ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫ
ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2018 жылғы 11 қазан
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 3 460-тан асқан валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мақұлданды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
2018 жылғы 12 шілде
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру туралы
2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бағдарлама екі бөліктен тұрады.
Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 152,4 млрд теңге сомаға 24 421 қарызды мақұлдап, 126,2 млрд теңге сомаға 22 009 қарызды қайта қаржыландырды.
Мақұлданған және қайта қаржыландыруды күткен қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі 20,931 млрд теңге мөлшеріндегі қаражаттың игерілмеген қалдығын банктер арасында бөлді.
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өңірлер мен банктер бойынша мақұлданған және қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен «Банктермен ақшаны игеру туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1310&switch=kazakh.
Бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың теңгемен валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді.
Бағдарламаны Қазақстанда іске асыру қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге аударылатын болады.
Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруды банктер 2018 жылғы 30 желтоқсанға дейін жүзеге асыратын болады, бұл ретте 2018 жылғы 15 желтоқсанда қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға арналған өтінішін беру мерзімі бітеді.
Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Kassa Nova Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «KZI Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «ВТБ Банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ және «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ кірісіп кетті.
2018 жылғы 1 шілдеде банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға 5,0 млрд теңге сомаға 802 өтінімді мақұлдап, 2,3 млрд теңге сомаға 462 қарызды қайта қаржыландырды. Өңірлер мен банктер бөлігінде толығырақ ақпаратпен «Банктермен ақшаны игеру туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1310&switch=kazakh.
Ұлттық Банкпен келісім бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа «Казкоммерцбанк» АҚ-тың барлық құқықтары мен міндеттемелерін бере отырып және олардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыра отырып «Казкоммерцбанк» АҚ-ты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа қосу арқылы банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға байланысты ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға «Казкоммерцбанк» АҚ қарыз алушыларының өтініштерін қабылдауды 2018 жылғы 1 тамыздан бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жүзеге асыратынын қосымша хабарлаймыз.
Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің Бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс нөмірлері Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктердің тиісті филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз. Филиалдардың байланыс нөмірлеріне «Байланыс нөмірлері» бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжеткізуге болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian.
Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian
Егер Сіздерде Бағдарлама бойынша сұрақтар туындаса, Сізден:
-050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағынауданы, 21-үй; e-mail: hq@nationalbank.kz мекенжайы бойынша ресми өтініш білдіру арқылы;
-Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіру арқылы, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін Қазақстан Ұлттық Банкі тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесіне олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз;
-«ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы Қазақстан Ұлттық Банкіне өтініш білдіруді сұраймыз.
Google Play Market арқылы жүктеу үшін сілтеме:
AppStore арқылы жүктеу үшін сілтеме:
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (727) 270 45 85

 


2018 жылғы 28 наурыз

Данияр Ақышев - Валюталық ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету бағдарламасы қабылданды
2018 жылғы 27 наурызда ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бұл туралы Басқарма отырысының қорытындылары бойынша ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді. «Бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар екі блоктан тұрады. Бірінші блок Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке берген тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке халыққа 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздар бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырды. Қазақстанда осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде іс жүзінде жеке тұлғалардың баспанамен және өзге жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген барлық валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы. Д. Ақышев 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері шетел валютасында емес, жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздар беруге заңнамалық тұрғыдан тыйым енгізілгенін еске салды. Ұлттық Банк басшысы жаңартылған бағдарламаның негізгі талабын айтып өтті. «Ол жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға енгізілген толықтырулар 21 000-нан аса қарыз алушының қарыздарын өтеуге оңтайлы жағдайлар жасайды». Д. Ақышев валюталық ипотекалық қарыз алушылардың назарын бағдарлама шеңберінде қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өзінің кредит берген банкіне тез арада жүгіну қажеттілігіне аударуды сұрады. «Бағдарламаға енгізілген өзгерістердің екінші блогы 2004 – 2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл бағдарлама шегінде бүгінгі күні 23 000-нан астам қарыз алушыға көмек көрсетілді. Олар өздерінің жалғыз баспаналарын сақтап, ипотекалық қарыздары бойынша төлемдерін жеңілдете алды. Ақшаны игерудің револьверлік тетігін ескерсек, қайта қаржыландырылған қарыздар саны 2026 жылға дейін шамамен 40 мың болады деп болжанып отыр», - деп атап өтті Ұлттық Банк басшысы. ҚР ҰБ Төрағасы сондай-ақ бағдарламаға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау алдында банктердің, қоғамдық бірлестіктердің және ҚР Үкіметінің үлкен жұмыс жүргізгенін айтып берді. «Жалпы алғанда Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді іске асыру мақсатында Үкіметпен бірлесіп банктер үшін және сол сияқты қарыз алушылар үшін салық артықшылықтарын беру бойынша жұмыс жүргізілді», - деп нақтылады Д. Ақышев. Д. Ақышев Ұлттық Банктің ипотекалық қарыз алушыларға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушыларға көмек көрсетудің үшінші кезеңіне кіріскенін атап өтті. «Біз, мемлекеттік қолдауға халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылардың ерекше мұқтаж екенін көріп отырмыз. Олардың көпшілігінің жалғыз табыс көзі іс жүзінде мемлекеттік төлемдер мен жәрдемақылар болып табылады. Олар кредиттерін төлеу үшін оларды банктерге беруге мәжбүр. Қазір Ұлттық Банк маңызды заңнамалық бастама жасады. Оның мәні: қарыз алушының ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты бағдарлама шеңберінде банктерге өндіріп алу айналысы нәтижесінде олардың меншігіне өткен тұрғын үйді жалға тапсыру құқығы берілді. Осы түзету қарыз алушыға оған бұрын тиесілі болған тұрғын үйді өз меншігіне қайтарып алу мүмкіндігі беріледі», - деді қаржы реттеушісінің басшысы. «Мемлекеттің объективті жағдайлар нәтижесінде қиын жағдайға тап болған ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету бойынша бұрын соңды болмаған шаралар қабылдайтынын атап өткім келеді. Жинақталған тәжірибе ескеріле отырып қаржы реттеушісінің күш-жігері сондай-ақ ипотекалық кредиттеуді ынталандыруға бағытталады деп ойлаймын. Мәселен, қазіргі кезде Ұлттық Банк «7 – 20 – 25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде», - деп түйіндеді Д. Ақышев.

2017 жылғы 13 қараша
ҚР Ұлттық Банкінің өкілдері Алматы қ. Әкімдігінің, қоғамдық бірлестіктердің және бірқатар банктердің өкілдерімен кездесу өткізді
 
Ұлттық Банкте Алматы қ. Әкімдігінің, қоғамдық бірлестіктердің және бірқатар банктердің өкілдерімен кезекті кездесу өтті, оның барысында ипотекалық қарыз алушылардың проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.
ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев Қазақстанда Ұлттық Банк 2015 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылдаған, 130 млрд. теңге бөлінген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру жалғасып жатқандығын хабарлады.
Борыштық жүктемені жеңілдету үшін Бағдарлама капиталдандырылған сомаларды шегергенде қарыз бойынша негізгі борыш қалдығын жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды көздейді. Қарыз алушының қарыз бойынша сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша қалыптасқан берешегін банктер кешіруге тиіс. Сонымен бірге Бағдарламада берешекті толығымен кешіру көзделмеген.
Кездесу барысында банктердің Бағдарлама бойынша қабылдаған, мақұлдаған және қайта қаржыландырған өтінімдерінің саны туралы деректер айтылды. Мәселен, 2017 жылғы 1 қарашада банктерге қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 214,7 млрд. теңге жалпы сомаға 29 216 өтінім берілді, оның ішінде 141 млрд. теңге сомаға 23 028 өтінім мақұлданды.
А.Терентьев ақшаны игерудің револьверлік тетігі (яғни қарыздарды қайта қаржыландыру бастапқы орналастырылған күннен бастап 10 жыл ішінде бұрын қайта қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен жүзеге асырылады) және банктердің қарыздарды өтеуден түскен қаражатты қарыз алушылардың мақұлданған өтінімдерін қайта қаржыландыруға уақтылы жұмсау қажеттілігі туралы еске салды.
2026 жылға дейін қайта қаржыландырылатын қарыздардың саны шамамен 40 мың болады деп болжануда.
Cонымен қатар Ұлттық Банктің өкілі Мемлекет басшысының 2017 жылғы 11 сәуірде Ұлттық Банкке Үкіметпен бірлесіп Бағдарламаны кеңейтудің мақсатқа сай екендігі туралы ұсыныс енгізуге тапсырма бергендігін хабарлады.
«Ипотекалық нарыққа жүргізілген мониторинг ағымдағы экономикалық ахуалда барынша осал қарыз алушылардың санаттарын анықтады – бұл жеке тұлғалар, шетел валютасымен міндеттемелері бар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын қарыз алушылар. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк Бағдарламаны кеңейту бойынша ұсыныстарды әзірлеуде», - деп хабарлады А.Терентьев кездесудің қатысушыларына.
Ол Ұлттық Банктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді жұмыс істейтін құқықтық тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қаржы нарығындағы ахуалды, оның сыртқы факторларына әсерлерді, тұтынушылар өтініштерінің тақырыбы мен себебін терең талдаудың негізінде, ипотекалық қарыз алушылардың борыштық жүктемелерінің өсуін болдырмауға, берешекті сотқа дейін өндіріп алу бойынша ашық құқықтық аяны құруға,қарыз алушылардың қарыз алу және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарын төмендетуге бағытталған бірқатар маңызды нормалар заңнамалық деңгейде қабылданған.
«Ұлттық Банк қабылдап жатқан шаралар жақсы нәтиже көрсетуде. Қаншама ипотекалық қарыз алушыға көмек көрсетілгенін көріп отырмыз. Өз кезегінде, қарыз алушыларға көмек көрсету бойынша Ұлттық Банкпен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға дайын екендігімізді атап өткім келеді», - деді «Триумф-5» ҚҰ басшысы Канағат Тәкеева. «Қоғамдық бірлестіктің басшысы ретінде мен, ипотекалық қарыз алушыларды Бағдарламаға тарту мақсатында олармен белсенді жұмыс істеймін. Қазіргі күні біз белгілі нәтижелерге қол жеткіздік және бұл қуантарлық жағдай. Мыңдаған отбасыларға жалғыз баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік берген бастама үшін Елбасына алғысымызды білдіргіміз келеді», - деді «Ел-бірлігі» ҚБ-тың басшысы Шолпан Ризабекова. Банк секторының өкілдері банктер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін түсінетінін және келешекте бағдарламаны іске асырүға белсенді жоспарлайтынын білдірді. А.Терентьев сөз соңында басқаша шешім қабылдауды көздейтін проблемалық қарыз алушыларды жылжымайтын тұрғын үйлерінен шығаруға жол бермеу мақсатында банктермен қарыздар бойынша міндеттемелерді орындаудың өзара тиімді талаптарын айқындауды мақсат еткен Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың жоспарланып отырғанын атап өтті.
Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 270 45 85

www.nationalbank.kz


ҚР Ұлттық Банкінің өкілдері Алматы қ. Әкімдігінің, қоғамдық бірлестіктердің және бірқатар банктердің өкілдерімен кездесу өткізді.  жүктеу... 311 КБ


Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде салық жеңілдіктерін енгізу туралы  жүктеу... 283 КБ


Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы   жүктеу... 272 КБ


Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  жүктеу... 24 КБ


№46 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Инфляциялық таргеттеу режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тәртібін бекіту туралы 2015 жылғы 9 қыркүйек Алматы қ. Жүктеу... 404 Кб

№45 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 9 қыркүйек Алматы қ.  Жүктеу... 406 Кб

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  жүктеу... 800 кб


Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы  Жүктеу... 228 Кб


ҚР Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мақұлдады

ҚР Үкіметі және Ұлттық Банк Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу мақсатында Ұлттық Банктің қаражатынан 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық Банк «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ты 130 млрд. теңге сомасына үстеме капиталдандырады, ол, өз кезегінде, екінші деңгейдегі банктерде жылдық 2,99%-дық сыйақы мөлшерлемесімен 20 жыл мерзімге депозиттерді орналастырады. Бұл қаражатты банктер жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға жібереді.

Бағдарламаның мақсаттары:

- қарыз алушылардың барынша көп бөлігі үшін ипотекалық қарыздарды өтеу талаптарын жеңілдету;  

- проблемалық кредиттер деңгейін төмендету;

- экономиканың долларлану деңгейін төмендету.

Бағдарламаның негізгі өлшемдеріне сәйкес қарыз алушының және оның жұбайының (зайыбының) жалғыз баспанасы кепілге салынған, 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздар қайта қаржыландыруға жатады.

Қарыздар мынадай талаптармен қайта қаржыландырылады: жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша, валюталық қарыздарды теңгеге конвертациялау, қарыз мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту.

Бағдарлама банктердің қарызды қайта қаржыландыру кезінде қарыз бойынша негізгі борыш қалдығын есептен шығаруға дейін жақсартатын талаптар енгізуіне жол береді.

Осы бағдарлама ең алдымен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларға; шетел валютасымен ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға; ұлттық валютамен ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыз алған және мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталады.

Сондай-ақ заңды күшіне енген сот актілері бар ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздар Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға жатады.

Қарыздарды қайта қаржыландыру мынадай басымдықпен жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздары;

- ипотекалық тұрғын үй қарыздары;

- ипотекалық қарыздар.

Қарыз алушының борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында негізгі борыштың қалдығы қайта қаржыландырылады, бұл ретте қарыз алушының қайта қаржыландырылған қарызы бойынша сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша берешегін банктер кешіреді.

Шетел валютасында берілген қарыз бойынша қайта қаржыландырылатын соманы айқындауды банктер қайта қаржыландыру күніне Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша жүзеге асырады.

Қайта қаржыландыру күніне заңды күшіне енген сот актісі бар қарыз бойынша қайта қаржыландырылатын соманы айқындау негізгі борыш сомасы бойынша жүзеге асырылады:

- теңгемен – сот актісіне сәйкес;

- шетел валютасында – сот актісі шыққан күні  Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша теңгедегі баламасымен.

Банктердің қарызды қайта қаржыландыру кезінде қандай да болмасын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алуға құқығы жоқ.

Бағдарлама шеңберінде болжаммен алғанда 20000-нан астам қарыз, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын қарыз алушылардың 5000-нан астам қарызы қайта қаржыландырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында  Мемлекет басшысының ҚР Ұлттық Банкіне ҚР Үкіметімен бірлесіп  ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырғандығын атап өткен жөн.

Ұлттық Банк ұсынған ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөніндегі шаралар:

- Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің 2015 жылғы 4 наурыздағы отырысында;

- ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның және ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның 2015 жылғы 18 наурыздағы отырыстарында назарға алынды.

ҚРҰБ Төрағасының 2015 жылғы 16 наурыздағы №130 бұйрығымен  Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы  (бұдан әрі  – Жұмыс тобы) құрылды. Жұмыс тобының құрамына ҚРҰБ орталық аппаратының, ҚР Бас прокуратурасының,  Алматы қаласы прокуратурасының, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Алматы қаласы Әкімдігінің  Ішкі саясат басқармасының, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясының, Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың, алты қоғамдық ұйымның, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының, «ҚҚҚ» ЗТБ-ның өкілдері және Банк омбудсманы кірді.

2015 жылғы 19 наурызда, 2015 жылғы 30 наурызда және 2015 жылғы

8 сәуірде Ұлттық Банкте Жұмыс тобының отырыстары өтті, олардың қорытындысы бойынша Бағдарламаның жобасы мақұлданды.

2015 жылғы 10 сәуірде Бағдарлама Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінде мақұлданды.

Құрылған күні: 22-04-2015 10:48
Жаңартылған күні: 15-10-2018 16:51
Аймақ
Анықтама
Билік
Құқық
Табиғат
Экономика
Бизнес
Мем қызметтер
Қоғам
Инфрақұрылым

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика