ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың идеологиялық актив жиынында сөйлеген сөзі
1 ақпан 2017 жыл
 
Құрметті актив жиынына қатысушылар!
 
Біз тағы бір тарихи кезеңнің бастауында тұрмыз. 
Бұл – Тәуелсіз Отанымыз – Қазақстанның ұлы мақсаттар жолындағы жарқын кезеңі. 
Күні кеше Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынды.
Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс.
Еліміздің алға қойған үлкен мақсаты – 2050 жылға қарай әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болу.
Қарқынды даму үстіндегі әлем бізден өзіне сай болуды талап етеді. 
Ілесе алмағандар көштің соңында қалады.
Сондықтан біз жаңа жаһандық болмыс талаптарын қабылдауға тиіспіз.
Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды.
Осы ретте, Елбасы алдымызға Қазақстанды Үшінші жаңғырту міндетін қойып отыр. 
Оны жүзеге асыру үшін осы күрделі кезеңде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. 
Мемлекет басшысы бұл міндетті іске асыру барысында бес негізгі басымдықты ұсынды. 
Бірінші басымдық – бұл экономиканың жедел технологиялық жаңғыртылуы. Біз бұл бағытта алғашқы қадамдар жасадық – 2016 жылдың қарашасында электрондық коммерцияны дамыту тақырыбында бірінші халықаралық интернет-форум өткіздік. Осының нәтижесінде қазірдің өзінде  билеттер сату онлайнына облыстық өлкетану мұражайы мен драма театр қосылды. 
Нарық қазір  жаңа технологиялар мен бизнес үлгілерді қолдану мен таратуға  жаңа талаптар қоюда. Сондықтан біз бұл бағытты дамытуымыз қажет. 
Облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимге, облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасына Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді ескере отырып, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қажетті тақырыптарды іріктеуді тапсырамын.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруды тапсырды. Соңғы жылдары біз өңдеуші секторды тұрақты дамытуға қол жеткіздік.  2016 жылдың қорытындысы бойынша ғана бұл саладағы өсім 15 пайызды құрады. Егер оны 2012 жылмен салыстырсақ, өсім 52 пайыз. Осы саладағы еңбек өнімділігі 6 есе (республикада 2,4 есе) өсті. 
Нәтижесінде өнеркәсіп  құрылымында өңдеу секторының үлесі 4 есеге, ал, аймақтық жалпы өнім құрылымында 3,5 есе өсті. 
Біз қарқынды төмендетпеуіміз қажет. Инновацияны қолдау және оларды өндіріске жылдам енгізу жаңа индустрияны қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады. Сондықтан кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру үшін облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимге 2017 жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде жаңа технологияларды енгізудің мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырамын.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында басым бағыттағы салаларда индустрияландыруды бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамытуға тірек жасай отырып, өркендету қажеттігіне назар аударған болатын. 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты екі есеге ұлғайту міндетін қойды.
Біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақтар арасында бірінші болып Индустрияландыру картасы жобаларын өзектендіру бойынша Картадан экспортқа бағытталмаған, бәсекеге қабілетсіз жобаларды алып тастау жұмыстарын жүргіздік. 50 жобаның 20-сын ғана қалдырдық. Енді Индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды іріктеу кезінде олардың экспортқа бағытталғаны, бәсекеге қабілеттілігі және ауқымы негізгі критерий болып есептеледі. Қазір біз осындай 24 жоба бойынша нақты жұмыс жасаудамыз. 
Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін Картаға кәсіпкерлікті қолдаудың кем дегенде 1 жобасын енгізуді тапсырамын. 
Индустриалды-инновациялық даму басқармасы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында молибден өндіретін кәсіпорынды («Тримо» ЖШС) пайдалануға беруді қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорынның өнімі атом энергетикасында, әуе-ғарыштық техникаларда, микро және оптикалық электроникада пайдаланылады. Өнім экспортын Жапонияға жөнелтуді жоспарлап отырмыз.
Осы жылдың қазан айында табақша шыныны өндіру және өңдеу зауыты пайдалануға берілетін болады. Бірінші жартыжылдықта кен-байыту комбинаты мен «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінде газтурбиналық электрстансасы құрылысын бастау қажет.
«Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатастарды автоклавтық қайта өңдеу жобасын (ванадий) жүзеге асыру жалғасын табатын болады. 2016 жылы кәсіпорын метаванадат аммонийі мен ванадийді Тайванға және Ресейге экспорттауды бастады. Метаванадат аммонийдің іріктелген партиясы АҚШ-қа жөнелтілді. Осы өнімдерді басқа елдер мен нарықтарға жөнелту мәселесін пысықтау қажет. 
Ферроқорытпа зауытын пайдалануға беру бұрынғысынша басым бағыттағы жұмыстардың бірінен саналады.
2016 жылы біз екі бірдей нысанның – Жаңақорған ауданындағы цемент өндіру және Шиелі ауданындағы тампонажды цемент өндіру зауыттарының құрылысын бірден бастадық. Оларды іске қосу 2018 жылдың басына жоспарланған. Мерзімінде орындалатынына сенімдімін!
Сонымен бірге, Арал қаласындағы кальцийлендірілген сода зауыты жобасын іске асыру үшін Қазақстан Даму Банкі арқылы инвестицияларды тарту мәселесін пысықтауды жеделдету қажет.
Осы жобаларды үйлестіру Сізге жүктеледі, Евгений Германович.
Сондай-ақ, шетелдік нарыққа қазақстандық тауарларды ілгерілету барысында саудалық кедергілерді мониторингілеу және жою бойынша жұмыстарды белсендету қажет. 
Облыс әкімінің орынбасары Ким Евгений Германовичке тапсырамын:
- үстіміздегі жылдың 1 наурызына дейін экспорттық саясат жөнінде Кеңес құрылсын, Кеңестің құрамына бизнес қауымдастығы өкілдері енгізілсін;  
- үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін ҚР Инвестициялар жөніндегі министрлігіне Қызылорда облысының жобаларын Қазақстан Республикасының Бірыңғай экспорттық және инвестициялық стратегиясына енгізу бойынша ұсыныстар берілсін.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестициялар мен трансұлттық компанияларды тарту басымдық болып табылады. Өзбекстан Республикасының біріккен өндірістік кәсіпорындарын құрудағы тәжірибесін қарауды жөн көріп отырмын.
Өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық сектордағы өндірістерді біздің аймақта құру бойынша инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру қажет. Қазіргі таңда осы секілді 2 жобамен жұмыс атқарылып жатыр (Шиелі ауданындағы цемент зауыты және Жаңақорған ауданындағы томат пастасын өндіру зауыты).Өндірістер спектрін кеңейту қажет. 
Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары мұнай-газ саласында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қолданыстағы кен орындарының сарқылуына байланысты тек ғана 2015-2017 жылдары мұнай өндіру көлемі 3 млн тоннаға азайды. Республика бойынша қысқарған мұнайдың 70 пайызы біздің облысымызға тиесілі. 
Экономиканы әртараптандыру бойынша мақсатты саясат жүргізіліп жатқанына қарамастан, аймағымыздың экономикасы үшін мұнай-газ секторы әлі де ұзақ уақыт шешуші рөл атқаратынын мойындаймыз. 
Сондықтан, Энергетика министрлігімен бірлесіп жаңа көмірсутекті шикізат кен орындарын барлап, іске қосу мәселесін шешудеміз.
Облыс әкімінің орынбасары Ким Евгений Германовичке және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына тапсырамын:
- қатты пайдалы қазбалар жер қойнауының аз зерделенген учаскелерін – «Қызылорда Солтүстік» және «Қызылорда Оңтүстік» аудандарын – «бірінші келген – бірінші болып алады» деген австралиялық әдіспен жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау жөніндегі нысандар тізбесіне қосу мәселесі пысықталсын; 
- тиісті мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Жер қойнауы туралы кодекс жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылсын. Жаңа Кодексті алдын ала зерделеп, оның нормаларын жан-жақты түсіндіру қажет.
Мемлекет басшысы Жолдауда аграрлық сектор экономикамыздың жаңа драйвері болуы қажеттігін ерекше атап көрсетті. 
Соңғы жылдары біз облыстың агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамып жатқанын байқап келеміз. 
Өткен жылы Сыр диқандары ел тарихындағы егін өнімділігінің төртінші мәрте рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді. Жоғары репродуктивтік дәндер мен жаңа технологияларды қолдану есебінен соңғы 3 жылда күріштің жалпы өнімі үштен бір бөлікке артты. 
Ал, облыстың негізгі ауылшаруашылық өнімдері 2012 жылмен салыстырғанда екі есеге өсті.
Дегенмен, күріш біз экспортқа шығара алатын бір ғана тауар емес. Облыстың үлкен экспорттық әлеуеті бар. Саланың да толығымен экспортқа бағытталуына мүмкіндігі жеткілікті.
Сондықтан, облыс тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу рыноктарына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргіздік және оларды аграрлық сектордың әлеуетті мүмкіндіктерімен сабақтастырдық. 
Осы зерттеулер нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейін дамуының Агрокартасын әзірледік. Онда негізгі міндет ретінде экспорттық әлеуетті арттыру мен өткізу рыноктарын кеңейтуді (әсіресе, Иранға, Қытайға және Ресейге) анықтадық.
Бұл Мемлекет басшысының бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногында талап етілген өндірісті ынталандыру жөніндегі тапсырмасына толық сәйкес келеді.
Бірінші кезекте біз күрішке жаңа рыноктарды игеруді бастадық. Эмбарго алынғаннан кейін бізге Иранның үлкен рыногына жол ашылды.  
Сондықтан мынадай тапсырмалар беремін:
Бірінші. Ауыл шаруашылығы басқармасы облыстың Агрокартасын жүзеге асыру, экспортталатын тауарлардың түрін көбейту бойынша тиісті шаралар қабылдасын. 
Бірінші кезекте – бұл майлы дақылдар, бақшалық өнімдер, көкөністер, ет пен жүн. Сонымен бірге, Парсы шығанағындағы елдерге (Иран, БАӘ), Орталық Азияға (Қытай), Шығыс Еуропаға шыға отырып, экспорттық рынокты кеңейту қажет.    
Күріш мәселесіне келер болсақ – жоғары тиімді және талап етілген ирандық сұрыптар өндірісін ұлғайту қажет. Жалпы 2021 жылға ауыл шаруашылығы тауарлары экспортын кем дегенде 3 есеге арттыруымыз қажет.
Екінші. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру бойынша жұмысты белсендету қажет. Бүгінгі күнде сүт пен ет өндірісінің 85-тен астам пайызы жеке қосалқы шаруашылықтар үлесінде. Бұл жеке қосалқы шаруашылықтарға тартылған адами ресурстары үшін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуде орасан зор әлеует болып табылады.  
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тұрақты табыс көзімен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Бұл – бүгінгі таңда барлық деңгейдегі әкімдер алдындағы ең маңызды міндет. Үйлестіру мәселесі облыс әкімінің орынбасары Серік Салауатұлы Қожаниязовқа жүктеледі.
Ағымдағы жылы 500-ден кем емес үй шаруашылықтарынан біріктірілген 16 кооператив құру міндетін алдарыңызға қоямын.
Үшінші. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселесінің ақсап тұрған жайы бар. Сондықтан осы бағытқа ерекше назар аударуымыз қажет. 
Бұл үшін азық-түлік өндірісіне инвестициялар тартуда және өнімдерін терең өңдеу бойынша зауыттарды құруда барлық күшімізді салуға тиіспіз.
Ауыл шаруашылығы басқармасына, «Байқоңыр» ӘКК-ға ағымдағы жылы Қармақшы ауданында құс фабрикасы құрылысын бастауды тапсырамын. 
Ет комбинатын, жылыжайларды, түйе сүтін өндіру, томат пастасын өндіру зауыттарын қашан және қайда енгізу мақсатымен - бір ай мерзімде қайта өңдеу қуаттылықтарын енгізу Жоспары әзірленсін.
Мемлекет басшысы  суармалы жерлердің тиімділігін көтеру  жөнінде тапсырма берді.
Облыс бойынша 238 мың гектар суармалы жердің 60 мың гектары айналмалы және коллекторлық-кәріздік жүйені пайдаланбайды.
Үш жыл ішінде пайдаланылмаған суармалы жер көлемінің 50 пайызын қалпына келтіруді міндеттеймін.
Облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін су шаруашылығы объектілерін паспорттап және оларды белгіленген тәртіпте республикалық меншікке берсін.  
Төртінші. «Қызылорда-Жезқазған» магистраль¬ды автожолы қайта құрылғаннан кейін Қызылорда қаласы ірі көліктік хабқа айналуға тиіс. 
Бұл үшін біз қазірден бастап облыста ірі көліктік логистикалық орталық құрылысымен айналысуымыз қажет. Бұл тек ғана транзиттік тасымалдау көлемін арттыра түсуге емес, сонымен қатар нарықты арзан азық-түлік өнімімен толтыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде өнім берушілер көліктік-логистикалық орталық арқылы өз өнімдерін өткізе алады.  
Сондықтан, «Байқоңыр» ӘКК Қызылорда қаласының әкімімен бірлесіп, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, ауыл шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, кәсіпкерлік және туризм басқармалары бір ай мерзімде Қызылорда қаласында көліктік логистикалық орталық орналастыруға инвестициялар көздерін табу бойынша ұсыныстарды енгізсін.
Мемлекет Басшысы жаңа Евразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамытуды міндеттеп  отыр. 
Қызылорда облысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізіне орналасқан және ірі транзиттік торап қызметін атқарады. Қызылорда қаласының әуежайы әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады. Демек, жолаушылар және жүк ағынын дамытудың барлық негізі жасалған.  
2017 жылы  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалана отырып, Қызылорда қаласының әуежайын жаңғырту жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. 
Жобаның тұғырнамасы дайындалып, мемлекеттік органдардың  салалық келісімдері алынған. 
Жобаны жүзеге асыруға Қытай, Ресей, Иран және Чехия компаниялары қызығушылық танытуда. 
Облыс әкімінің орынбасарлары Е.Г.Ким, С.Ж.Сүлейменов жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жобасын жүзеге асыру бойынша инвесторлар тарту үшін алғашқы жартыжылдықта конкурс өткізуді қамтамасыз етсін.
Мемлекет басшысы экономиканың толыққанды драйвері ретінде құрылыс секторын одан әрі дамытудың міндетін қойып отыр. 
Тиімді тұрғын үй саясатының нәтижесінде алғаш рет 2016 жылы Қызылорда облысында жарты миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй салынды. 15 мыңға жуық жер телімдеріне  бір жарым мың шақырымға таяу инженерлік жүйелер тартылды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту жөніндегі ауқымды жұмыстар көп жылдардан кейін тұңғыш рет облыс аудандарында да қолға алынды. 
2017 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 
Аталған бағдарлама аясында үстіміздегі жылы облыс бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі салымшыларына арналған 1180 пәтерлік кем дегенде 23 көпқабатты тұрғын үй салу көзделіп отыр. 
Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тұрғындар үшін сатып алу құқығынсыз кем дегенде 140 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй құрылысын жүргізу межеленуде. 
Кең көлемде тұрғын үй құрылысын дамыту үшін  облыс орталығында, сондай-ақ, аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту жұмыстары жалғасатын болады. 
Енді жаңа бағдарламаны жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстар атқарылуы қажет. 
Сондықтан тапсырамын:
Облыс әкімінің орынбасары Серік Жүсіпұлы Сүлейменовке:
Сатып алу құқығынсыз жалдамалы үйлер құрылысына,  инженерлік инфрақұрылым нысандары құрылысына қосымша қаржы бөлу мәселелері бойынша жұмыс жүргізсін.
Бағдарлама бойынша облыс орталығында жеке тұрғын үй құрылысында бірыңғай сәулет стилін қолдануға және (немесе) әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға үй құрылысын жүргізуге басымдық беріледі.
Осыған байланысты Қызылорда қаласының әкімі «Байқоңыр» ӘКК-мен бірлесіп үй құрылысы комбинаты технологияларын қолдана отырып, жеке үй құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындау бойынша жұмыстар жүргізсін. 
Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне:
-жаппай құрылыс жүргізуге жарамды жер учаскелеріне ревизия жүргізу; 
-жаппай жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін басым аудандарды бекітілген бас жоспарларға сәйкестендіру және түбегейлі жоспарлау жобаларымен үйлестіру;
-жер учаскелерін дайындау жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізіп, бос жер учаскелері туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
-бірінші жартыжылдық ішінде сатып алу құқығынсыз жалдамалы үйлер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын «Нұрлы жер» бағдарламасының және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылыстары параметрлерімен  сәйкестендіріп әзірлесін.
Мемлекет Басшысы өз Жолдауында екінші басымдық ретінде бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтуді анықтады. Бизнеске кедергілердің барлық түрлерін азайту бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырма беріліп отыр. 
Бұл бағыттағы жұмыстарды біз бастадық – бизнесті қолдау құрылымдары бір жерге топтастырылып, Кәсіпкерлік үйін құрдық.  Сол жерде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аштық. Бұл бизнес жүргізуді жеңілдету мақсатында  қолға алынды. 
Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай шағын және орта бизнестің еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесін кем дегенде 50 пайызға жеткізуді қамтамасыз ету туралы тапсырма қойып отыр. 
Соған байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына:
-үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде рұқсат ету құжаттарын және инженерлік желілердің техникалық шарттарын алудың электрондық механизмін енгізуді;
-өңірлік Кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне дейін кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызметтер алудың мерзімін қысқарту жөнінде орталыққа ұсынуға дайындауды тапсырамын. 
Евгений Германович, бұл Сіздің қарауыңызға. 
2017 жылдан бастап жемісті еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын дамыту жүзеге асырыла бастады. Ол жұмыссыздарды кәсіби оқыту, жаппай кәсіпкерлікті және еңбек нарығын дамыту арқылы еңбекпен қамтуға ықпал жасау шараларын көздейді.  Орталық деңгейде бұл міндетті қайта құрылған Денсаулық сақтау министрлігі шешетін болады. Жергілікті деңгейде бұл – бірінші кезекте аудан және Қызылорда қаласы әкімдерінің, облыстық денсаулық сақтау, еңбекпен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының  міндеті. Бұл жұмысқа Қызылорда облысының ұлттық кәсіпкерлер палатасы да тартылуы қажет. 
Біздің облыста бүгінгі таңда 16 мыңнан астам жұмыссыздар және 122 мыңға жуық өзін еңбекпен қамтығандар бар екенін ескерсек, бұл бағдарламаны жүзеге асыруға айрықша назар аудару қажет. 
Әсіресе, үстіміздегі жылдың шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі жүзеге асырыла бастайтынын ескерсек, ол айрықша мәнге ие болады. 
Жаңа жүйеге сәйкес мемлекет өзін еңбекпен қамтыған азаматтарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырмайды, себебі, өзін-өзі қамтығандар немесе жеке кәсіпкерлердің жарналарды жеке тұлға ретінде  өздері төлеуі көзделіп отыр. 
Тұрақты табысы жоқ адам салық органдарына кәсіпкер ретінде тіркелуге бармайды. Демек, ол жұмыссыздар қатарын толықтыруы мүмкін, немесе жүйенің қосымша көмегімен қамтылмай қалады. Сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды бизнеске мейлінше тартуды қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуы тиіс. 
Сондықтан: 
1.Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы Рүстемовке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кең көлемде ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Бұл жұмысқа аймақтық кәсіпкерлер палатасы да кірісуге міндетті. Жұмыс берушілер өздерінің жауапкершілік деңгейін түсінуі тиіс.
- 15 ақпанға дейін барлық деңгейдегі әкімдерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша оқытудың іс-шара жоспары бекітілсін.
2.Облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовқа:
Үстіміздегі жылдың 1 наурызына дейін еңбек ресурстары балансын өзектендіруді жүктеймін. Осындай еңбек ресурстары баланстары облыс орталығы мен әрбір ауданда дайындалуы қажет.
Тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтуын қалыптастыру бойынша бір ай мерзім ішінде іс-шаралар кешені дайындалсын.
3.Облыс әкімінің орынбасары Е.Кимге:
Жалпы кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бойынша іс-шаралар кешені қабылдансын.
4.Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері: 
Аулалар бойынша есептілік жүргізіп, 1 наурызға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың есеп базасын әзірлесін.
5.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2017 жылы кемінде 9500 тұрақты жұмыс орнын құру жөнінде іс-шаралар қабылдасын.
6.Облыстық денсаулық сақтау басқармасына:
Салаларды медициналық сақтандыру жүйесіне енгізуге дайындығын қамтамасыз етсін.
Жекешелендіру мәселесі бойынша. 2020 жылға дейінгі жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізбесі айқындалды. Мемлекет басшысы жеке-шелендіруді 2018 жылдың аяғына дейін аяқтауды міндеттеді. 
Облыс бойынша 2016 жылы жекешелендіруі жоспар¬ланған 5 нысан жекешелендірілді. Енді 6-ы қалды. 
Облыстық қаржы басқармасы, Қызылорда қала¬сының әкімі және «Байқоңыр» ӘКК   2019-2020 жылға жоспарланған нысандардың жеке-шелендіру рәсімдерін 2018 жылдың аяғына дейін жасасын.
2018 жылдың аяғына дейін бірде-бір жекешеленбеген нысан қалмауға тиіс.
Мемлекет басшысы мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту қажеттілігін атап өтті. Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенсек,  бұл инвестиция тартудың тиімді құралы болып табылады, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуда әлеуеті зор. 
Елімізде мемлекеттік-жекешелік серіктестік институты ресми түрде тек қана 2015 жылдан бері басталғанымен, білім саласында нақты нәтижелерге одан бұрынырақ қол жеткізілді. 
Қалыптасқан экономикалық  жағдайға байланысты шектелген бюджет мүмкіншіліктерін ескерсек,  мемлекеттік-жекешелік серіктестікті басқа да бағыттар бойынша дамыту қажет.
Біздің ұсынысымыз бойынша заңнамалық деңгейде жобаларды келісу рәсімдері жеңілдетілген, бұл конкурстық рәсімдер өткізуді жедел бастауға  мүмкіншілік береді. Бұрын жобаларды әзірлеу толық циклы орта есеппен 370 жұмыс күнін құраған болса, бүгінгі таңда ол 4 есеге қысқарды. 
Сонымен қатар, жақын арада министрлік өңірдің мемлекеттік-жеке серіктестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимитін ұлғайту жөніндегі бастамасын 8 млрд. теңгеден 34 млрд. теңгеге дейін қолдауды жоспарлап отыр. 
Яғни, оны дамытуға барлық жағдайлар бар. Тек белсенді қимыл қажет. 
Бүгінгі таңда бұл жүйе бойынша 22 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба құрылысын іске асыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Олар – әлеуметтік, энергетика салалары мен қоғамдық тәртіп жобалары.
Осы жылдың ақпан айында Қызылорда қала¬сының «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету жобасы бойынша, ал, сәуір айында – Қызылорда қаласында ауысымына 400 келушіге арналған емхана ашу жобасы бойынша жеке серіктеспен шартқа қол қоямыз.
Мемлекеттік жеке серіктестік мемлекеттік бюджетке жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, осы бағытты барынша дамытуымыз қажет. 
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 2017 жылға арналған бюджетті нақтылау барысында мемлекеттік жеке серіктестік жобаларына жұмсалатын барлық қажетті шығындарды ескерсін;
Облыстық  денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары бір апта мерзімде осы жобалардың тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша барлық қажетті есептемелерді «Қызылорда облысының мемлекеттік-жекешелік серіктестігі өңірлік орталығы» ЖШС-на  ұсынсын;
Қызылорда облысының кәсіпкерлер пала¬тасы бір ай мерзімде бұл жобалар бойынша әлеуетті жеке серіктестер Тізілімін қалыптастырсын;
«Байқоңыр» ӘКК» институционалдық нысандағы 1 жобаны іске асыру мүмкіншілігін зерделесін. Мерзімі – 1 наурыз;
Бұл мәселе бойынша жалпы үйлестіру облыс әкімінің орынбасары Е.Г.Кимге жүктеледі.
Президент қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермеу жөнінде міндеттер қойды. 
Бұл үшін бүгінгі таңда барлық өкілеттіктер ауыл әкімдеріне берілген. 
Әкімдер өзінің ағымдағы мәселелерін жергілікті жерде шешуі үшін 2014 жылдан бастап барлық ауылдық әкімдіктерде табыстың 7 көзі бойынша нақтылай бақылау есептері ашылған. Бұлар – сыртқы жарнаманы орнатуға ақы төлеу, мүлікті жалға алу бойынша табыс, жеке және заңды тұлғалардан ерікті жарнасы және әкімшілік айыппұлдар. 
2015 жылдан бастап  ауылдық деңгейдегі әкімдіктерге тағы 6 салық түрі берілді (жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жекелерден жер салығы, жекелердің көлік құралдарының салығы және заңды тұлғалардың жер және көлік салығы).
Соған қарамастан, ауыл әкімдері атқаруға тиісті 7 табыс көзі бойынша нақтылай бақылау есептерінің түсімдеріне талдау жасаған кезде бұл бағытта олардың жеткілікті жұмыс істемейтіні анықталып отыр. Бізде 146 ауылдық және кент әкімдері бар. Үш жылда аталған табыс көзі бойынша бар болғаны 12 млн теңге қаржы түскен!
2018 жылдан бастап 2000-нан астам тұрғыны бар, ал, 2020 жылдан бастап барлық әкімшілік территориялық бірліктерде кент, ауылдық округ әкімдерінің өз бюджеті құрылады. Яғни, бюджет көлемі мен оның мүмкіндіктері ауыл әкімдерінің іс-қимыл қабілетіне байланысты болады.
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Д.Ысқақов үстіміздегі жылдың мамыр айына дейін (кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау) өңірлік орталыққа барлық деңгейдегі әкімдер және олардың аппарат қызметкерлері үшін бюджет процесі және коммуналдық меншікті басқару мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу керек. 
Бір ай мерзім ішінде әлеуметтік нысан¬дар мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың жобалары мен құрылыстары шығындарын орталықсыздандыру бойынша ұсыныстар енгізілсін. 
Одан әрі оларды аудандық және ауылдық деңгейге беру қажет. 
Жолдаудың төртінші басымдығы – адами капитал сапасын жақсарту.
Білім беру жаңа экономикалық өсудің орталық буыны болуы тиіс. 
Мемлекет басшысының мектепке дейінгі білім беру саласында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді толығымен қамту туралы тапсырмасын біз 2015 жылы мерзімінен бұрын орындадық. Бұған өңірде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда облыстағы балабақшалардың 70 пайыздан астамы осы жүйемен  жұмыс істейді.  Егер де мемлекет 10 жыл ішінде 37 балабақша салып берсе, соңғы үш жылдың өзінде жеке сектор 380-нен артық балабақша ашты. Қызылорда облысының жағымды тәжіри-бесін Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өтті. 
Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне енді бұл жұмысты 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту бойынша жалғастыруды тапсырамын. Бүгінгі күні балалардың бұл санатын қамту біздің облыста бар болғаны 5,5 пайызды құрайды (республика бойынша – 16 пайыз). 
Мемлекет басшысы білім беру жүйесінің ролін өзгерту туралы тапсырма қойып отыр. Білікті педагогтардың тапшылығын ескере отырып, Президент ағылшын тілін кезен-кезеңімен енгізуге тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.
Бұл жұмыстар бізде жүргізілуде. Біз Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін орта мектептерде тарату туралы, KATEV және М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжбен ағылшын тілін оқытатын мамандар дайындау туралы меморандумға отырдық. Біз осы тәжірибелерді таратуда «магнитті мектептерге» айналатын 46 инновациялық мектептерді құрдық. Үстіміздегі жылы біз 45 физика кабинетін, 80 робототехника кабинетін, компьютерлер, парталар алуға 400 млн теңгеден астам қаржы қарастырып отырмыз. 2018 жылдың өзінде 75 мұғалім биологияны, химияны, физиканы және информатиканы ағылшын тілінде бере бастайды. 
Облыс әкімінің орынбасары Р.Р.Рүстемовке, Қызылорда облысының білім басқармасына білім берудің жаңа  жүйесіне көшуде 2017 жылдан бастап екінші, бесінші, жетінші сынып оқушыларын жаңа мазмұнды оқулықтармен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бізде олар 46 мыңнан астам адамды құрайды. 
Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне екі айдың ішінде оқулықтар алуға қаржы бөлу мәселесін шешуді тапсырамын. 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылдың қыркүйегінен бастап, тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы іске қосылады. 
Облыстық білім, облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп  нарық сұранысын ескере отырып, кем дегенде 1500 мектеп бітірушілер қатарынан тегін техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындауды тапсырамын. Бұл жобаға 2017 жылы кем дегенде 1300 адамды – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды неғұрлым молынан тарту қажет. 
Біздің облыста құрылатын жаңа өндірістерді ескере отырып, экономиканың перспективалы секторлары үшін кадрлар дайындаудың басым бағыты айқындалуы қажет. Бұл жағдайда еңбек ресурсы баланстарын ескеру керек.
Бесінші басымдық  институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты болып отыр.
Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді. 
«Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» дегендей, қазіргі кезде белең алған жат ағымдардың жолын кесу – баршамыздың басты міндетіміз.
Облыстық ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:
-діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмыстарын жүргізсін. Бұл жұмыста үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет;
-қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалып-тастыру мақсатында облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер жанындағы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмыстарын жандандырсын.
-Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, түзеу мекемелерінде, әсіресе, Қылмыстық кодекстің діни экстремизм және терроризм баптары бойынша бас бостандығынан айырылған азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру жұмыстарын ұйымдастырсын.  
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты анықтау мен оның себептерін жою және алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту міндетін қойды. 
2016 жылы, өкінішке қарай, Қызылорда облысы бойынша сыбайлас құқық бұзушылық 12,4 пайызға артқанын айтуға тура келеді. Мемлекеттік сатып алу саласы жоғары сыбайластық тәуекелдер аймағы болып қалуда. 
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті күрес шаралары – заңдылықты қатаң сақтау, профилактикалық шараларды жүргізу, әлеуметтік желінің, медиа ресурстарды белсенді пайдалану арқылы оны жалпы жұртшылықтың жек көруін қалыптастыру қажет. 
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары: 
–мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың бұлжытпай орындалуын және бақылауды қамтамасыз етсін;
–сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарын жоюға бағытталған жұмыстарды күшейтуге қосымша шаралар қабылдасын;
–жалпы жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа  жек көрушілікті қалыптастыруға әлеуметтік желілер мен медиа ресурстарды белсенді және жүйелі пайдалансын.
Жолдауда айқындалған басымдықтар мен мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жүйесін тиімді қалыптастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың басқару сызбасы мен ішкі құрылымына, облыс әкімі орынбасарларының өзара қызметтік бөлінісіне өзгерістер енгізуді облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Марат Нұрсайынұлы Делмұхановқа тапсырамын.
Әлемде қазіргідей қоғамдық-саяси ахуал күрделі уақытта Елбасының Жолдауында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса маңызды.
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен жүргізілген жұмыстардың түпкі нәтижесі әрбір қызылордалыққа Жолдауда айтылған бағыттардың іске асырылатынын сезіндіруі қажет.
Облыстық ішкі саясат басқармасына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен ақпараттандыруды, оның ішінде интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде белсенді жүргізуді тапсырамын.
Құрметті жиынға қатысушылар!
Өмірдің мәні – қоғамға қызмет ету, айналаңа, туған жеріңе жақсылық жасау. 
Сондықтан біздің міндетіміз – Тәуелсіз елімізге қызмет ету. Одан асқан мақсат жоқ. Мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан елдің ұрпағы ретінде біз Елбасы Жолдауында айқындалған тарихи міндеттерді аса жоғары жауапкершілікпен жүзеге асыруымыз қажет. 
Еліміз, Елбасымыз аман болсын! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры мәңгі болсын!

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі  
 
1 қазан 2015 жыл
 
Құрметті ұстаздар!
Қадірлі білім беру саласының қызметкерлері!
 
Сіздерді берекелі қазанның алғашқы аптасында аталатын кәсіби мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Білімге деген зор құрмет, оқып-үйренуге деген шын ықылас – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі, мінезіміздің мәйегі десек, артық болмас. Сондықтан ұстазға деген құрмет, мұғалімге деген қамқорлық та біз үшін елдік ұстаным, әрі мемлекеттік саясаттың маңызы жоғары құрамдас бөлігі.
Сол себепті, барлық деңгейдегі әріптестеріміз мұғалімнің мұңын білуге, ұстаздың үніне кұлақ түріп, жұмысына тиісті жағдай жасауға міндітті екендігін ескерткім келді. 
Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы білімнің жағдайына, мектептің күйі мен ұстаздың көңіліне қарау қажеттігін назартан тыс қалдырған емес. Ел үшін қиын сәтте мемлекет басшысы ең әуелі мұғалімнің әлеуметтік жағдайын жақсартуды басымдық етіп анықтады. Қазір де, теңгенің айырбас бағасын анықтайтын саясат өзгеріп, қаржы нарығындағы тұрақсыздық басталған кезде Елбасы 2016 жыдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға дейін көтеру туралы тапсырма берді. Үкімет пен әкімдер сол тапсырманы орындаудың қамына кірісіп кетті.
Білім берудің маңыздылығы, оның ертеңгі өмірдің сапасын анықтайтын сала екендігі жиі айтылады. Алайда, көпшілік білім берудің қоғамдағы шынайы ролін жете түсіне бермейді. Педагогикада пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін “мета-пән” деген ұғым бар, сол сияқты білім беру де қоғам өміріндегі барлық салалардың өзара байланысын қамтамасыз ететін “мета-сала” деуге болады. Ол өзінің бойына ертеңгі экономиканың, ғылым мен мәденитеттің, қоғам руханияты мен денсаулығының сапасын, деңгейі мен мазмұнын сыйдырады.
Сондықтан да, білім беру барлық басқа салалардан артық бағалануы тиіс, ел дамуының өзегі болып табылады. Бұл біздің азамат ретіндегі ұстанымымыз, маман ретінде қалыптастырған пікіріміз. Сол себепті, білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында болған. Солай бола береді. 
Соның дәлелі ретінде өңір дамуының ең басты тірегі ретінде біз Сіздер еңбек ететін саланы таңдадық. Сапалы білім – қомақты қаражат талап ететінін ескеріп, басқа бірде бір саламен салыстыруға келмейтін қолдау көрсетіп келеміз. Биылғы жылы облыс бюджетінің үштен бірі білім беруге, нақты айтсақ, 66 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Соңғы үш жылдың ішінде бөлінетін қаражат көлемі 24 миллиард теңгеге артты. Бізде бюджет шығындарының 60 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталады. Әлеуметтік шығындардың үлесі бойынша Сыр өңірі республика бойынша бірінші орында. 
Мемлекет пен жеке кәсіпкерлер күш біріктіріп, өткен жылы жалпы саны 103 жаңа балабақша, соның ішінде 77 жеке балабақша ашылды. Биылғы жылдың аяғына дейін тағы 61 балабақша ашу жоспарланған. Соның арқасында биылғы оқу жылынан бастап 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларымыз балабақшамен 100 пайыз қамтылып, Елбасының бұл тапсырмасы Қызылорда облысында мерзімінен ерте орындалды. Енді біздің алдымызда бір және үш жас арасындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту міндеті тұр. Бұл бағытта да мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін кеңінен іске қосуымыз қажет. Балабақша санының артып, қамтылған бала санының көбеюі – балабақшадағы тәрбие жұмысына салмақ салады. Тәрбиешілер қауымы өздерінің сәбиді мектеп пен үлкен өмірге дайындайтын педагог екендігін бір сәт естен шығармуы қажет.
Елбасының бізге тапсырған келесі мәселесі үш ауысымды мектептер. Біз оны шештік. Сыр бойында үш ауысымда оқитын мектеп жоқ. 
Мемлекет басшысының бақылауындағы тағы бір мәселе апатты жағдайдағы мектептерге қатысты. 2013 жылы бізде ондай мектеп саны 36 болса, екі жылдағы қарқынды құрлыстың арқасында апатты жағдайдағы мектептің саны 11-ге дейін азайды. Бұйыртса, келесі жылы бұл мектептерді де жаңадан салу жоспарланған.
Биылғы жаңа оқу жылында облыс бойынша 14 жаңа мектеп пен 2 балабақша іске қосылды. Жалпы 2015 жылдың аяғына дейін облыс аумағында мемлекет есебінен 19 жаңа мектеп пен 3 балабақшаның құрылысы аяқталады.
Бұл – біздің болашаққа салған ең маңызды инвестициямыз. Соған сәйкес, қайтарым күтетінімізді де жасырмаймыз. Бірақ ол қайтарым үшін біздің салған күшіміз аздық етеді. Бұл саладағы табыс ең әуелі Сіздердің парасаттарыңыз бен шын ықыластарыңызға байланысты.
Сыр мұғалімдерінің ықыласты еңбегі мен кәсіби ынтасы нәтижесін беріп те жатыр. Өлкеміздің биылғы бірыңғай ұлттық тест қорытындысы бойынша 13-ші орыннан 5-ші орынға шығуы – ең әуелі біздің мұғалімдеріміздің еңбегі екендігін бүгін тағы бір ерекше атағым келеді.
“Алтын белгіге” үміткер балаларымыздың 139-ы, яғни 60 пайызы өз білімдерін растап шықты. Биылғы жылы облысымыздың дарынды оқушылары Қазақстан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен Халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысып, түрлі дәрежелі 46-медаль иеленді. Республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарына, Президенттік олимпиадаға қатысып 22 оқушы жеңімпаз атанды. 
Бұл нәтижелер біздің ұстаздар мен оқушыларымыздың адал еңбегінің жемісі. Осы жетістіктер балалардың алдын ашып, қызылордалық түлектерге ең үздік жоғары оқу орындарға жол салды. 2015 жылы ұлттық бірыңғай тестке қатысқан түлектердің жартысы түрлі мемлекеттік гранттар есебінен Қазақстан мен Ресейдің маңдайалды жоғарғы және кәсіптік оқу орындарына қабылданды. Екі жылда ресейлік грант есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтың оқу орындарына 325 қызылордалық түлек қабылданды, ал “Серпін” бағдарламасы бойынша Қазақстанның түрлі аумақтарындағы коледждер мен университеттерге 2 жарым мың бала түсті. Осының барлығы Сіздердің балаларға берген білімдеріңіздің арқасы. Біздің көңілімізді тоғайтатын, әрі ертеңге деген сенімімізді күшейтетін бұдан артық көрсеткіш жоқ.  
Қазіргі таңда облыс мектептерінде барлығы 18 500-ге тарта мұғалім қызмет етеді. Оның ішіндегі бірінші және жоғары санатты мұғалімдердің үлесі 44 пайыз. Осы ретте ұстаздардың біліктілігін жетілдіріп, санатын көтеруге жан-жақты қолдау жасаудамыз. Ал мұғалімдер қауымынан талап пен белсенділік күтеміз.
«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» педагогикалық шеберлік орталығы мен “Өрлеу” орталығының негізінде білім жетілдірудің деңгейлік курстарынан 3 жылда 3 мыңна аса ұстаз өтті. Олар 30-дан 100 пайызға дейін жалақыларына үстеме алып жүр.
Өткен 2 жылда үздік атанған 84 мұғаліміді қолдау мақсатында әрқайсына 1 миллион теңгеден сыйақы берілді.  Химия және математика пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға автокөліктер сыйға тартылды.
Математика, физика, биология, орыс тілі және тарих пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға қосымша қаржы бөлініп, 500 мұғалім қосымша оқуға мүмкіндік алды.  
Мұның барлығы да ұстазды қолдауға бағытталған, мұғалімнің бір кездегі қоғамдағы биік мәртебесін қайтару үшін жасалып жатқан кешенді шаралар. Бұл жұмыс жалғасын таба береді.        
 
Уважаемые учителя! Дорогие коллеги!
Отмечая день учителя, мы в первую очередь, думаем о том, как восстановить и укрепить престиж учителя, как превратить школу в эпицентр обновления и трансформации общества. Этими вопросами задаемся не только мы, над этим ломают голову в том числе самые передовые общества современного мира. 
Потому что мир стремительно меняется, он требует от людей качественно новых знаний, навыков и умений.  
Футурологи считают, что сегодня мы знаем лишь 5% того, что нам станет известно через 50 лет. Другими словами, 95% знаний, которые будут доступны людям к 2060 году, станут результатом открытий, сделанных в предстоящие 50 лет. 
Это совершенно новая среда обитания, подготовиться к которой возможно только через приобретение навыков постоянного самообразования и самосовершенствования. 
Но к сожалению, мы все еще мыслим категориями уходящей эпохи, где скорости передачи данных были ниже, а сроки актуальности информации и годности знаний дольше.
Нынешняя система образования создавалась для эпохи, где личность человека рассматривалась не как интеллектуальная, а как производственная единица. То есть, знания должны были служить индустрии того времени, в основе которой были добыча и переработка сырья. Идеальным человеком той эпохи был тот, кто безошибочно выполнял инструкции, основанные на определенном наборе статичных знаний. Поэтому система образования стремилась создавать массы с шаблонным мышлением и стандартным поведением. Всякие формы проявления творчества признавались отклонением. Качество следования стандартам и соответствия нормам группируется и оценивается по пятибалльной шкале от «отлично» до «не удовлетворительно». Таким образом люди вынуждены приспосабливаться к жизни а рамках шаблонов и инструкций. Такая система очень эффективно уничтожает всякое творческое начало.
Известный британский ученый и эксперт в области образования сэр Кен Робинсон в своих работах описывает очень интересное исследование, которое показывают, что 98% детей еще не прошедших через жернова нынешней системы образования, соответствуют критериям гениальности. Особенность исследования в том, что оно проводилось периодически. Через пять лет те же дети его прошли повторно в возрасте 8-10 лет. Каковы были результаты? Всего 50%. Эти же замеры в 13-15 лет были весьма неожиданными. Среди них оказалось всего лишь 3-4 человека, обладающих качествами неординарного мышления. 
Почему так происходит? Дело в том, что у детей с рождения отсутствует страх сделать ошибку. Ребенок не думает, что ошибка может привести к чему-то негативному. Поэтому его разум свободен от предрассудков. Но в 6-7 лет он попадает в школу, где за каждую помарку, за ошибку в решении задачи, за неправильное ударение его останавливают, исправляют и наказывают. 
Так в течение 11-ти лет медленно размывается талант и творческое мышление ребенка. К выпуску из школы он подходит с целым багажом привитых мыслительных комплексов и страхов. И это главная проблема всех без исключения образовательных систем современности.
Но пока мы лишь разобрались с проблемой и ее постановкой. Теперь идет активный поиск путей решения. И все пути ведут к учителю, его осознанию своей новой роли и активной творческой деятельности.   
Осознания и осмысления требует новая парадигма эры экономики знаний, где решающую роль получают не коллективные усилия одинаково обученных людей, а сумма индивидуально подготовленных специалистов с уникальными знаниями и навыками.
Однако сейчас мы пытаемся старыми методами индустриальной эпохи готовить детей к будущему в технологическом веке. К тому времени, когда появятся виды деятельности, новые профессии или даже целая сфера жизнедеятельности, которых мы пока еще и представить себе не можем.
На фундаментальном уровне нынешние образовательные системы не раскрывают потенциал детей, не учитывают силы их воображения и многогранного мышления. В результате многие, закончив школу и понятия не имеют о своих талантах.
Уже упомянутый Кен Робинсон в своей широко известной лекции описывает следующий случай: «Одна учительница начальных классов проводила урок рисования в группе шестилетних детей. В конце класса сидела маленькая девочка, которая не очень радовала учителей прилежанием. Но это не относилось к урокам рисования. На протяжении двадцати минут девочка рисовала, закрыв от всех свой лист бумаги. Заинтригованная учительница не выдержала и спросила, что же она рисует. Девочка, не поднимая глаз, ответила: «Я рисую Бога». 
Удивленная, учительница сказала: «Но ведь никто не знает, как выглядит Бог». 
Девочка ответила: «Сейчас узнают».
Видите, насколько порой с интересными творческими натурами работает учитель.
Речь о том, что учитель порой единственный, кто может разглядеть талант и призвание человека, распознать гармонию интеллекта и таланта, природных способностей и личных предпочтений. Именно учитель способен подарить человеку счастье жить в своей стихии.  
Поэтому проявление потенциала человека, творческого мышления, а самое главное обретение призвания должны стать главной целью образования в эпоху экономики знаний и технологической революции. Только такое образование будет в цене, а несущий такие ценности учитель будет в почете.  
Именно поэтому по инициативе Главы государства в Казахстане реализуется масштабный проект «Назарбаев интеллектуальные школы», которые призваны обеспечить трансформацию как содержания, так и формы нашего образования. Многие из Вас уже прошли многоуровневые курсы повышения квалификации, созданные на базе опыта НИШ. Такое обучение должно быть продолжено.
По нашей инициативе совместно с «Назарбаев интеллектуальными школами» мы приступаем к созданию региональной сети интеллектуальных школ, которая должна стать стартовой площадкой для внедрения новой парадигмы образования, ориентированной на современные вызовы и задачи перспективного развития нашего общества.        
Еще один вопрос, на который мы хотим обратить Ваше внимание касается поиска баланса между устойчивым духовным развитием нации и высокой динамикой глобальных процессов. Чтобы сохранить этот баланс в Глава нашего государства возвел в ранг национальных приоритетов принцип полиязычия. Успешная реализация этой задачи также зависит от наших учителей. Введением трехязычного образования, мы переводим вопросы языков из политической в образовательную плоскость и начинаем серьезную практическую трансформацию всего общественного сознания. Человек, выучивший новый язык становится новым человеком. Также и общество, свободно говорящее на трех языках будет совершенно новым социумом, ментально готовым занять место в когорте ведущих стран современного мира. Как амбициозная «старт-ап нация» мы обязаны принимать именно такие меры, позволяющие в обозримый период трансформировать мировоззрение нации.             
Как видите, на учителей сегодня возлагается ответственная миссия – не только научить детей творчески мыслить и самостоятельно принимать решения, но и воспитать новую генерацию граждан, способных достойно представлять жить интересами своей страны. Уверен, что Вам по плечу и такая задача. Кызылординское учительство является надежной опорой государства, которое делает все возможное для поддержки образования и повышения престижа Вашего учителя.
В сознании каждого из нас живет память о любимом учителе, чьи поддержка и мудрость помогли поверить в себя и выбрать правильный жизненный путь. Мы благодарны Вам, наши дорогие наставники, за самоотверженную работу, за тепло и любовь, которые Вы щедро отдаете своим ученикам.
От всей души поздравляем Вас с Днем учителя - праздником тех, для кого смыслом жизни стало служение благородному делу просвещения и воспитания молодого поколения. Желаем Вам крепкого здоровья, новых творческих успехов и много одаренных учеников, чьи таланты раскроете именно Вы! 
 
Қадірлі ұстаздар!
Білім беру – айтуға ғана оңай, аса күрделі шаруа. Оны Өздеріңізден артық ешкім білмейді. Сондықтан да жоғарыда айтылған мәселелердің төркіні Сіздерге жақсы таныс.
Ертеңгі күннің еншісі бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген термен өлшенеді. Ендеше, ертеңгі күн үшін жауапкершілік Сіз бен біздің мойнымызда. Осы күні Сыр өңіріннің 300 мектебінде білім алып жатқан 135 мың баланың басындағы орайы да, обалы да, тағдырының бермегі де, кермегі де Сіз бен бізге байланысты.
Ертеңгі күні бұл ұрпақ қандай болады?! Оның туған еліне, ана тіліне деген, Ұлы даласы мен Мәңгілік еліне деген махаббаты қандай болады?!
Бұған жауапты Сіз бен бізден басқа ешкім бере алмайды. Өйткені, Ұлы даланың киелі пұшпағы болған Сырдың болашағына бірге жауаптымыз. Сондықтан да, ұстазға деген құрмет пен қамқорлық елге деген құрмет пен қамқорлықты білдіреді.
Осы орайда, қалыптасқан дәстүр бойынша, ұстаздар күні біз балаларымыздың алдында жүрген барлық мұғалімдердің жұмысына ризашылық білдіре отырып, еңбегімен көзге түскен, оқушылары табысымен топ жарған ұстаздарды арнайы марапаттаймыз.
Биылғы марапаттау рәсімі “алғашқы ұстазға” арналған алғыстан басталады. Білім негізі бастауышта қаланады, сол бастауышта әр адамға білім әлеміне есік ашқан алғашқы ұстазы бар. Жүректік түкпірінен орын алған сол ұстаздың бейнесі алтыдағы баланың да, алпыстағы атаның да басын игізетін қаситеке ие. Биылғы Ұлттық бірыңғай тесте облыстың мерейін өсірген  139 «Алтын белгі» иегерлеріне әліппе оқытқан алғашқы ұстаздары бүгінгі салтанатты шараға арнайы шақырылды.
Қызылордалық «Алтын белгі» иегерлеріне алғаш қалам ұстатқан бастауыш мектеп ұстаздарына Астана қаласына саяхат жолдамасы беріледі.
 
Аса қадірлі ұстаз қауым!
Дана халқымыз “қарымды ұстазы мен тағылымды ұланы тең елдің бағы да баянды” дейді. Халық айтса, қалт айтпайды. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында алда талай Елін сүйетін, білімді жас ортаға қосыларына кәміл сенеміз. 
Баршаңызды келе жатқан төл мерекелеріңіз, ұстаздар күнімен тағы бір мәрте шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс, оқушыларыңызға жеңіс тілейміз! 
 

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың
Қорқыт Ата атындағы 
Қызылорда мемлекеттік университеті 
студенттеріне оқыған дәріс тезисі
 
2015 жыл 23 қыркүйек, 12-00
 
Құрметті студенттер, еліне жанашыр жас достар! 
 
Қалыптасқан дәстүр бойынша еліміз бен дүниеде болып жатқан өзгерістер, әлемнің, елдің және облыстың дамуындағы жаңалықтар жайында пікір алмасатын кезекті дәріске жиналдық.
Мұның алдындағы кездесуден бері ғаламдық саясат пен экономикада, ел ішінде және өз аймағымызда да әрқайсысына жеке дәріс арнайтындай жаңалықтар көп болды.
Украина төңірегіндегі жағдайдың салдарынан Батыс елдері мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынас күрт суып, жаңа “қырғи-қабақ” теке-тірес басталып кетті.
Европа елдері мен Америка Құрама Штаттары Ресейге қарсы кең көлемді экономикалық санкциялар қолдануға көшті. Ресейлік банктер мен компанияларға халықаралық қаржы нарықтарынан ақша алуға тыйым салынды. Ең қиыны, Ресей үшін аса маңызды экспорттық тауар болып табылатын мұнайдың бағасы қатты төмендеді. Бір жылдың ішінде бір барель қара алтынныңбағасы 115 доллардан  40-45 долларға дейін түсті.
Соның әсерінен рубльдің долларға шаққандағы құны екі есе арзандады. 
Өздеріңіз жақсы білетіндей, Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі. Ресей мен Қазақстан арасындағы шекараның ұзындығы жеті жарым мың шақырымнан асады. Қазақстанның 6 облысы Ресей Федерациясының 12 субъектісімен шектеседі. Екі ел экономикаларының өзара тәуелділігі де соған сәйкес өте жоғары. Биылғы жылдың басында Ресей рублінің құны кенеттен қатты төмендеген кезде Ресеймен шекаралас Қазақстан облыстарының тұрғындары жаппай көрші елге барып, азық-түлік пен тұрмыстық техникадан бастап көлік пен тұрғын үйге дейін арзан бағамен сатып алды. Нәтижесінде соңғы бір жылдың ішінде Қазақстаннан Ресейге 20 миллиард доллар жеке қаражат кеткен. Рубльдің бағасы төмен болғандықтан Ресейде шыққан тауарлар біздің елге көптеп келіп, қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілетін төмендетті.
Сипатталған жағдай қазіргі кезеңдегі әлемдік саясат, мұнай нарығы мен халықаралық қаржы жүйесінің өзара тығыз байланысын, оның жекелеген елдердің экономикасы мен тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне тигізетін әсерін көрсетеді.
Бұл жағдайдың Қазақстанға тигізген әсерін сіздер жақсы білесіздер. Бір жағынан Ресей экономикасындағы дағдарыс, екінші жағынан әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қатты төмендеуі Қазақстан үкіметін де бұрын бармаған төтенше экономикалық шешімдерге мәжбүрледі.
Атап айтсақ, Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің басқа валюталарға шаққандағы бағамын анықтайтын саясат өзгерді. Тамыз айынан бастап теңгенің айырбас бағасын нарықтағы ұсыныс пен сұраныс негізінде қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағасын белгілі бір аралықтан асырмай ұстап келдік. Алайда, ол үшін Ұлттық қорда жиналған қаржыны көп мөлшерде тиімсіз жұмсауға тура келді. Егер осы саясат жалғаса бергенде, Ұлттық қордағы бар қаражаттан айырылып, мемлекетке қауіп төнер еді.
Осылайша, Қазақстан тарихында тұңғыш рет біз ұлттық валюта бағасы еркін өзгеретін саясатқа көштік. 
Валюта бағасы деген не? 
Ол қалай өлшенеді? 
Ол бағаның еркін өзгеруі нені білдіреді? 
Жеке адамдар мен мемлекеттер жинаған қорларын қай ақшада ұстаған дұрыс?
Валюта жүйесінің болашағы не болады? 
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін халықаралық валюта жүйесінің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты талдау қажет. 
Бүгінгі дәріс, бір жағынан ғаламдық маңызы бар, екінші жағынан әр адамның күнделікті өміріне тікелей қатысы бар осы  тақырыпқа арналмақ.
Рас, әлемдік валюта жүйесінің қазіргі жағдайы мен оның болашағы дүние жүзінде ең қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі. Көп мамандардың пікірінше, алдағы уақытта валюта жүйесі түбегейлі түрде өзгеруі мүмкін. Басты қағидалары мен ережелері XX ғасырдың ортасында қалыптасқан және АҚШ долларына негізделген қазіргі әлемдік валюта жүйесі осы күнгі әлем экономикасындағы күштердің арасалмағын ескермейді. 
АҚШ экономикасының ішкі қиындықтарынан, сауда балансы мен федералды бюджеттің дефициті салдарынан Құрама Штаттардың дүние жүзіндегі доллардың басымдығын  қамтамасыз ету мүмкіндіктері азайып келеді. Әсіресе соңғы жылдардағы доллардың жедел девальвациясы, яғни құнсыздануы оны негізгі резервтік және есеп айырысу валютасы ретінде пайдалануды қатты қиындатты. 
Экономикалық тарихқа қарайтын болсақ, әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы бірнеше өзара сабақтас кезеңдерден өткен. Ол кезеңдердің әрқайсында кеңінен қолданылған, негізгі әлемдік ақшаның формасы болған. 
Әлемдік ақша дегеніміз – халықаралық экономикалық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, мемлекеттер арасындағы есеп айырысу (средство платежа), құн анықтау (мера стоимости) және қор жинау (средство накопления) қызметтерін қатар атқаратын активтің түрі. Әр кезеңде бұл қызметтерді алтын немесе жекелеген елдердің ұлттық валюталары атқарған. Мұндай валюталарды резервтік деп атайды, өйткені мемлекеттер оларды өздерінің қорларын сақтау үшін пайдаланады (Таблица №1).           
Резервтік валюталардың тарихы – түптеп келгенде әлемдік державалардың көтерілу және құлдырау тарихы. Дәулеті артқан елдер әдетте өз валютасының сыртқы экспансиясын күшейтіп, оны әлемдік ақшаға айналдыруға тырысады. Ол үшін түрлі экономикалық және саяси амалдар қолданады. Мәселен, жекелеген елдер мен компанияларға тікелей және халықаралық қаржы ұйымдары арқылы несие таратылады, саяси мәжбүрлеу шаралары арқылы өз валюталарын қодануға міндеттейді. Есесіне, өзінің ұлттық валютасын әлемдік ақшаға айналдырған ел көптеген экономикалық артықшылықтарға ие болады. 
Біріншіден, ондай елдің есеп айырысу балансындағы дефицит шет мемлекеттердің есебінен жабылады. 
Екіншіден, сырттан келетін инвестиция көлемі едәуір артады. 
Үшіншіден, резервтік валютаның иесі басқа елдерге саяси өктемдік жүргізуге мүмкіндік алады. Осы мүмкіндікті АҚШ өз саясатында жиі пайдаланатынын сіздер жақсы білесіздер.
АҚШ долларының осындай күш-қуатқа ие болғанына 60 жылдан аса уақыт болды. Осы дәрежеге жету үшін доллар ұзақ әрі күрделі жолдан өтіп, өзіне осындай қызметтерді атқарып келген алтын мен басқа елдердің валюталарын жеңіп шықты.
1867 жылы Парижде бірінші халықаралық валюталық конференция өтті. Онда мемлекеттер арасындағы алыс-берісті реттейтін әлемдік ақшаның тұңғыш формасы болып алтын белгіленді. Алайда, ақшаның қызметін атқара алатын алтын көлемі аз болғандықтан халықаралық есеп айырысу және мемлекеттердің қорларын қалыптастыру үшін сол кездегі қуатты елдердің валютасы қолданылды. Әсіресе, ағылшын фунт стерлингінің беделі мен үлесі ерекше жоғары болған. 
XIX ғасырдың екінші жартысында халықаралық алыс-берістің 60 тан 90 пайызына дейін ағылшын ақшасында жүрген. Ұлттық банктердің резервтеріндегі фунт стерлингтің үлесі француз франкінен екі есе көп, ал АҚШ долларынан 10 есе артық еді (2 сурет).
19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басындағы әлемдік валюта жүйесіндегі Британ империясының үстемдігі Лондонның халықаралық экономикалық жүйедегі, алтын және капитал нарығындағы ерекше орнымен анықталды. 1880 жылы АҚШ-тың ішкі жалпы өнімінің көлемі Ұлыбританиядан асып түсті. Дегенмен де, фунт стерлингке деген сенім әлі ұзақ уақыт күшін жоймады. Өйткені фунттың алтынмен қамтамасыз етілген құны 100 жыл (1814-1914) бойына өзгеріссіз тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ағылшын ақшасы алтынның әлемдік нарықтағы баламасы болып келді. 
Алайда, бірінші және екінші дүнижүзілік соғыстың арасында әлемдік валюта жүйесі тез өзгере бастады. АҚШ доллары әлемдегі екінші резервтік ақшаға айналды. Американдық экономиканың қарқынды өсуі доллардың халықаралық беделін тез көтерді. 1929 жылы дүние жүзілік өнімдегі АҚШ-тың үлесі 28 пайызға жетті. Осы кезде АҚШ-та басталған “ұлы депрессия” доллардың өрлеуіне кедергі келтіргенімен, оны тоқтата алмады.
1944 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген Бреттон-Вудс конференциясы доллардың халықаралық қаржы нарығындағы сөзсіз үстемдігін заңдастырып берді. Соғыстан кейінгі әлемдік валюта жүйесін қайта құрған бұл конференцияның қарарына сәйкес, халықаралық резервтік құрал ретінде алтын, доллар және фунт белгіленді. Алайда, басымдық АҚШ долларына берілді. 
Есесіне Құрама Штаттар кез-келген сәтте, кез келген елге 1 унция алтынды 35 долларға айырбастап беруге міндеттеме алды. Ал шартқа қосылған мемлекеттер өз валюталарының құнын долларға байлап, келісілген айырбас бағамын қамтамасыз етуге келісті.
АҚШ-қа зор басымдық берген Бреттон Вудс шарты соғыстан кейінгі экономикалық жағдайдың айқын көрінісі еді. Ол кезде батыс елдерінің арасындағы АҚШ-тың дәулеті мен экономикалық беделі сөзсіз басым болатын. 
1950 жылы әлемдік жалпы өнімдегі Құрама Штаттардың үлесі 30 пайыз, әлемдік экспорттағы үлесі 42 пайыздан артық болатын. (Салыстыру үшін Ұлыбританияның үлесі 6-ақ пайыз еді).
АҚШ бұл уақытта капиталистік әлемге тиесілі алтын қорының 75 пайызын иеленді. Жапония мен Батыс Европа елдері соғыстан қатты зардап шегіп, Құрама Штаттарға қарсы тұра алмады. Америка Құрама Штаттарының зор экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестіктің жоқтығы доллардың әлемге тез таралуына жол ашты.
XX ғасырдың 50-70 жылдары доллар сыртқы инвестициялардың негізгі құралы, халықаралық саудадағы басты валюта болып, әлемдік қаржы нарығының  діңгегіне айналды.
Бреттон-Вудс жүйесі 1960 жылға дейін жақсы жұмыс істеді. Алайда, соғыстан кейінгі 20 жылда әлем тез өзгеріп, қаржылық дағдарыстың белгілері пайда болды. Соның салдарынан 1971 жылы АҚШ Бреттон-Вудс шартынан шығатынын жариялап, долларды алтынға айырбастаудан бас тартты. 
Осылайша алтын мен долларға байланған әлемдік валюта жүйесі жойылып, капиталистік әлем ақша бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын жаңа жүйеге көшті. Құрама Штаттар бұған дейін доллардың құнына кепілдік беріп келген алтыннан бас тартты. Сөйте тұра, әлемдік валюта жүйесі “долларға сенім” негізінде жұмыс істей берді. Өйткені қалыптасып қалған әдет бойынша долларға деген психологиялық сенім өте жоғары болды. Қазақша айтқанда, сол “көзсіз сенім” әлі де күшті. Долларды күшейтіп, оның ықпалын арттырып отырған осындай сенім ықпалында жүрген және артық ақшасын долларда сақтауды жөн көретін дамушы мемлекеттер. Оның ішінде өзіміз де бармыз.
Доллардың әлемдік ақша нарығындағы билігін әлсіретуге бағытталған алғашқы қадам 1999 жылы жасалды. Бұл жылы айналымға Европалық Одақтың ортақ валютасы Евро кірді. Евроны енгізу Евроодаққа да оңай болған жоқ. Ортақ Европалық валюта жайлы алғаш әңгіме қозғалғаннан оны іске асыруға дейін 30 жылдан астам уақыт кетті. Осы аралықта Европа елдерінің заңнамалық, экономикалық, қаржылық және бюджеттік саясаттарын ортақ талапқа келтіру үшін өте көп жұмыс істелді.
Алғашында евроға күмәнмен қараған мамандар көп еді. Алайда жаңа валюта аяғынан нық тұрып, долларға балама болуға қауқарлы екендігін тез дәлелдеді. Бұған негіз болған Европалық мемлекеттердің ортақ экономикалық қуаты. Қазіргі уақытта Евроодақтың экономикалық күш-қуаты Құрама Штаттарға пара-пар.  
Бүгінгі таңда одаққа мүше 28 елдің 19-ы ортақ валютаға көшкен. Евроодақтың әлемдік жалпы өнімдегі үлесі 12 пайыздан артық (салыстыру үшін Құрама Штаттардың қазіргі үлесі 16 пайыз).
Әлемдік тауар экспортындағы Евроодақтың үлесі 14 пайыз болса, Америка Құрама Штаттарының үлесі 8 пайызды құрайды. Әзірше евроның әлемдік валюта жүйесіндегі орны Евроодақтың экономикалық пәрменіне тең емес. Болашақта евроның резервтік валюта ретіндегі ролі күшейеді деген болжам бар. 
Евроның таралуы баяу жүруде. Өйткені, Европалық орталық банк шалт қимылдап, артық тәуекелдерге барғысы келмейді. Евроодақтың басты мақсаты – өз аймағындағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. 
Евроның баяу болса да күшеюіне соңғы жылдардағы доллардың әлсіреуі де жағдай жасауда. 90-жылдардың басынан бері Америка Құрама Штаттары сыртқы қарыз мөлшері ең ірі елдердің біріне айналды. Соның салдарынан доллардың құны төмендей бастады. 
Мәселен, 2002 –2014 жылдар аралығында АҚШ долларының евроға шаққандағы құны 35 пайызға, ал негізгі сауда әріптестері валюталарының жиынтық бағасына шаққанда 20 пайызға арзандаған (1 сурет).     
Бұл жағдайға резервтік қорларын долларда сақтайтын көп мемлекеттер алаңдай бастады. Қазіргі уақытта тек долларға арқа сүйеп, қаржы саясатын доллар төңірегінде құрастырудың қауіпті екендігі жиі айтылуда. 
Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттарының ағымдағы есеп айырысу балансы бойынша дефициті күрт өсті. Мәселен, 2013 жылы бұл дефицит 435 млрд. доллардан асқан. Мұндай жағдайда көптеген елдердің орталық банктері, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қаржы саясаты өзгеріп, қор жинаудың құралы ретінде доллардан бас тартатын болды. 
Сондай-ақ, өзара сауда көлемі жоғары мемлекеттер есеп айырысуда доллардан тартынып, басқа валюталарға немесе ұлттық валюталарға көше бастады. 
Құрама Штаттардың федералды бюджетіндегі дефициттің барған сайын артуы – аталған үрейді одан әрі күшейтті. 
Басқаны қойып, халықаралық ұйымдардың жаңа ғаламдық-резервтік валюта қажеттігі туралы жиі айта бастағандығы – доллар дәуірінің өтіп бара жатқандығын растайды. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік Валюта Қоры доллардың орнын басатын арнайы халықаралық валюта шығаруды ұсынады. 
Бұл тенденцияны көлемі бойынша дүниежүзіндегі екінші экономикаға айналған Қытайдағы жағдай күшейте түсті. Қазірдің өзінде 70 мыңнан аса қытайлық компаниялар сыртқы сауда-саттықта тек ұлттық валютаны қолданады. 
Бұған қоса соңғы жылдары бірқатар ірі мемлекеттер өзара алыс-берісте долларды қолданбауға келісті. 
Мәселен, 2012 жылдың басында Қытай мен Жапония арадағы сауда шарттарында өз валюталарын қолданып, айырбасты доллардың көмегінсіз тікелей жасауға келісті. 
Ірі дамушы мемлекеттерді біріктіретін «БРИКС» деген ұйымды білетін шығарсыздар. Бұл ұйымға Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка мемлекеті кіреді. Аталған елдер 2013 жылы ұйым ішіндегі сауда мен бизнесті дамытуға бағытталған несиелік тетіктер құру жөнінде келісті. Мұнда да тек ұлттық валюталарды қолдану – басты қағиданың бірі. 
Ресей мен Қытайда өзара экономикалық қарым-қатынаста тек ұлттық валюталарын қолдануға бекінді. Бұл екі елдің басшылары да жаңа ғаламдық резервтік валюта қажеттігін жиі айтып жүр. 
2009 жылдан бері Қытай Африка құрлығындағы елдердің ең ірі сауда әріптесіне айналды. Қытай мен Африка елдері арасындағы сауда-саттық тек Қытайдың ұлттық валютасында жүреді. Сол секілді Қытай мен Біріккен Араб Әмірлігі және Сауд Арабиясы арасында мұнай саудасында тек ұлттық валюталарын қолдану туралы келісім бар. 
Мұның сыртында соңғы жылдары қарқыны күшейе түскен ғаламдану мен әлем елдері арасындағы экономикалық қатынастардың тереңдеуі қалыптасқан валюталық жүйеге жаңа дағдарыстар алып келді. Әлемдік экономикадағы сауда және инвестиция саласындағы баланстар бұзылды. 
1990 жылмен салыстырғанда 2013 жылғы әлемдік сауда көлемі 4 есе өсіп, 18 триллион долларға жетті. Ал, тікелей инвестициялар көлемі 5 есеге артып, 6,7 триллион долларға теңелді.
Бұл өсімдегі дамушы мемлекеттердің үлесі жыл сайын артып келеді. Негізінен экспортқа бейімделген дамушы елдер мен Құрама Штаттар арасындағы сауда балансы бұзылды. 
Бір жағынан, Америка Құрама Штаттарына тауар сатып, экспорттық табысы ұлғайған дамушы елдердің артық қорлары көбейді. Екінші жағынан, тұтыну көлемі күрт өсіп, жинақ ақшасы азайған Америка Құрама Штаттарында сауда балансының дефициті артты. Бұл да өз кезегінде доллардың әлсіреуіне ықпал етуде. 
Осылайша долларға деген сенімге негізделген әлемдік валюта жүйесінің негіздері әлсіреп келеді. Осыған орай, мамандар алдағы уақытта доллардың орнын басуы ықтимал валютаны анықтауға тырысуда. 
Евроға сенетін сарапшылардың айтуынша, бұл валюта қазірдің өзінде долларға жақсы бәсекелес болуда. Бүгінгі таңда евро доллардан кейінгі екінші резервтік ақшаға айналды. Оның әлемдік ресми резервтер қорындағы үлесі – 25 пайызға жетті. Евроның бұл қуаты Евроодақтың өсіп келе жатқан дәулетімен байланысты. 
Мәселен, 2013 жылы Европа елдерінің жиынтық құнды қағаздар нарығының құны – 37 триллион доллардан асты. Бұл әлемдік көрсеткіштің 30 пайызын құрайды. Құрама Штаттардың үлесі болса 35 пайыз. Болашақта, егер Ұлыбритания евро аймағына қосылатын болса, евро көптеген көрсеткіштер бойынша доллардын асып түсейін деп тұр. 
Осы саланың бірқатар белді мамандары соның ішінде федералды резерв жүйесінің бұрынғы төрағасы Алан Гринспеннің пікірінше, евроның резервтік валюта ретінде доллардан асып түсуі әбден мүмкін. Бірақ ол үшін мынадай шарттар орындалуы қажет.
Біріншіден, Евроодақ ішіндегі экономикалық тұрақтылық орнап, оған мүше барлық мемлекеттер, соның ішінде Ұлыбритания, Швеция мен Дания евроны ұлттық валюта ретінде қолдануы тиіс. 
Екіншіден, доллардың құнсыздануы жалғасуы қажет.
Байқасаңыздар, дәл қазір орындала қоюы екіталай шарттар. 
Басқа мамандар Азия елдерінің, соның ішінде Қытайдың қарқынды дамуын алға тартып, доллармен тартысатын күшті валюта Қытайдың юаны болады дейді. 
Шынында да, соңғы 10-15 жылда ірі дамушы елдер, соның ішінде әсіресе Қытай өзінің экономикалық қуатын өсіріп, қаржы баланстарын едәуір жақсартты. Соның арқасында ұлттық валютасын сыртқы саудада кеңінен қолдануға мүмкіндік алды. 
Ұлттық валютасының сырттағы беделін көтеру мақсатында Қытай бірқатар елдермен өзара саудада юанды қолдану туралы жеке келісімдерге келді.
Атап айтсақ, Моңғолия, Вьетнам, Ресей, Филиппин және Оңтүстік Кореямен сауда негізінен юань арқылы жүреді. Сондай-ақ, Қытай Үкіметі ұлттық валютасының Гонконгта, Лондонның және Париждің қаржы орталықтарында кеңінен қолданылуына жағдай жасауда. Қытайдың бастамасымен «БРИКС» ұйымының даму банкі құрылды. Аталған банкқорының 40 пайызын Қытайдың ақшасы құрайды. 
Сонымен қатар, қаржы саласының мамандары уақыт өткен сайын «БРИКС» ұйымына мүше басқа да елдердің өз ұлттық валюталарын күшейтуге тырысатынын айтуда. Мұндай елдердің қатарында Үндістан мен Бразилия ерекше аталады. 
Бразилияның ұлттық валютасы реалдың беделі Латын Америкасы елдерінде тез өсіп келеді. 
Мәселен, Латын Америкасы елдері экономикасының 75 пайызын қамтитын «МЕРКОСУР» ұйымының ішінде ұлттық валюталарды қолдану тәжірибесі кеңейіп келеді. 
Өздеріңіз жақсы білетіндей, біздің аймақта да көрші мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақты күшейтіп, тегеуіріні мықты ортақ валюта шығару туралы ұсыныстар айтылып жүр. Мәселен, Евразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде “Алтын” атты ортақ ақша енгізу идеясы мамандар ортасы мен ақпарат құралдарында талқыланып жүр. Алайда, тәуелсізздікті бәрінен де биік қоятын біз үшін төл теңгеден бас тарту мүмкін емес қадам. Сонымен бірге, экономикалары мұнайдың бағасына тәуелді басқа Евразиялық Одақ елдерінің де қазіргідей тұрақсыз жағдайда мұндай бастамаға баруын елестету қиын-ақ.                      
Соңғы уақытта күшейіп келе жатқан экономикалық тұрақсыздық о баста дамыған елдерде басталып, бүкіл әлемге тез тарады. Бұл жағдай барлық мемлекеттердегі үрейді күшейтіп, әлемдік қаржы жүйесіндегі доллардың басымдығын тежеу қажет деген пікірдің жақтаушыларын көбейтуде.
Доллар басымдығының шегі бола ма? 
АҚШ бұрынғы әдетінше өз экономикасын басқа елдердің есебінен қаржыландыра бере ме? 
Америка Құрама Штаттарының сыртқы қарыздарының шегі бола ма? Жер-жерден жиі қойылатын бұл сұрақтардың жауабын табу оңай емес. 
Сарапшылар іске асуы ықтимал түрлі сценарийлер береді. Бір мамандарға сенсек, доллар құнының ұзақ мерзімді төмендеуі – Америкадағы үлкен қаржылық және экономикалық дағдарысқа алып келеді.Инвесторлар американдық құнды қағаздардан теріс айналады. Соның салдарынан Құрама Штаттардың экономикасы қатты құлдырайды. Америка Құрама Штаттарының әлемдік экономикадағы ерекше зор орнын ескерсек, бұл жағдай дүниежүзінің экономикасын қатты шайқалтуы мүмкін. Бірақ, бұл болжамның орындалуы екіталай. 
Шын мәнінде, көптеген әлем елдерінің экономикасы долларға тәуелді. Сондықтан, ірі мемлекеттер соның ішінде “үлкен жетілікке” кіретін дамыған елдер долларды қолдауға бағытталған шараларды қолға алып, әлемдік валюта жүйесінің күйреуіне жол бермейді. 
Сонымен бірге, доллардың әлемдік нарықтағы басымдығы қадам-қадам әлсіреп, бара-бара ғаламдық қаржы архитектурасы жаңа форма табуы тиіс. Шамасы, бұл форма бір емес бірнеше резервтік мәртебесі бар валютаға арқа сүйейді. Соның ішінде, қуаты мен беделі ең жоғары евроны назарда ұстау қажет. 
Осылайша, бір емес бірнеше тіреуі болатын көп полюсті қаржы жүйесінің қалыптасуы заңды болып көрінеді. Жаңа жүйедегі күштердің арақатынасы қазіргі экономикалық тұрақсыздықтың ұзақтығы мен тереңдігіне және өз валюталарын басқарудағы үкіметтердің іс-қимылына тәуелді болмақ.
 
Құрметті жастар! 
 
Тәуелсіз Қазақстанның 24 жылдық өркендеу жолында жасампаз бастамалар, атқарылған игі істер мен жетістіктер аз болған жоқ, сонымен бірге сырттан келген тосын қиыншылықтар мен сындар да көп болды.
Ескі экономика мен қоғам негіздері күйреп, мемлекеттің шаруашылық және қаржылық негіздері астан-кестен болған 90-шы жылдардың басы ерекше ауыр еді. Инфляция 2 мың пайыз, қаражат аз, тауар тапшы, кәсіпорындар тоқтаған кезеңнен біздің халқымыз табанды еңбегі мен бірлігінің арқасында абыроймен шықты. Ол үшін Сіздердің ата-аналарыңыз бен аға-апаларыңызға рахмет айту керек. 
Сол қиындықтардан енді ғана ес жинаған сәтте, 90-шы жылдардың аяғындағы Азиялық экономикалық дағдарыс басталды.
Қолға алынған шаралардың арқасында еліміз ол дағдарысты қысқа мерзімде еңсеріп, дамуын жалғастырды.   
2000-шы жылдардың басы мен ортасында барлық салада жоғары қарқынды даму, әсіресе қаржы және банк саласында ерекше жоғары көрсеткіштер байқалды. Алайда, 2007 жылы дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталды.
Үкімет, Ұлттық банк және даму институттарының  бірлескен іс-қимылының арқасында ол дағдарысты да еңсеріп, алға жылжыдық.
Қазір Қазақстан халықаралық нарықтағы жағдайдың өзгеруінен туындаған кезекті экономикалық кедергілерге тап болды. Біздің негізгі экспорттық тауарлардың халықаралық нарықтағы бағасының күрт төмендеуінен, сондай-ақ Ресей мен Қытай секілді негізгі сауда әріптестеріміздегі экономикалық жағдайдың нашарлауы салдарынан Қазақстан қаржы және экономика жүйелерін реттеудің жаңа тетіктерін іске қосуға мәжбүр.
Жоғарыда айтылғандай, тамыз айынан бастап теңгенің айырбас бағасын нарықтағы ұсыныс пен сұраныс негізінде қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағасын келісілген аралықта ұстап келдік. Алайда, ол үшін Ұлттық қорда жиналған қаржыны көп мөлшерде тиімсіз жұмсауға тура келді. Соңғы екі жылдың ішінде Ұлттық банк осы мақсатқа 28 миллиард доллар жұмсаған! Егер осы тәжірибе жалғаса беретін болса, Ұлттық қордағы бар қаражаттан айырылып, мемлекетке қауіп төнер еді.
Сондықтан қабылданған шешім мәжбүрлі болғанымен, қалыптасқан жағдайда біз үшін жалғыз ғана оңтайлы жол. Қысқа аралықта бұл шара көпшілікке салмақ салуы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімде бұл шешім бізге экономиканы сауықтыруға көмектеседі. Ең бастысы бұл шешім ірі кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеп, жұмысшыларын қысқартпай, айлықтарын уақытында төлеп, өндірісті дамытуға жағдай жасайды. Ірі өндірістің төңірегінде оларға қызмет көрсететін орта және шағын кәсіпкерлік дамиды. Сондықтан түптеп келгенде, қабылданған шешім ел экономикасына оң ықпал етері сөзсіз. 
Бұл шара экономиканы сауықтыруға арналған үлкен жоспардың бір бөлігі. Аталған жоспар макроэкономикалық жағдайды, әлемдік нарықтағы ахуалды ескере отырып, ішкі нарықтағы бағаның қымбаттауын, жұмыс орындарының қысқаруын тежеуді, өндіріс көлемін арттыруды көздейді. 
Байқап отырғандарыңыздай, әлемнің түкпір-түкпірінде пайда болған түрлі экономикалық дағдарыстарға еліміз талай рет қарсы тұрып, оларды тиімді еңсеру тетіктерін тапты. Мемлекет басшысының тапсыруымен қолға алынған шаралар экономиканың тұрақты дамуына жол ашып, өмір сапасын тездетіп көтеруге мүмкіндік берді. 
Әлем экономикасының тарихы кез-келген дағдарыс өзінен кейін өркендеп, өсуге жол ашатынын көрсетіп келеді. Құлдырау өрлеуге ұласады, ал өрлеу - төмендеумен алмасып тұрады. Бұл - нарық экономикасының болмысы. Нарықтың қиындықтары экономиканы сауықтыру үшін, өндіріс пен кәсіпкерлікті шынықтыру үшін де керек.
Тәуелсіздіктің бастауында Қазақстанның қысқа уақытта осындай жетістіктерге жетуі, Астананың қазіргідей қалаға айналуы бізге мүмкін емес болып көрінген. Теңгенің де әлемдік валюталар қатарынан орын алуы қазір мүмкін емес болып көрінеді. Бірақ, арманы асқақ, мұраты биік елдер ғана алға басады. Сол армандарымызды ақиқатқа айналдырар азаматтардың осы залда отырғанына мен сенемін.    
Сондықтан қиындыққа қарамастан, келешекке сеніммен қарайық. Ұлы Далада «Мәңгілік ел» болудың қамын бір сәтке естен шығармай, алға қойған биік мақсаттарға ұмтылайық. 
Сіздерді елдік мұрат жолындағы белсенді ізденіске, оқу мен еңбекке шақырамын!
Назарларыңызға рахмет! 

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың
«Forbes.kz» журналына берген сұхбаты
 
Крымбек Кушербаев: Время поиска новых решений
 
Своё мнение о ситуации на мировых рынках, ценах на нефть, девальвации тенге и перспективах развития Казахстана в сложных экономических условиях выразил в эксклюзивном интервью Forbes.kz аким Кызылординской области, доктор политических наук Крымбек Кушербаев
 
Не стоит ждать высоких цен на нефть 
 
F: Крымбек Елеуович, вы являетесь одним из «тяжеловесов» на политическом поле нашей страны, одним из самых опытных акимов. Как вы оцениваете сегодняшнюю экономическую ситуацию? И насколько сильно происходящее затрагивает возглавляемый вами регион? 
- Весь драматизм сегодняшней ситуации обусловлен падением цен на основные экспортные товары Казахстана, прежде всего, на нефть и металлы.
Многие годы мы были жертвами того, что по-английски называется windfall profits (непредвиденная прибыль от углеводородов). С одной стороны, это было благом для нашей страны, поскольку позволяло развиваться и создавать резервы. С другой – не способствовало диверсификации экономики.
Многие специалисты давно прогнозируют исчерпание запасов нефти. Я бы согласился с теми экспертами, которые считают, что в обозримой перспективе этого не произойдёт. Может кончиться дешёвая нефть. Но дорогой нефти в мире хватит очень надолго.
Проблема в другом. По данным Института мировой экономики и международных отношений Российской академии наук, на пороге 2035-2040 годов возможно падение спроса на углеводороды. И это еще один серьёзный вызов. Особенно для стран с большой долей нефтедобывающей отрасли в своих экономиках, к которым относится и Казахстан.
В начале 2015 в своем интервью министр нефти Саудовской Аравии шейх Ахмед Заки Ямани сказал замечательную фразу: «Каменный век кончился не потому, что кончились камни, и нефтяной век кончится не потому, что кончится нефть».  
Нефтяные компании сократили свои инвестиционные бюджеты – и на текущий год, и на последующие годы. А это означает сокращение на разведку. Существующие объекты будут продолжать производить [нефть]. Но тот факт, что они сократили капитальные расходы, означает, что в будущем у них не будет дополнительного производства.
Один эксперт на вопрос о том, когда будет хорошо с ценами на нефть, очень уверенно ответил: «Хорошо уже было». И вряд ли цена на нефть вернется к отметке в $100 за баррель.
Биржевой кризис в Китае, обернувшийся 24 августа (в «черный» понедельник) обвалом биржевых индексов и котировок во всем мире, не добавляет оптимизма.
Что же тогда может стать драйвером экономического роста для нашей экономики? Конечно, индустриализация, основанная на диверсификации. Именно ее глава государства определил, как одно из направлений 5 институциональных реформ.
 
F: И все-таки, насколько сильно всё это затрагивает Кызылординскую область?
- Я бы сказал, сильно. Во-первых, потому, что в структуре региональной экономики явно доминирует нефтедобыча. Во-вторых, потому, что, кроме падения цен на нефть, у нас происходит ещё и плановое сокращение объёмов добычи, связанное с истощением запасов.
Хорошо, что правительство планирует развивать ресурсную базу через активное проведение геологоразведки. Для Кызылординской области, как и для всей страны, это значительный резерв роста экономики. Хотя и не самый лучший. Однако в складывающихся экономических условиях и он должен быть задействован. Как и возможности внутреннего рынка. Поэтому работа по дальнейшему увеличению казахстанского содержания останется одним из приоритетных направлений.
До снижения цен на углеводороды предприятия региона ежегодно перечисляли в государственную казну до 600 млрд тенге (основная часть, конечно, поступала от недропользователей), из которых только треть расходовались на нужды области.
В этом контексте считали бы целесообразным предоставление большей финансовой самостоятельности регионам под ответственность местных властей. Это стало бы хорошим экономическим стимулом для развития территорий и всей экономики в целом.
 
F: Как вы справляетесь с возникающими проблемами?
- После изучения ресурсного потенциала региона основным стратегическим направлением развития региональной экономики, определена металлургия.
Как известно, это достаточно трудозатратное производство, а значит, его развитие позволит создать значительное число рабочих мест и расширить налоговую базу региона.
По поручению главы государства правительством совместно с АО «Тау-Кен Самрук» реализуется проект расширения свинцово-цинкового месторождения «Шалкия». Скоро здесь начнется строительство горнообогатительного комбината, а затем и гидрометаллургического завода.
ТОО «Фирма Балауса» уже получены первые тонны казахстанского метаванадата аммония, который используется для производства пятиокиси ванадия высокой очистки.
Сейчас компания работает над отработкой технологических режимов для комплексного использования ванадиеносной руды с целью получения целого спектра продукции, помимо метаванадата аммония: алюмокалиевых квасцов, углерод-кремниевого композита для использования в качестве флюса в производстве ферросилиция, молибденового концентрата, а в перспективе – и концентрата редкоземельных элементов.
Будем строить ферросплавный завод, который будет выпускать низкоаллюминиевый ферросилиций, дефицитный на мировых рынках.
Второй год мы ведем целенаправленную работу по подготовке в лучших университетах и колледжах квалифицированных кадров для будущих металлургических предприятий.
Наряду с этим ведется строительство стекольного завода, начата реализация проектов по выпуску кальцинированной соды (ТОО «Арал сода»), по строительству (совместно с китайскими партнерами) цементного завода. Реализуется проект расширения производства на «Арал Туз», развивается рыбопереработка.
Эти проекты позволяют нам обеспечивать неплохой рост обрабатывающего сектора. К примеру, за первое полугодие текущего года – на 17,2%. А в целом за последние 3 года объемы производства в обрабатывающей отрасли увеличились на 62%, что свидетельствует о реальной диверсификации экономики даже на фоне сжатия объемов нефтяного сектора в связи с падением цен на углеводороды.
Макровнимание – на микробизнес
 
F: Какие меры, кроме развития промышленного сектора, на ваш взгляд, являются наиболее важными с точки зрения диверсификации казахстанской экономики и снижения зависимости от сырьевых отраслей?
- Это меры по формированию среднего класса. И не только с точки зрения диверсификации, но и в плане обеспечения устойчивости общества.
В настоящее время третья часть экономически активного населения нашей страны – это самозанятые. Здесь и нормальная продуктивная занятость, и латентная безработица, и нелегальная занятость. Необходимо вовлечь в экономический оборот большинство этих людей.
При этом большая часть существующих мер государственной поддержки направлена на развитие уже состоявшегося малого и среднего бизнеса. Тогда как значительная часть населения (по нашим оценкам, порядка 2 млн человек) ментально и с точки зрения имеющихся компетенций готовы заняться бизнесом. Но у них нет для этого средств.
При этом создание микробизнеса является первым шагом к развитию предпринимательства как основы среднего класса.
Как известно, микробизнес представлен в основном индивидуальными предприятиями. Распределение государственной поддержки по различным программам осуществляется в целом. Получается, что микробизнес, как правило, остается в стороне, фактически никогда не участвует в этих госпрограммах. У него просто нет для этого возможностей: к примеру, ИП, в отличие от ТОО, не могут предоставить в банки гарантии, не говоря о залоговом обеспечении.
В этой связи многие люди так и не могут создать свой бизнес. Для государства это самая настоящая упущенная выгода.
Поэтому убеждён, что к этой категории фактически только зарождающегося бизнеса нужен особый подход. Эффективным инструментом формирования микробизнеса является микрокредитование. Было бы хорошо его расширить. И, кроме того, разработать дополнительные меры поддержки микробизнеса.
На его создание и развитие не надо так много времени, как на реализацию крупных промышленных проектов, а значит, это может дать быстрый эффект, что в нынешней ситуации очень важно. Конечно, это не обеспечит значительного роста производительности труда, но будет способствовать решению проблемы занятости населения и диверсификации экономики.
В этом плане интересен опыт Польши. Структура польской экономики такова, что половину ВВП страны производят микропредприятия, а также малый и средний бизнес. Причем из этих 50% около половины приходится именно на микробизнес – предприятия, в которых трудится до девяти человек. Эти предприятия очень гибкие, они быстро подстраиваются под изменение рыночной среды, могут быстро менять профиль производства и рынки.
Кстати, в Польше микробизнес выделен в отдельную категорию, и это прописано в законодательстве.
Мир ищет новые решения
 
F: Крымбек Елеуович, в 2003-2005 вы являлись Чрезвычайным и Полномочным Послом Казахстана  в России. Именно в это время начиналась работа по интеграции Белоруссии, Казахстана и России. Сегодня функционируют не только Таможенный союз, но и ЕАЭС. С учетом негативного влияния внешних неблагоприятных факторов, а также членства Казахстана в ЕАЭС и вступления в ВТО существуют ли, на ваш взгляд, риски, способные ухудшить состояние экономики РК? 
- Существуют. Во-первых, это низкая конкурентоспособность большинства наших компаний. Понятно, что основной причиной этого является технологическая отсталость производства. Но во многом это обусловлено и неконкурентоспособностью трудовых ресурсов. Поэтому наряду с мерами, предпринимаемыми государством по технологическому развитию экономики, нам необходимо точечно готовить сильные кадры для приоритетных отраслей и производств.
Во-вторых, как оказалось, есть риск принятия самостоятельных экономических решений нашими партнерами по ЕАЭС, входящих в сферу наших общих интересов.
Для нас было удивительно введение антисанкций Россией. Без соответствующих консультаций Казахстану и  Беларуси пришлось подстраиваться под действия России.
Для всех стран, входящих в Таможенный союз, интеграция является стратегическим вопросом, и хочется надеяться, что все достигнутые договоренности будут выполняться. Мы вместе должны искать пути выхода из той ситуации, в которую нас ставит жизнь.
Ныне живущему поколению пришлось столкнуться с кризисом миропорядка, необходимостью поиска новых моделей экономического роста. И то, что правительства многих стран достаточно часто меняют экономическую политику, – отнюдь не «шараханье из стороны в сторону». Это поиск новых решений в кардинально изменившихся условиях новой экономической реальности. Изменившихся настолько, что не работают многие экономические законы, даже такие незыблемые постулаты экономической науки, как «невидимая рука рынка» Адама Смита, ставшие научной классикой теории Джона Кейнса и Милтона Фридмана. Понятно, что появятся новые. Ведь наука не стоит на месте.                                   
Однако, сейчас весь мир (не только Китай) находится в поисках «новой нормальности». Правда, основана она будет уже не на общих ценностях, а на балансе интересов. Будет баланс интересов - будет доверие и стран, и лидеров, и людей, и коалиций.
Что касается Казахстана, то, безусловно, искомая модель должна быть связана со структурными и институциональными изменениями, качеством трудовых ресурсов, новыми технологиями. Если нам удастся найти эту модель, то мы сможем развиваться дальше.
В этом плане меры, одобренные главой государства, предусматривают укрепление роли рыночных механизмов в экономическом развитии страны, повышение эффективности реального сектора экономики путем углубления переработки и встраивания в глобальные цепочки производства в тех секторах, которые у нас имеют конкурентные преимущества, прежде всего - экспортный потенциал.
Важным шагом является и решение о привлечении транснациональных компаний и иностранных инвесторов на условиях гарантирования рынков сбыта и трансферта технологий.
На личном контроле президента находится работа по вхождению Казахстана в число 30 наиболее развитых стран мира. И здесь у нас есть явное преимущество - мы «молодая» нация!
Как мы знаем,  в прошлом году была утверждена «Страновая программа ОЭСР по Казахстану». А в 2016-2017 будет проведена работа по внедрению стандартов стран ОЭСР в целях улучшения инвестиционного климата.
То, что уже в этом году планируется расширить перечень приоритетных видов деятельности и снизить минимальный порог для предоставления преференций, позволит оказать хорошую поддержку большему числу наших предприятий.
То есть государство постоянно оказывает серьезную поддержку бизнесу и вправе рассчитывать на то, что направленные на эти цели ресурсы будут эффективно использованы для производства конкурентной продукции и выхода на мировые рынки.
Своевременным является решение об ограничении сфер государственной предпринимательской деятельности. У нас слишком большой квазигосударственный сектор. А разве может бизнес конкурировать с государством?!
Глава государства предлагает изучать опыт Великобритании и Сингапура, где во время правления Маргарет Тэтчер и Ли Куан Ю целые секторы экономики передавались бизнесу на длительный срок. При этом главным инструментом развития Сингапура стало создание максимально комфортных условий для ведения бизнеса.
Кризис надо просто пережить
 
F: Недавно Национальный банк провел вторую за последние годы девальвацию тенге. Как вы оцениваете последствия этого шага?
- Проведение девальвации было необходимым решением для корректировки внешнеэкономических дисбалансов и адаптации к более низким ценам на нефть. Хорошо, что действует ограничение, запрещающее обменным пунктам устанавливать разницу между покупкой и продажей доллара больше, чем в 2 тенге. Это исключило саму возможность спекуляций.
Некоторые экономисты считают, что имеет смысл отказаться и от жёсткого регулирования цен. Наверное, за исключением социально значимых товаров. Это повлечёт рост инфляции, но позволит оздоровить экономику.
Кстати, по курсу на 25 августа 2015 девальвация казахстанской валюты с начала года составила 19,9%, тогда как российского рубля (за этот же период) – 25,8%. Многие другие страны тоже девальвируют свою валюту, чтобы поддержать экономику. Поэтому прошедшая у нас девальвация не является чем-то из ряда вон выходящим и не должна вызывать никакого ажиотажа. Это стандартная мера поддержки экспортёров и государственного бюджета в периоды ухудшения экономической ситуации.
 
F: Крымбек Елеуович, наверное, к нынешней ситуации больше всего подходит понятие «неопределенность». Вызывают обеспокоенность перспективы развития страны, в том числе регионов, в таких сложных условиях.
- К сожалению, не могу разделить вашу озабоченность. Наша страна пережила уже не один кризис и под руководством президента Нурсултана Назарбаева успешно выходила из них и развивалась дальше. 
Неопределенность сегодня больше прослеживается в глобальном масштабе, поскольку происходит изменение мировой архитектуры, в том числе финансовой, появляются новые центры силы, новые региональные объединения, возрастает роль транснациональных корпораций, меняются миграционные потоки.
Что касается Казахстана, то мы имеем внятные законы, выстроенную систему государственного управления, хоть и пострадавшую, но, тем не менее, очень неплохую банковскую систему, согласие в обществе и чёткое видение перспектив своего развития. Причем при разных сценариях развития событий.
Ну, и потом… Еще Эйнштейн сказал, что всё относительно. Если в кризис 1998 мы не могли своевременно выплачивать зарплату бюджетникам, детские пособия и отпускные учителям, а о мерах поддержки бизнеса даже и речи быть не могло, то в этом году только в нашей области будет введено в эксплуатацию 18 новых школ, на поддержку бизнеса направлено свыше 11 млрд тенге, в отраслях экономики только за январь-июль 2015 создано 5,5 тыс. постоянных рабочих мест.
Конечно, влияние внешних факторов весьма значительно, но сегодня они уже не способны дестабилизировать ситуацию внутри страны. Переживем и этот кризис. В этом нет никаких сомнений.
Конечно, пока придётся жить по средствам. Бюджет должен быть сбалансированным. Но угрозы для исполнения социальных обязательств нет никакой. Мы обсуждаем только возможное сокращение затрат капитального характера и наряду с этим работаем над поиском других источников финансирования.
На наш взгляд, достаточно эффективно развивается наше сотрудничество с международными финансовыми организациями, в частности с Европейским банком реконструкции и развития, в работе с которым находится 10 проектов на сумму порядка 75 млрд тенге. Начата работа с Азиатским банком развития, Исламским банком развития, а также Международной финансовой корпорацией (IFC).
Стараемся находить инвестиции и внутри страны. В этом году совместно с «КазТрансГазом» начата работа по газификации области. За два года нацкомпания планирует направить на эти цели 38,5 млрд тенге и уже в следующем году обеспечить газом все районы области и город Байконыр.
Так что Кызылординская область, несмотря на сегодняшние трудности, развивается вместе со всей страной и нацелена на то, чтобы в перспективе стать развитым индустриально-аграрным регионом и вносить свой вклад в развитие нашей страны и достижение целей, обозначенных лидером нации.
 

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың
«Айқын» газетіне берген
сұхбатынан
 
БІЛІМ – БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылорда облысында бір күнде 8 мектеп, 1 балабақша ашылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жаңа білім ошақтарының ашылуына қатысып, ел қуанышын бөлісті. Облыс педагогтарының тамыз мәслихатында маңызды саладағы мақсат, міндеттер белгіленді. 
Елбасы белгілеген стратегиялық бағдарламалалардың тірегі саналатын білім саласындағы байыпты тірлік жайлы облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевпен сұхбатымызда да кеңінен айтылады. 
– Қырымбек Елеуұлы, жақында ғана аймақта бір күнде 10-ға жуық әлеуметтік нысан ашылды. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы бұл серпін жылдар бойы атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі деп білеміз. Осы бағытта тағы қандай бастамалар бар?
– Бұл күнде сапалы білімнің мемлекет пен қоғам үшін басты құндылық, ең қымбат қазына екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Білім саласының дамуы – бүгінде өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Біздің жағдайда, білімнің биік беделі - тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты. Сондықтан да, білімді дамыту Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген барлық стратегиялық бағдарламалардың тірегі болып келеді. Елбасы ұсынған 5 реформа аясында іске асатын Ұлт жоспары да болашақ Қазақстанның келбетін анықтайтын білім саласына қатысты бірқатар маңызды қадамдарды қамтиды. 
Сондықтан да білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында. Біз білімге басқа бірде бір саламен салыстыруға келмейтін қолдау көрсетіп келеміз. Биылғы жылы білім беру саласына облыс бюджетінің 35 пайызы, нақты айтсақ 66 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Үш жыл ішінде білім беру саласының бюджеті 24 миллиард теңгеге артты. Қызылорда облысы бюджеті шығындардың 60 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталады. Әлеуметтік шығындардың үлесі бойынша Қызылорда облысы республика бойынша бірінші орында тұр. Бұл – біздің болашаққа бағышталған ең маңызды инвестициямыз.
Біз үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесін түпкілікті шештік. Енді үш ауысымда оқитын мектеп Қызылорда облысында жоқ деп сеніммен айтуға болады. Екі жылдың ішінде апатты жағдайдағы 34 мектептің 22-сі қайта салынды, қалған 12 мектептің құрылысын бюджеттің ыңғайына қарай, 2016-2017 жылдары салу жоспарланған. Жалпы 2015 жылдың аяғына дейін облыс аумағында мемлекет есебінен 19 жаңа мектеп пен 3 балабақшаның құрылысы аяқталады. 
Біз әрдайым жаңа оқу жылына айрықша дайындықпен келуге тырысамыз. Биылғы 1-ші қыркүйекте 14 жаңа мектеп пен 2 балабақша іске қосылады.  
Атап айтсақ, Арал ауданы Тоқабай елдімекеніндегі 140 орындық жаңа мектеп, Қосаман елдімекеніндегі 100 орындық мектеп, Жаңақұрылыс елдімекеніндегі 200 орындық, Қазалы ауданы Аранды ауылындағы 100 орындық, Сарыбұлақ ауылындағы 100 орындық, Қармақшы ауданы Ақай елдімекеніндегі 280 орындық балабақша мен 600 орындық мектеп, Сырдария ауданы Шаған ауылындағы 900 орындық, Шиелі ауданы Бала би ауылындағы 900 орындық мектеп және Қызылорда қаласындағы тағы бір жаңа 900 орындық мектептер қыркүйектің бірінде оқушылар мен ұстаздарға есіктерін ашады.
Қазіргідей күрделі экономикалық жағдайға қарамастан ауыл-қалаларымызда жаңа балабақша мен мектептердің көптеп ашылуын – мемлекеттің білім мен бала тәрбиесіне деген ерекше көзқарасының, шын қамқорлағының айғағы деп білу керек. 
Мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің күшін біріктіріп, ынтымақтаса жұмыс істеудің арқасында өткен жылы жалпы саны 103 жаңа балабақша, соның ішінде 77 жеке балабақша ашылды. Биылғы жылдың аяғына дейін тағы 61 балабақша ашу жоспарлануда. Соның арқасында жаңа оқу жылынан бастап «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жастағы балаларымыз балабақшамен 100 пайыз қамтылып, Елбасының 2020 жылға дейін орындалуы тиіс бұл тапсырмасы Сыр елінде мерзімінен ерте орындалмақшы. Енді біздің алдымызда бір және үш жас арасындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды көтеру міндеті тұр.
Жаңа оқу жылы демекші, биыл қызылордалық мектептердің саны 292-ден 300-ге дейін артып, ондағы оқитын бала саны былтырғы 128 мыңнан 134 мыңға дейін көбеймек. Оның ішінде Байқоңыр қаласындағы осыған дейін Ресей Федерациясының қарамағында жұмыс істеп келген 6 қазақ мектебі де бар. Олардың қазақстандық оқу бағдарламасынан қол үзіп қалғанын ескеріп, облыстың ұстаздар қауымын байқоңырлық әріптестерге жан-жақты қолдау жасауға шақырдық. Мұғалімдеріміздің біліктіліген жетілдіру жұмыстарына ғарышты қаладағы білім саласы өкілдерін кеңірек тартуға тырысамыз. 
– Аймақтың білім саласын сөз еткенде осыған дейін ҰБТ -дан көш соңында қалып келгені ойға оралады. Биыл аймақ оқушылары сынақтан сүрінбей өткен сияқты.  Көрсеткішке көңіліңіз толды ма? 
– Білім беру жүйесінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын нығайту және ұстаздардың білігін көтеру, оларды ынталандырумен бірге тәртіпті күшейтуге бағытталған кейбір қатал шараларға да баруға тура келгендігін білесіздер. Алдыңғы жылы бір мезетте 27 мектеп директорының орнынан босағаны есте болар. Мұны тым қаталдық деп қабылдағандар да болған шығар. Бірақ мектепті бітіріп, болашақ мамандығын таңдайтын әр баланың тағдырына деген жауапкершілік үшін осындай қадамға баруға тура келді.  
Қабылданған кешенді шаралар алғашқы нәтижесін көрсетті. Жұмсалған күш зая кетпеді, салған қаражат ауыз толтырып айтарлық интеллектуалдық өсім бере бастады. Осы орайда, бөлінген қаржыны тиімді игеріп, іске жарата білген сала мамандарының, әсіресе ұстаздар қауымының абыройлы еңбегін атамасқа болмайды.        
Аймақтың ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша 13-ші орыннан 5-ші орынға шығуы – ең әуелі біздің мұғалімдеріміздің еңбегі екендігін бүгін тағы бір ерекше атағым келеді. Бұл нәтиже ешқандай күмән туғызбайтын, ұстаздар мен оқушыларымыздың адал еңбегінің жемісі. Барлық аудандардағы орташа балдың біркелкі жоғары шығып, орташа республикалық көрсеткіштен жақсы болуы соған дәлел. Бұл жетістік балалардың алдын ашып, қызылордалық түлектерге ең үздік жоғары оқу орындарға жол салды. 2015 жылы ұлттық бірыңғай тестке қатысқан түлектердің жартысы түрлі мемлекеттік гранттар есебінен Қазақстан мен Ресейдің маңдайалды жоғарғы және кәсіптік оқу орындарына қабылданды. Бізді марқайтатын, әрі ертеңге деген сенімімізді күшейтетін бұдан артық көрсеткіш жоқ. 
– Аймақта инновациялық мектептер желісінің құрылып жатқанын білеміз. Бұл білім саласын жаңа әдістемеге көшірудің алғашқы қадамдары болар?  
– Бұл жаңашыл бастама. Облыстардың арасында алғашқы болып “Назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымымен арнайы меморандумға қол қою, аймақтық инновациялық мектептер желісін құру жобасы бізде басталып отыр. Аталған жоба аясында облысымыздың 22 мектебі “Назарбаев зияткерлік мектептерінің” үлгісі бойынша жарақтанады, мұғалімдері толықтай қайта оқытылып. Бұл мамандар саланы жаңа оқу әдістемесіне көшіруге күш салуы тиіс.  
Осы бағытта “Назарбаев зияткерлік мектептері” мен “Өрлеу” біліктілікті жетілдіру орталықтары арқылы 4 мыңнан аса ұстаз деңгейлі курстардан өтіп, білімін көтерді. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасын табады.      
«Білім инемен құдық қазғандай» дейді ғой, саладағы оң нәтижелерге қол жеткізе алған ұстаздарға деген біздің ризашылығымыз ерекше зор. 
Дегенмен Елбасымыз айтқандай, табысқа қол жеткізу оңай емес, ал оны уыстан жіберіп алмау одан да қиын. Мәселе рейтингтегі орында емес, ең бастысы – біздің балаларымыздың білім алуы үшін жан-жақты жағдай жасалса, өңір үшін толайым табыстың кілті сол болмақ. 
Елдің болашағы осы саламен тікелей байланысты болғандықтан ол әрдайым қырағы қадағалауды, айрықша мән беруді талап етеді. Жылдам өзгеретін, ұзақ мерзімді болжам жасау мүмкін емес қазіргі уақытта білім беруге де жаңа әдістер, тың тәсілдер қажет. 
Адам баласының жер бетіндегі тарихы 50 мың жыл деп есептелінсе, осы аралықта 1600 ұрпақ алмасқан екен. Соның ішіндегі соңғы 150 ұрпақ қана жазу және оқумен таныс, 8-і ғана уақыт өлшеуді біледі, тек 4 ұрпақ электр қуатын пайдаланып келеді. Байқасаңыздар, әрбір жаңа ұрпақ адам өмірін түбегейлі түрде өзгертетін жаңалықтарға бейімделуге мәжбүр. Біз үшін ондай жаңалықтар ғаламдану, жеке компьютер және интернет болып отыр. Әрбір жаңа буынның игеретін білімі, санасына тоқуы тиіс ақпараты геометриялық прогрессия жылдамдығымен өсіп келеді. Сондықтан да ұстаздар қауымы баланы өздеріне бейтаныс болашақ үшін дайындайтынын бір сәт естен шығармауы тиіс. Кезінде Робиндранат Тагор деген үнді ғұламасы “Ұстаз шәкіртті өзінің білімі мен қабілетінің құрбаны етпеуіс тиіс” - деген екен. Яғни, алдымызда жүрген балалардың білімі мен дағдылары біздің білгенімізден әлдеқайда артық болуы тиіс. Ол үшін ұстаздар қауымы мен білім беру жүйесіне қойылатын талап арта береді. 
Мектеп пен ұстаз білімнің жалғыз қайнар көзі, тәрбие-тәлімнің дара орталығы болудан қалды. Бала өзін мазалаған сұрақтарына жауап табу үшін әуелі мұғаліміне емес, қолындағы техникаға мен ғаламторға жүгінеді. Ақпараттың таралу жылдамдығының өсуі білімнің жаңару жылдамдығын да арттырды. Оқу орнында алған біліммен өмір бойы жұмыс істеуге болатын мамандық қалмады. Өмір бойы оқу, үздіксіз оқу, біліктілікті ұдайы жетілдіру ұғымдары адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Мұның барлығы мектептегі жұмыстың негіздерін қайта қарауға шақырады. Енді білім беру үрдісінің негізгі субъектісі оқушының өзі мен оның күн сайын артып келе жатқан сұраныстары, қызығушылығы мен шексіз мүмкіндіктері. Ескіше жүрсек, мектеп бала үшін тартымсыз болмақ. Білім беру ортасымен бірге оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ережелері де өзгеруі қажет. “Мен көрсетемін – сен үйрен” деген көне қисыннан “бірге үйренейік” деген жаңа қағидаға негізделген әріптестік принцип орнауы керек деп ойлаймын. 
Оқушылар басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға, алдына дұрыс мақсат қоя білуге, уақытын дұрыс жоспарлауға және жеке қабілеттерін орнымен, әрі тиімді пайдалануға үйренуі қажет. Ақпарат тасқынында керегін іздеп табуға үйрету арқылы біз балаларға жеке білім алу траекторияларын қалыптастырып, өмір бойы білім алу дағдысын сыйлай аламыз. Сонда ғана оқушы болашақта табысты маман болып қалыптасады.  
– Кезінде еліміздің білім саласын басқардыңыз. Саладағы реформаның табысты жүруі үшін біз қай мәселені елеп-ескергеніміз жөн? Ұстанар бағытымыз қандай болуы тиіс?  
– Аймақ басшысы ғана емес, азамат ретінде де ойымды айтайын. Мысалы қазір біз балабақшалардағы орын санын көбейтуге қатты ден қойып, ондағы тәбие жұмысының сапасына тиісті көңіл бөлмей келеміз. Ондағы мамандардың білімі мен білігі, жаңа әдістеме мен технологияларды қолданылуы  тасада қалып келеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагог маман өзінің күтуші емес, тәрбиеші екендігін ұмытпауы тиіс.  
Бұл міндеттің өзектілігі әсіресе қазір ерекше артып тұр. Өздеріңіз білетіндей, 12 жылдық білім беру жүйесінің жаңа құрылымы «1+11» формуласы бойынша бекіді. Яғни 12 жылдық оқыту жүйесінің алғашқы жылы мектепке дейінгі білім беру жүйесін, қалған 11 жылы мектепті қамтиды. Бұл ретте, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп кезеңдерінің мазмұн тұрғысынан өзара сабақтастығын қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істелуі қажет.  
Орта білім жүйесіндегі үздік көрсеткіш пен жалпы көрсеткіш арасындағы айырманы барынша азайту да қазіргі басты мақсаттың бірі. Ұстаздармен кездесуінің бірінде Елбасы үздік оқитын оқушы мен білімі нашар бала арасындағы айырмашылық қысқарғанда ғана білім жүйесінің жақсаратынын айтқан болатын. Осы мәселенің  шешілуі сала дамуындағы түйіткілді міндеттердің бірі болмақ. 
Біздің алдымыздағы маңызды міндеттердің тағы бірі – кәсіби білім берудігі жағдайды қайта қарап, кадрлық, материалдық ресурстар және білім берудің шарттары мен әдістемесін оңтайландыру, оқу орнындағы басқару тәсілдерін уақыт талабына икемдеу.  
Ерекше назар талап ететін тағы бір маңызды бағыт – білім беру жүйесі аясындағы тәрбие жұмысы. Соның ішінде оқушылардың адамгершілігі мен моральдық келбетін қалыптастыру мәселесі. Қазіргі уақыттың талабына сай, білім беру жүйесі технологиялық бағытқа ерекше ден қойғанымен, адамгершілік және ұлт руханиятынан қол үзген технократизм бізге кері әсер етуі мүмкін. Қаймағы бұзылмаған ұлттың рухани қазынаға мұрагер болған біз секілді аймаққа бұл мәселені де естен шығаруға болмайды.  
Бізді ұлт ретінде сақтаған, ақпарат тасқыны мен ғаламдану күшіне төтеп бере алатын осындай темірқазық ұстанымдарды бала санасына сіңіру қажеттігін ұмытпаған жөн.        
Сонымен бірге, адамзатқа жат қатыгездік, масылдық пен менмендік, еріншек мінезден бойды тасалап, мейірімділік, елгезектік, қарапайымдылық сияқты кімге болса да жарасатын қасиеттерді бала бойына дарыту маңызды. Ұстаздар қауымы өздерінің бұған да жауапты екендерін білуі тиіс. 
Қазір маған «Сыр өңірінің мектептері шын мәнінде заман талабына сай білім ортасына айналуы үшін не істелуі қажет?» деген сауал жиі қойылады. Ал мен оның шешімін былайша тарқатар едім: біріншіден, мектепте сапасы жоғары және қазіргі уақытта қолданбалы білім берілуі тиіс. Ең үздік және артта қалған оқушылар арасындағы айырмашылықты мейлінше қысқарту керек. Екіншіден, мектептің мақсаты баланы тек оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеу болуы шарт. Үшінші, мектептегі мұғалімнің білігін ұдайы көтеру және олардың шығармашылық жұмысына жағдай жасау басты назарда болуы тиіс. 
Ең бастысы – мектептер еліміз бен дүниеде болып жатқан әлеуметтік жаңалықтарға ашық болуы қажет.  
Аталған міндеттердің барлығы Мемлекетіміздің Басшысы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасақталып, іске асырылып жатқан келелі жоспарлардан туындайды. Тәуелсіздіктің таңы атқан кезден-ақ Елбасы дамуымыздың діңгегі білім мен ғылым екендігін басып айтып, «келешекке – кемел біліммен» деген баршаға ортақ формуласын ұсынды. Соның аясында, қазақстандық білім беру бұрын соңды көрмеген қарқынды ілгерлеу кезеңіне аяқ басты. Елімізде жүздеген мектеп пен балабақша бой көтерді. Жоғары оқу орындарын қолдау, ұстаздардың ғылыми ізденісіне қажетті гранттар бөлу, «Болашақ» бағдарламасы, «Назарбаев Университеті» мен “Назарбаев зияткерлік мектептері”, мектепке дейінгі білім беруді 100 пайызға жеткізу, 12 жылдық орта білімге көшу, мектептердегі 3 ауысымда оқуды жою, апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешу туралы шешімдер, білімдегі инновацияларға көрсетілетін жан-жақты қолдау – осының барлығы бізбен көршілес елдерде іске аса қоймаған, көп мемлекеттер әлі армандай да алмайтын биік белестер.
Мемлекет басшысы ендігі жерде бар күшіміз бен жігерімізді жұмылдырып озық дамыған 30 елдің қатарына кірудің қамына кірісуді тапсырғанын білесіздер. Соның ішінде осы елдердің білім беру жүйелеріне тән жоғары сапа мен биік деңгейге қол жеткізу міндеті қойылды.      
Бұл істегі біздің негізгі капиталымыз – талапты, тәрбиелі, отансүйгіш рухы биік жас ұрпақ. Сондықтан білім сапасын көтеру – мәртебесі биік, маңызы зор, жалпыұлттық мүдде.
– Мазмұнды әңгімеңізге рахмет. Бастамаларыңыздың баянды бола беруіне тілектеспіз. 

Қызылорда облысының

 әкімі Қ.Е.Көшербаевтың

тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі

15 тамыз 2015 жыл

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі кездесу – білім беру саласының өзекті мәселелері ашық талқыланатын өңірлік педагогикалық кеңес десек те қате болмайды, сондықтан көкейде жүрген сұрақтарға жауап тауып, ортақ міндеттерді оңтайлы шешуге септік етер пікірлеріңізді тартынбай ортаға салыңыздар. Жалпы бүгінгі кеңесті еркін сұхбаттасу, пікір алмасу үлгісінде өткізуге шақырамыз.

Бұл күнде сапалы білімнің мемлекет пен қоғам үшін басты құндылық, ең қымбат қазына екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Білім саласының дамуы – бүгінде өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Біздің жағдайда, білімнің биік беделі - тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты. Сондықтан да, білімді дамыту Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген барлық стратегиялық бағдарламалардың тірегі болып келеді. Елбасы ұсынған 5 реформа аясында іске асатын Ұлт жоспары да болашақ Қазақстанның келбетін анықтайтын білім саласына қатысты бірқатар маңызды қадамдарды қамтиды.

Бүгін мұнда ұстаздықты қатардағы кәсіп емес, азаматтық ұстаным деп білетін, бір-біріне тілектес, ниеттес, білімге шын жанашыр орта жиналды. Өз басым, білімге бүйрегі бұрып тұратын, бұрынғы білім және ғылым министрі ретінде осы ортаның бір бөлігі болғанымды ерекше құрмет тұтамын.  

Сондықтан да білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында. Осы орайда өңір дамуының ең басты тірегі ретінде біз Сіздер еңбек ететін саланы таңдадық. Сапалы білім – қомақты қаражат талап ететінін ескеріп, басқа бірде бір саламен салыстыруға келмейтін қолдау көрсетіп келеміз. Биылғы жылы білім беру саласына облыс бюджетінің 35 пайызы, нақты айтсақ 66 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Үш жыл ішінде білім беру саласының бюджеті 24 миллиард теңгеге артты. Қызылорда облысы бюджеті шығындардың 60 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталады. Әлеуметтік шығындардың үлесі бойынша Қызылорда облысы республика бойынша бірінші орында тұр. Бұл – біздің болашаққа бағышталған ең маңызды инвестициямыз.

Мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің күшін біріктіріп, ынтымақтаса жұмыс істеудің арқасында өткен жылы жалпы саны 103 жаңа балабақша, соның ішінде 77 жеке балабақша ашылды. Биылғы жылдың аяғына дейін тағы 61 балабақша ашу жоспарлануда. Соның арқасында жаңа оқу жылынан бастап «Балапан» бағдарламасы бойынша балаларымыз балабақшамен 100 пайыз қамтылып, Елбасының бұл тапсырмасы Сыр елінде мерзімінен ерте орындалмақшы. Енді біздің алдымызда бір және үш жас арасындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды көтеру міндеті тұр.

Біз үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесін түпкілікті шештік. Үш ауысымда оқитын мектеп Қызылорда облысында жоқ. Екі жылдың ішінде апатты жағдайдағы 34 мектептің 22-сі қайта салынды, қалған 12 мектептің құрылысын ыңғайына қарай, 2016 жылы салу жоспарланған. Жалпы 2015 жылдың аяғына дейін облыс аумағында мемлекет есебінен 19 жаңа мектеп пен 3 балабақшаның құрылысы аяқталады.

Өздеріңіз білетіндей, біз жаңа оқу жылына қашан да айрықша дайындықпен келуге тырысамыз. Биылғы 1-ші қыркүйекте 14 жаңа мектеп пен 2 балабақша іске қосылады. Кеше және бүгін біздің кеңеске келген сапары аясында Аслан Бәкенұлы осындай 10 жаңа оқу орынымен жеке танысып, олардың ашылу салтанатына қатысты.

Атап айтсақ, Арал ауданы Тоқабай елдімекеніндегі 140 орындық жаңа мектеп, Қосаман елдімекеніндегі 100 орындық мектеп, Жаңақұрылыс елдімекеніндегі 200 орындық, Қазалы ауданы Аранды ауылындағы 100 орындық, Сарыбұлақ ауылындағы 100 орындық, Қармақшы ауданы Ақай елдімекеніндегі 280 орындық балабақша мен 600 орындық мектеп, Сырдария ауданы Шаған ауылындағы 900 орындық, Шиелі ауданы Бала би ауылындағы 900 орындық мектеп және Қызылорда қаласындағы тағы бір жаңа 900 орындық мектептер қыркүйектің бірінде оқушылары мен ұстаздарына есіктерін ашады.

Аталған мектептерде жұмыс істейтін ұстаздарды қуанышымен құттықтаймыз. Қазіргідей күрделі экономикалық жағдайға қарамастан ауыл-қалаларымызда жаңа балабақша мен мектептердің көптеп ашылуын – мемлекеттің білім мен бала тәрбиесіне деген ерекше көзқарасының, шын қамқорлағының айғағы деп білу керек. Елдің мерейін көтеріп, талабы мен өркенін өсіретін осындай жақсылықтар ылайым көп болғай!

Жаңа оқу жылында Қызылордалық мектептердің саны 292-ден 300-ге дейін артып, ондағы оқитын бала саны былтырғы 128 мыңнан 134 мыңға дейін көбеймек. Оның ішінде Байқоңыр қаласындағы осыған дейін Ресей Федерациясының қарамағында  жұмыс істеп келген 6 мектеп те бар. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, ортаға қосылған Байқоңырлық мектептердің ұжымдарына баршамыздың атымыздан сәттілік тілейік! Қадамдарыңыз құтты, талаптарыңыз табысты болсын!

Аталған мектептердің қазақстандық оқу бағдарламасынан біраз жыл қол үзіп қалғанын ескеріп, облыстың ұстаздар қауымын Байқоңырлық әріптестерге жан-жақты қолдау жасауға шақырамын. Мұғалімдеріміздің біліктіліген жетілдіру жұмыстарына Байқоңырлық ұжымдар кеңінен тартылу керектігін ескертемін. 

“Назарбаев зияткерлік мектептері” мен “Өрлеу” біліктілікті жетілдіру орталықтары арқылы 4 мыңнан аса ұстаз деңгейлі курстардан өтіп, білімін көтергені белгілі. Бұл жұмыстың арнасы кеңейтілуі тиіс.      

Білім сапасын көтерудегі жаңашыл бастама ретінде біз облыстардың арасында алғашқы болып “Назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымымен арнайы меморандумға қол қойып, аймақтық инновациялық мектептер желісін құру жобасын бастадық. Аталған жоба аясында облысымыздың 22 мектебі “Назарбаев зияткерлік мектептерінің” үлгісі бойынша жарақтанады, мұғалімдері толықтай қайта оқытылып, жаңа оқу әдістемеге көшуі тиіс.

Білім беру жүйесінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын нығайту және ұстаздардың білігін көтеру, оларды ынталандырумен бірге тәртіпті күшейтуге бағытталған кейбір қатал шараларға да баруға тура келгендігін білесіздер. Алдыңғы жылы бір мезетте 27 мектеп директорының орнынан босағаны есте болар.  

Осындай кешенді шаралар алғашқы нәтижесін көрсетті. Жұмсалған күш зая кетпеді, салған қаражат ауыз толтырып айтарлық интеллектуалдық өсім бере бастады. Осы орайда, бөлінген қаржыны тиімді игеріп, іске жарата білген сала мамандарының, әсіресе ұстаздар қауымының абыройлы еңбегін атамасқа болмайды.       

Өлкеміздің биылғы бірыңғай ұлттық тест қорытындысы бойынша 13-ші орыннан 5-ші орынға шығуы – ең әуелі біздің мұғалімдеріміздің еңбегі екендігін бүгін тағы бір ерекше атағым келеді. Бұл нәтиже ешқандай күмән туғызбайтын, ұстаздар мен оқушыларымыздың адал еңбегінің жемісі. Барлық аудандардағы орташа балдың біркелкі жоғары шығып, орташа республикалық көрсеткіштен жақсы болуы соған дәлел. Бұл жетістік балалардың алдын ашып, қызылордалық түлектерге ең үздік жоғары оқу орындарға жол салды. 2015 жылы ұлттық бірыңғай тестке қатысқан түлектердің жартысы түрлі мемлекеттік гранттар есебінен Қазақстан мен Ресейдің маңдайалды жоғарғы және кәсіптік оқу орындарына қабылданды. Бізді марқайтатын, әрі ертеңге деген сенімімізді күшейтетін бұдан артық көрсеткіш жоқ. Егер менен біреу облыста іске асқан қай шаруаны ерекше мақтан тұтасыз деп сұраса, ойланбастан білім берудегі жетістіктер дер едім.

  

Құрметті әріптестер, қадірлі ұстаздар!

«Білім инемен құдық қазғандай» дейді, сол күрделі істе жоғарыда аталған оң нәтижелерге қол жеткізе алған ұстаздарға деген біздің ризашылығымыз ерекше зор.

Дегенмен Елбасымыз айтқандай, табысқа қол жеткізу оңай емес, ал оны уыстан жіберіп алмау одан да қиын. Мәселе  рейтингтегі орында емес, ең бастысы – біздің балаларымыздың білім алуы үшін жан-жақты жағдай жасалса, өңір үшін толайым табыстың кілті сол болмақ.

Осы ретте аймақ басшысы, әрі салаға жанашыр өздеріңіздің әріптестеріңіз есебінде білім саласының алдағы дамуы мәселелері төңірегінде бірер пікірімді ортаға салуға рұқсат етіңіздер.

Білім – өте күрделі жүйе. Елдің болашағы осы саламен тікелей байланысты болғандықтан ол әрдайым қырағы қадағалауды, айрықша мән беруді талап етеді. Жылдам өзгеретін, ұзақ мерзімді болжам жасау мүмкін емес қазіргі уақытта білім беруге де жаңа әдістер, тың тәсілдер қажет.

Адам баласының жер беріндегі тарихы 50 мың жыл санайды, осы аралықта 1600 ұрпақ алмасқан екен. Соның ішіндегі соңғы 150 ұрпақ қана жазу және оқумен таныс, 8-і ғана уақыт өлшеуді біледі, тек 4 ұрпақ электр қуатын пайдаланып келеді, ал телевидение, лезер және антибиотик секілді жаңалықтардың пайда болғанына 2 ұрпақтың ғана өмірі сыятын уақыт өтті. Байқасаңыздар, әрбір жаңа ұрпақ адам өмірін түбегейлі түрде өзгертетін жаңалықтарға бейімделуге мәжбүр. Біз үшін ондай жаңалықтардың қатарында ғаламдану, жеке компьютер және Интернетті атауға болады. Әрбір жаңа буынның игеретін білімі, санасына тоқуы тиіс ақпараты геометриялық прогрессия жылдамдығымен өсіп келеді. Сондықтан ұстаздар қауымы баланы өздеріне бейтаныс болашақ үшін дайындайтынын бір сәт естен шығармауы тиіс. Кезінде Робиндранат Тагор деген үнді ғұламасы “Ұстаз шәкіртті өзінің білімі мен қабілетінің құрбаны етпеуіс тиіс” - деген екен. Яғни, алдымызда жүрген балалардың білімі мен дағдылары біздің білгенімізден әлдеқайда артық болуы тиіс. Ол үшін ұстаздар қауымы мен білім беру жүйесіне қойылатын талап арта береді.

Мектеп пен ұстаз білімнің жалғыз қайнар көзі, тәрбие-тәлімнің дара орталығы болудан қалды. Бала өзін мазалаған сұрақтарына жауап табу үшін әуелі мұғаліміне емес, қолындағы техникаға мен ғаламторға жүгінеді. Ақпараттың таралу жылдамдығының өсуі білімнің жаңару жылдамдығын да арттырды. Оқу орнында алған біліммен өмір бойы жұмыс істеуге болатын мамандық қалмады. Өмір бойы оқу, үздіксіз оқу, біліктілікті ұдайы жетілдіру ұғымдары адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Мұның барлығы мектептегі жұмыстың негіздерін қайта қарауға шақырады. Енді білім беру үрдісінің негізгі субъектісі оқушының өзі мен оның күн сайын артып келе жатқан сұраныстары, қызығушылығы мен шексіз мүмкіндіктері. Ескіше жүрсек, мектеп бала үшін тартымсыз болмақ. Білім беру ортасымен бірге оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ережелері де өзгеруі қажет. “Мен көрсетемін – сен үйрен” деген көне қисыннан “бірге үйренейік” деген жаңа қағидаға негізделген әріптестік принцип орнауы қажет.  

Оқушылар басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға, алдына дұрыс мақсат қоя білуге, уақытын дұрыс жоспарлауға және жеке қабілеттерін орнымен, әрі тиімді пайдалануға үйренуі қажет. Ақпарат тасқынында керегін іздеп табуға үйрету арқылы біз балаларға жеке білім алу траекторияларын қалыптастырып, өмір бойы білім алу дағдысын сыйлай аламыз. Сонда ғана оқушы болашақта табысты маман болып, сәтті жеке өмір құра алады. 

Қазіргі зерттеулер адам миының үйренуге ең икемді кезеңі өмірге келген сәтімен бес жасқа дейінгі аралық екенін дәлелдейді. Ал экономистер 5 жасқа дейінгі баланың біліміне салынған инвестицияның ең жоғары өсім беретіндігін айтады.

Өкінішке орай, соңғы жылдары біз балабақшалардағы орын санын көбейтуге қатты ден қойып, ондағы тәбие жұмысының сапасына тиісті көңіл бөлмей келеміз. Сол себепті балабақшадағы мамандардың білімі мен білігі, ондағы жаңа әдістеме мен технологиялардың қолданылуын қамтамасыз етуді жолға қою қажет. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагог маман өзінің күтуші емес, тәрбиеші екендігін ұмытпауы тиіс.  

Бұл міндеттің өзектілігі әсіресе қазір ерекше артып тұр. Өздеріңіз білетіндей, 12 жылдық білім беру жүйесінің жаңа құрылымы 1 қосу 11 формуласы бойынша бекіді. Яғни 12 жылдық оқыту жүйесінің алғашқы жылы мектепке дейінгі білім беру жүйесін, қалған 11 жылы мектепті қамтиды. Бұл ретте, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп кезеңдерінің мазмұн тұрғысынан өзара сабақтастығын қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істелуі қажет.  

Орта білім жүйесіндегі үздік көрсеткіш пен жалпы көрсеткіш арасындағы айырманы барынша азайту да қазіргі басты мақсаттың бірі. Ұстаздармен кездесуінің бірінде Елбасы үздік оқитын оқушы мен білімі нашар бала арасындағы айырмашылық қысқарғанда ғана білім жүйесінің жақсаратынын айтқан болатын. Осы мәселенің  шешілуі сала дамуындағы түйіткілді міндеттердің бірі болмақ.

Біздің алдымыздағы маңызды міндеттердің тағы бірі – кәсіби білім берудігі жағдайды қайта қарап, кадрлық, материалдық ресурстар және білім берудің шарттары мен әдістемесін оңтайландыру, оқу орнындағы басқару тәсілдерін уақыт талабына икемдеу.  

Ерекше назар талап ететін тағы бір маңызды бағыт – білім беру жүйесі аясындағы тәрбие жұмысы. Соның ішінде  оқушылардың адамгершілігі мен моральдық келбетін қалыптастыру мәселесі. Қазіргі уақыттың талабына сай, білім беру жүйесі технологиялық бағытқа ерекше ден қойғанымен, адамгершілік және ұлт руханиятынан қол үзген технократизм бізге кері әсер етуі мүмкін. Қаймағы бұзылмаған ұлттың рухани уазына мұрагер болған біз секлді аймаққа бұл мәселені де естен шығаруға болмайды. 

Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы.  Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Өткенге салауат, ертеңге аманат.    

Бізді ұлт ретінде сақтайтын, ақпарат тасқыны мен ғаламдану күшіне төтеп бере алатын осындай темірқазық ұстанымдарды бала санасына сіңіру қажет. Осыны реті келген сайын Сіздерге ескертуді жөн санаймыз, Сіздер де амалы мен ебін тауып, баланың құлағына құюдан, көңіліне қондырудан шаршамауларыңыз керек.     

Сонымен бірге, адамзатқа жат қатыгездік, масылдық пен менмендік, еріншек мінезден бойды тасалап, мейірімділік, елгезектік, қарапайымдылық сияқты кімге болса да жарасатын қасиеттерді бала бойына дарыту маңызды. Ұстаздар қауымы өздерінің бұған да жауапты екендерін білуі тиіс.

Қорыта келе, Сыр өңірінің мектептері шын мәнінде заман талабына сай білім ортасына айналуы үшін не істелуі қажет?

Біріншіден, мектепте сапасы жоғары және қазіргі уақытта қолданбалы білім берілуі тиіс. Ең үздік және артта қалған оқушылар арасындағы айырмашылықты мейлінше қысқарту керек.

Екіншіден, мектептің мақсаты баланы тек оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеу болуы шарт;

Үшіншіден, мектептегі мұғалімнің білігін ұдайы көтеру және олардың шығармашылық жұмысына жағдай жасау басты назарда болуы тиіс.

Төртіншіден, мектептер еліміз бен дүниеде болып жатқан әлеуметтік жаңалықтарға ашық болуы қажет. 

 

Құрметті әріптестер!

Лезде өзгерістер алдын ала пішіп-кесу қиын өмір ырғағы – туып келе жатқан жаңа заманның басты ерекшелігі болмақ. Сол себепті ертеңіміздің келбетін анықтайтын басты сала – білім беруді заман талабына лайықтау баршамызға ортақ аса маңызды міндет екендігін әрбір ұстаз есте сақтауы қажет. Ең әуелі мұғалімдер қауымы осыны терең ұғынып, жаңа техника мен технологияларға, жаңажыл әдістеме мен тәсілдерге шындап қызықпаса, сол арқылы  жасампаз әрекетке көшпесе, білім беру жүйесін заман талабына лайықтаудың берекесі келмейді.  

Аталған міндеттердің барлығы Мемлекетіміздің Басшысы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасақталып, іске асырылып жатқан келелі жоспарлардан туындайды. Тәуелсіздіктің таңы атқан кезден-ақ Елбасы дамуымыздың діңгегі білім мен ғылым екендігін басып айтып, «болашаққа – кемел біліммен» деген баршаға ортақ формуласын ұсынды. Соның аясында, қазақстандық білім беру бұрын соңды көрмеген қарқынды ілгерлеу кезеңіне аяқ басты. Елімізде жүздеген мектеп пен балабақша бой көтерді. Жоғары оқу орындарын қолдау, ұстаздардың ғылыми ізденісіне қажетті гранттар бөлу, «Болашақ» бағдарламасы, «Назарбаев Университеті» мен “Назарбаев зияткерлік мектептері”, мектепке дейінгі білім беруді 100 пайызға жеткізу, 12 жылдық орта білімге көшу, мектептердегі 3 кезек оқуды жою, апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешу туралы шешімдер, білімдегі инновацияларға көрсетілетін жан-жақты қолдау – осының барлығы  бізбен көршілес елдерде іске аса қоймаған, көп мемлекеттер әлі армандай да алмайтын биік белестер.

Мемлекет басшысы ендігі жерде бар күшіміз бен жігерімізді жұмылдырып озық дамыған 30 елдің қатарына кірудің қамына кірісуді тапсырғанын білесіздер. Соның ішінде осы елдердің білім беру жүйелеріне тән жоғары сапа мен биік деңгейге қол жеткізу міндеті қойылды.     

Бұл істегі біздің негізгі капиталымыз – талапты, тәрбиелі, отансүйгіш рухы биік жас ұрпақ. Сондықтан білім сапасын көтеру – мәртебесі биік, маңызы зор, жалпыұлттық мүдде.

Осы мақсатта еңбектеріңіз табысты болсын!

Назарларыңызға рахмет!


2015 жылдың І жартыжылдығындағы

облыстың әлеуметтік-экономикалық

дамуы бойынша қорытынды есебінің тезисі

2015 жылғы 10 шілде

 

Құрметті депутаттар және әріптестер!

Бүгін біз ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының алдын ала қорытындысын жасаймыз.

Бұл мерзімдегі басты саяси оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болғанын білесіздер. Президенттік сайлаудың Қызылорда облысындағы ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берілді. Сайлауға халқымыздың 97,5 пайызы қатысып, оның 98,1 пайызы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдап дауыс берді.

Және сыртқы қолайсыз факторларға қарамастан, елімізде экономикалық және қоғамдық-саяси ахуал тұрақты сақталуда.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына келсек, өңір үшін аса маңызды мұнай нарығындағы қалыптасып отырған күрделі жағдайға қарамастан, біз ішкі жалпы өнім көлемін төмендеткен жоқпыз (мәлімет үшін: 100 пайыз). Әрине, бұл бізге оңай болған жоқ.

Өздеріңізге белгілі, осы жылға арналған облыс әкімінің іс-қимыл жоспары қабылданды. Алайда, республикалық бюджет секвестріне байланысты жоспарға ішінара өзгерістер енгізілді.

Анықтама үшін:

Жыл басынан бері біз облыс бюджетін екі мәрте нақтыладық. Осы шаралар аясында республикалық бюджеттен жаңа нысандар құрылысына, азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер жалақысын ұлғайтуға арналған мақсатты трансферттер қысқарды.

Нәтижесінде 2014 жылдың желтоқсанында бекітілген 2015 жылғы облыс бюджеті 11 млрд. теңгеге қысқарып, 179,8 млрд. теңгені құрады.

 

Биылғы жылдың өзгешелігі - біз «ерекше» кезең жағдайында жұмыс жасаудамыз.

Қалыптасып отырған жағдайға орай Елбасы әкімдерге қосымша өкілеттілік жүктеді.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң қалыпқа ие. Дегенмен, проблемалық мәселелер де жоқ емес.

Біріншіден, аймақтағы мұнай өндірісіндегі ахуал. Саладағы жағдай өндіріс көлемінің төмендеуіне ғана емес, сонымен қатар инвестицияға, жұмыспен қамтуға және бюджеттің кіріс бөлігіне кері ықпал етіп отыр.

Әлем бойынша мұнай бағасы құлдырап, бір баррелінің құны қазіргі уақытта - 57 долларды сақтап тұр.

Осыған байланысты биыл мұнай өндіру көлемі 700 мың тоннаға немесе 7 пайызға қысқарады. Тіпті, былтырғымен салыстырғанда да кемуі байқалады.

Мұнай өндіруші компаниялардың көпшілігі инвестициялық бюджетін 50 пайызға дейін және одан да жоғары пайызға қысқартты. Осының салдарынан аймақ экономикасындағы инвестицияның жалпы көлемі 30 пайызға дейін кеміді.

Ең бастысы-мұнай өндірісіне қызмет көрсету көлемінің осыншалықты азайуы саладағы қызметкерлер санының қысқаруына да әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты біз Энергетика министрлігіне мұнай компаниялары бюджетінің шығыс бөлігін қысқартудың шекті мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныс бердік. Біздің ойымызша, бюджетті қысқарту жылдық жоспардың 10 пайызынан аспауы керек. Министрлік ұсынысымызды түсіністікпен қабылдап,  Үкімет тарапынан мұнай-газ компанияларына тиісті талап қойды.

Үкімет басшысының қатысуымен облысымыздың проблемалық мәселелері жөнінде арнайы мәжіліс өтіп, онда біз аталған мәселені де көтерген болатынбыз.

 

Сонымен қатар, біздің бастамамыз бойынша Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің төрағалығымен мұнай компанияларында өндіріс көлемін сақтау және жұмысшылар санын қысқартпауға арналған екі мәжіліс өткізілді.

Біздің көтерген мәселелер толық қолдау тапты, тек қана мұнай сату көлеміне қатысты «Қуат Амлон Мұнай» компаниясының ұсынысы қолданбады.

Себебі, шикі мұнайды экспортқа шығаруды шектеп, отандық үш мұнай өңдеуші зауытты шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы бар.

Жұмысшыларды қызметінен босатпау және орындарын сақтап қалу мақсатында барлық ірі және орта компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.

 

Екінші мәселе – шикізаттық емес саланың дамуы.

Мұнай өндірудің қысқарғанына қарамастан өнеркәсіп өндірісінің көлемі көп төмендей қойған жоқ. Керісінше, өңдеу өнеркәсібінің көлемі шамамен 20 пайызға артты.

Осы саладағы динамикаға үңілсек, 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда шикізат емес сектордағы өнім көлемі 62 пайызға артқандығы байқалады. Осы уақыт аралығында республика бойынша көрсеткіш орташа есеппен 9 пайызға ғана өскен.

Осылайша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының нәтижесімен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігі 40 пайызға жуық артты (анықтама үшін: өсу қарқыны бойынша республика аймақтарының арасында 1 орында). 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 еседен аса артқан (анықтама үшін: республика аймақтарының арасында 1 орында).

Өздеріңізге белгілі, «қолданыстағы кәсіпорындардың тиімділігі мен өнімділігін арттырудың қажеттілігі туралы» Мемлекет басшысы жақында өткен Индустрияландыру күнінде ерекше айтып өткен болатын.

Облыстың 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын қабылдау барысында біз басты міндеттеріміздің бірі ретінде экономиканы әртараптандыру деп белгіледік.

Қазір осы бағыттағы оң өзгерістер жайлы айтуға болады. Әрине, екі-үш жыл құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін өте қысқа мерзім. Осы уақыт аралығында өнеркәсіп өндірісіндегі тау-кен өндірісінің көлемі 92-ден 82 пайызға (немесе 12 пайыздық пунктке) дейін кеміді. Бұған мұнай бағасының әлемдік нарықта төмендеуі де әсер етпей қалған жоқ. Дегенмен де, экономиканы әртараптандырудың тұрақты тренді байқалады.

Былтыр «АралТұз» кәсіпорнындағы ас және техникалық тұз өндірісі толықтай жаңартылғаны баршаңызға белгілі. Осының нәтижесінде тек алғашқы 6 айда ғана өнім шығару 20 пайызға ұлғайды.

Сонымен қатар, отандық компания Арал ауданында кальциленген сода шығаратын зауыт құрылысын салу жөнінде шешім қабылдады. «Бәйтерек» Холдингі жалпы құны 200-250 млн. АҚШ долларын құрайтын аталған жобаны қаржыландыруға дайын. Қазір осыған байланысты қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Былтыр Жалағаш және Шиелі аудандарында іске қосылған қызыл мия тамырын өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр.

Қызылорда қаласында құрама жем, күріш өңдеу және керамикалық кірпіш зауыттарының құрылысы аяқталды.

Жыл аяғына дейін сэндвич панель, күйдірілген кірпіш, жарықдиодты шам және өзге де өндіріс орындарын іске қосатын боламыз.

«Шалқия» кенішіндегі қорғасын мырыш өндірісін «Самұрық Қазына» қорымен бірлесе отырып игереудеміз.

Бүгінде кен байыту комбинатының базалық жобасын әзірлеу аяқталып, детальдық жобалау жұмыстары қолға алынды. Жақын арада құрылысты бастаймыз деген ойдамыз.

Үстіміздегі жылғы мамыр айында «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеевтің іс-сапары аясында кәсіпорында қорғасын мен мырышты терең өңдеуге бейімдеу және соның негізінде гидрометаллургиялық зауыт құрылысын салу жөнінде шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде металлопрокат алуға мүмкіндік беретін жобаның келесі сатысы болып табылады.

Сонымен қатар, «Молль» неміс компаниясы «Тау Кен Самұрық» Ұлттық компаниясымен осы аумақтан біздің қорғасынды пайдалана отырып аккумулятор зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен бірге, машина жасау және ферроқорытпа зауыттарының құрылысы жөніндегі жобалық құжаттар әзірленді, ендігі кезек-мемлекеттік сараптамада.

Германиялық «ThessenKrupp», оңтүстіккореялық «POSCO», жапониялық «Hanwa» сияқты ірі металлургиялық компаниялар әсіресе, төмен алюминийлі ферросилиций өндірісіне қызығушылық танытып отыр. Осы ферросилицийді пайдалану арқылы болаттың өзіндік құнын арзандатуға болатыны белгілі.

Бұл өндірісте «Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу» Ұлттық орталығының  инновациялық технологиясын қолдану жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта осы технологияны өндірістік сынақтан өткізіп, оны ғылыми қолдауды (5 млрд. теңге) қамтамасыз ету күн тәртібінде тұр. Осыған орай, Үкіметке тиісті ұсыныспен шықтық. Қызылорда қаласындағы индустриалды аймақтан зауыт салуға 50 гектар жер бөлініп, инфрақұрылымын тартудамыз. 

Ванадий өндірісі бағытындағы жобалар да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, аймақта толыққанды металлургиялық кешеннің іргетасы қалануда деп батыл айта аламыз.

 

Басқа жобаларға келер болсақ, облыс орталығында «Бәйтерек» холдингі, «Қазақстанның инвестициялық қоры», америкалық «Stewart Engineers» компанияларының бірлескен жобасы - шыны зауытының (қуаттылығы жылына 197 мың тонна) құрылысы басталды.

Бүгінде мердігерге зауыт құрылысына қажетті қаржының алғашқы бөлігі 2,8 млрд. теңге берілді.

Болашақ зауыттың ең ірі нысаны-дайын өнімдерді сақтау қоймасының құрылысы басталды. Жыл аяғына дейін осы жұмыстың 70-80 пайызын игеру жоспарланып отыр. Қалақұрылысы кеңесінде зауыттың жобасы бекітілді. Нысан 2017 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, шыны зауыты үшін құмды дайын шикізатқа айналдыратын тау-кен байыту комбинатының құрылысы (2017-2018 жылдар) жоспарлануда. Бүгінде жоба бастамашылары Қазақстан Даму банкімен жобаны қаржыландыру жайында келіссөздер жүргізуде.

«Compact GTL» британ компаниясымен бірлесе отырып, Қармақшы ауданында жер асты газын дизелді отынға айналдыру жобасын жүзеге асыру көзделуде. Евро-5 стандартына сәйкес өндіріс орны тәулігіне 160 тонна өнім шығарады. Жобаға Энергетика министрлігі қолдау көрсетуде.

Германиялық әріптестердің қатысуымен облыс орталығында тұрғын үй құрылысы комбинаты салынуда.

Бірқатар қытайлық компаниялармен цемент өндірісін дамыту жөнінде келісімдер іске аса бастады. Шиеліден цемент зауытын (400-500 маркалы) салу жөніндегі «Данаке» корпорациясының жобасы Қазақстан-Қытай үкіметаралық басым бағыттағы жобалар тізіміне енгізілді. Барлық инфраструктурасы бар өндірістік аймақтарды тек қана, Қызылорда қаласында ғана емес барлық аудан орталықтарында да жасақталуының арқасында осындай мүмкіндікке қол жеткізудеміз. 

Қуаты шағын екінші осындай жоба (300-400 мың тонна)  облыс орталығындағы индустриалдық аймақтан салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, Европадағы экономикалық ықпалдастық және даму ұйымы (ОЭСР) жасаған аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы аясында біздің облыс құрылыс индустриясы мен ауылшаруашылығы саласындағы әлеуеті жоғары  пилоттық 3 өңірдің қатарына енді.

Бір сөзбен айтқанда, ойға алған жобалар бойынша жұмыстар қарқынды жүріп келеді.

Бұл жобалардың барлығы да ерекше маңызды, өйткені олар өз кезегінде тұрғындарды жұмыспен қамтып, салық базасын кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Сараптамаға жүгінсек, олар жыл сайын 4,5 мың адам жұмыс орнын ашуға 3 млрд теңгеден астам салықты жергілікті бюджетке түсіреді. Кәсіпорындарға білікті, кәсіби мамандар мен жұмысшы кадрлар дайындалып, өңір экономикасының мұнайға тәуелділігі азайып, адам потенциалын дамытуға жағдай жасалады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту динамикасы да жаман емес. Оған дәлел, бір жыл ішінде белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 мың 700 бірлікке (12 пайыз) өскен. Өткен бес айда қаржы институттары облыстағы шағын және орта бизнесті дамытуға 11 млрд теңгеге жуық несие бөлген.

Алайда, кәсіпкерлікті ойдағыдай қарқынды дамытуға әзірге қол жетпей отыр. Оның себебі – шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың басым бөлігі бұрын құрылған кәсіпкерлікті дамытуға ғана бөлінуде. Ал, біздің облыс бұл мәселеде еліміздің өзге өңірлерінен көп артта қалған. Сондықтан кәсіпкерлеріміз қарыз алушы ретінде жеңілдікпен несие алу талаптарына көбінесе сәйкес келмейді. Банктердің қаржысы бар, бірақ олар біздің кәсіпкерлерге қол жетімсіз.

Сондықтан арнайы “өңірлік инвестициялық орталық” құрдық. Бұл орталық басым бағытқа ие жобаларды қолға алған кәсіпкерлерге несие бере алады. Бүгінгі бюджетті нақтылау барысында біз осы мақсатқа 100 млн. теңгені бөліп отырмыз.

Ақ-ниет” және шағын несие беретін бағдарламалар өз жалғасын табуда. Дегенмен, біз өткен екі жылдағы мөлшерден асып түсе алмаймыз. Себебі, республика бұл мақсаттағы шығынды секвестр аясында бірнеше есе қысқартты.

Анықтама ретінде:

Шағын несие алғандар:

2015 жылдың І жарты жылдығы – 165 адам 349 млн теңге;

2014 жылдың  І жарты жылдығы 549 адам 1 млрд.289 млн теңге;

2013 жылдың І жарты жылдығында 163 кәсіп иесі 335 млн теңге алған.

Сондықтан бұл жерде бізге серпіліс керек. Ол үшін әкімдіктер мен мәслихаттар, “Нұр Отан” партиясы филиалдары және өңірлік кәсіпкерлік палатасымен қоса бұл іске ірі кәсіпорындар мен қоғамдық бірлестіктер жұмылдырылуы тиіс. Біздің аймақта, бизнес толыққанды дамуы өте қажет!

Мемлекет басшысы атап өткендей «барлық жүргізіліп жатырған реформалар жеке сектордың отандық экономикадағы рөлін арттыруға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі болып табылады».

Қызылорда облысы мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуда пилоттық болып белгіленді. Бұл бағытта  республика бойынша алғашқы қадамдар ғана жасалуда. Біз “Өңірлік кәсіпкерлік палатасы” және «Мемлекеттік жеке әріптестік жобасын тіркеу» орталығымен бірлесіп алғашқы екі жобаны жүзеге асыруды қолға алдық. Олар, облыс орталығында күніне 500 келушіні қабылдайтын емхана мен 600 орындық кәсіптік-техникалық лицей құрылысы.

Ауыл шаруашылығында әсіресе ет өндіру көлемінің артуымен жалпы өндіріс көлемінің өсуі байқалады. Бұл саланы біз табанды түрде дамытатын боламыз. Соңғы екі жылдың өзінде ғана агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 8 есеге дейін өскен. Өткен мамыр айында малшылардың бірінші облыстық слетінде алғашқы нәтижелер қорытындыланды. Мұндай шара соңғы рет осыдан 19 жыл бұрын өткен екен.

Көктемгі егіс науқаны да ұйымшылдықпен өтті. Аманшылық болса, күріштен биыл да жақсы өнім аламыз деген ойдамыз.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың «жол картасы» жүзеге асырылуда.

Басты мақсат-озық агротехнологияны, оның ішінде ылғал сақтағыш, өндіріске енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің қарқынды өсімін қамтамасыз ету қажет.

Республикадағы қаржылық дағдарысқа қарамастан биыл ауыл шаруашылығын субсидиялауға 8,3 млрд теңге алдық. Бұл былтырғыдан 24 пайызға көп немесе 1,6 млрд теңгеге артық (6,7 млрд теңге).

Мал шаруашылығын дамыту үшін азықтық дақылдар көлемін арттыруды да межелеудеміз. Ол биыл 3,7 мың гектарды құрайды.

Аграрлық секторға қосымша инвестициялар тарту шаралары қолға алынуда. Қазіргі таңда 15 мың гектардан астам алқапқа тамшылатып суару әдісімен қызанақ және жүгері егу жобасын жүзеге асыруға инвестор тартылды. Қызанақ концентраты, жүгері сіркесі мен крахмал өндіру  зауытын жобалауға кірісіп кеттік.

Облыс биыл ветеринария жүйесін жетілдіру шараларының нәтижесінде буферлік аймақтан шығады. Бұл Жаңақорғанда жылына 7 мың тоннаға дейін ұсақ малдың етін өңдейтін ет комбинатының құрылысын жобалауға мүмкіндік туғызды.                                      

Сонымен бірге, ірі мал бордақылау алаңы бар мал жайылымдарын дамыту да жоспарда бар. Биылдың өзінде Қазалы ауданында 500 басқа («Сыр маржаны» ЖШС) және Сырдария ауданында 3000 басқа арналған («Шаған-Жер» ЖШС) кешенді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұған қоса, осындай кешенді Жалағаш ауданында да салатын боламыз («Мега-Агро» ЖШС). Өнімнің бір бөлігі экспортқа шығарылатын болады.

Тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін негізгі фактордың бірі - баға. Бұл мәселені біз тұрақты назарда ұстап келеміз. Әсіресе, азық-түлік бағасы. Бұл ретте бағаны тұрақтандыру қорының пайдасы мол болмақ. Оған облыстық бюджеттен 380 млн теңге бөлінді. Сондықтан аймақтағы баға республиканың орташа көрсеткішінен біршама төмен.

Анықтама:

Мамыр айында облыста тұтыну бағасының индексі  барлығы 101,4 % (Республикада – 101,5%) ТБИ азық-түлік тауарларына – 101,9 %, (Республикада – 101,9 %),

Балық шаруашылығы саласы да даму үстінде. Бүгінгі күні аймақта Арал және Қазалы аудандарына 8 кәсіпорын балық өңдеумен айналысады десек, оның 3 (үшеуі) еврокод белгісімен өнімдерін Европа елдеріне шығаруда.

Қазір біз Үкіметпен бірлесіп САРАТС жобасының екінші кезеңін тезірек бастау үшін жұмыс жасаудамыз. Қаржы мәселесі толық шешілді. Бірақ, Өзбекстан жағынан туындаған түсініспеушіліктер жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіруде. Әйтсе де, нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жобаны жүзеге асыруға шекаралас елді хабардар еттік. Енді Бүкіләлемдік банктің тиісті шешімін күтудеміз.

 

Үшінші. Инфрақұрылымды дамыту.

Жыл басынан бері тұрғын үйді пайдалануға беру 1,5 есеге өсті. Сонымен бірге біз “Қазақстан ипотекалық компаниясы” және “Самұрық-Қазынажылжымайтын мүлік қорымен” тұрғын үй құрылысына қажетті қосымша ресурстарды тарту жөнінде мақсатты жұмыстар жүргіздік.

Жыл бойында “Нұрлы Жол” бағдарламасы шеңберінде бөлінген қорлар есебінен тұрғын үй құрылысын 3,5 есеге көбейтуді межелеп отырмыз.

Аталған бағдарлама аясында биылға бөлінген 900 млн теңгеге өңірді Елордамен байланыстыратын “Қызылорда-Жезқазған” тас жолын жаңғыртуды бастаймыз.

Қызылорда қаласында әуежайдың жаңа терминалының құрылысы басталды. Жобаны қаржыландыру жөніндегі міндетімізді біз орындадық.

Ендігі кезек - “Қазақстан теміржолы” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының еншісінде. Бұл мәселенің тез шешім табу үшін оны әлеуметтік маңызды нысандар тізіміне қосу жөнінде Үкіметке ұсыныспен шықтық.

Мамыр айынан бастап Мәскеу бағытына тікелей рейс ашылды. 8-ші маусымнан бастап Анталияға халықаралық чартерлік рейс басталды. Ұлттық және халықаралық авиакомпаниялармен Стамбул, Дубай, Пекин және Үрімші қалаларына тұрақты және чартерлік рейстерге қызмет көрсетуге келісім-шарттар жасалды.

 

Енді облыс тұрғындарының басым бөлігі үшін аса маңызды мәселе – газдандыру туралы.

ҚазТрансГаз” акционерлік қоғамы 23,5 млрд теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын барынша қарқынды жүргізуде. Биылғы жаздың өзінде Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері мен Байқоңыр қаласы “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральды газ құбырына жалғанатын болады. Бұл елді мекендерде 210 мың адам өмір сүреді.

Сонымен бірге 2016-2017 жылдары Сексеуіл, Жосалы, Қамыстыбас, Жалағаш және Тереңөзек кенттерін көгілдір отын желісіне қосу үшін 4 АГРС құрылысына қажетті 10 млрд теңге бөлу туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған елді мекендерде 60 мыңға жуық тұрғын бар.

Осылайша, бірінші кезекте облысымыздың барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендері газбен қамтамасыз етілетін болады.

 

Облыстың елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табуда. Өздеріңізге белгілі, бүгінге дейін барлық селолық елді мекендердің 71 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылды, яғни осы елді мекендерде ауыл тұрғындарының 94 пайызы тұрады (өңірлер ішінде бірінші орында). Ағымдағы жылы, Жаңақорған ауданындағы Талап және Сырдария топтық су құбырының құрылысы басталды.

Бұл жобаларды іске асырудың нәтижесінде тағы да 28 елді мекенде тұратын 38 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір құрылысы салынуда.

 

Облыс орталығын абаттандыру мен көгалдандыруға бұрынғыша айрықша көңіл бөлудеміз. Бірақ қала көшелері ауыр салмақты көліктерге есептелмеген. Ал “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автомагистралы арқылы өтетін көліктер біз жөндеген жолдарды бұзып кетуде.

Сондықтан, өздеріңіз білетіндей, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Бейбарыс Сұлтан көшесінен Ғ.Мұратбаев көшесіне дейін айналма жолдың құрылысы басталуда. Бұл жол жүк көліктерінің қозғалысын реттейтін болады. Сонымен бірге жол құрылысы Сырдария өзенінің жағалауын бекітуге мүмкіндік беріп, жағалау аймағын абаттандыруды және сол жағалаумен байланысты қамтамасыз етеді.

Айтпақшы, Азия даму банкісімен бірге біз облыс орталығының жаңа ауданы – Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы инфрақұрылымы құрылысы жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесін қаржыландыруды шешудеміз.

Жобаның жалпы құны 1 млрд. доллар шамасында.

Азия даму банкісінің (АБР) өкілдігі бұл жобаны «ақылды» қаланы (Smart City) дамытуға бағытталған «Кешенді инфрақұрылым бағдарламасы» ретінде жүзеге асыруды ұсынып отыр. Қазір біз оның техникалық-экономикалық негіздемесін жасап жатырмыз және Ұлттық экономика министрлігінен бұл жобаны министрліктің операциялық жоспарына енгізу туралы алдын-ала келісімін де алып қойдық.

Қаржылай жетіспеушілік кезінде басқа да халықаралық қаржы орталықтарымен тиімді жұмыс істеуді жалғастырып келеміз.

Өздеріңіз білетіндей, Еуропалық қайта құру және даму банкісімен жалпы құны 350 млн. доллар (65,6 млрд. теңге) болатын 8 жоба бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Жақында ғана осы банктің желісі бойынша алынатын 92 автобустың алғашқы 10-ы қаламызға келді.

Сәуір айынан бері 42 мың тұрғыны бар Әйтеке би кентін жылумен қамтамасыз ететін қазандықты («Қазалы-Теміржол жылу») қайта құру бойынша сарапшылар жұмыс жүргізуде. Ислам даму банкісімен бірге әлеуметтік нысандар құрылысы (мектептер мен балабақшалар) бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылап жатырмыз. Әсіресе, апаттық жағдайдағы.

 

Төртінші. Байқоңыр қаласының мәселелері бойынша.

Ресейдегі қазіргі ахуал Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына да теріс әсер етуде. Қала бюджеті жыл сайын азайып келеді. Қызметкерлерді кезең-кезеңімен қысқарту басталды. Облыс бойынша  алғашқы жарты жылдықта жұмыстан босаған 400 адамның жартысы Байқоңыр үлесіне тиеді.

Жыл аяғына дейін ғарыш кешенінде жұмыс істейтін тағы 300-дей Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмыссыздар қатарын толықтырып қалуы ғажап емес.

Жағымды жаңалықтар да бар. Биылғы жылы екі маңызды мәселені шешуге қол жеткіздік. Қалада әлеуметтік мәселелер көбейіп келе жатқандықтан біз 500-дей мұғалім жұмыс істейтін 6 байқоңырлық қазақ мектебі мен 1 балабақшаны өзімізге алдық. Сонымен бірге, өздеріңізге белгілі, бес жыл бойы құрылысы тоқтап тұрған перзентхана мәселесі де оңынан шешілді. Ол емханасы бар көпсалалы станционар ретінде облыстық медициналық орталықтың филиалы болып жұмыс істейтін болады. Қажетті жабдықтар алынып қойылды.

Өкінішке орай, бүгінде Байқоңыр қаласы бойынша туындаған әлеуметтік мәселелер жиілей түсуде, мұның өзі онда жұмыс істеп және өмір сүріп жатқан қазақстандық азаматтардың хал-ахуалына теріс әсерін тигізуде.

Соған байланысты тиісті шешім қабылдануы қажет деп есептейміз.

Біз өз ұсынысымызды Үкіметке енгіздік. Және бұл мәселені ағымдағы жылдың күз маусымында Мемлекет басшысының облысқа жұмыс сапары барысында көтермек ойымыз бар.

Байқоңыр қаласын біз әрқашанда Төретам және Ақай елді мекендерімен бірге қараймыз, себебі аталған елді-мекендердің тұрғындарының негізгі бөлігі «Байқоңыр» кешенінің нысандарында жұмыс істеуде. Сәйкесінше, қаладағы жағдай олардың өмір сүру деңгейіне тікелей әсерін тигізеді.

Өздеріңіз білетіндей, 2014 жылы біз Сіздермен бірге «Байқоңыр қаласын, Төретам кентін және Ақай ауылдық округін  әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын» қабылдадық.

Өткен жылдан бері Жоспар аясында 2 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлінді (антықтама үшін: 2014 жылы 1,5 млрд. теңге және 2015 жылы 1,2 млрд. теңге).

Төретам кентінің 15 көшесі жөнделіп, 20 көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе, 280 орынға арналған бала-бақша пайдалануға берілді.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде көкөніс сақтау қоймасы, қонақ үй және өзге де қызмет көрсету нысандары салынуда (анықтама үшін: монша, сауда үйлері, ресторан, автотұрақ).

Биылғы жылы Төретам кентінің Бас жоспары әзірленді.

Ақай ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория салынды. Сумен қамтамасыз ету жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Күзге қарай 600 орынға арналған жаңа мектеп пен 280 орындық бала-бақшаны пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Бесіншіден, құрметті депутаттар, әлеуметтік дамудың кейбір аспектілері туралы толығырақ ақпарат бергенді жөн санап отырмын.

Аймақтың бұл мәселеде жылдар бойғы кенже қалуының орнын толтыру үшін біз Сіздермен бірге үшінші жыл қатарынан әлеуметтік бағдарланған бюджет қалыптастырып келеміз. Биылғы жылғы бюджеттің 62 пайызын әлеуметтік сала шығындары құрайды.

Ағымдағы жылы әлеуметтік даму мәселелері бойынша бізді ерекше алаңдататын мәселе ол,-еңбек қатынасы. Оның өзі толықтай алғанда  жалпы экономикалық ахуалға, сондай-ақ мұнай және сервистік компаниялар жағдайына байланысты болып отыр. Сондықтан да жұмыс орындарын сақтау, жалақыны уақытылы төлеу, ұжымдық шарттарды орындау бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Нәтижесінде, жалпы алғанда жыл басынан бері облыста 400-ден астам ғана адам жұмыстан қысқарды (жоғарыда атап өткенімдей, оның жартысын байқоңырлықтар құрады).

 

Дегенмен, осы мерзімде экономиканың әртүрлі салаларында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның 4400-і тұрақты жұмыс орны. Мұның өзі бізге жұмыссыздықтың өсуін тоқтатуға көмектесті (5 пайыз).

Еңбекақы қарыздары бойынша туындаған мәселелердің басым бөлігін тез арада, «тікелей басқару» тетіктері арқылы шешіп жатырмыз. Бүгінгі күні тек 3 кәсіпорынның 25 млн. теңгеге жуық жалақы қарызы бар («МИГ-21» ЖШС, «Азияш» ЖШС, «Жез Киік и К ЖШС). Олардың әрқайсысы бойынша әкімдіктер, прокуратура және сот органдары бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Білім саласында білім сапасын көтеру жөнінде үшінші жыл бойы жүргізіп келе жатқан тиянақты жұмыстар енді ғана өз нәтижелерін бере бастады.

Естеріңізде болар, біз бұл саладағы жұмысты бір мезетте 27 мектеп директорын орындарынан босатудан бастадық.

Өйткені, облыс ҰБТ нәтижелері бойынша (2012 жыл) республика өңірлері арасында 16 орында еді. Үстіміздегі жылы ҰБТ нәтижесі бойынша облыс 5 орыннан көрінді (81,7 бал). Ең төменгі көрсеткіш Шиелі ауданында 79,9 бал болды, ал республикалық орташа көрсеткіш 79,5 бал.

Бұған қоса «Алтын белгіге» ұсынылған үміткерлердің 60 пайызы өздерінің білімін дәлелдеп шықты (биыл 139 адам, өткен жылы 94 адам).

Екі жыл болды, біз мектеп бітірушілерді тікелей Мәскеу болат және қорытпалар институтына, Санкт - Петербург технологиялық университетіне, сонымен бірге Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ мен отандық басқа да алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға жіберіп отырмыз. Биылғы жылы ресейлік аталған және басқа да алдыңғы қатарлы халықаралық деңгейдегі оқу орындарына біздің мектеп бітірушілерімізге 400-ден аса орын берілді. Біздің экономикамыздың сұранысына орай балаларды негізінен техникалық мамандықтарға жіберудеміз.

Мұнан бөлек, «Серпін» бағдарламасы бойынша 2500-дей грант алу жоспарымыз бар. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға облыс әкімінің 365 грантын бөлуді жалғастырып отырмыз.

Осылайша біз биылғы жылғы мектеп бітірушілердің жартысын Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы қатарлы ЖОО мен колледждерде гранттар есебінен оқытуды қамтамасыз етеміз. Мұндай жағдай бізден басқа бірде-бір облыста жоқ!

Облыс әкімі іс-қимыл жоспарының басым бағыттарының бірі ретінде біз апатты мектептердің мәселелерін шешу деп санаймыз.

Биылғы жылы 16 мектепті пайдалануға беруді жоспарлаудамыз, оның ішінде 9-ы - апатты мектептердің орнына іске қосылады.

Жалпы, биылғы жылы біз барлығы 42 жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Мектепке дейінгі білім беру бойынша Білім және ғылым министрлігінің жеке балабақшаларды қаржыландыру жөнінде мәселелер туындауда. Яғни, министрлік балабақшаның ашылған кезінен бастап емес, өздерінің құжаттарында жоспарлаған мерзімі бойынша қаржы бөледі.

Ондай бюрократиялық кедергілерді жеңу де қиын. Сондықтан, облыстық білім басқармасына балабақша ашатын кәсіпкерлерді бюджеттік қаржыландырудың қандай уақыттан басталатыны жайлы тұрақты ақпараттандырып тұру тапсырылды.

Бұл бизнестің өз мүмкіндіктерін жоспарлауға көмектеседі.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру (92 пайыз) жөніндегі біздің тәжірибемізді ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі тамыз айында Қызылорда қаласында мектепке дейінгі тәрбие беру бойынша республикалық семинар өткізу туралы ұсыныс жасады.

Тұрғындар денсаулығын жақсартуға және мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасы деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Біз өткен жылы бекітілген туберкулездің мультирезистік түрімен ауырған адамдарды сауықтыруға ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті, сондай-ақ лейкоз бен және апластикалық анемиямен ауыратын балаларды терапиялық қолдау үшін дәрілер алып беру төлемдерін сақтап қалдық.

Сонымен қатар, біз Қызылорда қаласындағы 200 төсекке арналған облыстық көпсалалы балалар ауруханасы, Жаңақорған мен Жалағаш кенттеріндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылыстарын жалғастырып жатырмыз.

Сексеуіл кентінде ауысымына 100 келушіге арналған емхана мен Түгіскен ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын бастадық.

Қызылорда қаласындағы Мейірімділік үйінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, қалалық туберкулез диспансері мен наркодиспансеріне күрделі жөндеу жүргізілуде.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтар-мамыр айларында сәбилер өлімі көрсеткіші 12 пайызға, туберкулезбен ауыру 19 пайызға, қатерлі ісікпен ауырып қайтыс болғандар 11 пайызға кеміді.

Өкінішке орай, ана өлімі мәселесі әлі де өзекті күйінде қалуда. Бұл проблема бойынша өзіміздің және шетелдік мамандармен нақты жұмыстар жүргізудеміз.

Анықтама ретінде: үстіміздегі жылы – 4 жағдай, өткен жылы тіркелмеген.

Біздің дәрігерлер күрделі оталар жасауды жолға қойды (ми-қан тамырларына, омыртқа мен жұлынға, жүрекке ашық ота).

Біздің профилактикалық емдеу мекемелерінің жабдықталу деңгейі өңірлер арасындағы үздіктердің бірі.

Десе де, денсаулық сақтау саласындағы проблемалар тек қана қолайсыз факторлардың ықпалына ғана байланысты емес. Мойындауымыз қажет - көбінесе тұрғындардың денсаулығын күту мәдениетінің төмен және дәрігерлер біліктілігінің өз деңгейінде болмауына да байланысты орын алуда.

Осы орайда, кадрларды дайындау үшін ағымдағы жылдың маусым айында облыстық медициналық орталықтың негізінде Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды. Мұндағы магистратурада студенттер оқып, дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлер біліктілігін арттырып, тәжірибеден және интернатурадан өте алатын болады.

Оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін әрбір айдың бір аптасында Қызылордаға Алматыдан оқытушылар мен профессорлардың келіп тұруы жоспарлануда. Біздің дәрігерлер сабақ беретін кафедралар да ашамыз.

Филиал базасында денсаулық саласы менеджерлерін дайындауды, ғылыми - медициналық зерттеулер өткізіп және диссертациялар қорғауды ұйымдастыратын боламыз.

Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау ісі де басым бағыттардың бірі деп санаймыз.

Жақында Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында мемлекет пен жеке әріптестік негізінде салынған денешынықтыру және сауықтыру орталығы бар стадион ашылды. 

Қызылорда қаласында салынып жатқан ипподром мен бокс орталығы, сондай-ақ Жаңақорған, Қазалы аудандарындағы дене шынықтыру сауықтыру кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Спорттық ғимараттар желісін дамыту балалар мен жастардың денсаулығын сақтап, (деструктивті) жаман әдеттерден аулақ болуға септігін тигізеді.

 

Айта кетейік, бізде бұл жағынан келгенде мәселе күрделірек болатын. Ал қазір жасөспірімдер суицидін болдырмау және алдын-алу шаралары бойынша біздің тәжірибеміз, соның ішінде осы бағыттағы ЮНИСЕФ-пен өзара әріптестігіміз айтарлықтай тиімді деп танылды, тәжірибеміз республика деңгейінде үлгі ретінде таратыла бастады.

Биыл біз Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын атап өттік. Іс-шаралар жыл бойы жалғасын табатын болады. Бұл өскелең ұрпаққа тарихын таныту үшін қажетті әрі ерекше маңызды шара деп білеміз.  

Біздің отанымыздың еркіндігін қорғаған әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі өскелең ұрпаққа ерекше өнеге болуы керек. Біз балаларымыздың бейбітшіліктің және оны сақтаудың қаншалықты  қымбат екенін білуіне жауаптымыз.

Яғни, «Георгий Жуков кім?» деген сұраққа, ол балалар композиторы деп жауап бермеулері керек.

Осылайша, олар өздерінің рухани-адамгершілік бағытынан ауытқымайтын болады, олар өз кезегінде ұлтжанды, әлемді бағалайтын және Отанын жақсы көретін болады, ал деструктивті күштер өздерінің идеологиялық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды.

Әртүрлі экстремизмнің таралуы жағдайында бізге ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға мүмкіндік беретін осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейтуіміз қажет.

Біздің кәсіпкерлердің қатысуымен бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатр «Достық үйі» етіп қайта жаңғыртылып жатыр. Аталмыш нысанды жыл соңына дейін ашуды жоспарлап отырмыз.

Алпыс жылдық тарихы бар облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры алғаш рет Лондонға гастрольмен барып, Патшалық театр сахнасында өз өнерін көрсетті.

Театр ұжымы Дулат Исабековтің «Ескi үйдегі екі кездесу» қойылымын қазақ тілінде қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 

Құрметті депутаттар мен әріптестер!

Сөзімнің соңында, бюджетке арнайы тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.

Ағымдағы жылы жоғары болжамға қарамастан, бірінші жартыжылдықта жергілікті бюджетке түскен түсім бойынша жоспар орындалды. (106 пайыз)  

Алайда бұған көп сенім артудың керегі жоқ, себебі сарапшылардың болжамы көңілді көншітпей тұр.

Биылғы жылдың басында біз әкімшілік шығындарды оңтайландырған болатынбыз. Өткен жолғы бюджетті нақтылау аясында кейбір қаржы көздері басым міндеттерді шешуге қайта бөлінді. Бірақ бөлінген ресурстарды дұрыс, сапалы әрі толықтай игеру қажет.

І жартылдықтың қорытындысы бойынша жоспарланған қаржыдан 0,5% ғана игерілмей қалды (сәйкес кезеңде 2012 жылы 4 млрд.тенгеден астам қаражат немесе жоспардың 6,2%-ы).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында компаниялардың еншілестігін, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы туыстық қатынасты анықтайтын мемлекеттік сатып алулар жүйесі мониторингі жетілдірілді. Бұл жүйе біздің ситуациялық орталық пен планшетте де жұмыс істей алады.

 Бүгінгі бюджетті нақтылаудағы мақсат қандай?

Біріншіден, жылыту маусымына және келер жылғы ықтимал тасқын кезеңіне толыққанды дайындалу керек. Екіншіден, құрылысы басталған нысандарды аяқтау керек. Үшіншіден, қанша қиын соқса да, біз келер жылға дайындық шараларын жасауымыз керек, оның ішінде тұрғын үй құрылысын да ескеруіміз керек.

Ең болмағанда 10 пайыз шеңберінде.

Бұған қоса Қармақшы ауданың дамытудың «Жол картасы» әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Бюджеттің кіріс бөлігі 877 млн. теңгеге ғана өседі. Қалған қаржы маңыздылығы кем шығыстарды оңтайландыру есебінен іздестірілді.

Ағымдағы жылғы сәуірден бастап біз 2016 жылғы республикалық бюджет есебінен қаражаттарды біздің жобаларға тарту мәселесін жан - жақты қарастырып жатырмыз.

Алайда, сыртқы экономикалық жағдайларға байланысты республикалық бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі. Осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша, республикалық бюджетке 97 млрд теңге салық түспеді.

2016 жылғы бюджет тапшы (дефициттік) бюджет ретінде сипатталады деуге толық негіз бар. Дегенмен де, жағымсыз әсерлер күшеюде. 2016 жылғы бюджетті құру барысында министрліктердің салалық шығындар лимиті 875 млрд.теңгеге қысқартылды. Қазіргі таңда Қаржы министрлігі келер жылғы бюджеттің жасақталмаған жобаларының екінші қысқартуын дайындауда. Жаңа құрылыстарға тыйым салынды.

Сондықтан, бюджетті жоспарлау кезінде біз негізгі мақсаттан айнымай, бірақ мүмкіндіктерді ескере отырып, барлық мәселеге ерекше мұқият қарайтын кезге келдік.

 

Құрметті депутаттар, әріптестер!

Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылы маусым айында Еуроодақ Ресейге қатысты экономикалық санкцияның мерзімін жарты жылға, яғни 2016 жылдың қаңтарына дейін ұзартты. Еуроодақтың жасаған санкцияларына қарсы Ресей тиісті шаралармен жауап беруде. Бұған қоса, Қытай банктері Ресейге қарсы санкцияларға жасырын түрде қосылуда?!...

Олардың көпшілігі ресейлік банктер қатысатын банкаралық жүйелердің жұмысын тежеп отыр. Сондай-ақ сыртқы сауда келісімдері де едәуір қысқарды.

Мұндай жағдай әрине, біздің тығыз қарым-қатынастағы экономикамыздың дамуына кедергі болады.

Бір жағынан, импорт алмастыруды қарқынды дамыту нәтижесінде ТМД, оның ішінде Қазақстан нарығында ресейлік кәсіпорындардың бәсекелестігі артады.

Бұл біздің бәсекеге қабілеттілігі төмен кәсіпорындарымызға қиындық туғызады. Осындай тәуекелдерді де ескеруіміз керек.

Шикізат тауарларының әлемдік бағасының төмендеуі де, сондай-ақ, тұралаған Қытай экономикасы, тұрақсыз ресейлік нарық, Орталық Азия елдеріндегі валюталық бағамға түзетулер жасауы онсыз да қолайсыз жағдайды қиындата түсуде. Нәтижесінде қазақстандық өнімдердің экспорты осы жылы 46 пайызға төмендеді. (4 ай). Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі отандық тауар өндірушілер үшін жаңа сын болып, елміздің тауарайналымына қатты әсер етеді.

Ағымдағы жылғы 22 маусым күні Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы құжаттың ережелері мақұлданды.

Халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері бас қосып, жұмыс тобында осындай келісімге келді.

Әрине, бұл Қазақстан үшін тарихи оқиға екені сөзсіз. Әлемнің ірі экономистері Қазақстанды инвестициялық климаты қолайлы, халықаралық құқыққа сай сауда саясатын жүргізіп отырған мемлекет ретінде мойындады.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) мүшелік біздің кәсіпорындардың шетелдік нарыққа еркін шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін мол тауар мен қызмет түрлерінің кіруіне есік ашады.

Келіссөздер 19 жыл жүрді. Ұйымға (ДСҰ) енуімізді Президентіміз ғаламдық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі болып мойындалуымыз, барша Қазақстанның жеңісі екенін атап айтты. 

 

Ұйымға (ДСҰ) кіргеннен кейін мемлекет отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуден бас тартпайды.

Алайда, қабылданатын шаралар халықаралық ережеге сай болуы тиіс. Енді қазақстандық кәсіпорындарға Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде емес өзге де елдермен, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) көлемінде де бәсекеге түсуіне тура келеді. Сондықтан біздің тауар өндірушілер әлемдік деңгейге көтерілуге ұмтылуы керек. Басқа жол жоқ!

Президент «интеграциялық үрдістер, әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шекаралы нарықтарға-Ресей, Орталық Азия, Қытай, Индия және Иранға шығу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізу жөнінде» тапсырма берді.

Мемлекетіміз бен экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты қолға алынды.

Сондай-ақ, Президенттің бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» стратегиясы жасалды.

Біздің ортақ міндетіміз – елімізде жүзеге асырылып жатырған өзгерістердің ағынында болып қана қоймай, бастамасында болуымыз керек.

Бұл бағытта жергілікті атқарушы билік те, депутаттар корпусы да, «Нұр Отан» партиялық активі де және қоғамдық бірлестіктер де нәтижелі жұмыс істеуге тиісті.

Біз, елімізбен бірге бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Тіпті алдыңғы қатарда жүруге тиіспіз.

Рахмет!


Облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың

  V «Байқоңыр» Инвестициялық

форумында  сөйлеген сөзі.

29 сәуір 2015 жыл. 

Құрметті қонақтар және форумға қатысушылар!

Ханымдар мен мырзалар!

Киелі Сырдың жағасында, кезінде шығыс өркениетінің бірден – бір орталығы болған, адамзаттың ғарышқа алғашқы қадам басқан жерінде, Қызылорда өңірінің төрінде, бүгін тағы бір жарқын бастаманы қолға алып отырмыз!

Искренне рады приветствовать всех Вас на Пятом Инвестиционном форуме «Байконур».

Мы видим, как растет интерес к региону, увеличивается число наших партнеров и объемы инвестиционных соглашений.

Сегодня второй день Форума. Вчера в Байконуре многие из Вас участвовали в обсуждении возможностей развития туризма. Посетили мемориал Коркыт Ата – духовного отца тюркской цивилизации, который стал центром паломничества и изучения тюркской культуры. Имели возможность наблюдать за стартом ракетоносителя «Союз».

Форум продолжает свою работу. И мы с удовлетворением отмечаем, что для участия в нем приехали представители международных финансовых институтов, бизнеса, учебных заведений из 19 стран мира (Украина, Россия, Италия, Франция, Германия, Венгрия, Турция, Польша, Испания, Япония, США, Великобритания, Аргентина, Швеция и другие).

Мы думаем (и не только мы, это еще и экспертное мнение), что сегодня регион выставляет выгодные инвестиционные предложения.

Может быть, пока они не дооценены в силу различных причин. Однако, уверены, что дальновидные инвесторы, безусловно, должны увидеть перспективы развития своего бизнеса в Кызылординской области.

Кстати, один из самых успешных инвесторов в мире Уоррен Баффет предпочитает вкладывать средства именно в недооцененные активы. Потому что это дает высокий эффект.

Хотя первая его сделка была спекулятивной: он купил в магазине у деда несколько банок “Coca-Cola” и продал их вдвое дороже. В 13 лет он развозил газету «WashingtonPost». А сегодня ему принадлежит не только 70% акций этой газеты, он владеет крупнейшими мировыми брендами. Цена же одной акций самой компании Уоррена Баффета (“The Berkshire Hathaway”) за 35 лет выросла с 8 до 43 500 долларов.

За это время многое изменилось. В настоящее время в мире происходят очень большие трансформации. Возможно, мы находимся на пороге глобальных изменений архитектуры мира. При этом формирование институциональных основ мирового порядка происходит при заметном влиянии разных центров силы, -  мир стремится к полицентричности.  Товарные и финансовые рынки крайне волатильны.

В связи с падением мировых цен на нефть этот год не простой, прежде всего, для нефтедобывающих компаний. В том числе и наших.

Они уменьшают свои инвестиционные бюджеты, что, конечно, сказывается и на сокращении общего объема инвестиций в экономику региона. 

Как следствие, можно ожидать сокращения доходов и замедления роста: придется меньше потреблять и больше  работать.

Очевидно, что изменения, вызванные внешними факторами,  не в нашу пользу. Но потому и стоит задача – управлять изменениями. Для того, чтобы выйти с минимальными потерями и для того, чтобы быть готовыми к периоду роста, который, мы надеемся, последует после рецессии.

Конечно, нам как нефтедобывающему региону, очень важно, какие цены на нефть будут на мировых рынках.

В то же время, эксперты Всемирного банка пришли к выводу, что роста цен в ближайшем будущем не предвидится. 2015 год станет годом низких цен на нефть, а в 2016 они вырастут незначительно. Повлиять на баланс спроса и предложения  может снятие санкций с Ирана.

В этих условиях важность развития не сырьевых отраслей для нашего региона возрастает еще больше.

Но что представляет собой сегодня Кызылординская область?

В настоящее время это четвертый регион в республике по объемам добычи нефти, который обеспечивает поступление в государственную казну более 2,5 млрд. долларов ежегодно.

Значительные запасы урана обуславливают расширение в регионе деятельности Национальной компании «КазАтомПром».

Наряду с этим есть запасы цинка, ванадия, редкоземельных металлов, меди.

Конкурентным преимуществом региона является развитая инфраструктура. Через все районы проходит международный транспортный коридор «Западная Европа – Западный Китай», вдоль которого расположено 85% населенных пунктов области, где проживает 93% населения региона.

В прошлом году завершилось строительство магистрального газопровода «Бейнеу-Бозой-Шымкент» и уже в этом году компанией «КазТрансГаз» начата масштабная газификация области.

Аэропорту города Кызылорды присвоен статус «международного». И на этот Форум наши гости из Москвы уже могли прилететь прямыми рейсами. За этот короткий период  пассажиропоток увеличился почти наполовину. В ближайшее время будут открыты рейсы в Турцию (Анталию), Китай (Урумчи) и другие страны.

Совместно с «Казахстан Темiр Жолы» ведется строительство современного  пассажирского авиатерминала.

 

Целый ряд проектов по развитию инфраструктуры областного центра мы реализуем совместно с Европейским банком реконструкции и развития. Общей стоимостью свыше 350 млн. долларов.

И на сегодняшней партнерской встрече, уважаемая госпожа Хекман, на рассмотрение Банка будут представлены еще несколько новых проектов.

 

Мы еще раз подтверждаем наши принципы - открытости и многовекторности  сотрудничества.

Поэтому искренне рады приветствовать на кызылординской земле представителей исламского и азиатского банков развития, с  которыми мы обсуждаем проекты в самых различных отраслях экономики и социальной сферы. И уже в ближайшее время надеемся на конкретные договоренности.

 

Конечно, все Вы знаете об экологической проблеме Аральского моря.

И здесь мы гордимся успехом проекта по восстановлению Северного Арала, который реализуется по личной инициативе Главы государства совместно с Всемирным банком. Рассчитываем, что в этом году начнется его вторая фаза.

 

В 2013 году при участии наших российских партнеров – Академии народного хозяйства и государственной службы при Президенте Российской Федерации и лично академика А.Г.Аганбегяна, была разработана Стратегия развития области на период до 2020 года.

Конечно, влияние внешних неблагоприятных факторов вносит существенные коррективы в нашу работу по реализации Стратегии. Поэтому мы можем несколько потерять темпы. Но не ориентиры.

Стратегическими приоритетами экономического развития области остаются создание металлургической отрасли, развитие транспортной логистики, малого бизнеса и туризма.

В сельском хозяйстве наряду с рисоводством будет развиваться выращивание кормовых культур и овощей, а также мясное животноводство.

 

С 2013 года в отраслях региональной экономики создано около 25 тысяч рабочих мест. 

По объему расходов на душу населения в 2014 году Кызылординская область занимала 4 место среди регионов республики (после города Астаны, Алматы и Атырауской области). А по социальным расходам – находится на первой позиции. 

За последние два года в регионе построено более 200 новых социальных объектов.

Темпы роста активных субъектов малого и среднего бизнеса по итогам прошлого года были самыми высокими среди регионов страны(5,5%).

Результаты развития области в этом году  –  наиболее высокие за последнее время. Даже на фоне замедления темпов экономического роста в общем по стране. 

Несмотря на уменьшение добычи нефти, в промышленности сохраняется положительный рост. А обрабатывающий сектор в первом квартале текущего года вырос более, чем на 14%, тогда как в целом по республике рост составил  0,5%.

Объем строительных работ увеличился на 12%, а ввод жилья возрос почти вдвое.

Вообще в этом году мы планируем увеличить строительство жилья сразу  в  3,5 раза. 

 

Серьезное внимание мы уделяем подготовке кадров, прежде всего инженерных.

С прошлого года в ведущих российских вузах - Московском институте стали и сплавов и  Санкт-Петербургском технологическом университете учатся более 100 наших юношей и девушек. 

 В этом году такая же договоренность достигнута с Российским государственным университетом нефти и газа им.И.М.Губкина, Российской экономической академией им.Г.В.Плеханова, Государственным аграрным университетом им.К.Тимирязева, Московским автодорожным университетом и Московским инженерно-строительным институтом. И мы надеемся, что еще не менее 300 наших выпускников поедут учиться в Москву.  

 

Согласно принятой Стратегии нами ведется работа по реализации инвестиционных проектов в сфере металлургии.

В прошлом году на горно-металлургическом Совете при Президенте Республики Казахстан утверждена «Дорожная карта по развитию горно-металлургического комплекса в Кызылординской области».

В рамках принятой Дорожной карты на свинцово-цинковом месторождении «Шалкия» совместно с холдингом «Самрук-Казына» уже ведутся ремонтно-восстановительные работы. Завершается разработка ПСД на строительство горно-обогатительного комбината. Запустить рудник и первую очередь обогатительной фабрики планируется в конце 2017 года. С этого времени ГОК сможет ежегодно перерабатывать до 2 млн. тонн руды, а к 2019 году – до 4 миллионов.

 

Разработана предпроектная документация на строительство ферросплавного завода, который будет производить до 160 тыс. тонн низкоалюминиевого ферросилиция в год. Как известно,  этот компонент высоко востребован в качестве легирующей добавки во всей металлургической промышленности. Интерес к проекту проявляют инвесторы из Китая, Италии и других стран. Пока мы рассматриваем поступающие предложения.

Совместно с холдингом «Байтерек», «Инвестиционным фондом Казахстана» и американской компанией «Stewart Engineers» начато строительство завода по производству и обработке листового стекла мощностью 197 тысяч тонн в год.

Отечественным инвесторами принято решение о строительстве в Аральском районе завода по производству кальцинированной соды.

При участии партнеров из Германии (компании «Weiler GMBH») мы создаем  домостроительный комбинат.  

В городе Кызылорде завершается строительство комбикормового и рисоперерабатывающего заводов. Завершилась модернизация и расширение производства химических реагентов, модернизация промышленного производства пищевой и технической соли.

В двух районах области введены в эксплуатацию заводы по переработке солодкового корня и производству фармпрепаратов.

Также стали появляться небольшие, но высокотехнологичные предприятия. Такие, как «Smart Rubber» (Смарт Раббер), которое производит инновационную продукцию, - активную  резиновую крошку или новое производство по сбору и утилизации токсичных-ртутосодержащих энергосберегающих ламп.

Кстати, во всех районах области и городе Кызылорде мы создаем индустриальные зоны. В Аральском, Казалинском,  Жалагашскоми Шиелийском районах к будущим промышленным площадкам уже подведена инженерная инфраструктура. Это удобно и выгодно для инвесторов.

В целях увеличения генерирующих мощностей и обеспечения региона собственной электроэнергией начата работа по реализации проекта модернизации ТЭЦ и созданию возобновляемых источников энергии. Солнца и ветра у нас больше, чем в любом другом регионе Казахстана.

 

Уважаемые участники Форума!

В экономически непростой период государство серьезно поддерживает внутренний спрос.

В этом году по поручению Президента Казахстана началась реализация Программы «Нурлы Жол».

В рамках этой программы  из Национального фонда ежегодно будет выделяться  3 млрд. долларов на развитие транспортно-логистической, индустриальной и энергетической инфраструктуры. Приоритетом является и модернизация ЖКХ, строительство жилья, развитие малого предпринимательства.

Также в текущем году через банки второго уровня выделяется второй транш в размере порядка 2 млрд. 700 млн. долларов на льготное кредитование малого и среднего бизнеса, крупного предпринимательства, оздоровление банковского сектора и т.д.

Наряду с этим, началась вторая пятилетка реализации Государственной программы индустриально-инновационного развития, приоритетом которой является развитие обрабатывающего сектора промышленности.

К чему я это говорю? К тому, что все это обеспечит рост потребления государственного сектора, который будет одним из основных драйверов экономики.

 

В целях улучшения инвестиционного климата инвесторам предоставляется целый ряд преференций.

Введено освобождение от уплаты корпоративного подоходного и земельного налогов  на 10 лет; освобождение от уплаты налога на имущество - на 8 лет; компенсация до 30% капитальных затрат инвестора со стороны государства (после ввода объекта в эксплуатацию).

Кроме того, национальное законодательство предусматривает предоставление инвестиционных субсидий, упрощение процедур привлечения иностранной рабочей силы, внедрение принципа "стабильности" законодательства в рамках заключаемых инвестиционных контрактов (за некоторым исключением).

Для удобства зарубежных партнеров Казахстан ввел односторонний безвизовый режим для инвесторов 10 стран.

Я не говорю о региональных институтах, механизмах и инструментах поддержки инвесторов. Об этом мы Вам подробно расскажем в ходе секционных заседаний.

В связи с реализацией новых программ индустриализации и диверсификации экономики Казахстана особый интерес для нас представляет политика импортозамещения России. Мы понимаем, что пока она осложняется нехваткой инвестиций и долгосрочным дефицитом рабочих рук (так называемая демографическая «яма»).

Но даже в новых геополитических реалиях мы видим возможность использовать интеграционный потенциал ЕАЭС. С учетом спроса российского рынка на замещаемую технологичную продукцию. Развивать промышленную кооперацию, создавая новые цепочки добавленных стоимостей.

 

Что мы предлагаем Вам сегодня?

Во-первых, участие в реализации проектов строительства ферросплавного и машиностроительного заводов, заводов по производству цемента и кальцинированной соды.

Во-вторых, возможность осуществить предпринимательские инициативы в рамках развития новой части областного центра на левобережье  реки Сырдарьи.

В-третьих, стать основателями туризма, в том числе и в космической колыбели человечества – городе Байконыр.

В-четвертых, участие в освоении медных, золоторудных, титановых месторождений, а также развитии стройиндустрии.

И в-пятых, использовать большой потенциал региона в развитии агропромышленного комплекса, производстве продуктов питания, в том числе и  для поставок на зарубежные рынки.

Мы заинтересованы не только в привлечении финансовых ресурсов на развитие нашего региона. Для нас не менее важен трансферт современных технологий.

 

Уважаемые дамы и господа!

Дорогие друзья!

Это далеко не все, что мы можем предложить для создания нового, интересного, эффективного бизнеса.

При этом мы готовы создать условия  прозрачного, выгодного и предсказуемого партнерства.

В нашей стране создан стабильный и либеральный бизнес-климат, действуют хорошие меры государственной поддержки. Созданы институты для развития государственно-частного партнерства, а потенциал Кызылординской области позволяет выстраивать долгосрочное сотрудничество. На несколько десятилетий вперед.

 

В каждом из Вас мы видим потенциальных инвесторов и партнеров. С большими перспективами и большим будущим.

Всем Вам известна история продавца галантерейной фабрики, который стал великим инвестором, обрушившим в 1992 году банк Англии.

Сейчас он живет в одном из небоскребов в центре Нью-Йорка. А  прибыл на Манхеттен около 50 лет назад с большими амбициями и парой долларов в кармане. Сегодня Джордж Сорос богаче и влиятельнее, чем многие государства.

Такого же успеха мы желаем и Вам! И будем рады, если этому успеху будут способствовать Ваши инвестиции в Кызылординскую область! 

Надеемся на взаимовыгодное партнерство!

 

Благодарю за внимание!

 


Облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың

«Мазмұнды жаңарту жағдайындағы

білім беру ортасының трансформациясы»

республикалық семинар-кеңесінде сөйлеген сөзі

19 наурыз 2015 жыл, Қызылорда қ.  

 

Құрметті семинар-кеңестің қонақтары!

Қасиетті Сыр еліне қош келдіңіздер!

Алашқа Ана, елдің басына күн туған уақытта бар қазаққа пана болған Сыр бойы бүгінде жасарып, жаңару үстінде. Осыдан бірер күн бұрын ғана өткен “Нұр Отан” партиясының XVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін бір ғана Қызылорда облысынан көруге болатынын айтты.

Мемлекет басшысы аймақтағы инфрақұрылымның дамуын, салынып жатқан білім мен мәдениет ошақтарын, медицинаның қарқынды ілгерлеуін атады. Мұндай сөз Қызылордалықтардың қызметіне берілген жоғары баға деп түсіну керек. Бұл – зор абырой және үлкен жауапкершілік.

Шынында да қай салада болмасын ауыз толтырып айтарлық нәтижелер аз емес, бірақ жасалуы тиіс жұмыс, шешімін күткен мәселе әлі де көп. 2014 жылы біз шағын кәсіпкерлікті өркендетуге, апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуге, күнделікті өмірге қажетті инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде аймақты газдандыру мәселесіне басымдық бердік.

Өткен жылы облыс бойынша 93 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 53-і аяқталып, пайдалануға берілді.

Соңғы екі жылда бюджетті қосымша 44 миллиард теңгеге ұлғайта алдық. Бұл қаражат аймақ үшін аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсалды.

Нәтижесінде Қызылорда облысы адам басына шаққандағы шығыс көлемі бойынша 2014 жылы Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысынан кейінгі 4-орынға көтерілді. Ал әлеуметтік шығындардың үлесі бойынша бірінші орында тұрмыз. Біз жалпы бюджеттік шығындардың 60 пайызға жуығын әлеуметтік салаға береміз.

2014 жылы білім беру саласына 66 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 32 пайызы. Екі жыл ішінде білім беру саласының бюджеті 23 миллиард теңгеге артты.

Былтыр мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің күшін біріктіріп, ынтымақтаса жұмыс істеудің арқасында 130 жаңа балабақша ашылды. Аймақтағы балабақшалар мен шағын орталықтардың жалпы саны 611-ге жетті. Онда 42 мыңнан аса бала тәриеленуде. «Балапан» бағдарламасы бойынша балалардың 92,2 пайызы балабақшамен қамтылды. Ал мектепке даярлық бойынша көрсеткіш 100 пайызға жетті. Жұмыстарында инновациялық тәсілдерді қолданып, баланың ерте дамуына ықпал ететін балабақшалардың да саны артып келеді. Мысалы, былтыр 53 балабақша «Монтесорри» технологиясымен жұмыс істеуге қажетті жабдықтармен жасақталды. Енді біздің алдымызда бір және үш жас арасындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды көтеру міндеті тұр.

Екі жыл ішінде үш ауысымда білім беретін мектептердің проблемасын түпкілікті шештік. Апатты жағдайдағы 34 мектептің санын 20-ға қысқарттық. Биыл тағы 8 апатты деп танылған білім ошағының орнына жаңа ғимараттар салынып бітеді. “Нұрлы Жол” бағдарламасы аясында биыл тағы екі мектеп пен бір балабақшаның құрылысы басталады.

2014 жылдан бастап кәсіби мамандар даярлау үшін Ресейдің белгілі жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтасып жұмыс істей бастадық. Қазіргі кезде 107 бала Мәскеу болат және қорытпа институты мен Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетінде білім алып жатыр. Сонымен бірге, білім беруге арналған «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 320 түлек қазақстандық жоғары оқу орындарының студенті атанды. Бұған қоса, 242 жас облыс әкімінің грантын иеленді.

Халқымыз «ұстаз – келер күннің ұстасы» - дейді. Ол қалыптасып келе жатқан бала дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Ендеше балаларымыздың алдында жүрген мұғалімнің жұмысына жағдай жасау, мәртебесіне сай құрмет көрсету мемлекеттің міндеті. Осы бағытта былтыр 1102 мұғалім мен 82 мектеп директоры «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» деңгейлі бағдарламасы бойынша біліктілік көтерді. Осы курстан өткен ұстаздардың жалақысы 30-дан 100 пайызға дейін өсті. «Өрлеу» білім жетілдіру институтының республикалық және облыстық базасында 2 086 мұғалім қысқа мерзімді оқудан өтті. Аталған жұмыстар биыл да жалғаса бермек. Білімі мен білігін ұштап, жаңа бағдарламаларды меңгерген ұстаздар мен мектеп директорларынан үлкен үміт күтеміз.

Білім беру саласының үздіктерін қолдау шаралары да жалғасып келеді. Былтыр тағы 40 мұғалімге 1 миллион теңгеден сыйақы бердік.  

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының табысты жұмыс істеп жатқаны белгілі. Былтыр 585 маманға үстемеақы төленіп, 442 адамға жеңілдетілген несиелер берілді.

 

Құрметті әріптестер! 

Әдетте білім беру саласының алдында тұрған мәселелер талқыланып, міндеттер қойылатын ірі жиындар оқу жылының қарсаңында өтеді. Алайда, үйреншікті тамыз конференциясының аясында асықпай пікірлесіп, көкейдегіні кеңінен талқылауға мүмкіндік бола бермейді.

Сондықтан, өздеріңізбен ақылдасып, аймақтық білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланатын республикалық семинар-кеңесті маңдайалды отандық және халықаралық мамандарды қатыстыра отырып наурыз мерекесінің қарсаңында өткізуді ұйғардық.

Біздің шақыруымызды қабыл алып, арысы Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкадан, берісі Астана және Қазақстанның өңірлерінен келген барлық мамандарға қызылордалық ұстаздардың атынан алғыс айтамыз!  

Білімнің дамуы – бүгінгі адамзат өркениетінің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Ал біз үшін білім - тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың, Елбасы межелеген алғашқы 30 мемлекеттің қатарына қосылудың басты алғышарты.

Қазіргі қоғам мен оның аса шапшаң өмір ырғағы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды талап етеді. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз өзгерістердің маңызы зор. Бірақ заманға қарай талғам өзгергенімен – талап жалғыз. Ол – ғаламдық бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру.

Осы ретте аймақтың басшысы және бұрынғы білім министрі ретінде аталған саланы дамытуға қатысты бірер ойымды ортаға салуға рұқсат етіңіздер.

Білім беру жүйесінің мәселелі сөз болғанда, көпшіліктің ойына оралатыны – осы саладағы бітпейтін реформалар мен өзгерістер десек қате болмас. Алайда, білім саласындағы өзгерістер қоғам өміріндегі өзгерістердің салдары екендігін байқай бермейміз. Қазіргі заманды тарихшылар “қысқа көкжиектер” заманы деп атаса, экономистер турбулентті уақыт деп сипаттайды. Яғни, ұзақ мерзімді болжамдар жасау мүмкін емес, ұдайы икемделуді, жағдайға қарай өзгеруді талап ететін ерекше кезең орнады. Инновациялық толқындардың күші адам мен қоғамның өмір салты мен ырғағын лезде өзгертуде. Бірақ, біздің мектептер соған сәйкес өзгеріп жатыр ма? Түлектеріміз қоғам мен нарықтың жаңа талаптарына сай ма? Алдағы өзгерістерге өз бетінше бейімделіп, үздіксіз оқуға, өзін өзі тоқтаусыз жетілдіруге дайын ба?

Біздің түсінігімізше, мектептегі өзгерістердің өзегі осы сұрақтарға жауап іздеуге бағытталуы тиіс.

Ата-ана, мектеп пен ұстаз білімге деген монополиясынан айырылды. Бала “Ол кім? Бұл не?” деген сұрақтарына жауап табу үшін әуелі мұғаліміне емес, қолындағы компьютері мен қалтасындағы телефонына қарайды. Ақпараттың таралу жылдамдығының өсуі білімнің жаңару жылдамдығын да арттырды. Оқу орнында алған біліммен өмір бойы жұмыс істеуге болатын мамандық қалмады. Өмір бойы оқу, үздіксіз оқу, біліктілік ұдайы жетілдіру ұғымдары адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Мұның барлығы мектеп өмірінің фундаменталды негіздерін қайта қарауға шақырады. Енді білім беру үрдісінің негізгі субъектісі мұғалім мен мектеп емес, оқушы болуы тиіс. Оның күн сайын артып келе жатқан сұраныстары, қызығушылығы мен шексіз мүмкіндіктері ескермесе, мектеп бала үшін тартымсыз, ал ұстаз беделсіз болмақ. Мұндай жағдайда білім беру ортасымен бірге оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ережелері де трансформацияға ұшырайды. “Мен айтамын – сен үйрен” деген формулаға сыятын патерналистік түсінік өзгеріп, “бірге үйренейік” қағидасына негізделген әріптестік принцип орнауы қажет.

Дәстүрлі ұғымдағы білім ақпарат тасқынына айналды. Ал білім беру жүйесінің міндеті – сол тасқыннан керекті тауып, іріктеп алып, арасындағы себеп салдар байланысын орнатып, кәдеге жаратуға үйрету болмақ.

Тиісінше, үлкен көлемдегі ақпаратты жаттап, есте сақтау қажеттілігі кейінге шегініп, ақпаратты іздеп-табуға, сараптауға және оны жұмыста пайдалануға қажетті шығармашылық және ғылыми дағдыларды дамыту қажеттігі туады.

Оқушылар басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға, алдына мақсат қоя білуге, уақытын дұрыс жоспарлауға және жеке қабілеттерін орнымен, әрі тиімді пайдалануға үйренуі қажет. Ақпарат тасқынында керегін іздеп табуға үйрету арқылы біз балаларға жеке білім алу траекторияларын қалыптастырып, өмір бойы білім алу дағдысын сыйлай аламыз. Сонда ғана оқушы болашақта табысты маман болып, сәтті жеке өмір құра алады.

Арнайы тоқталғым келетін тағы бір маңызды бағыт – білім беру жүйесі аясында оқушылардың адамгершілігі мен моральдық келбетін қалыптастыру мәселесі. Қазіргі уақыттың талабына сай, білім беру жүйесі технологиялық бағытқа ерекше ден қойғанымен, адамгершілік және ұлт руханиятынан қол үзген технократизм бізді ұшпаққа шығармасы анық.    

Рас. Өтпелі кезеңде біз отбасының бала тәрбиесіндегі ролін кемітіп алдық. Сондықтан бала тәрбиесі тек мектептің мойнында деген қасаң түсінік әлі де күшті. Өскелең ұрпақтың моральдық, мәдени және психологиялық ұстанымдарын қалыптастыратын негізгі институт мектеп болып табылады. Сондықтан ұстаздың ролі тек үйрету ғана емес, тәрбиелеу екендігін де естен шығармайық.

“Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы”. 

“Үлкенге құрмет, кішіге ізет”.

“Өткенге салауат, ертеңге аманат”.    

Мұның барлығы қазақтың өмір сүру принциптерін, дүниеге, уақытқа деген көзқарасын айқындайтын киелі қағидалар. Бізді ұлт ретінде сақтайтын, ақпарат тасқыны мен ғаламдану күшіне төтеп бере алатын осындай темірқазық ұстанымдарды бала санасына сіңіру қажет.                

Сонымен қатар, адамзатқа жат қатыгездік, масылдық пен менмендік, еріншек мінезден бойды тасалап, мейірімділік, елгезектік, қарапайымдылық сияқты кімге болса да жарасатын қасиеттерді бала бойына дарыту керек. Ұстаздар қауымы өздерінің бұған да жауапты екендерін бір сәт естен шығармауы тиіс. Бала үшін ең алғаш үлгі мен өнеге мысалы – мұғалім екенін білеміз, тура сол сияқты, өкінішке орай, кейде ең алғаш тауы шағылып, көңілін қалдыратын да мұғалім болып жатады.

Қорыта келе, Сыр өңірінің мектептері шын мәнінде заман талабына сай білім ортасына айналуы үшін не істелуі қажет?

Біріншіден, мектепте сапасы жоғары және қазіргі уақытта қолданбалы білім берілуі тиіс. Ең үздік және артта қалған оқушылар арасындағы айырмашылықты мейлінше қысқарту керек.

Екіншіден, мектептің мақсаты баланы тек оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеу болуы шарт;

Үшіншіден, мектептегі мұғалімнің білігін ұдайы көтеру және олардың шығармашылық жұмысына жағдай жасау басты назарда болуы тиіс.

Төртіншіден, мектептер еліміз бен дүниеде болып жатқан әлеуметтік жаңалықтарға ашық болуы қажет. 

 

Құрметті ұстаздар!

Білім беру – тұлғаның табиғаты мен болмысын қалыптастыратын, балаға өмірден өз жолын табуды үйрететін аса күрделі де, жауапты кәсіп. Сондықтан болар, бұл салада ғаламдық қозғалысқа әсер ететін кең құлаш инновациялар жиі бола бермейді. Мамандардың топшылауынша, соңғы мың жылда білім беру саласында ірі деуге тұратын 4 жаңалық болды:

Біріншісі, X-XII ғасырларда құрылып, адамзат жинаған білім қорын жүйелеумен және таратумен айналысқан Европалық университеттердің пайда болуы;

Екіншісі, 1640 жылдары Ян Амос Коменский ұсынған оқушыларды топтастырып, сыныптарға бөліп оқыту жүйесінің пайда болуы. Бұл жүйе мектептердегі жаппай білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық нормасына айналды;

Үшіншісі, XIX ғасырда Гумбольдттың үлгісі бойынша зерттеу университеттерінің пайда болуы. Бұл жаңалық ғылыми жүйе мен ғалымдар ортасының дамуына зор ықпал етті;

Төртіншісі, XX ғасырдың басында американдық философ Джон Дьюи ұсынған жобалық оқыту мен белсенді оқыту әдістемелерін атауға болады.

Әрине, бұл тұжырым өте шартты. Көп мамандар білім беру тарихында болған жаңалықтар мен инновациялық толқындарды мүлде басқаша топтастыруы мүмкін. Дегенмен де, дәл қазір адамзат білім беру ортасын айтарлықтай өзгертуі тиіс жаңалықтардың алдында тұр деген тұжырымды мамандар бірауыздан қолдайды.

Осыны растайтын соңғы жылдары жарық көрген пікірлер қатарында Майкл Барбердің “Көшкін келеді: жоғарғы білім және алдағы революция” атты мақаласын, Николас Караның “Білім берудегі дағдарыс”, Кен Робинсонның “Білім берудің жаңа парадигмасы” атты эсселері мен баяндамаларын атауға болады. 

Білім беру саласында терең өзгерістердің пісіп жетіліп келе жатқандығын айтатын зерттеулер мен мақалалар – жағдайы бізге таныс, көршілес елдер мен Қазақстанның өзінде де жиілей түсті. Мәселен, Ресейдің халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының ректоры Владимир Маудың “Как модернизировать образование”, Ресейдің білім беру министрі Дмитрий Ливановтың “Ставка на новое содержание”, Ресей жоғарғы экономика мектебінің ғылыми жетекшісі Исак Фурминнің «Свергать авторитеты не так уж плохо» атты мақалалары мамандар арасында кең талқылау туғызды.

Аталған мақалаларда білім беру ісінің және дарынды жастар үшін бәсекенің ғаламдық сипат алғандығы, орта білімнің жаппай таралуы мен оның салдары, қазіргі экономика мен еңбек нарығы және білім беру арасындағы қайшылықтар, ақпараттық технологиялардың дамуы мен оның білім беруге тигізетін әсері және басқа да өзекті мәселелер сөз болады.  

Қазір уақытта білім беру жүйесін жаңартып, жетілдіру қажеттілігі талқыланбайтын ел кемде кем. Бірақ бел шешіп кіріскен, дүниедегі озық тәжірибе мен төл оқыту әдістемесінің жетістіктерін ұштастыру негізінде тың мазмұндағы мүлде жаңа үлгідегі мектептер желісін құру арқылы батыл қимылдап, жоғары нәтижеге қол жеткізіп жатқан ел некен саяқ. Сондай тәжірибесі бар елдің бірі, әрі бірегейі біздің Қазақстан екендігін біреу білсе, біреу білмейді.

2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстандық Зияткерлік мектептер құру жобасы іске аса бастады. Инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін, заманға сай басқару тетіктерін енгізу, академиялық еркіндік пен дербестікті дамыту үшін 2011 жылы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қорының» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Сол заңға сәйкес дербес білім беру ұйымы болып саналатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» осы күнде 17 мектепті іске қосып, қазақстандық орта білім беру жүйесін алға сүйрейтін локомотивке айналды. Осы күнде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» жинақтаған әдістемелік қоры, тәжірибесі мен білігі жалпы қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуға негіз ретінде танылды.

Аталған жобаны осы биікке көтеруде бүгін ортамызда отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Шамшидинова Күләш Ноғатайқызының еңбегін атау керек.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін жалпы білім беру жүйесіне тарату жұмысы басталғаны белгілі.

Осы ретте, Қызылорда облысы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өңірлік инновациялық мектептер желісін құру жобасын қолға алмақ. Аталған жоба шеңберінде облыс аудандарында екіден және Қызылорда қаласында 6 мектеп іріктеліп, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін енгізу алаңы ретінде дамытылады.

Жобаға кірген мектептердің мұғалімдері деңгейлік біліктілік көтеру курстарынан өтіп, алған білімі негізінде жұмыстарын жаңа арнаға түсіруі тиіс. Сонымен бірге, аталған жобаға енген мектептер «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» талаптарына сай жарақтандырылуы қажет.   

Бұл мектептер ұсынылған әдістеме мен тәжірибені тездетіп игеріп, облыс аумағындағы мектептерге таратуға және өңірлік білім беру жүйесіндегі озық жетістіктер үлгісін қалыптастыруы қажет.

Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» басшылығы мен мамандарын Қызылордалық бастаманы қолдауға шақырамын. Отандық мектепті өскелең ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беретін, балаларымыздың бағын ашатын кемел білім ошақтарына айналдыру үшін бірлесіп жұмыс істейік!              

 

Аса қадірлі ұстаз қауым!

Білімнің сапасын көтеруге арналған бүгінгі кездесуіміз Мемлекетіміздің Басшысы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жасақталып, іске асырылып жатқан келелі жоспарлардан туындайды. Тәуелсіздіктің таңы атқан кезден-ақ Елбасы дамуымыздың діңгегі білім мен ғылым екендігін басып айтып, «болашаққа – кемел біліммен» деген баршаға пәтуәлі қағидасын ұсынды.

Соның аясында, қазақстандық білім беру жүйесі бұрын соңды көрмеген қарқынды ілгерлеу кезеңіне аяқ басты. Елімізде жүздеген мектеп пен балабақша бой көтерді, ұстаздарды қолдау және ынталандыру шаралары да тұрақты өсіп келеді. Жоғары оқу орындарын қолдау, ұстаздардың ғылыми ізденісіне қажетті гранттар бөлу, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Болашақ» бағдарламасы, «Назарбаев Университеті», мектепке дейінгі білім беруді 100 пайызға жеткізу міндеті, 12 жылдық орта білімге көшу, мектептердегі 3 кезек оқуды жою туралы шешімдер, білімдегі инновацияларға көрсетілетін жан-жақты қолдау – осының барлығы да бізбен көршілес елдерде іске аса қоймаған, көп мемлекеттер әлі армандай да алмайтын биік белестер.

Өздеріңіз жақсы білетіндей, алдағы аптада кезектен тыс президенттік сайлауалды науқаны басталмақшы. Жоғарыда айтылғанды ескере келе, Сыр елінің ұстаздар қауымы азаматтық белсенділік көрсетіп, өздерінің саяси таңдауында білімді өркендету мен білік кемелдігі мұраттарынан жаңылмайтындығына сенім білдіремін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!        

 

 


Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың

“Нұр Отан” партиясының XVIII  cъезінде сөйлеген сөзі

Аса қадірлі Елбасы! Құрметті съезге қатысушы делегаттар мен қонақтар!

Иә, төсінде тұлпардың дүбірі, домбыраның күмбірі, сөз бен жырдың үздігі қалған Ұлы даламыз басынан талай дәуірді өткізді.

Ұлт болашағы үшін басын бәйгеге тіккен бабалардың өмірі аттың жалында, түйенің қомында өтті емес пе?! Бірақ, қалай қиналса да, тәуелсіздіктен күдер үзбеді.

Талай ұрпақтың пешенесіне жазылмаған бақ бізге бұйырды! Сол асыл арман мен үкілі үмітті ақиқатқа айналдырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Уважаемые однопартийцы!

 

Казахстанский путь успеха стал ярким примером того, как человек творит историю. 

За короткий по историческим меркам срок создано сильное и современное государство, образованное, здоровое и сплоченное общество. Построена великолепная столица, развивается экономика, наука, культура и искусство. 

Казахстан, строит трансконтинентальные магистрали, осваивает космос и возвращает к берегам высохшее море, активно участвует в мировом политическом процессе.

Мы с Вами хорошо знаем, что каждое из этих свершений далось вопреки обстоятельствам. Это стало возможным благодаря интуиции, воле, мудрости и управленческому таланту Лидера Нации. 

Благодаря его видению, ставшей основой всех наших стратегических документов, мы всегда знали что делать и как делать.

Сейчас наша главная цель – войти в число 30-ти наиболее развитых государств мира. И мы знаем, как этого добиться. 

Создана система государственного управления. 

Накоплен солидный запас прочности в виде Национального фонда.

Сегодня, в условиях внешнего кризиса, как уже бывало не раз, мы можем потерять темпы, но не ориентиры!

Да. Есть некоторое замедление экономики.

Но, стоит помнить, что о прошлогоднем росте ВВП даже в 4 процента, когда-то мы могли только мечтать!

Приоритетом нашей работы, являются структурные реформы и диверсификация экономики.

А исполнение социальных обязательств даже не обсуждается!

Как известно, во многих странах, в том числе в соседней России масштабный экономический кризис, негативное влияние которого не обходит стороной и нас.  

Но и здесь найдено решение. По инициативе Главы Государства разработана Программа «Нурлы Жол». Создаются новые рабочие места и условия для дальнейшего развития. Очевидно, что Елбасы сделал все.

Полномочия – даны, ресурсы – выделены.

Нам остается только работать! К примеру, в рамках Программы «Нұрлы жол», совместно с институтами развития, в этом году мы – кзыл-ординцы планируем увеличить в три с половиной раза ввод жилья, начата газификация всего региона.

Скажите, в условиях кризиса, какая страна может себе это позволить?  

Ардақты әлеумет!

Өткенге көз жүгіртсек, қазақ халқы бардың қадіріне жете алмай, басын қоса алмай, өз сыбағасынан өзі талай қағылған. Ал бүгін ше?

Самарқау масылдықтан арылып, мағыналы тірлікке көштік. Осының арқасында халықтың пейілі мен ұлт мінезі де өзгеруде. Санасы азат, ойы еркін жаңа ұрпақ өсті.

Елдік мүдде, жасампаздық ниет, биікке қарай ұмтылыс, әсіресе өзіне деген сенім санамызға терең бойлап, елге деген зор мақтаныш орнауда.

Тұрмыс пен болмысты өзгерткен осы көшті көрегендікпен жетелеп, кемеңгерлікпен алға тартып, дүлей дүниенің дауылынан қорғап, бар қиындықты көтеріп келе жатқан Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Бүгінгі жетістік – әрине, «болдым-толдым» деген сөз емес. Енді біздің алдымызда барды баянды ету мақсаты тұр.

Осы ретте көштің іркіліссіз дамуы үшін Елбасының да кедергісіз, алаңсыз жұмысына жағдай жасау қажет.

Сөзсіз, сайлау – елдік парасат, мінез бен намыс,  жауапкершілік сыналар сәт.

Қазіргі әрбір қазақстандықтың Елбасына деген ерекше құрметі мен риасыз көңілі – тарихи сында шыңдалған шынайы сенімнің белгісі.

Қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы!

Халыққа қамқор, елге жанашыр, жерге ие, әлсізге жақ, дауға әділ болып, ғаламның бабын, істің ретін, елдің сәнін келтірген СІЗГЕ кәміл сенеміз!

09.03.2015ж


Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың «Астана-тұғырым, Елбасы-тірегім» атты конференциядағы  сөзі. 2014 жылғы 3 шілде Жүктеу 31 Кб


Қызылорда облысы әкімі Қ.Е. Көшербаевтың брифингіне тезистер. 20 қыркүйек 2013 жыл (Астана қаласы)  

Жүктеу 31 Кб

 


ЭКОНОМИКАДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕР ӨҢІР ИГІЛІГІНІҢ ҚАЙНАРЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың 2013 жылғы 21 тамызда облыстық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзі


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың күріш шаруашылығын дамыту жөніндегі мәжілістегі сөзі

2013 жыл 2 тамыз


Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесудегі сөйлеген сөзі

2013 жыл 4 сәуір 

2013 жыл 27 наурыз, Алматы қаласы


Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың 8 наурыз  - Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілетін салтанатты жиында сөйлеген сөзі

 

Құрылған күні: 14-09-2012 00:46
Жаңартылған күні: 03-02-2017 12:29

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика