ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
2016 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі 
 
Облыстық ішкі саясат басқармасы өз құзіретімен белгіленген бағыттар бойынша қызмет атқарып,өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіреді.
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады.
Ақпараттық топтар
Елбасының жыл сайынғы Жолдауының іске асыру барысын және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Ақпараттық топтардың елді мекендерге шығу кестесі бекітіліп, өңірде түсіндірме шаралары жүргізілді. Қызылорда қаласы мен аудандарда барлығы 271 мүшесі бар 46 ақпараттық топ қызмет атқаруда.
Есепті мерзімде өзекті мәселелер бойынша 1248 кездесу өткізіліп, оларға 103 597-ге жуық тұрғын қатысты.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 85 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды БАҚ, 5-еуі ақпараттық агенттік, 76-баспа БАҚ (оның ішінде 20-ы журнал, 56-сы газет).
2016 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 30% қоғамдық-саяси, 25% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 45% өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті.
Қызылорда облысында «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «KazVesti», «Kyzylorda-News.kz», «КИА AlashInform» ақпараттық агенттіктері (5) жұмыс жасайды.
Аймақтағы 15 баспа БАҚ-тың интернет сайттары құрылған. Оның  ішінде, 2016 жылы «Сыр медиа» ЖШС құрамындағы 11 баспа БАҚ-тың өз сайттары ашылды (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары» және қалалық, аудандық басылымдар). Сонымен бірге, 4 тәуелсіз басылымның сайттары («Ұстаз мәртебесі», тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері және «Әлімсақ» журналы) ақпарат таратып келеді.
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.
2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2016 жылы осы мақсатқа 621 700,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 4 жылда 2.7 есеге өсті.
Ерекше айта кететін жайт, облыстық медиа-холдинг «Сыр медиа» тарапынан құрамына аудандық басылымдардың сайттарын біріктірген кешенді интернет-портал ашылды (http://syr-media.kz/).
2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 120 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 68 тікелей эфирдегі сұхбат, сонымен бірге, 51 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 102 532 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 74%-ға тең.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ тіркелген болса, 2016 жылы облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 576 млн.теңге қаржы бөлініп, 143 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 811,6 млн. теңге қаралып, 176 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 222 млн. 220 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Қоғамдық-маңызды шаралар
Ел тарихында ерекше орын алған 2016 жыл көптеген маңызды оқиғалармен есте қалды. Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 96 ірі көлемді шаралардан тұратын 2016 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2016 жылдың айтулы даталары - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуы, Чернобыль апатының орын алғанына 30 жыл толуы және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.  
Сондай-ақ, 2016 жылдың басты оқиғасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу. Қызылорда облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту бойынша жұмыс тобы құрылып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1071 шараны жүзеге асыру қарастырылып, жоспарланған шаралар толықтай орындалды.
«Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күнге арналған 370 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді.
25 жұлдызды күн аясында облыс көлемінде 1212 шара (қоғамдық-саяси - 214, ақпараттық-имидждік - 85, ғылыми-ағартушылық - 162, спорттық - 90, мәдени-557, әлеуметтік -экономикалық - 104) оның ішінде: «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форум, «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» республикалық ғылыми конференция; «Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» ХІІ облыстық жастар форумы, Тәуелсіздік құрдастарының форумы; «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі; «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының шығарылуы; «25 маңызды оқиға» фильмінің көрсетілімі; «25 қайырымды іс» әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытында акциялар, ҚР Тұңғыш Президенті күні, «Тәуелсіздік тартуы» телемосты және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиындар, кездесулер мен мерекелік концерттер өткізілді.
Ұйымдастырылған шаралар барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасуы және Мемлекет Басшысының 5 институционалды реформасы «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыруға ерекше маңыз берілді.
Саяси партиялармен жұмыс
Облыста республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Аталмыш партиялар өкілдіктерімен түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылып келеді.
Айта кету керек,оның ішінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өзінің белсенділігімен танылып жүр.
2016 жылы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 320 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер және көпшілік т.б. шаралар) ұйымдастырылса, оның ішінде 220-сы қоғамдық-саяси шаралар.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 20,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн.теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.
Есепті мерзімде 382 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 96 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
Мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен 156 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге қатысты. Қорытындысымен 91-і оң нәтиже көрсетіп, «Қазтест» сертификатын иеленді.
Сонымен қатар, «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, оған 675 қызметкер қамтылды.
Сондай-ақ, 2016 жылдың сәуір, қазан айларында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облысымыздағы 3821 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,3% (203 адам), А2 (базалық) деңгейді – 39,9% (1526 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,2% (1307 адам), В2 (ортадан жоғары) – 19,4% (743 адам), С1 (жоғары) – 1% (42 адам) құрады.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жинақталған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,6% құрайды.
Облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 99,2%, ағылшын тілін меңгергендер – 13,1%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) қатар меңгергендер – 12,4% құрады.
2016 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау мақсатында орталық атқарушы органдардың 3 (үш) облыстық бөлімшесіне тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорытындысымен 1 мекемеде, яғни Қызылорда бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында тіл туралы заңнама талабын бұзу фактісі анықталып, басқарма тарапынан орын алған заңбұзушылықты жою жөнінен ұсыным берілді.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында 1 фестиваль, 1 кеңейтілген семинар-кеңес, 2 диагностикалық және 1 сертификаттық тестілеу, 3 дөңгелек үстел, 3 акция, 3 тексеру, 10 облыстық байқау, 7 семинар, 27 семинар-тренинг ұйымдастырылды.        
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін облыс бойынша лайықты атап өту мақсатында бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс бойынша 400-ден астам шаралар өткізіліп, оған 6000-ға жуық адам қатысты.
Облыстық байқаулардың жеңімпаздары бірқатар республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, орыс жастарының арасында өткен республикалық «Тіл-парасат» байқауында К. Денисов жүлделі 1-орынды, «Абай оқулары» байқауында  Р. Рызманов пен «Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы-термешілер байқауында Ж. Төлебай жүлделі 2-орындарды, үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадада Ф.Қаражан жүлделі 3-орынды иеленсе, көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқауында Д. Мұзарап «Үздік шеберлігі үшін» номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Интеллект» тобы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының арасында өткен «Тілдердің үштұғырлығы – заман талабы» атты өңіраралық байқауға қатысып, жүлделі 1-орынды иеленсе, «Мың бала» жобасының аясында өткізілген «Тіл мектебі» авторлық курсы» байқауында  Ә. Бахытованың ұсынған әдістемесі үздіктер қатарынан танылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғысхатымен марапатталды.       
Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Сонымен қатар, «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» және «Ағылшын тілі – әлемдік мәдениетті, өнерді, ғылымды білудің кілті» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды.
Есепті мерзімде облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және  kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында тіл мәселесіне қатысты барлығы 349 мақала жарияланды. 
Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру және үш тілде білім беруді насихаттау бағытында облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы» бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 149 сюжет көрсетілді.  
Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатын пәрменді, жүйелі жүргізу мақсатында  1 қоғамдық ұйымға,  4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақша мен  отбасы үлгідегі  8 үйге, 32 мекемеге, барлығы  1853 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілді.
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша
Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 1031 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.
1 маусымда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыста Арал, Шиелі аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді. Қызылорда қаласы мен  аудандарда, мекемелерде, құқық қорғау органдарында және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.
4 – маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты басқарма мен Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді.
Жиынға кент тұрғындары, ҮЕҰ өкілдері, жастар ұйымдары, ардагерлер кеңесі және 2019 әскер бөлімінің сарбаздары қатыстырылды. Салтанатты жиын соңы жалпы халықтық Гимнді орындаумен жабылды.
Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйі жанындағы саябақта оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері –асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді.
Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Менің Қазақстаным» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды.
Техникалық реттеу  және  метрология  Комитетінің  Қызылорда  облысы  бойынша департаментімен бірлесіп  мемлекеттік  мекемелер өкілдерінің  және  мемлекеттік рәміздерді сатумен айналысатын  кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен ҚР СТ   989-2014 «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартын  талқылауға арналған  дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 
Дөңгелек үстел барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық  стандартына енгізілген  негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасын жаңартудың туындау себебі, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты мен ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары,  Мемлекеттік Елтаңбаның түр-түстік сипаттарының  орындалуына
қойылатын  талаптар, Мемлекеттік  Елтаңбаның сипаттамалары (детальдарының конструкторлық сызбалары) бойынша департамент мамандары түсіндірме  жүргізді.
Сондай-ақ, 2016 жылғы 14-23 шілде аралығында аудандардағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуына, көрнекі   үгіт-насихат құралдарының және  көше атаулары мен тақтайшалардың орналасуына мониторинг жүргізілді. 
Нәтижесімен, аудан орталықтарында осы салаға жауапты ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, ауылдық округ мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.   
Орын алған кемшіліктерді жою жөнінде Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне  хат жолданды.
2016 жылдың қыркүйек айында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері алаңы салтанатты түрде ашылды.
2016 жылғы 3 қарашада облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, Жаңақорған, Сырдария аудандарындағы, денсаулық сақтау және білім салаларындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды. Осы отырыстың хаттамалық тапсырмасына сәйкес  басқарма,  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп облыстық инспекциялық топ құрылды.
Инспекциялық топ 2016 жылдың 15 -18 қараша күндері  Қызылорда қаласындағы аумақтық департаменттер, инспекциялар және оларға қарасты  36 мекемедегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін стандарттарға сәйкес қолданылуы
бойынша бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда қаласы мен аудандарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жинақталды. Қорытындысы бойынша 447 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп,нәтижесінде 365 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
Қызылорда қаласының 49 көшесіне атау беру жөнінде ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтың 2016 жылғы 20 шілдедегі №6-1 тапсырмасына сәйкес Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қазіргі идеялогиялық көзқарас бойынша көнерген және оларға жаңа атау беру пікір қайшылығын тудырмайтын елді-мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін, физико-географиялық атауларды тарихи атауларға өзгерту шаралары қабылдануда.
Осыған орай, ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды. Нәтижесінде, облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген 107, атауы жоқ 362 көше анықталды. Сондай-ақ, 2 ауылдық округ және  5 бөлімше,  6 ауыл, 3 мектеп қайта атауға жатады. 
«Қызылорда облысының білім беру және мәдениет мекемелеріне атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің  қаулысы шықты. Осыған байланысты,  тиісті заңнамаларға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Есепті мерзімде облыстық ономастика комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, қаралған 158 құжаттың 99-на оң қорытынды берілді.
Қазақстан халқы тілдерінің күні  мерекесіне орай Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 22 қыркүйекте «Тіл тазалығын сақтайық!» атты  акция өткізілді.
Акция «Жас Отан» жастар қанаты жанынан құрылған «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында Қызылорда қаласында тұрғындарға тасымалдау қызметін көрсететін 1, 11, 17, 18 бағыттағы қоғамдық көліктерде мемлекеттік тілде таза сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтауға шақыратын көрнекіліктер жапсырылып, таратылды.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 72 топонимикалық атаулар енгізілді.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 172 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 161 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2016 жылы түрлі форматта 2 298 іс-шара ұйымдастырылып, оған 67 400 адам қатысты және жұмыс барысында 51 мың дана ақпараттық материалдар шығарылып, таратылды. Жергілікті БАҚ-та 1712 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 1232 материал, баспа БАҚ-та – 480 мақала жарық көрді.
Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыстағы мұнай компанияларындағы қызметкерлер мен жұмысшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтар болсақ, «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС «Қоныс», «Бектас», «СаутсОил» ЖШС «Ақшабұлақ», «Кеңшілік», «ҚОР» МК АҚ «Ащысай», «ПетроКазахстанҚұмкольРесорсиз» АҚ, «Арысқұм», «Құмкөл» кеніш орындарында «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың қоғамға кері әсері» тақырыбында кездесулер өткізіліп, 500-ден астам адам қамтылды.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 239 кездесу өткізіп, кездесулердің 149-ы діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 мәдени, 14 спорттық, 11 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 3392 адам қамтылды.
Облыстағы діни ахуалды тұрақты сақтау және оны арттыру мақсатында 2016 жылдың екінші жарты жылдығында 70 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, 6 әлеуметтік жоба іске асырылды.
Жоба аясында атқарылған шаралардың бірқатарына тоқталсақ, 11 бейнеролик және 14 телебағдарлама дайындалып, жергілікті телеарналарда көрсетілді. 4 республикалық және 2 халықаралық деңгейдегі теологтар өңірге шақырылып, 100-ге жуық кездесулер ұйымдастырылды. 120-ға жуық деструктивті тұрғыдағы сайттар мен қолданушылардың сілтемелері анықталды. Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы азаматтарды оңалту мақсатында 123 жеке кездесулер ұйымдастырылып, 30 дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылардың көзқарасын өзгерту мақсатында біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылды.
2015 жылдан бастап дін саласындағы мемлекеттік саясатты халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 150 адамнан тұратын ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, ай сайын АНТ мүшелеріне атқарған жұмысы үшін ақы төленді. Осылайша Республика бойынша Қызылорда облысында діни бірлестік қызметкерлеріне ақы төлеу мәселесі толығымен шешімін тапты.
Сондай-ақ, 2016 жылы 1000-нан астам интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 161 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 105 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.
Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар
Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы 
1.Жалпы статистикалық мәлімет. Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында   201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
2016 жыл аймағымызда экономикалық белсенді жастар 100 мың 500 адам (15-28 жас аралығындағы), оның 4900 азаматы жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандар - 95600, жалдамалы қызметкерлер – 51200, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер – 44400.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%, NEET санатына жататын жастардың саны 12,0% құрады (Экономикалық белсенді емес-62,6 мың адам, оның ішінде оқудағылар - 47,8 мың адам, үй шаруашылығында - 2 278 адам, денсаулығына байланысты - 948 адам, басқа мәселелер бойынша - 11 497 адам).
2.Қаржыландыру көлемі. 2016 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылы осы мақсатқа 460 млн. жуық қаржы қарастырылып, 53 пайызға артып отыр.
Мемлекеттік жастар саясатын дамыту жол картасы аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. 892 мың теңге қаржы қарастырылған (2015 жылы 16 әлеуметтік жобаға 62,6 млн. теңге). Жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында 26 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 52 млн. 358 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылды.
Анықтама: Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы арқылы жүзеге асырылған 18 жоба аясында 4 орталық қызметі, 4 ірі форматтағы шара және әр түрлі бағыттағы 10 әлеуметтік қызмет жұмыстары ұйымдастырылды. Әр түрлі бағыттағы 300 жуық шара өткізіліп, 38 мың жас қамтылған.
Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 109 млн. 070 мың теңге қаржы бөлінді. 
Үстіміздегі жылы жастарды әлеуметтендіру, жекелей жұмыстарды жүргізу мақсатында 15 әлеуметтік жобаны (68 млн. 703 мың теңге) жүзеге асыру жоспарлануда. Оның  ішінде, ауыл жастарын әлеуметтендіру, ЖОО және ТжКБ беру ұйымдарын бітірген студенттерді тәжірибеден өткізу, жұмыссыз, жазасын өтеп шыққан жастарға арналған әр түрлі сала бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында үйірмелер жұмыс жасайтын болады.
3.Жастарға қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету. Қазіргі таңда 95% мектеп түлектері колледждер мен ЖОО-да білім алуда.  Қызылорда облысынан «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 3162 студент жоғары және орта білім беру мекемелерінде оқуда. Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде Мәскеу және Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарында 400 сырбойылықтың білім алуына жағдай жасалды. 2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал топтарынан шыққан 512 студентке облыс әкімінің білім гранты тағайындалды (облыстық бюджеттен 214614,7 мың теңге әлеуметтік көмек ретінде қаржы)
4.Консультативті-кеңесші органдар.Облыс әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамы жаңартылды. 2013 жылдан бастап көшпелі отырыстар тәжірибеге енгізілді.
Жыл басынан 14 әр түрлі деңгейдегі әкімдер жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өткізілді (облыс, қала және барлық аудандарда).
Кеңес отырыстарында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық қарым-қатынасты тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірленіп, алда тұрған міндеттер қаралды (NEET санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстар бойынша жүргізілген мониторинг жайлы және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар және т.б.).
5.Жастар комитеттері мен ҮЕҰ дамуы. Өңірде мемлекеттік жастар саясаты институттары дамып келеді. Әр түрлі меншіктегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілуде. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 14 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелсе, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүшелері тіркелген.
Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жетекшілерінен құрылған Жастар кеңесі жұмысын жүргізуде.
6.Жастармен адресті жұмыс. Өткен жылғы 18 маусымда Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында өткізілген жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңес отырысының хаттамасына сәйкес, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жанынан заңды тұлға ретінде, барлығы 9  «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жұмыс жасауда (9 - «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, 1-Байқоңыр қаласында бөлімше)
Атап айту қажет, өткен жылы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 1612 шара ұйымдастырылып, оған 45 200 жас қамтылған.
Орталық жанынан ашылған «Жас маман бөлімі» рекрутинг орталығының қызметін атқаруда. Жастарды жұмыспен қамту бойынша 48 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 66  кеңес беру шарасы өткізілді. Осы ретте, маусымдық кезінде 344 жас «Жас құрылысшылар» жасағында жұмыспен қамтылған, бұлардың арасында жазасын өтеп шыққан жастар жұмыс жасауда. «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000 сарбаз, «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасақ құрамына 40 жас тартылды.
NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту мақсатында ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасау және жастар арасындағы жұмыссыздықты жою бойынша салааралық іс-шаралар жоспары аясында NEET санатына жататын жастардың мәліметтер базасы жасақталды. Базаға енген жастар маусымдық жұмыстарға (жасыл ел, жас құрылысшылар жасағы), Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатыспаған жастар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тартылды. Жұмыссыз жастарға 2015-2016 жылдарға арналған жастардың кәсіпкерлігін дамыту «Жол картасы» аясында кәсіпкерлік бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды.
Орталық қызметкерлерімен 8300 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (3712 жұмыссыздық мәселесі, 229 кәсіпкерлігін дамытуға, 281 әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге, 695-і мемлекеттік бағдарламалар, 33-і діни ағымдар, 639-ы тұрғын үй мәселесі бойынша, 2711 әртүрлі мәселелерді қамтиды) көрсетілген.
7.Мемлекеттік бағдарламалар бойынша. Жастарды әлеуметтендіру мақсатында бір қатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысушы ретінде 5251 жас (50,5%) енгізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5078 жас (16-29 жас аралығындағы жастары) қамтылды. Бірінші бағыт бойынша 163 жоба аясында 1173 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 228 жас бағдарлама қатысушысы. Екінші бағыт - кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 43 жас оқыды.  Жыл басынан 212 жас несиелендіріліп, 4-і өз кәсібін ашты. Үшінші бағыт әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға 248 мекеме, кәсіпорындарға 438 жас жолданды. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша – 822 адамға - 188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 571 мекеме, кәсіпорындарға 1094 жас мамандар жолданып, мерзімі аяқталғандардың ішінен 365 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша 2016 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 307 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 213,5 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336,2 млн.теңге бөлінді.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 307 маманға 210,5 млн.теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім саласы – 193, денсаулық сақтау саласы – 88, мәдениет саласы – 11, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 1, спорт саласы – 5, агроөнеркәсіп кешен саласы - 9.
Сондай-ақ, 439 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1327,0 млн.теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы – 257, денсаулық сақтау саласы – 140, мәдениет саласы – 20, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 2, спорт саласы – 13, агроөнеркәсіп кешен саласы – 7.
Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтарынан «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастады. Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы әзірленуде.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 83 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Олардың 4 электронды, 5 ақпараттық агенттік және 74 баспа БАҚ.
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі» Бас медиа-жоспары бекітілді.
2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 591 480,0 мың теңге бөлінді.
Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды.
2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмыс жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 50 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 18 сұхбат ұйымдастырылды.
2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95 %, яғни, 97166 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған.
Аталған жұмыстарды жеделдету мақсатында қала, аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы тобы құрылды. «Казтелерадио» АҚ-ның 2016 жылғы 10 шілде күнгі ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс бойынша 90 348 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 66 %-ға тең.
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Есепті мерзімде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты күйде сақталды, саяси  жағдайдың тұрақсыздық белгілері байқалмады.
Облыстағы тұрақсыздық белгілерін дер уақытында анықтау мен алдын алу қоғамдық-саяси ахуалға үздіксіз негізде мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл бағытта облыс әкімі және облыс прокурорының бірлескен Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы жаңартылып бекітіледі.
Ықтимал наразы көңіл-күй детонаторы ретінде ұлттық валютаның девальвациясы салдары мен еңбек дауларын атауға болады. Картаға енген мәселелердің басым бөлігі штаттық қысқартулар, еңбекақы бойынша қарыздар, еңбек дауларына қатысты.
Штатты қысқартуларды болдырмау және ақысыз еңбек демалысына шығарудың алдын алу мақсатында облыс әкімі жанындағы «Дағдарысқа қарсы штабы және әлеуметтік серіктестік бойынша» облыстық үшжақты комиссия отырыстары өткізілуде. Облыстық прокуратура жанынан үйлестіру қызметтері бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекемеаралық жұмысшы топтары, сондай-ақ, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кәсіподақ мекемелері құрылды. Апта сайын жұмысшы топтардың отырысы өткізілуде.
Облыстық прокуратура жанынан үйлестіру қызметтері бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекемеаралық жұмысшы топтары, сондай-ақ, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кәсіподақ мекемелері құрылды. Апта сайын жұмысшы топтардың отырысы өткізілуде.
Облыс аумағында 6 саяси партияның облыстық филиалдары тіркелген. Аталған құрылымдар сайлау науқанына байланысты халық арасында өз саяси платформаларын насихаттау және дауыс беру процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырды.
Сайлау күні сайлаушылардың келуі 81,75 % құрады, оның 82,41 % - «Нұр Отан» партиясына дауыс берсе, 6,14% - ҚХКП, 7,25% - «Ақ жол» партиясына, 2,57% - «Ауыл», 1,38% - ЖСДП-на, 0,25% - «Бірлік» партиясын қолдады. Сонымен қатар, сайлау процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырған халықаралық ұйымдар тарапынан заңнамалардың бұзу фактілері анықталған жоқ.
Елбасы Жолдауының насихатталуы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылы 31 желтоқсандағы №167-ө өкімімен 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді.
Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы облыс бойынша барлығы 151 есепті кездесулер өткізіліп, оған 24 011 тұрғын қатысты (Есепті кездесулер барысында 339 тұрғындардан ұсыныс түсіп, 49 азамат өз пікірлерін білдірген).
Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.
2-кезең жер мәселесіне қатысты әлеуметтік қауырттылық туындау барысында ақпараттық топтың келесі легі ұйымдастырылып, арнайы желілік кесте жасақталды. Нәтижесінде 298 кездесу ұйымдастырылып, 15 мыңға жуық адам қамтылды. БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде, 292 сюжет, 3 брифинг, 373 мақала, тікелей эфирде 2 бағдарлама көрсетіліп, тұрғындар жер мәселесімен қатар (жеке жер алу мәселесімен қоса), өздерінің өзге де толғандырып жүрген әлеуметтік, экономикалық және саяси сұрақтарына жауаптарын алды.
Облыс бойынша жалпы 449 кездесу өткізіліп, 39200 адам қамтылды.
Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.
Дін саласы бойынша
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 170 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 158 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

156

-

156

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

170

12

158

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында, 2016 жылғы І жартыжылдықта облыс көлемінде дәстүрлі емес ұстанымдағылармен 218, жастар арасында 188, мемлекеттік қызметкерлермен 100, тұрғындармен 60, бюджеттік қызметкерлермен 120, құқық қорғау органдарымен 33, жазасын өтеушілермен 20, діндарлармен 16, денсаулық сақтау саласының мамандарымен 5, түрлі сала өкілдерімен 6 кездесу өткізіліп, барлығы 766 шараға 23881 адам қатысты.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер ісөшараларда халыққа таратылуда.
2016 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен бекітілген мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 мәдени, 4 спорттық шара ұйымдастырылып, 936 жазасын өтеуші қатысты. Ағымдағы жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жолдауымен шетелдік діни оқу орындарында 3 студент және «Нұр Мүбәрәк» Египет ислам университетінде сырбойылық 48 студент білім алуда.
Өңірде діни тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық қатынасты нығайту мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын үйлестіруге облыстық бюджеттен 55 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.
Бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда және faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жариялануда.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша 
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға 2,7 млн. теңге қаржы қаралған.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталды.
Нәтижесімен 2016 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады.
Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік, ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда. Бүгінде 37 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсының бастауыш деңгейін тәмәмдап, сертификат алды.
Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай  еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Шараға басқарманың, «Қоғамдық келісім» орталығының, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, ҚХА мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент жастары қатысты.
Шара барысында мемлекеттік тілді, тілдердің үштұғырлығын, этностардың тілдерін дамытудың маңызды мәселелері көтерілді. Жиын соңында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді.
11 наурызда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдердің үштұғырлығын насихаттау, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялар, құқық қорғау және сот органдарының және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тіл жанашырлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тілші-ғалымдары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесте облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, көптілді меңгерудің маңыздылығы және қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері жайлы хабарламалар жасалды.
Шара барысында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадағы «Қазтест» бойынша нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бағытында нақты жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне аса назар аударылды.
30 наурызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында «Тіл шебері -2016» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 21-29 жас аралығындағы Қызылорда қалалық, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандық әкімдіктерінде және облыстық басқармалар мен департаменттерде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Сәуір айында тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының тікелей эфирінен «Өмірдің өзі» ток-шоуына облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, студент жастар, Назарбаев Зияткерлік және «Мұрагер» мектептерінің мұғалімдері қатысты.
8 сәуірде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша 16-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты.
15 сәуірде қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Ой – сана» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қазалы, Жаңақорған аудандары, Байқоңыр қаласының  мектептері мен Қызылорда қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 18-22 жас аралығындағы 19 талапкер қатысты.
2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Тестілеуге Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыстырылды. Осындай диагностикалық тестілеу жұмыстары 25-30 сәуір аралағында облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да өткізілді.
Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.
Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады.
«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда, облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады.   
13 мамырда қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан  16-22 жас аралығындағы 10 талапкер қатысты.               
Мамыр айында Петропавл қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумына облыстан мемлекеттік тілді жетік меңгерген үш этнос өкілінің және де Өскемен қаласында өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» республикалық шарасына тілші-ғалымдардың қатысуы ұйымдастырылды.
2 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік тілді дамыту, қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Алтын ұя» балабақшасында «Тіл болашағы - балабақшадан» тақырыбында акция өткізілді.
Акция барысында Қызылорда қаласының білім беру бөліміне қарасты 6 балабақша ұжымына балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, тілін ұстартуға қажетті оқу-әдістемелік құралдар, ертегілер мен олардың аудио жинақтары, 12 оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электрондық оқулықтардың жинақтары тарту етілді.
3 маусымда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінің арасында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.
Іріктеу кезеңіне Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған  аудандары мен Қызылорда қаласынан 18-35 жас аралығындағы 14 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері қатысты. Мемлекеттік қызметпен қатар шығармашылық өнерді қоса дамытып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер іріктеу кезеңіне жоғары дайындықпен келді.
24 маусымда мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында өткізілген «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауына 16 қатысушыдан келіп түскен 28 материалға сараптама жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы шығарылды. Нәтижесімен «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» бойынша анықталған жеңімпаздар мен 7 ынталандыру сыйлықтарына үміткерлер марапатталды.
16 маусымда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірбиелерін тарату мақсатында «Тіл мерейі» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 25-40 жас аралығындағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар, мамандар қатысты.           
Байқау жеңімпазы Қостанай облысында «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірбиелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру мақсатында өткізілген семинар-тренингке қатысты.
Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақшаға 991 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.
Облысымызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында спикерлер тізімі жасақталып, олардың үш тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша сұхбаттары республикалық телеарналардан берілуі жоспарлануда.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 30-дан аса мақала жарияланды.
Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы» бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 73 сюжет көрсетілді.  
Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгертуге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен тілдердің үштұғырлығын, көптілділікті насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламалары ұйымдастырылып келеді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан мемлекеттік тапсырыс арқылы «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик әзірленіп, облыстық телеарна арқылы көпшілік назарына ұсынылды.   
Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы 
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында
201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
Облысымызда тіркелген жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны 61, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс жасайды. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 8 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 
Белсенді жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған 90-ға жуық іс шараға 5000-нан аса жас тартылған.
Есепті кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 663 іс шара ұйымдастырылып, оған 20 220 жас қамтылған. 
Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау - 154, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу - 30, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту - 31, мәдени-көпшілік шаралары - 51, жастардың шығармашылығын дамыту - 32; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру - 39, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай - 75, Neet санатындағы жастармен шаралар - 30, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау - 15, кеңес беру шаралары – 75, әр түрлі сайыстар - 30, концерттік бағдарлама - 14, 35 - акция, 17 - байқау, көрме, экскурсия, 33 - қайырымдылық шара ұйымдастырылды.
Орталықпен 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, 30-дан астам жас «Жас құрылысшылар» еңбек жасағында жұмыспен қамтылған. Үстіміздегі жылғы педагогикалық, еңбек, құрылыс жасақтарына 1500-нан астам жасты тарту жоспарлануда.
Орталық қызметкерлерімен 4546 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (жұмыссыздық мәселесі - 2230, әлеуметтік психологиялық бағыттар - 4, мемлекеттік бағдарламалар - 442, діни ағымдар -43, кәсіпкерлікті дамытуға – 120, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге – 250, тұрғын үй мәселесі – 420, әр түрлі мәселелер бойынша - 1037) көрсетілген.
Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2016-2017 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. астам теңге қаржы қарастырылған.
Сонымен қатар, ү.ж. 18 маусымда облыс әкімі Қ. Е. Көшербаевтың төрағалығымен «Жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы» Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округінде өтті. Аталмыш кеңесте республика бойынша «Жастар ресурстық орталықтары» қызметтерінің жаңа моделін қалыптастыру, жастар денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша атқарылған жұмыстар, Қызылорда облысы, Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы хабарламалар тыңдалды. Сондай-ақ, NEET санатындағы жастарды қолдаудың тетіктерін табу мәселесі талқыланды. Кеңес барысында танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафаның қазақ жастарына арнап салынған суреттер көрмесі тамашаланды. Сонымен қатар,  Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты, «БК Қызылорда Цемент» ЖШС-нің цемент өнімін шығаратын зауыт құрылысы салынатын орынға капсула салу рәсімі өтті.
Кеңеске Білім және ғылым министрлігінің, Біріккен ұлттар ұйымының балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері, кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, барлығы 200-ге жуық делегаттар қатысты.
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша
Ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды.
«Облыстық ономастика комиссиясы туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 5 маусымдағы №153 қаулысына өзгерістер енгізілді.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 65 топонимикалық атаулар енгізілді.
Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 482 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер заң талаптарына сәйкестендірілді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне мемлекеттік рәміздерге байланысты атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.
Мемлекеттік рәміздер саласындағы қабылданған заңнамалардың екі тілдегі толық нұсқасы облыс әкімдігі мен қала, аудандық әкімдіктердің ресми сайттарына жарияланды.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда  облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік  мекемелер өкілдерінің және мемлекеттік рәміздерді сатумен айналысатын кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 
Дөңгелек үстел барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына енгізілген негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жаңартудың туындау себебі, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты мен ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары, Мемлекеттік Елтаңбаның түр-түстік сипаттарының орындалуына қойылатын талаптар, Мемлекеттік Елтаңбаның сипаттамалары (детальдарының конструкторлық сызбалары) бойынша департамент мамандары түсіндірме жүргізді.
Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыста Арал, Шиелі аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.
Қызылорда қаласы мен аудандарда, мекемелерде, құқық қорғау органдарында және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.
4 – маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты басқарма мен Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді.
Жиынға кент тұрғындары, ҮЕҰ өкілдері, жастар ұйымдары, ардагерлер кеңесі және 2019 әскер бөлімінің сарбаздары қатыстырылды. Салтанатты жиын соңы жалпы халықтық Гимнді орындаумен жабылды.
Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйі жанындағы саябақта оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері–асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді.
Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Менің Қазақстаным» атты жастар акциясы ұйымдастырылды.
Қызылорда қаласы мен аудандарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жинақталды. Қорытындысы бойынша 426 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 365 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ Әділет органдарында заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 575,8 млн. теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 143 жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 142 әлеуметтік жобаға 418,0 млн теңге қаралып, жүзеге асырылуда.
Оның ішінде, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 216 млн. 306 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 34 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады.
Қоғамдық-саяси маңызды шаралар. 2016 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбелік жоспарына сәйкес есепті мерзімде 39 ірі көлемді шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Саяси партиялармен жұмыс. Облыста республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Аталмыш партиялар өкілдіктері партияішілік ұйымдастыру, мәдени-көпшілік шараларын жүргізе отырып, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне араласып келеді.
Кеңес саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Қоғамдық кеңестер. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 2 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес жергілікті мәслихаттардың шешімі мен облыстық, аудандық, қалалық деңгейде Қоғамдық кеңестер құрылып, олардың Ережесі және құрамдары бекітілген болатын. Кеңес құрамына азаматтық қоғам институттарының өкілдері, оның ішінде партия өкілдері, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, ҮЕҮ өкілдері, ардагерлер кеңесі және жастар ұйымдарының өкілдері қамтылған.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
2016 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 82 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Олардың 4 электронды, 5 ақпараттық агенттік және 73 баспа БАҚ. 
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.
2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 578 530,0 мың теңге бөлінді.
Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды.
2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмыс жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 22 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 8 сұхбат ұйымдастырылды.
2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95 %, яғни, 97166 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. 
Аталған жұмыстарды жеделдету мақсатында қала, аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы тобы құрылды. «Казтелерадио» АҚ-ның 2016 жылғы 25 наурыз күнгі ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс бойынша 84 170 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 61,5 %-ға тең.
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету 
Есепті мерзімде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты күйде сақталды, саяси жағдайдың тұрақсыздық белгілері байқалмады.
Облыстағы тұрақсыздық белгілерін дер уақытында анықтау мен алдын алу қоғамдық-саяси ахуалға үздіксіз негізде мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл бағытта облыс әкімі және облыс прокурорының бірлескен Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы жаңартылып бекітіледі. Ықтимал наразы көңіл-күй детонаторы ретінде ұлттық валютаның девальвациясы салдары мен еңбек дауларын атауға болады. Картаға енген мәселелердің басым бөлігі штаттық қысқартулар, еңбекақы бойынша қарыздар, еңбек дауларына қатысты. 
Штатты қысқартуларды болдырмау және ақысыз еңбек демалысына шығару бағыттары, жалақы берешектерін өтеуді алдын алу мақсатында облыс әкімі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабы және әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық үшжақты комиссия отырыстары өткізілуде.
Облыстық прокуратура жанынан үйлестіру қызметтері бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекемеаралық жұмысшы топтары, сондай-ақ, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кәсіподақ мекемелері құрылды. Апта сайын жұмысшы топтардың отырысы өткізілуде. 
Сонымен қатар, жергілікті жерлерде кез-келген әлеуметтік шиеленістің туындауына әсер етуі мүмкін немесе қарсылық акцияларын ұйымдастыруы мүмкін наразы пікірдегі азаматтар бойынша мәліметтер базасы жасақталды. 
Базада 71 адам бар, олар жергілікті атқарушы және құзыретті органдардың тұрақты бақылауында.
Облыс әкімшілігімен Бас прокуратураның жаңа ұсынымдарды басшылыққа алынып, жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрация өткізу бойынша қосымша тәртібі әзірленді. Облыс аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдіктері тарапынан жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрация өткізу орындары мен маршруттары белгіленіп, тиісті мәслихаттарымен бекітіліп, Әділет органдарында тіркелді. Аталмыш құжат республика бойынша тек Қызылорда облысында дайындалып 
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімін алды. 
Есепті мерзім ішінде қандай-да бір бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар тіркелмеген. 
Облыс аумағында 6 саяси партияның облыстық филиалдары тіркелген. Аталған құрылымдар сайлау науқанына байланысты халық арасында өз саяси платформаларын насихаттау және дауыс беру процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырды.
Сайлау күні сайлаушылардың келуі 81,75 % құрады, оның 82,41 % - «Нұр Отан» партиясына дауыс берсе, 6,14% - ҚХКП, 7,25% - «Ақ жол» партиясына, 2,57% - «Ауыл», 1,38% - ЖСДП-на, 0,25% - «Бірлік» партиясын қолдады. Сонымен қатар, сайлау процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырған халықаралық ұйымдар тарапынан заңнамалардың бұзу фактілері анықталған жоқ. 
ҚР Мәжіліс депутаттығына сайлау штаттық режимінде өткізілді, электоралды процеске нұқсан келтірген фактілер белгіленген жоқ.
Облыстық ақпараттық топ жұмысын ұйымдастыру 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылы 
31 желтоқсандағы №167-ө өкімімен 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді.
Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы облыс бойынша барлығы 151 есепті кездесулер өткізіліп, оған 24 011 тұрғын қатысты (Есепті кездесулер барысында 339 тұрғындардан ұсыныс түсіп, 49 азамат өз пікірлерін білдірген).
Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.
Дін саласы бойынша
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 168 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 156 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

154

-

154

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

168

12

156

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында, 2016 жылдың І тоқсанында облыс көлемінде барлығы 63 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 53 кездесу, 1 дәріс, 4 семинар, 5 дөңгелек үстел өткізіліп, оған 3010 адам қамтылды.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында 7 акция өтіп, 560 адам қатысты.
2016 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен бекітілген мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 мәдени, 4 спорттық шара ұйымдастырылып, 936 жазасын өтеуші қатысты.
Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша 2016 жылдың І тоқсанында аймақтық бұқаралық баспа құралдарында 29 мақала жарияланды. Есепті мерзімде жергілікті телеарналарда діни тақырыптағы 10 бейнеролик 28 рет көрсетілді.
Бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, дін мәселелерін зерттеу орталығының www.dzo.kz сайтында және faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жариялануда.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған. 
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша құжат айналымы туралы І тоқсанның есебі жинақталып, сарапталуда.2016 жылғы 19 қаңтардағы Тілдердің үштұғырлығын насихаттау жұмыстарын жүргізудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, бірқатар ұйымдастыру шаралары жүргізілді.
«Үш тілді білу - заман талабы» тақырыбында әлеуметтік желіде (Facebook) парақша ашылып, тіркелді. Аталған тақырыпқа сай өткізілген шаралар әлеуметтік желіге салынуда. 
2016 жылғы 19 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне орай еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы  өткізілді. 
Шараға басқарманың, «Қоғамдық келісім» орталығының, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, ҚХА мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент жастары қатысты. 
Шара барысында мемлекеттік тілді, тілдердің үштұғырлығын, этностардың тілдерін дамытудың маңызды мәселелері көтеріліп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді. 
2016 жылдың 11 наурызында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді. 
Семинар-кеңеске облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялар, құқық қорғау және сот органдарының және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тіл жанашырлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тілші-ғалымдары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесте облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, көптілді меңгерудің маңыздылығы және қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері жайлы хабарламалар жасалды.
Шара барысында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадағы «Қазтест» мәселесі бойынша нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бағытында нақты жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне аса назар аударылды. 
Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 3 балабақшаға 577 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Аталар сөзі», «Бабалар батасы», «Қобыз үні», «Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық әні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Билер сөзі» деген 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.
Есепті мерзімде облысымызда қазақ, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, оқушыларға тәлімді тәрбие беріп келе жатқан А.Тайжанова, Н. Есбосын секілді мұғалімдер жайлы «Тіл оқытудағы оқу орнының оңды істері», «Үнемі ізденіс үстінде» атты мақалалалар интернет ресурстарда жарық көрсе, тілдерді білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы өңірлік бұқарат ақпарат құралдарында 24 мақала, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған 62 мақала жарияланды. 
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша    
Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 67 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер бойынша заң талаптарына сәйкестендірілді.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне, аумақтық департаменттер, инспекциялар мен басқармалар басшыларына ауа райының қолайсыздығына байланысты мемлекеттік рәміздердің жағдайына бақылау жұмыстарын күшейту жөнінде хат жолданды. 
Тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында басқарма қызметкерлері 12 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 8 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда  облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік мекемелер өкілдерінің  және мемлекеттік рәміздерді сатумен айналысатын кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді.  
Дөңгелек үстел барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына енгізілген  негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасын жаңартудың туындау себебі, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты мен ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары, Мемлекеттік Елтаңбаның түр-түстік сипаттарының орындалуына қойылатын талаптар, Мемлекеттік Елтаңбаның сипаттамалары (детальдарының конструкторлық сызбалары) бойынша департамент мамандары түсіндірме жүргізді. 
Есепті мерзім ішінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 21 топонимикалық атаулар енгізілді. 
Республикалық ономастика комиссиясында қолдау тапқан Қызылорда қаласының 10 көшесін қайта атау туралы ұсыныс бойынша Қызылорда облысының әкімдігі мен Қызылорда облыстық мәслихатының бірлескен шешімі дайындалуда. 
Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы 
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында
201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.
Экономикалық белсенді жастар 91,7 мың адам, оның 5,6 мыңға жуығы жұмыссыздар. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 6,1 % (2015 жылғы IV тоқсан 4,5 %).
Облысымызда тіркелген жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны
61, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс жасайды. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 
Белсенді жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған 50-ден астам іс-шараға 3000 жас тартылған. 
Есепті кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 250 іс-шара ұйымдастырылып, оған  9 мыңға жуық жас қамтылған.  
Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау-16, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу-12, құқық бұзушылықтың алдын алу-6, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту-11, мәдени-көпшілік шаралары-17, жастардың шығармашылығын дамыту-8; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру-14, консультациялық кеңес беру шаралары-23, қайырымдылық бағытта-19, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай - 32, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау-15, ұйымдастырылмаған жастармен шаралар-9, жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы, ЖҚТБ қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу-14 шара ұйымдастырылды.
Орталық қызметкерлерімен 750-жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (жұмыссыздық мәселесі-530, әлеуметтік психологиялық бағыттар-4, мемлекеттік бағдарламалар-112, діни ағымдар-18, әр түрлі мәселелер бойынша - 86) көрсетілген. 
Өңірде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына жастарды тарту бойынша да тиісті жүмыстар жүргізілуде. 
Үстіміздегі жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасына республикалық бюджеттен көтерме жәрдемақыға 307 маманға, 213 млн. теңге, жеңілдетілген несие, тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336 млн. теңге қаржы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жоспар бойынша 822 адамға 188 млн. 349 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 450 адамға 115 млн. 636 теңге қаржы қарастырылған.
Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша
2016-2017 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 
16 әлеуметтік жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 68 млн.теңге(2015 жылы 62,6 млн. теңге) қаржы қарастырылған. 
Мұнан өзге, жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылы 22 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға
47 млн. теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда.  
Сондай-ақ, қоғамдық көлікте жеңілдікпен қатынау үшін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан күндізгі оқу орнында оқитын студенттерге қолдау көрсету биылғы жылы да жалғасын тауып, облыстық бюджеттен 3 214 жасқа 77 млн. 907 мың теңге қаржы бөлінді.
Есепті кезеңде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы 57 мақала электронды, 151 мақала баспа бұқаралық ақпарат да жарияланып, 18 сюжет республикалық, жергілікті телеарналардан көрсетілді.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы 
№ 51 бұйрығына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың 2016 жылдың 31 наурызға дейін мәлімет беруі жөнінде БАҚ-қа хабарлама орналастырылды. Аталған қағидаларды түсіндіру мақсатында "Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығының ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар-тренинг өткізілді.  
2015 жылы желтоқсан айында қолданысқа берілген «Достық үйі» ғимаратынан "Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығына үкіметтік емес ұйымдармен салааралық жұмыс жүргізу үшін 2 бөлме бөлінді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес, облыс әкімдігі жанынан Қоғамдық кеңестің құрамы қалыптастырылды. 
Облыстық Қоғамдық кеңеске мүшелікке ұсынылған 62 (жеке азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардан) кандидаттың 33-і мүшелікке енді.
2016 жылдың 10 ақпанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс №44 сессиясында №355 шешімі мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің тізімі бекітілді. 
Олардың құрамы 23 ҮЕҰ-дан, 7-уі мемлекеттік органдардан болса, қалған 3-уі саяси партия өкілдері. Яғни, Қоғамдық кеңес 79% азаматтық қоғам институтары өкілдерінен құралды.
Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті мәжілісі сәуір айында өткізу жоспарлануда. 
2016 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 96 шара енгізіліп, есепті мерзімде 10 шара өткізілді.
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында облыстық «Ерлік" үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігімен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған «Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат» атты тағзым алаңында ардагерлерді еске алу митингісі және «Ерлікке тағзым-ұрпаққа парыз» атты кеш ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жолға шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы 11 наурызда Қазалы ауданына, ал 12 наурызда Қызылорда қаласында болды. Делегация мүшелері бағдарламаға сәйкес іс-шараларға қатысып, облыс тұрғындарына бизнесті дамыту,әлеуметтік және медициналық консультациялар жүргізді. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өтті. 
Наурыз мерекесін облыста атап өтудің желілік кестесі қалыптастырылып, 14-22 наурыз аралығында 9 күнге тақырыптық бағыттар бекітілді. Бағыттарға сәйкес қала және аудандарда ұйымдастырылған іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.
Саяси партиялармен өзара іс-қимыл барысы
Қызылорда облысында республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары (комитеттері мен өкілдіктері) тіркелген.
Саяси партиялармен өзара іс-қимылдарды дамыту, саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жанындағы саяси партиялармен байланыс жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылған.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
2015 жылдың қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстарының 
ЕСЕБІ

Қоғамдық-саяси ахуал туралы

Қазіргі таңда облыста қоғамдық-саяси ахуал тұрақты деп бағаланады.

Жылдың басынан бері бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілген жоқ.

Жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық-саяси ахуалға үнемі мониторинг жүргізілуде.

Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу, облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді уақытылы анықтау, оларды шешу үшін мемлекеттік органдардың жедел шараларын жүргізу және аймақтағы қоғамдық тұрақтылықты сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығы жұмыс жасады.

Ақпараттық-талдау орталығының әр ауданда және облыс орталығында арнайы мамандары қызмет атқарады. Олар әлеуметтік желілерге, аймақтың елді мекендеріндегі қоғамдық-саяси ахуалға күнделікті талдау, мониторинг жұмыстарының жүргізілуі туындаған мәселелер бойынша жедел шара қабылдауға мүмкіндік беруде.

Орталық арқылы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың өзекті мәселелерін зерттеуде «Жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг ұйымдастыру» жобасы аясында жыл көлемінде барлығы 60 әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Зерттеуде облыстың қоғамдық-саяси ахуалы, өңірдегі этносаралық қатынастар, экологиялық жағдай, құқық қорғау органдарының қызметі, жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, жастардың әлеуметтік-психологиялық көңіл-күйлері мен олардың арасындағы өзекті мәселелер және т.б. маңызды тақырыптар қамтылды.

Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша сараптамалық ақпараттар әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға қажетті шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар жолданады.

Елбасы Жолдауының насихатталуы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша халық арасында ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында 8 топтан тұратын облыстық ақпараттық топтар туралы облыс әкімінің өкімі бекітілуде.

Топ құрамында жергілікті мемлекеттік органдар басшылары мен өкілдері, мәслихаттар депутаттары, ҚХА, техникалық және гуманитарлық зиялы қауым, ҮЕҰ, БАҚ және т.б. қатарынан, олардың мамандығы мен кәсіби қызметінің бағыттарын ескере отырып, барлығы 112 адам тартылып отыр.

Елбасы Жолдауын насихаттау бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Ақпараттық саясат бойынша

Аймақтың медиа кеңістігінде 80 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Оның төртеуі электронды, жетпіс екісі баспа БАҚ, төртеуі ақпараттық агенттік.

Баспа басылымдардың 48,1 пайызы қоғамдық-саяси, 27,1 пайызы ақпараттық және ақпараттық танымдық, 24,6 пайызы түрлі бағыттарда жарық көреді.

Облыс бойынша жергілікті БАҚ-тың 57 пайызы қазақ тілінде, 5 пайызы орыс тілінде, 37,3 пайызы аралас тілде шығады.

2015 жылғы 12 қаңтарда облыс әкімімен «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу бойынша Бас медиа-жоспар» бекітілді.

Жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламаларды және қоғамдық-саяси маңызды шараларды БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 54 медиа-жоспар бекітілді. Медиа-жоспар аясында жергілікті атқарушы органдардың қызметі кеңінен ақпараттандырылды.

Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институционалдық реформасын өңірде кең көлемді ақпараттандыру мақсатында арнайы медиа-жоспар бекітіліп, 4845 мақала жарық көрді және 3970 сюжет көрсетілді.

Жолдауды іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша өңірлік баспа БАҚ-та арнайы айдарлар ашылды. Аталған айдарлар аясында жыл көлемінде 6955 мақала жарияланып, 7366 сюжет көрсетілді.

Сонымен қатар, Жолдаудың басым бағыттары бойынша 18 ролик әзірленіп, жергілікті телеарналардың эфирінен көрсетілді.

Есептік кезеңде қала, аудан әкімдерінің және сала басшыларының қатысуымен 113 брифинг ұйымдастырылып, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасының тікелей эфирінен 56 сұхбат көрсетілді.

2011 жылдан бері «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы жұмыс жасайды. Аталған интернет басылымды қолданушылар саны күн сайын артып келеді.

Жыл көлемінде жергілікті БАҚ-тарда «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» ҚР Заңдарына сәйкес заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің  2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатына облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 10 млн.теңге мемлекеттік тілді оқытуға, 2,7 млн. теңге ағылшын тілін оқытуға бөлінді.

Жыл ішінде Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы арқылы 192 мемлекеттік және  бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 72 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.

Оқыту жұмыстары бірқатар аудандарда жалғасын табуда. Атап айтқанда, Жалағаш және Жаңақорған аудандық әкімдіктерінің 24 мемлекеттік қызметшісі «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсынан, Жалағаш ауданының 10 мемлекеттік қызметшісі ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жастарды сөз өнерін білуге баулу, оларды көш басшылыққа үйрету мақсатында  Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы жанынан «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесі жұмыс жасауда.

Бүгінде облысымызға шетелден келіп білім алып жатқан 30 қазақ студенттері осы үйірмеге қатысып, білімдерін көтеруде. 

Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтулері ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарға 2013 жылы  1200 адамның, 2014 жылы 1000 адамның қатысуы ұйымдастырылса, 2015 жылдың 10-20 тамыз аралығында өткен тестілеу жұмыстарына 4325 адам қамтылды.

Келесі 2016 жылдан бастап қызметкерлер аталған жүйе бойынша емтихан тапсырып, сертификат алатын болады.

«Тілдік ахуалды» зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы мәлімет жинақталып, сараптама жасалып отырады.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде 99,2% құрады.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда жыл басынан бері 1 ғылыми-практикалық конференция, 5 акция, 7 «дөңгелек үстел» отырысы, 8 семинар-кеңес, 14 облыстық байқау, 24 мемлекеттік мекемеге жоспарлы тексеру, 34 мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстары,  30 жеке нотариусқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Маусым айында мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Есепті мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында 220 мақала жарық көріп, 12 телебағдарлама мен 2 бейнеролик эфирден берілді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда облыстық телеарнадан «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны, филолог ғалымдар мен тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл– таным» телехабары, қалалық телеарнадан «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында «Тіл үйренейік» телебағдарламасы тұрақты көрсетілуде.

Облыстық телеарна арқылы берілетін бағдарламалардың бір күндегі қазақ тілінің үлесі 80 пайызды, қалалық - 75 пайызды құрайды.

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 81 бұқаралық ақпарат құралы  жұмыс жасайды. Олардың 57% қазақ тілінде, 5% орыс тілінде, 37,3% аралас тілде шығады.

Облыста барлығы 298 мектеп бар. Оның 268-і қазақ (89,9%), 26-сы аралас (8,8%), 4-еуі (1,3%) орыс мектебі. Балалардың 93% қазақ мектебіне барады, олардың ішінде 128-і этнос өкілдері.

Облыстағы 390 балабақшаның 376-сы қазақ (96,4%), 13-і аралас (3,3%),    1-еуі орыс (0,3%) балабақшасы. Бүлдіршіндердің 97%-ы қазақ балабақшасында тәрбиеленеді, оның ішінде 1419-ы этнос өкілдері.

Сонымен қатар, облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 98,1%-ы мемлекеттік тілді еркін меңгергендерді құрады.

Бүгінде Сыр елінен шыққан ақын-жазушылар, батырлар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, еңбек және соғыс ардагерлері туралы мәліметтер жинақталып, сарапталуда.

Алдағы міндеттер:

- тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-насихаттық түсіндіру шараларын жүргізу;

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында түрлі форматта шаралар ұйымдастыру,

- «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің диагностикалық тестілеуден өтулерін және емтихан тапсырып, сертификат алуларын ұйымдастыру;

- мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне «Қазтест» бағдарламасы бойынша деңгейлік оқыту курстарын ұйымдастыру;

- мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін оқыту  курстарын жүргізу;

- өңірде тілдердің үштұғырлығын дамыту бойынша шаралар жүргізу;

- кәсіпкерлік саласының ісқағаздары мен көрнекі ақпараттарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, әріптестік Меморандумын қабылдау;

- әлеуметтік жобалар арқылы мемлекеттік тілді насихаттау шараларын жүргізу.

- мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуі, тіл туралы заңнамалардың орындалуы туралы мәселелерді облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысында қарау;

- мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысын электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

- этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді, өз ана тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар жүргізу, қорытындысымен ұсыныстар әзірлеу.

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша    

Облыстық ономастика комиссиясының қарауына келіп түскен 110 ұсыныстың 96-ы қолдау тапты, Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтер мен облыс аудандарының 93 көшесіне, Шиелі, Қазалы  аудандарындағы  1 мектепке, Сырдария ауданындағы  1 клубқа  атау беруге келісім берілді.

Тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында 758 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 153 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 54 топонимикалық атаулар енгізілді.

Дін саласы бойынша

Қызылорда облысындағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады. Үстіміздегі жылғы ІV тоқсанда облыс тұрғындарының конфессияаралық қатынастар және экстремизм мен терроризмге байланысты пікірлерін зерделеу мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сімен жүргізілген сауалнамаға сәйкес ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша респондеттердің 89,4 пайызы діни ахуалды тұрақты десе, бұл көрсеткіш жыл соңына қарай 94,5 пайызға артқан. Сауалнама қорытындысына сәйкес өңірдегі діни ахуал бойынша тұрақтылық деңгейі байқалады.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында 168 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 156 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

154

-

154

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

168

12

156

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың ІV тоқсан қорытындысы мен жоспарлы және өзге құрылымдармен бірлескен түрде 1051 шара ұйымдастырылып, оған  62 773 тұрғын қамтылған. Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша 2015 жылы аймақтық бұқаралық баспа құралдарында кең көлемді 537 мақала жарияланды. Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Дін мен Діл» бағдарламасы апта сайын көрсетіледі. Онда дінтанушы, теолог мамандар, аймақ имамдары мен облысқа іс-сапармен келген  ҚМДБ филиалдарының өкілдерімен түрлі діни тақырыптармен түсірілімдер ұйымдастырылып, арнада көрсетіледі. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы «Дін мен дәстүр» телебағдарламасы көрсетілуде. Жыл басынан телеарналарда діни тақырыптағы 128 көрсетілім ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, дін мәселелерін зерттеу орталығының www.dzo.kz сайтында және faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жарияланып отыр.

Ағымдағы жылдың I тоқсанымен салыстырғанда аймақта тіркелген христиандық бағыттағы діни бірлестіктер мен олардың қауым мүшелері санының тұрақтылығы сақталуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы филиалдарының саны 4 мешітке артып, 1 мешіт тіркеуден шыққан. Аталған діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тарапынан қолданыстағы заңнамаларды бұзу фактілері орын алған жоқ.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

Қазіргі уақытта облыста 831 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 409-ы өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуда.

Қызылорда облысында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы

2015 жылы үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылған 109 әлеуметтік жобаға республикалық бюджетті қосқа есептегенде барлығы 586,0 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік жобалар аясында 2000-нан аса іс-шара ұйымдастырылса, әлеуметтік қызметпен 200 мыңнан аса адам қамтылды.

Бұл өз кезегінде азаматтық қоғам мен мемлекеттік орган арасындағы  ықпалдастыққа негіз болып, бірлескен әлеуметтік бастамалар мемлекет іргесін берік ете түсері анық.

Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2015 жылы облыстық бюджеттен 86,0 млн теңге қаржы бөлініп, үкіметтік емес ұйымдармен 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, атаулы күндерді мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, республикалық және облыстық деңгейде ірі-көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, ҚР Конституциясының 20, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы  мерекелерін атап өтуге бағытталған 14 мәдени көпшілік шара,

11 дөңгелек үстел, 10 қоғамдық тыңдау және 9 конференция өткізілді.

Сонымен қатар қоғамның басқа да өзекті мәселелеріне байланысты

23 семинар-тренинг, 16 оқыту курстары, 12 байқау, 11 акция, 3 сұхбат алаңы,

4 форум, 2 флеш-моб, 3 ашық есік күні және 1 брифинг өткізілді.

Оның ішінде, журналистер форумы, облыстық әйелдер форумы, «Ұлы дала төсіндегі Мәңгілік ел: әлеуметтік әріптестік» VII Азаматтық форумы, «Туған жерге тағзым» тақырыбындағы сырбойылықтардың кездесуі секілді

іс-шаралар қоғамды топтастыруға, мемлекеттігімізді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған тағылымды шаралар.

Саяси партиялармен өзара іс-қимыл барысы

Қызылорда облысында республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары (комитеттері мен өкілдіктері) тіркелген.

Саяси партиялармен өзара іс-қимылдарды дамыту, саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жанындағы саяси партиялармен байланыс жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.

Кеңес  саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылған.

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы (2015 жылға)

Қазіргі таңда, облыс бойынша 61 жастар ұйымы тіркеліп, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Қызылорда облысында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасайды. 

Қызылорда облысының жастар саясатын дамыту бойынша 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 65 млн. 631 мың теңге қаржы қарастырылған. Жобалар аясында әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған адресті жұмыстар ұйымдастырылды.

Жастардың жұмысқа орналасуларына ықпал ету үшін бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды.

Жыл басынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2015 жылы 360 мекемелер мен кәсіпорындарға 607 маман жастар тәжірибесіне жолданды. Мерзімі аяқталған 559 бағдарлама қатысушысы тұрақты жұмыспен қамтылды (92,1%).

2015 жылы маусымдық жұмыстарға 1 292 жас тартылған («Жасыл ел» еңбек жасағының құрамына 1000 сарбаз, 252 жас құрылыс, 40 педагогикалық жасақтарға).  Есепті кезеңде 252 жасқа жас құрылысшылар еңбек жасағына жолдама беріліп, 23 құрылыс мекемесімен келісім шарт жасалды. Жас құрылысшылар еңбек жасағының ерікті жастары науқандық кезеңде қаламыздағы құрылыс жұмыстарына араласып, қайырылымдылықпен де айналысты.

Жылдың басынан облыс көлемінде Жастар ресурстық орталық қызметкерлері жастарға 6564 әлеуметтік, құқықтық, психологиялық кеңес берді.

2015 жылы барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің 11 отырысы өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған жастардың техникалық колледждерге баруға үгіттеу және жұмысшы мамандықтарды насихаттау шаралары кеңінен ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде 703-ке жуық түрлі бағыттағы шаралар өткізіліп, оған 56 мыңға жуық жас қамтылған. Атап айтқанда: жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу бойынша - 65, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында - 69, Neet санатындағы жастармен ұйымдастырылған шаралар - 45, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау бойынша - 72, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай - 68, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай - 24, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай - 72, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай – 46 және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша - 75 шара ұйымдастырылған.

23 қыркүйекте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев студент-жастарға арнап «Халықаралық валюта жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрістен алған әсерін, ойларын бөліскен студенттер жиын соңында облыс әкіміне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Аймақ басшысы жастарға әлемде болып жатқан түрлі қиындықтарға қарамастан, келешекке сеніммен қарауға, әрдайым ізденіс пен оқуға, еңбекке шақырды. Шараға 600 жас тартылды.

27 қазанда «Жасыл Ел» қатарындағы сарбаздарды мадақтау және жұмысқа ынталандыру мақсатында еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Шараға 250 жас тартылды.

2 қарашада «EXPO Land - 2015» инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Шара барысында жастар инновациялық жобалар мен идеяларының презентациясын көрсетті. Жәрмеңкеде студенттер мен оқушылар 40 астам жоба ұсынды. 80 жас тартылды.

9 қарашада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Ұлы даланың жасампаз жастары» атты облыс жастарының ХІ форумы өтті. Форумға облыс әкімі Қ. Көшербаев, «Халық қаһарманы», ғарышкер А. Айымбетов қатысты.

Форум қонақтары мен делегаттар алдымен Студенттер сарайында ұйымдастырылатын жастардың инновациялық идеялар мен жобалар көрмесіне қатысты. Көрмеде Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен қаладағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен жас мамандары өздерінің идеялары мен тың жобаларын ұсынды.  Форум барысында жастар өздерінің ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісетін болады. Форум аясында облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысқан үздік жастар ұйымдары мен жастар облыс әкімінің алғыс хаттар және номинациялармен марапатталды.Шараға 600 жас тартылды.

12 қарашада С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының еңбек маусымының жабылу салтанаты өткізілді. Шара аясында «Жас құрылысшылар» еңбек жасақтарының сарбаздарын және жас құрылысшылар жасағына жұмыс беруші бірқатар мекемелерді марапаттау рәсімі өткізілді. Шараға 110 жас қатысты.

29 қазан - 14 қараша күндері аралығында "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкерлері мен "Жас Отан" Жастар қанаты, "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылорда облысына қарасты аудандар және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттау мақсатында «Жастар керуені» өткізілді. Шараға 1800 жас тартылды.

13 қарашада «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ғылыми қызметкерлер күні қарсаңында «Білім мен ғылым - кемел келешек кепілі» атты облыстық жас ғалымдар форумы өткізілді. Форум аясында «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі мен аудандардан келген «Жас ғалымдар» Кеңес жетекшілері ынтымақтастық меморандумға қол қойып, жас ғалымдарының атынан үндеу оқылды. Шараға 110 жас тартылды.

18 қарашада С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Жоғары және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Күзгі бал» өткізілді. Шараға 200 жас тартылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жастар денсаулығы орталықтармен өткізілді: семинар – 511/10220 адам,  тренинг – 537/5427 адам,  дәріс – 671/9655  адам, кездесу – 124/1125 адам,  дөңгелек үстел – 187/2710 адам, акция – 149/10236, конкурс - 7/580, спорттық сайыс – 27/810 адам . Барлығы 2217  іс-шара, қамтылған адам саны – 41538 адам.


Ішкі саясат туралы
(2015 жылдың 1 қазанына)
Облысымызда есепті кезеңде өңірдегі қоғамдық - саяси тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтау, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыру, діни қызмет, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, жастардың әлеуметтік құқығы мен мемлекеттік кепілдіктерінің толықтығын қамтамасыз ету және жастарды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда,
Қоғамдық-саяси ахуал туралы. 
Қазіргі таңда облыста қоғамдық-саяси ахуал тұрақты деп бағаланады. 
Облыста ақпараттық-талдау орталығы жұмыс жасайды. Ақпараттық-талдау орталығының әр ауданда және облыс орталығында арнайы мамандары қызмет атқарады. Олар әлеуметтік желілерге, аймақтың елді мекендеріндегі қоғамдық-саяси ахуалға күнделікті талдау, мониторинг жұмыстарының жүргізілуі туындаған мәселелер бойынша жедел шара қабылдауға мүмкіндік беруде.
Жылдың басынан бері бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілген жоқ. 
Қоғамдық-саяси ахуалды күнделікті мониторингілеу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. 
Қоғамдық-саяси маңызды шаралар. 
2015 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбелік жоспарына сәйкес есепті мерзімде 55 ірі көлемді шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Елбасы Жолдауының насихатталуы. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын (бұдан әрі – Жолдау) түсіндіру жұмыстары облыс көлемінде жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №566-Ө өкімімен облыстық деңгейдегі 80 адамнан жасақталған 8 ақпараттық топ құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, этномәдени орталық және БАҚ өкілдері енгізілді. 
Сонымен бірге, қала және аудандар бойынша 281 адамнан жасақталған 58 ақпараттық топ құрылды. Ақпараттық топтардың атсалысуымен облыс аумағында Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіруге арналған 1248 түрлі форматтағы өткізілген кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер отырыстары мен лекцияларға және т.б. нысандағы іс-шараларға барлығы 32927 адам қатысты. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт Жоспары-100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институттық реформасын түсіндіру  жұмыстары облыс көлемінде жүйелі түрде жүргізілуде. Осындай маңызды реформаны халықтың барлық санатына жеткізуде ақпараттық түсіндірме жұмыстары, оның ішінде тұрғындармен жүзбе-жүз кездесу форматының маңыздылығы ерекше. Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылды. 
Бірінші кезең 2015 жылғы 14 қаңтар - 14 ақпан аралығындағы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулеріне орайластырылып, 146 кездесу өткізілді, оған 42467 адам қатысты.
Ағымдағы жылдың 22-25 маусым аралығында облыстық ақпараттық топтың екінші легі басталды. Облыстық 8 ақпараттық топтың құрамына 93 адам тартылды. Топтардың салалық құрамы бойынша: мемлекеттік орган, кәсіпорын басшылары – 48,7%, облыстық мәслихат депутаттары – 33,8%, ЖОО оқытушылары -17,5%. Облыстық ақпараттық топ облысымыздың барлық аудандарын 100 пайыз қамтып, топ мүшелері 128 елді мекенде 128 жиын өткізді. Кездесуге орта есеппен 11520 адам қатысты. Үстіміздегі жылдың 20 шілде – 21 тамыз аралығында ақпараттық топтың үшінші легі өз түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Ақпараттық топтардың атсалысуымен облыс аумағында Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіруге арналған Қызылорда қаласында - 4, Арал ауданында - 4, Қазалы ауданында - 3, Қармақшы ауданында - 4, Жалағаш ауданында - 4, Сырдария ауданында - 4, Шиелі ауданында - 4, Жаңақорған ауданында - 4 түрлі форматтағы өткізілген кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен лекцияларға және т.б. нысандағы іс-шараларға барлығы 1946 адам қатысты.
Облыстық ақпараттық топтың құрамына 91 адам тартылды. Топтардың салалық құрамы мемлекеттік орган, кәсіпорын басшылары, облыстық мәслихат депутаттары және ЖОО оқытушылары. Ақпараттық топтардың өткізген іс-шаралары республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды және интернет-ресурстық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда.
Саяси партиялармен жұмыс жасау.
Облыста республикалық 7 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы және «Қазақстан патриоттар партиясы» республикалық деңгейде бірігіп, «Ауыл» халықтық патриоттық партиясы болып құрылды. Алдағы уақытта аталмыш партиялар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес партияішілік ұйымдастыру, мәдени-көпшілік шараларын жүзеге асыратын болады.
2010 жылы облыс әкімдігі жанынан құрылған саяси партиялармен байланыстар жөніндегі қоғамдық кеңес жұмысын жалғастыруда.
Кеңес саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Қызылорда облысының әкімдігі мен облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс. 
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2002 жылы өңірімізде 380 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 831-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 585 млн. 982 мың теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 109 жоба жүзеге асырылуда.
Оның ішінде, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 151 млн. 181 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 36 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Ақпараттық саясат бойынша.
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 81 бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) жұмыс жасайды. Олардың төртеуі электронды, үшеуі ақпараттық агенттік, жетпіс төрті баспа БАҚ.
Жергілікті БАҚ-тың 57% қазақ тілінде, 5% орыс тілінде, 37,3% аралас тілде шығады.
Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламаларды және қоғамдық-саяси маңызды шараларды БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 54 медиа-жоспар бекітілді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және мемлекеттік бағдарламалардың аймақта жүзеге асырылуы бойынша жыл басынан бері 25 пресс-тур ұйымдастырылды.
Есепті кезеңде Жолдауды іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша өңірлік баспа БАҚ-та 4587 мақала жарық көріп, 5054 сюжет жарияланды.
Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институционалдық реформасын ақпараттандыру бойынша арнайы медиа-жоспар бекітіліп, ағымдағы уақыт аралығында 3787 мақала, 2650 сюжет жарық көрді.
2015 жылғы 12 қаңтарда жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспар бекітілді.
Медиа-жоспар шеңберінде өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар кеңінен насихатталуда.
Ағымдағы жылдың 9 айында қала, аудан әкімдері және басқарма басшыларының БАҚ өкілдеріне арналған 90 брифингісі ұйымдастырылды.
Брифингте жергілікті атқарушы орган өкілдері мемлекеттік бағдарламалардың аймақта жүзеге асырылу барысы, атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндады.
Өңірде 2011 жылдан бері «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы жұмыс жасайды. Аталған интернет басылымды қолданушылар саны күн сайын артып келеді.
Облыстық ішкі саясат басқармасының «Ақпараттық саясат және БАҚ-қа мониторинг» бөлімі тарапынан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіліп, «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» және өзге де заң талаптарының сақталуы ұдайы қадағаланады.
Үстіміздегі жылдың 9 айы бойынша БАҚ-тарда заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
Дін саласы бойынша. 
Қызылорда облысындағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады. Үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығымен жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы тұрғындардың 94,9 пайызы облыстағы діни ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайтынын көрсетіп отыр. 
Қазіргі таңда Қызылорда облысында 166 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 154 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 
Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында жоспарлы және өзге құрылымдармен бірлескен түрде 215 шара ұйымдастырылып, оған 15 730 адам қатысты.
Өткізілген шараның форматы: 122 кездесу, 39 семинар, 26 акция, 11 дәріс, 8 форум, 8 дөңгелек үстел отырысы, 1 конференция.
Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша 2015 жылдың III тоқсанында ақпараттық 345 материал (баспа 43, интернет 62, телеарна 240) жарыққа шыққан.  
Сондай-ақ, бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, дін мәселелерін зерттеу орталығының www.dzo.kz сайтында және fasebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жарияланып отыр. 
Ағымдағы жылдың I тоқсанымен салыстырғанда аймақта тіркелген христиандық бағыттағы діни бірлестіктер мен олардың қауым мүшелері санының тұрақтылығы сақталуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы филиалдарының саны 4 мешітке артып, 1 мешіт тіркеуден шыққан. Аталған діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тарапынан қолданыстағы заңнамаларды бұзу фактілері орын алған жоқ.
Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы.
Қызылорда облысында Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 203 454 азамат тіркелген, ауыл жастары-119 422 (58,7 %), қала жастары - 84 032 (41,3 %). Жастар өңірдегі жалпы халықтың 28,2 % құрайды.
Үстіміздегі жылғы ІІІ тоқсанда жастар арасындығы жұмыссыздық деңгейі 4,4 % болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,9 % - ға төмендеді (2014 жыл ІІ тоқсан 5,3 %). Ал, 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET жастарының үлесі ІІІ тоқсанда 9,8 % -ды  құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 % - ға төмендеді. (2014 жыл ІІ тоқсан 12%). Қазіргі таңда облыс бойынша 60 жастар ұйымы тіркеліп, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Қызылорда облысында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасайды. 
2013 жылы Қызылорда облысының жастар саясатын дамыту бойынша 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілді. Аталған «Жол картасы» аясында облыс әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы №352 қаулысына сәйкес «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі құрылды. Қазіргі таңда, орталықтың бөлімдері Қызылорда және Байқоңыр қалаларында, барлық аудандарда жұмыс жасайды. Жастар ресурстық орталығының қызметі жастардың өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне жағдай жасауға бағытталған. Есепті кезеңде облыс көлемінде орталық қызметкерлерімен жастарға 6212 әлеуметтік, құқықтық, психологиялық кеңестер берілді. Көрсетілген кеңес бағыттары: 2835-і жұмыссыздық мәселесі, 1450-і әлеуметтік-психологиялық, 867-сі мемлекеттік бағдарламалар, 66-сы діни ағымдар, 994-і әртүрлі мәселелерді қамтыған. «Жол картасы» аясында 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда, осы мақсатқа облыстық бюджеттен 65 632,0 мың теңге бөлінді. Әлеуметтік жоба аясында әртүрлі санаттағы жастармен адресті жұмыстар жүргізілуде. 
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үстіміздегі жылғы IIІ тоқсанда әртүрлі бағыттағы 63 шара ұйымдастырылып, 10 әлеуметтік бейнеролик түсірілімі ұйымдастырылды. 
Есепті кезеңде 677 жуық әртүрлі бағыттағы шаралар өткізіліп, оған 
34 мыңнан астам жас қамтылған. Атап айтқанда, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу бойынша - 56, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында - 66, Neet санатындағы жастармен ұйымдастырылған шаралар - 33, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау бойынша - 65, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай - 56, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай - 24, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай - 63, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай - 39, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша - 69 шара ұйымдастырылған.
Атап айтқанда, облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың жастарға дәстүрлі «Сыр үміті» сыйлығын табыстау салтанаты, «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» атты облыстық еңбек жастарының слеті, «EXPO LAND – 2015» облыстық инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі жастар арасында оң резонанс қалыптастырды. 
Биылғы жылы 3 214 тұрмысы төмен отбасылардан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын студенттерге жәрдемақыға 77 млн. 907 мың теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000 сарбаз тартылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 26 млн. 152 мың. теңге қаржы бөлінді. 
Жас құрылысшылар жасағының қатарына есепті кезеңде 240 жас тартылса, 23 мекемемен келісім-шарт жасалды.
Үстіміздегі жылғы IIІ тоқсанда «Мейірім», «Шапағат», «Үміт» жастар денсаулық орталықтарымен - 418 шаралар, атап айтқанда, 2 баспасөз конференциясы, 62 дөңгелек үстел отырысы, 118 семинар, 100 тренинг, 11 акция, 53 дәріс, 39 кездесу, 2 конкурс, 13 спорттық іс-шаралар өткізіп, 14761 жасты қамтыды. Бұқаралық ақпараттық-құралдармен 6 радиобағдарлама, 4 телебағдарлама, 6 мақала жарияланған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында ІІІ тоқсанда бірқатар жұмыстар атқарылды.
Тоқсан сайын барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша құжат айналымы туралы мәлімет алынып, сараптама жасалып отырады.
ІІІ тоқсанның қорытындысымен облыс әкімі аппараты мен барлық аудан әкімдіктерінің шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды, Қызылорда қаласының әкімдігінде 99,3 пайызды, облыстық басқармаларда 99,8 пайызды, ал аумақтық департаменттер мен инспекцияларда 98,8 пайызды құрады. 
Есепті мерзімде «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МКҚК арқылы 48 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» бағдарламасы бойынша оқыту кустарынан, ал 24 мемлекеттік қызметші ағылшын тілінің оқыту курсынан өтті.
2015 жылдың 10-20 тамыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша 4330 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтулері ұйымдастырылды.
2015 жылғы тамыз айында мемлекеттік тілді насихаттау, тіл тазалығын сақтау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан «Шұбарламай, таза сөйлейік» тақырыбында бейнероликтің берілуі ұйымдастырылды.
Есепті мерзімде облыстық телеарнадан «Маржан сөз», «Тіл – таным» телехабарларының берілуі ұйымдастырылса, қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы үш тілді насихаттауға бағытталған «Тіл үйренейік» телехабары көрсетілді.
28 тамызда Ұлы Абайдың шығармашылығын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу, дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылығын шыңдау мақсатында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйраға Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласынан 17 жас ақын қатысты.
Қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, мереке күндері облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан «Тіл – ұлт бірлігінің ұйытқысы» атты бейнеролик көрсетілді. Тіл мерекесі «Тілді сүю – талбесіктен» акциясымен басталды. Акция барысында бүлдіршіндердің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тіл байлығын жетілдіру, ой-өрісін, танымын кеңейту мақсатында облыс орталығында орналасқан төрт балабақшаға әдістемелік, оқу құралдары тапсырылды.
10 қыркүйек күні жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының жастары, түрлі салаларда жұмыс істеп жүрген мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдерінің белсенді жастары, тіл жанашырлары, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының белсенді мүшелері, «Болашақ» университетінің қазақ тілі мен журналистика кафедрасы студенттерінің қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.  
Шара барысында тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Л. Есімова - «Тіл - бірліктің бастауы», «Болашақ» университетінің доценті, ф.ғ.к. С. Тайманова - «Тіл - елдігіміз бен бірлігіміздің туы», «Назарбаев зияткерлік мектебінің» баспасөз хатшысы Е. Рыбина - «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыптарында баяндамалар жасап, қатысушылар өзара пікір алмасты. Шара соңында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға атсалысып жүрген жастар басқарманың алғыс хаттарымен марапатталды.
Мереке қарсаңында жастар арасында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», қоғамдық орындарда, қалаішілік көліктерде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциялары ұйымдастырылды.
18 қыркүйекте үштұғырлы тіл саясатын насихаттау, ғылыми негіздегі жолдарын көпшілікке түсіндіру мақсатында тілдер мерекесінің қорытынды шарасы - «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық ғылыми конференция болып өтті.
Конференцияға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орынбасарлары, қалалық, аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімедерінің басшылары, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беру ұйымдарының қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары мен мұғалімдері, тіл оқыту орталықтарының қызметкерлері, тіл жанашырлары қатысты. Конференцияда А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, ф.ғ.к. Фазылжанова Анар Мұратқызы, «Өрлеу» біліктілік арттыру Ұлттық орталығының профессоры, п.ғ.д. Сариева Күлпаш Нтымақбайқызы, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Қазақ университетінің аға оқытушысы Тутбаева Жаннат Әбдіқайымқызы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қызметкері Айтбаева Анжела Давыдовна, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ–дің орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, «Синергия» ғылыми әдістемелік орталығының жетекшісі, п.ғ.к. Жарбулова Сауле Тұрарқызы Қазақстандағы үштілділіктің тиімді моделі мен тілдердің рөлі, тілдерді синхронды оқыту әдістері, шетел тілдерін оқытудың негізгі бағыттары мен тиімді жолдары, қазақ мектептерінде орыс тілін оқытуды жақсартудың нақты шаралары жөнінде баяндамалар жасады. Конференцияға қатысушылар үштілділікті оқытудың тиімді жолдары жөніндегі ойларын ортаға салып, шара соңында бірқатар тіл жанашырлары облыстың және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық - саяси жұмыс комитетінің Құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 
Тіл мерекесі қарсаңында басқарма басшысының орынбасары Е. Меңлібаевтың «Қоғам ТВ» телеарнасына сұхбат беруі ұйымдастырылса, бөлім басшысы Л. Есімова облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының кезекті «Жаңа күн» телехабарына қатысты.
Есепті мерзімде Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 1 отырысы өткізілді. 
Комиссия қарауына келіп түскен 24 ұсыныстың 20-сы комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты. Яғни, облыс аудандарының 19 көшесіне, Қазалы ауданындағы 1 мектепке атау беруге келісім берілді. 
Тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында басқарма қызметкерлері 32 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 10 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай «Тіл тазалығын сақтайық!» атты акция өткізілді.
Акция «Жас Отан» жастар қанаты жанынан құрылған «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп өткізілді. Шара барысында Қызылорда қаласында тұрғындарға тасымалдау қызметін көрсететін қоғамдық көліктерде, қоғамдық орындарда, ірі сауда үйлерінде мемлекеттік тілде таза сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтауға шақыратын үнпарақтар таратылды. 
Сонымен қатар, 50 сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандардың  атаулары және жарнамаларында Тіл туралы заңнамалардың сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 20 нысанға ескерту берілді.
Нысан иелеріне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарынан үзінділер берілген парақшалар таратылды.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 14 топонимикалық атаулар енгізілді. 
2015 жылғы 2-10 шілде аралығында Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру қорытындысымен аудан әкімдіктеріне жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде хат жолданды.
2015 жылдың 15-18 қыркүйегі аралығында облыс көлеміндегі мемлекеттік мекемелердегі ішкі саясат саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеу мақсатында басқарма қызметкерлері бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бақылау жұмысы барысында анықталған кемшіліктерге байланысты хаттамалық тапсырмалар берілді. 

Ішкі саясат туралы
(2015 жылдың 1 шілдесіне)
Облысымызда қоғамдық –саяси тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтау, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, діни қызмет, жастардың әлеуметтік құқығы мен мемлекеттік кепілдіктерінің толықтығын қамтамасыз ету, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыру және жастарды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.   
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын (бұдан әрі – Жолдау) түсіндіру мақсатында облыс әкімінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 566-Ө өкімімен облыстық деңгейдегі 80 адамнан жасақталған 8 ақпараттық топ құрылды.      
Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, этномәдени орталық және БАҚ өкілдері енгізілді. Сонымен бірге, қала және аудандар бойынша 281 адамнан жасақталған 58 ақпараттық топ құрылды. 
Ақпараттық топтардың атсалысуымен облыс аумағында Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіруге арналған 1248 түрлі форматтағы өткізілген кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен лекцияларға және т.б. нысандағы іс-шараларға барлығы 32927 адам қатысты.
Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды насихаттау мақсатында 93 адамнан тұратын 8 ақпараттық топ елді мекендерге шығып, өңірде түсіндірме шараларын ағымдағы жылдың 22-25 маусым аралығында жүргізді. 
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар барлық мемлекеттік органдар тарапынан өз жалғасын табуда және тұрақты бақылауда.
Қоғамдық-саяси ахуалды күнделікті мониторингілеу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде. 
Ай сайын облыс әкімі мен облыс прокурорының бірлескен Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы жаңартылып, бекітіліп отыр. 
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың І-жартыжылдығында әртүрлі бағытта 450-ге жуық шара өткізіліп, оған 28 мың жас қамтылған.
Атап айтқанда, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай - 47, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай - 23, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу бойынша-49, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай-52, ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай-33, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында-56, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша-58, Neet санатындағы жастармен ұйымдастырылған шаралар-26, «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Елбасының халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау бойынша-59 шаралар ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, облыс көлеміндегі белсенді жастар ұйымдарымен бірлесіп әртүрлі бағыттағы 226 іс-шара ұйымдастырылған, оның 35-қайырымдылық шара, 12-концерттік бағдарлама, 9-мүшәйра, 52-қоғамдық қабылдау, 23-байқау,72-акция, Қызылорда облысының Жастар Парламенті депутаттарымен бірлесіп 35 шара өткізілген. 
Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2002 жылы өңірімізде 380 ҮЕҰ Әділет органдарына заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 831-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 585 млн.982 мың теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 109 жоба жүзеге асырылатын болады.
Оның ішінде, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 151 млн 181 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 36 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады.
Қоғамдық-саяси маңызды шаралар. 2015 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбелік жоспарына сәйкес есепті мерзімде 39 ірі көлемді шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Облыстың медиалық кеңістігінде қазіргі таңда 83 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 76-і баспа БАҚ, 3-ақпараттық агенттігі. Олардың 19 журнал, 57 газет, оның ішінде 11 аудандық басылым. 
2015 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7 % қоғамдық-саяси, 25,6 % ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7 % өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-ның 50 % - қазақ тілінде, 10 % - орыс тілінде, 40 % - аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 5 баспа БАҚ-ның өз сайттары бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және «Ақмешіт жастары» газеті, сонымен қатар тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері). 
2011 жылдан бастап жұмыс жасайтын қазіргі таңда күніне 2000-нан аса қолданушысы бар «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы мемлекеттік тапсырыс алып, өз жұмысын тиімді атқаруда. Бұл өз кезегінде бұқара халықтың уақытылы ақпарат алмасып, пікірлер бөлісуіне пайдасын тигізуде.
2015 жылы барлық жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын арттыру және қоғамдық қадағалауды күшейту мақсатында облыстың бас медиа-жоспары бекітіліп, құзырлы органдарға орындау үшін жолданды. 
Жалпы, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мақсатында 2015 жылы 638, 091 млн. теңге бөлінді. 
Сонымен бірге, облыстың орталық коммуникациялар қызметі құрылып, қаңтар айынан бастап қала, аудан әкімдері және басқарма басшылары апта сайын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз сөйлеу (брифинг) кестесі жасалды.Есепті кезеңде барлығы 58 брифинг ұйымдастырылды.
Есепті кезеңде дін саласы бойынша жұмыс конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау, тұрғындардың діни сауатын арттыру және басқа да маңызды мәселелерді іске асыруға бағытталды. Аймақтағы діни ахуалдың тұрақты сақталуына ішкі саясат басқармасы мен жергілікті атқарушы органдардың дін саласын реттеу бағытындағы жұмыстары өзінің оң ықпалын тигізуде.
Осы ретте, діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау және діни төзімділік пен толеранттылықты қалыптастыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығы мен облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы 120 мүшеден тұратын 10 ақпараттық-насихаттық топтарымен 546 шара өткізіліп, 27 мыңнан астам адам қатысқан.
Қазіргі таңда облыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 150 филиалы, православтық бағыттағы - 1 шіркеу, протестанттық бағыттағы - 12 шіркеу және Ехоба куәгерлерінен - 1 діни бірлестік қызмет жасауда. Бұл діни бірлестіктер мен олардың филиалдары арасында қандай да болсын қақтығыстар, шиеленісті жағдайлар тіркелген жоқ.
Облыстық ішкі саясат басқармасы өңірде қызмет атқарып отырған барлық діни бірлестіктермен конструктивті қатынас орнатуды өз қызметінің басты міндеттерінің бірі ретінде қарастыра отырып, аймақтағы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдігімен, православилік шіркеумен және басқа да конфессиялармен дәйекті жұмыстарды іске асыруда баса көңіл бөлуде.
Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша облыс тұрғындарының 96,6 пайызы діни ахуалды тұрақты және қалыпты деп бағалаған.
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы №513 қаулысымен 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. 
2015 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге 17 725,0 мың теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік тілді оқытуға 10 073,0 мың теңге, ағылшын тілін оқытуға 2 758,0 мың теңге қаржы қаралған. 
Бүгінде 95 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді, ал 29 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
Бұл жұмыстар Жаңақорған мен Жалағаш аудандарында жалғасын табуда.
Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы тарапынан Жаңақорған, Жалағаш аудандары мен бірқатар аумақтық департаменттерде, халыққа қызмет көрсету ұйымдарында ҚАЗТЕСТ жүйесі жайлы ақпараттық-насихаттық шаралары жүргізілді.
Есепті мерзімде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту, «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын насихаттау мақсатында 8 ауқымды іс-шаралар- облыстық байқаулар, мүшәйралар, т.б. өткізілді.

Жыл көлемінде облыс халқының ауызбіршілігі арқасында қоғамдық-саяси ахуал жалпы алғанда тұрақты жағдайда өтті. Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, дағдарыс жағдайы туындаған және қауіп төнген жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы бағдаржол қабылданып, тиісті шаралар атқарылды. 
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында ақпараттық топтар құрылып, кездесулер ұйымдастырылды. 
Азаматтық қоғам институттарын қолдау мақсатында  үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтерін жүзеге асыру үшін бюджеттен және бюжеттен тыс көздерден бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жобалардың санымен бірге сапасының да артуына өз септігін тигізуде.
Өткен жылы облыс бойынша тұңғыш рет қоғамдық-саяси маңызды шаралар күнтізбесі әзірленіп, бекітілді. Жыл көлемінде Алаштың аяулы азаматы, жерлесіміз Темірбек Жүргеновтің туғанына 115 жыл толуына орай Астана қаласында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Облыс орталығындағы шығармашылық үйіне Темірбек Жүргенов есімі берілді.
Мұнымен қоса, Сыр өңірінен шыққан ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің  мерейтойлық шаралары жоғары деңгейде аталып өтті.
Жұмыс тиімділігі мен шығармашылық сапа деңгейін арттыру мақсатында облыстағы мемлекеттік басылымдар «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі аясына топтастырылды. Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында облыстық коммуникациялар қызметі құрылып, жыл көлемінде 57 брифинг ұйымдастырылды.
Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл - Ассамблея жылы. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілік және келісім саясатының жылы, халқымыздың жарасымды ынтымағы мен берекелі бірлігінің арқасында қол жеткізілген жемістер жылы, халықтың даналығына негізделген келісім моделінің жылы, бірлігі баршамыздың бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтатын Тәуелсіздіктің Ұлы рухы асқақтайтын жыл.
Осы жылы да қоғамдық-саяси маңызды шаралардың дәстүрлі күнтізбесі бекітіліп, онда 125 ірі көлемді шаралар қамтылды. Күнтізбеге Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық, Ата Заңымыздың 20 жылдық және Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойлары аясындағы халықаралық, республикалық, облыстық, деңгейдегі мәдени шаралармен бірге мемлекеттік, кәсіби мерекелер енгізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. 
Сонымен қатар, биылғы жылы жыр дүлдүлі Нартай Бекежанов пен ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдық және Бекарыстан Амалдықұлының 250 жылдық мерейтойларын республикалық деңгейде атап өтетін боламыз.

Ішкі саясат туралы

Елбасы жүргізіп отырған ішкі саясат еліміздегі барлық азаматтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге, сонымен қатар, этносаралық, конфессияаралық қатынастарды сақтауға және нығайтуға, әрбір адамның мүмкіншілігін еркін түрде жүзеге асыруға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Осы негізде қазіргі таңда аймақта қалыптасқан әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты дамып келеді.  Аймақ тұрғындарының 85,4 пайызы мемлекеттік саясаттан хабардар. Қазіргі сәттегі өмір сүру деңгейіне респонденттердің 88 пайызға жуығы қанағаттанатынын білдірген. Бұл көрсеткіштер өңірде әлеуметтік-саяси толқуларға негіз жоқ екендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық–насихаттық қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс–шаралар жоспары бекітіліп, тиісті деңгейде насихат жұмыстары ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы №335-Ө өкімімен бекітілген облыстық ақпараттық-насихаттық топтар (АНТ) құрылып, есепті кезеңде  облыстың барлық елді мекендері тұрғындарының арасында Жолдаудың басым бағыттары бойынша 434-тен аса кездесу ұйымдастырылып, кездесу барысында анықталған ұсыныс-пікірлерге талдау жұмыстары жүргізілуде.

Облыстың медиалық кеңістігіне келер болсақ, аймақта 89 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 3-еуі электронды, 85 баспа БАҚ, 1-интернет басылым. Интернет желісінде жергілікті 5 баспа БАҚ-ның өз сайттары бар, «kyzylorda-news.kz» интернет басылымы да өз жұмысын атқаруда.

Мемлекеттік ақпараттық саясаттың сапалы әрі тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-ын бір орталыққа біріктіріліп, арнайы медиа-холдинг құрылды. 2014 жылы барлық жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын арттыру және қоғамдық қадағалауды күшейту мақсатында облыстың бас медиа-жоспары бекітілді.

«Сыр медиа» ЖШС жанынан облыстық коммуникациялар қызметі құрылып, қаңтар айынан бастап қала, аудан әкімдері және басқарма басшылары апта сайын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз сөйлеу (брифинг) кестесі жасалды.

Жалпы, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мақсатында 2014 жылы 706,0 млн. теңге бөлініп, тапсырыс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға артты.

Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күні облыс көлемінде  нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады.  

Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін  2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 446 млн. теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 118 жоба атқарылатын болады.

Алғашқы рет облыс деңгейінде 2014 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбесі әзірленіп, бекітілді.

Атап айтқанда:

-  сәуір айында Қазақстан және КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 100 толуына орай мерекелік шаралар мен киноапталық;

-  сәуір айында Ақтөбе облысындағы Қызылорда облысының мәдениеті мен өнер апталығы;

-  сәуір-мамыр айларында облыстың белгілі тұлғаларының 100-90 жылдық еске алу ұлықтау рәсімдері және 75 жылдық мерейтой;

-  мамыр айында Қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық турнирі;

-  маусым айында Астана қаласындағы «Сыр - Алаштың анасы» атты Қызылорда облысының өнер күндері;

 

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, жалғасын табатын болады.


Ішкі саясат туралы

Елбасы жүргізіп отырған ішкі саясат еліміздегі барлық азаматтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге, сонымен қатар, этносаралық, конфессияаралық қатынастарды сақтауға және нығайтуға, әрбір адамның мүмкіншілігін еркін түрде жүзеге асыруға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

 Осы негізде қазіргі таңда аймақта қалыптасқан әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты дамып келеді.  Аймақ тұрғындарының 85,4 пайызы мемлекеттік саясаттан хабардар. Қазіргі сәттегі өмір сүру деңгейіне респонденттердің 88 пайызға жуығы қанағаттанатынын білдірген. Бұл көрсеткіштер өңірде әлеуметтік-саяси толқуларға негіз жоқ екендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық–насихаттық қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс–шаралар жоспары бекітіліп, тиісті деңгейде насихат жұмыстары ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы №335-Ө өкімімен бекітілген облыстық ақпараттық-насихаттық топтар (АНТ) құрылып, есепті кезеңде  облыстың барлық елді мекендері тұрғындарының арасында Жолдаудың басым бағыттары бойынша 550-ден аса кездесу ұйымдастырылып, кездесу барысында анықталған ұсыныс-пікірлерге талдау жұмыстары жүргізілуде.

Облыстың медиалық кеңістігіне келер болсақ, аймақта 73 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 7-еуі электронды, 66 баспа БАҚ (оның ішінде 52 газет және 14 журнал, 14 аудандық басылым). Интернет желісінде жергілікті 5 баспа БАҚ-ның өз сайттары бар,  «kyzylorda-news.kz» интернет басылымы да өз жұмысын атқаруда.

Мемлекеттік ақпараттық саясаттың сапалы әрі тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-ын бір орталыққа біріктіріліп, арнайы медиа-холдинг құрылды. 2014 жылы барлық жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын арттыру және қоғамдық қадағалауды күшейту мақсатында облыстың бас медиа-жоспары бекітілді.

«Сыр медиа» ЖШС жанынан облыстық коммуникациялар қызметі құрылып, қаңтар айынан бастап қала, аудан әкімдері және басқарма басшылары апта сайын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз сөйлеу (брифинг) кестесі жасалды. Есепті кезеңде барлығы 26 брифинг ұйымдастырылды.

Жалпы, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мақсатында  2014 жылы 706,0 млн. теңге бөлініп, тапсырыс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға артты.

Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күні облыс көлемінде  нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады.  Атап айтқанда, 2002 жылы 310 ҮЕҰ тіркелсе, қазіргі кезде олардың қатары 500-ге жуықтап отыр.

Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін  2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 446 млн. теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 118 жоба атқарылатын болады.

Оның ішінде, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 100 млн 699 мың теңге қаржы  бөлінді (алдыңғы жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық). Бөлінген қаржыға 21 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады.

Алғашқы рет облыс деңгейінде 2014 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбесі әзірленіп, бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес 2014 жылдың І жартыжылдығында 32 шара ұйымдастырылып, өткізілді.

        Атап айтқанда:

-         сәуір айында Қазақстан және КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 100 толуына орай мерекелік шаралар мен киноапталық;

-         сәуір айында Ақтөбе облысындағы Қызылорда облысының мәдениеті мен өнер апталығы;

-         сәуір-мамыр айларында облыстың белгілі тұлғаларының 100-90 жылдық еске алу ұлықтау рәсімдері және 75 жылдық мерейтой;

-         мамыр айында Қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық турнирі;

-         маусым айында Астана қаласындағы «Сыр - Алаштың анасы» атты Қызылорда облысының өнер күндері; 

 

        Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, жалғасын табатын болады.

Құрылған күні: 24-09-2012 01:45
Жаңартылған күні: 07-02-2017 10:56

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 48 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 61 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$field_news_url in include() (line 127 of /var/www/themes/lastver/slider.php).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика