ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 
2018 жылдың маусым айындағы қаржы
нарығының жағдайы туралы
 
Банк секторы 
2018 жылдың 1 шілдедегі Қызылорда облысы аумағында 12 екінші деңгейлі банктердің филиалдары, 1 Қазпошта АҚ филиалы, 11 микроқаржы ұйымдары, 5 уәкілетті ұйымдары  қызмет атқарды. 
Айырбас пункттердің жалпы саны 64, оның 44-і екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 11 – Қазпошта АҚ айырбас пункттері және 9 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.
Банктегі депозиттер
2018 жылдың 1 шілде деңгейіне облыстағы депозиттер көлемі 123,5 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 31,9 млрд. теңгеге дейін өсті (+87,7%), жеке тұлғалалардың депозиттері 91,6 млрд. теңгеге өсті (+17,6%). 
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 25,2%-ға өсіп, 77,6 млрд. теңгені құраса, шетел валютасында 39,5%-ға өсіп, 45,9 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 62,8%-ды құрады. 
2018 жылдың маусым айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 9%, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1,8% құрады.
Банктердің экономикаға несиесі
2018 жылдың 1 шілде деңгейіне банктердің экономиканы несиелеу көлемі 176,4 млрд. теңгені құрады (2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға өскен). 
Кредиттеудің өсуі негізінен жеке тұлғаларға берілген несиелердің 16,1%- ға 144,1 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы есебінен болды, заңды тұлғалардың несиелеу 10,2%-ға 32,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 42,9%-ға артып, 14,0 млрд. теңгені, ұзақ мерзімді несиелерді 13,1%- ға 162,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты.
Валюталық құрылымда ұлттық валютадағы несиенің өсуі жалғасуда (15,2%-ға 170,9 млрд.теңгеге дейін), ал шетел валютасындағы несиелер азаюда (10%-ға 5,5 млрд.теңгеге дейін). Нәтижесінде, теңгедегі депозиттер көлемінің үлесі 96,9%-ды құрады.
Кіші кәсіпкерлікке берілген несиелер бойынша нақты қарыз 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға 21,8 млрд.теңгеге дейін өсіп, жалпы қарыздан үлес салмағы – 12,4%-ды құрады.
2018 жылдың қантар - маусым айларында берілген несиелер көлемі 84,5 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,7%-ға өскен.
2018 жылдың маусым айында ипотекалық несиелер көлемі жыл басымен салыстырғанда 1,7 есе өсті және 563 млн. теңгені құрады (2017 жылдың маусымында - 954 млн. теңге, яғни 41% төмендеді). 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында берілген несиелер көлемі 2,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға көп. Ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 7,4%-дан 9,9%-ға дейін өсті.
2018 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша ипотекалық несиелер бойынша негізгі қарыз 16,9 млрд. теңгеден 18,2 млрд. теңгеге дейін, яғни 7,3% -ға өсті.
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 9,6 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы қарыздың тек 5,4%-ы.
2018 жылдың мамырында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 16,8%-ды (2017 жылдың маусымында – 16,7%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 14,5%-ды (14,6%) құрады. 
Валюта нарығы
2018 жылдың 6 айында АҚШ долларын сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 46989,3/30474,4 мың USD құрады. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 1,9%-ға төмендеген, ал сатып алу көлемі 1,8%-ға өскен. 
2018 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша USD сату/сатып алудың орташа бағамы 328,87/325,46 теңгені құрады (2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (319,64/316,73 теңге). 
Европалық валютаны сату көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,8%-ға азайды (2641,6 мың.евроға дейін), сатып алудың жалпы көлемі 45,7%-ға (879,1 мың.евроға дейін) азайды. Евроны орташа сату/сатып алу бағамы 397,18/393,97 теңгені (2017 жылдың сәйкес кезеңінде 346,99/343,42 теңге) құрады. 
Есепті кезеңде ресей рублін сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 15,3%/91,2%-ға артты (сәйкесінше 324436,0/596015,9 мың.рублге дейін) және қытай юанын сату көлемі 41,1%-ға (176,7 мың.юанға дейін), сатып алу көлемі 41,6%-ға артты (137,9 мың.юанға дейін). 
Төлем карточкалары 
2018 жылдың 1 шілде деңгейінде 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 12,7%-ға артып, 494,0 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 15,8%-ға өсіп, саны 562,7 мың бірлікті құрады.
Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны 1722 (-4%)  бірлік, банкоматтар 241 (-23%) бірлік, банктік киоскілер/төлем терминалдары 524 (+9,9%). Төлемге карточка қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 856 (-1,4%). 
2018 жылдың маусым айында Қызылорда облысы аумағында төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген қолма қол ақша беру операциялары 765,7 мың транзакцияға жетіп, жалпы сомасы 38939,7 млн. теңгені құрады (18,8%-ға және 28,4%-ға артқан).
Төлем карточкаларын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2449,2 млн. теңге сомасына 175,5 мың транзакцияны құрады (тиісінше 44,7% және 29,2% ұлғайды).
Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
+7(724) 255 15 22
+7(724) 255 15 23

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 
2018 жылдың мамыр айындағы қаржы нарығының жағдайы туралы
Банк секторы 
2018 жылдың 1 маусымдағы Қызылорда облысы аумағында 12 екінші деңгейлі банктердің филиалдары, 1 Қазпошта АҚ филиалы, 11 микроқаржы ұйымдары, 5 уәкілетті ұйымдары  қызмет атқаруда. 
Айырбас пункттердің жалпы саны 63, оның 43-і екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 11 – Қазпошта АҚ айырбас пункттері және 9 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.
Банктегі депозиттер
2018 жылдың 1 маусым деңгейіне облыстағы депозиттер көлемі 117,9 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 27,6 млрд. теңгеге дейін өсті (+7,6%), жеке тұлғалалардың депозиттері 90,3 млрд. теңгеге өсті (+19%). 
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 5,1%-ға өсіп, 75,7 млрд. теңгені құраса, шетел валютасында 43%-ға өсіп, 42,1 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 64,2%-ды құрады. 
2018 жылдың сәуір айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 9,3%, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1,9% құрады.
Банктердің экономикаға несиесі
2018 жылдың 1 маусым деңгейіне банктердің экономиканы несиелеу көлемі 174,3 млрд. теңгені құрады (2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға өскен). 
Кредиттеудің өсуі негізінен жеке тұлғаларға берілген несиелердің 17,3%- ға 141,6 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы есебінен болды, заңды тұлғалардың несиелеу 9,5%-ға 32,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 44,4%-ға артып, 14,3 млрд. теңгені, ұзақ мерзімді несиелерді 13,8%-дан 160,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты.
Валюталық құрылымда ұлттық валютадағы несиенің өсуі жалғасуда (16,6%-ға 169,6 млрд.теңгеге дейін), ал шетел валютасындағы несиелер азаюда (9,1%-ға 4,7 млрд.теңгеге дейін). Нәтижесінде, теңгедегі депозиттер көлемінің үлесі 97,3%-ды құрады.
Кіші кәсіпкерлікке берілген несиелер бойынша нақты қарыз 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға 23,4 млрд.теңгеге дейін өсіп, жалпы қарыздан үлес салмағы – 13,4%-ды құрады.
2018 жылдың мамыр айында берілген несиелер көлемі 15,9 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9%-ға өскен
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 9,4 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы қарыздың тек 5,4%-ы.
2018 жылдың мамырында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 17,1%-ды (2017 жылдың сәуірінде – 17,1%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 14,1%-ды (14,0%) құрады. 
Валюта нарығы
2018 жылдың 5 айында АҚШ долларын сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 37174,0/24563,1 мың USD құрады. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 0,6%-ға өскен, ал сатып алу көлемі 3,8%-ға төмендеген. 
2018 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша USD сату/сатып алудың орташа бағамы 326,65/323,32 теңгені құрады (2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (319,14/316,38 теңге). 
Европалық валютаны сату көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,7%-ға азайды (2228,3 мың.евроға дейін), сатып алудың жалпы көлемі 48,3%-ға (769,0 мың.евроға дейін) азайды. Евроны орташа сату/сатып алу бағамы 397,80/394,50 теңгені (2017 жылдың сәйкес кезеңінде 345,09/342,20 теңге) құрады. 
Есепті кезеңде ресей рублін сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 17,6%/82,2%-ға артты (сәйкесінше 267659,2/476765,8 мың.рублге дейін) және қытай юанын сату көлемі 26,2%-ға (140,2 мың.юанға дейін), сатып алу көлемі 35,4%-ға артты (120,1 мың.юанға дейін). 
Төлем карточкалары 
2018 жылдың 1 маусым деңгейінде 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 13,3%-ға артып, 492,7 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 15,1%-ға өсіп, саны 552,9 мың бірлікті құрады.
Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны 1654 (-6,7%)  бірлік, банкоматтар 305 (-2,2%) бірлік, банктік киоскілер/төлем терминалдары 506 (+6,3%). Төлемге карточка қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 735 (-14,6%). 
2018 жылдың мамыр айында Қызылорда облысы аумағында төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген қолма қол ақша беру операциялары 709,2 мың транзакцияға жетіп, жалпы сомасы 33347,0 млн. теңгені құрады (15%-ға және 27,9%-ға артқан).
Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
+7(724) 255 15 22
+7(724) 255 15 23

2018 жылдың 1 наурыз деңгейіндегі облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы  мәліметтер жүктеу...240 КБ


Баспасөз РЕЛИЗі

2018 жылдың сәуір айындағы қаржы

нарығының жағдайы туралы

Банк секторы 
2018 жылдың 1 мамырындағы Қызылорда облысы аумағында 12 екінші деңгейлі банктердің филиалдары, 1 Қазпошта АҚ филиалы, 11 микроқаржы ұйымдары, 5 уәкілетті ұйымдары қызмет атқаруда. 
Айырбас пункттердің жалпы саны 63, оның 43-і екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 11 – Қазпошта АҚ айырбас пункттері және 9 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.
Банктегі депозиттер
2018 жылдың 1 мамыр деңгейіне облыстағы депозиттер көлемі 116,5 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 27,2 млрд. теңгеге дейін өсті (+79,8%), жеке тұлғалалардың депозиттері 89,3 млрд. теңгеге өсті (+18,1%). 
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 19,2%-ға өсіп, 73,3 млрд. теңгені құраса, шетел валютасында 47,7%-ға өсіп, 43,2 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 62,9%-ды құрады. 
2018 жылдың сәуір айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 9,3%, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1,8% құрады.
Банктердің экономикаға несиесі
2018 жылдың 1 мамыр деңгейіне банктердің экономиканы несиелеу көлемі 172,4 млрд. теңгені құрады (2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға өскен). 2018 жылдың 2 тоқсанында берілген несиелер көлемі 14,8 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 млрд.теңгеге немесе 22,7%-ға өскен.
Валюталық құрылымда ұлттық валютадағы несиенің өсуі жалғасуда (16,5%-ға 167,9 млрд.теңгеге дейін), ал шетел валютасындағы несиелер азаюда (15,3%-ға 4,5 млрд.теңгеге дейін). Нәтижесінде, теңгедегі депозиттер көлемінің үлесі 97,4%-ды құрады.
Кіші кәсіпкерлікке берілген несиелер бойынша нақты қарыз 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға 26,3 млрд.теңгеге дейін өсіп, жалпы қарыздан үлес салмағы – 15,3%-ды құрады.
2018 жылдың 1 мамыр деңгейіне несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 9,3 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы қарыздың тек 5,4%-ы.
2018 жылдың сәуірінде берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 17,8%-ды (2017 жылдың сәуірінде – 17,1%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 14,1%-ды (15,5%) құрады. 
Валюта нарығы
2018 жылдың 4 айында АҚШ долларын сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 29866,7/18853,2 мың USD құрады. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 6,9%-ға өскен, ал сатып алу көлемі 10,2%-ға төмендеген. 
2018 жылдың 4 ай қорытындысы бойынша USD сату/сатып алудың орташа бағамы 325,91/322,23 теңгені құрады (2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (320,14/317,11 теңге). 
Европалық валютаны сату көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,6%-ға азайса (215,4 мың.евроға дейін), ал сатып алудың жалпы көлемі 1,3%-ға (527,3 мың.евроға дейін) өскен. Евроны орташа сату/сатып алу бағамы 399,93/396,32 теңгені (2017 жылдың сәйкес кезеңінде 338,48/344,71 теңге) құрады. 
Есепті кезеңде ресей рублін сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 17,2%/76,8%-ға артты және қытай юанын сату көлемі 35,4%-ға, сатып алу көлемі 27,2%-ға артты. 
Төлем карточкалары 
2018 жылдың 1 мамыр деңгейінде 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 13,1%-ға артып, 488,3 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 15,3%-ға өсіп, саны 550,4 мың бірлікті құрады.
 
Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
+7(724) 255 15 22
+7(724) 255 15 23

Баспасөз РЕЛИЗі

2018 жылдың наурыз айындағы қаржы нарығының жағдайы туралы

 

Банк секторы 
2018 жылдың 1 сәуіріндегі Қызылорда облысы аумағында 12 екінші деңгейлі банктердің филиалдары, 1 Қазпошта АҚ филиалы, 11 микроқаржы ұйымдары қызмет атқаруда. Айырбас пункттердің жалпы саны 63, оның 43-і екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 11 – Қазпошта АҚ айырбас пункттері және 9 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.
Банктегі депозиттер
2018 жылдың 1 сәуірі деңгейіне облыстағы депозиттер көлемі 114,7 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 28,1 млрд. теңгеге дейін азайса (-11,6%), жеке тұлғалалардың депозиттері 88,4 млрд. теңгеге өсті(+18,9%). 
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 1,4%-ға азайып, 73,7 млрд. теңгені құраса, ал шетел валютасында 39,9%-ға артып, 40,9 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 64,3%-ды құрады. 
2018 жылдың наурыз айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 9,3%, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1,9% құрады.
Банктердің экономикаға несиесі
2018 жылдың 1 сәуір деңгейіне банктердің экономиканы несиелеу көлемі 169,2 млрд. теңгені құрады (2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға өскен). 2018 жылдың 1 тоқсанында берілген несиелер көлемі 15,0 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 млрд.теңгеге немесе 29,1%-ға өскен.
Валюталық құрылымда ұлттық валютадағы несиенің өсуі жалғасуда (16,4%-ға 164,5 млрд.теңгеге дейін), ал шетел валютасындағы несиелер азаюда (13,8%-ға 4,6 млрд.теңгеге дейін). Нәтижесінде, теңгедегі депозиттер көлемінің үлесі 97,2%-ды құрады.
Кіші кәсіпкерлікке берілген несиелер бойынша нақты қарыз жыл басынан 3,7%-ға 23,4 млрд.теңгеге дейін өсіп, жалпы қарыздан үлес салмағы – 13,8%-ды құрады.
2018 жылдың 1 сәуір деңгейіне несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 9,3 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы қарыздың тек 5,7%-ы.
2018 жылдың наурызында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 17,5%-ды (2017 жылдың наурызында – 17,0%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 14,5%-ды (15,5%) құрады. 
Валюта нарығы
2018 жылдың 3 айында АҚШ долларын сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 20648,9/13136,6 мың USD құрады. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 0,6%-ға , сатып алу көлемі 18,6%-ға төмендеген. 
2018 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша USD сату/сатып алудың орташа бағамы 325,26/321,75 теңгені құрады (2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (322,25/319,00 теңге). 
Европалық валютаны сату көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,2%-ға азайса (1150,8 мың.евроға дейін), ал сатып алудың жалпы көлемі 3,2%-ға (407,9 мың.евроға дейін) өскен. Евроны орташа сату/сатып алу бағамы 398,53/395,46 теңгені (2017 жылдың сәйкес кезеңінде 346,82/340,69 теңге) құрады. 
Есепті кезеңде ресей рублін сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 18,6%/59,2%-ға артты және қытай юанын сату көлемі 32,8%-ға, сатып алу көлемі 41,8%-ға артты.
Төлем карточкалары 
2018 жылдың 1 сәуір деңгейінде 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 12,6%-ға артып, 484,7 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 14,2%-ға өсіп, саны 544,3 мың бірлікті құрады.
Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
+7(724) 255 15 22
+7(724) 255 15 23

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 
2018 жылдың ақпан айындағы қаржы
нарығының жағдайы туралы
Банк секторы 
2018 жылдың 1 наурызына Қызылорда облысы аумағында екінші деңгейлі банктердің 13 филиалы, 1 Қазпошта АҚ филиалы қызмет атқаруда. Айырбас пункттердің жалпы саны 63, оның 43-і екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 11 – Қазпошта АҚ айырбас пункттері және 9 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.
Банктегі депозиттер
2018 жылдың 1 наурыз деңгейіне облыстағы депозиттер көлемі 116,8 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артты. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 23,4%-ға артып, 72,5 млрд. теңгені құраса, ал шетел валютасы 11,5%-ға артып, 44,2 млрд. теңгені құрады. 
Заңды тұлғалардың депозиттері 16,9%-ға артып, 28,1 млрд. теңгені құрады. 
Тұрғындардың депозиттері 19,2%-ға артып, 88,6 млрд. теңгені құрады. Бұл негізінен теңге бөлігінің 62,5 млрд. теңгені құрап, 28,2%-ға артуынан болды. (депозиттердің жалпы сомасынан тұрғындардың депозиттерінің үлесі 70,6%). 
Жеке тұлғалардың салымдарының құрылымында шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 34,4%-дан 29,4%-ға төмендеді.
2018 жылдың ақпан айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 9,3%, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1,9% құрады.
Банктердің экономикаға несиесі
2018 жылдың ақпан айында банктердің экономиканы несиелеу көлемі 21,3%-ға өсіп, 11,3 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде заңды тұлғалардың несиелері 8,3%-ға өсіп 2,4 млрд.теңгені құраса, жеке тұлғалар бойынша 25,3%-ға өсіп 8,9 млрд.теңгені құрады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға берілген несиелер көлемі 65,8%-ға артып, 1,8 млрд. теңгені құрады (жалпы экономикаға несиенің 16%-ы).
Тұтыну мақсатына берілген несиелердің өсуі жалғасуда. Халыққа тұтыну мақсатына берілген несиелер 2018 жылдың ақпан айында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  21,4%-ға 8,0 млрд. теңгеге дейін өскен. 
2018 жылдың 1 наурыз деңгейіне берілген несиелер бойынша нақты қарыз 166,6 млрд. теңгені (2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға өскен) құрады. Оның құрылымында ұзақ мерзімді несиелер 14,6%-ға 155,7 млрд.теңгеге дейін, ал қысқамерзімді несиелер 17,5%-ға 10,9 млрд.теңгеге дейін өсті.
2018 жылдың 1 наурыз деңгейіне несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 9,8 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы қарыздың тек 5,9%-ы.
2018 жылдың ақпанында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 18,5%-ды (2017 жылдың ақпанында – 17,5%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 14,6%-ды (15,8%) құрады. Тұтыну мақсатына берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 20,7% құрады (2017ж. Ақпанда – 18,6%).
Валюта нарығы
2018 жылдың қаңтар-ақпанында USD сату/сатып алудың орташа бағамы 326,60/323,41 теңгені құрады (2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (324,38/320,76 теңге). 
2018 жылдың ақпан айының соңына АҚШ долларына қатысты теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ долларына 318,68 теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен (28.02.2017ж.) салыстырғанда 2,0%-ға бекіді.
2018 жылдың қаңтар-ақпан айында АҚШ долларын сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 14302,5/8039,7 мың USD құрады. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 0,1%-ға өсіп отыр, ал сатып алу көлемі 30,9%-ға төмендеген. USD нетто-сатылымының көлемі 2,4 есеге өсіп, 6262,8 мың USD құрады.
2018 жылы 2 ай қортындысы бойынша АҚШ долларын орташа сату/сатып алу бағамы 326,60/323,41 теңгені құрады. (2017 жылдың сәйкес кезеңінде – 324,38/320,76 теңге). 2018 жылдың сәйкес кезеңімен (28.02.2017ж.) салыстырғанда АҚШ долларына қатысты теңгенің биржалық бағамы 2,0%-ға төмендеді және 318,68 теңгені құрады
Европалық валютаны сату/сатып алудың жалпы көлемі кезең ішінде 618,3 және 294,5 мың евроны құрады орташа сату/сатып алу бағамы 399,59/396,40 теңге. (2017 жылдың сәйкес кезеңінде 351,21/344,00 теңге). 2017 жылдың сәйкес кезеңімен (28.02.2017ж.) салыстырғанда евроға қатысты теңгенің биржалық бағамы 18,9%-ға төмендеді және 393,06 теңгені құрады. 
2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, евроны сату көлемі 54,0%-ға төмендеді, ал сатып алу 17,7% -ға өсті. EUR нетто-сатылымының көлемі 70,4%-ға төмендеп, 323,8 мың EUR құрады
Есепті кезеңде ресей рублін сату/сатыа алу көлемі сәйкесінше 18,9%-ға 95538,8 мың RUR және 45,6%-ға 154902,7 мың RUR дейін өсіп отыр. RUR нетто-сатып алу көлемі 2,3 есеге өсіп, 59363,9 мың RUR құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен (28.02.2017ж.) салыстырғанда ресей рубліне қатысты теңгенің биржалық бағамы 5,5%-ға төмендеді және 5,71 теңгені құрады. 
Қытай юанын сату көлемі 2,6%-ға 66,4 мың CNY өсіп, ал сатып алу көлемі 46,5%-ға 68,1 мың CNY дейін өсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен (28.02.2017ж.) салыстырғанда қытай юанына қатысты теңгенің биржалық бағамы 11,1%-ға төмендеп, бір қытай юанына 50,53 теңгені құрады.
Төлем карточкалары 
2018 жылдың 1 ақпан деңгейінде 2017 жылмен салыстырғанда Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 12%-ға артып, 477,2 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 12,8%-ға өсіп, саны 531,5 мың бірлікті құрады.
Төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлем бойынша транзакциялар саны 81,6%-ға өсіп, 143,1 мың транзакцияға жетті.
Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
+7(724) 255 15 22
+7(724) 255 15 23

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 
2018 жылдың қаңтар айындағы қаржы нарығының жағдайы туралы
Инфляция
Қазақстан Республикасының ҰЭМ статистика Комитетінің ресми деректеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қызылорда облысындағы тұтыну бағаларының индексі 106,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 6,5%-ға, азық – түлік емес тауарлары – 8,6%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтер тарифы – 4,2%-ға арзандады.
Банк секторы 
2018 жылдың 1 ақпанына Қызылорда облысы аумағында екінші деңгейлі банктердің 13 филиалы, 1 Қазпошта АҚ филиалы қызмет атқаруда. Айырбас пункттердің жалпы саны 63, оның 43-і екінші деңгейдегі банк филиалдарының айырбас пункттері, 11 – Қазпошта АҚ айырбас пункттері және 9 уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.
Депозит нарығы
2018 жылдың 1 ақпан деңгейіне облыстағы депозиттер көлемі 115,1 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға артты. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 0,2%-ға азайып, 68,6 млрд. теңгені құраса, ал шетел валютасы 1,0%-ға артып, 46,4 млрд. теңгені құрады. 
Заңды тұлғалардың депозиттері 31,9%-ға төмендеп, 27,8 млрд. теңгені құрады. 
Тұрғындардың депозиттері 18,1%-ға артып, 87,3 млн. теңгені құрап, теңге бөлігінің 60,7 млрд. теңгені құрап, 30,3%-ға артуына негізделген (депозиттердің жалпы сомасынан тұрғындардың депозиттерінің үлесі 69,5%). 
Жеке тұлғалардың салымдарының құрылымында шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 37%-дан 30,5%-ға төмендеді.
2018 жылдың қаңтар айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері 9,5%, шетел валютасындағы депозиттердікі 1,9% құрап отыр.
Несие нарығы
2018 жылдың қаңтар айында банктердің экономиканы несиелеу көлемі 31,2%-ға өсіп, 10,9 млрд. теңгені құрады. Ұлттық валютада несие беру 20,3-ға өсті, шетел валютасында 0,9 млрд. теңге көлемінде берілді. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға берілген несиелер көлемі 27,8%-ға кеміп, 1,2 млрд. теңгені құрады.
2018 жылдың 1 ақпаны деңгейіне берілген несиелер қарызы 166,9 млрд. теңгені (2017 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға өскен) құрады.
2018 жылдың 1 ақпаны деңгейіне несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 9,2 млрд. теңгені құрады, бұл жалпы қарыздың тек 5,5%.
2018 жылдың қаңтарында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері 17,9%-ды (2017 жылдың қаңтарында – 17,8%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша 15,0%-ды (2017 жылдың қаңтарында – 16,1%) құрады.
Валюта нарығы
2018 жылдың қаңтарында USD сату/сатып алудың орташа бағамы 327,84/325,12 теңгені құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (330,64/327,41 теңге) сәйкесінше 0,8% және 0,7%-ға бекігені байқалып отыр.
2018 жылдың қаңтар айының соңына АҚШ долларына қатысты теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ долларына 322,43 теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен (31.01.2017ж.) салыстырғанда 1,2%-ға бекіді.
2018 жылдың қаңтарында АҚШ долларын сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 8336,0/3954,9 мың USD құрады. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда USD сату көлемі 33,4%-ға өсіп отыр, ал сатып алу көлемі 13,4%-ға төмендеген. USD нетто-сатылымының көлемі 2,6 есеге өсіп, 4381,1 мың USD құрады.
Евроның сату көлемі бойынша есепті кезеңді 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біраз төмендеу байқалып отыр 3,2 есеге 273,6 мың EUR дейін, ал сатып алу көлемі бойынша 2 есеге 172,3 мың EUR дейін өсіп отыр. EUR нетто-сатылымының көлемі 7,8 есеге азайып, 101,3 мың EUR құрады.
Есепті кезеңде ресей рублін сату/сатып алу көлемі сәйкесінше 10,4%-ға 44975,5 мың RUR/44,6%-ға 72821,1 мың RUR дейін өсіп отыр. RUR нетто-сатып алу көлемі 2,9 есеге өсіп, 27845,6 мың RUR құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен (31.01.2017ж.) салыстырғанда ресей рубліне қатысты теңгенің биржалық бағамы 5,7%-ға төмендеп, 5,75 теңгені құрады. 
Қытай юанын сату көлемі 13,5%-ға 28,6 мың CNY өсіп, ал сатып алу көлемі 20,4%-ға 26,1 мың CNY дейін төмендеген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен (31.01.2017ж.) салыстырғанда қытай юанына қатысты теңгенің биржалық бағамы 7,3%-ға төмендеп, бір қытай юанына 50,92 теңгені құрады.
Төлем карточкалары 
2018 жылдың 1 ақпан деңгейінде 2017 жылмен салыстырғанда Қызылорда облысында төлем карточкаларын ұстаушылар саны 12%-ға артып, 477,2 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкалары 12,8%-ға өсіп, саны 531,5 мың бірлікті құрады.
Төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлем бойынша транзакциялар саны 81,6%-ға өсіп, 143,1 мың транзакцияға жетті.
Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
+7(724) 255 15 22
+7(724) 255 15 23

Баспасөз РЕЛИЗі

2017 жылдың қазан айындағы қаржы

нарығының жағдайы туралы

Инфляция

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес қарашадағы жылдық инфляция 7,3%-ды құрап, 2017 жылға 6-8%-ды құраған нысаналы дәліздің ортасында тұр.

Қызылорда облысы бойынша бұл көрсеткіш – 7,2%-ды құрады.

Қазақстан Республикасының ҰЭМ Статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша ағымдағы жылдың қараша айын, өткен аймен салыстырғанда Қызылорда облысындағы тұтыну бағаларының индексі 100,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 1,1%-ға, азық – түлік емес тауарлары – 1,0%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтер тарифы – 0,1%-ға қымбаттады.

Банк секторы

2017 жылдың 1 қараша деңгейіне Қызылорда облысы аумағында 12 екінші деңгейдегі банктің 13 филиалдары, 1 Қазпошта АҚ филиалы, 11 микроқаржы ұйымдары, қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізу қызметінің жалғыз түрі болып табылатын 5 заңды тұлғалар (әрі қарай – уәкілетті ұйымдар) қызмет атқарып келеді.

Қызылорда облысы аумағында 64 айырбас пункттері тіркелген, оның 43 – банктер филиалдары, 10 – «Қазпочта» АҚ Қызылорда ОФ және 11 – уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері тіркелген.

Депозит нарығы

2017 жылдың 1 қараша деңгейіндегі депозиттер көлемі облыс бойынша 101,1 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шетел валютасындағы депозиттер 17,4% – ға төмендеп 41,0 млрд. теңгені құрады, ал ұлттық валютадағы депозиттер 14,4% – ға артып 60,1 млрд. теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 40,2% – ға азайып 20,7 млрд. теңгені құрады.

Тұрғындардың депозиттерінің көлемі 19,0% өсіп, 80,4 млрд. теңгені құрап, теңге бөлігінің 37,2% – ға 52,2 млрд. теңгеге (үлесі 65%) дейін көбеюімен негізделген.

Жеке тұлғалардың салымдарының құрылымында шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 35,0% (2016 жылдың қазанында – 43,6%) құрады.

2017 жылдың қазанында ұлттық валютадағы депозиттер бойынша сыйақы мөлшері 9,6% – ды, шетел валютасында 2,2 % – ды құрады.

Несие нарығы

2017 жылдың 1 қараша деңгейіне экономиканы банктермен несиелеудің жалпы көлемі 164,2 млрд. теңгені құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы өсімі – 16,8%).

Несиелеудің өсуі жеке тұлғаларға берілген несиелердің көбеюімен байланысты болып, 20,5% – ға 135,3 млрд. теңгені құрады. Ал заңды тұлғаларға берілген несиелер 2% – ға 28,9 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың несиелерінің үлес салмағы 79,8% – дан 82,4% – ға дейін көбейді.

Валюта құрылымында ұлттық валютадағы несиелер өсуін жалғастырып келеді (18,8%-ға, 159,3 млрд. теңге), алайда шетел валютасы бойынша несиелеу қарқынының төмендегені байқалды (25,5%-ға, 4,9 млрд. теңге дейін). Нәтижесінде теңгедегі барлық несиелердің үлес салмағы 97,0% – ды құрады.

Есепті кезеңде ұзақ мерзімді несиелер бойынша негізгі қарыз 17,5% – ға (154,5 млрд. теңге дейін), қысқа мерзімді несиелер бойынша 5,5% – ға (9,7 млрд. теңгеге дейін) көбейгені байқалды. Сәйкесінше, ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы несиелеудегі қарыз қалдығының – 94,1% құрады.

Тұтыну мақсатына берілетін несиелер көлемі ұлғайып келеді: есепті кезеңде олар бойынша негізгі қарыз 23,6% – ға өсіп, 104,3 млрд. теңгені құрады.

Шағын кәсіпкерліктің банктер алдындағы негізгі қарыздары 10,8% – ға 22,5 млрд. теңгеге дейін төмендеді (жалпы қарыз сомасындағы ШК үлесі – 13,7%).

2017 жылдың 1 қарашасында несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 8,9 млрд. теңгені құрап, оның жалпы қарыз көлеміндегі үлесі – 5,4%-ды құрады. Мерзімі өткен қарыздардың басым бөлігі жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді несиелерінің үлесіне тиюде – 78,3% (6,9 млрд. теңге).

2017 жылдың қараша айында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері – 18,8% – ды (17,5%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер бойынша – 15,0% – ды (16,4%) құрады.

Валюта нарығы

2017 жылы 10 айда облыстың айырбас пункттерінде 102232,3/48291,3 мың АҚШ доллары сатылып/сатып алынды. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АҚШ долларының сату көлемі 16,5% өсіп, сатып алу көлемінің кері тенденциясы анықталады, яғни 45,5%-ға төмендеді.

2017 жылы 10 ай қортындысы бойынша АҚШ долларын орташа сату/сатып алу бағамы 328,30/322,87 теңгені құрады. (2016 жылдың сәйкес кезеңінде – 348,61/343,76 теңге).

Европалық валютаны сату/сатып алудың жалпы көлемі кезең ішінде 5172,6 және 2114,9 мың евроны құрады, орташа сату/сатып алу бағамы 361,52/355,35 теңге. (2016 жылдың сәйкес кезеңінде 385,06/377,95  теңге). 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, евроны сату көлемі 1,7 есе өсті, ал сатып алу – 23,0%-ға төмендеді.

2017 жылдың 10 айында ресей рублінің сату көлемі 10,3%-ға 526698,1 мың ресей рубліне өсті, сатып алу 21,8%-ға 588274,5 мың ресей рубліне азайды. 

Қытай юані операцияларында төмендеуге беталыс байқалады. Сату көлемі 27,7%-ға яғни 345,2 мың қытай юаніне төмендеді, ал сатып алу 39,7%-ға яғни, 199,8 мың қытай юаніне төмендеді.

Төлем карточкалары

2017 жылдың 1 қараша деңгейіне Қызылорда облысы бойынша төлем карточкаларын ұстаушылар саны 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға артып, 457,9 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкаларының саны 11,1%-ға артып 508,7 мың бірлікті құрады.

Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны 1723 (+14,3%) бірлік, банкоматтар 306 (+1,3%) бірлік, банктік киоскілер/төлем терминалдары 480 (+1,1%). Төлемге карточка қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 1141 (+52,1%).

2017 жылдың қазан айында төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген төлемдер көлемі  1834,0 млн. теңгені құрады (2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе артқан), ал қазан айындағы транзакциялар саны 2016 жылдың сәйкес осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көбейіп, 134,0 мың транзакцияны құрап отыр

2017 жылдың қазан айында Қызылорда облысы аумағында төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген қолма қол ақша беру операциялары 621,4 мың транзакцияға жетіп, жалпы сомасы 27277,3 млн. теңгені құрады.

                              Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+7(724) 226 11 35

+7(724) 255 15 22

+7(724) 255 15 23

e-mail: kuz_55@nationalbank.kz


 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 
2017 жылдың  қыркүйек айындағы қаржы нарығының жағдайы туралы
Инфляция
Қазақстан Республикасының ҰЭМ Статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес 2017 жылдың қыркүйек айында жылдық инфляция 7,1% құрады. Инфляция 2017 жылға жоспарланған 6-8% дәліз шегінде қалып отыр. 
Қызылорда бойынша бұл көрсеткіш - 7,2% құрады.
Қазақстан Республикасының ҰЭМ Статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес 2017 жылдың қыркүйек айында өткен айымен салыстырғанда Қызылорда облысындағы тұтыну бағаларының индексі 100,0%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға арзандады, азық – түлік емес тауарларының бағасы – 0,7%-ға қымбаттады. Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер бағасының индексі – 0,3%-ға төмендеді.
Банк секторы 
2017 жылдың 1 қазаны деңгейіне Қызылорда облысы аумағында 12 екінші деңгейдегі банктердің 13 филиалдары, 1 Қазпошта АҚ филиалы, 10 микро қаржы ұйымдары, 5 уәкілетті ұйымдар қызмет атқарып келеді.
Қызылорда облысы аумағында 55 айырбас пункттері тіркелген, оның 43 – уәкілетті банктер филиалдарының, 1 – «Қазпочта» АҚ Қызылорда ОФ және 11 – уәкілетті ұйымдардың айырбас пункттері.
Депозит нарығы
2017 жылдың 1 қазанына Қызылорда облысы бойынша жалпы депозиттер көлемі 103,4 млрд.теңгені құрады.
Жыл басынан бері, теңгедегі депозиттер көлемінің өсімі 63,7 млрд.теңгеге дейін 0,3 пайызға ұлғайса, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 19,6 пайызға 39,7 млрд.теңгеге дейін төмендеді. 
Жыл басынан жеке тұлғалар депозиттері 6,9 пайызға 79,8 млрд.теңгеге дейін өсті, бұл теңгедегі депозиттер көлемінің 12,7 пайызға 51,0 млрд.теңгеге дейін өсуімен негізделеді.
Заңды тұлғалар депозиттері 38,3 пайызға төмендеп 23,6 млрд.теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы депозиттердің өсуі долларландырудың қыркүйекте одан әрі 38,4 пайызға төмендеуіне ықпал етті.
Жеке тұлғалар салымдарының құрылымында шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 36,0%-ды (2016 жылғы қыркүйекте – 45,6%-ды), заңды тұлғалар бойынша 46,4%-ды (2016 жылғы қыркүйекте – 61,1%-ды) құрады.
Банктік салымдар бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі теңгедегі депозиттермен қолайлы болып қалуда. 
2017 жылдың қыркүйек айында депозиттер бойынша сыйақы мөлшері ұлттық валюта бойынша - 9,3% пайызды, шетел валютасында-2,2% пайызды құрады.
Несие нарығы
Банктердің кредиттік белсенділігі жандануын жалғастыруда. Жыл басынан бастап банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 162,8 млрд. теңгеге дейін 11,7%-ға ұлғайды.Теңгедегі кредиттер 157,8 млрд. теңгеге дейін 13,0%-ға, негізінен ұзақ мерзімді бөлік есебінен өсті, үлес салмағы 82,0%(пайызды) құрады. Шетел валютасымен кредиттер 5,1 млрд. теңгеге дейін 18,5%-ға қысқарды.
Берілген кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме қыркүйекте 17,4%-ға дейін, оның ішінде заңды тұлғаларға берілген теңгемен кредиттер бойынша – 14,0%-ға дейін төмендеген.
Салалық бөлікте құрылым іс жүзінде өзгермейді – кредиттердің ең көп көлемі саудаға, көлік және байланысқа, өнеркәсіпке тиесілі.
Сондай-ақ, тұтынушылық кредиттеудің өсіп келе жатқанын атап өту қажет. Халыққа тұтынушылық мақсатқа кредиттердің көлемі 2017 жылдың 1 қазанына 102,7 млрд. теңгеге дейін 18,9%-ға немесе 16,3 млрд. теңгеге ұлғайған. Ұлттық Банк аталған өсімге ерекше назар аударады, өйткені борыш бойынша қызмет көрсететін негізгі база - әлдеқайда баяу өсетін халықтың кірісі болып табылады.
Валюта нарығы
2017 жылы 9 айда облыс айырбас пунктері халқына 89,9 млн. АҚШ доллары сатылды, 42,5 млн. АҚШ доллары сатып алынды. Нарықтың шетел валютасы сегментінде 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АҚШ долларының сату көлемі 13,7%-ға өсуі, 49,2%-ға  сатып алу көлемінің кері тенденциясы анықталады.
2017 жылы 9 ай қорытындысы бойынша АҚШ долларын орташа сату/сатып алу бағамы 326,66/320,91 теңгені құрады. (2016 жылдың сәйкес кезеңінде – 350,22/344,47 теңге).
Европалық валютаны сату/сатып алудың жалпы көлемі кезең ішінде 4,8 мен 2,0 млн.  евроны құрады орташа сату/сатып алу бағамы 358,28/352,19  теңге (2016 жылдың сәйкес кезеңінде 387,41/378,53  теңге). 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, евроны сату көлемі 1,8 есе өсті, ал сатып алу – 25,3% -ға төмендеді.
2017 жылдың 9 айында ресей рублінің сату көлемі 9,9% - ға 468,0 млн. ресей рубліне өсті сатып алу 25,8%-ға 508,0 мың ресей рубліне азайды.  
Қытай юані операцияларында төмендеуге беталыс байқалады. Сату көлемі 29,4%-ға яғни 0,3 млн. қытай юаніне төмендеді. Ал, сатып алу 42,0% - ға яғни, 0,2 млн. қытай юаніне төмендеді.
Төлем карточкалары 
2017 жылдың 1 қазанына Қызылорда облысы бойынша төлем карточкаларын ұстаушылар саны 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2% -ға артып, 454,5 мың адамды құрап отыр, ал айналымға шығарылған төлем карточкаларының саны 11,6%-ға артып 505,8 мың бірлікті құрады. 
Облыс бойынша төлем карточкалары жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны 1741 (+17,3%) бірлік, банкоматтар 308 (+1,6%) бірлік, банктік киоскілер/төлем терминалдары 480 (+1,3%). Төлемге карточка қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 850 (+15,2%).
2017 жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы аумағында сомасы 1701,5 млн. теңгедегі төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген қолма қол ақша беру операциялары жүргізілді (2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артқан), ал жүргізілген транзакциялар саны өткен жылмен салыстырғанда 42,9%-ға өсіп 122,0 мың транзакцияны құрды.
2017 жылдың қыркүйек айында төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген төлемдер көлемі 25452,8 млн. теңгені құрады және 580,0 мың транзакцияны құрады.
Қаржылық сектордағы ахуал. Банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және кредиттеуді қалпына келтіру мақсатында Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асыруда. Ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы қыркүйекте және қазанда Ұлттық Банк Басқармасының Бағдарламаға жалпы сомасы 410 миллиард теңгеге екінші деңгейдегі төрт банктің: «АТФ Банк» АҚ-тың, «Еуразиялық Банк» АҚ-тың, «Цеснабанк» АҚ-тың және «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың өтінімін мақұлдады.
Ұлттық Банктің шаралары қаржылай көмек ұсынумен шектелмейтінін атап өту қажет. Сонымен қатар, ағымдағы қадағалау процесін жетілдіру және тәуекелге бағдарланған қадағалауға көшу мәселелері пысықталуда.
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы жайлы. Ұлттық Банк 2015 жылғы сәуір айында қабылдаған  Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде банктерден қарыздар алған ипотекалық қарыз алушыларға жәрдемдесуге бағытталған. Проблемалық ипотекалық қарыздардың жалпы көлемінде ең көп үлес көрсетілген кезеңге келеді, атап айтқанда - 82%. 
Осы бағдарлама барысында Қызылорда облысы бойынша банк филиалдарына халықтың 424 өтініші түсті (1,6 млрд. теңге сомасына), оның ішінде 299 өтініш  (1,1 млрд теңге) мақұлданды және 285 өтініш (1,0 млрд теңге) бойынша қайта қаржыландырылды.
Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері туралы. 2017 жылдың 9 айында Ұлттық Банктің алтынвалюта резерві 10,2%(пайызға) 32,5 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Ұлттық қордың активі шетел валютасында 56,8 млрд.теңгені құраса, ал жалпы халықаралық резервтер 89,4 млрд.АҚШ долларын немесе ішкі жалпы өнімнің 60%(пайызын) құрады.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+7(724) 255 15 22

+7(724) 255 15 23

Құрылған күні: 12-02-2015 11:30
Жаңартылған күні: 07-08-2018 15:28

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика