ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13870 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді; 
3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына және микрокредит беру туралы шарттарға қолданылады.
 
Ұлттық Банк
Төрағасы                                                         Д. Ақышев
 
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы  
№ 134 қаулысымен     
бекітілген        
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін,
жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де
төлемдердің тізбесі
1. Осы Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) жеке тұлғаларға берілген (берілетін) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыздар (бұдан әрі – қарыз) мен микрокредиттерге қатысты қолданылады.
2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген (берілетін) қарызды, микрокредитті беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге мынадай комиссиялар мен өзге де төлемдер жатады:
1) қарыз, микрокредит алуға өтініш пен құжаттарды қарау үшін;
2) қарыз, микрокредит ұйымдастыру үшін;
3) қарыз, микрокредит беру үшін;
4) қарызға қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу үшін;
5) берілген қарыздың, микрокредиттің талаптарын өзгерту үшін комиссиялар:
өтеу кестесін;
қарыздың, микрокредиттің валютасын;
сыйақы мөлшерлемесін;
қарызды, микрокредитті өтеу әдістерін;
6) қарыз алушының (тең қарыз алушының), кепілгердің (кепіл берушінің) бастамасы бойынша қарыз алушымен (тең қарыз алушымен), кепілгермен (кепіл берушімен) байланысты талаптардың өзгеруі;
қарыз, микрокредит бойынша мүлік ауыртпалығы талаптарының өзгеруі және кепіл затын ауыстыру;
кепіл берушіні ауыстыру;
клиенттің өтініші бойынша клиенттің кредиттік құжаттамасына кіретін кепіл мәніне құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну;
клиенттің өтініші бойынша жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге (тіркеуден шығаруға), кепілмен қамтамасыз ету аумағында жасалған қайта жоспарлауды, құрылысты, қосымша құрылысты заңдастыруға келісім туралы анықтаманы беру;
кепіл берушіні ауыстыру кезінде пайдалануға енгізілген мүлікке меншік құқығын және (немесе) кепіл құқығын ресімдеу бойынша қызмет көрсету;
жылжымайтын мүліктің мақсатын өзгерту, жер телімдерін үлестерге бөлу бойынша қызмет көрсету;
клиенттің өтініші бойынша кепілмен қамтамасыз ету болып табылатын көлік құралының тіркеу нөмірін ауыстыруға, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге, көлік құралы бойынша жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге рұқсат беру туралы анықтаманы беру жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссиялар;
7) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін және кепіл берушінің пайдалануындағы кепіл шарты бойынша кепіл затын сақтандыру кезіндегі клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдерін қоспағанда, егер сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банк), микроқаржы ұйымы пайда алушы болса, клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;
8) клиенттің кепілдік (кепілгерлік) алу үшін кепілгерге (кепілдік берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;
9) банкке, микроқаржы ұйымына клиенттерді тарту, клиенттермен ұсынылатын құжаттарды қарыз, микрокредит беру талаптарына сәйкестікке тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, микроқаржы ұйымына беру, банктің, микроқаржы ұйымының клиенттерінен қарыздарды, микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері;
10) қарыз, микрокредит бойынша несие берешегі туралы анықтаманы беру үшін;
11) қарызды ішінара (толығымен) мерзімінен бұрын өтеу үшін.

Ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарды
қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпараттық хабар
 
2015 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы (бұдан әрі – ҚРҰБ филиалы) Қызылорда облысының екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Банктердің хабарлауынша, сайттарда қарыздарды қайта қаржыландыру тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қайта қаржыландыруға өтінім беруге арналған қажетті құжаттардың тізбесі, өтініштерді қарау кестесі, банктер бөлімшелерінің байланыс деректері орналастырылған. Банктер қарыз алушыларға консультациялар беру жөніндегі менеджерлерге нұсқау жүргізді және Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс басталды. 2015 жылдың 01 қазанындағы жағдайына Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша барлығы 54,4 млрд. теңге құрайтын 9120 өтініш, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 0,5 млрд. теңге құрайтын 130 өтініш түскен.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес бөлінген қаражатты (130,0 млрд. теңге) игеру кезеңі «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың банкте салымды орналастырған күнінен бастап 9 айды құрайды. 
Қарыз алушылар өз кезегінде өздерінің қарыздарын қайта қаржыландыру үшін банктерге өтініштер мен құжаттарды шұғыл беруі қажет. 
Бағдарламаны іске асыруды жеделдету және проблемалық қарыз алушыларды қамтуды барынша ұлғайту мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 156 қаулысымен Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін қосымша хабарлаймыз.
Бағдарламаны іске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облыстық әкімдікте ҚРҰБ филиалының, құқық қорғау органдарының және ипотекалық қарыз алушылардың мүдделерін білдіретін ұйымдардың өкілдері кірген, ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан алынған бас тартуларға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссия құрылды.
Ұлттық Банктің сайтында Бағдарламамен, Бағдарламаға енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға болады.
Бағдарлама бойынша түсіндірулер мен консультацияларды ҚРҰБ филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, мынадай мекенжайы бойынша: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 30 және 27-70-20 телефоны арқылы алуға болады.

«Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына ақпарат
 
2015 жылдың 10 тамызынан бастап «Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшелері Сіздің «Валют-Транзит Банк» АҚ-дағы депозиттеріңіз бойынша қосымша орнын толтыру төлемдеріне өтініштер қабылдап жатыр. Осы уақытқа дейін 25 мыңнан астам салымшылар өз ақшаларын қайтару үшін өтініш берген. 
Осыған сәйкес, «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларына депозиттер бойынша төлемдердің жүргізілуі жалғасып жатқанын естеріне саламыз. 5 млн-ға дейінгі депозиттер бойынша қалдықтарды қайтару үшін «Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшелеріне жолығу қажет (оған есептеген сыйақыларды санамағанда).
Бөлімшілердің тізімімен www.kdif.kz сайтында таныса аласыз не «Депозиттерді кепілдендіру қазақстандық қоры» АҚ «жедел желісінің» 88000801020 нөмірі бойынша анықтай аласыз (бұдан әрі - ДКҚБ).
«Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшесінде келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- жеке тұлғаны куәландыратын құжат (түпнұсқа);
- мұрагерлерге – мұрагерлік құқығын растайтын құжаттар;
- өкілдерге – нотариалды куәландырылған сенімхат;
- жағдайға сәйкес, Сіздің талап құқықтарыңызды растайтын басқа да құжаттар.
 
Барлық растайтын құжаттар «Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшесіне ұсынылғаннан кейін төлемдер 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін болады. Салымдардың қалған сомасы және салымдар бойынша сыйақы сомалары туралы ақпараттарды алу үшін салымшылар келесі мекенжай бойынша «Валют-Транзит Банк» АҚ-ның Тарату комиссиясына жолығуы қажет: Қарағанды қаласы, 10000 индексі, Бұқар-Жырау даңғылы 51/1, тел. 8 (7212) 996405. 
 

Басқа да ақпараттарды ДКҚБ-ның 88000801020 «жедел желі» нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қала байланыстарына телефон шалу ақысыз) немесе банк-агент бөлімшелерінен ала аласыздар.


1.Сұрақ

Қарыз алушы несие төлемін кешіктерген жағдайда банк өсімпұлымен өндіріп алуға құқылы ма?

Жауап:

«Кодекстің[1] 293 бабына сәйкес борышкер мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес».

Банктер туралы заңның[2] 35 бап 1 тармағына сәйкес тұрақсыздық несиелерді қайтаруды қамтамасыз етудің бірден бір жолы болып табылады.

Міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда борышкер келісім-шартта аталған тұрақсыздықтың ақшалай сомасын өтеуге міндетті.

Бұл барыста, жеке тұлғалармен жасалған банктік заем шарттары үшін өндірілетін тұрақсыздықтың шектеулі сомасы заңнамамен белгіленген.

Банктер туралы Заңның 35 бап 2 тармағына сәйкес жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты, оның ішінде ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері әрбір мерзімі өткен күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға, бірақ банктік қарыз шарты қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс.

Сонымен, банктер заем сомасын қайтару және/немесе сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін заңнамамен белгіленген мөлшерден аспайтын тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға құқылы.

 

2.Сұрақ 

Несие беру кезінде және ай сайынғы төлемдер жасау уақытында  клиенттен қызмет көрсеткені үшін комиссия алым заңдылығы қандай?

Жауап:

«Банктер туралы Заңның 39 бап 1 тармағына сәйкес сыйақы ставкалары мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.

Банктер туралы Заңның 39 бап 3 тармағына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге байланысты өндіріп алуға жататын комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқығы жоқ.

Банктер туралы Заңның 39 бап 2 тармағына сәйкес Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қарыз шартын жасасу күні белгіленген тарифтердің, комиссиялық сыйақылардың және қарызға қызмет көрсету жөніндегі басқа да шығыстардың мөлшерін және оларды есептеу тәртібін біржақты тәртіппен ұлғаю жағына қарай өзгертуге құқығы жоқ.

Сонымен, банк заемды ұсынғаны және қызмет көрсеткені үшін ғана келісім-шартпен қаралған комиссияларды өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте жаңа комиссиларды өндіріп алу немесе қолданыстағы комиссияларды ұлғаю жағына өзгерту тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

№19 Қағидаларға3 сәйкес келісім-шартқа қол қойылғанға дейін банк ауызша түрде клиентті заемның шарттарымен таныстыруға, банк пайдасына қарай банктік заемды алуға тиіс және қызмет көрсетуге (өтеуге) байланысты комиссиялардың мөлшерін, тарифтері мен басқа шығындарын және толық тізімін ашады.

3. Сұрақ

Қазақстандық банктер шетелдік валютамен несие бере ала ма?

Жауап:

«Валюталық реттеу туралы Заңның4 13 бабына сәйкес резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады, оған мыналар

_________________________________________

3 2011 жылдың 28 ақпанындағы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының Басқарма Агенттігінің №19 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді ұсыну барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін банктердің қарауы және банктік қызметтерді ұсыну Қағидаларының

4 Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы

кiрмейдi: өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар.

Банктер туралы Заңның 26 бабының 5 тармағына сәйкес ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.

Сондықтан банктің шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензиясы болса, ол банк Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында заемдар беруге құқылы.

Бұл ретте заемшылар заемдарын қандай валютада алу керектігін өздігінен анықтай алады».

 

4.Сұрақ

Несиелік карточка беру заңдылығы қандай? Ол қай кезде, қандай жағдайда пайдалануға беріледі?

Жауап:

Кредиттік карточка беру заңдылығы «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы №331 қаулысымен бекітілген «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығымен» реттеледі.

Осы нұсқаулықтың 1-тарау 10-тармақшасына сәйкес «кредиттік карточка-ұстаушыға эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шартының талаптарына сәйкес эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін карточкасы» деп анықталған.

 

5.Сұрақ

Банк өз тарапынан несие беру келісім шартында көрсетілген пайыздарды өзгерте ала ма?

Жауап:

«Банктер туралы Заңның 39 бабының 2 тармағына сәйкес жеке тұлғалармен жасалатын банктік заем шарттарында, оның ішінде ипотекалық заем шарттарында банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақының тіркелген не құбылмалы ставкасын белгілейді және заем алушының таңдауы бойынша банктік заем шартын жасасқан күнгі банк ұсынған қарызды өтеу әдісін көрсетеді.

Жоғарыда аталған бапқа сәйкес сыйақының тіркелген ставкасы біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды.

Сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша азаю жағына қарай не шарттың қолданылу мерзімі ішінде сыйақының құбылмалы ставкасына қарай өзгеруі мүмкін.  

Сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша оның шартта айқындалған қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлғаю жағына қарай өзгеруі мүмкін, бірақ ол банктік қарыз шарты жасалған күннен бастап үш жылдан ерте өзгертілмейді. Тараптардың келісімі бойынша сыйақының тіркелген ставкасының ұлғаю жағына қарай одан кейінгі әрбір өзгеруі тіркелген ставканың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін мүмкін болады, бірақ сыйақының тіркелген ставкасының алдыңғы өзгерген күнінен бастап үш жылдан ерте өзгертілмейді.

Есептеу тәртібі, сыйақының құбылмалы ставкасының әрекет ету шарттары №216 Қағидалармен5 айқындалады. Сондықтан банк біржақты тәртіппен сыйақының тіркелген  ставкасын өзгерте алмайды».

 

6. Сұрақ

Банктер ипотекалық қарызға байланысты үйді тартып алуға құқығы  бар ма? Болса, ол қандай тәртіппен жүзеге асырылады?

Жауап:

«Банктер туралы Заңның 35 бабының 1 тармағына сәйкес несиелердің қайтарымдылығы тұрақсыздық айыбымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

Кодекстің 299 бабына сәйкес кепіл ұғымы мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.

Банктер туралы Заңның 36 бабының 3 тармағына сәйкес банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі өткен кезде банк (банктік операциялардың жекеленген түрін жүзеге асыратын ұйым) банктік заем шартында қаралған әдіс бойынша заемшыны банктік заем шарты бойынша төлемдерді жүргізу керектігі және заемшы өз міндеттемелерін орындамаған кезде болатын жағдайлар туралы хабырлауға міндетті.

Жоғарыда аталған хабарламадағы талаптар қанағаттандырылмаған болса, банк (банктік операциялардың жекеленген түрін жүзеге асыратын ұйым) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) банктік заем шартымен қаралған кез келген шараларды қолдануға, соның ішінде банктік заем шарты бойынша берешек сомасын өндіру туралы сотқа шағымдануға (жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заңнама актісінде қаралған жағдайлардан басқа), сонымен

қатар соттан тыс тәртіпте не сот тіртібімен кепілде тұрған мүлікті өніріп алуға құқылы.

Ипотека туралы Заңға6 сәйкес борышкер негізгі міндеттемелерін орындамаған жағдайда кепілзат иесі өз талаптарын келесі жолмен қанағаттандыруға құқылы:

____________________________________________________________________________

52008 жылдың 28 қарашасындағы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының Басқарма Агенттігінің №216 қаулысымен бекітілген банктік заем шарттары бойынша құбылмалы сыйақы ставкасының әрекет ету шарттарын есептеу Қағидалары.

 

- егер бұл заңнама актілерінде не ипотека шартында қаралса немесе тараптардың келісімі болса, соттан тыс тәртіпте ипотеканы сатуға;

-сот тәртібімен ипотеканы сатуға;

- Ипотека туралы Заңның 32 бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлмеді деп жарияланған жағдайда кепілде тұрған мүлікті өз меншігіне айналдыруға;

1) ипотеканы соттан тыс тәртіпте сату ипотека шартында тараптармен  айқындалатын сенімді тұлғасымен ұйымдастырылатын кепілге қойылған мүлікті саудалау жолымен жүзеге асырылады. Егер ипотека шартында сенімді тұлға анықталмаған жағдайда ол кепілзат иесімен белгіленетін болады.

Соттан тыс тәртіпте кепілзат иесінің талаптарын қанағаттандыруға тыйым салатын жағдайлар Заңнамамен қаралған:

1) жылжымайтын мүлікті ипотекалау үшін өзге тұлғаның не органның келісімі талап етіледі және мұндай келісім алынбаса;

2) жылжымайтын мүлік қоғам үшін маңызды тарихи, көркем әдеби немесе басқа мәдени құндылығы бар ипотека заты болып табылса; 

3) ортақ меншікте тұрған жылжымайтын мүлік ипотека заты болып табылады, және оның меншіктенушілерінің еш біреуі соттан тыс тәртіпте кепілзат иесінің талаптарын қанағаттандыруға жазбаша келісімін бермесе;

4) егер ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша жеке тұлға болып табылатын кепілзат иесінің ипотекалық шарты тіркелген органмен соттан тыс тәртіпте тіркелген және ипотека туралы заңның 26 бап 7-1) тармағымен белгіленген мерзімде ұсынылған кепілдегі жылжымайтын мүлікіне сауда-саттық жүргізуден жазбаша бас тартуы болса;

5) жеке тұлға мен микроқаржы ұйымының (несиелік серіктестік) арасында жасалған, микронесие (несие) ұсыну туралы шарттың кепіл заты болып табылатын онда орналасқан тұрғын үй және (немесе) жер учаскесі ипотека заты болып табылады.

Белгіленген жағдайларда кепілдегі мүлікті өндіру тек сот шешімі арқылы жүзеге асырылады.

2) сот шешіміне сәйкес  ипотеканы сот тәртібімен сату кепілзат иесінің талап арызы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, ипотека кепілзаты болып табылатын жылжымайтын мүлікті сату процессуалды заңнамамен белгіленген тәртіпте жария сату арқылы жүзеге асырылады.

Егер борышкердің негізгі міндеттемелер бойынша жасаған бұзушылықтары аса маңызды болмаса және ипотека шарты бойынша кепілге қойылған мүлікті өндіріп алуда кепілзат иесі талабының мөлшері кепілге қойылған мүліктің құнына сәйкес келмесе бас тарту мүмкін болады.

Ескеретін жайт – кепілзат берушінің өтініші бойынша дәлелді себептер болған жағдайда сот кепілде тұрған мүлікті өндіру туралы шешімде оның сатылуын бір жылға дейінгі мерзімге шегеруге құқығы бар, ол мына жағдайларда жүзеге асырылады:

6 Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікті ипотекалау туралы» Заңы

 

1) кепілзат беруші - ипотека шарты бойынша оның қандай да бір жылжымайтын мүлік қойғанына қарамастан, кепілзат бұл азаматпен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысы жоқ шарты болса ғана;

2) ауылшаруашылыққа арналған жерлер ішіндегі жер учаскесі  ипотека заты болып  табылады.

Кепілге қойылған жылжымайтын мүліктің сатылуының мерзімін шегеру тараптардың негізгі міндеттеме бойынша міндеттерін қозғамайды және борышкерді шегерілген мерзім ішінде оған өтеуге тиесілі сыйақылар мен тұрақсыздықтардың өскен залалдарын қайтарудан босатпайды. 

Егер кепілзат беруші оған берілген шегерім мерзімі ішінде кепілзат иегерінің талаптарын қанағаттандырса, сот кепілзат берушінің өтініші бойынша бұл шешімнің күшін жояды.

Ипотека туралы Заңның 37 бабына сәйкес ипотекалық шартты жасасу кезiне қарай негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз ететiн кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомаларынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiк кепiл ұстаушының меншiгiне көшкен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады. 

Кодекстің 319 бабына сәйкес сот тәртібімен кепілзат сатылған жағдайда, егер кепілде тұрған мүлікті сату барысында ақшалай түсім сомасы кепілзат иесінің талаптарын жабу үшін жеткіліксіз болса, ол, заңнама актілері мен шартта өзге де нұсқаулар қаралмаса, артықшылықты пайдаланбай-ақ, жеткіліксіз соманы борышкердің өзге де мүлігінен алуға құқылы.

Егер кепіл мүлігін сату барысында түскен сома кепілзат иесінің талаптарының кепілзат мөлшерінен асса, айырмашылық кепілзат берушіге қайтарылады.

3) кепілзатты өз меншігіне айналдыру. Кодекстің 319 бабына және ипотека туралы Заңның 32 бабына сәйкес екеуден аз болуы себептi, сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған кезде кепiлзаи иесі мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың қорытындысы негiзiнде сот шешiмiмен немесе сенiм бiлдiрген тұлғамен белгiленген ағымдық бағалау құны бойынша кепiлге берiлген мүлiктi өз меншiгiне айналдыруға немесе жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге құқылы.

 

7.Сұрақ

Борышкерлердің несие қарызын азайту немесе мүлде жауып тастау туралы өтініштері қандай жағдайда қанағаттандырылады?

Жауап:

Банктер туралы заңның 34-бабының 8-тармағына сәйкес Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымының басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады, 9-тармағына сәйкес банктiң кредит комитетi ішкi кредиттік саясатты жүзеге асыратын орган болып табылады, 10-тармағына сәйкес кредит беру туралы өтініштерді қараудың, кредит беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдаудың, кредит беру шарттарын өзгертудің шекті мерзімдерін айқындайды.

Банктер туралы заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 11.02.2015 жылғы қатысуымен өткізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы Хаттамасының 6.2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекет Басшысымен Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ипотекалық заемдардың проблемаларын шешу бойынша шаралар жиынтығын жасап шығару тапсырылды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ипотекалық заемдардың проблемаларын шешу үшін қайтарылым негізде 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Бөлінген қаражат ипотекалық тұрғын заемдардыдың/ипотекалық заемдардың шарттарын жеңілдетуге бағытталған және бұл проблемалық заемшылардың борыштарын есептен шығаруға негізделмеген.

Мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қоса алғанда, Ұлттық Банкпен, «Қазақстанның қаржыгерлер Ассоцияциясы» ЗТБ-мен, партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және Бнктік омбудсманмен ипотекалық тұрғын үй заемдарын/ипотекалық заемдарды (бұдан әрі - Бағдарлама) қайта қаржыландыру бойынша Бағдарлама жасалып шығарылды.

Бағдарлама 10.04.2015 жылы Ұлттық Банкінің директорлар Кеңесімен мақұлданды. Бағдарлама  Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылдың 24 сәуірінде №69 қаулысымен бекітілді.

Бағдарламаның негізгі параметрлеріне сәйкес қайта қаржыландыруға кепілзат ретінде заемшы мен оның жұбайының жалғыз үйі болып табылатын, 2004-2009 жылдар аралыңында берілген ипотекалық тұрғын заемдар/ипотекалық заемдар жататын болады. Заемдар төмендетілген сыйақы шарттарымен, заемның валютасын өзгерту және/немесе несиелеу мерзімін ұзарту шарттарымен қайта қаржыландырылатын болады.

Бұл бағдарлама, ең бастысы, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын ипотека заемшыларына қолдау көрсетуге бағытталатын болады».  

 

 

06.06ж. № 04-02/996

[1] Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

[2]  Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңы


Заем шарттарын жасау барысында қаржы қызметтерін тұтынушыларына қысқаша жадынама

Банкте кредит ресімдемес бұрын, заемшы келесіге назар аударғаны жөн.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес банкiлер мен олардың клиенттері арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл кезде сыйақы мөлшерлемесі (мүддесі) және комиссия, сонымен қатар банктің қызмет көрсету тарифтері банктермен дербес бекітіледі.

Осыған байланысты, заемшы кредит бойынша мәміле жүргізуге ілесе жүретін көптеген факторларды ескере отырып, банкті әр кезде жеке таңдауы қажет. Мұндай кезде ол келесіні ескергені жөн.

1. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - Банк) заем беру қызметімен айналыса алуы үшін уәкілетті органнан алған лицензиясы болуы тиіс.  

2.Заңнамаға сәйкес Банк операциялар жүргізудің жалпы жағдайларын айқындайтын ережелері және ішкі ережелері болса ғана банктік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

3.Банктің Директорлар кеңесімен бекітілген операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Ережесімен (бұдан әрі - Ережелер) танысқаны жөн.

Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Ережелер мынаны анықтауы тиіс:

а) қабылданатын депозиттер мен ұсынылатын несиелердің шектеулі сомалары мен мерзімдерін;

б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шектеулі өсімін;

в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеу шарттарын;

г) банкпен қабылданатын қамтамасыз ету кепілдемесіне қойылатын талаптарды;

д) банктік операциялар жүргізудің мөлшерлемелері мен тарифтерін;

е) банк пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершіліктерін;

ж) банктің директорлар кеңесінің операциялар жүргізудің жалпы шарттарына қосуға қажет деп санайтын өзге шарттарын, талаптарын және шектеулерін;

Банк клиенттің бірінші талабы бойынша оған операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Ережені ұсынуға міндетті;

Сонымен, Банктердің ұсынатын несиелерінің шектеулі сомасының көлемімен, сыйақы мөлшерлемелерімен, олардың Банкке төлену шарттарымен, несиелердің қамтамасыз ету кепілдемелеріне қойылатын талаптарымен операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Ережесінен танысуға болады.

4.Несиелендірудің шарттарымен мұқият танысып, болатын шығындардың өсімін бағалап алу тиіс.

Ереже бойынша несиелендірудің шарттары несиені пайдалану мерзімінен, көлемінен, несие валютасынан, несиені пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесінің көлемінен (тиянақталған, құбылмалы), алғашқы жарна көлемінен (қажет болған кезде), несиені мерзімінен бұрын өтеуге мораторий жариялаудан, несиені қамтамасыз ету кепілдемесінің талаптарынан, объектіні сақтандыру үшін несие алудан, заемшының өмірі мен оның еңбекке қабілеттілігін және басқа да тәуекелдерді сақтандырудан тұрады.

5.Банктер  клиенттерден  заем беруге байланысты түрлі ілеспе қызметтері үшін қосымша төлемдер өндіреді, мысалы, несие өтінішін қарағаны, кеңес бергені, ссудалық және басқа шоттарды ашқаны және енгізгені, несие беру үшін банктік жинақ, несие құралдарын қолма-қол ақшаға айналдырғаны, Банктің кепіл мүлігінің құнын бағалағаны (мысалы, тұрғын үйді ипотекалық несиелендіру барысында) және т.б. үшін. Бұл, әдетте, айқын сыйақы мөлшерлемелерін бұрмалайды және клиеттерді адастыруға әкеледі.

Осыған байланысты, 01.04.2006  жылдан бастап Банктерге  заем беру барысында, соның ішінде шартта, клиенттің Банкке жіберетін түрлі төлемдеріне қатысты барлық шығындарынан тұратын жылдық тиімді расталған салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесін ашып, айқындап беру және клиентке түрлі банктердің сыйақы мөлшерлемесінің көлемін объективті тұрғыда бағалауға және салыстыруға мүмкіндік беру міндеттелді.  

Шарт жасалмас бұрын, бірнеше Банктердің ұқсас заемдарының беру шарттарымен алдын ала танысып алған және кеңес алу барысында Банктерден олардың тиімді расталған салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесінің көлемін сұратқан жөн. Ал басқа тең шарттар кезінде ең аз баға ең аз тиімді расталған салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесі бар несиеде болады.

6. Іс жүзінде, әдетте Банк заемдар беру барысында заемшыға ілеспе қызметтер көрсететін тұрақты серіктестерімен, соның ішінде қосылма сақтандыру компанияларымен  

жұмыс жасауға талпынады, және заемшылардан олардың қызметтерін пайдалануды талап етеді.

Бұл кезде ескеретін жайт, Азаматтық Кодекстің 380 бабының 1 тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасауда ерікті.  Заңнамамен бекітілген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.

7. Оң шешім қабылданған кезде, Банкпен банктік заем шарты және т.б. барлық ілеспе шарттар жасалу керек (кепілдеме, сақтандыру және т.б.). Ескеретін жайт, егер несие мәмілесінің шартына екі жақ қол қойса, онда шарт өзара келісіммен жасалды деп саналады.

Банк, ипотекалық ұйым немесе заңды тұлға және мемлекет болып табылатын жалғыз акционер (қатысушы) заемшы туралы және жасалатын мәміле жайлы мәліметті несие бюросының деректемелер базасынан анықтауы үшін заемшының жазбаша келісімін алуы заем ұсыну жөніндегі шарттың Заңға сәйкес міндетті шарты болып табылады.      

8.  Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын несиенің өтеу кестесімен мұқият танысып, оны уақытылы өтеудің барлық шараларын қабылдау керек. Заемды уақытылы өтеу қиындықтары туындаған жағдайда келешектегі мүмкін болатын әрекеттер жөнінде тез арада Банктен кеңес алған жөн.   

9.Кепіл шартымен, сондай-ақ заңнама актілерімен қаралған жағдайларда Банк кепілде тұрған мүлікті мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте саудалау жолымен (аукцион) дербес сатуға құқылы екенін Тұтынушы естен шығармағаны абзал.

10. Бактік заем шарттары бойынша туындаған даулы жағдайлар кезінде, заемшы жазбаша түрде Банкке, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне немесе Банктің орналасқан жеріне қарай сотқа шағымдануға құқылы.


Қаржы қызметтері тұтынушылардың құқығын қорғау тетіктері

Біз сіздермен күнделікті нан, картоп, сүт сатып аламыз, шаштаразға барып, ұялы байланысты қолданамыз, басқа сөзбен айтқанда – қызметтер мен тауарларды тұтынамыз. Біз бұлар үшін ақы төлейміз, сондықтан біз соған сәйкес қанағаттандыратын сапалы өнім алуға құқығымыз бар. Дамыған елдерде тұтынушылардың құқығы сенімді түрде заңмен бекітіліп, атқарушы деңгейде қорғалған.

Тұтынушыларды сапалы және қауіпсіз тауарлармен (жұмыстар, қызметтер) қамту шаралары және де тұтынушылардың құқығын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайтын тұтынушылардың құқықтарының жалпы сұрақтарын реттейтін негізгі нормативті құқықтық акт ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң болып табылады.

Қазіргі таңда өмірімізді жеңілдетуге арналған жоғары технологиялар мен қаржылық жүйе қарқынды дамыған жағдайда біз барлығымыз белгілі бір дәрежеде қаржылық қызметтердің тұтынушылары болып отырмыз. Қандай түрде? Біз өз жинақтарымызды банк депозиттерінде сақтаймыз, несие аламыз, пластикалық карталарды пайдаланып, интернет-банкинг қызметін пайдаланып есептерді төлейміз, өз мүлкімізді сақтандырамыз, өз зейнетақы қорымызға аударамыз – бұның барлығы біздің тікелей  материалдық әл-ауқатымызға әсер ететін қаржылық қызметтер.

Осыған орай тағы бір тұтынушылардың тобы – қааржылық қызметтерді тұтынушыларды ерекше атап өтуге болады.

«Қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарығын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңына сәйкес қаржылық қызметтерді тұтынушылар – қаржылық ұйымның қызметін тұтынатын және өз қаражаттарын қаржылық құралдарға инвестициялайтын жеке және заңды тұлға (Заңның 1 бабының 1 тармақшасы).

Қаржылық қызметтер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру нарығы, құнды қағаздар нарығы, жинақтаушы зейнетақы қорлары қатысушыларының қызметі, банктік қызмет, жекелей банктік операцияларды өткізу бойынша ұйымдардың қызметі, сонымен қатар лицензиялауға жатпайтын орталық депозитарий, регистратор және өзара сақтандыру қоғамының қызметі (Заңның 1 бабының 6 тармақшасы).

Алайда «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен қаржылық ұйымдармен қарым-қатынасын реттемейді. 

Қазақстандағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау ҚР Азаматтық кодексімен, қаржы нарығы секторлары: банктік, сақтандыру, шағын қаржылық, зейнетақы жүйесі және құнды қағаздар нарығын реттейтін нормативті құқықты актілермен және заңдармен регламенттеледі.

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларды тиімді қорғау қоғамдастық қаржылық секторға сенімді болу және қаржылық қызметтерді тұтынуда азаматтардың мүмкін тәуекелдерін максималды төмендету үшін қажет. Сонымен қатар, қаржылық процесстерде тұтынушылардың қатысуы жүйенің өтімділігін және қазіргі таңдағы экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес қаржылық делдалдықты атқару мүмкіндігін арттыра отырып, қаржылық жүйеге пайда алып келеді.

Тұрғындарды қаржылық тарту және барлық азаматтар  үшін әртүрлі қаржылық құралдарға кеңінен қол жеткізу қаржылық тұтынушыларды қорғау бойынша кез келген бағдарламаның маңызды мақсаттары болып табылады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларды жүйелі қорғау мысалға, егер жекелеген компания клиенттерінің сауатсыздығын жеке мақсаттарда пайдаланғысы келсе, нарықтағы жекелеген қаржылық ұйымдардың мүмкін әділ емес әрекеттерінен қорғауға мүмкіндік береді. Осындай этикаға сай емес әрекеттердің алдын алу үшін қаржылық ұйымдарға қадағалау қажет.

ҚР Азаматтық кодексімен бекітілгендей әрбір тұтынушы басынан бастап ақ алынған қанағаттанарлықтай қаржылық қызметтер алуға құқығы бар, оның ішінде:

-  тауарларды сатып алуға, жұмысты және қызметті пайдалануға келісім-шартқа еркін отыруға;

-  тауарлардың тиісті сапасы мен қауіпсіздігі (жұмыстар, қызметтер);

-  тауарлар (жұмыс, қызметтер) туралы толық және шынайы мәлімет;

-  тұтынушылардың қоғамдық ұйымына бірігуге. 

Осылайша, Кодекс азаматтардың басты құқықтары негізінен қаржылық ұйымдар мен қаржылық қызметтерді тұтынушылар арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Қаржылық нарықтағы өзара қарым-қатынасты бақылайтын басты құқықтық қозғалтқыштар болып тиісінше заңнамалық актілер табылады.

1.    «ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» ҚР Заңы

2.    «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы

3.    «ҚР зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы

4.    «Құнды қағаздар туралы» ҚР Заңы

5.    «Микроқаржылық ұйымдар туралы» ҚР Заңы

«ҚР банктер және банктік қызметтер туралы» ҚР Заңы (одан әрі қарай – банктер туралы Заң) банктер мен оның клиенттері арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Қазіргі таңдағы банктің қызметтердің кең қолданысқа ие түрі – банктік қарыз.

Банктік несие туралы келісім-шартқа қалай дұрыс отыру керек? Несие алу туралы шешім қабылдау – жауапты шешім екенін ең алдымен түсініп алу қажет.

Несиені қайтарудан гөрі оны алу оңай екендігі құпия емес.

Өзіңді және отбасыңа қарыздық міндеттерді арттыру туралы шешім қабылдар алдында:

1) оны алудағы өз қажеттіліктеріңді және оны уақытылы қайтарып отыруға байланысты мүмкіндіктеріңді қайта бағалау;

2) отбасылық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктеріне сүйене отырып, өз қаржылық мүмкіндіктеріңді ескеру;

3) несие бойынша төлемдерге сәйкес шығыстық жағынан өсетінін ескере отырып, өз бюджетіңді қайта болжамдау;

4) несие алу келісім-шартпен көрсетілген мерзімде берешекті қайтаруды және несиені пайдаланғаны пайыздарды төлеуді қарастыратындығын түсіну.

Банкте несиені ресімдеу алдында клиенттің бірінші талабына сәйкес ұсынылатын операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы Ережемен танысу қажет және келесідей мәліметтер мен үдерістерді қамтуы керек:

1) қабылданатын депозиттер мен берілетін несиелердің шекті сомалары мен мерзімдері;

2) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамасы;

3) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеу шарттары;

4) банкпен қабылданатын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

5) банктік операцияларды жүргізуге тарифтер мен ставкілер;

6) банктік қызметтерді ұсыну бойынша шешім қабылдаудың шекті мерзімдері;

7) банктік қызметтерді ұсыну барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін қарастыру тәртібі;

8) банктің және оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;

9) исламдық банктің және оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, исламдық банк операцияларын жүргізу шарттары және соған байланысты тәуекелдер;

10) клиенттермен жұмыс атқару тәртібі туралы ереже;

11) жалпы операцияларды жүргізу шарттарына банк директорлар кеңесі қосуға қажет деп санайтын басқа да шарттар, талаптар, шектеулер.             

 

ҚБА  Басқармасының 2011 жылдың 28 ақпандағы №19 қаулысымен бекітілген Банктік қызметтерді ұсыну барысында клиенттердің өтініштерін   қарау және банктік қызметтерді ұсыну ережелеріне сәйкес Банк банктік займ шартын жасау үшін алдын ала  ауызша түрде клиентке банктік займдар бойынша келесі ақпараттарды ұсынады:

1)  банктік займды  ұсыну мерзімі туралы;

2)  банктік займның шектеулі валютасы мен сомасы туралы;

3)  сыйақы ставкасының түрі: егер сыйақы ставкасы құбылмалы болған жағдайда, есептеу тәртібі белгіленген немесе құбылмалы болуы туралы;

4)  жылдық пайыздағы сыйақы ставкасының мөлшері мен оның  көлемі клиенттің өтініш берген күніне қарай анық, тиімді, салыстырмалы есептеуде болатындығы туралы;

5)  банк пайдасына шешілетін банктік заемды алуға және оны өтеуге байланысты комиссиялар мөлшері, тарифтер және басқа шығындардың болуы туралы;

6)  банктер туралы Заңда қаралған клиент-заңды тұлғамен жасалған банктік займ шартының талаптарын біржақты өзгерту мүмкіндігі туралы;

7)  банктік займ шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, клиенттің жауапкершілігі мен тәуекелі туралы;

8)  займды қамтамасыз ету туралы шарттың бір жағы болып табылатын кепіл берушінің, гаранттың, кепіл беруші және т.б. тұлғаның жауапкершілігі туралы;

9)  банктік қызметтерді ұсыну  бойынша шарт жасау үшін қажетті құжаттар тізімі туралы;

10) клиенттің қызығушылық танытқан сұрақтарына кеңес беру;

Бұдан басқа банк:

-  банктік қызметті ұсыну шартына қол қойылғанға дейін банк клиентке  шарттармен танысуға уақыт береді (банктік займ шарты ҚБА Басқармасының 2011 жылдың 28 ақпандағы №18 қаулысымен бекітілген міндетті шарттар тізімдемесіне сәйкес болуы керек);

-  банктік қызмет бойынша даулы жағдайлар туындаған жағдайда,  клиенттің банкке, банктің омбудсманына (ипотекалық займдар бойынша), уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануына құқығы бар екенін хабардар етеді. Мұндай мақсаттарда клиентке банктің, банктік омбудсманның және уәкілетті органның орналасқан мекенжайы, поштасы, электронды мекенжайы мен интернет-ресурстары туралы ақпарат ұсынылады.

-  сұраныс бойынша қаржылық есеп беруді орналастыру көзі және басқа да банктік ақпарат жөнініде клиентті хабардар етеді.

-  клиентпен ұсынылған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

-  операцияларды жүргізу мерзімінің жалпы талаптары туралы бекітілген Ережелерге сәйкес клиенттің банктік қызметтерді ұсыну туралы өтінішін қарайды (өтініш беру қажеттілігі кезінде).

-  клиентті банктік займ беру жөнінде қабылданған шешім туралы хабардар етеді, ал егер банктік займ беруден бас тартылған жағдайда, оны жазбаша түрде  бас тарту себептерін айта отырып жеткізеді.

- банктік займ шартының талаптарын зерделеу барысында міндеттер дұрыс дәрежеде орындалмаса, өсімпұл айыбының мөлшері өсетітініне назар аудару қажет. Өсетін өсімпұл айыбының мөлшері әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінен өткен төлем сомасының 0,5% -дан және банктік займ шартының  берілген займ сомасының 10%-нан аспауы қажет. 

Несие шартын жасаудың  міндетті шарттарына заемшының өзі туралы және несие бюросының мәліметтер базасына жасалатын мәміле туралы, сонымен қатар тараптардың өз міндеттерін орындауға байланысты ақпараттар туралы мәлімет беруге жазбаша келісімнің болуын есте сақтау қажет.

Кепіл шарттары мен заңнамалық актілерде қаралған жағдайларда, банк өз бетінше кепілде тұрған мүлікті соттан тыс тәртіпте сатуға құқылы екенін есте  сақтау қажет. Егер заемшы жазбаша түрде кепілдегі затты соттан тыс тәртіпте реализациялаудан бас тартса, онда банк реализация жүргізуге құқығы жоқ. (жазбаша бас тарту бекітілген тәртіпте тіркелуі қажет). Мұндай жағдайларда банктің мүлікті соттан тыс тәртіпте реализациялау құқығы сақталады.

Сыйақы мен комиссиялар ставкалары, сонымен қатар банктік қызмет көрсету тарифтері банкпен өз бетінше бекітілетінін есте сақтау қажет. Бұл дегеніміз, банкті таңдамас бұрын, ең алдымен бір өнім таңдау аясында неғұрлым көп банктің  несие шарттарын талдап алу қажет деген сөз.

Бұдан басқа әдетте банктер займ беру барысында клиенттерден түрлі ілеспе қызметтер үшін қосымша төлемдер алады, мысалы несиелік сұранымды қарау үшін, кеңес беру, ссудалық және т.б. шоттар ашу үшін, оларды іске қосу, несие қаражатын қолға алу үшін, банкпен кепілді бағалау және т.б. үшін қосымша төлемдер ұсталынады. Бұл расында да, өндіріп алынатын сыйақы ставкаларының көлемін бұрмалаушылыққа ұшыратып, клиенттерді адастырады (мысалы, ипотекалдық несие кезінде тұрғын үй алу үшін).

Сондықтанда 2007 жылдан бастап шарттардағы жылдық тиімді сыйақы ставкаларының ізін ашу міндеті енгізілді (ЖТСС).  Бұл клиенттің банкке, бағалау және сақтандыру компаниялары мен гаранттарға төлеген түрлі төлемдеріне байланысты жасаған барлық шығындары. 

Қазіргі таңда банктік займ шартын жасау барысында ЖТСС шектеулі мөлшері сол күннің датасына 56%-дан аспауына, сыйақы ставкасының өзгеруіне және банктік займ беру және қызмет көрсету барысында жаңа комиссиялар және басқа төлемдер жасалуына шектеу қойды.

ЖТСС  заемшыға займның нағыз құнын көрсетіп, түрлі банктердегі бірнеше сол сияқты займдардың құнымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Клиент банктен ЖТСС туралы ақпарат алып, банктік займ шартының талаптары  және шарттырмен танысқан соң, шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қарызды өтеу кестесімен танысу арқылы займдық қызмет бойынша болатын ай сайынғы шығындардың көлемін  бағалап алуы қажет, сөйтіп өзінің қаржылық мүмкіндіктеріңе қарай банктік займ шартын жасаудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы шешім қабылдау керек.

Банктік займ шарттары бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, заемшы жазбаша түрде қызмет көрсететін банкке, банк омбудсманына, ҚР Ұлттық Банк филиалына, ҚР Ұлттық Банк қаржы тұтынушыларының құқығын қорғау  Комитетіне және Банкке, оның орналасқан мекенжайы бойынша сотқа шағымдануға болады. Тұтынушы әрбір банктік қызмет туралы білуге тиіс негізгі құқықтарға назар аудару керек: 

-  операциялар жүргізудің жалпы  шарттары туралы ережелерді банктен талап етуге құқылы;

-  шартқа қол қоймас бұрын банктік қызмет шарттарымен танысу құқығының болуы;

-  шартқа отырмас бұрын банктік қызмет туралы шартты зерделеу құқығының болуы;

-  жүргізілетін операциялар мерзімінің жалпы шарттары бойынша бекітілген банк ережелеріндегі банктік қызметті көрсету туралы берілген өтінішті банктің қарау құқығының болуы;

- банк клиенттің берген ақпаратын, сонымен қатар банктік ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың конфиденциалдылылығын  қамтамасыз ету құқығы. Банктен банктік займ бойынша несие алу немесе несие беруден бас тарту себептері туралы банктен ақпарат алу құқығының болуы;

- банктік заем шартын қамтамасыз ету кезеңінде банк клиенттің (заемшының) немесе кепіл берушінің (Банктер туралы Заңында көзделген банктік құпияны жариялауға қойылатын талаптарды сақтаумен) сұратуы бойынша сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оған жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді береді:

1) банкке төлеген ақша сомасы;

2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болған кезде);

3) борыш қалдықтары;

4) кезектегі төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;

5) кредиттеу лимиті (бар болған кезде).

-  клиенттің өтініші бойынша банк үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына бір реттен жиі емес жазбаша нысанда банктік заем шарты бойынша берешекті өтеу есебіне келіп түсетін клиенттің (заемшының) ақшасын бөлу туралы ақпаратты тегін береді.

-  клиенттің банкке банктік заем шарты бойынша берілген ақшаның барлық сомасын немесе оның бір бөлігін мерзімнен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша банк үш жұмыс күні ішінде қайтарылуы тиіс соманың мөлшерін оған жазбаша нысанда тегін хабарлайды.

- банктік заем шартында көзделген жағдайда, банк заемшыны банктік заем шартында көзделген мерзімдерде және тәсілмен шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімі өтіп кеткені және төлемдерді енгізу қажеттігі туралы хабардар етеді.

- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы - жеке тұлға, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтаруға құқылы.

Осы тармақта көзделген жағдайда, қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері алынбайды.

- егер қарыз беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалау жүргізу шарттарын жасасу туралы талаптар көзделген болса, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға, кепіл берушіге сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шек қоюға құқығы жоқ.

- карыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.

- жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақының тіркелген не құбылмалы ставкасын белгілейді және қарыз алушының таңдауы бойынша банктік қарыз шартын жасасқан күнгі банк ұсынған қарызды өтеу әдісін көрсетуге тиісті.

"Сақтандыру қызметі туралы" ҚР заңы - сақтандыру секторының қатысушылары мен кәсіби терминдерге анықтама беретін, сақтандырудың түрлерін ұсынатын, сонымен қатар  жалпылай сақтандыру қызметінің механизмін сипаттайтын жалпылама нормативтік акт.

Сақтандыру  Заңнамасы   қоғамдық өмірдің барлық сферасында азаматтардың өздерін сақтандыру қажеттілігін қамтитын түрлі нормативтік актілермен ұсынылған.

Сақтандыру қызметтерінің тұтынушысының негізгі құқықтары:

- сақтандырушыны өз еркімен таңдау құқылы

- сақтандыруды құпияда ұстау құқылы

- сақтандыру полисін жоғалтқан жағдайда дубликатын алуға құқылы

- жәбірленушінің дүние мұлігіне зиян келген мөлшерін бағалау ұшын тәуелсіз сарапшының қызметің пайдалануға құқылы

-  жәбірленушінің дұние-мүлкіне зиян келтірген мөлшерін тауелсіз сарапшының қорытындысымен танысуға құқылы

-  Келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы

-  Көлік құралдардың егелерінің жауапкершілігің міндетті тұрде сақтандыру келісім шарттар бойынша туындаған сұрақтарді реттеу ұшін сақтандыру омбудсманға шағымдануынызға құқылы

-  Сақтандыру төлемның азайту немесе оның жұзеге асырудаң бас тартудың сақтандырушының шешіммен келіспеуге құқылы

-  Заңмен көрсетілген тәртіп бойынша сақтандыру төлемін алуға құқылы

26 қараша 2012ж ҚР МҚҰ туралы заңда МҚҰ қызметтерің тұтынушылардың құқығын қорғауы қаралған. Бұл:

-  Уәкілетті органмен берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидасын әзірлеу және бекіту  

-  Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін шекті мөлшерін бекіту  

-  Микрокредит беру туралы шарттыжасасқанға дейін өтініш берушіге өтеудің әдістерімен таныстыру  

- Біржақты тәртіппен микрокредит беру туралы шартқа қол қойған күні қолданыста болған, микрокредитті беруге және оларға қызмет корсетуге байланысты сыйақы мөлшерлемелерын және микрокредитті өтеу тәсілімен әдісін, сондай-ақ тарифтер мен комиссиялардын өзгертуге тиым салынды

 

- Микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген микрокредит соммасын МҚҰ мерзімінен бұрын толық немесе ішінара айыппұлсыз  қайтаруға құқық беру


Заем шарттарын жасау барысында қаржы қызметтері тұтынушыларының  құқықтары

Банктен несие алмас бұрын,  қарыз алушы келесіге назар аударуы қажет.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»

Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте сыйақы мөлшері (мүдде) және комиссия, сондай-ақ банктік қызмет көрсету тарифтері банктермен дербес белгіленеді.

Осыған байланысты, қарыз алушы несие алуға қатысты көптеген факторларды ескере келе, әр жағдайда банкті дербес таңдауы қажет.

Бұл  кезде ол келесіні ескергені жөн.

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар(бұдан әрі - Банктер)  несие беру үшін уәкілеттік органның лицензиясын алулары керек.

Заңнамаға сәйкес, Банк операциялар жүргізудің жалпы шарттарын анықтайтын қағидалары мен ішкі ережелері болса ғана банктік қызметті атқаруға құқылы. Банктің директорлар кеңесімен бекітілген операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Қағидаларымен танысулары қажет (бұдан әрі - Қағида).

Қағидалар келесіні анықтайды:

а) қабылданатын депозиттер мен ұсынылатын несиелердің шекті сомасы мен мерзімі;

б)депозиттер мен неселер бойынша сыйақы ставкасының шекті шамасы;

в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлемінің шарттары;

г) банктің қабылдайтын қамсыздандыруына қойылатын талаптар;

д) банктік операцияларды жүргізуге қойылатын тарифтер мен шамалар;

е)банк пен оның клиентінің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері;

ж) банктің директорлар кеңесі операциялар жүргізудің жалпы шарттарына қосуға тиіс деп санайтын өзге де шарттар, талаптар және шектеулер;

Банк клиенттің бірінші талабы бойынша операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы Қағидаларды ұсынуы тиіс.

Сондықтан, Банктердің ұсынатын несиелерінің шекті сомасының көлемі, сыйақы ставкасы, оларды төлеу шарттары, несиелерді қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар туралы мағлұматтарды операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы Қағидалардан білуге болады.

Несие шарттарымен мұқият танысқан соң ғана, болатын шығындар шамасы бағалануы тиіс.

Әдеттегідей, несие шарттарына несиені пайдалану мерзімі, мөлшері, несие алу валютасы, несиені пайдалану үшін сыйақы ставкасының мөлшері (белгіленген, құбылмалы), алғашқы салым мөлшері (қажет болған жағдайда), несиені мерзімінен бұрын жабуға мораторий белгілеу, несиені қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, несие алып, сатып алынатын нысан мен қарыз алушының өмірін, оның еңбекке қабілеттілігін және т.б. тәуекелдерді сақтандыру жатады.

Әдетте Банктер несие беруге қатысты түрлі қызметтері үшін клиенттерден қосымша төлемдер алады. Мысалы, несие өтінішін қарау, кеңес беру, банктік шоттарды ашу және оны іске қосу, несие беру үшін банктік жинақ жасау, несие қаражатын қолма-қол алу, кепіл құнын Банкпен бағалау (мысалы, ипотекалық несиелеу барысында тұрғын үйді бағалау) және т.б. - несие алуды анағұрлым қымбаттатады.

Осыған байланысты, 2007 жылдың 01 қаңтарынан бастап Банктер несие беру барысында, соның ішінде келісім-шартта несие беру қызметі мен несие алуға кететін клиенттің барлық шығындарын көрсететін бір жылдық тиімді салыстырмалы анық сыйақы ставкасын (бұдан әрі - ЖТСС) ашық жазу міндеті енгізілді.

2012 жылдың 23 тамызынан бастап несие берудің жылдық тиімді сыйақы ставкасының есебіне қарыз алушының сақтандыру ұйымының пайдасына шешілетін төлемдері кіреді, егер сақтандыру келісім-шарты бойынша сақтандыру жағдайы туындағанда, пайда табушы ретінде банк болса, сонымен қатар гарант кепіл (тапсырыс) алса, бағалаушы кепілге қойылатын мүлікті бағаласа.

ЖТСС әр түрлі банктердің несие бағасын объективті түрде бағалауға және салыстыруға мүмкіндік береді.

Шартқа отырмас бұрын, бірнеше Банктердің ұқсас несиелер түрін беру шарттарымен танысып алған анағұрлым жөн болар еді және кеңес алу барысында Банктердің ЖТСС мөлшерін алдын ала біліп алғаны тиімді. Теңдік жағдайы орын алса, онда төмен баға тиімдірек болатын салыстырмалы анық сыйақы ставкасы бар несиеде болады.

Іс жүзінде, әдетте Банктер несие беру барысында қарыз алушыға ілесе қызмет көрсететін тұрақты серіктестерімен, соның ішінде аффиллирленген сақтандыру компаниялармен жұмыс жасауға ұмтылады және қарыз алушыдан олардың қызметіне жүгінуді талап етеді.

Осыған байланысты, ескеретін жағдай - Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 380 бап 1 тармағында (бұдан әрі - Кодекс): «Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасауда ерікті. Заңнамада белгіленген жағдайлардан басқа жағдайларда мәжбүрлі түрде шарт жасауға тыйым салынады» - делінген

Кодекстің 806 бап 3 тармағына сәйкес азаматқа оның өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті заңнамамен де, шартпен де жүктеуге болмайды.

2011 жылдың 01 наурызынан бастап «Ипотекалық несие және қаржы тұтынушыларының құқықтарын және мүдделлерін қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді және осыған сәйкес банктер туралы Заңның 34 бабы жаңа басылымда жарық көрді.

Банктер туралы Заңның 34 бап 11 тармағына сәйкес қарыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.

Бұл ретте осы нормаға теріс күш берілген, яғни оның әрекет етуі Заң күшіне енгенге дейін жасалған шарттарда болады.

Сонымен, қарыз алушының өмірі мен денсаулығын сақтандыру  қажеттілігін жүктейтін нормалардан тұратын банктік қарыз шартының шарттары оның жасалған уақытынан бастап заңнама нормаларына кереғар келеді. Бұл ретте, қарыз алушы сақтандыру келісім-шартына қол қоя отырып, оның қойылатын шарттарына  келіскенін көрсетеді.

Бұған қоса айтылатын жайт – Кодекстің 306 бап 1 тармағында аталғандай, кепіл берушінің меншігіне өткен кепілдегі мүлікін сақтандыру міндеті оған ресімделген шартпен немесе заңнамалық актілермен жүктелуі мүмкін.

Кепіл берушінің қолданысында болатын кепілде тұрған мүлікті сақтандыру соңғысына жүктеледі. Бұл кезде банк қарыз алушы мен кепіл берушіге сақтандыру ұйымын таңдауда шектеулер қоюға құқығы жоқ.

Сонымен, егер екі жақпен шартқа қол қойылса, шарт өзара келісіммен жасалды деп саналады. Жасалған шарттар бойынша туындалған кез-келген  келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

Заңға сәйкес несие беру туралы шарт жасаудың міндетті шарты – қарыз алушыда банкпен, ипотекалық ұйыммен өзі туралы және несие бюросының деректер базасында жасалатын мәміле туралы мәлімет беруге жазбаша келісімнің болуы.

Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын несиенің өтеу кестесімен мұқият танысу және жүктелген міндеттерді уақытылы орындау үшін барлық шараларды қабылдау керек. Қарызды тиісті уақытта өтеу қиындықтары туындаған жағдайда, Банктен мүмкін болатын әрекеттер туралы шұғыл кеңес алу қажет.

Тұтынушы кепіл туралы шартта, сонымен қатар заңнама актілерінде қаралған жағдайларда Банк өз бетінше кепілде тұрған мүлікті сауда-саттық (аукцион) жолымен мәжбүрлі түрде соттан тыс тәртіппен сатуға құқылы екенін есте сақтағаны жөн.

Кепіл беруші-жеке тұлғаның ипотекалық шарты тіркелген органда тіркелген тиісті жазбаша бас тартуы  болса, кепіл мүлкін соттан тыс сатуға Заңмен тыйым салынады. Сонымен қатар, микронесиелік ұйымдарға және несиелік  серіктестіктерге кепіл мүлкі болып табылатын тұрғын үй және (немесе) тұрғын үйі бар жер учаскесін соттан тыс сатуға  тыйым салынады. Кепіл ұстаушыға кепіл мүлкін сатуға қажеттілік туындағанда, оған дербес бағалау жүргізу міндеті жүктелді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша заңнама жетілдірілді. Банктік қарыз шарты бойынша қойылған шарттарды біржақты өзгертуге тыйым салынады. Банктік қарыздар, микронесиелер және несиелер бойынша ЖТСС-ның шектеулі мөлшері белгіленді, ол - 56%. Ол несие беруге және қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен басқа төлемдердің өзгеруі мен енгізілуіне, шартты жасау күніне, сыйақы ставкасының өзгеруіне сәйкес жүргізіледі.

Кез келген валюталық эквивалентке төлемдерді индекстеуге тыйым салынды. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамағыны үшін қойылатын тұрақсыздық мөлшері шектелді: бір күнгі мерзімі өткен берешек сомасы 0,5%-дан артық болмауы керек, банктік қарыз шартының әр жылдық әрекеті үшін берілген қарыз сомасы 10%-дан артық болмауы керек.

Банктік қарыз шарты бойынша туындайтын талас тудыратын жағдайлар пайда болса, қарыз алушы жазбаша түрде Банкке, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына немесе Банктің атына оның орналасқан жері бойынша сотқа шағымдана алады.

Сонымен қатар, қарыз алушы банк пен қарыз алушы-жеке тұлғаның арасында жасалған ипотекалық қарыз шарты бойынша өзара қарым-қатынасты реттеуді банктер туралы Заңға сәйкес орындауға құзыреті бар Банктік омбудсманға 050013, Алматы қаласы, Республика Алаңы, 15, 237 кеңсе, e-mail: office@bank-ombudsman.kz, телефоны: 7(727) 2500 344, 2500 322, 7 (707) 407 01 17, факсі: 7(727) 2500 344, сайты: www.bank-ombudsman.kz. мекен жайы бойынша  жолығуға құқылы.

Құрылған күні: 12-02-2015 11:26
Жаңартылған күні: 09-08-2016 12:43

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика