ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада 200-ге жуық ұстаз марапатталды
 
2016 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысының 200-ге жуық білім және ғылым қызметкерлері марапатталды. 
Шарада білім беру қызметкерлерімен қатар саладағы кәсіподақ ұжымына да бағалы сыйлықтар тарту етілді. Рәсімде ел еркіндігін алған кезеңде еңбек жолын бастаған мамандар мен Тәуелсіздікпен құрдас сала өкілдеріне де айрықша құрмет көрсетілді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Үздіктерге сыйақы берілді

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты  салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиынды университет проректоры Абайбек Жүнісов ашып, шараға қатысушыларды мерекемен құттықтады. 
Еңбегімен дараланған оқытушы-профессорларды Қорқыт Ата атындағы «Алтын медальмен» марапаттап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының марапатын табыстады. 
Көп жылғы жемісті шығармашылық еңбектері және студенттерге сапалы  білім берудегі жетістіктері үшін 100 профессор-оқытушы мен үздік 100  студент ақшалай сыйлықпен  марапатталды. 
Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға жалғасты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сайлау комиссиясы мүшелері марапатталды

 

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жүнісов   маңызды электораттық науқандарды дайындауға және өткізуге белсенді қатысып, мемлекеттің сайлау жүйесінің қалыптасуына сүбелі үлес қосқан сайлау комиссияларының бірқатар мүшелеріне ҚР ОСК төрағасының «Алғыс хатын» табыстады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өз хатында сайлауком  мүшелерінің тапсырылған істі жоғары жауапкершілікпен атқарған еңбегіне алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірген. 
ҚР ОСК төрағасының «Алғыс хаты» аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатта табысталды

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының тұсаукесері өтті

 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының авторы Берекет Кәрібаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Руслан Рүстемұлы брифингке қатысқандарды мерейлі мерекемен құттықтап, Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен  жарық көрген  «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары»  атты туындыны таныстырды. 
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітап авторы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев.  
Сыр бойының тумасы Берекет Бақытжанұлының ұзақ жылғы ізденістері негіз болған кітапта еліміз бен өңірдің еркіндік алғалы бергі кезеңдері толық қамтылған.
- Аймақта Елбасының «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзіне арқау болатын ауқымды іс көп. Даму көрсеткіштері нығайып, әлеуметтік салаға баса мән берген өңірде Тәуелсіздіктің 25 жылында 109 денсаулық сақтау, 198 білім беру нысандары салынды. Назарбаев зияткерлік мектебі, қазақ-түрік лицейлері, дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, барлық білім жүйесіне таратылып жатқан инновациялық мектептердің өзіндік жүйесі пайда болды. Облыс халқының 95 пайызына орталықтандырылған ауыз су жүйесі жеткізілді,- деді Р. Рүстемов.
Брифинг спикерлері «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабы ғылыми еңбек емес, көпшілікке арналған танымдық кітап екендігін айтып, еліміздің өткеніне қызығушылық танытқандарды туындыны оқуға шақырды.  

Тәуелсіздікке 25 жыл: Азаттықтың рухы асқақ

 

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Жиында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген ғажайып табыстарын саралап өтіп, еркіндіктің арқасында дамудың даңғыл жолын таңдаған Сыр елі мен аймақтың бас қаласының қазіргі биігін баян етті. 
– Осыдан 20 жыл бұрын ғана Қызылорда қаласының бюджеті 6 млрд. теңге болса, биыл 60 млрд. теңгеге жетті. Соңғы жылдары шырайлана түскен Сырдағы бас шаһар құрылыс қарқыны жөнінен республикада алдыңғы орындардың бірінде тұр. Жуырда ғана 820 пәтірлік 16 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беріп, жаңадан «Нұр Орда» шағын ауданы ашылды. Осының барлығы ата-бабамыздың арман-аңсары болған азатттықтың арқасы,– деді Нұрлыбек Мәшбекұлы.
Жыл сайын халқының саны артып келе жатқан қалада алда атқарылар ауқымды жобалар көп. Соның бірегейі – сол жағалаудан түсетін жаңа қала. Жақында ғана  шығыстық сәулетпен ерекшеленетін сол жағалауға жеткізетін көпір пайдалануға берілді. Ендігі міндет жаңа шаһар орын тебетін аумақтың инженерлік инфрақұрылымын жасақтау.
Салтанатты шарада қала басшысы әр сала өкілдеріне «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті. Шаһар сәулетіне сән берген ғимараттарды салған құрылысшылар ҚР Экономика министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталды. Бірқатар азаматтар облыс, қала әкімдері мен ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының «Алғыс хаттарын» иеленді.  
Шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Кәсіпкерлер палатасы үздіктерді марапаттады

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында аймақта кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар сала өкілдері марапатталды.
Ең алдымен шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаған Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсiздiк туын көкке көтердiк. Азаттық алған Қазақстан мемлекетiн төрткүл дүние таныды. Туған тiл төрге шығып, төл теңге айналымға түстi. Көкте көк байрақ желбiреп,  әнұран қалықтады. Елтаңба елдiгiмiздi айшықтады. Ырысты ынтымақ пен бейбiтшiлiк аясында Сыр елi де жарқын жетiстiктерге жеттi. Аймақтың абыройы артып, даму жолындағы өрiсi өркен жайды. Бұл — тәуелсiздiк тартуы, қуатты мемлекетiмiздiң мәртебелi жемiсi. Бүгін біз мерейлі мереке қарсаңында, жылды қорытындылау қарсаңында сіздермен кездесуді жөн санап отырмыз», - дей келе құрылымның жыл көлемінде жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
Бұл жұмыстардың барлығы Сіздермен бірге атқарылған жұмыстардың нәтижесі деп білемін. Бүгін осы ауқымды жұмыстарға қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз», - деген Палата директоры аймақта кәсіпкерлік саласында еңбек ете отырып, облыстың ғана емес, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді, бизнестің дамуы үшін қолайлы экономикалық, құқықтық жағдай жасап жүрген мемлекеттік органның мамандарын,  кәсіпкерлердің бастамалары мен жетістіктерін ақпараттандырып, насихаттап жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттады. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Нұротандықтар қайырымдылық шарасын өткізді

 

Азаматтардың әлеуметтік мәселелерін өзінің Саяси Доктринасына арқау еткен «Нұр Отан» партиясының  Қызылорда облыстық филиалы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» акциясын ұйымдастырды.   
Жетекші  партия өкілдері  игілікті шараны ҰОС ардагері, 92 жастағы Әбдірауық Сатыбалды ақсақалды  мерейлі мерекемен құттықтап,  ақсақалдың ақ батасын алудан бастады.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев Тәуелсіздік  жылдарындағы Елбасымыздың  көшбасшылығымен қол жеткізілген жетістіктер мен табыстарды атап, ардагердің Тәуелсіздік құндылықтарын кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы еңбегіне зор алғысын білдірді. Сондай-ақ, партия филиалының төрағасы, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хаты мен арнайы мерекелік сыйлық табыстады.
- Елімізде соғыс болмасын, көк байрағымыз көкте желбіреп, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!. Еліміз, Елбасымыз аман болсын,- деген қария ақ батасын берді.
Осыдан кейін партия өкілдері акцияның негізгі мақсатына орай «Қызыл-ай» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, қаладағы тұрмысы төмен 100 отбасына азық-түлік және  тұрмыстық заттай көмек көрсетті.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы  екінші рет өткізіліп отыр. Мұнан бөлек  партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобалары аясында  жыл бойына  100-ден астам отбасыларға азық-түлік және қаржылай көмек көрсетілді. ъ
- Біз партия қабылдауына келген азаматтардың өтініштерін мүмкіндігінше орындауға тырысып жатырмыз. Сондықтан мұндай акциялар әлі де жалғасын табатын болады,- деді шара барысында облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов.  

Тәуелсіздікке 25 жыл: Полиция қызметкерлері мерейтойлық медальмен наградталды

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын ел қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп жүрген құқық қорғаушылар да мерекелік көңіл күймен атап өтті. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара өтіп, оған сала ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам түгел қатысты. 
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов ҚР Президентінің 29 қараша 2016 жылғы №380 Жарлығына сәйкес, мемлекеттің қалыптасуына, егемендігінің нығаю мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін департаменттің 21 қызметкерін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградтады.
Мерекелік іс-шара департамент қызметкерлерінің Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Жас ұлан» ұйымының қатары толықты

 

Арал қаласында аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» ұйымының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елім - тірегім» атты салтанатты жиын өтті.  
Онда оқуда озат, түрлі өнер байқаулары мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары атанған 100-ден астам оқушы мойындарына туымыз түстес көк галстук тағып, «Жас ұлан» ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылданды. 
Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішова қатысып, «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтады және «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбындағы іс-шараларға белсене қатысқан мектеп тәлімгерлеріне «Құттықтау хат» тапсырды. 
Сонымен қатар, жиынға қатысқан ардагер ұстаздар жас ұландықтарға ізгі лебіздерін білдірді.
Шара одан әрі оқушылар үйі әзірлеген «Тәуелсіздікке тарту» атты концертке ұласты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аудан әкімі желтоқсандықтарды қабылдады

 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.  
- Қай халық үшін де тәуелсіздік – қастерлі ұғым, ұлы мұрат. Ұлтымыздың ұлы жеңістері оңайлықпен келген жоқ.  Халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманына ұмтылды. Соның бір тұсында сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бен үлестеріңіз салмақты деп білем. Бұл біздің жадымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде мәңгі сақталады, - деп, ізгі ықыласы мен ақжарма тілегін білдірді. 
Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасының қатысушылары Серік Сералиев, Асқар Бекбосынов, Еламан Әбдіреев пен Ислам Жұбановқа Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай әзірленген  естелік медальдар табыстады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сан қырлы өнерпазға құрмет көрсетілді

 

Сыр өңірі ежелден өнер қонған киелі қоныс.Таңдайынан бал тамған әнші, таңды таңға ұластырған жыршы-термеші, сөз бастаған би-шешен, тебіреніп күй тартса қобыз бен домбыраның үнінен құс қондырған күйшілер түлеген топырақ. Қазалыда осындай дарындардың ізін жалғаушы, ҚР  Мәдениет қайраткері, өнер майталманы, режиссер-сценарист Насыр Баекеевтің 70 жылдығына арналған шығармашылық кеш өткізілді.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Толыбай Жүсіпов өнер иесінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндама жасап, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және аудандық мәдениет саласы қызметкерлерінің атынан құттықтау білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар, аудан әкімінің кеңесшісі Жаппарберген Жалғасбаев пен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық бөлімінің басшысы Алғашбай Байкөбеков кеш кейіпкеріне деген жүрекжарды лебіздерін білдіріп, аудан әкімінің құттықтауын жеткізді.
Өнері де, өмірі де тәлім мен тәрбиеге толы Насыр Баекеев режиссер ретінде Т.Ахтановтың «Ант», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Қыз Жібек», Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр», «Ең әдемі келіншек» спектакльдері сахналап, көрермен көңілінен шығып жүр.  
Кеште сан қырлы өнер иесінің шығармашылық жетістіктері жайлы да айтылды. Оның сазгер Нұрмаш Алғашбаев пен Кемеңгер Өтептің «Арманым-ардағым», «Жүрек сыры», «Сыр елі», «Жан әке», «Есімде сол бір жаңғырық», «Бұлбұл жүрек», «Боздақтар», «Тәуелсіз қазақ елі», «Батыр баба», Орақ Баубековтің «Сүйген сәулем», әуесқой сазгер Әділхан Мақсатбаевтың «Ауылым» сынды әндеріне жазылған өлеңдері тыңдармандарын тапқан.
Кеш барысында «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблі мен жекелеген өнерпаздар ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқап,  өлеңдерін оқып, халыққа жоғары көңіл-күй сыйлады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қармақшыда тәуелсіздік мерекесі аталып өтті

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты кеш өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Сұлтан Мақашов, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Аслан Кинаятов, және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова қатысты. 
Мемлекетіміздің мәртебесін өсіріп, мерейін әспеттеген ең қастерлі мерекесімен жиналған қауымды құттықтаған аудан басшысы, ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың кеудесіне мерекелік медаль тағып, облыс және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Отбасы – тәуелсіздік тірегі

 

Жалағаш ауданында «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспары аясында «Отбасы - Тәуелсіздік тірегі» атты аудандық әйелдер форумы өтті. 
Форумға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, батыр аналар, «Жалағаш ауданы әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылары, жастар көшбасшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен БАҚ өкілдері   қатысты.
Сан сала өкілдерінің басын қосқан форумда білім саласының ардагері Р.Ерәлі, жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Ә.Нұржан, «Үздік ауыл дәрігері» номинациясының иегері М.Таукеева, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар жөніндегі аудан бойынша сарапшы маманы Г. Мәлік баяндама жасады. Сонымен қатар, «Батыр аналар» ансамблінің жетекшісі Р.Жұбатханова , Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Р.Исахметовалар форум жұмысына сәттілік тілеп, ауқымды істердің ұйытқысы бола білген аудан әкімдігіне, форумды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Тәуелсіздік тартуы

 

М.Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиналыс болып өтті. Шараны аудан әкімі Ғалым Әміреев ашып, жиналғандарға мерекелік құттықтауын арнады. Ширек ғасырда ауданның жеткен жетістіктерін саралап өтті. Сондай-ақ, жиынға арнайы қатысқан ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Гелогия және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.Нұрабаев аудан тұрғындарына өз лебізін арнады. Салтанатта ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік медалімен 45 тұрғын марапатталды. Мерекелік шара өз кезегінде қазақ эстрадасының жарқын  жұлдыздары Мирас пен Құралайдың ән шашуымен жалғасын тапты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Шиеліде бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтылған

 

Шиелі ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Жадыра" балабақшасы күрделі жөндеуден кейінгі пайдалануға берілді.
Бұл балабақшаны қайта құрылымдау жұмыстарына аудандық бюджеттен 133 млн.теңге қаржы бөлінген. 
Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев тәрбиешілер мен ата-аналарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. 
Айта кету керек, ауданда бүгінгі күні 17 мемлекеттік, 49 жеке балабақша, 48 шағын орталық жұмыс жасайды. Балабақшамен 3-6 жастағы балалар 100 пайыз қамтылған.

Тәуелсіздікке 25 жыл: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиын өтті
 
13 желтоқсанда Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпханов қатысты. Жиында аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сараланды. Бұдан бөлек, түрлі салаларда еңбек етіп жүрген 79 адам орден, медальдармен марапатталып, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарына және 4 ардагер «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев атап өткендей, Қызылорда облысы ширек ғасыр ішінде экономика мен өнеркәсіптің барлық салаларында тұрақты дамуға қол жеткізді.
 - 2017 жылдан бастап облыста Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты жұмысын бастайды. Болашақта аймақтық экономиканың тірегіне айналуы тиіс тау-кен металлургия өнеркәсібі дамуда. Бұл жетістіктердің барлығына Елбасының сарабдал саясаты мен күш-жігерінің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасында  қол жеткіздік,- деп атап өтті аймақ басшысы. 
Жиында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі   атап өтілді. Әсіресе, Мемлекет басшысының Солтүстік Арал теңізін қалыпқа келтіру, «Байқоңыр» ғарыш айлағының дамыту, аймақтағы уран және мұнайгаз өнеркәсібінің құрылуы, күрделі әлеуметтік мәселелердің шешілуі, Сыр өңірінің көлік-логистикалық әлеуетін қалыптастыру, сондай-ақ қазақ халқының рухани мұраларының жаңғыруы бағытындағы бастамаларына ел ризашылығы жайлы ерекше айтылды.
Салтанатты шараның соңы белгілі орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен  қорытындыланды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жас полицейлер ант қабылдады

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында қызметке жаңадан қабылданған жастар қызметті адал және абыроймен атқаруға, ел азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді.
Мемлекеттік Рәміздер аллеясында өткен салтанатты жиынға департамент басшылығы, қызметкерлері және ардагерлерінен бөлек жас полицейлердің ата-аналары мен жақындары да қатысты.
Қызметке жаңадан келген 25 жастың 10-ы жергілікті полиция қызметінің қатарын толықтырды, ал қалғандары тергеушілер, анықтаушылар, кадр қызметкерлері  және жедел уәкілдер. 
Полиция қызметіне жаңадан қосылған жас буынды ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жарас Оспанов құттықтады. Ант қабылдау – әрбір полиция қызметкері үшін өміріндегі ерекше сәт екендігін атап өтіп, жастардың азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдірді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай семинар-тренинг өтті 

 

Қызылордада  мемлекеттік құрылымдар мен БАҚ өкілдерінің, ҮЕҰ басшыларының қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай семинар-тренинг өтті 
Семинар-трненингтің ұйымдастырушылары – Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығы мен «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қоры және Саясаткер әйелдер клубы. 
Шара «Ақмешіт ақшамы» газеті редакциясында орналасқан «Көшбасшы әйелдер» мектебінде өтті. Бұл мектепті құрған – газеттің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожа. Осыдан 11 жыл бұрын ашылған мектептің басты мақсаты - әйелдерді белсенді қоғамдық өмірге тарту. Семинар тренері «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балалар қайырымдылық үйінің негізін қалаушы Анар Ізден. 
Жиын барысында барлық әйелдердің көкейкесті мәселелері талқыланды.  Қатысушылар  өмір қағидаттары туралы өз пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы әріптестік  қарым-қатынас бағытында жинаған тәжірибелері жайлы айтты. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда театры сыйақы иеленді

 

Ақтауда «Әбіш әлемі» атты бірінші республикалық театр фестивалі өтті. Төрт күнге созылған театр фестиваліне Қазақстанның әр өңірінен 7 өнер ұжымы қатысты. Фестивалдің басты мақсаты – арамыздан кеткеніне бір жыл болған қарымды қаламгерді еске алу және оның шығармаларын насихаттау болса, байқауға қатысушы өнер ұжымдарына қойылған талап – Әбіш Кекілбайұлының шығармаларын сахналау.    
Барлығы жеті  шығарма сахналанған төрт күндік өнер додасына 120-ға жуық әртіс қатысты. Фестивалдің бас жүлдесі мен Әбіш Кекілбаев атындағы марапатты «Шыңырау» драмасымен Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театры ұжымы иеленді.
Петропавлдан келген Сәбит Мұқанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы «Актерлық ізденістер» номинациясын жеңіп алса, «Тарихты сахналағаны үшін» аталымын Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры иеленді. Аймақ басшылығы тағайындаған «Заманына үндес спектакль» және  «Үздік Әбіш Кекілбаев аудармасы» сыйақысын Қызылорда және Алматы облысынан келген өнер ұжымдары иеленді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ұлы дала ұландары

 

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай «Біз – Ұлы дала балаларымыз!» атты  музыкалық флешмоб  ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,  ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қосып, халық мұрасы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Зияткерлік мектептің 20-ға жуық домбырашысы (оқушылар, ұстаздар және ата-аналар)   Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа» және Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» мен «Әлқисса» күйлерін орындады. Сонымен қатар  мектептің вокалистері халық әні  «Беу, айдай», Н.Тілендиевтің «Құстар әні», Ескендір Хасанғалиевтің «Айналдым елім» және «Нұр Астана», «Туған ел» әндерінен шашу шашты. Мектеп оқушыларынан құралған хор «Қазағымның қанаты»  әнін ерекше орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Назарбаев мектебінде ашық есік күні өтті

 

Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен ашық есік күнінде білім алу мүмкіндіктері, каникулярлық және виртуалдық мектептерге тіркелу туралы оқушылар және олардың ата-аналары кеңес алды.
Шара барысында жалпы білім беретін мектеп кітапханаларына түрлі жанрларда әдеби кітаптар үлестірілді. 
Бұл бастамаға оқушылар қызығушылық танытып, осындай маңызды шараның ұйымдастыруына ұйытқы болған мектеп қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Шара соңында жалпы білім беру ұйымдары мен Зияткерлік мектеп оқушылары «Алға, Қазақстан!» би флешмобын биледі. Сонымен қатар, «Атамекен» патриоттық әнін бірге орындап, Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен жеңістерін құрметтеуге және қастерлей білуге шақырды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалы жастары сайыс ұйымдастырды

 

Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазалы ауданының жастары бірқатар шаралар өткізді. Аудандық оқушылар үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес облыстық «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі, "Жастар ресурстық орталығы" Қазалы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Инновациялық идеялар» жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеде № 204, № 17, № 16, № 102, № 170, № 249, № 226 мектеп оқушылары өздерінің жаңаша идеяларын ортаға салды. Жаңашылдық жәрмеңкесінде I  орынды № 17 орта мектеп, II орынды № 16 орта мектеп, III орынды № 102 орта мектеп иемденді.

Тәуелсіздікке 25 жыл:Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тартуы» атты телекөпір өтті

 

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қызылорда қаласы «Облыстық мекемелер үйінің» 3-қабатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік тартуы» тақырыбында телекөпір өтті.
Телекөпірдің негізгі мақсаты – Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Қызылорда облысының егемендік тұсындағы даму деңгейін түйіндеп, жетістіктерін саралап, өңірде жүзеге асырылған бірегей индустриалды-инновациялық жобаларды халыққа таныстыру болды.
Қызылорда облысының дамуына жаңа серпін берер индустриялдық жобаларды таныстыру рәсіміне Арал ауданында орналасқан «Аралтұз» зауыты (спикер: «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров), РФ Ульяновск облысындағы Димитровград қаласында орналасқан «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу зауыты (спикер: зауыт құрылтайшысы Аманбай Ерхатов), Қазалы ауданындағы «Рза» АҚ (спикер: кәсіпорынның вице-президенті Нұрлан Имандосов), Жаңақорған ауданындағы Шалқия кен орны (спикер: «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ басқарма төрағасы Болат Рамазанов), Шиелі ауданында орналасқан «Бала-Сауысқандық» ванадий кен орны (спикер: «Балауса фирмасы» ЖШС директоры Андрей Кузнецов) және Қызылорда қаласындағы шыны зауыты (спикер: «Orda glass» ЖШС Басқарма төрағасы Даурен Ибрашев) қосылды. Спикерлер өз жобалары, даму деңгейі мен жоспарлары туралы баяндай отырып, басты ерекшеліктерін атап өтті, әрі  телекөпірге қатысушылар мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ, телекөпір барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаевтың Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының  таныстырылымы болды.
Сонымен бірге, салтанатты шарада облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, Қызылорда облысы славяне қоғамдық мәдени бірлестігфінің төрайымы - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Галина Щербакова және Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектептің директоры Жұмагүл Тілеуқабылова сөз сөйлеп, өңірімізде егемендік жылдары орын алған қоғамдағы оң өзгерістерді, әлеуметтік реформалар мен табысты жобалар туралы баяндай келе, шараға қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы көпір пайдалануға берілді

 

13 желтоқсан күні Қызылорда қаласында Сырдария арқылы өтетін сол жағалауды дамыту аясында салынып жатқан үш көпірдің алғашқысы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және ауқымды жоба сол жағалаудағы жаңа қаланың құрылысының басталуымен құттықтады.
-Алдағы жылдан бастап, біз қаланың сол жақ жағалауын кешенді түрде дамытуды, ірі құрылыс  нысандарын салуды бастаймыз. Онда көлемі 1500 гектардан астам жер  дайындалып отыр. Үлкен жобаны жүзеге асыру мақсатында облыстық штаб құрылды. Инвестициялық аймақта 11 тұрғын аудан, индустриалдық аймақ және 3 ірі парк қарастырылып, халықтың сапалы өмір сүруіне қажетті әлеуметтік нысандар, бизнес орталықтары, сауда орындары бой көтеретін болады. Оның ішінде 46 балабақша, 23 мектеп, университет қалашығы, 2 көпсалалы аурухана, қарттарға арналған пансионат, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат, емханалар, күндізгі стационарлар мен дәріханалар қарастырылған. Сонымен қатар, үлкен ән аренасы, этнографиялық музей кешені, Қорқыт ата интерактивті музейі, балалар шығармашылығы сарайы, саз мектебі, цирк, драма театры, стадион, «Құстар әлемі» оранжереясы мен Медиа орталығы, демалыс орындары орналасады. Сол жағалау аумағында болашақта жүз мыңнан астам адам тұрады деп есептелуде – деді облыс әкімі Қ. Көшербаев.
Шараға қатысқан облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов және Ұлы Отан Соғысының ардагері Танеш Оразов жиналғандарды көпірдің ашылуымен құттықтады. Одан кейін, салтанатты безендірілген 6 автокөлік сол жағалауға бағыт алды, ол жерде АҚ ӘКК «ҰК» «Байқоңыр» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ержан Әбдіқалықов пен «Урбостиль» ЖШС басшысы Любовь Нысанбаева жаңа қаланың жобасын таныстырды.
Анықтама үшін: Сол жағалауды жалғайтын көпірдің құрылысы 2014 жылдың екінші жарты жылдығында басталды. Мердігер-компания - «Мостостроительный отряд № 25 имени А.Рязанова» ЖШС. Көпірдің ұзындығы - 387 метр, жер төсемі 4 жолдан тұрады, ені – 3,5 метр. Жүк көтерімділігі – 180 тонна.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордалық 820 отбасы Ел Тәуелсіздігімен қатар қоныс тойын тойлады

 

13 желтоқсан күні Қызылордада жалпы саны 820 пәтерді құрайтын  16 көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне берілді. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Ұлттық Экономика министрі Қуандық Бишімбаев жаңа қоныс иелерін Қазақстан Республикасының 25 жылдығымен және жаңа қоныстарымен құттықтады.
- Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі мемлекет үшін қашан да күрделі бағыттардың бірі болды. Бұл бағытта Сыр елінде үлгі етер іргелі істер баршылық. Соңғы жылдардағы толайым табыстарымыздың бірі – облыс орталығында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Мысалы, облыс бойынша 2004 жылы 92 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бұл көрсеткіш қазіргі таңда 5,5 есеге өсіп, 500 мың шаршы метрге жетті. Өткен жылы облыста құрылыс көлемі 3,5 есеге өсті, оның ішінде Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артты. Биылдың өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, соңғы үш жылда Қызылордада жаңадан 11 шағын аудан бой көтерді. Соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Биылғы жылы да біз тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы және «Тұрғын Үй Құрылысы Жинақ Банкімен» қоян-қолтық жұмыс жасаудамыз. Соған сай келесі жылы да биылдан кем емес көлемде құрылыс қарқыны сақталады. Былтыр Елбасының қатысуымен   «Арай-2» мөлтек ауданында 10 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Міне, бүгін сол тұрғындардың қатары жаңа көршілермен толығып, 16 көпқабатты тұрғын үйді халық игілігіне тапсырғалы тұрмыз. Жаңа баспана әр отбасына сәттілік әкеліп, шаңырақтарыңызда тек сәбидің күлкісі естілсін, - деп  облыс әкімі Қ. Көшербаев өз лебізін білдірді. 
 «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Арай-3» мөлтек ауданында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынды. Бұл мөлтек ауданда 20 көпқабатты үй құрылысы салынуда, оның  12 – сі (600 пәтер) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен бірлесе тұрғызылса 8 үй (420 пәтер) «Тұрғын Үй Құрылысы Жинақ Банкімен» жүзеге асырылуда. 
 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада жүйке аурулары интернаты ашылды

 

13 желтоқсанда Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылында жүйке аурулары интернаты ашылды. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айдар Әріпханов интернаттың ашылу салтанатына қатысты.
- 2008 жылы облыс орталығында мүгедек жандар мен жүйке науқасы бар азаматтарға  арналған заманауи үлгідегі 3 орталықтың құрылысы басталған болатын. Соның екеуі 2012 жылы халық игілігіне берілді. Оның бірі – республикада теңдесі жоқ мүгедектерді оңалту  орталығы. Ал, бүгінгі ашылғалы тұрған 300 орындық жүйке аурулары интернатының құрылысы 2011 жылы тоқтап қалған еді. Биыл облыстың жер қойнауын пайдаланушы ұйымдарының қаржысы есебінен, яғни демеушілік көмек арқылы ғимараттың толық  аяқталуын қамтамасыз еттік,- деді облыс әкімі.
Интернаттың ашылу салтанатында жоба демеушілерінің атынан – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ-ның бас директоры Құрманғазы Есқазиев және облыс әкімінің мүгедектер мәселесі бойынша кеңесшісі Нұрмұрат Ерманов сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, Талсуаттағы жүйке аурулары интернаты сот процесінің созылып кетуіне байланысты құрылысы кешіккен соңғы нысан. Бұрын науқастың осы түріне шалдыққандар қалалық туберкулезге қарсы ауруханада емделіп келді. Ал жаңадан ашылған интернатта  жаттығу залы, сумен емделу бөлімі, ағаш өңдеу шеберханасы, тігін цехы және мәжіліс залы бар.  
 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Партия белсенділері мен жақтастары марапатталды

 

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік  жиынға облыстық партия филиалының ұжымы, жасотандықтар, партия белсенділері мен жақтастары қатысты.
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жиылғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Қоғамдық саяси жұмыстарға белсене араласып, Ұлт көшбасшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз саясатын қолдап, жетекші партияның бастамаларын жүзеге асыруға қомақты үлес қосқан бірқатар партия белсенділері мен жақтастарына «Алғыс хат» табыс етті.
- Биыл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Өткен жылдар ішінде еліміз экономикалық дамуда, халқымыздың әл-ауқатын арттыруда аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық пен қоғамдағы өзара түсіністік – сыртқы саясаттағы елдің халықаралық беделінің өсуі үшін сенімді негіз болды. Бүгінде Қазақстан ынтымағы мен бірлігі жарасқан сан ұлтты бір шаңырақтың астында біріктірген ырысы мол елге айналып отыр. Осының бәріне Мемлекет басшысының көреген саясаты мен халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қол жеткізіп отырмыз, - деді Ибадулла Құттықожаев.
Марапатталушылар атынан облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Тастыбай Лесеров және  Қазақстан «Қызыл-Ай» қоғамы  облыстық филиалының директоры Абзал  Байманов өз алғыстарын білдіріп, ел игілігі жолында жетекші партиямен бірге аянбай қызмет жасайтындықтарын жеткізді. 
 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Шағын және орта кәсіпкерлік жетістіктерінің көрме-конкурсы өтті

 

12 желтоқсанда Қызылордада биыл облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістіктерге арналған көрме-конкурс өтті. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жеңімпаздарды құттықтап, аймақ экономикасы үшін шағын және орта кәсіпкерліктің маңыздылығын атап өтті.
- Қазіргі таңда облысымызда өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлес қосып отырған 5 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары және 35 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. Аталған секторда 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған – бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі. Қазір де құрылып жатқан жаңа жұмыс орындарының негізгі бөлігі осы шағын және орта кәсіпкерлік саласында екендігі,   бұл көрсеткіш қоғамдағы тұрақтылықтың негізі екендігінде ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Облыстық көрме-конкурс аясында шағын және орта кәсіпкерлік өнімдері мен тауарларының көрмесі ұйымдастырылды. Конкурсқа барлығы 40 кәсіпорын қатысты. «Өндіріс саласындағы жетістіктері үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды қазалылық жеке кәсіпкер Манас Бигерестанов, екінші орынды «МИР-2001» ЖШС алса, бірінші орынға «КНК Кемикал» ЖШС ие болды. «Азық-түлік өнеркәсібі саласындағы жетістігі үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды шиелілік жеке кәсіпкер Сабыр Ермаханов иеленсе, екінші орынды «Қарашалаң» сервистік дайындау орталығы» алды. Ал бірінші орынға «Қылыш» шаруа қожалығы ие болды. «Жеңіл өнеркәсіптегі жетістіктері үшін» номинациясы бойынша үшінші орынды Сырдария ауданының жеке кәсіпкері Жәнібек Маханбет, екінші орынды жеке кәсіпкер «МСК», ал бірінші орынды «DALATEX» ЖШС иеленді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Көшбасшы әйелдер бас қосты

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қоры ұйымдастырған салтанатты жиын өтті. 
Жиында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Ирина Бәкішева, облыстық мәслихат депутаты Райхан Ысқақова мемлекетімізде әйелдердің көшбасшылығы айқындалып, қоғам мен мемлекет тарапынан нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері жоғары  бағаланып келе жатқандығын атап өтті. 
Биыл барша қазақстандықтар үшін тарихи жыл. Ел Тәуелсіздігінің   25 жылдық мерейлі мерекесі аясындағы әрбір шара мен қолға алынған  бастаманың қоғам үшін маңызы ерекше. Соның бірі – аймағымызда жақында ғана ашылған «Көшбасшы әйелдер» мектебі.
Қоғамда әйелдердің белсендігін одан әрі арттыру, тұрмысты жақсартып, түрлі салаға бейімдеу мақсатында ашылған мектеп аз уақыт ішінде нәтижеге қол жеткізді. Бүгінде мектептің 40 түлегі тұлғалық өсу, отбасылық өмір, қаржылық сауаттылық, табысқа жетудің тиімді жолдары, көшбасшылық секілді түрлі бағытта білімдерін жетілдіріп, бағыт-бағдар алды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Тәуелсіздік мерекесіне орай Қызылорда облысында әлеуметтік нысандар ашылды

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен аймақтық-өлкетану мұражайы мен Оқушылар үйінің ашылу салтанаты өтті.
Облыс әкімі  алдымен аймақтық-өлкетану мұражайының жаңа экспозициялық залдарымен, сонымен қатар заманауи кітапханамен танысты. Мұражайдың екінші қабатындағы екі үлкен зал өңір тарихына және оның тәуелсіздік жылдарындағы дамуына арналған. Мұражайда Қармақшы ауданының көне заманнан қазіргі күнге дейінгі негізгі тарихы баяндалған.  Содан соң облыс әкімі қайта жөндеуден өткен Оқушылар үйінің салтанатты ашылуына қатысты. 
- Білімді шәкірт - ел болашағының мықты тірегі» десек, өнерге талаптанған өрендерге сапалы білім беруде Оқушылар үйінің ықпалы зор. Себебі халқымыздың барлық асыл қасиеті бала кезден қалыптасады. Отаншыл баланың ойы озық тұрады. Біз ұрпақтың кемел келешегі үшін барлық мүмкіндікті қарастыруға міндеттіміз. Өйткені олар – еркін елдің ертеңі, -деді облыс әкімі.   
Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы, білім саласының ардагері Сұлтанбек Мырзабаев оқушылар мен олардың ата-аналарын маңызды нысанның ашылуымен құттықтап,  балаларға Оқушылар үйінің қабырғасында қызықты да мәнді уақыт өткізулерін тіледі.
Оқушылар үйінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда әртүрлі 27 үйірме бар, оған 1166 оқушы келіп қатысатын болады. Мекемеде кәсіби біліктілігі жоғары 18 мұғалім жұмыс істейді. Сондай-ақ Оқушылар үйінде әртүрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады.  

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «Тәуелсіздік» шағын ауданы бой көтерді

 

Тәуелсіздік күні қарсаңында, 10 желтоқсан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінің 25 тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімінің құжаттарын тапсырды. 
    Облыс әкімі өзінің алғы сөзінде жергілікті билік алдымен ауылдық экономиканы дамытуға және ауыл жұртшылығының өмір сүру деңгейін жақсартуға басымдық беретіндігін жеткізді. 
- Ел дамуының негізгі  көрсеткіштерінің бірі - тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы. Өткен жылы Алматы қаласында 51 көпқабатты үй салынса, Қызылордада 53 көпқабатты үй тұрғызылды. Биылдың өзінде көпқабатты  80 үй салынып жатыр. Қызылорда қаласында пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы, яғни үштен бірі баспаналы болды. Жосалы кентінде 25 мың халық тұратын болса, оның 1380-і жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға өтініш берген. Аудан орталығынан барлық инженерлік-коммуникациясы дайын  1400 жер телімі бөлініп берілді,- деді облыс әкімі.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Есдаулетов сөз сөйлеп, аймақ басшысына ауылдың әлеуметтік мәселелерінің дер кезінде оң шешімін табуына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді, Елбасының сарабдал саясаты мен реформаларына қауым боп қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Мұнан  соң ҚР Тәуелсіздік күні мен Жосалы кентіндегі болашақ шағын ауданның негізі  қаланған күннің құрметіне  арналып  мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Ауыл мектептеріне тарту

 

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары ауыл мектебінің кітапханасына 350 көркем әдебиет туындысын тарту етті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған шара «Вookсrossing» атты акция аясында жүзеге асырылып отыр. 
Вookсrossing – Назарбаев Зияткерлік мектебі мен ауыл мектебі кітапханасы арасындағы кітап саяхаты. Жыл сайын мектеп мұғалімдері мен оқушылары басқа мектептегі білім алушылармен бөлісу үшін өздері сүйіп оқитын кітаптарды жинастыруды дағдыға айналдырған. «Жиналған танымдық, көркем туындылар  арасында қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі кітаптар бар», – Назарбаев Зитякерлік мектебінің педагог-кітапханашысы Гүлмарим Түбекбаева.
Бұл жолы жинақталған құнды қазына Н. Ілиясов ауылындағы Т. Айтбаев атындағы №132 мектеп оқушыларына бұйырды.  Ауыл балалары қала мектебінен келген баға жетпес сыйды қуана қабыл алды. 
Шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары өз қатарларына оқушыны кітап оқуға дағдыландыратын әлеуметтік жобалар жайлы айтып берді. Сонымен қатар тренинг өткізіп, ауыл балаларымен танымдық ойындар өткізді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Желтоқсандықтарға құрмет көрсетілді

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.
Кездесуде аудан басшысы  Желтоқсан оқиғасының  тәуелсіздік пен   демократиялық жаңғырудың бастауы болғандығын атап өтті.
Кеңестік озбыр саясатқа қаймықпай қарсы шыққан жастардың арасында елінің ертеңі үшін жанын қиғандар мен жазаланғандар да болды. Бірақ олардың арманы орындалды. Көп ұзамай еліміз азаттық алып, күллі әлемге еркін ел ретінде танылды,  – деген аудан әкімі желтоқсандықтардың кеудесіне естелік төсбелгілер тағып, құттықтау хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.
Кездесуде Желтоқсан оқиғасына қатысушылар атынан сөз алған Сағира Сарбалаева мен Мұхит Қыпшақбаев азаттыққа ұмтылған қатарлары жайлы естеліктер айтып,  өздеріне облыс, аудан басшылығы тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қаһармандар қашан да құрметке лайық

 

Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазалылық азаматтарды қабылдап, сый-құрмет көрсетті. 
–Сіздер Желтоқсан оқиғасында қазақтың рухы күшті, өр, намысты халық екендігін айдай әлемге таныттыңыздар. «Ер есімі – ел есінде» дегендей, Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қазалының сол кездегі 17-18-дегі өрімдей жастары, бүгін кемел жасқа келдіңіздер. Әр салада қызмет етіп, ел мен жердің өркендеуіне үлес қосып жатырсыздар. Осы орайда Сіздер қандай құрметке де лайықтысыздар, - деді аудан басшысы кездесуде. 
Шарада Желтоқсан оқиғасына қатысушылар А.Қожақова, Ұ.Алматова, Ж.Нұрмашева, А.Машай өздеріне аудан басшылығының тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді. 
 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Шиеліде Тәуелсіздік мерекесіне арналған М.Шоқай атындағы қазақ күресінен республикалық турнир аяқталды

 

10-11 желтоқсан күндері Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған М.Шоқай атындағы қазақ күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 
Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан  200-дей спортшы 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті.  
 Аталмыш турнирден Қызылорда облысының спортшылары 28 жүлдені (9 алтын, 5 күміс, 14 қола) иеленді. 
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай  сыйлықтармен  марапатталды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қайырымдылық ізгі қасиет

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әділет органдары көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 
Олардың ішінде 5 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана М.Ильжанова мен   6 бала тәрбиелеп отырған Н.Жасмамбетова бар. Осы екі отбасы азық-түлікпен қамтылып, оларға мереке қарсаңына сыйлық ретінде планшет табысталды және                    І топ мүгедегі А.Шайманованың үйіне көмір түсірілді. 
«Қайырлы істің қайтымы бар» демекші, осылайша департамент қызметкерлері Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы алдында қам көңіл жандарды бір қуантып тастады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Мереке аясындағы мәдени сапар

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы  Қорқыт Ата мемориалдық сәулет кешенінде болды. 
Департамент мамандары дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген  баба  кешеніндегі 700-ден астам экспонат сақталған мұражай қорын тамашалады. Мұнда негізінен Қорқыт  өмір сүрген кезеңдегі Ұлы дала тарихы мен мәдениеті жайлы материалдар сақталған.
Кешендегі үзілмейтін қобыз әуені  келушілердің қызығушылығын тудырды. Аңыз бойынша Қорқыт ажалмен арпалысып, мәңгі өмір сүрудің мәнін іздейді.  Бірақ, қайда барса да, алдынан ажал шығып, Қорқыт тұңғиық ой теңізіне қамалыпты. Осындай сәтте шырғай ағашынан алғашқы қобызды жасап, қылдан ішек тағып, тарта бастайды. Тылсымға толы үнді бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң – бәрі тоқтай қалып тыңдапты. 
 Бүгінде Қорқыт ата мемориалдық сәулет кешені тағзым ету орнына айналған, мұнда жер бетіндегі әр түрлі ұлт өкілдері келіп тәу етеді. Сонымен бірге, соңғы бірнеше жылдар бойы  көптеген шет елдік саяхатшылар да тарихи кешенді тамашалаушылар қатарына қосылған. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Абай мұрасы адамзат құндылығы

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы және "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Абай мұралары қазақ және әлем мәдениеті контексінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, ҚР Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері Қайыржан Қизатұлы Күзенбаев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдуәлі Оразалиев және облысымыздың оқу орындарынан келген ғалымдар мен мектеп мұғалімдері, мемлекеттік құрылымдар, белгілі ұлт зиялылары қатысты.
Абайтанушы ғалымдар баяндама жасап, Абай мұраларын зерттеу нысаны жан-жақты талқыланды. Қатысушылар  Абайдың қазақ халқының ғана емес, күллі адамзаттың мәдени дамуындағы орны жайлы ойларымен бөлісті. Ақыл мен ойдың биігін бағындырған ұлы ойшылдың мәдени мұрасы қазіргі заман құндылығына айналуы керек деген пікірлерін білдірді. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Ел тәуелсіздігіне 25 жыл: Бейбітшілік пен даму жолындағы дәстүрлі дін»  тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті
 
Ағымдағы жылғы 8 желтоқсанда А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Ел тәуелсіздігіне 25 жыл: Бейбітшілік пен даму жолындағы дәстүрлі дін» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. 
Конференция мақсаты ҚР зайырлы ұстанымдағы мемлекет екенін түсіндіру, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұстанымындағы діни толеранттылық байланысты нығайту, қоғамдық пікірді тыңдау,  дәстүрлі емес діни ағымдардың жолына тосқауыл қоятын жаңа тәсілдерін табу.
Республикалық конференцияға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, профессор Керім Шамшәдин Тұрсынұлы, экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, PhD докторы Құрманбаев Қайрат, ОҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің басшысы Ерғазиев Қайрат Сакитұлы арнайы шақыртылды.
Аталмыш конференцияның негізгі бөліміне дейін 2 секциялық бағытта отырыс өткізілді.
Шара соңында қарар оқылып, аймақ тұрғындары арасында мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында белсенді жұмыс жасап жүрген  бірнеше қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жастар Тәуелсіздік күніне флешмоб ұйымдастырды 

 

Тәуелсіздік мерекесіне қызылордалық жастар да үлес қосты.  Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 100-ге жуық студенті ерекше акция өткізді. Қаладағы зәулім спорт кешеніне жиналған олар «Біз – Тәуелсізбіз!» атты  флешмобқа қатысты. Бірыңғай ақ жейде киген жастар тізіліп, 25 санын құрады. Сонымен қатар, өнерлі өрендер патриоттық әндерді нақышына келтіріп орындады. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордалық нұротандықтардың қатары толықты

 

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы партияның  жаңа  мүшелерін салтанатты түрде қабылдады. Олардың қатарында Ауған соғысының ардагерлері, спорт және мәдениет саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері бар. 
Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев оларды партия қатарына қосылуымен құттықтап, партия билеттерін табыстады. 
- Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төраға болып табылатын «Нұр Отан» партиясы бүгінде қоғамдағы ең маңызды саяси күш. Құрамында 1 млн.-нан астам мүше болса, оның 50 мыңы  қызылордалықтар. Партия құрамында болу, елдің алдында жүру – зор жауапкершілік, үлкен бақыт. Сіздерді туған жерімізді түлетуге, жасарып, жайнауына мол үлес қосады деп сенемін,- деді облыс әкімі.
Партия қатарына жаңадан қабылданушылардың атынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы Гаухарай Есімова және Ауған соғысының ардагері Қуанышбек Сыздықов өз алғыстарын білдіріп, сенімнен шығуға тырысатындықтарын жеткізді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада ІІ облыстық әйелдер форумы өтті

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылордада II облыстық әйелдер форумы өтті. 
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара барысында облыс дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан нәзікжандылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Форум қатысушыларын құттықтауға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары, облыстық әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Руслан Рүстемұлы барша әйел-аналарды мерекемен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктеріне қыз-келіншектердің қосқан орасан зор үлесін атап өтті. 
Барша форум қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталып, облыс басшылығы атынан ризашылық білдірілді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жас отбасылар арасында өткен облыстық байқау қорытындыланды

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық «Жас отау» байқауы өтті. Онда  іріктеу кезеңінен өткен 7 жас отбасы бақтарын сынады.
Қатысушылар ақтық кезеңнің шарттарына сәйкес үш айналым бойынша өз өнерлері мен қабілеттерін көпшілікке көрсетті. 
Байқау нәтижесінде І орынды Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінен Қалиевтер отбасы, ІІ орынды Жалағаш ауданынан Қалжановтар отбасы және ІІІ орынды Сырдария ауданынан Өмірзақовтар отбасы иеленді. Сондай-ақ, Шиелі, Қазалы, Төретам аудандарынан және қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінен қатысқан жас отбасылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды. 
Іріктеу кезеңінде белсенділік танытқан жас отбасыларға облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хаты табысталды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған дәстүрлі орындаушылардың республикалық өнер фестивалі өтті

 

Биыл Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл! Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Егемендігіміздің тарихи маңызын қадірлеп қастерлей отырып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Сонымен бірге, қазақ әдебиетінің алтын қоры жыраулық өнер, сұлу мақам саз арқылы еліміздің сындарлы белесін жырға қосу мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 6 желтоқсаны күні облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған дәстүрлі орындаушылардың республикалық өнер фестивалі өтті.
Жыр думанына дәстүрлі өнерді Алты Алашқа насихаттап жүрген белгілі өнер иелері – Алмас Алматов, Баянғали Әлімжанов, Эльмира Жаңабергенова, Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Ұлжан Байбосынова, Ерлан Рысқали, Айгүл Қосанова, Өмірқұл Айниязов, Ерболат Шалдыбеков, Айгүл Елшібаева, Ақмарал Ноғайбаева және Сыр сүлейлерінің ізбасарлары Майра Сарсенбаева, Әзілхан Мақсатбаев, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Арнұр Көшеней, Серік Жақсығұлов, Күнсұлу Түрікпенова, Нұртілек Ақтаев, Мұхаммедәлі Бекпейісовтер қатысты. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Арал ауданында  «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты салтанатты жиын болып өтті

 

Биыл Қазақстан прокуратурасына 25 жыл толып отыр. 1991 жылдың 6 желтоқсанында, ел тәуелсіздігімен қоса Қазақстан прокуратурасының да негізі қаланған болатын.
Мерекеге орай Арал аудандық мәдениет үйінде Прокуратура күніне арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты салтанатты жиын болып өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен шымылдығын түрген салтанатты жиында аудан әкімі М.Оразбаев сөз алып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. 
Мерекеде Арал ауданының прокуроры Бауыржан Тоқмырзаға Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» табысталып, бірқатар сала қызметкерлері  аудан әкімінің  құттықтау хатына ие болды
Сондай-ақ, шара барысында көпшілік назарына аудандық прокуратураның жыл көлемінде жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы бейнебаян ұсынылды.
Мұнан соң Арал ауданының прокуроры Б.Тоқмырза прокуратура қызметкерлерінің ата-аналарын, бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлерін марапаттады. Бұған қоса, аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мектептер арасында өткен «Тәуелсіздікке 25 жыл»  атты шығармашылық байқаудың жеңімпаздарына да құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.
Салтанатты кешті аудан өнерпаздарының мерекелік концерті жалғады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жақсылық жаса

 

Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ел көлемінде түрлі қайырымдылық жобалары қолға алынып жатыр. Соның бірі кеше Арал ауданында өтті.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің аудандық бөлімшесінің және еріктілер тобының ұйымдастыруымен өткен акцияға аудан басшысы М.Оразбаев арнайы қатысып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жасалып отырған шараға қолдау көрсетуге шақырды.
Акция нәтижесінде жиналған 328 мың теңге қаражатты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетім балаларға үлестіру көзделіп отыр.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Сыр маржаны» ЖШС «Іскер - 2016» сыйлығын иеленді

 

«Атамекен» ҰКП-ның ұйымдастыруымен өткен «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары - 2016» республикалық көрме-байқауында Қызылорда облысынан «Сыр маржаны» ЖШС «Іскер - 2016» сыйлығына ие болды.
Айта кету керек, шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкімет басшысы, сондай-ақ сала жетекшілері мен еліміздегі бизнес өкілдері қатысты.
1999 жылы жұмысын 35 адаммен бастаған «Сыр маржаны» бүгінде Қазалыдағы «Ақтан батыр» ауылының тұрғындарын толық жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік күріш өсіру және өңдеумен айналыса отырып, аймақтың ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып отырған ірі компаниялардың бірі. 
Алғашқы жылдары компания 350 гектар жерге өнім ексе, бүгінде оның көлемі 2100 гектарға жетті. «Кубань», «Ақмаржан», «Новатор», «Лидер» сынды күріш сорттарын егетін «Сыр маржаны» сағатына 5 тонна күріш өңдейтін зауыт салды. Күрішті тек ішкі нарыққа ғана емес сонымен қатар Ресей, Украина, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдеріне шығарып отырған компания өнім сапасының ерекше мән береді. 
Компания 2006 жылдан бері мал шаруашылығымен де айналысып келе жатыр. Көрші Атырау облысынан алынған 500 асыл тұқымды қой саны бүгінде  3 есеге өсті. 
Қызылордалықтар үшін компанияның әлеуметтік салаға қосып жатқан үлесін үлкен мақтаныш. Серіктестік басшысы Мінажадин Өтеев жыл сайын халықтың әлеуметтік әлсіз тобына қаржылай 2 млн.теңгеден астам қаржы бөліп, ардагерлер мен балалардың тынығу орындары мен демалыс лагерлеріне баруына жағдай жасап келеді. «Ақтан батыр» ауылындағы компанияның 2 қабатты ғимаратынан балабақша ашылды. Сонымен қатар, серіктестік Шәкен ауылынан 100 орындық мәдениет үйі мен Әйтеке би кентінен ардагерлер үшін арнайы ғимарат салып берді. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Түріктер Сыр елінде күріш егуге ниетті

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында түркиялық кәсіпкерлер мен сыр диханшылары бас қосты. Түркияның HARMAN компаниясының өкілдері Қызылордада егілген түрік күрішінің сортын, оны Түркия нарығына шығаруға ниетті.
Ең алдымен Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында болған қонақтар Сыр елінде өсірілетін күріш сорттарымен, өсірілу технологиясымен танысты.
Мұнан кейін Палатада жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, пікірлесті. Түркияда күріштің 1 киллограмы  1-1,5 доллар, яғни 340-500 теңгенің көлемінде тұрады екен. Өз кезегінде түріктер егер Қызылордадан серіктестер тапса, өздерінің тұқымдарын біздің шаруа қожалықтарына егуге беріп, кейін жинаған астықты толығымен сатып алмақ. Яғни, өнімді өткізу проблемасы шешіледі. Егер серіктестік жалғасын тапса, бүткіл технологияларын енгізіп, екі-жақты тиімді жұмыс атқармақ.

Тәуелсіздікке 25 жыл:  «Жүрек жылуы» акциясында 30-ға жуық мекеме қол ұшын созды

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ағымдағы жылдың 1 қарашасы мен 1 желтоқсан күндері аралығында «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын жариялаған болатын.
Акцияға жергілікті, департамент, басқарма, кәсіпорындар мен мекемелер, ұжымдар және жекелеген тұрғындар белсене атсалысты. Жомарттық таныта білген азаматтар азық-түлік, киім-кешек, және тұрмыстық қажеттіліктердің жинақталуына зор ықпалын тигізді. Қайырымдылық акциясына жинақталған көмектер әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен 25 отбасына берілді. Акцияға атсалысқан мекемелер қатарында Қызылорда медицина колледжі, №8 Жаңақорған ауданының спорт мектебі, «Абзал және К» ТС, Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спорт мектебі, Ә.Тәжібаев атындағы кітапхана, «Нұр-сәт» теннис орталығы, Облыстық тарихи өлкетану музейі бар. Барлығы 30-ға жуық мекеме қол ұшын созды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Науқас балаларға жәрмеңке ұйымдастырылды

 

Қызылорда науқас балалар жәрмеңке қайырымдылық шарасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылордадағы өкілдігі ерекше жәрмеңке өткізді.
Мекеме қызметкерлері өздері дайындаған түрлі бұйымдар мен дәмді тағамдарды саудалады. «Жүрегім толы мейірім» атты акциядан түскен қаржы денсаулығында туабітті ақауы бар науқас балалардың еміне жұмсалды. Қайырымдылық шарасы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін балалар орталығында жалғасты. Мұндағы бүлдіршіндерге Халыққа қызмет көрсету орталығы атынан түрлі ойыншықтар мен спорттық жабдықтар сыйға берілді. Ал балғындар өз кезегінде мейірімді қонақтарға арнап, шағын концерттік бағдарлама қойып, алғыстарын жеткізді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жерлесіміз «Жас зияткер» номинациясын иеленді

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті Жанар Тәшібай VІІ республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында «Жас зияткер» номинациясы бойынша І орынға ие болды. Жанар қорғаған ғылыми жоба «Қызылорда облысындағы балық шаруашылығының тиімділігін арттыру жолдары» деп аталды. 
 

Тәуелсіздікке 25 жыл: ҚР Президентінің қатысуымен өткен  жалпыұлттық телекөпірде «Шалқия» кен орны іске қосылды
 
6 желтоқсан күні индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір барысында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жобасы іске қосылды. 
«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ Басқарма төрағасы Болат Рамазанов кен орны дүние жүзінде мырыш қоры бойынша ең ірі бестіктің қатарына кіретінін жеткізді. Кәсіпорында руданы тікконвейерлі әдіспен өндірудің инновациялық технологиясы  қолданылады. Кен орнын игеру жобасы толық қуатта іске қосылған кезде  1500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. «Шалқия» кен орнын игеру  Қазақстан үшін мырышты өндіруші  ең ірі елдердің қатарына енуге сондай-ақ, қорғасын шығаруға мүмкіндік береді.  Әлем бойынша металлдың бұл түрлеріне сұраныс өте жоғары. 
Анықтама үшін: «Шалқия» полиметалл кен орнын «жерасты әдісі» арқылы өнеркәсіптік игеру» жобасы екі кезең бойынша жүзеге асады. 2018 жылы жылдық қуаты 2 млн. тоннаға дейін жететін кеніш салынады, ал 2020 жылы тау-кен өнеркәсібінің өндіріс  көлемі 4 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. Өндірілген өнім ТМД елдеріне және алыс шет мемлекеттерге  жіберіледі. Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы  қаржыландыру тетіктері пысықталуда, сонымен бірге  тау-кен байыту комбинатының құрылысын салушы мердігерді анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде.  

Тәуелсіздікке 25 жыл: Облыстық еріктілер слеті өтті 

 

«Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі аясында 5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне орай «Болашақ» университетінің Студенттер сарайында облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Еркін елдің-еріктілері!» облыстық еріктілер слеті өтті.  
Слетте облыстағы еріктілер қозғалысының дамуына үлес қосқаны үшін облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен 25 белсенді ерікті және корпоративті еріктілікпен айналысқан мекемелер марапатталды.
Шараға жастар ұйымдарының жетекшілері, белсенді жастар, еріктілер және БАҚ өкілдері қатысты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада ауыр атлетикадан Қазақстан кубогы мәреге жетті

 

1-5 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы «Еуразия» спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан кубогы өтті.
Бес күнге созылған жарыста Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан 15 команда, 152 зілтемірші кімнің мықты екенін анықтады.
Жылдағы дәстүр бойынша 94 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшыға ақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок тапсырылады. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай екінші мәрте кубок пен сертификаттың иегері атанды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада кондитерлік цех ашылды

 

Қызылорда қаласында 50 адамды жұмыспен қамтыған кондитерлік цех ашылды. Отандық шикізатты пайдаланатын кәсіпорын өндірісте бекітілген рецептураға қатал сүйеніп, экологиялық таза қоспалардың негізінде 200 түрлі өнім шығарады. Мұнда өнімнің жоғары сапасы мен сырт келбетінің көркемдігі үшін ғана емес, бағасының қолжетімді болуына да аса мән береді. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы ашылған цехта тәулігіне 1,5 тонна кондитерлік өнім шығарылады. Оны саудалайтын арнайы 7 дүкен ашылады. 
- Мемлекеттен 130 млн теңге алып, жаңа қондырғылар, ғимаратты жөндеу жұмыстарын жасап, осы жерден өндірісті кеңейтіп жатырмыз. Енді алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанның барлық қалаларына өнімдерді сатып, жеткізіп, 2022 жылдан кейін Қазақстаннан сыртқа қарай өнімдерімізді экспортқа сату жоспары бар, - дейді кәсіпкер Айдос Сайлығараев.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада «Даму-оптима» бағдарламасы бойынша алғашқы жоба қолдауға ие болды

 

«Даму-Оптима» бағдарламасының тиімділігін металлөнімдерін көтерме және бөлшек сатумен айналысатын «Ер-Бақ и К» компаниясы пайдаланды. Айналым қаражатын толықтыру мақсатында "Fortebank" АҚ несие рәсімдеу үшін «Даму» Қоры кәсіпорын қажеттілігіне 50% кепілдендіру ұсынды.
«Ер-Бақ и К» компаниясы металлөнімдерін сатумен 2011 жылдан бері айналысып келеді және бүгінде осы саладағы ірі кәсіпорындардың қатарында. Несие қаражатының көмегімен компания тауар түрлерін көбейтіп, сату көлемін арттыруға мүмкіндік алды.  

Тәуелсіздікке 25 жыл: Кәсіпкерлер «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттарымен кездесті

 

«Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» жалпы республикалық акциясының делегаттары Қызылордаға келді. Делегаттардың бірі – «Атамекен» ҰКП-ның қызметкері Данияр Сыдықов Кәсіпкерлер палатасында болып, бизнес өкілдерімен кездесті, сауалдарына жауап берді.
Айта кету керек, кездесу барысында қызылордалық кәсіпкерлер «Микробизнес Қызылорда» жобасының жалғасын тапқанын қалап, өтініш білдірді. Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов бизнес өкілдері үшін жағымды жаңалықпен бөлісті – келесі жылдан бастап Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» қағидасы аясында толықтай жұмыс жасайтын болды, яғни Палатаға келген кәсіпкерлер енді қалақұрылысы саласындағы рұқсат беру құжаттарын Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алу мүмкіндігіне ие болуда.
Сондай-ақ, кездесу аясында «Атамекен» тарапынан келесі жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысқысы келген кез келген азаматты басынан бастап жобасы жүзеге асырылып кеткенше толық сүйемелдеу жүргізетін жобаны енгізіліп жатқандығы айтылды.
Кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық танытқан саланың бірі ауылшаруашылығы болды. Бұл ретте кездесуге қатысқан облыстық аулы шаруашылығы басқармасының бастығы Бақыт Жаханов саладағы тың жаңалықтармен бөлісті. Атап айтқанда, қазір облысымызда жан-жақты маркетингтік зерттеу жүргізілген ауылшаруашылығы саласының картасы әзірленуде екен. Бұл құжат алдағы уақытта сала кәсіпкерлеріне қандай өнім өндіру керек, қайда шығару керек сынды толық жауап беретін болады. Кездесу бұдан әрі пікір алмасуға ұласты.
Жалпы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай елімізде 1 айдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы өтіп жатыр. 
Акция аясында 43 күнде 35 елді мекенді аралау көзделген екен. Республикалық шараның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді халықпен бөлісу, шалғайдағы ағайынның рухын көтеріп, қазақстандықтарды мазалаған мәселелерге назар аудару. 
Поезд делегациялары: мәжіліс депутаттары, түрлі құзырлы орган өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлер мінген пойыз аялдаған станцияларда дәрігерлік көмек көрсетіліп, қоғамдық қабылдаулар, консультациялық кеңестер және түрлі қайырымдылық шаралар өткізіледі.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттары Достық үйінде қоғамдық қабылдау өткізді

 

4-ші желтоқсанда «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттары Достық үйін аралап, қоғамдық қабылдау өткізді. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов, ҚХА мүшесі, Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ф.ғ.д, профессор Қазбек Қазкенов, Республикалық Достық үйі медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Нұрсәуле Әлтекова, Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығының басқарма мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Лариса Лысова және өзге де сала мамандары қатысты. 
Қоғамдық қабылдауда қала тұрғындары пойыз делегаттарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сұрақтардың көбісі тұрғын үй, денсаулық, медиация, әлеуметтік салаларға байланысты болды. Қабылдауға қатысқан әрбір тұрғын өзінің сұрағына сәйкес тиісті жауабын ала алды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының делегаттары қайырымдылық көмек көрсетті

Делегация мүшелері қоғамдық қабылдаудан кейін әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті. 
Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларды белсенді тірлікке тартып, жұмыспен қамтуды назарда ұстап келеді. Осы мақсатты ұстанған пойыз мүшелері бірінші болып Әл-Фараби мөлтек ауданында пәтер жалдап отырған көп балалы Әсия Қожахметованың отбасына барды. Бұл отбасында 4 бала бар, үлкені 13 жаста, кішкентайы 2 жаста. 
Делегация мүшелерінің атынан Әсияның жанұясына газ пеші берілді. Ол өз кезегінде қайырымдылық көмек көрсеткен пойыз құрамындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне алғысын білдірді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жасаған игілікті істері үшін ризашылығын жеткізді.
Келесі кезекте делегаттар «Ипподром» мөлтек ауданындағы Диана Смағұлованың үйінде болды.  Диана ауыр науқасқа шалдығып, жүру қабілетінен айырылған және жалғыз өзі мектеп жасындағы қыз баласын тәрбиелеп отыр. Осыны ескерген делегация мүшелері мүмкіндігі шектеулі жанның үйіне арнайы келіп, кір жуғыш машина сыйлап, сауығып кетуіңе тілектестігін білдірді. «Назарларыңызға алып, көмек қолын созғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін»,-деді Диана.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының мүшелері облыстық кітапханада болды

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында Астанадан аймақтарды аралау сапарына шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ағымдағы жылдың 4-ші желтоқсанында Сыр еліне аялдады. 
Республикалық акцияның мақсаты – Елбасы  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктермен таныстыру, халық бірлігін нығайту, әлеуметтік және қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізу. Тұрғындарға медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік салалар бойынша консультативтік кеңестер беру болып табылады.
Акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Қоғамдық келісім» ҚР Президенті жанындағы Республикалық  мемлекеттік мекемесі, «Нұр Отан» партиясы, мәдениет, спорт, ғылым, білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауыл шаруашылығы, ішкі істер министрлігі, ғылыми және шығармашылық  зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары мен БАҚ қатысты. 
«Тәуелсіз Қазақстан» поездін Қызылорда қаласының Теміржол вокзалынан облыстық ассамблея мүшелері мен қала тұрғындары сән-салтанатпен қарсы алды. Теміржол вокзалына жиналған тұрғындарды делегация мүшелері Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтай келе, шараның маңыздылығын түсіндіріп өтті. Делегация құрамында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов, ҚХА мүшесі, Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ф.ғ.д, профессор Қазбек Қазкенов, Республикалық Достық үйі медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Нұрсәуле Әлтекова, Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығының басқарма мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы Лариса Лысова және өзге де сала мамандары бар.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов және пойыз мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Онда «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді», «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі», «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлттың рухани негізі» тақырыптарында қала тұрғындарына дәріс таныстырулар оқылды. Пойыз штабының мүшелері «Қазақстан-2050» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы төңірегінде сөз сөйлеп, ой-пікірлерін айтты. Сондай-ақ, пойыз мүшелері «Біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған маңызды миссияны орындап келеміз. Көпэтносты Қазақстанда бірлік пен достық, бейбітшілік пен келісім жарастық тапса, ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі» екендігін атап өтті.
Делегация мүшелері «Тәуелсіздік сыйы» акциясы аясында облыстық кітапханаға кітаптар сыйлады. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына келді

 

4 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына келді.
ҚР мәдениет және спорт, ғылым және білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауыл шаруашылығы, ішкі істер министрліктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері және ҚХА «Қоғамдық келісім» РММ, «Атамекен» ҰКП, ҚР Кәсіподақ федерациясы жастар Кеңесінің сарапшылары, барлығы 270 салалар қызметкерлері, медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша халықпен кездесіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, консультациялық кеңестер берді.
Әділет министрлігінің өкілдерін құраған бір топ Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында және облыстық «Нұр Отан» филиалында болып 57 азаматтарға түрлі тақырыпта заң кеңестерін берді. Жалпы, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының тұрақтау кестесіндегі 35 елді-мекен ішінде Қызылорда қаласы жиырма сегізінші бекет болып есептеледі.
Еске сала кетейік, 1 қарашада Астана қаласынан бастау алған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 43 күн ішінде еліміздің барлық аймағының 35 елді-мекенінде болып, өз жұмысын 14 желтоқсан күні Алматы қаласында аяқтайды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жаңақорған аудандық ауруханасында ауқымды шара ұйымдастырылды 

 

Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы ұжымында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға емдеу және алдын алу ұйымдарының басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, сала қызметкерлері мен арнайы шақырылған отбасылар қатысты.
Шараның алғы сөзін алған бас дәрігер Сәулебек Есхожаұлы зейнеткерлер мен бір топ сала қызметкерлері аудандық орталық аурухана бас дәрігері мен салалық кәсіподақ ұйымының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапаттады. 
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған дәл осы салтанатты шара барысында мекеме қамқорлығына алынған бес отбасыға ұжым атынан әрқайсысына қаржылай қайырымдылық көмек көрсетіліп, құттықтау хаттар табыс етілді. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концертіне ұласып, ән-жырдан шашу шашылды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада Сырдарияның сол жағалауын игеру жөніндегі штаб құрылды 

 

Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру. Жоспарға сәйкес, сол жағалауда 90 мың тұрғыны бар облыс орталығының жаңа бөлігі салынады. 13 желтоқсан күні Қызылорда қаласының бас жоспарымен көзделген үш көпірдің біріншісі пайдалануға беріледі.
Сол жағалауды игеру бойынша арнайы штаб құрылды. Штабтың жұмысшы органы ретінде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бекітілді. «Байқоңыр» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының сол жағалаудың құрылыс жұмыстарымен айналысатын бірінші орынбасары болып Ержан Әбдіқалықов тағайындалды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Жүрегім толы мейірім» жәрмеңкесі өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша департаменттерінің ұйымдастыруымен «Жүрегім толы мейірім» тақырыбында қамқорлық - қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Қайырымдылық жәрмеңкесінде барлық аудандық, қалалық ХҚКО бөлімдерінің қызметкерлері дайындаған қолөнер және зергерлік бұйымдары, ұлттық тағамдар, тәтті тоқаштар, торттар, сүт өнімдері, көкөністер, бақша өнімдері, тосаптар мен шырындар және балық өнімдері болды. Қамқорлық –қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен 500 мың қаражат науқасқа шалдыққан Пя Мирон мен Мұратбек Адияттың (туа бітті мүгедек) ем алу үшін табысталды.
Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталығының «Халық» бастауыш партия ұйымы ата – анасынан айрылған 12 жасар Нұрбақыт Берікұлына қамқорлық жасайды. Осыған байланысты Н.Берікұлының атынан есепшот ашылып, оған 18 жасқа толғанға дейін қаражат аударылып отыр. Нұрбахытқа осы уақытқа дейін «Мектепке жол» акциясы бойынша киім-кешек, оқу құралдары мен ақшалай қаражат және спорт күніне орай велосипед табысталған. Бүгінгі жәрмеңкеге Нұрбахыт та шақырылып, ұжым атынан сый-сияпат көрсетілді. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған қамқорлық – қайырымдылық жәрмеңкесінде Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары арнайы флешмоб биін дайындады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада отбасылар сайысы өтті

 

«Отбасы – бақыт мекені»! Дәл осындай атаумен Қызылордада аймақтық жарыс өтті.    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа облыс орталығы мен аудандардан іріктеліп келген 7 команда қатысты. Олар эстафета бағдарламасына сай спорт падишасы саналатын жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен күш сынасты. 
Салауатты өмір салтын ұстауға үндейтін шараны ұйымдастырудағы мақсат – бұқаралық спортты дамытып, отбасы бірлігін нығайту. Жарыс жеңімпаздары арнайы кубок және дипломдармен марапатталды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты мерекелік концерт өткізілді
 
1 желтоқсан күні сағат 15.00-де облыстық филармония залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты мерекелік концерт өткізілді. Концерттік бағдарламада филармония әртістері Елбасының сөзіне жазылған әндер мен оның сүйіп тыңдайтын әндерін  орындады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында болды

 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында болды.
Біздің елімізде әрқашанда халқымыздың асыл арманы мен үкілі үмітін іске асыратын өскелең ұрпақтың жағдайына ерекше мән беріліп келеді. Осы орайда, сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-сі директорының орынбасары Рахима Ахметова «Барлық балаларды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын. Болашақта ел тізгінін қолға алып, асыл арманын іске асыратын азамат болып өсулеріңізге шын жүректен тілектеспіз. Біздер болашақ ұрпақ үшін жауаптымыз. Баршаңызға тілерім, болашақтарыңыз жарқын болсын, алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер», – деді.
Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Раиса Смаханова балаларға жылы лебізін білдіріп, оларды мерекемен құттықтады.
Мереке қарсаңында балалар келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Олар  балаларға сыйлықтар әкеліп, тағы да  қуаныш сыйлады. Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, балалар би биледі. "Атамекен” отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Лиза Ноғайбайқызы мен тәрбиеленушілер Аналар кеңесінің мүшелеріне ерекше алғысын білдірді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Мереке күні аралда жеті сәби дүниеге келді

 

Тұңғыш Президент күні – бәріміз үшін ерекше мереке. Бұл тарихи таңдау және Қазақстанның саяси жетістіктерінің күні.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек осы айтулы күні Арал ауданында жеті сәби дүние есігін ашқан.
Бұл күні нәрестелерін дүниеге әкелген Бағдат, Әлизат, Гүлбану, Жансая, Айзада, Раушан, Айгүлім есімді аналарды қуаныштарымен аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішева арнайы барып құттықтады. Аналар мен олардың сәбилеріне сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнінде Қызылорда облысы бойынша 62 сәби дүниеге келген. Олардың 33-і қыз 29-ы ер бала. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық кәсіпкерлер форумы өтті

 

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Бизнесті қорғау және қолдау – басым бағыт» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Форум бизнес-ортадағы жемқорлыққа қарсы модельді қалыптастыру, әкімшілік кедергілерді азайту, жемқорлықтың туындауына мүмкіндік беретін себептер мен шарттарды болдырмауға кәсіпкерлердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Құқық қорғау органдары, мемлекеттік кірістер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, облыстық кәсіпкерлік палаталарының басшылығының қатысуымен өткен шарада облыс кәсіпкерлері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Департамент басшысы А.Мұхимов болса, талқыланған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабалданатынын және мемлекеттік органдар тарапынан бизнес өкілдерінің мәселелерін заң талаптарына сәйкес, ақпараттық кеңес беру, әдіснамалық көмек көрсету бойынша жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.
Форум соңында Абзал Сансызбайұлы азаматтық қоғам құруға атсалысып жүрген кәсіпкерлерді арнайы алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар, Департамент басшысы іске қабілетті азаматтарды аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуда белсенділікті одан ары арттыруға шақырды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалылықтар Тұңғыш Президент күнін тойлады
 
Қазалылық жұртшылық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін тойлады. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов барша тұрғындарды мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Шара барысында Н.Шамұратов ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға «Қазалы ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Сондай-ақ, түрлі салада абыройлы қызмет етіп жүргендерді облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Мәңгілік ел тарихының бастау алған күні

 

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі салтанатты атап өтілді. Департамент басшысы Серік Мұстафаев кіріспе сөзінде Тәуелсіз Қазақстан мен Президент Назарбаев ұғымының егіздігін негізге алды. Мұнан соң Ардақ Қарлыханов «Бірінші желтоқсан – мәңгілік ел тарихының бастау алған күн» тақырыбында баяндама жасады. Бірнеше қызметкерлерге қызметтегі жетістіктері үшін марапаттар тапсырылды. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Тимурлан Садуақасов марапатталды. Департаменттің Құрмет грамотасымен бөлім басшылары Ақрай Жүнісова, Гүлзира Есенова, бас мамандар Шолпан Оспанова, Бақытжан Әріпбекұлы, Еркін Сматов, Оразкүл Мурзабаеваның еңбегі еленді. Департамент басшысының «Алғыс хатына» бас мамандар Индира Бұйраева, Жантөре Тайғараев, Батыржан Балабатыров, Бақтияр Анарбаев, Ардақ Құлтанов, Ақзереп Айтенова ие болды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда облыстық сотында салтанатты жиын өтті

 

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы, облыстық соттың алқа төрағалары мен сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық соттың соттар әкімшісі басшылығы қатысты. 
Облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков қатысушыларды ел тарихындағы мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.  Төраға өз сөзінде «Мемлекеттің ерекше мәртебесі оның Көшбасшысының жеке тұлғасымен, ел дамуының-бағдарымен айқындалады. Елбасының көрегенді, салиқалы саясатының арқасында еліміздің экономикасы қарқынды дамып, дүниежүзінде қызығушылық туғызуда. Евразиялық кеңістікте Нұрсұлтан Назарбаев өзінің интеграциялық ұстанымдарымен, жаңашылдығымен осы игі үрдістердің құрметті архитекторы атағына ие болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты ұстанымы, тынымсыз еңбегі, елінің өркендеуі жолындағы игі істері жоғары бағаға лайық. Тұңғыш Президентіміздің басшылығымен Қазақстан дүниежүзілік зор беделге, үлкен сенімге ие болды. Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, бейбітшілікті басты қағида етіп, этникааралық және конфессияаралық теңдесі жоқ үлгідегі толеранттылықты қалыптастырып, ең басты байлық қоғамдағы өзара түсіністік пен халықтың бірлігі екенін көрсете білді», -деді.
Мерекелік іс-шара барысында Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова мерекелік баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ел тарихына тоқталып, Елбасының жүріп өткен жолымен сарабдал саясатын тілге тиек етті. Шара соңында жиналысқа қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмді тамашалады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Жас Ұлан» ұйымы 5 жылдығын атап өтті

 

Қызылорда  қаласындағы №264 мектеп-лицейінде Ел тәуелсізідігінің 25 жылдығы мен «Жас Ұлан» ұйымының 5 жылдық мерекесіне орай Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық «Жас ұлан» ұйымының  ұйымдастыруымен «Ұланымыз Ұлы елдің» ІV облыстық слеті өтті. 
Слет  бағдарламасында 50 оқушы «Жас ұлан» қатарына қабылданып, жалпы шараға 300-ден аса оқушы қатысты. Аталған шара Облыстық ішкі саясат және Облыстық  білім басқармаларының қолдауымен өткізілген болатын. Жиын барысында Сыр ұландарының тәуелсіздіктің 25 жыдығына орай өткізген «Отаныма 25 игі іс» акциясы қорытындыланып, үздіктер «Ұланымыз Ұлы елдің» номинациясымен марапатталды.
Сонымен қатар, бес жылда ұйымнан шыққан белсенділер өз лебіздерін жеткізіп, слет шеңберінде  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін ұйымдастыру жөнінде мектеп тәлімгерлері мен көшбасшыларға  арналған семинар ұйымдастырылған. Көшбасшылар «Жаңа  жоба-Жаңа леп» тақырыбында  іске асыратын жаңа жобаларын  қорғап, секция жұмыстары қорытындыланды. Слет резолюциясы қабылданып, шара мерекелік бағдарламамен жалғасты.
Аталған шараға құрметті қонақтар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Болашақ» университетінің студенттерімен кездесу өтті

 

2016 жылғы 1 желтоқанда «Болашақ» университетінің ғылыми кеңес залында «Тіл – ел байлығы» тақырыбында  кездесу өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев, ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к Аман Абасилов, «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Надежда Шумейко, оқу орнының оқытушылары мен өзге этнос өкілдерінен құралған студенттер қатысты.
Кездесудің мақсаты –  тілдердің үштұғырлығын насихаттау, өскелең ұрпақты көп тілді меңгеруге, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу, үш тілдің маңыздылығын насихаттау мақсатындағы мәселелерді ортаға салу және өзара тәжірибе алмасу болып табылады.
А.Жұмабаев және А.Абасилов тілдер қарым-қатынасының теориясы, көптілділік мәселелері бойынша сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге,  студенттер тарапынан үштұғырлы тіл саясатына байланысты баяндамалар оқылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Шара соңында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бағытында «Филология және журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл ел байлығы» эссе жазу сайысының жеңімпаздары  марапатқа  ие болды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ел табысы Елбасы есімімен байланысты
 
30 қарашада Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болды.
Шара басталмас бұрын жиналғандар «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залымен танысты. Мұнда Мемлекет басшысы сүйіп оқитын авторлардың шығармалары мен өзінің еңбектері және Елбасы туралы жазылған кітаптар, шежірелі жылдардан сыр шертетін суреттер қойылған.
Жиында университет ғалымдары мен оқытушылары тәуелсіздікті нығайтудағы, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы Мемлекет басшы¬сының роліне тоқталды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: "Егемен елде - кемеңгер Елбасы" атты концерттік бағдарламасы өткізілді
 
2016 жылғы 30 қарашада Талап ауылдық округі, Бесарық бекеті клуб үйі МКҚК мен №247 орта мектептің ұйымдастырумен Тұңғыш Президент күніне орай "Егемен елде - кемеңгер Елбасы" атты концерттік бағдарламасы өткізілді. Шара барысында Елбасымыздың жеткен жетістіктері туралы баяндамалар оқылса, ауыл ақсақалдары еліміздің тыныштығы, жетіп жатқан жетістіктеріміз Елбасымыздың арқасында екенін тілге тиек етті. Осы шара барысында 1-желтоқсан күні дүние есігін ашқан ауыл тұрғындарына сыйлықтар үйлестірді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Облыста Тұңғыш Президент күні айырықша аталып  өтті

 

Облыста Тұңғыш Президент күні айырықша аталып  өтті. Мереке қарсаңында аймақтың барлық білім беру ұйымдарында тағылымды-танымдық сабақтар өткізілді. Жаңақорған ауданында қолөнер орталығы ашылды. Сондай-ақ Қазалыда жаңа аудандық аурухананың іргетасы қаланды. Қазақстан халқын жарқын істерге жұмылдырып, ішкі қоғамдық татулық пен келісімді нығайтып қана қоймай, жаһандық бейбіт бастамалардың авторы ретінде мойындалған – Ұлт көшбасшысының құрметіне белгіленген мереке өзіндік сән-салтанатымен аталып өтті. Сырбойылық жастардың «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбында өткен форумда кіші буын өкілдері ұлағатты ардагерлердің тебіреністерінен елі қалаған Елбасының епті істеріне тағы бір қанықты. Ұлт көшбасшысының өмірі мен қызметі туралы библиографиялық жазбалар мен құнды деректер Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұсынылған кітап көрмесінде көрініс тапты. Шарада Тәуелсіздіктің құрдастары Отан туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқалды. Барлық қатысушыларға Елбасының еңбектері жазылған «Тұңғыш Президент» атты буклеттер таратылды. Мерекелік шаралар тізбегі Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында жалғасты. Қызылордалықтар аймақтың кәсіби фотографтарының 100-ге жуық туындылары ұсынылған «Елін сүйген Елбасы» атты фотокөрмені тамашалады. Сырдың бас мәдени ошағының сахнасында облыстың үздік өнер ұжымдары концерт қойды. Ал орталық алаңда 500-дей студенттің қатысуымен флешмоб өткізілді. Азат елдің аспанына жүздеген үрленген шар ұшырылды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өтті

 

30 қараша күні, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті. Қызылорда облысының әкімі қызылордалықтарды мерекемен құттықтады.

- Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары Елбасы үшін де, ел үшін де оңай болды деп ешкім де айта алмайды.Қазақстанды шикізат өндіруші ретінде пайдаланып келген орталық билік күйреді. Айлар бойы жалақы, жылдар бойы зейнетақылар берілген жоқ. 1992-1993 жылдары рубль сабан ақшаға айналды. Барлық проблемаларымен жеке-дара қалған Қазақстанды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл қиындықтан алып шықты. Ішкі экономикалық жағдайды қалыпқа келтірудің бірден-бір жолы инвестиция тарту екендігін түсініп, алыс-жақын шетелдермен тығыз қарым-қатынас орната білді. Бұл тұрғыда Елбасының еңбегі ұшан-теңіз,- деді аймақ басшысы.

Салтанатты шарада «Елбасы және Сыр елі» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, соңы ҚР Еңбек сіңірген әртісі Талғат Мұсабаев және жергілікті өнер иелерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Әлем таныған кемел тұлға

 

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Арал аудандық мәдениет үйінде «Әлем таныған кемел тұлға» атты салтанатты кеш өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі М.Оразбаев жиналған қауымға мерекелік лебізін білдіріп, бірқатар сала басшылары мен қызметкерлерін арнайы алғыс хатпен марапаттады. Ұлық күнді ұрандатқан салтанатты кеш одан әрі ауданның өнер майталмандарының мерекелік концертіне ұласты.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалылықтар тұңғыш Президент күнін тойлады

 

Қазалылық жұртшылық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесін тойлады. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов барша тұрғындарды мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтап сөз сөйледі. 

Шара барысында Н.Шамұратов ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға «Қазалы ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Сондай-ақ, түрлі салада абыройлы қызмет етіп жүргендерді облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапаттады.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалы ауданында гидротехник Ержігіт Бозғұловтың құрметіне арналған шаралар өтті

 

30 қараша күні, Қызылорда облысының Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс саябағында» еңбек сіңірген инженер-гидротехник, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ержігіт Бозғұловтың ескерткіш бюсті ашылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ержігіт Сексенбайұлының елге сіңірген еңбегі туралы баяндады. 

Ержігіт Бозғұлов – Сыр елінде мелиорациялау жұмыстарының қарқынды орындалуына үлесін қосқан азаматтардың бірі. Көп жылдар облыстық партия комитетінің мүшесі, облыстық кеңестің депутаты, Қазақстан компартиясы ХІV съезінің делегаты бола жүріп, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің жеті мәрте алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. 1976 жылы Е.Бозғұлов «Қазақстанның еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі» атағына ие болды. Оның есімі Одақтық Су шаруашылығы және мелиорация министрлігінің «Құрмет кітабына» жазылды. 

- «Өткенін білмей, болашақ болмас» дейді дана халқымыз. Бүгінгідей ел үшін елеулі күні біз ұлт пен ел тәуелсіздігі жолында ғасырлар бойы күрескен ата-бабаларымыздың, боздақтарымыздың рухына бас иеміз! Ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының «Өлмейтін адам емес, өлмейтін оның атағы» деген ойлы сөзі бар,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бюсттің ашылу рәсімінде. 

Осы күні аудандағы 1200 орындық мектеп-лицейге Ержігіт Бозғұловтың есімі берілді. Мектептің үздік ұстазы мен озат оқушысына Бозғұловтар әулетінің атынан ақшалай сыйлық сертификаты табысталды. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген гидротехнигімен аттас оқушыларға Бозғұлов ғұмыры жайлы естелік кітаптар табысталды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қармақшыда тұңғыш Президент күні аталып өтті

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі Қармақшы ауданында кең ауқымда аталып өтті. Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиында аудан әкімі Сұлтан Мақашов барша қармақшылықтарды мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтап сөз сөйледі.. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы!

 

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Жаңақорған ауданындағы барлық елді мекендерде ауыл тұрғындарына "Балалық шағымның аспаны" атты фильм көрсетілді.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалыда аудандық аурухананың іргетасы қаланды

 

Қазалы ауданына іссапармен келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудандық аурухананың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.  Әйтеке би кентінде бой көтерген аурухана 150 орынға есептелген. Аурхана құрылысын бастауға биыл республикалық бюджеттен 200 млн теңге, облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінді. Ал жалпы жоба-сметалық құны 4 млрд. 285,3 млн. теңге. Бас мердігер «КАЗҚұрылысСервис» ЖШС. Аурухана келер 2017 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аймақ басшысы аурухананың жобасымен танысып, алғашқы іргетасын өз қолымен құйды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: 150-ге жуық Қызылордалық полицейлер марапатталды

 

2016 жылғы 30 қараша күні «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамына орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Шара салтанатты әнұран ырғағымен ашылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал- полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құттықтау хаты оқылды.  «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылды.

Шара барысында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып, жиналғандарды, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтеріп, дамудың жаңа жолын таңдады. Бұл күннің Елбасымыздың атымен аталуының өзі кездейсоқ жағдай емес. Себебі бұл күн – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды», - деп, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, қызметтеріне сәттілік, зор денсаулық, отбасыларына береке-бірлік тіледі.

Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін барлығы 150-ге жуық ішкі істер органдары қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде 20-сы министрдің бұйрығымен марапатталып, құрмет биігінен көрінді. Айта кетерлік жайт, марапатталғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімдері, Қалалық ішкі істер басқармасы мен ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері де бар.

Сонымен қатар, шара барысында арнайы шендік атағын мерзімінен бұрын алғандарға атақ табыстау рәсімі өтті. Мәселен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Есжанов Манарбек «полиция подполковнигі» атағына ие болды. Осындай мереке аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында«полиция подполковнигі» атағын алған Манарбек Есжанов қос қуаныштың қатар келгенін жақсы белгіге балап, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында адал қызмет етіп, Отан алдындағы антын берік ұстанатынын  жеткізді.

Бұдан әрі шара концерттік бағдарламаға ұласты. 


Тәуелсіздікке 25 жыл:  Аудандық VІ дәстүрлі жастар форумы өтті

Жаңақорған ауданында М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында «Өркениетті өлке» қоғамдық қорының үйлестіруімен «Ұлы Даланың жасампаз жастары» атты аудан жастарының дәстүрлі VI форумы өтті.

Форум аясында аудан әкімі Ғалым Әміреев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, ауданымыздың жыл бойы жастар арасында жасаған әлеуметтік-экономикалық саласында қызмет жасап жүрген жыл үздіктерін марапатады.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Үздік студент-2016» сыйақысы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледждің 3 курс студенттері: Н.Тоқсанбай мен М.Мырзахметоваға бұйырды.Соңы мерекелік концертке ұласып жастар форумына арнайы шақырумен бүкіл елімізді әсем даусымен таңдандырған, қазақ эстрадасында өз таңбасы бар Роза Әлқожа өнер көрсетті.


Тәуелсіздікке 25 жыл:  Қазалыдағы мектепке Ержігіт Бозғұловтың есімі берілді
 
Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейге Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Бозғұлов Ержігіт Сексенбайұлының есімі берілді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысқан шарада мектеп маңына орнатылған Е.Бозғұловтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды.  
Ардагердің жары Назира Сембіқызы жұртшылыққа шынайы алғысын айтты. Сондай-ақ лицейдің үздік мұғалімі Мұқағали Сансызбаев пен озат оқушы Элдар Куанышқа «Ержігіт Бозғұлов» атындағы стипендия, ал Ержігіт есімді бір топ шәкіртке «Ераға» кітабы сыйға табысталды.

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті
 
2016 жылғы 30 қарашада Қызылорда облысының Әділет департаментінің мәжіліс залында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен ашылады.  Шара барысында жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындағаны үшін департаменттің қызметкерлері Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен, Әділет министрінің Грамоталарымен марапатталып, Алғыс хаттар табысталды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: №9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Тәуелсіздік және Елбасы»  тақырыбындағы  мерекелік іс-шара туралы мәлімет

29.11.2016ж күні лицейде «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, жеткен жетістіктеріндегі атқарған қызметтері мен халқына арналған Жолдауларын насихаттап, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

 

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Елімді тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында концерт өтті 

2016 жылдың 29-қарашасында сағ.15.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жаңақорған ауданы ауданы Шалхия ауылында тұрғындарға арналған «Елімді тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында концерт өтті.

Тәуелсіздікке 25 жыл:  «Ұлттық саясат, ұлтаралық қарым қатынас және мәдениет» ғылыми жұмыстар байқауы өтті
2016 жылдың қараша айының 29 күні сағат 11.00-де Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық саясат, ұлтаралық қарым қатынас және мәдениет» тақырыбында ең үздік ғылыми жұмыстар байқауы өтті. Шара мақсаты жасөспірімдердің ойын шыңдау.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Біз Тәуелсіз елдің жастарымыз»  тақырыбында оқушылар арасында суретшілер байқауы өтті
2016 жылдың қараша айының 29 күні сағат 10.00-де Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы № 167 мектебінде «Біз Тәуелсіз елдің жастарымыз»  тақырыбында оқушылар арасында суретшілер байқауы өтті.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі тақырыбында кездесу өтті

2016 жылғы 29 қарашада Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында орналасқан «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен кездесу болып өтті.

 «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі тақырыбында өрбіген кездесуге «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері және аталмыш оқу ордасының экономика факультетінің студенттері  қатысты.  Жиында бірінші кезекте еліміздің «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде ұсынылған бағыттар бойынша нақты шаралар атқарылып келе жатқандығына назар аударылды. Осы орайда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ғылыми сарапшылық топ жетекшісі Н.Мыңжас «Қазақстан өз тарапынан ядросыз әлем құру туралы өзіне алған міндеттемесін жүзеге асырды. Тоқсаныншы жылдары Семей полигонын жабу үлкен тарихи іс. Ядролық қаруды одан әрі таратпас үшін төмен байытылған ядролық отынды Қазақстанның жерінде сақтау жөнінде бастама көтерілді. Бұл көптеген елдер тарапынан қолдау тауып отыр. Мұның мақсаты – ядролық отынды бейбіт өмір үшін қолдану»,- деді өз сөзінде. Кездесу барысында лаңкестік ұйымдар әлемге қауіп төндіріп отырғандығы, осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан елдерін ортақ мақсат үшін күресуге шақыруы – әлем қауіпсіздігі үшін өте қажет екендігі және Елбасының бұл бастамасын әлем қолдап отырғандығы тілге тиек етілді. Қазіргі таңда жаһан жұртшылығы лаңкестікпен «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» күресуі қажет. Ал бұл манифест осы істің бастамасы болмақ. Сондықтан, Қазақ елі тұрақтылық пен бейбітшіліктің үлгісі болуда деген пікірлер айтылды.

 Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалыда «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық акциясы жалғасуда

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында наурыз айында басталған қайырымдылық акиясы жалғасуда. Бұл жолғы қайырымдылық айлығы 25 қараша-25 желтоқсан аралығында ұйымдастырылмақ. Акция аясында мекеме-кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына жәрдемдесетін болады.  Сонымен қатар, аудандық Жастар үйінде орналасқан «Барлығы да рахмет үшін» әлеуметтік дүкенінен тұрмысы төмен, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандар өзіне қажетті киімдерді тегін ала алады.

Айта кетейік, Қазалы ауданы бойыша жыл басынан бері 1000-ға жуық тұрғынға 5 млн теңгенің көмегі көрсетілген.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Елбасы қоры стипендиясының иегері атанды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Экология және химиялық технологиялар кафедрасындағы «Э-14-1» оқу тобының студенті Айгерім Абдулла Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры стипендиясының иегері атанды. Кафедраның оқытушы-профессорлары білім алушыны табысты жетістігімен шын жүректен құттықтап, ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта да университет абыройын асқақтатып, биіктен көрінуіне тілектестік танытты. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордадағы қаңылтыр шығаратын жалғыз кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтпақ

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы ашылған кәсіпкерлік нысан 1 жыл ішінде 100 тонна өнім өндірді. Енді көрсеткішті 300 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Қызылордалықтар профнастил өнімдерін, қаңылтыр қоршаулар мен шатырларды негізінен өзге өңірлерден әкеледі. Сондықтан жергілікті нарықта оған сұраныс көп және бағасы да қымбаттау. Осы ретте цемент сатумен айналысып жүрген Александр Ким металлпрофил бағытында цех ашуға бел буады. Кәсіпкер бизнес-жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдауға иек артты.  6 жыл ішінде «БЖК-2020» бағдарлама аясында Қызылорда облысы бойынша 373 кәсіпкерлік субъектісі қолдау алып, соның ішінде 131 кәсіпкер «Даму» қорының кепілдендіру инструменттерін қолданды. Мемлекет қолдау арқасында Сыр бойының бас шаһары инвестиция тарту, құрылыс қарқыны және аймақ қазынасына түсетін салық төлемдері жөнінен оң көрсеткіштерге ие. Бір кездері тек ауыл шаруашылығына негізделген өңір бүгінде кәсіпкерліктің түр-түрін жандандырып отыр.


Тәуелсіздікке 25 жыл:Балалар сурет байқауы «Қазақстаным-Отаным»

Өтетін орны: көркем галереясы

Өтетін уақыты:29 қараша 2016 жыл сағ.10-00-де

Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай мерекелік шаралар аясында №264-ші мектеп-лицей оқушыларының арасында ««Қазақстаным-Отаным» сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша 1 орынды Әбдіразақ Жалғас, 2 орынды Дәурен Жолдахметов және 3-ші орынды Шәкір Иманғали иеленді.


​​Тәуелсіздікке 25 жыл:«Тәуелсіз Қазақстан және Тұңғыш Президент» атты кітап көрмесі өтті

 

28 қараша күні сағат 11.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан және Тұңғыш Президент» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Кітап көрмесі «Тарих. Тұлға. Елбасы», «Тәуелсіз елдің көшбасшысы», «Жаңа дәуірдегі  Қазақстан» және  «Астана – Елбасының төл перзенті»атты   4 бөлімнен дайындалған. Көрме Қазақстанның даму кезеңдері мен  Елбасының саяси портретінен басталып, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда жеткен жетістіктерін, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік қоғамдық және саяси қайраткер ретінде қалыптасуын көрсетуге бағытталған. «Жаңа дәуірдегі Қазақстан» атты бөлімде еліміздің ішкі және сыртқы саясаты бойынша тәуелсіздік жылдарында жарыққа шыққан әдебиеттер қойылса, «Астана – Елбасының төл перзенті» деп аталатын бөлім еліміздің бас қаласына арналады. Астана қаласының кешегісі мен бүгінгісі, бағындырған биіктері мен жетістіктерін паш ететін кітаптар мен фотоальбомдар көптеп орын алады. Көрмеге барлығы 820  құжаттар мен суреттер қойылады. Шараға зиялы қауым өкілдері, ұлттық мәдени орталық өкілдері, басқарма басшылары, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысады.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіз елдің бөбектері»

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекттік университеті студентттерінің ұйымдастырумен  «Қанат» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықта «Тәуелсіз елдің бөбектері» атты қайырымдылық концерт өтті.  Концерт «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізгі» тақырыбындағы 21 қараша мен 15 жетоқсан күндері аралығында өтетін Қазақстан Республиксы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бойынша өтілді 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Ғылым және бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа механизмдері

 
2016 жылғы 28 қараша күні облыстық мекемелер үйінде аграрлық ғылым саласының ғалымдары, агробизнес өкілдері және жергілікті атқарушы билік органдарының қызметкерлерінің қатысуымен «Ғылым және бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа механизмдері» тақырыбында арнайы кездесу өтті.
Кездесу мақсаты. Аграрлық ғылым және бизнес интеграциясы, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу арқылы агробизнестің дамуын қолдау.
Кездесуге Қызылорда  облысының ауыл шаруашылық  ұйымдары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері, фермерлер, өңдеу мекемелері және агробизнес өкілдері, қызығушылық танытқан жергілікті атқарушы орган мен аудан әкімдіктерінің, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ ғылыми зерттеу институттарының жетекші ғалымдары қатысты.
Талқыланатын сұрақтар:
- Инновациялық технологиялар мен процестерді өндіріске енгізуші бизнесті экономикалық ынталандыру туралы;
- Бизнес үшін ғылымның ұсыныстары мен қызметтері;
- Агробизнестің қатысуымен жасалған ғылымды қаржыландырудың жаңа қағидалары;
- Ғылыми өнімнің агробизнеске қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Шетелдік технологияларды трансфер жасауға қолдау көрсету;
- Ақпараттық-консультациялық іс-шаралары және білім таратудың жаңаша амалдары туралы.
Күтілетін нәтижелер:
- Агробизнестің ғылыми қызметке мұқтаждығын және сұранысын анықтау;
- Агробизнес өндірісі мүмкіндіктерін ғылыми амалдар арқылы тиімділігін арттыруда;
- Ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық қызметке қатысуға және бірге қаржыландыруға дайын әлеуеттік агроқұрылымдарды анықтау;
- Отандық және шетелдік жетістіктер туралы аймақ агроқұрылымдарын ақпараттандыру.
Кездесу форматы. Спикерлердің баяндамалары, еркін талқылау.
Анықтама ретінде. Қазіргі таңда Елбасы Н. А. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Тұжырымдамасы әзірленді, оның негізгі қағидалары АӨК өнімінің өндіруімен қатар оның нарықтық бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Бағдарлама ауыл шаруашылық кооперациясының ауқымды дамуына, халықтың табыс деңгейінің артуына, Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етуге, экспорттық әлеуетін арттыруға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің максималды түрде мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етуге арналған.
Сонымен бірге, АӨК саласын мемлекеттік реттеуді дамыту аясында аграрлық ғылым мен өндірістің байланыс деңгейін нығайтуға арналған іс-шаралар атқарылуы жоспарланған.
Инновациялар мен білім саласындағы күтілетін кейбір көрсеткіштер.
1. Инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің саны 10%-дан 25%-ға дейін арттыру.
2. АӨК-ні кадрлармен қамтамасыз етуді 30%-дан 50%-ға дейін өсу.
3. Отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу көрсеткішін 17%-дан 22%-ға көтеру.
4. Шетелдік озық технологияларды трансферт жасауға ықпал ету.
5. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің ғылыми-консультациялық қамтамасыз етілу деңгейін 3%-дан 15%-ға дейін арттыру.
6. Екі аграрлық ЖОО-ын халықаралық деңгейдегі зерттеу университеттеріне трансформациялау.

Тәуелсіздікке 25 жыл:«Ұланымыз Ұлы елдің» ІҮ облыстық слеті өтті

 

2016  жылғы  28 қарашада Қызылорда  қаласындағы  №264 мектеп-лицейінің акт  залында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Жас Ұлан» ұйымының 5 жылдық мерекесіне орай Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Ұланымыз Ұлы елдің» ІҮ облыстық слеті өткізілді. Слет  бағдарламасы  «Жас  ұлан» қатарына қабылдау  салтанатымен  басталды. Елу  оқушы  жас ұлан қатарына қабылданды. Жалпы шараға 300-ден аса  оқушы  қатысты.


Тәуелсіздікке 25 жыл: ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында 60 Қызылордалық отбасы қоныс тойын тойлады
26 қараша күні Қызылордада апаттық жағдайдағы үйлердің орнына салынған 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтады.
- Соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы, яғни 30 мыңнан аса тұрғын қоныс тойын тойлады. Соңғы екі жыл ішінде пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы баспаналы болды. Биыл бір мезетте 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2013-2016 жылдар аралығында Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді. Соңғы үш жылда апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындары 144 жаңа пәтерге қол жеткізді. Ал бүгін біз тағы 60 пәтердің кілттерін табыстағалы отырмыз,- деді аймақ басшысы.
60 пәтерлі бұл үйдің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталып, қараша айында аяқталды. Бас мердігер – «Асар-Құрылыс» ЖШС.

Тәуелсіздікке 25 жыл:Қызылордада облыстық балалар ауруханасының  ашылуы өтті

26 қараша күні Қызылордада 200 орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасының ашылуы өтті. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және академик, қазақстандық педиатрияның негізін салушы Камал Ормантаев қатысты. 

Қырымбек Көшербаев 2013 жылға дейін қызылордалықтар сапалы медициналық көмек алу үшін Алматы немесе Астана қалаларына баруға мәжбүр болып келгенін атап өтті. Облыс әкімі соңғы төрт жылда аймақта медицина саласындағы ахуал айтарлықтай жақсарғандығын және тұрғындар облыстық медициналық мекемелерге көптеп жүгіне бастағанын жеткізді.

- 2014 жылы қызылордалық дәрігерлер республикада төртінші болып бүйрек ауыстыру отасын жасады. Біздің медициналық қызметкерлер алыс-жақын 28 шет мемлекетпен байланыс орнатып, 6000-ға жуық маман халықаралық бағдарламалар бойынша қайта даярлау курстарынан өтті. Соңғы үш жылда денсаулық сақтау саласының қажеттіліктеріне бөлінген қаражат көлемі 9 млрд. теңгеге өсіп, 2016 жылы денсаулық сақтау саласының бюджеті 32 млрд. теңгені құрады. Медицина саласын қаржыландыру бойынша республикада алда келеміз,- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар академик Камал Ормантаев пен денсаулық сақтау саласының ардагері Ернияз Омаров қызылордалықтарды жаңа заман талаптарына сай салынған аурухананың ашылуымен құттықтады.

Балалар ауруханасының құрылысы 2014 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа ауруханада 11 бөлімше, 5 ота жасау блогы, 12 орындық жансақтау бөлімшесі, анестезия және консультативтік-диагностикалық бөлімше жұмыс істейді. Аурухана заманауи озық медициналық құралдармен жабдықталған.


Тәуелсіздікке 25 жыл:Қызылордада тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өтті
Бүгін, 26 қараша күні Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы басталды. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Монғолиядан келген ақындар екі күн бойы суырып салма шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынасты.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысушыларды және жиналған жұртшылықты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, ақындарға табыс тіледі.
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі кезімде Мәскеуде 12 арқалы ақынның қатысуымен айтыс өткіздік. Сонда ресейлік әдебиеттанушы-ғалымның бірі маған: «Тәуелсіздік – сіздерге берілген бақ. Өткен дәуірде Ресейде крепостниктік құқық орнап, құлдық сана қалыптасты. Қазақ даласында ондай жағдай болған емес. Өлім жазасына кесілген кісінің өзіне «Дат, тақсыр!» деп, соңғы сөзін айтуына мүмкіндік берілді. Кедей байға, қара төреге көкіректегі ойын жеткізе білді. Сол себепті де айтыс сынды сөз сайысының, сөз барымтасының Сіздерде ғана болуы заңды»,- деген болатын. Қызылордада айтыс алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ, бірақ халықаралық айтыс бұрын-соңды өткізілген емес. Ақындарға шалқар шабыт тілеймін. Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырлы болсын,- деді облыс әкімі.
Айтыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарын ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет төрағалық ететін беделді әділқазылар алқасы анықтады. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Алмас Алматов, Елена Әбдіхалықова және Аманжол Әлтаев болды. Айтысты жүргізуші – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі: кітап көрмесі өтті
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда  аграрлық техникалық колледж кітапханасында 25 қараша күні  «Ұлы дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» жоспары аясында  «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» атты кеңейтілген кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесінде Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының даму тарихы мен жетістіктеріне библиографиялық шолу жасалынды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада ақын Шаһизада Әбдікәрімовтың шығармашылық кеші өтті
25 қараша күні Қызылордада ақын, тележурналист, ҚР телерадиохабарлар таратушылар ұлттық қауымдастығының президенті және «Қоғам ТВ» телеарнасының құрылтайшысы Шаһизада Әбдікәрімовтың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
- Шаһизада Өтетілеуұлы шығармашылық жолын Кеңес жылдарында бастаған және әлі күнге дейін шығармашылықтан қол үзген жоқ. Ол кезеңдерде Шәкизада Өтетілеуұлы талантты журналист болды, ал қызмет бағыттарын бір арнаға тоғыстыру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Бұдан бөлек ол – аймақ экономкасының дамуына зор үлесін қосқан облыстық мәслихат депутаты,- деді аймақ басшысы.
Шығармашылық кеште Шаһизада Әбдікәрімовтың өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сондай-ақ, автордың «Сүлей дария» атты өлеңдер кітабының, «Тәржіма» қырғыз ақындарының аудармалар жинағының, «Алпыс құлан қайырған» жинағының және Бауыржан Омаровтың Шаһизада Әбдікәрімовке арнап жазған «Гладиатор» кітабының тұсауы кесілді.

Тәуелсіздікке 25 жыл:«Ән- бізді біріктіреді» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі   
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай    үстіміздегі жылғы 25 қарашада А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ән - бізді біріктіреді» атты мүмкіндігі шектеулі жастардың республикалық фестивалі өтті. Фестивалдің  басты мақсаты мүмкіндіктері шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін көрсету, дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану болып табылады. Фестивал  «Вокал», «Би», «Музыкалық аспапта ойнау» сияқты үш номинациядан тұрды. Шараға Атырау қаласынан келген «YUANG STARS» вокалды аспаптар ансамблі, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысынан мүмкіндігі шектеулі жас қатысты, барлығы 25 адам. 
Фестиваль қорытындысы бойынша:
Вокал номинациясы:
І орын - Смағұлова Диана Қызылорда қаласынан, ІІ орын -  Бірән Ақбаян Атырау қаласынан, Тастыбай Гүлнар - Қызылорда облысынан, ІІІ орын - Есқабыл Дәулет Атырау қаласынан, Өміртай Әкімжан Қызылорда облысынан. 
Би номинациясы:
І орын - Психикалық-жүйке аурулары интернатының «Балауса» би тобы Қызылорда қаласынан, ІІ орын - Ғалымжан Айзадада Оңтүстік Қазақстан облысынан.
Музыкалық инструментте ойнау номинациясы:
І орын - «YUANG STARS» ВИА-сы Атырау қаласынан, ІІ орын Бахтияров Эрнест Атырау қаласынан иеленді.

Тәуелсіздікке 25 жыл:Қызылордада бокстан жастар арасында халықаралық турнир өтті
 
«Евразия» спорт кешенінде «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС жүлдесі үшін 1999-2000 жылдары туылған жастар арасында бокстан халықаралық турнир өтті. Биылғы жылы екінші мәрте ұйымдастырылған турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілді. Оған еліміздің алты облысынан және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 15 команда 150-дей спортшы 11 салмақ дәрежесінде қатысты. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Тәуелсіздікке 25 жыл:Қызылордада көшбасшы жастардың дәстүрлі «Сыр үміті» сыйлығы табысталды
24 қараша күні Қызылордада көшбасшы жастардың дәстүрлі «Сыр үміті» сыйлығы табысталды.  Марапатты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тапсырды. Өзінің алғысөзінде Қырымбек Көшербаев облыста жастарға сапалы білім беру, тұрақты жұмысқа орналасу және өзін-өзі дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатқандығын айтты.
- 200-ге жуық қызылордалық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды, олардың 80 нен астамы Қызылорда облысында жұмыс істейді. 20 мыңнан аса қыз-жігіт «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» және «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламаларына қатысты. Республикада алғаш рет біздің облыста еңбек ресурстарының балансы құрылды. 391 студент Сыр еліне  қажетті мамандықтар бойынша Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында білім алуда, 4 мыңға жуық жас түлек «Серпін» бағдарламасымен оқып жатыр.  512 озат оқушы облыс әкімінің грантына ие болды. Биыл алғаш рет облыста шығыс жастарының көшбасшысы Ғани Мұратбаев атындағы сыйлықты табыстадық. Келешекте бұл дәстүр жалғасын табатын болады,- деді облыс әкімі. Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Облыстық Ассамблеяның актив отырысы өтті.

 

Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қолдау мақсатында актив отырысы өтті. Оған облыстық ассамблея мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ, қоғамдық келісім, аналар кеңестері мен жастар қанатының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді мүшелері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Актив отырысын облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі, т.ғ.к, доцент Н.Мыңжас жүргізді.

Декларация туралы облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова баяндама жасады. Ол баяндамасында «Өздеріңізге белгілі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясы қабылданды. Декларация, Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы мен ауқымды жетістіктерін, Ұлы Дала елінің «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясындағы жеңістерін бейнелейтін маңызы ерекше құжат болып табылады», - дей келе, «Біздің ендігі міндетіміз бен мақсатымыз – Тәуелсіздік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру, ел болашағын байыпты қалыптастыру, дүниедегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болу. Баршаңызды Ұлы Дала елін Мәңгілік елге айналдыруды мақсат еткен Ұлт Көшбасшысы идеясының аясына бірігіп, туған Отанымыз – Қазақстанның дамуы үшін аянбай еңбек етуге  шақырамын», - деді.Актив отырысында қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Әбішев: «Еліміздің табысты дамуының берік іргетасы Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік үлгісі екенін Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше атап өтеді. Тәуелсіздік жылдары біз еліміздің игілігі үшін бірге, бір отбасындай жұмыс істедік. Бірлік, бейбітшілік пен келісімді біздің қоғамның адамгершілік және этикалық нормалары ретінде қалыптастырдық. Біз Тәуелсіздіктің Ұлы жолын мәңгілік ету үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясында көрініс тапқан, астанада «Tәуелсіз Қазақстан» монументін орнату идеясын толық қолдаймыз» деп өз пікірін ортаға салды.Ал, «Славяне» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.Щербакова этнос өкілдері атынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығының декларациясы - бұл Қазақстанның бүгіні мен болашағын, басты әрі қастерлі де қасиетті  құндылығымыз - Тәуелсіздікті сақтау мен нығайтуға, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ардақтауға және арттыруға шақырған маңызды құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиында ғылыми-сарапшылық топ мүшесі С.Сахиев, облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Н.Мусаева, корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары В.Шин, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы жастар қанаты төрағасының орынбасары А.Шайхутдинова өз пікірлерімен бөлісті.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіздік және Елбасы» форумы өтті

Қызылорда қалалық ішкі  саясат бөлімі және «Медиа Жұлдыз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсізді және Елбасы» тақырыбында форум өтті.  Аталған шараға ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі – Берік Уәли, «Астана» халықаралық қаржы орталығының директоры – Саят Нұрбек, Халықаралық журналист - Қанат Әуесбай қатысты.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Көшпелі кітап көрмесі өтті

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Мемлекетіміздің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жырау Көшеней Рүстембекұлының 70 жылдық мерейтойына байланысты «Жыр жұлдызы Көшеней» атауымен өткен көшпелі кітап көрмесі қала тұрғындарына және өнер сүйер қауымға кеңінен насихатталды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалып, кітапхана қорындағы Көшеней Рүстембекұлының қысқа ғұмырында артына қалдырған мәдени мұралары мен бірге қазақ ақындары Базар жырау, Кете Жүсіп, Жиенбай жырау, Тұрмағамбет сияқты дүлдүлдердің шығармалары өнер сүйер қауымға кеңінен насихатталды. Шолу барысында жыраудың мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған шығармалары, «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы», «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы», «Қайталанбас дауыстар» атты Сыр саңлақтарының анталогиясы кітап сүйер қауымның сұранысына ие болды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»  тақырыбындағы диктант жазу сабағы

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бекітілген «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің  25 негізі» атты облыстық іс-шаралар жоспары негізінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, өскелең ұрпақтың Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында  диктант жазу сабағы өткізілді. Диктант жазу сабағына Қызылорда қаласындағы       №3, №5, №7, №8, №198 мектептердің орыс тілінде оқитын 9-сынып оқушылары қатысты.  Диктант жазу сабағы басталмас бұрын оқушыларға Тәуелсіздіктің      25 жылдығына орай әзірленген, ширек ғасырда жеткен айтулы жетістіктері қамтылған «Еңбегі ерен, еңсесі биік Сыр елі» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.   

 Диктант жазу сабағына қатысқан 50 оқушының басым бөлігі өзге этнос өкілдері болды.

 




Тәуелсіздікке 25 жыл: «Үзік әдіскер-2016» облыстық байқауы өткізілді

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен «Үздік әдіскер-2016» облыстық кәсіби байқауы өткізілді.

Мәдениет қызметкерлері арасында өткізілген байқауға өңірімізден онға жуық талапкерлер қатысты. Байқау шарттарына сәйкес, талапкерлер мәдениет үйінің тыныс-тіршілігі мен әдістемелік бағыттағы жұмыстары және жетістіктерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Байқау шарттарынан сүрінбей өткен Арал аудандық мәдениет үйінің әдіскері Зәуре Изекешова сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды. І орынды Шиелі ауданы Арман мәдениет үйінің әдіскері Кәмшат Сұлтанова иеленсе, ІІ орын Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылдық клубының әдіскері Сымбат Алматова, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Руслан Байғараевқа бұйырды. ІІІ орынды Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық клубының әдіскері Айгүл Тұрабаева, Жаңақорған ауданы, М. Нәлібаев ауылдық клубының әдіскері Мөлдір Шерниязоваға берілді.




Тәуелсіздікке 25 жыл: Колледж жастарына семинар–тренинг өтті

Қармақшы ауданында «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қармақшы Аграрлы техникалық колледжінде «Жастар және жастар ұйымдары» тақырыбында семинар – тренинг болып өтті.

Семинар тренинг барысында жастардың өздерін таныстырып, ойларын ашық білдіру мақсатында ойындар ұйымдастырылды. Аталмыш шараға Аграрлы техникалық колледжінің жастары мен жас мамандары өте жоғарғы деңгейдегі белсенділікпен қатысып тақырып төңірегінде өздеріне қажетті мәліметтер бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды. Шара соңында барлық қатысушы жастарға белсенділікпен қатысқаны үшін ұйымдастырушылар атынан сертификаттар табысталды.

 




Тәуелсіздікке 25 жыл:Оқушылар арасында шығармалар байқауы өтті.

2016 жылдың 24 қарашасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен №4 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде оқушылар арасында жалпыреспубликалық шығармалар байқауы болып өтті.

 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбындағы шығармашылық бәйгеге 7 мен 11 сынып аралығындағы 50 оқушы қатысты. Сыр бойының еркін ойлы ұландары еліміз еңсе тіктеген ширек ғасыр бедерін шығармаға арқау етті. Тағылымды шарада оқушылардың жұмысын арнайы қоғамдық комиссия сараптады. Байқаудың қазылар алқасының құрамында филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Аман Абасилов, «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің маманы Нұрбану Нұржауқызы, «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің маманы Жаныгүл Ерекешова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының магистранты Айдана Махамбетова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Бауыржан Усенбаев болды. Байқау нәтижесі шығарылған соң жеңімпаз оқушыларды марапаттау рәсімі Достық үйінің мәжіліс залында жалғасты.

Байқаудың қорытындысымен 7-9 сынып аралығында жоғары нәтиже көрсеткен №23 орта мектептің 8 сынып оқушысы Айдана Даукенова бірінші жүлделі орынды алды. Екінші орынды №5 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ақбота Зарип, үшінші орынды №23 орта мектептің 9 сынып оқушысы Дамир Байбулатов иеленді. Ал, 10-11 сынып аралығында өте жақсы нәтиже көрсеткен №4 орта мектептің 10 сынып оқушысы Жаннұр Мұсаева бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орын №233 орта мектептің 10 сынып оқушысы Диана Қайыпқа, үшінші орын №198 орта мектептің 10 сынып оқушысы Жансая Ануарбековаға берілді. Қатарластарынан оқ бойы озық шыққан төрт оқушы Елордада өтетін байқаудың ақтық кезеңіне жолдама алды. Айта кететіні, шығарма жазудан оқушылар арасындағы жалпыреспубликалық сайыстың өңірлік кезеңінде өзге этнос өкілдері белсенді қатысып, ынталандыру дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ, шәкірттерінің бойына білім нәрін сусындатып, олардың  үздік нәтижелі болуына атсалысқан мектеп мұғалімдеріне де алғыс айтылды.


Тәуелсіздікке 25 жыл:«Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы өтті

2016 жылдың 22 қарашасында, сағат 11.00-де облыстық ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында орналасқан «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында «Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы болып өтті. 
Онлайн-акцияға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, мектеп оқушылары мен университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары қатысты. 
Шара барысында кафедра меңгерушісі Нұрлыбек Мыңжас  мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы сөз қозғады. «Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Гимн, Туын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді. Күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары – барлығы Елтаңбаны бейнелейтін нақыштар», - дей келе Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелесе, қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан этностардың рухани байлығының белгісі екендігін тілге тиек етті. 
Ақцияға келген 50-ге жуық қатысушы көрме-залында орналасқан Тәуелсіздік белестерінен тарихи мағлұмат беретін экспонаттар және Елбасының өмір жолын бейнелейтін  суреттермен танысты. 
Айта кету керек, шарада өзге этнос өкілдерінің жетекшілері мен белсенділері  елімізді, жерімізді, рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы деген пікір білдірді. Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге міндетті екенін естен шығармауға тиіспіз деп жастарға үлгі болатындай өнегелі әңгіме айтты. 

«Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттар форумы өтті

Қазақстан Республиккасының 25 жылдығына орай үстіміздегі жылғы «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбында бекітілген ісшаралар жоспарына сәйкес, 21 қарашада «Мұз айдыны» кешенінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форум өтті.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов 10 номинация бойынша өз саласындағы ең үздіктерін марапаттады. Атап айтқанда, «Қоғамға қызмет» номинациясымен  - Ауған соғысының ардагері Жаров Әлібек Кәрімбекұлы марапатталды, «Бейбіт күннің батыры» номинациясымен – 5547 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонның бөлімше сарбазы Беркебаев Азамат Серікбайұлы, «Үміт пен сенім» номинациясы – облыстық медицина орталығының невропотолог дәрігері Жүсіпбекова Мараш Жеңісбекқызы, «Шығармашылық жеңіс» номинациясы – Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі Көшімбаев Арай Қалмұханбетұлы,  «Кәсібінің үздігі» номинациясы – жеке жас кәсіпкер Құрбанов Өркен Ерғалиұлы, «Саламатты спортшы» номинациясы – гандболдан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Колотинская Виктория Викторовна, «Ұлағат» номинациясы – Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылы, №108 орта мектебінің мұғалімі Байрахтарова Дильфура Бакшиевна, «Қажырлы қайрат» номинациясы Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы, жергілікті полиция қызметінің инспекторы Нұртаев Нұрлыбек Амангелдіұлы, «Жігерлі жас» номинация - «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының басшысы Талғат Тлес Оспанұлы, «Патриот» номинациясымен – Корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Шин Вилюрий Николаевич марапатталады.

Атап айту керек, форум аясында облыс жастары өңіріміздің халқына патриоттық форумының Үндеуін жариялап, ата-бабалардан қалған құндылықтарды сақтап құрметтеуге, білімді да еңбекқор, өз Отанының патриоты болуға шақырды.

Сонымен қатар, 21 қарашада Ісшара жоспарына сәйкес "Тәуелсіздікке тарту" әр түрлі санаттағы облыс жастарының керуені аудандарға жол тартты.


Тәуелсіздікке 25 жыл: VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы болып өтті
 
2016 жылдың 17 - 18 қарашасында Қызылорда облысында кезекті VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – өңір компанияларының шетелдік және отандық инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуына, бизнес пен ғылым салаларының және билік өкілдерінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, аймақ экономикасын диверсификациялауда және жетілдіруде күш біріктіруіне мүмкіндік туғызу болып табылады.
Инвестициялық форумға ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, сондай-ақ, бірқатар бизнес қауымдастықтар мен бірлестіктердің, банк саласы мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, ұлттық және шетелдік компаниялардың, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және Қытайдың халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Форумға Әзірбайжанның, Белорусь мемлекетінің, Бельгия Корольдіктерінің өкілдері және Өзбекстанның ресми делегациясы қатысты.
Осы ретте, Форум жұмысына «Қашаған» кен орнын игеру жобасының негізі операторы «NCOC» компаниясының делегациясы да қатысқандығын айта кеткен орынды.
Кезекті инвестфорум аясында «Инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері», «Инвесторлар үшін жаңа келешек» тақырыптарында пленарлық отырыстар мен «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясы», «B2B кездесу форматындағы халықаралық ынтымақтастық» бағыттары бойынша секциялар жұмыс жасады.
Пленарлық отырыс барысында қаржы институттары шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған жаңа ұзақ мерзімді инструменттерін таныстырды, сондай-ақ, экономиканың басымдыққа ие салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Жергілікті кәсіпкерлердің Форумға қатысушы 11 елдің өкілдерімен B2B кездесулері өткізілді.
Форум қорытындысымен 10-нан аса меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: 391 қызылордалық студент Ресейдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуда

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр Инвест» форумының пленарлық отырысында баяндады. 
- Жаңа дәуір келе жатыр. Көз алдымызда зор мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаһандық шындық пайда болуда. Дәл қазір әлем төртінші өнеркәсіптік революцияны бастан кешіруде.
Жаңа индустриялық революция технологияның бірігуімен, сандық, өндірістік, биологиялық салалар арасындағы шекараның өшірілуімен сипатталады. Ол құрылған технологиялық және өндірістік тізбектерді реформалайды. Роботтар және жасанды интеллекттер барлық салаға еніп жатыр. 
Осыған байланысты біз білім беру мен кадрлар даярлау жүйесін қайта құрып отырмыз. Қызылорда облысында аталмыш саланы қаржыландыру соңғы 4 жылда екі есеге артты. Бұдан бөлек, аймақтағы сұранысқа ие мамандар қатарын толықтыру үшін жыл сайын Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарына бітіруші түлектер білім алады. Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында облыстан 391 студент оқып жатыр,- деді облыс әкімі.  

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда облысында туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VIII «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді. 
-Қызылорда облысы «ЭСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысуда. «Байқоңыр» кешені көрменің туристік нысандар тізіміне енген. Мүмкіндікті пайдалана отырып, барлығыңызды халықаралық шара кезінде Сыр еліне  саяхаттауға шақырамын.  
Жалпы Қызылорда облысында туризмді дамытуға мол мүмкіндік бар. Көлік-логистикалық инфрақұрылым дамыған.   «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 812 шақырымы облыс аумағы арқылы өтеді. Теміржол желісі, мұнай және газ құбырлары тартылған.  Облыстағы үш әуежай   – оның екеуі Байқоңыр қаласында (Крайний және Юбилейный), біреуі Қызылорда қаласында (Қорқыт ата) кез-келген көлемдегі ұшақ түрін қабылдай алады,-деді Қ.Көшербаев. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Профессор Абылай Айдосовты еске алу шарасы өтті

16 қарашада Қызылордада қоғам қайраткері, профессор Абылай Айдосовтың 80 жылдығына арналған  шаралар өтті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Абылай Айдосов атындағы аудитория ашылды. Қала көшелерінің біріне ғалымның аты берілді. Сондай-ақ, университет қабырғасында Айдосовтың өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев конференцияда сөз сөйлеп, Абылай Айдосовтың аймақ дамуына қосқан үлесі туралы айтты. 
- Абылай Хангерейұлы «Жақаевшылар» қозғалысының мәртебесін көтере білген мықты идеолог болды. Оның қатарына тек қана гектарына 40 центнерден жоғары күріш өнімін алғандар қосылды. Абылай Айдосов Арал теңізінің экологиялық және әлеуметтік жағдайының зерттелуін әлемдік деңгейге көтерді. Оның ұсынысы бойынша 2004 жылы шілдеде «Арал өңірі экологиясын әлеуметтік зерттеу» орталығы құрылды,- деді облыс әкімі. 
Конференция барысында Айдосовтың әріптестері, достары және шәкірттері ғалымның еңбек жолы мен Отанына деген махаббаты, қарапайымдылығы турасындағы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты мен кубогы басталды
Оған еліміздің барлық өңірінен 400-ден аса спортшы 14 салмақ дәрежесінде қатысуда.
 Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімі Қырымбек  Көшербаев пен ҚР дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік  тіледі. Қазақстан дзюдо федерациясының атынан облыста дзюдоның  қарқынды дамуына қосқан үлесі үшін облыстық дзюдо федерациясына 1 дана татами жиынтығы табыс етілді. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер -60, -66 келі, әйелдер -48, -52, - 57 келі салмақта сынға түсуде.
 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, дипломдармен марапатталады. Ел чемпионаты мен кубогы 19 қарашада аяқталады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада қаржыгерлер күні аталып өтілді

15 қарашада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ қаржыгерлерін кәсіби мерекелерімен және Ұлттық валюта-теңге күнімен құттықтады. Қырымбек Көшербаев өз сөзінде соңғы зерттеулер бойынша, Қызылорда облысының аумағында орналасқан көне бес шаһарда - Жент, Жанкент, Сығанақ, Баршынкент және Өзгентте теңге сарайлары болғандығын атап өтті. 
 - Бұл – Сырдың бойында ежелден сауда-саттық пен қаржылық байланыстың болғандығын аңғартады. Ал сіздер, құрметті әріптестер, Ұлы Далада ғасырлар бойы қалыптасқан қаржыгерлер дәстүрлерінің ізбасарларысыздар. Біз биыл қаржы - экономика органдарының құрылғанына 95 жыл толғанын атап өтудеміз,  оның кейінгі 23 жылында Тәуелсіз мемлекет ретінде төл теңгемізбен жұмыс істеп келеміз. Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күре тамыры – қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз ешқандай сала толыққанды қызмет ете алмайды,- деді аймақ басшысы. 
 Мерекелік шара барысында аймақтағы қаржы саласының үздік мамандары Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада 170 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды
5 қарашада Қызылордада Жаппасбай батыр көшесіндегі 170 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Тұрғын үй құрылысын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «Бақ-береке 2030» ЖШС бірлесіп жүзеге асырады. 
«Бақ-береке 2030» ЖШС директоры Қайрат Ерназаров үйдің жобалық құрылысы туралы баяндады. Оның айтуынша, нысанда 100 екі бөлмелі, 70 үш бөлмелі пәтер болады. Құрылыстың жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Құрылыс 2017 жылы аяқталады. 
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиев үйдің іргетасына «уақыт капсуласын» қалап, қызылордалықтарды құрылыстың басталуымен құттықтады. 
- Соңғы жылдардағы айтулы жетістіктердің бірі – тұрғын үй құрылысы саласындағы жақсы нәтижелер. 2004 жылы аймақта 92 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазір бұл көрсеткіш 500 мың шаршы метрге ұлғайып, 5,5 есеге өсті. Тек өткен жылы құрылыс көлемі 3,5 есеге өсті, оның ішінде Қызылорда қаласында 8  есеге артты. Биыл 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы соңғы үш жылда  Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді,- деді облыс әкімі.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Грузиядан жүлделі оралды



Сыр елінің өнерпаз балғындары Грузия мемлекетінің Фазаси қаласында өткен халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде табысты өнер көрсетіп, жүлделі оралды.
Түрлі елдің мәдениетін насихаттап, шығармашылықты дамытуды мақсат еткен фестиваль қорытындысында бас жүлдені Қазанғап атындағы музыкалық колледждің студенті Ақбота Құснадин иеленді. Ал сырдариялық Мақаш Қасиет, қалалық №1 мектеп-гимназияның оқушысы Дінислам Бақытбек, №189 орта мектептің оқушысы Арслан Толыбеков пен №7 мектеп оқушысы Бақдәулет Исабеков І орынмен марапатталды. №2 Мұрагер мектебінің оқушысы Ділназ Төлеген мен Зульфия Айтбай 14-15 жас аралығында өнер көрсетіп, әділқазылар шешімімен екінші орынға жайғасты. 
Айта кету керек, балғындарды фестивальға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қаракөз Ақдәулетова дайындаған және олар өнер додаларында үнемі биіктен көрініп келеді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада ЮНЕСКО мәдени мұраларының мәселелері талқыланды

2016 жылдың 14 қарашасында Қызылордада ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық кездесу өтті. 
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Әсел Өтегенова мен дүниежүзілік мәдени мұра орталығының өкілі, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра орталығының Азия-Тынық мұхиты секциясының бағдарламалық маманы Лин Роланд, сондай-ақ Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстандағы ЮНЕСКО-ның  ресми өкілдері,  облыс әкімдігінің ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысты. 
Қырымбек Көшербаев өз сөзінде Қазақстан бойынша ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енген Жібек жолының Сырдария аумағындағы он алты объектінің сегізі біздің аймаққа тиесілі екендігін атап өтті. Олар – Сығанақ, Жанқала (Жент), Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш молла, Жетіасар оазисі ескерткіші және  Баланды қонысы.
- Біздің облыста құрылған тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес тарихи мұраларды қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерінің ғылыми маңыздылығын арттыру бойынша жобаларды үйлестіреді және жүзеге асырады. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне жоғарыда аталған Қызылорда облысы аумағындағы ескерткіштерді енгізу үшін 2014 жылдан бастап облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде,- деді аймақ басшысы. 
Сараптамалық кездесуге қатысушылар әлем мәдениеті үшін Сырдария-Ферғана дәлізінің маңыздылығын талқылап, бүкіләлемдік мұралар орталығына номинациялық құжаттарды жеткізу күнін белгіледі. 
Анықтама үшін: 2016 жылы тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану жөніндегі кеңестің ұсынысымен  ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар туралы алдын ала  тізіміне қола дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі ауқымды  аралықтағы хронологиялық уақытты қамтитын, әр кезеңде салынған жартас суреттері бар күрделі кешен Сауысқандық петроглифтерін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне түркі әлемінің композиторы, философ Қорқыт ата шығармашылығын енгізу жұмыстары жүргізілуде. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қармақшыда 1300 адамға жер телімі берілетін болды
Өткен жылы Жосалы кентіндегі жаңадан бой көтеретін шағын ауданға 170 гектар жер бөлінген болатын.  
Ал биыл инженерлік инфрақұрылымдарды салуға ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 720,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 80 млн. теңге, барлығы 800,0 млн.теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін бұл қаржыға 22 көшеге 33 шақырым жол төселіп, 25 шақырым телефон желісі мен 48 шақырым электр желісі тартылмақ және подстанция салынады. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жер учаскелерге деген сұранысы 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады. Бұл жерде Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі, 1 мектеп, 2 балабақша, және спорт алаңдары бой көтереді. Айта кетейік, Жосалы кентінде 2006 жылдан бері ешқандай жер телімі берілмеген екен.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жастар акциясы Сыр елінде жалғасын тапты
Қызылорда қаласында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік ел» республикалық жастар акциясы өтті.
Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының көшбасшысы, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Максим Споткай, аймақтық ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымының жетекшілері мен студенттер қатысты. 
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтау сөз сөйледі. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын ұғындырған акцияда елге сүбелі үлес қосқан жастардың еңбегі де тілге тиек етілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының көшбасшысы, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Максим Споткай халықтың тату-тәтті тіршілігі егемендіктің арқасы екенін атап өтті. Тәуелсіздігімізді баянды етуде Елбасының қажырлы еңбегі ерекше деп айта келе, Қазақстандағы барлық халықтың бір мақсат, бір мүддеге ұйысатындығын сөзіне арқау етті. 
Акция аясында Елбасына облыс жастары атынан дайындалған үндеу оқылды. «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы келесі кезекте Атырау облысында өтетіндіктен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» – «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабын Сыр елінің мақтанышы, II-ші жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, қазақ жастары арасындағы тұңғыш әлем чемпионы, дзюдошы Бауыржан Жауынтаев Атырау облысының өкіліне салтанатты түрде табыс етті. Еліміздің барлық аймақтарында өтетін акция 28 қарашада Астанада қорытындыланып, мәресіне жетпек.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада VII азаматтық форум өтті

11 қарашада Қызылордада «Тәуелсіздік және азаматтық қоғам: әлеуметтік жаңғыру» тақырыбында VII Азаматтық форум өтті. Форумды аша отырып, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта үкіметтік емес ұйымдар денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт саласын дамытуға, әлеуметтік қолдауға бағытталған көптеген жобаны жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. 
- Елбасы атап өткендей, біз ЭДЫҰ (ОЭСР) стандарттарына сай келетін әлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына кіруді мақсат етіп жатырмыз. Бұл нені білдіреді? Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл елдерде болашақта жұмыс орындарының 47 пайызы автоматтандырылған болуы керек. Бұл тұрғындардың 50 пайызының өз-өзін жұмыспен қамтуына алып келеді. Бұл – жаңа 21 ғасырдың талабы! Бізге білім-ғылым, заманға икемді әрі адамгершілік қасиеттері жоғары азаматтар керек. Сондықтан, мысалға, мектеп қабырғасынан-ақ балаларды ақпаратпен жұмыс істеуге үйретіп, оларды өмір талаптарына сәйкес қалыптастыра отырып, болашақ патриот, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуіміз керек,- деді облыс әкімі. 
Сондай-ақ аймақ басшысы форумның құрметті қонақтары – Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының бұрынғы төрайымдары Дариға Ақмағамбетова мен Әлима Әбдіхалықоваға алғыс хат табыстады, иықтарына ақ орамал жапты. 
Жиын барысында VII Республикалық Азаматтық форум делегаттары сайланды. 
Анықтама үшін: Халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған  топтарын қолдау мақсатында қызмет етіп келе жатқан «Сыр мейірімі» жобасына бірнеше жыл қатарынан қомақты қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. Елбасы бастамасымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы әлеуметтік жоба ретінде жыл сайын өткізіліп, осы күнде көпшілікке мәлім, халықтың ықыласына бөленген ауқымды әлеуметтік жобаға айналды. Жыл сайын облыста әртүрлі сала өкілдерінің қатысуымен еңбек династияларының форумы өтеді. Сасқанға сая бола білген «Қамқорлық» дағдарыс орталығы, «Ұмай» қайырымдылық үйі, «Шапағат»  жобаларын ерекше атап өтуге болады. Екінші жыл қатарынан облыста «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаны ұйымдастыруға салалық принцип негізінде 60 үкіметтік емес ұйым тартылып, жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық, қалалық және аудандық бюджет арқылы 45 млн. теңге қаржы бөлінсе, өткен 6 жылда қаржы көлемі 18 есе өсіп, биыл 811 млн.  теңгеге жетті.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібі бойынша көш бастап тұр

Қызылорда облысында соңғы 15 жылда жалпы аймақтық  өнімнің көлемі  264 пайызға ұлғайды. Бұл туралы  облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.
 - Өңіріміз ауылшаруашылықты аймақтан индустриалды-аграрлы  аймаққа айналды. «Оңтүстік Құмкөл», «Ақшабұлақ», «Арыс», «Блинов» «Қоныс» және тағы да басқа 30-ға тарта жаңа мұнай кен орындарын игеру жұмыстары басталды. Тәуелсіздік жылдары ішінде аймақтағы мұнай өндіруші компаниялар 200 млн. Тоннаға жуық  мұнай өндірді. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6 есеге дейін өсті, ал аймақтағы жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3 есеге ұлғайды. Нәтижесінде облыста өнеркәсіп өндірісінің  жалпы аймақтық өнім көлеміндегі үлесі  1991 жылғы 11% көрсеткіштен  бүгінгі күнге дейін 35%-ға өсті,- деді Ринат Сұлтангереев. 
Уран өнеркәсібі де қарқынды дамуда. «Хорасан-1», «Хорасан-2» және «Оңтүстік Қарамұрын» кен орындарын игеру басталды. «Қарамұрын» кен орнында алтынды өнеркәсіптік өндіру, ал әлемдегі ірі кен орындарының бірі «Баласауысқандықта» ванадий өндіру жұмыстары басталды.   
Бүгінде Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны бойынша республикада көш бастап тұр. Әртараптандыру шараларының арқасында аймақ экономикасының жаңа құрылымы қалыптасып келеді. Сыр елінде соңғы 20 жылда шикізаттық емес сектордағы өндірістің көлемі 5 есеге өсті. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада соңғы 6 жылда 20 кәсіпорын ашылды

Еліміздегі үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы Сыр елі экономикасының қарқынды дамуына серпін берді. Осы бағдарлама аясында соңғы 6 жылда облыста жаңадан 20 өнеркәсіп орны ашылды.
Бұл туралы облыстың индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді. 
- Әлемдегі ең ірі қорғасын-мырыш кен орындарының бірі «Шалқияның» жұмысы жанданып келеді. 2017 жылы аймақта Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты іске қосылады. Металлургиялық өнеркәсіп дамуда, зауыт келешекте облыс экономикасының тірегіне айналмақ. Дәстүрлі күріш өсіруші аймақ бүгінде төмен аллюминдік ферросилиция өндіру бойынша жаңа технологияларды патенттеуде, - деді Сұлтангереев. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сазгер мерейтойы аталып өтті

Жазушы, ақын, сазгер Әбдісаттар Оспанов 75 жасқа толды. Осыған орай, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде ақынға арналған шығармашылық ән кеші өтті, деп хабарлады «Ақмешіт жастары» газеті. Кеш Ә.Оспанов жайлы бейне материалдан бастау алды. Шараға ҚР Мәдениет саласының үздігі, Президент оркестрінің домбырашысы – Б.Дүйсенғазиев, ҚР мәдениет және еңбек сіңірген қайраткері, Президент оркестрінің аға әншісі Э.Жаңабергенова және мәдениет саласының қызметкерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов мерейтой иесіне ыстық лебізін білдіріп, облыстың «Құрмет грамотасын» және облыс әкімінің ықылас гүлін табыстаса, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, «Қазақстан жазушылар одағы» Қызылорда облыстық филиалының директоры Қ.Құрмашқызы ақынның шығармашылығымен бөлісті.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Үш жылда Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді

Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімімнің орынбасары Асылбек Шәменов мәлімдеді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде аймақта жалпы аумағы 4 млн. шаршы метрден асатын  тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Егер 2004 жылы облыста 92 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылса, бүгінде бұл көрсеткіш 500 мың шаршы метрге дейін жетті, яғни 5,5 есе жоғары және аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы көрсеткішінен  2 есеге көп. 
- Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға да жағдай жасалуда. Республикалық бюджеттен бөлінген 8,5 млрд. теңгеге Қызылорда қаласында «Бәйтерек» мөлтек ауданының 980 гектарлық аумағына инженерлік инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуде. Онда 6600 адамға бөлініп берілген жер телімдерінде  болашақта 36 000-нан астам тұрғын қоныс тебеді. Айтпақшы, бұл соңғы үш жылда тұрғын үй бағдарламасы аясында облыс орталығында салынып жатқан 11 мөлтек ауданның бірі,- деді Шәменов.
Айта кетейік, биыл тек Қызылорда қаласында ғана бір мезгілде 80 көпқабатты үйдің құрылысы қарқынды  жүріп жатыр. Осылайша, соңғы 2 жыл ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған қала  тұрғындарының 28 пайызы пәтерлерінің кілтін алатын болды.  

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалы ауданында көпір салынады

Бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында Қазалы ауданының әкімі Нәжмәдин Шамұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуы жөнінде есептік баспасөз мәслихатын өткізді.
Өңірде Елбасы тапсырмасына сай орындалып жатқан жобалар туралы аудан басшысы кеңінен мағлұмат беріп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін басты ірі жобалар мен жоспарларын таныстырды.
Аудан әкімінің баяндамасынан белгілі болғандай ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде 15,8 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 3,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 3,0 пайызға жолаушылар тасымалы 9,6 пайызға артқан. 
Қазіргі таңда өзекті тақырып ретінде аудандағы елді мекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы басталған жалпы құны 6 млрд теңгені құрайтын Әйтеке би кентін газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.  Бүгінде 1347 тұрғын үй газ желісін, 45 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған су құбырын пайдаланады. Ауыз су аудан көлемінде тәулік бойы берілуде. 
«Көптен бері өңірде шешімін күтіп келген маңызды сұрақтың бірі көпір мәселесі жуық арада оң шешімін тапты.  Тұрғындар өзеннен өту үшін осы кезге дейін жеңіл жүктерге арналған пантон көпірлерді пайдалануға мәжбүр болып келген болатын.  Келесі жылы жаңа көпірдің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 600,0 млн теңге бөлінді», - дейді Нәжмәдин Шамұратов. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ширек ғасырда сырбойылықтардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға ұзарды

Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
-Облыстық бюджеттің көп бөлігі халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне, оның ішінде денсаулық  сақтау саласына жұмсалады. Қызылордада жаңа заман талабына сай облыстық медициналық және диагностикалық орталықтар, перинаталды орталық, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығы және өзге де әлеуметтік нысандар бой көтерді. Барлық аудан орталықтарында заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа емханалар, ондаған ауылдық дәрігерлік амбулаториялар салынды. 25 жылда аймақта 400 мыңнан аса сәби-Тәуелсіздіктің төл құрдастары дүниеге келді. Ал тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға дейін ұзарды (64-тен 72 жасқа дейін),- деді Ақмарал Әлназарова. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Тәуелсіздік жылдарында сыр өңірінде 300-ден аса әлеуметтік нысандар салынды

Қазіргі қолданыстағы денсаулық сақтау және білім беру нысандарының 70 пайызы Тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.
Соңғы 25 жылда аймақта «Назарбаев зияткерлік мектебі», «қазақ-түрік лицейі», дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, тәжірибесі білім беру жүйесінің барлығына таралатын инновациялық мектептердің дербес желісі құрылды.
Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қарқынды дамудың жарқын үлгісі болды. Аймақтағы балабақшалардың 65 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейді. 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтылып, «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды. 
2014 жылы үш ауысымдағы білім беру жүйесі жойылып, апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толықтай  шешілді. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Тәуелсіздік жылдарында тұрмысы төмен қызылордалықтардың саны он есеге дейін азайды

Бұл туралы Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова мәлімдеді.
Шынында да, егемендік алғанға дейін ешкімге белгісіз болып, дамудан шеткері қалған Қазақстан Тәуелсіздік жылдары күрделі кезеңдерді артқа тастап, 25 жылда дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан мемлекетке айналды. Қазір қол жеткен  жетістіктерімізді екшесек, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын кезеңдер тарихи оқиға болып қалды.
- Сол кезде өндіріс орындары тоқтап, жаппай жұмыссыздық белең алды. Жұмысқа жарамды ересектер екі қолға бір күрек таппай теңселіп, балалар мен жастар өз бетінше қалды. Жалақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер алдындағы қордаланған қарыздар қалыпты жағдайға айналды. Инфляция екі жарым мың пайызға жетті. Электр желісі, жылу мен су жүйесінің тоқтап қалуы үйреншікті құбылыс болды. Дүкен сөрелері бос тұрды. Сол тұста көптеген отбасылардың күнкөріс деңгейлері төмендеп кетті,- деді Құлымбетова. 
Басқарма мәліметіне сүйенсек, 1997 жылы Қызылорда облысында 174 мың аз қамтылған отбасы тіркелген. Бүгінде бұл көрсеткіш 10 мыңнан сәл асады. Яғни, 25 жылда 10 есеге дейін азайды. Жұмыссыздардың саны 15,2%-дан 5%-ға дейін төмендесе, жұмыссыз жастардың үлесі 25,1%-дан 4,6%-ға  дейін азайды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Мың бала» жобасы аясындағы облыстық байқау өтті
«Достық үйінің» мәжіліс залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық байқауы болып өтті. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға "Тәуелсіздік - тірегім!" тақырыбында өлең жазудан аралас мектептерден үздік шыққан 11, эссе жазудан 17 және "Асыл сөз мектебі" - шешендік өнеріне 16 оқушы қатысты.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы биылғы жылы екінші мәрте өткізілуде. Өткен жылы аталмыш жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының тікелей бастамасымен Ассамблеяның 20 жылдығында республиканың барлық аймақтарында жүзеге асырылған болатын. Облыстық байқауда жеңімпаз атанған жүлдегер Астана қаласында, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен жобаны қорытындылау отырысында тиісті марапаттарын алып, аймақ абыройын асқақтатты. Аталған жобаның мақсаты – өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Облыстық байқаудың алғы сөзін облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Рахима Қаржаубайқызы алды. Ол қатысушыларға байқаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, сәттілік тіледі.
Байқау нәтижесімен әр номинация бойынша жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Асыл сөз-шешендік өнері» бойынша бірінші орынды Қызылорда қаласынан Алексей Черкезюк, екінші орынды Диана Құрбанбаева, үшінші орынды Қазалы ауданынан келген Алишер Розметов иеленді. «Тәуелсіздік – тірегім!» тақырыбында мәнерлеп өлең оқудан бірінші орынды Қызылорда қаласынан Лера Флорова, екінші орынды Арина Хегай, үшінші орынды Жаңақорған ауданынан келген Дона Шакирова қанжығасына байлады. «Тәуелсіздік – тірегім!» тақырыбында эссе жазудан бірінші орынға Арал ауданынан Ринат Чумаш, екінші орынға Қызылорда қаласынан Евгения Ким, үшінші орынға Қармақшы ауданынан келген Ирина Яшкова лайық деп танылды. Облыстық байқаудың жеңімпаздары республикаға жолдама алды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Академик Аганбегян Қызылорда облысының дамуын жоғары бағалады

4 қарашада, Қызылордада академик, экономика ғылымдарының докторы Абел Аганбегян бастаған Қазақстан-Ресей ғалымдар тобының қатысуымен Қызылорда  облысының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыруға арналған жиын өтті.
Жиынды ашқан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев академик Аганбегянның тікелей қатысуымен әзірленген облыстың даму Стратегиясы аймақ экономикасы үшін күрделі кезеңде іске асырылып жатқанын атап өтті. Оған себеп, елімізде қысқарған мұнай өндірісінің 60 пайызы Қызылорда облысына тиесілі. Соған қарамастан жүйелі әрі табанды түрде жүргізілген  жұмыстардың  арқасында жақсы нәтижелерге қол жетіп отыр.
- Қазір Қызылорда облысы ауыл шаруашылығын инвестициялау және өңдеу өнеркәсібінің қарқыны бойынша көш басында.  Тұрғын үй құрылысы жедел қарқынмен дамуда.  Тек биылдың өзінде Қызылордада 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Халықтың 95 пайызы орталықтандырылған көгілдір отынмен  қамтылған. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында шыны зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа да ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар салынуда,-деді Көшербаев. 
Негізгі  басқармалардың басшылары өздері жетекшілік ететін салалар  бойынша Стратегияның жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттарында  жоғары өсім  байқалып отырғанын жеткізді. 
Академик Аганбегян өз кезегінде қызылордалықтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, облыста соңғы 4 жылда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. 
- Біз облыстың 2013 жылға дейінгі даму Стратегиясын әзірлеуге қатыстық. Міне, соңғы 3-4 жылда Қызылорда облысы дамудың барлық түйткілді  бағыттары бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Қызылорда адам танымастай болып өзгерді: көппәтерлі жаңа тұрғын үйлер,шағын аудандар, аквапарк, «Назарбаев зияткерлік мектебі», перинаталдық орталық және тағы да басқа көптеген ғимараттар пайда болды.  Сонымен бірге, сіздер ауыз су мәселесін түбегейлі шештіңіздер. Жалпы алғанда облыс оң көрсеткіштерге қол жеткізді және бұл өзгерістер елдегі рецессиялар, экономикалық күрделі кезеңдерде мүмкін болып отыр.  Әрине, аталған реформаларды табысты жүзеге асыруда облыс басшылығының принциптік ұстанымы мен белсенділігі маңызды роль атқарды. Сіздер өз жетістіктеріңізбен батыл мақтана аласыздар. Айта кету керек, алда әлі де қыруар шаруа күтіп тұр,  бірақ болашаққа деген сенімнің іргетасы қазірден қаланды, -деп атап өтті А. Аганбегян.
Анықтама үшін: Абел Гезевұлы Аганбегян – кеңестік және ресейлік ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы, КСРО Ғылым Академиясының академигі. Новосібір Мемлекеттік университеті экономика факультетінің негізін қалаушылардың бірі. РФ Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы Академиясының ректоры (1989-2002), АӨҚО Академиясы академиялық кеңесінің мүшесі. Қайта құру жылдары   КОКП  ОК Бас хатшысы М.С Горбачевтың экономика мәселелері жөніндегі кеңесшісі болған.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда облысының әкімі Қармақшы ауданындағы озат шаруашылықта болды

4қазан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев егін жинау науқанын аяқтаған Қармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылында болды. Аймақ басшысы диқандарды орақ науқанының нәтижелі  аяқталуымен құттықтады.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын Қармақшылық шаруалар  мол табыспен қарсы алуда. Егер аймақтағы күріш жинау көлемі орта есеппен гектарына 54,9 центнерден келсе, қармақшылықтар гектарына 58,3 центнерден өнім алды. «Ақтөбе және К» ЖШС және «Дөйт» шаруа қожалықтары гектарынан 75 центнерден өнім жинап, рекордты жаңартты.
Шаруаларды осындай жоғары нәтижелерімен құттықтай отырып, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев соңғы екі жылда Ақтөбе ауылының диқандары озық технологиялар мен жаңа жоғары сапалы күріш сұрыптарын қолданып жатқандығын атап өтті. 
- Биылдан бастап «Ақтөбе и К» шаруа қожалығы ирандық «Таром-Хошими» күріш түрін өсіре бастады. Келесі жылы оларды 150 гектар жерге егу жоспарлануда. Бұл экспорттық әлеуетті және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ келер жылы Ақтөбе ауылында жылына қуаттылығы 1500 тонна өнім шығаратын құс фабрикасы құрылысын салу жоспарлануда,- деді Қырымбек Көшербаев. 
«Ақтөбе және К»  шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Іздібаев озат шаруаларды алғыс хатпен және құрмет грамоталарымен марапаттады. Ал күрішші-мелиоратор Басқынбай Қайырқұловқа жеңіл автокөліктің кілті табысталды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ұлы ұстаз есімі ұлықталды
Қызылордалық  нұротандықтар  Ыбырай Алтынсаринның  175 жылдығына орай Ұлы  ұстаздың есімін иеленген №10 мектеп-лицейі ұжымымен кездесті.
Ы. Алтынсаринның  туылғанына 175 жыл, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мектеп-лицейінің 55 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды шараның негізгі мақсаты: Ұлы ұстаздың есімін ұлықтау,  аталмыш білім ордасының тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін  насихаттау.
Іс-шараны   нұротандықтар алдымен Ыбырай Алтынсаринның ескерткішіне гүл шоғын қоюдан бастады.  Мектептің 10 сынып оқушысы Бекзат Сыздық балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсаринның 175 жылдығына арнау оқыды.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбарасы Ибадулла Құттықожаев мектеп ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, мектеп ұжымы мен партияның болашақ ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесінің зор екенін айтты. Сондай-ақ ол  партияның Сайлауалды тұғырнамасында көзделген білім саласын әлемдік стандарттарға жеткізу бағытында бірігіп жұмыс жасайтындықтарын  жеткізді.
Шара барысында нұротандықтар Ы.Алтынсаринның мұралары жайлы дайындалған көрмені тамашалады.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Фатима Қарқынбаева партия өкілдеріне 55 жылдық тарихы бар  ұжымының тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін баяндады.Ол өз сөзінде   мектеп-лицейі  білім беру сапасы бойынша  алдынғы орында. Өткен жылы мектепті 47 оқушы бітіріп, 2 оқушы «Алтын белгі»  иегері атанды.  Биылғы оқу жылында 6 оқушыдан үміт күтіп отырғандығын атап өті.
Шара соңында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев  іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап, білім ордасының үздік ұстаздарын  алғыс хаттарымен марапаттады.  

Тәуелсіздікке 25 жыл: Облыстық жыршы-термешілер байқауы өтті
Арал аудандық Мәдениет орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік елдің – мәңгілік мұрасы» атты облыстық жыршы-термешілердің байқауы өтті.
Байқау екі тақырып аясында ұйымдастырылып, сайыс жас ерекшелігіне қарай қорытындыланды. Осылайша, үлкен топ бойынша бас жүлдеге қызылордалық Мейірімжан Махамбетжанов қол жеткізсе, 1-орынды қармақшылық Нұрпатшайым Әбілбекова, 2-орынды Арал ауданынан қатысқан Бексұлтан Орынбасаров және Жаңақорған түлегі Аружан Әбілтай алды. 3-орынға Қызылордалық Айдос Тұрар ие болды.
Кіші топ бойынша, бас жүлде Арал ауданының жыршысы Әли Кеңесұлына бұйырды. Ал, Шиелі ауданының өнерпазы Дилназ Ташмұхаммед 1-орыннан көрінсе, 2-орынды қармақшылық Алтынбек Айқын, 3-орынды Аралдың түлегі Шадияр Октябрьұлы және Сырдан келген Бағила Құдайбергенова иемденді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазақтың қаракөзі
Қоңыр даусымен, жүрекке жылы үнімен көрермен ықыласына бөленген өнер иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова биыл – 60 жаста. Осыған орай Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында тәлімгер-ұстаздың шығармашылығына арналған классикалық ән өнері фестивалі өтті.
Өңірімізде тұңғыш рет өткізілген фестивальге келушілердің қатары қалың болды. Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов мерейтой иесіне деген жылы лебізін білдіріп, еселі еңбегі үшін облыстың "Құрмет грамотасын» табыстады.
Өнер жолындағы тұңғыш шәкіртінің шығармашылық кешіне КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Қазақтың бұлбұлы” атанған Бибігүл Төлегенова, белгілі композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев те арнайы келіп, құттықтауы мен ізгі тілектерін арнады.
Өнер саңлағының кешінде өзімен қатар ұстазы, түрлі байқаулардың лауреаты атанған шәкірттері А.Зацепиннің "Көктем вальсін”, Қазақстан композиторлары әндерінің шеруін нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар, композитор Кеңес Дүйсекеевтің "Есіңде ме?”, "Күз” атты  сиясы кеппеген шығармалары алғаш рет тыңдарманға жол тартты. Осылайша әдемі әнге бөлеген фестиваль көрерменін бей-жай қалдырмай, кеш соңында жұртшылық көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Еңбек майталмандарына құрмет көрсетілді

Биыл қармақшылық диқандар ел сенімі үдесінен шығып, аудан бойынша 81765 тонна Сыр салысын жинап, егілген күріштің әр гектарынан 58,3 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті.
«Жыраулар үйі» алаңында аудан өнерпаздарының аймақ ауылшаруашылығы саласы майталмандарына арнаған қойылымымен басталған мерекелік салтанатты шара аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың жыл бойғы еселі еңбектерімен биыл рекордтық көрсеткішке қол жеткізген аудан диқандарын құттықтады. Осылайша биылғы жылғы егін жинау науқанында үздіктер көшін бастаған егіншілер мен ауыл шаруашылығы саласының майталмандарын облыс, аудан әкімінің, және облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының алғыс хатымен марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Сондай ақ, «Ақтөбе и К» ЖШС-нің төрағасы Нұрлан Іздібаев құттықтау сөз сөйлеп, шаруашылықтың озат күріш сушысы Қайырқұлов Басқынбайға жеңіл автокөліктің кілтін табыс етті.
Алтын астықты қамбаға молынан құйған Қармақшы ауданы жаз бойғы еңбектерінің нәтижесін қармақшылықтарға да паш етті. Жәрмеңкеде 55 көліктен жалпы құны 17 млн. теңгені құрайтын 493 тонна ауылшаруашылық өнімдері сатылды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралар өтті
 
29-30 қазан күндері Қызылорда облысының Қазалы ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті.
Мерекенің алғашқы күні ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, онда аймақтың, жалпы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктері талқыланды. Сондай-ақ Ғани Мұратбаев атындағы облыстық жастар сыйлығын табыстау рәсімі ұйымдастырылып, белгілі айтыскер ақындардың қатысуымен айтыс өткізілді.
30 қазан күні қасиетті Бегім Ана мен Асандар көтерілісі құрбандарының ескерткіші, Жалаңтөс Баһадүр кесенесі, Тәуелсіздік монументі бой көтерген «Тәуелсіздік» аллеясының ашылу салтанаты өтті.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев тарихи ескерткіштердің ашылу салтанатына қатысып, жұртшылықты келе жатқан мерекелерімен құттықтады. 
- Бізге ата-бабаларымыздың арманын көру бұйырды, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Қызылорда облысы Тәуелсіз Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік жылдардағы ел дамуын бір ғана Қызылорда облысының жетістіктеріне қарап баға беруге болады» деп аймақ жетістіктерін ерекше атап өтті. Мысалы, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы аймақтық жалпы өнім 264 пайызды құрады. Тәуелсіздік жылдарында аймақта 108 білім беру және 109 денсаулық сақтау нысандары бой көтерді. Біздің облыс шикізаттық емес сектордың дамуы жөнінен көш бастап тұр: үш жыл ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3 есеге өсті!- деді Көшербаев өз сөзінде.
Тәуелсіздік монументінің ашылуы кезінде фейерверктер жағылып, мыңдаған шарлар әуеге жіберілді. 
Дәл осы күні ауданда ат бәйгесі мен құсбегілер байқауы, сондай-ақ жыраулар фестивалі ұйымдастырылды. Кешке орталық алаңда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалыда облыстық жастар сыйлығы табысталды

 

Қазалы ауданында Шығыс жастарының жалынды жетекшісі «Ғани Мұратбаев» атындағы облыстық жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған байқауға 70 үміткер қатысып, солардың ішінде 21 жүйрік лайықты деп танылды. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында облыс әкімінің сол кездердегі комсомол комитеттерінің хатшылары байқау жеңімпаздарына омырауға тағатын белгi, ақшалай және естелік сыйлықтар табыстады. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов облысымызда жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын тілге тиек етіп, сол кездердегі комсомол комитеттерінің хатшыларын Ғани Мұратбаевтың 114 жылдығына арналған мерекелік төсбелгімен марапаттады. Шара соңында эстрада жұлдыздары Г.Оразымбетова, «Азия» тобы ән-жырдан шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кету керек, «Ғани Мұратбаев» атындағы облыстық жастар сыйлығы жеңімпаздарының ішінде «Сыр медиа» ЖШС қаламгерлері Назерке Саниязова, Есет Табынбаев, Ақтөре Ибрагимұлы және Тұрар Бекмырзаев бар.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Елеу Көшербаев атындағы мұражай ашылды

 

Арал ауданына қарасты Шижаға елді мекенінде мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев атындағы мұражай ашылды. Салтанатты шараға қайраткердің ұлы – Айтбай Елеуұлы, Арал ауданы әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішева мен Е.Көшербаевтың көзін көрген бір топ ақсақал қатысты. Мұражайдың ашылу рәсімінде Арал ауданының құрметті азаматы Шәкірат Дәрмағанбетов Елеу атамыз туралы жылы лебізін білдіріп, оның ұлттық құндылықтарды, елге танымал бабалар есімін ардақтаудағы игі істері туралы айтып берді.
Айта кетейік, мұражайда қайраткердің өмірі мен еңбек жолына арналған 13 экспозиция бар. Онда Е.Көшербаевтың өмірімен, еңбектерімен және марапаттарымен толығырақ танысуға болады. Сонымен қатар, мұнда қоғам қайраткерінің өмірінен сыр шертетін фотосуреттер де қойылған. Ал мұражайдың кіреберісіне Елеу Көшербаевтың бюст үлгісіндегі ескерткіші орнатылды.
Еске сала кетейік, Елеу Көшербаев – төрткүл әлемге танымал Қорқыт ата кешенін тұрғызуға ұйытқы болған тұлға. Қайраткердің Қармақшы, Қазалы аудандарының өмірінен сыр шертетін «Өндіріс ұйытқысы» және «Серпін» атты кітаптары бар. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Қайсар» премьер-лигаға жолдама ұтып алды

 

30 қазан күні Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда 2016 жылдың Бірінші Лига маусымындағы  клубтардың соңғы матчы «Қайсар» және «Алтай» командалары арасында өтті. Жерлестеріне қолдау көрсетуге ауыр атлеттер Илья Ильин, Александр Зайчиков, футбол ардагерлері және «Дала қасқырлары» фанклубының мыңдаған жанкүйерлері келді.
«Қайсар» бұл маусымда алғаш рет Семейдің «Алтай» командасын 1:0 есебімен жеңді. 12-минутта соғылған жалғыз голдың авторы – жартылай қорғаушы Матич Марушко. Нәтижесінде «Қайсар» 67 ұпай жинап, Қазақстан футболының премьер-лигасына жолдама ұтып алды. 
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының» президенті Бағлан Ергешов «Қайсар» ойыншыларын Қазақстан футболының элитасына оралуымен құттықтады. 
- Былтырғы маусымның сәтсіз қорытындысынан кейін «Қайсар» премьер-лигада ойнау құқығынан айырылып, алдына үлкен жауапкершілік міндетін қойды. Өйткені 2016 жылғы бірінші лига командаларының деңгейі өте жоғары болды. Біздің қарсыластарымыздың ойынын көре отырып, оған көзіміз анық жетті. Біздің бірнеше қарсылас командамыз жоғары футбол дивизионының қатарына кіруге ұмтылғаны жасырын емес. Кейбір командалардың құрамында халықаралық аренаға шығып жүрген жоғары деңгейлі ойыншылар болды. Сындарлы кезеңде «Қайсар» сыр білдірмеді. Жанкүйерлерінің қолдауын сезінген команда премьер-лигада ойын көрсетуге әбден лайық екендігін дәлелдеді,- деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ойыншыларға жаңа жеңістер тіледі. 
«Қайсардың» жеңісіне бас бапкері Сұлтан Әбілдаевтың қосқан үлесі зор. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев атап өткендей, маусымның басында команданы кім алға шығарады деген мәселе туындаған сәтте таңдау белгілі қазақстандық футболшы және бапкер, көп жылдар бойы «Қайсарда» қызмет еткен Сұлтан Әбілдаевқа түсті. Ол осы клубтың капитаны және жетекшісі болды. Әбілдаев өзіне артылған сенімді ақтап, команданы жоғары кәсіби деңгейге шығарды. 
Маусым қорытындысы бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» командасына жалпы сомасы 20 млн. теңге болатын сертификат табыстады. Бұдан бөлек, аймақ басшысы клуб ойыншыларын ҚР біріншілігінің медальдарымен марапаттады. 
«Қайсардың» капитаны Руслан Сақалбаев өз кезегінде қолдау көрсеткені үшін аймақ басшысына алғысын білдіріп, футболшылардың қолтаңбалары қойылған допты сыйға тартты. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  «Үздік студент-2016» облыстық байқауы  

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үстіміздегі жылғы 29 қазанда облыстық ішкі саясат басқармасымен «Жігер» қоғамдық бірлестігі А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі студенттерінің қатысуымен дәстүрлі «Үздік студент-2016» облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқаудың басты мақсаты колледждерде оқитын мүмкіндіктері шектеулі студенттердің шығармашылық әлеуетін көрсету, дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану болып табылады. Конкурс «Таныстыру»,  «Менің мамандығым», «Шығармашылық конкурсы», «Студент портфолиосы» сияқты 4 турдан тұрды.
Сайыс қатысушылары облыстағы 10 колледждің білім алушыларынан құрады. Шара нәтижесінде І орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті Қасым Серікбол, ІІ орынды Қызылорда индустриалды-техникалық  колледжінің студенті Жұмағалиева Гүлжан,  ІІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Сәруар Жансая иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Туған қалаңа ағаш сыйла» экологиялық акциясы
 
Облыстық ішкі сяасат басқармасы және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік алау» аллеясында «Туған қалаңа ағаш сыйла»  экологиялық акциясы өткізілді.
Акцияға техникалық кәсіптік білім беретін оқу орындарының  студенттері, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары және қаламыздың белсенді жастары, туған қаламыздың көркейіп көгалдануына өзіндік үлестерін қосты.  Жалпы акция барысында 100 ге жуық белсенді жастарымыз, 200 ден астам көшет ағаштарын отырғызды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Қызылордада Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған шаралар өтті

 

Қызылордада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Болашақ университетінде Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісханалар ашылды. 
Сонымен қатар, Студенттер сарайында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов, Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева және әдебиеттанушы мамандар, ғалымдар мен   зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» атты ғылыми конференция өтті. 
Жиынды ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөз өнеріне поэзия арқылы келіп, кейін көркем прозада әлемдік мәдениет қазынасына орасан зор  үлес қосқан, қаламгерлік қуаты мол, шеберлігі жоғары талантты тұлға, көп қырлы суреткер - Әбіш Кекілбаев шығармашылығының қазақ әдебиеті әлеміндегі орны туралы айтып өтті. 
- Оның қаламынан туған шығармалар дүние жүзінің бірнеше тіліне аударылды. Өз халқының талайлы тағдырын, жүріп өткен жолын, мұңы мен сырын, жаны мен арын, тұтас табиғатын төрткүл дүниеге танытты. Көрнекті жазушы Кекілбаевтың мұрасы ұлттық интеллектуалдық қазынаға айналды.  Бір ғана мысал, 1982 жылы әдебиеттің ғасырлық кезеңін саралап отыратын Еуропа ұйымы шығарған «Соңғы жүз жылдықтың атақты жүз қаламгері» деген портрет-плакатта Толстой, Достоевский, Чехов, Маркес, Хемингуэй, Паустовский, Федин, Әуезов, Айтматов, Ғамзатов сынды әлемдік тұлғалар қатарынан Әбіш Кекілбаев та орын алды,- деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев. 
Сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков жазушының саясат пен әдебиеттегі орнын әңгімеге арқау етіп, дәуірге лайық жазушы деген баға берді. Мұнымен қоса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов «Әдебиеттанушының мәдениеттанушылық көзқарастары», филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаров «Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық лабораториясы», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы «Әбіш Кекілбайұлының поэзиясы» тақырыбында баяндамалар жасады. Өзге де зиялы қауым өкілдері жазушының өмірі мен шығармашылығын сөз етіп, естеліктерімен бөлісті. 
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер ақын Мэлс Қосымбаев «Қарасөзден Қағанат тұрғызғандай» тақырыбында толғау айтып, ақындар өлең арнады. 
Аймақ басшысы Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабайқызына қазақы дәстүрмен құрмет көрсетіп, жазушының ақ күріштен жасалған портретін сыйға тартты. Конференция соңында облыс әкімі жиынды қорытындылап, жиналғандарға ризашылығын  білдірді. 
Шара Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрындағы Әбіш Кекілбаевтың «Найман ана» новелласы мен Шыңғыс Айтматовтың «Күйші» повесінің желісі негізінде жазылған «Адам болып өтейін» спектакльдік қойылымымен жалғасты. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Жазушы атындағы дәрісхана ашылды

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды. 
Оған облыс әкімінің орынбасар Руслан Рүстемов, Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын зерттеушілер, қоғам қайраткерлері, университеттің профессор-оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Салтанатты шарада Әбіш Кекілбаевтың зайыбы Клара Жұмабаева, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов сөз сөйледі. 
Тектілігімен, өмірге, тарихқа көзқарасының тереңдігімен, азаматтық парасатымен халықтың жүрегінде сақталған заңғар тұлғаның қоғамдағы орны мен ел үшін сіңірген ерен еңбегі туралы айтып берді. Сонымен қатар дәрісхананың жазушы есімін иеленуі жастарға өнеге екенін атап өтті. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жазушының шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді

 

Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» ойын-сауық орталығының кино залында заманымыздың заңғар жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Самғау» деректі фильмі көрсетілді.
Сценарий авторы, кинорежиссер Жаңабек Жетіруов бұл идеяның 2009 жылы – жазушының жетпіс жылдығында келгенін айтады. 
Көрсетілім Қазақстанның халық жазушысын еске алу шаралары аясында ұйымдастырылды. Көрермен қатарында болған облыстық мәслихат хатшысы Наурыз Байқадамов:
– Әбіш Кекілбаев – абыздардың жалғасы. Осындай тұлғаны көрсету – сіздің жүректілігіңіз. «Нартәуекел» деп кіріскен еңбегіңіздің нәтижесі, - дей келе, режиссерға алғыс білдірді. 
Жаңабек Жетіруов алдағы уақытта жазушының Еңсеп деген құдықшы туралы «Шыңырау» повесінің желісімен де кино түсірмек. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  «Жас сарбаз-2016» әскери-патриоттық жиынның аясында әскери-қолданбалы спорт сайысы

 

Үстіміздегі жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесіне орай, облыстық ішкі саясат басқармасы, «Ауған соғысының ардагері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігімен №2019 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында «Жас сарбаз-2016» әскери-патриоттық жиынның аясында әскери қолданбалы спорт сайысын ұйымдастырды. 
Шараға облыстағы 11 колледждің студенттері қатысып, 7 әскери-қолданбалы спорт түрінен (белтемірге тартылу, АК74-ті автоматты жартылай шашу/жинау, кеудеде жатып қолды бүгіп жазу, 100 метрге жүгіру, плащ (жамылғы) түріндегі жалпы әскери қорғаныс кешенді кию, арқан тарту) сайысқа түсті. 
Жарыс қорытындысы бойынша командалық І орынды Қызылорда политехникалық колледжі иеленсе, ІІ орын – Абылай хан атындағы колледж, ІІІ орынды – М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледж жеңіп алды. 
Жеңімпаздар дипломдар, төс белгі және кубокпен марапатталды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Академик У. Бишімбаев 70 жаста

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, мемлекет және қоғам қайраткері У.Қ.Бишімбаевтың 70 жылдығына орай «Қызылорда облысының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы: жаңа ұстанымдар және тенденциялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі өтті. 
Оған Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Уалихан Бишімбаев қатысты. 
Пленарлық мәжілісті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов  ашып, ғылыми шараның маңыздылығына тоқталды. 
Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев Қызылорда облысының Құрметті азаматы. Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім, ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қызылорда облысының білім беру саласының дамуына зор еңбек сіңірген қайраткер. Ғылыми конференция барысында еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндамалар жасады. Конференция ұсынымдары қабылданып, пленарлық мәжіліс салалық бағыттар бойынша секциялар жұмысына жалғасты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Тәуелсіз елге тәй басқан қадам

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына  орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елге тәй басқан қадам» атты мектепке дейінгі мекемелер арасында балалар бесік арбасы байқауы өтті.
Балалардың бесік арбасы шеруімен басталған шарада тәрбиешілер 25 жылдық мерейтойға әзірлеген түрлі бұйымдарымен таныстырды. Сонымен қатар, тәуелсіздікке тәй басқан бүлдіршіндер мен олардың тәрбиешілері сахналық қойылыммен өздерін таныстырып өтті. 
Байқаудың екінші кезеңі бойынша тәрбиешілер бесік жырын айтудан сынға түсті. Осылайша, шарада салт-дәстүріміз жаңғырып, бесік жырының бала тәрбиесіндегі орны тағы бір айшықталды. 
Нәтижесінде, «Бегім ана» балабақшасы бал тілді бүлдіршіні мен тәлімді тәрбиешісі барлық кезең бойынша үздік шығып І орынды иеленді. ІІ орынды «Сыр бөбегі», «Ер Тарғын» балабақшалары еншілесе, ІІІ орын «Бөбек», «Қуаныш», «Сыр еркесі» балабақшасыларына бұйырды. 
Жеңімпаздарға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың арнайы дипломдары мен ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталады.      

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Қызылордада электрондық коммерцияны дамыту жөнінде алғашқы халықаралық интернет-форум өтті

 

Қызылордада e-commerce саласындағы отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен G-Global коммуникативтік алаңында электрондық коммерцияны дамытуға арналған тұңғыш халықаралық интернет - форум өтті. Шараны «Атамекен» ҰКП және Қызылорда облысының әкімдігі ұйымдастырды. 
Форум жұмысына  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, электрондық коммерцияны дамытудың аймақ экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті.  
- Электрондық сауданың тиімділігі көп жағдайда мемлекеттің саясатына тікелей байланысты. Өйткені электрондық коммерция оффлайн бизнестің тек қосымшасы ғана.  Егер мемлекет тауар өндірушілерге жағдай жасап отырса, ал интернет-дүкендерге  мысалы, тауарды кедендік рәсімдеу және салық төлеу кезінде белгілі бір преференциялар жасалуы қажет, - деді әкім. 
Қырымбек Көшербаев барлық қатысушыларды өзара тәжірибе  алмасуға шақырды және қызылордалық кәсіпкерлер аймақта e-commerce, яғни  электрондық коммерцияны дамытуға қатысты барлық ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін айтты. 
Форумның мақсаты – e-commerce элементтері арасындағы өзара нақты байланыстарды дамытуға ықпал ету, сондай-ақ, логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік технологияларды ілгерілету және онлайн-сауда компанияларының табыстылығын арттыру. Сонымен қатар форум спикерлері мен  қатысушылар интернетте бизнес жүргізу  тәжірибелерімен бөлісіп, онлайн сауда  жүргізудегі электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау, онлайн-сауда жүргізудегі электрондық ақшаның рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту  және өзге де маңызды мәселелерді талқыға салды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Кәсіпкерлікке – мектеп жасынан

 

Қызылорда облысында балалар кәсіпкерлік негіздерін мектепте оқып жатыр. Кәсіпкерлер палатасының  облыстық кәсіпкерлер палатасының, облыстық білім басқармасы мен «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының бірлескен жұмысының нәтижелерінің бірі – 2016-2017 оқу жылында облыстың 40 мектебіндегі 5-10 сыныптар бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» факультативті пәнінің енгізілуі болды.
Бұған Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында пилотты жоба аясында атқарылған жұмыстар түрткі болды. Аталған оқу орнына 2014 жылдан бері жаңа оқу пәні енгізілген-ді. Өзге мектептердегі мұғалімдерді әдістемелік даярлау мақсатында 2015 жылдан бастап палата түрлі оқыту семинарларын, біліктілікті дамыту курстарын, бизнес-идеялар жәрмеңкелерін, аукциондар өткізіп келеді.
Облыс мұғалімдеріне арналған кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әдістемелік кабинет ұйымдастырған семинар «Кәсіпкерлік негіздері» факультативті пәнін оқытудағы әдістемелердің ерекшеліктері» тақырыбында өтті.
Семинарда түйткітілді мәселелер талқыланып, шеберлік сағаттары мен іскерлік ойындар өткізілді. Өңірлік кәсіпкерлік палата мен «Даму» қорының мамандары семинарға қатысушыларға пайдалы ақпараттар берді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Балалар арасындағы сурет байқауы

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің  балалары арасында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы сурет салу конкурсы мәресіне жетті.  
Конкурстың негізгі мақсаты көркем шығармашылық арқылы балаларды отан сүйгіштікке және талғампаздыққа тәрбиелеу, өз отанын мақтан тұту сезімдерін қалыптастыру болып табылады. 
Байқау нәтижесімен I –топ бойынша 7 жасқа дейінгі котегория бойынша 1 орын А.Айдабергенова, ІІ-орын А.Тимурқызы, ІІІ – орын А.Арипова иеленді. 
ІІ – топ 7-11 жас аралығында балалар арасында 1 - орын Б.Ерлан, ІІ-орын Ж.Жаңабай, ІІІ-орын О.Жанболатұлына бұйырды. ІІІ- котегория бойынша яғни 11 -15 жас аралығындағы оқушылар І–орын Н.Галиева, ІІ-орын Д.Мырзабекова, ІІІ-орын  Н.Бақытжановтар үздік суреттердің жеңімпаздары атанды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ғылыми-танымдық конференция өтті
 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жазушы-драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Сұлтанәлі Балғабаев – драматург-жазушы, публицист» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференция жұмысына университеттің оқытушы-профессорлары мен студент-жастары және облыстың зиялы қауым өкілдері қатысып, Қызылорда облысының әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтың алғысөзімен ашылды.
Ғылыми-танымдық конференция барысында «Сұлтанәлі Балғабаев және туған жер» тақырыбында Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын Қаршыға Есімсейітова, «С.Балғабаев прозасындағы көркемдік» тақырыбы бойынша Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбдірасуллаұлы Әбілов, «С.Балғабаев - драматург» тақырыбы негізінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айман Ералықызы Айтбаева, «С.Балғабаев - публицист» тақырыбы бойынша филология ғылымдарының кандидаты Гүлмира Шайтмағанбетқызы Әшірбековалар баяндама жасап, публицистің шығармашылығына жан-жақты тоқталды. 
Сонымен қатар, мерейтой иесіне облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Абайбек Талғатұлы Жүнісов «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Алтын медалін» табыстап, иығына шапан жапты. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Отбасы мүшелері жарысты

 

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін» республикалық жастар акциясы аясында "Біз отбасымен біргеміз" отбасылық спорттық сайысын ұйымдастырды.
Сайыстың ережелерін саралай келе әділқазы алқаларының шешімі бойынша "Дастановтар отбасы" топ жарып бас жүлдені қанжығасына байлады. I орын "Бакировтар отбасы", II орын "Үмбетаевтар отбасы" , III орын "Қасымовтар отбасы" иеленді.
Жарыс соңында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е.Меңлібаев жеңімпаздар мен жүлдегерлер отбасыларына дипломдар, бағалы сыйлықтар табыстап ұйымдастырушылар атынан алғысын білдірді.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ыбырай Жақаев мерейтойына орай күріш өсіру тарихи мұражайы ашылды

 

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы Қызылорда облысының Шиелі ауданында жалғасын тапты. Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішев, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісі және Сенатының депутаттары, мәдениет қайраткерлері және республиканың құрметті азаматтары қатысты.
Шиелі кентіндегі Ыбырай Жақаев ескерткішіне облыс әкімдігі мен мәслихатының, облыстық ардагерлер кеңесінің және аймақ диқандарының атынан гүл шоқтары қойылды. Содан соң Ыбырай Жақаев атындағы ауылда күріш өсіру тарихы мұражайы ашылды. Облыс әкімі мұражайға күріш дәндерінен жасалған картина сыйға тартты. Мұражай қорында 10 мың экспонат сақтаулы, оның ішінде Жақаевтың өзі тұтынған заттары мен жұмыс құралдары бар. Сонымен қатар Шиелі кентінде құрметті азаматтар аллеясы ашылды.
«Алтын дән-2016» салтанатты жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалық диқандарды табысты еңбек жылымен құттықтады. Сондай-ақ аймақ басшысы ҚР ҰҒА академигі, Шиелінің тумасы Досмұхаммед Кішібековты 90 жылдығымен құттықтап, оған жеңіл автокөліктің кілтін табыстады. 
Мұнымен қоса, Ыбырай Жақаевтың мерейтойының құрметіне республикалық ақындар айтысы, қазақ күресінен турнир және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада өткен ат бәйгесіне 13 миллион теңгеден астам ақшалай сыйлық пен жол талғамайтын көлік тігілді

 

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы аясында 23 қазан күні Қызылордада 13 миллион теңгеден астам жүлде қорын құрайтын ат бәйгесінің ақтық сайысы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ондаған шабандоз бәйгенің 5 түрінен сынға түсті. Ат бәйгесінің демеушілері – «ҚазГерМұнай» БК, «Мәді Қажы» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Байқоңыр» ӘКК. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналған жұртшылықты егін жинау науқанының аяқталуымен және дала академигінің мерейтойымен құттықтап, шабандоздарға сәттілік тіледі. 
- Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлерінің облысымызда бұқаралық сипат алып келе жатқаны қуантады. Аймақта 14 мыңнан астам адам этноспорттың 7 түрімен шұғылданады. Жыл сайын облысымызда өткізілетін «Алтын белбеу» турнирі – республикадағы ең танымал әрі беделді бәсекенің біріне айналды. Сондай-ақ, биылғы жылы көкпардан Жаңақорған ауданында өткен 5-ші Қазақстан чемпионатында облысымыздың құрама командасы тұңғыш рет қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Көкпардан облыстың жасөспірімдер құрама командасы екі мәрте күміс жүлдені иеленді. Былтыр ұлттық спортты дамыту мақсатында салынған ипподром халықаралық жарыстарды өткізуге және өңірде ат спортының өркендеуіне мүмкіндік береді,- деді аймақ басшысы.
Ат бәйгесінің қорытындысы төмендегідей: 
Көкпардан Жаңақорған ауданының командасы жеңіске жетіп, 2 миллион теңгені иеленді. 
Екінші орынды жеңіп алған шиеліліктерге 1,5 миллион теңге берілді. 
Үшінші орынды қанжығасына байлаған Қызылорда қаласының шабандоздары 500 мың теңгемен және төртінші орынды жеңіп алған аралдықтар 250 мың теңгемен марапатталды. 
«Теңге ілу» сайысында бірінші орынды (100 мың теңге) жаңақорғандық Алтай Қоңқаев иеленді. Екінші орынды (75 мың теңге) жалағаштық Досбол Нұрхан жеңіп алса, үшінші орынды (50 мың теңге) қызылордалық Жанболат Әліқожаев иеленді.
«Құнан бәйгеде» Алматы облысынан келген Жанқойлықовтар әулетінің «Қаратөбелі» жеңіске жетті. Шабандоз – Өтеген Айтбек. Бірінші орын үшін олар 1 миллион теңге ақшалай сыйлық иеленді.
Екінші орын мен 500 мың теңгені қызылордалық Игенбаев Данельдің «Елік» атты тұлпары жеңіп алды. Шабандоз – Эмиль Игенбаев. Ал үшінші орынға лайық деп танылған «Алатау» сәйгүлігінің иесі алматылық Айбек Бахытбекке 300 мың теңге берілді. Шабандоз – Елшат Баймұханов. 
«Тоқ бәйгеде» бірінші орын мен 1,5 миллион теңге ақшалай сыйлыққа Шиелі ауданынан келген Майлыбаевтар отбасының «Патша» тұлпары лайық деп танылды. Екінші орын мен 1 миллион теңгені астаналық Нұрдәулет Мирастың «Шайкүреңі» жеңіп алды. Үшінші орынды иеленген Жанқойлықовтар отбасының «Алтынқозысына» 500 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. 
«Аламан бәйге» - сайыстың ең күрделі түрі, шарт бойынша 25 шақырым қашықтықты бағындыру керек. «Аламан бәйгеде» талдықорғандық Жеңіс Смайыловтың «Бақторысын» тізгіндеген Ақжол Жұматай үздік шабандоз деп танылды. Жеңімпазға жол талғамайтын көлік кілті табысталды. Ал екінші орын тараздық Мелебек Нұрдәулетке бұйырды. «Батыр» атты тұлпардың иесі – Асқар Олжабаев. Үшінші орын мен 1 миллион теңге ақшалай сыйлық шығысқазақстандық Ерлан Сүлейменовтың «Мирад» тұлпарын тізгіндеген Нұрлан Жақсылыққа бұйырды. Төртінші орын үшін 500 мың теңгені алматылық Серік Бақиевтың «Нұрторысы» иеленді. Шабандоз – Арнұр Құрманжан. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Қызылорда облысында екінші цемент зауытының құрылысы басталды
 
22 қазан күні Қызылорда облысы Шиелі ауданында тампонажды цемент зауытының құрылысы басталды. Құрылыстың іргетасын қалау рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 
- Шетелдік инвесторларды тартып, аймағымызда зауыт құрылысын бастап жатқан кәсіпкерлерге, сонымен қатар, аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, еліміздің мақтанышы, атақты балуан Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа, «Данаке корпорациясы» ЖШС директоры Гүлнәр Смағұлқызы Тұрлыхановаға, «Гежуба Групп» компаниясы басшылығына алғысымды білдіргім келеді,- деді әкім.
Айта кетейік, «Гежуба-Шиелі цемент компаниясы» ЖШС жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін болады. Зауыт құрылысы 2018 жылы аяқталады. Кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Мемлекет зауыт құрылысы үшін аумағы 46 гектарды қамтитын жер телімін бөліп берді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Жаңақорған ауданында ресейлік «Глобальная безопасность» жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп, құрылыс цементін өндіретін зауыт құрылысы басталған болатын. Бұл зауыт та 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тіл - тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадасы 

 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында «Тіл - тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиадаға мамандығына, кәсібіне, шұғылданатын ісіне қарамастан  18 мен 22 жас аралығындағы облыстың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш,  Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы жалпы орта білім ұйымдарынан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан, мемлекеттік мекемелерден,  барлығы  14 талапкер қатысты.
Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтті: Бірінші кезең – қазақ тілін білу; Екінші кезең – ағылшын тілін білу; Үшінші кезең – орыс тілін білу.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қазалы ауданындағы №226 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Қаражан Фариза жеңіп алса, ІІ орынды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті Сағидуллаев Мақсат, ІІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық  колледжінің 4-курс студенті Ердәулет Айнұр иеленді.
Байқау жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен алғыс хаттары және ескерткіш сыйлықтары тапсырылды.
І орын  иегері  2016 жылдың 13-14 қазан күндері  Ақмола облысы, Бурабай ауданында өтетін «Тіл - тұнық ойдың кәусары» республикалық  олимпиадасына қатысуға  жолдама  алды.               

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сыр өнерпаздары өнерімен тәнті етті

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қызылорда облыстық филармония ұжымы біршама игі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі жақында олар еліміздің Ақтау және Атырау қалаларында «Туған жерім-Тұран далам» атты концертпен гастрольдік сапарда болып қайтты.
Өнер ұжымын белгілі «Тұран» триосы, шетелдіктерді ұлттық биімізбен тамсандырып қайтқан «Томирис» би ансамблі, халықаралық, республикалық додалардың жеңімпазы, жыршы Марат Сүгірбаев және әнші Бекзат Молдабергенов бастап барды. 
Алдымен олар Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласындағы М.Өскенбаев атындағы облыстық филармонияда ақтаулықтарға арнап концерт берді. Мұнан кейін Атырау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда шараларын жалғастырды.
Сыр елінің өнерлі ұжымының концертіне жиналғандар алғыстарын білдіріп, ерекше қошемет көрсетті. Концерт соңы «Тұран» триосының «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жас ғалымдар сынға түсті

 

«Жас ғалым-2016» жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауы өтті. 
Байқауды Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ұйымдастырған.  
Ғылыми жобалар байқауына облыс мектептерінен физика, биология, химия пәндері бойынша 100-ге жуық ғылыми жобалары ұсынылған. 
Физика пәні бойынша Сырдария ауданы №137 орта мектеп орқушылары Дулат Зейнулла пен Гаухар Ізбасқанова «Әмбебаб робот» ғылыми жобасымен бірінші орын алса, Химия пәнінен бірінші орынды Қазалы ауданынан келген Махмуд Нариман тізгіндеді. Ал биология пәні бойынша Арал ауданы №220 мектеп оқушысы Самал Нұралиева бірінші орынды иемденді.
Байқаудың жеңімпаздары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі тарапынан І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Үлгілі әкелер өзара тәжірибе алмасты
 
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі аясында «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі» облыстық әкелер форумы өтті. 
Форумға облыс әкімінің орынбасары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Руслан Рүстемов қатысып, облыстың үлгілі әкелерін биылғы еліміздің Тәуелсізідігінің 25 жылдығымен құттықтады. 
Облыс аудандары мен Қызылорда қаласынан үлгілі әкелердің басын қосқан шараның мақсаты -  ұлттық дәстүрімізге құрмет көрсете отырып, жастардың бойына отаншылдық, патриоттық сезімдерді қалыптастыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы түрлі көзқарастар мен тұжырымдарды бір ортаға шоғырландыру, жаңашыл идеяларға қолдау көрсету.
Форум аясында отбасы құндылықтары мен әкенің қоғамдағы ролін насихаттайтын бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, шараға қатысушы әкелер баяндама жасап, отбасы құндылықтары, ұлттық сана, бала тәрбиесіндегі әкенің ролі турасында ой-пікірлерін ортаға салды. 
Шара соңында қатысушылар облыс әкімінің арнайы алғысымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, облыс атынан 4 үлгілі әке Астана қаласында өтетін республикалық әкелер Форумына қатысады. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Белгілі блогерлер Қызылордада

 

Қызылорда облысында 19-20 қазан аралығында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикаға белгілі блогерлердің қатысуымен «Алашқа Ана – Сыр Елі» атты блог-тур өтті. Оған Астана мен Алматы қалаларынан келген белгілі сайт журналистері мен әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары қатысты. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Медиа жұлдыз» қоғамдық қоры өңірдегі тарихи орындар мен заманауи нысандар,  кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жүзеге асқан жобалар мен туризм аймағына айналған аудандардың жұмысымен танысу мақсатында ұйымдастырған. 
Блог-турдың бірінші күні қатысушылар 2 топқа бөлініп, Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарын аралады. Алдымен блог-турға қатысушылар Сығанақ ашық аспан астындағы мұражай қаласы, «Шалқия Цинк» серіктестігі, «Жаңақорған» шипажайы, Қорқыт ата кесенесі, Байқоңыр ғарыш алаңдарымен танысып, Н.Илясов атындағы ауылды аралап көрді. 
Келесі күні елордалық қонақтар мен қатысушылар облыс орталығын аралап, «Абзал и К» толық серіктестігінің жұмысымен танысты. Одан әрі шыны зауыты мен «Атамекен» балалар ауылына барды. 
Кешке блог-турдың пленарлық отырысында шара барысындағы жұмыстар талқыланып, қорытындыланды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:   «Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» облыс жастарының дәстүрлі ХІI форумы

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 
2016 жылғы 17-18 қазан аралығында «Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» облыс жастарының дәстүрлі ХІI форумы өткізілді. 
Форум аясында 4 бағыттан тұратын секциялар жұмыс жасады. 
1.Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік мекемелердің және жастар ұйымдарының өзара іс-қимылы;
2.Ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері;
3.Жастар саясатына талдау және мониторинг жүргізу;
4.Мемлекеттік жастар саясаты саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру тетіктері.
Секцияны жастар саясаты саласындағы сарапшы мамандар, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері жүргізді.
Форумның пленарлық отырысы 18 қазан күні сағат 17.00-де 
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтті.
Форум жұмысы аясында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың 2020 жылға дейінгі стратегиясының жобасы талқыланды. Берілген ұсыныстар сараланып, стратегиялық құжат желтоқсан айына дейін бекітілетін болады. 
Шара барысында әр түрлі салада қызмет жасап жүрген 30 жас үстіміздегі жылғы 1 желтоқсан күні Астана қаласында өтетін Республикалық жастар форумына делегат ретінде сайланды. Сонымен қатар, тәуелсіздік жастарының үндеуі қабылданды. 
Форумға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің өкілдері, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталықтарының сарапшылары, «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан жастарының Конгресі», республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері, басқарма, аумақтық департамент басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, оқу орындардарындағы және кәсіпорындардағы жастар комитетінің жетекшілері, әрбір ауылдық округтегі жастармен жұмыс жасайтын мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіздік жылдардағы білім саласының дамуы және болашағы» тақырыбында конференция болып өтті

 

ҚР Тәуелсіздінің 25 жылдығына орай облыс тәлімгерлерінің жұмыстарын жүйелеу,тәжірибе алмасу және шығармашылық дамуына жетелеу мақсатында үстіміздегі жылдың 7 қазанында қалалық оқушылар  Сарайында «Тәуелсіздік  жылдарындағы білім саласының  дамуы  және болашағы» тақырыбында  облыстық  конференция болып өтті. Конференция бағдарламасы тәлімгерлер жұмысының электронды көрмесінен  басталды.  Жалпы  конференцияға  білім басқармасының мамандары, тәлімгер делегаттар  мен  ардагер ұстаздар, Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбие мамандары қатысты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сыр өңірі күріштен рекордтық өнім алды

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысында жиын-терін науқанының мол табыспен аяқталғаны туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев және бір топ ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жолдаған хат келіп түсті, деп жазылған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында. 
Хат иелері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы, дала академигі Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Сыр өңірі диқандары күріштен бұрын-соңды болмаған рекордтық өнім алғанын хабарлайды. Сыр бойы диқандары 80 мың гектар егістіктің әр гектарынан облыс бойынша 54,9 центнерден өнім алып, ел қамбасына 440 мың тонна күріш құйған.
«Ұлы Даланың қасиетті пұшпағы – Сыр елі халқының атынан диқандарға, малшыларға көрсетіп отырған қамқорлығыңыз үшін Сізге зор ризашылығымызды білдіреміз.
Сыр бойының еңбеккерлері мен барлық тұрғындары атынан Сіздің жасампаз бастамаларыңызды іске асырып, аянбай еңбек ететінімізге сендіреміз!», – деп жазады қызылордалықтар.
Хат авторлары арасында Қазақстанның Еңбек Ері, Күріш өндірушілер мен өңдеушілер ассоциациясының төрағасы А.Ералиев, «Мәди Қажы» атындағы ЖШС төрағасы А.Камалатдин, «Сыр Маржаны» ЖШС директоры М.Өтеев, «Рза Агро» ЖШС директоры Н.Имандосов және өзге де ауыл шаруашылығы саласының белді еңбеккерлері бар.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Конкурс өтті

 

Қызылорда облыстық балалар орталығында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету аясында «Менің отбасым-менің Қазақстаным» атауымен конкурс болып өтті. Конкурс ұйымдастырушылары – Қызылорда облыстық Азаматтық Альянс бірлестігінің қолдауымен «Мейірім-Үміт» қоғамдық қоры. Шара облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша «Социум» жобасы барысында өтті. 
Конкурсқа екі топ қатысты. Олардың әрқайсысы Қазақстан мен Қызылорда облысының белгілі ескерткіштері мен пейзаждың суретін салып, панноны бояуы тиіс. Оларға өңіріміздегі жас суретшілер кеңесінің жетекшісі болып танылатын ерікті Дәулет Тойшыбаев көмектесті. Ол алдын ала панно суретін салып, қатысушылар оны дұрыс бояуы керек болатын. Тек сурет салып қана қоймай, топтар ән айтып, би биледі. Конкурс нәтижесімен ұйымдастырушылар жеңімпаздарды іріктемей барлық қатысушыларға сый-сияпатын тапсырды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Социалистік Еңбек Ері 80 жаста

 

Қазалы ауданының құрметті азаматы, Социалистік Еңбек Ері Кәрібоз Әлимаевтың 80 жасқа толған мерейтойы ауданда аталып өтті. 
Жиынға аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысып,  мерейтой иесіне сый-құрмет көрсетті.
Одан әрі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Имандосов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов, Тасарық, Қарашеңгел, Бозкөл ауылдық округтерінің ақсақалдары, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің ұжымы К.Әлимаевтың ел үшін жасаған ерен еңбегінің бүгінгі ұлы көштің үлкен легіне айналып келе жатқан жастар үшін үлгі-өнеге екенін жеткізіп, Еңбек ерін мерейтойымен құттықтады.
Шара соңында Кәрібоз ақсақал жастық шағы мен еткен еңбегі жайлы сыр шертіп, жастарға баянды болашақ тіледі.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жыр кеші өтті

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қармақшы аудандық Мәдениет үйінде облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Дәстүр діңгегі» атты жыр кеші өтті.
Өнер кешіне Сыр сүлейлері ізбасарлары Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Шолпан Биімбетова, Әділхан Қуаңбаев, Бисенбек Төлеубаев, басқа да жас жыраулар қатысып, өнерсүйер қауымға өз өнерлерін паш етті.
Кеш қорытындысында аудан халқы ризашылықтарын жеткізіп, ақ баталарын берді. Бір сағатқа жуық өткізілген жыр кеші «Сыр елі – жыр елі» атты қасиетті мекеннің қастерлі байрағын тағы бір биікке көтергендей әсер қалдырды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аудандарды аралады

 

Филармонияның өнер ұжымдары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Шиелі, Жаңақорған аудандарына гастрольдік сапармен барды.
Шиелі ауданынан бастау алған шарада «Томирис» би ансамблі мен О.Нұралиев, Н.Нұраддинова, Н.Тілеулесова сынды жеке орындаушылар өнер көрсетті. Мұнда қазақтың ұлттық билері мен әлем халықтарының болмысын паш етіп, мәдениетін танытатын түрлі билер көрініс тапты.
Мұнан әрі гастрольдік сапар Жаңақорған ауданында «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің «Тәуелсіздік толғауы» атты концертімен жалғасты. Ұлы дала елінің өнер қырандары қазақ әнін көкте әуелетіп, мың бұралған көркем билерімен көпшілікті тәнті етті. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада «Сыр – алаштың анасы» экспедициясы жалғасуда 

 

17 қыркүйек - 8 қазан аралығында облыстық ішкі саясат басқармасы және «Консенсус» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Сыр – Алаштың анасы» экспедициясы  болып өтті.
Экспедицияның мақсаты Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени орындарды аралап, олардың насихатталуына үлес қосу. Экспедицияға қатысушылар 5 ауданда және Қызылорда мен Байқоңыр қалаларында болып, 100-ден аса нысанды аралады. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициясы 8 қазанда Арал ауданында БАҚ өкілдері мен блогерлердің қатысуымен салтанатты түрде аяқталды. Экспедиция қорытындысымен деректі фильмдер түсіріліп, фото-кітаптар жасалып,www.syreli25.kz туристік сайтына салынады. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сыр өңірінде үздік мұғалімдер марапатталды

 

Бүгін, 27 қыркүйек күні, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Ұстаздар мерекесіне орай «Қалдырған ізің мәңгілік...» тақырыбында салтанатты шара өтті. Жиында облыс әкімі Қ.Көшербаев алдымен аймақтағы білім саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталып, мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады.
- Соңғы төрт жылда Қызылорда облысында білім беру саласының бюджеті екі есеге артты. Биылғы жылдың өзінде білім беру саласына облыс бюджетінің 38 пайызы, нақтырақ айтсақ, 75 миллиард теңге бөлінді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 3829, Ресейдің үздік жоғарғы оқу орындарындағы 390 түлектердің Сыр елінің жастары екендігі бізді қуантады. Білім беруді тәрбиемен жаңаша ұштастырып, оның сапасын көтеру – мәртебесі биік, маңызы зор, жалпыұлттық мүдде. Сол ұлы істе абыройларыңыз асқақ болсын, мәртебелі ұстаздар! Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын,- деп облыс басшысы Қ.Көшербаев білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарды марапаттады.
Сонымен қатар «Үздік мұғалім – 2016» номинациясы бойынша М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің мұғалімі Гүлжайна Әбиева, дарынды балаларға арналған №4 мектептің мұғалімі Шаһизат Бейсенова, №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Салтанат Тәжетаева және «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімі Жадыра Әжібаева 2 млн. теңгеге ие болды. 
Айта кетейік, облыста жалпы орта білім беретін мектептерде барлығы 18423 мұғалім қызмет етеді. Оның ішінде бірінші және жоғары санатты мұғалімдердің үлесі 45,5 пайызды құрайды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тіл – татулық тірегі» облыстық фестивалі өтті

 

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 22 қыркүйек күні Достық үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өтті.
Фестиваль мақсаты - облыста мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін  паш ету.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, барлық мекеме және оқу орындарының басшылары, мұнай компаниялары мен этномәдени бірлестік өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және облыстық, аумақтық мекемелердің мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлері қатысты.
Фестивальда «Тіл – ұлттың рухани қуаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің негізі» бөлімінде Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайлы еңбектері мен «Тіл – ұлттың жаны» бөлімінде ғалым-филолог, тілтанушы А. Байтұрсыновтың кітаптары таныстырылды.
Мерекелік шара «Тіл – татулық тірегі» атты этнос жастарының қатысуымен әзірленген арнайы прологпен ашылды.
Шара барысында облыстағы бірқатар тіл жанашырлары хаты Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, облыстың Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары және этномәдени бірлестіктер арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Шара барысында жиналған қауымға мерекелік шашу ретінде әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылды. Этномәдени бірлестіктер өздерінің ән-би өнерлерін қазақ және өз ана тілдерінде орындады. 
Халық пен халық, ұлт пен ұлыс бірлесе өмір сүріп отырған мемлекетте өз халқыңды, өз тіліңді сүюмен бірге өзге халықты және оның мәдениеті мен өнерін құрметтеу, тілін қастерлеу - қазіргі қоғамның басты өлшемдерінің бірі. 
Осы мақсатта өткізілген облыстық фестиваль этномәдени бірлестік өкілдері мен филармония әншілерінің орындауындағы «Жаса, жаса, қазақ тілім!» патриоттық әнімен аяқталды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда еңбек сабақтастығы форумы өтті

 

Бүгін Қызылордада Еңбек әулеттерінің ІІІ облыстық форумы өтті. Онда аймақтағы теміржолшылар, дәрігерлер, ұстаздар, диханшылар және өзге де еңбек династиялары қоғамға жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Биыл облыста 8 еңбек әулеті жеңімпаз деп танылды. Олардың арасында еңбек тәжірибелері 700 жылдан асатын әулеттер де бар. Мәселен, Әбдірахмановтардың теміржол саласындағы тәжірибесі 752 жыл болса, ұстаздық жолын жалғап келе жатқан Остаевтар әулетінің жалпы тәжірибелері 800 жылдан асады. 
Облыс әкімі Қ.Көшербаев еңбек династияларын ұлықтаудың, қарапайым еңбек адамдарын құрметтеудің маңызына ерекше тоқталып, шараға арқау болған еңбекші отбасыларын мерекемен құттықтады. 
-«Еңбек – әлемнің әміршісі» дейді халық даналығы. Сыр елінің даңқын дала академигі Ыбырай Жахаев бастаған 102 Социалистік Еңбек Ерлері шығарса, ер-азаматтармен бірдей иық тірестіре еңбек етіп, мемлекет байлығын еселеп өсірген Шырынкүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабекова, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспамбетова, Зәкира Ержанова сияқты ақжаулықты аналарымыздың ерен еңбектері бүгінгі жас ұрпақ үшін аңызға айналды. Дала төсін дүбірлеткен Еңбек Ерлерінің жалғасы Сыр елінің перзенттері – кәсіпкер Абзал Ералиев пен денсаулық сақтау саласының майталманы Юрий Пя  сынды Еңбек Ерлері –Тәуелсіз Қазақстанның мақтаныштары,- деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.

Форумда еңбек әулеттерінің өкілдері еңбекші отбасыларының мерейін үстем еткен аймақ басшысына алғысын білдірді. Шара соңы мерекелік концертке ұласты. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Астанада Қызылорда облысының күндері өтті 

 

Қыркүйектің 3-4-і күндері Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облысының күндері өтті. Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының алдындағы тұрақта ауылшаруашылық жәрмеңкесінде аймақтың тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Жалпы, жәрмеңкеде 300 тоннадан астам өнім, соның ішінде жарма, жеміс, көкөніс, сүт тауарлары, ет, шұжық өнімдері, балық, бал, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер сатылды. Сенбі күні, 3 қыркүйекте астаналықтар «Ырысты, күрішті – Қызылорда» атты концерттік бағдарлама мен арнайы шатырда ашылған Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына арналған «Ақ күріштің атасы - Ыбырай» көрмесін тамашалады. Жәрмеңкеде «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында шығарылған өнімдер де көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Астана қаласының Балалар деревнясында және Мамандандырылған балалар үйінде «Бәрі де бала бақыты үшін» қайырымдылық акциясы өтті. Осы күні сағат 17.00 Конгресс-холлда аймақтың өнер иелері «Сыр – Алаштың анасы» атты мерекелік концертте өз шеберлігін ортаға салды. Сондай-ақ, фойеде «Тәуелсіздіктің дара жолындағы – Сыр елінің жетістіктері» фотокөрмесі мен ел тәуелсіздігіне арналған сурет көрмесі өтті. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында кітап көрмесі, ал ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмелер мен экспозициялар ашылды. 4 қыркүйекте Б.Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының жанында жәрмеңке мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Білім күні Тасбөгет кентінде мектеп ашылды

 

Білім күнінде Тасбөгет кентінде №172 орта мектеп пайдалануға берілді. Апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында облыстық бюджеттен барлығы 5 млрд. 44 млн. теңге қаралды. Бүгінде 12 мектептің құрылысы басталып, олардың жыл соңына дейін 5-еуі пайдалануға беріледі. Ал биылғы жаңа оқу жылының басында облыс бойынша 4 мектеп ел игілігіне берілді.
- 2016 жылы білім нысандарының құрылысына 3,4 млрд. теңге бөлініп, жаңадан 4 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы жүргізілді. Сонымен бірге, облыста 14 мектеп пен 7 балабақша ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 900 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгін міне, Мемлекет басшысының қолдауы«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысына 630 млн. теңге бөлінген 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілгелі отыр,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Содан соң Тасбөгет кенті ардагерлер қоғамдық кеңесінің мүшесі Қ.Достыбаев ата-аналар атынан сөз сөйлеп, алғысын білдірді, ал мектеп директоры Майра Садуоваға жаңа ғимараттың символикалық кілт тапсырылды.
Соңғы 4 жылда Қызылорда облысының білім саласына бөлінетін қаржы 2 есеге артты. 2013-2015 жылдары облыс бойынша 43 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Біріншісі, үш ауысымда оқытатын мектептер болмауы керек. Екіншісі, апаттық жағдайдағы мектептер проблемасын шешу, үшіншісі 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін балабақшамен қамту. Қазір Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын мектеп жоқ. Ал 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін аймақ белгіленген мерзімінен бұрын орындап қойды. Енді апатты жағдайдағы 11 мектептің құрылысы биыл басталатын болады. Сонымен қатар, жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар үшін облыс әкімінің 350 білім гранты тағайындалып келеді. Қызылорда облысы – республика бойынша Ресей Үкіметінің 150 білім грантын иеленген жалғыз аймақ. Осы гранттар арқылы қазір сырбойылық талапты жастар Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жоғары оқу орындарында білім алуда.

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Қызылордада Конституция күніне арналған бұқаралық велошеру өтті

 

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Конституция күні мерекесіне орай Қызылордада бұқаралық велошеру ұйымдастырды. Оған спорт саласының мекемелері, спорт мектебі және әуесқой 100-ден астам велосипедші қатысты.
Шараның мақсаты – Елбасының Жолдауын насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, бұқара арасында спортты дамыту, жастарды саламатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ұзақтығы он бір шақырымдай болатын велошеру таңғы 10.00-де Тұңғыш Президент саябағынан басталып, Жібек жолы көшесімен Абай даңғылы арқылы өтіп, студенттер сарайында аяқталды.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Конституция күніне орай 124 қызылордалық баспаналы болды

 

Сыр жұртшылығының мерейі мерекеде үстем болды. Қызылордада ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ел тәуелсіздігі 25 жылдығы аясында Сұлтан Бейбарыс көшесінде жаңа көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Салтанатты жиынға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, баспаналы болған тұрғындардың қуаныштарымен бөлісті.
- Елбасы, Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықты, соның ішінде көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау жөнінде әрқашан айтып келеді. Көрсетілетін қолдаулардың бастысы баспанамен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аймағымызда сәтті жүзеге асып, бүгінде Алаштың анасы атанған қасиетті мекен қарқынды құрылыс аймағына айналды. Аймақта әлеуметтік нысандардан бөлек, тұрғын үйлердің де көптеп салынып жатқандығын ешкім жасырмайды. Облыста былтырдың өзінде құрылыс көлемі 3,5 есеге өссе, оның ішінде Қызылорда қаласында аталған көрсеткіш 8 есеге артты,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Соңғы 3 жылда Қызылорда қаласы бойынша жалпы ауданы 265 мың шаршы метрді құрайтын, 3,5 мың пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді. Биылдың өзінде 80 көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп, үш жылда Қызылордада жаңадан 11 шағын аудан бой көтерді. 
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасы бойынша дәл осы күні 100 пәтерден тұратын 2 үй тапсырылса, алдағы желтоқсанда «Арай-3» ықшам ауданында тағы 200 пәтерлік 6 үйді пайдалануға берілетін болады. Жалпы алғанда, осы жылдың қорытындысы бойынша облыста «Өз үйім» бағдарламасы аясында 20 мың шаршы метрден астам баспана тапсырылады. Бұл пайдалануға беріліп отырған тұрғын үйлер елімізде мемлекет тарапынан тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жасалып жатқан қолдаудың нақты көрінісі. 
Сондай-ақ қалада Тасбөгет кентіндегі Амангелді көшесінде жаңадан 24 пәтерлік қызметтік үй пайдалануға берілді. Онда мемлекеттік қызметкер, құқық қорғау саласы, ел намысын қорғаған спортшылар мен медицина саласы қызметкерлері тұратын болады. 

Тәуелсіздікке 25 жыл:  Қызылордада 280 орындық балабақша ашылды 

 

Ел Президенті Н.Әбішұлы әркез білім мен ғылымның дамуына аса мән беріп, жаңа ғылым-білімді игеруді, жаңа машықтар алуды, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануды тілге тиек етіп жүр. Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер қолға алынып, қажетті жағдай жасалған. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі болашақ. Сондықтан соңғы буынның сапалы біліммен қамтылуы бәрінен маңызды. 
Конституциясы қарсаңында Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев қалада 280 орындық балабақшаның ашылу салтанатына қатысты. Айта кетейік, қаламыздың көрікті ауданынан жаңадан берілгелі тұрған 280 орындық балабақша ғимараты соңғы үлгіге сәйкес балалардың жарық та кең, жаңа технологиялармен жабдықталған бөлмелерде тәрбие алуына ыңғайластырып салынған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 280 орындық жаңа балабақша құрылысына республикалық бюджеттен 525 млн. теңге бөлініп, алтын қалақ құрылысшылар еңбегі арқасында мерзімінде пайдалануға берілуде. 
- Елбасы, Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әрбір халық өзінің болашағын өскелең ұрпақпен байланыстырады» деген болатын. Ал, ежелгі грек философы Платон «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деп бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтқан болатын. Бүгін барша қызылордалықтар үшін ерекше күн деп білемін. Жаңа оқу жылында қаламызда тағы да бір балабақша ғимараты пайдалануға беріліп отыр. Мақсатты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қызылорда қаласы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балалар  мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылған,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Жалпы Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен өңірлерді дамыту мақсатында қолға алынған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұлттық қор есебінен Тасбөгет кентінде 300 орындық жаңа мектептің құрылысы, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 6 мектеп, 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 
Мұнымен қоса, мереке аясында Шиелі бағытындағы қаланың кіреберіс қақпасы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, аймақ басшысы қайта жаңғыртудан өткен «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратының жұмысымен танысты. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі

 

2016 жылдың 26 тамызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты облыстық конференция өтті.
Конференция жұмысы облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлының алғы сөзімен ашылды. 
Биыл мемлекетіміз үшін ерекше тарихи жыл, мәртебелі белес. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесін атап өту әрбір қазақстандық үшін үлкен қуаныш, өмірлеріндегі тарихи сәт. Тәуелсіз Қазақ елі ширек ғасыр ішінде тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды. Тәуелсіз ел ретінде Қазақстанның алғашқы қабылдаған тарихи шешімдерінің бірі – ғасырға жуық ядролық сынақ өткізіп келген Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы еді. Кемел ойдан туған кемеңгер шешім тәуелсіз Қазақ елінің әлемдік өркениетке бейбітшілікті жақтайтын мемлекет ретінде қадам басқанын көрсетті. Ендеше биылғы жылы ғасырға жуық уақыт адамзат баласын алаңдатып келген Семей полигонының жабылғанына да ширек ғасыр толды. 
Конференция барысында «Антиядролық қозғалыс – тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сәтпай Тастанбек Яхъяұлы, «Семей полигоны – Қазақстанның ядролық қасіреті» тақырыбында ҚР қорғаныс министрлігі Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы, «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ізгі мұраты» тақырыбы бойынша «Қызылорда – Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы, «Манифест – жаһандық қарусызданудың негізгі құжаты» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Мынжасов Нұрлыбек Кәрібозұлы баяндама жасады. 
Конференция соңында облыс әкімінің орынбасары Р: Рүстемов ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Құтқарушылар қарымын байқатты

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Конституция күніне орай Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт-құтқару спорты бойынша жарыс өтті. 

Жауынгерлік қанат жаю, шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу, жылжымалы үшбуынды сатыдан көтерілу сынды сайыстарға 13 команда қатысты.
Жарысқа дәстүр бойынша жаттықтырушысы қолданбалы өрт спорты бойынша спорт шебері, республикалық жарыстардың жеңіскері, өрт сөндіру қызметінің ардагері Б.Маржанов болып табылатын юниорлар қатысты. Жас спортшылар жақсы нәтижелер көрсетті. 16 жасар Б.Ерсары 9, 13 секундта оқу мұнарасының 2 қабатына көтерілді. А.Қуатбаев мұнараға 8 жылдан бері шабуылдап келеді. Бұл жолы ол 10,04 секундта көтерілді. 
Спорттық іс-шарада үлгілі жүгіруді өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері көрсетті. Олардың ішінде Халықаралық жарыстың «Алтын шабуылшы» жүлдесінің жеңіскері №5 өрт бөлімінің радиотелефонисі азаматтық қорғаудың кіші сержанты Н.Өмірғалиева болды.
Қызу спорт күресінің нәтижелері бойынша жалпы командалық сынақта №12 өрт сөндіру бөлімінің командасы болды. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы турнирдің күміс жүлдегері атанды. Жаңақорған ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің командасы қола жүлде иеленді.
Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4 қабатына көтерілуден жақсы нәтижені №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі В.Хон көрсетті. 
Үшбуынды сатыдан тез және епті нәтижені №12 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Б.Байниязов пен жұбы жүргізушісі Н.Құрақбаев болды.
Турнирдің ең көріністі кезеңі  №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ең үздік жігерлі күрестің спортшыларының жауынгерлік қанат жаюы болды. 
Салтанатты жағдайда гарнизон бастығы жүлдегерлерге жарыс кубогы мен мақтау қағаздарын тарту етті. Ресми мадақтаулар ақшалай сыйақылармен және бағалы сыйлықтармен толықтырылды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Конституция күніне арналған кітап көрмесі

 

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Конституция күніне арналған «Ұлық тұтар Ұлы Заң» атты кең көлемді кітап көрмесі өтті.

Шараның ашылу салтанатында өзбек этно-мәдени орталығының мүшесі Ашур Халилов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымының докторы Дастан Сәтбай, университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас көрменің маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар Елбасының еңбектерімен, ЭКСПО-2017 материалдарымен танысты.
Көрмеге 360 кітап, мерзімді басылымдар, фотосуреттер қойылды. Мәдени шараға Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, ақын-жазушылар, этномәдени орталықтар өкілдері, жастар, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар қатысты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада үздік атанған мектепке 17 млн. теңге берілді

 

Қызылордада облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Білімді ел-мәңгі ел» тақырыбында облыстың білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. 

Конференция жұмысына ҚР Білім және ғылым министрілігінің  жауапты хатшысы Ә.М.Рахымжанов, «НЗМ» дербес білім беру ұйымдарының басқарма төрайымы К.Н.Шамшидинова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым академиясының академигі Т. Шарманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты М. Бақтиярұлы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж. Жылбаев, «КАТЕВ» халықаралық қоғамдық қорының президенті Д. Өте арнайы келіп қатысты. 
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бала тәрбиесіне басымдық берді.  
- Бүгінгі күннің өзегі - жас ұрпақтың рухани кемелі.  Балаларды ең бастысы ұлттық құндылықтарға бай, тіліне, діліне, тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне,  салт-дәстүріне берік, рухы мықты, танымы мен тағлымы кең тұлға ретінде қалыптастыру барысында ең негізгі сын да, салмақ та ұстаздарға артылатыны түсінікті. Ұлттық талғамы мен сана-сезімі жоқ адамда отаншылдық рух та болмайды. Бұл ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Ендеше бұл міндеттерді шешудің қайнар бұлағы – мектеп және ондағы негізгі тұлға ұстаз деп білеміз. Баршамызға ортақ міндет – жас ұрпақтың қалыптасып, өмірде өз орнын табуына көмектесу,- деді облыс әкімі. 
Кеңес қатысушылары Қызылорда облысында білім саласының даму қарқынын атап өтіп, одан әрі қарай жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтты. Мәселен, Сыр өңірі «Балапан» бағдарламасын белгіленген мерзімінен бұрын орындады. Алдағы 2 жылда облыс бойынша апаттық мектептердің орнына 12 жаңа білім ұясы бой көтеретін болады. Сонымен қатар, аймақ түлектері «Серпін» бағдарламасы арқылы және Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде жоғары оқу орындарында білім алуда.  
Шара соңында үздік деп танылған ұстаздар мен білім мекемелері марапатталды. Бірқатар мұғалімдерге «Білім саласының үздігі» атағы беріліп, «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгісі тағылды. Ал №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты «Орта білім беретін үздік ұйым» номинациясын жеңіп, 17 млн. теңге сыйақы алды. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

 

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Азаматтық бақылау» жобасы аясында мемлекеттік қызмет істері департаменті мен «Консенсус» қоғамдық қоры бірлесіп «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференцияның мақсаты мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын, мемлекеттік қызметшілердің бейнесіне рухани-адамгершілік және іскерлік сапаларына талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп ережелердің қазақстандық моделінің қалыптасу және даму кезенін баяндауға бағытталды.
Конференцияны департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев ашып, біздің елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері халықаралық тәжірибеге сүйене отырып мемлекеттік қызметтің бірегей үлгісі құрылғандығы туралы атап өтті. 
Мемлекеттік басқару саласындағы маңызды өзгерістер мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы туралы өз баяндамаларында мемлекеттік қызметшілер мен бюджет  қызметкерлерін  қайта даярлау және олардың біліктілігін  арттыру өңірлік оқу орталығы директорының орынбасары С.Насипова, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты А.Әбдімомынова, Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев және «Консенсус» қоғамдық қорының президенті Е.Күмісходжаев әңгімеледі.
Конференцияға облыстық жергілікті мемлекеттік органдар басшылары, ҮЕҰ, бизнес, академиялық қауымдастық және БАҚ өкілдері қатысты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада «Денсаулық керуені» кезекті рет жолға шықты

 

Конституция күні қарсаңында облыстық медицина орталығы дәрігерлерінен жасақталған «Денсаулық керуені» жолға шықты.«Денсаулық керуенінің» елді мекен тұрғындары үшін тиімділігі зор. Біріншіден, жылжымалы медициналық кешеннің құрамында окулист, терапевт, кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, барлығы 11 дәрігер болса, кешен лабораториялық зертхана, түрлі ақауларды анықтайтын медициналық қондырғылармен жабдықталған.

Облысымыздағы 3 жылжымалы медициналық кешен, Арал -Қазалы, Жаңақорған -Шиелі, Сырдария -Жалағаш - Қармақшы аудандарының елді мекендерін аралап, ауыл тұрғындарының денсаулығын толық тексеруден өткізіп жатыр.
Бұл өз кезегінде, науқасты ерте анықтап, сауығып шығуына мүмкіндік жасаса, екіншіден, алыс ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттырады.
Тұрғындарымыздың, оның ішінде, аналар мен балалардың өз ауылында отырып-ақ, толық медициналық көмек алуына жағдай жасалады.
«Денсаулық керуені» кезекті рет, Шиелі ауданындағы «Еңбекші» ауылының, Арал ауданының «Қаратерең», «Бөген» ауылдарының, Сырдария ауданының «Бесарық» ауылының тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуге аттанды.
Жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен, үстіміздегі жылдың наурыз айында жолға шыққан «Денсаулық керуені» облысымыздағы елді мекеннің 42 156 тұрғынын медициналық тексеруден өткізген. Оның ішінде, 51 131 диагностикалық, 42 316 лабораториялық зерттеулер жасалған.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордалық тоғызқұмалақшылар жүлдемен оралды

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министірліктері бірлесіп «Олимпиадалық жаз» - «Ел рухы» спорт фестивалін ұйымдастырды.Астана қаласындағы Назарбаев университетінде өткен спорт фестиваліне Қазақстанның 16 аймағынан 350 спортшы түрлі спорт түрінен сайысты. Қызылордадан барған тоғызқұмалақшылар Х.Елеусінов, Б.Бостандықов, Ү.Сақташова және А.Жөкелова 11 команда арасынан бірінші орынды жеңіп алып, Сыр халқына қуаныш сыйлады. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Мемлекеттік қолдау аясында метан өндірісі іске қосылды

 

Сыр өңірінде құны 380 млн теңге тұратын экологиялық таза метан шығару жобасы жүзеге асырылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеген кәсіпкер жыл басынан бері өнімін тұрғындарға ұсынып келеді. Метанның 1 литрі 15 теңгеден босатылады. 

Жарты жылда кәсіпкерлік құрылым аргентиналық технологиямен өңделген 400 мың текше газ сатып үлгерген. Қазіргі таңда қалалық автобус паркі, коммуналдық мекемелер мен жедел жәрдем және ішкі істер органдарының көліктері аймақтағы метан өндіретін жалғыз өндіруші кәсіпорынның өнімін тұтынады. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда облысында «Дала күнін» атап өтті

 

Сырбойылықтар дәстүрге айналған «Дала күнін» атап өтуде. Егінге орақ түскен кез барша шаруалар үшін үлкен мереке.Облыста алғашқылардың бірі болып Сырдария ауданы егінді жинауды бастап кетті.

Аймақтың барлық аудандарынан ауыл шаруашылығы саласының мамандары егістіктің басында өткен семинар-кеңеске жиналып, тәжірибе алмасты. 
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, барша шаруаларды егін жинау науқанының басталуымен құттықтады. 
- Биыл облыс бойынша барлығы 168,5 мың гектар жерге дән егілді. Бүгінгі таңда бидай, жоңышқа мен сұлы жиналып болды.Аталмыш дақылдардан өткен жылға қарағанда мол өнім алдық. Биыл күріштен де гектарынан 55 центнерден өнім аламыз деп жоспарлаудамыз. Күздік бидай әр гектарынан - 15,7 центнерден, көктемгі бидай – 14,9 центнерден ал жоңышқа – 14,7 центнерден жиналды. Мұның барлығы ала жаздайғы шаруалардың еңбегінің жемісі, - деді облыс әкімі.
Биыл 79,6 мың гектар жерге егілген күріштің 60,5 мың гектары жақсы, ал 16,7 мың гектары орташа деп бағаланып отыр. Қазіргі таңда барлық күріш алқаптары өнімді жинауға дайын.
Дәл осы күні Ақжарма ауылдық округында күрішші, қоғам қайраткері Болат Нұрсейітовтің атына алаң ашылып, ауылында үлкен мерекелік шара ұйымдастырылды. Күрішшілер бригадасын басқарған ол 15 жыл қатарынан мол өнім жинап, аймақтың ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан.
Шараға жиналған ардагерлер бұл бастама тек алаңға ат беру емес, еңбек адамына көрсетілген құрмет деп бағалауымыз қажет дейді.Осы арқылы жас ұрпақты еңбексүйгіштікке баулу керектігін айтады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Еселі еңбекке лайықты құрмет

 

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында құрылысшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, сала мамандарын құттықтады, еңселі еңбегімен дараланған үздіктерді марапаттады.

Алаштың анасы атанған елдің бүгінгі даму қарқыны өзгелерге үлгі боларлық деңгейде. Қайнаған тіршіліктің тамыр соғысын облыста жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарынан-ақ аңғаруға болады.
Мерекелік рәсімде алдымен Құрылысшылар күніне арналған бейнекөрініс жұртшылық назарына ұсынылды. Онда Қызылорда облысындағы құрылыс қарқыны жөнінде ақпарат берілді. Сырбойылық құрыш қолды құрылысшылардың нәтижелі еңбектері, аймақтың жетістіктері айтылды. Алақайлап айтуға тиіспіз, Сырдың елі соңғы жылдары құрылыс жөнінен республикада алдыңғы лектің қатарынан көрінуде. Биылдың өзінде 30 әлеуметтік нысан құрылысы жүріп, оның 8-і пайдалануға берілген. Аймақта апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі келер жылы толығымен шешілгелі тұр. Айталық, қазіргі таңда мұндай санаттағы 12 мектептің кірпіші қалануда, биыл бұлардың 5-і пайдалануға берілсе, келер жылы қалғанының есігі айқара ашылады. Сондай-ақ, Сырдың елі сүйіншілейтін жаңалықтардың төресі – Қызылорда облысы көпқабатты тұрғын үй тұрғызудан облыс тарихында болмаған көрсеткіштерге қол жеткізді. Былтыр 54 көпқабатты үйде қоныс тойы тойланса, биыл бұл көрсеткіш 80-ге жеткелі тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2015 жылы Алматы қаласында 51 үй пайдалануға берілген.
Мерекелік шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, құрылысшылардың қай кезде де құрметке лайық екендігін айтты.
Аймақта көпқабатты үйлер ғана емес, жеке тұрғын үйлер құрылысы ерекше серпінмен жүруде десек, қателеспейміз. Өйткені, облыс тұрғындарының саны артып келеді, осыған орай бас шаһардың аумағы да ұлғаюда. Жуырда, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қызылорданың солтүстік шығысынан 6600 адамға жер телімі берілді. 980 гектар аумаққа орналасқан «Бәйтерек» шағын ауданының инженерлік ифрақұрылымын дайындау үшін 10 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. «Ел үкіметі жеке тұрғын үйлердің инфрақұрылымы үшін 29 млрд теңге бөлсе, оның 9,1 млрд теңгесі біздің облыс еншісіне тиді. Бұл – құрылыс саласында жүрген жауапты мамандардың ерен еңбегінің нәтижесі», - деді аймақ басшысы.
Дарияның төсіндегі Сыр шаһары жыл өткен сайын шырайланып келеді. Өзеннің оң жағалауы игерілсе, сәулетіміз бен дәулетіміз одан сайын асқақтай бермек. Тиісті жердің инженерлік инфрақұрылымы үшін қажетті 174 млрд теңге жуық арада «Азия даму» банкінен бөлінеді деп күтілуде. Сол жағалаумен байланыстыратын көпір құрылысы биыл біткелі тұр. Яғни, сырбойылықтар құрылысы қарқынды Қызылорданың алар асуы алда деп біледі, ел болашағына нық сеніммен қарайды.
Мерекелік шарада бір топ құрылысшыға облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» табыс етілді. Сондай-ақ, мереке иелері Ұлттық экономика министрлігіне қарасты салалық комитеттің марапатын иеленді. Шара соңы естелік суретке түсумен, мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: «Хабар» арнасы Сыр өңірі туралы көрсетілім әзірлеуде

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық «Хабар» Агенттігінің» тапсырысымен «Арша» студиясының түсіру топтары («Экспедиция 25» және «Большие Города») Қызылорда облысына келді.   
Түсіру тобы 5-11 тамыз аралығында арнайы бағдарламаға сәйкес Қызылорда облысының бірақатар әлеуметтік, тарихи-мәдени, индустриялық, құрылыс нысандарында болуды жоспарлаған. 5-6 тамыз күндері облыстық өлкетану музейін, «Сыр сүлейлері», «ҚР Тұңғыш Президент саябағы» тағы басқа қаланың көрікті жерлерін, «Арай-Аквапарк» демалыс кешенін және өндірістік орындарын түсірді. Келесі күндері Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов ауылын және басқа аудандардағы көрікті орындарды, түрлі өндістік нысандарды аралап, «Экспедиция 25» және «Большие Города» ақпараттық турына түсірілім жүргізді. 
Аталған түсірілімдер алдағы уақытта республикалық «Хабар», «24kz» телеарналарының арнайы бағдарламаларынан көрсетіледі.

           Тәуелсіздікке 25 жыл: Алтын адам Сыр елінде

 

Қазақ елін әлемге әйгілі еткен, тұтас бір дәуір мәдениетінің айнасы болған «Алтын адам» Сыр елінде. 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен көмкерілген құнды жәдігерді тамашалауға сырбойылықтар ағылып келуде. Алтын адамның жанынан табылған күміс ыдыстардағы жазулар сан ғасырлар бұрын қазақ даласында жазу-сызу дәстүрінің бар болғандығын айшықтайды. Сондай-ақ патшалық арнайы мөр де қазақ халқының құжатнамалық, заңдық айналымын, жалпы мемлекеттілік тұрғысында ұйысуының жарқын дәлелі. Көркемсурет залына жиналғандар тарих мақтанышы, баға жетпес мұра жайлы құнды мағлұматтарға қанықты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мәдени тур бүкіл республика аумағын аралап шықпақ.   
Пердехан Мұсырманқұл, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері: - Алтын адам – тек өнер туындысы ғана емес, сақ заманының өмірінен хабар беретін бірден-бір дерек. Алтын адам жәдігері Тәуелсіздік символы болғандықтан, бұл тек Астана мен Алматыдағы үлкен музейлерде ғана емес, еліміздің бүкіл халқы, жұрты көретін ел байлығы болғандықтан, өңірлерді аралауды жалғастырудамыз.

 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада 40 автобус пайдалануға берілді

 

Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында экологоиялық таза газбен жүретін жаңа үлкен сыйымдылықтағы 40 автобус жолға шықты. 
Бұл автобустар «Еуропалық қайта құру және даму» Банкімен жасалған келісім арқылы алынып отыр. Былтырдан бері 30 автобус №1 және 18 бағыт бойынша қала тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Ал тағы жаңа 40 автобус № 14, 17, 18 бағытта жолаушылар тасымалдайды. Қыркүйек айында тағы 42 автобус жеткізіледі деп жоспарлануда. 
Барлық автобустар газбен жүреді, GPS, бейнебақылау камералары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мініп-түсуге арналған аппарельмен жабдықталған. Олар 78 жолаушыға дейін тасымалдай алады (32 орындық). Көлік жүргізушілері мен кондукторлар арнайы дайындықтан өткен. Жаңа автобустардың іске қосылуымен 160 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 
Қазір арнайы белгіленген аймақта сыйымдылығы 200 автобусқа арналған автобус паркінің құрылысы жүргізілуде. Автобус паркінде көлік жөндеу, жуу цехы мен GPS арқылы барлық автобустардың бағытын бақылап отыратын орталық болады. 
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды жаңа автобустардың іске қосылуымен құттықтады.  
- Көптеген жылдар бойы халықты әбігерге салған осы қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында біз 2014 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жанынан «Қызылорда Автобус паркін» құрып, «Еуропалық қайта құру және даму» Банкімен бірлесіп жұмыс жасадық. Соның нәтижесінде банкпен 21 млн АҚШ долларына несие берілді. Бүгін қызылордалықтар үшін айрықша күн, салтанатты сәт! Қала халқының көптен күткен қуанышы орындалып, су жаңа үлкен сыйымдылықтағы заманауи автобустар ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр, - деді облыс әкімі.
Шараға Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман арнайы келіп қатысып, автобус жүргізушілеріне кілттерді табыстады. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Жол бойында құрылыс жанданды

 

Қызылорда қаласы мен барлық ауданның арасын жалғастырып жатқан жолдың бойында заманауи талаптарға сай келетін 33 сервистік қызмет көрсету нысанын іске қосу жоспарланған.
Қазіргі таңда жалпы құны 3 млрд. 307 млн. теңге болатын 12 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 105 тұрақты жұмыс орны ашылды. 
Халықаралық автожол арқылы облыстың үстінен күніне шамамен 500 ауыр жүк көлігі өтсе, биыл оның саны 800-ге жетпек. Көлік дәлізіндегі автокөліктер ағынының бұлай артуы өңірде шағын және орта бизнестің өрістеуіне серпін береді. Бұған қоса, облыс халқының 93 пайызы осы күре жолдың бойында қоныс тепкен.
Жолдың бойынан биыл жалпы құны 1 млрд. 372 млн. теңге болатын 5 нысанның құрылысы жүруде. 2017 жылы жалпы құны 2 млрд. 460 млн. теңге болатын 12 нысанның құрылысын салу жоспарлануда.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда облысындағы шалғай ауылда «Тәуелсіздік аллеясы» ашылды

 

Ел Егемендігінің 25 жылдығына орай, Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент елді мекенінде «Астана-Бәйтерек» монументінің шағын көшірмесі салынды.
Елорданың айшықты нышаны іспетті нысанның мұндағы биіктігі – 13,5 метр. Ширек ғасырлық мерейтойға арналып «Тәуелсіздік аллеясы» ашылып, орталық көшелер абаттандырылды. 
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында №168 Исатай Әбдікәрімов атындағы орта мектеп пен Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Ерлер жейдесі: Қызылордада жасалған!

 

«Димаш» ерлер киімі дүкенінен заман талабына сай, кез келген жас иесіне арналған сәнді ерлер киімдерін табуға болады. Дүкен иесі Ділмұхамед Абызов бұған дейін киімдерді сырттан алдыртып келген болатын. Кейін ойлана келе өзімізде ерлер жейдесін тігуді қолға алды. Тың саланы енгізу үшін түркиялық мамандарды шақыртқан. Бүгінде фабрикада 30-ға жуық адам жұмыс жасауда. 
Жұмыс процесі оңай емес. Жейденің жаға, жеңін бұрыштап, қырлап әзірлеудің өзі арнайы бір технологиямен жасалуда. Тігін фабрикасының өнімдері әзірге ел нарығына шығарылады, кәсіпкер болашақта Ресейден бастап алыс-жақын шет елдерге де экспорттауды жоспарлауда. Бұл ретте кәсіпкерлер палатасы оны қолдауға әзір.
-Тапсырыс берушілердің бірнеше мүмкіндігі бар: тұтынушылар қоймадағы дайын өнімдерді ала алады немесе өздері ұсынған үлгі негізінде тіктіре алады. Мұнан өзге, өнім бағасы тұтынушылар үшін қолжетімді, өзге шетелдік өнімдерге қарағанда анағұрлым төмен. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аралда қайырымдылық акциясы өтті

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Аралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Жүрек нұры – жан жылуы" атты акция концерт өтті.
Шараны аудандық мәдениет үйі мен "Жастар ресурстар орталығы" аудандық бөлімі ұйымдастырды. Концерттің негізгі мақсаты – қамқорлық пен қолдауға мұқтаж Сүгірбаева Камилла мен Шапикова Аяулымға қолдау көрсету болатын.
Концерт түрлі жанрдан қамтылған, жас өнерпаздардың өнерімен барша қауымды тәнті етті. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған кеш жиналған көптің ерекше көңілінен шықты. Әрі қарай концерт орталық демалыс саябағында жалғасын тапты.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сырға серпін берген жобалар

 

Өңірде индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Осы күні құны 387,7 млрд теңгені құрайтын 50 жоба іске асырылып жатыр. Жобалар толыққанды іске қосылғанда 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Елдегі ілкімді істердің басы-қасында жүретін БАҚ өкілдері инудстриалды-инновациялық даму басқармасының үйымдастыруымен баспасөз турында болып қайтты.

Арман Аймахан "Жан Арай Жем” серіктестігінде оператор болып қызмет істейді. Құрама жем өндіру жобасын іске асырып жатқан мекеменің барлық құрылғылары компьютермен басқарылатындықтан мұнда оператордың маңызы зор. Ғылымның дамыған заманында ол кәсіпорынның әрбір өнімінің сапалы шығарылуына атсалысады.

–Кәсіпорын ашылғалы бері осында еңбек етіп келемін. Екі қызым бар. Отбасымның игілігі жолында адал еңбекпен нан тауып жүрмін. Балаларым жас. Өзіміз де жас отбасы қатарындамыз. Жаңақорғаннан келгенбіз, әзірге пәтер жалдап тұрамыз. Осы жұмыстан еңбектеніп, өз баспанамды да көтеремін, – дейді А.Аймахан.

Мұнда Арман тәрізді алдына мақсат қойған 110 азамат жұмыс істейді. Өңірлік индустриаландыру картасына 2011 жылы енгізілген бұл жоба толық қолданысқа берілгенде ұзын саны 250 азаматты тұрақты жұмысқа қабылдамақ. Бастапқыда 280 миллион теңгені құраған жоба жан-жақты дамытылып, ауқымы кеңейіп, 375,9 млн теңге болып бағаланған. Құрама жемнен бөлек, күріш ақтау зауыты, құс фермасы да осы кешеннің құрамына кіреді.

–Агрокешен 10 гектар аумаққа орналасқан. Бұл күнде нысанның 6 гектары толық игерілді. Біз Қызылорда облысынан ғана емес, басқа да алыс жерлерден тұрақты жұмыс істеймін деген азаматтарды жұмыспен қамтимыз. Сондықтан мекеменің өз жатақханасын салудамыз. Ал біраз уақыт бұрын әкелгенін 10 мың қаз-үйрек көлге жіберілді, – дейді серіктестік директоры Мұрат Айменов.

Құрылысы қарқынды дамыған аймақтағы маңызды жобалардың бірі – үй құрылысы комбинатын салу. Аталған нысанды "РМЗ-Шапағат” ЖШС оңтүстік өнеркәсіптік аймақта орналастырған. Үш гектар көлемді алып жатқан нысан бұл күнде темір-бетон бұйымдарын шығару үстінде. Қуаттылығы жылына 35 мың шаршы метр. Мекеме "Өнімділік – 2020” бағдарламасы аясында "Қазақстанның даму банкі” АҚ еншілес кәсіпорны "БРК-Лизинг” АҚ-ның лизингтік қаржыландыруы арқылы германиялық жаңа технологияларға қол жеткізген. Келісімшарт бойынша 5 пайыздық үстемемен 2021 жылға дейін қаржыны қайтаратын болады.

Тәй-тәйлап қадам басқан шағын зауыттың құрылысы барысында 52 адам жұмыспен қамтылса, бұл күнде мұнда еңбек етіп, нәпақасын айырып отырған 68 азамат бар. Солардың бірі – Сейілбек Бәйменов. Ол оператор қызметін атқарады.

–Мұнда менің міндетім – мына бетон құятын аппаратты басқару. Құйылған бетон 12 сағат кебеді де, қолданысқа даяр болып шығады. Күніге 40 бетон құямыз. Оның да екі түрлі өлшемі болады. Бірінің ұзындығы 6 метр, екіншісінікі – 3,5 метр. 8 жылдан бері "РМЗ-Шапағат” мекемесінде жұмыс істеймін. Енді осы жаңа нысанда тер төгу бұйырыпты, – дейді С.Бәйменов.

Сыр елінің серпінді жобаларының бірі – құрылысын «Orda Glass Ltd» ЖШС жүргізіп келетін шыны зауыты. Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан 50 гектар жер телімі бөлінген болатын. Бұл күнде құрылыс жұмыстары қарқынды. Облыс экономикасын арттырып, өңірдің әл-ауқатын жақсартып, талай жаңа жұмыс беретін нысанның құрылысы 75 пайыз дайын. Жылына 197100 тонна табақша шыны шығарады деп күтіліп отырған зауыттың құрылыс жұмыстарына 200 адам жұмылдырылған.

Осы күнде 2,5 млрд теңгенің жұмысы атқарылды. Біртіндеп тапсырыс берген құрылғыларымыз келіп жатыр. Нысанды 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында пайдалануға береміз деген мақсат бар, – дейді «Orda Glass Ltd» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Қанат Мұнатаев.

Сырдарияның жағасындағы Сыр елінің бас қаласы, Алаштың алғашқы астанасы дамудың даңғыл жолында. Күн санап көркейіп келе жатқан аймақтың мұндай жобалар арқылы әлеуметтік-экономикалық жағдайы нығаймақ. Демек, мұндай тың жобалар әлі де бой көтерері анық.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда облысында арал өңірі балықшыларының ІІ слеті өтті

Үстіміздегі жылғы 9 шілдеде Арал ауданы Қамбаш көлінің жағасында дәстүрлі Арал өңірі балықшыларының ІІ слеті өтті. 
Балықшылардың биылғы слеті Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Екі күнге созылған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы саласындағы комитеті, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты және республиканың өзге де аймақтарынан делегация келіп қатысты. 
Слеттің бірінші күнінде «Балық шаруашылығының өткені мен бүгіні және келешегі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Сонымен қатар, айтыскер ақын, жыршы Б.Тәңірбергеновті еске алуға арналған «Аралдың табанынан су кетсе де, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» атты жыршылар фестивалі ұйымдастырылды.
Слеттің екінші күнінде балық шаруашылығы тарихының жәдігерлері мен балық өнімдерінің көрмесі болды. Шараға арнайы келіп қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, слет қатысушыларын марапаттап, жылы лебізін жеткізді.
- Елбасының бастамасымен Арал өңірі үшін өмірлік маңызы бар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші бөлігінің жүзеге асырылуы нәтижесінде Арал өңірінің балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды. Балық шаруашылығы одан әрі дамып, жаңа белестерге шығатына толық сенімдіміз. Өйткені, елдің тілегін Елбасы қолдауда! Күннің суығы мен ыстығына қарамай осы саласының дамуына үлес қосып жүрген жерлестеріміздің еңбегіне құрмет көрсету – біз үшін үлкен абырой, -  деді облыс әкімі. 
Аймақ басшысы сала озаттары мен ардагерлеріне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің төсбелгілері мен облыс әкімінің алғыс хаттарын және облыс әкімдігінің Құрмет грамоталарын тапсырды. 
Мұнан соң облыс әкімі Арал қаяз балығын сырғалап суға жіберу рәсіміне қатысты. Шара соңы белгілі эстрада әншілерінің қатысуымен гала-концертке ұласты.
Соңғы жылдары аймақтың балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. 2016 жылға облысқа бөлінген балық аулау лимиті (балықтың 14 түрі бойынша) 7883 тоннаны құраса, оның 7106 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде. 
Балықтың аулау көлемі 400 тоннадан 8000 тоннаға дейін ұлғайды. Қазір облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні балық өнімдері Еуропа мемлекеттеріне экспортталуда.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада 6 мың 600 азаматқа жер телімі табысталды

Қызылорда қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 6 мың 600 азаматқа жер телімі берілді. Ол үшін Қызылорда-Жезқазған тасжолының бойынан 980 гектар жер бөлінген.  

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Астана күніне орайластырылған мерекелік шараға орай осы  жаңа қонысқа 25 киіз үй тігілді. Қазақ күресі, қол күрес, арқан тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Екі жүзден астам мүжәлсіз отбасы қайырымдылық акциясы аясында тегін азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жер иелерін қуаныштарымен құттықтады. 

- Бүгін халықтың көкейтесті мәселелерінің бірі шешімін тауып, үлкен қуанышқа бөленіп тұрмыз. Биылғы жылы қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық бюджеттерден, Ұлттық қордан қыруар қаражат бөлінді. Осындай ауқымды жұмыстың арқасында Қызылорда қаласында бүгіннен бастап «Бәйтерек» атты жаңа мөлтек аудан дүниеге келді. Қызылорда қаласында жерге кезекте тұрған 49 мың тұрғынның бір мезетте 6 мың 600-не жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін табыстау аймақ, қала тарихында бұрын-соңды болған емес! Республика бойынша мұндай ірі көлемде толық инженерлік-инфрақұрылымымен тұрғын үй үшін жер телімдерін табыстап отырған бірден бір аймақ - Қызылорда облысы. Бұл - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының және бірлігі жарасқан, дархан пейілді, еңбекқор Сыр халқының зор жетістігі, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында 2004 жылдан бері ешқандай жер телімі берілмеген. Өйткені ҚР Жер кодексіне сәйкес (44-бап, 5-3 тармақ) жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беру су және электр желілерімен қамтамасыз етілген алаңдар дайын болған жағдайда табысталатындығы атап көрсетілген. Сондықтан пайдалануға беріліп жатқан жер телімдері заң талаптарына сай қажетті инфрақұрылыммен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. 

2013 жылы Қызылорда-Жезқазған тасжолының бойынан жаңа шағын ауданға 980 гектар жер бөлінген болатын. Ал биыл осы жобаға 9,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданған. Қысқа дейін бұл қаржыға 75 шақырым жол төселіп, 353,1 шақырым су құбыры, 112 шақырым газ құбыры мен 152 шақырым электр желісі тартылмақ және подстанция салынады. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған 49 мыңнан астам тұрғынның саны едәуір азайғалы тұр. 

 «Бәйтерек» деп аталатын жаңа мөлтек ауданда 36 мыңға жуық халық тұратын болады. Бұл жерде 1 диагностикалық орталық, 260 төсектік 1 аурухана мен ауысымына 100 келушіге арналған балалар және әйелдерге кеңес беру емханасы, ауысымына 200 адам қабылдай алатын 1 емхана, 280 орындық төрт балабақша және 900 орындық 5 мектеп бой көтереді. Сондай-ақ, жаңа мөлтек ауданда стадион, мешіт пен мәдениет үйі, демалыс саябақ құрылысын жүргізу жоспарланған. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада 60 жас отбасы баспаналы болды

Астана күні қарсаңында Қызылордада жаңадан салынған 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Титов мөлтек ауданынан бой көтерген жаңа үйдің кілтін табыстау рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. 

- Халықты баспанамен қамту мәселесі мемлекет үшін қашан да басым бағыттың бірі. Облыста мемлекет қаржысы есебінен салынған тұрғын үй көлемі 3,5 есеге, Қызылорда қаласындағы тұрғын үй құрылысы – 8 есеге өсті, пәтерге кезекке тұрғандар саны 17%-ға азайды. Соңғы үш жылда Қызылорда облысында 8901 пәтер салынып, тапсырылса, 2015 жылы облыс орталығында аумағы 190 мың шаршы метр 2684 пәтерлі, көпқабатты 52  үй салынды. Бұл – жылдар бойы жеке баспана күткен, асыл армандарына жетіп, қоныс тойын тойлаған отбасының саны, - деді облыс әкімі. 

Жаңа 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 2014 жылы басталған. Жоба құны – 457 млн. теңге. 

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасында көзделген талаптарға сәйкес келетін қызылордалық 60 жас отбасы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 4 пайыздық жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен алып отыр.

Аймақта биыл да былтырғыдан кем емес көлемде құрылыс жүреді. 

Нақтырақ айтсақ, мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылы тұрғын үй құрылысына қосымша 360 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде алдағы екі жылда республикада 29 400 жаңа пәтер пайдалануға берілуі тиіс.

Аталмыш тапсырма аясында Қызылорда облысында жалпы саны 4 мыңнан астам пәтер болатын 70 көпқабатты тұрғын үй салынуы жоспарланған. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Жаңақорғанда күйшілердің облыстық байқауы өтті

Жаңақорғанда белгілі күйші Әлшекей Бектібайұлының шығармашылығына арналған "Әуезді күйдің құдіреті" атты облыстық күйшілер конкурсы өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдеге жаңақорғандық Сымбат Әбдуахап ие болса, І орынды тағы бір жаңақорғандық күйші Гүлжазира Кембілова иеленді. ІІ орынды жаңақорғандық Нұрберген Ахметжанұлы мен сырдариялық Олжас Дүйсенбаев иеленсе, ІІІ орынды қармақшылық Аққалиев Берік пен қызылордалық Әшімхан Нұрғали иеленді.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Біздің күшіміз бірлікте!» атты акция өтті

«Нұр Отан» партиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы әріптестік қарым қатынастарды нығайтып, өзара ықпалдастықты арттыру жөнінде екіжақты меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі таңда аталған меморандум аясында аймақтық партия филиалдары да ассамблеяның жергілікті жердегі хатшылығымен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеп, елдегі татулық пен тұрақтылықты нығайтуға арналған жұмыстарды жүзеге асыруда.

Бүгін жоспарға сәйкес «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық  мекемесі  бірлесіп,  «Біздің күшіміз бірлікте!» атты акция өткізді, - деп хабарлады партия сайты.

Акцияға жасотандықтармен бірге облыстағы түрлі этономәдени орталықтардың  белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысып, қаймақтай ұйыған өңірдегі ынтымақ пен бірлікті тағы бір паш етті.

Шара барысында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Абылайхан Сабанбаев сөз алып, бүгінде әлемнің көптеген  елдерінде болып жатқан ішкі тұрақсыздықпен саяси ахуалға тоқталды. Сондай-ақ жастар көшбасшысы  еліміздегі ауызбіршілік пен халықтар достығының маңыздылығын атап өтіп, берекенің бастауы - бірлік пен қоғамдық келісімді қалыптастырудың өзегі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының  елдегі бірліктің  қозғаушы күшіне айналғандығын тілге тиек етті.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Даму-көмек» бағдарламасы аясында демеушілік көмек көрсетілді

Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша демеушілік көмек көрсетілді. Қолдауға үш мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер ие болды. 

Шиелі ауданының тұрғыны Асылбек Смайлов 2000 жылы жол көлігі апатына ұшырап, аяғымен жүруден қалған. Асылбектің жұбайы да екінші топ мүгедегі және олар бірге екі қызды тәрбиелеп отыр. Мүмкіндігінің шектеулігіне  қарамастан, Асылбек Смайлов туған кентінде өз бизнесін бастап, жастардың және мүгедек азаматтардың сүйікті демалыс орнына айналған компьютерлік клубтың жұмысын жүргізуде. Кәсіпкердің сөзінше жаздың ыстық күндерінде клуб тұтынушылары тарапынан салқын сусын мен балмұздаққа тапсырыс көп түседі, алайда аталған саудамен айналысуға мұздатқыш қажет. Асылбектің ол мұздатқышты сатып алуға қаражаты жеткіліксіз болғандықтан, "Даму-Көмек" бағдарламасы бойынша  өтініш жазды. Асылбек Смайловтың өтінішіне табысты кәсіпкер Мырзабай Шалхумбаев құлақ асып, аз уақыттың ішінде оған мұздатқыш сатып алуына кеткен қаражатты өтеп берді. 

Сондай-ақ, бағдарлама аясында Бидакүл Байманова (2 топ мүгедегі) және ВалентинаҚалменоваға (1 топ мүгедегі) көмек көрсетілді. Олардың жалғыз табыс көзі болған мүгедектік зейнетақы бүгінде дәрі-дәрмек шығынын да өтей алмауда. Денсаулықтары сыр бергенге дейін екі азаматша да тігін цехтарында жұмыс жасаған және бүгінде көршілері мен туыстарынан тапсырыс түссе түрлі бұйымдар тігумен айналысып келеді. Жүрегі жұмсақ кәсіпкерлер Мырзабай Шалхумбаев пен Руслан Сәрсенбаевтың демеушілік көмек көрсетуі арқасында мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер өз құрылғыларын жаңартуға мүмкіндік алды. Оларға көпфункциалы жаңа тігін машиналары табысталды. 

Даму Қоры«Даму-Көмек» бағдарламасы асяында демеуші ретінде қолдау көрсеткен Мырзабай Шалхумбаев пен Руслан Сәрсенбаевқа зор алғыс білдіреді.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылордада облыстық малшылар слеті өтті

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық қарсаңына орай үстіміздегі жылдың 28-29 мамыры күні облыс әкімінің қолдауымен Жаңақорған ауданы, Үсен бауы тау шатқалында дәстүрлі екінші облыстық малшылар слеті өткізілді.

Бұл дәстүрлі іс-шараға ҚР АШМ-нен, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан, республикалық мүйізді ірі қара палаталарынан, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары, ҚР ауыл шаруашылық саласы кәсіподағы қоғамдық бірлестігі, көршілес Қарағанды, Жамбыл, Шымкент, Ақтөбе облыстарының делегаттары және мал шаруашылығы ҒЗИ, мемлекеттік емес органдар өкілдері, облыс әкімінің салалық орынбасарлары мен аудан әкімдері, тиісті басқармалар және облыстық ғылыми-өндірістік, агроқұрылым басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

Семинардың бірінші күні (28 мамыр) Жаңақорған кентінің мәдениет үйінде «Мал шаруашылығын датыту» тақырыбында ғылыми практикалық семинар өткізілді. Семинарда ҚР АШМ-нің өкілі «Мемлекеттің мал шаруашылығын дамытудағы саясаты», тақырыбында баяндама жасады. Одан бөлек  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары «Ауыл шаруашылығы жануарларының инфекциялық ауруларының алдын алу және емдеу», «Ет бағытындағы МІҚ малын азықтандырудың баланстық жүйесін ендіру» және «Қызылорда облысында қазақтың ақбас сиыры тұқымының өнімдерін жаңа биотехнологиялық тәсілдермен дамыту» тақырыбында хабарламалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық малшылар слетінің негізгі мақсаты облыстағы мал шаруашылығы бойынша жеткен жетістіктерімізді, мал шаруашылығының дамуын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқына жариялап, осы саладағы тынбай еңбек етіп жүрген озат тұлғаларды марапаттау болып табылады.

Осыған байланысты слеттің екінші күні (29 мамыр) Облыс әкімі үздік малшыларды марапаттады. Марапаттау 10 номинация бойынша берілді.

Марапаттау барысында бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Одан соң, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық наградасы «Еңбек ардагері» медалімен 1 адам, «Ауыл шашаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен 3 адам, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің «Құрмет грамотасымен» 6 адам, және ҚР Ауыл шаруашылығы саласы кәсіподағы қоғамдық бірлестігі арқылы «Еңбек ардагері» медалімен 1 адам, І дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен 3 адам наградталды.

Малшылар қауымының құрметіне концерттік бағдарламалар, бұқаралық-мәдени шаралар, сонымен бірге ұлттық спорттық ойындар тамашаланды. 

Бұдан өзге облыс көлемінде мал шаруашылығы саласында жеткен жетістіктерді насихаттайтын асыл тұқымды малдардың және ауыл шаруашылығындағы  жаңа технологиялармен, жайылымдық жерлерді суландыруға арналған техникалар көрмесі ұйымдастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Сенің еңбегің – сенің ертеңің» облыстық еңбек маусымының ашылу салтанаты
 
2016 жылғы 28 мамырда қалалық мәдениет және демалыс паркінде облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының бірлесіп ұйымдастыруымен 2016 жылғы еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті.
«Жас құрылысшылар» еңбек жасағы 2014 жылдан бастап қайта жасақталып, қазіргі таңға дейін 900-ге жуық жасты әлеуметтік құрылыс нысандарында жұмыспен қамтыған. 150-ге жуық жас тұрақты жұмысқа орналасқан.
«Жасыл ел» еңбек жасағы өңірімізде 2005 жылдан бастап көркейту - көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына атсалысып келеді.  2016 жылға дейін 8000-ға жуық жас қаламызды көркейту жұмыстарына тартылды.
Ал, «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағы облыс көлемінде 16 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Жасақтың басты мақсаты жазғы тынығу лагерлерінде балалардың уақытын қызықты, әрі тиімді өткізуіне ықпал ету және тәлімгерлік қызметтер атқару болып табылады.
«Сенің еңбегің – сенің ертеңің» атты облыстық еңбек маусымының ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы қатысып, 2016 жылғы еңбек маусымына «Жас құрылысшылар», «Жасыл ел», «Ұлағат ұландары» жасақтарына жолдама тапсырылды.Шара соңы мерекелік ән-шашуға ұласты. 

Тәуелсіздікке 25 жыл: Үздік жас ғалымдар анықталды

Өткен жұмада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры облыстың колледж студенттері мен лицей, орта мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында өткізген ІІІ облыстық «Үздік жас ғалым» байқауын қорытындылады.Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған жас ғалымдар байқауы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында өтті.Дода барысында қатысушылардың тақырыпты қаншалықты терең зерттеп, оны меңгергендігі анық байқалды. Қорғалған жұмыстар мазмұнының ашылуы, ғылыми жаңалығы және дереккөзінің құндылығына қарай әділ бағаланды. Үздіктерді қазылар алқасының мүшелері тарихшы-ғалымдар Дастан Сәтбай, Сәкен Серікбаев және әдебиетші-ғалым Н.Нұрмаханов анықтады. Байқау қорытындысында І орынды әдебиет саласы бойынша М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің оқушысы Жанерке Дүйсенова, тарих саласы бойынша Қармақшы ауданынан келген Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің оқушысы Данияр Рахымжанов иеленіп, «Үздік жас ғалым» атанды. Алдағы уақытта үздік мақалалар жинаққа еніп, Тәуелсіздік күні қарсаңында жеке кітап болып жарыққа шықпақ. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: 25 жыл отасқан 8 отбасы сайысқа түсіп, бақтарын сынады

Қызылордада «Отбасы – тәрбие ұясы» атты отбасылардың облыстық байқауы өтті. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен байқауға өңіріміздің барлық аудандары мен Қызылорда қаласынан шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толған 8 отбасы қатысып бақтарын сынады. 

Шара шымылдығын ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев «Байқаудың негізі мақсаты Тәуелсіздік жылдарындағы отбасы жетістігін насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және отбасын нығайту мен дәстүрлерді сақтау, мемлекеттілігімізді дамыту екенін» атап өтіп, барлық қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі. 

Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Жалағаш ауданынан келген Жанашевтар отбасы иеленсе, 2 орын «Теміржол» партия филиалы атынан қатысқан Исабековтер отбасына және 3 орын Шиелі ауданынан келген Арыстанбековтер жанұясына бұйырды. Қалған қатысушылар да арнайы номинацияларға ие болды. Мәселен, Аралдық спортты жанына серік еткен Махамбетовтер отбасы «Салауатты отбасы» номинациясымен, Қармақшылық Айдаровтар «Жарасымды жанұя», Сырдариялық Төлебаевтар жанұясы «Шағармашыл отбасы», Қызылордалық Батырбековтер «Жаңашыл отбасы» және Жаңақорған ауданынан келген Асылбековтер жанұясы «Көрермендер көзайы» деген номинацияны иеленді. Байқауға қатысқан барлық отбасыларға партия атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазалыда ардагерлер өнер көрсетті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ардагерлерден құралған «Атамұра» ансамблі Қазалы аудандық мәдениет орталығында көпшілікке концерттік бағдарламасын ұсынды, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.Әрбір үйдің тамырын тереңге жайған бәйтерегі, ақылман ата-әжелері болып отырған жандар ән мен жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жастары жетпіс-сексенге келсе де түрлі аспапта ойнап, мың бұрала би биледі. Ардагерлер ансамблінің концертіне арнайы қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов зейнеткерлікке шықса да, қоғамдық шаралардан қол үзбей, көпке үлгі болып жүрген ардагерлерге шынайы алғысын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.Айта кетейік, ансамбль мүшелеріне аудан басшысының тікелей қолдауымен Астана қаласындағы «Сән мен сахна» агенттегі арқылы сахналық киімдер тіктіріліп, Наурыз мерекесінде тарту етілген болатын. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Қызылорда автобус паркі жаңа көліктермен толықты

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Ұлы Жеңіс күні Қызылордада 10 жаңа автобус пайдалануға берілді. Бұл көліктер №18 бағытта халыққа қызмет көрсетеді. 

Жалпы, биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы Қызылордаға 92 жаңа автобус келеді. Қоғамдық көліктердің ендігі қалғаны жақын арада жеткізілетін болады. 

Соңғы үлгідегі жаңа қоғамдық көліктер сұранысқа сай. Іші кең әрі жайлы. Сыйымдылығы 78 адамды тасымалдауға дейін жетеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдай жасалған.

Бұл облыс әкімдігі мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Еуропалық қайта құру және даму» банкі арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асып отыр. 

Автобустардың барлығы кешенді техникалық тексеруден өткен. Облыс орталығындағы жолдарда жүруге өте ыңғайлы. Айта кетейік, автобус экологиялық таза отын, газбен жүреді. Ол үшін арнайы газ құю бекеті салынды. Жолаушыларға қызмет көрсетушілер бірыңғай киім киеді. Бастысы, қызмет көрсетушілердің мәдениеттілігі ескерілген. Сондай-ақ, автобустарға GPS орнатылып, арақашықтықтың сақталуы қатаң бақыланады. Жаңа қоғамдық көліктердің барлығында бейнекамера бар. 

Бүгінде облыс орталығында 31 бағытта 700-ден астам қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Жаңа автобустар кіші сыйымдылықтағы көліктердің санын азайтып, қоғамдық транспорт мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс

4 мамыр күні, сағат 11.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасында Ұлы Жеңістің 71 жылдығына «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты оқырмандарды елжандылыққа. отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отан үшін жан қиған, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға арнайы шақырылған  соғыс ардагері Сатыбалдиев Әбдрәуік, тыл ардагерлері Исабаев Ереже, Елемесов Дастанбек ел басына күн туған отты жылдарды еске түсіріп, сұрапыл соғыстың отанымызға қаншама қасірет алып келгенін, бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқанын айтып, халықтың басты міндеті елдің бірлігін және тыныштығын сақтап қалу туралы әңгімеледі. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Ермағанбетова Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесімен құттықтады.

Іс-шараны өткізуге белсенді атсалысқан №268 орта мектептің оқушылары А.Мұхамедиярова, Б.Базарбек, Н.Шорабек «Әлия», «Жүрегім қазақ», «Катюша» әндерін орындады. №7 орта мектептің оқушылары Д.Дахарбеков, И.Нұрлан, А.Қыпшақбай, Ә.Зәкирия, Ә.Оспан соғыс тақырыбына жазылған өлеңдерді нақышына келтіре оқыды. Іс-шараға №235, Сырдария ауданындағы №147 орта мектептердің мұғалімдері мен оқушылары, Құрылыс және бизнес колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара аясында «Ер есімі – ел есінде мәңгілік» атты кітап көрмесі жасалып, оған соғыс тарихынан сыр шертетін кітаптар мен фотоальбомдар, газет-журнал материалдары мен суреттер қойылды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Ақтөбеде Қызылорда облысының күндері өтті

 http://madeniet.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/styles/medium/public/34.jpg?itok=gmz6WZPd

Мамыр айының 3-4 күндері Ақтөбе облысында Т.Ахтанов атындағы драма театрында Қызылорда облысының күндері аясында сыр елінің өнер жұлдыздарының концерті болып өтті. Аталмыш мәдени шарада Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев және Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлықтар табыс етті. Концертік бағдарлама «Тұрмағамбет» халық аспаптар оркестірінің орындауындағы М.Сыдықовтың «Батыр баба» күйіне ұласты. Сондай-ақ сыр топырағының жыраулық өнер мектептерінің өкілдері Р.Ахметов, М.Сәрсенбаева, Ш.Бимбетова, Ә.Мақсатбаевтар жыр термелерін арнаса, эстрада жарық жұлдыздары Н.Тілеулесова, Р.Үсенов, Н.Нұрадинова, О.Нұралиев жергілікті композиторлардың әндерін орындады. Классикалық өнер шеберлері С.Байсейтова, Ж.Жүсіпов әуелете әнсалса, «Томирис» би ансамблі мың бұралып би биледі. Сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген әртісі Қ.Ақдәулетованың шәкірттері балалар блогы өз өнерлерін тарту етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Бірлік - достықтың киелі бесігі

«БІРЛІК – ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕСІГІ» ІС-ШАРАСЫ

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында «Бірлік - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Шара барысында Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері биленді. Әр ұлттың тағамдарын әзірлеп, көпшілікке ұсынды. Мағыналы тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

Кеш соңында шараға қатысушылар естелік суретке түсті.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Диуани хикмет»

http://madeniet.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/styles/medium/public/izobrazhenie_012.jpg?itok=I7aS_VH1

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, ЮНЕСКО шешімімен 2016 жыл атақты сопы, философ, ғұлама ғалым, ақын «Қожа Ахмет Иассауи жылы» деп жариялануына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 19 сәуір күні  Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» кітабы бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

Оқырмандар конференциясына Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Айтбаева Айман  Ералықызы, «Болашақ» университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тайманова Сара Сыздыққызы, филология ғылымдарының кандидаты Медетбаев Тасболат және «Ақмешіт –Сырдария» мешітінің өкілі Әбжанов Нұрлан қатысты.

Қатысушылар Қожа Ахмет Иассауи – тіліміз бен дініміздің және түркі мұсылмандығының қалыптасуында үлкен із қалдырғанына, шығармашылығына, сопылық ілімі туралы және «Диуани хикмет» кітабының басты мақсаты: адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынас, адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналғанын жастарға кеңінен таныстырды.

Кітапты «Болашақ» университетінің студенттері жан-жақты талдады және Қожа Ахмет Иассауиге арналған арнау өлеңдерін оқыды.

«Өнегеңмен ұлысың ұлы баба» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Дін және тарих тағылымы» танымдық шарасы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялағаны белгілі.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің тапсырмасына сәйкес, облысқа қарасты Жалағаш ауданында танымдық шара өтті, деп хабарлады облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Танымдық шараның мақсаты – аталған тұлғалардың Ислам дінінің өркен жаюында қосқан үлесі мен оқытушы-ұстаздардың діни-ағартушылық қызметін тереңнен таныту болды. Шараға орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев бастаған имамдар және аудан имамдары мен зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Шара өз деңгейінде ұйымдастырылып, қатысушылар алғыстарын жеткізді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялағаны белгілі.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің тапсырмасына сәйкес, облысқа қарасты Жалағаш ауданында танымдық шара өтті, деп хабарлады облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Танымдық шараның мақсаты – аталған тұлғалардың Ислам дінінің өркен жаюында қосқан үлесі мен оқытушы-ұстаздардың діни-ағартушылық қызметін тереңнен таныту болды. Шараға орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев бастаған имамдар және аудан имамдары мен зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Шара өз деңгейінде ұйымдастырылып, қатысушылар алғыстарын жеткізді. 


Тәуелсіздікке 25 жыл: Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы

2016  жылғы 8 сәуірде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XVIII облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған  аудандары мен Қызылорда қаласы, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орталығы  бойынша 16-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты.

Талапкерлер байқауда О. Бөкейдің шығармашылығымен қоса, басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез-келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқыды.

Байқауға қатысушыларды Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редактор-жүргізушісі, ақын Қ. Есімсейітова бастаған қазылар алқасы бағалады.

Сарапшылар  үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың көркем  мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша Жаңақорған ауданы, №224 орта мектептің  10-сынып оқушысы Тілекова Хамида І орынды, Қазалы ауданы, №249 мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы Аманкелді Гүлбаршын ІІ орынды, Қызылорда қаласы, №189 орта мектептің 10-сынып оқушысы Қызылбай Берікбол ІІІ орынды иеленді.

Ал, Шиелі ауданы, № 219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әбдікамалова Көркем, Жалағаш аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығының» инспекторы Бисенбай Әйгерім, «Жас Өркен» колледжінің 1 курс студенті Малдыбаева Айжан басқарманың ынталандыру сыйлықтарына ие болса, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалының  ынталандыру сыйлықтарына Қызылорда медициналық колледжінің 1 курс студенті Бақтыбай Мейіржан, Арал ауданы, № 62 орта мектептің 10-сынып оқушысы Нұрланова Айсәуле, Қызылорда қаласы, № 43 орта мектептің 9-сынып оқушысы Әлайдар Аружан ие болды.   


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Ашық есік» күндері

 Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай апталық  өтті

1-7 сәуір аралығында Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай апталық жарияланып,  облыстық, қалалық, аудандық емдеу ұйымдарында   «Ашық есік» күндері өткізілді.  Емханаларға қаралуға облыс бойынша    2700 –дей тұрғын келген.

Облыс көлеміндегі мектептердегі оқушылар арасында «Денсаулық –Тәуелсіз елдің тірегі», «Мен жұқпалы аурулардан сақтана аламын!» тақырыбында шаралар ұйымдастырылып,  барлығы 8117 баланы қамтыды.

«Денсаулық – Тәуелсіз елдің тірегі!» ұранымен  медициналық бригада жасақталып, еңбек ұжымдарында көшпелі медициналық қызмет көрсетілді.

Қалалық, аудандық мектептерде «Тіс тазалау ережелерін білесің бе?» атты тринингтер және дәрістер өткізілді.   

Апталықтың соңғы күні Орталық алаңда жалпы қала тұрғындары, жастар, қарттар мен балалар арасында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, «медициналық қалашық» медициналық көмек көрсетті.

 Акция соңы жастардың мерекелік концертіне жалғасты.


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Мәңгілік Ел» пойызы

http://kasipkerlik.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/styles/medium/public/cop_0.jpg?itok=b4NB1U5C

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» пойызы жалпы республикалық акциясы аясында  Қызылорда қаласына мәдениет және спорт қайраткерлері, министрліктердің жетекші мамандары, медицина қызметкерлері және қаржы институттарының өкілдерінен құралған бір топ делегация келді.

«Мәңгілік Ел» пойызы жалпы республикалық акциясының басты мақсаты – қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы тұғырнамасына байланысты, Елбасының бейбітшілік пен келісім саясаты төңірегіне қазақстандықтарды біріктіру.

Делегацияның құрамындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер  палатасы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» өкілдері Кәсіпкерлер үйінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Сонымен бірге, делегация мүшелері кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы ойларымен бөлісіп, қазіргі таңда толғандырып жүрген мәселелерін қозғап, қала тұрғындары қойылған сұрақтарына тиісті, толыққанды жауап алды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Азат елдің ақ таңы

http://madeniet.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/styles/medium/public/21_0.jpg?itok=-fMwrONI

21 ақпан күні сағат 19.00-де Қазалы аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Азат елдің ақ таңы» атты Қызылорда облыстық филармониясы әртістерінің концерті болып өтті. Аталмыш концертте ҚР мәдениет қайраткері Ү. Медеуова, Р. Үсенов, Б. Кәкім, Д. Есентеміровтер ән шырқаса, дәстүрлі өнердің жалғасы М.Сүгірбай, Б.Қарғабаевтар терме-жырларымен аудан халқын сусындатты. Сондай-ақ «Томирис» би ансамблі мың бұралған биімен концерт көркін аша түссе, әзіл әлемінің актеры С.Төлепов көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Замана бұлбұлы

http://madeniet.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/styles/medium/public/191.jpg?itok=zXb_f9QV

19 ақпан күні сағат 18.00-де облыстық филармония концерт залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ш.Тілеулесовтің «Замана бұлбұлы» атты отбасылық концерті болып өтті. Шығармашылық кеште дәстүрлі өнердің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан Ш.Тілеулесов репертуарындағы халық әндерін және Жаяу Мұсаның, Исаның әндерін көрерменге тарту етті. Сондай-ақ дәстүрлі өнерге баулып келе жатқан шәкірттері Б.Қарғабаев, М.Сүгірбай және Ж.Төлебайлар терме-жырдан шашу шашты. Аталмыш кеште Ш.Тілеулесовтің өмірлік жары «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Гүлжан Нұржанова және балалары – А.Тілеулесов, Н.Тілеулесова, А.Тілеулесовалар әсем әндерін орындап, көрермен көзайымына айналды.


Тәуелсіздікке 25 жыл: Азат елдің ақ таңы

http://madeniet.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/styles/medium/public/16_3.jpg?itok=x7OjvM8Q

16 ақпан күні Тараз қаласының Ж.Баласағұн атындағы Жамбыл облыстық филармониясында  Қызылорда облыстық филармониясы әртістерінің ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Азат елдің ақ таңы» атты концерті болып өтті. Концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, ҚР еңбек сіңірген әртісі К.Қалымбетова, ҚР мәдениет қайраткері Ү.Медеуова және Сыр елінің эстрада жұлдыздары Б.Молдабергенов, Н.Нұрадинова, О.Нұралиев, Н.Тілеулесова, Р.Үсенов, Э.Қалхожаева, «Тұран» триосы әннен шашу шашса, Сыр сүлейлерінің жалғасы М.Сәрсенбаева, Б.Төлеубаев, Б.Қарғабаев терме-жырларын тарту етті. Сонымен қатар «Томирис» би ансамблінің мың бұралған биші қыздары Тараз халқына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.  


Тәуелсіздікке 25 жыл: «Тәуелсіздік –Мәңгілік ел мұраты»

http://madeniet.e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/styles/medium/public/bezymyannyy_2.jpg?itok=_9K5Kw_4

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара 2016 жылдың 27 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік - Мәңгілік ел мұраты» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» атты кітап көрмесі тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларын насихаттауға бағытталған. Бұл көрмеде Қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихынан бастап қазіргі заман тарихына дейінгі әдебиеттер қамтылған. Төрт бөлімнен тұратын кітап көрмесіне 600-ден аса кітаптар қойылды.

Кітап көрменің ашылу салтанатына кітапхананың қорынан 1500 кітаптан Қазақстан картасы және кітап инсталляциясы жасалды.

Мерекелік шараны Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары М.Р.Абуова сөз сөйлеп ашты. Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының кандидаты М.Аңсатова, «Жас Отан» жастар қанатының бөлім басшысы Т.Тілесов, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ұлттық мәдени орталық өкілдері, жастар және оқырмандар қатысты.

Шара барысында жас ақындар «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.

Қатысушыларға «Ұлы Дала дүбірі» атты деректі фильм және виртуалды  кітап көрмесі ұсынылды, «Тәуелсіз Қазақстан» залына экскурсия жасалды.

Шара соңында жастардың қатысуымен «Тәуелсіздік – тілегім» атты дөнгелек стол ұйымдастырылды.

Құрылған күні: 12-05-2016 09:59
Жаңартылған күні: 20-12-2016 11:07

Сұрақ қою

Error message

  • Notice: Undefined index: #node_edit_form in i18n_menu_overview_form_alter() (line 13 of /var/www/sites/all/modules/i18n_menu_overview/i18n_menu_overview.menu_settings.inc).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика