігін, бүлінген жердерді қалпына келтіружұмыстарына  экскаватор, грейдер, булдозер, қажет жағдайда су шашқыш машинасы сияқты техникалар қатысатындығын жеткізді. 

4. Оразалиева Г.И. – «ҚОР» МК АҚ  инженер-экологы баяндамасында қоғамдық тыңдау қатысушыларына қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын жасаудағы экологиялық зағңнама талаптырының сақталғандығын, оның 11 бөлімнен тұратындығын айтып өтті. Жобаның ӘҚоршаған ортаны қорғау бөліміның жобалаушы мекеме «Eco Engineering» ЖШС, Мемлекеттік лицензия  №01118Р, ҚОҚМ берген.

Жұртшылықтың өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

  1. Ибрашева А. – Осы іс-шараның орындалуымен қандай экономикалық және экологиялық нәтижеге қол жеткізуге болады? -       Бұл іс-шараның орындалуымен? Су себумен ауаға ұшатын шаңды азайтуға болады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнама талаптары орындалады.
  2. Ибрашева А. – Су шығыны көрсеткіші есептеле ме? – Ия, техникалық сумен қамтамасыз ету есептегіш арқылы жазылып отырады
  3. Ситникова Н.В. – Сіздерде ұңғымалар амбарлы әдіспен салынған ба? – Ұңғымалар амбарсыз әдіспен салынған..
  4. Ситникова Н.В. – бұрғылау шламын кім қадағалайды? – Келісім-шарт бойынша бұрғылау шламдары бұрғылау барысында меншік иесі ретінде мердігер мекемеге беріледі. Бұл кезде бұрғылаумен «Хайлон» ЖШС айналысады. «Хайлон» ЖШС арнайы мекемемен келісім шартқа отырған. Кеніш аумағында экологиялық заңдылық талаптары «ҚОР» МК АҚ  қызметкерлерімен бақыланады.
  5. Досмаилов Т. – Іс-шара бойынша 4 бөлімде Жер ресурстарын қорғау бөлігінде бүлінген және ластанған жердерді қалпына келтіру деп көрсетілген. Мүмкіндігінше нақты қандай жұмыстар жүргізілетінін көрсету керек. Және этаптарын көрсету қажет.

-        Ұсыныстар мен ескертулер қабылданды.

  1. Альжанова А. – Сіздердің шаң басу үшін жасап отырған іс-шараларыңыз экологтар мен табиғат қорғаушылар үшін құптарлық жағдай.

-        Алжанова Айнұрдың ойымен қоғамдық тыңдауға қатысушылардың бардығы толықтай келісті.

 

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі қорытындылар:

Бүгінгі қоғамдық тыңдауларда «ҚОР» МК АҚ-ның 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы ұсынылды. Қоғамдық тыңдаулар мүдделі жұртшылықтың қатысуының есебімен өткізілді деп танылды. Жалпы алғанда, қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың «ҚОР» МК АҚ-мен 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасында ұсынылған шараларына талап-арыздары жоқ. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларының жоспардың жобасына қатысты ұсыныстары, ескертулері мен пікір бөлінушілігі жоқ

«ҚОР» МК АҚ-ның 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың осы Хаттамасы 2 данада жасалды.

Хаттаманың бір данасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау жәнемұнайгаз кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне табысталады, екінші данасы «ҚОР» МК АҚ АҚ үшін.

 

 

Қоғамдық тыңдау төрағасы                                                          Ұлықбаев Х.

 

Хатшы                                                         Ербулатова А.


«Кристалл Менеджмент» ЖШС-ның 2015 жылға арналған Қоршаған ортаны қорғау 
іс-шаралары жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар 
ХАТТАМАСЫ
 
Өткізу күні: 04 наурыз 2015 жыл
Өткізу орны: Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі, 115, «Сырдария-авто» ЖШС-ның мәжіліс залы
 
Қоғамдық тыңдауларды «Кристалл менеджмент» ЖШСжәне «SED» ЖШС ұйымдастырды. 
 
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа мыналар арқылы мәлімденді:
1. Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарының жобасын«SED» ЖШС компаниясының www.sed.kzсайтында орналастыру.
2. «Сыр бойы» газетінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 21 санында және «Кызылординский вестник» газетінің 2015 жылғы 12 ақпандағы №20 санында хабарландыру беру.
 
Қатысқандар:
1. М. Қошқаров – Қазақстан Республикасындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;
2. Е. Манақбаев – Қызылорда облысы бойынша Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің сарапшысы;
3. «Сырдария-авто» ЖШС Директоры – Ы.Ұ. Қадыров
4. «SED» ЖШС Директорының орынбасары – А. Абатов;
5. «SED» ЖШС-ның Қарағанды қаласындағы өкілі – Б.Т. Төлепов;
6. «Кристалл Менеджмент» ЖШС-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері – Т. Айтшеков
 
Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:
1. Қоғамдық тыңдаулардың ашылуы (5 мин.).
2. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасын және хатшысын сайлау (5-10 мин.).
3. Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібін және регламентін бекіту (5 мин).
4. Баяндама: «Кристалл менеджмент» ЖШС-ның 2015 жылға арналған даму мақсаттары, міндеттері және жоспарлары туралы" (баяндамашы АйтшековТ. – «Кристалл менеджмент» ЖШС-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері) (10 мин.).
5. Баяндама: «2Д,3Д сейсмобарлау жұмыстарын және МТЗ электрбарлау жұмыстарын жүргізу кезінде «Кристалл менеджмент»» ЖШС-ның 2015 жылға арналған Табиғат қорғау іс-шараларының жоспары» (баяндамашы Абатов А. - «SED» ЖШС директорының орынбасары) (15 мин.).
6. Баяндамашылардың сұрақтарға жауап беруі (5-10 мин.).
7. Тыңдау қатысушыларының сөз сөйлеулері, талқылау (5 минуттан).
8. Шешім қабылдау және Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қою (5-10 мин.).
9. Қоғамдық тыңдаулардың жабылуы.
 
Сөз сөйлегендер:
Нұрлыбек Ұзақбайұлы Қадыров(«Сырдария Авто» ЖШС Директоры)қоғамдық тыңдауларды  ашты. Кіріспе сөзінде қоғамдық тыңдаулардың барлық қатысушыларымен амандасты. Қоршағанортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту облысындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының барлық талаптарын сақтай отырып, облыстың мұнай кен орындарын игерудің жоғары маңыздылығын атап өтті.
Бөлебай Тәнкібайұлы Төлепов - «SED» ЖШС-ның Қарағанды қаласындағы өкілі – қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларын таныстырды.
Т. Айтшеков - «Кристалл Менеджмент» ЖШС-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері – қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау туралы ұсыныс енгізді. 
Қатысушылардың бірауыздан шешім қабылдауы арқылы күн тәртібі мен регламент бекітілді, төмендегілер сайланды:
- Төраға болып - Нұрлыбек Ұзақбайұлы Қадыров - «Сырдария Авто» ЖШС директоры
- қоғамдық тыңдаулар хатшысы болып - Бөлебай Тәнкібайұлы Төлепов - «SED» ЖШС-ның Қызылорда қаласындағы өкілі
 
Хатшы қатысып отырғандарға қоғамдық тыңдауларды өткізу мақсатын түсіндірді. 
Күн тәртібіне сәйкес мынадай баяндамалар тыңдалды:
1. АйтшековТ. – «Кристалл менеджмент» ЖШС-ның 2015 жылға арналған даму мақсаттары, міндеттері және жоспарлары туралы".
2. «SED» ЖШС директорының орынбасарыА.Абатов«2Д,3Д сейсмобарлау жұмыстарын және МТЗ электрбарлау жұмыстарын жүргізу кезінде «Кристалл менеджмент»» ЖШС-ның 2015 жылға арналған Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жоспарының» жобасы бойынша.
 
Бірінші баяндама бойынша келісімшарттық аумақ шегінде геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу жөніндегі «Кристалл Менеджмент» ЖШС-ның 2015 жылға жоспарланған қызметі туралы хабарланды. Жоспарланатын қызмет құрамына мынадай жұмыс түрлері кіреді:
• 748 т.км көлеміндегі 2Д сейсмобарлау жұмыстары
• 400 км2көлеміндегі 3Д сейсмобарлау жұмыстары
• 318т.км көлеміндегі МТЗ электрбарлау жұмыстары.
Екінші баяндама бойынша«2Д,3Д сейсмобарлау жұмыстарын және МТЗ электрбарлау жұмыстарын жүргізу кезінде «Кристалл менеджмент»» ЖШС-ның 2015 жылға арналған Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары» жобасының тұсаукесері болды.Баяндамада «Кристалл менеджмент»» ЖШС-ның 2015 жылға жоспарлаған барлық табиғат қорғау іс-шаралары түсіндірілген. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені көрсетілген.
 
Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері
1. Марат Қошқаров - Қазақстан Республикасындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманының сұрағы: «2Д,3Д сейсмобарлау жұмыстарын және МТЗ электрбарлау жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаның жай-күйін бақылау қалай жүргізілетін болады?»
А. Абатов  - «SED» ЖШС директоры орынбасарының жауабы:
«2Д,3Д сейсмобарлау жұмыстарын және МТЗ электрбарлау жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтік зерттеулер үш сатыда жүргізілетін болады:
• 1-саты – жұмыстарды жүргізгенге дейінгі мониторингтік зерттеулер;
• 2-саты - жұмыстарды жүргізу кезіндегі мониторингтік зерттеулер;
• 3-саты – жұмыстар аяқталғаннан кейінгі мониторингтік зерттеулер.
Сондай-ақ, технологиялық регламент пен экологиялық талаптарды ішкі тексерудің график-жоспары әзірленеді. Онда өндірістік экологиялық бақылау шеңберінде барлық тексерулер мен рейдтер көрсетіледі, сондай-ақ орындары, мерзімдері, мақсатты көрсеткіштері және оларды өткізу үшін жауапты тұлғалар регламенттеледі». 
2. Ербол Манақбаев - Қызылорда облысы бойынша Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті сарапшысының сұрағы: «2Д,3Д сейсмобарлау жұмыстарын және МТЗ электрбарлау жұмыстарын орындау үшін жергілікті кадрларды тарту жоспарланып отыр ма?»
А. Абатов - «SED» ЖШС директоры орынбасарының жауабы: «2Д,3Д сейсмобарлау жұмыстарын және МТЗ электрбарлау жұмыстарын жүргізуді мамандандырылған сервис компаниялары жүзеге асыратын болады, олар тендер нәтижелері бойынша анықталады. Жергілікті кадрларды тарту туралы мәселені қарау коммерциялық қорларды ашу және бұл үшін қажетті инфрақұрылымның құрылысын салу шартымен ғана мүмкін болады».
 
Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытынды:
Қадыров НұрлыбекҰзақбайұлы «Кристалл менеджмент» ЖШС-ның жұмыс учаскесінің елді мекендерден алыс болғанына қарамастан, ҚР заңнамасына сәйкес, қоғамдық тыңдаулар өткізіліп жатқанын және тұрғындарды өз қызметінің нәтижелері және болашаққа жасалған жоспарлары туралы хабардар етіп отыратынын атап өтті. Барлау жұмыстарын жүргізу – бұл мұнай немесе газ кен орнын анықтауға жасалған қадам, оның әзірлеу Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Қызылорда облысының бүкіл тұрғындарының да экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. «Кристалл менеджмент» ЖШС-ға мұнай-газ іздестіруінде табыс тілейміз.
«Кристалл менеджмент» ЖШС-ның 2015 жылға арналған Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жоспарының» жобасын тыңғылықтау қажеттілігі болатын ескертулер мен ұсыныстар жоқ. 
Қоғамдық пікірді есепке алу бойынша бұдан кейінгі жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қоғамдық тыңдау ұйымдастырушыларының түбегейлі келіспеушіліктері жоқ. 
 
Қоғамдық тыңдаулар қорытындысы бойынша бірауыздан мынадай ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1) Мүдделі жұртшылықтың қатысуын ескере отырып, қоғамдық тыңдаулар өткізілді деп танылсын.
2) Қызылорда облысы бойынша Экология департаментінде өтінім құжаттамасының құрамында кейіннен тапсыру үшін, 2Д,3Д сейсмобарлау жұмыстарын және МТЗ электрбарлау жұмыстарын жүргізу кезінде «Кристалл менеджмент»» ЖШС-ның 2015 жылға арналған Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары» мақұлдансын.
 
«Кристалл Менеджмент»» ЖШС-ның 2015 жылға арналған Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың осы Хаттамасы 3 (үш) данада жасалды.
Бір данасы Қызылорда облысы бойынша Экология департаментіне, екінші данасы – Қызылорда облысының Табиғат ресурстары және табиғат қорғауды реттеу Басқармасына беріледі, үшінші данасы - «Кристалл Менеджмент»» ЖШС үшін.  
 
 
Қоғамдық тыңдаулар Төрағасы:                      Н.Ұ. Қадыров
 
Қоғамдық тыңдаулар Хатшысы:                     Б.Т. Төлепов

 

 

АҚ  «Оңтүстік Мұнайгаз» 2015-2018 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы.

Өту мерзімі: 05.02.2015 жыл, сағат 16-00.

Өту орны: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 28/2.

Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушысы: АҚ «Оңтүстік Мұнайгаз».

Қоғамдық тыңдауды өткізу жайлы ақпарат жұртшылық назарына 2015 жылдың

15 қаңтарда «Сыр табиғаты» газетінің 7 нөмірінде хабарландыру жариялау арқылы жеткізілді.

Қатысқандар:

  1. «Сыр табиғаты» заңды тұлғалар ассоциациясының өкілі  – Бектурганова А.А.
  2. АҚ «Онтустик Мунайгаз» эколог маманы - Алдабергенов Н.Т.
  3. «Ак-жол» ЖШС директоры – Хегай З.З.
  4. «Ак-жол» ЖШС эколог маманы - Хаматова А.Ф.
  5. «Эко Центр Кызылорда» ЖШС эколог маманы - Ким К.В.

Күн тәртібінде:

АҚ «Оңтүстік Мұнайгаз» мекемесінің 2014-2018 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша материалдарды талқылау, ұсыныс енгізу. Барлық қатысушылардың шешімімен:

Қоғамдық тыңдау төреағасы – Алдарбергенов Н.Т.

Хатшы- Хаматова А.Ф.

Қатысушалар алдында сөйледі:

Қоғамдық тыңдалымды «Ак-жол» ЖШС өкілі Хаматова А.Ф. ашты. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарымен қоғамдық тыңдаудың төреғасы Алдабергенов Н.Т. таныстырып, мекеменің жұмыс барысын атап өтті.

2004 жылы Оңтүстік Қазақстандық мұнай барлау экспедициясының (ОКМБЭ) қайта құру нәтижесі арқылы АҚ «Оңтүстік Мұнайгаз» мекемесі құрылды.

АҚ «Оңтүстік Мұнайгаз» мекемесі мұнай бұрғылау мердігер жұмысын Қазақстан облыстары бойынша және Қызылорда облысына қызметтерін ұсынады.

АҚ «Торғай Петролеум» мекемесімен жалға алу келісім шарт арқылы Вахталық кент Құмкөл бекетінде орналасқан.

Ұңғыманың бұрғылау мақсаты - бордың қордаларында мұнайдың және газдың тыңайған жерінің ізденісі.

Қызылорда облысына АҚ «Оңтүстік Мұнайгаз» мекемесінің екі алаңы вахталық кенті бойынша Құмкөл бекеті және  бұрғылау алаңы ZJ -30 ұсынылған.

Бұрғылаудың жоспарлы көлемі 2015-2018 жылдарға Қызылорда облысы бойынша жылына 15 ұңғымадан келеді. 

 

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері:

  1. Бектұрғанова А.А.: - Не себепти?,  экологиялық жобаның «Атмосфералық ауаны қорғау» тарауының  1.3 тармағында аспапты өлшеу әдісі  іс шара ретінде  енгізілген? Айтылмыш  іс шараны бұл тараудан міндетті түрде алып тастау қажет, себебі бұл іс шараны енгізу әдісі ҚР экологиялық кодексінің  арнайы бабында қарастырған. 
  2. Бектұрғанова А.А.: -Экологиялық жобаның «Атмосфералық ауаны қорғау» тарауына автокөліктің катализаторды айырбастап шыгаратын газдың іс шарасын енгізуді қарастыру қажет.
  3. Алдабергенов Н.Т.: - Тағайындалды.
  4. Ким К.В. –Не себепти?,  экологиялык жобаның  1.2 тармағының «Атмосфералық ауаны қорғау» тарауында , экологиялық және экономикалық нәтижесіне шаңды басу  әдісі енгізілмеген? Осы іс шараға экологиялық және экономикалық нәтижені енгізу қажет.

Ұсыныстар мен ескертпелер қабылданды.

 

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі тұжырымдамалар:

Қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы бойынша жасалынған жоспар Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қанағаттанарлық деп есептелсін.

АҚ «Оңтүстік Мұнайгаз»  2015-2018 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарын құзіретті органдарға тапсыруға қоғамдық тыңдалым қатысушылары бірдауысты шешім білдірді.

Хаттама екі дана жасалынды.

 

Хатшы: _____________________________Хаматова А.Ф.

Қоғамдық тыңдау төрағасы:  ___________Алдабергенов Н.Т.

 

 


Қоғамдық тыңдау

2014 жылғы 14 қазанда Қызылорда қаласында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және  Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының    II-кезеңінің (САРАТС-2) қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау бойынша  Дүниежүзілік Банк өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті.

Жиналысты облыс әкімдігі атынан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов ашып, жүргізді.

Аталған тыңдауға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-нің жоба жетекшісі С.Смаилов, «Казгипроводхоз институты» ӨК-нің бас маманы К.Әлібаев, Дүниежүзілік Банктің эксперттері Р. Арстанов,  С.Шарипова және аудандардың өкілдері, қоршаған ортаны қорғау, су шаруашылығы мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.


Жоғарытехнологиялық болат өндірісінде қолданылатын ферроқорытпалардын әлемдік нарықтағы келешегін бағалай отырып, «Байқоңыр (Байконур)» Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы өзінің басым бағыттарының бірі ретінде - Қызылорда облысында тау кен-металлургия кешенінің жобаларын іске асыруға қатысуы болып айқындалды.

Осыған орай, «Байқоңыр» ӘКК төменаллюминийлі ферросилиций өндіретін ферроқорытпа зауытының құрылысы жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Ферросилиций негізінен болаттың барлық қолайлы сорттарын байыту үшін, сонымен бірге трансформаторлық және конструкциондық болаттардың бір-қатар белгілерін күшейту үшін қолданылады.

Бүгінгі күні «Қызылорда қаласындағы арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасына техникалық экономикалық негіздемесі дайындалды.

2014 жылдың 1 қазан күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Ғ.М. Әміреевтің төрағалығымен «Байқоңыр (Байконур)» Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Қызылорда қаласындағы арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуінің алдын-ала бағалауының қоғамдық тыңдауы өткен.

Қоғамдық тыңдауының өткізілуі туралы мәлімет қоғамның назарына газеттеріне тиісті хабарлама беру жолымен жеткізілді: «Сыр бойы» 2014 жылдың 11 қыркүйектегі №133, «Кызылординские Вести» 2014 жылдың 11 қыркүйектегі №133.

Қоғамдық тыңдауында мемлекеттік атқару органдардың, облыстық қоғамдығы, БАҚ-тың өкілдері, жобаның әзірлеуші «Казахстанско-Китайский НефтеГазЭнергоПроект» ЖШС-і мен «Ningxia Baota Petrochemical  Technology Industrial development Co., Ltd» әріптес компаниясы қатысқан.

«Қызылорда қаласындағы арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуінің алдын-ала бағалауының қоғамдық тыңдауының нәтижесі бойынша хаттамаға қол қойған.


 «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ-ның «Қызылорда қаласындағы арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуінің алдын-ала бағалауының қоғамдық тыңдаудың

Хаттамасы

 

Қызылорда қаласы   1 қазан 2014 жыл

 

Қоғамдық тыңдаудың өткізу орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, номерсіз, (облыс әкімдігінің ғимараты) 5 қабат, 522 кабинет.

Қоғамдық тыңдау Қызылорда облысының әкімдігімен ұйымдастырылды, қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпарат қоғамның назарына  2014 жылдың 11 қыркүйектегі №133 «Сыр бойы», 2014 жылдың 11 қыркүйектегі №133 «Кызылординские Вести» газеттерінде тиісті хабарлама беру жолымен жеткізілді.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы: Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Әміреев.

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы: «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы Е. Ердигаликов.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар: мемлекеттік атқару органдардың, облыс қоғамының, БАҚ-тың, жоба әзірлеуші «Казахстанско-Китайский НефтеГазЭнергоПроект» ЖШС-нің мен «Ningxia Baota Petrochemical  Technology Industrial development Co., Ltd» әріптес компаниясының өкілдері.

Қоғамдық тыңдау мақсаты: Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытын пайдалану кезінде қоршаған ортаға тигізетін ахуалы туралы жеткілікті әрі толық ақпаратты уақытылы алуға және жұртшылықтың экологиялық маңызды шешімдер қабылдау процесіне қатысуына қатысты азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

1.                «Қызылорда қаласындағы арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасының қоршаған ортаға әсер етуінің алдын-ала бағалауының материалдарын талқылау.

 

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Әміреев қоғамдық тыңдауды қатысушыларға кіріспе сөзімен бастады.

         Ол өз сөзінде Қызылорда облысында тау кен-металлургия кешенін дамыту бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде, жобаның аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды екені туралы қысқаша атап өтті. Сонымен қатар, индустриалдық объектілерді салу барысында экологиялық заңдылықтарды қатаң сақтауды және қоғамдық тыңдаудың мақсаттарын белгіледі.

Күн тәртібі бойынша «Ningxia Baota Petrochemical Technology Industrial development Co., Ltd» компаниясының жобалар бойынша менеджері Махметов Ален мырза және «Казахстанско-Китайский НефтеГазЭнергоПроект» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау секторының топ жетекшісі Большакова Светлана Александровна ханым өз баяндамаларын жасады.

А. Махметов мырзаның және С. Большакова ханымның баяндамалары аяқталғаннан кейін сұрақтар қойылды:

1. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Әміреев:

- Шикізат жеткізу жолдары, зауытты электроэнергиясымен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, жалпы логистика сұрақтары пысықталдыма?

- Ферросилиций жасау үшін зауытта басты шикізат ретінде кварциттер, сонымен қатар кокс және метал жоңқалары пайдаланатын болады.

Қазіргі таңда, Қарағанды облысынан кокс жеткізу мәселесі шешілген және «Сары-Арка Спец Кокс» ЖШС-мен жартылайкокс жеткізу және «Крамдс-Кварцит» ЖШС-мен кварцитпен қамтамасыз ету келісімдері бар.

Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы қоры бекітілген кварцит кен орнына жер қойнауын пайдалану құқығын алу жумыстары жүріп жатыр.

Зауытты электрэнергиямен қамтамасыз ету жағына келетін болсақ, «Ningxia Baota Petrochemical  Technology Industrial development Co., Ltd» және МКК «Кызылордатеплоэлектроцентр» араларында және Қызылорда облысы әкімінің электроэнергиянын 1 кВт/сағатын 6 теңгеден бекітілген мөлшермен жеткізу туралы хаттамаларына қол қойылды. Сонымен қатар, «КЕГОК» АҚ-нан зауытты тікелей электрэнергиямен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Зауытты сумен қамтамасыз ету, жер асты суларын және Қызылорда қаласының су жабдықтау жүйелерін пайдалану арқылы жоспарлануда. Технологиялық процесс барысында айналымды сумен қамтамасыз етуды пайдалану қарастырылған.

2. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы Т. Досмаилов.

- Неліктен зауытта қытай технологиясын пайдалану жоспарлануда?

- Жобаны «Ningxia Baota Petrochemical  Technology Industrial development Co., Ltd» қытай компанисымен бірігіп жүзеге асыру жоспарлануда. Baota компаниясының осындай жобаларды жүзеге асыруға тәжірибесі бар, компанияның серіктесімен бірге Қытайда осындай жұмыс істеп тұрған ферроқорытпа зауытты бар. Сондай-ақ әлемдік ферросилиций өндірісінің 60 пайыздан жоғарысы ҚХР өндірушілеріне тиесілі екенін және олардың технологиялары жақсы дамығандығы, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілгендігі назарға алынып отыр.

- Жобамен зауыт аумағын көркейту мен көгалдандыру жоспарланған ба?

- Экологиялық және эстетикалық көріністі жақсарту мақсатында зауыт аумағына Қызылорда облысының климатына төзімді ағаштар отырғызылады. Одан басқа аумақтың өндірістен бос жерлерін толықтай көгалдандыру жоспарланған.

3. Қызылорда облысының тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің өндірістік нысандарды бақылау бөлімінің жетекшісі

Р. Ерманова:

- Қоршаған ортаға пештен залалды заттардың шығуы қандай?

- Алдын ала қоршаған ортаға әсер етуді бағалауда мүмкін болатын түтін мен шаңның элементері келтірілген.

Ферросилиций өндірісі кезінде пештерден шығатын негізгі SiO2 20-70% құрамды органикалық емес шаңдар.

Жобаға сәйкес зауытта заманауи шаңжинағыштар орнатылады, олар шаңның 99 пайызын жинайды. Жиналған кварцты шаңдар тығыздығына қарай құрылыс материалдарына және жоғарыберікті цемент өндірісіне пайдаланылады.

4. Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Ш. Калбергенов:

- Қала аумағында ферроқорытпа зауытын орналастыру барысында экологиялық нормалары қандай?

- Ферроқорытпа зауыты қауіптілігінен бірінші класс объектілеріне жатады. 17.01.2012 ж. № 93 Санитарлық ережеге сәйкес бірінші кластағы қауіпті өндірісте кем дегенде 1000 метрлік санитарлық-қорғау аумағы құрылады.

Ферроқорытпа зауытының құрылысына арналған территория индустриалдық аймақта, елді мекеннен және су көздерінен 1000 метрден аса қашықтықта орналасқан.

- Электр, су және т.б. тұтыну есептері нақты қаншалықты?

- Жобаның ТЭН-де есептер шамамен келтірілген, нақты есептер жобаның ЖСҚ әзірлеу және ҚОӘБ жасау кезінде көрсетіледі.

 

Қоғамдық тыңдау төрағасы Ғ.М. Амреев қоғамдық тыңдауды қортындылай келе, ферроқорытпа зауытының құрылысы кезінде Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңдылықтарын қатаң сақтауды және топырақ, ауа қорғау, су және хайуанаттар дүниесі мен өсімдік әлемін сақтау шараларын қамтамасыз етуді ескертті.  

 

Талқылау барысындағы басты қортындылар:

 

1. «Қызылорда қаласындағы арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасы бойынша қоршаған ортаға әсер етуінің алдын-ала бағалау жобасын мақұлдау.

 

2. «Байқоңыр (Байконур)» ӘКК» ҰК» АҚ:

- өз қызметінде ҚР қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы заң талаптарына қатаң жетекшілік етуге;

- қолданыстағы нормалары мен ережелері негізінде әзірленген өндірістік стандарттарды, ережелерді, нұсқамаларды пайдалануға;

- өндірістік қызметтегі барлық қатысушыларымен қолданыстағы табиғатты қорғау заң нормаларын сақтауға шара қолдануға;

- мердіген ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздігін талаптарын сақталуына бақылау жасау;

- шынайы және ықтимал қауіптілігі туралы хабардар етіп, жұмысшыларды жұмысты қауіпсіз әдіспен жүргізуді үйрету;

- қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қауіпсіз жұмыс ортасын құру және қалыпты гигиеналық еңбек талаптарын қамтамасыз ету жолымен жұмысшылардың денсаулығын қорғау;

- жобаның барлық кезеңдерінде экологиялық мониторингті және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру.

3. Жобаны белгіленген мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолдау.

    

Қоғамдық тыңдаудың Төрағасы               Ғ. Әміреев

 

Қоғамдық тыңдаудың Хатшысы               Е. Ердигаликов

 


«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тыңдауларының хаттамасы



Өткізілу күні: «10» қазан 2014 жыл

Өткізілу орны: Қызылорда қаласы, Мичурин көшесі,нөмірсіз («Сырдария» резиденциясының конференц-залы).



Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды: Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.



Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы ақпарат жұртшылық назарына келесі жолдар мен жеткізілді: «Сыр бойы» Қызылорда облыстық газеті (№133 (18827), 11 қыркүйек 2014 жыл), «Кызылординские вести» Қызылорда облыстық газеті (№133 (17828), 11 қыркүйек 2014 жыл), Қызылорда облысының Әкімдігінің ресми интернет – ресурсы арқылы (http://e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/content/kogamdyk-tyndaularжәнеhttp://e-kyzylorda.gov.kz/ru/content/obshchestvennye-slushaniya).

Қатысқандар:

1

Досмаилов ТалғатДүйсенәліұлы

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы

2.

Шуриев Т.Х.

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің экологиялық инспекция бөлімінің басшысы

3.

Кожахметов А.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ ҚОҚ инженері

4.

Нурзадаева Д.

«KazPetrolGroup» ЖШС ҚОҚ инженері

5.

Балхожаева А.Б.

«KazPetrolGroup» ЖШС инженер-экологы

6.

Сыздыков Т.А.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, саяси кеңес мүшесі

7.

КарабалаевА.

«Сыр бойы» облыстық газетінің журналисті

 

 

 

 

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ

 

8.

Туманов Е.М.

Адам қорлары және әкімшілік мәселелер жөніндегі директор

9.

АрынғазиевҚ.Т.

Бас технолог

10.

Серікбаев Н.К.

Газды пайдаға жарату бөлімінің бастығы

11.

Елубаев Марат Исатайұлы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

12.

Әбдіқалықов Асқарбек Мейрамбекұлы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің инженері

 
Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі: қоршаған ортаны эмиссиялауға рұқсатты алу үшін дайындалған«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау мен шешім қабылдау.

1. Қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастырушыларының кіріспе сөзі – 5 мин.

2. «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының өкілдерінің сөз сөйлеулері – 20-30 мин.

3. Жарыссөз, сұрақтарға жауап – 20-30 мин.

4. Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысын жасау – 10-15 мин.



Сөз сөйлегендер:

1. Досмаилов Талғат Дүйсенәліұлы– Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныңмемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы.

Кіріспе сөзінде Т. Досмаиловмырза қоғамдық тыңдауларға қатысушыларға ықыласын білдіріп, жиынға қатысушыларды таныстырып өтті.

Сонымен қатар, Т. Досмаилов мырза«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларжоспары бойынша қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін орны, күні мен уақытыҚызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен алдын ала келісілгендігін айтты. Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы ақпарат жұртшылыққа (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жергілікті бұхаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялау арқылы және Қызылорда облысының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы арқылы жеткізілгендігін хабарлады.

Одан әрі Т. Досмаилов мырза қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау туралы ұсыныс енгізді.



Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларының бірауыздан қабылданған шешімімен сайланды:

- тыңдаулардың төрағасы- «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның  адам қорлары және әкімшілік мәселелер жөніндегі директоры–Туманов Ертуған Мұратұлы;

- тыңдаулардың хатшысы- «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның  өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің инженері – Әдіқалықов Асқарбек Мейрамбекұлы.



2. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы Туманов Ертуған Мұратұлы тыңдауға қатысушылардың барлығына өз ризашылығын білдіріп, оның жұмысына белсенді араласуға шақырды.



3. «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның бас технологы Арынғазиев Қайрат Төлегенұлы Компания туралы негізгі мәліметтерді баяндап, қолданыстағы негізгі өндірістік нысандар мен Компанияның 2015 жылға көрсеткіштерімен таныстырды. Оның ішінде келесі мәліметтер көрсетілді:

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ келісім-шарттық аумағы әкімшілік тұрғысында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының құрамына кіреді. Келісім-шарттық аумақтың жалпы көлемі 15 881 га құрайды.

Компанияның негізгі өндірістік нысандары болып табылатындар: өлшегіш қондырғылар, топтық қондырғылар, сығымдағыш сорап станциялары, блогтық-топтық сорап қондырғылары, суды алдын ала айыру учаскелері, мұнайды дайындау және қайта айдау учаскесі, газды кешенді дайындау қондырғысы.

2015 жылға 84,9 млн.м3 газды өндіру кезіндегі жоспарланған мұнайды өндіру көлемі 828,8 мың тоннаны құрайды.



4. Газды пайдаға жарату бөлімінің бастығы Серікбаев Нүркен Кәрібозұлы жоғарыдағы баяндалғанға келесі мәліметтерді қосты:

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ мемлекет алдында мұнайдың ілеспе газын пайдаға жарату бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз мойнына алған міндеттемелерін толық орындады:

2014 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Жұмыс тобымен «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ Келісім-шарттық аумағында 2014-2016 жылдарға ілеспе газды дамыту мен өңдеудің түзетілген бағдарламасы» бекітілді.

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2014-2016 жылдарға арналған ілеспе мұнай газын өңдеуді дамыту бағдарламасы тауарлық өнім – СКГ, конденсатты, құрғақ газды алу арқылыГКДҚ-да ілеспе мұнай газын максималды пайдалануды қарастырады.



5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Елубаев Марат Исатайұлы «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасымен таныстырды. Өз сөзінде М. Елубаев мырза келесі мәселелерге тоқталды:

- «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 12.06.2013 жылғы №162-П бұйрығымен бекітілген қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың типтік тізілімі бойынша жасалған.

- 2015 жылға арналған Компанияның табиғатты қорғау қызметі келесі табиғи орталарды сақтауға бағытталған:

- ауа бассейнін қорғау;

- су қорларын қорғау мен тиімді пайдалану;

- жер қорларын қорғау;

- жер қойнауын қорғау мен тиімді пайдалану;

- өсімдіктер мен хайуанаттар әлемін қорғау;

- өндіріс және тұтыну қалдықтарының айналымы;

- радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік;

- ғылыми-зерттеушілік, ізденістік және басқа да зерттемелер;

- экологиялық ағартушылық мен насихаттау.

- 2015 жылы Компания қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларына өз қаражаты есебінен 510,874 млн.теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

- ол жағдайда жоспарланған шаралардан төмендегідей экологиялық және экономикалық нәтиже күтіледі:

өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемі жылына 2262 тоннаға кемиді, онымен қоса жоспарланған шаралардан ақшалай жалпы үнемдеу 31,811 млн.теңгені құрайды.



Жұртшылықтың өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

1.Нурзадаева Д. - «KazPetrol Group» ЖШС ҚОҚ инженері:

Сұрақ: Бүгінгі таңда газды пайдаға жарату қанша пайызды құрайды?

Жауап: «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ газды пайдаға жарату бөлімінің бастығы Серікбаев Н.К. Презентацияда ұсынылған ақпарат бойынша Компанияның газды пайдаға жарату мәселесін шешу үшін үлкен көлемде жұмыс атқарғанын көрдіңіздер. Бүгінгі таңда, дәлірек айтар болсақ, 2014 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша газды пайдаға жарату 99,3 пайызды құрады.



2. Кожахметов А. - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ ҚОҚ инженері:

Сұрақ:Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың жоспарының жобасында құрамында мұнайы бар және қатты-тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату шығындары көрсетілген, бірақ бұрғылау шламын утилизациялауға қаралған шығындар жоқ. Бұл не себептерге байланысты?

Жауап:«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның бас технологы Арынғазиев Қ.Т.:

Жаңа ұңғымаларды бұрғылау экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан, аталмыш жұмыстар Компанияның Құмкөл кен орнындағы келісім-шарттық аумағында 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізілмейді және сәйкесінше 2015 жылдың шаралар жоспарында бұрғылау шламын утилизациялауға шығындар қарастырылмаған.



Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларынан басқа сұрақтар, ұсыныстар мен ескертпелер болған жоқ.



Талқылау нәтижесі бойынша негізгі қорытындылар:

Бүгінгі қоғамдық тыңдауларда «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы ұсынылды. Қоғамдық тыңдаулар мүдделі жұртшылықтың қатысуының есебімен өткізілді деп танылды. Жалпы алғанда, қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-мен 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасында ұсынылған шараларына талап-арыздары жоқ. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларының жоспардың жобасына қатысты ұсыныстары, ескертулері мен пікір бөлінушілігі жоқ



«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың осы Хаттамасы 2 данада жасалды.

Хаттаманың бір данасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау жәнемұнайгаз кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне табысталады, екінші данасы «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ үшін.
 
Қоғамдық тыңдаулардың
төрағасы                                                                                              Туманов Е.М.

 

 

Хатшы                                                                                                  Әбдіқалықов А.


«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді.
Барлық мүдделі азаматтардың, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдардың, бірлестіктердің аталмыш қоғамдық тыңдауға қатысуын сұраймыз.
«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ 2015 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасымен алдын ала танысу үшін келесі мекенжайға хабарласуды сұраймыз: Қызылорда қаласы, Ш. Есенов көшесі, 1А, Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар бөлімі, №13 кабинет, тел.: (7242) 26-15-17 / 27-18-74 немесе askar@turgai.kz электрондық почта арқылы.  
Қоғамдық тыңдаудың өтетін орны, уақыты мен күні: Қызылорда қаласы, Мичурин көшесі, н/з («Сырдария» резиденциясының конференц-залы), сағат 17:00 (Астана уақыты), 10 қазан 2014 жыл.
 

«Управление автомобильных дорог»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

2014-2018 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы.

 

Өту мерзімі:18.08.2014 жыл, сағат 16-00.

Өту орны: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 28/2.

Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушысы: «Управление автомобильных дорог» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қоғамдық тыңдауды өткізу жайлы ақпарат жұртшылық назарына 2014 жылдың

30 шілдеде «Сыр табиғаты» газетінің 7нөмірінде хабарландыру жариялау арқылы жеткізілді.

Қатысқандар:

Қоғамдық тыңдау төреағасы – Қалиев А.Т.

Хатшы- Хаматова А.Ф.

Табиғат пайдалану және реттеу басқармасының маманы- Тілеуқабылова Гүлсәнім

«Сыр табиғаты» ассоциация директоры – Өтебай Сағи

Санитарлық –гигиналық қадағалаудың бас маманы – Қошқаров М:А.

Күн тәртібінде:

ЖШС «Управление автомобильных дорог» мекемесінің асфальтбетон заводына, битум заводына, Шалқия учаскісіне 2014-2018 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша материалдарды талқылау, ұсыныс енгізу.

Жұрт алдында сөйледі:

Қоғамдық тыңдалымды «Ак-жол» ЖШС өкілі Хаматова А.Ф. ашты. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарымен Калиев Алмас таныстырып, мекеменің жұмыс барысын атап өтті.

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері:

Өтебай С.Қ.: - Неге тарауда, кәсiпорындардың экологиялық қызметi және халықтың денсаулығы үшiн қатер туралы жұртшылықты хабардар етуге қаражат бөлінбеген? Іс шараға каражат соммасын көрсетуге шешім қабылданды.

Зейнулла М.С.: - Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын тарауға жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды енгізу қажет.

Ұсыныстар мен ескертпелер қабылданды.

Қощқаров М.А.: - Егер қоршаған ортаның нормативті эмиссиялық проектісі санитарлық экологиялық нормаларга сәйкес болып, тиісті орындардан сай қортынды алса менің алып қосар сұрақтарым жоқ.

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі тұжырымдамалар:

Қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы бойынша жасалынған жоспар Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қанағаттанарлық деп есептелсін.

«Управление автомобильных дорог»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2014-2018 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарын құзіретті органдарға тапсыруға қоғамдық тыңдалым қатысушылары бірдауысты шешім білдірді.

Хаттама екі дана жасалынды.

 

Қоғамдық тыңдау төрағасы:                                              Қалиев А.Т..

 

Хатшы:                                                                                Хаматова А.Ф.

 


 

«Гео Энерджи Групп»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2014-2016 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы

Өту мерзімі: 21.05.2014 жыл, сағат 15-00.

Өту орны: Қызылорда қаласы, Байсеитова көшесі нөмірсіз, Казкоммерцбанк ғимараты, 2- подъезд, 4- қабат.

Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушысы: «Кристалл Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қоғамдық тыңдауды өткізу жайлы ақпарат жұртшылық назарына 2014 жылдың 30 сәуірінде «Сыр табиғаты» газетінің 8 нөмірінде хабарландыру жариялау арқылы жеткізілді.

Қатысқандар:

Қоғамдық тыңдау төреағасы –Айтчеков Талғат

Хатшы- Шүренова Айсулу

Табиғат пайдалану және реттеу басқармасының маманы- Тілеуқабылова Гүлсәнім

«Гео Энерджи Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөлім басшысы- Қасымов Урістем

«Сыр табиғаты» ассоциация директоры – Өтебай Сағи

Күн тәртібінде:

ЖШС «Гео Энерджи Групп» мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары бойынша материалдарды талқылау, ұсыныс енгізу.

Жұрт алдында сөйледі:

Қоғамдық тыңдалымды «Кристалл Менеджмент» ЖШС өкілі Айтчеков Талғат ашты. Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарымен Қасымов Үрістем таныстырып, мекеменің жұмыс барысын атап өтті.

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері:

Өтебай С.Қ.: - Ауа бассейнін қорғау бөлімінде далалық лагерь ауданын шаңын басу үшін қаралған іс шараға ақшалай көрсеткіш неге көрсетілмеген?

Қасымов Ү.: - Шаң басу үшін жұмсалатын су жақын жерлердегі шаруашылықтардан келісім шарт арқылы алынады. Бұл қаражат жобаның шаруашылық бөлімінде қаралған.

Іс шараға каражат соммасын көрсетуге шешім қабылданды.

Айтчеков Т.: - Коммуналдық және өндірістік қалдықтар қайда өткізіледі.

Қасымов Ү.: - Жергілікті коммуналдық қалдықтарды қабылдайтын мекемелермен келісім шарт жасалынады.

Айтчеков Т.: - Экологиялық ағарту және насихат  бөліміндегі экологиялық басылымдарға жазылу тек Атырау облысының көлемінде жүргізіле ма?

Өтебай С.: - Қызылорда облысы бойынша жергілікті басылымдар бар, экологиялық  мониторинг есебін  жергілікті басылымдарға беру керек.

Экологиялық ағарту және насихат бөліміне толықтырулар енгізілді.

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі тұжырымдамалар:

Қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы бойынша жасалынған жоспар Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қанағаттанарлық деп есептелсін.

«Гео Энерджи Групп»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2014-2016 жылдарға  қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспарын құзіретті органдарға тапсыруға қоғамдық тыңдалым қатысушылары бірдауысты шешім білдірді.

Хаттама екі дана жасалынды.

 

Қоғамдық тыңдау төрағасы:                                               Айтчеков Т.

Хатшы:                                                                                 Шүренова А.

 


«ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 07.05.2007 жылғы №135-П бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелеріне сәйкес Компанияның 2014-2018 жылдарға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың Хаттамасын жариялайды.

Компанияның 2014-2018 жылдарға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы бойынша ағымдағы жылдың 04 желтоқсан күні қоғамдық тыңдауларына қатысқан жұртшылыққа Хаттаманың мазмұны бойынша өз ұсыныстары мен ескертпелерін жариялану күнінен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Қызылорда облысының табиғи қорлар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз. 

 

«ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ-ның

2014-2018жылдарға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар

жоспары бойынша қоғамдық тыңдаудың хаттамасы

 

Өткізілу күні: «04»желтоқсан 2013 жыл

Өткізілу орны: Қызылорда қаласы, Абай даңғ. 58 үй (Компания конференц-залы).

 

Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды: Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

 

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы ақпарат жұртшылық назарына келесі жолдар мен жеткізілді: «Кызылординские вести» Қызылорда облыстық газеті (№171-172қараша 2013 жыл), , Қызылорда облысының Әкімдігінің ресми интернет – ресурсы арқылы

 

Қатысқандар:

1.

Досмаилов Талғат Дүйсенәліұлы

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы

2.

Болатова Жанар

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің сараптама бөлімінің бас маманы

3.

Темірбаева Ғалия

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің сараптама бөлімінің бас маманы

4.

Ұлықбаев Хусен

«ҚОР» МК» АҚ-ң Бас инженері

5.

Ахмет Жұмабек

«ҚОР» МК» АҚ-ң «Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің» бастығы

6.

Пак Ольга

«КазЭкосистемс» ЖШС-ң бас маманы

7

Синькова Алина

«КазЭкосистемс» ЖШС-ң инженер-экологы

8.

Ситникова Нина

«АртНефтьСтройПроект» ЖШС-і директорының орынбасары

9.

Ермағамбетова Райхан

«АртНефтьСтройПроект» ЖШС-і инженер-экологы

10.

Әлжанова Айнұр

«Хайлон» ЖШС-ң экологы

11.

Сычева Вера

«Тимур Company» ЖШС-ң экологы

12.

Оразалиева Гулзина

«ҚОР» МК» АҚ-ң инженер-экологы

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі: қоршаған ортаны эмиссиялауға рұқсатты алу үшін дайындалған «ҚОР» МК» АҚ 2014-2018 жылдарға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау мен шешім қабылдау.

Қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастырушыларының кіріспесі сөз;

«ҚОР» МК» АҚ өкілдерінің сөз сөйлеулері;

Жарыссөз, сұрақтарға жауап;

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысын жасау.

 

Сөз сөйлегендер:

1.Досмаилов Талгат –Қызылорда облысының табиғи тесурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық сараптама бөлімінің басшысы. Кіріспе сөзінде Досмаилов қоғамдық тыңдауға қатысушыларға ықыласын білдіріп, жиынға қатысушыларға таныстырып өтті. Сонымен қатар, Т.Досмаилов «ҚОР» МК» АҚ-ның 2014-2018 жылдарға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін орны, күні мен уақыты Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен алдын-ала келісілгенін айтты. Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы ақпарат жұртшылыққа (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жергілікті бұхаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялау арқылы және Қызылорда облысының әкімдігінің ресми интерне-ресурсы арқылы жеткізілгендігін хабарлады. Одан әрі Т.Досмаилов қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау туралы ұсыныс енгізді. 

 

Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларының бірауыздан қабылданған шешімімен сайланды:

- тыңдаулардың төрағасы - «ҚОР» МК АҚ-ның  бас инженері–Ұлықбаев Хусен;

- тыңдаулардың хатшысы - - «ҚОР» МК АҚ-ның жоба жөніндегі ұйымдастырушысы

 

2. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы Ұлықбаев Хусен тыңдауға қатысушылардың барлығына өз ризашылығын білдіріп, оның жұмысына белсенді араласуға шақырды.

 

3. «ҚОР» МК» АҚ-ның өндірістік-қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған орта бөлімінің басшысы Ахмет Жұмабек Компания жайында негізгі ақпарлар туралы айтып өтті. Соның ішінде "ҚОР" "МК АҚ-ның келісім-шарттық аумағы әкімшілік бөлініс жағынан Қарағанды облысы Ұлытау ауданында және Қызылорда облысының Сырдария ауданы аумағында орналасқан Қарастырылып отырған карьер автомобилдік жолды салуға және де бетонның және құрылыстық ашпаның ұсақ және ірі толтырғысына пайдаланылатын болады. Бұл карьер Сырдария ауданының аумағында орналасқан.Карьердің жалпы ауданы 5 га, бұыш пішіндес орналасқан. Қиыршық-тас қоспаның есептелінген қоры сапалы жол салу үшін ұсынылып отыр.Бұл материал жаңадан қазылған ұңғымаларға кірме жол салу үшін қажет. Қиыршық-тас қоспасының қоры 2013-2027 жылдарға арналып есептелген. Қиыршық-тас қоспасының жылдық өнімділігі 11,75 мың.м3Бі жылдағы жұмыс күнінің саны  - 90 күн.

Жұмыс көлемінің аз ауқымына байланысты тек қажет кезінде ғана қиыршық-тас қоспасы өндіріледі. Қиыршық-тас қоспасы өндіру кезінде тек 1 экскаватор, 3 камаз, 1 су бүркігіш машинасы, 1 автобус жұмыс істейді.

 

4. Г.И Оразалиева. – «ҚОР» МК» АҚ-ң инженер-экологы. Презентациялық баяндамада Г.Оразалиева қоғамдық тыңдауға қатысушыларға экологиялық заңнаманың талаптары негізінде қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы жоспарланғанын таныстырып, айтып өтті. Ащысай кен орнындағы қиыршық-тас қоспасының кен орны индустриялық зерттемесі бойынша  2014-2018 жылдарға әзірленген табиғат қорғау іс-шараның негіздері айтылды. Сонымен қатар баяндамашы 2013 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында орналасқан   қиыршық-тас қоспасы кен орнының индустриялық зерттемесінің жобасының қоршаган ортаны қорғау бөлімі жасалғандығын айтты.

 

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

 

1.      Синькова А. - Сідерде өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы жасалған. Дегенмен қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары жоспарында бюджет қаржысын бөлек-бөлек көрсету қажет, яғни атмосфералық ауаға бөлек, су ресурстарына бөлек, радиациялық экологияға бөлек және т.б.

-       Ұсыныстарды және ескертпелерді қабылдаймыз.

2.      Алтай Д. - Қалдықтарды басқару бағдарламасы жасалды ма және Қызылорда облысы экология департаментімен келісілген бе?

-       Қазақстан Республикасы экологиялық кодексінің талабына сәйкес мекеме қалдықтарды басқару бағдарламасын жасап, Қызылорда облыс экологиялық департаментімен келісілген.

3.      Досмаилов Т. - Жоспарланған іс-шараның 4 тармағында Жер ресурстарын қорғауда бүлінген жерлерді  қайта қалпына келтіру (рекультивация) жұмыстары көрсетілген. Дегенмен  бүлінген жерлерді  қайта қалпына келтіру жұмыстарын нақты қай түрін жасайтындарыңызды ашып көрсету қажет.

-       Ұсыныстарды және ескертпелерді қабылдаймыз.

4.      Сычева В. – Сідердің жоспарлаған Іс-шараларыңызда жер қойнауынан қиыршық-тас қоспасын өндіру кезінде атмосфералық ауаға ұшатын шаңды азайту үшін өндіру кезінде сумен бүрку жұмыстарыңыз қоршаған ортаны қорғаушылар мен экологтар тарапынан қолдауға тұрарлық жұмыс.

 

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар тарапынан басқа сұрақтар мен ұсыныстар болған жоқ.

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі қорытындылар.

Бүгінгі қоғамдық тыңдауда «ҚОР» МК» АҚ-ң 2014-2018 жылдарға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы ұсынылды. Аталған жоспар жобасының құрамы бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Қоғамдық тыңдау мүдделі жұртшылықтың қатысуының есебімен өткізілді деп танылды. Жалпы, қоғамдық тыңдауға қатысушылардың «ҚОР» МК» АҚ-мен 2014-2018 жылдарға қоршағантортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасында ұсынылған шараларына талап-арыздары жоқ. Қоғамдық тыңдау қатысушыларының жоспардың жобасына қатысты ескертулері мен пікір бөлінушілігі жоқ.

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың

төрағасы                                                                                                     Ұлықбаев Х.

 

Хатшы                                                                                                        Ни Я.


120008, ҚР, Қызылорда қ., Абай даңғ. 58, тел.: 23-14-41 (1033) мекен-жайында орналасқан «ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ  (бұдан әрі - Компания) ағымдағы жылдың желтоқсан айының 4-ші жұлдызында, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57 баб 3 тармағына сәйкес, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы аумағында орналасқан Ащысай кенішіндегі қиыршық-құм қоспасын өндірістік өңдеу (Нұралы 4 карьері) жобасының экологиялық аспектілеріне жасалған қоршаған ортаны қорғау іс-шарасын талқылауға қоғамдық тыңдау өткізеді. Қоғамдық тыңдау Компанияның конференц-залында сағ.15.00де өткізіледі. Компания Сіздерді аталған жобаның қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын талқылауға, өз ұсыныстары мен ескертпелерін білдіруге шақырады.

Байланыс тел.: /724 2/ 23-14-41 (1033)


«17» қазан 2013 ж.

№2157 хатқа

№1 Қосымша

 

 «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 07.05.2007 жылғы №135-П бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелеріне сәйкес Компанияның 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың Хаттамасын жариялайды.

Компанияның 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы бойынша ағымдағы жылдың 14 қазан күні қоғамдық тыңдауларына қатысқан жұртшылыққа Хаттаманың мазмұны бойынша өз ұсыныстары мен ескертпелерін жариялану күнінен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Қызылорда облысының табиғи қорлар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз. 


«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның

2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар

жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

 

Өткізілу күні: «14» қазан 2013 жыл

Өткізілу орны: Қызылорда қаласы, Мичурин көшесі, нөмірсіз («Сырдария» резиденциясының конференц-залы).

 

Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды: Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

 

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы ақпарат жұртшылық назарына келесі жолдар мен жеткізілді: «Сыр бойы» Қызылорда облыстық газеті (№143, 24 қыркүйек 2013 жыл), «Кызылординские вести» Қызылорда облыстық газеті (№143, 24 қыркүйек 2013 жыл), Қызылорда облысының Әкімдігінің ресми интернет – ресурсы арқылы (http://www.e-kyzylorda.gov.kz/kk/news/torgay-petroleum-ak и http://www.e-kyzylorda.gov.kz/ru/news/ao-turgay-petroleum).

 

Қатысқандар:

1

Айтжанова Жұлдызай Жыланбасқызы

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары

2.

Досмаилов Талғат Дүйсенәліұлы

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің бастығы

3.

Сеитов Смағұл Сүлейменұлы

Арал өңірі экологиясы және тұрғындарының денсаулығын қорғаудың Қызылорда орталығының директоры

4.

Бакирова Рая Болатқызы

Қызылорда облыстық «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

5.

Сыздықов Тұрар Айтбайұлы

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының саяси кеңес мүшесі

6.

Төлегенова Азима

«СНПС-Ай Дан мұнай» АҚ өкілі

7.

Елубаев Дәуіржан

«Сыр Медиа» МКК журналисті («Сыр бойы», «Кызылординские вести» редакциялары)

8.

Ілиясов Қожахмет Әбдіқайымұлы

Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

9.

Тұсмағанбетова Маржан

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің сараптама бөлімінің бас маманы

 

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ

 

10.

Арынғазиев Қайрат Төлегенұлы

Бас технолог

11.

Қалымбетов Әлім Сұлтанұлы

Өндірістік-технологиялық бөлім бастығы

12.

Серікбаев Нүркен Кәрібозұлы

Газды пайдаға жарату бөлімінің бастығы

13.

Елубаев Марат Исатайұлы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

14.

Әбдіқалықов Асқарбек Мейрамбекұлы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің инженері

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі: қоршаған ортаны эмиссиялауға рұқсатты алу үшін дайындалған «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау мен шешім қабылдау.

Қоғамдық ыңдаулардың ұйымдастырушыларының кіріспесі сөзі – 5 мин.

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» акционерлік қоғамының өкілдерінің сөз сөйлеулері – 30-40 мин.

Жарыссөз, сұрақтарға жауап – 30-40 мин.

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысын жасау – 10-20 мин.

 

Сөз сөйлегендер:

1. Айтжанова Жұлдызай Жыланбасқызы – Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

Кіріспе сөзінде Ж. Айтжанова ханым қоғамдық тыңдауларға қатысушыларға ықыласын білдіріп, жиынға қатысушыларды таныстырып өтті.

Сонымен қатар, Ж. Айтжанова ханым «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін орны, күні мен уақыты Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен алдын ала келісілгендігін айтты. Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіндігі туралы ақпарат жұртшылыққа (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жергілікті бұхаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялау арқылы және Қызылорда облысының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы арқылы жеткізілгендігін хабарлады.  

Одан әрі Ж. Айтжанова ханым қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау туралы ұсыныс енгізді.

 

Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларының бірауыздан қабылданған шешімімен сайланды:

- тыңдаулардың төрағасы - «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның  бас технологы - Арынғазиев Қайрат Төлегенұлы;

- тыңдаулардың хатшысы - «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның  өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің инженері – Әдіқалықов Асқарбек Мейрамбекұлы.

 

2. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы Арынғазиев Қайрат Төлегенұлы тыңдауға қатысушылардың барлығына өз ризашылығын білдіріп, оның жұмысына белсенді араласуға шақырды.

 

3. «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның өндірістік-технологиялық бөлімінің бастығы Қалымбетов Әлім Сұлтанұлы Компания туралы негізгі мәліметтерді баяндап, қолданыстағы негізгі өндірістік нысандар мен Компанияның 2014 жылға көрсеткіштерімен таныстырды. Оның ішінде келесі мәліметтер көрсетілді:

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ келісім-шарттық аумағы әкімшілік тұрғысында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының құрамына кіреді. Келісім-шарттық аумақтың жалпы көлемі 15 881 га құрайды.

Компанияның негізгі өндірістік нысандары болып табылатындар: өлшегіш қондырғылар, топтық қондырғылар, сығымдағыш сорап станциялары, блогтық-топтық сорап қондырғылары, суды алдын ала айыру учаскелері, мұнайды дайындау және қайта айдау учаскесі, газды кешенді дайындау қондырғысы.

Ұңғымалар қоры – 710.

2014 жылға 161,2 млн.м3 газды өндіру кезіндегі жоспарланған мұнайды өндіру көлемі 1214,4 мың тоннаны құрайды.

 

4. Газды пайдаға жарату бөлімінің бастығы Серікбаев Нүркен Кәрібозұлы жоғарыдағы баяндалғанға келесі мәліметтерді қосты:

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ мемлекет алдында мұнайдың ілеспе газын пайдаға жарату бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз мойнына алған міндеттемелерін толық орындады:

1) 2004 жылдың ақпан айында қуаттылығы 55 МВт электрэнергиясын өндіретін №№1, 2 және 3 ГТҚ (газды турбиналық қондырғы) пайдалануға берілді.

2) 2009 жылдың шілде айында СКГ (сұйытылған көмірсутегі газы) тауарлық өнімін сату арқылы және ГТҚ-да электр энергиясын өндіру үшін құрғақ газды пайдалану арқылы қуаттылығы жылына 150 млн.м3 ГКДҚ (газды кешенді дайындау қондырғысы) пайдалануға берілді.

3) 2011 жылдың сәуір айында қуаттылығы 50 МВт-тық 2 қосымша №№4 және 5 ГТҚ пайдалануға берілді («ТП» АҚ-нан құрғақ газдағы 1 ГТҚ және «ПҚҚР» АҚ ілеспе газда                   1 ГТҚ). 

2013 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің Жұмыс тобымен «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ Келісім-шарттық аумағында 2014-2016 жылдарға ілеспе газды дамыту мен өңдеудің бағдарламасы» бекітілді.

 

5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Елубаев Марат Исатайұлы «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасымен таныстырды. Өз сөзінде М. Елубаев мырза келесі мәселелерге тоқталды:

- «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 12.06.2013 жылғы №162-П бұйрығымен бекітілген қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың типтік тізілімі бойынша жасалған.

- 2014 жылға арналған Компанияның табиғатты қорғау қызметі келесі табиғи орталарды сақтауға бағытталған:

- ауа бассейнін қорғау;

- су қорларын қорғау мен тиімді пайдалану;

- жер қорларын қорғау;

- жер қойнауын қорғау мен тиімді пайдалану;

- өсімдіктер мен хайуанаттар әлемін қорғау;

- радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік;

- ғылыми-зерттеушілік, ізденістік және басқа да зерттемелер;

- экологиялық ағартушылық мен насихаттау.

- 2014 жылы Компания қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларына өз қаражаты есебінен 758,241 млн.теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

- ол жағдайда жоспарланған шаралардан төмендегідей экологиялық және экономикалық нәтиже күтіледі:

ластағыш заттардың шығарылуы жылына 150 тоннаға азаяды және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемі жылына 1762 тоннаға кемиді, онымен қоса жоспарланған шаралардан ақшалай жалпы үнемдеу 35,146 млн.теңгені құрайды.

 

Жұртшылықтың өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

1 Арал өңірі экологиясы және тұрғындарының денсаулығын қорғаудың Қызылорда орталығының директоры Сеитов Смағұл Сүлейменұлы сөзінен:

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-мен соңғыжылдары экологиялық мәселелерді шешу жолында кең ауқымды жұмыстар жүргізген. Атап айтқанда, газды пайдаға жарату мен сарқынды суларды тазарту бойынша жаңа өндірістік нысандар іске қосылған. Компанияға алдыға қойылған мақсаттарын шешу жолында жетістіктер тіледі.

2. Бакирова Рая Болатқызы - Қызылорда облыстық «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Сұрақ: Компания өзінің табиғатты қорғау қызметі туралы тұрғындарды қалай хабардар етеді және Компанияның жұмыскерлері арасында экологиялық тәрбие қандай тұрғыда жүзеге асырылады?

Жауап: Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Елубаев Марат Исатайұлы:

Соңғы жылдар көлемінде Компания «Эколог-НС» газетінің редакциясымен тығыз байланыс жүргізіп келеді. Аталмыш газеттің беттерінде Компанияның табиғатты қорғау қызметі бойынша мақалалар жарияланып келеді. 

Сонымен қоса, Компания жыл сайын республикалық және жергілікті экологиялық мерзімді басылымдарға жазылым жүргізеді. Оған қоса, ай сайынғы негізде кен орны басында ұжыммен жиналыстар өткізіліп, онда Компания нысандарындағы және аймақтағы мұнай компанияларының, республика көлеміндегі өндірістік және экологиялық сипаттағы мәселелер талқыланады.

 

3. Айтжанова Жұлдызай Жыланбасқызы – Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

Сұрақ: «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мен утилизациялау бойынша мәселелерді қандай жолмен шешуде?

Жауап: Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Елубаев Марат Исатайұлы:

Жылдық негізде «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ өндіріс қалдықтарын шығару, қайта өңдеу мен утилизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге ашық конкурс өткізіп келеді.

            Аталмыш конкурсқа ниет білдірген барлық жеке және заңды тұлғалар қатысады. Бірақ, «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ әлеуетті жеткізушілер жауап беруге тиісті бірқатар шарттарды қояды. Атап айтқанда, әлеуетті жеткізушіде міндетті түрде келесі құжаттардың бар болуы керек:

- қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты; өндірістік қалдықтарды уақытша орналастыруға, қайта өңдеуге және утилизациялауға арналған полигонды немесе өндірістік базаны пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссияның актысы; міндетті экологиялық сақтандырудың келісім-шарты; қалдықтарды орналастырудың норматив жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама (МЭС) қорытындысы; өндіріс қалдықтарын уақытша сақтау, қайта өңдеу мен утилизациялау бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ/ОВОС) жобасына МЭС қорытындысы; өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мен утилизациялауға келісілген техникалық регламент; қалдықтарды басқару бағдарламасына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы.  

            Қалдықтардың пайда болу мезетінен бастап оларды қайта өңдеу мен утилизациялау мезетіне дейінгі барлық жұмыс барысы «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ өндірістік бақылау тобымен бақылауға алынады. Бұл барлық процесс өндірістік экологиялық мониторинг бойынша есептілікте көрсетіледі және өз кезегінде тоқсан сайын тиесілі мемлекеттік органдарға табысталады.

 

4. Тұсмағанбетова Маржан – Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің сараптама бөлімінің бас маманы:

Қоршаған ортаны эмиссиялауға рұқсатты алу үшін құжаттар пакетін жолдау кезінде экологиялық және экономикалық тиімділік күтілетін шаралар бойынша түсіндірме жазбаны қоса тіркеу керек.

Жауап: Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Елубаев Марат Исатайұлы:

Ұсынысты қабыл аламыз. Түсіндірме жазба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу мен бақылау комитетіне рұқсат алуға арналған құжаттарды жолдау кезінде қоса ұсынылатын болады.

 

Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларынан басқа сұрақтар, ұсыныстар мен ескертпелер болған жоқ.

Талқылау нәтижесі бойынша негізгі қорытындылар:

Бүгінгі қоғамдық тыңдауларда «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы ұсынылды. Аталмыш жоспар жобасының құрамы бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Қоғамдық тыңдаулар мүдделі жұртшылықтың қатысуының есебімен өткізілді деп танылды. Жалып алғанда, қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-мен 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасында ұсынылған шараларына талап-арыздары жоқ. Қоғамдық тыңдаулардың қатысушыларының жоспардың жобасына қатысты ұсыныстары, ескертулері мен пікір бөлінушілігі жоқ

 

«ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ-ның 2014 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың осы Хаттамасы 2 данада жасалды.

Хаттаманың бір данасы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу мен бақылау комитетіне табысталады, екінші данасы «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ үшін. 

 

Қоғамдық тыңдаулардың

төрағасы                                                                                           Арынғазиев Қ.

Хатшы                                                                                              Әбдіқалықов А.

Раздел: 
Құрылған күні: 22-08-2013 19:54
Жаңартылған күні: 09-09-2016 18:48

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика