ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).

  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек  Көшербаев  жаңа жылмен құттықтап, Сыр өңіріндегі жетістіктерде әрқайсысының үлесі бар екендігін атап өтіп ризашылығын білдірді.
 
«Құрметті жерлестер! Баршаңызды жақындап қалған, жаңа - 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл - қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.
Жаңа жыл - өткенді саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспарлар құрылып, үлкен міндеттер жүктелетін уақыт.
Өткен 2015 жыл сырттан келген дағдарыстың салдарына қарамастан, Сыр елі үшін жетістіктері мол, табысы зор жыл болды.
Біріншіден, кәсіпорындағы қызметкерлердің жаппай қысқаруына жол бермедік, жалпы саны 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрдық. Халқымызды еңбекпен, яғни тұрақты табыспен қамтамасыз ету біз үшін ең маңызды міндет болып қала береді.
Екіншіден, халқымыздың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар қарқынды түрде іске аса бастады:
Облысты газдандыру жобасының аясында Арал, Әйтеке би, Байқоңыр, Шиелі және Жаңақорған елді мекендеріне көгілдір отын жетті;
Қызылорда қаласы жер астынан шығатын таза ауыз суға көшті;
Өңірдегі құрылыс бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамуда. Облыстағы құрылыс көлемі 3 жарым есе, ал Қызылорда қаласындағы құрылыс көлемі 8 есе өсті. Соның арқасында тек облыс орталығында бүгін 2 жарым мыңға тарта отбасы Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады.
Өңдеу өнеркәсібі 4 жарым есе өсті, ауыл шаруашылығының барлық саласында өсу байқалады, кәсіпкерлік дамуда, әлеуметтік салада, әсіресе білім беруде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Мәдени мұраға тиісті қамқорлық жасалуда.
Тізе берсек, осындай жетістіктеріміз көп-ақ. Сыр елінің бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызға жасаған жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылық білдіреміз.
Дүниенің түкпір-түкпірінде дінаралық тартыс, азаматтық соғыс, саяси дүрбелең күшейіп, ғаламдық экономика әлсіреген қазіргідей уақытта біздің бірлігіміз артуы ерекше қажет. Ысыраптан аулақ болып, ынтымақты еңбекке ден қоюымыз керек. Халқымыздың отаншылдығы, бір-біріне деген мейрімі, үлкеннің кішіге деген қамқорлығы, әлсізге деген жанашырлықтың танылатын кезеңі келді.
Ардақты ағайын!
Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік,дендеріңізге саулық шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін! 
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашан да берік, туы биік болсын! Киелі Сыр елінің құты мен ырзығы арта бергей!

Жаңа жыл құтты болсын, құрметті жерлестер!» 

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Құрметті тыл еңбеккерлері!

Жеңістің мәні – мәңгілік, бағасы – Ұлы! Біз осы үшін ел тағдырын қолда ұстаған ерлерге ерекше ілтипатпен тағзым етіп, Жеңіс күнін жақындатқан ерліктерін мақтан тұтамыз. Биыл Жеңістің жетпісінші көктеміне аяқ бастық. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев майданнан оралмаған жауынгерлеріміздің есімін мәңгі ел есінде сақтауда және арамызда жүрген ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ардақтауда әрқашан мемлекеттің қамқорлығы болатынын айтып, жарқын бастамаларға жол ашып келеді.

Біз үшін бұл мереке ерекше қастерлі, айрықша бағалы. Өйткені, Сіздер келешек бейбіт өмір үшін, ұрпақ үшін отқа түсіп, адам жаны төзгісіз қиындықты көтердіңіздер. Сіздердің намыс, жігерлеріңіз бен биік рухтарыңыз қашанда ұрпаққа ұлағат, өнеге болып қала бермек.

Қадірлі ардагерлер!

Сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз бүгінгі бейбіт өмірдің темірқазығы.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз.

Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! 

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі                       Қ.Көшербаев

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылордалықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Жыл басы - Наурыз мерекесі өңірімізде кең көлемде тойлануда. Бүгін Қызылорда қаласындағы орталық алаңда Наурыз мерекесінің негізгі шаралары өткізіліп, оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.  Орталық алаңға тігілген 20-ға жуық қара үйде салт-дәстүр жаңғыртылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Жастар жағы қыз бен жігіт айтысын жасап, жарапазан айтса, жергілікті өнерпаздар сахналық көрініс арқылы жаңа жылдың басталғанын айшықтайтын көріністер көрсетті. Өңір басшысы жиылған жұртшылықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

- Күн мен түн теңесетін, өмірдің жылы лебі есетін, дүние ерекше өзгеретін, Жер ана өзгеше күйге енетін, ырыс пен берекенің, ризық пен несібенің бастауындай болған Әз Наурыз құтты болсын. Бүгінде Наурыз көп ұлтты халқымыздың сүйікті мейрамына айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды. Өткен жылға өкпе жоқ, келер күннен үміт көп. Дегенмен, былтырғы жыл облыс үшін табысты жыл болды. Сыр диқандары екі жыл қатарынан рекордтық көрсеткіште өнім жинады. Экономиканың әр саласында өсім  бар. Күні кеше «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы Қазақстанның даму көрсеткішін бір ғана Қызылорда облысының жетістіктерінен қарап бағалауға болады деді. Бұл біздің аймақ үшін берілген үлкен баға,- дей келе, облыс әкімі әрбір шаңыраққа береке мен молшылық тіледі.

Сыр жұртшылығы жетi түрлi дәмнен жасалған наурыз көжеден дәм татты. Төс  қағыстырып,   амандық   сұрасты. Алаңға келген қала тұрғындары мен қонақтары қазақша күрес, арқан тарту, асық және жамбы ату, гір тасын көтеру, қол күрес секілді жарыстарға белсене қатысып, тігілген жүлделерді ұтып алды.

Айта кетейік, Наурыз мейрамына арналған мәдени-бұқаралық шаралар облысымыздың барлық аудандарында кең көлемде атап өтілуде. 

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді ұлы православие мерекесі – Рождество күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің көпұлтты мемлекетімізде мұсылман мерекесі – Құрбан айт, Христиандық рождество, шығыстың Жаңа жылы және басқа да ұлттық діни мерекелер салтанатты түрде аталып өтеді. Бұл біздің тәуелсіз елімізді мекендеген көптеген этностардың арасындағы берік достықтың, толеранттықтың айқын дәлелі болып табылады.
Православиелік христиандық және ислам біздің мемлекетіміздегі негізгі діндердің бірі. Екі дін де адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және төзімділікке шақырады. Рождество мерекесі күні бір-біріне сыйлық жасап, ізгілік, қайырымдылық үлгі-өнегесін тарату дәстүрдің біріне айналған. Осынау қастерлі мереке күні Сіздерге ізгілік, мықты денсаулық пен бақыт тілеймін. Біздің елімізде әрдайым өзара түсіністік пен халықтар достығының рухы өшпесін!
 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Қасиетті де киелі қазақ жеріне, Тәуелсіз елімізге Жаңа, 2015 жыл қадам басып келедi. Қай-қайсымыз болса да әдеттегідей Жаңа жылға үмітпен қарап, жағымды жаңалықтар күтіп, жаңа мақсат-міндеттер белгілейміз.
Өйткені Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен халқымыздың бірлігінің арқасында біз жаңа ХХI ғасырда іргесі берік, әлемдік қауымдастықта беделі биік мемлекетке айналдық.
Тәуелсіз еліміз шекарасын бекітіп, экономикасын нығайтып, әлеуметтік деңгейін өсіріп, Еуразия төсінде жаңа Астанасын салып, ғаламдық процесстерге ықпалын тигізетін, ата-бабаларымыздың арманын іске асыра алатын алпауытты мемлекетке айналды. 2050 жылға дейін дүние жүзіндегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын алдымызға қойдық. Аталған межемізге біздер күмәнсіз жетеміз. Себебі бізді бір Отан, бір тағдыр, бірінші Президент біріктірді!
Елбасының тікелей қолдауының арқасында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының облыстағы учаскесі салынып, келесі жылдан бастап аймақтың елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге кірісеміз.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының негізгі жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жаңа жылдың тамыз айында толыққанды іске қосылады, салынған жол елді мекендер мен кәсіпкерлікті дамытуға оң септігін тигізеді.
«Сексеуіл – Бейнеу» темір жолы іске қосылып, саланың облыстағы инфрақұрылымын дамытуға және аймақтың көлік – логистикалық әлеуетінөсіруге мүмкіндік берді.
«Байқоңыр» ғарыш айлағын, Байқоңыр қаласы мен Төретам және Ақай елді мекендерін қарқынды дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің келісілген «жол картасы» бекітілді. Соның арқасында жаңа кәсіпорындар мен әлеуметтік обьектілер іске қосылады.
Елбасының әрдайым айрықша назарында Арал мәселесі. Үкіметке берілген тапсырмасының арқасында Солтүстік Арал жобасының екінші кезеңі мақұлданып, тиісті қаражат бөлінуде. Кезінде дағдарысқа ұшыраған аймақ даму жолына түсуде.
Сонымен бірге Елбасының қолдауымен облысымыздың оңтүстік аймақтарында металлургия саласын дамыту мақсатында күрделі жұмыстарға кірісіп кеттік. Шыны, цемент, трубалар мен арматура шығару, машина шығару мен өңдеу өнеркәсіптерінің, энергетика және де басқа даму жобаларына нақты қадамдар басталды.
Ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін беріледі. Елбасының тапсырмасына сәйкес болашақта кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Ауылдағы тіректі елді мекендерді дамытуға, білім, денсаулық сақтау мен спорт, әлеуметтік қорғау салаларына тиісті мемлекеттік қолдау шаралары қабылданады.
Келесі жылы рухани даму мәселелеріне де ерекше мән берілмек. Қорқыт Ата мемориалын жандандыру, Сыр сүлейлерінің дәстүрін дәріптеу, мәдени мұраны насихаттау, жас дарындарды қолдау күн тәртібінің басымдылықтары болып айқындалды.
Аталған жасампаз жобаларды іске асыру үшін елімізге бірлік қажет.
Ырыстың – ынтымаққа, берекенің – бірлікке бітетінін Сыр елі жақсы біледі, қадірін терең түсінеді.

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Құрметті тыл еңбеккерлері!

Сіздерді бүгінгі ерекше мейрам - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 68 жыл. Бұл мейрам баршамыз үшін ерекше қастерлі. Ардагерлерімізді ардақтап, майданнан оралмаған жауынгерлерімізді еске алар тағзым күні. Қайсар  мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен аға буынның ерен ерлігі, биік рухының мерекесі.   

Қадірлі соғыс ардагерлері! Сіздер бейбіт өмір үшін, ұрпақтың болашағы үшін отқа түстіңіздер,  адам төзбес ауыртпалық көрдіңіздер. Сіздердің бұл   ерліктеріңіз ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге болып қала бермек. 

Сондықтан да, Елбасы Н.Ә.Назарбаев қан майданнан оралмаған  жауынгерлеріміздің есімі мәңгі ел есінде, ал, осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз бен ардагерлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында болатынын мәлімдеді.

Ардақты ардагерлер!

 Әр күн Сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін!
Сіздердің майдандағы ерліктеріңіз бен тылдағы еңбектеріңіз, бейбіт өмірдегі жетістіктеріңіз әрқашанда ерекше құрметке лайық.  

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!
Ұлы Жеңіс  мерекесі құтты болсын!

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Құрметті Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Сіздерді 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні мемлекеттік мерекесімен  құттықтаймын.

Отан қорғаушы күні мемлекеттік мереке ретінде биыл  алғаш рет кеңінен аталып  отыр.

Бұл күні біз Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүргендер сарбаздарымызға құрмет көрсетеміз. Себебі, мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар  қандай марапатқа болса да лайықты.

Біз бүгін  ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының  отты жолдарынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді. Бірақ, туған Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік, жауынгерлік рухымыз қалпын бұзбайды. Сыр жұртшылығы бүгінгі күні еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін  қорғауға лайықты үлесін қосуда.

Бұл күн - Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды армияның атағын асқақтатқан нағыз ерлердің мерекесі.

Өйткені, Қазақстан Республикасы Президенті, Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, кез келген елдің егемендігі, ол экономикалық және саяси ғана емес, сонымен бірге, әскери әлеуетпен қамтамасыз етілгенде ғана нағыз егемендікке айналады.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерге зор денсаулық,  бақыт пен отбастарыңызға  амандық  тілеймін.

Ардагерлеріміздің дені сау болып, еліміздің тыныштығы жолында  сапта тұрған қырағы сарбаздарымыз бен сардарларымыздың қызметіне Сыр жұртшылығы атынан сәттілік тілейміз. Мереке құтты болсын!

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

ҚҰРМЕТТІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫ!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!

Осы бірауыз сөз айтарға жеңіл болғанымен, ел бірлігі, ынтымағы деген ойдың астарында үлкен мән бар. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейтін аталы сөз сол бірлікке бастайтын байламды пәтуа емес пе?!

Жуырда ғана Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында:

«Қазіргі заманғы қазақтар, ата-баба дәстүрлерін ұстана отырып, бірліктің, толеранттылық пен патриотизмнің, мемлекет пен қоғамға қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетуі тиіс»-деп ерекше атап өтті.

Бүгін біз қазақ халқының жанында тарих тоғыстырған сан ұлтты елміз. Түрі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір өзге ұлт-ұлыстар өзімізбен бірге Тәуелсіз еліміздің бүгіні мен болашағына атсалысып келеді. Өзге этностардың мәдениетін, дәстүрін ұлықтайтын еліміздің қай аймағында болмасын ұлттық-мәдени орталықтар жұмысын істеуде. Халқымыздың береке-бірлігінің арқасында саяси тұрақтылығымызға селкеу түсірмей, әлемдік кеңістікте Қазақ елінің мерейін өсірудеміз.

Құрметті жерлестер!

Бүгінгі халқымыздың бірлігі мерекесі күні сіздерге бақыт, зор денсаулық, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Армандарыңыз жүзеге асып,тілектеріңіз қабыл болғай. Елімізге бейбітшілік, халқымызға ынтымақ пен бірлік тілеймін.

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі Қ.КӨШЕРБАЕВ.

Құрылған күні: 14-09-2012 00:47
Жаңартылған күні: 06-01-2017 18:20

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика